480
Қолданылатын әдістердің оқу мақсатына сәйкестігін, оқуда көзделетін критерийлерге сай
келетіндігін, сабақ мақсатына жетуге ықпал ететініне, оқушының оқу мүмкіндігі мен жас
ерекшелігіне, қызығушылығына сай келетін әдістерді таңдап алу қажет. Қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында оқушылардың сауаттылықтарын арттыруда, Абай шығармаларын оқытуды
ұтымды ұйымдастырудың бірнеше әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтпекпін. Орта буын оқушылары
үшін, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, өскен ортасы туралы өткен кезде, оқулықпен немесе
қосымша деректерді, мәтіндерді беру арқылы,
INSERT (түртіп алу жүйесі)
стратегиясы тиімді.
Оқушылар материалмен танысу барысында V-«білемін», -« мен үшін түсініксіз», + «мен үшін
жаңа ақпарат»,? –«мені таңқалдырды» белгілерін қойып отырып оқиды, соңынан түсініксіз
тұстарымен жұмыс жасайды, бір -біріне түсіндереді. INSERT- оқығанын түсінуге, өз ойына
басшылық етуіне, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.
Жоғары сыныптарда, «Семантикалық
карта»
немесе «Графикалық органайзер»
әдістері, «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер
бейнесітақырыбын өткенде, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне мысал келтіре отырып, картаға, әр
түрлі сызбаларға, кестеге түсіру арқылы оқулықпен жұмыс жасайды.
«Терминдер сөйлейді
»
әдісінде, Абай өміріне қатысты бірнеше терминдер ұсынылады, жаңа тақырыпты болжауға,
анықтауға бағытталады.
«Әдеби үйірме»
стратегиясы, әр тақырыпты зерттеуге, өз бетінше ізденуге бағытталған
әдіс. Топтық жұмыс жасау кезінде, Баяндап беруші міндеті – өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз
ойына сүйене отырып, оқиғаның мазмұнын айқындау. Зерттеуші –
басты кейіпкердің мінезін
немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау, жаңа сөздерді меңгеру, суреттеу, өткен
тапсырманың қалған бөлігін қамту. Сұрақ құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе
шығарманың жалпы мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, бастысы оқушылар сұрақ
қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғарғы деңгейлердің бөлінуі туралы ескеру керек.
Сілтемелер табушы- шығарманың тақырыбын, руханилығын ашатын сілтемелер табу,
афоризмдер мен мақал –мәтелдерді жинақтау. Бейнелеуші-суретші – шығармадағы кейіпкерді
немесе оқиғаны ауызша суреттеу Дәнекер – идеяларды оқиғаларды бүгінгі
өмірмен
байланыстыру. [3] Осы рөлдерге бөліну арқылы топпен жұмыс жасайды. «Идеялар жинау»-
тақырып бойынша сұрақтар қою, ой шақыру тәсілінің бір түрі, немесе идеяларды тез жинау әдісі.
Оқушылардың алдағы талқылауға арналған тақырыптар бойынша бұрынғы алған біліміне шолу
жасауына мүмкіндік береді. Абай өлеңдерін оқытудағы ең соңғы қорытынды сабаққа қолдануға
тиімді. Ағылшын ғалымы Мерсер (1995) әңгімелесудің үш түрінанықтады, олар: Әңгіме-дебат
(мәлімдеу және қарсы мәлімдеу) Топтық (қайталау, мақұлдау, түсіндіру). Зерттеушілік (сыни әрі
сындарлы) Бұл әдістер оқушылардың эмоцияларын білдіруге, бағалауға, сипаттама беруге және
өз ұстанымдарын білдіруге ынталандырады.[4] Бұл әдіс -Абайдың қарасөздерін оқытуда тиімді.
Де Бононың қалпақтары: мәтінге/суретке/оқуға ықпал етудің 6 тәсілі. Қызыл қалпақ – Түйсік.
Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді. Өз ойларыңды жазыңыз. .Ақ
қалпақ – Фактілер. Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет? Білетіңізді ғана
жазыңыз. Жаңа ақпараттар, деректермен толықтыруға болады. Сары қалпақ – Позитив. Жағымды
тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? Оң тармақтарын
жазыңыз. Қара қалпақ – Жағымсыз. Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар?
Маған не ұнамайды? Жағымсыз тармақтарды жазыңыз. Сабақтағы кездескен қиындықтарды
айтыңыз? Жасыл қалпақ – Креатив. Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап
таба аламын? Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз. Көк қалпақ – шолу. Мен не аштым?
Тағы не ашылған жоқ? Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба?
Жалпы түсінігіңізді жазыңыз. Бұл әдіс- «Ақылдың алты қалпағы» деп те аталады, топтық жұмыс
жүргізген кезде қолдануға тиімді. Жаңа тақырыпқа немесе қорытындылау сабақтарында
қолдануға болады, әр қалпақтың шартын оқушы білу шарт.
Кезбе тілші»
Топтарда Абай-
Табиғат-Қоғам-Адам тақырыбындағы жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет. 1-оқушы:
телефон соғылып жатқанға ұқсатып, сабақ бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.
Мысалы: Абайдың табиғат лирикасына тоқталады, Адам-табиғат-қоғам
проблемасының
көтерілуі туралы хабарлайды. 2-оқушы:
Телестудиядағы диктор;
жиынтық ақпарат береді, Абай
лирикасындағы табиғаттың сұлу, таза да дархан, бай көрінісінің жанды тіршілікпен, адам
сезімімен үндесе суреттелуі туралы ақпар береді. 3-оқушы:
Тілші;
оқиға орнынан ақпарат
ұсынады. Ақын жаңалығы, шығармаларының идеялық –көркемдік құрылысы, шеберлігі туралы
481
ақпарат ұсынады. 4-оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер. Ақынның жылдың төрт мезгіліне
арналған өлеңдерін қалған оқушылардан жатқа сұрайды, мәнерлеп оқытады, сұхбат алады.
«Әліпби желісі»
әдісі -әліпби тәртібімен
әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға
шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша Абайдың әндерін, өлеңдерін
дауыстап атайды. Мысалы: А-«Айттым сәлем, Қаламқас», Ә-Әбішке, Б-«Бір сұлу қыз тұрыпты
хан қолында», деген сияқты жалғастырып кетеді. Әліпби желісінің ретімен орындайды.
«Он
сұрақ»,
әдісінде мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған
стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ», не «ЖОҚ»
деп беріледі. Бұл әдіс -тақырыпты қорытындылау кезінде қолданған тиімді. Оқушылар ашық
және жабық сұрақтар құрастыра алады.
Қорытындылай келе, ұлы Абайдың шығармаларын оқыту барысында ең қажетті сыналған
әдістерді әр сабаққа түрлендіріп, жаңалап жетілдіріп отыру бүгінгі күннің басты мәселесі болып
отыр. Еліміздің ертеңі- болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де сапалы білім берудің
әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Адамзат өркениетіндегі барлық игі
қасиеттер: ғылым, білім, тәрбие, иман, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық,
қайраткерлік,
азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған
«толық адам» концепциясы болмақ.[5] Жас ұрпақтың дүниетанымына, заман дәрежесіндегі
азамат болып қалыптасуына, интеллектуалдық танымына, функционалдық сауаттылықтарының
артуына, «толық адам» болып жетілуіне Ұлы Абай шығармалары бірден бір рухани азық болып
табылары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: