82
1. Мен не үйренемін?
2. Мен оны қалай үйренемін?
3. Енді не істеуім керек?
Барлық жағдайда кері байланыс тиімді бола бермейді. Оның тиімді болғанын қалай білеміз?
Тиімді кері байланыс оқушыларға өздерінің оқуының қай жерде екендігін түсінуге, танымдық
жағынан енді қай бағытта даму керектігін айқындауға көмектеседі. Тиімді кері байланыс оқушының
деңгейіне байланысты және оны қолдана алатындай ақпараттан тұрады. Егер кері байланыс тиімсіз
болса, оқушы оны мұқият орындай алмайды.
Кері байланыс беру үлгілері: жазбаша, ауызша, графикалық, аудио және видео арқылы
беруге болады. Сіздерге өз іс тәжірибемде қолданып жүрген 4 деңгейлі кері байланыс моделін
ұсынғым келеді.
1. Тапсырмаға берілген кері байланыс
2. Тапсырманың жүзеге асырылуына берілген немесе жағдаяттық кері байланыс
3. Өзін-өзі реттеуге берілген кері байланыс
4. Жеке оқушыға берілген тұлғалық кері байланыс
Қашықтықтан оқыту барысында кері байланысты қандай платформада беруге болады?
Қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдерге де, оқушыларға да
және ата-аналарға да кері
байланыс беруге қолжетімді әр түрлі платформалар бар. Олар: Bilimal, Zоом, БілімЛэнд, КлассРум,
whatsapp, фейсбук, вконтакте, телеграмм мессенджерлері т.б.Жасыратыны жоқ, біз көбінесе әр
түрлі смайликтермен, графикалық тәсілмен кері байланыс жасаймыз. Мысалы: бірінші кері
байланыста оқушының өзінің орындаған жұмысына мұғалімнің қалай жауап беретіндігін көруге бас
бармақ қаншалықты әсер етеді? Кері байланыстың бұл түрін тиімді кері байланысқа жатқыза
алмаймын, себебі смайликтер оқушы оқуының жақсаруына әсер етпейді.
Екінші кері байланыс
: сөйлемдерді дұрыс
құрастырдың.
Енді
септік жалғауларын белгіле. Бұл кері байланыста оқушының нені дұрыс істегендері айтылып, келесі
қадамдары қандай болуы керектігіне бағыт берілген.
Келесі кері байланыс
: Ростислав, тапсырма толық орындалған Жарайсың! Үшінші кері
байланыста оқушының есімі аталып, нақты кері байланыс жасалған. Соңғы екі кері байланыс
алдыңғы кері байланысқа қарағанда тиімді кері байланысқа жатады.
Қашықтықтан оқыту кезінде кері байланыс ұсынудың үздік тәжірибелері:
Әрбір оқушының есімін атап, кері
байланыс ұсыну
«Ростислав, таныстырылым жасауда таңдаған ғаріптерің (шрифт)
оқуға оңай. Жақсы таңдау!»
Жиі әрі жүйелі кері байланыс ұсыну
Күнделікті сабақтарда күннің белгілі бір уақытында, мысалы,
сағат15.00-16.00 немесе, аптасына белгілі бір күнді нақтылап қою
Жедел кері байланыс ұсыну
Тапсырманы орындауға берілген
уақыт аясында дереу кері
байланыс беру
Нақты кері байланыс беру
Екінші абзацта айтылған ойлар тақырыптың мазмұнын жақсы
ашып тұр
Позитивті кері байланыс ұсыну
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бұл кері байланысқа жақсы мысал
болады
Теңгерімді (балансированный) кері
байланыс ұсыну
Мәтін бойынша жүйелі жоспар құрдың. Жоспардың әр бөлігіне
тірек сөздерің толық емес. Тірек сөздер толық болмағандықтан,
мәтінді әңгімелеуде қиналдың
Ойлауды дамыту үшін
сұрақтары
бар кері байланыс ұсыну
Тақырып бойынша тұжырымдаманы нақты келтіріпсіз. Осы
тұжырымдаманы өмірмен байланыстыратын қандай мысалдар
келтіре аласыз?
83
1. Кері байланыс беруде әрбір оқушының атын атап отыруды ұмытпаған жөн, себебі оқушы өзін
мұғалім назарында екенін біліп, көріп отырады және оқуға деген ынтасы төмендеп кетпейді.
Мысалы: «Ростислав, таныстырылым жасауда таңдаған әріптерің (шрифт) оқуға оңай. Жақсы
таңдау!»
2. Кері байланысты жиі әрі жүйелі орнатып тұру керек. Мен өз тәжібибемде кері байланыс қай
уақытта болатынын оқушылармен алдын ала келісіп, нақтылап аламын. Қалай болғанда да оқушы
қай уақытта
кері байланыс алатынын біліп, ол бойынша өз жұмысын жақсарта алатынына
дағдылану керек.
3. Аудио, видео жазбалар арқылы ауызша тапсырма берілгенде, оқушыға жедел кері байланыс
беріледі.
4.Нақты кері байланыс – оқушы өзінің мықты тұстары мен осал тұстарын білуі үшін беріледі.
Мысалы: Екінші абзацта айтылған ойлар тақырыптың мазмұнын жақсы ашып тұр.
5. Позитивті кері байланыс – оқушыға алдымен жақсы жақтарын айтып, келесі даму бағыты қай
бағытта болу керектігі ұсыныс түрінді беріледі.
6. Теңгерімді (балансированный) кері байланыс – тапсырманың әр бөлігіне кері байланыс беріледі.
Мысалы: Мәтін бойынша жүйелі жоспар құрдың. Жоспардың әр бөлігіне тірек сөздерің толық емес.
Тірек сөздер толық болмағандықтан, мәтінді әңгімелеуде қиналдың.
7. Ойлауды дамыту үшін сұрақтары бар кері байланыс та өте маңызды.
Қашықтықта оқытуда жұптық және топтық кері байланыс беруге болады. Бұл кері байланыстың
қандай ерекшеліктері бар, соған тоқталайық.
Мұғалім нұсқаулығы
Тапсырма орындау қадамдары
қазақ тілінде эссенің құрылымдарын түсіндіру;
сілтемелерді қалай дұрыс қою;
қорытындыны қалй құрылымдау;
эссеге критерийлерді
оқушылармен бірге құрастыру;
1-қадам: 10 минутта белгілі бір тақырыпта эссе жазу
2-қадам: Өз жұмысын сыныптағы басқа оқушыға кері
байланыс немесе пікір алу үшін ұсыну
3-қадам: Сыныптасының кері байланысы бойынша өз
жұмысына толықтырулар мен өзгерістер жасау.
Мұғалім алдымен эссе жазуда оқушыға нақты нұсқаулық беру керек.
-Барлық оқушылар 10 минут ішінде белгілі бір тақырыпқа эссе жазу керек.
-Келесі қадам оқушы өз жұмысын кез келген платформа арқылы сыныптағы басқа оқушыға керң
байланыс немесе пікір алу үшін ұсынады.
-Үшінші қадам сыныптасы берген ұсыныс пікірден кейін өзінің жұмысына қайта оралып, рефлексия
жасап, толықтырулар мен өзгерістер енгізеді.
Жұптық кері байланыс:
Данил: - София, эссе көтерілген мәселе бойынша жазылған. Тақырыпты ашуда келісу, келіспеу
себептерін толық жазуға тырыс.
София: Данил, эсседе өз ойыңды жеткізуде ауытқулар кездеседі. Меніңше, сенің сөздік қорың
аздау.
Топтық кері байланыстың ерекшеліктері:
1. Оқушыға 10 минуттық эссе (жеке тапсырма) беріледі.
2. Мұғалім барлық жұмысты жинап алып шифрлейді.
3. Мұғалім шифрленген жұмыстарды барлық оқушы отырған ортақ платформаға салады.
Оқушылар сыныптастарының жұмысын көруге арнайы уақыт беріледі.
4. Қайтадан кездесу барысында мұғалім оқушылармен бірлесе отырып ортақ қателіктер бойынша
пікір айтады, яғни сындарлы кері байланыс орнатады.Мысалы: 2,7,9 эсседе қанатты сөздер жақсы
келтірілген немесе 1,5,8,10 эсседе оқушының өзіндік ой-пікірі тақырыптан алшақтау. 3,4,6 эссе
жұмыстарында нақты айғақтар жақсы жазылған. Оқушылар
да өз пікірлерін қосып, айтып отырады.
5. Оқушы өз жұмысы бойынша рефлексия жасайды.
Мұндай кері байланыс Bilimal, Google classroom, whatsapp платформасында жасау өте ыңғайлы.
Жұптық және топтық кері байланыстың артықшылығы басым ба, кемшілігі басым ба мұны өз
тәжірибеңізде қолданып білуге болады.
Қашықтықтан оқыту кезінде біздің ұжым Bilimal, Google classroom, Zоом платформасын
пайдалануда. Бұл платформалар мұғалімдерге уақытты
тиімді пайдаланып сабақты тез, оңай
84
ұйымдастыруға, оқушылармен тиімді кері байланыс жасауға мүмкіндігі мол платформалар. Бұл
платформалар арқылы жұптық, топтық тапсырмалар ұйымдастыра отыра кері байланыс жасауға
жылдам әрі өте ыңғайлы. Мұны мына суреттерден көруге болады.
Жоғарыда айтылған кері байланыстың қайсысы тиімді деген сұрақ туындауы мүмкін. Әрбір
мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшелігіне, тапсырманың күрделілігіне сәйкес кері
байланыс түрлерін, формасын және берілу жиілігін өзі анықтайды.
Қорыта келгенде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін қашықтықтан оқыту негізіндегі тиімді кері байланыс
жасау мұғалімнің ұйымдастыру қабілеті мен шеберлігіне байланысты. Әрбір мұғалім өзі сабақ
беретін пәнді ғана емес, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді
пайдалана отырып, өз пәнін жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Бұл – қазіргі заман талабы.
Достарыңызбен бөлісу: