Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования


ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет55/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   271
ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Қандай ұлт, қандай халық болмасын әрқайсының ерте дәуірден келе жатқан өзіне ғана тән 
әлеуметтік және мәдени құндылықтары болады, мұнымен қоса ұрпағын тәрбиелеудегі ұстаным-
байлығы өз алдына. Қай дәуірде болмасын өз қазақ халқымыздан шыққан небір дана, ойшыл 
ғұламалардың, ұлы адамдардың бар екендігіне жас ұрпақтың көздерін жеткізе отырып, елшіл, 
адами қасиеттері жоғары, жан-жақты біліммен қаруланған Қазақстан Республикасының азаматын 
тәрбиелеуде мектептің орны ерекше.
Әрбір мектеп оқушысының бойына ұлтжандылық қасиетті дарытпайынша, Қазақстан 
азаматы отаншыл болмайды, ендеше - бұл сайып келгенде қазақ жерінің өркендеуіне күдік 
туғызатын фактор. Өзінің өткенін сақтар мен ғұндардан, өз әдебиетін Тоныкөк, Күлтегіннен, 
Жәнібек пен Керей бастаған қазақхандығының құрылуы мен дамуы жылдарынан бергі ақын-
жыраулардан, музыкасын күйлер, термелер, толғаулардан бастап естіп,айтып, оқып келе жатқан 
жас ұрпақтың рухани кіндігі болған құндылықтар тұтқасы берік болып өседі. Өз жанұясында өзінің 
жеті атасын, мектепте туған жер, туған елінің өткен тарихын зерделеп, ақыл тоқтатқан, ер жеткен 
баланың санасында өз халқына деген сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі орнайды. Мұның себебі, жас 
ұрпаққа арғы атаң батыр, би, ақын-шешен болған деп санасына сіңіру - бұл патриотизмнің нағыз 
өзегі. 
Қай заманда, қай халықта, қай ұлтта, қай отбасында болмасынболашақ ұрпағына адамилық 
тәрбиесін беруге, оның санасына, бойына азаматтық ұстанымдарды сіңіруге ерекше мән берілген. 
Адамгершілік тәрбиесінің өзегіне бар адамзат жинап-терген, өткен дәуір тәжірибесінде сыналған 
адамшылық қасиеттер мен ұстанымдар алынады. Атап көрсетер болсақ: ізеттілік, қарапайымдылық, 
шыншылдық, сыпайгершілдік, еңбексүйгіштік, жолдастық, үлкен қария адамдарды, аналар мен 
соңынан ерген жас балаларды құрметтеушілік сияқты қасиеттер енген. 
Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті деген сабақтарды оқу барысында біздің ұрпағымыз 
отаншылдыққа, өз халқына, өзге де этностарға құрметпен қарауға, жауынгерлікке, 
еңбексүйгіштікке, өз Отаны үшін қандай да болмасын сынаққа дайын болуға, елдер арасындағы 
дипломатия, мәмілегерлікке, ынтымақтастыққа, қоғам, ұлты, елі үшін қашанда қызмет етуге дайын 
болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, кішіпейілділікке, өз мүддесінен бұрын халық, Отан мүддесін 
жоғары қою деген басқа да құндылықтарға тәрбиеленеді. Бұл құндылықтар сайып келегенде жас 
ұрпақтың бойында бағасы жоғары азаматтық ұстанымдарды қалыптастырады. 
Мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, осы кезеңнен 
бері қарайғы қай саладағы болмасын қол жеткен табыстарымыз, жетістіктеріміздің мәнін ашып 
көрсетер шараларды жиі ұйымдастыруға көңіл бөлген дұрыс. Мысалы тәуелсіздік жылдарындағы 
мәдениеттің дамуы тақырыбына байланысты әдеби-көркем туындыларды (театр, көркем өнер, қазақ 
әндері, кинофильм, драмалық шығармалар, сәулет өнері, қазақ әдебиеті т.б.) эстетикалық тәрбие 
беру мақсатына ұтымды пайдалануға болады. Міне осындай ғылыми-әдістемелік шаралардың бәрі 
жас ұрпақты күнделікті өмірде болып жатқан позитивті көңіл күйге, жақсылықтарға, жаңалықтарға 
қуануға, осындай ізгілікті істерге бізде үлес қосып, елімізді, Отанымызды гүлдендірсем деген 
сезімге тәрбиелейді. 
Ал қазақ әдебиеті сабағында көркем әдеби шығармаларды пайдалану арқылы эстетикалық 
тәрбие беру мәселесін көтерер болсақ, бұл арада тарихи көркем әдеби шығармаларды пайдаланудың 
мәні зор екенін білуіміз қажет. Саяси қуғын сүргін, тоталитаризм заманы жылдарының өзінде 
қоғамтанушылар өткен ұлттық тарихымыздағы тарихи көркем шығармаларды өз шығармаларына 
арқау ете білді. Толықтай тарихи деректерге негізделмеген болса да қазақ халқының бай тарихының 
әр кезеңі көрініс тапқан көркем әдеби шығармалар қаншама. Осыған орай бұл жерде қазақ 
жазушылары І.Есенберлиннің, М.Мағауиннің, Ә.Кекілбаевтың, Қ.Жұмаділовтың, Т.Жұртбайдың, 
Қ.Салғариннің, А.Сейдімбековтың танымал шығармаларын атап өткен дұрыс. 
