87
2.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
3.Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы-2015ж
4. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz
5. Оқылым дағдыларын дамытуға арналған мәтіндер жинағы-2016ж
6. Оқушылардың оқу сауаттылығы. Оқу құралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-2015ж.
Акижанова И.К
ММИ «Мұрагер», Қарағанды қ.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ-
БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ (PBL) ЖОБАСЫН ЖҮЙЕЛІ ҚОЛДАНУ
Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды
болып отырғаны- «ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай
дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған
білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана
білуіне басты назар аудару
болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір
жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажеттіқұрал – білім.[1]
Осыған байланысты оқушылардың жан-жақты білімді болуымен қатар, сол алған білімін
өмірде қолдана білуін қалыптастыру мақсатында қазақ тілі мен
әдебиеті сабағында оқытудың
өмірмен байланысты технологияларын қолданамын. Сондай технологиялардың бірі- проблемалық
оқыту технологиясы
(
Problem Based Learning PBL). Бұл технологияның қарапайым түсіндірмесі:
«Егер біреуді тамақтандырғың келсе, онда оған балық берме,
қармақ бер, тек қана қармақ беріп
қойма, балықты қалай аулау керектігін де үйрет».[2]
Бұл әдіс негізінде бағдарламаға сай оқушыға оқу жылының тақырыптарын қамтитын, қазіргі
өмірмен байланысқан және оқушының жас ерекшелігі мен деңгейіне сай жоба беріледі.[3]
PBL жобасын білім сапасын көтеру және оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру
мақсатында өзімнің тәжірибемде қолданып келемін. Әдістің негізгі идеясы жобаның қазіргі өмірмен
байланысты болуында. Осыған орай, қазақ тілі пәні орыс тілінде оқытылатын 8 сынып таңдалды.
Мақсаты: зерттеу жұмысы арқылы оқушылардың тілдік қорын дамыту, белсенділіктерін арттыру,
сыни тұрғыдан ойлауларын қалыптастыру және еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Ең алдымен оқу
жоспарына сәйкес «Жаһандық энергетикалық дағдарыс» деп аталатын тақырып таңдалды. Бұл
тақырыпты өту барысында бірінші бағдарламаның негізгі мақсатымен таныстық. Өйткені
проблеманы шешу үшін оқушылар негізгі мақсатқа жетулері керек. Сонымен қатар оқушылардың
осы тақырып бойынша алдыңғы алған білімдерін ескере отырып, олардың деңгейлеріне сәйкес
келетіндей, өмірмен байланысты проблеманы анықтадық. Бұл проблемада өздеріне бұрыннан таныс
ақпараттарды кездестірсе, оқушыларға жаңа материалды игеруге оңай болады.
Сондықтан
бағыттаушы сұрақты оқушылармен ақылдаса келе «Энергетикалық дағдарысты болдырмау үшін
күнделікті өмірде қарапайым жолдармен энергияны қалай үнемдеуге болады?» деп проблеманы
анықтап алдық. Осы сұрақтың төңірегінде оқушылар зерттеу жұмыстарын бастады. Анықталған
проблема оқушылардың қызығушылығына бағытталған болды. Мұғалімнің бұл жердегі рөлі
оқушыға бағыт-бағдар беру, жоба жасауы үшін
көмектесу, маңызды тапсырмаларды беру,
оқушының білімділік және қоғамдық коммуникациялық қабілетін дамыту және жасалған жұмысты
әділ бағалау болып табылады. PBL жобасы 6 кезеңнен тұрды.
Дайындық кезеңі.
Жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталды. Жұмыс тобы іріктелді.
88
Ұйымдастыру кезеңі
Жоспарлау кезеңі.
Топ басшысы топ мүшелерінің қызметтерін бөліп берді. Әр топ өздерінің жоба міндеттерін құрды.
Іс-әрекет жоспарын жасады. Іс-әрекеттің табыстылық өлшемдерін таңдады және негіздеді. Мұғалім
идеялар ұсынды және оқушылар жұмысын бақылады.
Зерттеу кезеңі.
Ақпарат жинақталды. Әр топ өздерінің энергияны үнемдеу жолдары туралы мәлімет жинақтап,
айқындады. Оны топта талдады, саралады. Жобаны орындаудың тиімді нұсқасын таңдады.
Зерттеушілік мақсаттарын кезең-кезеңмен орындады.
Зерттеу кезеңі
Нәтижені талдау кезеңі.
Энергияны үнемдеу жолдарын көрсету арқылы презентация, макеттерін ұсынды.
Презентация қорғау
Тұсау кесу кезеңі.
Бес апта бойы еңбектерінің жемісін аудиторияға ұсынды. Презентация дайындап,
қорғады.Оқушылар оқулықтан тыс жинақтаған мәліметтерді ұсынды, талдады, дәлелдеп берді.
Бағалау кезеңі.
Оқушылар топпен құрған табыс критерийлері арқылы өз жұмыстарын
және топ жұмыстарын
бағалады. Жоба барысындағы сәтті және сәтсіз тұстарын көрсетті.
Жұмыстың нәтижесі
Нәтижесінде осы жобаны зерттеу барысында орыс тілді балалардың тілдік қоры молайып,
сөйлеу тілі түзелді. Пәнге байланысты тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жүзеге
асты. Сонымен қатар оқушылардың іздену арқылы жұмыс жасау белсенділігі артты, сыни тұрғыдан
ойлау дағдылары қалыптасты, шығармашылық қабілеттері дамыды,
ғылымға деген құштарлығы
артты, оқушылар «шынайы» өмірге бейімделді.
Достарыңызбен бөлісу: