90
Аталмыш сервистер арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, танымдық
қызығушылығын қалыптастыру,зейінін жетілдіру, оқу сауаттылығын дамыту мақсатында
«Топтастыру», Миллион кімге бұйрады? «Пазлдар» әдісі, «Суреттерді ірікте», «Бос орынды
толтыр», «Хронологиялық кесте», «Құлыптар» деп аталатын интерактивті жаттығуларды, сонымен
қатар, пәнге деген қызығушылығын арттыру, жазу сауаттылығын қалыптастыру, сөздік қорын
байыту, ізденіппаздыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу, ойын шыңдап, белсенді жұмыс істуіне
ықпал етуге бағытталған «Қатесін тап!», «Интерактивті диктант», «Сөзжұмбақ», «Викториналық
сұрақтар», «Кездейсоқ таңдау» секілді алдын ала дайындап қойған тапсырмаларды орындатамын
және өздік жұмысы ретінде беремін.[4]
Google Forms – қашықтықтан оқыту барысында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыруда, оқу жетістіктерін диагностикалау және бағалауда пайдаланатын өте тиімді құралдардың
бірі. Бұл оқушылармен тест өткізгенде, жиынтық бағалау жұмыстарын алғанда, жазба жұмыстарын
орындатқанда, кері байланыс жасағанда пайдалануға болатын өте қолайлы сервис. Аталмыш
формада тапсырманы дайындап, сілтемесін смартфондарға арналған мессенджерлер арқылы
оқушыларға жіберемін. Оқушылар тапсырманы уақытында орындап, қайта өзіме жолдайды.
Оқушылардың жауаптары бірден дискіге келіп түседі және нәтижесі көрініп тұрады. Нәтижесін
кестеден қарап, диаграммасын жасап алуға да болады. Ең тиімді тұсы – оқушылардың қанша
сұраққа дұрыс жауап бергені, жіберген қателері, жинаған ұпай саны, пайызға шаққандағы білім
сапасының да көрініп тұруы.[5]
Әртүрлі ақпараттар мен құжаттарды сақтауға арналған осы Google диск сервисінің тағы бір тиімді
құралы – Jamboard тақтасы. Оқушылар бұл тақта арқылы дайындалған тапсырмаларды да ерекше
қызығушылықпен орындайды. Барлық сервистер секілді сілтеме арқылы жұмыс жасалады. Бұл да
қарапайым тақта секілді, жазбаша тапсырмаларды орындауға, яғни қаламмен де жазуға болатын
құрал.[6]
Қорыта айтқанда, қазіргі қашықтықтан оқыту жағдайында әртүрлі ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушыларға өмірге бейімделе
алатындай, алған білімдерін күнделікті өмірде кездесетін кез келген жағдайда, қажетті жерде
оңтайлы қолдана алатындай білім беру басты мақсатымыз, өмірлік ұстанымымыз болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: