Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования


Жылқайдарова А.М., Сейтжанова Ж.Б



Pdf көрінісі
бет187/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   271
Жылқайдарова А.М., Сейтжанова Ж.Б 
«Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ»КММ, Қарағанды қаласы. 
 
ПЕДАГОГТЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҮРДІСІНДЕ 
МЕКТЕПІШІЛІК ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық 
сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. 
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық 
сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи 
мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. 8 БҒДМБ 
қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA (15 жасар оқушылардың математикалық 
және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін 
салыстырмалы бағалау), TIMSS (4-ші және 8-сынып оқушылардың математикалық және ғылыми 
жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу және түсіну 
сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі 
көрсетілген. Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын 
дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік 
қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс[1] 
Оқушыларды PISA, TIMSS, PIRLS тапсырмаларын орындауға дайындау үшін, мұғалімдер 
бойында да функционалдық сауаттылық жоғары деңгейде болу керек. Ұлттық жоспарда берілген 
функционалдық сауаттылықтыңтөрт негізгі механизмнің барлығы, мектеп мұғалімдері игерген 
жөн. Болашаққа үміт арттырып, алғаш жас мамандармен жұмысымызды саралап, көрелік. 
Мектепке жас маман келгенде, мектепте «жас мамандар» мектебі қабылдап алады, әрбір жас 
маманға 3 жылға дейін тәлімгер тағайындалып, жоспар бойынша біргежұмыс жүргізіледі. Жас 
мамандарға, функционалдық сауаттылық аясында жан-жақты жұмыстар, семинар, отырыстар, 
дөңгелек үстел өткізілді. Және де жас мамандардың жеткен нәтижесіне көз жеткізу үшін 
конкурстарға бағыттап отырамыз. Конкурс нәтижесі, жас маманның жеткен жетістігі. Бұл 
жетістіктен кейін өзіне баға беру сатысы басталады. Жетістікке жеткенімен кемшіліктер болады, 
соны ортаға салып, сыни көзбен қарай отырып, алдағы уақыттарда одан да биік шыңдарға шығу 
жұмысы басталады. Мектебімізде 2018-2019оқу жылында 10 жас маман, 2019-2020 оқу жылында
12 жас маман, 2020-2021 оқу жылында - 6 жас маман бар(педагогикалық өтілі 3 жылға дейін). 
Креативті жас маманға қойылатын талаптар алдын-ала таныстырылады. Олар: өзара сабаққа 
қатысу дәптеріне қатысқан барлық сабақтарын толық жазып, рефлексия жүргізу керек. Айына он 
сабақ. Нормативті-құқықтық құжаттармен танысу. Семинар, вебинар, қашықтықтан өткізілетін 
конференцияға қатысып, «Маған маңызды» айдарына жазып отыру. Пән бойынша логикалық, 
сын тұрғысынан ойлаубағытында тапсырмаларды тәлімгермен бірге дайындап, «Менің 


377 
қобдишам» айдарына жинақтау керек. Конкурстарға қатысу(«Жеңімпаз болмасам да, бұл менің 
жетістігім» ұраны). Қалалық, Облыстық конференцияларға тәлімгермен бірге қатысып, жинаққа 
енуге ұмтылу. Газет-журналдарға тәлімгермен бірге материалдар дайындау.Республикалық пән 
бойынша журналға жазылып, қысқа мерзімдік жоспарын жариялау. Білім алушыларды 
конкурстарға дайындап, конкурс ережесін толық орындау мен ондағы ерекшеліктерді есте 
сақтау. Жеңімпаз болуға ұмтылу. Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс. «Не себептен оқушы 
сіздің сабағыңызды игере алмай отыр?» осы сұрақ төңірегінде өзіңе жауап іздесең, қабілеті 
төмен оқушылар саны азаяды.Мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір 
қоғамдық жұмысты атқару, Спорттық,көркем-өнерпаздар сайыстарына қатысу, кәсіподақ 
ұйымының ұйымдастырылатын конкурсына қатысу. Жыл соңында өзіндік есебі мен талдауы, 
өзіне баға беру(Жас мамандар мектебі отырысында). 
Осындай бағытта жұмыстар нәтижесінде 2018-2019 оқу жылында «SKILLS 
AKADEMY» ұйымдастырған «Жас мамандар» ІІІ республикалық байқауға он жас маман 
қатысып, 5 жас маман жүлделі орындарға ие болып, «Ең үздік жас маман» төсбелгісіне ие болды. 
Жыл сайын облыстық жас мамандар , үздік тарихшы конкурсына қатысып, жүлделі орындар 
алды. Білім алушыларды конкурстарға қатыстыртып, оның нәтижесі, жас маманның нәтижесі 
болып саналды. Ерекше айтатын болсақ, Солтанбек Елдостың шәкірттері 2019 жылы облыстық 
конкурстардан жүлделі орынға ие болса, биылғы оқу жылында, қалалық конкурстан жүлделі 
орын алып, облысқа жолдама алды.
Жас мамандарды функционалды сауаттылыққа бағыттау жолдары, берілген жоспар 
бойынша жүргізіліп жатыр. Функционалдық сауаттылықтың бірінші механизмдегі ақпараттық, 
коммуникативтік, әлеуметтік,тұлғалық, азаматтық, технологиялық және пәндік құзіреттілігін 
дамыту өз сатысымен жүреді.Функционалдық сауаттылықтың жетінші тетігі ата-аналардың 
балаларды оқыту барысындағы жұмысын ерекше қарастырады. Себебі, ата-ана, оқушы, мұғалім 
арасы тығыз байланыста болған жағдайда ғана белгілі бір нәтижеге жетеді. 
 
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша 
әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 
қыркүйектегі №400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №251 бұйрығымен бекітілген оқу 
басылымдары. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық 
жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде 
өздігінен әзірлейді және оны білім беру ұйымының директоры бекітеді[2] 
Мектептің жұмыс оқу жоспарында вариативті компоненттен бөлінетін сағаттар элективті 
курстар мен жеке және топтық жұмыстар сағатына мұғалімдер оқу бағдарламасын дайындайды. 
Осы дайындаллған бағдарламаның заманауи талаптарға сай болуын әдістемелік кеңесте қаралып, 
мұғалімдерге осы жұмыстарының нәтижесін қалалық деңгейде және облыстық деңгейде 
әдістемелік өнім шығаруға бағыт беріледі. Жыл ішінде бағдарламаның орындалысын тексере 
отырып, бағдарламаның кемшілігі мен ерекшелігі анықталып, проблема туындайды. Екінші 
жылы сол бағдарламаға жұмыс дәптерлер дайындалып, жақсы дайындалған жұмыстар 
конкурстарға жіберіледі. Жоғары оқу орындардағы мамандарға тексертіп, пікір жаздырып 
алынады. Мектепішілік әдістемелік кеңесте талқылап, қалалық білім бөлімінің әдістемелік 
кабинетіне жолдама алынады. Осы жүйемен жүргізілген жұмыстардың сапалы, талапқа сай 
жасалған және сұранысы бар оқу бағдарламалар қалалық бөліміне жолдама алады. Осы жұмыс 
жүйесі нәтижесінде «Әлихантану» оқу бағдарламасы, дәптері, әдістемелік құралы қалалық білім 
бөлімімен бекітілді, Облыстық конкурсқа қатысып, бас жүлдені иеленіп, Республикалық 
конкурсқа қатысып, ІІ орынға ие болды. «Өлкетану» дәптері дайындалып, қалалық деңгейде 
конкурста бас жүлдені иеленіп, қалалық деңгейде әдістемелік өнім шығарылды. «Алаштану» 
дәптері дайындалып, қала деңгейінде конкурсқа қатысып, жүлделі орынға ие болып, әдістемелік 
өнім шығарылды. Биылғы оқу жылында «Өлкетану» бағдарламасы, жұмыс дәптері дайындалып, 
өңдеуде жұмыс жүруде. Қалалық білім бөліміне жолдама алды. «І speak English» бағдарламасын 
жас маман заманауи талаптарға сай электронды дайындап, қалалық және облыстық конкурстарда 
қорғалып, марапатқа ие болды.


378 
Функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ 
тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, 
биология, география). Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға 
ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде 
белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Мұғалімдер 
бөлімнің жиынтық бағалауының тапсырмаларын өздері дайындап, сабақта пайдаланады. Өз 
жұмыстарын жинақтап, әріптестермен біріге отырып, әдістемелік өнімдер дайындайды. 
Мұғалімдердің аттестаттаудан өтер кезеңінде педагог-зерттеуші, падагог-сарапшыға өтініш 
бергендердің портфолиосында әдістемелік өнім болуы міндетке айналды. Сол себептен де 
мұғалімдерге қойылған талаптың орындалысы, әдістемелік өнімдер облыс деңгейінде және 
республика деңгейінде де шығарылып отыр. 
Қорыта келгенде, педагогтердің функционалды сауаттылығын дамыту үрдісінде 
мектепішілік әдістемелік қолдау көрсетудің ерекшелігі, жүйелі жоспар құрылып, әдістемелік 
көмек заманауи негізде, дұрыс бағытта жол берілуінде . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет