Айдарханова Г.К.
Қарағанды қаласы КММ «№101 мектеп-лицейі»
Бастауыш сынып мұғалімі
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬДЫҚ,
ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУЫН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қазіргі таңда бүкіл әлемдік жаһандану процесі жүріп жатыр. Әрине, жаһанданудан еліміз де
қалыс қалмауда. Жалпы, «жаһандану» аты айтып тұрғандай бір ғана ұлтпен немесе бір ғана
халықпен ғана шектелмейтін, бүкіл әлемді бір арнаға тоғыстыратын құбылыс. Ал осы жаһандану
жағдайында оқушылардың интеллектуалдық, патриоттық және рухани-адамгершілік және
физикалық дамуын қамтамасыз ету кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Ал сол ел болашағының жарқын болуын ойласақ,
әрбір оқушының интеллектуалдық дамуына баса назар аударуымыз керек. Оқушының
интеллектуалдық дамуына үлкен әсер ететін жүйе - ақпараттандыру. Қазіргі таңда көзін тырнай
ашқан әрбір баланың әлемді танудағы жетістіктері, оның ой-өрісінің дамуы, дүниетанымының
қалыптасуы компьютер арқылы жүзеге асырылуда. Ұшқанды қас-қағым сәтте қағып алатын
қасиетке ие әрбір оқушының білімге деген қызығушылығын осылай оятсақ, болашағымыз кемел
болмақ. Бұл мәселені шешуде мектептің алар жауапкершілігі мол. Ақпараттандыру процесін орта
40
мектептердің бастауыш сыныптарынан бастау қажет. Мұндай жағдайда жалпы орта білім алған әр
оқушы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып,
бағдарламалар кітапханасынанкерегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек
ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді. Қазіргі уақытта «қоғамды
информатикаландыру», «білім беруді информатикаландыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік
қорымызға еніп кетті. Қоғамды информатикаландыру – ғылыми-техникалық үрдіс жетістіктерінің
күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі. Қоғамды информатикаландыру объективті үрдіс
болып табылады. Техниканың дамуына және адамзат жетістіктерінің көбеюіне байланысты
қоғамның әр талабын орындау қазіргі кезде қолдан келерліктей іс. Сол сияқты қоғамды
информатикаландыруда қоғам қажеттілігі, яғни адамзаттың болашағының қажеттілігі. Қоғамда
информатикаландыру адам өміріндегі іс-әркеттің интеллектуалдық түрлерінің жан-жақты
қалыптасуы, әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты. Сондықтан бастауыш сыныптарда
информатика сабағын кірістіру бүгінгі күннің өзектілігі мәселесі болып отыр.
Патриотизм мемлекеттің өміршеңдігінің негізі болып табылады және қоғам дамуының ішкі
жұмылдырушы ресурсы, жеке тұлғаның белсенді азаматтық позициясы, оның Отан игілігі үшін
қызмет етуге дайындығы. Осы орайда, балаларды туған өлкенің тарихымен және мәдениетімен
таныстыру жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің негізі болып табылады. Сондықтан мұғалім
балалардың эмоционалды реакциясын және өз бетінше білім алуға деген ынтасын тудыратын
жұмыс әдістерін таңдауы керек. Жұмыстың бұл түрлеріне, мысалы, викториналар, әңгімелер
құрастыру, өлкетану тақырыбындағы мақал-мәтелдерді таңдау, туған өлкенің жануарлар мен
өсімдіктер әлемі, оның тарихы, сәулеті, танымал адамдар туралы суреттері бар альбомдар жасау
жатады. Сондай-ақ патриоттық тәрбие беру үшін сабақ барысына халық ойындарын, халық
дәстүрлерін белсенді араластырып, өзара ана тілінде шырқап үйренетін әндерді қосу қажет.
Бастауыш сынып оқушыларында патриоттық сезімді қалыптастыру жұмысы жүйелі болуы керек
және бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдердің, сондай-ақ ата-аналардың белсенді қызметін
қамтуы керек. Бастауыш мектептегі патриоттық тәрбие балаларды жалпы адамзаттық
құндылықтарға, Отанымыздың және атап айтқанда, туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне баулуға
ықпал етуі тиіс.
Балалардың рухани-адамгершілік дамуы әлеуметтену, тұлғаның құндылық-семантикалық
саласын дәйекті кеңейту және нығайту, адамның өзіне, басқа адамдарға, қоғамға, мемлекетке,
Отанға, жалпы әлемге дәстүрлі моральдық нормалар мен моральдық мұраттар негізінде бағалау
және саналы түрде құру қабілетін қалыптастыру процесінде жүзеге асырылады.
Оқушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен жеке тұлғаны тәрбиелеу, азаматтық
бірегейлікті қалыптастыру бағдарламасы руханилықтың дамуына баса назар аударады және жеке
көзқарасты қолдануды көздейді. Бұл рухани-адамгершілік даму және азаматтық бірегейлікті
қалыптастыру тұрғысынан педагогтердің назары әрбір оқушыға, оның жеке ерекшеліктерін ескере
отырып бағытталуы тиіс дегенді білдіреді. Мұнда әр оқушы әсер ету объектісі ретінде емес,
адамгершілік құндылықтар жүйесін дербес дамытуға, рухани әлемді қалыптастыруға және
азаматтық ұстанымды қалыптастыруға қабілетті субъект ретінде түсінілуі маңызды.
Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту мен тәрбиелеудің, азаматтық бірегейлікті
қалыптастырудың негізгі құралы тәрбиелеу әдісі болып табылады. Осыдан мұғалімнің тәрбиелік
рөлі қайтадан өзекті болады. Мұғалімнің адамгершілігі, ол өзінің кәсіби қызметі мен өмірінде
басшылыққа алатын моральдық нормалар, оның педагогикалық жұмысына, оқушыларға,
әріптестеріне деген көзқарасы – мұның бәрі оқушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесі
үшін өте маңызды. Егер мұғалім оқушылар үшін адамгершілік және азаматтық жеке мінез-
құлықтың негізгі мысалы болмаса, ешқандай білім беру бағдарламалары тиімді болмайды.
Дені сау ұрпақты тәрбиелеу әрқашан да өзекті мәселелердің бірі. Бұл тұста да педагогтың
қосар үлесі орасан зор. Осы орайда оқушының физикалық дамуына тікелей әсер ететінпедагогтың
басты міндеттерінің бағыттарын атап өткім келеді:
- физикалық қасиеттерді дамытуға бағытталған жаттығуларды орындау,
- негізгі қимылдарды орындау,
- спорттың кейбір түрлері туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру,
- қимыл ойындарын меңгеру,
- қозғалыс саласындағы мақсаттылық пен өзін-өзі реттеуді қалыптастыру,
- салауатты өмір салтының қарапайым нормалары мен ережелерін меңгеру.
41
Жоғарыда аталған міндеттерді педагог өз жауапкершілігіне алып, оқушылардың физикалық
дамуына жағдай жасауда бек ұстанса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қорыта келе,жаһандану термині һақында айтылым да, жазылым да аз емес. Оқушылардың
интеллектуалдық, патриоттық және рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету
әсіресе бүгінгі ғаламдық жаһандану жағдайында аса зор және қажет екені белгілі болып отыр.
Ерекше атап өткен патриоттық тәрбиенің еліміздің өткен дәуірінде, кейінгісінде тіпті
М.Жұмабаевтың «ұлт тәрбисінен» Б.Момышұлының «халық тәрбиесіне» дейінгі аралығында жас
ұрпақтың заман талабына сай болуына бірден-бір тұтқа бола алуына маңызды рөл атқаратын құрал
ретінде ұлт санасында өзгерусіз сақталып келе жатқан қүбылыс екені кең тұрғыда бағаланып келді.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-
мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қайсар рух пен қара күшті
қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны
аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды
жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік
деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
Достарыңызбен бөлісу: |