Баспасөз мәліметтерін жиі, үзбей бақылап, қажет мәліметтерді саралап алып, күнделікті 
ұйымдастырған шараларға байланыстыра түсіндіріп қоймай, оқушылардың өздеріне оқуды талап 
етуіміз қажет, ол үшін бұл тәжірибені оқушылар арасында қалыптастырып, оны қалай игергенін 


116 
зерделеп - олардың шығармашылық ізденісіне жол салып, сабаққа ынтасын, зейінін арттыра түседі. 
Ал бұл өз кезегінде қоғамдық пәндерді игерудің басты әдістемесі. Мысалы жазушы, ізденуші 
Қойшығара Салғариннің Қытай архивтерінен қазақ халқының тарихына байланысты «Егеменді 
Қазақстан»газетінде жарық көрген мәліметтер топтамасы танымдық үлгіде болғанымен, жас 
ұрпақтың үлкен қызығушылығын тудырады. Сол сияқты, түркі сына жазуларымен жазылған 
Күлтегін құрметіне қойылған құлпытас туралы, Еуразия университетінде ашылған мұражай 
жөніндегі мерзімді басылым мәліметтері қазақ тарихын жаңаша зерделеуге үлкен септігін тигізеді. 
Осыған қарамастан мерзімді басылым мәліметтерін пайдаланғанда аса мұқият болған жөн. Мысалы, 
далалық ауызша мәліметтер, фольклор нұсқаларын яғни ел аузында қалған аңыз, оқиғаларды 
көпшілік авторлар тарихи дерек орнына жиі пайдаланады. Ал ғылымда бұл деректер қашанда 
жазбаша деректермен де сабақтастырылуы қажет. Сол себептен де өткенді жазғанда әсірелеуге жол 
бермеуге тырысуымыз керек. Ол үшін мерзімді басылым мәліметтеріндегі деректердің ғылыми 
құндылығын айырып алуға оқушыларды қалыптастыруымыз қажет. Маңыздылығы жоғары 
мәліметтер қатарында, яғни баспасөз мәліметтерінің ішінде «Егеменді Қазақстан» газетінде жарық 
көрген «Қазақ мемлекетінің тарихы» айдарымен берілген тарихшылар К.Пищулина мен 
Н.Мыңғұлов, тарихшы-ғалым, профессор Ж.Қасымбаев, академик М.Қозыбаевтың ғылыми-
танымдық мақалалары нақты тарихи фактілермен маңызды.
2002 жылы осы «Егеменді Қазақстан» газетінде «Әлемге әйгілі» деген сериямен Қазақстан 
тарихына қатысты тұлғалар туралы мәліметтер жарық көре бастады. Мұнымен қатар, «Қазақ 
тарихы» журналы, басқа да ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар да оқушылардың танымдық 
өрісін кеңейтуге мүмкіндік жасады. 1999 жыл«Тарих және ұрпақ сабақтастығы жылы» болып 
жарияланды. Осыған орай жергілікті мерзімді баспасөзде ел тарихына қатысты,жеке тұлғалар 
жайында мәліметтер кеңінен жарық көрді.
Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу арқылы патриоттық тәрбиені қалыптастырудың 
маңыздылығы жоғары болса, мерзімдік баспасөздің бұл мақсатты жүзеге асырудағы ұтымды жағы 
мыналар деп қорытындылауға болады: 
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікті дамыту жылдарындағы ұлттық құндылықтардың жаңа 
жүйесін қалыптастырудағы нақты шешімдеріне байланысты ақпараттар ағымы күшейтіп, жаңа 
қоғамдық құбылыстардың жаппай ентелеп жатқан тұсында өз тарихымызды жедел оқып-
үйренуімізге мүмкіндік береді; 
2. Мерзімді басылым өткен тарихи оқиғаларды бүгінгі күнмен тығыз байланыстыра қарауды 
жеңілдетеді; 
3. Мерзімді басылым мәліметтері тәуелсіздік тынысымен сабақтасып, жас ұрпақты ұлттық 
құндылықтарға баулу арқылы патриоттық тәрбиені қалыптастырумақсатына жетуде мұғалім 
еңбегін жеңілдете түседі. 
4.Қазіргі оқулықтарда жоқ қосымша мәліметтермен жас ұрпақты баулып, көптеген пайдалы 
қосымша мағлұматтар береді. Тек жоғарыда атап көрсеткендей баспасөз мәліметтеріндегі тарихи 
деректіліктің көркем әдебиетте әдеби әсірелеушілікпен берелгендігін оқушыға айыра білуге жол 
сілтеуіміз қажет.
Бүгінгі күнде қоғамдық сананы, жаңа танымды қалыптастыру кезек күттірмейтін өзекті 
мәселелердің бірі және бұл мәселе қашанда мемлекеттік саясатта күн тәртібінен түспейтін бағыт 
болуы керек деп есептейміз. Орта мектептерде бүгінгі күні оқушылардың дүние деген көзқарасын 
қалыптастыруға, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа, қаһармандыққа, барлық 
халықтарға құрметпен қарауға, достық қарым-қатынас жасауға, діннің қоғамдағы орнын дұрыс 
түсінуге тәрбиелеуге, эстетикалық, экологиялық, экономикалық тәрбие беруге көптеген жағдайлар 
жасалған. Міне осындай міндеттердің тиімді шешілуі жоғарғы сынып оқушыларында, қоғамдық 
сананы жаңғырту жағдайында, олардың бойында азаматтық ұстанымдардың қалыптасуының кепілі 
болады деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет