Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет268/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   271
Литература
1.
«Социально – педагогический проект «Чтение в радость», Учебно – методический центр 
развития образования Карагандинской области, г. Караганда, 2017 г. 
2.
«Казахстанская карта детского чтения в аспекте формирования функциональной грамотности 
школьников», Методическоепособие, Национальная академия им. И.Алтынсарина, г.Астана, 
2013 г. 


523 
3.
Национальный отчет по итогам международного исследования PISA-2009 в Казахстане:
Т.М. Амреева, У.М.Абдигапбарова, Ж.Р.Азмаганбетова, Ж.Н.Базарбекова, Н.Т.Байгелова.–
Астана: НЦОКО,2010 г. 
4.
Г.А. Цукерман. «О читательской грамотности», г. Москва, 2010 г. 
5.
 
https://www.inform.kz/ru/kasym-zhomart-tokaev-prizval-povyshat-interes-k-chteniyu-u-shkol-
nikov_a3709467 
Кыздарбекова А. Б. 
«№23 тірек мектебі (РО)» КММ, Осакаров ауданы Молодежный кенті 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 
Функционалдық сауаттылықты дамыту – заман талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012-
жылғы 27-қаңтардағы “Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты 
бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
арттыруды үкімет алдында нақты міндет етіп қойды. «Қазақстан-2050» стратегиясы: Бәсекеге 
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін жоғары білімді ұлт болуға тиіспіз. Бүгінгі таңда 
адамдардың қарапайым сауаттылығы жеткіліксіз екені айқын. Балалардың жалпы алғанда 
өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына көп көңіл бөлу қажет. Бұл балаларымыздың 
қазіргі өмірге бейімделуі үшін маңызды», - деп атап өткен болатын. 
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі 
процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған 
стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары 
белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай 
алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық 
дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. 
Уақыттың заманауи талаптары күн сайын біздің балаларымыздың алдына көптеген 
мәселелер қояды, оларды ұтымды және ерекше шеше білу керек. Қазіргі мұғалімнің міндеттері: 
осы мәселелерді сауатты шешуге ғана емес, сонымен қатар оқушыларды қорытынды жасауға, 
жинақталған білімді жүйелеуге, өз бетінше қажетті ақпаратты ала білуге үйрету. 
Сондықтан, мұғалімдерде көптеген сұрақтар туындайды: баланы оқуға, үлкен көлемдегі 
ақпаратты сұрыптауға, мәтінмен жұмыс істеуге қалай үйрету керек? Белсенді танымдық әрекетті 
қалай дамытуға болады? Оқуға деген құштарлықты қалай арттыруға болады? Функционалдық 
сауаттылықты қалай қалыптастыруға болады? Жаңа педагогикалық технологияларға, білім беру 
үдерісінің тиімді нысандарына, оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдеріне қажеттілік 
туындайды. 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Функционалды сауаттылық дегеніміз - 
адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуі және оған тезірек бейімделіп, жұмыс істеуі.
Функционалды сауатты адамның өлшемдері қандай? 10 жастағы баланың бойында қандай 
қасиеттер болуы керек?
1. Сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуге дайын болу, сенімді бейімделу.
2.Оқу және тұрмыстық мәселелерді өз бетінше шеше білу.
3. Шағын әлеуметтік топта, атап айтқанда - мектеп сыныбында қарым-қатынас құру мүмкіндігі.
4. Рефлексия дағдыларын меңгеру, өзіне сырттан қарау, өз жұмысын бағалау қабілеті. 
Функционалдық 
сауаттылықты 
қалыптастыру 
кезінде 
функционалдық 
сауаттылық 
тұжырымдамасы ең танымал халықаралық бағалау зерттеулерінің бірі – "15 жастағы 
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA)" негізделгенін 
есте сақтау маңызды, ол жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын 
адам қызметінің әртүрлі салаларындағы, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынастардағы және 
әлеуметтік қатынастардағы кең ауқымды өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалану қабілеттерін 


524 
және TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылығын бағалау) бағалауын бағалайды. 
Тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың екі саласы бағаланады: оқу 
сауаттылығы, математикалық сауаттылық.Математикалық сауаттылық. Тапсырмаларды бағалау 
нысаны (функционалдық сауаттылық, логика, сандық салыстыруға арналған тапсырмалар). Оқу 
сауаттылығы (оқу, мәтінді түсіну, мәтіннің мазмұнына кері байланыс, талдау, салыстыру қабілеті 
және т.б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет