1
Бұл кітапта мен адал ниетті және ыждағатты көшіруші ғана-
мын.
Мұның тарихы былай.
2
– Жоқ, – деді Бауыржан Момышұлы кесіп айтып, – мен сіз-
бен сөйлеспеймін. Мен соғысты біреудің әңгімелеуі арқылы жа-
затындарға төзе алмаймын.
– Неге?
Ол сұраққа сұрақпен жауап берді:
– Сіз сүйіспеншілік дегеннің не екенін білесіз бе?
– Білемін.
– Соғысқа дейін мен де білемін деп ойлаушы едім. Мен әйел
сүйдім, құмарлық-құштарлықты бастан кештім, алайда бұл шай-
қас кезінде пайда болатын махаббаттың қасында түкке де тұр-
майды. Майданда, ұрыс үстінде ең ғаламат сүйіспеншілік пен ең
сұмдық өшпенділік туындайды, ал мұны өз басынан өткермеген
адамдар түйсіне алмас.
– Түсінемін, – дедім сенімсіздеу кейіппен.
– Жоқ, сіз мұны түсінбейсіз. Сіз екі түйсіктің: үрей мен ұят-
тың қалай арпалысатынын білмейсіз. Ең қатерлі жыртқыштар-
дың өзі осынау екі сезім тартысқандай жан берісіп, жан алыса
алмайды. Сіз еңбеккердің ары, күйеудің ұяты туралы білерсіз,
бірақ сіз солдаттың ар-ұятынан хабарсызсыз. Өзіңіздің жау блин-
дажына граната лақтырып көрген кезіңіз бар ма?
– Жоқ.
Волоколамск тас жолы
14
– Онда сіз ар-ұят туралы қалай жазасыз? Жауынгер ротамен
бірге шабуылға шығады, оған пулеметтен оқ боратады, жанында
жолдастары құлап жатыр, ал ол өршеленіп алға жылжиды. Бір
сағат өтеді – алпыс минут. Бір минутте алпыс секунд бар, әрбір
секундта оны жүз рет өлтіруі мүмкін. Ал ол жер бауырлап алға
ұмтылады. Міне, бұл сарбаздың ар-намысы! Ал қуаныш ше? Сіз
қуаныш дегеннің не екенін білесіз бе?
– Тәрізі, мұны да білмейтін шығармын, – дедім мен.
– Дұрыс! Сізге махаббат қуанышы, сондай-ақ, бәлкім, шығар-
машылықтың ләззаты таныс болар. Әйеліңіз аналық шаттық сы-
рымен бөлісуі де мүмкін. Әйткенмен, жауды жеңу қуанышын,
соғыстағы ерлік сүйінішін бастан өткермеген адам ең сұрапыл,
өрттей алапат қуаныш дегеннің не екенін білмейді. Сіз бұл тура-
лы қалай жазасыз? Ойдан құрастырасыз ба?
Үстел үстінде панфиловшылар туралы, Бауыржан Момышұлы
басқаратын дәл сонау полк жайындағы очерк басылған журнал
нөмірі жатты.
Ол журналды қатты жұлқып, шам түбіне қарай жылжытты –
оның темекі тұтатып, шырпыны тастағандағы, ашылған бетке
еңкейіп, парақтағандағы – қимылының бәрі шалт еді.
– Оқи алмаймын! – деді ол. – Мен соғыста сиямен емес, қан-
мен жазылған кітапты оқыдым. Ал мұндай кітаптан кейін ойдан
құрастырған нәрсеге қалай шыдаймын. Ал сіз не жаза аласыз?
Мен дауласпақ болып ем, Бауыржан Момышұлы алған бетінен
қайтпады.
– Жоқ! – деді ол шешімді түрде. – Мен өтірікті жек көремін,
ал сіз шындықты жаза алмайсыз.
3
Біздің танысуымыз былай еді.
Мен Мәскеу түбіндегі шайқасты баяндап беретіндей және
оның әңгімесі майданның мән-мақсатын қамти отырып, барлық
тірлік тағдыры сынақтан өткізіліп, шешіліп жататын – ұрысқа
бастайтындай адамды көп іздедім.
Бұл бағыттағы ізденістің бәрін ежіктемей-ақ қояйын. Тек ең
қажеттісін айтайын.
Мен деректермен таныса келе, Мәскеуге шабуыл жасаған
жаудың 1941 жылдың қазаны мен қарашасында астанамыздың
15
Фамилиясы жоқ адам
аймағына қаншеңгелді батыра түсуге ұмтылып, бір мезгілде ба-
сты соққыны тікелей Волоколамск, одан Ленинград тас жолына
бағыттап, діттеген мақсатына төтесінен салғанына көз жеткіздім.
Қазан айының ауыр күндерінде немістер Вязьма іргесі
арқылы танк, мотоцикл, жүк машинасымен Москваға жылжыған
сәтте Волоколамск тас жолына кіре беріс қапталды бүгінде ге-
нерал-майор Панфилов атындағы гвардиялық дивизия атымен
белгілі 316-шы атқыштар дивизиясы қорғап тұрды. Мәскеуге
екінші мәрте, қараша шабуылын бастаған дұшпан тағы да сол,
дәл панфиловшылар шайқасып жатқан бағытқа сұғына кірген.
Москвадан отыз шақырымдай жерде жеті күнге созылған Крюко-
во майданында панфиловшылар Қызыл Армияның өзге де бөлім-
дерімен бірге немістердің қысымына төтеп беріп, жауды серпіп
тастады.
Мен екі айға созылған алапат арпалыстың тарихын баяндап
беретін адамның атын да, шенін де білместен, панфиловшыларға
тарттым: оны жолықтыратыныма сенімдімін-ді.
Бұл Мәскеу түбіндегі шайқас күндерінде аға лейтенант, ал
қазір, арада екі жыл өткенде гвардия полковнигі Бауыржан Мо-
мышұлы еді.
4
Ол танысқан кезде аты-жөнін айтты. Дұрыс ұқпай қалып, қай-
та сұрадым.
– Бауыржан Момышұлы, – деді ежіктей қайталап.
Оның үнінен сол сәтте тіксініңкірегендей, жайсыздық күйін
аңдап қалдым. Тәрізі, ол өзін тез түсінгенді қалайды екен-ау деп
түйдім.
Тілшілік дағды бойынша қойындәптерімді шығарғанмын.
– Кешіріңіз, сіздің фамилияңыз қалай жазылады?
Ол:
– Менде фамилия жоқ, – деп жауап қатты.
Мен аңтарылып қалдым. Ол Момышұлы деген орыс тіліне ау-
дарғанда Момыштың баласы дегенді білдіреді деді.
– Бұл менің әкемнің аты, – деп жалғастырды ол. – Бауыржан
– өз есімім. Ал фамилиям жоқ.
Оның жүзінде Шығысқа тән деп ойлайтынымыздай, арман-
шыл жұмсақтық жоқ-тын.
Волоколамск тас жолы
16
Кейде зор сүйіспеншілікпен мұқият, ал кейде қалай болса со-
лай жасалған дейтіндей – нешеқилы беттер кездеседі. Бауыржан
Момышұлының бет-пішіні жапсырғандай емес, қашап мүсінде-
гендей әсер қалдырған. Ол әлдебір өткір аспаппен бірде-бір дөң-
гелек сызық қалдырмай, қоладан немесе қатты еменнен жонып
жасағандай көрінді.
Бұл балалық шақтағы бір көріністі есіме түсірді. Майн Рид-
тің әлде Фенимор Купердің шығармалар жинағының қалың көк
мұқабасына арықша келген үндістандықтың бейнесі бедерленген
еді. Бауыржанның кескіні сол рельеф өрнегіне ұқсайтынын бай-
қап таңырқадым.
Моңғол тектес қараторы, сәл шықшыттылау, әдеттегі өте
ұстамды кескінін ашулы сәттерінде сирек кездесетін танадай
қара көздері айбаттандырып тұрады екен.
Бауыржан өзінің жылтырап, тарауға көнбей тікірейіп тұратын
қара шашын аттың жалындай деп әзілдеді.
Сөзіне құлақ түре отырып, оның жүзіне зерделей қарадым. Бұл
қазақ орыстың бай тілін еркін меңгеріпті. Тіпті толқыған кезінің
өзінде сөз бен ой тіркесінен мүдірмейді. Тек кейде асықпай сөй-
лейтін мәнерін әдейі ісейтіндей көрінді. Келе-келе: қазақша сөй-
легенінде сөзінің жылдам ағылатынын аңғардым.
Папиросын шығарып, портсигарды сарт еткізіп жапқаннан
кейін ол тіктеніп, сөзін:
– Егер сіз алда-жалда мен туралы жаза қалған болсаңыз, мені
қазақша «Бауыржан Момышұлы» деп атаңыз. Оның қазақ екені,
кең далада қой баққан шопан екені, оның фамилиясы жоқ адам
екені белгілі болсын, – деп аяқтады.
5
Алғашқы танысқан кеште маған Бауыржан Момышұлының
полкқа – соғысқа жаңа келген командирлермен қалай сөйле-
скенін есту бақыты бұйырды.
Ол солдаттың жаны туралы әңгімелеген. Айтпақшы, ойын
баппен дамыта келіп, дәл Волоколамск тас жолы түбіндегі шай-
қастардың бірі жайында баяндады.
Менің жүрегім атқақтап кетті. Дереу қойындәптерімді суы-
рып, құлшына жазуға кірістім. Сәттілікке сенер-сенбесімді біл-
мей: міне, көптен күткен хикаяттың алғашқы парақтары деп
17
Фамилиясы жоқ адам
жорамалдадым. Әңгімеден кейін мен бір мезет сәтін тауып, Ба-
уыржан Момышұлынан Волоколамск тас жолы бойындағы ұры-
стардың тарихын бастан-аяқ әңгімелеп беруін өтінгенмін.
– Жоқ, – деп үн қатты Бауыржан Момышұлы, – мен сізге еш-
теңе айтпаймын.
Біздің бұдан кейінгі әңгімеміз оқырманға белгілі.
6
Бұл жағдайда Бауыржан Момышұлының әділетсіздігі анық
еді. Мен де дәл оның өзі секілді: шындыққа құмарттым ғой.
Алайда оның – әсіресе, сарбаз кебін кимеген адамдар туралы
бағасы көбінесе көңілге келетіндей дөкір еді. Мұны, бәлкім, Ба-
уыржанның жастығымен түсіндіруге болар. Біз ұшырасқан сол
күндерде ол отызға толған болатын.
Сөйлесуден мүлде бас тартқан соң, мен де аса жағаласпадым,
бірақ Бауыржанның жанында талай күн бірге жүрдім.
Ол өте әңгімешіл екен. Ығыты келгенде, жалықпай жазып ала
бердім. Оның маған бойы үйренді.
Бауыржанның достары арқылы өзінің өмір-тарихын білдім.
Мектепте оған екі ат беріпті: Бадырақ және Шаңтимес. Екіншісі
дәлме-дәл аударғанда «тозаң жұқпас» деген мағына береді. Жүй-
ріктігі сонша – тіпті тұяғынан көтерілген шаңның өзі шашасына
жұқпайтын аңыз сәйгүлікті солай атапты.
Бауыржанға:
– Сіз туралы әйтеуір бір жазбай қоймаймын. Және бір жерін-
де сізді мектепте Шаңтимес деп атағанын да міндетті түрде кел-
тіремін, – дейтін сәт те туды.
Ол жымиды. Күлгенде жүзі нұрлана түседі екен. Суық кескіні
кенеттен сәбилік кейіпке ауысты.
– Сіз артиллериялық ат секілді екенсіз, – деді ол жайдары-
ланып. – Ренжіп қалмаңыз, бұл – комплимент. Артиллериялық
ат шабан қимылдайды, оны қақпайлау оңай емес, әйткенмен, бір
бет алып алса зеңбіректі қоса тартады. Сіз мені иліктірдіңіз...
Сіздің сұрағыңыздың бәріне жауап берейін. Бірақ бір шартым
бар...
Ақырын шалқайып, ол қыннан қылыш суырды. Шағын, әй-
нексіз шамның әлсіз жарығы түскен аласа, сыздауыт блиндажда
ақ алмастың жүзі жарқ етті.
Волоколамск тас жолы
18
– Келісіп алайық, – деп сөзін жалғады ол. – Сіз шындықты
жазуға міндеттісіз. Даяр кітапты маған әкелесіз. Мен алғашқы
тарауды оқимын да: «Нашар, өтірік жазыпсыз! Үстелге сол қо-
лыңызды қойыңыз». Әп! Сол қолыңыздан айырылдыңыз! Одан
екінші тарауды оқимын: «Нашар, өтірік жазылған! Үстелге оң
қолыңызды қойыңыз». Әп! Оң қолыңыз жоқ! Келісесіз бе?
– Келісемін, – дедім мен.
Біз екеуміз де әзілдеп отыр едік, бірақ күлмедік.
Маған моңғолдық емес тостағандай қара көздер шаншыла,
сынай қарап тұрды.
– Жақсы, – деді ол. – Қағазды дайындап, қарындашыңызды
алыңыз. Жазыңыз: «Бірінші тарау. Үрей».
Үрей
1
– Жазыңыз, – деді Бауыржан Момышұлы: – «Бірінші тарау.
Үрей!»
Ол сәл ойланып, сөзін жалғастырды:
– «Панфиловшылар ешбір үрейленбестен алғашқы ұрысқа
ұмтылды...». Сіздіңше қалай: сәтті бастау ма?
– Білмедім, – дедім мен сенімсіздеу үнмен.
– Бұлайша әдебиет ефрейторлары жазады, – деді ол қатқыл
түрде. – Сіз осында келгелі бері, мен өзіңізді әдейілеп екі-үш
мина жарылып, оқ зуылдап жатқан жерлерге апаруды бұйырдым.
Ондағы ойым – сіздің үрейді сезінуіңізді қалап едім. Мойында-
масаңыз да болады, айтпасаңыз да білемін, сізге қорқынышты
жеңуге тура келгені анық.
Сонда сіз бен шығармашылық істе қатар жүрген жолдаста-
рыңыз неліктен соғысып жүрген өзіміздей емес, қайдағы бір
ерекше құдіретті адамдар деп есептейсіздер? Сарбаз сіздерге де
тән адами түйсіктен ада деп қабылдайтындарыңыз қалай? Сіздің-
ше, ол сонда төмен нәсілді жаратылыс па? Әлде, керісінше, көк-
тен түскен әлдебір әулие ме?
19
Үрей
Бәлкім, сіздіңше, ерлік деген – табиғат сыйы шығар? Неме-
се шинельмен бірге тізімге белгілеп: «алынды, алынды» деп жа-
ужүректікті де қоса тарататын каптенармустың сыйлығы ма?
Мен соғыста жүргелі талай уақыт өтті, полк командирі бол-
дым, сондықтан: ол бұлай емес деп түйіндеуге қақым бар шығар
ойлаймын!
Немістер біздің байтақ елге баса-көктеп кіргенде неменеге
үміт артты екен? Олар танк колонналары бастаған шығыс жо-
рығына өздерімен бірге тірі жан атаулының зәресін ұшырып,
құрдай жорғалататын Үрей генералы бірге аттанады деп сенді.
Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы қазанның он бесінен
он алтысына қараған түнгі біздің алғашқы ұрысымыз сол үрей-
мен шайқасудан басталды. Ал арада жеті апта өткенде, біз немі-
стерді Мәскеуден тықсырып тастаған сәтте, соларға ілесіп гене-
рал Үрей қоса қашты. Олар ақыр аяғында, мүмкін осы соғыста
бірінші рет шығар, соңыңнан үрей қуу дегеннің не екенін білді.
2
Біз қазан айының ортасында Москва түбіндегі шептердің
ұрыстары басталғанға шейін ешбір айқасқа араласа қоймадық.
Қазақстаннан шыққаннан кейін, бір жарым ай бойы майданнан
қырық шақырымдай жерде – Бас Командованиенің резерві құра-
мында, қорғаныстың екінші шебі деп аталатын Ленинград облы-
сындағы батпақтарда тұрдық.
Қазанның алтысы күні мен: дабыл бойынша батальонды тік
тұрғызып, таяу маңдағы теміржол разъезіне кіру туралы бұйрық
алдым.
Барсақ, жылы вагондар мен платформалар даяр тұр. Тиеліп
алып, сол түні жолға шықтық.
Қайда? Мұны белгілі бір уақыт аралығында, тіпті батальон ко-
мандирі менің өзім білуге тиіс емес едім. Біз майданға аттанған-
дай емес, соғыстан қайтып келе жатқандай әсер билейді. Пойыз
аралық бекеттерге тоқтамай, тораптық Бологое стансасына қарай
зымырап келе жатты.
Жолда біз үшін түстік ас даяр тұр деп хабарлаған. Алайда
әлдекім біздің эшелонды тақымдап, асықтыра түседі. Ауқатты
таратып үлгермеді. Паровоздар екі-үш минут аралығында алма-
стырылды. Гудок берілді де, қайтадан жөнедік!
Волоколамск тас жолы
20
Ел жаппай Бологоеден кейін қайда бұрылар екенбіз деп елең-
дейді. Әлден соң мәлім болған: Мәскеуді діттеппіз.
Біздің эшелондар шағын бекеттерде жылдамдықты түсірмей,
араға бір жарым-екі сағат уақыт салып зулай берді. Үш жүз он
алтыншы атқыштар дивизиясы.
Бізді не үшін, қандай мақсатпен ауыстырады?
Белгісіз.
Неліктен мұншалықты қарқынмен жүйткідік? Мәскеуден қай-
да, қандай жолмен шықпақшымыз?
Белгісіз, белгісіз.
Әдеттен тыс жүрдектік жұрттың бәрін қатты өрекпітеді. Әйте-
уір, нақты істі бастайтын болдық-ау, ұрысқа кіреміз-ау деп еле-
гізиміз.
3
Біз қазанның жетісі күні Мәскеуден жүз жиырма шақырымдай
батыс тұста жатқан Волоколамскіге таяу орманға келіп түстік.
Мені полк командирі станцияға шақыртыпты.
Темір жол бойындағы маскировкалық өрнекпен көкала қылып
алабажақтап бояған қатар-қатар, құрсаулы, жатаған күмбездер
есте қалды. Бұлар жанармай цистерналары еді.
Сол сәтте көп ұзамай-ақ сүреңсіз күзгі бұлт аясындағы осынау
темір күмбездердің сәл кейінірек жететін тарсыл-гүрсіл мен көк-
жиекті соңырақ торлайтын алапат от, түтін құшағында көкке
атылып, мезетте жоқ болатынын сездім бе екем?
Тақала бергенімде – төбесі талқандалып, үңірейген терезе-
лерінен қара түтін шұбатыла, қалқайып кірпіш қабырғасы ғана
қалған станция ғимаратының түпкі жағынан зеңбірек тиеулі
ұзыннан-ұзақ платформа тізбегін көзім шалды.
Мені әлдекім дауыстап шақырады. Қарасам, состав тұсында
біздің дивизиядағы артиллерия полкінің командирі полковник
Малинин тұр.
– Көз қырыңызды салыңыз, қашқын, – деді ол. – Жақсы ма
екен?
Ол мені өз еркіммен жаяу әскер қатарына ауысқан ежелгі ар-
тиллерияшы, батарея командирі екенімді білген сәттен бастап
«қашқын» деп атап кетіп еді.
21
Үрей
Зеңбіректер зауыттағыдай сырты қарайған арнайы қою май-
мен қалың етіп майланыпты. Бұлар біздің дивизиялық артилле-
рияға жаңа ғана жеткізілген қосымша қару-тын.
– Охо, – дедім мен, – дөңкиген ауырлары да бар екен ғой!
– Бұл «бегомоттарды» қамал зеңбіректері ретінде орналасты-
рамыз...
– Сонда біз ұзақ тұрмақшымыз ба мұнда?
– Тәрізі, осында қыстайтын шығармыз.
Мен жабырқаңқырап қалдым. Демек, тағы да тылда, тағы да
резервте қалғанымыз ғой.
Мен көп ішкері тұста, Вязьманың арғы бетінде немістердің
Мәскеуді қорғаған майданды қақ жарып өткенін, Гитлер бұдан
төрт күн бұрын радио арқылы: «Қызыл Армия талқандалды,
Мәскеуге жол ашық» деп хабарлағанын білмейтін едім.
Ал бұл кезде Мәскеу қала жиегінен жүз жиырма – жүз елу
шақырым жерде асығыс түрде жаңадан майдан шебін құрып
жатты, кейін ол тарихқа «астананың қиыр шеті» атымен кірді.
Москва вокзалдарынан ешбір сөз сөйлеу мен оркестр салтана-
тынсыз-ақ жай киінген коммунистік батальондар аттанып жат-
ты, оларға қару-жарақ пен әскери киім жол үстінде берілді. Біз
келерден бір-екі күндей бұрын Мәскеу теңізіне Волоколамск
арқылы жүк машиналарымен Жоғарғы Совет атындағы жаяу
әскер училищесі ауыстырылыпты; бұлардан кейін іле-шала мұн-
да оқу-жаттығу зеңбіректерін алып, Москваның Қызыл тулы
артиллериялық училищесі жіберілді. Мәскеу жауға қарсы тың
күш пен жаңа қару-жарақ жөнелтумен болды, оның ішінде осы
зеңбіректер де бар.
Полк штабында дивизияға Волоколамск аймағында қорғаныс
шебін құрып, орнығуға бұйрық берілгені айтылды. Маған өз ба-
тальонымның бекініс шегі көрсетілді.
4
Біз кешкісін Волоколамскіден отыз шақырым жердегі Руза
өзеніне қарай түнгі жорыққа аттандық.
Мен оңтүстік Қазақстанның тумасы ретінде ерте түсетін қысқа
дағдыланбаған едім, ал мұнда, Мәскеу түбінде күн таңертең қа-
зан айының басынан-ақ ызғарланып кетті. Таң бозында дөңге-
лек ми-батпағын шығарған лайсаң жолдың аяздағы қатқағымен
Волоколамск тас жолы
22
өзіміздің батальон учаскесінің ең ауқымды елдімекені – Новлян-
ское селосына келдік.
Күңгірт аспан аясында қарауытып тұрған аласа шіркеу мұна-
расының сұлбасы көзге бірден шалынды.
Батальонды село маңайындағы орманда қалдырып, мен ко-
мандирлермен бірге төңіректі барлауға шықтым.
Менің батальоныма ирелеңдеп аққан Рузаның жағасынан жеті
шақырым жер берілген. Біздің әскери жарғымыз бойынша ұрыс
кезінде мұндай аймақ, тіпті полк үшін де көптік қылады. Алай-
да бұған бола алаңдай қоймадым. Егер жау шынымен ертелі-кеш
осында жететін болса, оған біздің жеті шақырымымызда жалғыз
батальон емес, бес, тіпті он батальон қарсы тұратынына бек
сенімді едім. Маған бекініс шебін осындай есеппен даярлау қа-
жет деген ой келді.
Менен табиғат көркін суреттеуді күтпей-ақ қойыңыз. Біздің
көз алдымызда жатқан көрініс әсем бе еді, жоқ па, білмеймін.
Топографияда айтылатынындай, баяу аққан, арнасы тар Ру-
заның айнадай жарқыраған бетінде құдды бір қолмен кескендей
жапырақтар қалқып жатыр, тәрізі, осында жазда өскен ақ лала-
гүл болуы керек. Мүмкін бұл әдемі де шығар, бірақ өзім үшін:
дұшпанның өтуіне оңай, саяз, өте қолайсыз өзен екен деп түйдім.
Алайда өзеннің бергі беткейі танкі өте алмайтындай етіп
қазылған: балшығынан жаңа түскен күрек іздері жылтыраған
тік жарқабақ өзенге төніп тұр, мұны әскери тілде «эскарп» деп
атайды.
Өзеннің арғы бетінен – ашық алқап пен жеке тал-дарақ, бы-
лайша айтқанда, ойдым-ойдым орман-тоғай көрінеді.
Қарсы жағалауда орман шеті Новлянское селосынан сәл қиы-
стау тұстағы бір жерде өзенге, тіпті еміне кіріп кеткен. Орыстың
күзгі орманының кескінін бейнелеген суретші үшін сол жерден
не қажеттің бәрі табылар еді, бірақ әлгі орын маған мүлде ұна-
мады: онда жау біздің шабуылдан қорғанып, өзімізді ұрымтал
тұстан соғуға дайындала алады.
Құрып кетсін бұл қарағай мен шырша! Отау керек бәрін! Ор-
манды өзеннен әрі қарай сырып тастаған жөн!
Әрине, айтқанымыздай, арамызда ешкім де дәл осында кенеттен
шайқас басталып кетеді деп күткен жоқ, әйткенмен бізге: бекініс
23
Үрей
шебін құру міндеті жүктелді және оны Қызыл Армияның офицер-
лері мен солдаттары ретінде мүлтіксіз орындауға тиісті едік.
5
Жаудан шегіну жайындағы алғашқы сыбыс келесі күні жеткен:
әр жерде дүние-мүлкін түгел тастаған бейбіт жұрт босып жүрген
көрінеді; олардың арасында шағын топпен қоршаудан сытылып
шыққан жауынгерлер де бар.
Солдат шинелімен жүрген ондай кезбелерді бірінші мәрте ба-
тальон асханасының қасынан кездестірдім.
Бұлар отқа жылынып отырды. Соғысқа дейін шағын құрылыс
директоры қызметін атақарған, шаруашылық взводының коман-
дирі, кексе лейтенант Пономарев оларға таңдана қарап тұр. Сол
күні асхана кезекшілігінде жүрген аспаздар мен сарбаздар да осы
төңірекке шоғырлана қалыпты.
Пономарев «тік тұрыңдар!» деп команда беріп, жағдайды ба-
яндау үшін алдымнан жүгіріп шықты.
Мен көз қиығыммен от басында отырғандарға қарадым: кей-
бірі орнынан тұрды, кейбірі жай қозғалақтаған болды.
– Бұлар неғылған адамдар? – деп сұрадым мен.
От қасынан беті шұбарлау, тәпелтек қызыләскер бері қарай бір
аттады.
– Қоршаудан шықтық, жолдас аға лейтенант!
Мен мұндай сөзді сол күні таңертең бірінші рет естідім.
– Қандай қоршау? Қайда?
– Вязьма түбінде, жолдас аға лейтенант... Енді олар осында
қарай өңмеңдеп келеді.
– Кім?
– Кім екені түсінікті ғой... немістер...
– Сендер оларды көрдіңдер ме?
– Қайдан көресің оларды? Минаны бұршақша жаудырады...
Немесе тас жолда танкімен жүйткітіп, айналаны оқтың астына
алады.
– Танкілерін байқадыңдар ма?
– Танкіге, жолдас аға лейтенант, кинода ғана жасқанбай қа-
рай алатын шығарсың... Ал мұнда қарауға мұрша бар ма! Ол гүр-
сілдетіп, жан-жаққа оқ жаудырған сәтте көзің қарауытып, естен
танасың.
Волоколамск тас жолы
24
– Винтовкаң қайда?
– Өзімде, бүп-бүтін... Кешіріңіз, жолдас аға лейтенант, таза-
ланбаған...
– Енді қайда барасыңдар?
– Мәскеуге, жаңа құрылымға қосыламыз... Біз суыт жүріп,
көпшілігін басып оздық. Жолдас аға лейтенант, мен бұларды
алып шығу үшін бастап келемін... Москвада шайқасамыз дейді.
Қазір кетеміз... Бұл жерде көп бөгелуімізге болмайды, көп ұза-
май-ақ жау осында жетеді... Жолдас аға лейтенант, сіздердің қа-
заннан дәм татуға рұқсат етесіз бе?
Тәштек бойлы, секпіл бет солдаттың қашып келе жатқанда-
рын жайбарақат мойындай салуы қатты тіксінтті. Жұрт оның
сөзіне құлақ түре қалыпты.
Менің оның «жасағына» қайтадан көз жүгірттім. Бәрі де
көптен қырынбаған, жуынбаған, сол себепті, түрлері түгелдей
кір-қожалақ. Етіктері мен аяқ орауыштарындағы баттасқан лай
от қасында кебе бастаған. Ешқайсының да шинелдерінде айырма
белгісі жоқ.
– Бәрің де қатардағы жауынгерлерсіңдер ме? – деп сұрадым
мен.
Сәл қолайсыздық туындағандай. Бұдан соң біреуі орнынан кө-
терілген. Бұл – мұңды көздері алақтаған жиырма екілердегі жігіт
еді.– Мен лейтенантпын, взвод командирімін, – деді ол.
Мүмкін осы сәтте менің сырт кескінім өзгере қойған жоқ
шығар, бірақ іштей, әлдебір соққы тигендей, сұмдық тітіркендім:
взвод командирі, лейтенант, Қызыл Армия офицері қызыләскер-
лермен бірге әлдебір сақа солдатқа ілесіп майданнан қалай
қашып келеді?
Дәл осы кезде аспаз «қоршаулылардың» алдына буы бұрқы-
раған бір кастрюль кеспе көже әкеліп қойды.
– Ішіңдер, – деді ол. – Енді өлмейсіңдер, өз адамдарыңа қо-
сылдыңдар ғой... Ауқаттаныңдар!
Мен ақырып жібердім:
– Тұрыңдар! Лейтенант Пономарев! Қашқындарды тұтқын-
да! Қаруларын сыпырып ал!
– Винтовкамды бермеймін, – деді шұбар бет солдат.
– Тоқтат сөзді! Лейтенант Пономарев, бұйрықты орындаңыз.
25
Үрей
Сөзімді аяқтамастан Пономаревтің қасын керіп, таңданған
кейіппен менен бөлек, әлдеқайда көз тігіп тұрғанын аңдадым.
Бұрыла қарадым. Батальон асханасына қарай шинель киген
бірі қарулы, бірі қарусыз оншақты адам сүйретіле басып, ілбіп
келеді. Кейбіреулерінің жағасы көтерулі, қолдары – қалтасында.
Мұндай дағды бізге жат. Тіпті алыстан-ақ түсінікті болды: бұлар
– менің батальонымның адамдары емес.
Олар тақалды.
– Неғылған адамсыңдар? – деп сұрадым мен.
Естіген жауабым:
– Қоршаудан шықтық, жолдас аға лейтенант.
6
Бұл күні, әдеттегідей, өзіміздің батальонның қорғаныс шебін
бастан-аяқ аралап жүрдім.
Күн ызғарлы, желкем. Ұшқындаған қиыршық қар шөп түбіне
кесек мұз болып жабысып, жыртылған жердің қатқақ табанына
ұсақ қырау болып үйірледі.
Түс мезгілі еді. Сарбаздар тасада, жартылай қазылған окоптар
мен үйілген топырақ сыртында тамақтанып отыр.
Шошайған күрек саптары арқылы белгіленген жиекті жағалап
келе жатып:
– Жоқ, жігіттер, жау сендер күткен жақтан соқпайды... Ол
күткен жерден килігуді ұната қоймайды, – деген сөз құлағыма
жетеді.
Тықырлаған қасық дыбысы естілді. Үйілген аласа топырақ
сыртындағы ойда түстенушілер.
– Ал ол нені ұнатады?
Сөз саптауына қарап, сұрақ қоюшының қазақ екенін аңдай-
мын.
– Айналып өтеді, сонымен тәмәм... Соңынан оның нені ұна-
татынын біле жатасың.
Тағы да қазақтың даусы:
– Ал одан кейін не істейді?
Бұл кімнің окопы болды екен? Мына қазақ кім? Есіме түсті:
Боранбаев. Иә, оның пулемет расчеты осында. Әлде Қалимолдин
бе...
Волоколамск тас жолы
26
Екеуі де бір пулеметте. Сайтан алғыр, бұл жерде де әлгі келім-
сектерді тамақтандырып жатыр!
– Онда бекем бол, – деді жаңадан біреу. – Әйтпесе өлгенің...
– Орманға тығыламыз. Жау ну тоғайға кіруден сескенеді!
Тағы да ақырын ғана қасық тықырлады. Қоршаудан шыққан-
дар менің сарбаздарыммен бірге тамақтануға кіріскен. Және бір
бейтаныс дауыс естілді:
– Менің жолқапшығым да сонда, котолегім де сонда... Қазір,
дәл осындағыдай, ауқаттанып отырғанбыз. Кенет...
«...кенет қаша жөнелдіңдер, сұмырайлар!» – деп айқай салғым
келді де, әлдебір оймен тежелдім.
Анадай жердегі ықтиятты қаланған шым тасасынан көкшіл
темірі жылтырап пулемет оқпаны көрінді. Және онда пулеметші
кезекшілікте отыр. Пулемет магазиніне оқтаулы лента кигізілген.
– Жақсы ата ма? – деп сұрадым мен.
– Басып қалсаңыз болды, жолдас комбат.
Мен тізе бүгіп, оқпанды айнадай жарқыраған өзенге қарай
бұрып, шүріппені бастым.
Пулемет сақылдап, оқ бұрқыратты. Осы орында жер қазып,
бекініс жасағанымызбен, әзірше оқ ата қойған жоқ едік; бұл
біздің шебімізді дүбірлеткен алғашқы атыс болды.
Біреу шұңқырдан ытқып шықты.
– Дабыл! – деп айғай салдым мен. – Қаруларыңды алыңдар!
Сол бойда сөзімнің жаңғырығындай ащы дауыс естілді:
– Немістер!
Үн адамның айқайындай емес, немістер шынымен келіп
қалғандай, соншама үреймен, біртүрлі құмығып шықты.
Келесі сәтте әлдекім безе жөнелді. Қалғандары топырлап
соған ілесті. Істің бұлай жалғасқанын аңдап та үлгере алмай қал-
дым. Мұның бәрі лездің арасында болған жағдай.
Орман алыс емес-тін, жүз елу-екі жүздей-ақ қадам жерде. Со-
лай қарай зытты...
Мен үйілген топырақтың үстіне шығып, қашқандарға аңтары-
ла қарап тұрмын.
Тура бүйірден біреудің жан дауысы шыққан:
– Тоқта!
Одан соң боқтап жіберді.
27
Үрей
Айқай салған – қайдан сап ете түскені белгісіз пулеметші Бло-
ха еді.
Ол мені көрген бойда мен жаққа, пулеметке қарай құстай
ұшты.
Ет-жүрегім елжіреп, қатты толқып кеттім. Сол сәт маған қа-
рай жүгіріп келе жатқан пулеметші Блоханы жақсы көргендей
өмірімде бірде-бір әйелдің өзін сүймеген шығармын.
Бір кезде Қалимолдинның тоқтағаны байқалды – тең қалаушы
болып жұмыс істеген, станокті пулеметті қақпақтай жауырыны-
на оп-оңай тастай салатын еңгезердей қазақ. Ол үнсіз кешірім
сұрағандай басын төмен түсіріп, екі қолын кеудесіне қусырды.
Сөйтті де Блохаға еріп, маған қарай жылжыды.
Одан соң қайырылған – көзілдірікті Мурин, соғысқа дейін
консерватория аспиранты, музыка тарихы жөнінде мақалалар
жазған адам. Бірақ оны біреу қол созым жердегі орман жақты
нұсқап, нұқып қалды. Ол тағы да ор қояндай ытқып, жүгіре жө-
нелген. Сөйтіп және бұрылды. Содан тоқтады. Қара терге түсіп,
қылқиған мойнын біресе маған, біресе орманға бұрып, алақтап
тұр.
Бұдан соң саусақтарымен көзәйнегін тез-тез сүртіп, артқа,
маған қарай жүгірді.
Бұлардың бәрі бір бөлімше, бір пулемет расчеты еді. Енді тек
бөлімше командирі, сержант Боранбаевтың өзі жоқ.
Жерлесім Боранбаевтың пулеметті шашып тастап қолма-қол
қайта жинайтын епсектігіне, кәнігі механиктей, бұзылған тетікті
тез табатынына қарап, ылғи риза болатынмын. Кейде Боранбаев-
ты кездестіргенде: «Міне, біз қазақтар да орыстар сияқты меха-
никтер халқына айнала бастадық» деп ойлайтынмын.
Ал енді ол маған қарайтын беті қалмай, көзіме түспестен зы-
тып отырған секілді.
Мен қайтып оралушыларға үнсіз, тесіле қараймын. Әрине, өз
сарбаздарымның адал жігіттер екенін білетінмін. Қазір оларды
ұят қысып барады. Бұларды келесі жолы осынша жан азабынан
қалай арашалап қаламын, сұмдық сорақылықтан қалай құтқара-
мын? Осылардың алдағы уақытта тағы да қаша жөнелмейтініне,
тағы да мұндай күйге қалайша тап болғанына түсіне алмай тұра-
тынына сенім бар ма? Не істеймін бұларды?
Волоколамск тас жолы
28
Азғырамын ба? Әңгімелесемін бе? Айқайлап ұрсамын ба? Қа-
мауға аламын ба?
Айтсаңызшы – қайткенім жөн?
Соттаңдар мені!
1
Өз блиндажымда басымды қос қолдап сүйеп, еденге тесілген
күйі былай отырдым да (Бауыржан Момышұлы өзінің қала оты-
рғанын көрсетті), ойға баттым.
– Рұқсат па екен, жолдас комбат...
Мен төмен қараған бойда бас изедім.
Пулемет ротасының саяси жетекшісі Жалмұхамбет Бозжанов
келіп кірді.
– Ақсақал, – деді ол ақырын ғана қазақшалап.
Кейде ол мені осылай атайтын еді.
Мен Бозжановқа қарадым. Оның дөңгелек жайдары жүзі абы-
ржыңқы екен.
– Ақсақал, ротада төтенше жағдай болды: сержант Боранба-
ев өз қолын өзі атып жаралапты.
– Боранбаев дейсің бе?
– Иә...
Біреу жүрегімді қысып жібергендей болды. Кеудем, мойным,
іші-бауырым түгел ауырып кетті. Боранбаев та мендей қазақ, –
қолы шебер қазақ, пулемет расчетінің командирі, мен бүгін таба
алмаған адамның дәл өзі.
– Оны қайттің? Атып тастадың ба?
– Жоқ... Жарасын таңдым да...
– Одан соң не істедің?
– Тұтқындап, сізге алып келдім.
– Қайда өзі? Мұнда алып кел оны!
Міне... Демек, менің батальонымнан өз-өзін бірінші атқан
адам, алғашқы опасыз табылды. Және кім? Ех, Боранбаев!...
Табалдырықтан ақырын аттап, ол кірді. Ә дегенде өзін таны-
май да қалдым. Сұп-сұр, маска секілді жіпсілең жүзі қан-сөлсіз.
Есі ауысқан адамдардың түрі осындай болады. Таңулы сол жақ
29
Соттаңдар мені!
қолын асып алыпты; дәкеден қызарған қан шығып тұр. Оң қо-
лын жұлқа көтеріп қалды да, менің сұсымды аңдаған Боранбаев
оны шекесіне апаруға батпады. Қорқақтап, қолын қайтадан сұлқ
түсірді.
– Сөйле! – деп бұйырдым мен.
– Бұл енді, жолдас комбат, қалай болғанын өзім де білмей
қалдым... Байқамай... Білмеймін не болғанын.
Ол осы сөзді міңгірлеп қайталаудан танбады.
– Айт.
Мен оған жекіп ұрыспадым, дегенмен ол осындай мінезді күт-
кен де шығар. Кейде ұрысудың түкке қажеті болмай қалатын сәт-
тер де кездеседі. Боранбаев «орманға қарай жүгіріп бара жатқан-
да сүрініп кетіп құлап қалдым, сөйтіп винтовка өзі атылып кетті»
дейді.
– Өтірік! – деді мен. – Сіз қорқақсыз! Опасызсыз! Бізде мұн-
дайларға рақым жоқ!
Сағатыма қарасам: үш болып қалыпты.
– Лейтенант Рахимов!
Рахимов батальон штабының бастығы еді. Ол орнынан тұрды.
– Лейтенант Рахимов! Мұнда қызыләскер Блоханы шақы-
рыңызшы. Тез келсін.
– Құп болады, жолдас комбат.
– Бір сағат он бес минуттен кейін, он алты ноль-нольде бата-
льонды орман шетіндегі алаңқайға сапқа тұрғызыңыз... Болды.
Бара беріңіз! – деп бұйырдым Рахимовқа.
– Сіз маған не істемекшісіз? – Сіз маған не істемекшісіз? –
деп Боранбаев бір сұмдықты сезгендей, безектеп кетті.
– Саптың алдында атып тастаймын!
Боранбаев тізерлеп, сылқ ете қалды. Оның сау қолы да, арам
қанға малынған ораулы қолы да маған қарай созылды.
– Жолдас комбат, мен шынымды айтайын!.. Жолдас комбат,
мұны мен өзім... әдейі істедім.
– Тұр! – дедім мен. – Жер жәндігі құртқа ұқсамай, тым құры-
маса адам сияқты өлсеңші.
– Кешіріңіз!
– Тұр!
Ол орнынан тұрды.
Волоколамск тас жолы
30
– Ех, Боранбаев, Боранбаев! – деді Бозжанов жұмсақ үнмен.
– Айтшы, мынауың не сұмдық?
Бір мезет осыны мен өзім айттым ба деп қалдым; өз бұйрығы-
ма қарсы «Үндеме!» деген сөз өз аузымнан шығып кеткендей
көрінді.
– Байқамай қалдым... – деп міңгірледі Боранбаев. – Бір сәт те
ойламаппын!.. Қалай болғанын өзім де білмеймін.
Ол тал қармағандай, тағы да осы бір уәжге жармасты да қал-
ды.
– Өтірік сөйлеме, Боранбаев! – деді Бозжанов. – Комбатқа
шыныңды айт.
– Шын айтам, шын айтам... Сосын қанды көргенде есімді жи-
дым: неге істедім мұны деп. Сайтан түртті... Атпаңызшы мені!
Кешіріңізші, жолдас комбат!
Мүмкін, ол осы сәтте, расында да, шынын айтқан шығар. Иә,
дәл осылай болуы ғажап емес: ақылынан алжасып, үрейдің әсері-
нен бір мезет не істеп, не қойғанын білмей қалуы әбден ықтимал.
Әйткенмен, майдан даласынан осылай қашып, соңынан істің
қалайша мұншалықты ушыққанын мүлде түсінбестен, Отан ал-
дында қылмыскерге айналып жатпай ма.
Мен Бозжановқа:
– Мұның орнына бөлімше командирі Блоха болады. Және
осы бөлімше, өзі бірге тұрып, солардан қашқан адамдар мұны
саптың алдында атады, – дедім.
Бозжанов маған қарай еңкейе түсіп, құлағыма сыбырлады:
– Ақсақал, біздің оған қақымыз бар ма?
– Бар! – деп жауап бердім мен. – Одан соң кез келген адам-
ның алдында жауап беруге әзірмін, әйтеуір, бір сағаттан кейін
әлгі айтқанымды орындаймын. Ал сіз мәлімдеме даярлаңыз.
Ентігіп, блиндажға қызыләскер Блоха кірді. Мұрнын
тартқыштап, көрінер-көрінбес сарғыш қабағын қимылдатқан ол
келіп жеткенін де дұрыс баяндап жарытпады.
– Сені не үшін шақыртқанымды білесің бе? – дедім оған.
– Жоқ, жолдас комбат.
– Мынаған қарашы... Танисың ба?
Мен Боранбаевты нұсқадым.
31
Соттаңдар мені!
– Өй, сен де!..– деді Блоха. Үнінен жиіркену мен аяушылықтың
белгісі қатар байқалатындай. – Өзіңнің сұрың да біртүрлі сұм-
пайыланып кетіпті ғой!
– Мұны сендер атасыңдар! – дедім мен, – сендердің бөлімше-
лерің...
Блоханың өңі қуарып кетті. Көкірегі қарс айрыла күрсініп:
– Орындаймыз, жолдас комбат, – деді.
– Сені бөлімше командирі етіп тағайындаймын.
Мен Боранбаевтың қасына келіп, оның айырым белгілері мен
қызыләскерлік жұлдызын жұлып алдым.
Ол түсі сұрланып, сазарған күйі, екі қолы салбырап тұрып
қалды.
2
Белгіленген уақытта, сағат тура төртте «П» әрпі тәртібімен сап
түзеген батальон алдына шықтым. Ортада, елден ашық тұста, са-
пқа бетпе-бет шинельшең, белдіксіз Боранбаев тұр.
– Батальон, тік тұр! – деп бұйырды Рахимов.
Тыныштықты қақ жарып, әрдайым командир құлағы қақшып
алатын асқақ үн саңқ етіп барып үзілді: винтовкалар да бір мез-
гілде қозғалақтап барып, қайта тыншыды.
Тұнжыраңқы көңілде бір мезет қуаныш оты жылт етті. Жоқ,
бұл шинель киген тобыр емес, сарбаздар, күш, батальон.
– Сіздің бұйрығыңыз бойынша батальон сап түзеді! – деп
нақпа-нақ рапорт берді Рахимов.
Осынау сәтте, сап алдында белдіксіз және жұлдызсыз, масқа-
ра жағдаймен қолы таңулы адам тұрған мына орыс даласында
әрбір сөз, тіпті әдеттегі рапорт формуласы – жан тебірентеді.
– Бөлімше командирі Блоха! Бөлімшені алып мұнда кел! –
деп бұйырдым мен.
Бұлар алаң бойымен үн-түнсіз жүріп келеді – алдыда орта бой-
лы Блоха мен қапсағай денелі Қалимолдин, бұлардан соң Мурин
мен кеше пулемет түбінде кезекшілік атқарған Добряков, – өз-
деріне қадалып қарап тұрған жүздеген адамның алдында еріксіз-
ден сымдай тартымды көрінуге тырысып, бүйірден соққан ызғы-
рық желге де қарамасатан, пішіндері байсалды, бірінің соңынан
бірі, аяқтарын нық басады.
Алайда бұлардың қобалжулы екені анық.
Волоколамск тас жолы
32
Блоха: «Бөлімше, тоқта!» деп команда берді. Винтовкалар бір
қимылмен иықтан аяққа түсірілді; ол әрекетті баяндауды ұмы-
тып, маған қарады.
Қолымды шекеме апарып, оған қарай өзім қадам бастым. Ол
да менің қимылымды қайталағанымен, жарғы талабы бойынша
өзінің бөлімшені алып келгені туралы кібіртіктеп, жатық баян-
дап бере алмады.
Сіз: дәл осындай аласапыран сәтте мұның бәрінің не қажеті
бар деп сұрайтын шығарсыз. Иә, дәл сол кезде мен әрбір елеусіз
әрекет арқылы өзіміздің армия екенімізді, әскери бөлім екенімізді
аңғартуға тырыстым.
Бір қатарға тізілген бөлімше команда бойынша сапқа қарай
бұрылды.
Мен:
– Жолдастар, жауынгерлер мен командирлер! Сіздердің қар-
сы алдыларыңызда тұрған адамдар – «Дабыл!» деп дауыстап,
«Қаруларыңды алыңдар!» деп әмір бергенімде, қорқып қаша жө-
нелгендер. Бұлар бір минуттен кейін естерін жиып қайтып орал-
ды. Бірақ біреуі – осылардың командирлері келмей қалды. Ол
майданнан сытылып кету үшін өз қолын өзі атып жаралаған. Бұл
қарабет, Отанын сатқан опасыз қазір менің бұйрығым бойынша
атылады. Өзі міне тұр!
Боранбаевқа бұрылып, оны саусағыммен нұсқап көрсеттім.
Ол кешірер ме екен деп үмітпен, маған жалтақ-жалтақ қарайды.
Мен сөзімді жалғастырдым:
– Бұл өзі өмірді сүйеді, ауа мен жер, аспан аясында рахат-
танып жүргісі келеді. Сөйтіп: өлсеңдер сендер өліңдер, ал мен
ғұмырды жалғастыруға тиіспін деп шешіпті. Ал өзге біреудің
есебінен тек малғұндар ғана күн кешпей ме.
Жұрт менің сөзімді селт етпей тыңдады.
Менің алдымда тұрған жүздеген адам: бәрі бірдей тірі қал-
майтынын, сұм ажал кейбіреуін қатардан жұлып әкететінін, әйт-
кенмен, бәрі сонау сәтте әлдебір қасиетті шектен аттап кеткенін
жіті түйсінді, ал мен жан-жүректі сыздатқан сол сезімді сөзбен
жеткізген едім.
– Иә, соғыс өлім-жітімсіз болмайды. Дегенмен ерлікпен қаза
тапқандарды елі ұмытпақ емес. Ұлдары мен қыздары: «Біздің
33
Соттаңдар мені!
әкеміз Отан соғысының батыры болған!» деп мақтанатын бола-
ды. Мұны немерелері мен шөберелері де айтады. Бірақ біз бәріміз
бірдей ажал құшамыз ба? Жоқ. Жауынгер шайқасқа өлу үшін
емес, жаудың көзін жою үшін кіреді. Ал майданда өзінің әскери
борышын абыроймен өтеп, үйіне оралғандарды да Отан соғысы-
ның батыры деп бағалайды. Батыр деген сөз қандай асқақ, қан-
дай жағымды естіледі! Біз, адал жауынгерлер, даңққа бөленеміз,
ал сен (мен тағы да Боранбаевқа бұрылдым)... сен мына жерде
ар-ұяттан жұрдай болып, өлексе болып жатасың. Балаларың се-
нен бас тартады.
– Кешіріңізші... – деп күбірледі Боранбаев қазақшалап.
– Немене, балаларың есіңе түсті ме? Олар енді сатқынның
ұрпағына айналды. Олар сені әкем деуден арланып, кімнің бала-
сы екенін жасыра бастайды. Ал әйелің саптың алдында атылған
қорқақтың, опасыз сүмелектің жесірі болады. Ол сенімен некеле-
суге бел буған сонау сұмдық сәтін түршігіп есіне алады. Біз сенің
еліңе хат жазамыз. Ондағы жұрт біздің сені өз қолымызбен жоқ
қылғанымызды білсін.
– Кешіріңіз... Мені ұрысқа жіберіңізші...
Боранбаев мұны міңгірлеп, дұрыс айта алмады, бірақ оның
сөзі бүкіл жұрттың құлағына жеткендей еді.
– Жоқ! – дедім мен. – Біз бәріміз майданға аттанамыз! Бүкіл
батальон шайқасқа кіреді! Мен саптан шақырып алған мына
сарбаздарды көріп тұрсың ба? Танисың ба бұларды? Бұл – сен
басқарған бөлімше. Бұлар сенімен бірге қаша жөнелді, әйткен-
мен оралды. Сен адал солдат ретінде осылармен бірге тұрдың,
бір котелектен ас іштің, бір шинельді жамылып қатар ұйықтадың.
Бұлар ұрысқа барады. Блоха мен Қалимолдин де, Добряков пен
Мурин де – бәрі де соғысқа қатысады, оқ пен отқа қарсы жүреді.
Бірақ ең алдымен бұлар сені – ұрыстан қашқан езді атады!
Сөйттім де:
– Бөлімше, кері айнал! – деп команда бердім.
Мезетте түстері бұзылып кеткен жауынгерлер кілт бұрылды.
Мен өзімнің де бетімнің мұздап кеткенін сезіндім.
– Қызыләскер Блоха! Опасыздың шинелін шеш!
Блоха тұнжырап Боранбаевқа тақалды. Көріп тұрмын: Боран-
баев сау қолын көтеріп шинелінің ілгектерін өзі ағыта бастады.
Волоколамск тас жолы
34
Бұл мені қайран қалдырды. Жоқ, бір қарағанда, өзгелерден өмір-
ге құштар көрінген мұның тірлік кешуге де жігері жетпейді екен
– ол жеткен ажалды еріксіз қабылдады.
Шинель шешілді. Блоха оны былай қарай лақтырып тастап,
бөлімшесіне келді.
– Сатқын, кері айнал!
Маған ақтық мәрте сонша жалынышты жүзбен қараған Боран-
баев желке жағымен бұрылып тұрды.
Мен команда бердім:
– Су жүрек қорқаққа, Отанын сатқан опасызға, антты бұзған
сатқынға... бөлімше...
Винтовкалар алға серпіліп, алға кезеле қалды. Бірақ қарудың
бірі қалтылдап кетті. Мурин кезерген ерні аппақ болып, дір-дір
етеді.
Кенет менің де Боранбаевқа қатты жаным ашыды.
3
Муриннің қалшылдаған қолындағы винтовка да маған: «Аяй
көр байғұсты, райыңнан қайт» деп тұрғандай көрінген.
Және менің қазір «Оқ ат!» деген сөздің аузымнан шығуын
үрейлене күткенмен, әзірше соғыс алапатын бастан өткермеген,
қорқаққа деген мейірімсіздігі өрши қоймаған жұрт та: «Ондай
қатыгездікке барма, кешір!» деп өтінетіндей.
Әлгі мезетте осынау үнсіз жалыныштың менің құлағыма же-
туін тілегендей, кенет жел де тынып, айнала жым-жырт бола қал-
ды.
Еңсесі топ арасынан оқшау биік тұрған Қалимолдинның
кең жауырынын көрдім. Туған жерден шалғайда өз отандасына
мылтық кезеніп, әмірді орындауға даяр тұрған бұл қазақ бұдан
бірнеше сағат бұрын ғана оның ең жақын адамы еді. Оның, Қа-
лимолдинның жотасынан да маған: «Бізді қинама! Кешірім ет!»
деген өтінішті аңдайтындаймын. Мен Боранбаевтың барлық
жақсылығын көз алдымнан өткіздім, оның құдды қару шеберін-
дей, пулеметті шашып тастап, лезде рет-ретімен қайта жинайтын
епсектігіне оңашада іштей: «Міне, біз қазақтар да механиктер
халқына айнала бастадық!» деп сүйсінетінім есіме түсті.
...Мен де хайуан емес, адаммын. Содан айқай салдым:
– Тоқтатыңдар!
35
Соттаңдар мені!
Кезелген винтовкалар ауыр батпан ауыр жүктей, сылқ ете
түскен сияқтанды. Жүректі қысқан салмақ та жеңілдеп сала
берді.
– Боранбаев! – деп дауыстадым мен.
Ол жалт бұрылып, сенер-сенбесін білмей аңтарылған, бірақ
өмірге деген құштарлық оты тұтанып үлгерген, сұраулы көзбен
қарады.
– Шинеліңді ки!
– Мен бе?
– Киін... Бөлімшеңе барып, сапқа тұр!
Ол сасқалақтап, күлімсіреген күйде қос қолдап шинелін алып,
жол-жөнекей киініп, жеңін де таба алмай, бөлімшеге қарай жү-
гіре жөнелді.
Мурин, винтовкасы қалтылдаған ақкөңіл, көзілдірікті Му-
рин төмен түскен қолының басымен байқатпай белгі беріп, оны:
«Менің қасыма келіп тұр!» деп шақырды; одан соң жолдастық
пейілмен бүйірінен ақырын нұқып қалды. Боранбаев қайтадан
жауынгер, жолдас санатына қосылды.
Мен оның жанына келіп, иығынан қағып қалдым:
– Енді қорықпай соғысасың ғой?!
Ол басын шұлғып, күліп жіберді.
Төңіректегілер де жаппай жымың қағысып кетті. Бәрінің де
көңілі жадырады...
Сіз де жеңілейіп қалдыңыз ба? Мына хикаятты оқушылар да,
тегінде, «Тоқтатыңдар!» деген әмірге жеткенде жеңіл күрсініп,
еркін дем алар.
Ал, шындығында, жағдай басқаша жалғасып еді. Әлгі ойды
тек қиялдан көрдім: ол арман секілді жалт еткен бір елес-тін.
Іс өзгеше жалғасты.
...Муриннің қолындағы қарудың қалтылдап тұрғанын көріп:
– Мурин, зәрең қалмай бара ма?! – деп зекідім.
Ол селт етіп, бойын тіктеді де, мылтығының дүмін қыса ұста-
ды; қолы қатайды. Мен команданы қайталадым:
– Су жүрек қорқаққа, Отанын сатқан опасызға, антты бұзған
сатқынға... бөлімше... оқ ат!
Сөйтіп, қорқақ жазасын алды.
Соттаңдар мені!
Волоколамск тас жолы
36
Ертеректе менің көшпенді әкемді жапан далада қарақұрт
шағып алыпты.
Әкем елден жырақта, қасындағы көлігінен өзге ешкім жоқ,
жалғыз келе жатса керек. Қарақұрттың уы кісі өлтіреді. Әкем де-
реу бәкісін алып, өз денесіндегі әлгі құрт шаққан жерден – бір
кесек етті ойып алып тастаған көрінеді.
Мына жерде мен де сөйттім – өз денемнен бір кесек етті кесіп
тастадым.
Мен – адаммын. Сол сәт жан-жүрегімдегі бүкіл кісілік қасиет:
«Өйтпе, ая оны, кешірім жаса!» деп ышқынып тұрды. Әйткен-
мен, мен кешпедім.
Мен командирмін, әкемін. Мен өз баламды өлтіргендей бол-
дым, алайда менің алдымда сондай жүздеген ұл тұрды. Мен опа-
сызға ешбір аяушылықтың жоқ екенін, ешқашан болмайтынын
да ел алдында қанмен ұқтыруға міндетті едім!
Ниетім – егер қорқақтық көрсетіп, сатқындық жасасаң, қан-
шалықты кешірімді болуға тырысқанымызбен, опасызға орын
жоқ екенін әрбір жауынгердің жүрегіне жеткізу еді.
Осының бәрін дәлме-дәл жазыңыз – солдат шинелін киген не-
месе киюге әзірленіп жүргендер түгел оқысын. Әркім білсін: сен,
бәлкім, жақсы жігіт шығарсың, мүмкін сені бұрын керемет аялап,
әлпештеуі де мүмкін, бірақ қандай адам болсаң да, әскери қыл-
мысыңды, қорқақтығыңды, опасыздығыңды өліммен өтейсің.
Өлме, өмір сүр!
1
Таңертеңіне тағы да қорғаныс шебін аралап шықтым.
Сарбаздар тура кешегідей, окоп қазып жатты.
Дегенмен, сырт пішіндері сондай күңгірт. Араларынан күлкі
де естілмейді, түрлері өте тұнжыраңқы.
Көңілсіз әскердің командирі болу да оңай емес.
Көлікпен окопқа тақалдым. Қарасам: жауынгер өз окобының
үстін қадамен күркелеп, бетін топырақпен жапқан болыпты.
– Мынауың не нәрсе?
– Окоп, жолдас комбат.
37
Өлме, өмір сүр!
– Сыртындағы не?
– Ағаш, жолдас комбат.
– Кәне, бері шық! Қазір мен саған мұның қандай ағаш екенін
көрсетейін.
Қызыләскер ырғып шықты. Пистолетімді алып, қарсы маңдай-
дан бірнеше оқ аттым.
– Қайтадан түс! Қара, тесіліп пе екен?
Жарты минуттен кейін ол елгезектене дауыстайды:
– Тесіліпті, жолдас комбат!
– Онда мына салып қойғаның не? Қауыншының шалашы ма?
Әлде осында күннен көлеңкелейсің бе?.. Неге үндемейсің?
Қызыләскер селсоқ күмілжиді:
– Қайда тығылсаң да табады ғой...
– Немене ол «табатын»?
Үндемейді. Түсініп тұрмын: тұспалдайтыны – ажал.
– Немене, өмір сүргің келмей ме сенің? – деп сұраймын.
– Келеді, жолдас комбат.
– Онда бұз мынаны, лақтыр анау таяқтарыңды әрі қарай! Те-
леграф бағанасының жуандығындай бөрене сал, егер снаряд тисе
бұзып өте алмайтындай бес қабаттап орнат.
Қызыләскер көзі мұнартып, біресе окопқа, біресе орман жаққа
қарайды: онда барса, ағашты кесіп құлатып, ауыр бөренелерді
алыстан бейнеттеніп тасуға тура келеді.
– Бәлкім, тие қоймас, – дейді ол.
«Бәлкім» деген сөз ешкімді қуанта қоймағанымен, осында
бұрын да айтылатын. Бұл, әйтеуір, ұрысқа дайындалған сарбазға
тән ұғым емес еді.
– Бұз! – деп жекідім мен. – Егер бес қатар бөрене төсемесең,
қайтадан лақтыртамын.
Жауынгер бір күрсініп қойып, күрегін алады да, төбедегі то-
пырақты аршуға кіріседі.
Үн-түнсіз қарап тұрмын.
Жоқ, бұл дұшпан тісі бата қоймайтын мына окоптан өзінің
немісті соғатынына әлі де болса сенбейді. Өз оғынан жаудың
құлайтынына да көзі жетпейді. Алаңдататын түйткіл басқа.
Волоколамск тас жолы
38
2
Сол күні кейбір взводтар кесте бойынша оқ атып, жаттығып
жатты. Жау келіп қалу мүмкіндігі бар қарсы жағаға белден жоға-
ры және түрегеліп тұрған фашистер бейнесіндегі жақын және
алыс нысаналар орнатылған.
Мен әрбір сарбаз ату машығын өз окобында, өзінің бекініс үй-
шігінде игерсе; қарсы алдыда жатқан барлық орын сол мақсатта
қолданылса деп едім.
Нысаналарға пулеметтен де, винтовкадан да оқ атылып жа-
тыр. Мен окоптарға түсіп, әр жауынгермен жұмыс істедім.
– Тимеді ғой! Ойлап көрші, неліктен? Қарауылды қате қой-
дың ба әлде дұрыс жатпадың ба? Кәне, көздеуішті тексерші...
Тағы бір рет атып көрейік...
Ақырында сарбаз фашистің құбыжық кескініне үш оқтың еке-
уін дәл тигізді. Бұл жаман нәтиже емес, мұндай жағдайда солдат
қатты қуанар еді, бірақ мынау...
– Неге көңілсізсің? Міне, жау келгенде оларды дәл осылай
жусатпайсың ба.
– Ой, оқ тиюші ме еді оларға? Және, жолдас комбат, жау бұл
жақтан келмейді де ғой.
– Енді қай жақтан келеді?
– Кім білсін оны...
Мұндай сөзді мен бұрын да естігенмін.
3
Мен тағы да ойға баттым.
Жеті километрге созылған шепті аралап жүрсем де, блиндажға
оралсам да, түстенсем де, штабта жұмыс істеп отырсам да, түнгі
ұйқыға бас қойсам да терең ой құшағынан шыға алмадым.
Батальонға не болған? Кеше мен саптың алдында жан сауғалап
қашқан опасызды атамын деп, өмірге деген ұлы құштарлықты
қоса өлтіріп тастамадым ба, өзін-өзі сақтау сезімінің түбіне жет-
кен жоқпын ба?
Әлдебір мақаладан: «Ұрыс үстінде адам бойында екі күш ар-
палысады: азаматтық борышты ұғыну мен бас сауғалау сезімі.
Одан бұл тартысқа үшінші күш – әскери тәртіп келіп қосыла-
ды да, азаматтық борыш сезімі жеңіп шығады» деген байламды
оқығаным есіме түсті.
39
Өлме, өмір сүр!
Осы шын ба екен? Біздің генерал, Иван Васильевич Панфи-
лов бұл жөнінде басқаша айтар еді. Ертеректе, Алматыда жүрген
кезімізде, кешкі әңгімелердің бірінде (әзірге тәпіштеп сұрамай
тұра тұрыңыз, көңіл аудармаңыз, – кейін ол сөздің бәрін сізге то-
лықтай баяндап беремін), Панфилов: «Солдат ұрысқа өлу үшін
бармайды, өмір сүру үшін барады!» деген еді.
Маған бұл сөздер керемет ұнады да, кейде осыны қайталап
айтып жүруші едім. Енді алғашқы ұрысқа дайындалып, Мәскеу
түбінде шайқасқа кіргелі тұрған батальон туралы толғанған сәтте
Панфиловты есіме алдым, оның сонау сөзі туралы ойладым.
Тірі жан атаулыны алға сүйрейтін бастапқы алапат күш – өмір-
ге деген құлшыныс, өз-өзіңді сақтау инстинкті қашып құтылумен
ғана шектелгені ме?
Дәл сол түйсік тірі жан баласы өліспей беріспейтін шайқаста
арпалысып, жағадан алып, тырнап, тістеп, қорғанып, шабуылға
шыққанда мейлінше ашылып, қаһарлы ызаға, сұрапыл әрекетке
ұласпай ма?
Жоқ, Отанның болашағы, біздің әрқайсымыздың тағдырымыз
жолындағы осынау қан майданда өмірге деген іңкәрлік, тірлік-
ке құштарлық, жеңілмейтін жан сақтау түйсігі біздің жауымызға
емес, досымызға айналуы қажет.
Ал осыны оятып, жігерлендіре түсудің жолы қайсы?
4
Роталарда кесте бойынша белгілі сағатта әңгіме өткізіледі не-
месе дауыстап газет оқылады.
Мен осындай сәтте бөлімшелерге барып, саяси жетекшілердің
жауынгерлерге не айтатынын естігім келді.
Бірінші ротада сабақты политрук Дордия өткізіп жатты. Сар-
баздар ашық аспан астындағы окоптардың түбінде винтовкала-
рын қыса ұстап, топтасып отыр.
Қылаулап қар жауып тұр. Қоңырқай қарағай қылқанына алғаш,
ағараңдап, жұқа мұз қата бастапты.
Айнала төңірек тып-тыныш, сонда да әрбір жауынгер көк-
жиекке елеңдеп, елегзи қарап, сол тұста әне-міне тарсыл-гүр-
сіл басталып; әзірше тек сөз жүзінде білетін мина мен снаряд-
тың ысқырып, ызылдап зулайтын сәтін; далада, ерте жауған қар
бетінде қара жолақ із қалдырып гүрсілдете оқ атып келе жататын
Волоколамск тас жолы
40
танкілерді, орман арасынан шыға келіп, бір жығылып, бір тұрып,
өздерін қырып-жоюға ұмтылатын жасыл шинельді адамдарды
сескене күтеді.
Дордия оқта-текте қағазына бір қарап қойып, сөйлеп тұр.
Айтқанының бәрі рас, бәрі айнымас ақиқат. Мен оның «герман
фашизмі біздің Отанымызға тұтқиылдан шабуыл жасады, жау
Москваға қауіп төндіріп тұр, Отан бізден қажет жағдайда жаны-
мызды қисақ та, дұшпанды өткізбеуді талап етеді; біз – Қызыл
Армия сарбаздары өзіміздің ең қымбатымыз – өміріміздің өзін
беріп шайқасуға міндеттіміз» деген сөзін естідім.
Сөйттім де жауынгерлерге қарадым. Олар бір-біріне тығылы-
са, бастарын салбыратып, кейбіреуі айдалаға қарап, шаршаңқы,
тұнжыраңқы күйде отыр.
Ех, политрук Дордия, сенің сөзің көкейге онша қонбай жа-
тыр-ау. Соғысқа дейін мұғалім болған, арманшыл Дордия осы-
нысына өзі де қиналатыны байқалады. Ол батальонға келген қо-
нақ емес. Мұның да өзі алдында сөйлеп тұрған адамдар секілді
өміріндегі алғашқы ұрысқа қатысатыны анық.
Ертең, болмаса, бүрсігүні бұған төбесінен оқ зуылдап, жанын-
да гүрсілдеп, жер қопарылып жатқанда жүрегі аузына тығылып,
окоптан-окопқа жүгіруіне; бүгінгідей тымық сәтте емес, сарбаз-
дармен сондай аласапыран жағдайда сөйлесуіне тура келеді.
Кейінірек, мен оны әлгіндей сын сағаттарда да көрдім – өзінің
шынайы күлкісінің, қағазға жазылғандай жаттанды емес, жүрек-
жарды сөзінің бар екеніне көзім жетті.
Алайда дәл сол күні ол да, елдің бәріндей, маңызы түпсіз терең
тақырып төңірегінде қатты толқып, өз сезімін жауынгерлер жа-
нына жеткізе алмады. Тек: «Отан талап етеді», «Отан бұйырады»
дегенді қайталаумен болды... Ол: «өлімге бас тігеміз», «өліспей
беріспейміз» дегенді айтқанда, сөз ырғағынан өзінің ішке түйген
ойы, бекем байламы аңғарылып тұрды, бірақ...
Дайын уәжге неге құмартасың, политрук Дордия? Болат темір
ғана емес, ең қасиетті сөздің өзі, тісі кетілген тегершіктей, ой-
ығын жаңартпасаң «шайнасып», кірікпей қалмай ма. Және сен
неліктен әрдайым «өлу, өлу» деген сөзге қадалып қалдың? Осы-
ның айтылатын жері ме бұл? Бәлкім, сен: соғыстың қатал шын-
41
Өлме, өмір сүр!
дығы – бетпе-бет келіп, жүзіне тура қарап, соны қабылдап, мой-
ынсұнатын шындық деп ойлайтын шығарсың.
Жоқ, Дордия, соғыстың қатыгез шындығы мұнда емес, мұнда
емес.
5
Мен Дордияның сөзді аяқтауын күттім. Одан соң бір қы-
зыләскерді орнынан тұрғыздым:
– Сен Отан дегеннің не екенін білесің бе?
– Білемін, жолдас комбат.
– Кәне, таратып айтшы...
– Бұл біздің Совет Одағы, біздің территориямыз.
– Отыр.
Екіншісінен сұраймын:
– Ал сен қалай жауап берер едің?
– Отан дегеніміз – бұл... бұл менің туған жерім... Енді қалай
айтсақ болады... елдімекен...
– Отыр. Ал сен?
– Отан ба? Бұл біздің Совет үкіметі... Бұл... Мысалы, айта-
лық, Москваны... Біз қазір қорғамақшымыз. Мен онда болған
емеспін, бірақ Отан деген...
– Демек, сен Отаныңды көрмегенсің ғой?
Ол үндемейді.
– Айтсайшы, сонымен Отан деген не?
Жан-жақтан:
– Өзіңіз түсіндіріңіз! – деп сұрай бастады.
– Жақсы, түсіндірейін... Сенің өмір сүргің келе ме?
– Әрине.
– Ал сен ше?
– Менің де өмір сүргім келеді.
– Сенің ше?
– Әрине.
– Өмір сүргісі келмейтін кім бар, қолдарыңды көтеріңдер.
Бірде-бір қол көтерілген жоқ. Дегенмен еңсе көтерілді – жа-
уынгерлер серпілді. Бұл күндері олар «өлім» деген сөзді жиі есті-
ген-ді, ал мен өмір туралы айттым.
– Бәрің де өмір сүрсек дейсіңдер ғой? Жақсы.
Қызыләскерге сұрақ қоямын:
Волоколамск тас жолы
42
– Әйелің бар ма?
– Бар.
– Әйеліңді жақсы көресің бе?
Қысылыңқырап қалды.
– Айтсайшы, сүйесің бе?
– Сүймесем, үйленбес едім ғой.
– Жөн. Балаларың бар шығар?
– Бар. Бір ұл, бір қыз.
– Үйің бар ғой?
– Бар.
– Жақсы үй ме?
– Өзіме жаман емес...
– Үйіңе оралып, әйел, бала-шағаңды құшағыңа қысқың келе
ме?
– Қазір үйді ойлайтын кез емес қой... соғысу керек.
– Соғыс аяқталған соң ше? Қайтқың келе ме?
– Енді, кімнің қайтқысы келмесін...
– Жоқ, сенің қайтқың келмейді!
– Қалай қайтқым келмейді?
– Қайту, не қайтпау – сенің өзіңе байланысты. Бұл сенің өз
қолыңда. Тірі қалғың келе ме? Ендеше сен саған қару кезенген
адамның көзін жоюың керек. Ал сен ұрыста өз өміріңді сақтап,
майданнан кейін үйіңе оралу үшін не істедің? Винтовкадан жақ-
сы ата аласың ба?
– Жоқ.
– Міне, көрдің бе... Демек, немісті өлтіре алмайсың. Ол сені
құртады. Үйіңе тірі қайтуың екіталай. Ұрыста жүгіре жөнелу,
бұғып қалу қимылдарына қалайсың?
– Бәлендей емес.
– Жер бауырлап жылжуға тәуірсің бе?
– Жоқ.
– Әнеки... Неміс сені қағып түсіреді. Онда өмір сүргім келеді
деп несіне айтып тұрсың? Гранатаны жақсы лақтыра аласың ба?
Жасырыну тәсілдерін меңгердің бе? Окопты қалай қазасың?
– Окопты жақсы қазамын.
– Өтірік айтасың! Жалқаусың. Есіңде ме, саған төбе төсе-
месін қанша рет лақтырттым?
43
Өлме, өмір сүр!
– Бір мәрте.
– Сен енді осыдан кейін де өмір сүргім келеді демексің бе?
Жоқ, сенің өмір сүргің келмейді! Солай ма, жолдастар? Бұл –
өмірмен араз.
Маңайдағылар жадырап, күле бастады, – кейбіреудің аздап
жан-жүрегі жылығаны анық.
Бірақ қызыләскер:
– Өмір сүргім келеді, жолдас комбат, – дейді.
– Тек ниеттену аз... оны іспен көрсетуің керек. Сен сөзбен
өмірге құштармын дейсің, ал іс жүзінде көрге түсіп барасың. Ал
мен сені ол жерден ілгекпен тартып алмақшымын.
Жұрт ду күлді, жүректі жарып шыққан мұндай жарқын күл-
кіні кейінгі екі күн ішінде бірінші рет естідім.
Мен сөзімді жалғастырдым:
– Егер сенің окобыңның төбесіндегі жұқа төсемені лақтырып
тастасам – мұны сенің жағдайың үшін жасаймын. Өйткені онда
отыратын мен емеспін ғой. Саған лас винтовкаң үшін ұрысқаным
да – сен үшін. Онымен ататын да – өзіңсің. Сенен не талап етілсе,
нені орындау бұйырылса – оның бәрі өз қамың үшін жасалады.
Отан дегеннің не екенін енді түсіндің бе?
– Жоқ, жолдас комбат.
– Отан деген – сенсің! Сені өлтірмекші болған дұшпанның
көзін жой! Ал кім үшін керек бұл? Өзің, әйелің мен әке-шешең,
балаларың үшін керек!
Жауынгерлер тыңдап отыр. Политрук Дордия қасыма отырып,
маған шалқая қарап қалыпты; анда-санда қылаулаған қар ұшқы-
ны көзіне қонақтағанда ғана кірпік қағады. Арасында еріксізден
күлімсіреп қояды.
Мен сөйлеп тұрып, оған да назар аударған едім. Өзгелер секіл-
ді алғашқы ұрысқа даярланған оның да – политрук Дордияның
да соғыстың қатал шындығы «өл» деген ұғымда емес, «өлтір»
деген қағидада жататынын түсінгенін қалаймын.
«Инстинкт» деген терминді қолданбадым, әйткенмен, өз жа-
ныңды сақтайтын ғаламат түйсікке зер салуға тырыстым. Осы
сезімді оятып, оны ұрыстағы жеңіс жолына бағыттауға ұмтыл-
дым.
Волоколамск тас жолы
44
– Жау сені де, мені де жер жастандыруды көздейді, – деп
сөзімді жалғастырамын. – Саған айтатын ақылым да, қояр тала-
бым да сол: дұшпанды құрт, көзін жой, өйткені тірі қалуымыз
керек. Сондықтан әрқайсымыз әмір етеміз, бұйырамыз: өлтір –
біздің өмір сүргіміз келеді! Және сен жолдасыңнан талап етесің
– талап етуге міндеттісің де, егер, шынында, өмір сүргің келсе
– өлтір! Отан деген – сенің өзің. Отан – бізбіз, біздің отбасымыз,
анамыз, әйелдеріміз бен балаларымыз! Отан – халқымыз. Бәлкім,
әлдеқалай саған оқ тиер, бірақ алдымен дұшпанды аластат! Ша-
маң келгенше қыр! Солайша сен мұның да, оның да, бәрінің (мен
саусағыммен сарбаздарды нұсқадым) – бір окопта жатқан қару-
лас жолдастарыңның өмірін сақтайсың! Ал мен сендердің ко-
мандирлерің ретінде біздің әйелдеріміз бен аналарымыздың ама-
натын, халқымыздың нұсқауын орындауға тиістімін. Сендерді
ұрысқа өлім үшін емес, өмір үшін бастағым келеді! Түсінікті ме?
Айтарым осы! Рота командирі! Жұртты енді атыс ұяларына апа-
рыңыз!
6
Тұс-тұстан саңқылдап: «Бірінші взвод, сапқа тұр!», «Екінші
взвод, сапқа тұр!» деген команда беріле бастады.
Жауынгерлер атқып тұрып, жүгіре басып, орын-орындарын
тауып, еңселерін тіктеуге кірісті. Шашыраңқыраған үшкір най-
залы топ дереу жинақтала қалды. Бұның белгілі тәртіпке бейім-
делген әскери сап, қуатты күш екені анық аңғарылды. Взводтар
аралығындағы интервалдар бұларды нық біріктіріп тұрған дәне-
кер ұяшықтарға ұқсады.
Мүмкін, айтқан сөзім қарабайырлау да көрінген шығар, әйтсе
де сол сәтте мен діттегеніме жеттім бе деп ойладым. Әйтеуір,
сарбаздардың санаға сіңіп, еңсені езген «өлім» деген сөздің ауыр
әсерінен арылғаны даусыз.
45
Генерал Иван Васильевич Панфилов
Генерал Иван Васильевич
Панфилов
1
Ол кісі бізге келесі күні, он үшінде келді.
Күтпеген жерден келіп қалғанымен, қуанышқа қарай, штабта
менің шақыртуыммен жеткен рота командирлері отыр еді.
Біздің штаб үйінің ішін суреттемей-ақ қойсам да болатын
шығар? Айналаға қараңызшы: Мәскеу іргесіндегі орман арасын-
да тұрған ол баспанамыз да тура осындай блиндаж-тын – бөре-
неден жерге сұғындыра салынған сыз қорап, қабырғасына сүйке-
не алмайсың: қарағай шайырына жабысып қаласың. Күндіз-түні
білте шам жанып тұрады. Тыста, бізді құдды бір жұдырыққа
қысқандай, тұс-тұсқа бағытталған қисапсыз байланыс сымдары
шырмап алған.
Командирлер карталарына түнде миналануға тиісті алаңдар-
дың схемасын белгілеп алып жатыр. Дөңгелекті көлік үшін тек
Новлянское селосының маңындағы көпірмен жалғасқан қара
жол ғана ашық қалдырылды; шепке жалғасқан өзге жердің бәрі
миналанған.
Үстел үстіндегі шам түбінде ауқымды, бұдырлау ватман қаға-
зы жатыр, онда түрлі бояу қарындаштармен біздің қорғаныс
жоспарымыз кестеленген. Схеманы сызған – штаб бастығы Ра-
химов. Ол суретке де, сызуға да өте шебер-тін.
Мен ол бетті сақтап қойып едім. Көргіңіз келе ме?.. Әдемі ғой,
ә? Әдемі ғана емес, өте дәл жасалған.
Мынау ирелеңдеген көк жолақ – Руза өзені. Жағалаудағы сы-
нық сызық – эскарп. Қою-жасыл түспен орман белгіленген. Арғы
беттегі қара ноқаттар – миналанған алаң. Сирек «тістері» батысқа
қарай бағытталған жайылыңқылау қызыл доғалар – біздің қорға-
ныс шебіміз. Байқайсыз ба, түрлі таңбалармен айшықталған
атқыштардың окоптары, пулемет ұялары, батальон қарауындағы
танк ататын және дала зеңбіректерінің де бәрі қызыл түспен бел-
гіленген.
Бізге өлшеп берілген шеп, өзіңізге мәлім өте ұзақ еді: бата-
льонға – жеті километр. Осы аралыққа созыла орналастық, кейін
мұны Панфилов «жіпке тартқандай» деп бағалады. Тіпті дәл сол
Волоколамск тас жолы
46
күні, қазанның он үшінде мен Мәскеуге ұмтылған немістер Во-
локоламск тас жолы аймағында «қиырдағы іргеге» – біздің шепке
шыққанда тек осынау жіпке тартқандай селдір күш тосқауыл бо-
лады деп ойлай қойған жоқ едім.
Алайда...
Командирлер шам түбінде отырып, өздерінің топографиялық
карталарына мина алаңдарын белгілеп алып жатты.
Арада он үш деген санға қатысты әзіл әңгіме өрбиді.
– Бұл мен үшін бақытты күн, – деді лейтенант Заев, пулемет
ротасының командирі, – мен он үшінде туғанмын, он үшінде үй-
лендім. Он үші күні не бастасам да жолым болады, не тілесем –
орындалады.
Өзінің сөйлеу мәнері де айрықша-тын. Танауының астынан
бірдеңе деп міңгірлеп отырады, кейде оның әзілі қайсы, шыны
қайсы екенін ажырата да алмай қаласың.
– Сіз, мәселен, бүгін не тілер едіңіз? – деп сұрады әлдекім.
Бәрі бір сәт Заевтың иек жағы жалпая біткен, сүйекті, ашаң
жүзіне аңтарыла қарай қалыпты. Оның «жұтуға» бейімдігін әр-
кім білетін-ді.
Ол:
– Бір шөлмек коньяк! – деп бұрқ етті де, қарқылдай күліп жі-
берді.
Штаб бастығы Рахимов келіп кірді. Ол әрдайым өте тез және
етікпен жүргендей емес, жеңіл шәркей киген кісідей дыбыссыз
қозғалатын.
– Жолдас комбат, сіздің тапсырмаңыз орындалды, – деді ол
өзіне тән байсалды кейіппен.
Мен оны салт аттылар взводымен бірге түкпірге, шайқастар-
дың бізден алыс-жақында жүріп жатқанын барлап қайтуға жібер-
генмін.
Міне, енді, Рахимов күтпегендей, жылдам оралды.
– Анықтадыңыз ба?
– Иә, жолдас комбат.
– Баяндаңыз.
– Жазбаша мәлімдеуге рұқсат етіңіз, – деп ол бүктеулі парақ
ұсынды.
Қағазға үш сөз жазылыпты: «Алдымызда немістер бар».
47
Генерал Иван Васильевич Панфилов
Бойым мұздап кетті. Шынымен, сын сағаттың жеткені ме?
Ақылды, өте ақылды Рахимов! Күзетшіден блиндажда менің
жалғыз емес екенімді білген соң, осында кірмес бұрын, мына
үш сөзді естіртіп айтып, дауыс ырғағымен де, сырт пішінімен де
үрей туғызбас үшін қағазға түсіріпті.
Сол мезетте шындықтан жалтарып, оны былай ысырып, сер-
піп тастағым келгендей, менің де бұл хабарды өзгелерден жасы-
рғым келгенін ұқтым.
Түрлі-түсті схемаға қарап, миналанған алаңды, танк өтпейтін-
дей құлама жарлы өзенді, төрт-бес қатар бөренемен шегенделген
окоптарды, пулеметтар мен зеңбіректерді елестеттім; одан тағы
бір көрініс: шинель киген адам, жауынгер кескіні көз алдыма
келді.
Қазақша сұрағанмын:
– Өз көзіңмен көрдің бе?
Рахимовқа кәміл сенгенмін, сонда да сұрадым.
– Иә.
– Қай жерде?
– Осы тұстан жиырма-жиырма бес шақырымдай жерде: Се-
реда селосында және өзге деревняларда.
– Ал одан берідегі аралық қалай? Ондағы жағдай нешік?
– Бейтарап жер.
– Олай болса, – дедім мен орысшалап, – Заев, сіздің тілегіңіз
орындалатын түрі бар: біздің мекен-жайға талай шөлмек коньяк
келіпті...
Бәрі сұраулы жүзбен қарайды.
– ...және ромы да бар, – деп сөзімді жалғастырдым. – Алды-
мызда немістер бар екен. Рахимов жағдайды мәлімдеңіз.
Жұрт Рахимовтың сөзін үнсіз тыңдады, тек Заев күңк еткен:
– Тіптен жақсы болған екен!
– Оның несі жақсы? – деп сұрады біреу.
– Босқа отырғаннан не шығады? Отыра-отыра сарғайдық.
Рұқсат сұрамастан менің атқосшым Синченко жүгіріп кірді.
– Жолдас комбат! Мұнда генерал келе жатыр... – деді ол
саңқылдап.
Мен дереу құлақшынымды киіп, гимнастеркамды түзеп, қар-
сы ұмтылдым.
Волоколамск тас жолы
48
Сөйткенше есік те ашылды. Бізге дивизия командирі гене-
рал-майор Иван Васильевич Панфилов келіп кірді.
2
Мен бойымды тіктеп, рапорт бердім:
– Жолдас генерал-майор! Батальон қорғаныс шебін нығайту-
мен шұғылданып жатыр. Рота командирлері мина бөгеттерінің
схемасын көшіруде. Батальон командирі аға лейтенант Бауыржан
Момышұлы.
Панфилов:
– Төтенше жағдайлар болды ма? – деп сұрады.
Санамда «біледі екен!» деген ой жылт етті.
Мен:
– Иә, жолдас генерал. Өз қолын өзі атып жаралаған қорқақ
саптың алдында атылды, – деп жауап бердім.
– Сотқа неге бермедіңіз?
Мен абдыраңқырап, мән-жайды түсіндіруге кірістім.
«Басқа жағдайда сотқа берген болар едім. Бірақ шұғыл түрде
шешім қабылдау керек болды да, жауапкершілікті өз мойныма
алдым» дедім.
Панфилов сөзімді бөлген жоқ.
Оның келте тонмен жүргенін бірінші рет көрдім. Жұмсақ,
аппақ күдері тон, сәл, жағымды қарамай иісі сезіледі, бойына
шақтап қайта тігілмеген, аздап кеңдеу, бірақ тігісі жатып үл-
геріпті, аса делдимей, айқыш-ұйқыш тартқан портупейімен
арықша кеудесіне, еңкіштеу арқасына қонып тұр.
Генерал сөзіме құлақ түріп, әжімді мойнын иіп, төмен қарай-
ды. Ол менің әрекетімді құптамағандай көрінді.
– Өзіңіз аттыңыз ба? – деп сұрады ол.
– Жоқ, жолдас генерал: өзі командир болған бөлімше атты,
алайда бұйрық берген менмін.
Панфилов басын көтерді.
Кішірек, қысыңқылау көзін жапқан қалың қиғаш қасы керіле
қалды.
– Дұрыс істегенсіз, – деді ол.
Одан соң сәл ойланып, сөзін қайталады:
– Дұрыс істегенсіз, жолдас Момышұлы. Рапорт жазыңыз.
49
Генерал Иван Васильевич Панфилов
Осыдан кейін ғана ол жұрттың жағалай түрегеліп тұрғанын
аңғарғандай болған.
– Отырыңыздыар, жолдастар, отырыңыздар! – деп белдігін
ағытып, шолақ тонын шеше бастады.
Жұлдыздары жылтылдап, көзге ұрмайтын көкшіл түсті шұға-
дан тігілген гимнастеркасымен тұрғанында азырақ еңкіштігі
анық байқалды.
– Дегенмен, жолдас Момышұлы, сіздерде салқындау екен!
Неге от жақпайсыздар? Ыстық шайларыңыз да жоқ шығар?
Ол темір пешке жақындап, суып қалған кернейді ұстап көрді,
бұдан соң әлдене іздегендей пештің сыртына үңіле қарап, сонда
жатқан балтаны көтерді; сөйтіп жүресінен отыра қалып, сүйей
ұстаған шөркені епті қолмен ақырын ғана дәл шауып, жаңқалап
жаруға кірісті.
Қасына Рахимов жүгіре жеткен:
– Жолдас генерал, рұқсат етіңіз, мен...
– Қайтесіз? Ұнайды бұл маған. Әрине, келесі жолы коман-
диріңіздің жағдайына өзіңіздің қарайласуыңызға тура келер.
Панфиловтың мәнері осындай еді – ол ескертуді турасынан
айтпай, кейде осылай тұспалдап жеткізетін-ді.
Алайда ол сәл-пәл аңғарылып қалған осынау қасаңдықты
жұмсартып, түсін жылыта:
– Отырыңыз, жолдас Рахимов, отырыңыз! Мына дөңбекке
жайғасыңыз, – деді.
Мен бұрын-соңды Панфиловтан өзге ешкімнің отынды осы-
лайша үйшіктеп қалағанын көрген емеспін. Кейбір ірірек ағашты
алдымен қолына алып, салмақтап көрді. Бір кесіндіні салды да,
шүбәланып, қайта шығарып алды.
Білмеймін, сізге генерал от тұтатқанда да өз қимылына дүдә-
малданғандай көрінер, бірақ Панфилов қабықты тығындап,
сіріңке шаққанда пеш бірден дүрілдеп тарта жөнелді.
Ол бір минуттей от басында отырған. Алаудың қызғылт сәу-
лесі елу жастағы адамның әжім түсе бастаған, жігерлі жүзінде
ойнады.
– Міне, – деді ол орнынан көтеріле беріп, – осылай көңіл-
дірек болар... Жазбаңыз дайын ба, жолдас Момышұлы?
– Дайын, жолдас генерал.
Волоколамск тас жолы
50
Мен қысқаша рапортты ұсындым.
Панфилов оны шам түбінде оқып, қағазды үстелге қойды да,
қаламұшты сияға батырды; одан соң күрсініп: «Бекітемін» деген
сөзді жазды.
3
Үстел үстінде, өзіңіз білетіндей, біздің қорғанысымыздың та-
маша сызылған схемасы жатты.
Панфилов рапортты былай ысырып, сызба-нұсқаға ұзақ шұқ-
шиды.
– Жаман бекінбеген сияқтысыздар, – деді ол. – Бірақ...
Одан ойланып, желкесін қасыды.
– Соңыра сізбен бірге қыдырыстап қайтайық, жолдас Мо-
мышұлы. Жер жағдайын көрейін. Жалпы ахуалды білесіздер ме,
жолдастар?
Жауап мардымды болмады.
Панфилов жорық сөмкесінен біраз жұлмаланған, бүктелген
тұстары азырақ қажалған карта шығарып, схеманың бетіне жай-
ды.
– Кәне, жолдастар, берірек келіңіздер, – деді ол. – Жау мына
жерде және мына жерде шепті бұзып өтіпті.
Вязьма маңайындағы бірнеше пунктті нұқып көрсетті де,
жұрттың бәрі көріп тұр ма, жағдайды түсінді ме дегендей, жа-
нындағылардың жүзіне барлай қарап, сөзін жалғастырды:
– Біздің әскерлер Гжатск мен Сычовка маңында ұрыс жүр-
гізіп жатыр. Мынау – қарсылық көрсететін басты тораптар.
Қарындаштың моғал жағымен қатты баспай, картаның әр
тұсын ойқы-шойқылау пішінмен дөңгелете көрсетті. Одан соң
әрқайсымыздың кескінімізге шола қарады.
– Мүмкін сіздер, – деді ол қарындашты қойып, – кейінде ту
сыртымыздан өткен әскерлер біздің армиямыз екен деп ойлап
қалған боларсыздар?
Күлімдеген кезінде кішірек көзінің айналасына ұсақ әжім
жиырылды. Ешкімнің бас шұлғуға дәті жетіңкіремеді, тек Заев
қана изең етіп қалды.
– Шындарыңызды айтыңыздар, ойладыңыздар ма?
Ешкім үндемеді. Панфилов әркімнің жүрегін сыздатқан жәйт-
ті қозғаған еді.
51
Генерал Иван Васильевич Панфилов
– Жоқ, жолдастар, армия шайқасып жатыр. Егер біздің әске-
ри бөлімдеріміз олармен соғыспаса немістер бізді мұнша уақыт
бекер отырғызып қояр ма еді? Қазір дұшпан біздің шепке таяды,
бірақ күштері шағын... Оларды жау тылында шайқасып жатқан
әскер қыса түсті. Дивизияның қорғаныс шебі өте созылыңқы, де-
генмен...
Панфилов бір сәт үнсіз тұрды.
– Біздің дивизияға танкіге қарсы тұратын бірнеше артилле-
риялық полк берілген. Бұл – Бас Командованиенің артиллериясы.
Панфилов қарындашты қайтадан қолына алып, картаға тағы
үңілді.
Ол қайшыдан жаңа шыққан ағы мен қарасы тепе-тең, тықы-
рлау шашты басын иді; топографиялық белгілерді олай-бұлай
шолған көзі әлдебір түсініксіз жағдайды анықтағысы келгендей,
сығырая түскен.
– Ендігі міндет не? – деді өз-өзіне сұрақ қойғандай. – Ендігі
міндет – немістерді басты соққы беретін жерінен осы артиллери-
ямен лайықты қарсы алу. Осыны, командир жолдастар, жауын-
герлерге жеткізіңіздер. Айтпақшы... Жолдас Момышұлы, бата-
льонды қанша уақытта жинай аласыз?
– Дабыл бойынша ма, жолдас генерал?
– Жоқ, дабыл көтерудің қажеті қанша... Бір сағат жете ме?
– Жетеді, жолдас генерал.
Әдетте, Панфилов бізге келгенде ұрысқа әзірлікті тексерген-
нен кейін батальонмен әңгімелесетін. Ол қалтасынан шығарған
сағатының әйнегін бас бармағымен аялай сипап, ойланды.
– Жинаудың қажеті жоқ, жолдас Момышұлы. Әңгімеле-
се алмаймын – мына кішкене старшина мұрсат бермейді, – деп
сағатты нұсқады. – Міне, командир жолдастар, енді біз де соғыса
бастаймыз... Неміс ұрынса – жайпап тастаймыз. Және соқтықса
тағы соғамыз. Тас-талқан қыламыз...
Панфилов орнынан тұрды да, іле барлығы да түрегелді.
– Тас-талқан қыламыз...
Панфилов бұл сөзді тағы қайталады, әмбе осы қалай естілер
екен деп құлақ түргендей көрінді.
– Ұқтыңыздар ма?
Волоколамск тас жолы
52
Панфилов әрдайым дерлік әңгімелескен адамдарының жүзіне
тура қарап, сөзін осы сұрақпен аяқтайтын.
– Ал енді... Енді жолаушыға бір стакан шай ішсе де жаман
болмас еді... Жолдас комбат, алдында емеурін жасалды-ау дей-
мін?
Мен:
– Синченко! Самауырды әкел! Тез! – деп дауыстадым.
– Қарай гөр! Самауырға да қол жеткізгенсіздер ме? Жаман
емес...
Жұрттың бәрі жымиысып тұр. Панфилов шынайы, табиғи ер-
көңілдігімен тәнті етті.
Ол командирлерді босатып, картаны бүктеп, сөмкесіне салды.
4
Сақылдап қайнаған самауырды алып Синченко жүгіре кірген.
– Абайлаңыз, абайлаңыз! – деді Панфилов. – Самауырмен
жүгіргеніңіз қалай?
– Соғыстың аты соғыс қой, жолдас генерал, – деді Синченко
тақ етіп.
– Соғыс екен деп жүгіре бересіз бе сонда?
Синченко самауырды лып еткізіп, үстелге қойды.
– Есеппен жүгіремін, жолдас генерал.
Бұл сөз Панфиловқа ұнады.
– Жөн, жөн, – деді ол. – Бұдан былай, жолдастар, бізге жалғыз
есеппен ғана соғысу аздық етеді.
– Сонда немен соғысамыз, жолдас генерал?
– Үш есе есеппен. – Панфилов күлді. – Көк шай жоқ-ау, ә?
Орта Азияда ұзақ жыл тұрған Панфилов осы шайға дағды-
ланған екен.
– Болмай тұр, жолдас генерал.
– Қап... Кәне, не демдегелі жатырсыз?
Синченко ашылған қағаз түйіншекті ұсынды. Панфилов ора-
уышқа қарап, иіскеді:
– Жаман емес... Аздап босаңсыпты. Құтыда сақтасаңыз етті,
жолдас... Кәне, шәйнекті беріңізші, мен демдейін.
Шағын ақ құманды қайнақ сумен екі мәрте шайып, бір шөкім
шай салды да, көзін сығырайта ыдыс түбіне қарап және кішке-
53
Генерал Иван Васильевич Панфилов
не шай қосты. Одан соң су құймай, самауыр кернейінің шілтерлі
қақпағына қойды.
– Кішкене қызсын, көтерілсін, – деп түсіндірді өзі.
Алдымызда – немістер, арқа тұсымызда Мәскеу, ал Панфилов
болса алғы шепте ыждағаттанып шай демдеп отыр.
– Схеманы, жолдас Момышұлы, алмай тұра тұрыңыз, – деді
ол. – Кәне, бірге қарайықшы... Сіз, жолдас Момышұлы, біртүрлі
көңілсізсіз.
Панфилов осыны жай ғана айтқанымен, мына сұрағымен
мені оңдырмай салып жібергендей, құлап түсе жаздадым. Кеше
ғана бұл сөзді сарбазға өзім айттым ғой. Менің де тура сол күйге
түскенім бе?
– Сізді не жағдай қинайды, жолдас Момышұлы? Тұрмай-ақ
қойыңыз – отыра беріңіз, отыра беріңіз.
– Былай ғой, жолдас генерал... – Іштей күйініп, өз даусымнан
өзгелердің бойынан ылғи жойғым келіп тұратын сонау сенім-
сіздікті аңдаймын. – Айтыңызшы, жолдас генерал, біздің бата-
льонға жеті километр шепті ұстап тұруға тура келе ме?
– Жоқ. – Панфилов сәл бөгеліп, көзін сығырайта, күлімдеді.
– Жоқ. Бүгін сіздің полктен бір ротаны аламын. Одан соң, бәл-
кім, екіншісін де әкетермін. Олай болса, жолдас Момышұлы,
бұрынғыға қоса тағы да бір-бір жарым шақырымдай жер қосып
алуыңызға тура келер.
– Тағы да бір километр дейсіз бе?
– Енді қайтеміз, жолдас Момышұлы? Ақыл қосыңызшы.
Панфилов мұны ешбір кекесінсіз айтып, астындағы орын-
дығымен бірге, мен аға лейтенант, шынында, генералға әлденен-
дей кеңес қоса алатындай, әдеттегіше ширақ қимылмен маған
қарай тақала түсті.
– Қайтеміз? – деп қайталады ол. – біздің шебіміз тартқан жіп-
тей ғана, оны үзіп жіберу аса қиынға соқпайды. Иә, үзер кейбір
тұсынан... Одан кейін не істейміз?
Ол менің жауабымды күтіп, жүзіме еміне қарады. Мен үнде-
медім.
– Міне, мен роталарды осы «одан кейін» үшін де әкетпекпін.
Абайламағандық па?
Волоколамск тас жолы
54
Бұл сөзді тура мен айтқандай, өзіме сұрақ қояды; бірақ ләм
деместен тыңдай бердім.
– Қазір, жолдас Момышұлы, сақ болу – аз. Қазір... – деп қу-
лана жымиды. – Қазір үш есе сақ болу қажет. Сонда біз оны Во-
локоламскіге дейінгі алқапта бір айдай діңкелетерміз деп ойлай-
мын.
– Волоколамскіге дейін? Шегінбекшіміз бе, жолдас генерал?
– Тапжылмай бір орында отыра қоймаспыз, ал жау қай жер-
ден өтсе де әрдайым дәл қарсы алдынан біздің әскеріміз шыға
келетіндей әрекетке көшуіміз қажет. Ұқтыңыз ба?
– Ұқтым, жолдас генерал, бірақ...
– Айтыңыз, айтыңыз. Көкейде не түйткіл бар? Сарбаздар
немістен қорқасоқтай ма?
– Иә, жолдас генерал.
Мейлінше қысқа сөйлеуге тырысып, баяндауға кірістім. Әй-
ткенмен, осы уәжім онша дәл емес. Панфиловтың сен бір өте
маңызды, көңілге қонымды жәйтті әңгімелеп отырғандай, сөзді
аса зейін қоя тыңдайтын әдеті бар еді. Мен баяндап емес, көр-
ген-білгенімді сол қалпында кеңінен әңгімелеп отырғанымды
өзім де аңдамай қалыппын.
Сөзімді аяқтаған кезде Панфилов едәуірге дейін ойланып оты-
рды.
– Иә, жолдас Момышұлы, – деді ол ақырында, – қазір бізге
одан өзге нәрсе ешбір қорқынышты емес. Тек осы жағы үрейлен-
діреді.
Ол орнынан тұрып, самауырдың қасына барды да, құманға
ыстық су құйып, оны қайтадан конфоркаға қойды, сөйтіп орнына
қайта оралды.
Түрегеліп тұрған күйі әшекейленген қағазға төніп, мұны со-
нау алғаш көрген сәтіндегідей:
– Мықтап бекініп алыпсыздар, – деді.
Бірақ бұл ыңғайынан құптағандық байқалмады.
– Байқауымша, өте тар. Мұндағы өткелге қалдырған жер-
леріңіз аздау емес пе? – Қарындашты алып миналанған алаңды
нұсқады. – Өз-өздеріңізді қамап тастаған жоқсыздар ма, жолдас
Момышұлы?
55
Генерал Иван Васильевич Панфилов
– Дегенмен, бұл алдыңғы жақта ғой, – жолдас генерал, –
дедім мен таңданған кейіппен.
– Мен де дәл алдыңғы жақ болған соң айтып тұрмын. Қыбыр
ете алмайсың, тым тар.
«Тар? Жеті километрге көсіліп жатсам қалайша тар болады?
Бұл не дегені?» деп ойлап қоямын.
Панфилов мина бөгеттерінің үстінен жіңішке сызықтармен
онша батырмай бірнеше өткел белгісін жасады. Мен әлі де онша
түсіне қоймаймын – не үшін? Ал Панфилов қара қарындаштың
ұшымен – ол басқасын ұнатпайтын – біздің қорғаныс шебіміздің
әдемі таңбасын жеңіл ғана айқыш-ұйқыш сызып тастап, немі-
стер орналасқан жерге бағыттап садақ жебесінің белгісін салды.
Мен оның не ойлағанын біле алмай далмын. Біздің шабуылға
шығуымызды, немістің қара нөпір армиясына бас салуымызды
қалай ма? Және өзі осыдан кейін, өзі айтқанындай, бір ротаны
әкеткен соң батальон тағы да бір-бір жарым шақырымға құлаш
жаймақ па? Бұдан соң, өзі ескерткеніндей, үш есе есеппен жүріп,
үш есе сақ болуымыз керек пе? Оған қоса: «Волоколамскіге дей-
ін» деді ғой? Бұл сонда бұйрық па? Бірақ былай кім бұйрық бе-
реді?
– Сіздің орныңызда болсам, – деді ол жебені сәл қалыңдата
сызып, – мен мынау жайында ойланар едім...
Ол немістер жайлаған орынға бағытталған нұсқаманың
ұшынан өзіміздің шепке қайта оралуды көрсететін иір сызық
жүргізіп, менің жүзіме барлай қарады.
– ...мен мынау жайында ойланар едім... Ал сіздің суреттен
мұндай ниеттің ұшқынын да көре алмай тұрмын.
Панфилов сағатын шығарып, самауырға қарай бұрылды:
– Мына мырза да көңіл бөлуді талап етеді. Кәне бір-бір шы-
наяқ шай ішіп алайық та, жүрейік.
– Осында қонасыз ба? – деп сұрады Синченко.
– Жоқ, жолдас. Енді қонатын уақыт бола қоймас, енді түнде
де күндізгідей еңбектенуге тура келер.
Ол жымиып, шәйнекті алып, қақпағын ашып, иіскеді:
– Міне, шай деп осыны айт, – деді содан соң.
Маған стаканды ұсынып тұрып, қулана күлімсіреді:
Волоколамск тас жолы
56
– Ал бүгін бізде кішігірім мереке ғой – бүгін біздің дивизи-
яның құрылғанына тура үш ай толды. Лайықтырақ атап өтсек
те артық болмас еді, бірақ... оған әлі үлгерерміз... Біздің алғаш
кездескенімізге де, жолдас Момышұлы, тура үш ай өткен екен.
Сонда аршындай адымдап жүргеніңіз есіңізде ме?
Үш ай бұрын
1
Иә, ұмытқан жоқпын. Бұл бұдан тура үш ай бұрын, мың тоғыз
жүз қырық бірінші жылдың он үшінші шілдесі еді.
Мен нұсқаушы болып қызмет атқаратын Қазақстан әскери ко-
миссариатында түскі асқа берілетін үзіліс сағат он екіден бірге
дейін белгіленген. Тамақтанып, асханадан шығып келе жатқан-
мын. Анадайдан генерал киімін киген орта бойлы, еңкіштеу
кісіні көрдім. Жанында екі майор тұр.
Алматыда генералдарды сирек кездестіретін едік. Назарым
сонда ауды.
Генерал мен жаққа арқасын беріп, екі қолын артына айқасты-
рып, сәл талтайыңқырап тұр. Қырынан көрінген жүзі аса қоңы-
рқай көрінді – тіпті тура мен секілді қараторы ма дедім. Басын
төмен иіп, майорлардың бірінің сөзіне құлақ қойып тұр. Биік
генералдық жағасынан күнге қарайып, әжім торлаған мойны
көрінді.
Мен артиллерияшы ретінде өкшелік тағып жүретінмін және
мақтанып қояйын – жай дүние емес, түп жағы күміс, жүргенде
қоңыраудай сыңғырлайды.
Генералдың тұсынан әскери тәртіппен аршындай адымдап өт-
тім. Аяқтарым басқан сайын зың-зың етеді.
Генерал бұрыла қарады. Суағарының үстіне қойған екі шоқ
мұрты қап-қара. Шықшытты екені байқалды. Моңғол типтес
сығырайыңқылау, қысықтау көздері сәл қиғаш бітіпті. Татар-ау
деп ойладым.
Бөлмеге кірген бойда жолдастарымнан:
– Генерал қайдан жүр? Не үшін келді екен бізге? – деп сұра-
дым.
57
Үш ай бұрын
Маған: «О кісі – генерал Панфилов, Қырғызстанның әскери
комиссары» деп түсіндірді.
Республиканың әскери комиссары дегеннің не екенін білесіз
бе? Бұл – әскери комиссариаттың – әскери қызметін өтеуге мін-
детті адамдарды есепке алып, оларды армия қатарына шақыр-
тумен шұғылданатын совет мекемесінің бастығы. Біздің – қазақ
және қырғыз әскери комиссариатының арасында социалистік жа-
рыс келісімі жасалған еді. Бұл шарт жыл, жыл жарым аралатып
қайта жасалып отыратын. Бәріміз «генерал, тәрізі, осы үшін кел-
ген болар» деп топшыладық.
Мен үстеліме жайғасып, папканы жақындатып, аша бастадым.
Сол күні комсомолдық кросс жоспарын жасағаным есімде. Бұл
қажетті және маңызды іс-шара еді, дегенмен осыныма көңілім
құлазитын.
Бір айдай бұрын соғыс басталды, газеттерде жау басып алған
жаңа бағыттар, жаңа қалалардың аттары айтыла бастады, ал мен,
Қызыл Армияның аға лейтенанты Алматыда, майданнан үш мың
шақырым шалғайда отырып кросс жоспарын жасап отырмын.
Жарамайды. Жарамайды, Бауыржан.
2
Есік ашылды да, генерал келіп кірді. Жанында екі майор жүр.
Біз орнымыздан тұрдық.
– Отыра беріңіздер, отыра беріңіздер, – деді генерал. – Аман-
сыздар ма... Аға лейтенант Момышұлы кім екен?
Мұнысы қалай екен? Мені сұрағаны несі? Мен қобалжып,
түрегелдім. Генерал жымиып күлді.
– Отырыңыз, жолдас Момышұлы, отырыңыз.
Даусы қырылдаңқырап, ақырын сөйлейді екен. Маған тақа-
лып, орындықты өзіне қарай жылжытып жайғасты да, қызыл
құрсамалы генералдық фуражкасын шешіп, үстел үстіне қой-
ды. Машинкамен алдырған қара шашының едәуір бурыл тарта
бастағаны байқалды.
Түр-тұлғасы, жүріс-тұрыс, сөйлеу мәнерінен ешбір
астамшылық мінез аңғарылмайтындай. Тек тік біткен түксиіңкі
қабағы осыған біртүрлі қарама-қайшы келіп тұр. Қасы мен мұр-
тын қылау шалмапты.
Волоколамск тас жолы
58
– Танысып қояйық, – деді ол. – Менің аты-жөнім Иван Васи-
льевич Панфилов. Сіздерде, Алматыда жаңа дивизия құрылғалы
жатқанын білесіз бе?
– Жоқ, білмедім.
– Міне, сол дивизияның командирі болып мен тағайын-
далғанмын. Ал Орта Азия әскери округының бұйрығы бойынша
сол дивизияға батальон командирі ретінде сіз жіберілдіңіз.
Ол қалтасынан жарлықты шығарып, қолыма ұстатты.
– Істі тапсыруыңызға қанша уақыт керек?
– Көп емес. Екі сағатта бара аламын.
Ол азырақ ойланды.
– Асығыстықтың қажеті жоқ. Әйеліңіз бар ма?
– Иә.
– Онда бүгін отбасыңызбен қоштасып, маған ертең сағат он
екіде келіңіз.
3
Ертеңіне он екіге бес минут қалғанда кең сатымен көтеріліп,
Қызыл Армия Үйіне кірдім. Маған генерал орналасқан бөлмені
көрсетіп жіберді.
Ол сәл бүкшиіңкіреп, басын төмен салған күйі үлкен жазу
үстеліндегі әлдебір қағаздарға шұқшиып отыр екен. Келе-келе
Панфиловпен қаншама кездесудің сәті түсті, алайда оның қағазға
қарап отырғанын сол жолы ғана көріппін. Кейін оның Мәскеу
түбінде ылғи жанынан тастамайтын жалғыз қағазы – топографи-
ялық карта еді.
Сол карта қазір де алдында жатты.
Мен оны бірден ажыраттым: бұл – Алматының және қала
төңірегінің планы-тын. Карта бетінде бауы ағытылған қалта
сағаты жатыр.
Генерал сағатына бір қарап, орнынан тез тұрып, ауыр кресло-
ны кейін ысыра, үстелден бері қарай шықты. Қимылы жеңіл екен,
ешбір егделік нышаны байқалмайды.
Біз түрегеліп сөйлестік. Панфилов бірде жүріп, бірде қолда-
рын артына айқастырып, аяқтарын сәл алшаң басып тұра қалады.
– Сонымен, жолдас Момышұлы, – деп бастады ол, – әлі ди-
визия жоқ. Штаб та, полк те, батальон жағдайы да солай болып
тұр. Ендеше, сіз басқаратындай ешкім жоқ деген сөз. Бірақ мұ-
59
Үш ай бұрын
ның бәрі қалпына келеді, бәрін де құрамыз. Ал әзірше сіз маған
көмектесе тұрасыз. Мен сізбен ақылдассам ба деп ем...
Генерал үстелге қарай бір аттап, қағаздарын аударыстырып,
қажетті дүниесін тауып алды; одан қолына ұстаған жуан қызыл
қарындашты олай-бұлай айналдырып, маған қарай бұрылды да:
– Мынау, жолдас Момышұлы, жер жүзіндегі ең бір сүйкімсіз
қарындаш, – деді.
– Неге, жолдас генерал?
– Өйткені, мұнымен қаулы-қарар жазылады, – деп әзілдеді
де, сөзін жалғастырды: – Бұл қарындашпен істің мәнін білмей-ақ
кез келген жағдайды екі минуттің ішінде оп-оңай шеше саласыз.
Картаға бір сызық түсірсеңіз бітті: мәселе шешіледі. Бұрышта-
ма соғасыз – болды: ешбір түйткіл жоқ. Енді осы менің көзіме
көрінбесін, сіз алыңызшы. Әйткенмен, жолдас батальон коман-
дирі, мұны сіздің де сирек қолданғаныңыз жөн.
Күле тұрып, қарындашты ұстатқан соң байсалды кейіппен:
– Қалай ойлайсыз, бізге тез арада қазандарды дәнекерлеп бе-
ретін жер бар ма екен? – деп сұрады.
Тәрізі, менің түрімнен таңданыс табын аңдаған болу керек,
генерал:
– Біздің дивизия халық жасағы іспеттес қой: жоспардан тыс
құралады. Сол себепті жаңа дүниеден дәмелене алмаймыз. Оны
ешкімнен талап етпейміз де, – деп түсіндірді.
Сонша тосын көрінген осындай өзге де көптеген сұрақтарға
жауап беруіме тура келді және Панфиловтың генерал шұғылда-
нуға ерсі жәйттерге араласқаны қалай деп таңырқаумен болдым.
Ақыр аяғында ол маған қағазды ұсынып, тапсырма берді.
– Мұнда біздің жасақталу пункттеріміз үшін бөлінген үй-
лердің мекен-жайлары көрсетілген, – деді ол. – Осыларды өз
көзіңізбен көріп, жарайтын-жарамайтынын анықтаңыз. Аулалар-
ды қарап, сап түзейтін алаңы, ас даярлайтын орны, пештері, су
қайнататын құралдарының бар-жоғын байқаңыз.
Мен тағы таңдандым: осылар генерал айналысатын нәрсе ме?
Қолыма тізімді ұстатып, жүзіме тесіле қараған Панфилов:
– Ұқтыңыз ба? – деп сұрады.
– Ұқтым, жолдас генерал.
Ол сағатын алды.
Волоколамск тас жолы
60
– Бұл үшін сізге қанша уақыт қажет?
– Кешке дейін бітіремін, жолдас генерал.
Түксиген тік қабағын керіп, жақтырмай қарады.
– Кешке дейін деген не сөз?
– Сағат алтыға дейін, жолдас генерал.
Ол сәл ойланды.
– Алтыға дейін... Жоқ. Маған тапсырманың орындалғаны ту-
ралы сағат сегізде мәлімдеңіз.
4
Күндер жылжып жатты, мен генералдың кішігірім тапсырма-
ларын орындаумен жүрдім. Бұл аралықта дивизия жасақталып,
командирлер жинала берді.
Бірде Панфиловтың қасынан шығып келе жатып өзіме қарсы
беттеген артиллерия полковнигін көрдім. Аяқ-қолы ұзын, беті
сопақ, ауыз тұсындағы екі терең әжімі анадайдан көрінеді.
Мен ығысыңқырап, жол бердім. Полковник жағамдағы айыр-
ма белгіге қарап, аялдады.
– Артиллериссіз бе? – деп сұрады ол үзік-созық үнмен.
– Дәл солай, жолдас полковник.
– Менің қарамағыма келдіңіз бе?
– Оны біле қоймадым. Батальон командирі болып тағайын-
далғанмын.
– Жаяу әскерге ме? Қалайша? Кәне, генералға барайық.
Генералмен әңгімелесе келе мына ұшқыр полковниктің біздің
дивизияның артиллерия полкының жаңада ғана келген коман-
дирі екенін түсіндім.
– Жолдас генерал, бұған менің қарауыма баруына әмір
беріңіз. Және бүгіннен бастап дивизионды қабылдап алсын.
Панфилов маған бұрылды:
– Ал жолдас Момышұлы сіз, өзіңіз бұл жайында не айтасыз?
Дивизионды басқара аласыз ба?
– Жоқ, жолдас генерал, басқара алмаймын.
Панфилов ыңғайланып отырды. Қысыңқы көзінен әлдебір әу-
естік ұшқыны жылт еткен. Оның осындай бір әдеті бар еді: жасы
ұлғайса да білмекке деген құмарлығы керемет. Осы сәтте ол:
«Кәне, сіз бұған не дейсіз, полковник?» деп айтылар сөзді ын-
тыға күткендей.
61
Үш ай бұрын
– Қалай басқара алмайсыз? – деп сұрады полковник ренжіген
кейіппен. – Батарея басқарып көріп пе едіңіз?
– Иә.
– Онда тіптен жақсы... Әлде сіздің орныңызға дивизионға
майор жібереміз бе? Бәлкім, академия бітірген біреуді сұратар-
мыз? Ондайды бізге кім бермекші. Жолдас генерал, мәселені
шешілді деп есептеуіңізді сұраймын.
Бірақ мен әдепті сақтап және шешімді түрде:
– Жолдас генерал, өтірік айтуға қақым жоқ. Дивизионды
басқара алмаймын, білімім жеткіліксіз, – дедім.
Мұншалықты бірбеткейлігім үшін кімнің кінәлі екенін білесіз
бе? Профессор Дьяконов; о кісі менің дүниеде бар-жоғымды
білмес те. «Артиллериялық ату теориясы» аталатын осынау үш
томдық еңбектің авторына артиллерияшылар бас иеді. Жоғары
математикадан хабарсыз, орта мектептен соң тоғыз айлық артил-
лерия курсын ғана бітірген мен бұл шығарманы білмейтінмін.
Егер «Дьяконовша оқ атуды» есептей алмасам батареяның тоғы-
стыра атуын қалайша басқармақпын, дүркін-дүркін «дьяконов-
тық» дәлме-дәл атудан да мақұрым маған дивизион командирі
болу деген қайда?
Кейіннен артиллерия мен соғыстағы зеңбірекшілерді бақы-
лай жүре, мен сондағы өзімнің емес, полковник әрекетінің дұры-
стығын түсіндім. Соғыс – ең жақсы академия және мен шайқаса
жүріп өзге командирлерден кем түспес едім де, артиллерияны
ұятқа қалдырмас едім.
– Сонда сіз қайда барғыңыз келеді? – деп сұрады полковник.
– Батареяға, – дедім мен.
– О не дегеніңіз! Менің батареяларымда кіші лейтенанттар
отыр. Штабқа, штаб бастығының жәрдемшісі болып барғыңыз
келе ме?
Абайламай:
– Құдай сақтасын! – деп қалыппын.
Біздің әңгімемізді сырттай қызыға тыңдап отырған генерал
күліп жіберді:
– Мұныңыз бекер, жолдас Момышұлы, бекер... Штаб деген
қобыраған қағаз ғана емес. Және оны тек қызыл қарындаш деуге
де келмейді...
Волоколамск тас жолы
62
– Қандай қызыл қарындаш? – деп сұрады полковник.
– Меніңше, мұның сізге де қатысы бар, полковник, – деп әзіл-
деді генерал. – Кейін бір айтып берермін.
Одан байсалды пішінмен:
– Мен ойланайын. Барыңыз, жолдас Момышұлы, – деді.
5
Әңгіме дәл сол түні қайта жалғасты.
Мен штабта кезекші едім. Панфилов түн ортасы ауғанша жұ-
мыс істеді. Әдеттегісінше, командирлерді кезек-кезегімен шақы-
рды.
Дивизия құрамы нығая түскен. Бұл күндері жазда құралым
пункттеріне айналған бос мектептерге қала мен төңіректегі кол-
хоздардан көбі әскер қатарында болмаған армия қатарына шақы-
рылушы кілең кексе – отыз-отыз бес жастардағы адамдар келіп
жатты.
Дәл сол сәтте сол – болашақ панфиловшылар қалың ұйқы-
да-тын.
Ақыры біздің үлкен тас үйде де тыныштық орнады.
Есік сықыр етті де, дәлізден аяқ дыбысы естілді. Мен гене-
ралдың жүрісін танып, орнымнан тұрдым да, гимнастеркамды
түзедім.
Ол ашық тұрған есіктен қарады.
– Сіз осындасыз ба, жолдас Момышұлы? Кезекшілікте отыр-
сыз ба?
Панфилов қолында сүлгісі бар, генералдық кительсіз, іштен
киетін ақ жейдемен жүр. Түрі шаршаңқы екен.
Бөлме іші көк түтін еді. Панфилов терезені ашып, табанша
тақтайға отырды.
– Сіз туралы ойладым, жолдас Момышұлы, – деді ол. – Ақыл
қосыңызшы, сізді қайтсем болады.
– Жолдас генерал, қайда жіберсеңіз сонда барамын. Ал егер
менің өз қалауымды сұрасаңыз...
– Отырыңыз, отырыңыз... Иә-иә, егер өз қалауыңызды сұра-
сам ше...
– Онда мен, жолдас генерал, дивизионға емес, батарея неме-
се батальонға барар едім.
63
Үш ай бұрын
– Батальон? Жолдас Момышұлы, батальонды басқару да
оңайға соқпас... Жалпы әскери тактикаға қызыққан кезіңіз бар
ма? Бұл жөнінде ештеңе оқып па едіңіз?
Мен оқыған еңбектерді атаған болдым.
– Ал шегіне жүріп ұрыс салу ше? Бұған қызығып көрдіңіз бе?
– Жоқ, жолдас генерал?
– Иә, сізге батальонды басқару оңай болмас, – деп қайталады
Панфилов.
Ол маған шаншыла қарағанда қызарып та кеттім. Намыс оты
бұрқ етті.
– Мүмкін, – дедім қызбаланып. – Бірақ абыроймен өлуге бар-
мын, жолдас генерал.
– Батальонмен бірге ме?
Панфилов кенеттен күлді:
– Мұндай командирге ризамын... Жоқ, жолдас Момышұлы,
батальонмен бірге он, жиырма, отыз шайқасты бастан өткеріп,
батальонды аман сақтап қала біліңіз. Міне, солдат сізге сол үшін
рахмет айтатын болады.
Ол ернеуден ырғып түсіп, менің қасыма, былғарымен қап-
талған диванға келіп отырды.
– Мен өзім де солдатпын, жолдас Момышұлы. Солдаттың өл-
гісі келмейді. Ол ұрысқа өлу үшін емес, өмір сүру үшін барады.
Оған осындай командирлер қажет. Ал сіз оп-оңай: «Батальонмен
бірге өлемін» дейсіз. Батальонда, жолдас Момышұлы, жүздеген
адам бар. Оларды сізге қалай сеніп тапсырамын?
Мен үндемедім. Панфилов та маған тесіле қарап үнсіз отыр-
ды. Соңында:
– Ал не айтасыз, жолдас Момышұлы? Оларды өлімге емес,
өмірге бастап баруға дайынсыз ба? – деді.
– Дайынмын, жолдас генерал.
– Міне, солдаттың жауабы! Ал сіз бұл үшін не керек екенін
білесіз бе?
– Осыны өзіңіздің айтуыңызды өтінуіме рұқсат етіңіз, жол-
дас генерал?
– Қуын қарай гөр... Біріншіден, жолдас Момышұлы, мынау
қажет... – ол өз маңдайын қағып қалды. – Сізге құпия түрде ай-
Волоколамск тас жолы
64
тайын, – деп жан-жағына қулана алып құлағыма сыбырлады: –
Соғыста да ақымақтар болады.
Одан күлуді доғарып, сөзін жалғастырды:
– Және тағы бір өте қатал дүние... өте қатал: тәртіп керек.
Мен:
– Бірақ сіз... – деп қалдым да, тілімді тістей қойдым.
– Сөйлеңіз, сөйлеңіз. Мен туралы бірдеңе айтқыңыз келді
ме?
Алайда мен батпадым.
– Айтыңыз. Жоқ әлде бұйыру керек пе?
– Мен, жолдас генерал, сіз соншалықты жұмсақсыз ғой де-
мекші едім...
– Мүлде олай емес. Тек солай көрінген ғой.
Сөзім, тәрізі, шамына тиген болуы керек. Ол орнынан тұрып,
сүлгісін алды да, әрлі-берлі жүрді.
– Жұмсақ... есіңізде болсын, жолдас Момышұлы, айқаймен
басқармайды. Жұмсақ... Әсте жұмсақ емеспін... Ал сонымен, ди-
визионды қабылдап алғыңыз келе ме? А?
Мен ештеңе демей, генералға қарадым да қойдым.
Ол:
– Академияға барсаңыз ғой... Жарайды, қалауыңыз болсын!
Полковниктің маған ренжитіні анық, әйткенмен... ретін тауып,
шегіне ұрыс салу тәсілін қолданармын... Батальонды басқарасыз,
– деді.
– Құп болады, жолдас генерал.
Міне, артиллерист басым осылайша батальон командиріне ай-
налдым.
6
Тағы да бірнеше күнді штабта өткіздім. Сырттай бақылай
жүріп, «адуындық» деп аталатын мінезден ада, осынау биязы,
мейірбан адамның дивизияны қалай басқаратынына көз жеткізу-
ге тырысқанмын.
Алайда ол үнемі көнбіс емес-ті.
Бірде оның әдеттегі «отырыңыз, отыра беріңіз» дейтін тұрақты
мәнеріне дағдыланса керек, Панфиловқа кірген штаб коман-
дирінің рұқсатсыз жайғаса кеткенін көрдім.
65
Үш ай бұрын
– Кәне, тұрыңыз! – деп зекіді оған Панфилов. – Шығыңыз
бөлмеден. Есік сыртында біраз ойланып, қайта кіріңіз.
Панфилов өзі берген әлдебір бұйрықтың орындалу мерзімінің
сақталғанын тексеруді ешқашан ұмытқан емес. Оның сүйікті бір
әдеті – бас бармағымен қалта сағатының дөңес әйнегін сипалау
еді. Кейде мұнысы жанына жақын титтей ғана жаратылысты
аялап отырғандай отырғандай көрінеді. Кешіккен жағдайыңда,
түсіндіруіңді талап етеді.
Бірде оның тапсырмасын уақытылы орындамаған командирді
қатты сөккеніне куә болдым:
– Сіз ұяттан жұрдай, тәртіпсіз қызметкерсіз. Сізбен танысқа-
ныма бірнеше ғана күн өткенімен, өкінішке қарай, өзіңізді жалқау
адам ретінде көрсетіп үлгердіңіз.
Оның айрықша біткен қасы түйісіп, тік қабағы одан сайын
түксиіп кетті. Айқайламағанымен, әдеттегіден сәл қаттылау, сәл
айқынырақ сөйлеген. Сөзі сонысымен-ақ аса зілді естілді.
Есіме елеусіздеу бір жағдай орала кеткені.
Генералдың тапсырмасы бойынша сарбаздардың бірімен ди-
визияның адресіне келген алғашқы минометті қабылдап алып,
қоймаға тасып жатқанбыз. Панфилов минометті көргісі келді.
Мен өзіме жәрдемдесіп жүрген қызыләскерге терезеден:
– Қоймадан мына жерге минометті алып кел. Тез! Бес минут-
те осында болсын! – деп айқай салдым.
Бұрылғанымда, Панфиловтың көзін сығырайтыңқырап өзіме
қарап тұрғанын байқадым. Бұл өткен жолы бетімді қызартқан
дәл сол кекесінді көзқарас еді.
– Ол бес минуттің ішінде үлгере алмайды, жолдас Мо-
мышұлы, – деді генерал.
Панфилов бұған өзге ештеңе қосқан жоқ. Алайда осынау қара-
пайым ескерту маған қатты әсер етті.
Ойланбастан қаншама рет «Бес минутте» деп айқайладым
екен. Ал Панфилов ойланып сөйлейтін.
Волоколамск тас жолы
66
Торытөбел және ат оқиғасы
1
Ақыр аяғында генералмен қошайтысып, батальонды қабыл-
дап алуға аттанатын күн де келіп жетті. Дегенмен мұның алдын-
да болған бір оқиғаны әңгімелей кетейік.
Қала ішінде жүріп-тұру үшін дивизия штабы аттарының бірін
мініп жүрдім.
Бұл – Торытөбел деген сұлу, биік тұрпатты, ақ тірсек, маңдай-
ында төбелі бар, ыңғайға өте икемді ат еді.
Штабта болған бір жарым апта ішінде Торытөбелге бірталай
нәрсе үйретіп үлгердім.
Қала сыртына, Алматыдан жиырма бес шақырымдағы Талғар
станицасына апарылып қойған батальонға бағыттағы машина-
мен баруға тиісті едім.
Ерте, штабта әлі тыныштық ұйып тұрған сәтте – сағат бесте
тұрып, жинақталдым да, аулаға шықтым.
Машина кешікті. Мен сәлден соң Торытөбелге соға кетуге
көңілім ауды. Атқораға өтіп, сауырдан қағып, жалынан сипадым.
Ұғымталдығы үшін қолымнан бір жапырақ нан немесе қант
алып үйренген жануар елпілдеген ернімен алақаныма ұмсынды.
Босқа ештеңе бермейтінмін... Ат орнында тұрған бойы, өзім үй-
реткендей, алдыңғы аяқтарын серпіп тастап, «испан қадамын»
жасауға кірісті. Мен жымиып күлдім де, оны тез ерттеп алып,
сыртқа алып шықтым.
Аула ішін желе жортып, бірнеше мәрте айналған соң текірекке
көштім, одан ойыма әлдене оралып, «испан қадамына» ауыстым.
Әлгінде айтқанымдай, өте ерте кез еді. Аулада жан баласы
жоқтай көрінген.
Кенет:
– Жолдас Момышұлы, соғыс өнерінде де осынша шеберлік
қолыңыздан келер ме еді? – деген дауыс саңқ етті.
Кіре берісте генерал тұр. Мен ыңғайсызданып, аттан ырғып
түстім.
– Жалғастыра беріңіз, жалғастыра беріңіз, – деді Панфилов. –
Көрініс сүйсіндіріп тұр.
67
Торытөбел және ат оқиғасы
Ол тақалып келді.
– Мынадай да өнеріңіз бар екен-ау... Ал ана жақта... – ол қиыр
шетті нұсқады, – осылай басқара алар ма едіңіз?
Мен:
– Білесіз бе, жолдас генерал... Бір мәрте тура осы жәйт маған
дәлме-дәл айтылған да еді. Яғни, айтылып қана қойған жоқ, со-
нымен қатар... – деп жауап қаттым.
– Кәне, кәне...
– Мен бір жыл бойы уайым жейтіндей сабақ болды...
– Өте қызықты, өте қызықты... Айта түссеңізші...
Осы тұста өкініп те қалдым. Ауыздан қағыну деген осы ма
екен. Өзім үшін ғана мәні бар жеке өмір тарихымды көйітіп, ге-
нералдың уақытын алып нем бар? Қысқа қайыруға тырысып,
баяғыда кіші лейтенант кезімде бастықтарға дөрекілік көрсетіп,
қарауымдағыларға бақырып-шақырып, взводты жөнге сала ал-
мағанымды айттым. Сөгіс те естідім, қамады да, одан соң полк
командирі шақырып алып, атты басқару жөнінде қызықты дәріс
оқыды.
Ол: «Сіз басқару дегеннің не екенін білесіз бе? – деді ол. – Па-
ровоз айдайтын машинистің немесе автомашина жүргізушісінің
мысалы сіздей кең далада өскен адамға түсініксіздеу болар...».
Сөйтті де ат туралы айта бастады. Оның лекциясы маған ерекше
әсер етті.
– Жоқ, таратыңқырап айтыңыз. Ол сізге не деді? – деп
тәптіштеп сұрады Панфилов.
– Бұл елдің бәріне белгілі нәрсе, жолдас генерал. Мен мұны
онсыз да білетін едім...
– Сонда да?
– Ол шебер шабандоз туралы сөз қозғады. Жақсы шабандоз-
дың атты екі аяқтан тік тұрғыза алатынын, алшаңдатып жүргізіп,
тіпті билетіп жіберетінін айтты. Одан соң басқару тәсілдерін әң-
гімеледі. Бұл, біріншіден, тізгін – жүген мен ауыздық, шынашақ
қимылы – меңгеру деген сол.
– Кәне, кәне... Қызық екен...
– Жақсы шабандоз ешқашан бүкіл қолмен немесе тіпті білезік
қимылымен де тартқыламайды. Атты шошқа бағушылар ғана
жұлқыламақшы. Осы секілді басқа да нәрселерді баяндады...
Волоколамск тас жолы
68
– Жоқ, жоқ... Жалғастырыңыз. Тағы не деді ол?
Панфилов әңгіме қызығына сонша түсіп алғандай көрін-
ді. Көзінің айналасындағы әжімі жиырылып-жазылып, жымың
қағады.
– Атты игерудің өзге де әдістері жайында айтқан... Ат үстін-
дегі көзге байқалмайтын салмақ түсіру нүктесін ауыстыру да
– басқаруға жатады... Ал шабандоздың аяғы ше? Бір ғана өк-
шелікпен басқарудың жиырма түрі бар: қадай тебіну, сипай нұқу
және басқалары... Алайда кәнігі шабандоз шпорды сирек қолда-
нады. Тақым қағып қалса жетіп жатыр, ат оны бірден түсінеді.
Бірақ бұған қалай жете аласың?
– Иә, иә... Қалай жете аласың?
Панфиловтың әуестігі мені де еліктіріп жіберді. Мен де енді
көсіле түстім:
– Иә. Шабандоз атқа қалт еткен талабын дереу орындату
үшін не істеуі керек? Ең бастысы – табандылық қажет. Орын-
дамады ма – жазала, ешқашан босаңсытпа! Ойдағыдай жасаса
– көтермеле! Мұны жүз емес, мың мәрте қайтала. Осының бәрін
баппен айтып берді де: «Барыңыз» деді.
– Ал сіз қайттіңіз?
– Бастапқыда мені не үшін шақыртқанын түсінбей де қал-
дым. Бұрылдым да, жүре бердім. Тек табалдырықтан аттай бере:
«Немене, адам бұл үшін ат па?! Мені бұ кісінің атқа теңегені ме
сонда?» деген ой балтамен ұрғандай тосылтты. Айналып барып:
«Мен сізге ат емеспін!» деп айқай салғым келген.
Панфилов қарқылдай күлді. Мен оның мұншалықты мәз
болғанын көрмеппін. Бет орамалын шығарып, жасаураған көзін
сүртіп тұрып:
– Тартымды, өте тартымды хикая. Демек, атты тек шошқа
бағушылар жұлқылайды ғой, ә?
Ол күле тұрып, Торытөбелді сипады да:
– Жолдас Момышұлы, мынау ат сізге ұнай ма? – деп сұрады.
– Өте ұнайды, жолдас генерал.
– Онда өзіңізбен бірге алып кетіңіз. Бұл – сізге сыйлық. Сіз-
бен бірге батальонда бола берсін...
– Көп рахмет, жолдас генерал.
69
Торытөбел және ат оқиғасы
Мен машинаны күтпей, Торытөбелмен өз батальоныма жөнел-
дім.
2
Сіз екеуміз алдында келісіп едік қой – табиғатты суреттеу қа-
жет емес. Мұны өзгелер тәуірірек орындар.
Соғыстан кейін әйтеуір бір жазда маған қонаққа келсеңіз: Қа-
зақ елінің қаншалықты сұлу екенін көресіз, Алматы төңірегін,
Талғар қалашығы мен буырқана-тасып аққан Талғар тау өзенін
әсерлеп жазасыз.
Қалашықтан батальон орналасқан Ауылшаруашылығы инсти-
тутын тауып алдым. Онда штаб бастығы, арықша келген, ширақ
қимылды қазақ Рахимовпен таныстым; ол кешегі агроном, әлі
жай киіммен жүр. Пиджагының өңірінде альпинистің төс белгісі
жылтырайды, бірақ менің альпинисім әскери жарғы бойынша
орнынан тұруды да, рапорт беруді де білмейтін секілді.
Сонымен бірлесіп бөлмелерді араладық. Бәрінде де адам лық
толы, бірақ әскери киім киген жалғыз мен ғана. Дәлізде әрлі-бер-
лі шұбырған жұрт; бір бөлмеде әлдекімдер әндетіп отыр; екін-
шілері бөлмеден терезе арқылы әйелдермен әзілдесіп тұр. Ешкім
«смирно!» деп команда да бермеді, командирмен амандасатын да
жан баласы табылмады.
Еденде шашылған темекі тұқылын көрдім, терең бір күрсініп
алып, батальонды сапқа тұрғызуды бұйырдым.
Сап шұбатылып, ұзақ тізілді. Сонадай жерден қарап, ойла-
нып тұрмын. Осынау сапты елестетіп көріңіз: көпшілігі мәйке-
шең жүр, кейбірінің аяғында – тәпішке, тұлғалылаулары пиджак
киіпті. Қайсыбірі қалпақпен тұр, өзгелері жалаңбас.
Альпинист қатарды түзеген болып, «тік тұр!» деп әмір берді
де, әрекетті баяндаудың орнына маған қадалып қарады да қалды.
Мен тағы бір күрсініп алып, сапқа таядым.
Амандастым. Әркім өз білгенінше үздік-создық жауап қатты.
Жөнімді айтып, батальон командирі болып тағайындалғаным-
ды мәлімдедім де:
– Сіздер әлі жай киіммен жүрсіздер, бірақ Отанымыз бәріңізді
сапқа тұрғызып үлгерді. Кейбіріңіз тәуір костюм киіпсіздер, өз-
гелеріңіз қарапайымдау... Кеше сіздер сан алуан мамандық иесі
болдыңыздар, деңгейлеріңіз әрқалай – араларыңызда қатар-
Волоколамск тас жолы
70
дағы колхозшы да, директор да бар. Бүгіннен бастап енді Жұ-
мысшы-Шаруа Қызыл Армиясының жауынгерлері мен кіші ко-
мандирлерісіздер. Ал мен – сіздердің командирлеріңізбін. Мен
бұйрық беремін, сіздер бағынасыздар. Мен өз құзырымды жеткі-
земін, сіздер соны орындауға тиіссіздер, – дедім.
Әдейілеп өте қатал сөйледім.
– Сіздердің әрқайсыңыз мен не бұйырсам, соның бәрін
орындайсыздар. Кеше бастықпен дауласа алатын едіңіздер; кеше
«оның айтқаны қисынды ма, әрекеті заңға қайшы емес пе» деп
талқыға салуға қақыларыңыз бар еді. Отан бүгіннен бастап сіз-
дерді ондай еріктен айырады. Бүгіннен бастап сіздерде бір ғана
заң бар, ол – командирдің бұйрығы.
Байқап тұрмын, кейбіреуі әп дегеннен демократияның көзін
жойды ма дегендей ежірейе қарайды. Мен сөзімді жалғастыра
бердім:
– Кімде-кім өзгеше пікір ұстанатын болса, ол сонысын біз ел-
ден ұзап кетпей тұрғанда конвертке салсын да, үйіне жөнелтсін.
Әскер тәртібі қатал , армияның іргелі болуы да осыған байла-
нысты. Біздің елімізді езіп-жаншуға ұмтылған жауды жеңгілерің
келе ме? Ендеше қатаң тәртіпті ұстануың керек!
Бұдан соң адалдық, ар-намыс жөнінде қысқаша айтып
шықтым. Өз Отаны, өз үкіметі, өз командирі алдындағы адалдық
– жауынгердің қасиетті борышы. Кім арлы болса, сол – адал.
– Мейлі сен білімді, қабілетті шығарсың, – дедім мен, – мейлі
сен епті, әбжіл шығарсың, ал бірақ сөйте тұра ынсап-ұяттан жұр-
дай болсаң – менен жақсылық күтпе!
Ар-намыс. Мен мұны өзімше түсіндірдім. Қазақтың екі мақа-
лы бар. Біреуі: «Қоянды – қамыс, ерді намыс өлтіреді» – дейді.
Келесісі үш-ақ сөзден тұрады: «Өлімнен ұят күшті».
Мен бұл мақалдарды қазақша айттым да, орысшаға аудардым.
Батальонның үштен бірі ғана қазақтар еді де, қалғандары – оры-
стар мен украиндар-тын.
Сөзімді тәмәмдаған сәтте саптан бір батыл дауыс естілді:
– Жолдас комбат, бір сөз айтуға рұқсат етіңізші...
Жұқа қара жейде киген, қызылшырайлы, қарулы жігіт саптан
жарты қадам алдыға шықты.
71
Торытөбел және ат оқиғасы
– Рұқсат жоқ, – дедім мен. – Бұл митинг емес. Рота командир-
лері, бөлімшелерді орын-орнына таратыңыздар.
Менің алғашқы сөзім, батальонмен бірінші рет танысуым
осылай болды.
3
Дәлізбен өзім үшін даярланған бөлмеге қарай келе жатқан-
мын.
– Жолдас комбат, бір сөз айтуға рұқсат етіңізші...
Қарсы алдымда мені алғаш рет комбат деп атаған сонау жі-
гіт тұр екен. Әзірге шашы машинкамен алынбаған, желке тұсы
тықыр, қалпағының астынан бұйра кекілі бұрқырайды.
– Фамилияң кім? – деп сұрадым мен.
– Жауынгер Курбатов.
Әскери адамдарша сымдай тартылып тұр.
– Армия қатарында болып па едіңіз?
– Жоқ, жолдас комбат. Әскериленген теміржол күзетінде қы-
змет еткенмін.
– Жағдай былай, жолдас Курбатов: комбатқа келуден бұрын
рота командирінің рұқсатын алу керек. Алдымен соған барыңыз.
– Ол, жолдас комбат, ешбір назар аудармайды... Мен күзет
жөнінде айтпақшы едім... Жолдас комбат, сыртқы есіктің алдын-
да күзет жоқ. Кіші қақпа да қараусыз. Тосын бірдеңе болып қалса
қалай, жолдас комбат...
«Жарайсың!» – деп ойладым іштей. Оның екпіні, қайсарлығы,
ашық көзқарасы, қақпақтай жауырыны іш жылытты, бірақ бер-
ген жауабым өзгеше болды:
– Кру-гом!
Курбатов қызарып кетті. Маған жақтырмаған кескінмен алая
қарайды. Оның ахуалын түсіндім, дегенмен мен де оған шаншы-
ла қарадым. Бір сәт бүгежектеп қалған Курбатов солдатша кілт
бұрылып, дәліз бойымен адымдай басып бара жатты. Тіпті қыза-
рып кеткен мойнынан да қатты қорланғаны байқалатындай.
Мен жанымда тұрған Рахимовқа:
– Жолдас штаб бастығы, жауынгер Курбатовты бөлімше ко-
мандирі етіп тағайындаңыз, – дедім.
Арқамнан біреу түртіп қалғандай болған. Қайырыла қарап, әл-
декімнің батылсыздау кейін тартылған қолын байқадым.
Волоколамск тас жолы
72
– Мен өз командиріме айтып едім. Ол сізге жолық деді, жол-
дас комбат.
Көзілдірік таққан кісі екен. Муринмен алғаш осылай жо-
лығыппын. Пиджак киіп, таққан галстугі бір жағына қисайыңқы-
рап кеткен ол екі қолын қайда жіберерін білмей жымия сөйлеп
тұр. Шілденің шіліңгірі күйдіріп тұрса да, жіңішке қолының
қылтасы мен сопақша келген беті күнге күйе қоймапты.
– Мен саптың адамы емеспін, жолдас комбат, мен батальонға
сұрандым, – деді ол масаттанған кейіппен. – Көзілдірік тақсам
да, көзімнің жақсы екенін дәлелдедім. Әне, төбедегі шыбынға қа-
раңызшы, жолдас комбат! Мен соны анық көріп тұрмын.
– Дұрыс екен, жолдас. Сендірдіңіз. Басқа не айтасыз?
– Бірақ, жолдас комбат, батальонда мені шаруашылық жұмы-
старына бөліп қойды. Ат-арба берді. Ат дегеннен мүлде хабарым
жоқ. Мен мұнда ол үшін келген жоқпын ғой. Мен, жолдас комбат,
сапқа сұранамын. Пулеметші болғым келеді, жолдас комбат!
Фамилиясын біліп алған соң:
– Бұл шешілетін жағдай, жолдас Мурин. Ауыстырамын. Ба-
рыңыз, – дедім.
Әйткенмен, ол мұнымен істің біте қоятынына сенбеген секіл-
ді. Аптығып, қосымша дәлелдер келтіруге тырысады.
– Мен сіздің сөзіңізді тыңдадым, жолдас комбат. Оныңыз өте
дұрыс. Сіздің әрбір бұйрығыңыз, жолдас комбат, мен үшін – заң.
– Барыңыз, – деп қайталадым мен.
Ол таңдана бір қарап алып, ештеңе сезбегендей сөйлей берді:
– Мен, жолдас комбат, музыкантпын. Консерватория аспи-
рантымын. Бірақ қазір, жолдас комбат, бәріміз де оқ ата білуіміз
керек!
Сенімділік үшін сұқ саусақтарын ілмектеп көрсетті.
Мен зекіп жібердім:
– Қалай тұрсыз өзіңіз? Қолыңызға ие болыңыз!
Мурин абдырап, түзуленіп тұра қалды.
– Мен сізге барыңыз деп екі рет айттым! Ал сіз ше? Сіз
өзіңізді ең қиын жұмыс – атуға сұранып тұрмын деп ойлайтын
шығарсыз. Жоқ, жолдас Мурин, армиядағы ең қиын, ең ауыр нәр-
се – тәртіпке бағыну!
73
Торытөбел және ат оқиғасы
Мурин әлдене деп қарсылық білдіріп аузын ашқанша мен
сөзімді жалғастырдым:
– Сізге командир талай мәрте әділетсіз көрініп, онымен дау-
ласуға тырысарсыз, бірақ «Аузыңды жап!» деген айқайды естуге
тура келер. Оған кепілмін. Барыңыз!
Сөйтіп Мурин кетті.
4
Бұл күні мен рота және взвод командирлерімен танысып, әске-
ри сап ережесін жасап, күзет, байланыс, шаруашылық ісімен ай-
налысып, тек іңір қараңғысында оңаша қалдым.
Жорық сөмкемнен өзіме штабта берген жаяу әскер уставын
алып, біраз оқи бастадым да, соңынан оны кейін ысырып қойып,
ойға шомдым.
Ұлы Отан соғысы жүріп жатыр. Гитлершілдер біздің аймағы-
мызға күнбе-күн сұғына кіріп келеді. Қазір, арада бір ай өткенде
олар Смоленскіге дейін жетіп үлгеріп, Днепрді аттап өтті, енді
картаға қарасақ, Ленинград пен Москваны, одан Донбасты тарпа
бас салуға ұмтылады. Жау ордасының ұстанған тактикасы мен
сенімі – найзағай отындай шарпу. Олар қосымша күштерімізді
іске қосқанша бізді тырп еткізбей жойып жіберуді көздейді. Қы-
зыл Армияның Бас штабы біздің дивизияны майданға қашан
шақырмақшы? Біздің оқу-жаттығуларымыз үшін қанша күн,
неше апта уақыт берілер екен?
Жағдайдың күрт өзгеріп, майдандағы ахуалдың ширыққаны
сонша – Жоғарғы Бас командование бізді үш-төрт жетіден кейін
ұрысқа аттандыруға мәжбүр болуы мүмкін.
Осыншама санаға сыймастай қысқа мерзім аралығында
мына шаңырақ астында шашы алынбаған басын жол дорбасы-
на жастап, дөңбекшіп ұйықтай алмай жатқан дендері сау, адал,
Отанға берілген, бірақ әскери емес, армия тәртібіне ысылмаған
жеті жүз адамды қалың жауға төтеп беріп, олардың үрейін ала-
тындай айбынды күшке қалай айналдырамыз?
Сізге мүмкін тосын көрінер, алапат соғыс туралы, таяуда ба-
тальонмен бірге аттанатын майдан жайында толғанған сол түнде
өмір мен өлім жөнінде, ойды жинақтауда еске түсе қоймайтын ең
үлкен, ең маңызды жәйттер туралы ойладым, сонау «ат хикаяты»
Волоколамск тас жолы
74
есіме түсті. Сол әңгімені тыңдағанда генерал Панфилов сақыл-
дап күліп, оған қосыла өзім де мәз болып, ал осының арасында...
Жүген-құрық тимеген асау ат – мендей еркін қазақты қалайша
сарбазға айналдырғаны ойға оралды. Армиядағы алғашқы айлар
маған төзгісіз ауыр соққан. Командирге жүгіре жетіп, соның ал-
дында қақшиып тұру, «Сөзді доғар! Кру-гом!» деген нақпа-нақ
бұйрықты есту маған сұмдық қорлық көрінетін-ді. Ішім бұлқан-
талқан: «Сөзді неге доғарамын? Немене, мен оның құлымын ба?
Мен де дәл сондай адам емеспін бе?»
Ішім ғана емес-ау. Бір бозарып, бір қызарып, тарпаңдық көр-
сеттім, айтқанға көнбедім.
Ақыр аяғында маған не істегендерін білесіз бе? Командалық
курсқа аттандырып, өзімді кіші командирге – Қызыл Армия офи-
церіне айналдырды.
Командирдің еркіне сөзсіз бағынудың аса қажеттігі біртіндеп
санама жетті.
Армия осыған негізделеді. Онсыз, тіпті Отанды шексіз сүй-
етін адамдардың өзі шайқаста жеңіске жете алмақ емес.
Бірақ бұған тез арада қалайша қол жеткіземіз? Біздің қарауы-
мызда санаулы күндер мен азғантай апталар ғана бар ғой... Мұн-
дай қысқа мерзім аралығында батальон деп аталатын тәртіпті,
оқу-жаттығу деңгейі жоғары, дұшпанға қаһарлы күшті қалай жа-
сақтауға болады?
Темекі жорығы
1
Жауынгерлердің даярлығы қалай жүргенін тәптіштеп баянда-
май-ақ қояйын.
Тек әзірше ешкім жазбаған, батальондық аңыздарда «темекі
жорығы» деп аталып кеткен бір ғана маршты әңгімелейін.
Мен батальонды қабылдап алғаннан кейінгі арада жеті-сегіз
күндей өткен. Бұл кезде киініп, қаруланып үлгергенбіз; винтов-
камен жұмыс істеп, окоп қазып, жүгіріп, жер бауырлап жылжып,
сапта жүріп, жаттығып жаттық.
75
Темекі жорығы
Бірде кешкісін біз бұйрық алдық: таң бозымен елу шақырым-
дық жорық жасап, өзен аңғарындағы белгіге жеткен соң сонда
түнеп, ертеңіне қайтадан әлгі елу километрді кері өтіп, Талғарға
оралсын депті. Мұншалықты қиын бағыт өзге де батальон-
дарға берілген екен – генерал Панфилов дивизияны белгілі ара-
қашықтыққа жүргізіп шыңдауды ұйғарғандай.
Жұрт кештен бастап жорыққа әзірленіп, түнде дамылдап, ба-
тальон таңғы алагеуім мезгілде сапқа тізілді.
Солдат болып көрмеген сізге, бәлкім, алдыңызда айбарлы әске-
ри бөлім тұрғандай көрінер: сап жіпке тізгендей түп-түзу; вин-
товкалардың су жаңа штыктері жарқырайды; әскери жабдықтары
бір кісідей сайма-сай жауынгерлер; бір кісідей – шинельдері қат-
тап ораулы, өңі кетпеген жасыл дорбадағы противогаздары мен
саперлік күректері, жол қапшығына бөктерген болат каскалары;
белбеулерін сәл төмен тартып, ілулі тұрған гранаттары мен әрбір
сарбазға жүз жиырма оқтан келетін оқшантай бар.
Сәл төмен тартып... Ал көпшілігінде сәл ғана емес – көз-
ге анадайдан ұрады. Мен қатты шиыршықтап бумағандықтан
болбырап тұрған шинельдерді; баулары бос жолқапшықтарын;
салақтап, қарынға түскен граната дорбаларын көрдім. Ішінара
жекелген адамдар ғана нағыз сарбаздық жинақылықты игеріпті.
Солардың бірі Курбатов еді.
Саптан Курбатовты шығарып алып:
– Жолдастар! Міне, керек-жарағын жорық үшін солдатқа
сай әзірлеп алған кіші командир; бұған жол үстінде өзгелерге
қарағанда жеңілірек болады. Қарап алыңыздар, барлық мүлкі
тап-тұйнақтай, белдігі қандай жинақы! Мен сіздерге мұны жиы-
рма мәрте түсіндіріп, көрсеттім, бірақ бәрібір ұқтыра алмадым.
Соған қарағанда, тілім қысқа болуы керек.
Енді ештеңе демеймін, сөз кезегін сіздердің оралған шинель-
деріңізге, күректеріңіз бен жолқапшықтарыңызға беремін. Сіз-
дермен солар сөйлессін. Оларда тіл жоқ деп ойлайсыздар ма?
Бар! Және менің тілімнен де өткір! Жауынгер Гаркуша, мұнда
кел!
Үнемі езуі жиылмайтын таңқы танау Гаркуша жүгіре жетті.
Оның гранат қапшығы сырғып алдына түсіп, қозғалған сайын
салпылдап жүр.
Волоколамск тас жолы
76
– Жорыққа дайынсың ба?
– Дайынмын, жолдас комбат?
– Курбатовтың қатарына тұр. Жауынгер Голубцов, мұнда кел!
Голубцовтың қаттаған шинелінің жуандығы сонша – бетіне
үйкеледі. Жолқапшығы арқасында емес, май құйрықта жатыр.
– Жорыққа дайынсың ба?
– Дайынмын, жолдас комбат?
– Гаркушаның қатарына тұр.
Осылайша, бұйымдары көбірек салақтаған оншақты адамды
жинап алдым да лектің алдына шығардым.
– Батальон, тік тұр! Оңға бұ-рыл! Соңымнан еріп, адымдап
алға бас!
Сөйтіп жүріп кеттік.
Мен өзім шақырып алған адамдармен қатарласып, оларға
көз қиығыммен қарап қоямын. Бәрі он-он бес минуттей жеңіл
адымдады. Гаркушаның гранат дорбасы екі санының арасында
алма-кезек бұлталақтап келеді. Ақыры ол соны ыңғайламақ бо-
лып, қол созады.
Голубцов қатталған ораманы кері серпуге тырысады – ши-
нельдің қатты матасы мойнын қажауға айналды.
Үшінші сарбазды саперлік күрегі тірсектен ұрғылайды.
Бұлар бәрін жүре түзегенмен – көмегі тимеді.
Енді бір он минуттен кейін Гаркуша сөмкесі салақтамас
үшін кекжие шалқайып, қарнын қампайтқан. Өзі менің көзіме
көзі түскен сәтте ыржиып күлген болады. Голубцов мойнын
бұраңдатып, қатталған шинелін бетімен серпуге тырысты. Оны
жолқапшығы да ығыр қылып біткендей. Голубцов білдірмей, ба-
уынан тартып қапшықты жоғары көтеруге әрекеттенді. Бұл кезде
Гаркуша ішін күмпиткенді доғарыпты. Ол енді бүкірейе түсіп,
жай аяңға көшкен.
Мен:
– Гаркуша! Бас аяқты! Курбатовтан қалма! – деп бұйырамын.
Сұмырай сөмке тағы да соққылай бастады.
Осы митыңмен алты шақырым жер өттік. Мен жауынгерлерге
тағы да Курбатовты көрсеттім де:
– Гаркуша, мұнда кел! – деп дауыстадым.
Ол бүкшие иілген күйі жүгіріп келді. Саптағылар ду күлген.
77
Темекі жорығы
– Ал, Гаркуша, баянда. Жорыққа дайынсың ба?
Томсарып, үн қатпайды.
– Гранат қапшығымен сөйлестің бе?
– Сөйлестім.
– Ал, айт енді сарбаздарға, не деді ол саған?
Үн жоқ.
– Айта бер, қысылма!
– Не айтатыны бар? Қолмен сипалап көрмесек сөзге сене
қоймаймыз ғой біз.
– Көрдің бе енді сипалап?
– Мен сипалай алмадым-ау, ал ол...
Жауынгерлер қарқылдай күлді. Ішіндегісін ақтарып, жаны
жеңілейген оның өзі де күліп жіберді.
Одан қара терге түсіп, мойны қып-қызыл болып қажалған Го-
лубцовты шақырдым.
– Енді, жолдастар, мынаған қараңыздар. Сенімен ораған ши-
нелің сөйлесті ме? Жолқапшық әңгімелескен шығар? Солардың
не үйреткенін айтып берші!
Голубцовты да сарбаздар алдында сөйлетпей қоймадым. Сөй-
тіп, бұйымдарынан қорлықты көбірек көргенді бірінен кейін
бірін ел алдына шығардым. Бұдан соң:
– Қаттап бүктеген шинелің қалың болса, гранат қапшығы ор-
нында тұрмаса, жолқапшық салақтап жүрсе кім қиналады екен?
Жауынгер ме әлде батальон командирі ме? Әрине, жауынгер! Мен
мұны жиырма мәрте түсіндірдім, ал сендер, тегінде: «Тықақтай
бермесін, осы үшін бір лажын келтіре салайықшы!» деп ойлаған
шығарсыңдар. Расында да, әйтіп-бүйтіп орындадыңдар. Ал нәти-
жені «осы үшін» емес, өздеріңе арнап жасапсыңдар. Мұны кей-
біреулеріңе бұйымдарыңның өзі-ақ ұқтырды. Қазір дамылдаған
сәтте жабдықтарыңды әрқайсың қайтадан буып-түйіңдер. Егер
енді біреу осы жолы да менің айтқанымды түсінбегенін көр-
сем, саптан шақырып аламын – өз заттарымен менің алдымда
«әңгімелесіп», олардың тілі менің тілімнен әлдеқайда өткірлеу
екеніне көз жеткізсін.
Осыдан кейін маған саптан ешкімді шақырудың қажеті туын-
дай қойған жоқ. Заттармен сөйлесуге ешкімнің құлқы соқпады.
2
Волоколамск тас жолы
78
Батальон қайтадан қозғалды.
Шілде шыжғырып тұрған сәттегі елу километр – әсіресе, жо-
рыққа төселмегендер үшін жеңіл ара-қашықтық емес.
Байқаймын, роталарлың арасы үздік-создық, кейбіреулер арт-
та қала бастады. Командирлерге ескерту жасаймын. Біразырақтан
соң сапты қайтадан тексердім. Ескертуден пайда болмады, лек
бұрынғыдан бетер созыла берді. Командирлермен қаттырақ сөй-
лесуге тура келеді. Мұның да септігі тимеді. Командирлердің өз-
дері шаршаған, қайсыбіреулері ақсаңдауға кірісті.
Мен алдыға шығып:
– Колонна бойынша хабарлаңыздар: пулемет ротасының ко-
мандирі лектің басына келсін!
Он бес минут өткеннен кейін ұзынсирақ Заев алқына жетті.
– Жолдас комбат, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын!
– Сіздің ротаңыз неліктен шұбалып кетті? Ара-қашықтықты
қашан сақтайсыздар? Тәртіп орнатқаныңызша колоннаның ал-
дына шақырамын да отырамын. Болды. Барыңыз!
Ал батальон легінің басына қуа жету оңай шаруа емес: бір ки-
лометрге таяу.
Одан соң әлгі мәнер бойынша екінші ротаның командирі
Севрюковты шақырдым. Бұ кісі соғысқа дейін Алматы темекі
фабрикасының бухгалтері болған егделеу адам еді. Маған зорға
жетіп, едәуірге дейін ентігін баса алмады.
Сөзімді тыңдап болған соң Севрюков:
– Жұртқа өте қиын болып кетті, жолас комбат. Жүктің біраз
бөлігін арбаға артса болмас па екен? – дейді.
Мен:
– Ондай сандырақ ойды алып тастаңыз басыңыздан! – деп
жауап қаттым.
– Енді, қалып келе жатқандарды қайтпекпіз, жолдас комбат?
Шамасы жетпесе қалай зорлаймыз?
– Неменеге шамасы жетпейді? Бұйрықты орындауға ма?
Севрюков үндемейді.
Барлық командирлер алдымнан бір-бір өтті.
Бірақ Севрюковқа менімен алғашқы жолығуы аздық еткендей.
Мен ротаның алдында қалжырап келе жатқан қырық жастағы
оған сонадайдан көз тастаймын. Шашын мұқият қидырыпты, ақ
79
Темекі жорығы
кірген самайынан шаң басқан жүзіне тер сорғалап келеді. Мұны
тағы бір жүгірткенім жөн бе? Онсыз да зорға келеді ғой. Бірақ
басқа лаж кәне?
Ол жұртты аяйды, менің бұған жаным ашыса, сонда не болға-
ны... Соғыста нендей күйге түспекпіз?
Атпен желе-жортып алдыға шықтым да, айқай салдым:
– Екінші ротаның командирі маған келсін!
Бұл жолы әрекеттің септігі тиді.
Сапты қайтадан өткізіп тұрып қарасам: Севрюков енді рота-
ның алдында емес, соңында келеді екен. Түрі бұрынғыға қараған-
да сұсты, ширақ, тіпті даусына дейін өзгеріп кетіпті: құлағыма
саңқылдаған зілді командирлік үні жетеді.
Бүкіл лек жинақталып, взводтар арасындағы саңылау айқын
жіктеліп, жүріс өне түсті.
Сөйтіп елу километрді өтіп, діттеген межеге ешкім қалмай,
түп-түгел жеттік.
Әйткенмен, жұрт шаршаған еді. «Тараңдар» деген бұйрықтан
кейін көк шалғынға сұлай-сұлай кетісті. Бәрі: кешікпей түскі ас
таратылады, тамақтанып алып, ұйықтаймыз деп ойлаған еді.
Бірақ жағдай басқаша жалғасты.
3
Жорықта бізбен бірге, тәртіпке сәйкес, бірнеше әскери асхана
ілесіп келе жатты. Алайда біз түнемел орынға жеткенде жағатын
отынды әзірлемеңдер, қазандарға ас салынбасын, азық-түлік-
ті шикі күйінде сарбаздардың өз қолына тиісті қызылармиялық
норма бойынша: ет – осынша грамм, жарма – осынша, май мұн-
шалықты дегендей көлемде бөліп беріңдер деп бұйырдым.
Мұны естіген командирлер мен жауынгерлердің көзі тас тө-
бесіне шықты. Бәрі шикі ғой, мұны қайтпек? Көпшілігі өмірін-
де тамақ істеп көрген емес, сорпаны қалай қайнатуды білмейді.
Кәдімгіше шу көтерілді:
– Бізде асхана бар емес пе? Олар бізге ас даярлап беруге мін-
детті.
Мен жекіп жібердім:
– Доғарыңдар! Айтқанды орындаңдар! Әрбір жауынгер өз
тамағын өзі пісірсін!
Волоколамск тас жолы
80
Сөйтіп шалқар қазақ даласының бір мүйісіндегі Іле өзенінің
жағасында самсаған оттар жағылды. Менің кейбір сарбаздарым-
ның діңкелеп шаршағаны соншалықты – аштан-аш құлай кетіп,
ұйқыға кірісті. Қайсыбірінің ботқасы күйді, көжесі тасып төгілді
– астың желінгенінен бүлінгені көп болды. Бұл олар үшін – ас-
паздықтың алғашқы сабағы еді.
Таңертеңіне де асхана пешін жақпай, азықты жауынгерлердің
бас-басына таратып беруді тапсырдым.
Таңғы астан соң батальонды сапқа тұрғызып, жауынгерлер ал-
дында сөз сөйледім. Мазмұны шамамен былай:
– Бірінші: сіздер жолдастар, жорық тым ұзақ, әрі ауыр деп
ренжисіздер. Мұны әдейі істедік. Бізді соғыс күтіп тұр, біздің
алдағы уақытта елу, жүз ғана емес, қаншама жүздеген кило-
метр жол жүретініміз анық. Майданда жауды алдап соғып, оған
тұтқиылдан соққы беру үшін мына жорықтан да ұзақ, бұдан да
ауыр сапарларды еңсеруге тура келеді. Мынау әлі ойыншық,
қиындықтың көкесі алда. Даңқты орыс қолбасшысы Александр
Васильевич Суворов керемет батыр атанған өз солдаттарын осы-
лай шыңдаған. Ол бізге: «Оқу-жаттығу ауыр болса – ұрыста қи-
налмайсың!» деп өсиет қалдырған. Суворовша шайқасқыларың
келе ме? Кімде-кім олай айқаспаймыз десе, екі адым алға шық-
сын.
Саптан ешкім шыға қоймады. Мен сөзімді жалғастырдым:
– Екінші: сіздер асханалар тұрғанда бізге шикі ет таратты
және шаршап тұрғанымызға қарамай котолекпен сорпа қайнатты-
рды деп наразылық білдірдіңіздер. Бұл да әдейі істелген. Сіздер
майданда асхана өне бойы қасымызда жүреді деп ойлайсыздар
ма? Қателесесіздер! Ұрыс кезінде асханалар бөлініп, артта қала-
ды. Ашығатын күндер туады. Естисіздер ме? Тататын дәм, тарта-
тын темекі қалмайтын сәттер келеді – ол айдан анық. Соғыстың
салты, солдаттың өмірі сондай. Бірде мелдектеген тоқсың, бірде
ішегің құрылдаған ашсың. Ендеше шыда, әскери ардан айырыл-
ма! Еңсеңді тік ұста! Әркім ас әзірлей білуге міндетті. Егер өзіңе
шалма көже пісіріп ала алмасаң сенен қандай жауынгер шығады?
Рас, түсінемін, араларыңызда ешқашан тамақ істеп көрмегендер
бар. Білемін, көпшілігіңіз кешкісін ресторанға кіріп: «Ей, даяшы,
бері кел! Бір саптаяқ сыра мен гамбург бифштексін әкел!» деп
81
Темекі жорығы
айқайладыңыздар. Кенет бифштекстің орнына – елу километрлік
жорық шыға келді, оның үстіне солдаттың екі пұт бунақ-түйнегін
арқала, бұған да қоса котолекпен көже пісір! Ас әзірлеп жатқан
сәтте мені жек көрдіңіздер. Рас қой?
– Рас, жолдас комбат! Рас! – деген дауыстар естіледі.
Өзім мен жауынгерлердің арасында әлдебір от ұшқыны жү-
гіріп өткендей, жылулық пайда болғандай. Мен оларды түсініп,
олар комбаттың қалауын ұғып тұрды.
4
Енді қайтып келеміз.
Біздің лагерьге – Талғарға дейін қиыршық тастан төселген
даңғыл жол жатыр. Онымен жүру, әлбетте, оңай.
Бірақ біздің іздегеніміз жеңілдік пе еді? Ендеше, даңғыл жол-
дан мүлде алыс кеткеніміз жөн! Соғыс кезінде тақтайдай сай-
раған жолмен бізді кім жүргізіп қояды?
Мен әскерді даңғылмен емес, жолдан жүз-екі жүз метр қиыс
жүргізуді бұйырдым. Алдыңнан тас шыға ма – басып өт; жыра
ұшыраса ма – қиып өт; құм шыға ма – адымда!
Тып-тымық сәт еді. Күн де аяусыз күйдіріп тұр. Ауаның өзі
сорғалап ағып тұрғандай көрінеді. Мұндайда: пешке қыздырған-
дай жер бетімен бұлдырап көгілдір сағым жүгіреді.
Әрине, жұртқа қиын екенін білдім, бірақ мәселенің екінші
қыры да белгілі: соғыс үшін, жеңіс үшін осылай жасамаса бол-
мас еді.
Күн қақтаған беткейден ауқымды темекі алқабы кездесті.
Сарбаздар танап арасындағы соқпақпен тартып барады. Қазақ
еліндегі көк темекі – биіктігі кісі бойынан келеді. Ескен жел иісі
бұрқырап, күн көзі балқытқан салалы жапырақты қыбыр еткізе
алар емес.
Жауынгерлер өтіп жатыр. Кенет, батальон бітік темекі арасы-
на еніп, алқаптың жартысы түгесілген сәтте жұрт шетінен жал-
пылдап құлай бастады.
Не болып қалды? Біреуі, екіншісі, оныншысы... Зәрем ұшып
кетті. Бізді құдды бір лезде жайпайтын індет жайлағандай. Жұрт
ың-шыңсыз жалп ете түсіп, өлген кісіше сұлқ жатыр.
Арбалардағы пулемет, миномет, оқ-дәріні жалма-жан түсіріп,
елтіп құлағандарды әупірімдеп жүріп дөңге қарай, арық жаға-
Волоколамск тас жолы
82
сына шығардық. Темекі буынан алыстаған сәтте жұрт ес жинай
бастады.
Батальонымыз быт-шыт болып, роталар мидай араласып кет-
кен. Жауынгерлердің бірі бастарына дымқыл шүберек таңып,
бүкшиіп отыр, екінші ыңырсып, жатыр; кейбірі лоблып құса
бастапты.
Мен бірталай жасқа келген өзіміздің фельдшеріміз, көк көз
Киреевті көрдім – керемет мейірбан адам. Ол ұнтақ дәрі тара-
тып, жаны қалмай жүр. Оған политрук Бозжанов жәрдемдесуге
кірісіпті. Фельдшерге ілесіп, тауып алған шелегімен арықтан су
тасып, жатқандарға беріп әуре.
Бұл топқа мен – комбат келгенде ешқайсысы елеп, орнынан
қозғалмады.
– Тұрыңдар! – деп бұйырдым мен.
Кейбірі ғана командаға құлақ асты. Ахылап-ухілеп Курбатов
көтерілді.
– Курбатов, бұл сен бе?
– Ох, иә, менмін, жолдас комбат...
Мынау, шынымен, мақтан етіп, жауынгерлерге үлгі қылып
жүрген адамым ба? Екі бүктеліп, не болып кеткен!
– Мұнша сүмірейіп қалғаның қалай? Командирдің алдында
қалай тұрсың өзі?
Курбатов күш салып, бойын тіктеп, кеудесін керіп, нағыз сар-
базша тұра қалды.
Екінші жауынгерге тақалып келдім.
– Сен неге отырсың? Тұр кәне! Винтовкаң қайда?
– Ох, жолдас комбат... Қайда қалғанын білмеймін, жолдас
комбат.
– Қалай тұрсың? Дереу винтовкаңды тап та, маған кел!
– Қайдан табамын оны? Мен жүруге де...
– Орында бұйрықты!
– Қазір, жолдас комбат... Көзәйнегімді бір жерде түсіріп
алыппын...
Ә, Мурин! Оның ұзын мұрнының үстінен қосалқы көзілдірік
пайда бола кетті. Ол тәлтіректей басып, винтовкасын іздеуге жө-
нелді.
83
Темекі жорығы
Мен жорықты жалғастыру үшін роталарды даңғыл жол үстіне
сапқа тұрғызуды бұйырдым.
Он бес минут өткенде сап түзілді. Атпен батальонға келдім.
Сұрқы тіксінтеді! Бастары салбырап, көздері мөлиіп, көпшілігі
қаусаған шалдай мылтықтарына сүйеніп тұр.
– Батальон, тік тұр! Мылтықты асын! Адымдап, алға бас!
Роталар жылжыды. Бірақ жұрт зорға қозғалады – аяқты бір-
дей алып жүру деген жайына қалған; кейбіреуі ақсаңдап, екін-
шілерінің винтовкалары, мас адамша, арықта сүйретіліп келеді.
Жүріс емес – ілбу. Жоқ, бұлайша межемізге жете алмаймыз!
Лекті басып озып:
– Тоқта! – деп айқай салдым. Одан соң жауынгерлерге мәлім-
дедім: – Осы арадан сонау талға дейін адымдай басып бара-
сыңдар! Жүріс түзелмейінше, бұл орыннан ешбір қозғалмаймыз.
Бірінші рота, қатарыңды түзе!
Аршындап адымдау дегеннің не екенін білесіз бе? Қызыл
алаңдағы салтанатты шеру. Бәрі аяқты бірдей көтеріп, табанды
қатты екпінмен мөр басқандай тақ-тұқ еткізіп, жерге бір мезгілде
тигізеді.
Ағашқа дейінгі аралық екі жүз метрдей еді.
Бірінші рота адымдай жөнелді.
– Жарамайды. Қайтадан жүріңдер!
Рота орнына оралып, тағы жүрді.
– Бұл да нашар! Кері шегініп, қайта істеңдер!
Мен де ашулымын, олар да ызалы.
Үшінші мәрте жүрді. Бұл жолғы серпілгендері-ай! Табанмен
сартылдата жер тепкенде еріксізден: мыналар жолды тесіп жі-
бермес пе екен деп ойлайсың.
Осыдан бір минут қана бұрын мен – сүметілген бұларды,
бұлар – мені сонша жек көріп тұр едік, енді кенет кеудемді ере-
сен сүйініш кернейді...
– Жарайсыңдар! Жарайсыңдар!
Шаттанғаннан аузымнан шығып кеткен сөз осы-тын. Рота сол
аяқтың екпінімен қатарластыра:
– Совет Одағына қызмет етеміз! – деп саңқ етті.
Салмақты солдат бәтеңкелерінің табаны қатарласып, бұрынғы-
дан да қатты соғылады.
Волоколамск тас жолы
84
Айбарланып, қайраттанып алған сарбаздар Қызыл алаңдағы-
дай құлшына адымдады.
Осылайша барлық роталарды алдымнан өткіздім. Екінші,
үшінші роталарды да екі жүз метр аралықты ойдағыдай адымдап
өткенше қайтадан жүргізуге тура келді. Ең соңынан пулемет ро-
тасы өткен. Жауынгерлер аяқтарын ә дегеннен-ақ аршындай ба-
сты. Алдыңғы қатарды ұзынтұра Мурин адымдап келеді. Ол екі
табанды аямай соққылайды; оң қолы бейне бір музыка әуеніне
ілескендей селтең-селтең етеді; көзәйнегі жалтылдап, жүзінен
шаттық лебі еседі.
5
Талғар түбінде аласа тұрпатты орал тұқымдас атымен генерал
Панфилов алдымыздан шықты. Ол жорықтан қайтқан батальон-
дарды күтіп алып жүрген секілді.
Бәрі генералды көріп, еңселерін тіктеп алды; роталар команда
бойынша тағы да қарыштай адымдады. Шаршаған, бірақ аяқта-
рын бір адамдай асқақ басқан жауынгерлер «міне, бізді көрдіңіз
бе!» дегендей, бастарын тағы да шалқайта ұстайды.
Панфилов жымиды. Кішірек көзінен күнге қақтағандай ұсақ
әжімді жүзіне нұр шуағы төгілді. Үзеңгіге аяқ тірей көтерілген
ол:
– Жақсы жүріп келесіздер! Қызметтеріңіз үшін рахмет, жол-
дастар! – деп дауыстады.
– Совет Одағына қызмет етеміз!
Батальон саңқ-саңқ ете түскенде үріккен ат бір жағына қарай
жалт бұрылды. Панфилов еріксізден тізгінге жармасып, бас шай-
қады да, күліп жіберді.
Осы кезде мен де әлгі сөздерді жауынгерлермен қоса дауыста-
дым. Бұл менің генералға ғана қайтарған жауабым емес-тін. Егер
әлдекім естіртіп немесе іштей: «Неліктен осынша қаталсың?»
деп сұрай қалса, мен кез келген жауынгерге, әрбір командирге,
өзімнің жеке арыма дәл осылайша мақтанышпен: «Совет Одағы-
на қызмет етемін!» деп жауап қайтарар едім.
Біз уақытында оралдық.
Мен айналама төртбұрыштанып тізілген роталарды көзбен
шоламын. Қуаңқы тартып, өңдері қарайып, артық салмақтан
арылған қызыләскерлер пилоткаларына тер сіңіп, ауыр бәтеңке-
85
«Нашар, жолдас Момышұлы!»
лері шаң қауып, винтовкаларын төмен түсірген күйде тұр. Әбден
қажыған: аяқтары да ду-ду ететіні анық. Бұлардың қазіргі тілек-
тері біреу ғана – жата кету, бірақ бәрі де зор төзіммен команда
күтеді; бұрынғыдай, шалдарға ұқсап мылтыққа сүйене кету жоқ,
командирмен көзі түйіссе, кеуделерін кере ұстайды.
Бұлар анау алғашқыда қалпақпен, пиджак немесе мәйкешең
келіп тізіле қалғандар емес; жаңадан сарбазша киініп, жол жаб-
дығын олақ асынып, таң бозында бірінші үлкен жорыққа шыққан
оралымсыз топ та емес, – енді әскери сынақты тұңғыш рет абы-
роймен өткерген нағыз солдаттар еді.
«Нашар, жолдас Момышұлы!»
1
Өзімізді ұрыстарға қалай әзірлегеніміз, батальонға генерал
Панфиловтың қалай келгені, жауынгерлермен әңгімелескені, со-
лар мен маған «Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады» деп қайта-
лағаны жөнінде бірталай жәйтті баяндағым келер еді.
Бірақ... бұның бәрін аттап өтейік.
Ақыр аяғында қолымызға винтовка алғызып, солдат «кәсібін»
оқып-үйреніп, сарбаздың командир алдында тік тұрып, оған қар-
сы шықпай, мүлтіксіз бағынуының нәтижесін паш ететін сын-
дарлы сәт те жетті. Бізге «шайқас» деп аталатын алапат та келді.
Мәскеу түбіне тақалып, Волоколам іргесінде бекініс құрдық.
Бұл шепке қазанның он үші күні қарсыласымыз – шалғай батыста
біздің майданды бұзып өтіп, немістер өздері «найзағай отындай»
соңғы ұрысымыз деп ойлап, Москваға ышқына ұмтылған мотор-
лы техникасы сақадай-сай, әбжіл де басбұзар армия тақалды.
Дәл сол күні, барлаушылар немістер іргеге жетті деп баяндай-
тын он үшінде, батальонға, өзіңіз білетіндей, генерал Панфилов
келген.
Екі стакан қою шай ішіп алғаннан кейін Панфилов сағатына
қарады да:
– Рахмет, жолдас Момышұлы. Қандым. Енді шепке барайық,
– деді.
Волоколамск тас жолы
86
Шықтық. Сонадай жерде, орман шетінде генералды маши-
на күтіп тұрды. Артқы дөңгелектерін шынжырмен шандып та-
стаған; болат тізбектерінің арасына тығыздалып, қарақошқыл
қар кептеліп қалыпты.
Айнала төңіректің бәрі аппақ қар. Шанамен ғана жүретін күн-
дер жетіпті. Аздаған шыңылтыр аяз бар. Бұлт торлаған аспанда
күннің қай тұста екенін аңғартатын оймақтай саңылау да қалмап-
ты; көкжиектен сарғыш рең қылауытады.
Бес минутта екінші ротаға жеттік.
Траншеяларға жеп-жеңіл секіріп түскен Панфилов төсеме-
лердің астына бас сұғып байқап, ойықтан алыс кеңістікке көз
тігіп, ату секторларын тексерді; атуға ыңғайлы ма деп винтов-
каларды кезеніп көрді; жауынгерлерге: «Тамақтарың тоқ па?»,
«Темекілерің жеткілікті ме?» деген әдеттегі сұрақтарын қойды.
Жауап берушілер оған біртүрлі еміне қарайды.
Окоптар арасында барлаушылар әкелген «алдымызда неміс
бар» деген хабар желдей есті. Панфилов әңгіме айтты, әзілдеді,
бірақ жауынгерлердің көздерінде әлдебір үміт оты ұшқындайды:
генералдың аузынан, әне-міне, жау күшінен сескенбейтіндей,
шайқаста демеу боларлықтай айрықша құдіретті сөз шығып қала
ма деп елегзиді.
Бірнеше окопты аралаған Панфилов әлі суы қата қоймай, қа-
рауытып жатқан Руза өзенін жағалап үн-түнсіз келе жатты. Ойға
батқан сәтіндегі әдетінше жерге шұқшияды.
Генералға қарай, ұқыпты қидырған ақшулан самай шашын
жапқан бас киімін жүре түзетіп, рота командирі Севрюков жү-
гіре жетті. Оның соңын ала үш-төрт қадам ара-қашықтық ұстап,
бірнеше қызыләскер шұбырып жүр.
Панфилов рапортты тыңдап болған соң:
– Мына нөкерлеріңіз кімдер? – деп сұрады.
– Менің байланысшыларым, жолдас генерал.
– Сонда қайда барсаңыз да соңыңыздан жүгіріп жүре ме?
– Енді қалай, жолдас генерал, төтенше бір жағдайлар бола
қалса...
– Жөн, өте жөн. Сіздің окоптарыңыз да, жолдас Севрюков,
тәуір жасақталған.
87
«Нашар, жолдас Момышұлы!»
Бұрынғы бас бухгалтердің егде тартқан жүзі насаттанғаннан
нарттай қызарып кетті.
– Мен былай долбарлап едім, жолдас генерал, – деп ойлана
тіл қатты ол, – кенеттен сіздің ротаны жинап әңгімелескіңіз келуі
мүмкін ғой. Ал хабаршыларым тура жанымда. Бұлар нағыз жела-
яқ, жолдас генерал. Бұйырсаңыз болды, жолдас генерал, жиырма
минутте рота осы жерде тұрады.
Панфилов сағатын алып қарап, бір сәт ойланды.
– Жиырма минутте дейсіз бе? Дәл осында ма?
– Иә, жолдас генерал.
– Жақсы, өте жақсы... Ал айтыңызшы, жолдас Севрюков, сіз
ротаны ана жақта неше минутте топтастыра алар едіңіз?
Панфилов кілт бұрылып, Рузаның арғы жағасын нұсқады.
– Анда ма? – деп қайталап сұрады Севрюков.
– Иә.
Севрюков генералдың сұқ саусағына қарап, одан саусақтан
басталатын желі қайда тірелуі мүмкін деген тұсқа көз жүгіртті.
Іңір түсе қоймаған мезгіл еді, қолдың арғы жағадағы орманды
нұсқап тұрғаны анық көрінді.
Дегенмен, Севрюков тағы сұрады:
– Ана жағаға ма?
– Иә, иә, сол жағаға, жолдас Севрюков.
Севрюков қарауытқан суға қарап, одан жағадағы дөң та-
сасынан бір жарым шақырым жерде көрінбей тұрған көпір
жаққа көз тігіп, қалтасынан қол орамалын алып, қолапайсыздау
сіңбірінді де, қайтадан су бетіне тесілді.
Панфилов үндемей, жауап күтіп тұр.
– Білмедім, енді... Аяқ өткелді кешіп өтеміз бе, жолдас гене-
рал? Оның орта тұсы белуардан асады. Жұртты шылқылдаған су
қыламын ғой, жолдас генерал.
– Жоқ, суға түсіріп керегі не? Жаз емес қой... Одан да ретін
тауып құрғақ күйімізде соғысайық та. Сонымен, жолдас Севрю-
ков, неше минутте жинай аласыз?
– Білмеймін... Бұл минуттардың шаруасы емес, жолдас гене-
рал.
Панфилов маған қарай бұрылды.
– Нашар, жолдас Момышұлы! – деді ол нақпа-нақ.
Волоколамск тас жолы
88
Өмірде бірінші рет Панфилов маған «нашар» деді. Мұндай
жағдай бұрын болмаған еді, бұл ахуал кейін Москва түбіндегі
шайқастар кезінде де кездескен емес.
– Нашар, – деп қайталады ол. – Шағын көпірлер неге дай-
ындалмаған? Салдар мен қайықтар қайда? Сіздер жер астына
тығылып, ойдағыдай-ақ бекініп алыпсыздар. Енді немістің қай
кезде соғатынын күтіп отырсыздар. Бұларыңыз, енді, жарамай-
ды. Ал егер қарсы соққы беру тиімді болып шықса қайтесіздер?
Өздеріңізге бірінші болып ұрып жіберудің сәті туындап қалса не
істемексіздер? Мұндайға даярсыздар ма? Дұшпан қазір әбден ба-
сынып, есірініп алған, осыны ұтқыр пайдалану керек. Сіздерде
бұл ойластырылмаған, жолдас Момышұлы.
Ол бұл жолы әдеттегі жұмсақтығы былай қалып, шымбайға
батырып, қатты айтты. Оның сөгісін бетімнен отым шыға, тік
тұрып тыңдадым.
2
Генерал тағы да Севрюковқа бұрылған:
– Демек, жолдас Севрюков, арғы жағаға тез шыға алмаймын
дейсіз бе? Оныңыз жарамады! Осы төңіректе ойланып көріңіз.
Ал шепті бір қапталдан қайтадан құруға қанша уақыт жібересіз?
– Бір қапталдан дейсіз бе? Шепті қай қанаттан құрамыз, жол-
дас генерал?
Панфилов батальонның басқару пункті жасырынған орман
шетін нұсқады; біз мұнда сол жерден әлгінде ғана ақ қардың
бетін айғыздап машинамен келген едік, ізіміз қазіргі елең-алаңда
көрінбей де қалыпты.
– Міне, сіздің шебіңіз, жолдас Севрюков: орман мен өзен
жағасының аралығы. Міндетіңіз – батальонды бір бүйірден
қорғау.
Севрюков ойланды да:
– Он бес-жиырма минутте үлгеремін, жолдас генерал, – деді.
Панфилов шұғыл серпілген:
– Ойдан шығарып тұрған жоқсыз ба? Кәне-кәне... Кірісіңіз,
жолдас Севрюков.
Севрюков қолын шекесіне апарып, кілт бұрылды да, асықпай,
байланысшыларына қарай беттеді. Ол төңіректі жарты минуттей
үнсіз шолды. Мен оған: «Неге ібілжіп тұрсың? Шираңқырасай-
89
«Нашар, жолдас Момышұлы!»
шы! Бол, бол!» деп ымдаймын. Кенет құлағыма қырылдаңқы-
раған сыбыр естілді:
– Жарады, ойланып тұр!
Панфилов осыны айтып, күлімсіреді. Жүзі жадырады. Енді
Севрюковтың әрекетіне қызыға қарап тұр.
Ал Севрюков бұл кезде байланысшыларына бағдар көрсетуге
кірісіпті. Біз оның:
– Пулемет взводы артқы жақтан қорғайды, одан кейін ең
соңынан шегінеді... Муратов, жүгір! – деген сөзі естілді.
Панфилов еріксізден бас изейді. Қазір оған қырық жастағы
лейтенанттың, Алматы темекі фабрикасының бұрынғы бас бух-
галтерінің ұнағаны анық еді.
Ал денесі тығыншықтай, аласа бойлы татар жігіті Муратов бұл
кезде өзен жағасымен етігінің табанымен қар лақтырып, құстай
ұшып бара жатты. Орманға қарай соғысқа дейін педагогикалық
техникум студенті болған ұзын бойлы Белвицкий жүгіре жөнел-
ген. Бір кезде ол генерал межелеген шеп тұсына барып серейіп
тұра қалды. Менің басымда: «Қателесті-ау! Оқ атылып жатқан
кезде бұлай тұра алмайсың ғой!» деген ой жылт етті. Севрю-
ков та оған жаналаса қол сермеп, тезірек бұқ деп белгі береді.
Белвицкий түсінер емес. Тек Севрюков өзі бүгіліп отыра қалған-
да ғана барып санасына жетті.
Ақырында қоюланған ымырт құшағынан жүгіре шыққан
алғашқы тізбек көрінді-ау. Мен пулемет салмағымен бүкшие ем-
пелеңдеген Қалимолдинның алып тұлғасын таныдым; ол соның
өзінде өңкиіп, басқалардан биік көрінеді.
Пулемет взводы жата қалды.
Көлденең ұстаған винтовкалары алакөбең сәтте мына жерден
әшейін таяқша сияқтанған атқыштар солардың тұсынан орманға
қарай заулап өтті. Міне, олар да қарға күмп-күмп құлады – аппақ
алаңқайда жаңа қорғаныс шебінің үзік-үзік қара таңбалары пай-
да болды.
Панфиловтың қолына ұстап, анда-санда қарап қойып тұрған
сағатының тілі менің ішімде сыртылдап тұрғандай сезінемін. Әр-
бір соққысы: «Жақсы, жақсы, жақсы!» дейтіндей. Сіз мені түсі-
нетін шығарсыз? Бұл менің батальоным ғой, барлық білгенімді
сарп етіп осыған салған өз туындым; устав бойынша «бұл – мен-
Волоколамск тас жолы
90
мін» дейтін бөлімім. Кенеттен тағы да ойладым: «Жазық алаңда
гүрсілдеп снаряд пен мина жарылып, оқ зулаған атыс кезінде дәл
осылай маневр жасай аламыз ба? Сол кезде әлдебіреу: «Қорша-
уда қалдық!» деп ойбай салып, орманға қарай қаша жөнелсе не
болады? Оның соңынан басқалары дүрліге ілессе ше? Жоқ, жоқ!
Ондай адамды командирлер табан астында жоқ қылады, жауын-
герлердің өзі-ақ атып тастайды! Ал сағат, әлде жүрегім бе екен:
«Сенімдісің бе осыған? Сенімдісің бе осыған?» деп дүк-дүк
етеді. Тісім шықырлап: «Сенімдімін, сенімдімін, сенімдімін!»
деп жауап қаттым.
Жанымыздан жүгіріп өткен жауынгерлер сонадай жерге жата
кетіп, бірден қол күректерін іске қосып, алдыларынан қар тө-
бешігін үйіп үлгерді. Севрюковтің желаяқтары да оралған.
Бұл кезде күлгін түске малынған дала төсінде Қалимолдин-
ның зор тұлғасы тағы көрінді; ауыр пулеметін жалпақ иығына
тастай салыпты. Қайта түзілген ротаны аяқ тұсынан қорғаған пу-
лемет взводы кейін шегініп келіп, қатардан орын алды. Енді арт-
та қалып қойған біреу қалбалақтап жүгіре жеткен. Оны Севрю-
ков көзбен бағып тұр. Оның да қарға етпеттей құлауынан кейін
Севрюков Панфиловқа тақалды:
– Жолдас генерал! Сіздің бұйрығыңызға сәйкес рота қаптал-
дан қайта құрылды. Сіз нұсқаған қорғаныс шебі алынды.
Панфилов көзін сығырайтып, сағатына қарайды.
– Тамаша! – деді ол масаттанып. – Он сегіз жарым минут. Өте
жақсы, жолдас Севрюков! Өте жақсы, жолдас Момышұлы! Енді
жауынгерлерге рахмет айтпайынша кетпеймін. Мынадай сарбаз-
дармен немісті соға алмасақ, онда түкке жарамағанымыз ғой! Бұ-
дан артық бізге қандай әскер қажет? Кәне, ротаны шақырыңыз,
жолдас Севрюков.
Жаушылар және жөнеді, көп ұзамай-ақ взвод-взодымен сап тү-
зеген рота жүгіре басып, генералдың айналасына тізілді. Севрю-
ков сапты түзеп, «смирно!» деп команда берді де, генералға
мәлімдеді. Қоюланған қараңғыда жұрттың жүзі көрінбегенімен,
саптың кескіні айқын байқалып тұр еді.
Панфилов ел алдында сөйлеуді ұната қоймайтын, ол әдетте
жауынгерлерді маңайына жиып алып пікірлесуді қалайтын, алай-
91
«Нашар, жолдас Момышұлы!»
да ол бұл жолы ротаға сөз арнады, – рас, өте қысқа, небәрі екі-үш
минуттік лебізін білдірді.
Қуанышын жасыра алмаған ол, жауынгерлерді бірден мақта-
ды. – Сіздерге қарт солдат ретінде айтайын, жолдастар, – деді ол
жай ғана, – мұндай жауынгерлермен генералға ештеңе де қорқы-
нышты емес.
Қараңғыда жүзі көрінбегенімен, дауысы арқылы оның алабұр-
тып, күлімдеп тұрғанын аңғаруға болар еді. Сәл бөгеліп, ол құд-
ды өз-өзінен сұрағандай:
– Жауынгер дегеніміз кім? Жауынгер елдің бәріне бағы-
нышты, әрбір командирдің алдында тік тұрады, бұйрықты орын-
дайды. Бұрын оны төменгі дәрежедегі адам деп атайтын еді. Бірақ
жауынгерсіз бұйрықтың қаншалықты құны бар? Бұл – әшейін
ой, ақылдың ойыны, арман. Ең үздік, ең дана бұйрықтың өзі жа-
уынгер лайықты даярланбаған болса, құр қиял, нәтижесіз ниет
түрінде қалады. Армияның соғысқа дайындығы, жолдастар, бұл
– ең алдымен солдаттың жауынгерлік әзірлігі. Жауынгер соғыста
– шешуші күш.
Сарбаздардың Панфиловтың сөзін соншама ықыласпен
тыңдағанын сезіп тұрмын.
– Роталар әрқашан дәл қазіргі сіздердей әрекет етіп, бұй-
рықты сіздердей орындаса, онда... немістер Москваға маңайлай
да алмайды. Үздік әскери дайындықтарыңыз үшін рахмет, жол-
дастар! Қызметтеріңіз үшін рахмет!
Кең дала жаңғырығып кетті:
– Совет Одағына қызмет етеміз!
Бұдан соң тағы да тыныштық орнаған.
– Рахмет, жолдас Севрюков, – деді генерал рота командирінің
қолын қысып. – Мұндай қырандармен мен де қыранмын.
Жым-жырт сәтте мұны бәрі де естіді. Және дауыс арқылы Пан-
филовтың шаттығын аңғаруға болатын-ды. Ал жауынгерлер ше?
Олар қуанды ма? Кейде жадыраған көңіл-күйі тас қараңғыда, өлі
тыныштық сәтінде де айқын аңдалып тұратын кездер кездеседі,
алайда менің сәтсіздігім, жанымды қинаған азабым – кеше сөгіс
алғаннан кейін жауынгерлермен арадағы ғажайып тұтастықты
сезіне алмауымда-тын, бұрын өзіме талай мәрте бақыт, марапат
болып оралып тұратын бұл сезім жөнінде сізге айтқанмын.
Волоколамск тас жолы
92
Маған жұрттың жүзі көрінбеді. Мүмкін олар жымиып тұрған
шығар, бәлкім, әлі де болса торығып, ұрыста жәрдемге келетін
айрықша сөздің айтылып кеткенін ұғынбастан, әлі де болса ге-
нералдың аузынан шығатын қасиетті бір уәждің шығуын күтіп,
түнеріп тұр ма екен.
Ротаның тынысын ести алмадым, олардың түрін көріп тұрған
жоқпын. Бұл да әлдебір үлкен қателік үшін сонау сөгіспен қатар
жіберілген жаза емес пе. Сонда қай жерден жаңылыстық?
Мен генералдың кешегі ауыр сөздерін санадан өткіздім. «Он-
дай ойдың ұшқыны да байқалмайды» – деді ол жауға соққы
беретін тұсты көрсеткіш жебе арқылы нұсқап. Ой! Иә, мен аса
тиянақтамаған, жете пысықтамаған бір түйткіл бар сияқты. Ми-
наланған алаңдар мен өткел жабдықтары жағынан ғана емес, жа-
уынгерлердің жан-жүрегіне үңілу тұрғысынан да. Бірақ нақты не
ол? Ех, жеңіс, шайқастағы жеңіс – міне, сол екен ғой бізге керегі!
Мен генералды машинаға дейін шығарып салдым.
– Барлауды мұқият жүргізіңіз, – деді ол, тепкішке аяқ салып
тұрып. – Жұртты алдыға қарай жиі жіберіңіз. Ылғи, бүкшиіп,
шұңқырда отыра берудің қажеті жоқ, ұрыс алдында немісті көз-
бе-көз көрсін.
Ол қоштасарда қолымды ұстап тұрып, сөзін жалғастырды:
– Батальонға тағы не жетіспейтінін білесіз бе, жолдас Мо-
мышұлы? Немістерді бір рет жақсылап соғып алу керек!
Мен селт еттім. Бұл менің де көкейімді тескен тілек еді.
– Сонда, жолдас Момышұлы, батальон емес – жоқ, бұл нағыз
болатқа айналады! Болат дегеннің не екенін білесіз бе? Тас тілетін
құрыш, ондай өткір болаттың жүзін дүниеде еш нәрсе жасыта ал-
майды! Ұқтыңыз ба мені?
– Ұқтым, ақсақал.
Осы сөздің аузымнан қалай шығып кеткенін өзім де аңдамай
қалыппын. Біз, қазақтардың әулеттегі үлкенге, әкеге қайрылаты-
нындай, Бозжанов мені осылай атайтын еді, мен де Панфиловты
солай атадым.
Ол қолымды қатты қысты.
– Оңтайлы сәтті күтіп отырмаңыз, қайта оны өзіңіз іздеңіз.
Ыңғайға келсе – соғыңыз! Күш салмағын екшеп алыңыз да,
ұрыңыз! Осыны ой елегінен өткізіңіз, жолдас Момышұлы.
93
«Нашар, жолдас Момышұлы!»
Мені алакөбеңде анығырақ көргісі келіп, жақындай түсті де,
қайтадан сұрады:
– Ұқтыңыз ба мені?
– Иә, жолдас генерал.
Панфилов менің қолымды қазақша – қос қолдап ұстады. Бұл
көл-көсір мейірім белгісі еді.
Есігі сарт етіп жабылды. Шамдарының жартылай жарығын
қосқан машина қар басқан дала жонын қақ тіліп, жөнеп берді.
Мен генералдың соңынан көз алмай қарап, ұзақ тұрдым.
3
Түнде кесте жасадық.
Оны Рахимов өзіне тән бейімділігімен қағаз бетіне түсірді.
Таң сәріде әр атқыштар ротасынан алынған үш бөлімше түрлі
жолдармен барлауға аттанды. Одан соң кесте бойынша әрбір екі
сағат сайын бөлімшелер бірінен кейін бірі өзеннің арғы жағасы-
на, немістер тақалып келе жатқан ішкеріге қарай жөнелді. Жа-
уынгерлердің алдына қойылған міндет: байқау. Әзірге сол ғана.
Ақырын ғана аңдап, одан соң тірідей немісті көріп, қайта оралу.
Мен сарбаздарымның бізге қарсы шапқандар қабыршағы
тастай құйрықты дию да, су перісі де, аузынан жалынан атқан
айдаһар да емес, кәдімгі пенде баласы екеніне көз жеткізсе деп
ойлап едім. Азғындаған, қарақшылық пиғылдағы адамдар, бірақ
өзіміз секілді ет пен сүйектен жаратылғандықтан, найза мен оқ
өтеді – өлтіруге әбден болады.
Жауынгерлер жымып басып, орман жағалап, деревняларға
жылжып жетіп, колхозшыларға дыбыс беріп, немістердің қайда
екенін, олардың саны қанша екенін білді. Сөйтіп, сұрастырып
байқап, жаудың сұрқын көру үшін жасырынып, жақын барды.
Әрине, мұндайдың алғашқыда қорқыныштылау болатыны рас,
дегенмен сарбаздар тақалды. Алға ұмтылды! Бұта-бұтаның,
тоқыма шарбақтың, шұңқыр мен орылған аңыз табаны, бақша
арасымен бұғып барып, бізді жоймаққа келген дұшпанның ке-
скінін бақылап көрді.
Осылайша бөлімшеден кейін бөлімше біртіндеп оралған. Қы-
зыләскерлер немістердің село аралап жүргендерін, жуынғанда-
рын, тамақ ішкендерін, тауық атқандарын, күліп, өз тілдерінде
әлдене деп даңғырлап сөйлескендерін қосарласа баяндайды.
Волоколамск тас жолы
94
Рахимов бөлімше командирлерінен дұшпанның саны мен қа-
руының жайын, олардың қай жаққа бет алып бара жатқандарын
сұрап біліп, бәрін мұқият жазып алып отыр. Мен де сол мәлімет-
терге құлақ түріп, барлаушылардың жүздеріне үңіліп, батальон-
ның «жүрек қағысын» аңдауға тырысамын. Көпшілігі көңілді
қайтты, бірақ кейбіреуінің көзі әлі мұңлы, бұл – үрейден арыла
қоймағандықтың белгісі-тін.
Курбатов бастаған бөлімше айрықша шат.
Шалт түрде қолын шекесіне апарып, өкшесін сақ еткізген
Курбатов маған қара көздері күлімдей қарап:
– Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас комбат. Сіздің бұйрығыңыз
орындалған жоқ, – деді.
– Ол қалайша?
– Сіз атпа деп бұйырып едіңіз, мен өз қолыма ие бола алмай
қалдым. Екі рет оқ аттым... Жауынгер Гаркуша да сөйтті.
– Содан не болды?
– Екеуін сұлатып салдым, жолдас комбат... Шыдай алмай кет-
тім –
әлгілер бір әйелдің торайын тартып алып жатыр екен... Әйел
немістердің бірімен жағаласа кетті де, жерге құлаған күйі бажыл-
дап жатыр. Ал анау оны етікпен беттен тепті. Жүрегім шыдамай,
жата қалдым да, шүріппені басып-басып жібердім. Жауынгер
Гаркуша да сөйтті. Олар бізге солай соқтықты...
Сонау алғашқы жорықта гранат сөмкесімен әбігерге түсетін
сарбаз Гаркуша арасында сөз қосып қалады:
– Ал менің тағы бір себебім болды, жолдас комбат.
– Қандай?
Гаркуша жолдастарына қарады да, көзін қысты:
– Біз сияқтылар қолмен сипап көрмесе, көзбен көргенге сене
қоймайды ғой.
– Қалай екен? Сипап көрдің бе? Оқ өте ме оларға?
– Бұл, жолдас комбат, аздық етеді! Мен басқаша сипалауды
қалар едім.
Сөйтті де Гаркуша қағазға жазуға келмейтін бір тұздық сөзді
сықпыртып жіберді.
Жанымыздағылар ду күлді. Мен айтылған әңгімені қызыға
тыңдап тұрмын.
95
«Нашар, жолдас Момышұлы!»
Бір кезде менің қасыма пулеметшілер келді: байсалды Блоха,
Қалимолдин, Мурин.
– Жолдас комбат, сөз айтуға рұқсат етіңіз, – деді Блоха.
Мен рұқсат еттім. Блоха шынтағымен Қалимолдинді түртіп
қалды. Мурин оны арқасынан нұқиды. Беті жылтыраған еңсегей
бойлы қараторы қазақ именіңкіреп:
– Жолдас комбат... – дейді.
– Не айтпақшысың?
– Жолдас комбат, сіз бізге ренжіп жүрген жоқсыз ба?
– Ренжіп жүрген жоқпын.
– Ендеше, жолдас комбат, жұрттың бәрі немісті көруге бара-
ды да, пулеметшілер бармайтындай не жазды? Елдің бәрі көріпті,
біз көре алмадық. Жауынгер Гаркуша атыпты, біз атпадық.
– Сендерді пулеметпен қалай жібермекпін? Пулемет осында
болуы керек.
– Ал біз, жолас комбат, тіпті азырақ қана... Көре салып қайта
жүгіріп келер едік...
Мурин де қосарласа кетті:
– Жолдас комбат, біз түнделетіп барып қайтамыз. Түнде бар-
сақ та байқаймыз ғой. Бірдеңеге өрт қойсақ, немістер ытқып
шықпай ма. Одан соң, жолдас комбат, тым құрыса бір-бір оқса-
уыттан оқ атуға рұқсат етіңізші.
Иә, бүгін батальонға әлдебір өзгеріс ене бастағаны анық бай-
қалды.
Мурин қызық адам еді. Оның батальон божыраған шақта
бірінші болып жүнжігенін, ал елдің бәрі рухтанған сәтте ең ал-
дымен шиыршық атып шыға келетінін әлденеше мәрте аңғарып-
пын. Батальонның бедер салатын жауынгерлік тісі әрдайым осы
адамның бойында қайралып жататындай-тын – біресе кетіледі,
біресе жетіледі. Білетінмін: бұл тіс әзірге дүниедегі сонау ешкім
жасыта алмайтын болаттың жүзі емес-ті.
Болат жөнінде, өзіңіз білетіндей, маған Панфилов айтқан еді.
Оның бізге берген нұсқауының мәніне терең үңіліп, жауынгер-
лерге де соншалықты зерделей қарап, барлаушылардың хабарла-
масы мен әрбір сөз ырғағына жіті құлақ түре келе менің көкейім-
де жүрген бір ой айқындала бастады.
Мен пулеметшілерге:
Волоколамск тас жолы
96
– Жақсы, Қалимолдин. Уайымдама; ертең сендерге де жұмыс
табылады, – дедім.
Бізбен тартысып көріңдер!
1
Ол ой мынау еді.
Алдымызда, сонау, қазанның он үші күні штаб бастығы Рахи-
мов атты взводпен барып немістер жүргенін анықтаған жиырма
километрдей жерде Середа деген үлкен село бар. Сол қоныстан
Волоколамск, Калинин және Можайск бағытына бірнеше жол
тармақталады.
Біз барлаудан қайтқан жауынгерлер мен командирлердің ха-
барламаларын салыстыра келе, немістерден қашқан тұрғындар-
дан сұрастыра жүріп, Середада жаудың өзіндік тасымал пункті
тұрғанын білдік. Онда азық-түлік, оқ-дәрі және жанармай қой-
малары орналастырылыпты, олай-бұлай өтіп бара жатқан неміс
бөлімдері сол жерде түнеп, одан солтүстікке қарай – Калининге
және оңтүстікке – екі бүйірден біздің қорғаныс шебімізді орап,
Можайскіге апаратын жолға шығатын көрінеді.
Ой келді: немістердің шабуылын күтіп отырғанша сол пунктті
өзіміз соқсақ қайтеді? Середаны түнделетіп барып бас салмай-
мыз ба?
Алайда Панфилов: «Күш салмағын екшеп алып барып
ұрыңыз!» деп еді.
Мен Рахимов бастаған бір топ адамды барлауға аттандырдым.
Отыз екі жастағы қазақ Рахимов спортшы, әрі саяхатшылыққа
әуес жігіт еді. Оның Қазақ елінде альпинист ретінде біршама
танымал екенін бұрын бір айттым-ау деймін. Ол өте жүрдек
еді, сонымен бірге асықпай да аяңдай білетін. Мейлінше сал-
мақтылығымен, сондай-ақ тапсырманы орындаудағы керемет
тиянақтылығымен ерекшеленетін оның соғыста таптырмайтын
тағы бір қасиеті – жер болжағыштығы еді. Тіпті тастай қараңғы
түнде жыртқыш аңдай қырағы деп таңырқайтынбыз.
Рахимовтың оралуын тықырши күттім. Қазанның он төрті
күні кешкісін кеткеннен одан түні бойы және таңертең де еш
97
Бізбен тартысып көріңдер!
хабар болмады. Ақыры түске қарай келді-ау. Иә, бәрі рас екен:
Середада тасымал пункті бар екен. Күзеті нашар. Тәрізі, немі-
стер өздеріне ешкімнің батылы жетіп соқтыға алмайтынына бек
сенімді секілді.
Мен дәл сол күні-ақ шабуыл жасауға шешім қабылдадым.
Кешке қарай әрбір бөлімшеден бір, екі сарбаздан алып, жүз
адамдық отряд құрдық. Ең үздік, ең батыл, ең төзімді, ең адал де-
ген жігіттер таңдалып алынды. Шабуылға қатысу – жауынгерге
бұйырған бақыт деп есептелді.
Қойылған міндет: шырттай қараңғы түнде Середаға үш тұстан
тарпа бас салып, немістерді шаншып атып өлтіру, қоймаларды
өртеу, тұтқындарды қолға түсіру, егер уақыт жетсе, Середаға
апаратын және Середадан шығатын жолдарды миналау. Селоны
ұстап тұрудың қажеті жоқ, таң ата батальонға қайтып оралу.
Полк командирі мақұлдады, бірақ өзіме отрядпен бірге баруға
рұқсат бермеді. Отряд командирлігіне Рахимовты, саяси жетек-
шілікке Бозжановты тағайындадым.
Кешке қарай, ымырт қараңғысында жүз жауынгер орман
шетіндегі штаб блиндажының қасында сапқа тұрды. Ұзын-
ды-қысқалы малақайлылардың арасынан Қалимолдинның бойы
сорая көрінеді, оның қатарындағы төртбақ денелі Блоханы таны-
дым. Мен уәдемде тұрдым: қаруларын екі аяқ арбаға артқан пу-
леметшілер де түнгі жорыққа аттанатын болды.
Мен бұл жолы да ешкімнің бет-жүзін көре алмадым, бірақ
қараңғыда денемнен ток жүгіріп өткендей болады. Жүйкем
тітіркеніп, сарбаздардың да дәл менше тынышы кетіп, қатты
қобалжып тұрғанын сезіп тұрмын. Бұл қалтырау үрейден емес,
құмарлық билеуден еді, бұл – шайқас алдындағы ширығу-тын.
Қазақтың ежелгі сөз мәтелі есіме түседі. Өз сөзімді содан баста-
дым:
– «Қанды басың бері тарт!» дегендей, жау сен оның қанының
дәмін татқаныңша ғана қорқынышты. Аттаныңдар, жолдастар,
немістің неден жаратылғанын байқап көріңдер. Ол сендердің
оқтарыңнан қанға боялар ма екен? Найзаңды қадағаныңда жан
дауысы шығар ма екен? Дем жетпей омақаса құлағанда аузымен
жер қабар ма екен? Қапсын, көмейіне топырақ құйыңдар! Гене-
Волоколамск тас жолы
98
рал Панфилов сендерді «қырандарым» деп еді. Жөнеліңдер, қы-
рандар!
Рахимов сарбаздарды бастап жолға шықты. Қараңғылық құ-
шағына сіңіп бара жатқан лектің соңынан қарап тұрмын. Қасыма
Заев келді.
– Мені неге жібермедіңіз, жолдас аға лейтенант? – деп күңк
етті ол.
– Менің өзімді де жібермеді, Заев.
Сол кеште біз екеуміз жорыққа аттанғандарға қызғана қа-
рағандай едік.
Он бесінен он алтысына қараған түн басталды – біздің алғашқы
шайқасымыздың түні.
2
Түнімен көз іле алмадым. Блиндажда да байыздап отыруым
мүмкін болмады. Орманға қарай шығып, жолмен де, жолсызбен
де ерсілі-қарсылы адымдап, жауынгерлер аттанған батыс жаққа
қарағыштаймын, сол жиырма шақырым жерден мылтық даусы
немесе айғай естіліп қалатындай елегзимін.
Күндіз оңтүстіктен гүрс-гүрс атылған зеңбірек үні жетіп еді.
Біз сол күні немістердің танк колонналары дивизияның сол жақ
қанатын орай, Москваға қарай өршелене ұмтылғанын, сол «Бу-
лычево» совхозының іргесінде (бұл атауды жазып қойыңыз: күн-
дердің күнінде осы елдімекеннің аты біздің дивизияның болашақ
клуб-сарайындағы мраморда алтын әріптермен жарқырап тұра-
тын болады) панфиловшылардың шайқасқа кіріскенін әзірге біле
қоймайтын едік.
Түнде ол жақ та тынши қалды.
Қар бетінде қарауытқан штаб блиндажының қасат жолы жи-
егінде сақшы тұр. Ол да елеңдеп, мен қараған жаққа қарайды.
Бүкіл батальон жүз қыранның шайқасқа кеткенін білетін. Бүкіл
батальон немістермен алғашқы ұрыс қалай аяқталар екен деп
тықыршиды.
Арагідік сағатымды алып қараймын. Оның жылтыраған тілі:
үш, үш жарым, төртті көрсетті... Айнала көзге түрткісіз қараңғы;
елеңдеген құлаққа өлі тыныштықтан өзге ештеңе естілмейді.
Кенет көк жүзінде әлдене жылт ете түсті. Жоқ, елес екен... Одан
соң білінер-білінбес әлсіз жолақ тағы пайда болды. Бұл не? Таң
99
Бізбен тартысып көріңдер!
атып келе ме? Бірақ о жақтан күн көтерілуші ме еді? Жай көрініс
болар... Аспан қайта түнерді. Шұғыла жыпық етіп, тағы сөнді.
Және шықты... Енді ол көз алдынан кетпей бір ұлғайып, бір та-
рылып, жылтылдауға көшкен... Өзі қызғылт түске боялғандай...
Дуаланған кісіше аңыра қараймын. Әлдекім алапат демімен үр-
леп тұрғандай, түнгі аспанды бүлкілдеген нұрлы шапақ кеуледі.
Сақшы шаттанып:
– Біздің жігіттер өртеп жатыр оларды! Қырып жатыр! – деді.
Мен оған жауап қайтарғым келіп еді, шамам келмеді. Қуа-
ныштан демім бітіп, жүрегімді лүпілдеткен сонау шұғыла қан-
мен бірге тұла бойыма жайылғандай. Сол сәтте алғаш рет жауды
жайратудың ғаламат қуанышын сезіндім.
3
Отряд таңертеңіне оралды.
Алда жан-жағы кілеммен қаптаулы кең шанаға жеккен үш ат
жүйткіп келеді. Бұл аттарды полкте көрген емеспін, мұны Сере-
дада немістерден тартып алған болып тұр. Шананың артына жуан
арқанмен пулеметі бар кебежелі екі мотоцикл тіркеліпті. Бұлар да
олжа дүниелер еді. Мотоцикл ершіктері мен жүк салғыш орын-
дарға, тіркеулі кебежеге менің қыләскерлерім жайғасып алыпты.
Бастағы үш аттың соңынан өзгелері де шауып келеді. Жаяу
кеткен жауынгерлер енді көлікпен ызғытып жүр.
Алыстағы да, жақындағы окоптардан сарбаздар ытқып шығып
жатыр. Жолдастарын қуана қарсы алған олар өзге де олжамен
оралған отрядтың қолына түскен тұтқын немістің тұрпатына
аңтарыла, таңырқай қарасады. Көк-жасыл мундир, көк-жасыл
пилотка киген ол жұтқыншағы бұлтиған сіңірлі мойнын ақырын
ғана бұрып, көзінің астынан сүзіле қарап отыр.
Бозжанов тұтқынға орныңнан тұр деп ымдады.
– Мұнымен тілдесуге болады, – деді Бозжанов. – Бұл аздап
орысша түсінеді. Фамилияң кім?
Тұтқын бірдеңе деп міңгірледі.
– Қаттырақ сөйле! – деді Бозжанов зекіп.
Неміс екі қолын дереу төмен түсіріп, қазақтың алдында
сымдай тартыла қалды да, аты-жөнін анықтап айтты. Жұрттың
бәрі тірідей, сөйлейтін неміске бажайлай қарайды.
– Әйелің бар ма?
Волоколамск тас жолы
100
– Ни... кавалер...
Бозжанов ішек-сілесі қата күлді. Оның жайсаң, дөңгелек жүзі
одан сайын жалпая түсіп, жайылып, кішкене көздері жұмылып
кетті. Өзгелер де саяси жетекшіге қосыла күліп жатыр: «Кава-
лер! Кавалершілін жаманның!» Ал неміс бағжаң-бағжаң етеді.
Әлдекім дауыс көтерді:
– Ақырын!.. Политрук не айтар екен, тыңдасаңдаршы!
Бозжанов қолын көтерді. Жұрт тына қалды.
– Политрук: күліңдер дейді! – деді ол.
Одан соң, тәрізі, өзі де сол сәтте аузымнан шығады деп күтпе-
ген болу керек, кейін батальонда мәтелге айналып кеткен бір сөз
айтты:
– Майданда күлкіден мәнді дүние жоқ.
Бозжанов асықпай, мейлінше анық сөйлеуге тырысып, неміс
командованиесінің жоспары жайында сұрауға кіріскен. Тұтқын
бірден түсіне қоймады. Ақыр аяғында сауалдың түп мағынасын
ұққан ол орыс атауларын қиқалақтатып:
– Завтракать – Вольоколямск, ужинать – Москау, – деді.
Ол мұны екі қолын жанына салып, байыппен айтты, соған қа-
рағанда, өзі тұтқында тұрса да ойларының іске асатынына шексіз
сенімді секілді: «Завтракать – Вольоколямск, ужинать – Москау».
Жұрт тағы да ду күлді.
Осынау шат-шадыман күлкі сәтінде жауынгерлердің жан
әлемі қорқыныштан арыла түскенін айқын сезіндім.
Тұтқын мойны қалталақтап, айналаға алая қарайды. Ол мына
орыстарға не болды деп түсінбей дал. Тегі, сол шақта неге мәз
болып тұрғанымызды біздің өзіміз де ұқпаған шығармыз.
Осылайша алғашқы шайқаста жеңіске жеттік. Өстіп біздің
шепте Үрей генералына соққы берілді.
Рахимов пен Бозжанов шабуылдың бүге-шігесін баяндауға
кірісті.
Әрине, ұрыс кезінде ойлаған әрекеттің бәрі сәтті іске аса қой-
мағанын түсіне жатарсыз.
Күтпеген жерден жаудың күзетіне кезігіп қалған топтардың
бірі село толықтай қоршауға алынбай жатып шайқасты бастап
жіберіпті. Жауынгерлер үйлерге басып кіріп, немістерді шан-
шып, атып, жайпауға кіріседі, бірақ көпшілігі біздің әскер бөгеп
101
Бізбен тартысып көріңдер!
үлгермеген жолдар арқылы қашып құтылыпты. Сәлден соң ес
жиған олар біз болжаған сәттен бұрын қорғанысқа көшіп үлгер-
ген.
Отряд екі жүздей гитрлершінің көзін жойып, жолдарды мина-
лаған, көптеген автомашина мен бірнеше қамбаны өртеген, оның
ішінде жанармай қоймасы да бар; немістер тек село шетіндегі
жекелеген нысандарын сақтап қалыпты.
Әйтеуір, діттеген мақсатты орындадық: сарбаздар өздерінен
жанұшыра қашқан немістерді көрген, олардың өліп бара жатып
шыңғырғанын естіген, сөйтіп, жауға найза мен оқ өтетініне көз
жеткізген.
Рахимов пен Бозжановты ертіп шепті араладым. Шабуылға қа-
тысқан сарбаздар өз бөлімшелері мен взводтарына тарап кеткен.
Менің бұйрығым бойынша оқу-жаттығу сабақтары мен өзге жұ-
мыстар екі сағатқа тоқтатылған-ды. Қайда барсаң да, немістерді
жусатқан ерлерді қоршаған топтарды көресің.
Ана тұстан да, мына тұстан да сақ-сақ күлкі естіледі. Бір мың
тоғыз жүз қырық бірінші жылдың он алтыншы қазаны біздің ба-
тальонда күлкі күні болды. Кейіннен Бозжановтың: «Майданда
күлкіден мәнді дүние жоқ» деген сөзін жиі еске алдым. Майдан
даласында алдыңғы шепке күлкі келетін болса, ол жерден қорқы-
ныш безіп кетеді.
Мені: «Встать! Смирно!» деген командамен қарсы алады.
Саңқылдап шыққан осы бір үн арқылы-ақ солдаттың көңіл-күйін
танисың. Сол күні бұл дауыс айрықша шаттана естілді!
Бел ортасында Гаркуша отырған топқа тақалып, әлдебір сар-
баздың сырт жағына бірдеңе жасыра қойғанын байқап қалдым.
Менің көзқарасымды аңдаған Гаркуша:
– Әкел бері! – деді өктем кейіппен.
Сарбаз оған неміс құтысын ұсынды.
– Бұл – ром, жолдас комбат! – деп мәлімдеді Гаркуша. –
Немістікі болса да, жаман емес, қыздырады... Қазір сабақ өт-
кізіп тұрып, мұны да беріп қоямын, іс жүзінде байқасын. Татып
көріңіз, жолдас комбат.
Ол құтыны созды. Мен де бір жұттым.
– Гаркуша жақсы шайқасты, – деді Рахимов жайбарақат қана.
Волоколамск тас жолы
102
– Егер, жолдас комбат, – деп құтыны көрсетіп масаттанған
Гаркуша сөзін жалғастырды, – мен мынадайды өзім өлтірген әр-
бір адамнан алсам, онда мұның жиырмасын бір-ақ әкелер едім.
Бірақ қайдан, жеткізе алмас едім! Онда бұрылуға мұрша бола ма.
Гаркуша әңгімесі бітпей, сөйлеп тұр, сөйлеп тұр.
Біз окоптарды жағалап, әрі қарай кеттік. Жолда Мурин кез-
десті, пулеметшілер тобы құрамында шабуылға ол да қатысқан.
Өзі әлдеқайда асығып бара жатқан сияқты, бірақ бізді көре салып
жинақтала қалды да, анадайдағы ондаған метр жерден аршындай
адымдап берді. Бұл алдыңғы шеп еді; мұнда немістермен арамы-
зды бөліп тұрған «бейтарап» деп аталатын майдандық алаптан
өзге ештеңе жоқ, ал Мурин комбаттың қасынан айрықша сал-
танатпен өтуге тырысады. Кенет Мурин маған қарап күлімдеді.
Мен де жымидым. Сол ғана. Біз кідірген де жоқпыз, өзара тіл
де қатыспадық, бірақ кеудені кешегі түндегідей ерекше қуаныш
кернейді. Оған деген ықыласым зор еді, оның да мені бек құрмет-
тейтінін аңдаймын. Бұл командирдің өзін батальонмен біте қай-
насқандай сезінетін тағы бір керемет бақытты сәті-тін. Мен бүгін
батальонда жаужүректік мінез пайда болғанын бүкіл жан-жүре-
гіммен түйсіндім.
Айнала-төңіректің бәрі бұрынғыдай сияқты. Суы қата қоймай,
қарауытып жатқан өзеннің арғы бетінен ағараңдаған дала көрі-
неді. Қырбық қардың әр тұсынан айдалған жер топанының көрі-
нер-көрінбес шеті қылтияды. Орманның үшкіл басы қараңдайды.
Мен күндердің күнінде тарсылдап-гүрсілдеп дүниенің астан-ке-
стені шығып, аппақ қардың бетін қап-қара ізімен айғыздап
танкілердің ышқына ұмтылып, орман арасынан бізді қырып-жою
үшін бір жығылып-бір тұрып, көк-жасыл шинель киіп, автомат
асынған біреулердің шыға келетінін баяғыдай-ақ білетін едім,
бірақ көкейде: «Бізбен тартысып көріңдер!» деген нық сенім жа-
татын-ды. Жауынгерлердің көзқарасында, жымиясында, әрбір
сөзінде, біздің арамызда орныққан шат күлкіде дәл сол: ««Бізбен
тартысып көріңдер!» деген сөз жаңғырығып тұрғандай еді.
Сол күні біздің батальон, біздің шар болаттың үні осын-
дай-тын. Бұл сәтте сәл әсірелеп айтқымыз келсе, мәселен: бата-
льонымыз – әбден шыңдалған, қайрауы жетілген, темір кесетін
ақ алмастай өткір жүзін дүниеде ештеңе мұқалта алмайтындай
103
Бізбен тартысып көріңдер!
болатқа айнала бастаған-ды. Ал кішіпейілдікпен жеткізсек: сол
күні біз орта дәрежелі солдаттық білім алдық. Бұл мектептің
соңғы класы – соққы немесе әскери-кәсіби тілмен қолдансақ,
найза сұғу, онда да жансыз тұлыпқа емес, тірі жаудың денесіне
шаншу еді. Үрейден арылтқан осы «түйреу» бізге, салыстырма-
лы түрде – түнгі әбжілдік жортуылымыз арқылы жеңіл игерілді.
Ауыр айқастар, ерліктің сұрапыл сынақтары – бәрі әлі алда
болатын. Мәскеу түбіндегі екі айға созылған ұлы арпалыс енді
ғана басталған-ды.
Бұл екі айда біз, Талғар полкінің бірінші батальоны отыз бес
ұрысқа қатыстық; бір кезеңде генерал Панфиловтың резервтегі
батальоны болдық; резервтегі орнымызға сай ең бір алапат ауыр
сәттерде шайқастық; Волоколамск, Истра, Крюково түбінде
соғысып, немістердің бетін қайтарып, тықсыра қудық.
Ол айқастар жөнінде кейін айтып беремін, ал қазір... Қазір, –
деді Бауыржан Момышұлы, – үлкен нүкте қойыңыз. Бірінші хи-
каяттың соңы деп жазыңыз.
105
Шайқас қарсаңында
Åê³íø³ õèêàÿò
Шайқас қарсаңында
Адамға солдат болу оңай емес, командирге әскерді тәртіпке
салу жеңілге түспейді, ал соғысу одан да қиын.
– Біздің екінші хикаят, – деп сөзі жалғастырды Бауыржан Мо-
мышұлы, – бұрынғыға қарағанда мейлінше жауапты. Бұрын біз
солдаттың даярлығы жөнінде әңгімеледік. Ендігі сөз ұрыстар ту-
ралы болады.
1
Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылдың он алтыншы қаза-
ны күні мен, батальон командирі Москвадан жүз отыз километр
жерде өз блиндажымда далалық кереуетте жаттым.
Алыстан бірде өршелене жиілетіп, бірде саябырсып, зеңбірек
гүрсілі естіледі. Дыбыс сол жағымыздан – жиырма-жиырма бес
шақырым жерден жетіп тұр. Кейін білгеніміздей, бұл күні сонда,
немістер танкі тегеуіріні арқылы дивизияның сол жақ қанатын
бұзып өтуге күш салыпты.
Ал біздің батальон орналасқан жер тып-тыныш еді. Дұшпан
батальон шебіне, Волоколамск бекініс ауданы деп аталатын ор-
талық бөлікке тақала қойған жоқ.
Жатып алып, ойландым.
Батальонда маған батылы жетіп күңкілдей алатын жалғыз
адам –
атқосшым Синченко мазамды алды. Біресе сізге арнап монша
жағып қойдым дейді, біресе тамақ дайын дейді. Өзін қайта-қайта
қуамын:
– Артынан... Бара тұршы, бөгет жасама.
– Неге бөгет жасама, бөгет жасама дей бересіз? Ал өзіңіз күн
бойы түк бітірген жоқсыз.
– Мен ойланып жатырмын. Түсінесің бе? Ой-ла-нып.
Волоколамск тас жолы
106
– Сонша көп ойлануға бола ма?
– Болады. Егер сені менің ақымақтығымнан өлтіріп тастаса,
әйеліңе не айтамын? Ал қарауымда адам жалғыз сен ғана емес-
сің.
Әлбетте, сіз де, әсіресе, шайқас қарсаңындағы осындай кез-
де батальон командирі телефонмен сөйлесіп, қарамағындағы
адамдарды шақырып, шепті аралап, нұсқау беріп, бірдеңе істеуге
міндетті емес пе деп ойлайтын шығарсыз. Алайда біздің генерал
Иван Васильевич Панфилов санамызға командирдің басты мін-
деті, негізгі жұмысы – ойлану, толғану дегенді сіңіріп бақты.
2
Өзіңізге мәлім, он алтысына қараған түні менің жүз жауын-
герім жиырма шақырым жердегі жау ордасына аттанып, шабуыл
жасап қайтты. Сөйтіп жеңіспен оралды.
Сол алғашқы жеңіс солдаттың мерейін тасытты, батальонды
жігерлендірді.
Ал бұдан кейін ше?
Әрине, біздің жаужүректігіміз қауырт жағдайда ештеңе өз-
герте алмас еді. Біз, Талғар полкінің жеті жүз адамы бұрынғыша
неміс дивизиялары ентелеп келе жатқан Мәскеу іргесіндегі май-
данның сегіз километрін ұстап тұрдық.
Кейінгі екі-үш күн бойы жанымды күйзелткен ойлар тағы қи-
нады.
Өзіңіз білетіндей, шепті қабылдап алған кезімде мен мына по-
зицияда, осынау сегіз шақырымға созылған шепте жауға бір ғана
батальон қарсы тұрады деп ойлаған жоқпын; сыртымызда Қызыл
Армияның өзге де бөлімдері қанат жайып, екінші, тіпті үшінші
қорғаныс шебі құрылады деп болжағанмын; сөйтіп дұшпанға
төтеп беріп, жауды біршама бөгеген соң негізгі күштерге барып
қосылармыз деп топшылаппын.
Әйткенмен, үш-төрт күн бұрын біздің шебімізге Вязьма маңын
бұзып өткен гитлерлік армияның тақалғанын, сыртымызда өзге
ешбір әскер шебінің жоқ екенін, осынау бірнеше шақырымға
созылған майданда Москваға тікелей апаратын – Волоколамск
пен Волоколамск тас жолы тек біздің дивизия мен танкіге қарсы
жекелеген артиллериялық полктерге ғана арқа сүйеп тұрғанын
білдік.
107
Шайқас қарсаңында
Соғыс жағдайы солай қалыптасты. Дәл сол сәтте Қызыл Ар-
мияға жүктелген міндет: жауды Мәскеу түбінде азын-шоғын
күшпен бөгеп, қосымша әскер келіп жеткенше ұстап тұру еді.
3
Осы жерде «Отан нұсқады», «Отан талап етті» дегендей асқақ
сөздерді қолданбауға рұқсат етіңіз. Әңгіме Отанға деген сүй-
іспеншілік туралы болғандықтан, жаттанды сөзге аса үйірленбе-
уді жөн көремін.
Отан дегеннің не екенін, өзіміз өмір сүріп, қорғап отырған ел
дегеннің не екенін, бәлкім, сізден кем сезінбейтініме күмәндан-
байтын шығарсыз.
Сол күндерде менің барлық ынтызарлығым, бүкіл ынта-ықы-
ласым, жанымның күллі іңкәрлігі түгелдей бір ғана мақсатқа
– міндетті қалай орындаймын, батальонға жүктелген шепті қа-
лай қорғаймын деген ниетке бағытталды. Кереуетте шалқай-
ып, дұшпанның бірнеше сағаттың ішінде дәл сол кезеңде біз
бен немістің арасын бөліп тұрған қорғаусыз он екі-он километр
дәлізден өтіп, Руза өзенінің жағасы арқылы біздің бекініске қалай
шығатынын көріп жаттым. Бекініс шебіне тіреліп, қарсылыққа
кезіккен жау түн қараңғысын пайдаланып, орман ішіндегі өзі қа-
лаған бір бекетте жасырын түрде соққы тобын шоғырландырады
да, артиллериясын әкеліп, одан соң әбден даярланып алған соң,
әскерін сүйікті әдісі – сүйірлеп түзіп, жарты немесе бір шақы-
рымдық қысаң майданға лап қояды. Ал біздің батальондық ау-
данның әрбір километрін тек бір ғана атқыштар взводы мен
жалғыз пулеметшілер бөлімшесі қорғайтын.
Менде резерв жоқ еді. Екі аралықты есептей келе, тұтқиылдан
тиіп, өршелене ұмтылған немістер елеусіз жатқан километрлік
қана қуысқа өзге учаскелерден қосымша күш келіп үлгергенше,
біздің шепті бірінші болып бұзып өтетініне көз жетті.
Дұшпанның орнына ойланып отырып, неміске шабуыл жаса-
уға мейлінше тиімді, неғұрлым ыңғайлы көрінетін пунктті тауып
алуға болмас па екен? Бірақ жау да ақымақ емес қой. Мен сол
үшін ойлануға тырысып отырмын, ал ол оңбағанның менің ор-
ныма толғанатыны анық.
Ол, әрине, менің долбарымды тез-ақ шешіп, бармақ шай-
натудың жолын табады. Жау бір жерден соққан сәтте мен сол
Волоколамск тас жолы
108
тұсқа роталарды шоғырландырып, пулеметтер мен зеңбіректерді
бағыттаймын, бұл уақытта өзге бір топ жалаңаш қалған майдан
өтінен өте шықпақшы.
Бәлкім, дұшпан қазірдің өзінде сонау жиырма шақырым жер-
ден менің ойымды оқып, миықтан күліп отыруы ғажап емес.
Бізге қарсы топтасып жатқан қиялдағы неміс тобы коман-
дирінің бейнесі елестеді. Көз алдыма өктем, мұқият қырынған,
полковник, тіпті, бәлкім, генерал погонындағы немістің кескіні
келді.
Біздің сегіз киолметрге – менің батальоныма қарсы ол ер-
тең-бүрсігүні сонау түптен жететін дивизияға татырлық әскер
сайлайды немесе ендігі сайлап та қойды.
Кереуетте жатып алып, қазіргі ақыл мен ақылдың арасындағы
үнсіз шайқаста жеңуіме тиісті қиялдағы неміс әскери ноянының
не көздегенін білуге тырысып, кескініне тіксіне қарап, өзіме:
«Бауыржан, сенің алдыңда тұрған кеңкелес біреу екен деп дәме-
ленбе» деп қайталадым.
Алайда ой-қиялымдағы өзім көріп тұрған әскери құмар-
лықпен оттай жайнай түсуі мүмкін, қызығушылықпен картаға
ұзақ тесілуі ықтимал сол өткір де сұсты, жасамыс көздердің дәл
қазір ақыл тайталасында жандана бастағанын, ой тереңдігімен
жарқыл қаққанын сезіне алмадым. Бұл неміс полковнигі әлде ге-
нералы мені сонша жек көрді, өзіне қарсы тұрған батальонды –
Москваның кіреберісіндегі сегіз километрлік майданды бүркеп
тұрған бірнеше жүз қызыләскерді жек көрді. Өзі салғырт еді. Ол
шығыстағы соғыста жеңіске жетіп үлгердік, Москваға апаратын
жол ашық жатыр деп ойлады. Бізді менсінген де жоқ, бізге бола
бас қатыруға, тіпті ерінді.
Әлде мен қателесем бе? Соғыс сабақтары – Қызыл Армияның
шекаралық бөлімдерінің ерлікпен қарсыласуы, Смоленск түбін-
дегі табан тіреген шайқастар, Одессаны, Ленинградты қорғау –
жауды ойландырған шығар-ау? Біздің де түнгі жортуылымыз, сес
көрсетуіміз оған Мәскеу түбінде қиян-кескі ұрыстар күтіп тұрға-
нын аңдатпас па екен?
Әй, қайдам... Төрт ай ішінде гитлерлік армиямен бірге шекара-
дан бастап Москва облысына дейін мың километр жер өтіп, біздің
орталық майдан талқандалатын Вязьма түбіндегі операцияда ди-
109
Шайқас қарсаңында
визия басқарған оған – бірнеше күннен кейін Мәскеудің алаңда-
ры мен көшелерін автомашинада отырып тамашалайтынына бек
сенімді, мейманасы асқан басқыншыға жүздеген қызыләскердің
түнгі шабуылы әшейін ғана партизандардың әрекетіндей болып
көрінетіні анық, алдағы уақытта ондайлардың талайы кездеседі,
бұларды жансыздарымыз бен далалық жандармериямыздың өзі-
ақ талқан қылады деп топшылайды.
Ішкі түйсігім: дәл таптың, оның ми қауашағына жеттің дейді.
Жек көрмесіме амал жоқ.
– Көзге ілмейсің бе? Менсінбейсің ғой? Тұра тұр, тәубеңе
келтіреміз сені әлі!
Ал әзірше... Әзірше – ойланып бас ауыртуға ерінетін «кәсі-
би-жеңімпаздың» баяғы таптауырын қимылын күтуіміз ғана қа-
лады. Онысы бізге бесенеден белгілі.
Қорғаусыз, бос жатқан он екі-он шақырым алапты бірнеше
сағаттың ішінде «еңсеріп», біздің жауынгерлік күзетті ысырып
тастап...
Мырс етіп күлуге тура келді. Жаудың ми қауашағына жет-
кеніммен, алға жылжығаным шамалы: айналып келіп, сол
алғашқы пайымыма қайта оралдым.
4
Мен: жаудың таптауырын қимылы бізге әуелден мәлім деп
қалдым ғой. Расында, солай ма?
Соғыстың жайын әдебиет, оқулықтар мен устав арқылы, шай-
қастарға қатысқан адамдардың әңгімелерінен естуім бойынша
білетін едім, оқу-жаттығу ойындарына қатыстым, сарбаздар-
ды баулыдым, міне, енді солармен бірге майданға келдік, бірақ
бәрібір, соғыс мен үшін жұмбақ күйінде қалды, ұрысты бастан
кешпегендер оның қалтарыс-қырын қайдан біле берсін.
Гитлершілердің Польша мен Францияда көрсеткен соғыс
тәсілі былай еді: бірнеше тұстан әскер шебін бұзып өткеннен кей-
ін танкі, жүк машинасы, мотоциклмен кеуделеп алға ұмтылып,
қоршауға түскен шашыраңқы топтарға бас көтертпейді. Олар
осы амалды бізге де қолдануға тырысты.
Ойлана келе мен де дағдылы сөздерді қолданып отырмын ғой:
бұзып өту, бас көтертпеу... Бұл не? Неліктен бас көтертпейді?
Осының өзі іске қалай аспақшы?
Волоколамск тас жолы
110
Жатқа білетін картаға қарамасам да, ирелеңдеп баяу аққан
жіңішке Рузаның жағасын, пулемет ұялары мен атыс орындары
тізіле орналасқан өз шебімізді елестетіп тұрмын. Артта, орман
арасында батальон иелігіндегі сегіз зеңбірек жасырулы;
алдымызда, өзен жағасында, әскери тілмен эскарп деп аталатын,
тік жар бар.
Ойша әрі қарай, өзеннің арғы жағасына, дұшпан жаққа көз
жіберемін. Біз тастап кеткенмен, екі аралықтағы гитлершілер
әзірге ала қоймаған алқапты; немістердің күш жинақтау
пункттерінен біздің бекініске келетін жолдарды; әдейі тосқауыл
жасауға арналғандай сай-жыра мен орман-тоғайды ап-анық
көремін. Неміс колонналарының бүгін біз өз роталарымызды
жайғастырып қоюға болатындай осынау өзектер мен ағаштардың
тұсынан ешбір қарсылыққа кезікпестен зу етіп өтетінін ойлағанда
жүрегім сыздады.
Жауға ту сыртынан келіп тисем немесе жасырын тосқауыл
құрып маңдайдан ұрсам, кері бұрыла алмайтындай ұзын лекті,
екі оттың ортасында қалдырып, құйрық тұстан соқсам деген
ойлар туындайды.
Бетпе-бет шайқастың жоспары туралы да толғанамын – жау
таянған кезде тұтқиылдан өзім шабуылдасам. Бірақ оған күш
қайда? Батальонды бекіністен алып шығу санаға сыя ма?
Таяуда батальонға келіп кеткен генерал Панфилов орайы
келгенде бетпе-бет ұрыс салу мүмкіндігі туралы айтып еді.
Алайда сегіз шақырымға созылған шепте жеті жүз ғана адамым
бар ғой. Бекіністі ашық тастап, тұтас батальонды көтеріп шыға
алмайсың. Командирдің мұншалықты жан күйзелісін қандай
сөзбен түсіндірсе болады: күш жетіспейді, күш...
Жаудың тарапынан ойласам, менің батальонымның шебін
бұзып өту міндетінің бірнеше жолын байқаймын, ал өзім сол
бекініске ешкімді жолатпаудың жолын таба алар емеспін, жоспар
құруға дәрменсізбін.
Сөйтіп өз жанымды өзім жұлып жеп біттім. Біреу сабап
кеткендей, бүкіл денем ауырды.
111
Панфиловпен өткен бір сағат
5
Кешке қарай бұйрық алдым: таңғы бесте сол жақтағы көр-
шіміздің ауданына, бізбен іргелес батальонның басқару пунктіне
келсін депті.
Панфиловпен өткен бір сағат
1
Сол жағымыздағы көршіге атпен шықтым.
«Сол жақтағы» деген сөзге мән берейік. Бұл жөнінде дөкір-
леу болса да, айқын бағытымыз болғаны дұрыс. Руза өзенінің
бойындағы батальон шебін көзге тағы бір рет елестетіңіз. Енді
бетіңізді жау жаққа қарай бұрыңыз. Тура қарсы алдыңызда әл-
денендей әрекеттер жасалып жатады, ол – майдан шебі; әлдене
– оң қол жағыңызда, әлдене сол қол тұсында атқарылуда, бәрінде
біз секілді ұзыннан-ұзақ аумақты ұстап тұрған батальондар бар,
міне, осыны келешекте анық ажырата білгеніңіз жөн.
Қазан айында қайран қалдырып, бір жарым-екі аптадай ша-
намен жүруге тура келген ерте қыстан кейін ауа-райы өзгерді.
Аяздың беті қайтып, күзгі лайсаң басталды. Айсыз түндер көзге
түрткісіз қараңғы.
Мен түнекте атпен бірге әлдебір апанға түсіп кетуден сақта-
нып, жаға бойлап төтемен тартпай, село арасындағы айналма
жолды таңдадым.
Атқа аяңдап жүрудің өзі мұң болып қалды. Басын шұлғыған
Торытөбел қалың батпақты шылпылдатып, тұяғын әрең суыра-
ды. Өзім ат үстінде ойға шомып, зілдей болып отырмын.
Жолда мен баратын бағытты бетке алған жаяу-жалпы біреу-
лердің сұлбалары қараңдайды. Елең ете қалдым. Бұлар кімдер?
Жаңа күш пе? Қосымша көмек пе? Анда-санда қол фонарымды
жағып, қараңғы түн өзегіне сәуле түсіріп қоямын.
Бұл не: колоннадан қалып қойғандар ба? Өздері сірескен
плащ-палаткаларынан қиғаштап, сіркірей жауған жауынның суы
сорғалап, екеуден-үшеуден топтасып барады. Иыққа асқан вин-
товкаларының мойны сорая көрінеді. Әлдекім:
Волоколамск тас жолы
112
– Сипуновоға дейін қанша жер бар, жолдас командир? – деп
сұрады.
Мен:
– Неғылған адамсыңдар? Қайдан келесіңдер? – дедім.
Білгенім: бұл жерден Воколамскіден түнделетіп қосалқы ба-
тальон өткен екен; ал менімен сөйлескен мыналар сол лектен қа-
лып қойғандар болып шықты.
Сипуновоға шейін қанша шақырым қалды деп тағы сұрайды.
Мен бұларды басып озып бара жатып жауап қайырамын. Жолдың
кей бөлігі бос. Айнала тып-тыныш: алыстан естілген зеңбірек
үні түнде тынши қалған.
Міне, алдыдан аяқтары батпаққа малынған тағы да біреулер
көрінді. Бұлар да екеуден-үшеуден келеді. Жеткен көмек қуан-
тады-ау... Бірақ, сайтан алғыр, жүрістері неткен сылбыр! Бойы-
мызға Панфилов сіңірген қатаң тәртіп сезілмейді: бізде мұнша
шұбатылып, артта қалу деген тыйылған.
Торытөбел үркіп, ыршып түсті. Қол фонарьды жағып едім,
батпаққа күпшегінен батқан арба, тырапай асып өліп жатқан ат
пен малмандай су болып, сүмірейіп тұрған арбакеш көрінді.
Бір минуттей өткенде шетте жылтыраған темекі шоқтарын
байқадым. Бірнеше сарбаз жиекке құлай кетіп шылым шегу-
ге кірісіпті: әбден қалжыраған дене сыз топырақты елең қылар
емес.
Елдің маған жағалай қоятыны бір ғана сауал: Сипуновоға дей-
ін әлі алыс па?
Мен де сонда бара жатырмын ғой. Сипуново іргесіндегі ор-
ман арасында бізбен көршілес батальонның басқару пункті ор-
наласқан.
2
Жеткен соң, шылқылдаған тайғанақ сатымен басқару пун-
ктінің жертөлесіне түстім.
– А, жолдас Момышұлы, келіңіз, келіңіз...
Қырылдаңқыраған таныс дауыс естілді.
Мен генерал Иван Васильевич Панфиловты көрдім.
Ол темір пеш түбінде кептірініп отыр екен. Бір етігі шешулі,
шағын ғана қоңырқай аяғының басын жалындаған отқа қарай
созып қояды. Сонадай жерге Панфиловтың адъютанты – қызыл-
113
Панфиловпен өткен бір сағат
шырайлы жас лейтенант жайғасыпты. Қарсы бұрышта мен таны-
майтын бір капитан отыр.
Еңсемді тіктеп, келгенімді мәлімдедім. Панфилов сағатын
алып қарады.
– Шешініңіз. Оттың қасына жақын келіңіз.
Орнынан сәл көтеріліп, бір жақ шеті дымқылдау шұлғауын
жайды да, кебу тұсына табанын қойып, аяғын кәнігі солдатша
жып еткізіп тез орай қойды. Одан соң етігін киді.
Жаңбыр өтіп қарайған, аса көзге ұрмайтын, көкшіл жұлдыз-
шалы шинелі от тұсында ілулі тұр. Тәрізі, Панфилов келіп жатқан
бөлімді қабылдап алу үшін шепке шығып, бірталай уақыт жауын
астында жүргендей, тіпті түнімен ұйықтамаған да болуы мүмкін.
Әйткенмен, қара мұрты қиылған елу жастағы адамның әжімді,
қоңырқай жүзінен шаршап-шалдығудың нышаны байқалмайды.
– Сізге, жолдас Момышұлы, біздің бүгінгі дүмпуіміз естілді
ме? – деп көзін сығырайта күлімдей сұрады ол.
Дәл сол сәтте оның құлаққа жағымды, сабырлы даусы, қула-
на жымиюы жаныма қаншалықты жылы тигенін айтып жеткі-
зу қиын. Мен кенеттен ешқашан шайқасып көрмеген дәрменсіз
өзімнің – әлдебір соғыс құпиясын керемет білетін жаумен көз-
бе-көз қалғандай, сонша жалғыз еместігімді сезіндім. Сол құпи-
яны бірінші дүниежүзілік соғыстың солдаты, ал революциядан
кейін батальон, полк, дивизияны басқарған – біздің генерал да
біледі деп ойладым.
Панфилов сөзін жалғастырды:
– Әйтеуір, бетін қайтардық-ау... Фу-у-у... – Ол жорта көзін
бақырайтып, ішін тартты. – Қорыққаным-ай. Тек мұны ешкімге
айта көрмеңіз, жолдас Момышұлы. Танкімен бұзып өтті ғой...
Әне, бұл да қасымда жүріп, – Панфилов адъютантын нұсқады, –
біраз жәйтті көрді. Ал кәне айтшы, қалай қарсы алдық, а?
Адъютант орнынан күле көтеріліп:
– Кеудемізді тостық, жолдас генерал, – деді.
Панфиловтың өзгеше, қиғаш біткен қара қасы жиырылып,
жақтырмай қарады.
– Кеуде тостық дейсіз бе? – деп қайта сұрады ол. – Жоқ, мы-
рзам, кеудені оқпен ғана емес, басқа да үшкір нәрсемен оп-оңай
тесе салуға болады. Сен де айтасың-ау: «Кеуде!». Әскери киім
Волоколамск тас жолы
114
киген осындай әумесерге ротаны сеніп тапсырсаң, кеудесін керіп
танкіге қарсы тұра жүгіруі ғажап емес. Кеудемен емес, отпен
қорғадық! Зеңбірекпен қарсы алдық! Көрмедің бе соны?
Адъютант абдырап, қатесін мойындауға асыққан. Бірақ Пан-
филов тағы да мысқылдай қайталады:
– Кеудемізді... Бар, аттарға жем берді ме екен, байқашы...
Одан жарты сағаттан кейін ерттеп қоюды ескерт.
Адъютант қолын шекесіне апарып, ыңғайсызданған кейіппен
шығып кетті.
– Жас қой әлі! – деді жұмсақ үнмен.
Маған бір қарап қойып, одан бейтаныс капитанға көз тастаған
Панфилов үстелді саусақтарымен тықылдатты.
– Жаяу әскердің кеудесін оққа төсеп соғысуға болмайды, –
деді ол. – Әсіресе, қазір өйтудің жөні жоқ, жолдастар. Біздің бұл
жерде, Москва түбінде әскеріміз көп емес... Солдатты сақтау ке-
рек.
Мен генералдың лебізінен өз жанымды қинаған жәйттердің
жауабын табуға тырысқаныммен, әзірше сол айтыла қоймай,
сөзін тықырши тұрып тыңдадым.
Біраз ойланып отырып ол:
– Оны сөзбен емес, әрекет арқылы, оқпен сақтау керек, – деп
қосты.
3
Бұдан соң Панфилов:
– Енді сіздің, жолдас Момышұлы, жаңа көршіңіз бар: Таны-
сып қойыңыз: капитан Шилов, – деді.
Капитан үстел қасында тұр – ұзын бойлы, сымбатты, әске-
ри дәрежесі жоғары болғанымен, өзі көп жас көрінеді, жиырма
жетілерде. Басына кигені – панфилов дивизиясының сарбазда-
ры мен командирлерінікіндей құлақшын емес, жаяу әскерлік қы-
зыл-күрең жиекті көкшіл фуражка. Ол бір ауыз тіл қатқан жоқ,
өзінің шені жоғары біреу сөзге тартпайынша мұнша үндемеу
мәнері мен киім киісі, өте жинақылығы әскер қатарында көптен
қызмет ететінін аңғартып тұр. Біз амандастық.
– Жолмен келдіңіз бе, жолдас Момышұлы? – деп сұрады
Панфилов.
– Иә, жолдас генерал.
115
Панфиловпен өткен бір сағат
– Қалып қойғандар көп пе екен?
– Көп, – дедім мен.
Панфилов ауыр күрсініп қалды:
– Ех!..
Ол капитанға қарай бұрылған. Қызараңдаған Шилов сымдай
тартылып тұра қалды. Бірақ Панфилов оған сөгіс жариялаудың
орнына:
– Білемін, білемін, капитан сіздің не ойлап тұрғаныңызды.
«Біреу оларды тәрбиеледі, әлдекім оқытты, ал енді сол үшін жа-
заны сен тарт, капитан Шилов» деп тұрсыз ғой. Солай ма?
Панфилов күлімдеді. Шилов та езу тартқан. Оның қобалжуы
басылып, өз-өзіне келді.
– Жоқ, жолдас генерал-майор, олай емес.
– Олай емес дейсіз бе?
Генерал сергек қимылмен капитанға бұрыла қарады. Кішірек
көздерінен әлдебір әуестік оты ұшқындайды. Шилов салмақты
түрде:
– Мен өзімнің жағдайымды ойлап тұрған жоқпын, жолдас
генерал-майор. Жұрттың жазығы жоқ қой. Шара қолданайын,
шығуға рұқсат етіңіз, жолдас генерал-майор, – деді.
– Немене, қалып қойғандардың сазайын бересіз бе?
– Жоқ, жолдас генерал-майор. Командирлердің сазайын
тартқызуға тура келер. Және кімге екі есе «сыбаға» бұйыраты-
нын анықтауға бұйрық беремін.
Панфилов күлді:
– Жөн, жөн, капитан.
– Шығуға рұқсат етіңіз?
– Тұра тұрыңыз.
Панфилов үндемей, едәуір ойланды. Одан соң манағы сөзін
қайталаған:
– Сонымен, жолдас Момышұлы, енді сіздің жаңа көршіңіз
бар. Батальон әлсіз. Дайындығы нашар. Солай ма, капитан?
– Иә, жолдас генерал-майор.
Панфилов маған қарап Волоколамскіде орналасқан қосымша
батальонның біздің дивизияға берілгендігін айтты. Капитан оны
бұдан бірнеше күн бұрын ғана қабылдап алыпты.
Волоколамск тас жолы
116
– Бұрынғы командирді алып тастауға тура келді, – деді Пан-
филов. – Жұртты бетімен жіберді, аяпты. Сабаз! Аяу деген – ая-
мау деген сөз!.. Сіз мені түсіндіңіз бе, капитан?
– Иә. Мен бұл жағдайды білемін, жолдас генерал-майор.
Панфилов капитан Шиловтың жас, байсалды жүзіне бір мезет
үнсіз, шаншыла қарап қалды да, маған қарай бұрылды:
– Жолдас Момышұлы, сізді шақыртуымның себебі былай...
Тұла бойым дір ете түскендей болды. Бірақ генерал капитан
Шилов екеуміздің батальондардың түйіскен тұсы мен екі ара-
лығын бірге қарастыруымыз қажеттігін ғана әшейін ескертті.
– Егер жау жапсарлас жерге кіре қалса, оны бірлесе соғыңы-
здар. Осыған даяр болуларыңыз керек. Байланыс пен қанаттаса
қимылдау жөніндегі мәселелерді сол орында келісіп алыңыздар.
Бір-біріңізді мүшкіл жағдайда қалдырмаңыздар.
Панфилов капитанның жүзіне тағы бір мәрте шаншыла қарап
алып, оның шығуына рұқсат етті.
Мен үшін көп нәрсе әлі қараңғы еді. Мені бұрынғыша сұрақ
белгілері қинайды. «Бірлесе соғыңыздар!». Қалай? Қандай
күшпен? Жұртты окоптан шығарып аламыз ба? Шепті қорғау-
сыз ашық тастаймыз ба? Ал егер дұшпан бір мезгілде әлденеше
тұстан соқса ше? «Бірлесе соғыңыздар!» Жау да бізді аянбай ұр-
май ма; ұрғанда да бірнеше тұстан, әр тараптан алапат күшпен
соғады.
Панфиловтың әрбір сөзін безбендей келіп, өз-өзіме есеп
бердім: шайқастар сыры, ұрыстағы жеңістің мәні мен үшін әлі де
бұрынғыша құпия екен.
4
Капитан шығып кетті де, есік жабылды.
– Алтын басты азамат сияқты, – деді Панфилов ойлана тіл
қатып. – Демек, жолдас Момышұлы, қалып қойғандар көп дейсіз
бе? Өте көп пе екен?
– Көп, жолдас генерал.
– Иә, солдатың даяр болмаса, алтын басың да опық жегізбей
қоймайды.
Панфиловтың жүзі бір сәт кіреукеленіп, сонша шаршаңқы
көрінді. Дегенмен сол мезетте маған қарап жымиған. Айналасын
ұсақ әжім торлаған кішірек көздері жалт-жұлт етті.
117
Панфиловпен өткен бір сағат
– Ал, жолдас Момышұлы... айта беріңіз...
Мен түндегі шабуылымыздың нәтижелі болғанын қысқаша
баяндадым. Бірақ Панфилов мән-жайды тәптіштей сұрап, істі то-
лықтай білуге ынталанды. Сөйтіп сөзіміз бұрын да кездескенін-
дей, нақпа-нақ баяндау емес, кәдімгі әңгімеге айналды.
Панфилов көзін қысып қалып:
– Білесіз бе, жолдас Момышұлы? Осының бәрін Шиловқа
айтып беріңіз. Қызықтырыңыз оны... Ол да ертеңдері дәл сізше
соғып жіберсін, – деді.
Генерал мені құттықтай қойған жоқ, қолымды да қыспа-
ды, «Тамаша! Жарайсың!» да демеді, бірақ мақтауын тұспалды
дәріптеумен, іс жүзіндегі мейіріммен сездірді.
– Міне, жолдас Момышұлы, – деп сөзін жалғастырды, – сіз де
немісті ұрып үйрендіңіз.
Мен мұңды кейіппен:
– Жоқ, жолдас генерал, үйрене қойған жоқпын, – дедім.
Ол таңданғандай, қасын керді.
– Қалайша үйренбедіңіз?
– Бүгін, жолдас генерал, күні бойы басым қатты. Жау
жағынан ойлансам – оп-оңай жеңіске жетемін. Ал өз тарапымнан
толғанғанымда дұшпанды қандай жолмен соғуды, оны қалайша
тойтарып тастаудың жолын таба алмаймын.
Қабағын түкситкен Панфилов маған қарап, біразға дейін үнсіз
қалды. Одан соң:
– Толығырақ баяндаңыз! Кәне, картаңызды алыңыз! – деді.
5
Мен үстел үстіне өз картамды жайдым. Қызыл қарындашпен
әлі ешкім соқтықпаған, ешбір жері шайқаста кетілмеген біздің
шебіміз көрсетілген. Біздің батальондық ауданымыздың екі
жағынан көршілес батальондар бекінісінің сызығы тартылады.
Бұл желі – атыс орындары мен пулемет ұяларының сирек тізбегі
– Москваны жаудан бөліп тұр.
Мен: «жағдайды жан-жақты ойластыра келе, қолдағы күшім-
мен батальон аумағында жауды өткізбейтіндей мүмкіндікті көре
алмадым» деп ашық мәлімдедім. Мұндай сөзді айту оңай емес,
– мені әрбір командир түсінуге тиісті, – дегенмен, осыны жет-
кіздім. Панфилов сөзіңізді жалғасыра беріңіз дегендей, үнсіз бас
Волоколамск тас жолы
118
изеді. Өзімді қинаған ойымды жайып салдым; менің резервімде
бірде-бір взводтың жоқ екенін, дұшпан тұтқиылдан тиген жағдай-
да бекініске тіреу болып, соққыны дарытпайтындай күштің жет-
пейтінін айттым.
– Жолдас генерал, менің батальонымның шегінбейтініне
сенімдімін, тіпті керек болса, шепте өлуге бар, бірақ...
– «Өлімге қарай аптықпа, соғысуға жаттық та» – деді Панфи-
лов сөзімді бөліп. – Әйткенмен, айта беріңіз, жолдас Момышұлы,
айта беріңіз.
– Одан соң, жолдас генерал, мені мазалайтын мына жағдай...
Қазір батальон шебі мен жаудың аралығында ені он бес киломе-
трге созылған бейтарап белдеу бар.
Мен бұл алқапты картадан көрсеттім. Панфилов тағы да ба-
сын шұлғыды.
– Қайтеміз, жолдас генерал, осы он бес километрді соларға
бере саламыз ба?
– Бере салғаны қалай?
Мен түсіндіруге тырыстым:
– Жау біздің жауынгерлік күзетті қағып тастап, дереу жетіп
келмей ме...
– Қалайша қағып тастайды?
Бұған дейін Панфилов сөзді байсалды пішінмен, ыждағаттана
тыңдап отыр еді. Әңгімемнің осы тұсына келгенде оның жүзінен
қабаржу белгісі байқалды. Ол әлгі сөзін ызбарлана қайталады:
– Қалайша қағып тастайды?
Үндемедім. Мен: жауынгерлік күзет, яғни бір-екі бөлімше –
он-жиырма адамның жаудың басым күшіне төтеп бере алмайты-
ны өз-өзінен түсінікті емес пе деп ойлап тұрмын.
– Сізге таң қаламын, жолдас Момышұлы, – деді генерал. –
Сіз дұшпанды соғып көрдіңіз ғой!
– Онда, жолдас генерал, біз шабуылды бірінші болып
бастағанбыз... Және түнде, тұтқиылдан тиістік...
– Сізге таң қаламын, – деді ол қайталап. – Жолдас Мо-
мышұлы, солдаттың жайдан-жай өлімді күтіп отырмауы қажет-
тігін сіз түсінді ме деп ойлап едім. Сол ажалдың бетін жауға
бұрып, шабуыл жасау керек. Егер сен әрекет жасамасаң, өзіңді
тәлкек қылады.
119
Панфиловпен өткен бір сағат
– Қай жерден соқтығамыз, жолдас генерал? Тағы да Середаға
барамыз ба? Ондағы дұшпан сақ отыр.
– Ал мынау не?
Панфилов қарындашты жұлып алып, картадағы бейтарап бел-
деуді көрсетті.
– Жолдас Момышұлы, сіздің бір ойыңыз дұрыс: жау қаптал-
даса келгенде біз оны селдір күшпен ұстап тұра алмаймыз. Бірақ
өзіміз тақасып баруымыз қажет емес пе. Сіз: қағып тастайды
дейсіз... Жоқ, жолдас Момышұлы, сол алқап соғысуға ең қолай-
лы жер... Шайқасты өзіңіз бастаңыз да, оқтың астына алыңыз.
Сіздің жауынгерлік күзетіңіз қай пункттерде?
Мен көрсеттім. Немістер орналасқан жерден батальон шебіне
шығатын екі жол бар: соқпақ жол және беті толықтай тегістеліп
бітпеген даңғыл жол. Әрқайсында батальон шебінен үш-төрт
шақырым жерде күзетіміз тұр.
Панфилов кекесінді түрмен мырс етті.
– Күзеттің күші қаншалықты?
Жауап бердім.
– Бұл аз, жолдас Момышұлы. Мұнда күшейтілген взводтар
әрекет етуге тиісті. Оларға қол пулеметтерін көбірек беру ке-
рек. Станокты пулеметтің қажеті жоқ. Топтардың икемді, ширақ
болғаны жөн. Және оларды ешбір тартынбастан жау тұсына қа-
рай ілгерірек жылжытыңыз. Немістер бері таяғанда оқ жауды-
рып, титқиылдан тисін.
– Бірақ, жолдас генерал, жау оларды айналып өтеді ғой... Екі
қапталдан орап алмай ма.
Панфилов жымиды:
– Сіз: «Бұғы өткен жерден солдат та өтеді; солдат өткен жер-
ден армия да өтеді» деп ойлайсыз ғой. Бұл, жолдас Момышұлы,
немістер жөнінде айтылған сөз емес. Олардың қалай соғысаты-
нын білесіз бе? – Жүк машинасы өткен жерден армия да өтеді деп
есептейді. Айтыңызшы, егер жолдар жабық болса, сіз автокөлікті
мынау сай-саланың қай жерімен алып өтер едіңіз? Кәне, жолдас
Момышұлы, қай жерден?
– Мұндай жағдайда бұзып өтеді...
– А, бұзып өте ме? Үш-төрт пулеметі бар взводты тықсыра
салу оңайға соқпас. Жұдырықтай жұмылып алып, сойқанды салу
Волоколамск тас жолы
120
керек. Бұл дегеніңіз, жолдас Момышұлы, жауды жарты күн әу-
релеу... Айналып-ақ өтсін, ол қауіпті емес. Тек қоршауда қалып
қоймаңыздар. Қажетті сәтте жалт беріп, сытылып кету керек.
Шамамен былай...
Панфилов қарындаштың ұшымен немістер басып алған се-
лоға таяу жолдардың бірін үстінен жеңіл ғана көлденеңінен сы-
зып бөгеді; одан соң қарсы жаққа ойқастап шыққан қалам тағы
бір сызықты айналдыра тартып, батальон шебіне біршама таяу
өзге пункттегі жолға оралды.
Бұл өзі менің қимылымды қадағалап, түсініп тұр ма, жоқ па
дегендей жүзіме барлай қараған Панфилов жаңағыдай ораманы
бекініске тақата түсіп тағы бір сызды, одан осыны және қайтала-
ды.
– Байқайсыз ба, – деді ол, – қандай шиыршық, серіппе пайда
болды. Жауды осылайша қаншама рет бостан-бос шабуылдауға
мәжбүр етесіз! Қаншама күн әуреге саласыз! Кәне, сіз бұған не
дейсіз, мархабатты тақсыр дұшпан мырза?
Айтылған сөз көкейіме қонды. Осы тақылеттес ой менде де
болған, алайда Панфиловпен сөйлескенге дейін бекіністен тырп
етпеу туралы арбау құрсауын бұза алмаппын, елді окоптан шыға-
руға ешбір қақым жоқ деп санаппын.
6
Панфиловтың адъютанты кірді.
– Аттар ерттелді, жолдас генерал.
Панфилов сағатына қарады.
– Жақсы... Штабқа телефон соғып, он минуттен кейін шыға-
тынымызды айтыңыз.
Ол кепкен-кеппегенін байқау үшін пеш жанында ілулі тұрған
шинелінің жағасы мен иық тұсын ұстап көріп, тізерлей бере, отқа
ағаш тастады; сөйтті де аузы ашық пеш қасында жүрелеген күйі
едәуір отырды. Осынау қарапайым ғана қимылдан, өткен жолғы
кездесудегідей, өз-өзіне деген бек сенімділіктің нышаны аңға-
рылды. Оның ақыл-санамен, аянбай, ұзақ арпалысуға даяр екені
байқалды.
Одан соң Панфилов карта қасына қайтып келіп, бір қарады да,
қарындашын шиырды.
121
Панфиловпен өткен бір сағат
– Әрине, жолдас Момышұлы, – деді ол, – шайқастағы жағдай
біздің қазіргі кесіп-пішкеніміздей болмауы мүмкін. Соғысатын
қарындаш та емес, қарындашпен безендірілген карта да емес.
Соғысатын – адам.
Ол өз әдетіндегіше ойлана тұрып сөйледі.
– Айбынды взводтар үшін , – деп сөзін жалғастырды, – ең жа-
ужүрек және ойлы командирлерді іріктеп алыңыз. Мына жерінде
бірдеңесі болатын болсын.
Ол өз маңдайын саусақпен шертті.
– Жолдас генерал, түнгі шабуылға қатысқандардың арасынан
таңдайын ба?
Панфилов көзін сығырайтты.
– Мен, жолдас комбат, сіз үшін батальонды басқарғым кел-
мейді. Менде дивизия бар. Жауынгерлік күзеттің аралық позици-
ясын айқындауды, командирлерді таңдауды өзіңіздің жасауыңы-
зға тура келеді.
Әйткенмен, ол бәрібір, сәл ойланды да, жауабын айтты:
– Жоқ, ұрысқа қатысқандарды жіберудің қажеті қанша? Өз-
гелер де төселсін. Бәрі де соғысуға міндетті. Тек, жолдас Мо-
мышұлы, есте ұстайтын басты міндет: жолмен өтіп кетуге мүм-
кіндік бермеңіз, қалайда бөгеуіңіз қажет. Шепке жақындатпаңыз.
Бүгін жау сізден он бес шақырым жерде. Бұл аралық, жолдас Мо-
мышұлы, ешбір тойтарыс берілмеген жағдайда – өте жақын, ал
әрбір бұта, әрбір төмпешік қарсылық көрсететін сәтте өте алыс.
Қайтадан картаға қарап, біраз үнсіз қалды да, сөзін жалғасты-
рды:
– Тағы бір ескеретін жәйт, жолдас Момышұлы: батальонның
ептілігін тексеріңіз. Және ат, арба, қамыт-сайманның сақадай
сайлығын ұдайы назарда ұстаңыз... Соғыста әр алуан жағдайлар
ұшырасады. Бұйрық бойынша лезде жинақталып, дереу орын
ауыстыруға даяр тұрыңыз.
Маған ол біртүрлі астармен, тұспалмен сөйлеп тұрғандай
көрінді. Осының бәрін ол маған не үшін айтып тұр? Мен бұл
жолы да өзімнің түсінбестігімді бүкпесіз айтуды ұйғардым.
– Жолдас генерал, сұрақ қоюға рұқсат етіңізші.
– Иә, иә, сұраңыз. Сол үшін де сөйлесіп тұрмыз ғой.
Волоколамск тас жолы
122
– Маған түсініксіз, жолдас генерал. Жау қайткенмен де ба-
тальон шебіне шықпай қоймайды. Сіз: бөгеп тұра алмаймыз
дедіңіз. Бірақ өзіңізден білуге мұрсат беріңіз: осының аяғы қалай
болады? Мен батальон командирі ретінде нендей әрекет жаса-
уым керек? Шегінем бе?
Панфилов саусақтарымен үстелді тықылдатты. Бұл толғану-
дың белгісі еді.
– Ал сіз өзіңіз қалай ойлайсыз, жолдас Момышұлы?
– Білмедім, жолдас генерал.
– Байқайсыз ба, жолдас Момышұлы, – деп ол сәл кідірді, – ко-
мандир әрдайым істің ең нашар жағын ойластыруы керек. Біздің
міндет – жолға ие болу. Егер неміс бұзып өтсе, жол үстінде оның
қарсы алдынан тағы да біздің әскерлеріміз шығуға тиісті. Міне,
менің бұл жерден бір батальонды алып отырған себебім де сол.
Сіздің батальонды алмақшы едім, бірақ сіздің қарауыңызда өте
маңызды жол бар.
Ол картадан батальонның қызыл сызығы бөліп тұрған Середа
– Волоколамск жолын көрсетті.
– Шептен гөрі жол маңызды, жолдас Момышұлы. Қажет
болған жағдайда сарбаздарды батыл түрде окоптан шығарып,
жұдырықтай жұмылдырыңыз, әйтеуір, жолды ұстап тұрыңыз.
Түсіндіңіз бе менің сөзімді?
– Иә, жолдас генерал.
Шинелін алып, киініп тұрып:
– Сіз мынадай жұмбақты білесіз бе: «Дүниедегі ең ұзақ та, ең
қысқа, ең жылдам да және ең сылбыр, әмбе ешбір елең қылмай-
тын, сонымен бірге ең қатты өкінтетін не нәрсе?» – деп сұрады.
Мен тосылыңқырап қалдым. Мені біраз қиналтқанына риза
болған Панфилов жымиып, сағатын шығарып көрсетті:
– Ол мынау! Уақыт! Қазіргі біздің міндетіміз, жолдас Мо-
мышұлы, жаудан уақыт ұту үшін соғысу. Мені ұзатып салыңыз.
Біз блиндаждан шықтық.
7
Таң бозарыпты. Жауын тоқтаған; бұлыңғыр тұман арасынан
ағаштар қарауыта көрінеді. Аттар әкелінді. Панфилов жан-жағы-
на қарап:
123
Панфиловпен өткен бір сағат
– Шилов қайда жүр? Әзірше аяңдай берейік, соңымыздан
қуып жетер, – деді.
Панфилов жол-жөнекей менен шепте не істеліп жатқанын
сұраған. Мен батальонның қатынас жолдарын қазып жатқанын
мәлімдегенде кілт бөгелді.
– Немен қазып жатырсыздар?
– Қалай немен? Күрекпен, жолдас генерал.
– Күрекпен дейсіз бе? Ақылмен қазу керек. – Мұны өзіне тән
мейіріммен, әзілдей айтты. – Жердің де астан-кестенін шығарған
боларсыздар. Қазір сізге, жолдас Момышұлы, жалған позиция
қазған жөн. Қулық жасап, алдамаса болмайды.
Таңырқап қалдым. Генералмен әңгімелескеннен кейін бұ кісі
қорғаныс шебіне бәлендей мән бере қоймайды-ау деген пікірде
едім. Енді бұл ойым теріске шықты. Мен:
– Құп, жолдас генерал, жалған позиция қазайық!
Бізді капитан Шилов жүгіре басып қуып жетті.
Біз келген соқпақ аяғындағы жолда ойлы көзі бозарып, жиыр-
ма жастардағы сақшы жігіт тұр екен. Ол генералға кедір-бұдыр-
лау болса да, бар ынтасымен тырмысып, ефрейторша сәлемдесті.
– Қал қалай, солдат?
Жігіт қысылыңқырап қалды. О кезде біздің армияда «солдат»
деген сөз қолданылмайтын. «Жауынгер», «қызыләскер» делі-
нетін. Ол өзін солдат деп атағанын өмірінде бірінші рет естіп
тұрған болуы мүмкін. Ыңғайсызданғанын аңдаған Панфилов:
– Солдат деген – ұлы сөз. Біз бәріміз де солдатпыз. Кәне, ай-
тшы, жағдай қалай?
– Жақсы, жолдас генерал.
Мырс еткен Панфилов төменге қарады. Сұйық батпақ сақшы-
ның ауыр бәтеңкесінің бауына дейін бітеп, баттасып қалыпты.
Жолда әлде бұтақпен немесе жаңқамен тазартпақ болған бал-
шықтың қалдығы ылғал балтырлығының жоғары жағында да
жүр. Винтовка ұстаған қолы таңғы ызғырықта көгеріп кетіпті.
– Жақсы дейсің бе? – деді Панфилов мысқылдағандай. – Ал
жорықты қалай жасағандарыңды айтшы.
– Жақсы, жолдас генерал.
Панфилов Шиловқа бұрылды:
– Жолдас Шилов, бұлар жорықты қалай жасады?
Волоколамск тас жолы
124
– Нашар, жолдас генерал.
– Е-е... Онда сен өтірік айтқан екенсің ғой, солдат. – Панфи-
лов жымиды.
– Жарайды, айтшы, сөйлеші, тұрмыстарыңның қалай екенін
әңгімелеп берші.
Сақшы алған бетінен қайтпады:
– Жақсы, жолдас генерал.
– Жоқ, – деді генерал. – Соғыс уақытындағы тұрмыс жақсы
болушы ма еді? Түнделетіп жауын астында мұншалықты лай
кешіп жүрсең – оның несі жақсы? Жорықтан кейін ұйықтадың
ба? Жоқ. Тамақ іштің бе? Жоқ. Мұндағы жел өтінде су-су болып
тұр немесе жер қаз; ал бүрсігүні қан төгіліп жатқан шайқасқа кір.
Осының несі жақсы?
Сақшы ыңғайсызданып, жымиды.
Панфилов сөзін жалғастырды:
– Жоқ, бауырым, соғыста кісі жақсы тұрмайды... Бірақ біздің
әкелеріміз, біздің аталарымыз мұның бәріне төзе білген, жаугер-
шілік өмірдің қиындығын жеңген, жауды талқандаған. Сен, бауы-
рым, әлі шайқаста дұшпанмен бетпе-бет келіп көрген жоқсың...
Әйткенмен, суыққа шыдап, бейнет пен жоқшылықты арқалау
да – айқас, оған да ерлік қажет. Еңсеңді түсірмейсің, жыланып,
қыңқылдамайсың... Міне, мұның тамаша, солдат! Фамилияң қа-
лай?
– Ползунов, жолдас генерал... Өзім де осыны айтайын деп
едім, жолдас генерал...
– Әйгілі фамилия... Сондай атақты механик болып еді... Ай-
тайын деп едім... Неге айтпадың?
– Айыптымын, жолдас генерал. Ойламаппын.
– Солдат не нәрсені де әрдайым ойланып істегені жөн. Сол-
дат ақылмен соғысуы керек. Ал Ползунов... сені есте сақтаймын.
Жақсы атыңды естігім келер еді. Түсіндің бе мені?
– Түсіндім, жолдас генерал.
Ойға шомған Панфилов төмен қарап, жол бойымен ақырын
аяңдап келеді. Бір кезде аялдап, Шилов екеуміздің жүзімізге ке-
зек қарады.
125
Жол бойындағы шайқас
– Солдат өмірі ауыр, – деді ол. – Сөз жоқ, ауыр. Мұны сол-
датқа ашық айту керек, ал өзі шындықтан жалтарса, оны сол бой-
да жөнге салған дұрыс.
Ол үнсіз қалып, сәл ойланды.
– Жолдас Шилов, жұртты ұрысқа дейін аямаңыз, ал шай-
қаста... шайқас кезінде солдатты сақтаңыз, сақтаңыз.
Бұл бұйрық емес-тін. Бұл бұйрықтан да бетер дүние: өсиет
еді. Сөзі тұла бойымды дір еткізді. Панфилов сол бойда кенеттен
өктем үнмен қатал түрде:
– Сақтаңыз... қазір бізде мұнда, Москва түбінде басқа әскер,
өзге солдатымыз жоқ. Бұлардан айырылсақ, немісті немен бөге-
мекпіз, – деп қайталады.
Қоштасып, жүгенді ұстап, атқа қонды да, жол жиегімен жел-
дірте жөнелді.
Жол бойындағы шайқас
1
Панфиловтың нұсқауы бойынша капитан Шилов екеуміз бата-
льондар түйіскен аймаққа шықтық; жер жағдайын қарастырып,
тізе қоса қимылдап, шайқас кезіндегі өзара жолдастық көмек
жөнінде келістік.
Капитанмен қоштасқан соң мен өзен жағасымен өзіміздің
штабқа келе жаттым. Панфиловпен әңгімеден кейін ауыр ойға
шомып, ұйқысыз өткен түннен соң жүйке қайтадан ширыққан
сәтте мен, бір ғажабы, өзімді шаршаудың орнына, керемет жеңіл
сезіндім. Кешегі түндегідей емес, ат үстінде жеп-жеңіл отырмын;
еңсені езген зілдей ой да жоқ. Торытөбел де лыпылдап, желдей
жүйткіп келе жатқандай.
Айнала төңірек тып-тымық. Жақыннан да, алыстан да зеңбірек
үні естілмейді. Бұл күні, қазанның он жетісінде, кеше біздің сол
жағымызда неміс танкілері дүрілдеп, гүрсілі құлақ жарған шай-
қастар орнында да тыныштық орнай қалды.
Сол тыныштық осы күнге дейін есте қалыпты; көмірдей қара
аспан, ұсақ-ұсақ шалшықтары күмістей жарқырап, көз қарықты-
рған лайсаң дала; Мәскеу түбінің жауынгерлер траншея қазғанда
Волоколамск тас жолы
126
күрекпен лақтырған сарғыш топырақты жері – еш ұмытылмай-
ды.
Бұл топырақ үшін жаңа ғана Панфиловтан ескерту алдым: ол
атыс ұяларының орнын әйгілеп береді, сондықтан оны сол сәт-
те-ақ төңірекке шашып тастау керек; ал әлгі өлі тыныштық кезін-
де мен осынау саздақ – балшық жолақтарына ұмытпастай қарап
тұрдым.
Өзеннің арғы жағынан іргедегі орманға сіңіп кететін суы
шылқылдаған қара жол көрінеді. Телеграф бағаналарының жи-
егімен жағадағы өрге көтерілетін осы жол батальон шебімен
түйісе, елдімекеннің жауыннан қарауытқан үйлері мен жатаған
кірпіш шіркеуінің қасынан өтіп, жау ентелей ұмтылған – Волоко-
ламск тас жолына, Москваға бастайды.
Сол күні таңертең жол бойы кездескен нәрсенің бәрі есімде.
Торытөбелмен село бойында өзен жағалап бүлкілдей салып
келе жатып жалт етіп қарағанымда, әлденені білгісі келгендей,
тықыршып, еміне ұмсынған әйелдің көзқарасы күні бүгінге дей-
ін көкейімде тұр. Жел мен күннен, ауыр еңбектен қарайған жүзін
әжім шимайлап, көкшіл көзінен нұр тайыңқыраған қартаң орыс
шаруа әйелінің бейнесі жадымда қалыпты. Ол: «Қайда барасың?
Не жаңалығың бар? Біздің күніміз не болады?» деп сұрайтындай.
Ол: «бір ауыз жылы сөзіңді қиып, жұбатып кет» деп өтінетіндей.
Астымдағы ат зу етіп өте бере, қолына кәтелөк ұстап, томпиған
балақайға қарай еңкейген әлдебір қызыләскерді көріп қалдым.
Қызыләскер бойын тіктеген сәтте жайдарылана жымыңдаған
пулеметші Блоханың кескіні көзіме оттай басылды: оның пулемет
расчеті осы маңда орналасқан еді. Лезде байсалды кейіпке ене
қалған ол көрінер-көрінбес сарғыш қасын кере, қолын жалма-
жан шекесіне апарып, маған сәлем берді. Сол мезетте салмақтана
қалған бала да әлгі қимылды қайталап, менімен амандасты.
Мұндай сәттер жиі кездеседі; сондықтан ондайға мән берме-
стен, қараған бетте ұмытып та кетесің, алайда жауынгерге, сол-
датқа шүбәсіз сенген сол таңдағы осынау ұлдың – тырнақтай
ғана «еркектің» әрекеті іші-бауырымды елжіреткен.
Бұл мезгілде өзге бір көріністі көзім шалды. Енсіз шолақ кө-
шеде екі қолымен ауладағы шарбақты ұстаған қызды байқадым.
Өзі әлдекіммен сөйлесіп тұрып, сақ-сақ күледі. Шыға берістен
127
Жол бойындағы шайқас
жымыңдап, қызға қарай пулемет ротасының саяси жетекшісі
Жалмұхамбет Бозжанов тақалып келеді екен. Екеуінің де көз-
дерінде жарқ-жұрқ етіп, жастықтың жігер оты жайнайды. Мені
аңдаған Бозжанов ыңғайсызданып қалды да, лезде бойын тіктеп,
қолын шекесіне апарды. Қыз да мен жаққа қарай бұрылған. Оның
көзқарасы мезетте өзгерді – ол да сонау артта қалған әйел секілді
сұраулы жүзбен үрпиіп, сескене қарады.
Осы көзқарас та жүрегімді шымшып өтті.
2
Селодан өтіп, лейтенант Брудныйдың взводына келдім. Қы-
зыләскерлер өзге де взводтармен қатар қатынас жолдарын үң-
гіп жатыр. Біреу сүйектен өтетін ызғарға да қарамастан, белу-
арға дейін жалаңаштанып тастап, топырақты кетпенмен шабуға
кірісіпті. Тер жуған сом иығы май жаққандай жылт-жылт етеді.
Бұл взвод командирінің көмекшісі Курбатов еді.
– Өзім кірістім, жолдас комбат, – деді ол. – Жер тастақ, жәр-
демдеспесе болмас. Және бой жылытуға да жақсы.
Бұлшық еті бұлт-бұлт ойнап, қайраты тасыған ол жалаңаш ке-
удесін күздің қара желіне құлшына тосады. Мен айрықша сол-
даттық сұлулығы үшін осынау сарбазыма сүйсініп, ылғи мақтан
тұтушы едім. Бірақ бұл жерде оған:
– Қаншама жерді қопарып тастағандарың не? Үш шақырым
жерден көрінеді. Кәне, бәрін тез-тез шашып, жаймалап, тегістеп
шығыңдар. Лейтенант қайда? – дедім.
Шәпеті бойлы ғана, желаяқ лейтенант бұ кезде өз денесіне
құйып қойғандай ыңғайлы шинелі жарасып, маған қарсы жүгіріп
келе жатты. Ол мүдірместен рапорт берді. Оған:
– Жұрт жұмысты аяқтасын. Мына топырақтың бәрін көзден
таса қылыңдар. Осыны реттеңіз, жолдас лейтенант. Одан соң
маған, батальон штабына дереу жетіңіз, – дедім.
Ол жылдам жауап қатты:
– Құп болады, жолдас комбат.
Лейтенант Брудный – генерал карта бетінде қарындашпен
белгілеп көрсеткен міндетті орындау үшін өзім таңдап алған екі
командирдің бірі еді.
Волоколамск тас жолы
128
Блиндаждағы басқару пунктінде мені шағын штабым қарсы
алды: штаб бастығы лейтенант Рахимов пен менің кіші адъютан-
тым, лейтенант Донских.
Рахимов ешбір өзгеріс болмағанын мәлімдеді: жау бұрынғы-
ша қимылсыз жатыр; тіпті, барлаушылар тобын да жібермеген.
Рахимов екеуміз кейбір тығыз жұмыстарды қолға алдық. Ол
жалған шептің сұлбасын бұдан бірнеше күн бұрын сызып қой-
ған-ды. Мен дереу жалған бекініс позициясы қазылсын, ал ал-
дыңғы шепте тасалау жұмыстарынан өзге істің бәрі тоқтатылсын
деп бұйырдым.
– Құп болады, жолдас комбат. Орындауға рұқсат етіңіз, – деді
Рахимов.
– Иә.
Ол Донскихке қарады.
– Жолдас комбат, қазір лейтенант Донских қажет пе?
– Қажет.
Рахимов қолын шекесіне апарды да, шығып кетті.
Көп ұзамай ентіге басып, екі беті алаулай қызарған Брудный
кіріп келген. Оның жалтылдаған ойшыл көздері блиндаж ішін
шолып шықты да, не айтар екен дегендей қадалып, менің жүзіме
тірелді. Донских үстелде бірдеңе жазып отыр.
– Донских! Бері тақалыңыз! Картаны ала келіңіз!
Мен өз адъютантым, комсомолец Донскихты күшейтілген өзге
взводтың командирі етіп тағайындауды ұйғардым.
3
Білемін: шайқасқа қатысып көрген адам, сізге, ертеректе өзім
де басымнан өткергендей, сәл-пәл айрықша, жұмбақтау болып
көрінері анық. Алайда бұлар – Брудный мен Донских – әлі бір-
де-бір ұрысқа қатысып көрмеген-тін.
Екеуі де комсомол мүшелері, екеуі де онжылдықты бітірген,
одан соң біраз уақыт әскери мектепте оқып, лейтенант болған.
Дивизия құралған кезде Донских рота командирі болып тағай-
ындалған, бірақ кейін мінезінің жұмсақтығына байланысты ор-
нынан алынды. Ұялшақ, қаны лезде лып етіп бетіне шығатын
ол қарауындағы жазықты адамды қатаң түрде тәртіпке шақыра
алмады. Командирге тән талапшылдық, талғағыштық қасиеттер
оның табиғатында жоқ-тын. Алайда Донскихтен ротаны алып
129
Жол бойындағы шайқас
қойғаннан кейін ол ұзақ уақыт мұңға батты. Оның: «Әттең, сен-
дей адамға, комсомолец Донскихқа ротаны шайқасқа бастап ба-
руға сенім білдірмеді ғой!» – деп өзі туралы пікірінің жоғары
болғанын түсіндім. Мұның бәрі оның арына, намысына тиген еді.
Екі тәулік бұрын, түнгі жорық үшін жауынгерлерді ірікте-
ген қазанның он бесі күні Донских маған келіп, басы салбырап
тұрып: «Жолдас комбат, маған да отрядпен бірге баруға рұқсат
етіңіз» деді. Бірақ онда, нар тәуекелге бас тіккен алапат шайқасқа
басшы ретінде менің аға адъютантым, штаб бастығы Рахимов
таңдалып қойды ғой. Мен қысқа ғана: «Жоқ» деп жауап бердім.
Донских бірден кете қоймады. Мүмкін оған: «Тұра тұр, Донских,
сенің де кезегің келеді, әлі талай шайқасасың» деуім керек пе еді.
Әйткенмен, үндемедім. Донских те үнсіз қалды.
Содан бері өз адъютантымды бірталай байқастадым. Маған
оның намысқойлығы, аз сөзділігі, тапсырманы орындаудағы
тындырымдылығы ұнады.
Міне, ол қазір де маған картаны ұсынып, қарсы алдымда тұр.
Әрдайым міндет жүктеген адамыңның жүзіне қарап, көзқарасын
аңдағың келеді. Біз бір блиндажда тұрдық, сонда да өз адъютан-
тымның қыздың терісіндей үлбіреген жұп-жұқа, тап-таза бетіне
тағы бір мәрте үңілмей тұра алмадым.
Маған Брудный да ұнайтын. Ол, өз ойымша, менің взвод ко-
мандирлерімнің ішіндегі ең таңдаулысы-тын. Өзі өте алғырлығы
мен ептілігінің арқасында таяу маңнан ең керекті аспаптарды өз-
гелерден бұрын таба қоятын; оның взводында күрек, балта, ара
дегендер әрдайым қайраулы тұрады; взводы жұмысты да көр-
шілерінен бұрын істеп үлгереді, Брудныйдың бір ғана «айыбы»
– ылғи менің назарыма ілігуге тырысатындығы-тын. Мұндай
жағдайда бұл тәпелтек қушыкеш қалбалақтап кетеді; дөңгелек
қара көзі жалтылдап, мені мақтаса деп тілейді.
Бірде мен Брудныйдың қорқақ еместігіне көз жеткіздім. Оның
атыс ұялары өзге взводтарға қарағанда бұрын біткен. Тексеру
кезінде маған маңдай төсемелері әлсіз болып көрінді. Брудны-
йдан: «Мынау сеніңше дайын ба?» деп сұрадым. – «Иә, жолдас,
комбат!». Жауынгерлердің бірінен винтовка алдым: «Брудный,
түс анда!». Жағдайды түсінген оның түсі бозарып кетті. Мен:
«Сен осының ішіне – оқ астына адамдарды отырғызбақшы бол-
Волоколамск тас жолы
130
дың ғой. Енді өзің кір. Атып көремін» – дедім. Бір мезет бөгеліп
қалған ол өкшесінен кілт бұрылып, траншея ішіне секіріп түсті.
Мен кенет: «Тоқта! Шық былай!» – деп дауыстадым. Ол шыққан
сәтте мен де аттым. Оқ өтпеді, төсеме тесілмеді. Брудныйдың ма-
саттанатындай жөні бар-тын. Оның салтанат құрған көзқарасы
тағы да: «Ә, қалай екен? Мақтамайсыз ба енді!» деп тұрғандай
еді. Содан бері, әлгі ширақ әскери бұрылудан кейін осынау өте
өжет қарадомалақ лейтенантты жақсы көріп кеттім...
– Отыр, Брудный! Отыр, Донских, – дедім мен.
4
Донских картаны жайды. Тосқауыл орындарын күнібұрын
ойша түзіп те қойған едім, сонда да мұны карта бойынша тек-
сердім. Бұдан соң міндетті түсіндірдім: жол жағасына жасырын
бекініп алып, неміс автоколоннасы мен артиллериясын өткізбеу;
кішігірім барлаушы топтарды мылтық атпай-ақ өткізіп жібере
беру, ал колонналарды оқтың астына алып, пулеметпен қарсы
алу. Жауды күтпеген жерден оқ жаудырып есін шығарғаннан кей-
ін тосқауыл оп-оңай жылыстап кете салады.
– Әйткенмен, жолдастар, сендердің басты мақсаттарың кете
қалу емес, – дедім мен. – Керісінше, дұшпан өз-өзіне келіп, тағы
да ұрыс бастағанша табан аудармай күту керек! Жолды бөгеңдер.
Жауды өздеріңе қарсы ұрыс тәртібін құрып, қанат жаюға мәжбүр
етіңдер. Бұл – бір. Түсінікті ме?
– Түсінікті, – деп күмілжіді Брудный.
Оның бойынан әдеттегі қағылездік байқалмайды, біртүрлі
томсырайып қалыпты. Донскихте үн жоқ.
– Түсінікті ме, Донских? – деп сұрадым мен.
– Түсінікті, жолдас комбат. Өліспей беріспейміз...
– Жоқ, Донских, беріспей тұрып алу шарт емес, қимылдау ке-
рек. Орағытып, шабуыл жасау керек.
– Шабуыл жасаймыз ба? – деп қайталап сұрады Брудный.
– Иә. Тосқауылда жатып шабуыл жасайсыңдар. Гитлер-
шілерді мүмкіндігінше оқ астына алып, баудай түсіру қажет.
Одан кейін күткен жөн. Жау ірге кеңейтіп, сендерді қоршап алу
үшін күш жинап, ұрыс салсын. Сол кезде жалт беріп, сытылып
кетіп, жаудан бұрын басқа жерден барып жол аузына бекініп,
дұшпанның алдын қайтадан кес-кестеу қажет.
131
Жол бойындағы шайқас
Мен карта бетіне Панфилов көрсеткендей шиыршық орамын
сыздым.
– Біз осы арқылы дұшпанды ерте көсіліп, босқа шабуылда-
уға мәжбүр етеміз де, ит әуреге саламыз. Одан кейін ол қайта
ышқынған сәтте екінші рет соғуымыз керек.
– Соғамыз ғой? – деп Брудный қайыра сұрады.
Оның кескіні қайтадан қырағылық кейпіне түсіп, көзі жайнап
кетті. Донских үнсіз жымияды. Жағдайды ол да түсінген.
Маған Панфиловтан «жұққан» осынау «соғу» деген сөз әл-
дебір сиқырлы ұғымға айналды. Бұл – міндетті бірден айқындап,
көкейге қона кетіп, жұртты серпілтіп, батылдық сыйлады. Мен:
осы – жай тактика ғана емес, одан да терең дүние-ау деп түйдім.
Істі нақтылы пысықтадық. Брудный ынталанып алған. Қиялы
қанаттанғаннан-ақ қамшы салдыратын түрі жоқ. Ол елді ендігі
қалай жасырып, қалайша көзден тасалауды өзі де анық көріп тұр.
Мен:
– Иә, жауынгерлер окопты терең қазып, жасырынуы тиіс.
Мұны, әсіресе, Донских сен үшін айтамын. Бұл жерде, ешбір
аяушылық болмасын, – дедім.
Донских үндемей маған қарайды. Мен Панфиловтың сөзін
қайталадым:
– Аяу деген – аямаушылық. Түсінікті ме?
Донских сенімді түрде жауап берді:
– Түсінікті, жолдас комбат.
Оның көгілдір көздері бұдан жарты сағат бұрынғыдай солғын
емес, қатуланып, сұстана түсіпті.
Біздің әңгімемізде Отан, Москва жөнінде ештеңе айтылған
жоқ, алайда ол сөзден тыс, әрқайсымыздың жүрегімізде тұрды.
5
Лейтенанттар взводтарды жолға әзірлеуге жөнелді. Ал мен
тағы да ойға шомдым. Сіз таңданарсыз? – Шешім табылды, бұй-
рық берілген, орындаушылар атқарылатын міндетті ұғынған:
енді не қалады?
Шайқас қалады.
Сіздің соғыс жайында жазған кезіңізде бір «кішкене» ғана
жәйтті назардан тыс қалдырмауыңызды өтінемін: майданда қар-
Волоколамск тас жолы
132
сылас деген болады. Және, ең ғажабы, ол сіздің ыңғайыңызға әр-
дайым жығыла бермейді.
Мен: ақыл мен ақылдың тартысында біздің жеңгенімізді, Пан-
филовтың жеңгенін түйсіндім. Ал әрі қарай не істейміз? Немі-
стер жауған оқтың астына өзін, мал секілді, бір мәрте, екі мәрте,
үш мәрте сала бермекші ме? Немістің әскери бастығы – кеудесіне
нан піскен «ұлыгермандық» мырза бізден бір сәт ойлануға мұр-
сат алғаннан кейін жау нендей әрекет жасайды?
Соғыста бір ғана ниет емес, екі ниет бар; бір ғана бұйрық
емес, екі бұйрық беріледі. Шайқаста сол ой мен бұйрықтың біре-
уі орындалмай қалады. Неліктен?
Айтыңызшы маған: неліктен?
6
Кеш түсе взводтар аттануға даяр болды.
Лейтенант Донскихтың тобы Руза өзеніне салынған көпір
түбінде сап құрды. Мен атпен жауынгерлерге келдім. Олар көп
емес еді – елу төрт адам, бәрі де иықтарына керек-жарағын ар-
тып алған. Төртеуінде қол пулеметі бар; өзгелері жол қапшықта-
рына пулемет пен винтовкаларға арналған мырыш қораптардағы
оқтарын салыпты; телефоншылар сым шумағын арқалаған; жа-
уынгерлермен бірге екі санитар кетіп бара жатыр.
Оң жақ қапталда ел қатарлы винтовка ұстаған взвод коман-
дирінің көмекшісі сержант Волков тұр, бейбіт кезеңдегі маман-
дығы – слесарь, үнемі тұнжырайды да жүреді, әскери қызметте
қатал. Алдыңғы күнгі түнде жүздеген жауынгерлермен бірге Се-
редаға бұл да барған; айтушылардың сөзіне қарағанда, ол жауды
үндемей жүріп-ақ жайпай беріпті, өзі келгеннен кейін де ешкімге
тіс жарған жоқ.
Жас Донскихтың қасына қырықтағы Волковты білетіндік-
тен әдейі қостым: бұл немістің алдында бүгежектейтін болса
өзіміздің адамды да атып тастаудан тайынбайды.
Алакөбеңде бәрін де жүзбе-жүз таныдым. Көпшілігі винтов-
кадан неміске бірінші рет оқ атқалы тұр, көпшілігі алғашқы аты-
ста-ақ жүректері аузына тығылып, зәресі қалмайтыны анық.
Сендерге не тілесем болады, жауынгерлерім? Шамам келген-
ше бәрін де айттым; мүмкіндігімше берерімді бердім. Ал жарай-
ды қоштасар алдында...
133
Жол бойындағы шайқас
– Тік тұр! Жарты айналым солға бұ-рыл! Оқта! Жалғыз
тұрған шыршаның ұшар басын көздеп, дүркін-дүркін... Взвод...
Елу майланған затвор жұмсақ та қаһарлы дыбыспен сырт-сы-
рт етті. Винтовкалар иықтан серпіліп алға қарай кезелді. Кешкі
аспан аясында жағадағы дөңестен зәулім шыршаның қап-қара
сұлбасы оқшау көрінеді. Сарбаздар ауыздан шығар бұйрықты
күтіп тұр.
Мен айғай салдым:
– Атыңдар!
Сатыр-гүтір үн құлақ тұндырды. Бір мезетте найза ұшы мен
ұңғы шетін жарқыратып қызғылт оттар тізбегі пайда болды. Сы-
нып, опырылып, қарға құлаған бұталардың дыбысы құлаққа же-
теді. Затворлар қайтадан сытырлап, дүмі иыққа тірелген винтов-
калар қайта тына қалды. Қарайған қылқан сұлбасы бұрынғыдай
тұтас емес: ұшып кеткен шырша бұтақтарының орны үңірейе
ағараңдайды.
– Атыңдар!
Қызғылт жалын тағы да жарқырай зулады, дүркіреп тағы оқ
атылды, салбыраған ауыр бұтақтар тағы құлады.
– Атыңдар!
Үшінші дүркін оқтан кейін шыршаның бас жағы түбінен ке-
скендей иілді, одан дір-дір қағып барып қайта тіктелді; әлден
мезгілде құлап бара жатқандай доғал бұрыш жасап еңкейе баста-
ды. Сөйтті де бірнеше секунд ілігіп тұрып, төмендегі бұталарды
сындыра-мындыра, жерге гүрс етті. Ал аспан аясында жаңағы
зәулім сүйір төбенің орнына кетік дің қана қараңдап қалды.
Қаруды аяққа түсіріңдер деп команда бергеннен кейін:
– Жақсы атасыңдар! – дедім.
Жауынгерлер бір мезгілде оқ атқандай саңқ етіп:
– Совет Одағына қызмет етеміз! – деді.
– Немісті де дәл осылай ұрыңдар! Дүркін-дүркін оқ атыңдар
деген команда бойынша! Ажал оғын ақырын ғана сіркіретпей,
нөсерлете төгіңдер! Өз винтовкаларыңа сеніңдер, жолдастар!
Лейтенант Донских, баста.
Өзге орыннан Брудныйдың да взводын шығарып салдым.
Волоколамск тас жолы
134
7
Келесі күні, қазанның он сегізінде, Донскихтың взводы неме-
се Брудныйдың взводы ұрысқа кіре ме деп күткен едім. Алайда
он сегізінде де, он тоғызында да немістер біздің тарапқа аяқ бас-
пады.
Екі тосқауыл да орман шетінде ұзаққа созылатын шайқас үшін
жер асты бекіністерін жасап, бұғып жатты.
Қарағай басында немістер жаққа қарап, бақылаушылар отыр-
ды. Бірақ екі жолда да тырс еткен тіршілік белгісі жоқ. Донских
пен Брудный белгіленген уақытта күніне бірнеше рет телефон
арқылы: «Жау көрінер емес» деп мәлімдейді.
Волоколамск бекінісі ауданының тұтастай орталық бөлігі – біз
ғана емес, көршілес батальондар майданы да бұл күндері жау
тарапынан селт еткен қысым көре қойған жоқ; немістер мұнда
барлау топтарын да жібермеді.
Әйткенмен, бүйірден, батальон алқабының сол жақ шетінен,
Руза өзені барып сіңетін орман сыртынан гүрсілдеген зеңбірек
үні тоқтаусыз естіліп тұрды. Онда біздің танкіге қарсы артилле-
рия шайқасып жатқан. Панфилов оған – дивизияның сол қана-
тына барлық зениттік пулеметтерді салды, оның ішінде менің
батальоныма тиесілі қару да бар. Біздің оң жағымызға қарай ор-
наласқан батальонның бір ротасын да сонда ауыстырды, ал олар-
дың бос қалған орнын қолдағы күшпен толықтыруды бұйырды.
Біз майданның қалай қарай ауысқанын түнде соғыс өртінің алау
сәулесі арқылы, күндіз дыбыс бойынша бақылап отырдық. Дүбір
жақындай қоймады. Керісінше, ол арагідік тынши қалғандай бо-
лады, тек майданның түп тереңіне қарай, біздің ту сыртымызға
ауысқаны байқалады.
Ол төңіректегі жағдайдың ұзын-ырғасын білуші едім. Неміс
соққысының өзегі сол он алтысы күнгідей қалды. Немістер қо-
сымша күш шоғырландырып алға жылжыды. Екі-үш дивизи-
ямен, оның ішінде танк дивизиясы да бар, біздің желке тұсымы-
здағы «рокадаға» (тырнақшаға алып жазыңыз: майдан шебімен
қатар жатқан жол «рокада» деп аталады) – Можайск – Волоко-
ламск тас жолына жұлқына шықты. Сөйтіп Волоколамскіге қа-
рай бұрылды.
135
Жол бойындағы шайқас
Біздің батальон майдан шебімен іргелес жол бойында шайқа-
сып жатқан әскерлердің тылы мен бір бүйірін соққыдан көлегей-
леуге тиіс еді. Бірақ немістер бізге жақындай қоймады. Біз бен
жаудың арасында бұрынғыша ені он екі-он бес километрге со-
зылған бос алқап жатты.
8
Қазанның он екісі күні Донских күтпеген жерден телефон
соқты.
– Жолдас комбат, жүк машинасы келе жатыр. Немістің жаяу
әскері.
– Бір машина ма?
– Иә.
– Өткізіп жібер.
Бірнеше минуттен кейін Донских мені қайтадан шақырды.
–Жолдас комбат, машина колоннасы көрінді. Олар да жаяу
әскер.
– Қанша?
– Арты көрінбейді. Әзірше он. Кінәлімін, қазір ғана жеткізді:
тағы екеу бар екен.
– Ал, Донских... – дедім мен.
– Қапы қалма дейсіз бе? – Тұтқадан сөзін осылай аяқтаған
Донскихтың тыныстағанын естіп тұрмын. – Солай ма, жолдас
комбат?
– Солай.
– Құп болады, жолдас комбат. Жібермейміз, жолдас комбат...
Донских кетті. Ал мен тұтқаны құлағыма әлі тосып тұрмын.
Жерге көмілген сымның арғы шетінде сол жақта болып жатқан
жағдайды маған жеткізіп тұратын байланысшы отыр. Құлағым
сыбдыр еткен дыбысты қалт жібермейді. Әрбір сөздің қандай
ырғақ, нендей бояумен айтылғанына дейін жіті сезінемін. Мен
окоптағы байланысшы көрген нәрсені взводтан сегіз шақырым
жердегі штаб блиндажында отырып-ақ көретіндеймін.
Ұзын, ашық жүк машиналары бұл күндері қайтадан аяз тұрып,
қазан айының ерте түскен ала шабыр қары араласқан қатқақ жол-
да ақырын ілбіп келеді. Көлік шанағының шет-шеті мен ортасы-
на орнатылған орындықтарда винтовка, автомат ұстаған неміс
солдаттары отыр. Бұл қазір санаға сыймайтын жағдайдай көрінуі
Волоколамск тас жолы
136
мүмкін, ал сол кезде, бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылдың
қазан айында немістер Мәскеу түбінде шабуыл жорығына кейде
осылайша: ешбір барлаусыз, патрульсіз, екі шеттегі күзетсіз-ақ,
ыңғайлы жабдықталған жүк машиналарына отырып алып, «русь»
ұшырасқан жағдайда тырқырата қуатынына бек сенімділікпен
шыға беретін.
Ал «русь» орман шетінде біздің жермен әлдебір бай-патша
сынды емін-еркін жылжыған көк-жасыл шинельді, көк-жасыл
пилоткалы адамдардан көз айырмай, бұғып қана, шүріппесі қай-
ырылған винтовкаларын қыса ұстап, «атыңдар!» деген команда-
ны күтіп жатты.
Телефон мембранасы тықыр ете түскендей көрінді. Мен
жұлып алғандай:
– Иә, не болды анда? – дедім.
Тағы бірдеңе тырс етті.
– Не болды? – деп қайталадым мен.
– Атып жатырмыз, жолдас комбат. Мен де атып жатырмын.
– Дүркіндете ме?
– Иә, команда бойынша, жолдас комбат.
– Ал немістер не істеді?
Дегбірді алып, ұзақ үнсіздік орнады.
– Қашып барады! – деп айқай салды телефоншы. – Құдай
ақы, қашып барады...
Кеудемді шаттық кернеді. Немістер қашты! Міне, ойды іске
асыру деген, міне, соғыста жауды қуу деген! Демек, бізде жан
мен тәнді талқан қылатын, немістерді лездің арасында тәртібі
мен өркеуделігінен бездіруге мәжбүр ететін, олардың «жоғары»
нәсілдігі мен әлемді жаулайтын жеңілмес армия екенін ұмыт-
тыратын құдіретті күш бар. Ех, қазір атты әскер болғанда ғой,
шіркін! Зытып бара жатқанында өкшелеп, атпен қуып жетіп, есін
жидыртпай оңды-солды қылыштың астына алсаң!
Мені жеңіс қана емес, сананы ашқан жеңіс құпиясы рахатқа
батырды. Күш бар бізде! Оның аты... Жоқ, мен дәл сол сәтте оны
өз атымен атай алмадым.
9
Біраз уақыт өткеннен кейін Донских телефон арқылы тосқа-
уылдың алғашқы минуттерде жүзге жуық немісті қырғанын
137
Жол бойындағы шайқас
мәлімдеді – үш жүздейі әлде төрт жүздейі құтылып кетіпті; бір
сәт кейін серпілген жау қайтадан ес жиып, етек-жеңін жиып, бері
қайырылып, жата-жата кетіп, атыс бастапты.
– Жақсы. Бізге керегі де сол, – дедім мен. – Біраз ойнай тұр.
Әбігерленсін. Адамдарыңды жасыр. Бірақ жан-жағыңды бай-
қаста.
Телефон арқылы ұрыстың жайын бақылап отырдым. Немістер
бастапқыда автомат, винтовка, пулеметтен оқ жаудырып, одан
взводқа қарсы минометтер іске кірісті. Гитлерлік армияның сол
кездегі бір артықшылығы да осында еді – минометтері көп.
Мотоатқыштары отын секілді жинамалы минометтерін өз-
дерімен бірге жүк көліктеріне тиеп алып жүретін.
Жауынгерлер тасаға кетті. Екі сағатқа созылған атыстан кей-
ін орманға жақындаған неміс барлаушылары оқ астында қалды.
Қызынып алған взвод жолға ешкімді жолатқан жоқ.
Мен телефон арқылы рота командирлеріне осы ақпаратты де-
реу жауынгерлерге жеткізіңдер, олар өз жолдастарының немісті
қалай жайпап жатқанын білетін болсын деп тапсырдым.
Екінші ротаның баппен қимылдайтын қырық жастағы коман-
дирі Севрюков:
– Жолдас комбат, жауынгерлер ендігі бәрін біледі, – деп жау-
ап берді.
– Қайдан біледі?
– Жолдас комбат, солдаттық сымсыз телефон жұмыс істеп
тұр.
Мұны Севрюковтың күліп тұрып айтқаны сезіледі.
– Ол не телефон?
– Жолдас комбат, жаралылар келді. Жарыса сөйлеп, бәрін әң-
гімелеп беріп жатыр. Мен таң қаламын, жолдас комбат...
Севрюков өз ойын айтпастан бұрын ойланып алатын еді. Мен
де оның сөзін күле тұрып, қызыға тыңдадым.
– Мен таң қаламын, жолдас комбат... Жұрт жаралы – ал бұл
азап қой, жаныңды көзіңе көрсетеді ғой, – бірақ бәрі көңілді.
Олардың әкелерін таныттық дейді. Білесіз бе? – Бұл аурудың өзін
жеңілдете түсетін секілді... Міне, жолдас комбат, жаралылардың
өзі елдің рухын көтере алады екен.
– Жаралылардың нешеуі келді?
Волоколамск тас жолы
138
– Төртеу... Жарақаттары таңулы, дегенмен оларды тезірек
медпунктке жіберуіміз керек еді. Бірақ жібере алар емеспіз: қа-
лай соғысқандарын айтып, ауыздары әңгімеден босар емес.
Оның даусынан аңғарылған қуаныш менің де жанымды
тебірентті. Мен тұтқаны қойдым.
Менің штаб бастығым, арықша келген, сөзге сараң, алғыр Ра-
химов орнынан тұрды.
– Жолдас комбат, жаралыларға барып, жағдайды анықтап
қайтуға рұқсат етіңіз, – деді.
– Иә. Барыңыз.
10
Көп ұзамай мені Донских мені тағы да телефонға шақырды.
Ол неміс шебінің қапталдарынан қырық адамнан екі топ бөлініп
шығып, взводты айналып өтіп, қоршауға алғысы келетін секіл-
ді деп мәлімдеді. Донскихтың дегбірі қашып тұр. Оның аздап
қорқасоқтайтынын, сытылып кетететін сәт жеткен жоқ па деп
сұрағысы келетінін түсініп тұрмын; – әйткенмен, ол – кішіпейіл,
өр мінезді Донских бәрібір сұрай қоймады.
– Ештеңе етпейді, – Донских, – дедім мен. – Жауды бақы-
лайтын жасақ құр. Жақындайтын болса, оқ жаудырсын. Саспа.
Олардың өзі сенен қорқады.
Донскихтың келесі мәлімдемесі былай болды:
– Жолдас комбат, жан-жақтан атқылап жатыр. «Рус сдавай-
ся!» деп айқайлайды.
– Ал сен қайттің?
– Біз де атып жатырмыз.
– Жақсы. Оларды біраз бөгей тұр.
Бұл жолы ол ышқыныңқырап қалды:
– Жолдас комбат! Қоршап алуы ықтимал...
– Абыржыма, Донских. Көз байланып келеді. Түн қараңғы-
сында сытылып кетесің. Мықтырақ бол, қымбаттым.
Бұл сөздің аузымнан қалай шығып кеткенін аңдамаппын. Мен
осынау көгілдір көзді Донскихпен устав бойынша емес, жүрек
арқылы сөйлескен едім.
Сіз Донских неліктен сонша тықыршыды деп ойлап қалған
шығарсыз? Сізге ол бір сәт жігерсіз, жалтақ болып көрінуі де
ғажап емес. Бірақ түсінерсіз: ол жазу үстелінің қасында, бей-
139
«Сен Москваны беріп кеттің!»
біт күндегі станок басында, оқу-жаттығу алаңында да жүрген
жоқ. Оған ажал төніп келе жатты. Ол оның ысқырығын естіп,
өз көзімен көріп те отыр – немістер жарқырағыш оқпен атуға
кіріскен; оқ тұс-тұсынан қызылды-жасылды ұшқынын шашы-
ратып зу-зу етеді; тіпті, тиіп кете жаздап, құлағының түбінен
заулайды, ал мұндайда ақыл мен ерік-жігерге бағына алмайтын
жүрек атқақтап аузыңа тығылмай ма. Адам механизм де, кеспек
ағаш та, кесек темір де емес. Донских өмірінде алғаш рет алапат
қыспаққа салған сұрапыл шайқасты бастан өткерген еді.
Сегіз шақырым шалғайда отырып мен оның жүрек дүрсілін
жіті сезіндім. Мен салқын санадан гөрі түйсікпен қолдауға ты-
рысып отырған осынау қолма-қол айқас офицерінің бойындағы
рухани күш жауынгерлерге де берілді.
Кенет – иә, кенет, тіпті күтпеген жерден, Донских ентіге ха-
барлады: немістер шегініпті. Әуелде сене алмадым. Қарасам,
штаб блиндажының терезесі қараңғы екен; ымырт жабылыпты.
Кешікпей Донских қуаттады: жау біраз атқылап, одан айқайла-
сып, қараңғылықты пайдаланып, өліктерін жинап алыпты да тай-
ыпты.
Бұл шағын ғана ұрыс еді, бірақ шексіз бақыттан шаттанып,
сақылдап күлгім келді, атқа отыра салып, Донскихқа, жауынгер-
лерге, біздің қырандарға қарай құстай ұшқым келді.
Сол түні лейтенант Донскихтың взводы орын ауыстырды.
«Сен Москваны беріп кеттің!»
1
Келесі күні таңертең біздің сырт жағымыздан, түпкі тереңнен
тағы да гүрсілдеген зеңбірек үні естілді.
Ал батальонның маңдай алды тып-тымық. Белгіленген сағатта
Донских пен Брудный: жолдар – бос деп мәлімдеді. Сонау, бір-
талай ілгеріде бақылаушылар тура кешегідей биік ағаш басына
шығып, немістерге көз тігіп жүр.
Мен кенеттен соғылатын қоңырауды күттім. Айтқандай-ақ
шылдырлады.
Кезекші телефоншы аптығып тұр:
Волоколамск тас жолы
140
– Жолдас комбат, ана жақтан...
Телефоншымен бір адамша қоян-қолтық араласып кеткен-
біз; түсіндірудің қажеті де жоқ еді; қай жақтан екенін онсыз-ақ
ұқтым.
– Тыңдап тұрмын...
– Жолдас комбат, мынадай жағдай: салт атты немістер... Жол-
мен келеді.
Брудныйдың тез сөйлейтін мәнерін таныдым. Тәрізі, оның
да кезегі келген секілді. Брудныйдың взводы, өзіңіз білетіндей,
басқа жолдың түбінде жасырынған.
– Саны қанша? – деп сұрадым.
– Жиырма адамдай.
– Өткізіп жібер.
Кавалеристердің соңынан ілескен мотоциклді топ пайда бо-
лыпты. Бүгін жау біршама сақ қимылдады: алдыға барлаушыла-
рын жіберді. Әйткенмен, жауынгерлер орман ішінде мұқият жа-
сырынған еді.
Жол жиегіндегі Брудныйдың взводы немістерді аңдып жатқан
шоқ тоғай шағын ғана-тын. Алайда іргедегі жарты километр-
дей жерде тағы бір орман бар, ыңғайлы сәтте жаудан сытылып
шығып соған жетіп, жолға қайта шығуға болады.
Бір сағаттан кейін аттылы және мотоцикл мінген немістер кері
қайтты – олар үшін өзенге дейінгі жол бос.
Арада біраз уақыт өткенде Брудный жаяу әскерін тиеген жүк
көлігі көрінгенін мәлімдеді. Жол бойында ешбір қауіп жоқ деп
санаған немістер машиналарымен, екі бүйірге қойған күзетсіз-ақ,
дәл кешегідей тартып келеді.
– Дайынсың ба? – деп сұрадым мен.
– Иә, жолдас комбат. Біз дайынбыз.
– Жақынырақ жібер де, тарпа бас сал! Салмақпен қимылда.
Тұтқадан байсалды да нық дауыс естілді:
– Құп болады, жолдас комбат.
Болған жағдайды маған тағы да байланысшы хабарлап оты-
рды. Бұл жолда да кешегідей жағдай қайталанды. Тосқауылдан
бірінші, екінші, үшінші мәрте дүркін-дүркін оқ атылды. Немі-
стер тағы да көліктен секіріп түсіп, үйреткен нәрселердің бәрін:
141
«Сен Москваны беріп кеттің!»
команданы, тәртіпті лезде естен шығарып, үрейі ұшқан тобырдай
тым-тырақай безе қашты.
Маған алыстағы орман ішінен хабар беріп отырған телефон-
шыдан шайқастың анық-қанығын қазбалап сұрадым:
– Қашып бара ма? Әлде жата қалды ма? Мейлінше дәл жауап
бер!
– Қашты, жолдас комбат... Жанұшыра зымырап барады! Біз
жолдас комбат, қазір де бұлардың әкелерін таныттық.
Бұл жайында кеше ғана ойланып едім. Немістер тұтқиыл-
дан дүркірете атылған оқ астында қалған жағдайда өздерін қа-
лай ұстағаны жөн? Дереу жер бауырлап жата қалып, өршеленіп,
қарсы оқ жаудыра ма? Жан сауғалау сезімі әркімді ешбір коман-
дасыз-ақ осындай әрекетке апармас па еді. Десек те, әлдебір
тылсым күш жаудың санасын сансыратып, есті алып, ақылдан
адастырып, ажалдың оңай жемтігіне айналдырды.
Сонау күндерде, алғашқы шайқастарымыз кезінде осы күштің
қияпатын аңдаған едім. Асықпаңыз. Мезгілі жеткенде – біз оның
атын атап, ол жөнінде кеңесетін боламыз.
2
Ұрыс басталған бетте Брудный взводымен байланыс үзілді.
Желіні тексеруге жөнелген телефоншылар немістерге кезігіп,
қайта оралды. Мен не болғанын түсінбей, телефоншыларды тер-
геудің астына алдым. Дұшпан бұларға жол бойындағы селодан
оқ жаудырыпты. Телефоншылар онда қанша неміс бар екенін,
олай қарай машинаның өткен-өтпегенін білмейді.
Қызық. Тықыршып, маза кетті. Біздің взвод қайда? Тағдыры
не болды? Қоршауға түсіп қалғаннан сау ма? Сонша тапқыр,
алғыр Брудный сытылып кететін сәтті бос жіберіп алды ма екен?
Не істейміз? Өз адамдарымды ажал тырнағына тастай алмай-
мын. Бірақ қайтіп көмектесемін? Немен?
Бір взводты өзім алып, жасырынып барып құтқаруға құлшын-
дым. Жоқ, оған қақым жоқ қой – маған батальон қарап тұр, маған
сегіз шақырымға созылған майдан қарап тұр, мен осында болуға
міндеттімін.
Жаным қысылып, жағдайды салқын санамен безбендеп,
шешімін табуға тырыстым.
Волоколамск тас жолы
142
Жарайды, взвод қоршауға түсті дейік. Бірақ менің елу сар-
базым, елу қыраным оп-оңай беріліп, қол көтере қоя ма? Жоқ,
олар өліспей беріспейді. Мен осыған сендім, командирге сендім.
Олардың қолында винтовкалары, төрт қол пулеметі бар, патрон
жеткілікті, – ендеше, аңдысқан жау, бұлармен тартысып көр!
Мен оларды құтқару үшін өзіміздің барлаушылар взводы-
ның жартысын аттандырдым. Жарты взвод! Біз о кезде осындай
күшпен-ақ шайқасқанбыз. Командирге: «Жымып басып, жақын-
дап бар, бас салып ұрына кетіп жүрме, ақылмен, ұстамдылықпен
қимылда, қараңғылық түсуін күт те, Брудныймен байланыс орна-
тып, оған жәрдем бер» – деп бұйырдым.
Брудныйға: «Сытылып шыққаннан кейін, алдында тапсырға-
нымдай, взводымен бірге жолға шықсын; ертең өзге тосқауыл
құрып, немісті қайтадан оқпен қарсы алсын» – деп сәлем айттым.
3
Командирді босатқан соң блиндаждан шықтым; қарауытқан
аспан аласарып кеткендей екен. Ымырт жабылғанша екі сағаттай
уақыт бар. Ешкіммен кездесуге де, сөйлесуге де зауқым жоқ. Ой-
лайтыным тек қатынассыз қалған взвод, жол бойындағы орманда
арпалысқа түскен елу сарбазым.
Өзенге қарай аяңдап келемін. Анадайда қызыләскерлер тоң
жерді қопарып, ағаш тасып, жалған шеп жасап жатыр. Ол маңай-
ға да барғым келмеді. Алыстан: күйбеңдеп, өте сылбыр қозғала-
тындай көрінді... Ширағырақ қимылдамай ма! Ал біздің адамдар,
елу жауынгер өзеннің арғы жағында осынау қымбат сағаттар мен
минуттер үшін жаудың жолын бөгеп, табан тіреп айқасып жатыр.
Егер қастарына барсам ашу-ызам сыртқа теуіп, жазықтысына да,
жазықсызына да айқай салатынымды сезіп тұрмын.
Өзеннің арғы бетінен неміс минометтерінің тарсылы естіле
ме деп құлақ тігемін. Жоқ, о жақ тып-тыныш. Мүмкін онда бәрі
біткен де шығар? Сөйтіп өзімнің Брудныйымды, өзімнің Курба-
товымды, өзгелерді енді көре алмайтын болғаным ба.
Кейін келе-келе, соғыс қатайтқан соң, жүрек мұнша сыздап,
бұлайша ауыра бермейтін-ді.
Блиндажға келіп барлаушылардың хабарын күттім.
– Жолдас комбат, сізді шақырады, – деді телефоншы.
143
«Сен Москваны беріп кеттің!»
Қоңыраулатқан екінші ротаның командирі лейтенант Севрю-
ков екен. Ол:
– Жолдас комбат! Лейтенант Брудныйдың взводы қоршаудан
шықты, – деп мәлімдеді.
4
Мен лезде:
– Оны қайдан білесіз? – деп сұрадым.
– Қайдан білгені қалай? Олар осында, жолдас комбат.
– Қайда?
– Мен баяндап тұрмын ғой, – дейді Севрюков әдетінше бап-
пен, асықпай сөйлеп. Мұнысы да дәл қазір жанымды қинап жі-
берді. – Баяндап тұрмын ғой, олар осында. Рота құрамына келіп
қосылды.
– Кім?
Ештеңе түсініп жарытар емеспін немесе, анығында, түсінуін
түсіндім-ау, бірақ...
Бірақ, бәлкім, қазір, тура осы сәтте жағдайдың бәрі айқында-
лып, басқаша сипат алар. Севрюков:
– Лейтенант Брудный... және жауынгерлер. Қайтып оралған-
дарды айтамын. Алтауы оққа ұшыпты, жолдас комбат, – деп жау-
ап берді.
– Немістер қайда? Жол не болды?
Сұрақ аузымнан шығып кетті, әйтпесе, сұрайтындай да не
қалды өзі? Бәрі түсінікті ғой... Севрюковтың жауабын естідім:
жолды жау басып алыпты.
Мен үнсіз қалдым. Севрюков:
– Жолдас комбат, телефонда тұрсыз ба? – деп сұрайды.
– Иә.
– Брудныйды телефонға шақырайын ба, жолдас комбат?
– Керегі жоқ.
– Сізге барсын ба?
– Керегі жоқ.
– Онда не істейміз?
– Мені күтіңіздер.
Тұтқаны ілгеніммен, орнымнан бірден тұра қоймадым.
Волоколамск тас жолы
144
5
Ең сұмдығы – осы ахуал еді.
Жолдан айырылу масқара жағдай емес-тін. Бұған мен дайын-
мын-ды. Біздің тактикалық есебіміз бойынша, бұл ертең-бүрсі-
гүндері әйтеуір болуға тиіс жәйт.
Алайда бүгін менің лейтенантым, менің взводым, менің жа-
уынгерлерім жолды бұйрық берілмесе де тастап кетіп отыр.
Қашқан!
Бірнеше минуттен кейін атқа мініп екінші ротаның басқа-
ру пунктіне келдім. Бұдан үш апта бұрын ымырт жабыла осы
маңайдан жауынгерлерді аттандырып салғанмын. Қазір де қас
қарайған шақ-ты. Бірақ о жолы мен саппен қарсы алған болатын.
Ал қазір қайта оралған қызыләскерлер қырбық қар басқан жерде
шаршап-шалдығып отыр, кейбіреуі жамбастап жатыр.
Блиндаж түбіндегі ойлы-қырлы жарқабақпен жалғасқан ыл-
дилау дөңесте командирлер тобы тұр екен. Солардың арасынан
бәкене бойлы біреу шығып, маған қарай ұмтылды. Өзі жүгіріп
келе жатқан бетте:
– Встать! Смирно! – деп команда берді.
Бұл Брудный еді. Жақын келгенде қолын шекесіне апарып, ал-
дымда сымдай тартылып тұра қалды. Қобалжыған үнмен:
– Жолдас батальон командирі... – дей бергенінде оның сөзін
бөлдім:
– Лейтенант Севрюков! Мұнда келіңіз!
Севрюков денесін ауырлау көтеріп жүгіре жетті.
– Бұл жердегі шені үлкен бастықтарыңыз қайсыңыз?
– Менмін, жолдас комбат.
– Онда өзіңіз неге басқармайсыз? Взвод неге сапқа тұрмаған?
Бұл не деген бейберекеттік? Кәне, бәрін сапқа тұрғызыңыз! Ко-
мандирлер де сапқа тұрсын!
Қасыма Бозжанов келді. Ол сыбырлап қана, қазақша:
– Ақсақал, не болды? – деді.
Мен:
– Бұйрық сізге жүрмей ме, жолдас политрук? Сапқа тұрыңыз!
– дегенді орысша айттым.
Бозжанов бірер секунд маған қарай дөңгелек жүзін көтеріп,
еміне қарап қалды. Бірдеңе айтқысы келгенмен, бата алмай тұр.
145
«Сен Москваны беріп кеттің!»
Дәл қазір менің ешқандай жұбаныш сөзге құлақ аспайтынымды
түсінді.
Саптың пышақпен кескендей түзу сұлбасы ақ қар бетінде
қараңдай көрінеді. Күн тымық еді. Тек алыстағы түп тереңнен,
шығыс тұстан дүңкілдеген зеңбірек дыбысы естіледі. Мен сап-
тың қасына келдім. Бұл жолы Севрюков рапорт берді. Оның
жанында тік тұрған күйі түсі бозарып Брудный тұр. Мен соған
бұрылып:
– Баяндаңыз, – дедім.
Ол аптығып сөйлей бастады:
– Жолдас комбат, менің қарауымдағы күшейтілген взвод жүз-
ге тарта фашисті жер жастандырды, бірақ біз қоршауда қалдық.
Мен шаубыл жасап, сытылып шығуға шешім қабылдадым...
– Жақсы. Ал қайтадан жолға неге шықпадың?
– Жолдас комбат, бізді соңымыздан қуды...
– Қуды?!
Мен мұны қатты ызалана, зекіре айқайлап айттым.
– Қуды дейсің бе? Осылай ақталуға аузың қалай барады? Жау
бізді Оралға дейін қуатынын мәлімдеген. Сеніңше, сонда оның
айтқаны бола ма? Біз Москваны беріп, елімізді беріп, отбасы-
мызға, кемпір-шал, әйел, бала-шағамыздың алдына қашып келіп
тығылып: «Бізді соңымыздан қуды...» дейміз бе? Солай ма? Айт-
шы.
Брудный үндемейді.
– Әттең, не керек, – деп сөзімді жалғастырдым мен, бұл
сөзіңді әйелдер естіген жоқ. Жағыңның отын шығарып, бетіңе
түкірер еді. Сен Қызыл Армияның командирі емессің, сен қорқақ-
сың.
Алыстан тағы да зеңбірек дүбірі естілді.
– Естіп тұрсың ба? Анда – сырт жағымызда да толған неміс.
Олар кеуделеп Москваға өтпекші. Онда біздің бауырларымыз
жан алысып, жан берісіп жатыр. Біздің батальон мұнда оларды
бүйірдегі соққыдан қорғап тұр. Олар біздің табандап шайқасып,
жауды өткізбейтінімізге сенеді. Ал мен саған сендім. Жолды бө-
геп ұстап тұрады деп ойладым. Сен болсаң қорқақтық көрсеттің.
Қаша жөнелдің. Сен жолды тастап кеттім деп тұрсың ба? Жоқ!
Сен Москваны беріп кеттің!
Волоколамск тас жолы
146
– Мен... мен... мен ойлап ем...
– Сенімен сөзім бітті. Бара бер.
– Қайда барамын?
– Бұйрық бойынша орның қайда, сонда бар.
Мен қолыммен өзен жақты нұсқадым. Брудный мен көрсеткен
артқы жақты көргісі келгендей, басын кекжең еткізді. Дегенмен
ол менің алдымда қаққан қазықтай тік тұрған қалпын бұзған жоқ.
– Бірақ онда, жолдас комбат... – деді ол даусы қырылдап.
– Иә, онда немістер бар! Соларға кет! Егер қаласаң, соларға
қызмет жаса! Немесе өлтір оларды! Мен саған мұнда келуді бұй-
ырған жоқпын. Маған қашқын керек емес! Кет сонда!
– Взводпен бірге ме? – деп сұрады Брудный күмілжіп.
– Жоқ. Взводқа басқа адам командир болады! Жалғыз өзің
бар!
Батальон командирі жауынгерлік бұйрықты орындамаған
офицерге өз билігін әр түрлі жолдармен қолдануы мүмкін: оны
қайтадан ұрысқа жібереді, орнынан алады, сотқа береді, тіпті сол
сәттегі жағдай талап етсе, табанда атып та тастайды. Ал мен...
Мен де оны сол орында соттадым. Бұл да саптың алдындағы ату
жазасымен бірдей-тін – әскери арды ұмытып, сарбаздармен бірге
жаудан қашқан командирді тірідей өлтіру еді. Сөйтіп, абыройсы-
здықты абыройсыздықпен жазаладым.
Брудный, шынында да, сөздің біткені, менің өзін батальоннан
қуып жібергенім санасына жетпегендей, үнсіз саптың алдын-
да, әлі меңірейіп тұр. Бұл ол үшін ең масқара сәт еді. Ол ком-
сомол мүшесі-тін; әлбетте, оның соғыс туралы, ажал жайында
талай толғанғаны анық; шайқас кезінде Отан үшін жан қиюға
тура келуі мүмкін екенін де жақсы білді; батыл болуды қиялдап,
жеңіс шаттығы жөнінде, сонымен бірге құрмет пен атақ-даңққа
бөленіп, титтей болса да, бағасының қымбаттылығын сөзбен ай-
тып жеткізуге келмейтін – өзінің жеке бақыты хақында арман-
дағаны да даусыз.
Бірақ сұрапыл соғыстың өзі жетіп, қиян-кескі ұрыс басталған-
да комсомолец Брудный, лейтенант, взвод командирі өз взво-
дымен бірге қаша жөнелді. Сөйтіп – ешбір пікірталассыз, да-
уысқа салусыз сот шешімі айтылып үлгерілді, және үкімді дара
билеуші әскери басшы, батальон командирі комсомол бюросы-
147
«Сен Москваны беріп кеттің!»
ның отырысында емес, майдан даласында шығарды. Армандар
адыра қалды. Брудный өз жанын сақтап қалды, бірақ ол үшін
өмір біткен еді; оған сап алдында «қорқақ» деген ат берілді; «кет-
сін!» деген үкім кесілді.
Ол осының бәрі өлімнен де үрейлірек екені түйсігіне кірме-
гендей, әлі де менің әлдебір ақтық сөзімді күткендей, безірей-
іп тұр. Мен де оған үндеместен тесірейе қарадым. Сол сәтте
жібімеске бекінген едім. Кеудемде ешбір аяушылық болған жоқ.
Мені соғысқа қатысқан адамдар түсінеді; мұндай сәттерде жек
көрушілік өзіне қайшы келетін өзге сезім атаулыны отпен өрте-
гендей күйдіріп жібереді.
Брудный түсінді: сөз біткен. Оның қолын шекесіне апаруға
дәрмені жетті:
– Құп болады, жолдас комбат!
Ол осыны айтты да, әскери тәртіп бойынша сол жақ иығы
арқылы, өкшесінен кілт бұрылды. Сөйтті де, Руза өзенінің көпірі-
не жетіп алуға асыққандай жеделдете басып, қараңғылықты жа-
мылып жау дамылдап жатқан түнек құшағына сіңіп кетті.
6
Әлдекім қарауытқан взвод тобы арасынан бөлініп шығып,
Брудныйдың соңынан жүгіре жөнелген. Оның:
– Жолдас лейтенант, мен сізбен бірге... – деген сөзі бәрімізге
естілді.
Мен полуавтомат асынған осынау иықты, еңселі сұлба мен да-
уысты таныдым.
– Курбатов, кейін қайт! – дедім оған.
Ол тоқтады.
– Жолдас комбат, біз де кінәліміз.
– Саптан шығуға кім рұқсат берді?
– Жолдас комбат, онда жалғыз баруға болмайды. Онда...
– Саптан шығуға кім рұқсат берді? Орныңа тұр! Егер керек
болса, тәртіп бойынша Қызыл Армия командирі ретінде менен
рұқсат сұра.
Сапқа оралған Курбатов:
– Жолдас комбат, сөз айтуға рұқсат етіңіз! – деді.
– Рұқсат жоқ! Бұл митинг емес. Сендердің де командир-
леріңмен бірге қашқандарыңды білемін. Бірақ сендер үшін ко-
Волоколамск тас жолы
148
мандир жауап береді. Егер ол қаш деп бұйырса, қашуға мін-
деттісіңдер! Менің сөзімді естіп тұрсыңдар ма? Егер командир
қашыңдар деп бұйрық берсе, қашуға тиіссіңдер. Жауап беретін
сол. Ал командир «тоқта!» деп бұйырса, онда онымен бірге сен-
дердің әрқайсың, әрбір адал солдат қашып бара жатқан адамды
атып өлтіруге міндетті. Командирлерің сендерге ие бола алмады,
тоқтата білмеді, өзіне бағынбаған сарбаздар кездескен жағдайда
оларды атып тастай алған жоқ. Міне, енді сол айыбының жаза-
сын тартты.
Кенет Брудный көрінбей кеткен түн түнегі арасынан бейне бір
елес секілденіп соның өзі шыға келді. Қайтадан бұрқ ете түскен
жек көру сезімімен қатар енді бұдан мүлде түңілгендей күйге
түстім. Жалынып-жалбарынуға келді ме сонда? Өзінің ездігін
мына жерде де көрсеткені ме?
– Не керек саған?
– Жолдас комбат, құжаттарымды қабылдап алыңызшы.
– Не құжат?
Брудный сәл тұтығып барып жауап қатты:
– Комсомол билеті. Командирлік куәлік, хаттар.
Мен Бозжановты шақырдым.
– Жолдас политрук, құжаттарды қабылдап алыңыз.
Брудный шинелінің ішкі қалтасынан жұқа қағаз бумасын
шығарып, Бозжановқа ұсынды.
– Ақсақал, – деді маған Бозжанов сыбыр етіп.
Өзге ештеңе айтқан жоқ, бірақ ол осынау бір ауыз сөз арқылы
бүкіл өтінішін жеткізді. Брудный басын салбыратып тұр. Мен
мұны қорқақтың қулығы деп ұқтым. Өзі де, тегінде, қайта
оралғанында: комбат политрукті шақырып алады, ал политрук
араша түседі деп, осы әрекетті есепке алса керек. «Сен енді жау-
дың алдында ғана емес, мына жерде де айлаңды асырмақсың-ау,
ә? Мен саған арыңды сақтап қалуға мүмкіндік беріп едім, енді
жүрексіздігіңді тағы көрсетсең, обалың өзіңе – арсыз-ақ өле бер»
– деген ой келді. – Брудный, – дедім мен, – құжаттарың өзіңде
қала берсін. Ол жаққа бармай-ақ та қой. Әне саған – басқа жол.
Мен тылға апаратын соқпақты нұсқадым.
– Полк штабына бар... Сені батальоннан қуып жібергенімді
баянда, сотқа берді де... Өзіңді сол жерде ақтап аларсың...
149
Жолдағы тағы бір шайқас
Брудный көмейіне кептеліп қалған өксігін басуға әрекеттен-
генде, ақырын ғана ысқырық іспеттес дыбыс шығарып, ықылық
ата тыныстады.
– Жолдас комбат, мен... мен дәлелдеймін сізге... Мен өл-
тіремін... – Осы кезде оның даусы дірілдеп, іштегі айтпақ сыры
ағытылды. – Мен о жақта сақшыны өлтіремін... Оның қару-жа-
рағы мен құжаттарын алып келемін... Өзіңіз көресіз...
Осы сөздерді естігенде біртіндеп ішім жылыды. Оның өзі ғана
еститіндей етіп: «Жарайсың, міне азамат, сөйту керек!» – деп
сыбырлағым келді. Жаным тебіреніп, ет-жүрегім елжіреді. Бірақ
мұнымды ешкім сезген жоқ.
– Қайда барсаң онда бар! Сен маған керек емессің.
– Міне, жолдас политрук, – деді Брудный.
Бозжанов электрлі фонарын жақты: жарық Брудныйдың жү-
деу тартқан қараторы жүзіне түсті – көзі шүңірейіп, ұрты суалып,
шықшыт сүйегі одырайып кеткендей көрінді, беті нарттай қыза-
рып тұр. Одан сәуле жарығы бума қағазды көрсетті. Бозжанов
соны алды да, фонарь сөнді.
Кілт бұрылған Брудный жеделдете басып, ұзай берген. Мен:
– Курбатов, лейтенантқа полуавтоматыңды бер! – деп айқай-
ладым.
Оған көрсеткен жалғыз көмегім осы еді. Мен батальонның
беріктігі үшін, шептің – Москваны қорғап тұрған кеудедегі де,
Руза өзенінің жағасындағы да шептің беріктігі үшін жауап бе-
ретін едім.
Жолдағы тағы бір шайқас
1
Штаб блиндажына қайта оралған соң, өзіме Курбатовты шақы-
ртып алдым.
Ол тұнжырай кірді. Кеудесін шалқақ ұстайтын, сұлу, қайратты
және өзі батыл да болу керек – жау өзгелермен қатар осы адамды
да қуыпты. Неге? Жағдай неліктен бұлай болды? Міне, осыны
білуге міндетті едім.
Волоколамск тас жолы
150
– Әңгімеле, – деп бұйырдым оған, – не болды сендерге? Неге
қаштыңдар?
Курбатовтың жауабы сараң шықты. Бұғып жатқан немістермен
атыс кезінде жақыннан, тура желке тұстан сатырлаған автомат
дыбысы естіледі. Ағаш тасасынан жауынгерлердің сыртын ала
жарқырауық оқ ұшады. Брудный «За мной!» деп айқай салыпты
да, винтовкаларын көлденең ұстаған взвод, күнібұрын жоспар-
ланғандай, орманнан шығып, көрші тоғайға қарай лап қояды. Ке-
нет сарбаздардың қарсы алдынан да оқ борайды. Біреу құлайды,
екіншісі бажылдап, ойбай-аттанға басады. Содан жұрт бір шетке
қарай тұра безеді де, сол сәттен-ақ ешкімді тоқтату мүмкін бол-
майды. Бірақ жарқырауық оқ қарша жауып, қыр соңдарынан қал-
мапты; немістер өкшелеп қуып келе жатқан бойы атысты тоқтат-
паған; әскери тілде мұны «иықтан түсірмей ату» дейді.
Мен:
– Сендерді қуалаған автоматшылардың саны қанша? – деп
сұрадым.
Курбатов томсарып:
– Білмеймін, жолдас комбат, – дейді.
– Он екі-он үш адамдай бола ма? Әлде одан аз ба?
Курбатов үндемей, көзін төмен салды.
– Бар, – дедім мен.
2
Курбатов кетті.
Менің солдатымның жанына батқан не? Мен оның қысылып,
ұялғанын аңдадым.
Ұят... Мұның не екені туралы ойланып көріп пе едіңіз? Егер
соғыста солдаттың ұяты өлсе, егер іштегі қақпайлап отыратын
осынау дауыстың үні өшсе, ешбір машық, ешқандай тәртіп арми-
яны нығайта алмайды.
Артынан оқ борағанда Курбатов та өзгелермен бірге қашты.
Үрей оның құлағына:
«Сен өлдің; сенің жас өмірің қор болды; қазір сені не өлтіреді
немесе жарадар қылып, мәңгілік мүгедекке айналдырады. Қашып
құтыл, жүгір!» – деп айқайлайды.
Бірақ тағы бір құдіретті дауыс:
151
Жолдағы тағы бір шайқас
«Жоқ, тоқта! Қашу деген – сорлылық және масқара! Сен
қорқақ ретінде таба боласың! Тоқта, шайқасқа кір, Отанның лай-
ықты ұлы бол!» – дейді.
Осынау аласапыран ішкі арпалыс сәтінде, таразы басы ал-
ма-кезек, бірде олай, бірде былай тартып, солдаттың жаны қақ
айырылған кезде – жалғыз ғана команда қаншалықты қажет еді!
Командирдің сабырмен, қатты айтылған әмірлі үні – бұл Отан-
ның өз ұлына деген бұйрығы болар еді. Команда жауынгерді
жүрексіздіктің тырнағынан жұлып алып, сарбаз бойына әскери
оқу-жаттығу, тәртіп сіңірген дағдыларды ғана емес, барлық ар-
ұят, патриоттық сынды қастерлі қасиеттерді жұмылдырар еді.
Брудный абдырап, өзінің команда беруге міндетті болған сәтін
өткізіп алды. Соның салдарынан взвод шайқаста жеңіліс тапты.
Соның салдарынан қазір солдат менің бетіме қарауға батпайды.
3
Взвод командирі айыбы үшін сазайын тартты.
Ал мен ше? Батальонда кездескен, алдағы уақытта да болатын
барлық жағдайлар үшін, ұрыстағы әрбір сәтсіздік үшін, әрбір
қашып-пысу оқиғасы үшін, әрбір командир мен жауынгер үшін
мен жауап беремін. Менің взводым жауынгерлік бұйрықты орын-
дамады, демек, жауынгерлік бұйрықты орындамаған – менмін.
Болған оқиға жайын телефон арқылы полк штабына мәлімдеп,
тиісті түсініктемемді берген соң тұтқаны орнына қойдым да... қа-
тал сот алдында – өз ар-намысым мен өз ақыл-парасатым алдын-
да жауап беруге кірістім.
Қателіктің түп-негізіне жетуге міндетті едім: менің кінәм
неде? Взвод басына жарамсыз командирді қойғандығымнан
ба? Оның қорқақ екенін алдын-ала түсінбегендігімнен бе? Жоқ,
мәселе мұнда емес. Ол қашқаннан кейін де, саптың алдында жа-
засын тартқаннан кейін де менің жан-жүрегімді жібіте алды ғой,
арсыз еместігін көрсете алды ғой.
Сонда ол оқ астында қалған сәтте нендей күйге түсті? Өз мін-
деті мен командирлік билігін неге ұмытты? Мүмкін өзгелердің
қорқақтығының ықпалына түскен шығар? Жоқ, мен өз сарбазда-
рымды қорқақ дегенге сенбес едім. Әлде оларды тиісті деңгейде
дайындай алмадым ба? Жоқ, бұ жағынан да кінәлімін деу қиын.
Волоколамск тас жолы
152
Ақиқат сыры санама біртіндеп барып, бұлыңғырлау, дөрекілеу
түрде жете бастады.
Бұдан бірнеше күн бұрын лейтенанттарға міндет жүктеген
сәтте: сонда немістер біздің бірінші, екінші, үшінші мәрте дүр-
кін-дүркін жаудырған оғымыздың астына мал секілді бас сұға
бермекші ме деп ойлап едім ғой. Міне, сол кезде жылт еткен осы
ойдан ешбір қорытынды шығармаппын; мен есті жауды ессіз деп
санап жаңылысыппын.
Біз немістің әскери басшысын жол бойындағы сонау алғашқы
айқастан кейін-ақ ойлануға мәжбүр етіппіз, бірақ бұл өзім дол-
барлаған уақыттан сәл ертерек іске асыпты. Оның тосқауылға тап
болған жағдайда не істейтіні туралы өз жоспары бар екен, соны
күнібұрын аңдай алмаппын. Ол тұтқиылдан тиісуге тұтқиыл-
дан тиісу арқылы жауап берді. Тым-тырақай қашу сырына дер
кезінде дендеген жау менің взводымды сонау өзіміздің айламы-
зды қолдану арқылы қуды – өткенде өз солдаттары зәресі ұшып
безе жөнелгендей, күтпеген жерден маңдайдан ұрып, оқ жаудыру
әдісін қолданды.
Бүгін ол жеңді, мені тырқырата қуды – санамда дәл осы «мені»
деген сөзді қолдандым, – бірақ бұл жеңіс оның офицерлері мен
солдаттарының батылырақтығынан немесе дайындығының
мықтылығынан емес еді. Және жау мені санының көптігімен де
алған жоқ, – біздің тактикалық ойымыз бойынша көп күшке аз
күш арқылы да ұзақ уақыт қарсы тұруға болар еді, – ол өз кезе-
гінде оймен, тактикалық қадаммен, ақылмен алды.
Иә, мен кеше аздау ойланыппын! Мен шайқасқа дейін-ақ
жеңіліс таптым. Міне, менің кінәм.
4
Картаға тесіле қарап, ұрыс картинасын, қашу көрінісін еле-
стетіп, менің қас дұшпаным – неміс әскери бастығының осы әре-
кетті қалай дайындап, қалай іске асырғанын болжап білуге ты-
рыстым.
Менің жауынгерлерім қашты. Жау оларды қашуға мәжбүр
етті, соңынан түсіп қуалады. Ойша осыны көріп, қадала қарап
тұрмын. Олардың жарқырауық оқ қамшылап, ажал қамшы-
лап, жанұшырып, екі өкпені қолға ала безектеп келе жатқанын
көремін; бұлардың артына түсіп, жүгірген бойда оқ жаудырып,
153
Жолдағы тағы бір шайқас
ентіге, қара терге түсе, есіріп, екілене қуған немістерді көремін.
Қашып келе жатқан жолда қаншама шоқ тоғай, тал-дарақ, сай
мен жыра бар! Бір жерге бұғып, бүкіл қарудың ұңғысын жауға
қаратып дереу жата қалып, жақын келген кезде қуудың қызығы-
на түсіп алды-артты ұмытқан дұшпанға салқын қандылықпен
қақ маңдайдан оқ жаудырса.
Брудный сабырдан айырылып қалды, ақыл-естен ажырап, сол-
даттың да ерік-жігеріне ие бола алмады – оның қылмысы сонда.
Бірақ мен, батальон командирі, кеше шайқасқа дейін-ақ мұн-
дай жағдайды күнібұрын болжап білуге міндетті едім.
Жау осылайша жолды басып алды. Бірақ әзірше біреуін ғана.
Екіншісіне әзірше ие бола қойған жоқ. Онда тосқауыл орнын
ауыстырып, немісті Донскихтың взводы күтіп жатыр. Ертең
дұшпан әлдебір айла арқылы мына взводты да қашуға мәжбүр
етіп, өкшелей қуудың жолын қарастырады.
5
Донскихпен телефон арқылы сөйлесіп, оның қасына күзет
алып, маған келуін бұйырдым.
Бір жарым сағат шамасында ол да жетті.
Түр-тұлғасы өзгермеген секілді. Беті мен қолының терісі де
баяғыша, қыздың кескініндей үлбіреп тұр. Жүзі алаулай кір-
ген. Алайда алғашқы қимылы мен аузынан шыққан бірінші
сөзінен-ақ Донскихтың өзгергенін аңдадым. Менің көзіме көзі
түскенде күлімдеді: аздап ыңғайсызданғандай жымиятын мәнері
таныс та жаңаша көрінді – күлкісінен әлдебір ішкі қуат атойлай-
тындай және ол өзінің жымиюға құқылы екенін жақсы біледі.
Қимыл-қозғалысы да нық, жылдам. Бұрынғыдай емес, қолын да
шекесіне еркін апарады, келгені туралы да жатық баяндады.
– Отыр, дедім мен. – Картаңды әкел.
Донских жайған картада тосқауыл орны белгіленбепті. Мұн-
дай істе өз құпияңды карта бетіне әйгілеуге болмайды. Бірақ
алғашқы айқастың орны қазір жасырын емес – Донских оны
есте сақталсын дегендей, қызыл түспен дөңгелете сызыпты. Мен
сол жерге үңілдім. Біз екеуміз де білетін едік: мұнда рухтың ұлы
сынағы өтті; мұнда жеңіс шаттығын бастан кешірдік, – бірақ бұл
жөнінде екеуміз де тіс жармадық.
Волоколамск тас жолы
154
– Байқайсың ба, Донских, – дедім мен, – өткен жолы сен еке-
уміз жаудың тосқауылды екі бүйірден құрсауы мүмкіндігі тура-
лы талқыладық. Оған жол беруге болады. Бірақ қоршауға түсіп
қалмау керек.
Донских бас изеді. Көзқарасынан түсінгендігі аңғарылады.
Мен сөзімді жалғастырдым:
– Алайда дұшпан байқатпай қоршап алуы ықтимал. Мыса-
лы, былай... Ол сені мына жақтан қапсырады. – Қарындаштың
түп жағымен картаны нұсқап көрсеттім. – Саған шығып кететін
жол – мынау. Сен сытылып кете бересің, ал алдын-ала дайын-
далған жау білдірмей барып, жолыңды тосып, сенің келе жатқа-
ныңды көріп, сонадайдан күтіп жатады. Тақалған кезіңде қарсы
алдыңнан оқ жаудырады. Онда не істейсің?
– Онда не істеймін? – деп қайта сұрады Донских. – Мыл-
тықтың найзасымен ұрамын!
– Ой, Донских... Оған найзаң жетпейді ғой, алыстан атып өл-
тіреді. Қайтеріңді білмей, аласұрып, қаша жөнелмейсің бе.
Ол басын жұлқи көтеріп:
– Мен қашпаймын, жолдас комбат, – деді.
– Әңгіме сенің өз басың туралы емес. Жұрт қаша жөнелмей
ме?
Донских картаға қарап, шынын айту үшін ойланып, үнсіз қал-
ды.
– Әрине, Донских, ең қиын-қыстау кезде де шайқасу керек.
Әйткенмен, мұндай жағдайға тап болудың қажеті не? Ондай
күйге неміс түссін. Найзамен сен біреуін өлтірерсің, ал ақылмен
мыңын өлтіресің. Бұл, Донских, қазақтың мақалы.
– Сонда қалай, жолдас комбат?
Жас жігіттің көгілдір көздері маған сеніммен қарады.
– Қашу керек! – дедім оған. – Немістің қалауынша, топалаң
тигендей, бей-берекет қаша жөнелу керек! Он-он бес минуттей
қарсыласқан түр жаса, одан соң үрейленген болып безе жөнел.
Соңыңнан қусын! Ойынды өз қолымызға аламыз. Олар бізді
қумайды, түсінесің бе, оларды қулықпен өзімізді қууға мәжбүр
етеміз. Жол бойымен қаш. Сөйтіп барып мына жыраға сырғып
түс. – Мен қарындаштың доғал жағымен тағы да картаны көрсет-
тім. – Немесе басқа бір ыңғайлы орын тауып ал. Сол жерге дереу
155
Жолдағы тағы бір шайқас
тығылып, жата қалу керек. Бірінші топ немістерді өткізіп жібер-
сін. Ал екіншісі оларды пулемет оғымен дүркірете атып, тура ке-
удеден соқсын. Жау жалт бұрылып, кейін серпіледі. Сол кезде
мына тұстан тағы да қақ маңдайдан ұрған жөн. Қуғыншыларды
екі оттың арасына алып, жайпап салу қажет. Түсіндің бе?
Осынау ұрысты қиялмен өткеріп, Донскихтың жүзіне масай-
рай қараймын. Донских күлмеді.
Мен оған не болғанын түсіне алмай қалдым.
Бәлкім, ол бір сәт өз қолымен жасағалы тұрған қанды қырғын
алдындағы үрейді бастан кешкен шығар.
Дегенмен, жауабы нық шықты:
– Мен түсіндім, жолдас комбат.
Біз түрлі қалтарыстарды түбегейлей пысықтадық. Бұдан соң
оған:
– Маневрді жауынгерлерге мұқият түсіндір, – дедім.
Ол қайталап сұрады:
– Маневр дейсіз бе?
Бұл сөз оған біртүрлі тосын көрінді. Ол мұны жауды қыруға
қатыссыз басқа ұғымда қабылдайтын сияқтанды. Бірақ сол бой-
да:
– Құп болады, жолдас комбат! – деп жауап қатты.
– Міне, Донских, сөз бітті.
Ол орнынан тұрды.
Осынау жаны да, тәні де нәзік жастың алдында ертең жауды ал-
дап әкеліп тұзаққа түсіріп, есі шығып, жандалбасалаған дұшпан-
ды жою міндеті тұрды. Бұл оның қолынан келетініне сендім.
6
Мен біздің бүгінгі сәтсіздігіміздің сабағы арқылы ертеңгі та-
быстың кілтін тапқандай күйде едім.
Ішім жеңілдеп қалды. Донскихты босатқан соң шинельді жа-
мылып, жантайып, көз ілу үшін қабырғаға қарай аунап түстім.
Біразға дейін ойым ап-анық жұмыс істеп жатты. Одан біртіндеп
күңгірт тартқан.
Жұмулы көзімнің алдына топографиялық карта мен оған
жіті назар тіккен Донскихтың жүзі келді. Қарындаштың доғал
жағымен картаны нұқып, оған: «Олар жүгіре жөнеліп, былай қа-
Волоколамск тас жолы
156
рай жалт береді, ал біз оларды мына жерде қарсы алдынан күтіп
алып, оқ жаудырамыз!» – деп көрсетемін.
Кенет күтпеген жерден картаны менің емес, өзге біреудің
қарындашы түрткенін көрдім – бұл мезет есімде сонша айқын
сақталды. Менікі жай қара қарындаш еді, мынаның қарындашы
–жылтыр қызыл қырлы және көк сиялы үшкір. Қол да менікі
емес. Жасамыс адамның сарғыш-жирен түсті түк қаптаған, терісі
қызғылттау қолы.
Көзім қолдан бетке қарай сырғыды. Иә, бұл – сол, көзі ше-
гірейе шатынаған неміс командирі, менің қарсыласым еді. Ол
қасында тұрған біреуге сөйлеп тұрып (мен бұлардың тілін білме-
уші едім, екінші жағынан, түсіндім: түсте, сондай-ақ түс іспет-
тес елестерде мұндай ғажаптар кездесе береді), менің: «Олар
жүгіре жөнеліп, былай қарай жалт береді, ал біз оларды мына
жерде қарсы алдынан күтіп алып, оқ жаудырамыз!» деген сөзімді
айна-қатесіз қайталады. Және қарындаштың ұшы тіреліп тұрған
картадан жыраны да, ертең өзіміз гитлершілерге құратын тұ-
зақты да емес, өзімнің батальонымның шебін көрдім. Қарындаш
ұшы тіреліп тұрған жерді анықтап алу үшін назарымды тіктеп,
бар тұлғаммен солай қарай ұмсына бердім де... Көзімді аштым...
Блиндажда таныс кәресін шам жанып тұр екен. Бұрыштағы
телефон жанында байланысшы отыр.
Мен қайтадан іргеге қарай аунап, қайтадан қалғуға кірістім.
Бір мезет фонарь жарығы түскен Брудныйдың: мойыған, бірақ
аса жаси қоймаған түрі, шүңірейген көзі, шығыңқы шықшытын-
дағы қызарған дақтары ойға оралды. Соңғы сәттегі оның: «Мен
дәлелдеймін... Мен дәлелдеймін сізге» – деп дірілдеген даусы
еске түсті.
7
Таңертең тұрғаным сол еді, атшым Синченко әлдебір құпия
сырлы кейіппен:
– Жолдас комбат, анда лейтенант Брудный келді. Сіздің
тұруыңызды күтіп отыр, – деп баяндап, есік жақты нұсқады.
– Ол неғып жүр?
Десем де, жүрегім дүрсілдеп кетті. Оралған екен ғой? Менің
соңғы айтқанымды орындады ма?
Синченко асығыс түрде:
157
Жолдағы тағы бір шайқас
– Ол немістерге барыпты, жолдас комбат. Автоматтар алып
келіпті. Қазір отыр, ешкіммен сөйлеспейді. Тек сізбен ғана жо-
лықпақшы, – деді.
– Шақыр, кірсін, – дедім мен.
Синченко кетті. Бір минуттен кейін есік тағы ашылды. Жақ
ашпастан, ернін жымырып, Брудный мен отырған үстелге тақал-
ды да, екі неміс автоматын, екі неміс солдат кітапшасын, бірнеше
хат, бір дәптер мен герман қағаз ақшасын және тиындарды алды-
ма қойды. Оның шүңірек қара көздері маған аса тартынбай, бірақ
айбарлана, сүзе қарайды.
Мен «отыр» демекші болдым да, – кенет көмейіме бірдеңе
кептеліп қалғандай, бір ауыз сөз де айта алмайтынымды аңда-
дым. Папирос шығарып, орнымнан тұрдым да, сіріңке алу үшін
шинеліме қарай бардым; дегенмен, оттық шалбарымның қалта-
сында да бар еді. Темекі тұтатып, бөрене төсемесінен қиылған
терезе алдында қарағай діңі мен тамыр борығына, ағаштар ара-
сынан жерге қылаулай қонған қар қиыршықтарына қарап тұр-
дым. Одан соң бұрылып, ақырын ғана:
– Отыр, Брудный... Тамақтандың ба? – дедім.
Брудный жауап қатпады; осы сәтте ол да ештеңе айта алмаған
еді. Есіктен жылт етіп кірген Синченко менің қасыма жүгіріп
келіп, құлағыма сыбырлады:
– Жолдас комбат, таңғы аспен бірге арақ әкелсем бола ма?
Менің атшым, сүйкімді Синченко, батальондағы барлық жұрт
секілді кешегі жағдайды жақсы білетін еді. Қазір де бәрін түсініп
тұр.
– Жарайды, – дедім мен, – лейтенантқа бір стақан құйып жі-
бер!
Бірге тамақтандық. Брудный өзінің түнгі жортуылы жайын-
да, екі немісті қалай өлтіргені туралы әңгімеледі. Арақтан кей-
ін ылғалдана жалтылдаған жанарында таныс от ұшқыны пайда
болды.
– Сенің енді, кешегің не, Брудный? – деп сұрадым мен. – Бұй-
рықсыз неге кетіп қалдың?
Ол қабағын кіржитіп, бұл тақырыпты қозғағысы келмеді.
– Өзіңіз де білесіз ғой...
– Білмеймін.
Волоколамск тас жолы
158
Ол бұрынғыдан да ыңғайсыздана түсті:
– Өзіңіз айтып едіңіз ғой...
– Қорқақтық көрсеттің дегенім бе?
Ол басын изеді. Кешегі сөз қайталанғаннан кейін енді оған
бұл туралы айту жеңілірек бола бастады.
– Өзім де түсінбеймін, жолдас комбат... Бұл енді, қалай айт-
са болады... бастан кірпішпен ұрғандай... Және мына мен – мен
емес секілдімін... Басым жұмыс істеуден қалды...
Ол түршігіп, иығын қиқаң еткізді. Мен:
– Кірпішпен ұрғандай дейсің бе? – деп қайта сұрадым.
Көкейімде көптен іздеген сұрақтың жауабы жарқ етті. Санаға
берілген соққы! Сол сәтте мен шайқас құпиясының, ұрыстағы
жеңіс құпиясының атын ақыр аяғында өзіме өз атымен атадым.
Психикадан ұру! Мидан пергілеу! Адамның жанынан соғу!
Неліктен екенін білмедім, бірақ осынау сәт, ешбір айшықты
оқиға болмағанмен, соғысты жан-жүректен өткізген ең мықты
сезімдердің бірі ретінде жадымда қалды.
Санадан соғу! Алайда психикаға ықпал ететін ешбір икс-сәу-
ле жоқ қой. Соғыс физикалық қырып-жою құралдары арқылы
жүргізілмей ме; ал бұл қарулар жан мен психиканы емес, денені
жараламай ма? Жоқ, жанды да жаралайды! Және психика істен
шыққан соң, рух жаншылғаннан кейін қаптаған жауды бастырма-
лата қуып, тұтқындап, өлтіре беруге болады.
Міне, жау бізге осыны жасауға ұмтылады. «Ұлыгермандық»
мырза, сен бір мәрте мұны маған, менің взводыңа жасадың. Ал
енді оның бола қоймас, жетер!
Брудныйға айттым:
– Мәселе былай... Саған әзірше взводты бере алмаймын.
Бірақ сен енді немістен қорықпайтын шығарсың. Сені соларға
жіберемін. Барлау командирі қылып тағайындаймын.
Ол қуанғаннан атып тұрды:
– Құп болады, жолдас комбат!
Мен оны босаттым.
Психикадан ұру! Бұл, тіпті сонау ежелгі замандардан белгілі
емес пе. Сонау ерте дәуірлерден-ақ ол тұтқиылдан соғу арқылы
жасалады. Шайқас өнерінің, тактика өнерінің мәні де жауды күт-
159
Жолдағы тағы бір шайқас
пеген жерден ойсыратып, әбігерге түсіріп, өз әскеріңді осындай
тосын жағдайдан аман сақтауда шығар?
Әрине, бұл ойлар жаңалық болмас, оны кітаптардан да таба
аласың; әйткенмен, соғыста осы маған ұрыстағы көптеген табы-
стар мен сәтсіздіктерден кейін, бірқатар азапты толғаныстардан
соң қайтадан ашылды. Бұл алдындағы күндерде де бұлдырап,
көз алдымнан кетпей жүрді. Міне, енді, ақыры әлгі шайқас құпи-
ясы айқындалды-ау!
Өзім осылай деп пайымдадым.
Алайда дәл сол күні, арада бірнеше сағат өткенде, жау менің
кейбір жәйттерді түсінбегенімді, ұрыстың өзге де заңдары бо-
латынын дәлелдеп берді. Ал соғыстағы дәлел, өзіңіз білетіндей,
логикадағы немесе математикадағыдай емес. Соғыста қанмен
дәлелдейді.
8
Донских взводының ұрыстан қайтқан жауынгерлері әңгімеле-
ген жағдай былай.
Сол, қазанның жиырма екісі күні батальонның қарсы бетінде-
гі жау өзі басып алған жолмен артиллериясы мен басқа да жүк-
терін ілгері тасуымен бірге, алдыңғы күні Донскихтың тосқа-
уылы немістерді тойтарып тастаған жолмен де алға жылжыған
көрінеді.
Бұл жолы немістер жаяулатып, бытырай орналаса, өте сақ
қимылдап, жол жиегінде кездескен шоқ тоғайлар мен тал-шілік
арасын автоматпен атқылап жүріп келе жатады. Қораптары бос
машиналар солдаттармен қатар жылжып отырған.
Донскихтың взводы немісті бұл арада да дүркін-дүркін оқ жа-
удыра қарсы алады. Дегенмен әккіленіп қалған дұшпан мұндайға
даяр еді. Немістер жата-жата қалады. Одан, тұра жүгіріп, взвод-
ты қапсыра орауға тырысады.
Міне, осы жерде сонау ойымызды іске асыруымыз қажет. Зәре
кете қорыққан болып, ту-талақай, бей-берекет қаша жөнелетін
сәт жетті.
Немістер жанұшыра зытып бара жатқандарды көріп: «О, орыс
безді! Алға! Өкшелеп қуыңдар!» – дейді. Сарбаздар алдын-ала
ойластырғандай, жол бойынан ұзамай жүгіреді. Немістің шопы-
рлары да жылдамдықты үдетіп, солдаттар жүйти жөнелген жүк
Волоколамск тас жолы
160
көліктеріне секіре мініп, біздің жауынгерлерді енді машинамен
қуалап, қорапта тұрып алып атқылауға кіріскен.
Взвод жыра-жыраға сырғып түседі. Жауынгерлер жалма-жан
жолдың екі шетіндегі бұта, төбешіктердің тасасына жасырынып
үлгереді.
Бір кезде машиналар көрініпті. Қуудың қызығына батқан немі-
стер ештеңені көрмесе де, жарқырауық оқты бос ауаға жаудырып
келеді. «Орыс қайда? Қай жаққа қашты? Алға!».
Кенет бүйірлерінен дүркін-дүркін оқ атылады. Одан қол пуле-
меттерінің қанжардай оғы қадалады. «Қанжармен ұру» дегеннің
қалай екенін білесіз бе? Жақыннан, төтеннен жайпау. Көбі баудай
түсіп, ойбай-аттан басталған. Шопырлар да оққа ұшып, кейбірі
кабинадан көлікті тоқтатып үлгерместен секіріп жатыр. Маши-
налар қақтығысып, иін тіресіп қалады. Ал бүйірден толассыз
дүркіреп, қарша бораған оқ қарқыны толастар емес.
Естері шығып, үрейлері ұшқан немістер машина қорабынан
қарғып түсіп, үріккен қойша жөңкіледі. Енді көк желкеден бұр-
шақша жауған оқ ажал себеді!
Кенет арғы бетке ауысып, машина тасасында атыстан бұққан-
дардың қарсы алдынан тағы да дүркін-дүркін оқ жауады, тағы да
қол пулеметтерінің оғы қанжардай қадалады.
Міне, осы арада мен ескермеген оқиға болыпты. Күтпеген жер-
ден берілген екінші соққы жаудың есін жидырған секілді. Олар
тажал тырнағынан құтқаратын жалғыз амалға барады: жындана
өкірген бойда оқ жаудырып тұрған біздің сарбаздарға қарай лап
қойған.
Немістерде мылтық ұңғысына кигізетін найза жоқ. Бұлар біз
секілді шабуылға найзаны көлденең ұстап шығуға дағдылан-
баған, автоматты ішіне тіреп алып, жүріп келе жатып атады.
Шарасыздық күш берді ме әлде сын сағатта командирлері қолға
алды ма екен, әйтеуір, немістер бүкіл тәжірибелерін дереу еске
түсіріп, алдына найза емес, үздіксіз атылған жарқылдақ оқтарын
салып, біздің сарбаздардың сирек тізбегіне қарай дүрсе қоя бе-
реді.
Жағдай күрт өзгереді. Соғыстың ең бір қарапайым заңы –
әскер санының көптігі мен оқ ату басымдығының заңы әрекетке
161
Жолдағы тағы бір шайқас
кіріседі. Кәріне мініп, жайпап тастауға ұмтылған екі жүзден аса
адам біздің жауынгерлерге төнеді.
Ал біз мұнда шөкімдей ғана едік, жарты взвод, жиырма бес
жауынгер.
Кейін ойлап қарасам, ұрыс жоспарының өзінде қателік жатқан
көрінеді. Аз ғана күшпен үлкен әскермен соғысқанда жауды
қапсыра, қоршай шайқасуға болмайды екен. Бұл ащы сабақ бол-
ды.
Донских не істей алады? Мұндай алапат сәттерде адам әл-дәр-
меннен айырылады немесе ересен қайратқа мінеді.
Ол ойпатқа түсіп, іргедегі орманға тығылуды бұйырыпты. Ал
өзі бірнеше жауынгермен кеткендерді қорғап, қол пулеметінің
қасында қалған.
Автоматтан атқылаған немістер жақындай түседі, алайда Дон-
ских оларға пулеметтен оқ жаудырып, бірінен-кейін бірін құла-
тып, ойпатқа жібермей, төте жолды кес-кестейді. Әлденеше оқ
тисе де, қиян-кескі ұрыс кезінде қансырағанын да аңғармай, аты-
сты жалғастырады.
Бір кезде Донскихтың ту сыртынан тағы бір пулемет сақыл-
дап қоя береді. Сөйтсе, взвод командирінің көмекшісі, тұйық мі-
незді Волков лейтенанттың кетуін ойластырып, оқ атуға кіріскен
екен. Донских өз адамдарына қарай азырақ жүгіруге шамасы
келгенімен, тағы да оқ тиіп, құлап түседі. Ал пулеметтен қысқа-
қысқа, жиі-жиі кезекпен бытырлата атқан Волков немістерді лей-
тенантқа жолатпайды. Жауынгерлер жер бауырлай жетіп, өз ко-
мандирлерін орман арасына сүйреп әкететіпті. Онда Донскихтың
жеті жерден тиген оқтың жарасы таңылады, – бір жақсысы, аса
қатерлі емес екен. Көп сөйлемейтін, қызмет пен шайқаста өте қа-
тал, солдаттар «дұрыс адам» деп атаған сержант Волков пулемет
түбінде мерт болған.
9
Осылайша бейтарап алапты немістер басып алды.
Әрине, батальон командирі ретінде, Мәскеу түбіндегі, ең бол-
маса Волоколамск бағытындағы жалпы жағдайды баяндау менің
міндетіме кірмейді.
Дегенмен, бұл орайда, осынау қағидамызды бұзып, қысқаша
айтып өтейін. Кейінірек панфиловшылардың жауынгерлік жолы
Волоколамск тас жолы
162
туралы музей үшін іріктеліп алынған құжаттарды қарастыра
отырып, Волоколамск ауданын қорғаған Рокоссовский армиясы
штабының шұғыл мәліметтерін оқыдым. Жиырма екінші қазан
күнгі ақпарда: «Бүгін кешке қарай жау негізгі топтарын біздің
армияның сол жақ қапталына және қосалқы топтарын армиямы-
здың орталық шеніне шоғырландырып болды» делінген.
Армияның орталық шені... Ол күндерде бұл шепте біздің бата-
льон мен бізге берілген көршілес екі артиллерия тұрған еді.
Жиырма үшінші қазан күні
1
Жиырма үшінші қазан күні таңертең, жарық енді түскен сәт-
те, төбемізде немістің барлаушы-ұшағы пайда болды. Қанаттары
масаның қанатындай, артқа қарата қушита жасалған екен: қы-
зыләскерлер оны «горбач» деп атап кетті.
Кейін біз бұл «горбачқа» бой үйретіп, өзін атып түсіруге де
дағдыландық, аулағырақ жүр, маса дегендей, өзімізге «құрмет-
пен» қарауына да мәжбүр еттік, – ал сол таңда біз оны алғаш рет
көрген едік.
Ол қаннен-қаперсіз, кейде күзгі аласа, қатпарлы бұлттардың
жиегін қанатымен іле шарлап, арасында моторын өшіріп, бізді
жақыннан бақылау үшін, шыр айнала қалқып жүріп алды.
Батальонда әуе күштеріне қарсы қолданатын ешбір құралы-
мыз жоқ еді. Әлгінде айтқанымдай, батальонға берілген зенит-
тік пулеметтер, Панфиловтың бұйрығы бойынша, жау ұрысқа
танкілерімен қатар авиациясын да қоса салған дивизияның сол
жақ қанатына жіберілген болатын. Біз о кезде ұшақтарды винтов-
камен дүркірете ату арқылы құлатуға болатынын біле қоймай-
тынбыз, – мұндай асқан «қулық» құпиясы басқалармен қатар,
бізге де кейінірек ашылды.
Жұрттың бәрі «бүкірге» көз тігіп тұр. Кенет ұшақ самғай кө-
терілді де, бір мезет буалдыр тұман арасына сіңіп, лезде қайта
ытқып шықты – сол кезде айнала төңірек сатыр-гүтір болып кет-
кені есімде қалыпты.
163
Жиырма үшінші қазан күні
Анадай жерде көкке қарай тікесінен-тік, жалындап атылған
топырақ бағандары пайда болды. Алғашқылары жерге түсіп үл-
герместен тоң жерден бұрқ етіп көтерілген жырым-жырым топан
кесектерінің ақырын құлап келе жатқанын көресің; соның тура
жанынан жарылыстар тағы қайталанады.
Снаряд дыбысы мен дүмпулердің сипатына қарап, жаудың әр
алуан калибрлі зеңбіректен үсті-үстіне оқ атуға кіріскенін білдім;
минометтер де қосарласа атып жатыр. Сағатыма қарасам, тоғыз-
дан екі минут кетіпті.
Орман ішіне жасырынған штаб блиндажына келіп, роталар-
дың хабарламаларын тыңдап болған соң, полк командиріне теле-
фон арқылы: дәл сағат тоғызда жау батальон шебіне артиллери-
ядан қарқынды атыс бастады деп мәлімдедім. Ол жақтан біздің
оң жағымыздағы батальонның да осындай атысқа ұшырағанын
хабарлады.
2
Түсінікті еді: бұл – шабуылдың артиллериялық даярлығы бо-
латын. Мұндай минуттерде әркімнің жүйкесі шиыршық атады.
Құлаққа жер тітіреткен үздіксіз дүмпулер естіледі; блиндаждағы
бөренелердің солқылын денеңмен сезінесің; төбедегі төсеменің
ауырлығына да қарамастан, жақыннан болған жарылыстар кезін-
де қатқан түйіршіктер дүсірлеп, еденге, үстелге төгіледі. Маза-
ны қатты кетіретін сәт – жым-жырт тыныштық. Жұрттың бәрі
үн-түнсіз жаңа жарылыстарды күтеді. Әй, енді тиылды-ау деген
кезде... Тағы да – тарс-тұрс... Тағы да гүрсілдеген атыс, тағы да
діріл қаққан бөренелер, тағы да ең үрейлі сәт – тыныштықты кү-
тесің.
Немістер құдды сиқыршылар сияқты. Бұл күні олар біздің
жүйкемізге тие, атысты бірнеше мәрте екі-үш минуттен доғарды
да, қайтадан үсті-үстіне гүрсілдетумен болды. Тіпті төзімді тауы-
сып жіберді. Тезірек шабуылды бастаса екен!
Алайда жарты сағат өтті, одан бір сағат, екі сағат өтті, ал атыс
жалғаса берді. Мен бұрынғы артиллеристпін, дала бекінісіндегі
бірде-бір бетон нысаны жоқ шептерге қарсы бағытталған, біздің
позицияға қарсы көзделген түйдек-түйдек шоғырландырылған
атыс осынша ұзаққа созылады деп ойламаппын. Немістер ара-а-
расында үзіліс жасап, жерді астан-кестен қыла талқандап, сонау
Волоколамск тас жолы
164
ішкері түптен жеткізген снарядтарын вагон-вагонымен атты,
мұндағы мақсаты – шепті бұзып, бізді түте-түте қылып, быт-шы-
тымызды шығарып, одан соң іс аяғын жаяу әскерінің бір жор-
туылы арқылы тындыра салу сияқты.
Мен телефон арқылы ауық-ауық рота командирлерімен сөй-
лесіп отырдым. Олар еш жерден неміс жаяу әскерінің топталға-
нын көре алмағанын айтады.
Байланыс та жиі-жиі үзіледі. Снаряд жарықшақтары сымды
қия береді. Кезекші телефоншылар жауған оқ астымен барып
оны дереу жалғайды.
Түс әлетінде, нешінші мәрте екенінін білмедім, сым тағы үзіл-
ген сәтте блиндаждан кезекші байланысшыға ілесе, дүниеде не
болып жатқанын көрейін деп мен де шықтым.
Снарядтар орманға да ұшып түсіп жатыр. Төбе жақтан бірдеңе
гүрс етті де, биік ағаш сатыр етіп, қарс айырылып, бұтақтары
шашылып түсті. Блиндажға қайта жүгіріп кіргің келеді. Бірақ өз-
өзімді тежеп, орман шетіне бардым. Үстімізде бұрынғыдай «гор-
бач» айнала ұшып жүр. Ойдым-ойдым, шұрқ-тесік қарлы дала
бұрқылдаған қара-қошқыл шаң-тозаңнан көрінбейді, әр тұстан
бұрынғыша топырақ атылады – өзіне тән дыбыспен ұзақ азынап
келіп мина құлағанда, бір жағына қарай төмен ғана қызғылт
ұшқын болып шашыраса, ауыр снаряд жарылған кезде, тікесі-
нен-тік, орман бойындай қара бағана көтеріледі.
Бірнеше секундтан кейін аздап бой үйреніп, дененің тітірке-
уі тыйылып, құлақ та гүрсілдеген жарылыстарды елең қылмауға
айналды.
Кенет тағы да үзіліс орнап, дүние тына қалды. Жүйке және
ширықты. Одан соң көк жүзінде әлдене күңгірт дыбыспен тарс
етті де, дене түршіктіретін ащы ысқырық естілген. Сәлден кейін
бұл үн тағы қайталанды. Зеңбірек оғының бытырасы осылай жа-
рылады. Тұла бойым тітіреп, ағашқа жармастым.
Сөйтсем, немістер бір минут үзіліс жасау арқылы снаряд, жа-
рылыс – дыбыс пен көрініс әсерлері айласын алмастырған екен.
Енді олар жер бетіне тақала беріп, әуеде құлақ тұндыра сатыр-
лап, от шаша жарылатын шрапнель және бризантты снарядтарын
жібере бастапты. Мұндай снарядтар атқыштар ұяшығында оты-
рған сарбазға аса қауіпті емес – денеге тигізетін қатері жоқ, бірақ
165
Жиырма үшінші қазан күні
жау рухты жаншуға тырысты, психиканы бомбалады. Дәл сол
сәтте ағашты құшақтаған күйде осыны аңдап, дұшпаннан сабақ
үйреніп тұрдым.
Бұдан кейін жерге топырақтан көмірдей қара құйын тұрғы-
зып, маңайды қою шаң-тозаңға көмген қопарғыш снарядтар жауа
жөнелді.
Ауыр соққы жер астында бүркеулі жатқан ұзын бөренелерді де
қопарып тастады. Осы кезде төбемізде ызылдап, шыр айналып
жүрген немістің барлаушы-ұшқышының рахатқа батқаны анық.
Алайда жауды табалап, мен де мәз болдым. Біздің әскери қу-
лығымыз іске асты. Дұшпан жалған позицияны талқандап жатты.
Өзен жағасындағы үстін топырақпен, көбік қармен жапқан
саңырауқұлақ пішіндес жалған блиндаждарымыздың арасын-
дағы әдейі таптап салған соқпақ жолдар да сонадайдан бадырая
көрінеді.
Ал жауынгерлер жасырынған нағыз бекініс, өзіңіз білетіндей,
өзенге жақын тұста, жағадағы бөктерде қазылып, төбесі жермен
бірдей деңгейде, үш-төрт қабат мықты бөренемен жабылған.
Немістер нысананы дәлдеп атуымен бірге сол маңайға да оқ жа-
удырып, жағалауды да тұтастай соққы астына алды; әйткенімен,
көздеген жерді талқандау үшін төбедегі қабатты ату жеткіліксіз,
ол үшін қақ маңдайдан, яғни, қарсы беттегі жұқа төсемеден тигі-
зу керек. Біздің бекіністің арасы, өзіңізге мәлім, амалсыздан өте
сирек орналасқан, сол себепті, батальонның шығыны ішінара,
бірен-саран ғана болды.
3
Күндізгі сағат төрт кезінде жау Середа – Волоколамск жолы
жатқан Новлянское селосы аймағындағы екінші ротаның шебін
бірден үсті-үстіне атқылауға кірісті.
Сатырлаған дыбысты естіген бойда екінші ротаның командирі
Севрюковқа телефон соқтым:
– Ол жоқ...
Мен байланысшылардың бірі – тәпелтек бойлы татар жігіті
Муратовтың даусын таныдым.
– Қайда жүр?
– Бақылау пунктіне еңбектеп кетті...
– Сен неге бірге бармадың?
Волоколамск тас жолы
166
– Өзі көзге түсіп қалудан сақтанып, жалғыз кетуді жөн сана-
ды. Ол тактиканы біледі, жолдас комбат.
Муратовтың даусы саңқылдар тұр. Мұндай сәттерде сол-
дат емеурінін жіті сезініп, айтқан сөзін жауынгерлік хабарлама
ретінде қабылдайсың.
Мені өзге телефонға шақырды. Севрюков екен.
– Жолдас комбат?
– Иә. Сіз қайдасыз? Қайдан сөйлесіп тұрсыз?
– Артиллериялық бақылау пунктінде... Артиллериялық дүр-
бімен қарап жатырмын... Өте қызық, жолдас комбат...
Ол оқ астында жатса да, баяғы сылбырлық мінезінен айны-
майды. Мен оны бастырмалатып, сұрақ астына аламын:
– Немене қызық? Не көріп жатырсыз?
– Немістер орман шетіне шоғырланып тұр... Ығы-жығы,
ыбыр-жыбыр, жолдас комбат. Арасынан бір офицер шықты, ол
да дүрбімен қарап тұр.
– Өздерінің саны қанша?
– Өтірік айтпайын, шамамен бір батальондай бар... Өз ойым-
ша, жолдас комбат бұларды көрсе...
– Не ойлайтыны бар? Кубаренконы телефонға шақырыңыз!
Тез!
– Менің де ойлағаным сол еді, жолдас комбат...
Севрюковтың жайбасарлық мәнері ылғи жүйкеме тиетін. Де-
генмен сол күні бірнеше мәрте қатерлі жермен еңбектеп өтіп,
бақылаушылардың окоптарына барған Севрюковтай есті рота ко-
мандирін ешкіммен алмастырмас едім.
Тұтқаны нұсқаушы-артиллерист, лейтенант Кубаренко алды.
Батальонға қосымша берілген сегіз зеңбірек орман арасындағы
орларға жасырылып, шешуші сәтті күтіп, күні бойы үнсіз тұрды.
Міне, сол уақыт та тақалғандай. Шабуылға шығу үшін немістер
шоғырланған орман жиегін батальон шебінің алдындағы барлық
алқап секілді күнібұрын атып, байқап көргенбіз. Менің жоспа-
рым былай еді: жаудың екпінді тобы ұрысқа даяр болған шақта
тасада тұрған артиллерияны іске қосып, бастарынан кірпішпен
ұрғандай, естен тандыра соғып, талқанын шығару.
«Жау тобына барлық зеңбіректен оқ атыңдар!» – деп коман-
да бергім келіп-ақ тұр. Бірақ алдымен, артиллеристер айтатын-
167
Жиырма үшінші қазан күні
дай, бағыт пен жел күші, ауа қысымы, жауын-шашын, басқа да
ауыспалы өлшемдерге сай оқтың түскен жерін байқап, нысананы
түзетіп, «дәлдеу» үшін бірнеше тексеру снарядтарын жіберіп алу
керек.
Бұл іске аз ғана уақыт – бірнеше минут талап етіледі.
Панфиловтың уақыт туралы жұмбағы есіңізде ме?
Соғыста бірнеше минут ішінде не болатынын білетін шығар-
сыз?
4
Бұйрық бергеннен кейін артиллериялық желіге жалғанған
тұтқаны құлағымнан түсірмедім. Атыс бекінісінде беріліп жатқан
команда естіледі:
– Орын-орындарыңа тұрыңдар! Оқтаңдар да, даярлықты
мәлімдеңдер!
Одан соң Кубаренко – орман ішінде жасырылған зеңбірек-
тердің «тірі көзі» координаттарды нұсқайды. Әлдекімнің даусы
оны қайталап тұр. Енді зеңбірек ұңғылары ақырындап бұрыла-
ды. Ал уақыт болса сырғып жатыр, өтіп жатыр...
Әлден мезгілде:
– Дайын! – деген үн естілді.
Іле-шала Кубаренконың командасы берілді:
– Екі снарядпен жеделдете ат!
Тағы да үнсіздік, команданың орындалуы туралы уставтық
жауап жоқ, тағы да секундтар жылжиды... Тәрізі, әлдене әлі де
даяр болмай шықты. Тездетіңдер, тездетсеңдерші, сайтан алғыр!
Кенет осы сөзді тұтқадан естимін. Кубаренко айқай салды:
– Тездетіңдер!
Мына жақтан мен киліктім:
– Кубаренко, не болып жатыр анда?
– Немістер әзірленіп жатыр, жолдас комбат, арқа сөмкелерін
асынып, каскаларын киюге кірісті...
Ол тағы дауыстады:
– Атқыш!
– Мен!
– Тездет!
– Қабылдап ал! Ат! Ат! Кезекпен!
Волоколамск тас жолы
168
Дүңкілдеп, құлаққа толассыз ұрған дыбыстан біздің зеңбірек-
тердің атқан үнін ажырата алмайсың, әйткенмен, снарядтар жі-
берілді, олар ұшып барады – тек әзірше байқау үшін атылған
оқтар және екеу ғана. Қазір Кубаренко олардың жарылғанын
көреді. Нысанадан алыс емес пе? Мүмкін, бірден дәл тиген
шығар? Иә, ондай да болады ғой, ондай да болады.
Жоқ! Кубаренко түзету енгізіп тұр:
– Нысана бірден артық. Оңға қарай ноль...
Кенет мембрана қатты сытырлап кетті. Сөз бел ортасынан
үзілді.
– Кубаренко!
Жауап жоқ.
– Кубаренко!
Үнсіздік... Оңға қарай ноль. Ноль тоғыз? Ноль үш? Немесе,
мүмкін ноль-ноль үш шығар?
Бізде снаряд көп, сегіз зеңбірек бар, бірақ қазір осылардың ең
керек кезінде қырсық шалып, бұларды дәрменсіз күйге түсірді.
Артиллериялық байланыс кезекшісі шепке қарай жүгіріп те
кетті, әйткенмен, уақыт өтіп барады.
Алайда бұл, сымның үзілуі емес еді. Жағдай күрделірек болып
шықты.
Мені басқа телефонға шақырды. Екінші ротаның басқару
пунктінен осыдан бірнеше минут бұрын ғана көңілді сөйлескен
тағы да сол Муратов хабарласып тұр. Оның даусы енді абыржи
шықты:
– Жолдас комбат, рота командирі жараланып қалды.
– Қай жерінен? Жарақаты ауыр ма?
– Білмедім... әлі әкелген жоқ... Анда өзгелер де – білмеймін,
өлген бе әлде жаралы ма...
– Анда деп тұрғаның қай жер?
– Бақылау пунктінде... Бәрі сонда кетті – командир мен өзге-
лерді әкелуге... ал мені... сізге телефон соқ деп қалдырды.
– Не болды онда... бақылау пунктінде?
Мен бұл сөзді, бір сұмдықтың болғанын біліп, зорға айттым.
– Талқандалған...
Үндемедім. Муратов сәл бөгеліп тұрып, даусы құмығып сұрақ
қояды:
169
Жиырма үшінші қазан күні
– Мен енді қайда барамын, жолдас комбат? Біз енді кіммен
қаламыз?
Командирсіз қалған жауынгердің жетімдік күйін сезінемін.
Көп ұзамай гүрсіл тоқтап, үрейлі тыныштық басталады, көп
ұзамай шабуылға шоғырланған немістің жаяу әскері өзеннен
өтеді, ал бақылау пункті талқандалған, зеңбіректер «көзсіз» қал-
ды, ротада командир жоқ...
Мен:
– Муратов, байланысшыларды жина. Взводтарға хабарла-
сын: «Лейтенант Севрюков жараланды; оның орнында ротаның
басқару пунктінде комбат тұр». Қазір сендерге барамын.
Тұтқаны орнына қойдым да, штаб бастығы Рахимовқа:
– Дереу Заевпен хабарласыңыз. Менен екінші ротаны қабыл-
дап алуға келсін, – деп бұйырдым.
Одан соң айқай салдым:
– Синченко! Атты әкел!
5
Біз жазық даламен шаба жөнелдік, астымда – Торытөбел, соңы-
ма ерген атшым Синченко бар. Торытөбелдің жарғақ құлақтары
мысықша тікірейіп кетті; атым жарылыстан үрікпесін деп тізгін-
ді қатты тарта ұстап, төтесінен жүйткітіп келемін.
Көкейде жалғыз-ақ тілек бар: «Тағы, тағы атыңдар! Тек гүрсіл
тынши көрмесін! Қалай да үлгерсем екен!».
Қарсы алдымнан Новлянскоеден ызғытып келе жатқан әскери
тачанка ұшырасты. Делбеші аттарды аямай сабалап келеді. Біре-
уінің сауырынан аққан қарақошқыл қан көрінеді.
– Тоқта!
Айдаушы көлікті бірден тежей алмады.
– Тоқта!
Артқы орындықта жатқан Кубаренконы көрдім. Өңі құп-қу,
бетіне секпілденіп, топырақ түйіршіктері жабысыпты. Маңдай-
ына қиғашынан түскен жас жара ісініп, жиегіндегі қаны қата
бастапты. Балшық-балшық шинелінің етек жағында артиллери-
ялық дүрбісі салақтап жүр.
– Кубаренко, қайда барасың?
– А-а... ат-т... – деп, ол кекеш адамша тұтығып, бірден сөйлеп
кете алмады. – Атыс шебіне, жолдас комбат...
Волоколамск тас жолы
170
– Онда не бар?
– Бақылау пунктіне...
– Білемін! Сенен онда не бар деп сұрап тұрмын. Қашып бара-
сың ба? Кейін қайт!
– Жолдас комбат, мен...
– Қайт кейін!
Кубаренко маған сәл бақшиып, басынан өткерген сұмдықтың
бәрі ұйып қалған жансыз көзбен қарады.
Кенет командирдің әмірлі жүзімен ат айдаушыға бұрылғанын-
да, әлдекім оның ішкі жағынан көз-жанарын мүлде өзгертіп жі-
бергендей болған. Ол серпіле көтеріліп, менен де қатты айтып,
қаһарлы үнмен айқай салды:
– Қайт кейін!
Сөйтті де, ызалана боқтап жіберді.
Біз селоға қарай жөңкідік. Соңымда тачанканы ойдым-ойдым
жолдың екі жағына кезек лақтырған артиллерияның қос пар аты
секектеп келеді.
Қоңыраулы мұнарасы бар шіркеу жарақат таңатын пунктке
айналдырылған. Сыртта, қабырға тасасында, оқ өтінен ықта ба-
тальонның асханасы тұр. Мені байқап қалған шаруашылық взво-
дының командирі лейтенант Пономарев сымдай тартыла қалды.
– Пономарев, байланыс бар ма?
– Бар, жолдас комбат.
– Телефон қайда?
– Телефон мұнда, жолдас комбат, күзетшілер күркесінде.
Көз мөлшерімен қарасам, қоңырау мұнарасы мен күркенің
аралығы, шамамен, жүз елу метрдей.
– Сым бар ма?
Бас изеп, құртағанын аңдап, бұйырдым:
– Телефонды дереу мұнараға жеткіз! Жүгір! Әрбір секунд
қымбат, Пономарев!
Сырттағы тас сатымен шіркеуге құстай ұшып кірдім. Қан иісі
қолқаны алды. Плащ-палаткалар төселген шөп үстінде жаралы-
лар жатыр.
– Жолдас комбат...
Мені сыбырлай үн қатып, Севрюков шақырады. Жетіп барып,
оның сарғайып кеткен, біртүрлі ауыр білегінен ұстадым.
171
Жиырма үшінші қазан күні
– Кешір, Севрюков... Қазір қарайтын мұршам жоқ...
Бірақ ол тастай қатып, қолымнан жібермеді. Ұқыпты алды-
рған шашының ақ самайы үрпиіп, жасамыс жүзі солғын тартып,
өңі қуарып кетіпті.
– Менің орныма кім болды, жолдас комбат?
– Мен, Севрюков... Кешір, көп бөгеле алмаймын...
Тістене тұрып, ауыр қолын босаттым. Севрюков соңымнен әл-
сіз жымия қарады.
Аппаратын көтерген телефоншы жоғарыға қарай жүгіре
шыққан. Артында жіңішке сым ирелеңдей шұбатылып жатыр.
Жолда мені дәрігер Беленков тоқтатты:
– Жолдас комбат, жағдай қалай?
– Өз шаруаңызбен айналысыңыз. Жаралылардың жарақатын
таңып, тезірек жөнелтіңіз.
Ол тіксініңкіреп, өзіме қарсы сұрақ қояды:
– Тезірек дейсіз бе?
Ызам келді.
– Ендігәрі «тезірек» деген жалғыз сөзден бет-пішініңіздің
бұзылғанын байқайтын болсам, онда сізге де қорқақтарға істей-
тінімді көрсетемін, түсіндіңіз бе? Барыңыз!..
Айналма сатымен мұнараға көтерілдім. Кубаренко сонда екен.
Тізерлеп, тас қоршаудан дүрбі салып отыр. Телефоншы сымды
аппаратқа жалғауға кіріскен.
– Оңға қарай қанша? – деп сұрадым мен.
Кубаренко бетіме таңырқай қарады да, артынан түсінді.
– Ноль бес, – деді ол.
Мен телефоншыға бұрылдым:
– Сен қашан боласың?
– Мезетте, жолдас комбат.
Кубаренко маған дүрбісін ұсынды. Көздігін бұрап, дәлде-
генімде, қолма-қол жақындап, лезде жарқырай көрінген иқы-
жиқы ағаштар жиегінен әйнекті сәл төмен түсіріп едім, немістер,
құдды елу-ақ қадам жерде тұрғандай, ап-анық көрінді. Өздері
емін-еркін, бірақ қаз-қатар сап түзеген. Әскери түзілімдерін де
ажыратуға болады, ара-арасына аздаған саңылау қалдыра жіктел-
ген топтар, тәрізі, взводтар, былайша орналасқан: алдыда – бір
бөлімше, артта осылардың қанаты сияқтанып екі бөлімше тұр.
Волоколамск тас жолы
172
Офицерлері де каска киіпті, олардың парабеллумдарының қабы
осы бастан-ақ ағытулы жүр, бұларын мен бірінші рет көрген едім
– оны қарындарының сол жақ тұсына тағады екен. Міне, Москва
түбіне тақалып келген «кәсіби-жеңімпаздар»! Қазір өздері өзен-
нен кешіп өтпекші.
6
– Дайын! – деді телефоншы. – Байланыс орнатылды, жолдас
комбат.
– Атыс шебімен жалға...
Міне, ақыр аяғында команда да берілді-ау, ортасынан үзілген
сөзіміз қалпына келді-ау.
– Нысана бірден артық! Оңға қарай ноль бес! Екі снарядты
жеделдете ат!
Мен дүрбіні Кубаренкоға ұстаттым.
Енді немістерді ажырата алмасам да, жарылысты тағатсызда-
на күтіп, орман шетіне шалғайдан шұқшия қараймын. Ағаш ара-
сы жарқ ете түсті де, артынша екі будақ түтін көрінді. Анық сене
алмасам да, оқ нысанаға дарығандай көрінді.
– Дәл тиді! – деді Кубаренко дүрбісін түсіре беріп; оның
маңдайына көлденең түскен ісіңкі жарақатымен қоса топырақ
түйіршіктері жабысып секпілденген беті гүл-гүл жайнап кетті. –
Енді біз...
Оның сөзін аяғына дейін тыңдамастан тұтқаны жұлып алдым
да, команда бердім:
– Барлық зеңбіректен сегіз-сегіз жарықшақты снарядтан же-
делдете ат!
Кубаренко елпілдеп, масаттанған кескінмен маған дүрбіні
ұсынды.
Қарап тұрмын. Нысана дәлдеу үшін атылған снарядтар әл-
декімді жаралаған секілді. Шоғырлана қалған бірнеше неміс
теріс қарап, біреуге иіліп тұр, бірақ сап қатары бұзыла қойған
жоқ.
Ал, енді құдайларыңа сиыныңдар! Құлақ тұндырған гуіл, тар-
сыл-гүрсілді елемеуге айналған шақта біздің зеңбіректердің де
үн қата бастағанын естідік. Тас қоршауға асылып дүрбі салып,
немістер топтасқан орман шетінің жарқ-жұрқ етіп от-жалынға
173
Жиырма үшінші қазан күні
оранып, аспанға топырақ атылғанын, ағаштар құлап, автомат,
каскалардың көкке ұшқанын көрдім.
Мені Кубаренко жұлқи тартып қалып:
– Жат! – деп айқай салды.
Бізді байқап қалған екен. Сүйкімсіз даусы ызыңдап, мұнара
түбінен пулеметтен оқ жаудыра, «горбач» зу етіп өтті. Бірнеше
оқ төрт қырлы діңгекке тиіп, ойдым-ойдым із қалдырды. Само-
леттің төмен ұшқаны сонша – ұшқыштың бізге қараған сұрқия
жүзін көрдім. Бір мезет біздің көздеріміз де түйісіп қалды. Сол
сәтте құлай кету керек екенін біліп тұрсам да, немістің алдында
иілуге арланып, тұрып қалдым. Пистолетті жұлып алып, жауға
тесіле қарап, шүріппені оқ таусылғанша аттым.
Ұшақ тікесінен тартып, ұзай берді. Дұшпан шіркеу мұнарасын
зеңбірекпен атқылай бастаған.
Бір снаряд бізден төменірек, берік тас қабырғаға тиді. Ауаны
ұсақ кірпіш тозаңы торлап, қиыршығы қышырлап, тіске тиді.
Бірақ жау снаряды ойыншық бірдеңе сияқтанған: тура кино-
дағыдай, өзге бір әлемдегідей жарылады, ал біздің оқтар дененің
күл-паршасын шығармай ма. «Горбач» тағы бір мәрте зу етіп
өтті. Тағы да тарсылдаған оқ даусы естілді. Мен тас тіреудің та-
сасына бұға қалдым. Телефоншы ыңқылдап, ыңырсып қоя берді.
– Қай жеріңе тиді? Төменге өзің түсе аласың ба?
– Өзім түсемін, жолдас комбат.
Тұтқаны көтеріп, Пономаревті шақырдым.
– Телефоншы жараланды. Қоңырау мұнарасына өзге біреуді
жібер.
Сөзім аяқталмай жатып, біртүрлі қатты шыққан өз даусымды
естідім.
Төңірек тым-тырыс бола қалды. Құлаққа ұрған танадай, сонша
үрейлі, өлі тыныштық орнады. Тек сона-оу алыстан, сырт жақтан
дүңк-дүңк еткен зеңбірек үні талып жетеді. Онда біздікілер шай-
қасып жатыр; немістердің мына тобы біздің тосқауылды бұзып,
сонда өтпекші болды.
Мен Кубаренкоға:
– Атысты басқар! Өңмеңдегісі келсе, баудай түсір, – деп бұй-
ырдым.
– Құп болады, жолдас комбат!
Волоколамск тас жолы
174
Енді төменге қарай екі-ақ аттап түсіп, ротаға тезірек жетуім
керек.
7
Торытөбелге міне салып, тағы да село арасымен өзенге қарай
құйғытып келемін. Айнала тып-тыныш!..
Ұшқындай қылаулаған қар астында, әр тұсынан жарылыстан
қарауытқан өзен бойымен, винтовкалы біреу бүкшиіп, жанұшы-
ра жүгіріп барады. Мен оны қуып жеттім. Аялдап, дереу жүрелеп
отыра қалған ол маған қара көзі жылтырай қарады. Муратов екен.
– Түсіңіз, жолдас комбат, түсіңіз, – деді ол аптығып.
– Сен қайда бет алдың?
– Взводқа... Ротаны политрук Бозжанов қабылдап алғанын
жеткізу үшін. – Содан соң кешірім сұрағандай: – Сіз өзіңіз, жол-
дас комбат, ұзақ болмадыңыз ғой, ал ол... – деп сөзін жалғады.
Біз жөн-жөнімізге кеттік.
Траншеяларға кіре беріс іздері арқылы мына сыртқары тұстан
қарауытып қана көрінетін окоптар қатарынан елу қадамдай жер-
дегі табаны терең қазылып жасалған роталық басқару пункті –
блиндаж қасына жеткенде Торытөбелдің тізгінін тартып, ырғып
түстім. Ат та құлақтарын қайшылап, қалтырағанды доғарды.
Рахмет саған! Бүгін бұл екеуміз алғашқы атысты да бастан өт-
кердік... Аялап еркелеткің келеді... Бірақ оған уақыт бар ма, жа-
нуарым! Ал ол ұмсынып, бас шұлғитындай. Өкшелей жеткен
Синченкоға шылбырды серпе тастап, сағалдырықтан ақырын
сипадым. Торытөбел бір мезет еріндерінің шетімен саусағымды
шап берді. Жасаураған тостағандай көзіне қарадым да, бұрылып,
жеделдете басып, блиндажға бастайтын қатқақ сатыға беттедім.
Кіре беріп:
– Синченко, сайға қарай түсіп тұрыңдар! – деп дауыстадым.
Жертөледегі қаракөлеңкеде Бозжановтың түрін бірден ажыра-
та да алмай қалыппын. Еденде іргеге сүйенген жауынгерлер отыр.
Бәрі маңдай жақ төсеме саңылауынан түскен әлсіз жарықты кө-
легейлеп, атып-атып тұрды. Ешкімнің жүзін танып үлгермесем
де: бұл не, мұншама адам неге қаптап отыр мұнда деп ойладым.
Бозжанов жаралы Севрюковты алмастырып, басшылықты
қабылдап алғанын мәлімдеді. Біздің қорғаныс шебіміздің сипа-
ты бойынша бүкіл майданымыздың әр тұсына жеке-жеке атыс
175
Жиырма үшінші қазан күні
орындары ретінде орналастырылған пулемет ротасының саяси
жетекшісі Бозжанов күні бойы ұядан-ұяға еңбектеп те, жүгіре де
жүріп, пулеметшілердің жағдайын білумен болыпты. Одан жау
бұдан жарты сағат бұрын атысты осында аударған бойда Новлян-
ское селосына құстай ұшып жеткен беті екен.
Менің алғашқы сұрағым:
– Ротаның қарсы бетіндегі ахуал қалай? Жаудың сыңайы бай-
қала ма? – болды.
– Ешбір қозғалыс жоқ, жолдас комбат.
Көз алакөлеңкеге үйренейін деді. Бұрышта, үстідегі бөрене-
лерді желкесімен тіреп, күжірейе қараған Қалимолдин тұр.
– Бұл неғылған жұрт? Мұнда неге топырлап алғансыңдар? –
деп сұрадым мен.
Бозжанов жаудың бас салуынан сақтанып, ротаның басқару
пунктіне күтпеген соққының бетін қайтару үшін анда-мында
жылжып тұратындай бір пулеметті әкеп қоюды ұйғарғанын айт-
ты.
– Дұрыс жасағансың! – дедім мен.
Бозжанов біршама толық, дөңгелек жүзді адам еді (қазақ
нәсілдерінің бірі осындай, бұларды арықша, сүйегі сидалау ке-
летін жауынгер тайпаларға қарағанда «би» деп атайды), бірақ
өзі соған қарамастан, өте ширақ, шапшаң. Қазір де ол бойын
тіп-тік, жинақы ұстап, жағдайды тиісінше нақпа-нақ мәлімдеді.
Ішкі тәртібі көзқарасынан, жымырылған ернінен, дәлме-дәл,
шалт қимылынан байқалып тұр. Фин соғысына қатысқан ол са-
яси қызметкер, талай ұрыстарды бастан өткерген, «Ерлігі үшін»
медалімен марапатталған және саптағы командир болуға бірне-
ше мәрте тілек білдірген. Міне, енді сол ниетіне шайқастың сын
сағатында жетті.
Амбразураға оқтаулы лентасымен орнатылған қара пулемет-
тің қасында орта бойлы Блоха қалшиып тұр. Ол рұқсат етілсе де,
отырған жоқ, іргеге де сүйенбеді, кейпі байсалды.
Тынымсыз Мурин бақылаушымен бірге алысқа көз тігіп,
маңдай төсеменің бөренелері арасындағы саңылауға жабыса қа-
лыпты.
Мен де сол жерге келдім. Ойлы-қырлы жағалау мен тік жар
өзеннің әр тұсын көлегейлеп байқатпайды, есесіне арғы бет
Волоколамск тас жолы
176
алақандағыдай айқын көрінді. Артиллериялық дүрбісіз жаңа
ғана біздің снарядтарымыз тиген жердегі қырқылған, жұлма-
ланған ағаштарды онша айыра алмадым. Тек қар бетіне құлаған
бірнеше шырша қарауытып жатыр. Бағдар, нысана міндетін енді
солар атқармақшы. Дәл сол тұстан, әне-міне, ес жинаған немі-
стер көрінуге тиісті. Көзге түсіп байқасын! Кубаренко мұнарада
жатыр, зеңбіректер осы ендікке бағытталған, пулеметтердің аузы
да сонда қарап тұр, винтовкалардың көздегені де сол жер.
Айнала жым-жырт... Селт еткен сыбдыр жоқ...
Бір кезде неміс зеңбірегінің бір мәрте гүрс дыбысы құлақ тұн-
дырды. Мен селт етіп, енді көк-жасыл сұлбалар жүгіре шыға ма
деп көз тіге қалдым. Алайда сол мезетте темір қаңылтыр бетін
жүздеген балғамен соққылай жөнелгендей, сатыр-гүтір бастал-
ды да кетті. Немістер біздің алдыңғы шепті: нұсқаушы байқалып
қалған шіркеуді, өз-өзін ашып берген зеңбіректерді нысанаға
алып тоқпақтауға кірісті...
– Демек, бұлар әзірше өңмеңдей қоймайды, – деді Блоха.
Мұны бәріміз де түсіндік. Алғашқы шабуылы басталмай жа-
тып-ақ тойтарылған, – артиллерия соққысымен жолы кесілді.
Немістер біздің снарядтардың ойрандауынан кейін өздері тұрған
орыннан алға ұмтылуға батпады. Әйтсе де, күн әлі ерте еді. Мен
сағатыма қарадым. Үштен бес минут кетіпті – олар атқылай
бастағалы жетінші сағатқа кетті.
Батальон штабына телефон соғып: зеңбіректер мен нұсқа-
ушы орнында қалсын, қоңырау мұнарасына тікелей снаряд ти-
ген жағдайда бақылау пунктін қалпына келтіру үшін шіркеуге
қосымша байланыс жабдықтарымен тағы бір нұсқаушы-артил-
лерист жіберілсін; қызыләскерлер мен шаруашылық взводының
басшылары санитарлармен бірігіп жаралыларды дереу сай арасы
арқылы орманға ауыстырсын деп бұйырдым.
– Сіздің бұйрығыңыз бойынша Заев келді, – деп хабарлады
Рахимов. – Өзіңізге жіберейін бе?
– Жоқ. Күте тұрсын, көп ұзамай штабқа барамын.
8
Штабқа қайтпастан бұрын жауынгерлерге соғып, атыс ұя-
ларын көре кетуді ұйғардым. Блиндаждан шығып, траншеяға
келіп отырып, төңіректі шолдым. Аспан ашылды. Өзеннің арғы
177
Жиырма үшінші қазан күні
бетіндегі көгілдір кеңістіктен күннің шеті қылтияды. Қиғаштай
ұшқындаған ақ сәуле шаң басқан қар бетінде шағылыса қойма-
ды. Бір жарым-екі сағаттан кейін қас қарая бастамақ.
Үдете атылған оқтың қарқыны мен дыбысынан шабуылдың
жасалмай қоймайтынын түсіндім. Және ол бүгін жасалады. Алы-
ста да емес, осы төңіректе. Соғыс күнінің соңы осындай бір ғана
атыспен шектеле қалмайтыны да айқындалып қалды.
Немістер, құдды, өші кеткендей, алдыңғы шепті калибр біт-
кеннің барлық түрімен өршелене атқылауын тоқтатпады. Сна-
рядтың бір бөлігі төбеден ызылдай ұшып, біздің жабық позици-
яда, блиндаждарда тұрған зеңбіректердің тұсына түсіп жатыр.
Кейбірі одан берірек жерлерге құлады. Алаңда топырақтың
қап-қара болып көкке атылуы күндізгіге қарағанда сиреді. Олар
енді жағадағы қырқаға, ылди тасасына қазылған құдықтарға қа-
рай ауысты. Оқ өтінің алмасуына қарағанда, жау біздің жасырын
қорғаныс шебіміздің орнын аңдап қалғандай. Оны, тәрізі, бай-
ланысшылар мен командирлердің әрілі-берілі қозғалысы арқылы
түйсінген.
Тар қуыстағы тепкішекте қысылып тұрып, қопарылған кесек
топыраққа қараймын. Тоңып та кеттім: шинельмен емес, қайыс
белдік тағынып, мақта күпәйкемен жүр едім.
Мүмкін о жаққа – окоптарға барудың қажеті жоқ та шығар?
Өз-өзіме осы сұрақты қойған бойда, қорқасоқтап тұрғанымды
аңдаймын. Телогрейкамнан мың сан тырнақ бүріп ұстап, мың
бұт әлдене траншеядан тырп еткізбейтіндей. Сол берік шеңгел
мен зіл батпан салмақтан жұлқына босап, жағаға қарай тұра жү-
гірдім.
Сонау аласапыран сәтте атпен жүйткіген далада да, қоңырау
мұнарасының басында да снарядтарды елең қылмаған едім, мына
жерде тіпті... Сәті түссе, бір бүйірден алапат жалын лебі серпіп
жібергенде, қаңғалақтап, қарсы тұсыңыздағы өрт құшағына қой-
ып кететін сұрапыл оқ бораны арасымен қырық-елу қадамдай
жер жүгіріп өтіп көрсеңіз болады. Сөйтіңіз, осыдан соң, бәлкім,
мұндай жағдайды суреттеудің ыңғайы келер. Ал бұл тұста қысқа
ғана айтуға мұрсат беріңіз: он қадамнан кейін-ақ жон арқам қара
терге малшынды...
Дегенмен, окопқа командир қалпымда кірдім.
Волоколамск тас жолы
178
– Қал қалай, жауынгер!
– Сәлеметсіз бе, жолдас комбат!
Әлгіндей сұмдық сынақтан кейін – төбесін ауыр бөренелер-
мен бекіткен күңгірт жертөле ішінің жұмақтай көрінгенін елесте-
те беріңіз. Бұл – бір ғана сарбазға арналған, яғни жалғыз кісілік
атқыш ұясы еді.
Сол жауынгердің жүзі әлі күнге дейін есімде, аты-жөнін де
ұмытпаппын. Жазып алыңыз: Сударушкин, орыс солдаты, ша-
руа, Алматы түбінен келген колхозшы. Өңі бозарыңқырап тұр,
бірақ салмақты; қызыләскер жұлдызшасы бар құлақшыны бір
жағына қарай қисайып кетіпті. Ол осында қабырғадан топырақ
сауылдатып, жер-әлемді тітіреткен соққыларды сегіз сағаттай
тыңдады. Күні бойы амбразурадан өзен мен арғы жағаға қарап,
жападан-жалғыз өз-өзімен отыр.
Саңылаудан көз тастап едім – аймақ кеңінен көрінді; арғы
жағадағы аппақ қар жапқан ашық алаң көсіліп жатыр. Сарбазға
не айтамын? Мұндағы жағдай түсінікті: жау көрінсе, көздеп ату
керек. Егер оларды біз өлтірмесек, олар бізді қырады. Амбразу-
радан штыгі сыртқа шығып, атуға даяр винтовка жатыр. Атыс
кезіндегі дірілден түскен қатқақ топырақ қиыршықтарының кей-
бірі мылтық майына жабысып қалыпты.
Мен қатқыл үнмен:
– Сударушкин, винтовкаң неге лас? – деп сұрадым.
– Кінәлімін... Қазір, жолдас комбат, сүртемін... Қазір реттей-
міз.
Ол елпілдеп, қалтасындағы шүберегіне қол созды... Оған сол
сәтте де бұрынғы әдетімше қамшылай түскенім ұнап тұр; бір-
ден жігерленіп, командирдің берік қолы астында өзін сонша
жеңіл сезінеді. Матамен қару бекітпесінің шаңын сүртіп болған
ол: «Кемшілік тауып, кішкене тағы ұрсыңыз, осында біраз тұра
тұрыңыз!» дегендей жалтақтап қарап қояды.
Ех, Сударушкин, төбеден енді не тажалдың төнетіні белгісіз
далаға шығудан тартынып, осында бола тұруды қалайтынымды
білсең ғой, шіркін! Сонау тырнақтар тағы жармасып, әлгі ауыр
салмақ аяқтан және тартты. Дәл сол минутте сәл аялдай тұру
үшін кемшілікті өзім де іздедім ғой. Бірақ, Сударушкин, сендегі
дүниенің бәрі тап-тұйнақтай, тіпті патрондар да жерде емес, аузы
179
Жиырма үшінші қазан күні
ашылған жолқапшық ішінде жатыр. Мен айналаны шолып, жоға-
рыға қарадым. Төбедегі қабықтары толық аршылмай, бұтақтары
олақ шабылған күйі төселе салған шырша діңдерінің көзге тым
жылы ұшырағаны-ай. Сударушкин де сонда көз тастап, екеуміз
де жымидық: менің әлсіз төсемені олай-бұлай лақтырып, күңкіл-
деп, жақтырмағандарға жеки жүріп, ірі, мықты бөрене жайғызға-
ным есімізге түсті.
Сударушкин:
– Жолдас комбат, аналар бізге соқтығар ма екен? – деп сұрай-
ды.
Мен осы сұрақты өзім де біреулерге қояр едім-ау, Сударушкин.
Бірақ оған нық жауап бердім:
– Иә. Бүгін соларға қарсы винтовка күшін сынап көреміз.
Сарбазбен тығылыспақ ойнаудың қажеті жоқ. Онымен қатар
отырып алып: «Мүмкін, Құдай сақтар...» – деп күлбілтелеу де
қисынсыз. Ол соғыста жүр; майдан ойыншық емес, алапат қы-
рғын, жауды жоймасаң, ол сенің көзіңді құртатынын жақсы білуі
керек.
– Құлақшыныңды түзеп ки, – дедім оған. – Қырағы бол... Бү-
гін жауды мына өзеннің жағасында қан қасапқа саламыз.
Сөйтіп тағы да іштей ширығып, жармасқан «тырнақтардан»
жұлқына босап, окоптан шықтым.
Бір ескеретіні: бұ жолы аса қинала қоймадым.
Тағы бір жәйтке мән берерсіз: батальон командирінің артил-
лериялық атыс кезінде окоп аралап жүгіріп жүруі орынсыз нәр-
се. Бұлайша ажалмен ойнаудың түкке де қажеті жоқ. Дегенмен
алғашқы ұрыста комбаттың мұндай қадамға барғаны жөн деп
санадым. Осыдан кейін жауынгерлер: «Біздің командир батыл
адам; ол сыртқа қарай төбе қылтитудың өзі қауіпті шақта бізге
келді» – деп айтып жүретін болады.
Бір мәрте ғана осындай әрекетке бару жеткілікті-ау деп ойла-
дым; мұны бәрі де еске сақтап, солдат сеніміне кіретін боласың.
Бұл – соғыстағы ең керемет іс. Сен, командир, өз арыңның ал-
дында: мен сарбаздарыма сенемін деп айта аласың ба? Иә, егер
жауынгер саған сенетін болса, мұны батыл түрде айтуға әбден
болады!
Волоколамск тас жолы
180
9
Ұялар арасында зырылдап жүргенімде өзімді аздап таңы-
рқатқан бір көріністі әңгімелей кетейін. Жүгіріп келе жатсам,
жер астынан ытқып шыққан әлдекім, еңкеңдеген бойда маған қа-
рай қарсы зуылдап келеді. Бұл не? Алғы шептегі мынадай сұра-
пыл оқ астында қай ақымақ (өзімді, әрине, бұл санатқа қосқан
жоқпын) безілдеп жүр? Мәссаған, Толстунов қой... Ол жөнінде
сізге әлі ештеңе айтпадым-ау деймін.
Әлдеқалай, ұрыс қарсаңында ол маған келіп: «Полктің үгіт-на-
сихат жөніндегі нұсқаушысымын, біраз уақыт сіздің батальонда
жұмыс істеймін» – деп мәлімдеген-ді. Шындығын айтайын, онда
өзін аса жақтыра қоймағам.
Толстуновтың батальонға қанша мерзімге келгені белгісіз-тін.
Егер ашығын айтар болсақ, мойындауға тиістімін: мұны өз билі-
гіме жасалған біршама қысым ретінде қабылдадым. Устав бой-
ынша Толстуновтың батальонда ешбір құқы жоқ еді, өзі менің
комиссарым да емес (о кезде батальондарда комиссарлар болмай-
тын), алайда... Танысқан сәтте ол маған: «Мені сіздің батальонға
полк комиссары жіберді» – деді. Мен үндемедім.
«Жарайды, – деп ойлағанмын, – барып, өзіңе тиісті міндетіңді
атқара бер. Сенің әуселеңді шайқастарда көрерміз».
Енді күтпеген жерден мынадай жағдайда кездестік.
– Комбат! – деді Толстунов мені әрдайым осылай атайтын
әдетінше. – Сен мұнда неғып жүрсің? Жат!
– Өзің жат!
Жерге құлай-құдай кеттік.
– Мұнда неғып жүрсің?
– Өзің не істеп жүрсің?
– Жұмыс бабымен жүрмін...
Оның қой көздері күлім-күлім етеді. Сайтан алғыр, менің өзі
туралы ойымды қайдан біліп қойды екен?
– Жұмыс бабымен дейсің бе?
– Иә. Жауынгерлер келгеніңде қуанып қалмай ма. Ол: бұл
осында жүр, демек, ешбір қорқыныш жоқ екен деп ойлайды...
Жақын жерде гүрс етіп снаряд жарылды. Комбат пен үгіт-на-
сихат жөніндегі нұсқаушы бас қорғалап жата-жата кетістік. Ау
181
Қазанның жиырма үші, кешқұрым
толқыны серпіп жіберді. Толстунов басын көтерді – өзі бозарып
кетіпті.
– Міне, саған «қорқынышты емес»... – деді ол салмақты кей-
іппен. – Комбат, саған мұнда жүгіріп жүрудің қажеті жоқ. Бұл істі
сенсіз-ақ атқарармыз... Ал жарайды... Таныс болайық...
Орнынан тұрып, кете беріп маған қол бұлғады. Келесі мезет-
те екеуміз екі жаққа қарай зымырап бара жаттық. «Таныс болай-
ық»... Е-е, ол осындай жігіт екен-ау... Иә, шынында да, біздің
алғашқы таныстығымыз осы жерде басталды. Мен өзара қалай-
ша «сенге» көшкенімізді аңдамай да қалыппын.
Толстунов жаңа ғана келіп кеткен екі-үш окопқа соқтым. Ай-
тқанындай, мұндағы жауынгерлер жайбарақат, көңілді отыр.
Біз, командирлер мен саяси жетекшілер немістердің «психи-
калық» бомбалауын осылайша тойтардық. Жауынгерлердің бір-
де-бірі әлі оқ шығара қоймаған, бұл шайқас осылай өтті.
Расында да, далақтап жүгіре беруді доғарғаным дұрыс шығар?
Өзен жағасындағы алғы шептен орманға қарай бұрылдым. Ну
тоғай шетіне іліге бергенде төбе тұсымнан бризантты снаряд жа-
рылды. Жүріп келе жатқан бойда мұрттай түстім. Ауада жары-
латын мұндай снарядтардың жарықшақтары алдыға қарай ұша-
ды. Кәрі қарағай дүр сілкінді де, төңірекке қар ұшқындап, ағаш
діңінде ақшыл дақ пайда болды. Жүрегім дүрс-дүрс етеді.
Орман шетінде аттарға ие болып, өне бойы сыртымнан бақы-
лап жүрген адал серігім Синченко алдыма Торытөбелді көлденең
тарта берді.
Тезірек штабқа жетуім керек!
Қазанның жиырма
үші, кешқұрым
1
Штабта мені пулемет ротасының командирі Заев күтіп отыр
екен. Шекесінен иегіне қарай қан сорғалап тұр. Өзі оны тыжыры-
нып, шықшыттылау бетіне түгел жағып, сүрткен болады. Алайда
қан кебе бастаған жара жиегінен қайта бұлқынып шығады.
– Не болған, Заев?
– Кім білсін... Бірдеңе жырып кеткен сияқты...
Волоколамск тас жолы
182
– Медпунктке бар. Рахимов, жаралыларды шіркеуден әкетті
ме екен?
– Әкетіп жатыр, жолдас комбат. Пункт тоғай арасындағы ор-
маншының үйіне орналасты.
– Жақсы. Сен сонда бар, Заев...
Ол:
– Бармаймын, – деп күңк ете түсті. Мен де:
– Немене, сені мына түріңмен елді қорқытуға жіберем бе?
Жауынгерлік кейпіңе кел. Жуынып, жарақатыңды таңдыр. Сонан
кейін сөйлесеміз, – деп зекіңкіреп қалдым. – Синченко, лейте-
нант Заевқа екі кәтелөк су әкеліп бер.
Зорлана жымиған Заев шығып кетті. Ақыры ол жарақатын
таңдыра алмады.
Мені полк командирі майор Юрасов телефонға шақырған.
– Момышұлы, бұл сен бе? Жау Красная Гора маңында ал-
тыншы ротаға шабуыл жасады. Қазір блиндаждар шебіне жетті.
Жәрдем бер. Сенің қолыңда, штаб маңайында қандай күш бар?
Екі соғысқа қатысқан майор Юрасов өте ұстамды, жүйкесі
мықты адамдар қатарынан. Қазір «жәрдем бер» деген кезде де
сол сабыр-салмақтан айныған жоқ.
Красная Гора деревнясы Новлянское селосының оң жағында
екі жарым шақырымдай жерде тұр. Менің қолымда не күш бар? –
Штаб күзеті, бірнеше телефоншы мен шаруашылық взводы ғана.
Осыны мәлімдедім.
– Соларды тезірек алтыншы ротаға көмекке жібер. Есің-
де болсын: онда солтүстіктен лейтенант Исләмқұловтың взво-
ды кетіп барады. Ескерт, бір-бірімен атысып қалып жүрмесін.
Тапсырманы орындаған бойда хабарла.
Рахимовқа шаруашылық взводы мен штаб төңірегіндегі
күштің бәрін әскери дабыл бойынша көтеруге бұйрық бердім
де, блиндаждан шықтым. Орман ішінде ымырт жабыла бастап-
ты. Анандай жерде Заев жуынып жатыр. Оның ебедейсіздеу, бет
сүйегі жалпақ, қабағы түксиіңкі түрі тазарыпты, бірақ жүзінен
сорғалаған су әлі қызғылт...
– Заев!
Ол жетіп келді. Оның сүртініп үлгермеген жүзінен тағы да қан
ақты. Бетін тыжырып, тағы сипанады. Мен Заевты екінші рота
183
Қазанның жиырма үші, кешқұрым
командирі етіп тағайындамақшы едім, бірақ... Красная Гораға
көмекті осы бастап барады.
Блиндаждан телефоншы ытқып шықты:
– Жолдас комбат, сізді телефонға шақырады.
– Кім?
– Полк командирі. Дереу келсін дейді.
Бұл жолы майор Юрасов асығып, аптығып тұр:
– Момышұлы, сен бе? Жібермей-ақ қой! Кеш қалдық! Жау
қорғанысты бұзып өтті. Бір топ мұнда, полк штабына қарай
жылжып келеді. Мен шегініп барамын. Саны қанша екені бел-
гісіз екінші топ сенің бір бүйіріңе қарай бет түзеді. Шеп құр!
Беріспе! Одан соң...
Дауыс кілт тоқтады, байланыс үзілді. Тына қалған мембранада
– гуіл де, электр зарядтарының тырсылы да естілмейді. Тым-ты-
рыс...
Мен қажетсіз тұтқаны орнына қойдым да, өлі тыныштық қай-
тадан жүйкеме тие бастады. Мембрана ғана тынши қалған жоқ
еді. Айнала төңіректің бәрі жым-жырт. Дұшпан да біздің аудан-
ды артиллериядан атқылауын доғарды. Бұл не? Шабуыл сәті ме?
Жаяу әскердің екінші ротаның қорғаныс шебіне лап қою мезеті
шығар? Жоқ, шепті бұзып үлгеріпті.
2
Шебіміз бұзылды. Немістер бергі жағаға шығып та қойды,
енді дендеп алға ұмтылады. Олар осында, бізге қарай, бірақ жол-
дың аузы окоптармен бекітіліп, сарбаздардың амбразураларға
жармасып, қарсы алдынан оқ жаудыратын, біздің зеңбіректер
мен пулеметтер бәрін әбден атып жаттыққан жақтан емес, өзге
бүйірден өңмеңдеп келеді.
Өкпе тұсымыз бен көк желкеден, қарсы алдынан ешбір кедер-
гі кездеспейтін ашық алаң арқылы келіп соқтықпақшы.
Мен бір мезет жағадағы еңісті бойлай қазылған қараңғы ор-
лардағы жауынгерлерді елестеттім, – онда сырт жақтан төнетін
атыс ойықтары жоқ. Жалма-жан сағатыма қараймын.
Төртке он бес минут қалыпты.
Ойыңды қас-қабақтан ұғатын сергек Рахимов алдыма картаны
жая қойды. Оның сұраулы жүзіне қарап, үнсіз бас изедім.
– Красная Гора аймағында ма? – деп сұрады ол.
Волоколамск тас жолы
184
– Иә.
Картаға үңіліп, сағат тықылын, кетіп жатқан секундтар үнін
естіп тұрып, енді жан-жаққа қаранып, ойлануды доғарып, де-
реу әрекетке кірісу қажеттігін сезінемін. Әйткенмен, барлық
төзімімді жинап, өз-өзімді карта қасында сәл аялдауға мәжбүр
еттім. О, егер сіз дәл сондағы бір ғана сәтті – маған, командирге
шешім қабылдауға берілген бір ғана минутті суреттей алсаңыз
ғой!
Новлянскоені тастап шығамын ба? Майдан шебімен іргелес
тұста шайқасып жатқан полк шебіне жүк көліктерімен даңғыр-
латып төтесінен алып баратындай қара жолдың бойында жатқан
жауға өте қажет селоны бере салмақшымын ба? Өз-өзіңе «иә,
бере сал!» деп жауап беру қандай қиын. Әйтпесем, батальонды
сақтай алмаймын. Ал сақтасам ше... Онда көреміз жолдың кімге
бұйыратынын...
Картаға – иә, әзірше тек картаға ғана, даланы ендей, жақын-
дап қалған немістердің алдынан кесе-көлденеңдете жаңа сызық
түсірілді. Рахимовқа өз шешімімді мәлімдеп, зеңбіректерді ор-
ман шетіне, жаңа қорғаныс шебіне ауыстыруды бұйырып, өзге
де бірнеше тапсырма беріп, штаб жертөлесінен жүгіре шықтым.
– Синченко!
– Мен.
– Атты әкел! Рахимовтың да атын бер! Заев мінеді! Заев,
маған ілес!
Тағы да сол даламен, тек енді тынши қалған алқаппен екінші
ротаны бетке алып жүйткіп келеміз. Аспан жартылай ашылыпты.
Еңкейген күннің қызғылт сәулесі көзге ұрады.
3
Бүгіліп алып, Торытөбелмен құйғытып келемін. Кенет бас
жағымнан қып-қызыл жылтырауық сәуле ұшқындағанын аңдай-
мын. Бір сәт үзеңгіге аяқ тіреп, еңсе жаза айналаны шолғанымда,
немістер көрінді. Олар біз атпен кесіп өткен алаңмен, шама-
мен, бір километрдей жерде тік тұрған күйлерінде қатар-қатар
тізіліп алып, өңмеңдей түседі; алыстан қарағанда, араларындағы
саңылау екі-үш қадамдай. Мен бұлардың шинелі де, каскалары
да көк-жасыл түсті екенін білетін едім, ал қазір ақ қар бетінде
сұлбалары қап-қара болып көрінді. Өздері автоматты жүріп келе
185
Қазанның жиырма үші, кешқұрым
жатқан бойда тарсылдатып, үрей сепкен мың-сан жарқылдауық
оқ жаудырудан тынбайды.
Астымдағы жануар барын салып, алдыға қарай өршелене за-
улады.
Ротаның басқару пункті қасында тұрған Қалимолдин пуле-
метін арқасына асынып та алыпты. Байланысшылардың бірі
өзенге қарай, батальон бүйірін бетке алып қиғаштай салып ба-
рады. Рахимов осында телефон соғып, міндетті мәлімдеп те үл-
герген екен.
Бозжанов пулеметшілерді ұзатып салып, сыртта тұр. Қасында
хабаршылар жүр – тәпелтек Муратов пен соғысқа дейін педаго-
гикалық техникум студенті болған ұзынтұра Белвицкий бар. Му-
ратов, тоңып тұрған адамдай, аяқтарын қағыстырып қояды.
Шауып жеткен бетте:
– Бозжанов! Пулеметшілермен бірге барасың! – деп бұйыр-
дым. – Қойылған міндеттің қандай екенін білесің бе?
– Өліспей беріспеу, – деді ол даусы күңгірлеп, – бірақ...
– Өлме! Атыс ұясы аман сақталуы керек! Біз жаңадан шеп
құрғанша берілмеңдер!
– Құп болады, жолдас комбат. Атыс ұясы аман сақталуы ке-
рек!
– Сай арасымен бар. Абдырама, саспа. Әбден жақындағанша
күте тұр...
Мен ауыр ленталарын асынып алған пулеметшілер – Мурин,
Добряков, Блохаға қарадым.
– Тездет! Анау жауыздарды жер жастандырыңдар, жол-
дастар! Заев, ер соңымнен! Синченко, маған ілес!
Қасыма Муратов келді.
– Ал біз не істейміз? – дейді ол жетімсіреген кескінмен.
– Политрукпен барасыңдар! Бақылаушылар, телефоншылар
– бәрі политруктің жанында болады!
Өзен мен село арасындағы дәлізбен Новлянскоенің сыртын-
дағы батальон қапталына қарай жүйтки жөнелдік. Онда хабаршы
әлі жете қойған жоқ, бірақ шеттегі окоптардан сарбаздар шығып
үлгеріпті, траншеяда қазтабандап отырған кейбірінің мойны
қылтияды, өзгелері ұйлыға топтанып отыр. Бұл тұстан жота та-
сасында ойқастап келе жатқан немістер көрінбейді, дегенмен
Волоколамск тас жолы
186
жұрттың бәрі автоматтар дырылдап, жылтылдап, ұшқыр оттар
ұшқындаған жаққа үрпие қарайды.
Батып бара жатқан алқызыл күннің жалқын шапағы қиғаштай
шашырады.
Взвод командирі, жас лейтенант Бурнашев атыс үні естілген
жаққа қарай бірнеше қадам жүгіре шығып, аңтарыла селтиіп
тұр. Ұрыс кезінде бұл бірден көрінеді. Бозарған саусақтарымен
пистолетін қыса ұстапты, бірақ қолында дәрмен жоқ. Күтпеген
жағдайда есі шыққан оның не істеп, не қоярын білмей, қатты
абдырағаны байқалды. Мүмкін, ол бұл сәтте бір минуттей ғана
сасқалақтаған болар, бірақ дәл осы үрейлі сын мезетінде жауын-
герлер командирінен айырылады. Бөлімшелер мен кіші коман-
дирлер де көзіме түспеді – әрине, олар осындағы бір жерлерде
жүрген шығар, бірақ дымдары шықпайды, тәрізі, бұлар да қой-
дай ұйлыққан қара тобыр арасында тығылып отыр-ау.
Өзім бір қарағаннан-ақ ажырататын әскери тәртіп, жауынгер-
лік негізді мынадай тұтқиыл жағдай бірден жасытып, жігерді
құм қылғандай. Мен мұндайда взводтар ғана емес, тұтас бата-
льондардың қолма-қол опат болатынын түйсіндім.
Әзірге ешкім қаша қойған жоқ, бірақ... әлдебір қызыләскер
жылтылдап ұшқан оқтан көз айырмай, жаға бойымен ақырын
ғана, жылыстап, кейін сырғи берді. Әзірше ақырын ғана... әзір-
ше бір өзі... Ал егер ол қаша жөнелсе, бәрі де топырлап соның
соңынан лап қоя ма?
Кенет біреу әмірлі қимылмен сонау жылыстап кетіп бара
жатқан қызыләскерді көрсетті. Қызық... Мына жерде иелік жасап
отырған кім болды екен? Мұншама нық сеніммен қол нұсқаған
кім? Мен алыстан Толстуновтың сұлбасын таныдым да, жеңіл
күрсіндім. Бұл жолы таяудағы ол туралы не ойлағаным еске түсіп
жатпады, тек баста: «Оның осында жүргені қандай жақсы бол-
ды» деген ой жылт етті.
Дәл сол кезде біреу ақырып жіберген:
– Қайда барасың? Мен саған көрсетемін қашқанды! Табанда
атып тастаймын, сүмелек! Командасыз бір қадам қимылдаушы
болма!
187
Қазанның жиырма үші, кешқұрым
Айқай салған рота парторгі, қызыләскер Бөкеев еді, – аласа
бойлы, бізтұмсық қазақ. Ол винтовкасын көлденеңдете қасқая
көтеріп тұр.
Әр жердегі топ ішінен айқындала түскен ортадағы Толстуно-
втан бастап тағы да бірнеше сұлбаны танығанымда, арада ешбір
дабырасыз, тәуекелге бел буған жандар бар екенін аңдадым.
Бұлар комбаттың менің взводымның мақтанышы дейтіндей әдет-
тегі көзқарасы емес, дәл қазір, шын мәнінде, бөлімді ұстап, ұй-
ытқы болып тұрған осы адамдар еді.
Күні бойғы әртүрлі әсерлерді безбендей келгенде, бәрін бір-
ден саралай қоймағаныммен, мынадай жағдайда партия деген
күштің іске қосылғанын түсіндім.
Шауып келіп:
– Бурнашев! Бұл жердегі басқарушы кім, сен бе, басқа ма?!
Сонша божырағаның не? Бөлімше командирлері қайда?! – айқай
салдым.
Бурнашев қызарып кетті. Ол өзінің қатты абдырағанына бола
қысылған еді. Жалма-жан:
– Бөлімше командирлері, маған келіңдер! – деп дауыстады.
Аттан ырғып түсіп, өзімнің шешімімді дауыстап, нақпа-нақ
мәлімдедім: «Селоны жауға тастап шығып, шеп құрамыз», –
дедім. Одан соң:
– Бірінші бөлімшенің командирі! Жауынгерлерді шығар! Әр-
кім нөмір саны бойынша өз орнын есте сақтасын! Бірінші бөлім-
шені мен бастап барамын! Екіншіні – Толстунов, үшінші бөлім-
шені Бурнашев бастайды! Заев рота басшылығын қабылдап ал.
Келесі взводты алып шық. Одан соң бізге қосыласың. Көпірді
жарып жібер! – деп бұйырдым.
– Құп болады, жолдас комбат!
– Толстунов өз бөлімшеңе бар!
– Комбат, менің ойымша...
– Ойлаудың қажеті жоқ... Менімен елу метрдей ара-қашықтық
ұстап отыр. Қалып қойма! Топтанып жүрмеңдер. Бірінші бөлім-
ше, менің командамды тыңда! Маған еріңдер! Жүгір!
Бүгілген шынтақтарымды бүйірге қысып алып, аласалау төбе-
дегі әйнектері күн шұғыласына шағылыса қарауытқан үйлердің
тұсымен езілген алқапқа түсіп, бар күшіммен орманға қарай жү-
Волоколамск тас жолы
188
гіре жөнелдім. Соңымнан аяқтарының дыбысы дүбірлеп, бөлім-
ше өкшелей ілесіп келеді.
4
Орта жолда тағы да немістер көрінді. Охо, қар бетімен сорая
адымдаған ұзын қара сұлбалар қалайша жақындап қалған! Осы-
дан бес-алты минут бұрын ғана біз ат үстінен көргендегі бұлар-
мен аралық жарты шақырымдай қысқара түсіпті. Жылдам жүреді
екен: минутіне – жүз метр. Ал бізге әлі жүгіру керек... Орман
шеті тура дүниенің шетіндей өте алыс. Алғашқы ағашқа дейін
жарты километрдей жер бар.
Мен жұлқына ышқынып, жылдамдықты үдеттім.
Немістердің тізбегі бізді байқап қалды. Оқтың қызыл траек-
ториясы ауаны алды-артымыздан бірдей айқыш-ұйқыш тілгілеп,
төбе тұсымыздан ысқыра зулап өтіп, табан астына жете сөніп жа-
тыр.
Немістер жүрген бойда көздемей-ақ, бұрқырата атқылап ке-
леді. Артқы жақтағы біреу құлады. Құлаққа жан ұшыра ышқынған
жіңішке үн жетті:
– Жолдастар!
Мен артыма бұрыла қарап:
– Еріңдер соңымнан! Кейінгілер көтеріп әкеледі! – деп ай-
қайладым.
Немістер де «ә, русь қашты!» деген қуғыншылық дағды бой-
ынша жүрісті жеделдетті. Бірақ, міне, орманға да іліктік – жүз-ақ
қадам қалды. Кенет әбден қалжырап, өкпем өшкенін аңдадым.
Жаңағы жанталаса жұлқынудың әсері сезілді. Ырсылдаған дем
мен аяқ дүбірі жақындап келеді. Сарбаздарым да қуып жетті. То-
пырламаңдар деп бұйырып едім. Бірақ бәрібір шоғырланып алып-
ты. Иә, жаудың көз алдында сатырлаған оқ астындағы жаралы
адамның құлақ тесетін жан дауысы естілген мұндай қуғын-сүр-
гін – оқу-жаттығу кезіндегі саптың орнын ауыстыруы емес.
Мен кеудемді толтырып ауа жұттым.
– Бөлімше, тоқта!
Түсінесіз бе? Осынау бір ғана мезетке, бір ғана командаға,
жалғыз ғана «тоқта!» деген сөзге біздің өткен тарихымыздың
бәрі – панфиловшылар батальонының тарихы сыйып кетті. Бұған
қастерлі борышыңды сезіну, «қолыңды екі жаныңа ұста!» және
189
Қазанның жиырма үші, кешқұрым
әрдайым әдетке, яғни солдаттың екінші болмысына айналып,
аяусыз айтылатын: «Орында! Сөзді доғар!» деген ұғымның бәрі
кіреді, қорқақтың сап алдында атылуы, бірде немісті талқандап,
үрейді жеңетін Середаға жасалған түнгі жорық та қамтылады.
Ал жауынгерлер тоқтамай қойса, жанұшырып екпіндеген бет-
те орман ішіне қойып кетсе қайтеміз? Демек... демек, онда бұл
– батальон командирі Бауыржан Момышұлы мына дүниеде бол-
майды деген сөз. Біздің армияның заңы солай – сарбаздардың
абыройсыз қашқаны үшін абыройсыз командир жауап береді.
Алайда үйме-жүйме болып, екі иіннен демалған жауынгерлер
менің жанымда тұрған еді!
– Бөлімше командирі!
– Мен!
– Жат мұнда! Ат! Оң қанаттағы кім?
– Мен!
– Мұнда кел! Ат! Қасыңдағы кім?
– Мен!
– Мұнда кел! Жат! Ат! Араларыңды ашыңдар! Аралық – бес
метр! Қайда жата қалдың? Әрі таман бар. Мұнда! Ат!
5
Мен қателік жіберіппін. Атпастан бұрын ыңғайлана жатып,
әзірленіп, нысананы көздеп, аптықты сәл басып, осыдан соң ғана
команда бойынша үстемелете атуға кірісу керек еді.
Ал жауынгерлер болса жапа-тармағай, апыл-ғұпыл, қалай бол-
са солай тарсылдата жөнелген. Жарқырауық оқтарын жаудырып,
тізбектеле ентелеген немістердің ешқайсы құламайды.
Батар шақта алаулап, шақырая түскен күн сәулесі солардың
бүйір тұсынан, қарсы алдынан қиғаштай шашырап тұр. Енді
бұлардың сұлбасы бұрынғыдай қарайған өңін өзгертті. Жалқын
шапақ түр-түсті мейлінше айқындай көрсетті. Көк-жасыл каска-
ның астынан ағараңдаған сақал-мұртсыз жүздері, кейбірінің күн-
ге шағылысқан көзәйнектері анық байқалды. Сонда бұлардың
құламайтындары қалай? Неге?
Едәуірден кейін ғана пайымдадым – немістер, анығын айтқан-
да, әлі алыстау, үш жүз-төрт жүз метрдей жерде келеді екен. Ал
біз ет қызуымен көздеуіш жақтаушасын бірінші сызыққа, жүз ме-
трлікке қойып алып тарсылдата беріппіз.
Волоколамск тас жолы
190
– Көздеуіш екі жарым! – деп айқайладым мен дауысымды
атыс үнінен асырып.
Біздің ізімізден алқапты ендей өтіп Толстуновтың бөлімшесі
де жүгіре жетті. Новлянскоенің үйлерінің сыртынан үшіншісі де
көрінді.
Селодан шыққан жүк арбалары да жүйткітіп келеді. Айда-
ушылар да аттарына қамшыны баса түсті.
Немістер тақала бастаған. Олардың тізбегінен біреуі, еке-
уі жығылды... Біздің де арамыздан әлдекім ауырсына ыңырсып
қоя берген... Жау қатарының арғы шеті үй тасасынан көрінбейді.
Дұшпан Новлянскоеге де кірді. Біз селоны бердік.
Ал қалғандары өңмеңдей басады... Қазір оларға «жүгір!» де-
ген команда беріледі. Көз мөлшерімен екі аралықты өлшедім.
Жапырып өтеді-ау! Ех, сіз сол сәттегі дегбірді кетіріп, жаныңды
жейтін жексұрын түйсікті сезінсеңіз ғой: талқан қылады! Пуле-
мет! Қайдасыңдар, Бозжанов, Мурин, Блоха? Пулемет қайда, пу-
лемет?
Жанымдағы біреу жан даусы шыға шыңғырып жіберді:
– Ой-и, өлдім, өлдім! Ой, ой!..
Ойбайлаған үн жүйкеге тиіп, жігер жасытады. Әркім дәл қазір
осы ахуал менің де басыма түседі, маған да оқ тиіп, денем қанға
боялады, мен де безектеп, ойбай-аттанға басамын-ау деп үрейле-
неді. «Әркім» дедім ғой... Иә, мен де... Иә, сонау сұмдық күңіре-
нуден жаным түршікті: дел-сал болып, діңкем құрып, денем кін-
діктен кеудеме қарай сұп-суық болып кетті.
Одан шыңғырған дауыс шыққан жаққа қарадым. Әне, бір
жағына қарай жантая жығылған жаралы жатыр, бас киімі жоқ;
беті қызыл ала, әлем-жәлем; иектен аққан қан шинеліне сорғалап
тұр. Көз шарасы шектен тыс үлкейіп, ақиып кеткен, тіпті зәрең
ұшады.
Ал анандай тұстан ештеңені көрмейін, естімейін дегендей,
тұмсығын қарға тыға, екі қолымен төбесін бүркей құлаған біреу
көрінеді. Бұл не – өліп қалған адам ба? Жоқ, қолдары дір-дір
етеді... Қасында, қар үстінде полуавтоматы қарауытады. Бұл кім?
Қарасам – қызыләскер Шилібаев, менің жерлесім. Қазақ! Сап-
сау, қорыққан екен сұмырай! Дегенмен, жаңа ғана өзімнің де не
болса о болсын деп, басыммен қарға көміле кеткім келмеді ме!
191
Қазанның жиырма үші, кешқұрым
Ырғып барып, қасына жеттім:
– Шилібаев!
Селк етіп, қардың астынан боп-боз болып кеткен бетін шығар-
ды.
– Оңбаған! Ат!
Полуавтоматын жұлып алып, иығына тіреді де, асығыс түрде
сатырлата атты. Мен:
– Асықпай көзде. Жауды өлтіру керек, – дедім.
Ол маған бұрылды. Көзінен үрей белгісі өшпепті, бірақ
бұрынғыдай емес, саябыр тапқан. Жай ғана күбір етті:
– Атамын, ақсақал.
Ал немістер таяп келеді... Өз-өздеріне сенімді түрде, серейіп
жүріп келе жатқан бойда автоматтарын тарсылдатып, аршындай
басады – үздіксіз зулаған жарқырауық оқтары бұларды бейне бір
үшкір ұшының шеті бізге жетіп тұрған ұзын істікпен қаруланып
алғандай әсер туғызады. Мен немістердің бізді құлақты бітеп,
көз аштырмай, ешкімге бас көтертпей, сабырмен көздей алмай-
тындай етіп, төпелей соғуға тырысатынын түсіндім. Бозжанов
қайда жүр? Пулемет қайда? Неге үндемейді пулемет?
Ал жаралы адам со күйі зарлап жатыр. Мен оның қасына жү-
гіре жеттім. Бет-аузы қаннан көрінбейді, қолдары да қызылала
қан.
– Тыныштал! Дыбысыңды шығарма!
– Ой...
– Үндеме! Жаныңа батса шүберек тістеле, шинеліңді шайна,
бірақ дымыңды шығармашы.
Сөйтіп адал солдатым тыншыды-ау.
Міне, ақыры... Ақыры пулемет те сарнап қоя берген... Ұзақ ке-
зекпен сатырлатты: та-та-та-та-а... Охо, Бозжановтың да жауды
дәл іргеге дейін тақалтқаны-ай! Ол ең соңғы сәтке дейін тырс ет-
пей шыдады. Есесіне пулемет оғы кенет тура түптен қанжардай
қадалып, қоғадай жапыруға кірісті.
Алғашқы оқ қатары неміс тізбегінің қақ ортасынан соққан.
Ой, сондағы дұшпанның аласұрған сәтін көрсеңіз! Мен жаудың
байбаламға салып, шырқырағанын өмірімде бірінші рет естідім.
Кейін гитлерлік армияның көп ерекшеліктерінің бірі: қарба-
ласқан, сәтсіз жағдайларда оқ тиген немістердің көмек сұрап,
Волоколамск тас жолы
192
ішектері үзілгендей сонша шыңғыратынына талай рет куә бол-
дық, – біздің сарбаздар ешқашан өйтпейді.
Қалай дегенмен, алдымызда тісқаққан, тәртіпті әскер тұр еді.
Әлдене деп қаңқылдап өз тілдерінде команда берілді де, біздің
тұстан пулемет оғы дари қоймаған тізбек дереу жата-жата қалы-
сты.
Ал енді кең тыныстауға әбден болады.
Бір минут шамасында қасыма Толстунов еңбектеп жеткен.
– Қалай ойлайсың, комбат, «ураға» басамыз ба?
Мен бас шайқадым. Жеңіл оқуға арналған әңгімелерде мұны
жасау оп-оңай: «ура» десең болды – неміс тұра қашады. Соғы-
стағы жағдай мүлде басқаша.
Әйткенмен, сол кеште «уралаған» дауыс бәрібір естілді. Жер
жүзінде ғұмыр кешкен жалғыз менің батальоным ғана емес еді
және ұрыстарды басқарып жүрген де бір мен емеспін-ді. «Ура»
біз де, неміс те күтпеген тұстан шықты.
6
Орман ішінен жер бауырлап жатқан немістерден бірталай әрі-
де жайыла жүгірген топ көзге шалынды.
Батуға айналған күн шапағымен – біздің құлақшын, біздің
шинельді киіп, біздің штыктарды көлденең ұстаған қызыләскер-
лерді көрдік. Олар аса көп те емес екен: қырық-елудей. Түсіндім:
бұл – бұзып өткен жерге өзге пункттен жіберілген лейтенант Ис-
ләмқұловтың взводы еді.
Қақ маңдай мен көк желкеден қатар соғудың қандай болаты-
нын көру «бақыты» енді бізге емес, немістерге бұйырыпты. Әйт-
кенмен, қапталды ыңғайлап, шепті қайта құру айласын олардың
да жақсы білетіні түсінікті. Тізбектің бір шеті көтерілді; немістер
атыса жүре, доға жасап, шегіншектей бастады.
– Комбат! – деді Толстунов ышқына дауыстап.
Мен оған басымды изедім:
– Иә!
Одан соң:
– Тізбек бойынша хабарлаңдар: шабуылға дайындалсын! –
деп айқайладым.
Бірақ өз дауысымды өзім де танымай қалғандаймын: біртүр-
лі күңгірт, қарлығыңқы. «Шабуылға дайындалыңдар!» деген сөз
193
Қазанның жиырма үші, кешқұрым
жауынгерден жауынгерге тарады және бұдан соң, әрине, әркімнің
жүрегі суынып, дүрсілдей жөнелгені де анық.
Орман жақтан бізге жәрдемдесуге шыққан сарбаздар қатары
әлі жүгіріп келеді, сол тұстан «ура-а-а!» деген дауыс үзіп-талып
жетеді, ал немістер шептерін асығыс түрде қайта құруға кіріскен.
Біздің қарсымыздағы жау шебінің қатары едәуір сиреді, алай-
да бұлар мұнда екі жеңіл пулеметін қойып үлгерді, тәрізі, оны
бұрын шабуылшы лектен ішкері түпте ұстап келе жатса керек.
Бір пулеметтері атуды бастап та жіберген: төбеден ұшып, үрейді
алған оқтың ысқырығы жиіледі.
Ал біздің тізбектің атысы кілт тыйылды; жауынгерлер винтов-
каларын қыса ұстаған күйі әскер қатарына шақырылған күннен
бастап әркімге соғыстағы ең қорқынышты болып көрінетін ме-
зетті – шабуылға шығуға берілетін команданы күтіп жатыр.
Мені атыстың ықтиярсыз тоқтай қалғаны таңырқатты: жоқ,
бұлай болуға тиіс емес! Әйткенмен, қателікті түзеп жататындай
уақыт та жоқ. Жаудың абдыраған кезін пайдаланып тезірек әре-
кетке көшу керек.
Мен айқай салдым:
– Бурнашев!
Лейтенант Бурнашев – таяуда өзен жағасында өзінің дағдарып
қалғаны үшін ұялып, қып-қызыл болып кеткен взвод командирі,
қазір менен елу метрдей жерде тізбек арасында жатыр. Ол дауы-
сымды естігенін байқатып, қолын көтерді де, қайта түсірді.
– Бурнашев, баста!
Бір секунд өтті. Сіз, әрине, Қызыл Армияның жаппай ерлігі
жөнінде талай оқып та, естіп те жүрсіз. Мұның бәрі ақиқат, шын
сөз. Алайда жол бастайтын көсем болмаса, арадан бірінші шыға-
тын серке болмаса жаппай ерлік жасалмайды. Біреу алғашқы бо-
лып тұрып, алдыға түсіп, қалғандарды еліктіріп әкетпесе, жұрт-
ты шабуылға көтеру оңай іс емес, ешкім орнынан қозғалмайды.
Бурнашев ұшып түрегелді. Күн ұясына қонатын сәттегі ала-
бұртқан аспан аясында оның бүкірейе бүгіліп, алға ұмсынған
сұлбасы көрінді. Алдында иығына жетеқабыл деңгейде үшкір
штыгі қарауытады – ол әлдекімнің винтовкасын алған секілді.
Аузы да қимылдай берді. Сол сәтте менің ғана емес, Отанның өз
Волоколамск тас жолы
194
ұлына берген бұйрығын орындап, орнынан атып тұрған Бурна-
шев кең даланы жаңғырықтыра басына көтеріп:
– Отан үшін! Алға! – деп айқай салды.
Бұған дейін шабуыл суреттерін газеттерден талай оқығанмын.
Сол мақалалардың бәрінде жауынгерлер ылғи осындай ұран
арқылы көтеріледі. Бірақ газет мәтінінде мұның бәрі кейде өте
жеңіл сияқтанатын еді, сондықтан ба, мен: біздің кезегіміз келіп,
штыкке жармасатын сәт туғанда, жағдай дәл сол газеттегідей
бола қоймас-ау; және көмейден өзгеше ашу-ызамен «ұр-р!» не-
месе жай ғана «а-а-а-а!..» дегендей алапат екпінді үн шығатын
болар деп ойлайтынмын. Алайда осынау аса сындарлы, үрейлі
шақта адамды жер жастандыратын мың-сан оққа кеуде тоса, алға
ұмтылған Бурнашев дәл сол ұранға басты:
– Отан үшін! Алға!
Кенет оның үні үзіліп кетті; Бурнашев жұлқына серпіле беріп,
аяқ астына керіп қойған сымға сүрінгендей, жалп ете түсті. Ол
дереу қайта атып тұрып, әрі қарай жүйтки жөнелердей, сөйтіп
бүкіл ел соған еріп, штыгын алға соза, жауға ұмтылардай көрініп
еді.
Бірақ ол екі қолы жайылып етпеттеген бойда жата берді, ор-
нынан қозғалмады. Жұрттың бәрі алғашқы қадамнан-ақ мұрттай
түсіп, қар үстіне құлаш жая құлаған лейтенантқа қарап, әлденені
күтіп жатыр.
Тағат тауысқан секунд та өтті. Тізбек орнынан көтерілген жоқ.
Бір кезде тағы біреу атып тұрды да, даусын пулемет тар-
сылынан да асыра, аспан астын жаңғырықтыра дәл сол сөзді, сол
ұранды қайталады.
Үні өз бойынан шыққандай емес, керемет ащы екен, дегенмен
бәрі сөйлеу мәнерінен, аласа ғана арықша келген денесінен қы-
зыләскер Бөкеевті таныды.
Алайда бұл да алға ұмтыла беріп қалпақтай ұшқан. Оқ, тәрізі,
кеудеден немесе бастан тиген сияқты, ол да лейтенант Бурнашев
секілді төменнен шалғымен орғандай, жалп ете қалды.
Денем шиыршық атып, қардың бетін шеңгелдей тырналай-
мын. Тағы бір секунд жылжыды. Тізбектің көтерілетін түрі жоқ.
Енді бізді қос пулеметтен атқылай бастаған еді; алакөбеңде
оқпаннан үздіксіз ұшқан оқ ұзыннан-ұзақ созыла, жарқ-жұрқ
195
Қазанның жиырма үші, кешқұрым
етеді; от сәулесінен жарым-жартылай қалқа тасасында тізерлей
отырып алып, немістердің қайта шеп құруына жағдай туғызып,
бізге бас салып шайқаса кетуге мүмкіндік бермек түгілі, бас кө-
тертпей оқ жаудырған пулеметшілер сұлбасы да көрініп қалады.
Жауды ту сыртынан келіп соғудың ыңғайын тапқан біздің
жолдастарымыз – қырық-елу қызыләскер немістерге тақалып
та келеді, бірақ дұшпан ол қапталдан да шеп құрып үлгеріп, оқ
атуға кіріскен; ал біз болсақ сол азғантай ғана жаужүрек бауыр-
ларымыздың басын ажалға тігіп, мына жақта бұрынғыша тырп
ете алмай әлі жатырмыз.
Біздің әрқайсымыз, дәл менше, тастай бекініп, ырғып шығып,
тұра ұмтылуға даяр-ақ сияқтымыз, бірақ ешкім әзірше қозғала
қойған жоқ.
Бұл не сұмдық? Сонда осылай бауырларымызды от ортасына
тастап, зәре-құтымыз қашып, жата бермекшіміз бе? Арамыздан
үшінші мәрте бір ышқынып, ротаны бастап шығатын ешкімнің
табылмағаны қалай?
Кенет бүкіл жұрттың назары өзіме ауғанын аңдадым, шетте
жатсам да, шайқастың орталық нүктесіндей көріп, аға командир-
ге, комбатқа үздіге көз тіккенін сезіндім, бәрі: комбат не дер екен,
енді не істейді деп үміттене қарайды. Қимылымның ессіздік
екенін анық білсем де, қалайда елді еліктіретін өнеге көрсетейін
деп, орнымнан жұлқына көтерілдім.
Бірақ мені сол бойда иықтан шап берген Толстунов күштеп,
қарға бір-ақ тықсырды. Орысшалап боқтап та жіберген.
– Жынданба! Доғар, комбат! Мен...
Оның дөрекілеу біткен ер кескінді жүзі бірден өзгеріп, өңі қа-
тайып, сұстана қалыпты. Ол шапшаң қозғалып атып тұру үшін
артқа қарай серпілді, осы кезде оның қолынан мен шап беріп
ұстай алдым.
Жоқ, енді Толстуновтан да айырылып қалғым келмейді.
Есімді жиып, қайтадан комбат қалпыма келдім. Алдындағы түй-
сік тіптен күшейе түскендей еді: бәрі бір кісідей көз қиығымен
мені бағып жатқандары сөзсіз. Сарбаздар, әрине, комбаттың бір
жұлқынып тұрмай қалғанын, политруктің де ышқынғанмен, ор-
нынан көтеріле қоймағанын байқады. Әрдайым ұрыс кезіндегі
командирге тән түйсігім менің аяғына дейін атқарылмаған әре-
Волоколамск тас жолы
196
кетімнің солдатты қынжылтқанын сездірді. Егер комбат тал-
пынғанымен, орнынан тұрмаса, қозғалу қауіпті деп есептелгені.
Командир шайқас кезіндегі өзінің әрбір сөзі, қимылы, бет құ-
былысы әрдайым назарда тұратынын, жаппай әсер ететінін білу-
ге тиісті; ұрысты басқару оқ атуды немесе солдаттардың қозға-
луын басқару ғана емес, сонымен қатар психиканы да меңгеру
екенін білуге тиісті.
Мен өз-өзіме келдім. Әлбетте, қолма-қол ұрысқа бастау ком-
баттың ісі емес. Оқыған-тоқығанымыздың бәрін, Панфиловтың:
«Жаяу әскердің кеудесін оққа төсеп соғысуға болмайды... Сол-
датты сақта. Әрекет арқылы, оқ ату арқылы сақта...» деген өси-
етін есіме түсірдім.
Мұның бәрін сізге ұзақ, тәптіштей әңгімелеп отырғаныммен,
анда, алаңда, бұл небәрі бірнеше секунд ішінде өткен жағдайлар
еді. Сол секундтарда басқалар секілді мен де соғысуды үйрендім,
жаудан да үлгі алдым.
Содан:
– Пулеметшілерді көздеп жиілете атыңдар! Қол пулеметтері,
ұзақ кезекпен пулеметшілерді атқылаңдар! Оларды жерге жапсы-
рып тастаңдар! – деп айқай салдым.
Жауынгерлер түсінді. Енді біздің оқтар атқылап жатқан немі-
стердің төбесінен ысқырды. Біздің бір қол пулеметі жақын жерде
тұр еді. Мен Бурнашевке «Баста!» деп команда бергеннен кей-
ін ол да үнсіз қалған-ды. Бір сарбаз оған жалма-жан жаңа мага-
зин салып жатты. Сол жерге Толстунов та еңбектеп бара қалған.
Жауынгерлер жанталаса атуға кірісті. Міне, әлгі пулемет те істі
бастады.
Аха, неміс пулеметшілері жата қалды, бұғып, қалқа артына
жасырынды. Аха, біз де о жақтағы әлдекімді атып түсірдік. Бір
пулеметтің үні өшіп, ұзын, үшкір алау жалмаңдауды доғарды.
Әлде, мүмкін, лента ауыстырып жатыр ма екен? Жоқ, оқ астында
ондай істі атқару оңайға соқпас... Ал... Мен команда беретін сәт-
ті ұстай алдым да... үлгермедім. Тізбек төбесінен Толстуновтың
күркіреген даусы естілген:
– Коммунарлар!
Бұл шақыру тек коммунистерге ғана емес – барлығына ар-
налған еді. Біз: Толстуновтың пулеметті көтерген бойда ұшып
197
Біз мұндамыз!
тұрып, қарудың дүмін кеудесіне тіреген күйі жүгіре айқайлап,
оқ жаудырып бара жатқанын көрдік. Үшінші мәрте кең даланы
басқа көтерген сұрапыл, алапат ұран шарықтады:
– Отан үшін! Ура-а-а!
Толстуновтың үнін қосарласа шыққан өзге дауыстар көміп
кетті. Жауынгерлер атып-атып тұрған. Ызаланып, сұрланып
алған сарбаздар құлақ тұндыратын айқаймен, жауға қарай лап
қойып, Толстуновты басып озды.
Мен жоғары көтерілген, ерекше ойығы бар, қол пулеметінің
ересен зор шүйдесін байқап үлгердім, – барлық оқты атып болған
Толстунов қаруды ыстық ұңғысынан ұстап, шоқпар арқалаған-
дай, төбе жағына шайқалақтатып тұр екен. Немістер бізбен қо-
ян-қолтық ұрысудан да, штыкпен шайқасудан да тайсақтап, әске-
ри саптары лезде ығы-жығы болып, тұра безді.
Жауды өкшелей қуып, қолға іліккенін өлтіріп, біздің екін-
ші рота мен осынау сәтті қарсы шабуылды сырт жағынан тиіп
бастаған лейтенант Исләмқұловтың взводы тұс-тұстан Новлян-
скоеге келіп кірдік.
Біз мұндамыз!
1
Жауынгерлердің соңын ала селоға мен де жеттім. Атыс, ала-
сапыран жүгіріс. Қызыләскерлер елдімекенді қашып үлгере ал-
май қалған немістерден тазартты. Полуавтомат ұстаған арықша
Әбіл Шилібаев мені байқамай қасымнан жүгіріп өтті. Шинелінің
етегін белдігіне түріп алыпты, ағытылған құлақшыны қорқып,
алаңда шапқылап жүрген күшіктің құлағындай болып елбең-ел-
бең етеді.
Ентіге басқан Шилібаев өзіндей қазақ жолдасының жанына
жетіп барып, сонадай жерді саусағымен нұсқап көрсетіп:
– Ана жақта немістер бар... Атып жатыр, сайтан... Жүр, ба-
райық, – деді.
Олар өзара сөйлесті де, қосарласа жүгіре жөнелді. Еліріп,
қызынып алған Әбіл полуавтоматын ыңғайлай ұстап, төтелей
Волоколамск тас жолы
198
тартты. Ал жолдасы, тәрізі, бір бүйірден баруды ойласа керек,
қиғаштай айналды.
Кенет біреуі кілт тоқтай қалған. Әбіл серігіне қарай бұрылып:
– Әй, Манарбек, немісше не деуші еді әлгіні? «Хульт» дей ме,
немене дейді? – деп айқайлады.
Мен күліп жібердім. Бұдан бірнеше күн бұрын батальонға әр-
кім: тоқта, беріл, соңымнан ер, т.б. оншақты неміс сөзін үйренсін
деген бұйрық берілген-ді. Бірақ нәтижесін тексеруге қол тиме-
ген.
Жолдасы да аялдады. Екеуі қазақша тілдескен:
– Қалай дедің?
– «Хульт» дей ме, не деуші еді?
– Иә, дұрыс!
Сөйтіп достар шапқылай жөнелді. Мен соңдарынан дауыстап,
қателігін түзедім:
– Шилібаев, олай емес! «Хальт!» деу керек.
Артына бұрылған Әбіл комбатты көрді де, құлақшыны дел-
беңдеп, дедектеп берді. Мен тағы күлдім.
Жүріп келе жатып күлкімді тыя алсамшы, бір жағынан, тоқта-
май, ішегімнің қатқанына таңырқап та қоямын. Шайқастың
алқымнан алып, жүйкені ширықтырған қыспағынан осылайша
арылғандаймын.
Бұл кім болды екен? Менің атымды ешкім атамаушы еді.
Күлімсіреп, қарсы келе жатқан Мұқамбетқұл Исләмқұловты
көрдім. Мен де соған қарай тұра ұмтылдым. Ол қолын шекесіне
апарды:
– Жолдас аға лейтенант! Ұрыс жағдайы бойынша өз взводым-
мен сіздің қарауыңызға келдім. Взводтың шығыны: бір адам мерт
болды, төртеуі жаралы. Взвод командирі лейтенант Исләмқұлов.
Мен онымен қос қолдап амандасып, едәуір үнсіз тұрдым. Еке-
уміз бір-бірімізді көптен, Алматыда жүрген кезден білетін едік.
Онда Мұқамбетқұл Исләмқұлов журналис-тін, «Социалистік Қа-
зақстан» газетінің қызметкері. Қазір өзім соғысқа дейін аса біле
қоймаған оның жымиған, тартымды қараторы жүзіне, сұңғақ
бойлы келбетіне аялай, сүйсіне қарадым.
199
Біз мұндамыз!
Ол мұндағы сын сағатында нағыз жауынгерлік қабілетін – ба-
тылдығы мен әбжілдігін көрсетті. Жаудың ту сыртынан жасырын
барып, оңтайлы сәтін күтіп, тарпа бас салу оңай шаруа емес.
Мен оған:
– Взводыңды тәртіпке келтір. Одан кейін маған штабқа кел.
Сонда әңгімелесейік, – дедім.
Ұрыс тыншыды. Аман қалған немістер өзеннің тастай суын
бірі белуардан, бірі кеңірдектен кешіп, арғы жағаға өтті. Өзен-
нен алыстау жүрген өзгелері жанұшырып, Красная Гораға қарай
зытты. О жақта біздің сарбаздар қашқандарды түре қуып барады;
ымыртта жарқыраған от ұшқыны көрініп қалады: жаудың құтыла
алмаған бірлі-жарымы жанталаса қарсылық көрсетеді.
2
Кенет немістердің тұтастай бірқатар тобы өткен өзеннің арғы
бетінен әуеге белгі ракеталары атылды. Оның жарығы жағалауға
түсе қойған жоқ, тек қарауытқан су бетінен түрлі-түсті оттардың
жылтылдаған әлсіз сәулесі жүгіріп өтті.
Екі жасыл, қызғылт сары, ақ одан соң тағы да екі жасыл. Сәл
үзіліс жасап алып ымырт қараңғылығын қайтадан қызыл-жасыл
түске бояп, әлгі мәнермен тағы да алты ракета жарылды.
Немістердің осы арқылы әлденені мәлімдеп жатқаны анық.
Тек нені? Бастан өткен жағдайларын хабарлағандары ма? Әлде
көмек сұрағаны ма, болмаса жаңа шабуылдың нышаны ма?
Тұс-тұстан жауап белгілері берілді.
Отты батпырауықтармен тілгіленген көкжиекті шолып тұр-
мын. Охо! Сайтан алғыр, жау қай тұсқа өтіп кеткен! Біз арыстан-
ның қақ аранында тұр екенбіз.
Жаңағыдай белгілерді өзеннің арғы бетіндегі Цветки, Жи-
таха сияқты өзге деревнялар да берді; біздің окоптардың қар-
сысындағы екі километрге созылған жердің бір бөлігін қайта
құрылу кезінде жауынгерлеріміз тастап кеткен-ді, – онда ашық
шеп үңірейіп жатыр. Руза өзенінің жоғары тұсына қарай, бергі
жағадағы Красная Горадан да ракеталар атылды. Күндіз біздің
штабымыз тұрған біршама қиғаш, сонау ішкерілеу түптегі Но-
вошуриноның төбесінде де отшашулар жарқырады; одан бізді
жағалай қоршаған Емельяново, Лазарево көгінде де осы көрініс
қайталанды... Бұдан соң қараңғы іңір сәл мүлгіп, кешкі аспан бір
Волоколамск тас жолы
200
сәт тынши қалған: оттар жарқылдауды доғарды. Дегенмен үзіліс
арасы тарлау-ау. Красная Гораға сырт жағымды беріп, аңтары-
ла қарап тұрдым. Сипуново селосының көгінде де ракеталар
атылған секілді. Бұл не? О жақта капитан Шиловтың батальоны
тұр емес пе, иә, оның тылы сонда.
Оттар ұшқындарын шашыратып, біртіндеп күңгірттеніп ба-
рып, сөнді. Төңіректі лезде қараңғылық басты.
Жоқ, бұл Сипуново емес. Өткен уақытты, ішкері қарай енте-
леп өту қарқынын есептегенде, жау онда жете қойған жоқ. Немі-
стер мұнда да тағы бір құйтырқысын іске асырған сияқты. Бізді
күнібұрын тылға тасталған әлдебір ракеташылар қорқытып жүр.
Дегенмен қазір қалай болғанда да, штабқа жетіп, сол жерден ка-
питан Шиловпен хабарласып, іздеу салдырып, оның тылында
атылған жұмбақ ракеталардың сырын ашуым керек. Маған қа-
ратпай, әрекетке көшіп, команда берсеңші, Рахимов! Сипунов ір-
гесіндегі «сиқырдың» мәнін тезірек анықтасаңшы!
Жанымыз онсыз да қысылып барады. Новлянскоеде тоғыса-
тын жолдар түгел дерліктей жау қолында қалды. Егер ол тұс-
тұстан жүк машиналарымен әкеліп жаяу әскерін төксе немесе
жүгіріп жаяу жетсе, мына жердің бәрінің астан-кестені шығады.
Бізді сырттан келіп соғады да, далада шабуыл қызығымен шашы-
рап жүрген менің жауынгерлерімді ештеңе де құтқара алмайды.
Заевты тапқызып алдым да, оған селодан ротаны шығарып, біз
шабуылға көтерілген жерден кесе-көлденең шеп құрып, бекінуді
бұйырдым. Бұдан соң штабты бетке алдым.
Орман шетінен сәл түпке қарай батальон штабы орналасқан,
беріректегі ағаш тасасында сегіз зеңбірегім тұр.
Бұларды осында ауыстыруды бұйырғанмын. Қарауытқан
ұңғылары Новошуринодан шығатын жолға қаратылған. Мен ко-
мандирді шақырттым.
– Жолды тексердің бе?
– Иә, жолдас комбат.
– Немістер көріне қалса, Новлянскоеге қарай жібере бер.
– Жібере бер дейсіз бе?
– Иә. Селоны көріп тұрсың ба?
Алдымыздағы жеті жүз метрдей шамада үй сұлбалары қара-
уытып, кең көше жатыр. Бір-бірімен даурыға сөйлесіп, өздерінің
201
Біз мұндамыз!
бөлімшелерін, взводтарын іздеген жауынгерлер сол жерден кетіп
жатыр.
– Көріп тұрмын.
– Көшені бойлата көзде. Жау кірсін. Сол кезде картечьпен
ұрамыз.
– Құп болады, жолдас комбат.
Көкжиектен тағы да ракеталар көтерілді. Алғашқысы Ново-
шурино төбесінен атылды, одан оған күллі төңірек жауап қатқан.
Тағы да алуан түсті оттар орманнан бірталай шалғайдағы Сипу-
ново аспанын жарқыратты.
Бұл не ғажап? Қой, тезірек штабқа жетейін!
3
Штаб блиндажына кіргенімде, бәрі орындарынан көтерілді.
Араларында Исләмқұлов та бар екен.
Бірақ шамнан алысырақ, бұрыш жақ тұста жерге тесіле қа-
раған біреу айналадағы дүниеден қаперсіз кісіше қимылсыз оты-
ра берді. Басына кигені біздікіндей құлақшын емес, қызыл күрең
жиекті көкшіл фуражка.
– Капитан Шилов? Сіз бе?
Ол үстел шетіне сүйеніп орнынан тұрды да, қолын шекесіне
апарды.
Оның әлденеден күйзеліп, қиналып тұрғанын ә дегеннен-ақ
аңғардым. Не болды екен? Жаралы ма? Мұнда неғып жүр?
– Капитан сізге не болған?
Үн қатпайды. Мен:
– Сізге не болған? Батальон қайда деп? – деп қайта сұрадым.
– Батальон... – Ерні кемсеңдеп кетті. Шилов жұтынып барып,
сөзін зорға айтты:
– Батальон күйреді.
Ол менің сұрағымды күтіп, состиып тұр. Көзіне қарасам...
Үстелге сүйенген күйі маған тесіліп, қадала қалыпты.
Бұдан енді не сұраймын? «Батальон күйреді»... Ал сен ше? Ал
сен ше, батальон командирі – зытып бердің бе? Жоқ, қазір мұн-
дай сұрақ қойып жатудың өзі артық.
«Батальон күйреді»... Шилов менің блиндажымда, менің шта-
бымда тұр... Демек, жау сол жақ қанаттан да бұзып өткен болып
тұр ғой...
Волоколамск тас жолы
202
Шилов орнына отырды да, қайтадан жерге шұқшиды.
– Баяндауға рұқсат етіңіз, – деді Рахимов.
– Баяндаңыз.
4
Рахимов картаны жайды. Одан, топографиялық пункттерді
көрсетіп, баяндауға кірісті. Ойланбастан, оның әрдайым мұқият
ұштаулы тұратын қарындашының ізін бағып тұрмын. Ол бірқа-
лыпты қоңыр дауыспен сәтсіздіктің қай сағат, қай минутте болға-
нын айтты.
Орын алған жәйтті онша түсінбей де, жөнді ести де алмай тұр-
мын. Құлағыма сонау алыстан күңгірлеген үн жететіндей: «Жау
артиллериялық дайындықсыз-ақ тұтқиылдан капитан Шиловтың
батальонына бас салды. Мұнан соң Сипуново селосының ір-
гесінде шепті бұзып өтіп...»
Бұдан кейінгі жағдай маған белгілі еді. Жаңа ғана өткен
көрініс көз алдыма келді. Сарбаздар окоптан шықты... Қайсыбірі
өз ұяшықтарының аузында жеке-жеке тұр, өзгелері екі-үштен
топтаса қалған... Бәрі автоматтар тарсылдап, тізбектеліп, қы-
зғылт оттар ұшқындаған жаққа қарайды. Зәре қалмаған. Қайда
тығылып жан сақтайды? Алды-арттың бәрі неміс... Жалтақтап,
ес жидым дегенше... батальонның да талқаны шықты...
Рахимов сөзін жалғастырды. Кешке қарай батальонның екі
жақ қапталынан бұзып өткен неміс колонналары әлі өзара кез-
десе де қоймаған сияқты. Біздің тылға жіберілген салт атты бар-
лаушыларымызға бірнеше рет оқ атылыпты. Ал кейбір деревня-
ларда аттыларға ешкім кездеспепті: немістер басқа жақтан өткен.
Осындай орындар мен бос аралықтар арқылы сытылып шығуға
болады. Рахимов осыны карта бетінде көрсетті.
Москваға апаратын жолдарды бөгей жүргізілген бұрынғы
қорғаныс шебінің сызығы өшірілген. Жылтыраған қарындаш ізі
өшіргішпен кетіріліпті, карта бетінен оның көмескі орны ғана
көрінеді.
Батальонның картаға жаңадан түсірілген шебі тағаша иілген.
Ол доғаның екі ұшы бос кеңістікке тіреулі. Әйткенмен, оны бос
жер деуге де аса келіңкіремейді. Онда көршілер бар. Оң жақтағы
көрші де неміс; сол жақтағы көрші де неміс; арттағы қорғаусыз
203
Біз мұндамыз!
қалған тылға екі пулемет қойғызып, күзет жіберіпті, сыртта да
неміс.
Рахимовтың долбарынша, немістер қараңғы түсе қимылды
тоқтатқан. Олардың ұрыс мәнері бізге аян еді: түнде ұйықтап,
күндіз соғысады. Таң атқанша қайтадан қозғала қоюы екіталай.
Бұл – біздің әскерге апаратын тар ауыз ертеңге дейін бос жатады
деген сөз.
Рахимов мән-жайды баппен, білгірлікпен, нақпа-нақ мәлім-
деді. Оның ойды дәлме-дәл жеткізетін әдетін ұнатушы едім.
Хабары жоқ жәйтті де нақты айтады, білмейтін нәрсесін бірден
білмеймін дейді. Ол екі жерден бұзып өткен жаудың күшінен ха-
барсыз екен; полк штабының да қайда екенін айта алмады, не
қолға түскенін, не өлі-тірісін, біздің бөлімдердің қайда шегін-
генін де білмейді, бірақ өз адамдарымызға апаратын саңылауды
анықтапты.
Қажетті бұйрық-жарлықты менсіз-ақ беріп үлгерген. Оқ-дәрі,
азық-түлік, инженерлік керек-жарақ, медпункт – бәрі арбаларға
тиелген, аттар жегулі.
Өзі сын-сағатта жедел қимылдап, ақылға сала қояды: жағдай-
ды ешбір күйгелектенбей, сабыр-салмақпен баяндайды.
Мен үндемедім.
5
Аузымнан «иә, жүрейік» деген бір ғана сөз шықса, буы-
нып-түйініп отырған батальон қозғалып, ажал аузынан сытылып
кетер едік. Бірақ мен үнсіз қалдым.
Мені түсінерсіз. Екі сағат бұрын менімен полк командирі май-
ор Юрасов сөйлескен. Оның асыға, аптыға айтқан: «Момышұлы,
сен бе? Жібермей-ақ қой! Кеш қалдық! Жау қорғанысты бұзып
өтті. Бір топ мұнда, полк штабына қарай жылжып келеді. Мен
шегініп барамын. Саны қанша екені белгісіз екінші топ сенің бір
бүйіріңе қарай бет түзеді. Шеп құр! Беріспе! Одан соң...» деген
сөзі, үзік-үзік ойы жадымда қалды. Бұдан кейін дауыс тістеуікпен
кескендей шорт үзіліп кетті.
«Одан соң...». Иә, одан соң не істеймін? Шегіну керек пе?
Мойындаудың өзі ұят, бірақ бір мезет сайтанның азғыруына
түскенім өтірік емес. Мен: «Сен айтылған сөзді толықтай бол-
Волоколамск тас жолы
204
маса да «одан соң ше...» деген бірінші буын, алғашқы әріптерді
естідің ғой» – деп өз-өзімді сендіруге тырысқандай едім.
Өтірік! Әзәзілдің арбауына малданба, өз арыңның алдында
бұлталаққа салма! Естігенің анық па, анық емес пе? Үлкен ба-
стығың шегінуге бұйрық берді ме әлде ол бұйрық сенде жоқ па?
Рахимов күтіп тұр. Бір ғана «иә» деген сөз айтылса жеткілік-
ті, жүруге даяр тұрған батальон қозғалады да, ажал аранынан
құтылып кетеміз. Бірақ мен тырс етпедім. Бұйрық жоқ еді.
Майор Юрасовтың «Шегін!» деуі мүмкін бе? Әбден мүмкін.
Ол өзі «Мен шегініп барамын» деп мәлімдеді ғой. Әйткенмен,
айтпауы да ғажап емес. Екі сағат бұрын жағдай мүлде басқаша
еді. Онда сол жақ қапталымыз талқандалмаған, үңірейген ойық
та жоқ-тын.
Ал қазір ше? Полк командирінің өзі қайда жүр? «Мен шегініп
барамын». Қайда шегінді? Дәрменсіз қалған штабтың қайда, қай
бағытқа, қандай жолмен немесе жолсызбен артқа жылжығанын
айтып үлгергенінше байланыс үзілді. Полк командирінде резерв
жоқ; штабта бір ғана пулемет бар: ал онда штаб командирлерін
қоса санағанда отыз-қырық адам жүр. Аман-сау ма өздері? Мүм-
кін бір жерлерде қоршауда қалып, атысып жатқан шығар? Неме-
се қаздай тізіліп алып, жан сауғалап, орман арасында кетіп бара
ма? Әлде оңға қарай, Красная Гораның арғы жағында қалған ба-
тальондарға беттеді ме екен?
Полк командирінің өзі біздің батальонның мойнына қыл арқан
түскенін біле ме? Ол шамасы келсе: «Қараңғылықты пайдаланып
шегін де, таңертең жаңадан шеп құрып, жаудың қарсы алдынан
жер астынан пайда болғандай шыға кел!» – деп жиырма мәрте
команда берер еді.
Алайда байланыс жоқ, жолымыз кесілген.
Рахимов тықыршып отыр. Блиндаж сыртында доғаша иіліп,
батальон күтіп жатыр.
Мен де үндемеймін. Қолымда бұйрық жоқ.
6
Телефоншы:
– Жолдас комбат, сізді… – деді.
– Кім?
– Лейтенант Заев.
205
Біз мұндамыз!
Мен тұтқаны алдым. Ешкіммен сөйлескім келмеп еді: тұла
бойымды беймәлім енжарлық билеп алыпты.
Заев біз тазартқан Новлянскоеге қайтадан жау кіргенін мәлім-
деді. Бақылаушылардың деректеріне қарағанда, жаяу әскер тие-
ген он төрт жүк көлігі келіпті.
– Қай жақтан, қай жолмен келді?
– Новошуринодан. Тәрізі, Новошурино жаудың негізгі шоғы-
рлану орны сияқты. Сол жақтан мотопехотасын бізге қарсы
бұрып жіберіп отыр.
Біреу келіп кірді. Басқа уақытта дереу бұрылып қараған бо-
лар едім. Ал қазір басымды қозғағым келмеді, ешкімді көруге де,
тыңдауға да, жауап қайтаруға да құлқым жоқ. Тұтқаны ұстаған
бойы:
– Рахимовқа!.. – деп күңк еттім.
Заев мән-жайды толығырақ баяндады:
– Бүкіл селоға тарап орналасты. Барған үйлерінің шамдары
жағылды. Терезелерін де жаппайды. Бірнеше жүк машинасы
өзен жағасына барып тоқтады. Тиегендері понтон сияқты.
Немістер біз жарған көпірдің орнына, тіпті бүгін жаңасын сал-
мақ па? Яғни, немістің әскери машинасы түнде де тоқтамай, әре-
кетті күшейте түскен болып тұр ғой.
– Бізді байқамай ма? – деп сұрадым мен.
– Жоқ... Бірақ бергі бетке күзетшілерін қойып қойды. Кей
жерлерге пулеметтерін де орнатуы мүмкін. Жолдас комбат, таң
атқанша тұмсық сұға қоймас деп ойлаймын.
Заев әдеттегіше алқынып тұрғандай сөйлейді. Сөз доға-
рылғанда да оның ентіккен демі білінді. Заев та менен әлдене
күтіп, жауап айтуымды қалайды.
Бірақ оған басқа не дей қоямын?
7
Тек:
– Жақсы, – деп тұтқаны орнына қойдым.
Бұрышта ешбір қозғалмастан, бағанағы қақиған күйінде Ши-
лов отыр. Шам түбінде жинақы, байсалды пішінде Исләмқұлов
тұр.
– Рахимов қайда? – деп сұрадым мен.
– Барлаушыларға қарай шықты. Хабарлама әкеліпті...
Волоколамск тас жолы
206
– Тағы не болып қалды екен?
– Білмедім... Байқауымша, төтенше ештеңе жоқ.
Исләмқұловтың жүзіне тұнжыраған кескінмен ұзақ қарадым.
«Сен мені түсінесің бе өзі, достым?» деп сұрағым келеді. Оның
қырағы, ойлы көздері: «Түсінемін» дейтіндей. Исләмқұлов сөй-
леді:
– Меніңше, шығып кетеміз, Бауыржан...
Сөйтті де жымиды.
Жоқ, ол мені түсінген жоқ.
Мен тіксініп:
– Өз ойыңызды өзіңізге қалдырыңыз. Мен әскери кеңес
шақыртуға құмартпаймын, жолдас лейтенант.
Ол сымдай тартыла қалды:
– Кешіріңіз, жолдас аға лейтенант...
Алайда кінәлі ол емес, мен едім. Әлсіздікке бой алдырып,
көзқарасыммен абдырағанымды аңғартып, «жәрдем бер» деген-
дей болдым. Ренжіп қалған шығарсың, Исләмқұлов, бірақ мен
өз-өзіме жекіген едім.
– Отыр, – дедім оған даусымды жұмсартып.
8
Қазақтың «Өлімнен ұят күшті» деген ежелгі мақалы бар. Бұдан
үш ай бұрын Алматыға таяу Талғар станицасында шілденің апта-
бында, әлі әскер киімін кимеген бірнеше жүз адамнан құралған
батальон алдында, қазір тоң қатқан Мәскеу түбінде винтовкала-
рын құшақтап, қар үстінде жатқан сарбаздар алдында алғаш рет
сөз сөйлеген едім. Сонда осынау мақалды, осынау жауынгерлік
парызды мысалға келтіргенмін.
Бірде дәл сол Алматыда, түнде, менімен Панфилов тілдесіп
қалды. Алып тас үйде, дивизия штабында кезекшілерден өзге-
лері ұйқыға кеткен-ді. Панфилов та ұйықтамапты. Сол беймез-
гіл уақытта түрі шаршаңқы, қолына сүлгісін ұстап, генералдық
кительсіз, іштен киетін ақ жейдемен жүрген ол кезекшілер бөл-
месіне бас сұға қалған. Мен де кезекшілікте едім. «Отырыңыз,
жолдас Момышұлы, отырыңыз...». Ол да отырды. Есімнен кет-
пейтін сонау әңгіме басталды. Бірнеше сұрақ қойғаннан кейін
Панфилов ойлана отырып: «Иә, жолдас Момышұлы, батальон-
ды басқару сізге оңайға соқпас» – деді. Бұл сөз намысыма тиген.
207
Біз мұндамыз!
Қызынып: «Бірақ абыроймен өлуге бармын, жолдас генерал»
– дедім. – «Батальонмен бірге ме?». Ол күлді. «Мұндай коман-
дирге ризамын... Батальонмен бірге өлемін деп айта салу оңай.
Батальон құрамында жеті жүз адам бар, жолдас Момышұлы.
Он, жиырма, отыз шайқасты бастан өткеріп, батальонды аман
сақтап қала біліңіз. Міне, солдат сізге сол үшін рахмет айтатын
болады!»Бұдан бірнеше күн бұрын ғана о кісінің аузынан естіген
соңғы сөздерім де қоштасарда айтқан өсиеттей болып естілген:
«Солдатты сақтаңыз. Мұнда, Москва түбінде өзге әскеріміз, өзге
солдатымыз жоқ. Бұлардан айырылсақ – немісті ұстайтындай
ешкім қалмайды».
Ендеше несіне бас қатырамыз? Рахимов бәрін даярлап қойды;
ауыр жүктің бәрі – арбада; тек «солай-ақ болсын!» деп үн қатсам,
батальон қозғалады да, аман қалады.
Қолымда бұйрық жоқ, радиобайланыс жоқ. Бірақ майдан шебі
асты-үстіне шыға талқандалып, немістер екі колоннамен ендей
бойлап, жолдарды басып алып, сымдарды қиып, басқаруды қира-
тып Волоколамскіге қарай өңмеңдеп бара жатқан осындай сәтте
байланыс офицері кіріп келіп, бұйрықты қолыма ұстатуын күтіп
отыруға қақым бар ма?
Ал егер ол жолды таппаған болса, өне бойы алдынан неміс
шықса? Әлде мерт болса? Немесе жолсызбен жүріп адасса?
Маған ұдайы көз алдыма келіп, түн түнегін тіле жетіп, Панфи-
ловтың үні естілгендей болады. Оның мені алыстан шақырып:
«Кет! Батальонды алып шық! Сендер Москваны тезірек қорғау
үшін керексіңдер! Дереу алып шық!» – деп қайталайтын даусы
жететіндей түйсіктен ажырай алмай-ақ қойдым.
Бізді қуана қарсы алатыны, қолымды қысып сұрайтыны
елестейді: «Батальон аман ба?» – «Аман, жолдас генерал?» –
«Зеңбірек, пулеметтер қайда?» – «Өзімізбен бірге, жолдас гене-
рал...».
Жоқ, елесі құрысын! Мен осынау үннен, қиялдан құтылуға
тырыстым. Сайтан алсын! Тылсым дүние, өз-өзіңді иландыру.
Командирдің әлдебір сиқырлы дуаларға сенуге құқы жоқ. Оған
ақыл-ес берілген.
«Ақылмен соғысу керек» – деуші еді.
9
Волоколамск тас жолы
208
Панфиловтың кейінгі кездесуіміздегі әрбір сөзі есіме түседі:
«...Жауды біздің жібімізбен ұстай алмаймыз».
«...Лезде жинақталып, дереу орын ауыстыруға даяр тұрыңыз».
«...Жау қай жерден өтсе де әрдайым дәл қарсы алдынан біздің
әскеріміз шыға келетіндей әрекетке көшуіміз қажет».
Панфиловтың шиыршық-серіппесі еске түсті.
Панфилов мені өз ойларына капитан Шиловпен кездесу кезін-
де назар аудартпады ма. Ол, менің комбат ретінде, дивизия ко-
мандирінің ұрыс жүргізу жоспарын ұғып алуымды қалады; өз-
геріп тұратын шайқас жағдайында, аласапыран сілкіністер мен
бұлқыныстар арасында, менің ақыл-айламен қимылдап, соғыста
басқарушы күткен талапты іштей болжап, тез түсініп, айтқызбай
табуымды тіледі.
Бұл – тылсым дүние де, шалдуарлық та, өз-өзіңді иландыру
да емес.
Онда несіне созбалақтатып отырмын? Қинала берудің қажеті
не. Сайтан алғыр болбырлықты доғарып, дереу серпілген жөн.
Жұрт менің аузыма қарап отыр ғой. Шешімге келу қажет. Коман-
да беруім керек.
10
Рахимов та оралды.
– Не болып жатыр анда?
– Аздаған сәтсіздіктер бар. Долгоруковка жау қолына өтіпті.
– Долгоруковка?
– Иә... Бос тұрған жол бойында. Мәлім болғаны – аз ғана топ
кіріпті – қырық адамдай. Взвод.
Рахимов Долгоруковканы картадан көрсетті. Ол үзік-үзік әлсіз
қызыл сызықпен белгіленген имек, шолақ көшедегі бір иірімді
қара-көк түспен қоршады. Доғаның ұшы бірікті.
Иә... Жау уақытты босқа жіберер емес. Ерсілі-қарсылы сапы-
рылыс жалғасып жатыр. Түнде де тыным тапқан жоқ – немістің
әскери машинасы күш ала түсті.
– Мен барлаушылармен сөйлестім, – деді Рахимов сөзін
жалғап. – Өз ойымды айтуға рұқсат етіңіз...
– Айтыңыз.
– Меніңше, жер жағдайына қарай екі түрлі қимыл жасай ала-
мыз, – деді Рахимов. – Долгоруковкаға бір жарым шақырымдай
209
Біз мұндамыз!
жетпей бір шетке бұрылып, жаяу әскермен бірге зеңбірек, ат-арба
жеңіл жүретіндей ешбір сай-сала да, ағаш түбірі де кездеспейтін
орман арасындағы бос алаң арқылы деревняны айналып өтуге
болады. Осылай орағытып барып, жолға қайта шығамыз. Әри-
не, Долгоруковкадағы топты жойып жіберуге де болар еді, бірақ
мұны ың-шыңсыз атқару қиын. Жау дүрлігіп кетеді...
– Онда барлау жасаған кім? – деп сұрадым мен. – Кәне, дереу
келсін осында.
Рахимов есікті ашып әлдекімді шақырды. Блиндажға лейте-
нант Брудный жүгіре кірген.
11
Лейтенант Брудный! Бұдан бірнеше күн бұрын мен: «Қорқақ!
Сен Москваны беріп кеттің!» деп айқайлап, батальоннан қуып
жіберетін, ол жау жағына қайта барып, ертеңіне өзі түйреп өл-
тірген екі немістің қаруы мен құжатын әкеліп, өзінің жоғалтқан
ар-намысын қайта тапқандай қылып алдыма қойған жігіттің дәл
өзі. Есіңізде болса, мен оны барлаушылар командирі етіп тағай-
ындағанмын.
– Жолдас комбат, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын.
Көзі ойнақшыған, өжет мінезді ол жүзі қызарып, менің сауа-
лымды күтеді.
Мен оған қарадым да, таң қалдым. Таяуда бұған: «Қорқақ! Сен
Москваны беріп кеттің!» деп айқайламадым ба. Міне, бұйрықсыз
шегіну деген осындай болады екен-ау. Мұндайда түрлі елес те,
гипноздаған шақыру да, солдат туралы ойлар мен қисынды қо-
рытындылар да – бәрі бір ғана қимылға – шегінуге әкеліп тірейді.
Міне, қалай! Ендеше, пайым деген де мені сонда сүйрейді,
яғни, бұлар да үрейге қызмет етпекші.
Шегіну туралы бұйрық жоқ, ендеше, пайымың, ой қорытуың
да құрып кетсін!
Жоқ, менікі қате екен! Панфилов кез келген жағдайда коман-
дир ойлануға, толғануға міндетті деп жиі қайталамаушы ма еді.
Мен дивизияның немістер бұзып өткеннен кейінгі ахуалын
қайтадан көз алдыма келтіруге тырыстым; Панфиловтың қи-
мыл-әрекетін, оның қорғану жоспарын ойластырдым. Таяуда
ол «Шептен гөрі жол маңызды» дегенді санама құйып еді. Нов-
лянское арқылы өтетін жол бізге, менің батальоныма жүктелген.
Волоколамск тас жолы
210
Панфилов бізді, оның ішінде мені жақсы біледі. Бәлкім, дәл осы
минутте ол: Момышұлының батальоны жолды жауға бермейді,
бұйрықсыз ешбір шегінбейді деп сеніп отырған болар. Бәлкім,
барлық күшті ішкеріде жұмылдыру үшін қазір аз ғана күшті
ұтқыр пайдаланып, жер-жерден тосқауыл қойып, бөлімдерді әрі-
бері жылжытуға кіріскен ол осы қимылымызды да есебіне кіргіз-
ген шығар.
Ал егер олай болмаса ше? Панфиловқа бұзып өткен жерді
бекітетін әскер жетпей жатса қайтеді? Оған біздің батальон дәл
қазір ауадай қажет болып тұрған жоқ па екен? Мүмкін шегінуге
бұйрық беріліп, оны байланыс офицері бізге жеткізе алмай жүр-
се не істегеніміз? Білмеймін. Бұл туралы ойлағым да келмейді.
Бұйрық жоқ – сөз тәмәм.
Бір минут бұрын жанымды жегідей жеген ішкі арпалысты
ешкімге байқатпадым. Әрі-сәрі толқу сырын комбаттың өзі ғана
біледі. Батальондағы жалғыз әмірші сол. Бәрін бір өзі шешеді.
Мен ақыры байламымды жасадым.
12
– Ал, Брудный, – дедім мен, – жол жүруге даярсың ба? Өтетін
жерлерді тексеріп шыққан шығарсың?
Ол екпіндей тіл қатты:
– Жолдас комбат, ондай істі ойнап жүріп атқарамыз ғой... Оп-
оңай алып шығамын... Долгоруковканың тұсынан зу етіп өтеміз...
Капитан Шилов ұшып тұрды. Ол бірталай уақыт басын кө-
теріп, елеңдей қарап отырған еді.
– Жолдас аға лейтенант... мұнда менің бірнеше жауынгерім
бар, олар өздерін батальон кедергіні бұзып өтерде алдыңғы лекте
жүретін топқа қосуыңызды өтінеді.
Көкейден ағыл-тегіл төгілгелі тұрған ойын тежегендей, ернін
жымырып алған ол тағы да сөзге өте сараңдық танытты. Және
өзін ешбір ақтауға да тырыспады.
Жауабым қысқа еді:
– Мен ешқайда қозғалмаймын. Бұйрық жоқ.
Командир шешімі айтылған сәттегі тәртіпке сәйкес бәрі үнсіз
тұр.
Бір ауыз сөзбен Рахимовтың менің еркімнен тыс берген жар-
лығын жоққа шығардым, алайда оның ашаң, байсалды жүзі сабы-
211
Біз мұндамыз!
рдан таймады. Басы сәл иілген ол әдетінше сөзді мұқият тыңдап,
ойланып барып, әрекетке көшуге даярлығын аңдатады.
Сөзімді жалғастырып:
– Мен қоршауда ұрыс жүргіземін, – дедім.
Бұрын да сізге айтқанымдай, Қызыл Армия уставы командир-
ге өз бөлімі туралы «мен» деп сөйлеуге дағдыландырады. Коман-
дирдің «мен» дегені – өз солдаттары. Демек, қоршауда соғыса-
тын солар.
– Сізге, лейтенант Брудный, түнделетіп немістер арасына са-
пар шегіп қайтуға тура келеді. Курбатов екеулеріңіз барасыздар.
Картадан полк штабы орналасуы мүмкін деген он-он екі ел-
дімекенді көрсеттім.
– Егер бұл деревняларда немістер кездессе, – дедім Брудный-
ға, – келесісіне жөнеліңдер. Ал жау онда да ұшырасса, әрі қарай
кетіңдер. Міндет: оққа ұшпау. Полк штабын іздеп табыңдар да,
жағдайды мәлімдеп, мұнда бұйрықпен оралуларың керек.
– Құп болады, жолдас комбат.
Ол кетті.
Капитан Шилов:
– Онда менің зеңбіректерім бар еді, – деді.
Мұны біртүрлі қинала айтқан.
– Қайда? Жарып кетіп пе едіңдер?
– Жоқ... Орман ішіне жай қалдырып кеткенбіз...
Орынды қарындашпен түртіп, картадан көрсетті.
– Нешеу?
– Алты зеңбірек... Төрт жүз снаряд.
– Бері қараңыз, капитан, – дедім оған, – соларды осында
алып келуге тырыссақ қайтеді? Менің аттарымды, сарбаздарым-
ды алыңыз. Барасыз ба?
Шилов бір езуден тұнжырай жымиды.
– Жоқ, мен енді жүре алмаймын-ау...
Бұрылып, шинелінің етегін көтерген. Сөгілген балағы мен
тілінген қонышы көрінді. Күп болып іскен аяғы таңулы екен.
Дәке сыртынан қан шығып тұр. Шалбары да қанға бөгіпті.
– Медпунктке бардыңыз ба? – деп сұрадым мен. – Сүйегі
аман ба екен?
Волоколамск тас жолы
212
– Ә, сайтан білсін... Жауынгерлер таңып беріп еді. Зеңбірек-
терді тастап кеттік, – Шилов алғаш рет ызалана боқтанды, – мені
алып шықты, әйтеуір...
Оқ тиген аяғын бүкпей орындыққа ауырсына отырды.
– Синченко! – деп айқай салдым. – Зембіл әкел. Тез!
Шилов ұзақ уақыт үнсіз қалып, одан:
– Міне, отырып алып, батальон туралы ойлаймын да, басым
жетпейді: күйреуіміз қисынды ма әлде қисынсыз ба? Иә, сарбаз-
дардың дайындығы нашар болғаны рас... – деді.
Ол тағы бір боқтанып алып, маған қарады да, аяқ астынан сер-
піле түсіп, сөзін жалғастырды:
– Дүрліккен қойдай қаша жөнелді ғой деп ойлайсыз ба? Жоқ,
екі рота аянбай шайқасты... Және командирді де тастап кеткен
жоқ қой, оның үстіне...
Сөйтті де, ойын аяқтамай, тағы да кілт тыйыла қалды.
Блиндажға зембіл жеткізілді. Шиловты әкетті.
13
Исләмқұловқа өз взводын Долгоруковка селосын айналып
алып шығып кетуін бұйырдым.
Бұл бөлім батальонға қарамайтын еді, қазір Панфиловтың
алға ұмтылған жаудың жолын бөгеу үшін аз ғана күшті тиімді
пайдалануға зор күш салып жатқанын, оған дәл осы сәтте әрбір
бөлімше, әрбір взводтың өте қажет екенін білетінмін, сондықтан
қырық-елу сарбазды өз қолымда ұстап отыруды орынсыз деп са-
надым.
Исләмқұлов қызарақтап, қарсылық көрсетуге тырысты. Оның
біздің басымызға түскен қиындықты бөлісуге құлшынғаны
түсінікті. Бірақ оған ыңғай бере қоймадым. Рахимов:
– Орманға қарай жылжимыз ба? Соның іргесінен шеп құра-
мыз ғой? – деп сұрады.
– Иә.
Бұдан соң ештеңені тәптіштеп сұрамаған Рахимов қағазға ор-
ман нобайын түсірді де, жағалай қорғаныс шебін құратын рота-
лық орындарды белгілей бастады.
Мен Ысламқұловпен бірге тысқа шықтым.
213
Біз мұндамыз!
Төңірек қараңғы, әрі тып-тыныш екен. Зеңбірек гүрсілдемей-
ді, жақыннан да, алыстан да шайқас дыбысы естілмейді. Қа-
раңдаған бұталар арасынан жұлдыздар жымың қағады.
– Жөнел, – дедім оған, – сен сол жақта керегірексің.
Ол күмілжіді:
– Бауыржан...
Қоштасар сәтте оның атымды атағаны үшін дәнеңе дей қойма-
дым. Ол сөзін батылырақ қайталады:
– Бауыржан, бір взводтың қажеттілігі соншалықты болғанда,
онда батальонның керектігі тіптен... Өзің ойлашы...
– Болмайды, Исләмқұлов, ойлануға құқым да жоқ, ойланбай-
мын да. Бар!
Біз сүйісіп жатпадық. Халқымыздың салтында жоқ еді.
14
Рахимов бірнеше минуттің арасында схема нобайын даяр
қылды: біз орналасқан жеке орман, жергілікті тілмен айтқан-
да – «арал»; жақын маңдағы елдімекендер, таяудағы тоғай шеті
мен жолдар. «Арал» көрінісі роталық учаскелерге бөлінді. Орта-
да медпункт орналасқан орманшының жайы белгіленді. Бұл үй,
білетініміздей, әжептәуір кең еді, Рахимов менің келісімімді ала
отырып, оның төбесіне жалаудың суретін салды – біз осы орта-
лықтағы мүйіске батальонның басқару пунктін көшіруді ұйғар-
дық.
Сызба-нұсқа бірден мұқият жасалып, рота командирлеріне
төрт дана етіліп көшіріліп таратылды. Оны Рахимов қол қойып
бекітуге ұсынып тұрып:
– Түнде байқатпай, окоп қазып бекініп аламыз. Тегінде,
таңертең де аңдай қоймас, – деді.
Мен қайран қалдым.
Ех, Рахимов! Штаб бастығы ғана емес, нағыз командир де бо-
латын адамсың ғой!
– Телефоншы, – дедім мен, – батареяны шақырыңыз...
– Құп болады, жолдас комбат... Сөйлесіңіз, жолдас комбат.
Батарея командирі телефонға келді.
Мен тұтқаны алдым.
– Жауды бақылап отырсыздар ма? Немістер селоға кірді ме?
Волоколамск тас жолы
214
– Иә, жолдас комбат. Сіздің бұйрығыңыз бойынша оларды
жібердік.
– Не істеп жатыр?
– Өзен жағасына от жағып қойып, көпірді жөндеуге кірісті.
Қалғандары үй-үйде жүр немесе далада машина қасында тұр.
– Зеңбіректер көздеулі ме?
– Көздеулі.
– Тура нысаналап, безек қақтырып жіберетіндей, қырық сна-
рядты үстемелетіп бір жіберші.
– Құп болады, жолдас комбат, қырық снарядты үстемелете
атамын.
Бір минуттен кейін даланы дүрліктірген зеңбіректер гүрсілі
біздің жертөлемізге де жетті.
Мен жаудың бізді байқамай қалуын қаламадым.
Аяқ астынан тып-тыныш тұрған алқапты зеңбірек үнімен зір-
кілдетіп, түн түнегін тітіретудегі айтпағым да осы еді: біз – мұн-
дамыз!
Шабуылдаңдар! Артиллерияң мен жаяу әскеріңді қарсы қой;
төбеден соқ – біз осындамыз!
Байланыстан ажырап, қан шеңгелге түскен сәтте күні ертең
ол да жабылатын – қылдырықтай бос жол қаншама қызықтырға-
нымен, біз кетпедік.
Иә, жасырынып, жан сауғалау үшін емес, жау назарын өзіміз-
ге қарай бұрып, жаңа шепте Мәскеуді қорғайтындарға төнген
соққыны жеңілдетуге бола қалдық қой.
Біздің зеңбіректер жеті жүз метр қашықтықтан ашық нысана-
ны көздеп атқылап жатты. Әрбір дүркін атылған оқ: «біз – мұн-
дамыз» дегенді әйгілейді.
Әлдебір бізге беймәлім тұстан үнімізді полк штабы еститіні
анық. Тағы бір жерде Иван Васильевич Панфилов басын көтеріп,
қасын кере: «Жарайсыңдар!» дейтіндей.
Мен батарея командирін телефонға қайта шықырттым:
– Ганстер қалай? Безек қақты ма? Фугас снарядтарымен үй-
лерді нысанаға алып тағы бір мәрте дүркірете ат!
Сөйттім де блиндаждан шықтым.
Зеңбіректер жақын маңнан гүрсілдеді. Көкте ақ сәуле жарқыл
қағады. Сол керек о бәлемдерге!
215
Орманшының үйінде
Орман ішінде қараңғы түнек тағы орнап, мүлгіген тыныштық
қайта басталды... Кенет, құмыққан жаңғырық сияқтанып, басқа
бір зеңбіректердің гүмпілдеген даусы жеткен. Мойнымды созып,
құлақ тіге қалдым. Зеңбіректер үні тағы естілді. Олар оң жақтан,
ондаған шақырым алыстан (мұны дәл ажырату қиын-тын), тіпті
батальон шебінен, Руза өзенінің жағасынан шығатындай. Артқы
жақтан, түпкі тереңнен, өте алыстан, ұзаққа созылған сұрапыл
сарын гуілдеп сала берді. Ол жақта әлдекім көк жүзінде созылған
көзге көрінбес алып сым пернені шертуге кіріскендей еді. Бұл
– «катюша» болатын! Бір мезгілде жіберілген жүздеген снаряд
зулап ұшқанда жер-көкті жаңғырықтырып, қаннен-қаперсіз ұй-
қыға кеткен немістердің ту-талақайын шығарғаны даусыз. Сарын
басылды... Орман ішінде тағы да мүлгіген қараңғылық орнады...
Орманшының үйінде
1
Бөренеден шабылған орманшының үлкен үйі екі бөлмелі.
Оның біріне барлық жаралыларды ауыстырдық; байланыс желісі
тартылып үлгерілген екіншісіне менің шақыртуыммен коман-
дирлер мен саяси жетекшілер жиналды. Мен:
– Бұйрығымды тыңдаңыздар. Бірінші. Батальон қоршауда.
Шегіну туралы бұйрық алғанша қоршауда шайқасамыз деп шеш-
тім.
Жағалай қорғаныс учаскелері рота командирлеріне көрсетіл-
ген. Түнде жұмыс істеп, әрбір жауынгер таң атқанша кісі бой-
ындай окоп қазып алсын. Екінші. Тұтқынға берілуге де, тұтқын
алуға да болмайды. Барлық командирлерге су жүрек қорқақты
табанда атып тастауға құқық беремін. Үшінші. Оқ-дәрі үнем-
делсін. Мылтық пен пулеметтен алысқа атуға тыйым саламын.
Атқан оқ нысанаға тиетіндей болсын. Жаралылар мен ажал
құшқандардың винтовкалары мен патрондары алынсын. Әркім
ең соңғы оқ қалғанша атсын. Ақтық оқ өзін атуға қалдырылсын.
Төртінші. Артиллерия тек тура көздеп, тікелей жанды нысананы
атсын. Бір ғана снаряд қалғанша атуы шарт. Соңғы оқ зеңбіректі
Волоколамск тас жолы
216
жарып жіберуге арналсын. Бесінші. Осының бәрін жауынгерлер-
ге жеткізуді бұйырамын.
2
Ешбір сұрақ болған жоқ. Пулемет ротасының политругі
Бозжановтың осында қалуын сұрадым. Қалғандары кетті.
– Бозжанов, сенің қырандарың қайда?
– Осында, жолдас комбат, штабтың қасында.
– Қанша адам бар?
– Сегіз.
Бұлар бірнеше байланысшы мен Блоханың пулемет расчеты
еді –таяудағы шайқаста екпіндей адымдаған жау тізбегін жақын
жіберіп, жайпап салған аз ғана топ.
– Осы жасақпен немістерге барасың, – дедім мен.
Бұдан соң картаны жайып, капитан Шилов қарындашпен
түсірген белгіні көрсеттім.
Онда орман арасында қалып кеткен зеңбіректер мен снаряд-
тар бар. Осыны жау тұмсығының астынан ақырын жұлып әкету-
ге тырысу керектігін түсіндірдім.
– Ер-тұрманымен мінгі аттар ал. Айламен, сақ қимылда...
– Ақсақал, – деді Бозжанов жымиып.
– Не болды?
– Ақсақал, сізден сұрайын деп едім. Бұл адамдар менің бөлім-
шем болсын да.
Мен бұрын пулеметтердің атқыштар ротасына берілгендігін
айтқанмын, сондықтан іс жүзінде батальонда саяси жетекшісі
Бозжанов болып есептелетін жеке пулемет ротасы қазір жоқ еді.
– Ол сонда нендей бөлімше болмақшы?
Бозжанов тез жауап қатты:
– Батальон командирінің резерві... Сіздікі, ақсақал.
– Ендеше, резерв командирі, – дедім мен, – жүр, сенің әскеріңе
барайық.
3
Орманға айдың күңгірт сәулесі түсіп тұр.
– Тоқта! Келе жатқан кім?
– Мурин, сен бе? – деп қарсы сұрақ қойды Бозжанов.
– Мен, жолдас политрук.
217
Орманшының үйінде
Бозжановтың бүкіл «әскері» бір шырша астына сыйып кетіпті.
Плащ-палаткаларын бүркенген сарбаздар қарағай қылқаны
үстінде бір-біріне тығылыса ұйлығып, аяқтарын бауырына тыға
бүкшиген күйі ұйықтап жатыр.
Кезекші – Мурин. Бастарын түйістіре айқастырып қойған вин-
товкалар қасында пулемет қарауытады.
– Жауынгерлерді оят, Мурин, тұрсын, – деді Бозжанов.
Басқаларға қарағанда алып денелі Қалимолдинның ұйқысы
тіпті қатты екен. Ол басын көтеріп, қалқайып, сәл отырды да,
жұмсақ қылқан төсенішке қайтадан қисая кетті. Оны жұлқылап
оятқан.
– Винтовкаларыңды алып, сапқа тұрыңдар! – деді Бозжанов
ақырын ғана дауыстап.
Шағын сапты көзбен бір шолған ол маған келіп рапорт берді.
– Менің бұйрығымды мәлімдеңіз, – дедім мен.
– Жағдай былай, жолдастар, – деп бастады Бозжанов сапқа
жақын келіп. – Батальон қоршауда.
Бұдан соң бұрынғысынша баппен сөйлеп, қойылған міндетті
рет-ретімен түсіндіруге кірісті: айнала қорғаныс жасау, тұтқынға
берілмеу, оқ-дәріні үнеммен пайдалану, көздеп ату, ең соңғы оқ
қалғанша атысу, ақтық оқты өзің үшін қалдыру.
– Соңғы оқ өз-өзіңді атуға арналады, – деді ол алдыңғы ойды
безбендегендей ақырын ғана қайталап. – Тірі қалғың келсе – аян-
бай арпалыс.
Бозжановтың аузынан кейде осындай нақыл сөздер де
шығып қалатын еді. Былай қарсаң, жай ғана айтылған нәрсе, ал
мән-мағынасында философия, даналық тұнып жатады... Мұндай
қасиет тек бұған ғана тән емес еді. Сұрапыл шайқастарда оқ пен
оттың арасынан өткен нағыз сарбаз ғана қанатты ой тербей ала-
ды. Иә, нағыз сарбаз ғана...
Бозжанов сөзін жалғады:
– Бізде зеңбірек, пулемет бар, бізде жауынгерлік бауырла-
стық бар... Тартысып байқасын бізбен...
Мен:
– Жолдас политрук, топтың міндетін түсіндіріңіз, – дедім.
Бозжанов орман ішінде қалып кеткен зеңбіректерді алып қай-
ту үшін немістер орналасқан жерге баруға тура келетінін асықпай
баяндады.
Волоколамск тас жолы
218
– Тарауға рұқсат, – дедім ол сөзін тәмәмдаған кезде. – Даяр-
ланыңдар. Қаруларды тексеріңдер. Заттарыңды жинастырыңдар.
Ал қазір алдымен бері тақалыңдаршы, достар.
Олар лезде менің айналама шоғырлана қалды. Тек ұзынтұра
Мурин ғана пулемет қасында күзетте тұр. Ол да сөз тыңдауға
сонша құмартып, ай сәулесінен көзілдірігі жарқырап, мойын
созып қояды. «Достар!» Мен алғаш рет өз солдаттарымды осы-
лай атадым. Сарбаздарға қаратып: «жігіттер», «балақайлар» деу
маған ешқашан ұнаған емес-тін. Әсіресе, «балақайлар» дегенді
жаратпаймын. Ойыншық ойнап жүрген жоқпыз ғой! Ал «достар»
деген сөздің мәні бөлек.
– Бүгін, жолдастар, сендер өте жақсы, сауатты шайқастыңдар.
Бұлар сапта тұрмағандықтан, жалпы жауап талап етілген жоқ.
Ешкім үндемеді.
– Енді бір айла асыруларың қажет болып тұр: сонау зеңбірек-
тер мен снарядтарды жұлып әкетіңдер. Сонда байып шыға ке-
леміз.
Муратов:
– Жолдас комбат, онда өзімізбен шұжық ала баруымыз керек,
– деп қалды.
Ол мұны, тәрізі, әзіл үшін айтқан сияқты, бірақ ешкім күле
қоймаған. Тәпелтек татар жігіті күйініңкіреген түр көрсетті:
– Мен қалжыңдап тұрған жоқпын, жолдас комбат. Онда әл-
гілердің танкілері болуы ықтимал.
– Қайдағыны шығармасайшы, Муратов, – деді жақтырмаған
Бозжанов.
– Қалай сенбейсіздер маған? Жолдас комбат, мен шын айтып
тұрмын. Олар танкі ішінде ұйықтайды, естуімше, түнде сыртқа
ит байлап қоятын көрінеді.
– Бос сөзді доғаршы, – деді Блоха ызбарланып.
Бұл бос сөз емес еді. Шынында да, иттерді есепке алмаса бол-
мас, алайда сол сәт өзге бір сөзді, биігірек деңгейдегі әңгімені
қажет еткен-ді. Ол ауызға түсе қоймады. Бәрі тым-тырыс.
– Жолдас комбат, рұқсат етіңізші, – деді Мурин.
Мен тіксініңкіреп қалып едім, Мурин тек:
– Пулеметті кімге өткіземін? – деп сұрады.
219
Орманшының үйінде
Бұдан үш ай бұрын оның маған: пиджакпен, таққан галстугі
бір жағына қисайыңқырап, сидиған аппақ қолдарын қайда жібе-
рерін білмей алғаш рет келіп тұрған сәті еске түсті. Сонда: «Мені
шаруашылық жұмыстарына бөліп қойды. Ат-арба берді. Ат де-
геннен мүлде хабарым жоқ. Мен мұнда ол үшін келген жоқпын
ғой» деп өкпе-ренішін айтқан еді. Жақын маңнан кенет пулемет
тарсылдай жөнеліп, әлдекім: «Немістер!» деп айқай салғанда
мұның да өзгелермен бірге дүрмекке ілесіп, масқара болып тұра
қашқаны ойға оралды. Мен сап алдында атуға бұйрық бергенде,
қатарда тұрған оның опасыз, қорқақты көздеген винтовкасы қал-
тылдап кеткен-ді.
Бәлкім, Мурин ажал алдындағы алапат үреймен бірге келген
соғыс қорқынышын, ішкі арпалысты, жан күйзелткен рухани
түлеу түйсігін, одан соң зәрені ұшырып, өзінің көзін жоюға кел-
ген жауды өлтірген сарбаздың ғаламат шаттығын өзгелерге қа-
рағанда жітірек сезінген шығар.
Енді бұл жау отырған жерге бару туралы бұйрықты естіген
соң жайдан-жай:
– Пулеметті кімге өткіземін? – деп қарап тұр.
Мұнысы несі? Әбден мәңгіріп қалған ба? Ештеңені қаперге
алмай ма?
– Ол жерге, жолдас Мурин, сіздің көмегіңіз аса қажет бола
қоймас. Аттарды ұстау қолыңыздан келмейді. Пулеметтің қасын-
да қалғаныңыз жөн.
Мен солдаттың: «Құп болады!» деген жауабын күтіп едім, он-
дай сөз естілмеді. Мурин бірталайға дейін үнсіз қалған.
– Жолдас комбат, өзіңізге өтініш айтуға мұрсат беріңізші...
Мынадай сәтте... – Ол сәл аялдап, ақырын күрсініп алып, үні құ-
мыға сөзін жалғастырды: – Жолдас комбат, мынадай сәтте жол-
дастарыммен бірге жүргенім жөн ғой. Сізден сұрайтыным: олар
қайда барса, мен де сонда барайын...
Демек, қиналған, ойланған болып тұр. Бұларды дәл қазір әске-
ри қызметтен де, тәртіптен де биік асыл адамгершілік сезімі қа-
наттандырған еді. Мұны түсіндіру қиын, бірақ мен үшін солдат-
тың жан-жүрегі, батальонның рухы ашылып сала берген. «Сөз
жоқ, аянбай арпалысамыз, ең соңғы оқ қалғанша қырып-жоя-
мыз!» деген нық сенім пайда болды.
Волоколамск тас жолы
220
Мен:
– Жарайды, Мурин. Пулеметті ал, Қалимолдин. Ленталарды
алыңдар. Штабқа апарыңдар. Блоха, жұртты сапқа тұрғыз. Атта-
ныңдар, жолдастар! – дедім.
4
Қараңғы түнекте түнгі ойлар қажайды.
Жауынгерлер орманды жағалай жер қазып, қатқан тоңды ау-
дарып, ағаш тамырларын шауып, тырбанып жатыр. Зеңбіректер
өтетіндей жол жасалуда. Ағаш кескен ара дыбысы сырылдап,
биік қарағайлар гүрс-гүрс құлайды.
Біз жасырынған жоқ едік. Дұшпан білсін: біз – осындамыз!
Жау Новлянское арқылы өтетін күре жолды ала алмайды: келсе
оқтың астында қалады. Біздің «аралдың» тұсынан машина да, ар-
тиллерия да өте алмақ емес.
Бірақ бұдан не пайда? Жау колонналары өзге жолдармен,
басқа бекеттермен, Сипуново, Красная Гора арқылы жөңкіліп
жатыр. Дегенмен зеңбіректер сол Красная Гора сыртынан да біз-
ге үн қоспады ма. Ендеше, әр тұста біз секілді аядай жерге табан
тіреп, түрлі нүктелерде жолды бөгеп, тістесіп отырған әскерлер
бар.
Бірақ, қалай болғанда да, майдан шебі бөлшектелді, бөгет бұ-
зылды, немістер біздің бір бүйірден Волоколамскіге, Москваға
қарай ентелеп өтіп барады. Жауды Волоколамск түбінде тоқтату-
дың ыңғайы бар ма?
Көңіл тағы да алып-ұшып Панфиловқа, өз әскерлерімізге қа-
рай тарта береді.
Қазір Брудный қайда жүр екен? Таң атқанша орала ма? Бұй-
рықты жеткізе ме? Қараңғылықты пайдаланып шығып үлгере
аламыз ба?
Жоқ, Бауыржан, күдеріңді үз... Полк штабы құрыған болса
қайтесің? Дивизия штабы да бір жерде қоршауда қалуы ғажап
емес. Ал ертең-бүрсігүні шайқас желісі біздің сырт жағымызда
отыз-қырық шақырымдай жерде қалуы мүмкін. Сөйтіп бұйрық
жеткізілмейді, ол жоқ деген сөз.
Онда не істейміз? Мен командир ретінде алды-артты бағамда-
уға тиістімін. Бұйрық болмайды. Не әрекет жасамақпыз?
221
Орманшының үйінде
Дұшпан жан-жақтан қыса түсіп, берілуді талап етсе, оқ жау-
дырамыз. Өз сарбаздарыма бек сенімдімін. Және өз командирі
ретінде олардың да маған сенетіні анық. Айтқан сөзім, берген
бұйрығым құлақтарына тиді.
Өздері солдат қамқоры – Жер-анаға сиынып, қазір де топы-
рақты бұрқырата қопарып жүр. Қазған орынға бекініп алсақ
снаряд та, бомба да ала алмайды. Бізді зеңбірекпен жою үшін
немістің сол маңайда шоғырланған бүкіл артиллериясы жабылуы
қажет. Бомбаға төтеп береміз. Аштыққа да шыдайтынымыз дау-
сыз. Аттар онда да кәдеге асады, жылқы еті көпке жетеді. Тұм-
сық тығып байқаңдар, жаншып көріңдер!
Алты жүз жауынгерім бар. Әрқайсы ұрыста жер жастанбастан
бұрын бірнеше немісті жайпайтыны сөзсіз. Батальонымыз-
ды құрту үшін тұтас дивизия керек болады. Жарты дивизияны
талқандап үлгереміз! Панфиловшылардың бір батальонына бола
немістер сонша күш шығындайды.
Терең ойға шомып, басқару пунктінде – ағаштан мықтап
соққан орманшы үйінің штабтық бөлмесінде отырмын. Мұн-
да телефон тартылып үлгерілген; осы орыннан роталар мен
зеңбіректерге қарай сым желісі жалғаулы.
Бұл жерден ұрысты басқара аламын, жау қорғанысты бұзып
өтіп, орманға кірген жағдайда қарсы әскер жіберемін. Онда бізге
біртіндеп шегініп, ағаш тасасынан, түбір-түбір арасынан атқы-
лап, орман ішінде соғысуға тура келеді.
Ақырғы меже, соңғы шеп осы – орманшы үйі болмақшы.
Сақшылар мен байланысшылар өз ауысымынан кейін де да-
мыл таппады: олар штабты жағалай қорғаныс орларын, траншея,
қосалқы пулемет ұяларын қазып, маңайды ағашпен қоршауға
кіріскен. Терезелерді бөренелермен бекітіп, оқ ататын қуыс оя-
мыз, шайқасты осы үйде де жүргіземіз. Екі жәшік гранат жет-
кізілген, албарда пулемет тұр.
Өз сарбаздарым мен командирлеріме деген сенімім нық:
ешқайсымызды тірідей ала алмайды.
Осы кезде үрейлі бір ой келді: жаралыларды қайтеміз?
5
Иә, жаралыларды не істейміз? Оларды қайда жіберемін?
Ауыз үй арқылы солар жатқан бөлмеге өттім.
Волоколамск тас жолы
222
Кәресін шамның білтесі төмен түсірілген. Біздің фельдшер,
көк көз қарт Киреев от жағып отыр. Пештің аузы ашық. Оттың
қызғылт сәулесі бөрене қабырғалар мен сұрғылт көрпелерді, ау-
рулардың бозарған жүзін шарпиды.
Әлдекім сандырақтап жатыр. Біреу ақырын ғана:
– Жолдас комбат! – деді.
Аяғымның ұшымен басып, жақын келдім. Мені шақырған
Севрюков екен. Ол едел-жедел шегеленген сәкі шетінде етпеті-
нен жатыр; жастыққа көмілген басы көтерілмеді. Демі шуылдап
ентіге тыныстайды; оқ кеудесі мен тақымына тиіпті; жарақаты
ауыр, бірақ аса қатерлі емес. Біртүрлі қызық ой жылт етті: мен
мұның жараланғанын тіпті ертеден білетін сияқтандым, ал, шы-
нында, бұл бірнеше сағат бұрын ғана болған жағдай еді.
Аяқ жағына барып отырдым. Севрюков екі шынтағын тіреп,
тұруға талаптанды, алайда қабағын кіржитіп, ауырсына ыңырсы-
ды. Киреев жүгіре жеткен. Ол Севрюковті орнына жайластырып
жатып, сырқатқа зілсіз жекіді.
– Бара бер, Киреев, – деді Севрюков ақырын ғана.
Фельдшер пеш қасына жеткенше үнсіз қалды да, сыбырлап:
– Кішкене еңкейіңізші. Сізден сұрайын дегенім: ана жақта
не болып жатыр өзі? – деді көз қиығымен қабырғаның сыртқы
жағын нұсқап. – Немене жағдай, жолдас комбат?
– Немене жағдай дегеніңіз не?
– Бізді тылға неге жөнелтпейсіздер?
Не деймін? Алдарқата саламын ба? Жоқ. Севрюковтің шын-
дықты білгені жөн. Мен:
– Батальон қоршауда, – дедім.
Севрюков көзін жұмды. Аппақ жастық бетінде бозарған са-
май шашы ұқыпты тараулы адамның тікенектей сақал-мұртты
сұрғылт жүзі жансыз болып көрінді. Өзі не ойлап жатыр екен?
Одан қоңырқай қабағын көтерген.
– Жолдас комбат... маған қару беруіңізді сұраймын...
– Иә, ол керек, Севрюков. Бергіземін.
Мен орнымнан тұрмақшы едім, Севрюков қолымды ұстай
алды:
– Сіз... сіз тастап кетпейсіз бе? Тастамайсыз ба бізді?
Көзін қадап, сірестіре жармасып алыпты.
223
Орманшының үйінде
– Жоқ, Севрюков, тастамаймын.
Саусақтары ақырындап жазылды. Ол әлсіз жымия қарап, ком-
батқа сенетінін аңғартты.
Еңсемді ауыр ойлар езіп, есікке қарай жылыстадым. Бірақ
және біреу дауыстаған:
– Жолдас комбат...
Барғым келіп тұрмаса да, тақалдым.
– Сударушкин, бұл сен бе?
Кір шалмаған ақ дәкемен таңулы басы қабақтай зор болып
көрінді. Маңдайы тұтастай ораулы, бірақ беті ашық екен. Көрпе
үстіндегі құдды өзге біреудікіндей сұлқ түсіп, қимылсыз жатқан
байлаулы қолы да дөңбектей үлкен сияқтанады.
– Қашан жараланып едің?
– Сіз, жолдас комбат, мені ұмытып қалғансыз ба? Маған «Үн-
деме» деп ұрысқаныңыз қайда?
Мәссаған, бұл сол екен ғой... Қан жуған жүзі, қызылала қолы,
жан түршіктіре байбайлап зарлаған үні еске түсті. Мен «Үнде-
ме!» деп бұйырғанда бұл дереу тынши қалған-ды.
Сударушкин:
– Оларды қуып тастадыңыздар ма? – деп сұрады.
Жоқ жерде мұның жанын жарақаттап неғыламын:
– Иә, – дедім.
– Құдай сақтағаны-ай... Ал мені, жолдас комбат, тәуір болған-
ша үйге босата ма?
– Әрине.
Ол жымиды.
– Одан кейін, жолдас комбат, мен тағы да өзіңізге келіп, қай-
тадан қарамағыңызда жауынгер боламын...
– Әлбетте.
Мен дереу енді сұрақтарын естімейін, жауап қайтармайын,
өтірік айтпайын деп, жөнеле бердім.
Артыма бір бұрылып қарағанда, көзіме капитан Шилов түсті.
Белуарына дейін ғана одеяло жамылып, арқасын бөрене қабы-
рғаға сүйеген ол жамбастай жатқан күйі маған тесіле қарай қа-
лыпты. Шамның әлсіз жарығы түсіп тұр; қаракөлеңкеде жүдеу
кескіні бадырая көрінеді. Ұйқысы қашқан ол көз ілуге тырыспай-
тын да секілді. Осында жеткізілген ол жаралылардың ішіндегі
Волоколамск тас жолы
224
ешкім білмейтін жәйттен жалғыз ғана хабардар адам еді. Бәрі
ішінде, тек тіс жармайды. Қазір де сілейген күйі үндемей, ештеңе
сұрамастан, ернін де қыбырлатар емес.
Осынау дәрменсіз, қорғансыз адамдарды не істеуім керек? Ай-
тыңызшы: қайтемін?
Мысалы, былай жасасам?..
...Соңғы сәт алқымға таянып, ақтық пулемет лентасы қалған
кезде пулеметті алып осында кіремін.
Басымды төмен иемін де:
«Барлық сарбаздар ең соңғы оқ қалғанша шайқасты, бәрі де
ажал құшты. Кешіріңдер мені, жолдастар. Сендерді ауыстыруға
мүмкіндігім болмады, ал енді өздеріңді немістердің қорлығына
өткізуге қақым жоқ. Жеткен ажалды әрқайсымыз Совет солдаты-
на лайықты қарсы алайық».
...Сөйтіп өлімді ең соңғы болып қабылдаймын. Пулеметті
істен шығарамын да, өз-өзімді жайратамын.
Осылай істей аламын ба? Басқаша қандай жол бар? Жара-
лыларды жауға тапсырамын ба? Қинала берсін бе? Өзге нендей
кеңес қосасыз – айтсаңызшы!
...Міне, өстіп жер бетінде панфиловшылар батальонының,
Талғар полкі бірінші батальонының қалайша жойылғанын әң-
гімелеп беретіндей жан баласы қалмайды.
Бәлкім, соғыстан кейін күндердің күнінде немістің әскери ар-
хивтерінен мәлімет табылып, әлдекімдер қоршауға түскен совет
батальонының қаншама жауды қырғаны туралы оқитын шығар.
Сонда, мүмкін, біздің Мәскеу түбіндегі аты жоқ орманда қалай
шайқасып, мерт болғанымызды білер... Мүмкін, тіпті білмес те...
Түнгі сағаттар созылып, мазасыз ойлар қамалайды.
6
Брудный оралмады. Бозжанов оралмады.
Атқа мініп орман шетіне, жұмыс атқарылып жатқан шепке
беттедім. Жауынгерлер жыпырлап, жер қазып жатыр, кейбіреуі
белуардан, иыққа дейін, тіпті кісі бойына жетеқабыл тереңдепті.
Әлдекімдер мүлде көрінбейді; қарауытқан ойықтан топырақ
лақтырған күректердің басы ғана жалт-жұлт етеді.
Ай бірде жарқырай түсіп, бірде күреңітіп, құбылып тұр. Аяз-
дың беті қайтып, аспанды бұлт торлапты.
225
Сексен жеті
Мен Брудный келіп қала ма деген түн түнегіне қарай көз ті-
гемін. Қайтадан Новлянское, Новошурино жақты зеңбірек оғы-
ның астына алғым келеді. Біз ояумыз, сендерге де ұйқы бер-
мейміз! Дегенмен, снарядты үнемдеу керек: олар жолды ұстап
тұру үшін, сын сағаты жеткенде шабуылға шыққан жау тізбегін
картечьпен қарсы алу үшін қажет.
Түн соншама ұзақ көрінді. Орман жиегінен Торытөбелдің ба-
сын артқа, штабқа қарай бұрдым. Жануар ағаштар арасымен ақы-
рын ғана аяңдап келеді. Мен де онша тақымдамадым. Асыққанда
қайда барамын?
Штабта отырып, ойға шомасың.
Сағат бірлер шамасында телефон шырылдап қоя берді.
– Жолдас комбат, сізді шақырады, – деді телефоншы.
Хабарласқан Муратов екен. Бозжанов өз желаяғын отрядтың
снарядтар мен зеңбіректерді алып келе жатқанын маған мәлімдеу
үшін жұмсапты.
Торытөбел ерттеулі тұрған. Лып етіп, алдыларынан шықтым.
Төрт жүз снаряд, охо! Енді Новлянское мен Новошуриноға қа-
рай төпелетуге әбден болады. Қазір жылы орындарыңнан атып
шығып, ойбай-аттандарыңа басасыңдар, «жеңімпаз мырзалар!»
Біз ұйықтаған жоқпыз, сендерге де тыныштық бермеспіз!
Сексен жеті
1
Синченконы ілестіріп, колоннаны орман маңында күтіп ал-
дым.
Жегілген аттарға жол беріп, сәл аялдадым. Ауыр артиллерия
доңғалақтары қарды таптап, жердің қап-қара ми-батпағын шыға-
рып келеді.
Бозжанов көңілдене мәлімдеді: немістер қаннен-қаперсіз ұй-
қыға кеткен, күзет жоқ, мұның шағын әскеріне ешкім бөгет жа-
самапты.
Жалмұхаммедті таныған Торытөбел оған ұмсына түсті, ол
менің көлігімді ылғи мәпелеп, қолынан дәм беретін-ді; бұл жолы
да аттың аузында сықырлаған қант пайда болды.
Волоколамск тас жолы
226
Шағын әскер... Қайдағы шағын! Мынау немене? Қаншама
адамды қайдан ертіп алған?
Аттармен, зеңбіректермен, снаряд салынған жәшіктермен қа-
тарласа, шинель киіп, винтовка ұстаған қалың нөпір ел келеді.
Мен:
– Кімді ілестіріп алғансың? Мына жұртың кім? – деп сұра-
дым.
Бозжанов елпілдей жауап қатады:
– Жүз адамға таяу, жолдас комбат. Шилов батальонының
адамдары. Орман арасынан екіден, үштен шығып, бізді бас са-
лып сүюге шақ қалды.
Мен:
– Колонна, тоқта! – деп әмір еттім.
Жүк тартатын ірі аттар аялдап, дөңгелектер сықыры тына қал-
ды.
– Бөтен адамдар былай тұрсын! Зеңбіректерге ілеспеңдер!
Бөлімше командирі Блоха!
– Мен!
– Орындалуын қадағалаңыз! Синченко!
– Мен!
– Менің бұйрығымды таяудағы ротаға, одан кейін штабқа
жеткізіңіз, Рахимовқа айтыңыз: бірде-бір бөтен адамды батальон
маңайына жолатпасын...
– Құп болады, жолдас комбат!
– Жөнеліңіз.
Ол шауып кетті.
Жегілген аттар легінен қарайған адам сұлбалары бөлініп қал-
ды. Кейбірі әрі таман барып тұрды, қалғандары маған қарай бет-
теді. Блоха колоннада тек өз адамдарымыз қалғанын баяндады.
– Колонна, марш!
Зеңбіректер қозғалды. Мен үнсіз шолып қоямын. Ең соңынан
винтовка ұстаған Мурин адымдап келеді.
Тізгіннің ыңғайын аңдаған Торытөбел де лекке ілесті.
– Ал біз ше? Біз қайда барамыз, жолдас командир? – Қайда
барсаңдар онда барыңдар... Маған қашқындар қажет емес.
227
Сексен жеті
2
Бұлар енді топырлап Торытөбелдің соңынан еріп, мені қаума-
лауға айналды.
– Жолдас командир, қабылдаңыз бізді...
– Жолдас командир, жау бізді тыл жағымыздан, тұс-тұстан
келіп бас салды. Қалай болғанын білмей қалдық, жолдас коман-
дир!
– Біз қоршаудан шықтық, жолдас командир!
– Бізді жаудың қолына түсуге жұмсағаныңыз ба? Өйтуге
қақыңыз жоқ...
Үн қатпадым. Тағы да жаным жабырқады. «Қоршаудан
шықтық». Вязьма түбінен келіп біздің шебімізде сенделіп жүр-
ген солдат шинельді босқындар уағдаласып алғандай, тағы да
осы сөзді қайталайды. Құлаққа түрпідей тиіп, жүйке жұқартады.
«Командирлерің қайда? Сендерді неғып ауыздықтамаған?»
деп айқай салғың келеді екен. Әйткенмен, жаралы капитан Ши-
ловтың жаны шырылдап: «Екі рота аянбай шайқасты ғой, жара-
лы командирлерін тастаған жоқ қой» дегенін есіме алдым.
Қалай болғанда да, батальон бытырап, орман кезіп, тентіреп
кетті. «Қисынды ма бұл?» Таяуда менің блиндажымда отырған
Шилов өз-өзіне дауыстап, осы сұрақты қойып еді. Бірақ жауабын
айтқан жоқ-ты.
Мына солдаттарға соғысқа дейін аяушылық жасалған. Бұлар-
дың жаудан қашу себебі – санасына үрей ұялағандықтан. Қазір
де тұра қашуға даяр тұр. Жоқ, бұларды біздің тас-түйіндей бекі-
ген «аралымызға» кіргізе алмаймын. Шайқаста бостық байқат-
тыңдар ма? Ендеше, солай, жер-жерде ұшып-қонып, сенделе
беріңдер.
Әлдекім шылбырдан ұстаған.
– Ақсақал, сіздікі дұрыс емес, – деді Бозжанов қазақшалап.
Ал, керек болса! Арашашы табылыпты. Бұл да өзі жинап әкел-
ген қашқындармен бірге соңымнен ілесіп келеді екен ғой?
– Сіздікі жөн емес, – деді ол қайталап. – Бұлар – совет адамда-
ры, қызыләскерлер. Бүйтуге болмайды, ақсақал.
Мен оның сөзін де бөлмедім, жауап та қатпадым. Бозжанов
сөйлеп келеді:
Волоколамск тас жолы
228
– Бұларды қумау керек, ақсақал... Мені осыларға командир
етіп тағайындаңыз. Өзім алып келдім, шайқас кезінде де осылар-
мен бірге боламын. Бізге міндет жүктеңіз, жауынгерлік учаске
беріңіз.
– Жоқ, – дедім мен.
3
Қазақша түсінбесе де, бәрі сөзге құлақ түріп, Торытөбелдің
айналасына шоғырлана қалыпты. Тәрізі, тілдің ырғағынан іс
мәнісін аңдайтын да болуы керек: жуан политрук өздерін жақтап,
қорғаштап келеді. Ал ат үстіндегі арықша қара үндемейді, тек әл-
дене деп бір ғана сөз айтты – көнгісі жоқ сияқты. Кейбіреуі әлсіз
ай жарығымен жүзіме үңіліп, көңіл-күйімді аңдауға тырысатын-
дай.
Торытөбел сыңарезулеп, қайта-қайта орманға қиыстап, солай
қарай тартады.
Бозжановтың сөзін таразылап, салмақтап көрдім де, «жоқ!»
деп шештім. Сөйтіп, аттың басын орман бағытына кілт бұрдым.
Жұрт жармасып, соңымнан қалатын емес.
Мені дұрыс түсініңіз, оларды батальон құрамына ала алмай-
тын едім. Біраз жұмыс істеп, осынау шұбырған топты илеуге са-
лып, едәуір ширатса, әжептәуір жауынгер болып шығар ма еді.
Әйткенмен, оған уақыт керек – ол менде жоқ қой. Алапат айқасқа
дейін бірнеше сағат қана қалды.
Не жақсылық істей аламын бұларға? Кетсін, өздерін шы-
нықтырып, ысылдыратын жерге жетуіне жәрдем берейін... Ал
мұнда... Қажеттері жоқ.
Орманнан кері қарай бұрылып алып, артқа қарамай, алаңқай-
мен аяңдап келемін. Біздің күзет бірнеше жерде дауыстап, белгі
берді.
Синченко да жеткен.
– Бұйрық орындалды, жолдас комбат...
– Рахимовқа телефон соқтың ба?
– Иә.
Синченко Рахимов жақтан әлденендей жаңалық айтып қалмас
па екен деп едәуір елеңдедім. Бірақ Синченко үндемеді.
Мен:
– Жақсы, – дедім де қойдым.
229
Сексен жеті
Долгоруковкаға – өзіміздің әскерлерге апаратын жолға тақа-
лып келдік. Біздің атты барлаушыларымыз сол аядай алапты ен-
деп, шолып жүретін. Оларға: жолдың ашық-жабықтығын, саңы-
лаудың бітелмегенін көз тайдырмай қадағалаңдар деп міндет
жүктелген.
Көңіл түкпірінде: ғайыптан бұйрық та жетіп қалар, шығар
тесік барда, әлі де болса таң атқанша тұзақтан құтылып кетерміз
деген титтей ғана үміт ұшқыны бар еді.
Атты барлаушылардың күзетін тауып:
– Не жаңалық бар? – деп сұрадым.
– Еш жаңалық жоқ... Тыныштық, жолдас комбат.
– Жолды кім біледі?
– Мен.
– Долгоруковканы айналып өтетін жолды ма?
– Иә.
– Мыналарды бастап барып, өткізіп жібересің.
Сөзіме құлақ тігіп, жағалай қоршап тұрған адамдарға қарап,
жолды нұсқадым:
– Осы жолмен Волоколамскіге жетесіңдер, сонда біздің
бөлімдер бар. Сендерді шығарып салады. Барыңдар.
Торытөбелдің басын кері бұрып, орманға қарай тарттым.
4
Кенет әлдекімдердің соңымнан жүгіріп келе жатқанын аңдай-
мын.
– Жолдас командир... – Жолдас командир...
– Не керек сендерге?
– Жолдас командир... Бізді қабылдаңыз, жолдас командир...
Мен:
– Шуды доғарыңдар! Бұйрығымды естідіңдер ме? Бірде-бір
бөтен адам батальон қарауына жіберілмейді.
– Қалайша бөтен боламыз? Біз өз адамдарыңызбыз! Жолдас
командир, сіз мені білесіз. Мен – Ползуновпын. Сіздің көзіңізше
менімен генерал сөйлескен. Есіңізде ме?
Ползунов... Қараңғыда көре алмай тұрсам да, албырт жүзін,
сәл дүрдиген қалың ернін, бозарған ойлы көзін, «Жақсы, жолдас
генерал» деген батыл жауабын есіме түсірдім. Міне, саған жақ-
сы.
Волоколамск тас жолы
230
– Мынауың не, Ползунов? Генерал саған: «Ползунов, Сенің
жақсы атыңды естігім келеді» деп еді... Мұның неғылғаның?
Ол жауап қатпады. Мен:
– Сен қайттің? Қаштың ба? – деп қайталадым.
Ползунов үні құмығып:
– О жақта босқа өліп қалар едік... Текке өле салғымыз кел-
мейді, жолдас командир...
Қасында тұрған біреу дәуірлеп сөйлей жөнелген:
– Көк желкеден тарпа бас салса, не істей аламыз? Інге
тығылып, қырып салғанын күтіп отырамыз ба? Содан тұра без-
дік. Ашығын айтайын: мен де қаштым... «Екі есеп – бір қисап».
Қазір сен мені қудың... Одан соң машықтанып келемін де, мен
сені тырқыратамын... Кегімізді қайтарамыз. Сіз нұсқаған жаққа
бармаймын, жолдас командир. Жалғыз қалсам қалайын – пар-
тизандық жасаймын! Ашығын айтайын: маған не істесеңіз, оны
істеңіз, ешқайда тыпыр етпеймін.
Мен:
– Фамилияң кім? – деп сұрадым.
– Жауынгер Пашко.
Ползунов оны дереу қоштауға тырысты:
– Иә, мұның Пашко екені рас, жолдас командир. Мүмкін сіз
бұлардың араларында тыңшы бар ма деп күдіктенетін шығарсыз?
Жоқ, жолдас командир, мен бұлардың бәрін де танимын... Құжат-
тарымен де салыстырып тексеруге болады. Жігіттер, кітапшала-
рың қайда?
Мен:
– Винтовка бәріңде бар ма?
– Бәрімізде бар... Бәрімізде бар...
– Әркім тек өзі үшін жауап берсін. Гранаталарың бар ма?
– Бар. Менде бар.
Бұл жолы дауыс әр жерден ғана естілді.
– Қорыққан кезде жоғалтып алғансыңдар ғой? Ползунов,
бұларды сен басқарасың. Жұртты сапқа тұрғыз. Әскери тәртіпке
келтір. Гранатасы барлар оң қапталға шықсын.
Ел өзге команда күтпей-ақ жедел түрде сапқа тұра бастады.
Ползунов:
231
Сексен жеті
– Жолдас командир! Мұнда менен шені жоғары адамдар да
бар, – деп қалды.
– Шен жағдайын кейін анықтай жатамыз. Қазір бәріңнің
атақтарың біреу-ақ: қашқынсыңдар.
Пашко тағы сампылдады:
– Мұндай атақты өзіме қабылдамаймын!
– Доғар сөзді!
Пашко басқаларға қарағанда өжеттеу көрінді, бірақ: «солдат-
тың басты қасиеті – командирінің сөзіне бағыну» деген қағида-
дан мұның хабарсыз екенін байқадым. Панфилов айтқандай, сол-
датың бозөкпе болса, қаншалықты алтын бастымын дегеніңмен,
танауың тасқа тиеді... Осыларды, тіпті қабылдамай-ақ қойғаным
дұрыс еді... Көңілім қаламаса да команда бердім:
– Түзеліңдер! Ползунов, қатарларды ретте! Тік тұр! Сөзді
доғарыңдар! Қыбыр-жыбыр тоқтатылсын! Рет-реттеріңмен сана-
лыңдар!
Ползунов сапта өзімен бірге сексен жеті жауынгер бар екенін
мәлімдеді.
Мен:
– Жауынгер емес! Сексен жеті қашқын, сексен жеті сумұрын!
Сендермен көп тәжікелесіп тұрмаймын. Жыланып: бізді қабыл-
дай көріңіз дейсіңдер. Москва көз жасыңа сенбейді. Мен де сене
алмаймын. Бұйрығым еш өзгеріссіз қалады: шептен қашқан бір-
де-бір қорқақ батальон құрамына алынбайды. Біздің қатарымы-
зда тек жауынгерлер тұрады. Сендер қашып шыққан жерлеріңе
қайта кетесіңдер. Сендер одан да әрі – жау тылына өтесіңдер.
Тура қазір кетіңдер. Сонда жауды қырып, өлігінен аттаңдар.
Одан соң қайта оралыңдар, міне, сол кезде – есік ашық. Отряд-
тың командирі етіп политрук Бозжановты тағайындаймын. Оңға
бұ-рыл! Ер соңымнан!
5
Тізгінді тарта ұстап, Торытөбелді бірқалыпты, ақырын аяңға
салғанмын. Соңымнан екі-екіден тізіліп сексен жеті адам келеді.
Қатарымда Бозжанов бар.
Ол алдағы әрекеттің жайын сұрап қалып еді, мен:
– Сәл аялдай тұр, – деп қабақ кіржиттім.
Волоколамск тас жолы
232
Әлі де болса тұнжыраңқы күйден арыла алар емеспін. Бұлар-
ды қайда бастап барамын? Әйтеуір, барлау да, жоспар да жоқ,
қайда беттегенімізді өзім де білмей, ойланбастан тартып ке-
лемін. Жұрт бөлімше-бөлімшеге, взвод-взводқа да жіктелмеген,
шайқастағы орындарын, жауынгерлік тәртіп қабылдау ретін де
білмейді. Екі-екіден сапқа түзілгендерімен, әлі де сол тобыр қа-
лыптарында қалған.
Алдыңғы лекке шолғыншы бөлуім керек еді. Немістің екі, үш
жағынан үйіре соғатындай екі немесе үш взводымды шақыртуым
керек еді.
Иә, бәрі де атқарылуы қажет... Ех, тағы не істемекші едім...
Ара-арасында борыш сезімі жан қинайды. Өзімнің ақыр
аяғына дейін батальонға керек екенімді жақсы түсінемін. Менің
орным бұл жер емес! Кіммен, қайда бара жатқаныңды білмей,
түсініксіз бір қара түнекке тап болғаның қалай? Батальоннан ұза-
уға қақым жоқ, соңы жақсылықпен бітпейтін ойластырылмаған,
қисынсыз шаруаға килігуге міндетті емеспін.
Осының бәрін біле тұра, енді істің бағытын өзгеше бұруға
ерік-жігер таба алсам ше...
Мен жоқта кенеттен Брудный оралып, бұйрықты алып жетсе
қайтемін деген ой келеді. Одан күлдім: иегің қышымай-ақ қой-
сын, бұйрық келмейді, қыбыр ете алмайсың.
Ыстың күйесі қардың бетін қап-қара қылған ұзыннан-ұзақ
алап созылып жатыр. Торытөбел үркесоқтап, снаряд ойықтарын
айналып өтеді. Міне, тастап кеткен окоп желілері де басталды –
бәрі қаңыраған бос.
Әрбір жүрген жер, әрбір сүрлеу соншама таныс, бірақ қазіргі
кейпі сонша сұрқай. Бір бүйірдегі Новлянскоеде екі-үш үйдің те-
резесі жарқырап тұр. Немістер бізден қорқу былай тұрсын, кіш-
кене, жасырынудың өзін намыс көргендей... Қаның қайнайды:
тұра тұрыңдар, бәлем!..
Соңымдағы шұбырған сапқа қараймын. Сексен жеті қашқын
ілбіп келеді. Бұлар не істей алады? Ех, басқаша қарастыру керек
еді, басқаша...
Бір жеті бұрын түнгі жортуылға жүздеген қыранымды жұм-
сағаным еске түсті. Жеңіс ләззатын түйсінгендіктен, еңсеміз кө-
233
Сексен жеті
теріліп, бойды билеген құштарлық екі көзді шырадай жағып еді.
Ол ойластырылған қимыл болатын – идея, есеп, тұтқиылдан ұру.
Ал қазір ше? Не үшін келе жатырмын? Алды-артқа қарамай
несіне дедектеп жүрмін?
6
Бос окоптар қатарынан жылжып келіп, өзенге қарай түстік.
Мұндағы аяқ өткел – екі жағаны жалғап, сидиған тіреулердің
үстімен жүргізілген бөренелер де жақсы таныс.
Осы өткелек тұсында жұртты тоқтаттым. Екі бөрене астында
ақ көбігі шашырап, сылдыр қаққан өзен ағып жатыр.
Судың арғы бетіндегі жүз қадамдай жерде орман қарауытады.
Баяу ғана сөйлеп, міндетті түсіндірдім: Новлянскоеның ту
сыртынан орман арқылы айналып барып, одан қайтадан өзенді
кешіп өтіп, селоға басып кіру керек те, немістерді қырып, маши-
наларды өртеп, қалқыма көпірге де от қою керек.
Одан соң:
– Түсінікті ме? – деп сұрадым.
Арасынан кейбіреулері ғана:
– Түсінікті... – деп күмілжіді.
Шайқас алдында туындайтын қызу екпінді сезіне алмадым.
Бойларын үрей билеп, жаңа ғана немістен қашқан бұлар өз-
дерінің кенеттен біреуге қатерлі болып көрінетініне сене алмай
тұр. Ал мен ше? Өзім сенемін бе осыған?
– Мына жерден біртіндеп өтесіңдер, – деп бұйырдым мен. –
Одан соң бытырап жүріңдер. Ползунов, алға!
Ол винтовкасын кезене ұстап, бүгілген күйі жорта жөнелді.
Өткелек алдында сәл аялдап алып, тайғанақ бөренелерге аяқ ба-
сты... Бір кезде қарауытқан өзеннен кескіні көрінбей кетті. Арғы
жағадағы ақшыл беткейде сұлба қайтадан пайда болды.
Ползунов қырмен өрлей көтеріліп барып, жота түбінде жата
қалған; одан тұрып, бойын тіктеді де, орманға қарай тартты.
Мен:
– Оң қапталдағы, алға! – деп дауыстадым. – Орманда рет-рет-
теріңмен шұбыра жүріңдер. Аралық – бес-сегіз қадам.
Торытөбел қолдың ыңғайына көніп, суға түсті. Бұл тұс аса те-
рең емес, аттың құрсағынан ғана келеді.
Волоколамск тас жолы
234
Орман арасында бір-бірлеп жүріңдер деп бұйыруымның се-
бебі не? Ара-қашықтықты әлгіндей белгілеуім неліктен? Құпия
ойымның мәнін ашайын. Қорқақтар жасырынып қалады деп
ойладым. Қараңғы орман арасында бұл оңай: бір бүйірге қарай
жалт беріп, ағашқа жармасып тұрған бойда жоқ болып кетесің.
Мейлі, жоғалсаң жоғал! Отан да, ар мен намыс та жоқ, со күйі
қаңғырып жүре бер! «Жартысы, тіпті одан да азы қалады. Со-
ларға сенім артамын да, кері қайтарып, батальон құрамына ала-
мын» деп болжадым.
Ползуновты басып озып, ағаштар арасымен, орман жиегінен
аса алыстамай, артқа да қарайламастан, елдің ең алдында кетіп
бара жаттым.
Күн жылына бастаған. Ағаш бұтақтарынан тамшы тамады.
Бетін бұлт бүркеген айдың ағараңдаған көмескі сәулесі зорға
көрінеді.
Міне, орман шетіне де жеттік. Қасымызда Новлянскоеге
бастайтын жол жатыр.
Жақын маңайда қалқыма көпір бар, одан кейін дөңес баста-
лады, сол қырда село орналасқан. Бірнеше терезе сонадайдан
жарқырай көрінді.
Жұрт біртіндеп келе бастаған. Ең соңынан Бозжанов жетті.
Сапқа тұруды бұйырдым.
– Ползунов! Неше адам бар екен, санап шық.
Саптың бір шетінен екінші шетіне шыққан ол сыбырлай ба-
яндады:
– Сексен жеті, жолдас командир!
7
Сексен жеті? Бәрі де осында! Түгелдей шайқасқа даяр екен!
Кеудемді шаттық кернейді. Енді бұлар маған сонша ыстық
көрініп, бәрін де жан-жүрегіммен қабылдадым. Мүмкін бұл
толқудың мәні басқаша шығар, ширыққан қуат осылардың өзі-
нен сезіліп тұруы да ғажап емес.
Жақындап қалған автомобиль моторының гуілі естілді. Мен
дыбыс шыққан жаққа қарай бұрылғанымда, бізді тал арасынан
көлік прожекторының алысқа ұрған аппақ жарығы шарпып өт-
кен. Жатағандау төбешікке көтерілгенінде машина шамы то-
235
Сексен жеті
лықтай көрінді. Одан жол иірімі шам жарығын біздің тұсқа қарай
шаншиды.
Саптағылардың ешқайсы қыбыр еткен жоқ. Қуарған өңдері
жарықтан тіпті аппақ болып, жылтылдаған винтовкаларын қыса
ұстаған күйі алдыға тесіле қарап тұр. Ағаштардың қолмен қиған-
дай сорайған қара көлеңкесі ақырын ғана жылжып өтті.
Жарық әрі қарай сырғыған. Жұрттың жүзін түн қараңғысы
кіреукеледі. Шамның біресе жоғары, біресе төмен ойнақшыған
ақ жолағы қысқарып, жолға бағытталып, алыстай берді.
Ер-тоқымнан секіріп түстім. Көз қарықтырған жарықтан кейін
ешкімнің кескінін ажырата алар емеспін, тек Торытөбелдің си-
рақтары ағараңдайды.
– Жатыңдар! Ақырын бақылаңдар! – деп бұйырдым мен.
Көз қараңғыға қайтадан үйренді... Жарық су бетін жалтырат-
ты. Төсеме көпір тақтайларының дүңкілдеген үні естілген. Ма-
шинаның қарсы алдынан электр фонарының оймақтай қызғылт
сәулесі жанды. Машина арғы жағаға өтіп, тоқтай қалды. Жарық
жолағының аясында сақшы пайда болған. Оның кейбір қимыл-и-
шараты түсінікті еді. Артына қайрылып, екі мәрте қолымен
нұсқап, біздің батальон орналасқан орман жақты көрсетіп тұр.
Одан соң Красная Гора бағытын сілтеді. Тәрізі, сол маңда айна-
лып өтетін жол бар.
Мотор ышқына гүрілдеп, машина жоғары өрлегенде қозғалған
жарық бір мезет қараңғы түнекті серпіп, ұзын жүк көліктері
тізіліп тұрған көше бойын күмістей жалтыратты. Содан соң сәу-
ле шоғыры бір бүйірге қарай жылжып, жоғары-төмен селкілде-
ген бойда жол жағалай қозғалып, айнала берді.
Әлдекім қасыма келген.
– Жолдас командир, істі мен қолға алайын.
Дауыс таныс еді.
– Пашко?
– Иә... Мен қолға алайын.
– Нені айтасың?
– Сілейтіп саламын...
– Сақшыны ма? Қалай?
Пашко шинелінің етегін көтергенде, қанжарының жүзі жарқ
етті.
Волоколамск тас жолы
236
– Саспа... – деді ол. – Сосын ысқырып белгі беремін.
– Болмайды... – деп электр фонарын ұстаттым. – Мә, ал. Үш
рет жақ.
Ол фонарьды құлақшынының астына жасырды:
– Олжа фонармен де белгі бере аламын ғой... Қызылмен. Рұқ-
сат етесіз бе?
– Жарайды... Үш мәрте жақ: жол бос деп түсінеміз. Бір өзіңнің
қолыңнан келе ме?
Жүзін көзбен көрмесем де, оның мырс ете түскенін аңдадым:
– Келеді...
– Онда жөнел!..
Пашко лезде қараңғылық құшағына сіңіп кетті.
Не болса да, көре жатамыз... Енді маған шегінер жер жоқ. Тек,
бүкіл ордамызбен лап қоямыз ба? Мен Бозжановты шақырып ал-
дым.
– Елді он-оннан бөл... Бір топты өзің алып, батальонның
қарсы тұсында орналасқан күзетті ту сыртынан соқ. Екінші он-
дықтың міндеті: көпірді өртеу... Қалғандары селоны ойрандасын;
гранаты барлардың бәрін сонда жібер...
– Құп болады, жолдас комбат.
Ол іске кірісті.
Тағы да екі машина өткен. Тағы да жарық аясында сақшы пай-
да болды. Шам көше бойын тағы да күмістей ағартты. Әлдебір
үйдің есігі ашылды да, ішкиімшең, жалаңаяқ шыққан ұзынтұра
біреу ұйқылы-ояу күйде баспалдақта тұрып зәр сындыра баста-
ды. Иттердің майданда жүріп те әбден шешініп, жылы үй, жайлы
кереуетте ұйықтайтынын көрдіңіз бе!
Айнала қайтадан қараңғылық құшағына оранады. Сәуле
шоғыры олай-бұлай ойқастай тербеліп, бір бүйірге қарай бұрыл-
ды да, айнала жөнеп берді.
Біз Пашко сіңіп кеткен қап-қара түн түнегіне тықырши көз ті-
гіп, дыбыр етпей жатырмыз. Істі атқара ала ма? Белгі берер ме
екен? Одан соң ше? Осы «одан соң» қалай жалғаспақшы?
Бойды бір мезет қайшылықты сезім билейді: бұл жағдайды
баяғыда дәлме-дәл тура қазіргіше бастан кешіргендейміз (ал оны
әлдебір өзге өмірде ме, қашан өткергеніміз белгісіз) – сол сәт-
те де түн жамылып, ұйқыда жатқан жау тұрағына ту сыртынан
237
Сексен жеті
бұғып келіп, осылайша тұтқиылдан бас салуға әзір болып жатқан
секілдіміз. Қызық, сонда жаңа заманғы соғыс дегеніміз осы ма?
Оны басқаша елестететіндей едік.
Ал белгі қашан беріледі? Зарықтырып көп күттірді-ау. Ә, әне,
сәті түскен сияқты...
Қараңғыда көпір түбіндегі әлдекімнің көрінбейтін қолынан
бармақ басындай қызыл сәуле жанды да, сәл тұрып, қайта сөнді.
Бір... Тағы көрінді... Екі... Міне, үш.
Мен:
– Тұрыңдар! Даярланыңдар! Гранаталарыңды шығарыңдар!
Ал, жолдастар... Солдаттың заңы: нартәуекел – не өлім, не өмір!
Ың-шыңсыз тап беріңдер. Бозжанов, баста!
– Көпірмен бе?
– Иә.
Ол сыбырлап қана:
– Ер соңымнан! – деп бұйырды.
Сөйтті де жүгіре жөнелді. Қалғандары соның соңынан лап
қойды.
Бір минуттен кейін көпір үстінен аяқ дүбірі естілген.
8
Іс сәтті аяқталды. Тіпті оп-оңай оңғарылды.
Мен көпір арқылы атпен ақырын аяңдап, қып-қызыл өртке
оранған селоға кірдім.
Тұс-тұстан жарылған гранат, сатырлаған оқ, айқай-шу құлақ
тұндырды. Иә, бұл ұрыс емес, нағыз алапат еді.
Немістер орманның біздің батальон орналасқан тұсына кү-
зет қойып, ұйқыға жатады. Мылтық даусын, гранат жарылысын
естігенде жанұшыра атып тұрып, кереует астына, пеш сыртына,
жертөле мен сарай ішіне жасырынып, үрей мен суықтан дірдек
қағады.
Бұл көріністі суреттемей-ақ қояйын.
Бензин құйып өртелген көпір лапылдап отқа оранды. Өңкиген
шіркеу сұлбасы қарауытады. Бір тәулік ішінде осында оралып,
шіркеу баспалдағын қанша рет бастым екен? Әйнектері ұшып
түскен терезелер қап-қара болып үңірейіп, кейбір сау қалған
жақтаулары жылтылдап, өрт сәулесіне шағылысады.
Волоколамск тас жолы
238
Мен жауынгерлерді жинап, батальонға апарсын деп бұйыру
үшін Синченконы Бозжановқа жұмсадым.
9
Торытөбел тағы да ағаштардың арасымен орманшының үйіне
қарай аяңдап келеді.
Қуаныш басылды. Көңілді қайтадан мұң тербейді. Парлап
самғатқан қанат та жоқ, жеңіс ләззатын да сезіне алмай, ер үстін-
де бар салмағыммен зілдей болып отырмын.
Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады деп үйретуші еді Панфи-
лов. Осы секілді өзге де көптеген сабақты сол кісіден сіңіргенмін.
Ал әлгі ұрыс үшін мен не істедім? Жолыққан қашқындар-
ды ілестіріп алып, тәуекелге бастым. Бітті. Бардым да жеңдім.
Менің қағидаларым, офицерлік сенімім өзіңізге мәлім. «Жеңіл
жеңіс орыстың көңілін көншітпейді», – дейді Суворов.
Ауыр ой еңсені езді. Жарайды, бір жарым-екі жүздей немісті
жайраттық. Енді не істейміз? Бәрібір бұрынғыша құрсауда, қап-
таған жау қоршауында отырмыз ғой.
Жол бойы орманшының үйіне жеткенше: Брудный келді
ме екен, бұйрық әкелмеді ме деп елеңдеумен болдым. Әлбет-
те, шегіну туралы бұйрықты елегізіп күту, бір қарағанда, ездік,
жүрексіздік болып көрінуі мүмкін. Бірақ шындық осы. Оны
жұрттың бәрінен жасырдым, әйткенмен, өз арыңнан қалай жа-
сырарсың!
10
Ағаштан шабылған үлкен штаб бөлмесінде шам жанып тұр.
Шаршаңқы түрмен Рахимов орнынан тұрды. Шинелін жамылып,
бүкшиіп жатқан Толстунов та басын көтерген. Өздері маған емі-
не қарайды...
Сұрасам ба екем? Жауаптың қандай боларын білсем де, сұра-
май тұра алмадым. Иә, Брудный да келмепті, жауап та жоқ.
Алдыға кешкі асты әкелді. Тамақтануға зауқым соқпады...
Толстунов та тұрған. Бұ кезде Бозжанов та жетті. Оның маған
арнаған сыйлығы бар екен: немістің алты қырлы дүрбісі. Басқа
уақыт болса қандай қуанар едім осыған... Ал қазір ештеңеге
құлықсызбын. Сағат төртке қарай кетті. Жарық түскенше ұй-
ықтап алса болар ма еді, бірақ көз іле алмайтынымды сездім.
239
Таңертең
Синченконы дауыстап шақырдым.
– Синченко, арақ бар ма? Рахимов, ішесің бе?
Ол бас тартты. Мен Толстуновқа, өзіме құйдым. Ішейін, сон-
да, мүмкін, ұйықтармын...
Таңертең
1
Өрт түтінінің иісі сіңген сырмалы телегрейкемді басыма
жастап, жантайдым. Темекі тұтатып, сағатыма қараған сәтте
орындықта жатқан құлақшыныма көзім түсті. Орнында емес,
алыстау жерде қалыпты. Дабыл қағылып атып тұрған жағдайда
іздемес үшін көтеріп, тапанша қабының бауына байлап қоюым
керек еді... Әйткенмен, дабыл туралы да, алдағы ештеңе жөнінде
де ойлағым келмеді. Сонда да тұрдым. Бас киімге бара жатқан
сәтте өмір шындығын есіме салған осынау бірнеше қадамды өз-
өзімді қинағандай, зорға жасадым. Бәрін де ұмытып, қиялмен
мынау үй, орман маңайынан ұзап, шартарапты шарлағым келеді.
Тағы да жатып, көзімді жұмамын... Өткен шақтың жүрекке
жылы суреттері елестейді. Қазір оның бәрін қалпына келтіру
мүмкін емес. Көз алдынан не жөңкілмеді дейсіз.
Бір нәрсені анық білемін: өзім туралы ғана емес, батальон
жайында да ойландым. Әсілі, бұл да өзің жөніндегі ойлар ғой.
Сол сана бұлдыраған, мең-зең сәттердегі үзік-созық қиялым,
әрине, командирдің өз бөлімі туралы «мен» деп сөйлеуін бел-
гілейтін устав параграфына бағынбайды. Мен үшін бұл параграф
емес, ар-намыс, шығармашылық, құштарлық еді. Енді қалай
айтсам екем? Өзімнің бүкіл «менім», шынында да, батальонға
салынған. Бұл менің туындым, бұл – жер бетіндегі өзім жасап
шығарған жалғыз ғана дүнием.
Еске әртүрлі нәрселер түсті. Ішінде ұсақ-түйек те, жан тербе-
тетін де, күлкілі нәрселер де бар шығар.
Мысал дейсіз бе? Жақсы, мінеки сізге мысал.
Волоколамск тас жолы
240
2
Тамыз айының шуақты бір күнінде батальон атыс алаңына
шықты.
Біз лагерімізбен тулап аққан Талғар өзенінің жағасында тұр-
дық. Таяу маңда – Талғар станицасы іргесінде әлемге әйгілі Ал-
маты апорты өсетін бау-бақша жайқалып тұр. Ал айнала төңірек
күн қақтаған жазық дала. Оның оңтүстігінен Алатау шыңдары
басталады. Сонау заңғар биікте аспан айдынымен астасып асқар
таулардың мәңгілік қары жарқырап жатыр. Бұл – оңтүстік Қа-
зақстан, оның сұлулығын суреттеуге тілім жетпес.
Жазық дала – ату жаттығулары үшін таптырмайтын орын. Өзі
–міне, қол созым-ақ жерде, тіпті аяқ астында; тақтайдай теп-те-
гіс.
Бұл оп-оңай, екі-үш шақырым жазықпен жүріп өтіп, мыл-
тығыңды атып, қайта оралсаң қандай ғанибет. Бірақ мен елді
соғысқа даярлап жатырмын ғой. Іздегеніміз жеңілдік пен рахат
па? Ендеше бізге таптырмайтын ғажап орынның не қажеті бар.
Мен батальонды тау ішіне алып кеттім.
Алғашқы тепсеңге шықтық. Жағалай өскен шеңгел, шырма-
тылған, қалың бұта. Жоқ, мұнда ата алмайсың.
Келесі алаңға жартас қия арқылы шығуымыз керек. Батальон,
алға! Еріңдер соңымнан! Өрмелей жөнелдік. Тіп-тік. Солдаттар-
дың аяғы астынан ұшқан тас тырсылдап төмен құлайды.
Тырмысып шықтық-ау. Сайтан алғыр, мұнда да атуға ыңғайлы
орын жоқ. Бітік өскен көк шалғын кісі бойындай. Енді қайда ба-
рамыз? Жоғары өрлей берсең, қалың қарағай, шырша басталады.
Тау көрінісі осындай. Айтпақшы, сізге айтайын, мұндай сурет
күллі Қазақстанға тән. Бұрын Қазақ елінің жаратылуына қатысты
аңызды өзіңізге айтпап па едім? Құдай іске кіріскен күндерінде
аспан мен жерді, теңіздер мен мұхиттарды, барлық елдер мен бүт-
кіл құрлықтарды жасапты да, Қазақстан туралы ұмытып кетіпті.
Ең соңғы сәтте есіне түссе, жасайтын материал қалмаған. Содан
Американың шетінен, Италияның жиегінен, Африка шөлінің
пұшпағынан, Кавказ өңірінен қолма-қол бір-бір үзімнен кесіп
алып Қазақ елі болуға тиісті жерге жапсыра-жапсыра салыпты.
Менің сол Отанымнан осының бәрін де таба аласыз – құлазыған
241
Таңертең
бетпақ дала да, көшкен құм да, айна көлдері жарқыраған гүлзар
жер жұмағы да жетіп-артылады.
Сонымен қайда атамыз? Мен батальонды төрт қатар етіп сапқа
тұрғыздым да, ерсілі-қарсылы жүргізіп, қалың шөпті таптатуға
кірістім. Осылайша олай-бұлай бірнеше мәрте өттік. Ауыр әскер
бәтеңкесі көк майсаны лезде жапырып, тегістеп тастады. Бұдан
кейін де бірталай жүріп, жығылмай қалған шөп сабағын жұлып
шықтық. Бір жақ шетке барып тұрып, біткен іске сыртынан сүй-
сіне қарап, рахаттанамын. Батальон деген не деген ғаламат күш!
Мынау темірдей тәртіпті, әбден шыңдалған, шайқасқа даяр бата-
льонмен жаудың да қара-құрым қолына жетіп, оларды дәл өстіп
таптап, жерге тығатын боламын. Әрине, білетінмін: соғыстың
жөні басқа, бірақ оны осылайша елестетіп едім.
Шөп арасынан әжептәуір кең, төрт бұрышты алаң пайда бол-
ды. Бір жақ шетке нысана орнаттық. Батальон әлі де сапта тұр еді.
Бәрі де фанерге көмірмен салынған свастика белгісі бар каскалы
немістің басы кескінін көрді. Батальон күшін тағы бір мәрте бай-
қау әуестігі туған. Мен саптың алдыңғы қатарындағыларға жа-
тып, одан кейінгілерге тізерлеп отырып оқ атуды бұйырдым да,
команда бердім:
– Фашистерді көздеп, дүркірете... Батальон...
Сәл үзіліс жасап тұрдым. Бірнеше жүз винтовка төрт нысанаға
кезеле қалды. Ол кездері батальонның бір мезгілде дүркірете
атуы әскери ережеге жазылмаған-ды, бірақ мен тәжірибеге ен-
гізіп көрдім.
– Оқ ат!
Мәссаған! Бір атқаннан-ақ нысанасыз қалдық. Бәрі бір мезетте
қолмен кескендей ғайып болды. Бір сәтте жеті жүз оқтың атылуы
алапат нәрсе. Оқ қалқандар бекітілген қадаларды да жұлып кетті,
дал-дұл тесіліп, быт-шыты шыққан жұқа тақтайдың ізі табыла
ма, жоқ па. Мен біресе күйініп, біресе күлемін: табанымызбен
таптап алаң даярлап едік, енді атып жаттығатын орыннан тағы да
айырылдық...
Шайқастарға дейін немістерді осылай жұлмалаған едік. Ал
мына жерде... Бірақ «мына жер» туралы ойлағым да келмеген.
Өткен шақтың жүрекке жылы суреттері тағы да көз алдымнан
өтті. Жоқ, тек батальон туралы ғана емес. Өзге де жәйттер еске
түсті.
Волоколамск тас жолы
242
3
Кенет Брудныйдың даусын естідім:
– Жолдас комбат...
Өз-өзімді енді үмітімді үзейін деп көндірсем де, бәрібір оны
іштей бұйрық әкеледі деп асыға күткенім рас. Ұйқылы-ояу жа-
тып, мырс етіп күлдім.
Сөйттім де, орнымнан атып түрегелдім. Рахимов та тұрып
үлгеріпті. Оның шинелі жерде жатыр. Менің ұқыпты, сындар-
лы штаб бастығым киімін көтермеді. Өзі жайраңдап күліп жүр.
Брудный мен Курбатовқа кезек қарайды.
Екеуі қатар кірген екен. Екеуінің де шинельдерінен жаңа ғана
жұққан лайдың дағы жылтырайды: әлдебір тұстан еңбектеп өтсе
керек.
– Жолдас комбат, рұқсат еттіңіз...
Бұл өңім еді. Тірідей Брудныйдың өзі: жылдам сөйлеуі, ой-
нақтаған көзі, қызыл шырайлы жүзі – бәрі сонікі.
– Бұйрық бар ма?
– Иә, жолдас комбат, шегінуге...
Ол қолыма хатты ұстатты. Қаншама құмартқан тілегіңнің
орындала қалғанына бірден сене де қоймайды екенсің. Ә дегенде
санада: осы өңім бе, жоқ, түсім бе деген ой жүгіріп өткен-ді. Елес
те аяқталды. Сағатыма қараймын. Үш жарым. Сонда өзі, бірнеше
минут қана жатқанмын ба?
Полк командирі асығыс жазған хатында Долгоруковка дерев-
нясының сыртындағы орманда бізді штаб командирлерінің бірі
қарсы алып, әрі қарай Волоколамскіге апаратын бағытты нұсқай-
тынын айтыпты. Полк сонда қарай жылжыған көрінеді.
Волоколамскіге! Отыз шақырым шегінеміз! Бірақ қабаржып
тұратындай уақыт жоқ. Қазір үш жарым – жетіде таң атады.
4
Батальон рота-ротасымен қараңғы түн ішінде жіпсіп, шылқыл-
дай жайылған лайсаңмен тартып келеді. Жауынгерлер, зеңбірек-
тер, пулемет орнатылған екі аяқты арба, оқ-дәрі артқан лау, са-
нитарлық арбалар легін қайтадан сарбаздар қатары тұйықтайды.
Мен дағдым бойынша сапты өз тұсымнан өткізіп жіберемін
де, одан Торытөбелмен желдірте салып, қатарды басып озып,
қайтадан тізгін тартамын.
243
Таңертең
Ара-арасында тұнжыраған қара-қошқыл көктен ай сығалап
қояды. Ондай сәтте қараңғы түнек те түс жылытқандай болады.
Мен батальонды тағы да басып оздым.
Лекті Заев бастап келеді. Оның ротасы – алдыда. Суды шал-
пылдата басқан ол ұзын қолдары ербеңдеп, әдетінше сәл еңкең-
дей, салып ұрып, жүрісті жеделдете түседі. Төрт-төрттен сап тү-
зеген сарбаздар да қалысар емес. Рота өтті.
Бұлардың соңын жауынгерлік бөлімдер қатарына орналасқан
санитарлық взводтың арбалары жалғайды. Онда қырық жаралы
жатыр. Қозы қарны бұлтиған ауыр денелі фельдшер қартымыз
Киреевті таныдым. Жолда да әбігерленіп қызметін жалғастырған
ол арбамен қатарласа бере, еңкейіп, әлдекімнің бас жағын түзеген
секілді; бір мезгілде оны да қараңғылық құшағы сіңіріп әкетті.
Әне анау – «адасқақ» команда, Бозжановтың жасағы.
Долгоруковканы айналып өтіп, хикаятымызда бірнеше мәрте
айтылған Волоколамскіге апаратын сонау қиыршық жолға тақал-
дық; бұл тік бұрыштанып барып Волоколамск тас жолына жалға-
сады.
Немістер бұдан бірнеше күн бұрын, қазанның он алтысында,
жұдырықтай жұмылып, біздің қорғанысымызды бір соққымен
жапыра салып, одан танкі, жүк машиналары, мотоциклетпен Во-
локоламск тас жолы арқылы Москваға кіреміз деген оймен осы
жолға тарпа бас салған еді. «Булычево» совхозының іргесінде та-
науы тасқа тиіп, кейін серпілген жау қалған күндерде басқа шеп-
терді де бұзып өте алмады, дегенмен майданның осынау бөлігін-
де өздерін аз ғана күштің бөгеп тұрғанын білгендіктен, жеңістен
күдер үзбейді. Олар азырақ әлденіп алып тағы бір шабуылдасақ,
бөгет бұзылып, Москваға – сайраған Волоколамск даңғылы-
на жол ашылады деп үміттенді. Біздің жол бойында шайқасқан
бөлімдер шегініп те отырды. Алайда ертеңіне-ақ сол полк, сол
батальондар қайтадан жау алдынан кесе-көлденең шығып, оны
қатты титықтауға мәжбүр етті. Немістер әрбір жолы: міне, бұл
соңғы қарсылық, біздің ақырғы айқасымыз деп дәмеленгенімен,
тағы да сұлқ түсіп, бармақ шайнауына тура келді. Осылайша Во-
локоламск тас жолы ұрыстың негізгі өзегі болып қала берген.
Волоколамск тас жолы
244
5
Бізді Долгоруковканың сыртында полк штабы бастығының
көмекшісі лейтенант Курганский күтіп алды. Жайраңдаған жігер-
лі жігіт қолымды қуана қысады. Ол сол заматта-ақ екінші және
үшінші батальондарда біршама адам шығыны болғанын мәлім-
деген. Сарбаздар топ-тобымен де, жеке-дара да арпалысып, ше-
гіне ұрыс сала жүріп, жолға қайта оралып келіп бекініп, немісті
қырып-жойып, жау күшін сирете түсіпті. Бөлімдер түрлі тосқа-
уылдарды, танкілермен тістескен артиллерияны қалқа қылып,
жедел қарқынмен табан тірейтін түпкі меже – Волоколамск тас
жолына тартылып жатқан көрінеді. Дивизияның жаңа шебі – сол.
Курганскиймен бірге батальонға бірнеше арбаға тиелген азық-
түлік те жетті. Бізге арнап түнделетіп Волоколамскіде пісірілген
бір тонна ақ нан жіберіліпті.
Азық тиелген арбалар орман шетінде күтіп тұр екен. Мен ба-
тальонды осы жерде сәл дамылдатып, жұртты тамақтандырып,
аттарға жем бергізуді ұйғардым.
Тұрықты артиллерия аттары кері қайтуға тиісті еді. Біз тастап
кеткен «аралда» түнде қолымызға түсірген алты зеңбірек пен
төрт жүз снаряд тығулы тұр. Мен оларды тағы бір рет жау иегінің
астынан жұлып алуға тәуекел еттім.
Шығыс тұстан таң да ағарды, бірақ айнала төңірек қалың тұ-
маннан көрінбей кетті. Батальон орман ішіне кіре берген. Мен
Бозжановтың қасына келдім:
– Бозжанов! Өз адамдарыңды тоқтат! Он қадам шеткерірек
шық.
Өзге бөлімдерге: «Тіке жүріңдер!» деп команда бердім де,
штаттан тыс резервіме шола қарадым. Саптың аяғын пулемет
орнатылған екі дөңгелекті арба қасындағы пулеметшілер тұй-
ықтайды. Одан әріректе түнде өзім батальоннан қуып, айыпта-
рын шайқаста жуған адамдар тұр.
Мен Бозжановқа артиллериялық аттармен тұманды бүркеніп
барып, снарядтар мен зеңбіректерді алып келуге әрекет жасауды
бұйырдым.
– Өз командаңды тұтастай ертіп ал. Зеңбіректерді төрт
жағынан бірдей қорша. Егер шағын жау тобына кезігіп қал-
саң, жойып жіберуге тырыс. Жағдай қиынырақ болса ұрынба:
245
Таңертең
зеңбіректерді жарып жібер де, кейін қайт. Жылдам қимылда.
Сені осында күтіп отырғанымызды есіңнен шығарма.
Сымдай тартыла қалған ол қолын шекесіне апарып, кішірек
қысық көздері жайнап:
– Құп болады, жолдас комбат! – деді.
Ол бұрынғысынан сымбаттырақ көрінді; жүзі бал-бұл жана-
ды; оған командирлік жасау, өз бетінше жауапты жауынгерлік
міндеттерді атқару аса ұнайтын еді.
6
Жауынгерлер от жағып, шай қайнатып, кептірінуге кірісті.
Көпшілігі солдаттың мамық көк «төсегі» – қарағайдың қылқанын
шауып төсеп, ұйқыға шомған. Жылжымалы асханада былқып,
мол, етті сорпа қайнап жатыр. Батальон айналаға күзет қойып,
тынығуды бастады.
Таң бозарып атты. Жер жіпсіген. Тұман сейіліпті. Күн
бұлыңғыр.
Есебім бойынша, Бозжанов оралуға тиісті сағат сегізде әуеден
зуылдай төнген ұшақ гуілі естілді. Бір кезде өздері де көрінген.
Ала бұлттардың астын ала, бізден сәл ғана қиыстау тұста аласа
ұшқан немістің бомбалағыш самолеттері қаптады. Дәл сол сәтте
бізге көрінбес тасадан пулеметтер мен зеңбіректер тарсылдап қоя
берді. Көктен тасталған ауыр бомбалар жарылысы құлақ тұнды-
рады. Лек-легімен жөңкілген ұшақ қатары өздерінің ауыр жүк-
терін бізден төрт-бес шақырым жердегі Волоколамск тас жолы
жатқан маңайға тастап өтті.
Кенет жердегі атыс жиілеген. Әуедегі самолеттер жоғалды,
бірақ енді жаңа ғана бомба түскен аймақта басталған он да, жиы-
рма да емес, шамасы, гүрсілдеген жүз немесе жүз елу зеңбірек
үні жер жарды. Менің сонда жөнелткен атты барлаушыларым:
немістердің танкілік шабуылы жүріп жатыр, артиллерия соларға
қарсы оқ атуда деп баяндады.
Көп ұзамай атыс екінші бүйірде – бізден төрт-бес километр
жерде басталған. Ондағы артиллерия гүрсілі алдыңғы қарқын-
нан әлдеқайда әлсіз еді, алайда винтовка мен пулемет атысы қоса
естіледі.
Ал Бозжанов әлі жоқ... Мына жерде батальонды демалтып
нем бар еді. Жауынгерлер мен аттарды зеңбіректерге жөнелтіп
Волоколамск тас жолы
246
нем бар еді... Зеңбіректерді сол орында жарып жіберіп жүре бер-
генімізде – іс бітетін еді-ау!
Енді артиллериялық көліксіз қайда барамын? Мәселе тіпті
көлікте де емес қой... Өз адамдарымызды тастап, отрядты күтпей
кете алам ба?
Атыс екі жақта бірдей жүріп жатыр, ал Бозжановтың келер
түрі жоқ... Сайтан алғыр! Тағы да кешегідей жағдайға тап болға-
нымыз ба? Бұйрық бойынша тезірек кетуіміз керек, бірақ тыпыр
ететіндей жағдай бар ма...
Мен Рахимовқа:
– Менің бұйрығымды рота командирлеріне жеткіз: адамдар-
ды тұрғызып, жағалай қорғаныс жасап бекінсін! – деп бұйыр-
дым.
Жол торабында
1
Бірталай тыныштықтан кейін тас жолдың көз жетпейтін тұ-
сында зеңбіректер тағы да құтырына гүрсілдеді. Күркіреп, құлақ
тұндырған атыс арасынан анда-санда жекелеген мылтық-пуле-
мет үні естіліп қалады.
Ал екінші бүйірдегі айқас тіптен толас таппаған. Бірақ ол жақ
та шоқ тоғайлар тасасынан көрінбейді.
Одан соң ту сыртымызда, жолдың арғы бетінде де атыс
басталған сияқтанды.
Бозжанов бар болғырым әлі жоқ! Мен оны да, өзімді де іштей
қарғап-сілеп, алдынан салт аттылар жібердім. Алайда ызаланған-
нан не пайда – қыбыр ете алар емеспін. Өз-өзімді жіпсіз байлап,
қор болдым да қалдым...
Сарбаздар орман жиегін айналдыра қорғаныс шебін қазып жа-
тыр. Бұл енді сақтық үшін жасалып жатқан әрекет... Бозжанов
жеткен бойда бәрін тастап, тұра жөнелмекпіз. Солдат: «Босқа
әбігерленіппіз» деп бұрқылдауы мүмкін. Осының бекер іс бо-
луына жазсын!
Рахимовпен бірге роталарды аралап шықтым. Аз ғана дема-
лыс пен етті сорпа, ақ наннан кейін жұрт көңілденіп кетіпті. Мені
247
Жол торабында
әзіл-қалжыңмен қарсы алған. Таяу маңдағы зеңбірек гүрсілі мен
жан-жақтан атылған мылтық даусын елең қылар емес. Мұндайды
бастан бірінші рет кешіріп отырған жоқпыз: үрейлі шақтар кеше-
гі күнмен кетіп, батальон тарихында қалды. Мен де жеңілейдім.
Енді өле қоймаспыз деген ой келді.
2
Штабтың шатырына рота командирлерін шақырғанмын.
Зеңбіректерді әкелуге аттанған Бозжанов отряды белгіленген
мерзімнен кешігіп жатқанын түсіндіріп, өз шешімімді мәлім-
дедім: олар оралғанша батальон орнынан қозғалмайды. Қажет
жағдайда құтқаруымыз керек.
Көзқарас ыңғайларынан-ақ бәрінің жағдайды түсінгенін, бұй-
рықты жан-жүрегімен қабылдағанын аңдаймын.
Командирлермен сөйлесіп болған соң оларды босаттым. Ша-
тырдан бірге шықтық.
Ағаштар арасынан салт атты көрінді. Ол алыстан шаттана да-
уыстайды:
– Келе жатыр!
Бәрі аңтарыла қалды. Атты хабаршы көптен күткен жаңа-
лықты жеткізген: біздің әскерлер жақындап қалды, зеңбіректерді
тартқан Бозжановтың отряды орманға таяды.
Ақыр аяғында, әйтеуір, Волоколамскіге қарай жорықты жалға-
стыруға бұйрық беретін сәтім де жетті.
– Бәрің де орын-орындарыңа барыңдар! – дедім мен. – Жолға
әзірленіңдер. Филимонов, сен қала тұр.
Отыз бес жастағы арықша келген, жігерлі лейтенант Филимо-
нов үшінші ротаның командирі еді.
Ол менен: өз ротаңды көтеріп, сол бойда бастағы жорық заста-
васы ретінде жолға шық деген тапсырма алды. Ұрыс жағдайында
батальонның марштағы сап түзілімі осылай құрылады: бастағы
сақшы бөлім негізгі лектен үш-төрт шақырым алда жүреді.
Біз Филимонов екеуміз картаға қарадық. Ең төте және ең
оңтайлы бағыт тас жол еді. Басталған жылымық төңіректегі сол
жалғыз қатты белдеуден өзге жолдарды түгелдей ми-батпаққа ай-
налдырғаны анық. Бірақ осы төсеме жолға бірнеше тұстан екі
немесе үш топ болып немістер жұлқынып келеді. Мен ауырлау
дегенмен, сенімдірек бағытты таңдадым. Тас жолды кесіп өтіп,
Волоколамск тас жолы
248
одан соң солға қарай бұрылып, селоаралық жолдармен Волоко-
ламскіге тартамыз.
Филимонов жедел түрде батальонның негізгі күшінен тиісті
ара-қашықтықты сақтай отырып, осынау бағытпен жүруге тиісті.
Ол жүгіре басып, ротасына қарай жөнелді.
Синченко Торытөбелді әкелген. Ерге ырғып мініп, Бозжанов-
тың отрядын бетке алдым.
Ірі тұрпатты артиллерия аттары зеңбіректерді жолсыз, жайдақ
ойпат табанымен зорға тартып келеді. Тұман бір қабат қырбық
қарды жалап алғандай жоқ қылып үлгеріпті. Дөңгелектер шым
қыртысты айғыздай тілгілейді. Жауынгерлер ылғал, тайғанақ
шөпке табан тіреп, аттарға жәрдемдесіп жүр...
Өздері маған жақтырмай, алакөздене қарайды. Әлдекім, тіпті
түнеріп, боқтанып та жіберді. Біреуі:
– Ех, жолдас комбат... Қайдағы бір жолдардың бәріне салды...
– деп қалды.
Екіншісі төмен қараған күйі күңк ете түсті:
– Оның несі кетіп барады? Биесін қамшымен бір тартады да,
тайып тұрады...
Пашконы танығанмын.
– Пашко! Не дедің жаңа?
– Ештеңе айтқан жоқпын...
Оны тәртіпке шақырып, командирдің қолы қандай болатынын
сездіріп қоюым керек еді, бірақ үндемедім. Бұларға не көрінгенін
түсіне алар емеспін. Бұлар қауіпті, қиын істі ойдағыдай орындап,
әскери тапсырманы биік деңгейде атқарып келді емес пе. Масат-
танудың орнына ұнжырғалары түсіп кеткені қалай?
Бозжанов та жетті. Әшейінде жайраңдап, күліп жүретін ол
енді тұнжырап, байсалды тарта қалыпты.
Бозжанов қалыпты тәртіп бойынша мән-жайды баяндауға
кіріскенде сөзін бөлдім:
– Сендерге не болған? Бәрің бірдей неге божырап кеткенсің-
дер?
Бозжанов үні құмығып, көңілсіз ғана:
– Біліп қалды... – деді.
– Нені біліп қалды?
– Мұнда біздің әскерлердің шегінгенін. Ал біз тағы да...
249
Жол торабында
– Немене тағы да? Не айтып тұрсың өзің?
Менің көзіме тесіле, ұзақ қараған Бозжанов қабағын түйді:
– Ақсақал, маған неге олай дейсіз? Өзіңіз де білесіз ғой, мен...
Қайтадан сөзін бөлдім:
– Сенің «мен» дегенің әне! – деп зеңбіректерді тартып, тү-
неріп келе жатқан сарбаздарды нұсқадым. – Соларды ойла: ел
үшін сен жауап бересің. «Біз тағы да» деген не сөз?
– Тағы да жалғыз қалдық...
– Оны қайдан шығардың?
– Біздің көзімізше күзеттің бәрін әкетті... Бәрі кеткен... Ба-
яғыда, ақсақал.
Міне, мәселе қайда! Севрюковтың «солдаттың сымсыз теле-
фоны» деген сөзі есіме түсті. Осы «телефон» жеңіске жеткен
сәтте қандай қуантқан еді! Ал қазіргі шегінген сәтте, түрпідей
тиеді...
Зеңбіректер мен снаряд жәшіктері баяу жылжып келеді.
Жұрттың қимылына ойлана қараймын. Пашконы тағы да көрдім.
Бұрынғысынша, жерге қарай бұқшиып, елмен бірге зеңбірек
итерісіп жүр; бұлшық еті бұлтылдап, тоңы жібіген балшық то-
пыраққа табан тірей, зеңбірек тұғырына бүкіл тұлғасымен жа-
тып алыпты. Етігі лай-лай, бірақ сары былғарылы ұзын, сәнді
қонышы сонадайдан көз тартады. Мен еріксізден:
– Ананың киіп алғаны немене етік? – деп сұрадым.
Бозжанов:
– Новлянскоеде бір немістің аяғынан шешіп алды. Офицерді
өлтіріп, киді...– деді.
Иә, қызық жігіт бұл Пашко деген. Батыл, өжет, бірақ... қатаң
әскери тәліммен сіңіп, солдаттың екінші болмысына айналатын
жауынгерге ең қажетті қасиет – тәртіптен жұрдай.
Мұны әлгінде ғана тезге салып қоймағаным бекер болыпты.
Өзгелерге сабақ болар еді... Қазір бәріне командирдің әмірлі
сөзін естісе теріс емес-ті.
Тек ондайға айналатындай жағдай жоқ. Шұғыл түрде Бозжа-
новтың хабарын тексеріп, жағдайды анықтап, жинақталып,
шешім қабылдауым қажет.
Осылайша командир үшін ешбір жағдайда жіберуге болмай-
тын қателікке ұрындым: солдаттың әдепсіздігіне жол беріп: «Тіз-
Волоколамск тас жолы
250
гінді ешқашан босатпа!» деген қағиданы бұздым, өктем сөзбен
солдат рухын көтермедім.
Соның салдарынан арада бірнеше минут өткенде іс насырға
шауып, қан төгілді.
3
Жаңа ғана құлақ тұндырып, күндей күркіреген зеңбірек атуды
сиретті, бірақ үні анық естіліп тұр. Әлде олар жылжып жақын
келді ме немесе орман қалқасынан жазық алаңға шықты ма, әйте-
уір, дауыс тура құлақ түбінен жететіндей. Өзге бүйірдегі пулемет
пен винтовка тарсылы алыстай түсіп, басқа тұсқа ауысты.
Ал алдымыз бұрынғыша түгелдей бос: айнадай жарқыраған
шалшық су мен лайдан көрінбейтін жолдың бір үзігі, шылқыл-
даған сай бөктері, көкжиектегі сұрғылт аспанмен астасқан
кедір-бұдыр жота, артымыз – орман.
Көңіл орнықсыз: не алған тапсырма жоқ, қиян-кескі майдан
ортасында ештеңені көрмей-білмей, тыпыршып отырмыз. Ба-
тальонды атты шолғыншылар күзетіп жүр, бірақ Бозжановтың
хабарынан кейін жақын маңайдағы төбешіктердің бірінен жан-
жаққа қарап, төңіректі байқастауды ұйғардым.
Бозжановқа:
– Зеңбіректерді орман ішіне апар. Мен дөңге шығып, айна-
лаға көз салайын, – дедім.
Синченко соңымнен ілеспек болып еді, бірақ оны орман
шетінде қалдырдым.
Бір минуттен кейін Торытөбел шоқытып, мені қия беткейге
алып шықты. Қарсы алдымнан тас жолдың бойында орналасқан
село көрінген. Көшеде, жол үстінде қозғалыс бар, арагідік аппақ
болып жарқ-жұрқ еткен зеңбірек оты байқалып қалады. Дүрбі
салдым.
Біздің артиллерия шегінген екен. Қару тіркеген тракторлар се-
лодан шығып, тас жолдан егістік арқылы бір бүйірге қарай бұры-
ла жылжып барады. Зеңбіректердің қасындағы артиллеристер
абыржып, арттарына жалтақ-жалтақ қарайды. Мен полковник
Арсеньевтің ұзынтұра сұлбасын таныдым – ол дивизия артил-
лериясының бастығы еді. Дүрбіден байқадым: ол тоқтады да,
қалтасынан портсигарын шығарып ашты, темекі алды, сіріңке
жағып, шылымын тұтатты – мұның бәрін сонша баппен, асықпай
251
Жол торабында
жасаған; одан соң қыбырлап жанынан өтіп бара жатқан қарулар-
ды бөгеп, әлдебір жақты қолымен нұсқады. Трактор бөлініп кетті
де, артиллеристер орын-орындарына тұра қалған. Дүрбінің көзін
Арсеньев сілтеген тұсқа қарай бұрғанымда, алғаш рет неміс
танкілерін көрдім... Қара-көк мұнарасындағы ақ крест, жіңішке
оқпанынан атқылаған жалын көзге түсті... Жүйткіген бойы оқ
жаудырып, селоға қарай екпіндеп келеді.
Бір сәт жанар тайдырмай, жаңа заманғы шайқас тізбегін тама-
шалай тұрғым келгенімен, дүрбіні түсіріп, жан-жағыма қарадым.
Тас жолға түйісетін жай жолмен менің аттыларым құйғытып
келеді. Бұлар, тәрізі, келе жатқан немістермен бір жерде кезік-
кен-ау; біздің солтүстікке қарай шегінген бөлімдер мына сүрлеу-
ді тастап кеткен болды деп долбарладым.
Алдымыз бөгеліп, қиылыста қамалып қалмау үшін дәл қазір
батальонды әзірше саңылауы бос тұрған село арасындағы соқпақ
жолдың арғы бетіне өткізіп алсам дұрыс болар еді. Мен абыржып,
төңірекке қарай бердім. Кенет өзімнің бұйрығым бойынша жолға
шығып үлгерген Филимоновтың ротасы көрінді.
Ойпат табанына түсіп алған рота қатар-қатарымен селода не
болып жатқанын білмей, танктерді көрмей, тура немістердің ара-
нына қарай адымдап барады. Мына Филимоновты жын қаққан
ба, немене? Соқыр адамша қимылдағаны несі! Өкшелікпен қат-
ты тебініп қалғанымда, ауырсынған Торытөбел алдыға қарай бір-
ақ ытқыды.
Орман жиегімен құйындатқан бойы батальон тұсынан өтіп,
рота соңынан жөнелдім.
4
Қуып жеткенмін.
– Рота, тоқта! Филимонов, қайда кетіп барасың? Жын ұрды
ма сені?
Ол сасқалақтап:
– Тыңдап тұрмын, жолдас комбат, – дейді.
– Қайда кетіп барасың?
– Мен мына қойнау арқылы орманға шығып кетпекші едім,
жолдас комбат. Одан селоға өтпекшімін-ді. Содан кейін жолға
түсіп, бағыт бойынша жүруді ойластырғанмын.
Волоколамск тас жолы
252
– Алдыңа шолғыншы салмағаның қалай? Селоны немістер
басып алды!
Ол қызылшырайлы жүзі күреңітіп, қипыжықтап тұр. Осы
Ефим Ефимович Филимонов кейінірек батальон батырларының
біріне айналған, ал сол сәтте танкіге қарсы қолданатын қаруы
жоқ өз ротасын жыра ішімен айналадағы ештеңені көрмей апа-
рып, жауынгерлерді апатқа ұрындыра жаздады.
Әйтеуір, тоқтатып үлгердім, рота бірде-бір сарбазы шығын
болған жоқ, бірақ уақыттан ұтылдық.
Бір қарасам, бізге қарай сай арасымен әлдебір салт атты өрше-
лене құйындатып келеді. Мен Синченконың сұр биесін таныдым.
Ол жеткен бойда аптығып:
– Жолдас комбат, қашты... – деді.
– Кім?
Ол сұрақты жауапсыз қалдырып, ентіккен күйі, апыл-ғұпыл,
сөзін жалғастырды:
– Олар сізді көріп қалып... «Комбат қашты!» деп айқай сал-
ды. Сөйтті де топырлап безе жөнелді...
– Кім?
– Әлгі... Кешегілер... Сіз қабылдап алған...
– Ал батальон қайда?
– Білмеймін... Жолда немістер келе жатыр. Біреу «Комбат
қашты!» деген бойда бәрі тым-тырақай зытып берді, ал мен де-
реу сізге қарай ұмтылдым...
Мен:
– Филимонов! Ротаны кейін қайтар! Тез! Синченко, ер соңым-
нан! – деп қалдым.
Сөйттім де өкшелікпен Торытөбелдің бүйірінен бүгінге екін-
ші мәрте тебіндім.
5
Орманға қарай зулап келемін. Алыстан қарағанда іші боп-бос
сияқтанады. Шынымен, жан баласы қалмағаны ма? Әлде осы-
мыз бекер дүрлігу ме? Менің болаттай берік деген батальоным-
ның бір мезетте ту-талақайы шыққаны рас болғаны ғой? Онда
өмір сүрудің не қажеті бар! Жоқ сенбеймін, мүмкін емес.
Құйындай ұшырып келе жатып орман шетіндегі бірнеше
адамды аңдаймын. Өздері мені күтіп тұрған секілді. Зымырап
253
Жол торабында
сонда жеттім. Тұнжыраған Заев көрінді, қазылып бітпеген атыс
ұяларын, жер-жерде үйілген жас топырақты көзім шалды. Сар-
баздар жоқ.
– Заев! Батальонға не болды? Жауынгерлер қайда?
Ол қолын шекесіне апарып жауап қайтарды:
– Жолдас комбат, жолға даярлану туралы команда беріп едіңіз
ғой.
– Ал... Рота қайда?
– Түпкірде сапта тұр... Жолдас комбат, ротада тәртіп бұ-
зылған жоқ.
– Мына жерде не болды өзі? Қайда?
Заев мен осыдан бірнеше минут бұрын қаруларды күтіп алған
жақты нұсқады. Түнеріп бұрқ ете түскен:
– Анда...
Әй, мынаның аузынан сөз алудың өзі қиын ғой... Торытөбел-
мен тағы да әрі қарай жөнелдім.
Әлдебір тұстан өткенде поселкенің төбесі жылт ете қалған.
Шұбырған машиналар легі, ақырын жылжыған шынжыртабан
зеңбіректер. Немістер, әрине!
Одан тау бөктерлеп, сайға түстім. Екі зеңбірек орман арасына
апарылмапты. Кеше түнде Новлянскоедегі шайқастан кейін өзім
батальон құрамына қабылдағандар қарулардың түбіне ұйлығы-
са қалыпты. Ешбір қимылсыз, батпаққа батқан зеңбіректердің
дөңгелегі мен аттарды сағалап, бейберекет үймелесіп тұр. Өңі
қашып, сұрланып алған Бозжанов назарыма ілікті; ерні қатты
жымырулы, қолында қыса ұстаған пистолеті бар.
– Бозжанов! – деп дауыстадым мен. – Қашқан мыналар ма?
«Комбат қашты» деп айқайлаған осылар ғой?
Ол үн-түнсіз бас изеді. Әлі сол тістенген күйі жүр, мен білетін
дөңгелек жүзі адам танымастай өзгеріп кеткен, екі жағы суалып,
әбден қатуланып, сұстанып алыпты.
Мен:
– Міне сендердің комбаттарың! Бәрің көріп тұрсыңдар ма
мені? Бозжанов, байбалам салған кім? Барлығы шулады ма? –
деп айқайлап жібердім.
– Әне, аналар...
Волоколамск тас жолы
254
Бозжанов иегімен төменді нұсқады. Сонадай жерде етпеттен
түсіп екі адам өліп жатыр. Ылдиға қарай аққан қан ат тұяғының
іздерін толтырып тастапты. Бәлендей айрықша белгісін байқай
қоймасам да, бұлардың бірін жобалап таныдым – даңқты батыр
болатындай-ақ жігіт еді. Бірақ амал не... Отанын сатқан опасыз,
қорқақ ретінде өлім құшыпты. Иә, бұл Пашко еді. Жүріп бара
жатқанда ұйып қалғандай, рабайсыз айқасқан аяқтарындағы –
лай жұққан, биік қонышты, сары былғарылы етігін көрдім.
Әлден мезгілде Бозжанов өз-өзіне келіп, маған қалыпты тәртіп
бойынша жағдайды мәлімдеуге кірісті:
– Баяндауға рұқсат етіңіз... Жолдас комбат, аяқ астынан туын-
даған дүрбелеңге байланысты қару қолдануға мәжбүр болдым.
– Ал мыналар ше? Бұлар да қашты ма? Қашқандардың бәрін
бірдей неге жайратып салмадың?
Бозжанов үндемеді.
– Менің бұйрығым мынау: егер қорқақтар тағы да қашатын
болса, ешбір ескертусіз-ақ табанда атып таста.
– Құп болады, жолдас комбат.
Жоқ, мен қанқұмар емеспін. Қисынсыз қаталдық жиіркенішті
нәрсе. Бірақ бұл – елдің санасына соғыс заңын, армия заңын ғұ-
мыры ұмытпастай сіңіру талап етілетін кез еді.
Тобырға қарап:
– Ал комбатты бәрің көрдіңдер ме? Барлығың естідіңдер ғой?
Бозжанов, адамдарыңды тиісті тәртіпке келтір! Зеңбірктерді ор-
ман ішіне апар! Одан соң маған штабқа кел – қорғаныс учаскесін
аласың, – дедім.
Мен тізгінді қағып қалдым. Біраз аптығы басылған жануар
шпор мен саусақ ырқына бағынып, ормандағы штаб шатырына
қарай аяңдады.
6
Біз неміс колонналарының үшбұрышты қыспағында қалдық.
Батальонның жолы тағы да кесілді.
Біздің хикаятымыздың келешектегі сыншысы осы үшін
кінәлі адамды іздегісі келсе, оның міндетін жеңілдетейін: айып-
ты – менмін! Тәуекелсіз соғыс жоқ! Мен қауіп-қатерге бас тігіп,
адамдарды тылда қалған снарядтар мен зеңбіректерді алып келу-
255
Жол торабында
ге жұмсадым. Зеңбірек жеткізілді, бірақ батальон тұтылды, қор-
шауда қалды. Енді қараңғы түспей шыға алмайсың.
Қателікке ұрындым ба? Әбден мүмкін. Алды-артқа мұқият қа-
рап, мейлінше сақ қимылдауым керек пе еді? Ол да жөн.
Ақылды кісілер кінәлі деп тапса, қателігімді аяусыз бетіме
бассын, мен өзімді сүттен ақ, судан таза, алтын басты немесе,
анығырағы, мінезі жібектей командир ретінде көрсетпек емеспін.
Біз неміс колонналарының ортасында қалдық. Тас жолмен
танкілер өтті. Бұлардың соңын ала Волоколамск мен Москваға
қарай екі қатарға тізіліп, немістің негізгі жойқын күші: жүк
көліктері, мотоциклеттер, тягачтар – жаяу әскер, оқ-дәрісі, ар-
тиллерия ағылды. Кеше біздің қасымыздан бұзып-жара өткен қо-
сымша күш көліктері де бүйірдегі сүрлеумен жүйткіп келіп, тас
жолға шығып жатыр.
Жол торабында кептеліс күшейді. Немістің жол қызметі көлік
легін кезек-кезегімен бөгеп, қозғалысты реттеуге де кірісті.
Мен дүрбіден қарап тұрмын. Жүк машиналарында отырған
неміс солдаттары, тура кешегі Новлянское түбіндегідей, түгел
дерлік өрімдей жас көрінді. Керемет шадыман көңіл, күлкі, желі-
гу аңғарыла қоймайды; бастарында пилотка, үстілерінде жұқа
шинель, көпшілігі қолдарын жеңдеріне сұғынып алған – қазан
айының ығыр қылар ылғалды ызғары діңкелететін секілді. Бұл –
басқыншылар үшін күнделікті дағды; олар тек «Алға, алға!» деп
әдеттенген.
Қасыма артиллерия батареясының командирі келді.
– Қаруларың көздеулі ме? – деп сұрадым мен.
– Көздеулі, жолдас комбат.
– Оқтап болған соң мәлімдеңдер!
Жолдар түйісетін тұстағы орман мүйісіне сегіз зеңбірек орна-
ластырып қойған едік. Артиллеристердің бір бөлегі Шиловтың
өзге пунктке орнатылған алты зеңбірегіне жіберілді. Мүйіс пен
жол тоғысына дейінгі аралық бір километрдей; нысана көз алды-
мызда; неміс машиналары көздеуіш мәнзарасынан айқын көрі-
неді; бұл – төтесінен ату деп аталады.
– Дайын! – деп мәлімдеді батарея командирі.
– Ал, кіріс! Үстемелете ұр! Дүркірете соқ!
Команда да берілді:
Волоколамск тас жолы
256
– Батарея...
Сәл үзіліс.
– Огонь!
Жарқ ете түсті. Жер тітіреткен гүрсіл басталды. Дүрбі-
ден көрдім: жаңқа болып ұшқан ағаш, қаңылтыр кесінділері,
астан-кестен...
– Огонь!
Машиналардан түсе қашқан немістер жанталасып, жыра-жы-
раны, жол жиегін сағалады: олардың реттеуші қызметі де көз ал-
дынан ғайып болыпты.
– Огонь!
Жоқ, «жеңімпаз» мырзалар, бұл жерден өте алмайсыңдар сен-
дер! Біздің жолымызды кестім деп ойладыңдар ма? Жоқ. Жол-
ды зеңбірек оғымен кескен – бізбіз, сендердің колонналарыңды
қақ айырған мына бізбіз. Сендер Москваға асығып бара жатыр
ма едіңдер? Сәл аялдаңдар. Алдымен бізбен тартысып көріңдер,
Қызыл Армия батальонын жаншып байқаңдар!
Винтовка, винтовка,
құтқарасың ба сен бізді?
1
Тас жол бойындағы қимылдың бәрі тоқтады. Артқы машина-
лар зорға деп кейін бұрылып, қарсы алдындағы көліктерді айна-
ла өтіп, бір-бірін кимелеп, селоға қайтадан бағыт түзеді.
Мен машиналарды талқандау үшін мүйіске екі зеңбірек қал-
дырдым да, дұшпан ес жиып, жауап қайтаруға кіріскен кезде по-
зицияны өзгертіңдер деп бұйырдым.
Қалған зеңбіректерді жедел қарқынмен балта, араның көме-
гімен жол тазалап, орман арқылы селоға жақын маңайға сүйретіп
апардық.
Дүрбі, телефон тұтқасын ұстаған нұсқаушылар қарағайлар-
дың басына шығып алды. Сол бақылаушылар село ішінің маши-
наға лық толғанын; оларды жайдақ жол арқылы өзге жақтарға
жөнелтіп жатқанын, алайда көбі батпаққа батып, шыға алмай
тұрғанын жеткізген.
Мен батарея командиріне:
257
Винтовка, винтовка, құтқарасың ба сен бізді?
– Бұларға біраз оқ жаудыр! Опыр-топырдың арасына алпыс
снаряд жібер. Одан кейін менің бұйрығымды күт. Бас көтерер
болса, тағы қайталаймыз, – дедім.
Сөйттім де штабқа беттедім. Роталар орман ішінде жағалай
шеп құрған. Сарбаздар жерді терең қазып, жайғасып алған екен.
Біз бекінген танап кешегі «аралымызға» қарағанда кеңірек-тін,
бірақ соған да қарамастан қорғаныс шебінің аралығын әдейілеп
сирек орналастыруды ұйғардым, себебі неміс оғынан шығын-
ның мейлінше аз болуын ойластырдым – ал ол шабуылдың
басталатыны анық еді. Бір пулемет және үш атқыштар взводы
резерв ретінде түкпірдегі түрлі нүктелерге орналастырылды. Ре-
зерв жауынгерлеріне де бекінетін окоп қазып алуды бұйырдым.
Жер-жаппа – иір-иір тар траншеяларға жаралылармен бірге мед-
пункт те жайғастырылды. Шаруашылық взводы аттарға арнап
ықтасын қазуға кіріскен.
Батальонның басқару пункті де шатырға емес, төбесін бірнеше
қабат бөренемен бекіткен жертөлеге орналасты. Онда бұрынғы-
дай шам жағылыпты, таныс үстел тұр, бұрышқа телефоншылар
жайғасқан; қарсы алдымнан әдеттегіше Рахимов шығып, күтіп
алды.
Командалық пункттен Шилов зеңбіректері тұрған атыс пози-
цияларына телефон соқтым. Олар селоаралық жолдарды атқы-
лап жатты. Бұл меже жол торабындағы қираған машиналармен
бекітіліп қалған еді.
Деревняның бізге таяу жол айрығында кептелген машиналарға
да елу снарядтай атуды бұйырдым. Аңдап тұрмын: жау не олай,
не былай жылжи алмай, тыпыр етуден қалды. Ызалы дұшпан
енді азулы аранын ашатыны анық. Мейлі, жұтып байқасын... Біз
секілді тікенек кеңірдегіне кесе-көлденең тұрып қалмаса болды.
Санаң да тұп-тұнық, денең де жеп-жеңіл болып, әрбір жасуша
талшығың жұдырықтай жұмылған ғажайып тас-түйін жинақылық
сезімі сізге таныс па, білмедім. Тұс-тұстан менің зеңбіректерім
зіркілдеп тұрды. Шабуылдап жатқан біз едік. Ойын тізгіні біздің
қолымызда-тын. Кешегідей еңсе езілу, кешегідей үрей билеу құд-
ды болмағандай.
2
Волоколамск тас жолы
258
Немістердің Польша, Голландия, Бельгия және Францияда
қолданған қауырт соғыс тактикалық қағидасының бірі – түрлі
майдан шебін бұзып өткен соң өз қарсыласының талқандалып,
ерік-жігерден айырылып, тоз-тозы шыққан бөлімдерін артқа та-
стап, өршелене алға қарай ұмтылу еді. Москва түбінде гитлер-
шілер мұнысын жасай алмады.
Дегенмен, өз батальоным туралы ғана айтайын.
Жорық кезінде аялдаймыз деп, алдымыз кесілген біз (жақ-
ша ішінде қайталай кетейік, оған кінәлі – менмін), өз кезегінде
осы маңайдағы немістер жүйткитіндей жалғыз тас жолды оқтың
астына алып, бекітіп тастадық. Әскери тілде мұны «жолды оқпен
билеу» дейді.
Сонымен қатар біз «алға, алға!» деп дағдыланған немістерді
қарсыласымен арпалыстырып, әлекке салып қойдық. Дағда-
руға мәжбүр еттік... Соғыс жағдайында мұны «жауды өз ырқыңа
бағындыру» дейді.
Немістер орманды снарядпен де, минамен де атқылауға
кіріскен. Біз де артиллерия орнын әрі-бері көшіріп, лайықты жа-
уабын қайтарып жатырмыз. Он төрт зеңбіректің бәрін бір жер-
ге шоғырландырып, жау тылына дүркірете оқ атамыз да, одан
зеңбіректерді дереу екіден, төрттен әр тұсқа шашырата орнала-
стырып, өзге пункттерге жеделдете оқ жаудырамыз. Қарағайлар-
дың басынан алты бірдей деревня айқын көрінеді.
Олардың алтауы да жау қолында-тын. Сол пункттердің бәріне
де кезек-кезегімен сыбағасын беріп бақтық, бір жақсысы, снаряд
пен зеңбірек жағынан бай едік.
Тоғыз бомбардировщик ұшып жетіпті. Гуілдеп, төбеміз-
ден төніп келеді. Ауыр бомба жарылыстарынан орман ішінің
астан-кестені шықты. Жағдайларыңыз не болды десеңіз, Жер
анамыз сақтады. Ықтасын-шұңқырлар қазып үлгермегендіктен,
көбінесе, аттар зардап шекті. Он төрт ат өлді, екі зеңбірек қирап,
алты адам жараланды – әуе шабуылының салдары осындай.
Түс әлетінде солтүстікке қарай он бес шақырым ішкеріректе,
яғни, Волоколамск бағытынан таңертеңгідей жиі-жиі гүрсілде-
ген зеңбірек даусы естілді. Алыстағы атыстар біртіндеп тұтастай
гуілге ұласқан: дыбысына қарағанда, онда таңертеңгіше атыс
жүргізіп жатқан он-жиырма емес, жүз немесе жүз елу зеңбірек
259
Винтовка, винтовка, құтқарасың ба сен бізді?
сияқты. Кейіннен білгеніміздей, бұза-жара өткен танкілерді өзге
артиллериялық полк күтіп алыпты. Ал мына жақта біз жауға
көмекке бара жатқан қосымша күшті жібермей, артиллериясын,
машиналы жаяу әскерін, ұрыс жабдықтарын бөгеп қалдық.
Жаяу әскерлер тізбегі бізге үш мәрте шабуыл жасады. Әр
жолы немістер қатарын жақын жіберіп, винтовкамен бір мезгіл-
де дүркірете атып, тұтқиылдан пулемет оғының астына алып, сау
қалғандарын жер бауырлап қашуға мәжбүр еттік. Бір шабуылы ор-
ман ішінде орын ауыстырып бара жатқан біздің бірнеше зеңбірек
тұсына тап келе қалған. Әрбір нағыз артиллерист жаудың жаяу
әскерін картечьпен қарсы алуды армандайды, міне, дәл сондай
сәт туды. Картечьпен ату дегеннің не екенін білетін шығарсыз?
Оқпаннан шыққан снаряд ауада ұшып бара жатып жарылады да,
шашыраған мың-сан ажал оғы шабуылдаған жаяу әскердің қақ
маңдайынан алапат күшпен қадалып, жусатып салады.
Бұл күні біз жауға қарапайым ғана соғыс шындығын үш мәрте
дәлелдедік: ойда жоқта жақын жерден атылған оққа кеуде тосу
– бос әурешілік, атыс ұялары жойылмаған, әскерінің рухы түспе-
ген шепті алуға ұмтылу – бекер іс.
Ал бізді жаныштау деген – о-о, бұл үшін немістердің қаншама
артиллериялық оқ шығындауына, қаншама уақыт жіберуіне тура
келер еді. Уақыт, уақыт – міне, біздің жаудан ұтқанымыз. Әрине,
бұған қоса әскерін де жайратып, тірідей екпінді күшін шығынға
ұшыраттық.
Кештің батқанын да байқамаппыз. Енді жылжу жағдайын ой-
ластыру қажет. Бірақ, білесіз бе, кеткің келмейді екен. Оқ-дәріміз
азайды, әйтпесе, мен осы орында әлі де бір тәуліктей ықыластана
шайқасар едім; тағы бір күндей жаудың түп етегінен жармасып
алып, ермек қыла тұрар едім...
Ешбір қорқыныш жоқ-тын. Еңсемді езген ауыр ой кешегі
«аралда» қалғандай.
Осылайша қоршауда қалу үрейі сейілді. Осылайша жоғары
әскери білімнің алғашқы басқышынан өттік.
3
Қараңғы түсті. Барлаушылар төңіректегі деревнялардың
бәрінде неміс әскерлерінің қаптап отырғанын, әрбір елдімекенге
Волоколамск тас жолы
260
күшті күзет қойылғанын жеткізді. Батальон шығып кететіндей
жол жоқ.
Дегенмен, тас жол біз осында тұрғанда немістердің қолына
өтпек емес. Мен тұйықтан шығу амалын қарастырдым. Орман
арасымен сытылып кетуге болады. Міне, карта – қараңызшы.
Байқайсыз ба, солтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылған орман
алқабының аяғы Волоколамскіге жетіп жығылады. Жаяу әскер
орман ішімен оп-оңай өтеді. Ал дөңгелектер ше? Зеңбіректерді,
ат-арбаны қайтеміз? Тастап кете береміз бе?
Толғана жүріп, соғысты да жалғастыра бердім. Немістер қа-
раңғылықты жамылып, тас жолдағы қозғалысты жалғастыруға
тырысты. Біз ырық бермедік. Олар машиналарды орағыта өткізу-
ге талаптанады. Біз тағы да жағаласып, жол айрығын атқыладық.
Мен бұрынғысынша, жауды тығырыққа тірегенімді сезіндім. Бо-
сатқым жоқ.
Кешкі тоғыз әлде онда Панфиловтың өкілі – лейтенант Анисьин
келді. Ол қолыма генералдың: «Қоршаудан тез шығып, батальон-
ды Волоколамскіге жеткіз» деген қысқаша хатын ұстатқан.
Анисьин бізге орман арасымен жетіпті. Батальон мен біздің
әскерлердің аралығы жиырма бес шақырымдай. Бұл белдеуді қа-
лай өтеміз?
Мен бір шешімге келдім: қараңғыда орман алабына сіңіп ке-
теміз де, компас көмегі арқылы жылжып, артиллерия мен ат-ар-
ба үшін жол арши отыра, тікелей Волоколамскіні бетке аламыз.
Аттанарда зеңбіректеріміздің оғы жететін жердегі немістердің
барлық тылына дүркірете оқ атып, қоштасу «концертін» бердік.
Ал осымен көріскенше күн жақсы, мырзалар! Біз әлі кездесеміз.
Сөйтіп батальон жүруге ыңғайланды.
4
Түн түнегін жамылып, ғасырлардан бері тұрған ну орман
ішімен жүріп келеміз, жүріп келеміз. Ара мен балтаның көме-
гімен ағаштарды кесіп, шауып құлатып, шетке сүйреп тастап,
жолымызды аршып, соңымыздан өзіміз туралы естелік те қалды-
рып барамыз.
Батальондағы жетпіс ара, жүз елу балтаның бәрі де іске қо-
сылған. Бір қалыппен жылжи түстік. Қараңғыда жаңа шабылған
ағаш түбірлері ағараңдап көрінеді. Аршылған жолмен қос аяқ
261
Винтовка, винтовка, құтқарасың ба сен бізді?
арба, санитарлық арбалар, зеңбіректер тартылып келеді. Сүй-
реп келе жатқан он екі зеңбірегіміз бар. Шайқас кезінде қираған
екеуін өзіміз жарып жібердік. Он екідей ат өлді, тартатын жүк
көлемі да азайған: мыңнан аса снаряд жауға қарсы жұмсалды, ең
зәру кезде қолданатын қор ғана сақталған. Патрон салулы жәшік-
тердің саны да аз. Оқ дәрінің түгесілу себебі түсінікті – зеңбірек-
тен дүркірете атқыладық, пулеметтен оқ жаудырып, жаудың үш
шабуылын тойтардық. Арбаларда нан да, консерві де, жарма мен
жеміс-жидек те қалмаған, тек жаралыларға деп сақтаған азын-ау-
лақ бірдеңелер бар. Иә, кететін кез жетіп еді. Уақытында жылжы-
масақ, ертеңгі күніміздің мүшкіл болатыны анық.
Алдымыздағы ағаштарды балтаның, араның астына алып,
жүріп келеміз. Қимылымыз өнімсіз; орманның дауылдан қирап,
жапырылған тұсы немесе ну жыныс ұшырасқан жерлеріндегі
жылдамдығымыз сағатына бір шақырымға да жетпейді. Әйткен-
мен, жолымызды талмай тазалап, компас бағыты бойынша жыл-
жи бердік. Ал өзіміз туралы балтаның жүзі арқылы артта қал-
дырған «ескерткішіміздің» ондаған жылдар бойы сақталатыны
анық.
Кідірместен тынымсыз жүріп келеміз, тек әрбір сағат сайын
жұмыс істеушілерді алмастырып отырамыз.
Ормандағы дамылсыз қимыл үстінде таң да атты. Сорайған
қарағайлардың діңі жас шыбықтар мен қураған ағаштарды жа-
пыра жаншып, сырылдап, ысылдай барып, гүрс-гүрс құлайды.
Кенет тыныштық орнай қалған. Аралардың шыңылы тоқтады.
Балта тарсылы тыншыды. Кешігіңкіреп, көлбеңдей келіп, ысқы-
ра жығылған әлдебір биік ағаштан кейін дыбыс атаулы сап тый-
ылды!
Бастағы шолғыншы: батальон көлденең жатқан алаңға жетті
деп мәлімдеді. Сол жерде тас жолға апаратын сүлеу бар көрінеді.
Ал жолда жау әскері жүр.
5
Орман шетінен қарап тұрмын.
Батпақтаған жүк машиналары дөңгелектері шыр айналып,
зорға жүріп барады. Жаяу әскерге арналған орындықтары бар-
лары – бос, бірақ қораптары мен кабиналарына текшелеп тие-
ген отын іспетті қылып миномет ұңғыларын қаттап алыпты.
Волоколамск тас жолы
262
Жаяу жүрген әскерлер көліктерді итеріп, шығарысып жүр. Кей-
бір машина әбден сыйғанынша оқ-дәрі тиепті, басқалары жеңіл
зеңбіректер артқан. Қайсыбірі шанағына қаптатып пулемет мен
гранат салып алғаны байқалады.
Бес-он минуттей тұрып ойландым. Дөңгелектерінің таба-
нынан балшық атқылап, қыбырлаған машиналар легі толастар
емес. Орман жағасымен барлауға жіберген аттылар бұлардың
шегі көрінбейді деп келді. Кеше өзге пунктте біз жолын бөгеген
қалың топ та осында қарай ағылған екен.
Бос алаңның ені шамамен бір километрге жетеді. Енді осы
аралықтан өтуіміз керек; сөйтіп, арғы беттегі орман ішіне сіңіп,
жоғалсақ деймін.
Бірақ оның қандай амалы бар? Зеңбіректерді құрамыз ба?
Екі аяқты арбалардағы пулеметтерімізді шығарамыз ба? Айқас
бастаймыз ба? Алайда снаряд жоқтың қасы, аз.
Әлде түнді күту қажет шығар?
Жоқ, болмайды! Дұшпан біздің кешегі орыннан кеткенімізді
біліп қалғаны сөзсіз немесе оған көп ұзамай-ақ көз жеткізеді.
Ізіміз бойынша, жүріп өткен дәлізіміз арқылы бізді кез келген
уақытта осы жерден тауып ала қояды, ал шабуылға тойтарыс
бере қоятындай дәрменіміз жоқ, оқ-дәріміз тапшы.
Абзалы, тегінде, орманның түкпіріне қарай сіңіп кетіп, қа-
раңғы түскенше отыра тұрғанымыз жөн-ау. Немістер орман те-
реңіне дендеп енуден қорқасоқтайды, ну тоғай арасындағы ай-
қастарға барыспауға тырысады.
Бірақ менің қолымда батальонды Волоколамскіге жеткіз деген
бұйрық бар. Бізді онда Панфилов күтіп отыр. Мына қара-құрым
қолды сол жерде алдынан оқпен тосып алуымыз керек; жау ере-
сен тегеуірінмен қайыстырып бара жатқан тосқауылымызға тірек
болу үшін мүмкіндігінше тезірек сонда жеткеніміз жөн.
Қалайда бұзып-жара өтуіміз қажет! Әзірге жау біздің мұнда
екенімізді біле қоймаған бейқам сәтте дереу жырылып кеткеніміз
дұрыс.
Тек қалай? Тұтқиылдан найзамен шабуыл жасаймыз! Аңдау-
сызда бас салсақ, немістер, ә дегенде, әрине, бәлендей қарсылық
көрсете алмайды. Орыстың үрейлі «ура» ұраны тыныштық өзегін
қақ жарып, күркірей жөнелгенде естері шығатыны анық. Сөйтіп
263
Винтовка, винтовка, құтқарасың ба сен бізді?
кең өткел жасап, екі қанатқа жатып аламыз да, ат-арбаларымыз,
артиллерия, жаралылар шығып үлгергенше дәлізді ашық ұстай-
мыз. Оны оқпен қорғап тұрамыз – бұл үшін патрон жеткілікті.
Осыдан кейін роталар да жүріп кетеді. Бұлардың да соңын оқпен
қорғау қажет. Немен? – Қос пулеметпен. Бірақ ең ауыр, аса қи-
ямет міндет артта қалып, ес жинап, екілене ұмтылатын жаумен
бетпе-бет қалушы осы пулеметшілерге жүктеледі. Ал бұларды
ешкім қорғай алмайды, сол орында қалуға тура келмекші. Мұн-
дай іске, мұндай ерлікке: ақтық демі біткенше атысып, солдаттың
қасиетті борышын ақырына дейін ақтап, шегінбеу туралы бұй-
рықты мүлтіксіз орындайтын ең табанды, ең жанқияр адамдар
қажет! Қиын... Тіпті: «Ең соңында Блоханың пулемет расчеты
қалады» деп іштен айтудың өзі ауыр. Өйткені осынау орман
алаңында мәңгі жер жастанады. Бозжанов та сөйтеді. Иә, пуле-
метшілермен бірге Бозжанов қалдырылады. Енді пулемет қасын-
дағылардың ешбірі тайсалмайтынына, ұрыс кезінде жараланған
немесе мерт болған адамдарымыздың да бәрін жинап алып, құр-
саудан рет-ретімізбен шығып кететінімізге бек сенімдімін. Тек
ерлікпен ажал құшатын арттағы топтан өзгелеріміз...
6
Батальон соншама сақ қимылмен, орман шетіне жиналып жа-
тыр. Мен:
– Колонна бойынша хабарлаңыздар: рота командирлері мен
политрук Бозжанов маған келсін! – деп бұйырдым.
Бозжановқа қалай айтпақпын? «Жалмұхамбет, сені құрбан-
дыққа шалмақшымын» деймін бе?
Командирлердің келуін күтіп, бұрынғыша ақырын жылжыған
ұшы-қиырсыз машиналар легіне қарайлаймын. Олар әзірше еш-
теңеден сезіктене қойған жоқ. Онда ешкім әзірге орман таса-
сындағы екі жүз-үш жүз қадам жерде Қызыл Армия батальоны
тұрғанын білмейді.
Ал егер басқаша қимылдасақ ше? Мәселен, былай... Жоқ, бұл
өте қатерлі нәрсе. Мұндай қимыл ешбір уставта, ешбір ережеде
қарастырылмаған.
Мен бір сәт ағаш арасынан аңырып, немістерге тесіле қараған
сарбаздарға қарай бұрылдым. Әрбір солдатымның винтовкасы
бар; әрқайсының оқшантайында жүз жиырмадан патрон жатыр.
Волоколамск тас жолы
264
Иә, дегенмен солай жасасақ... Ех, винтовка, винтовкажан, құтқа-
расың ба сен бізді?! Сайтан алғыр, басты бәйгеге тігіп, нартәуе-
келге барғанмен, сәті түспесе, бәріміздің де мерт болуымыз мүм-
кін. Ал егер іс оңтайымен шешілсе, түгелдей аман қаламыз; ажал
аранына ешкімді де құрбан қылып тастап кетпейміз. Қой, сөй-
тейік, тәуекел түбі – жел қайық... Әй, әйткенмен, есепсіз әрекет
бармақ шайнатпай ма. Бірақ менде есеп те жоқ емес қой.
Жауынгерлеріме тағы қарадым. Кез келгенінен: «Қалай ой-
лайсың, қалғанымызды құтқару үшін бірнеше жолдасты өлімге
қиғанымыз дұрыс па әлде не жаппай өліп, не түгел тірі қалатын-
дай тәуекелге басқанымыз жөн бе?» деп сұрауға болар еді. Сонда
әрбірінің: «Тәуекелге бар!» дейтіні айдан анық.
Ендеше жақсы, достар! Ешкімді де қалдырмаймыз!
Өрекпіген көңіл бірден орнына түсті. Тұла бойым керемет
жеңілейіп сала берген. Денеме қан жүгіріп, дүр сілкініп шыға
келдім.
Біртіндеп командирлер де жиналды. Бозжановқа аялай қарай-
мын. Осымды аңдаған ол маған таңдана көз тастап, имене күлім-
сіреді.
7
Мен командирлерге қыспақтан шығу жөніндегі ойымды
түсіндірдім. Ол былай еді. Батальон бір қатардан төрткіл қиықша
пішінінде тізіледі. Осынау ромб ішіне арбалар мен зеңбіректер
орналасады. Батальон менің командам бойынша қиықша қата-
рын сақтап бір қалыппен алға жылжиды. Винтовка ыңғайланып,
кезене ұсталады. Менің әмірім арқылы жүріп келе жатқан бойда
дүркін-дүркін атасыңдар. Оқты әуеге де, жерге де атпай, жауды
дәл көздеп ату қажет.
Орман арасында сап түзеу оңайға соққан жоқ. Алдыдағы үшкіл
бұрышқа Рахимовты қойдым, ал қос бүйірге Заев пен Толстуно-
вты, арттағы тұйықтаушы мүйіске Бозжановты орналастырдым.
Бозжановтың отряды – менің штаттан тыс резервім тылымы-
зды бекітті. Мен өзіміздің осы «асыранды ұлдарымыз» – шилов-
шы-бозжановшыларға:
– Сендерді, жолдастар, сенім артып, ең жауапты орынға қой-
ып тұрмын. Ойдағыдай өтсек – барлық күнәлар кешіріледі, –
дедім.
265
Винтовка, винтовка, құтқарасың ба сен бізді?
Бұларға қосымша гранаталар үлестірілді – оның ішінде сап
алға қарай бұза-жарып өткенде неміс машиналары легін тас-
талқан қылып, бірнеше жойқын жарылыс жасайтындай танкіге
қарсы қолданатын ірілері де бар.
Артқы жақтағы бұрыштан арбалар мен зеңбіректерді жа-
най өтіп, алдыға шықтым. Рахимовтың қатарына қосылған соң,
жан-жағыма қарап алып, ақырын ғана команда бердім:
– Батальон... арш!
Сөйттім де, тастай түйілген қиықша қатарды бастап адымдай
жөнелдім.
Немістер орман арасынан үн-түнсіз шыға келген біртүрлі то-
сын сабымыздың кімдер екенін, қайда бет алғанын бірден түсіне
қойған жоқ. Көпшілігі көліктерін итеруді жалғастыра берді; бізге
бұрылған кейбіреуі аңтарыла қарап тұр. Бұл, шынында да, олар
үшін мүлде ұғынықсыз көрініс еді. Қызыләскерлер найзасын ке-
зеніп, «уралап» айқайға баспайды – жоқ, бұл шабуыл емес. Сон-
да берілмекші ме? Оған да ұқсамайды... Естері түзу ме өздерінің?
Шу шығармай, біздің сексен-жүз метрдей өтуімізге мұрсат
берді. Одан неміс тілінде баж еткен ащы дауыс естілген. Мен қай-
сыбірінің көлікке, қаруға, пулеметке қарай жанталаса ұмтылға-
нын аңдадым. Иә, осынау бірнеше ұсақ сәтке бөлініп кеткендей
қысқа уақыт аралығында біздің де қимылдап үлгеруіміз керек.
– Батальон...
Бір мезет тыныштық орнай қалды. Винтовкалар кезенулі.
Өзіңізге мәлім, мылтықтың дүмін оқшантайға тіреп қойып,
жүріп келе жатқан бойда оқ атуға бұйрық берілген.
– Огонь!
Тыныштықты бір дүркін атылған оқ үні қақыратты.
– Огонь!
Сәл ғана кідіріп, төңіректі күңірентіп айналаға үрей сепкен
бірнеше жүз оқты тағы да тарамдай аттық.
– Огонь!
Жүрген бетте атып келеміз. Батальонның дүркірете оқ атуы,
жеті жүз винтовканың дәлме-дәл үзіліс арқылы қайталап от ша-
шуы – аса қатерлі нәрсе. Біз жауды жерге жабыстырып, бас кө-
теріп, қыбыр етуге мүмкіндік бермедік.
Волоколамск тас жолы
266
Адымдаған бойда жолда кездескеннің бәрін жайпап, атқылап
келеміз. Бірде-бір жауынгер сап қатарын бұзған жоқ, ешқайсы
титтей де шімірікпеді. Батальонды машиналар арасымен алып
жүрдім. Жол ортасында батпаққа батқан өлі немістер жайрап
жатыр. Бұрынғыша команда беріп, бұрылмастан алға аттағанда,
біреуін басып та кеттім. Денесі аяқ салмағымен балшыққа жан-
шылып қала берген.
Адамдар, ат-арба, зеңбіректер дөңгелегі неміс колоннасын ба-
са-көктеп, өліктерді таптап өтті.
Бірнеше жарылыс даусы естілді: бұл – іске кіріскен біздің гра-
наталар еді. Ал біз дүркін-дүркін атуды жалғастырып, алға қарай
аршындай бердік.
Батальон жолдың арғы бетіне шықты. Абыр-дүбір тынши
қалған бір мезетте мен:
– Батальон! Лейтенант Рахимовтың командасын тыңдаңдар!
– деп айқай салдым.
Енді «Огонь! Огонь!» деп Рахимов дауыстап келеді. Сарбаз-
дар кері қайырылып атуға кірісті. Біз бұрынғыша жаудың мойын
созып, тыпыр етуіне мүмкіндік бермедік.
Ромб ішімен арба, зеңбіректерді жанай, артқа қарай өтіп,
соңғы үшкіл мүйістегі Бозжановтың жанына жеттім. Алдағы ор-
ман шетіне дейін екі жүз-екі жүз елудей қадамдай жер бар.
Бұғанша бірде-бір неміске қару қолдануға мұрша бермей ке-
леміз.
Кенет арғы шеттен бірнеше танк көрінді. Шынжыр табан-
дарының шықырлаған үрейлі үні үсті-үстіне үдеп, бізге қарай
ұмтылған олар пулеметтен оқ жаудыруға кіріскен. Мен жаным
ышқынып, команда бердім:
– Батальон! Жүгір! Аттарды желдірте айда! Орманға тарт!
Бәрі дедектей жөнелді. Тек арттағы азғантай топ – ши-
лов-бозжановшылар Бозжанов екеумізге кезек жалтақтап, аяң
жүрістен танар емес. Өте қысылтаяң шақ болса да, еріксізден
күліп жібердім. Сайтан алғыр, бұлар өзі қашудан да шайлығып
үлгерген бе. Оларға зекіңкіреп сөйлеуге тура келеді:
– Сендерге немене, айрықша команда керек пе? Еріңдер
соңымнан! Жүгір!
Біз де желе-жортып, алға ұмтылдық. Ал артымыздан сытыр-
лаған, гуілдеген үн мен пулемет тарсылы естіледі.
267
Винтовка, винтовка, құтқарасың ба сен бізді?
Жұрт пен ат-арба, зеңбіректер ағаш ішіне кіріп үлгерді. Ор-
манға жиырма-отыз қадам жетпей екпетімнен құлай кеттім.
Әдейі. Алаңда қорғауға, жәрдемге зәру әлдекімнің қалып қой-
мағанын қарауым керек; ондай бір адам болса да, жауды бөгеп,
оны қалайда алып кетеміз. Екі сарбаз еңкеңдей жүгіріп, біреуді
көтеріп келеді.
Жан-жағыма шола қараймын. Жаныма Бозжанов пен тағы
бес адам жетіп, жата-жата кетті. Ішінде Ползунов та жүр. Ағаш
түбірінің тасасына жасырынған ол өңі қуқыл тартып, мойнын
елеңдей созады; өзі жіті жанармен төңіректі дереу барлап үл-
герді, қолына танкіге қарсы қолданатын ауыр гранатаны ыңғай-
лай ұстап алыпты. Панфилов Ползуновпен сөйлескен сонау
таңда ерні дүрдиіңкі балғын жастың есте қалған кескіні қазір
мүлде өзгеше-тін: жинақылығы, батылдығы таңырқатады. Мен:
– Ползунов! Егер генералмен кезігіп жатсам, о кісіге сен ту-
ралы айтамын, – дедім дауыстап.
Ползунов селт етпеді. Мен команда бердім:
– Кәне, тартыңдар алға! Ер соңымнан!
Атып тұрып, тағы да орманға қарай жүгіре жөнелдік.
Танктердің бірі біздің соңымыздан жарқырауық оқ ағынын
бағыттады. Бір оқ жан түршіктіріп, тура табанымның астынан
ысқырып өтті.
Алайда бұл сәтте біздің зеңбіректер де бері бұрылып тұра
қалған еді. Бах! Бах! Міне, ең шешуші сәтке сақтаған қорды пай-
далантын кез де келді. Жүгіріп келе жатып, артқа қайырыламын.
Шынжыр табаны қираған бір танк тұрған орнында шыр айнал-
ды да қалды. Өзгелері кілт бөгелген. Ғасырлар бойы сірескен ит
тұмсығы батпас қарағайлар қалқасындағы зеңбіректерге танкінің
темір табаны да беттей қоймас. Біз жүгірген бойда орман арасы-
на қойып кеттік. Ырылдаған танкілер атуды жалғастырып, кейін
шегіне берді.
8
Бұл әңгімеде дүркірете оқ ату көріністері қайталанып отырады.
Мұны әдейі баса көрсетемін. Мен өмірден алынған хикаяты-
мыздағы кейбір ойлардың ерекше айшықтала таңбалануын қалар
едім.
Волоколамск тас жолы
268
Әрине, мұндай әдіс дөрекілеу көрінер. Жағдайды бір-бірімен
салыстыра, салғастыра отырып, тұспалдар мәнін ашып, іс төр-
кінін түсіндіріп беру міндетін сыншылардың үлесіне қалдырсақ
жағымдырақ болар ма еді.
Бірақ сөз әркім басынан кешірген, бәрімізге түсінікті махаббат
тақырыбында емес, ұрыс техникасы туралы, соғыс өнері мәселе-
сі, әскери мамандық жайында қозғалып отыр ғой. Сол себептен,
мұны өзіміздің талқылауымызға тура келеді.
Соғыс тәжірибесі бізге – командирлерге жаңа заманғы шай-
қаста қорғаныста да, шабуылда да жауға, жау психикасына
ықпал ететін шешуші құрал – оқ ату екенін үйретті. Оның өзін-
де тұтқиылдан оқ ату жоғары ми жүйесін лезде істен шығарып,
естен тандырмақшы.
Мен өзімді Панфиловтың шәкіртімін деп санаймын және
осынау абыройлы атаққа лайықты болуға тырысамын. Ал Пан-
филов, өзіңіз білетіндей, қашан да: «Солдатты сақтаңыз! Сөзбен
емес, іс-әрекетпен, оқпен сақтаңыз!» дегенді санаға сіңіретін.
Иә, жаяу әскерді оқпен, маневрмен сақтап, оның алдын үнемі
оқпен аршып, оқпен жол ашып отыру қажет!
Бұл ретте артиллерияны ғана айтып отырған жоқпын. «Ар-
тиллерияға арқа сүйе, бірақ өзің де қарап қалма! Артиллерия сен
үшін винтовкадан оқ атпайды, артиллерия сенің орныңа ротаң
мен батальоныңды басқарып бермейді». Бұл да бірде оқу-жат-
тығу сабақтарын талқылаған кезде Панфилов айтқан сөз еді.
Жаяу әскерде жеке маневрін өз оғының күшімен қамтамасыз
ететіндей құралдары жеткілікті. Оның қолында, әсіресе, ма-
неврлік соғыста ұтқыр қолдана білсең жау психикасын сөзсіз
талқан қылатын алапат қару бар, ол – бір мезгілде винтовкамен
дүркірете ату. Қайталап айтайын: дүркін-дүркін атудың ерекше
күші – оның тұтқиылдығында. Ал оқ шығарудың ұрымтал тұсын
таңдай білуден бөлек, мұндай күтпеген жерден соғудың негізі ең
алдымен қатаң тәртіпте жатады.
Жаяу әскерді кеңірдек жыртқан айқаймен емес, артиллери-
ямен бірге оның жеке жаяу әскерлік оғымен жылжыту туралы
ойларды айрықша әріппен астын сызып көрсеткім келеді.
269
Волоколамскіде Панфиловтың алдында
Волоколамскіде
Панфиловтың алдында
1
Тағы да орман ішінде ара мен балта көмегімен жол аршып
келеміз. Волоколамскіге таяп қалдық. Гүрсілдеген зеңбірек үні
анық естіледі.
Міне, орман шетіне де жеттік. Жиектен алыстағы шіркеу
мұнаралары көрінді. Одан біршама қиысырақта, бізге жақындау
жерден Волоколамск стансасының үйлері қызараңдайды. Бұлар
қаладан бірнеше шақырым алшақта. Сол бағытта, станция түбін-
де күркіреп, ұрыс жүріп жатыр.
Кенет жатаған темір күмбездер – бензин сақтаған үйдей ыды-
стар көкке атылып, бір мезет әуеде қалқып тұрды да, гүрс етіп
құлап, көз алдымызда жоқ болды. Сол орында алапат жалын мен
қара түтін бұрқ етті. Іле-шала құлақ тұндырған жойқын жарылыс
лебі мұнда да жетті. Станция әзірше біздікі. Алайда әскерлер
жау қолына бір тамшы жағармай, бір түйір бидай дәнін қалды-
рмау үшін осы бастан-ақ жолдар мен қойма, қамбаларды жаруға
кіріскен.
Мен батальонды қалаға бастап жүрдім. Жолай күзетшілер
дауыстап, жөн сұрайды. Бұлар – біздің полктің сарбаздары. Со-
лардан білгенім: полк штабы қаланың солтүстік-шығыс шетінде
екен.
Жұмыр тас төселген жолда аршындай басып келеміз, бұған
жалғасатын асфальт – немістер жанталаса ұмтылған Волоко-
ламск тас жолы Москваға дейін бір-ақ апарады.
Шеттегі алғашқы үйлерге жүз қадамдай қалғанда батальонды
сәл аялдатып, шылым шегуге мұрсат бердім.
Он минуттен кейін взводтар легімен, жауынгерлік бөлімше-
лер арасында орналасқан барлық қару-жарағымыз, пулемет ор-
натылған қос дөңгелек көліктеріміз, ат-арбамызбен бірге қалаға
қарай жылжыдық. Өзім Торытөбелді атқосшыма беріп, ең алды-
да адымдап келемін.
Волоколамск тас жолы
270
2
Сондағы Волоколамск әсерін әлі ұмытпаппын. Кейбір үйлер,
әсіресе, ортадағы жайлар әуе бомбасынан талқаны шығыпты:
тәрізі, жау авиациясы қалаға бірнеше мәрте шабуылдаған. Ауыр
бомба ағаштан салынған ұн қоймасын да бұзыпты. Бір бұрышы
опырылған; ойықтан жұлма-жұлма бөренелердің шеті шығып
тұр; төбе ортаға түсіпті, қақпа мен терезе жақтаулары ұшып
кеткен. Жарылыс екпінінен шашыраған ұн осындағы аяқтың
да, дөңгелектің де ізі тимеген жылға суағарының бойына ылғал
желбіршек болып тартылып қалыпты. Көпір үстіндегі әйнек
қиыршықтары табан астында шықыр-шықыр етеді.
Қираған қоймадағы ұн елге таратыла бастапты. Әлдебір
тәртіп орнағандай; кезек түзілген секілденеді, бірақ ұн өлшеніп
үлестіріліп жатқан жоқ: оны жұрттың аузын ашып даярлап
тұрған қаптары мен жастық тысына шелекпен салып, едел-жедел
жіберуге кірісіпті.
Ал біз төрт-төрттен сап түзеп, қатарымызды түзу ұстап, аяқты
нық басып, төңірекке тұнжырай көз тіккен күйі жүріп келеміз.
Ел жаппай әлдеқайда асыға басатындай, бәрі қарбалас, әбі-
герге түсіп, әрлі-берлі сапырылысып, жөңкілген жұрттың жүрісі
суыт.
Міне, алдыдан тағы да бомбадан қираған кішірек ағаш үй
шықты, тағы да бір бүйіріне қарай жантая жығылған бөрене-
лердің жаңа ғана опырылған тұстары ағараңдайды, үгітілген
әйнек сынығы тағы да табан астында шықыр-шықыр етеді. Қи-
раған үйлер түбіндегі тротуар шетінде әлдебір кексе әйел өліп
жатыр. Ұйпалақтанған ақ шашын жел тербейді. Бір тұлым шашы
әлі қата қоймаған қызғылт қанмен бірге самайына жабысып қа-
лыпты. Жерде, басының тұсында дөңгеленіп қан ұйыпты. Тәрізі,
біреулер өлген әйелдің денесін шеткерірек жылжытып қойған
секілді, қазір мәйіт қасында ешкім жоқ.
Үлкен тас үйдің көзге үйреншікті әйнек терезелерінің орны
қап-қара болып үңірейіп, жарылыс екпінімен іргедегі маңдайша
тақтай да жұлынып түсіпті; жалғыз шегеге ілініп тұр, енді оны
ешкім түземейді; терезелерді де ешкім бүтіндей қоймас.
Көшеде патруль өтіп барады; жол айрығында иығына винтов-
ка асып, жеңіне қызыл мата байлаған реттеуші-жауынгер тұр.
271
Волоколамскіде Панфиловтың алдында
Ол бойын тіктеп, қолының ұшын шекесіне апарып, бізге сәлем
берді. Қалада біршама әскери тәртіп сақталатыны байқалады,
әйткенмен, әдеттегі ежелден қалыптасқан азаматтық тәртіптің
қиюы қашқан секілді.
Қала тұрғындары жүгіре басып, әрі-бері жөңкіліп, бір-біріне
едел-жедел тіл қатысады, кейбірі, неге екенін, заттарын көтеріп
барады; әйтеуір, бәрі асығыс, бәрі қауырт.
Сол сәт: сұрапыл дауылдар қиратып, әлдебір жартастарға
соғылған кемелердің жолаушылары дәл осылай сапырылысатын
болар; көңілді қаңқаның әне-міне күл-талқаны шығып, құрдымға
кетерміз деген үрей билер деп таңданғаным есімде.
Әзірше біздің қолдан шығып, жауға өте қоймаған қаланы әл-
ден-ақ қорқыныш иектеп үлгеріпті.
Әлдебір үйдің қақпасы алдынан он жеті жастар шамасындағы
жеткіншекті байқадым. Біз мезет көздеріміз түйісіп қалған. Қа-
бақ астынан шаншыла қарайды. Балғын жүзінен байыптылығы
аңғарылды, басы сәл алға қарай ұмсыныпты. Осы кейіп, осы
көзқарасынан қайтпас қайсарлық пен ашу-ыза оқылатындай. Жа-
уынгерлердің қадамдарын дауыстап санап, жүз метрдей жүріп
барып батальон қатарын шолғанымда, сонау қақпа алдындағы
әлгі жігітті тағы көрдім. Ол мына аласапыран дүрбелеңнен оқ-
шауланғандай, қалшиып әлі тұр.
Кейінірек, Волоколамск партизандарының басқыншыларға
қарсы күрес жүргізгенін, қала ішінде сегіз адамның дарға асылға-
нын білгенімізде, мен, неліктен екенін, сонау жеткіншекті есіме
түсірдім. Әлгі күрескерлер арасында ол да жүрді ғой деген ой
келді. Қалада қайсарлық танытқан жалғыз бұл емес-тін. Алайда
қазан айының сол сүреңсіз күнінде біздің көзімізге көшедегі қар-
балас көріністер қана көбірек шалынғандай.
Ал біз маңайға тұнжырай көз тастап жүріп келеміз, жүріп ке-
леміз.
Бізге де қарап тұрғандар бар. Тағдыры шешілгендей көрініп,
өртенген станция жақтың түтініне көмілген қала көшелерімен
қатаң аралықты сақтап, зеңбірек, пулемет, ат-арбаларын тартып,
бөлімдерін бастаушы командирлері бар әскер саппен жылжып
келеді. Жорықтағы батальон колоннасы, өзіңіз білетіндей, бір
шақырымға жетеқабыл.
Волоколамск тас жолы
272
Әрине, қадамды салтанатты шерудегідей сәндеп, сартылдата
баса қойғамыз жоқ. Шаршаған сарбаздардың жүзі сұсты еді – ал-
дыда мереке-мейрам емес, бұрынғыдан да алапат айқастар күтіп
тұрғаны түсінікті; дегенмен, олар қарап тұрған жұрт алдында
еңселерін тіктеп, қатарды түзей түсіп, аяқты нық басуға тыры-
сады.
Бізге де аса сүйсініп, тамсана қарамайтындары мәлім. Шегініп
бара жатқан әскерге, кері жылжыған армияға кім сүйсіне қойсын.
Әйелдер аяй қарайды, кейбірінің көз жасына ерік бергені байқа-
лады. Көпшілігі, тәрізі, әскер қаланы жау қолына тастап барады
деп ойлайтын сияқты. Мұңданып, үрей ұялаған көздер: «Бәрінің
осымен біткені ме? Бүкіл сіңірген еңбегіміз еш болып, барлық
арман-үмітіміздің осылайша өшкені ме?» деп сұрайтындай.
Иә, қала үстімен өткен бұл жорығымыз ауыр, азапты болды.
Әйткенмен, тұрғындардың көзқарасы мен үргін-сүргін қауырт
қимылына жауап ретінде біз басымызды тік көтеріп, кеудемізді
шалқақ ұстап, аяқты ызалана, нығызырақ баса түстік.
Жүздеген табанның бірдей соғылған әр дүбірі арқылы:
– Жоқ, бұл апат емес, соғыс заңдылығы осы, – деп үн қатқан-
дай едік.
Мұңайып, мүсіркегендердің бәріне солдаттық әрекетіміз бой-
ынша жауап қайырдық:
– Жоқ, біз жаудың соққысына ұшырап, қоршаудан зорға
шыққан бейшара топ емеспіз. Біз жұдырықтай жұмылып, өз
күшін шайқастарда шыңдаған совет әскеріміз; біз гитлершілерді
талқандадық, олардың зәресін ұшырып, өліктерін аттап өттік;
көріп тұрсыңдар ма: қаһарман, ұлы Қызыл Армияның бір бөлше-
гі – айбынды әскер ретінде өздеріңнің алдыларыңнан еңсені биік
ұстап өтіп барамыз!
3
Батальон полк штабы орналасқан қаланың солтүстік-шығыс
шетіне қарай тақалып келеді. Реттеуші тұрған жерден бе екен
– әлдебір қиылыста төсеме жол асфальтқа жалғасады; сол нүк-
теден тақтайдай сайраған асфальт арқылы тікеден-тік Мәскеуге
апаратын Волоколамск тас жолы басталады.
Бір үйдің тап-таза көкшіл қақпақтары бар терезесі есімде қа-
лып қойыпты – сол кенеттен сарт етіп айқара ашылды. Одан полк
273
Волоколамскіде Панфиловтың алдында
комиссары Петр Логвиненко басын жұлқи шығарып, бізге қуана
қол бұлғаған. Ал бұл кезде басқыштан түсіп, шашын ақ шалған
майор – полк штабының бастығы Сорокин бізге қарай жүгіріп
келе жатты. Ол қолымды құшырлана қысқан; оның талайды көр-
ген жасамыс жанарын кенеттен жас шылады. Оның артынша да-
лаға шығып үлгерген Логвиненко мені қаусыра құшақтап оңаша
әкетіп, сүйе бастады.
Ал бұлардың осынша ықыластануы мен үшін таңқаларлық
жәйт еді. Бізді бұлай қарсы алудың сыры неде? Жол бойы, керісін-
ше, кешіккеніме бола сөгіс алармын деп ойлап едім. Әлгі жерде
ғана жолдастарымыздың немістің қоршауында қалып, көптен
хабарсыз кеткен батальон тағдыры үшін қаншалықты алаңдап,
абыржығанын түсіндім. Іштей бізді өлдіге санап қаншама қай-
ғырып, іштей жаназамызды шығарып, бақұлдасып қоюлары да
әбден мүмкін.
Полк командирі майор Юрасов тұйық, ұстамды адам еді –
сапты көзімен шолып, кіре берісте үнсіз тұр. Мен оған тақалып
келіп, рапорт бердім. Сөзімді тыңдап болып, қысқа ғана:
– Жақсы. Кейін келіп, жағдайды толығырақ баяндарсыз. Ал
қазір батальонды үйді-үйге жайғастырыңыз. Дамылдауға бола-
ды. Полк – дивизия командирінің резервінде, – деді.
Соңғы сөздерді айтқанында, оның сабырлы үнінен зор мақта-
ныш аңғарылды. Юрасов шаттығын жасыра алмағандай. Өткен
дүниежүзілік соғыс кезіндегі жас офицер, кейін Қызыл Арми-
яның кәнігі командирі – өзі қызмет ететін армияны лайықты
мақтан тұтатын еді.
Қаншама қияпатты бастан өткеріп келгеннен кейінгі сәтте
естілген «Полк – дивизия командирінің резервінде» деген сөздің
маңызын түсінесіз бе?
Бұл – алға жырылып шыққан немістермен екі-үш күн мен түн-
ді алапат арпалыспен өткізсе де, тағы да қорғаныс шебін құрған
дивизия өзінің майдан даласынан сәл ішкеріде орналасқан
мығым резервтік тобымен бірге жаудың алдын бөгеп отыр деген
сөз-ді. Осынау әшейін ғана айтылған жәйт ілгері жұлқынған гит-
лершілердің алдынан тағы да тұйық майдан құрылды, Москва
бекінісі бұрынғыша берік дегенді білдіретін.
Волоколамск тас жолы
274
Батальон жүрісті жалғастыра берді. Айбарлы үні құлақ тұнды-
рып, зеңбіректер жылжып келеді.
Аяқ астынан Панфиловтың қызыл шырайлы жас адъютанты
сап ете қалды. Ол қолының ұшын шекесіне апарып:
– Жолдас Момышұлы! Генералға жүріңіз! – деді.
– О кісі қайда?
– Жүріңіз. Анау үйде. Білесіз бе, генерал терезеден қарап:
апырай, мынау не тамаша, бұл неткен әскер деп аңтарылып қал-
ды, – деп адъютант күліп жіберді.
Рахимовты шақырып алып, жұртты демалуға орналастыруын
бұйырдым да, өзім адъютанттың соңынан ілестім.
4
Аппарат қасындағы телефоншылар, кезекшіліктегі штаб ко-
мандирлері отырған ауыз үй арқылы Панфиловтың бөлмесіне
кірдім. Ол телефон мен далиып, топографиялық карта жаюлы
жатқан үстел сыртынан лып етіп ұшып тұрды.
Менің бойымды тіктеп жағдайды мәлімдеуіме Панфилов мұр-
ша бермеді. Дереу жаныма жетіп келіп, біздің қазақ халқының
салты бойынша қолымды қатты қысып, қос қолдап амандасты.
– Отырыңыз, жолдас Момышұлы, отырыңыз... Шай ішетін
шығарсыз? Ауқаттануға қалай қарайсыз?
Сөйтіп, жауабымды күтпестен есікті ашып, әлдекімге:
– Кәне түскі ас, басытқы, самауыр... Керек нәрсенің бәрін
әкелтіңіз! – деді.
Одан бері бұрылған. Азырақ моңғол типтес сәл қиғаш біткен
кішірек көзі күлімдеп, мейірлене қарайды.
– Отырыңыз. Әңгімеңізді айтыңыз. Адам шығыны көп емес
пе?
Мен шығын жайын жеткіздім.
– Жаралыларды алып шықтыңыз ғой?
– Иә, жолдас генерал.
– Жұртты тамақтандыруға нұсқау бердіңіз бе? Тынығып, кеп-
тірінуі қажет...
– Иә, жолдас генерал.
Панфилов телефонды алып, дивизия штабы бастығын шақы-
ртты да, Волоколамскіге жау тылын бұзып шыққан толық құрам-
275
Волоколамскіде Панфиловтың алдында
ды батальон келіп жеткендігін дереу армия штабына, Рокоссов-
скийге мәлімдеуін бұйырды.
Бұдан соңғы кезекте Панфилов телефоннан бір хабарды
тыңдап тұрып картаға еңкейіп, әлдененің жайын сұрастыра
бастады. Мен:
– Солтүстіктен ше? Тыныштық дейсіз бе? Ол жақтан соңғы
ақпарды қашан алып едіңіз? Ал одан кейін ше? Білесіз бе, мен
сол тыныштығыңызға сене қоймаймын. Тағы да сұрау салып,
жағдайды анықтаңыз... Және маған барлық мәліметтерімен ка-
питан Дорфманды жіберіңізші, – деген сөзді ұқтым.
Тұтқаны орнына қойған Панфилов едәуір уақыт картаға қа-
рап тұрды. Жүзі байсалды, тіпті түнеріңкі еді. Бір-екі мәрте
мырсылдап күлді. Жалма-жан портсигарын шығарып, ойланған
күйі суырып шығарған папиросының қуыс жағын үстел бетіне
қаққыштады; одан жалт етіп маған қараған.
– Кешірерсіз...
Сөйтті де шапшаң қимылмен ашылған портсигарын созды:
– Кәне, жолдас Момышұлы, әңгімеңізді айтыңыз. Түк қалды-
рмай, бәрін әңгімелеңіз.
5
Мен генералдың уақыт алып, аса алаңдатпау үшін жағдайды
мейлінше қысқаша баяндауды ұйғарып едім. Ұрыстың дәл қазір-
гідей күйіп тұрған қысылтаяң кезінде өз ахуалым мен айтатын
мәлімдемеме аса мән бере қоймас дегенмін.
– Қазан айының жиырма үші күні кеш түсе... – деп бастай
беріп ем:
– Ойбой, сіз тым беріден бір-ақ шықтыңыз ғой, – деп сөзімді
бөлді Панфилов. – Қазанның жиырма үшін қоя тұрыңыз... Ал-
дымен жолдағы айқастарды айтыңыз. Біздің шиыршық-серіппе
есіңізде ме? Міне, соны іске жарата алыңыз ба?
Мен үшін – Донскихтың взводы мен Брудныйдың взводы өт-
керген сонау кішігірім ұрыстар бертінгі бастан кешкен қияпат-
тардың қасында әшейін нәрсе болып қалғандай еді. Қызық, Пан-
филов бұл жөнінде неге сұрады екен? Қазір біздің алыста қалған
алғашқы қақтығыстарымыздың не қажеттігі бар?
Панфилов менің ойымды оқығандай, жымиып күлді.
Волоколамск тас жолы
276
– Менің әскерім – менің академиям, – деді ол... Мұның сізге
де қатысы бар, жолдас Момышұлы. Сіздің батальон – сіздің ака-
демияңыз. Кәне, сіз содан не үйрендіңіз?
Кенет осы сөздер жан-жүрегімді жылытты. Өз-өзімді қанша-
лықты сергек ұстаймын дегеніммен, үрей құрсауындағы қала
көрінісі еңсемді езіп-ақ жіберіп еді. Ал Панфилов болса зеңбірек
үні үздіксіз гүрсілдеген қаладағы бөлмеде отырып: «Кәне, сіз со-
дан не үйрендіңіз?» деп күлімдейді. Осынау бір ғана қарапайым
сұрағы арқылы оның өз-өзіне деген нық сенімі лезде менің де
кеудеме көшкен-тін.
Панфилов маған қарай бар тұлғасымен еңсеріле бұрылып, жа-
уабымды ынтыға күтеді.
Расында да, мен не үйрендім? Жарайды, не болса о болсын,
негізгі пайымымды жайып салайын. Мен:
– Жолдас генерал, немістер бізге қарсы қолданғысы келетін
жай оғындай соғыстың психикалық соғыс екенін түсіндім. Және,
жолдас генерал, оларды дәл сондай қарумен ұру қажеттігін үй-
рендім, – дедім.
– Қалай дедіңіз: психикалық соғыс дейсіз бе?!
– Иә, жолдас генерал. Психикалық шабуылдың болатыны
секілді, бүкіл соғыстың өзі психикалық соғыс екен...
– Психикалық, ә?.. – Панфилов қайтадан сәл аңтарылып, ой-
ланып қалды.
Өзіне тән әдетпен үн-түнсіз толғанып тұр. Тағы не айтар екен
деп сөзін тықырши күткен сәтімде есік ашылды да, әлдекім:
– Кіруге рұқсат па екен? – деді.
– Иә, иә, кіріңіз.
Үлкен қара папка ұстаған дивизия штабының шұғыл істер
бөлімінің бастығы капитан Дорфман кіріп келді.
– Сіздің бұйрығыңыз бойынша...
– Иә, иә... Отырыңыз.
Мен әдеп сақтап, орнымнан тұрдым.
– Қайда барасыз, жолдас Момышұлы? – деді Панфилов. Одан
әзілдеді: – Кітапты ең қызық жеріне келгенде жаба салмақсыз
ба? Мұныңыз жарамайды...
Сол сәтте ол осы сөздердің, шынында да, кітапқа енетінін біл-
ді ме екен?
277
Волоколамскіде Панфиловтың алдында
– Әзірше ауқаттанып, әбден әлденіп алыңыз...
Панфилов меймандостықпен манадан түскі ас әзір тұрған
үстелді нұсқады.
6
Ақырын ғана айтылған әңгімеге құлақ түруді жөн көрмесем
де, кейбір сөздерін естіп тұрмын.
Панфилов, еріксізден аңдағанымдай, немістің негізгі ұрыс
бағытынан қиыстау жатқан әлдебір учаскенің осы күнге дейінгі
біршама тыныштығы туралы сөзге сеніңкіремей, түбегейлі түрде
тәптіштеп, мұқият тексеруді талап етті.
Одан соң:
– Сіз түсіндіңіз бе? – дегенін аңдадым.
Біздің генерал, әдетте, әңгімені осындай сұрақпен аяқтай-
тын. Панфиловтың осынау сөзді қалай айтатынын бірнеше мәрте
естіппін: ол жаттанды уәжді қайталауға құмартпаушы еді; ешбір
қорқытып-үркітуге де әуестенбей, әрдайым әңгімелесіп тұрған
адамның көзіне тіке қарап, мәселе мәнісін ұққан-ұқпағанын
сұрайтын.
Капитан ендігі шығуға ыңғайлана бергенде, Панфилов оған
қайтадан үн қатты. Сол сәтте оған өзім мән бере қоймаған сұрақ
қойылды: оның сырын біршама кейінірек ұққандай едім.
Панфилов:
– Қиыршығыстықтардың өкілі бері қарай шығып па екен? –
деп сұрады.
– Иә, жолдас генерал. Көп ұзамай осында болады.
– Жақсы. Келген бойда дереу маған жіберерсіз.
Ол бас изеп, капитанды босатты да, менің қасыма таяп келіп:
– Тамақтаныңыз, тамақтаныңыз, жолдас Момышұлы, – деді.
Мен орнымнан көтеріліп, ізет білдірдім.
– Отыра беріңіз, отыра беріңіз.
Үстелге қойылған ескі үлгідегі бүйірлі самауырын да ызыл-
дай әндетіп тұр. Панфилов маған да, өзіне де ыстық қою шайдан
құйып, стақаннан көтерілген буға мұрнын тосып, сәл тамсана,
таңдай қағып, күлімсіреп қояды.
– Ал-л, жолдас Момышұлы, – деді ол, – кәне, бәрін жөн-жөні,
рет-ретімен айтайық. Сіз екеуміздің карта бетіне қарындашпен
Волоколамск тас жолы
278
белгілеген істің сәті түсті ме? Взводтар жол бойында қалай қи-
мылдады?
Мен баяндауға кірістім. Панфилов шайды аз-аздан ұрттап
ішіп, сөзге ден қоя тыңдап отыр. Ара-арасында, басты мәселеге
соға қоймай, кейбір ескертулерін жасайды. Мысалы, Донскихке
қатысты:
– Оның үй-іш, туған-туысына хат жаздыңыз ба? – деп сұрап
қалды.
– Жоқ, жолдас генерал.
– Оныңыз бекер. Жарамайды, жолдас Момышұлы, солдаттық
емес. Адамгершілікке де жатпайды. Жазып жіберіңіз. Комсомол
комитетіне де жазыңыз.
Панфилов лейтенант Брудныйды бұрынғы қызметіне қайта-
дан алуды бұйырды.
– Оның бұл іске еңбегі сіңді, – деп түйіндеді генерал. – Одан
соң, жолдас Момышұлы, жалпы, аса бір ділгірлік туындамаса,
адамдарды алмастыра берудің жөні жоқ. Сарбаз жеке винтовка-
сына бой үйреткеніндей, өз командиріне де бауыр басады. Иә,
айта беріңіз, айта беріңіз...
Мен қазанның жиырма үші күнгі жағдайды, батальонның қа-
лай қоршауда қалғаны туралы баяндай бастадым.
Панфилов стақанды шетке сырғытып, маған қарай сәл еңкейе
түсіп, жүзіме төне қарап, аузымнан шыққан әр сөзімнен терең
мағына аңдағандай, ықыласпен тыңдады.
Менің мәлімдемем Панфилов үшін бүгінге дейін созылып,
жалғасы келесі кезекке ұласқан шайқастың кейбір қалтарыс қы-
рларын айқындай түскен-тін. Оған жойқын шайқасты басқару
кезінде екі тәуліктей бұрынғы әлдебір аралықта кенет жау қысы-
мының неліктен бәсеңсіп, тыныс кеңи қалу себебі, бәлкім, енді
ғана мейлінше ұғынықты болған шығар. Онда, дәл сол сағатта,
Волоколамскіден, өз адамдарымыздан шалғайда жол торабын-
да бөлініп қалған біздің батальонымыз бен зеңбіректеріміз іске
кіріскен еді. Жау колоннасы қақ бөлінді; негізгі жолға тосқауыл
қойдық; соққы әлсіреді – немістер бірталай уақыт шабуылды
үдетуге қосымша күш жеткізе алмай діңкеледі.
Бұл тыныс – ұрыстағы кездейсоқ туындап қалған сәттіліктей
көрінер. Алайда Панфилов бүгінгі кездейсоқтықты ертеңіне әб-
279
Волоколамскіде Панфиловтың алдында
ден ойластырылған, пысықталған тактикалық тәсіл ретінде қол-
дана білетін. Бұған арада бірнеше күн өткенде Панфилов өзіме
жаңаша жағдайда жауынгерлік міндет жүктеген кезде көзім жет-
ті. Иә, оның әскері оның академиясы болатын.
7
Шайқас елестерін қайтадан көз алдымнан өткізе отырып, дүр-
кін-дүркін оқ ату арқылы өзімізге жол ашып, неміс колоннасын
қақ жара, жаудың өлген адамдарын қалай аттап өткенімізді су-
реттеп бердім. Ормандар аралығындағы жеңісімізге іштей ма-
саттанғаным рас: сол қысқа шайқаста алғаш рет өзімнің сауат-
тылығымды ғана емес, ұрыс өнерін игергенімді сезінгенмін.
– Сіздің әңгімелеуіңізге қарағанда, – деп жымиды ол, – үсте-
мелете оқ атуды өзіңіз ойлап тапқан сияқтанасыз. Біз, жолдас Мо-
мышұлы, баяғы патша армиясы кезінде солай ататынбыз. «Рота,
залпом пли!» деген команда бойынша гүрсілдеттік.
Ол аз-кем ойланып, сөзін жалғастырды:
– Тек ренжіп қалмаңыз, жолдас Момышұлы. Сіздің мұнымен
әуестенгеніңіз өте жақсы. Келешекте де солай жасаңыз. Осыны
елге де үйретіңіз.
Маған мейірлене қарап, жауабымды күтіп, сәл үнсіз қалды.
– Басқа айтарым жоқ, – дедім мен.
Панфилов орнынан тұрып, олай-бұлай жүрді. Одан:
– Психикалық соғыс... – деп қалды ойындағы сөзді сыртқа
шығарғандай. – Жоқ, жолдас Момышұлы, бұл ұғым бүгінгі соғы-
сты толықтай бейнелеп бере алмайды. Біздің соғыстың ауқымы
кең жатыр. Ал егер, әрине, танкі үрейі, автомат үрейі, қоршау
үрейі дегендей өзге де «үрейлер» туралы айтқан болсаңыз (Пан-
филов дәл осындай біртүрлі тосындау сөз құрамын қолданды,
мұндайды алғаш рет естіппін), онда, дау жоқ, сіздікі жөн.
Карта жатқан үстелге жақындап, менің де тақалуымды сұра-
ды:
– Берірек келіңіз, жолдас Момышұлы!
Бұдан соң жағдаймен қысқаша таныстырған. Жау Волоколам-
скіні солтүстіктен де, оңтүстіктен де қысып, Волоколамскіден
шығысқа қарай екі тас жол аралығындағы кеңістікке сыналап
өтіпті, солайша дивизияның тылдарына қауіп төндіріп тұр екен;
Волоколамск тас жолы
280
әйткенмен, әзірге ешбір тұстан Волоколамск тас жолына табан
іліктіре алмапты.
– Менің мына жерімде де күшім селдір, мына тұсым да
қорқыныштылау, – деді Панфилов картадан көрсетіп. – Бәрібір
штабымды осында ұстап отырмын, жолдас Момышұлы. Штаб
орнын азырақ жылжытса да болар еді, бірақ өйтсем, полк шта-
бтарының да сәл қозғалуына тура келмекші. Одан соң батальон
командирі де ығысып, өзіне ыңғайлы резиденция іздей бастамай
ма. Бәрі де заңды, бәрі де ережеге сай секілді, ал... Окоптарда:
«Штабтар кетіп жатыр» деген сыбыс тарайды. Енді бір қарасаң,
солдаттың берекесі қашып, табансыздық басталады.
Панфиловтың ақыл-парасат тұнған сүйкімді жүзіне тағы да
күлкі үйірілді.
– Психикалық соғыс... – Панфилов жымия тұрып мырс ете
түскен: тәрізі, осы сөз оған ұнап қалса керек. – Иә, мына жолақта
(Панфилов біздің Волоколамскінің алдындағы біз тастап кеткен
дәлізді көрсетті), мына жерде немісті әуре-сарсаңға түсіретін-
дей-ақ жөніміз бар еді, алайда кейбіреулер оның айла-шарғысы-
на тез түсіп қалды, кей тұста ол оп-оңай сан соқтырды. Солай
бола тұра, егер он бесінен бастап санасақ, біз оны екі жетідей
сандалтып-ақ келеміз. Міне, жолдас Момышұлы, қарап тұрсақ,
жеңіп тұрып та жеңілуге болады екен ғой.
– Қалайша, жолдас генерал?
– Құнына қарамайсыз ба? – деді Панфилов жалма-жан. –
Жеңіс үшін төлеген құнын айтамын.
Волоколамск түбіндегі шайқас күндерінде жаудың шамамен
қанша шығынға ұшырағанын айта келіп (өлгені мен жаралыла-
рын қосқанда он бес мыңдай адам), Панфилов осынау мөлшер
бәлендей көп болмаса да, түпкі есепте, Волоколамск тас жолына
өршелене ұмтылған неміс тобы үшін елеулі өлім-жітім екеніне
тоқталды.
– Біз үшін бұдан да қымбаты – уақыт, – деп ой сабақтады
Панфилов.
Ол зеңбіректердің күркірей жеткен үніне құлақ түріп, солай
қарай басын бұрды. Одан қайтадан менің бетіме қарап, кенеттен
қабақ қағып қалған.
281
Волоколамскіде Панфиловтың алдында
– Бұларда тарсыл-гүрсіл әлі жеткілікті, – деді ол, – бірақ әлгі
найзағайдай жарқылдаған жылдамдықтары қайда? Қайда, жол-
дас Момышұлы? Ол Гитлерде жоқ, оны біздің армия – ішінде
сіз бен біз де бармыз, – күл-талқан қылғанбыз. Біз, жолдас Мо-
мышұлы, уақыт ұттық, әлі де болса ұта түсеміз.
Біраз үнсіз қалып:
– Жеңдім деп жүріп те жеңілгеніңді білмей қалуға болады
екен, – деп қайталады.
– Сіз мені түсіндіңіз бе, жолдас Момышұлы?
– Түсіндім, жолдас генерал.
Әңгімеміз тәмәмдала бастады. Панфилов соңғы сұрақтарын
қоюға кіріседі:
– Ал солдат ше? Сіздіңше, солдат шайқастардан не үйрен-
ді? Өзіңіз айтқан психикалық соғыстың мәнін түсіне алды ма?
Немістің сырын ұқты ма?
Кенет Ползунов есіме түскен.
– Кешіріңіз, жолдас генерал, сізге Ползунов туралы айтуды
ұмытыппын.
Панфилов ол кім еді дегендей, қабағын керді.
– Ә... Кәне-кәне... – деді одан елеңдеп.
8
Есік қайтадан ашылды. Адъютант кірген.
– Жолдас генерал, сізге подполковник Витевский келіп тұр.
Жаңа келген атқыштар дивизиясынан.
Панфилов дереу сағатына қарады.
– Жақсы, өте жақсы.
Бұдан соң жылдам шашын түзеп, тікірейте, келте қырыққан
қара мұртын бір сипап, сәл еңкіштеу еңсесін көтере қойды.
Тәрізі, әлгі кісімен өте маңызды кездесу болатын секілді. Әйт-
кенмен, маған бір қарап қойып, адъютантына тіл қатты:
– Азырақ күте тұруын өтініңізші.
Менімен арадағы әңгімені аяқсыз қалдырғысы келмегенін
түсіндім; біздің генерал уақытын сарп етіп, батальон командирі-
не көңіл аударуды білетін жан еді.
– Кәне-кәне... Ползунов... – деді ол.
Мен Ползуновтың өзім «қашқындар» деп атағандармен бір-
ге орман арасынан шыққан кезіндегі сиқы мен соңғы шайқаста
Волоколамск тас жолы
282
танкіге қарсы қолданатын гранатасын ыңғайлай ұстап, төңіректі
қырағы, ойлы көзбен шолғандағы кескіні туралы айтып бердім.
– Сәлем айтыңыз оған! – деді Панфилов. – Ұмытпаңыз. Әр-
бір сарбаз, жолдас Момышұлы, адал қызметі үшін жылы лебіз
естігісі келеді.
Ол қоштаспастан бұрын маған қарай ұмсынып, алақанымды
тағы да соншалықты бір мейіріммен, аялап, қазақша қос қолдап
қысып, едәуір ұстап тұрды.
– Сізден сұрайтыным, жолдас Момышұлы, ұрыста көзге
түскендерді дереу наградаға ұсыныңыз. Тізім мен мінездеме-
лерді менің алдыма дәл бүгін тапсыруыңызды өтінемін... Ал ба-
рыңыз... Тәрізі, сіздің батальоныңызға ертеңге дейін тынығуға
мұрсат бере алармын-ау деймін. Жолыңыз болсын!..
Ол менен оза өтіп барып, есікті ашты.
– Жолдас подполковник, кіруіңізді сұраймын.
Көбіне бейбіт өмірде киюге арналған қызыл құрсамалы фу-
ражкалы подполковник келіп кірді.
Есікке қарай өтпекші болғанымда Панфилов жеңімнен түрт-
кен. Кірген адамды көзімен нұсқап, құлағыма сыбыр етті:
– Бұл, жолдас Момышұлы, қосымша күш. Қиыршығы-
стықтар. Он екі күн бойы жүйткіп жетіпті. Үлгерді. Міне, жол-
дас Момышұлы, Волоколамскі түбіндегі қорғаныс ұрыстарының
мәнін осыдан-ақ аңғаруға болар.
Бір мезет жаны тебіреніп, көңілін шаттық кернеп, көзіне жас
келді. Есікті жаба беріп генералды тағы да көрдім. Панфилов
бауы ағытылған қалта сағатын үстел үстіне қойыпты. Сәл еңкіш
тартқан бәкене бойлы ол күнге күйген әжімді мойнын иіп, под-
полковникке ізетпен орындықты нұсқады. Ал екінші қолымен,
анығында, бас бармағымен бұрынғы әдетінше сағатының дөң әй-
негін сипалайды.
Сыртта жаңбыр нөсерлетіп тұр. Бұлт төнген аспан түнеріңкі.
Станция жақтан зеңбіректер гүрсілі естіледі. Көңірсіген жеңіл
ыс иісі сезілді. Айнала төңірек қалың мұнар бүркеніпті.
283
Синченко, атты әкел!
Үø³íø³ õèêàÿò
Синченко, атты әкел!
1
– Сөзіміздің үлкен нүктесін қай жерінде қойып едік? – деп
сұрады Момышұлы.
– Мінеки, Бауыржан, көріңіз.
Блиндажда үстел міндетін атқарып тұрған фанер жәшікке хи-
каяттың алғашқы нұсқасы жазылған дәптерімді қойдым.
Соңғы тарауда жау тылын бұзып шыққан батальонның жо-
рығы жайында, одан соң Волоколамскінің шет жағындағы үйде
генерал Иван Васильевич Панфиловтың батальон командирі аға
лейтенант Момышұлымен өткізген әңгімесі туралы айтылатын.
Ашылған дәптерді кедір-бұдыр шырша бөренелерінен құра-
стырған жертөледегі жарығы әлсіз кәресін шамға таяп, Мо-
мышұлы жазбаларыма шұқшиды.
Біз танысқан күннен бергі арада бірнеше ай өтіп үлгерген-ді.
Осы айлар ішінде Момышұлы жүдепті; екі ұрты бірталай су-
алған; баданадай үлкен көздерінің ағы аздап сарғыш тартқа-
ны байқалады – сұрапыл соғыс іздері көрініп-ақ тұр. Шам жа-
рығымен айқындала түскен сұлбасы, алғаш кездескенде әсер
еткеніндей, бала кезімдегі кітаптардан жадыда қалған үндіс кей-
пін еске түсірді.
Дәптерге үңілген күйі бойын тіп-тік ұстайды. Ара-арасында
оқыған бетін арықша, салалы саусақтарын жылдам қимылдатып
аударып тастап отыр. Кейде қолы көмірдей қара, тікірейген қай-
ратты шашын тарақтайды; онысы босатқан бойда дір етіп қайта
көтеріледі. Міне, ол жәшік үстінде жатқан күміс портсигарға қол
созды, папирос алып, оны шам жалынына айналдырып кептірді.
Темекісін тұтатып, ешбір ескерту жасамастан, оқуды үн-түнсіз
жалғастыра берді. Ақыр аяғында дәптерді жапты-ау. Мен не ай-
Волоколамск тас жолы
284
тар екен деп тықыршып отырмын, бірақ Момышұлы жақ ашпай-
ды.
– Бұл қазан айының жиырма алтысы болатын, – деп ескертіп
қойдым.
– Иә, – деді ол. – Қазанның жиырма алтысы еді... Мәскеу
түбіндегі шайқастың он бірінші күні...
Момышұлымен бірге блиндажда тұратындардың бәрі бұл кез-
де қарағай шыршасын ойқыш-ұйқыш қаттап төсеген сәкілерде
шинелдерін жамылып ұйықтап та жатқан. Москва түбінде шай-
қасқан батальон тарихын жазу үшін ояу отырған тек екеуміз ғана
едік.
Момышұлы темекі тартып отыр. Арасында шылымының жыл-
тыраған шоғына қарап қояды.
– Жаңа хикаятымызға кірісейік, – деді ол. – Бірақ өзара шар-
тымызды ұмытпаңыз.
– Қандай?
– Сіздің тәңіріңіз – шындық!
Ол маған сұстана қарады. Көз қиығыммен қабырғаға сүйеулі
тұрған қылышына көз тастап, демімді ішіме тартып, жаңа дәптер
мен қарындаш алдым. Бауыржан Момышұлы егер мен өз әңгімесі
бойынша жазылатын кітапта жалған сөйлер болсам бірінен кейін
бірін шауып тастаймын деп серт еткен қолдарым әзірге аман еді.
Ашылған су жаңа дәптер, таңба түспеген ақ парақ сөзімізді
күтіп жатыр. Момышұлы әңгімесіне кірісті.
2
– Панфилов тұрған үйден күндізгі екілер шамасында
шықтым, – деп бастады ол. – Жаңбыр құйып тұр, күркіреген
зеңбірек үні талып жетеді, айналадан күйік иісі сезілді.
Шығаберістегі қалқа астында сәл аялдадым. Өрекпіп жел
ұйытқиды; ойдым-ойдым шұңқырдың бәрі іркінді шалшыққа
толыпты; жылға-жылғадан лайсаң ағын зауылдап, жаңбыр
тамшылары қарауытқан суды бұрқ-сарқ төпелетіп, көпіршіте
шымырлатады. Жауын-шашынның ұзаққа созылатын түрі бар.
Біз соғысқан аймақтарда мұндай жаңбырларды «ылғал жауын»
деп атайды. Қызық анықтама: «ылғал жауын». Бір жақсысы,
менің батальонымның сарбаздары бүгін үйде түнеп, моншаға
түсіп, жуынып-шайынып, тынығады.
285
Синченко, атты әкел!
Құлақшынымды нығыздаңқырай киіп, басқыштан түстім.
Жаңбыр беттен, бас киімнен сабалап, генералдың қасында оты-
рған сәтте кеуіп үлгерген сырма бешпетімді малмандай қылды.
– Жолдас комбат, міне плащ-палатка!
Қарсы алдымда атшым Синченко тұр. Сіз оны танисыз.
Осынау елпілдеген, ойы зерек, қараторының қой көздісі Синчен-
ко Қазақ еліндегі орыс деревняларының бірінде дүниеге келген,
жастайынан жергілікті балалардай ат құлағында ойнап өсіпті
және қазақшаға судай еді. Басымызға түскен ауыртпалықтардан
кейін осынау атпалдай азамат та едәуір арыған-ды; жүзіндегі
алаулаған нұрдың да жұқанасы ғана қалғандай. Әйткенмен, ше-
гірлеу көздері су сіңген құлақшын астынан күлім қағып, маған
қулана қарайды.
Резеңкелі күңгірт-жасыл кенепті иығыма жамылған мезет-
те-ақ нөсер жауын қап-қара айқыш-ұйқыш із салып үлгерген.
– Батальон штабы қайда? – деп сұрадым мен.
– Әне анда, жолдас комбат... Оң жақтағы екінші көше.
– Түсінікті. Өзім тауып барамын. Ал сен тез жүгір! Барып
айт, барлық рота командирлері мен политруктерді маған бата-
льон штабына шақырсын.
– Бәрі жиналып қойған. Штабта күтіп отыр, жолдас комбат.
– Бұйрық берген кім?
– Лейтенант Рахимов.
Синченко кенет жымың ете түсті.
– Неменеге күлесің? Бірдеңе біліп тұрсың ба?
– Білемін. Батальон – резервте. Бір тәулік демаламыз. Және...
– Тағы не? Неге іркіліп қалдың?
– Және генерал бізге риза көрінеді.
– Солдат «телефоны» ма?
– Дәл солай, жолдас комбат.
Мен әңгіме тақырыбын өзге арнаға бұрдым.
– Оқ-дәрі жеткізілді ме?
– Әкелді, жолдас комбат. Азық-түлік те жеткізілді. Бес жәшік
арағы да бар. Генерал бүгін о жағынан сыбағамызды екі еселеп
үлестіруді бұйырыпты дейді.
– Командирлердің жиналу себебі сол болды ғой онда?
Волоколамск тас жолы
286
– Иә... – Синченко тағы да жымың қақты. – Командирлер сіз
бүгін өздерін арнайы түскі асқа шақырады деп күтіп жүр.
– Түскі ас? Мұны шығарған қайсы тағы?
– Асты политрук Бозжановтың өзі даярламақшы екен.
– Көмекшісі сен боларсың?
– Дәл солай, жолдас комбат.
– Екеуіңе де дүре соққызамын. Қалақай жұлып алдырамын
да...
Синченко менің «ашуымның» қалжың екенін біліп тұр. Маған
қулана қарап қояды.
3
Батальон штабы ашық желдеткішінен далалық телефонның
қара сымдары тарамдала шығарылып үлгерілген сылақсыз бөре-
не үйде орналасыпты, – ауызда сақшы тұр екен. Оның әбден су
өтіп, қақиып қалған плащ-палаткасы маған ефрейторша сәлем
беруіне бөгет болған жоқ. Қос дөңгелекті пулемет арбасының ат
айдаушысы – тәмпіш танау, мықыр Гаркушканы тани кеттім.
– Аман ба, Гаркуша... Қалғып тұрған жоқсың ба?..
Гаркуша бүкіл батальонға түрлі қитұрқы әрекетімен әйгілі-тін,
әйткенмен, қолға түсе қоймайтын әккі де еді. Жауынгерлер оны
жолдастық адалдықтан ешқашан айнымайтыны үшін жақсы
көреді, өзі жауған оқтан да, бастықтардан да жасқанған емес,
сондықтан өзінің солдаттық тұрмысын жеңілдету үшін жасай-
тын әр алуан амал-айласы оңай кешіріле салатын.
– О не дегеніңіз, жолдас комбат! — деп батыл жауап қатты
ол. – Мені олай деуіңіз бекер...
Сол сәтте осынау шағын денелі ылпың-жылың ат айдаушыны
айрықша іш тарттым. Плащ-палаткасының жалбағайын қайы-
рып тастапты. Өзінің жаңбыр тамшылары сорғалаған қуақы жүзі
анық көрінеді.
– Жарайды, Гаркуша... Шыда... Ауысқанда жылынарсың.
– Іштен бе? – дейді ол жалма-жан.
Мен оның қияс сұрағын естімегенсіп, үйге кірдім.
4
Албардан өтіп, ішке кіретін есікті айқара аштым да, табалды-
рықта қалт тұрып қалыппын.
287
Синченко, атты әкел!
Таң-тамаша көрініске тап болған екем. Бөлмедегілердің бәрі
қалың ұйқыға кетіпті. Рахимовтың шақыруымен штабқа жина-
лып мені күткен рота командирлері мен политруктер бірнеше
күнгі шайқастардан, өткен түнгі жорықтан қалжырағандықтан,
сәл жантайған бойда ұйықтап кеткен секілді. Бірінші болып рота
командирі Панюков жайғасқандай, әйтеуір, оған ең ыңғайлы
орын бұйырғаны көрініп тұр: ол ірге түбінде – бөлмедегі жалғыз
ағаш кереуетте шалжиып жатыр. Рота командирлері арасындағы
ең жасы және ең ширағы ретінде өзінің қырынып, гимнастерка-
сын ауыстырып үлгергені де байқалады.
Алайда бәрі де қырынған сияқтанды. Желдеткіші ашық тұрса
да, қапырық ауадан күлімсі шұлғау иісі ғана емес, әтір иісі қоса
сезілді. Тәрізі, таяу маңнан әскери дүкен кездесіп, командирлер
сонда соғып қайтқандай.
Кереует шетіне Панюковпен қатар сол ротаның политругі
Дордия жайғасыпты. Гимнастеркасыз, кеудесінде тоқыма көк
мәйкесі ғана бар. Бәлкім, біреуден әскери киіміне таза ақ жаға
тігіп беруді өтінген шығар – менің Синченкомнан сұрамады ма
екен? (Дордия тігу жағынан мүлде епсіз еді.) Сөйтіп, күтіп жа-
тып ұйықтап кеткендей.
Өзгелері еденге шинелдерін жайған бойы, бастарына проти-
вогаз сөмкелерін жастанып, қисая кетісіпті. Әдетте, денсаулығы-
ның мықтылығынан, шықшыттылау кескіні нарттай қызарып
тұратын рота командирі Филимоновтың өңі ұйықтағанда сұрлана
қалған. Рахимовтың да сопақша, қараторы реңі боп-боз көрінді.
Ал Бозжановтың жүзі алаулап жатыр – таратылған пулемет рота-
сының политругі бүк түсіп, жас сәбише пыс-пыс етеді. Асығуды
білмейтін, қашанда орнықты, үгіт-насихат нұсқаушысы Толсту-
нов ұйықтарда аяқ киімін шешіп, дымқыл шұлғауларын солдат-
тық дағдымен етігінің қонышына іліп қойыпты.
Ең бір қолайсыз жер – босағада көлденеңдеп жатқан екінші
ротаның командирі Заевты көрдім. Басын жұдырығымен та-
янған ол сырмалы бешпеті мен бауы ағытылған құлақшынын да
шешпепті. Бәрінің арасынан қырынуға ерінген жалғыз осы болу
керек – қоңыр-жирен сақал-мұртының тікірейген қылтаны ана-
дайдан-ақ көзге түседі.
Волоколамск тас жолы
288
Байланысшы-жауынгер Ткачук қабырғаға сүйенген күйі бүк-
шиіп отыр. Аяқ тұсында телефон аппараты тұр. Қолынан сусып
түскен телефон тұтқасы еденде жатыр.
Ешқайсын оятып алмауға тырысып, қалтамнан папирос алып
тұтаттым.
– Қайт кейін! Табанда жайратып саламын! – деп ұйқылы-ояу
Заев кенеттен ақырып қалды.
Көзін ашқан соң мені көріп, аң-таң болып жыпылық қаққан.
– Заев, кімге айқайлап жатырсың бұлай?
– Мыналарға... Қоршаудан шыққандарға, жолдас комбат.
Тағы да қаша жөнеле жаздады...
Мен күліп жібердім. Осы кезде ғана Заевтың ұйқысы ашыл-
ды. Орнынан атып тұрып, бойын тіктеп қолының ұшын шекесіне
апарды да, күтпеген жерден саңқ етті:
– Смирно! Офицер мырзалар!
Мен:
– Ай, Заев-ай, айттың-ау... Не деп кеттің өзі... – деп қалдым.
Заевтың ойына «офицер мырзалар» деп дауыстау қайдан сап
еткенін кім білсін, мұның себебін өзі де түсіндіре алмайтын бо-
лар.
Қазір ол менің алдымда кеуіп бітпеген күпәйкемен тұр, оны-
сының астынан гимнастеркасының етегі қылтияды; етігі бал-
шық-балшық, малақайы да су. Бас киімінің құлақтары жоға-
ры қарай едірейіп, бауларымен бірге екі жаққа елп-елп етеді.
Шықшыт сүйегі шығыңқы, бетіндегі әжімі айғыз-айғыз, үйрек
тұмсық мұны ешкім де аса ажарлы адам дей алмас еді. Кейде осы
Заевты отызға келсе де әлі толықтай қалыптасып болмаған-ау,
әлгі, бейнелеп айтылатынындай, кейбір «бұрандалары» дұрыс
тартылмаған-ау деп ойлаушы едім. Дегенмен сонша сүйкімсіз де
емес-ті: солбырайған ебедейсіз мұның жүріс-тұрысы, шешім қа-
былдауы, түрлі әпенділігінің өзінде әлдебір ұшқырлық бар еді.
Өзін әрдайым байсалды ұстайтын сырықтай серейген күлдіргі
киноактер есіңізде ме; әлденені ылғи теріс істейді – домаланған
кеспелтек Паташонмен жұптасып ойнаушы еді ғой? Заевты әл-
дебір ерсі әрекетінен кейін үнемі: «Пат! Паттың тура өзі!» деп
ойлайтынмын.
289
Синченко, атты әкел!
Оның сатал-сатал етігі мен қисайған олпы-солпы бас киімін
көрсетіп:
– Өзіңді тәртіпке келтір! – деп бұйырдым.
– Құп болады, жолдас комбат, өзімді тәртіпке келтірейін.
Ол құлақшынын жұлып алып оған бір қарады да, белдігіне
– пистолетінің қабының сыртына қыстыра салды. Одан қалта-
сынан ұзын бәкі шығарып (Заев мұнысын, неге екенін, «боцман-
дық» деп атайтын) жүзін ашып, еденде жатқан шөрке ағаштан
ұзынша жоңқа жонып алып, сонымен етігінің балшығын тазала-
уға кірісті.
5
Заевтың даусынан оянған командирлер дереу тұрып, жерде
шашылып жатқан шинельдерін жинап алды. Тек Толстунов қана
асыға қойған жоқ. Шұлғауын әдемілеп орап, жағдайды ақырын
бақылап отыр.
– Ал-л, офицер мырзалар, – дедім мен, – не үшін келіп қал-
дыңыздар? Рахимов, командирлерді не мақсатпен жинадың?
Рахимов екі қолын төмен түсіріп қақшиып тұр, алайда аль-
пинист, тау спорты нұсқаушысының осы кейпінің өзінен ерекше
еркіндік аңғарылады. Ол батальонның дивизия командирінің ре-
зервіне берілгені жөнінде бұйрық алынғанын мәлімдеді. Бұдан
соң оқ-дәрі мен азық-түлік келгенін хабарлаған.
– Жолдас комбат, рота командирлері мен политруктерді сіздің
келуіңізге орай шақырдым, – деп сөзін жалғастырды ол. – Бата-
льонда төтенше жағдайлар болған жоқ. Қазір батальон тынығып
жатыр.
– Тыныққаны қалай? – деп сұрадым мен. – Ал қаруды кім та-
залайды? Дордия! Мында әбден ыңғайлана жайғасыпсың. Тіпті
гимнастеркаңа дейін шешіп тастапсың... Сенің ротаңның сарбаз-
дары қаруларын тазалады ма...
Дордияның жүзі нарттай болып кетті. Оның сырт келбетінде
сирек ұшырасатын ерекшелік бар: реңі ақсары, тіпті аппақ деу-
ге болады, тек мойылдай қара көздері грузин әкесіне тартыпты.
Енді оның маңдайына дейін қызарған. Әлжуаздау иығындағы
көкшіл мақта мәйкесінің ойығынан көрінген алқымы да қызара
бастағандай.
Волоколамск тас жолы
290
– Тазалаған болуы керек, – деді ол күмілжіп, – тазалаған си-
яқты... Оны рота командирі... Мен біле қоймадым, жолдас ком-
бат.
Дордия, әдетте, ескерту естісе тайсақтап қалатын. Батальон-
да оны сылбырлардың қатарына жатқызушы еді. Сол сәтте оның
көз тайдырып, төмен қарамасқа лажы да қалмағандай-ды. Бірақ
ол өз-өзін жеңді: қара көздерімен маған қадала қарады.
– Жоқ, Дордия... Командир өз алдына, ал жауынгердің қаруы
– сенің де шаруаң. Дегенмен шындықты айтқаның жөн болды.
Рота командирі не дер екен?
Мен Панюковқа бұрылдым. Сымдай тартылған оның жи-
нақылығына сын айта алмайсың. Қара шашты басын сәл кекжите
түсіп баяндады:
– Тазалауға бұйрық берілген, жолдас комбат.
– Тексерілді ме екен?
– Менде тексерілген, – деп күңк етті Заев.
Мен оны тыйып тастауым мүмкін еді, әйткенмен, араға бір да-
уыс килікті.
– Комбат, – деп күлімдей тіл қатты Толстунов, – ең құрымаса
тықсыруды бүгінше қоя тұрсаңшы.
6
Батальонда мені жайдан-жай «комбат» деп атай беретін жалғыз
адам Толстунов еді. Шені жағынан менен бір саты жоғары. Аға
лейтенант ретінде менің жағамда үш «кубик» болса, ол – «шпал»
тағады. Полк штабының жанындағы үгіт-насихат нұсқаушысы
лауазымында тіркелген: оның «шпалы» аға политрук дәрежесін
білдіреді.
Етігін киіп болған ол өзінің еденге төселген шинелінің үстінде
отыра берді.
– Комбат, – деп қайталады ол, – мен роталарды аралап
шықтым. – Бәрі де орын-орнында. Сарбаздар пәтерлерге жай-
ғасқан, қой еті қазандарға салынған, темекі таратылыпты. Қару
тазаланады ғой. Взвод командирлері ол істі назардан тыс қалды-
рмайды. Ал біз мұнда сен түскі асқа шақырған соң жиналдық.
Әрқайсымызға: «Комбат түскі асқа шақырады» деген. Ендеше,
сый-құрметіңді көрсет!
291
Синченко, атты әкел!
Мен жиналғандарға тағы бір шола қарадым. Бәрі де жауынгер-
лік сыннан өткен, әбден ысылып, бораған оқ өтінде шыңдалған.
Әйтеуір, дәл әлгі сәтте маған солай көрінді.
Бозжановтың дөңгелек балғын жүзінде күлкі үйіріледі. Өзі
көрші бөлмеге кіретін есікке көз қиығымен қарап қояды. Ол
жақтан Синченконың алау-далау жүзі жалт етіп қалатынын бай-
қадым. Бұлар – Бозжанов пен Синченко достар еді. Бозжанов
біздің мініс аттарымызға, әсіресе, менің Торытөбеліме ылғи нан
қиқымын беріп, кейде қант жегізіп жүретінін білетінмін. Синчен-
ко ара-арасында ығытын тауып оған атпен серуендеп, желдіртіп
қайтуға мүмкіндік туғызып тұрады. Бозжанов осы кішігірім
«құпияларын» жасыра алмайтын. Бәрін жылтылдаған қысық көз-
дері білдіріп қояды. Қазір де Синченко екеуінің бір-біріне жал-
тақтай қарау сырын аңғару қиын емес-ті: есік сыртында, тәрізі,
дәмді ас пісіріп жеуді сүйетін атшы мен политрук екеуі бірігіп
әзірлеген әлдебір мәзір бар екені анық.
Менімен көзі түйісіп қалған Синченко есікті дереу жаба қой-
ды. Бозжанов бір мезет қысылып, жүзін төмен салды, бірақ езуі
жиыла қойған жоқ. Мейлі, Бозжанбаласы, ісіңе береке берсін.
Сыртта сатырлап жаңбыр құйып тұр, арагідік гүрсілдеген
зеңбірек үні естіледі, ал біз айрықша сәтті – батальонның бір
күндік демалысын атап өтудеміз. Бөлме ішін керемет көңіл-күйі
кернеп тұрғандай еді. Командирлер өздерімен бірге ақыр аяғын-
да пеш түбінде етігін шешіп, жылы орында папиросы мен қолдан
ораған жуан махоркасын тартқан солдат қуанышын ала келгені
аңғарылады.
Мен:
– Бозжанов, түскі асқа ет бола ма? – деп сұрадым.
– Жоқ, жолдас комбат, – деп күле жауап қатты Бозжанов. –
Есесіне қой етінен керемет палау жейсіз.
Ол тамсанып, ернін сылп еткізгенде, жағалай тұрғандар ду
күлді.
– Рұқсат етіңіз, – деп үн қатты Рахимов «құпия» есікті ыммен
нұсқап.
– Рұқсатын беріп қойды ғой! – деп сөз қосты Толстунов.
– Көрмей тұрмысың? Комбат сіздерге қарап тұр емес пе, жол-
дастар.
Волоколамск тас жолы
292
Сөйтті де бірінші болып есікке беттеді.
– Сәл аялда, Толстунов, – дедім мен. – Жолдастар, алдымен,
генералдың бір өкімін орындауым керек. Отырыңыздар. Шылым
шегуге рұқсат.
– Қайда отырмақпыз? – деп күңк етті Заев.
Ешкімнен сұранбастан ауыз үйге шығып кеткен ол иығына
салып әкелген орындықты еденге қойды немесе анығырағы –
түсіре салған.
Үйді иелері, тегінде, таяуда ғана тастап кеткен секілді. Бөлме-
де сол беймәлім адамдар тіршілігінің жылы лебі әлі сақталған-
ды. Терезе алдында ұмыт қалған қуыршақ жетімсіреп жатқандай.
Мен сөзімді бастай берген кезде далалық телефон шырылдап
қоя берді. Полк комиссары телефонға аға политрук Толстуновты
шақырыпты.
– Қазір сазайымды береді-ау, – деді ол ауыр күрсініп. –
Жағдайды әлдеқашан өзім барып баяндауым керек еді.
Сөйтті де тұтқаны алды.
– Тыңдап тұрмын, жолдас комиссар... Он минуттен кейін
шығамын. Он минут мұрсат беруіңізді сұраймын.
Ашулы дыбыс мембрананы дүңкілдетіп жіберді, – әсілі, Тол-
стунов тиісті «сыбағасын» алып жатыр.
– Құп болады! Құп болады! – деді аға политрук тақ-тұқ етіп.
– Орындаймын, жолдас комиссар! Құп болады, жолдас комиссар,
дереу орындалады!
Мембранадағы тарсыл біртіндеп саябырсып, тыншыды. Кенет
Толстунов тұтқаға еркін сөйлей бастады:
– Енді рұқсат етсеңші, Петр Васильевич. Өмірімізде бір
рет адамға ұқсап бас қосып едік. Комбат генералға барып кел-
ді. Не дейсің? Иә, бір-бір реттен тастап та жіберетін шығармыз.
Алаңдама. Бәрі аяқтарының ұшымен жүретін болады, ол аса ер-
кінсіте қоймас. Мұрсат бер, Петр Васильевич... Он бес минут?
Құп болады, он бес минуттен кейін шығамын. Көп рахмет, жол-
дас комиссар.
Толстунов тұтқаны телефоншыға берді де, жеңін сырып, саға-
тына қарады.
– Неше болды екен? – деп сұрады әлдекім.
293
Синченко, атты әкел!
– Екіден қырық минут кетті... Қараңғы түскенше әлі екі сағат-
тай бар.
Қорғаныс ұрыстары кезінде ымырт жабылғанша қанша уақыт
қалды деп күндізгі мезгілді мөлшерлеу әдетімізге айналып
кетіпті. Жау соққыны түрлі сағаттарда, бірақ тек әрдайым күн
жарықта жасайтын-ды. Өзімізден саны жағынан алапат күшті,
оның үстіне танкі артықшылығы басым жауға қарсы жүргізген
бұл шайқастағы әрбір қас қарайған шақ олардан тағы бір күнді
тартып алдық деген сөз еді.
Бөлме іші тыныштала қалды. Үнсіз қалған сәтте алыстан гүм-
пілдеген зеңбірек үнінің жиілей түскенін аңдадық. Тәрізі, танкі
шабуылы басталған сияқты.
– Ал құлақ салыңыздар! – дедім мен жиналғандарға. – Біздің
батальон дивизия командирінің резервінде.
Генералмен арада өткен әңгімені қысқаша жеткізіп, оның ұры-
стардың егжей-тегжейін қалай тәптіштеп сұрағанын айтып, Пан-
филовтың әмірін мәлімдедім:
– Ұрыста айрықша көзге түскендерді марапатқа ұсыну үшін
оған дәл бүгін тізім жіберуіміз қажет. – Бұл үлкен шаруа, зор
абырой, – деп сөзімді жалғастырдым. – Батальон ерлерінің ат-
тарын атап айтуымыз керек. Ойланыңыздар, жолдастар, сарапқа
салыңыздар. Бұл мәселеге бір сағаттан соң ораламыз, сіздерден
лайықтылардың тізімін беруді сұраймын. Ал енді... Өздеріңді
аштан қатыра бермейін. Толстуновты да дәм татырмай ешқайда
жібермеймін, үйімізді жерге қарата алмаймын. Бозжанов, басқар.
Шақыр меймандарыңды.
7
Бозжанов салтанатты қимылмен екінші бөлменің есігін ашты.
Әрине, біздің атаулы үстелімізге ақ дастархан жайыла қой-
ған жоқ. Иесіз қалған үйге бізбен бірге блиндаждық тұрмыс
қоса енген еді. Үстелге газет төселді. Қақтап кептірілген шұжық
кесек-кесегімен ірі туралған күйінде қағаз бетінде үйіліп жа-
тыр. Қақпақтары ашылған ет консервілерінің қалбырлары тұр.
Тұздалған қияр үстелге котелекпен қойылды. Бозжанов айтқан
палау қарт аспазымыз Вахитовтың құзыры бойынша асханада
пісіп жатты. Ыдыс-аяғымыз да нешеқилы: түрлі-түрлі күрешке-
Волоколамск тас жолы
294
лер мен арзанқол қырлы стақандар. Шөлмектерді менің рұқса-
тымсыз қоюға батпаған секілді.
– Бозжанов, арағың қайда? – деп сұрадым мен.
Ол мүдірмей үн қатты:
– Үстел астында.
Жұрт ду күлді. Жарты стақаннан құюға рұқсат беріп ем, Заев:
– Аз ғой! – деді күңк етіп.
Ол қаңылтыр күрешкені өзіне қарай жылжыта беріп, Бозжа-
новқа көз қысып қалды. Ал бұл абыр-сабыр сөз, әзіл-қалжың
арасында әркімнің үлесін құя бастады. Одан:
– Жолдастар, тосты қайсың айтасыңдар? – деп сұраған.
Сол бойда стақанын созып, Панюков ниет танытты. Батальон-
да тост айтудың шебері саналатын еді. Ол ойланбастан:
– Дүние достардың адалдығына сүйенеді! Достық үшін ішей-
ік, жолдастар! Жауынгерлік достық үшін!
Тост ықыласпен қабылданған. Алайда осы маған шөлмек
үстінде қаншама қайталанып, таптауырын болған нәрседей бо-
лып көрінді. Мұндайда көңілің жүрек тербейтін өзгеше бір
лебізді тілейді екен. Әйткенмен, жарайды, осыған да қанағат.
Сөйткенше Заевтың даусы саңқ етті:
– Жолдас комбат, толықтыруға рұқсат етіңізші!
Мен бас шұлғыдым. Кеуіп үлгермеген құлақшыны Заевтың
белдігіне әлі қыстырулы жүр. Шашы тықырланған шошақтау
басы жалаң. Заев шүңірек қабағы астынан үстел маңын шола бір
қарады. Күлімдеп сала бергенде біздің жаны таза Патымыз ке-
неттен сүйкімді болып кетті. Ол күрешкесін көтерді.
– Жолдастар, винтовка үшін ішейікші!
– Винтовка үшін деймісің?! – деп қайырыла сұрады Толсту-
нов.
– Иә, – деді Заев. – Дәл сол үшін...
Сөзінің мәнін ұғындырмақшы болып оқталған ол кенет жұму-
лы жұдырығын бір сілтеді де, үні құмығып әндете жөнелді... жоқ,
анығырағы, өлең жолдарын әндетіп оқып жіберді:
Бұдан өзге жол жоқ бізде,
Қолымызда вин-тов-ка!
295
Синченко, атты әкел!
Бұл бәрімізге сонау бала күнімізден, революцияның алғашқы
жылдарынан-ақ таныс әннің сөзі еді.
Тост көңілден шығып, көтеріп қойдық.
8
Шұжықтың бір тілімін апыл-ғұпыл шайнаған Толстунов палау
пісіп қалған бөлме жаққа қимастықпен бір қарап қойып, үстел
сыртынан бері қарай өтті. Одан: «Кешір, комбат. Мен барайын.
Әйтпесе, комиссар оңдырмайды» – деп бөлмеден шығып кетті.
Жұрттың бәріне тағы да жарты стақаннан құйылған. Синчен-
коға да бір күрешке табыла кетіпті.
Тілек айтуға ниеттеніп, түрегеле бергенім сол-ақ еді, тұтқиыл-
дан кезекші телефоншы иығымнан түртеді:
– Жолдас комбат, сізді телефонға шақырады. Дивизия шта-
бынан.
Тұтқаны алдым. Үстел басындағылар тына қалды.
– Тыңдап тұрмын, – дедім мен.
– Момышұлы ма екен?
– Иә.
– Бұл – Дорфман. Дивизия командирінің бұйрығын жеткізей-
ін: батальонды дабыл бойынша көтеріп, дереу дивизия штабы
орналасқан аймаққа қарай өтіңіз. Одан соң әрі қарай жылжисы-
здар.
– Артиллериямен бірге ме?
– Иә, барлық қару-жарағыңызбен бірге.
– Құп болады, жолдас капитан. Түсінікті.
– Ал сіз өзіңіз, жолдас Момышұлы, шұғыл түрде генералға
келіңіз.
Қысылтаяң бірдеңе болып қалған сияқты. Капитан Дорфман
сабырмен сөйлегенімен, «шұғыл түрде» деген сөзді екі қайталап
айтты, мұнысы тегін емес-ті. Міне, осылайша біздің түскі асы-
мыз бен күндік демалысымыз да аяқталды.
– Синченко, атты әкел!
Менің штабыма мейлінше таныс бұл дауыс әрдайым дабыл
сәтін білдіретін еді.
– Жолдастар, бұйрықты тыңдаңыздар.
Бәрі орындарынан тұрды. Мен сөзімді жалғастырдым:
Волоколамск тас жолы
296
– Дивизия командирі батальонды дабыл бойынша көтеруді
бұйырды. Өзімді дивизия штабына шақыртты. Мен жоқта колон-
наны лейтенант Рахимов бастап жүреді. Роталарыңа тараңдар!
Жұртты көтеріп, сапқа тұрғызыңдар.
Есік ашылды. Аспаз Вахитов буы бұқыраған бір кәстрөл па-
лауды ырғалта алып кірді. Маңайдағылар мұны байқамағансып
тұр. Заев:
– Кәне, тағы бір тартып жіберейік! – деп дауыстап қалды.
Сөйтті де, ешкімге қарамай-ақ өз күрешкесіндегі арақты аузы-
на төңкере салған. Одан қиярды күтірлете шайнаған бойы есікке
беттеді. Құлақшынын да милыққа басып, жүре киді. Оның бай-
ланбаған құлақтары тағы да жоғары қарай едірейіп тұр, бос бау-
лары бұрынғыша екі жаққа қарай салбырап барады.
Мен:
– Заев, құлақшыныңның бауларын байласайшы! – деп айқай-
лап жібердім.
– Құп болады, жолдас комбат, бауларын байлайын!
Дивизия штабында
1
Дивизия штабы орналасқан тас үйдің қасында жаңбырға мал-
шынып бірнеше ерттеулі ат тұр. Мен Торытөбелдің тізгінін тарт-
тым. Өзінің дымқыл түгінен бу бұрқырайды. Бұл мені тас төсел-
меген батпақ көшелердің ара-арасымен қаланы қақ бөліп жатқан
Волоколамск асфальт жолына бірнеше минут ішінде құстай
ұшырып әкелді.
Үздіксіз сілбілеген боз жауын, төбеден төнген қарасұр аспан
еңсені езеді. Әзірше перде тұтыла қоймаған терезеден штабтың
электр шамының жарығы көрінді. Дәл осы көше бойымен сәл
әріректе генерал Панфилов тұратын шағын үй бар. Ашық тұрған
терезе қақпақтары арасынан көмескі әйнек жылтырайды – Пан-
филов, тәрізі, штабқа кетсе керек.
Бүгін осы үйде генералдың алдында болып үлгергенмін.
Қысқаша ғана еске сала кетейін: дивизиядан бөлініп қалған
менің батальоным әлденеше тәулік бойы хабар-ошарсыз кетіп,
297
Дивизия штабында
үстін-үстін дүркірете оқ ату арқылы немістер орналасқан жердің
қақ ортасынан өзіне жол ашып, Волоколамскіге келген. Тере-
зеден біздің батальон колоннасын көрген генерал адъютантын
жіберіп, мені өзіне шақыртып алады. Жағдайды баяндап тұрып,
генералдың картасына түрлі белгілер түсіргенмін. Дивизия жүр-
гізген шайқастар тарихын осынау картадан таба аласыз. Жау Во-
локоламскіге қарай өңмеңдеп келеді. Немістердің қысым екпінін,
шабуыл бағытын көрсететін қою-көк жебе сызықтарының ұшы
Волоколамск станциясы ғимараттары мен жолдарына тиер-ти-
мес жетіп тұрды.
– Міне, біздің жолымыз. Мына жерде, жолдас генерал, біз
неміс колоннасын тыпыр еткізбей, жер бауырлатып тастадық.
– Тұра тұрыңыз... Бұл қашан болып еді? Сағат нешеде? Енді
маған кейбір жәйттің мәні айқындала түсті.
Осы кезде генерал өз ойларын айта бастаған-ды.
– Сіз немістерге қырғидай тиген екенсіз, – деді Панфилов. –
Олардың мұндай «тосынсыйға» кезігіп отырғаны бір бұл емес.
Және мұндайда орасан шығынға ұшырап, қаншама қан төгеді,
шабуыл жасайтын күшінен айырылады. Және, сіздің соққыңы-
здың кездейсоқ жағдайда туындағанын, мүмкін, білмейтін де
шығар...
Тағы да бірталай уақыт менен істің мән-жайын тәптіштеп
сұрастыра келе былай деді:
– Ал сіздің батальонға қатысты жағдайға келсек... Мен өз
резервімді қазір ең қиналып жатқан жерімізге жібердім. Сіздің
батальон соның орнын ауыстырып, менің резервім болады. Сіз-
дерге тынығуға бір тәулік уақыт мұрсат бере алармын-ау деймін.
Сіз мені түсіндіңіз бе?
– Түсіндім, жолдас генерал.
– Ал ендеше барып дем алыңыз.
2
«Сіздерге тынығуға бір тәулік уақыт мұрсат бере алармын-ау
деймін». Әйткенмен, генералдың үйінен шыққалы екі жарым
сағаттай ғана өтті, міне, енді оған қайта шақыртыпты. Не болып
қалды екен?
Тура қасымнан қонышы биік тап-таза етігімен лайды шашы-
ратып, штабқа қарай әлдебір офицер жүгіріп өтті. Панфилов
Волоколамск тас жолы
298
штабынан жанды мұрын ұшына келтіретін мұндай қарбаласты
бұрын-соңды көрмеппін, демек, өте бір қысылтаяң сәт туған бо-
лып тұр.
Неге екені белгісіз, зеңбірек гүрсілі де тына қалыпты. Қала
аспаны тып-тыныш.
Елу қадамдай артта қалып қойған Синченко да шабандау боз
биесін шоқыта желдіріп жетті. Мен секіріп түсіп, тізгінді атшыға
қарай серпе тастап, мейлінше салмақты болуға тырысып, әлде
өзімді, әлде Торытөбелді тыныштандырғым келгендей, оның
жып-жылы кеңсірігінен сипадым. Жануарға осыным жаға ма
екен – тостағандай көзі жасаурап, соңымнан жәудірей қарайды.
Кіре берісте сақшы тоқтатты. Штабтың кезекшісін шақырт-
тық.
– Мәлім етіңіз, – дедім мен. – Аға лейтенант Момышұлы.
Шақырту бойынша келіп тұр...
Кезекші сөзімді бөлді:
– Иә, иә... Сізді генерал күтіп отыр. Маған еріңіз.
3
Алдыңғы екі бөлмеде штаб командирлері тұр, кейбіреуі отыр
– шинель киіп, қару-жарақ асынғандары да бар: тапсырма алған
бойда аттана жөнелуге даяр екені байқалады. Бәрін дерлік Алма-
тыда дивизия құрыла бастаған күндерден бері білетін едім.
Үстел үстіне үш-төрт телефон орнатылыпты; екі аппаратпен
біреулер сөйлесіп жатыр. Пеш жанып тұр. Аузы ашық пеш ал-
дында отқа қарай аяқ созып ұзынтұра полковник Арсеньев отыр
– дивизия артиллериясының бастығы. Таяуда оның шегінген
зеңбіректермен бірге кетіп бара жатқан кезін дүрбі арқылы көр-
генмін. Адамдар мен зеңбіректер төбесінен, тіпті кейде осылар-
дың арасынан жүздеген жарқырауық снаряд ұшып өтіп жатты, ал
бұл қарт полковник, ата-бабасынан бері әскери адам бір сәт селт
етпей аялдап, артына бұрыла қарап, портсигарын шығарып па-
пирос алып тұтатты да, осының бәрін қасақана асықпай, баппен
жасап, бір зеңбіректі тоқтатып, жауға қарсы оқ атуды бұйырды.
Енді, міне, пеш алдындағы тоқыма креслоға ыңғайлана жай-
ғасып, аяқтарын алға созып, саусақтары буылтықтанған қы-
зғылт-күрең қолын да жалынға тосып, көсіліп отыр. Анадай
299
Дивизия штабында
жердегі артиллериялық байланыс телефондарының қасына штаб
артиллеристері орналасыпты.
Полковник мені көріп үн қатты:
– Момышұлы?! Батальоныңмен жүрсің бе?
– Иә, жолдас полковник.
– Іспен ғой... Ал жарайды, бар, бар...
Көрші бөлмеде телефон арқылы капитан Дорфман сөйлесіп
тұр. Өңі жасаң, әрдайым сергек, жайсаңдығынан таймайтын ол
бұ жолы да маған күлімдеген көздерімен іштарта қарады. Ал-
дында қызыл, қара-көк белгілермен шұбарланған карта жатыр.
– Немене, ормандағы біздің адамдар ма? – деп әлдекімнен
қазбалай сұрады Дорфман. – Иә, иә, шаршы орманда. Пулемет-
шілер мықтап бекінді дейсіз бе? Солай шығар дегеніңіз не сөз?
Ендеше, шұғыл түрде барлаушыларды жіберіп, байланыс орна-
тыңыз. Жол бойындағы дүңгіршекті ұстап қала алды ма?..
Дорфман сөзін үзбей маған қолымен сәл ашық тұрған есікті
нұсқады. Бұл «өте беріңіз» деген сөз еді. Әйткенмен, генералға
бірден кіріп баруға батпай, сәл кідірдім.
Әлдекімді күткендей, бөлме ішінде сол есікке қарағыштап
дивизияның саяси бөлімінің бастығы, полк комиссары Голуш-
ко жүр – басында малақай, үстіне шинель киіп, белдіктерін ай-
қыш-ұйқыш тағынып алыпты. Әдетте дабырлап сөйлеп, көңілді
жүретін ол бұ жолы маған салқындау рай танытты.
– Батальонмен бе? Генералдың резерві ғой? – деп сұрады ол
үздік-создық.
– Иә.
– Онда кіре беріңіз.
4
Есікті ашқан бойда құлағыма дәл мен ести қоймайтындай бір
сөз шалынды:
– Масқара ғой! Ал біз сізге сеніп жүрсек...
Сол мезетте Панфиловты көрдім. Жүзі жабырқау. Мен кездей-
соқ естіп қалған әлгі ауыр сөз осы кісіге арналған еді.
Сонадай жерде генералдар киетін әскери елтірі бөрікті, ешбір
айырым белгісі жоқ қара былғары пальтолы толықша адам тұр.
– Жолдас генерал... – деп Панфиловқа қарағанымда, Панфи-
лов мені:
Волоколамск тас жолы
300
– Жолдас Момышұлы, мына кісі армия қолбасшысының
орынбасары генерал-лейтенант Звягин, – деп тоқтатты.
Мен былғары пальто киген адамның жүзіне қарай кілт бұрыл-
дым:
– Жолдас генерал-лейтенант! Дивизия командиріне жүгінуге
рұқсат етіңіз. Батальон командирі аға лейтенант Момышұлы.
– Бұл қандай партизаншылдық, – деп қабақ кіржитті ол. –
Мына қылышы несі?
– Мен артиллеристпін және бүгінге дейін мамандығым ресми
қайта өзгертілген жоқ. Қылышты әскери жарғы бойынша тағып
жүрмін, – деп жауап бердім.
Звягин бас шайқап, Панфиловқа жақтырмай бір қарап қойды:
– Батальон командирінің өзіңізге – дивизия командиріне тіке-
лей келетін тәртіпті қайдан енгізіп қойғансыз?
Панфилов қызарып кетті. Оның қараторы жүзіндегі әжімі мол
көзінің айналасы мен қатпары терең езуі тұсында күреңіткен
дақтар пайда болды. Панфиловтың бұл ерекшелігін білетін едік:
күйінгенде өңі осылай тарғылданып кетеді. Бір жақсысы, онысы
тез басылатын.
Негізі, Звягиннің зілденетіндей-ақ жөні бар. Расында да, Пан-
филовта мұндай «күнә» жоқ емес: әдетте ол өзін бастықтарша
ұстамай, шенқұмарлықтан қашатыны соншалықты – кейде оған
жарғы тәртібінен тыс, батальонның ғана емес, взвод командир-
лерінің өзі, тіпті солдаттар да тікелей қайырыла беретін – гене-
рал бұларға тыйым салу дегенді білмейді немесе ешкімнің бетін
қайтармауды құп көреді.
Енді ол менің өзінің резервтегі батальонын басқаратынымды
айтты. Панфиловтың қарлығыңқы даусы бәсең шығады. Ол өзін
әлденеге айыпты сезінгендіктен бастықтың алдында әбіржіңкіреп
тұрған сияқтанды.
– Ә, резерв командирі ме... – деді Звягин. – Қанша қарулы
әскерің бар?
Мен:
– Алты жүз винтовка, станокті төрт пулемет, сегіз зеңбірек, –
деп мәлімдедім.
301
Дивизия штабында
Звягиннің сәл домбыққан сарғыш өңіне қан жүгірді. Кенет
оның әуелгіде жымырулы көрінген уылжыңқы дүрдік ернін бай-
қадым.
– Жауынгерлер оқ астында ысылған ба? Шайқасқа кіріп
көрдіңдер ме?
– Иә, – деп қысқаша жауап қаттым мен.
Әңгімеге Панфилов араласқан. Күнқақты жүзінен тарғыл
дақтар тарқапты. Ол айналасы үш-төрт сөзбен батальон туралы,
немістер жолды кесіп тастағанда, қарап қалмай, жау тылындағы
жол торабын олардан тартып алып, Волоколамск мен Мәскеуге
қарай омыраулаған гитлершілерді бір тәулік бойына бас көтерт-
пей діңкелеткеніміз жөнінде баяндап берді.
– Бұл онда бұйрықсыз-ақ қимылдады, – деп сөзін жалғастыр-
ды Панфилов маған бір қарап қойып.
Оның кішірек көздерінен тықыршып, абдырауды ғана емес,
лықсыған ой екпінін де аңдадым. Ол, тәрізі, өзі үшін әлденені
анықтап алып, толғантқан жәйтті сыртқа шығарғысы келетін-
дей. Алақаны солдаттардікіндей тықырлата алынған бурыл-қа-
ра шашына қарай созылды – Панфиловтың қиналған сәттерінде
желкесін қаситын әдеті бар еді, – бірақ өз қимылының әбестігін
сезіп, қолын түсіре қойды.
– Бұйрықсыз-ақ қимылдады, – деп қайталады Панфилов.
– Әріберіден соң, бұған: шегініп, дивизияға қосылу туралы
басқа бұйрық берілген-ді. Ал бұл бөгеліп, жол торабын басып
алған. Тәртіпсіздік пе? Әрине, тәртіпсіздік... Бірақ, қалай болған-
да да... Міне, көрдіңіз бе, қылыш асынған партизанымыз осын-
дай.
Панфилов жылы ғана жымиып, мені ишаралап таныстырған-
дай болды. Оның өзіне тән дағдылы қарапайым әзілқойлық қал-
пына көшкісі-ақ келеді. Бірақ жылт еткен күлкі тез жоғалды. Түрі
қайта бұзылып, тұнжырап, лезде қартаң тартқан. Көзге анадай-
дан ұратын бір тал ағы жоқ түксиіңкі қиғаш қабағы тағы түйілді.
Алайда бұ кезде Звягин жадырап үлгерген еді.
– Ә, солай ма! – деді ол. – Қазақсың ба?
– Иә.
– Жақсы.
Волоколамск тас жолы
302
Мен Звягин сөзін: «Батальонды қазақтың басқаратыны қандай
жақсы!» деп жалғастыра ма деп күтім ем. Осы тақылеттес мақұл-
дауды орыстар тарапынан бұрын да естігенмін – тек олар мұн-
дай «қолпашпен» ұлттық намысыма тиетінін ойлай бермейтін-ді.
Әйткенмен, Звягин бұл жағынан сезгір секілді.
– Жақсы, – деп қайталады ол. – Қазір генерал сізге міндет
жүктейді. Мен тоқ етерін ғана айтайын. Жау дивизия майданы-
ның оң жақ қапталын бұзып өтті. Сізге қараңғыда қарсы шабуыл
жасауға тура келеді, немісті тықсырып тастап, шепті қалпына
келтіріп, бекінуіңіз қажет. Бекінгенде, шегінбейтіндей боласыз.
Түсінікті ме, жолдас батальон командирі?
– Түсінікті, жолдас генерал-лейтенант, – дедім мен.
– Бүгін-ертең, – деп сөз сабақтады Звягин, – Москва үшін ше-
шуші шайқастар күні. Жау қансырап, титықтады, енді ең соңғы
күшін салуға кірісті, біз оны осы жерде тоқтата аламыз және
тоқтатуға міндеттіміз. Ол қолымыздан келеді, тіпті біз барлық
саяси қызметкерлер мен командирлік құрамымызбен винтов-
ка ұстап майдан даласына шықсақ та осы міндетті орындауға
тиістіміз. Біздің әлі күнге дейін шегініп келе жатқанымыз масқа-
ра! Біздің дивизия шебін тағы да бұзып өтуге жол бергеніміз –
масқарашылық.
Панфилов басын сәл иіп, бүкшиіп тұр.
Қазан айының он алтысынан бері басталған өліспей-беріспей-
тін қиян-кескі шайқастарда немістер дивизияның қорғаныс шебін
екі-үш мәрте бұзып өтті: майданның тас-талқаны шыққандай
көрінген; алайда біздің бөлек-бөлек болып бытырап, бір-бірінен
оқшау қалған жауынгерлік бөлімдеріміз ұрысты тоқтатқан жоқ,
шабуылды үдетіп, жолдарды ұстап тұрды, рота, батарея, бата-
льондар өңмеңдеген немістердің алдын үсті-үстіне кесе-көлде-
неңдеді, сөйтіп, майдан қайыра бірігіп отырды.
Ал қазір біздің қорғаныс шебіміз тағы да бұзылыпты, соған
сай Панфиловтың: «Дивизия шебінің қайтадан бұзылуына жол
беруіміз – масқара жағдай!» деген сөгіс естуіне тура келді.
Осы сәтте майдан шебі ғана дүрбелеңге түсіп қоймай, Панфи-
ловтың ойы да астан-кестен болып тұрғандай еді.
303
Дивизия штабында
5
– Міндетін айтыңыз, – деді Звягин. – Сіздерге бөгет жасамай-
ын.
Ол қолдарын артына ұстап алып, бөлме ішін әрі-бері кезуге
кірісті. Панфилов есікті ашқан.
– Жолдас Дорфман, картаңызбен келуіңізді өтінем.
Звягин ақырын ғана күңк етті:
– «Өтінем...». «Өтінем» емес, «картаны алып, мұнда келіңіз»
демес пе.
Панфилов үндемеді. Өңінде тарғыл дақтар тағы да пайда бол-
ды. Тіктене төмен қарап, басын қайтадан сәл иді. Енді оның бұл
қимылынан қайсарлық нышаны аңғарылатындай.
Кезінде Панфиловтың жұмсақтығына, әскер тәртібіне үйлесе
бермейтін өктемдіктен ада мәнеріне, адаммен ақылдасуға, ойын
ортаға салуға бейімдігіне таңырқайтынмын. Қол астындағыларға
да, әйтеуір, әскери салттан тыс: «жолдас Момышұлы», «жолдас
Дорфман» деп үн қатады. Даусы да темекі тартатын жасамыс
адамның сәл қарлығыңқы баяу даусы; ешкімнің өзінің алдында
қақшиып тұрып, қаздиып сөйлеуін ұнатпайтын ол ондайға жол
да бермейтін және біреуге бұйыра сөйлеуді мүлде білмейтіндей
жан еді. Көп ұзамай осыған дағдыланып алдық. Алайда бұл жолы
Панфиловты Звягиннің көзімен көргендей болдым.
Иә, біздің генерал, дәл осынау сәтте, жұпынылау көрінді. Бә-
кене бойлы ғана, сәл еңкіш, арықша денелі, тарамыс мойнын
әжім торлаған оны айбынды деуден гөрі, бірде өз-өзін әзілдеп
атағанындай, «қатардағы генерал» десе дәлірек келеді.
Әлбетте, сырттағы біреулер оның дивизия басқарып, бірне-
ше мың адамды өз әмірі мен еркіне қалай бағындырып жүргенін
түсіне де бермейтін...
Үлкен қара папкасын көтеріп Дорфман да жетіп келді.
– Жарыққа қарай, үстел шетіне келіп отыруыңызды өтінемін,
– деп шақырды Панфилов. – Сіздің де, жолдас Момышұлы, мұн-
да келуіңізді өтінем.
Ол «өтінем» деген сөзін қасарыса қайталаумен болды. Звягин
тіс жармаған. Ол да үстелге тақалды. Дорфман папканы ашты.
Алдымызда дивизия штабының операциялық картасы жаюлы
жатты.
Волоколамск тас жолы
304
Сол картаны ғұмыры ұмытпаспын-ау деп ойлаймын. Бетінде
айқыш-айқыш көк және қызыл қарындаш сызығын кетірген қан-
шама өшіргіш ізі бар. Кей жерінде, әсіресе, немістердің негізгі
соққы өзегі бағытында – оңтүстіктен Волоколамскіге бастайтын
тас жол бойындағы тұстарда, тіпті баспа таңбаларының өзі көме-
скіленіп қалыпты. Ондағы жан алып-жан беріскен шайқастар-
дағы жағдай күніне үш-төрт рет өзгеретін. Қызыл қарындашпен
Волоколамскіні айналдыра доғаша иіп немесе сынық ілгекпен
белгілеген дивизияның қазіргі шебі екі жерде – оңтүстікте және
солтүстікте бұзылыпты. Оңтүстіктегі ахуал картада таңбаланған
сәттегі күйінен бәлендей өзгере қойған жоқ-тын, оны маған Пан-
филов күндіз өзінің шағын үйінде көрсеткен-ді. Жырық-жырық,
үзік-үзік қызыл тізбек, немесе анығырағы, ұсақ бунақшалар, әр
тұстан көрінетін пулемет пен зеңбірек белгілері тылымызға қа-
рай омыраулай ұмтылған немістермен сол кезде әлі де қарсыла-
сып жатқан бөлімдерді білдіретін.
Дивизияның оң жағындағы солтүстік қапталда, тәрізі, күтпе-
ген жерден сұмдық оқиға болған секілді. Онда шебіміздің бірне-
ше шақырымы үңірейіп, ойсырап қалыпты. Картада осы ойыққа
қос айрығы бар жалпақ көк жебе шаншылып тұр. Екі тарамдалған
сызба-нұсқа тілінің жүзі үзік-үзік сызықпен көрсетіліпті, бұл жа-
удың бағыты дәлме-дәл деректермен емес, жобамен түсірілгенін
байқатады. Қаланың солтүстік тұсынан өңмеңдеп кірген жау мен
қала арасында ешбір бөгет жоқ, тек шаһар жиегіндегі бақтар-
дың арасынан екі-үш тұста зенит-зеңбіректерінің белгілері қы-
зараңдайды.
Шынымды айтсам, бойымды үрей биледі. Мүмкін, алдынан
ешбір кедергі кездеспеген немістер ендігі заулап Панфиловтың
штабына, Волоколамскіге де келіп қалған шығар?
Панфилов көз-жанарымен сол ойықты нұсқап:
– Ал-л, жолдас Дорфман, қандай жаңа мәліметіңіз бар? – деп
сұрады.
Жауап жайсыздау естілген:
– Байланыс қалпына келтірілген жоқ, жолдас генерал.
Осы сәтте штабтың кезекшісі келіп кірді.
305
Дивизия штабында
6
– Жолдас генерал-лейтенант, – деп жүгінді ол, – баяндауға
рұқсат етіңіз.
Звягин бас изеді. Кезекші Звягиннің шақыртуы бойынша
құрама полктің командирі майор Кондратьевтің келіп тұрғанын
мәлімдеді. Таяуда Волоколамскіде осындай полк құрылып, біздің
дивизиямен іргелес қорғаныс аумақтарының біріне орналасқа-
нын естігенмін.
– Кондратьев? Қайда ол? – деп сұрады Звягин.
– Осында. Ана бөлмеде.
Аяғын салмақпен нық басып барып есікті жұлқи ашқан Звя-
гин оны жаппастан әрі қарай өтті. Панфилов соңынан ілесті.
Басталған әңгімеге әуелде құлақ тіге қоймаппын. Тек келген
адамның міңгірлеп күмілжіген сөздері естіледі. Тәрізі, ол әлде-
неге ақталып тұрған сияқты. Кенет Звягиннің бүкіл үйді басқа
көтерген даусы гүр ете түсті:
– Зәрең ұшып кетті ме?!
Мен ашық тұрған есікке тақалдым. Звягиннің алдында арық-
ша келген қызылшырайлы майор үстіндегі шинелі су-су, лай-лай
болып, үрпиіп, қатты абыржып тұр. Бетіндегі самайдан иекке
дейін түскен тік сызат ісініп кетіпті. Екі қолын санына жапсыра,
қақшиып тұрған Кондратьевте үн жоқ. Тек жүзіндегі жарақаттың
жиек тұсы бүлк-бүлк етеді.
Звягин сол гүрілдеген үнмен сөзін жалғастырды:
– Бұйрықсыз шегінуге кім рұқсат етті?
Бөлме іші тып-тыныш еді. Жұмыстарын доғарып, штаб ко-
мандирлері селтиіп тұр. Қарсыдағы есікке штаб артиллеристері
де жалтақтап қарап қояды. Тыныштықта әрбір сөз анық естіледі.
Звягин жауап күтіп тұр. Кондратьев жақ ашар емес. Құлаққа
Звягиннің ырсылдап, ентіге бастаған дыбысы жетті.
– Жауап беріңіз! – деп ақырды ол. – Сіз бекінген шептен өз
бетінше шегінуге үзілді-кесілді тыйым салынғаны туралы бұй-
рықты білесіз бе?!
Деміккен Кондратьевтің тобықтай жұтқыншағы бір көтеріліп,
бір түсті.
– Мен мәжбүр болдым, – деді ол зорға сөйлеп.
– Қашуға ма?
Волоколамск тас жолы
306
Тағы да бір сәт тыныштық орнады.
– Біздің бәрімізге бұйырылған, – деп Звягин сөзін Кондрать-
евке ғана арнап тұрмағандай сыңаймен қайтадан ой сабақтады,
– бұйырылған: қазір Москва үшін шешуші шайқас күндерінде
шепті өз еркімен тастап кету сатқындықпен, Отанға жасаған опа-
сыздықпен бірдей! Сіз опасыздық жасадыңыз...
– Мен не істей аламын, егер...
– Доғар сөзді! – деп Звягин гүр етті. – Қаруыңды үстелге қой!
Майор боп-боз болып кетті. Мана қызғылт жүзінде қараңдап,
ісініп қана тұрған жарақат ізі кенет әлдекім бетінен қамшымен
осып жібергендей қатты білеуленіп, бадырая көрінді. Маңайынан
жәрдем іздегендей жан-жағына алақ-жұлақ етіп бір қарап алған
майор пистолет қабы ілінген белдігін шешіп, үстел үстіне қойды.
– Жұлдызы алынсын!
Бір мезет тосылған Кондратьев ылғал құлақшынын да қолына
алып, қызыл жұлдызын жұлды.
Қатуланған Звягин алған беттен қайтпай сөзін жалғастырды:
– Тұтқындалсын! Сотқа тапсырылсын! Дәл бүгін соттау ке-
рек... Ертең армия бойынша бұйрықпен жариялаймыз... Әкетің-
дер!
Жас лейтенант, дивизия штабының коменданты:
– Жүріңіз... – деді түнеріп.
Кондратьев алдыға түсіп, комендант соңынан ерді. Звягин
Панфиловқа бұрылған:
– Генерал, сізден уақытша бірнеше саяси қызметкер мен
штаб командирін алайын. Әлгі полкке барамыз. Қашып кеткен-
дерді жинауға көмектесеміз, бастарын қосып, қарсы шабуылға
бастаймыз.
– Өз адамдарыңызға телефон соғыңыз, – деп бұйырды ол
саяси бөлім бастығына. – Қызметкерлеріңіз атқа қонсын. Қазір
жолға шығамыз.
Бірнеше минуттен кейін Звягин өзіне арнап жағдай белгілері
түсірілген жаңа картаны алды да, дивизия штабынан жүріп кетті.
7
Мен шығып үлгермеген бөлмеге Панфилов қайта оралды.
Мұнда артиллерияның ұзынтұра полковнигі де келіп кірген. Үй-
307
Дивизия штабында
інде жүргендей еркінсіген ол, тіпті сонша батырсынып, тыжыры-
на сөйлейді:
– Қарсы шабуылшылын... Жай жылану ғой, қарсы шабуыл
емес...
Панфилов кілт бұрылды.
– Сізге қол орамал керек емес пе? – деп сұрады ол.
Панфиловтың мәнері осындай еді. Ешбір күйгелектенген де
жоқ, «онша асып-таспаңыз!» немесе «жыланып тұрған өзіңіз
емес пе!» деп зекімеді де, қатты сөзге бармай, кекесінді сауалмен
шектелді.
Мысқыл астарын түсінген полковник Арсеньев бойын тіктеп,
қолдарын төмен түсіріп тұра қалды.
– Кетуге рұқсат етіңіз, – деді ол.
– Барыңыз, – деп жауап қатты Панфилов.
Біз Панфилов екеуміз ғана қалдық. Сыртта әлдекім терезе
қақпақтарын жаба бастады.
Панфилов үстел үстінде жатқан картаға бір қарап, бөлме ішін-
де олай-былай жүрді. Одан кенет:
– Сізді ретсіздік таңырқатпай ма? – деді. – Иә, бізде бейбере-
кеттік көп, жолдас Момышұлы.
Сөйтті де өзінің әлдебір ойларына іштей ілесіп, сұрақ қойды:
– Жолдас Момышұлы, сіз осы, Энгельстің әскери еңбектерін
оқыдыңыз ба?
– Жоқ, жолдас генерал.
– Оқығаныңыз жөн... Жаңылмасам, дәл Энгельс шығармала-
рының бір жерінде: «Әскери істе ретсіздік дегеннің өзі – жаңаша
тәртіп» делінеді.
Оның әрі-бері аяңдап жүріп, толғантқан ойларын сыртқа
шығарғысы келетіндей. Алайда уақыт тапшы: ол қалта сағатын
шығарып, бауын ағытты да үстелге қойды.
– Берірек келіңіз, жолдас Момышұлы... Картаға.
8
Панфилов бірер минуттей картаға қарап үнсіз тұрды. Қалаға
солтүстік жақтан бағытталған көк жебе-сызық бұрынғыша үзік-
үзік таңбамен белгіленген. Дорфманның мәлімдегеніндей, шебін
немістер бұзып өткен полкпен байланыс әлі қалпына келтірілген
жоқ. Сол жақтан жаудың келе жатқаны анық па? Төнген қауіптің
Волоколамск тас жолы
308
қатері қаншалықты? Әлде бұл жаудың резервті әурелеу үшін қа-
сақана жасап отырған алдамшы әрекеті ме? Панфиловтың соңғы
резервтік батальонын түн ішінде белгісіз жаққа жұмсауға құқы
бар ма? Ал егер қорғаныс шебінің бұзылғаны рас болып, қалаға
кіретін жол ашық жатса оның бізді қозғамай қарап отыруы қи-
сынға келе ме?
Үстелдегі сағат сырт-сырт етеді. Уақыт өтіп барады. Бір
шешімге келу керек.
– Міне, жолдас Момышұлы, Волоколамск түбіндегі бекініс
шебі мынау, – деп Панфилов маған бұрылды.
Ол біздің дивизия келгенге дейін күнібұрын-ақ қорғаныс шебі
үшін даярланып қойған Лама мен Гродна өзендерінің жағасын-
дағы Волоколамск бекінісі ауданының солтүстік бөлігін қарын-
даштың доғал жағымен айналдыра көрсетті.
– Бірақ сіз мұнда бекінбеңіз, – деп сөзін жалғастырды Пан-
филов. – Байқайсыз ба, арғы жаға биік... Шеп жаттанды үлгі бой-
ынша белгіленген: өзен бе, демек, қарындашты аласыз да сызық
жүргізе саласыз...
Қателеспесем, өткенде өзіңізге Панфиловтың бір әдетін айтып
қалғандай едім: нақты бір шешімге келе алмай, екіұштылау күйге
түсіп қалған сәттерде өз-өзінен саусақтарын тарбита бастайтын.
Міне, ол қазір де арбиған бес саусағын әуеде ербеңдетіп тұрға-
нын аңдамайтын сияқты.
– Сіздің міндетіңіз, – деді ол, – арғы жағаға өтіп, мына жота-
лар мен Иванково деревнясын алып, жауды тоқтату. Егер онымен
ертерек беттесіп қалатындай болсаңыз, қарсы ұрыс салыңыз.
Түсінікті ме?
– Түсінікті, жолдас генерал.
– Барыңыз... Штабтан карта беттерін ала кетіңіз.
– Құп болады, жолдас генерал.
Панфиловтың көзіне қарап «құп болады» дегеніммен, іштей:
«Өз-өзіңе шүбәланып, тайсақтап, нақты нендей шешім қабылда-
рыңды білмей тұрсың. Онда мені несіне жұмсайсың?» деп ойла-
дым. Панфиловпен жүздесіп, тілдесіп жүрген уақыт аралығында
оған осылайша алғаш рет ренжіппін.
Айтқанымдай, генералдың көзіне тура қарағанмын. Кенет ол
менің ойымды оқығандай, сөзін жалғады:
309
Дивизия штабында
– Мен күмәнға бой алдырып, қобалжып тұрмын, жолдас Мо-
мышұлы. Белгілі шешімім де, оны қузап жататындай уақытым да
жоқ.
Жаңа ғана Панфиловты жақтырмай қалған мен оны лезде
іші-бауырым елжіреп жақсы көріп кеттім. Не деген шыншыл,
адал адам – алдымда ешбір періште кейпіне түспей-ақ, ағынан
жарылып тұр.
– Шынымды айтсам, – деді ол тағы да, – сізге қалада ұрыс са-
луды тапсырсам ба деп едім. Осы жерде жауды діңкелеткен соң, –
Панфилов қарындашпен немістердің негізгі тобымен жүргізіліп
жатқан шайқас шебін нұсқады, – сізге қаланы қорғауды жүкте-
сем бе деп ойлағанмын. Әлде өзіңізді жібермей шыдай тұрсам ба
екем?
Панфилов жүзіме жалт етіп қарап, берер жауабым мен ақыл-
кеңесімді күткендей, тіпті емініп, тақала түсті. Бірақ генералға
не деп жөн сілтегендеймін?
– Мына жақта не болып жатқанын мен білмеймін, – деп қай-
тадан сөйледі ол қарындашымен солтүстіктегі ойықты түртіп.
– Мүмкін шешімді сіздің өзіңіздің қабылдауыңызға тура келер.
Іске батыл кірісе беріңіз, мен сізге сенемін. Бәлкім, соңыңыздан
тағы да әлденелерді хабарлармыз. Ал жолдас Момышұлы... – Ол
қолын созып, менің қолымды қатты қысты. – Сенемін сізге, жол-
дас Момышұлы. Намысты қолдан бермессіз.
– Ешқашанда! – деп жауап қаттым нық сеніммен.
Кілт бұрылып, шығуға ыңғайланғанымда Панфилов қайта
тоқтатты:
– Тағы бір жәйт: сақтықты ескеріңіз. Ұрысқа алдымен
әскеріңіздің алдыңғы легі кіріссін. Ал сіз бағытты мөлшерлеп
алып, өзіңіздің негізгі күшіңізбен бүйірлете келіп соғасыз... Сөй-
тіп, көп шығынсыз-ақ жайратып тастайсыз. Түсіндіңіз бе?
– Түсіндім, жолдас генерал.
– Ал, онда барыңыз, жөнеліңіз... Көріскенше!
Мейірім шуағы төгілген көзінен алаңдаушылық белгісі қоса
аңғарылды.
Волоколамск тас жолы
310
Батальон түнекте
1
Штабтан шыға сала көзіме сонадайда тұрған Торытөбел ша-
лынды. Оны, тіпті қараңғыда да ешбір өзге атпен шатастыра ал-
майсың: маңдайында үлкен төбелі бар, сидиған жіңішке сирақта-
ры да тізеге дейін аппақ. Торы ат жауын астында қап-қара болып
көрінеді.
Синченко жолыма қарағыштап жүр екен. Көрген бойда То-
рытөбел мен өзінің ақбоз атын жетектеген ол маған қарай жұлқы-
на ұмтылды.
Көп ұзамай тас жолдан қиыстау, бүйірдегі көшеде орна-
ласқан батальонға шауып жеттік. Анадайдан-ақ көпір үстін-
де қарауытқан жетектегі зеңбіректер мен пулемет орнатулы екі
аяқ күймелерді, ат арбаларын, көшпелі асханаларды шалып ке-
лемін. Мені күткен батальон демалуға жайғасқан. Ығы-жығы,
топ-топ болып жаңбыр сіңген ауыр шинельдерімен иық тіресе
ұйлығысқан сарбаздар үй іргесі мен шарбақ түбінде ықтасындап
тұр. Темекілерінің шоғы тартқан сайын қаптаған қызыл нүктеге
айналып, жылт-жылт етіп, самсай жамырайды.
Түн түнегіне шомған қала үнсіз, терезелері де қап-қараңғы.
Тек станциядағы өрт басылар емес. Ол тұстағы аспан сәл-пәл қы-
зғылт тартыпты.
2
Мені алыстан таныған. Рахимов команда береді:
– Встать! Смирно!
Мен де дауыстап қалдым:
– Отставить! Вольно!
Рахимов бір үйді штаб жұмысы үшін босаттырып, онда бай-
ланысшыларды жинағанын мәлімдеді. Көзге көп түсе бермейтін,
сөзге сараң осынау штаб бастығым әрдайым алды-артты бай-
қағыш жан еді. Рахимовты көрген сайын, ештеңені тәптіштеп
сұрамай-ақ, батальон басқару істерінің ың-шыңсыз ғана тап-тұй-
нақтай атқарылып жататынын білетінмін. Синченконың плащ-па-
311
Батальон түнекте
латкаға мұқият орап қойған шиыршықтаулы топографиялық кар-
та беттерін Рахимовқа беріп тұрып:
– Колонна бойынша хабарлаңыз, үшінші ротаның командирі
маған келсін! – деп бұйырдым.
Рахимов мені өздерінің штаб үшін таңдап алған үйлеріне алып
келді. Осы кезде Филимонов та жүгіре жеткен:
– Жолдас комбат, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын!
– Рахимов, Филимоновқа картаны бер. Ұста, Ефим Ефимо-
вич. Орауын жаз.
Дәл сол жерде, кіреберістегі қалқа астында жауыннан паналап
тұрып, әлі қыртыс түсе қоймаған су жаңа шаршы карта беттері-
не қарай бастадық. Рахимов қалта фонарының жарығын түсірген
сәтте Филимоновқа Иванково деревнясын нұсқадым:
– Көріп тұрсың ба? Мұнда оң қанатты бұзып өткен жау ко-
лоннасы тақалып келеді. Оның күші әзірге белгісіз. Батальон-
ның міндеті: қалаға кіретін жолды бөгеу. Сен, Ефим Ефимыч,
алдыңғы лек болып барасың. Міндетің – Иванковоға немістен
бұрын жетіп, іске кірісіп, ұрыс ашып, жаудың бетін өзіңе бұру.
Ал мен негізгі күшпен бір бүйірден немесе тылдан келіп соға-
мын. Атыс құралдарының тең жартысын саған бермекшімін – екі
пулемет, төрт зеңбірек. Егер жаумен беріректе ұшырасып қалсаң,
жолға ие бол, қия бастырма. Әзірге байланысшылар арқылы ха-
бар алысып тұрамыз. Түсіндің бе, Ефимыч?
– Түсіндім, жолдас комбат... Табандап тұрып аламын – бір қа-
дам да шегінбеймін.
– Жоқ. Бұлтарысқа салып әурелеуіңе болады. Біраз шегіне де
бер. Бірақ тізгіннен айырылма.
– Ең дұрысы, бір орыннан тапжылмайын, жолдас комбат.
Филимонов әскери айлакерлік дегенді жарата қоймайтын еді.
Өзіне берілген нақты, әбден түсінікті бұйрықты орындауға дағ-
дыланған.
– Жарайды, – дедім оған, – табандап тұрып ал. Кейінгісін
көре жатамыз. Ал қазір жұртты көтер де, жөнел. Мен жиырма
минуттен кейін қозғаламын. Адымың суворовшылдарша ширақ
болсын.
Басқыштан жүгіре түскен Филимонов шырқырай дауыстады:
– Үшінші рота, сапқа тұр!
Волоколамск тас жолы
312
Іле-шала: «Бірінші взвод, сапқа тұр!», «Екінші взвод, сапқа
тұр!» деген команда саңқылдады.
Батып бара жатқан шапақ арайымен самсаған найза қатары
қарайып, айқын көрінеді. Рота сап түзеді. Мен Филимоновтың
қасына келдім:
– Командирлер мен жауынгерлерге міндетті жол-жөнекей
түсіндіресің. Тарт! Уақытты кетірме.
Қашаннан шалымды Филимонов шинелінің етегін жалма-жан
қайырып, белдігіне қыстырып алды да, ротаның алдына шықты.
Одан: «Марш!» деп үн қатты. Рота қозғалды. Төрт зеңбірек, пу-
лемет артқан қос дөңгелекті екі арба соңдарынан ілесті.
3
Алдыңғы тосқауыл легін аттандырған соң штабқа қарай бет-
тедім. Темекі тартқым келді. Қалтамда папирос қалмапты.
– Синченко!
– Мен, жолдас комбат.
– Бір қорап «Беломор» әкел.
Аяқ астынан көз алдымда винтовка асынған аласа бойлы біре-
удің сұлбасы пайда бола кетті.
– Жолдас комбат, темекіңізден бізге де бермес пе екенсіз?
Жымың қағып тұрған Гаркушаны таныдым.
– Ә, жауынгер Гаркуша... Бұл не еркінсу?
– Түтіннің иісін сезіп қалдым, жолдас комбат.
– Қарай гөр... Шылым тартып үлгерген жоқпын, ал Гаркуша
түтін иісін сезе қойыпты!
– Ашықауыз емеспін, жолдас комбат. Әкем: «Сылбыр шоқай-
ын шешкенше, ширақ шомылып үлгереді» деп жастайымнан үй-
реткен.
Гаркушаға қосылған бірнеше сарбаз мені лезде қоршап алды.
Әлгі мәтелді бәрі күле қабылдаған. Синченко маған бір қорап
«Беломор» ұсынды. Мен оны ашып, жауынгерлерге создым:
– Шегіңдер.
Әлбетте, ешқайсы бас тартқан жоқ. Байқауымша, Гаркуша бір-
ден екі папиросты іліп әкетті. Бұдан соң жел мен жауынға қара-
май-ақ лып еткізіп сіріңке жағып, менің аузыма қарай от тосқан
да – сол.
313
Батальон түнекте
Штабқа аяңдадым. Келсем, мұнда Рахимовтың шақыруы бой-
ынша келген командирлер мен политруктер отыр. Жағдайды ба-
яндап, батальонның міндетін түсіндірдім.
– Сарбаздарға барыңыздар, жолдастар, – дедім. – Түсіндіріңіз-
дер: бүгін түнде, қараңғыда жаумен бетпе-бет шайқасамыз. Қол-
ма-қол ұрыс салуға тура келеді. Іс тағдырын лақтыратын граната
мен шаншитын штык шешеді. Он бес минуттен кейін жүреміз.
Жорық үстінде тамақтанамыз. Аялдайтын жеріміз – қаланың сы-
рты. Сұрақтарыңыз бар ма? Онда барыңыздар.
Командирлер кетті. Тек политрук Дордия бөгелген. Қолын ше-
кесіне сөлекеттеу көтеріп:
– Жолдас комбат, ротамен әңгіме жүргізуге рұқсат етіңізші, –
дейді.
– Сонда халыққа не айтпақшысың?
– Қазан мейрамы жақындап қалғанын айтсам ба деймін...
Бұдан соң... астыртын-большевиктердің... Ал одан да бұрын ре-
волюционер-демократтардың қалай күрес жүргізгенін айтуға бо-
лар. Мәселен, Чернышевский...
– Е-е, Дордия, құлашты алысқа сермепсің...
Дордия бүгежектеп, үнсіз қалды.
– Тым қатты кетіпсің!.. Солдатқа мұның не керегі бар?
– Қалай не керегі бар? – деп қайта сұрады Дордия. – Ал Ле-
нин ше?
– Немене Ленин?
– Ол, тіпті бозбала кезінде-ақ Чернышевскийге құмартқан.
Және ғұмыр бойы жақсы көрді. Чернышевский бәрінен бұрын
борышты жоғары қоятын революционер образын жасаған...
Дордияның көзі шырадай жанды. Сүйікті «әуенін» тапқан ол
жанына жақын тақырыбында құлшына сөйлеуге кірісті.
– Сені тыңдап тұратын уақытым жоқ, Дордия, – дедім мен.
– Ротаға бар. Жауынгерлерге жағдайды қарапайым тілмен түсін-
дір.
Дордия қып-қызыл болды. Тіпті мойнына дейін қызарды.
– Бар! Сарбаздарға тілек сөзді өзім айтам.
Ештеңе деп жауап қатпаған Дордия әскери тәртіппен құрмет
көрсетті де, ебедейсіздеу бұрылып, жөніне кетті.
Волоколамск тас жолы
314
4
Ұзамай сарбаздар қатарға тұрып бітті.
Атпен саптың тұсынан ақырын ғана өтіп бара жатып қа-
ракөлеңкеде таныс жүздерді ажыратамын.
Міне, мынау Новлянское селосының түбінде өткен әйгілі қар-
сы шабуылда бірталай шығынға ұшыраған екінші рота – саны
жағынан ең шағын бөлім. Қол пулеметінің қолақпандай дүмін
сойыл секілді жоғары көтеріп алып қалың жауға қарсы ұмтылған
Толстунов есіме түсті. Оның: «Коммунарлар!» деген қаһарлы үні
ойға оралады.
Қазір қасымызда Толстуновтың болмағаны өкінішті. Оны
іле-шала Заев та атып тұрып шабуылға шықты – сөйтіп бұлар
соңдарынан ротаны ілестірді. Міне, оң жақ қанатта бүгжие со-
райып, арбиып тұрған сол Семен Заев. Қабы бар пистолеті белді-
гіне ілулі, ал екінші тапаншасы – Новлянскоеде өзі атып өлтірген
немістен алған парабеллумнің сабы шинелінің өңірінен қылти-
яды. Бөркін баса киіпті, әйтеуір, онысының құлақтарын ақыры
байлап алыпты.
Ал мынау Ползуновтың балғын жүзі. Жауын астында мой-
нын жағасымен қымтамай, төңірекке ешбір шүбәсіз, байыппен
қарайды. Бүгін генералымызға бұл туралы айттым. Ол осынау
жас солдаттың қолына танкіге қарсы гранатаны сығымдай ұстап,
бізге қарсы жылжыған бойда оқ жаудырған немістің қара қорап-
ты машиналарын қырағы көзімен бағып тұрғаны жайлы естіді.
Екінші ротаның ауыр жараланған командирі Севрюков жөнінде,
батыр лейтенант Донских хақында, қорқақтық көрсетіп, кейін
жаужүрекке айналған Брудный жайындағы сөзге де қанықты.
Міне, сол қараторы келген, шағын денелі Брудный өзінің барла-
ушыларымен бірге тұр. Ал мынау – пулемет артқан қос дөңге-
лекті арба. Оның қасындағы пулемет расчеты: маған қарай ұзын
мойнын созыңқырай қараған көзілдірікті Мурин, сап ортасында
айрықша серейе көрінген бойы бір сажындық бұрынғы жүк ти-
еуші Қалимолдин мен алагөбеде ақшыл қабағы әрең көрінетін
орта бойлы Блоха.
Жаңа шайқастың алдында өз солдаттарыма не айтпақпын?
Аттың тізгінін тартып, сапқа қарай бұрылдым:
315
Батальон түнекте
– Жолдастар! Бізге демалыс бермекші еді, бірақ оның сәті
түспеді. Жау Москва түбіне жеткенде дамылдайтындай жағдай-
ымыз бар ма! Біз ұрысқа аттанғалы тұрмыз, барлық қиындықтан
қаймықпай алға ұмтылуымыз керек. Келешекте ел: «Мәскеу
түбінде осыншама жанқиярлықпен шайқасқан қандай адамдар?!»
деп таңданатын болады. Оларға қазір-ақ жауап берейік: олар – өз
Отанын қорғаған совет адамдары!
Сәл тыныстап алып:
– Рахимов, батальонды бастаңыз! – деп бұйырдым.
5
Біз жылжып, қаладан шықтық.
Шынымды айтайын, өз сөзіме қатты қоңылтақсыдым. Аузым-
нан әдеттегі, жаттанды сөздер шығыпты: совет адамдары, ана-
у-мынау... Ал бұл не нәрсе? Совет адамы өзге жұрттан ерекше
жаратылған ба?
Өз-өзіме ренжимін. Әбден мезі қылатын таптауырын сөз-
дерді қайталап не қажеті бар еді? Өз жанымнан толғана шығатын
жүрекжарды лебіз таба алмағаным қалай?
Әлдекім қасыма таянып, Торытөбелмен қапталдаса адымдап
келеді. Ә, сорайған Заев екен ғой...
– Мықты айттыңыз, жолдас комбат, – деп күбірледі ол. – Ке-
ремет! Жан-жүйкеге жетті!
Заев маған ешқашан жағымпазданып көрген емес-ті. Жарам-
сақтық табиғатына жат. Сонда мұның көңілін тербеген қай сөзім?
Совет адамдары, совет адамы деген дағдылы тіркесте Заевтың
жанын толқытқан, солдаттың жүрегін тебіренткен нендей үлкен
шындық бар?
6
Роталар қара жолмен батпақ кешіп, жүріп келеді. Артта ала-
улаған шұғыла аясында шіркеу күмбездері мен қоңыраухана
мұнаралары қарауытады. Көп ұзамай бұлар да іңір қараңғысына
жұтылып кетті.
Жел күшейді. Бірақ жаңбыр басылайын дегендей. Атыс үні де
саябырсыды. Жақыннан да, алыстан да, тіптен, жеке-дара вин-
товка дыбысы да естілмейді. Волоколамск төңірегінде тіршілік
тынши қалған сияқтанды.
Волоколамск тас жолы
316
Алайда қараңғылық құшағындағы белгісіз бағытқа қарай келе
жатқан біз: ілгерідегі қорғаныс шебінің бұзылғанын, солтүстік-
тен келіп Волоколамскіге ұштасатын табанымыздың астындағы
мына сүрлеулердің бірін енді біздің әскерлердің қорғап тұрмаға-
нын, алдыда – түн түнегінің бір тұсында жаумен беттесетінімізді
білетін едік.
Астымдағы Торытөбел жердің жылбысқы лайсаңдығына қа-
рамай, колонна шетінде лыпылдап, ойнақши басып келеді. Ойға
шомып, ер үстінде зілдей болып отырмын. Кенет артқы жақтан
ат тұяғының дүбірі естілді. Сол тасыр бір мезет тыйыла қалды
да, әлдекімнің аптыққан үні шығады:
– Батальон командирі қайда?
Және біреу жауап қатты:
– Алдыда.
Бір миуттен кейін мені қасына екі сарбазын ерткен дивизия
штабының майоры қуып жетті.
– Тү-у, тіпті... Алысқа ұзап кетіпсіз ғой, – деді ол маған. –
Кері бұрылуыңызға тура келеді. Сізге, жолдас аға лейтенант,
жаңа бұйрық әкелдім. Батальонға тоқта деп команда беріңіз!
– Не болып қалды? Неге?
Екеуміз шеткерірек шыққан соң майор мән-жайды айтты:
немістер бұзып өткен учаскедегі полк штабымен ақырында бай-
ланыс қалпына келтіріліпті. Менің батальоным генералдың бұй-
рығы бойынша жедел сол полктің командирі подполковник Хры-
мовтың қарамағына берілген көрінеді. Маған батальон бағытын
өзгертіп, Иванковоға емес, Тимковоға бару бұйырылған. Мін-
детім: Тимково деревнясын, одан Тимково жотасын алып, сонда
бекіну. Мен:
– Неге бұлай, жолдас майор? – деп сұрадым.
– Білмедім... Менің ісім – сізге бұйрықты жеткізу.
– Сіз өзіңіз Хрымовпен сөйлестіңіз бе?
– Жоқ. Штаб бастығы сөйлесті.
– Өзінен сұрауыңызға болар еді ғой.
Майор шамданып қалды.
– Шені жоғары бастықтарға сұрақ қоятын әдетім жоқ.
Өзімді тежей алмадым:
– Оныңыз бекер екен.
317
Батальон түнекте
Қалт тұра қалып қолымды шекеме апарып, майорға құрмет
көрсеткен соң айқай салдым:
– Синченко!..
– Мен, жолдас комбат!
– Рахимовқа айт: батальонды тоқтатсын! Майорға қарай
бұрылып, тағы ізет көрсеттім:
– Сау болыңыз, жолдас майор.
Ол енжар кейіппен үн қатты:
– Сау болыңыз... Тезірек бұрылыңыздар.
7
Батальонға аялдап, тыныстауға бұйрық беріп, командирлерді
өзіме шақырттым.
Солдаттар жол жиегіндегі қатқақ соққан ылғал шөпке тізе
бүкті. Одан темекілерін, шоғын қалқалай ұстап, құныға тартуға
кіріседі. Күннің едәуір суытқаны сезілді. Қайтадан, құдды, еле-
уіштен сепкендей, сіркіреген ұсақ жауын басталған. Жауынға
енді терістіктің қара желі қосылып, шинельден, плащ-палатка-
дан, құлақшыннан сабалайды.
Рахимов тағы да Волоколамск көшесіндегі әрекетін қайталап,
қалта фонарының сәулесін планшеттің жылтыр қабыршағынан
көрініп тұрған төрт бұрышты картаға түсіреді. Мен командир-
лерге: Тимковоға бұрылып, осы деревняны алып, картада көрініп
тұрғанындай, Волоколамскінің биігіндегі Тимково жотасына
бекіну туралы берілген жаңа бұйрықты мәлімдедім. Міндетті
түсіндіре келе, әмір бердім:
– Рахимов, атыңды Бозжановқа бер. Бозжанов, сен Филимо-
новты қуып жетіп, оған тезірек қайту керектігін жеткіз.
Сізге бұрынырақта айтқан да шығармын, Бозжанов менің көп-
теген қазақ ағайындарым секілді атқа мінуге жаны құмар еді.
Ал оған соғыс кезінде аяғын үзеңгіге салып, тізгін ұстайтындай
жағдай жиі бұйыра қоймағаны түсінікті. Сондықтан ол осынау
қысылтаяң сәттің өзінде берілген тапсырмаға қатты қуанды.
Оның жаңбыр жуған дөңгелек, балғын жүзінен байыптылық
аңғарылады. Бірақ жауабы саңқ етіп, жарқын шықты:
– Құп болады, жолдас комбат!
Бозжановтың сөз ауаны езуге күлкі үйірді. Фонарьдың әлсіз
жарығы арасынан аңдап қалдым: жауын астында тоңып, басын
Волоколамск тас жолы
318
жаға ішіне қарай жасырған Дордия да күлімсірейді, ұстамды Ра-
химов та жымиып жүр. Мен:
– Орында! – деп бұйырдым.
Саусақтарының ұшын шекесіне созған Бозжанов бұрылып,
қараңғыға қарай сіңе берді. Әне, оның қылаңдаған шымыр жа-
уырыны ғана көрініп барады – аздап алға ұмсынған, құдды, дәл
өзі секілді тастай түйіліп, діттеген мақсатына қарай құлшына
ұмтылғандай. Тіліме «Сұр жебе!» деген тіркес оралады. Мен
басқаруды жалғастыра бердім:
– Панюков!
Бірінші ротаның командирі Панюков – әлгі сәті түспеген түскі
асымызда достық үшін тост көтерген жігіт – бір адым алға аттап,
жердің батпағына да қарамастан өкшесін-өкшесіне сарт-сұрт
соғып, қалшиып тұра қалды. Қазір су сіңе бастаған үстіндегі
шап-шақ шинелін белдігімен қынай тартып алыпты. Алыстағы
өрт жалынының жарқыл қаққан қызыл-қоңыр сәулесі оның
жұқалтаң жүзін нұрға бөлегендей.
– Панюков! – дедім мен. – Жұртты тамақтандыр. Он бес ми-
нуттен кейін жортуылдың алдыңғы легі ретінде аттан. Тимково-
ны ал. Көріп тұрсың ба? – Мен картадан Тимковоны көрсеттім.
Панюков оны өз картасымен салыстырып, белгілеп алды. – Сон-
да бекін. Соңыңнан барлық күшті алып мен де жетемін.
– Жолдас комбат, жау қайда?
– Сайтан біледі оны... Әйтеуір, бір төбе көрсетіп қалар.
Осы кезде Дордия сөзге қосылады:
– Жолдас комбат, рұқсат етіңізші.
– Ал...
– Жолдас комбат, – дейді ол күмілжіп. Таң атқанша шыдай
тұрсақ қайтеді?
Политрукке ашық қолдау білдіруге батпаған Панюковтің өзіме
бір үміт, бір күдікпен жалтақтап қарайтынын аңдаймын. Бірақ
кесіп айттым:
– Бұл не сөз?! Бетті Тимковоға бұру туралы бұйрық берілді
ме, ендеше, оны талқыға салудың жөні жоқ. Тимковоға жөнел!
Деревняны ал! Түсіндің бе, Панюков?
– Иә, жолдас комбат.
319
Батальон түнекте
– Саған қолдағы барлық артиллерияны беремін... Ал енді
елді тамақтандыр. Қазір Пономарев осында асхананы әкелтеді.
Пономарев, бері кел!
Қарсы алдыма Пономарев сымдай керіліп тұра қалды:
– Тыңдап тұрмын, жолдас комбат.
– Пономарев, кәне, осында асхананы әкелт.
Пономаревтің түрінен оның көңіл-күйін аса ажырата қоймай-
мын. Тәрізі, абдырап тұрған секілді. Иә, сөйтсем, дәл солай екен.
Жауабы да естілді:
– Асхана жоқ, жолдас комбат.
– Жоғы қалай? Ол қайда кетті?!
– Дивизия штабының майоры барлық ат-арбаны қалаға қайта
жөнелтіп, өзіміздің салт жүруімізді бұйырды.
– Бүкіл жүк керуенін бе? Ал сен аттандыра салдың, ә?
– Иә, жолдас комбат. Қолма-қол орындадым.
Қатты ренжімесіме шара қалмайды.
– Әй, делқұлы-ау, жұрттың тамақтанбағанын білетін едің
ғой! Маған неге мәлімдемедің?
Пономаревта үн жоқ.
– Сайтан алғыр! Тез Волоколамскіге айда! Ең құрығанда кеп-
кен нан әкел! Бос қайтушы болма!
8
– Енді ашқұрсақ жортуымызға тура келеді, Панюков, – деп
қалдым
мен. – Мүмкін, немістерден бірдеңе олжалармыз... Ротаңды
сапқа тұрғыз. Баста.
Панюков әмірлі раймен түн қараңғысын қақ жарып үн қатты:
– Байланысшы, мұнда кел!
Сол бойда бәкене бойлы Муратов сап ете түсті:
– Мен!
– Жүр!
Батпақты шылпылдата басқан Панюков өз ротасына қарай жө-
неген. Ту сыртынан қарап тұрмын. Бәрі де атқарылған секілді;
бұйрық берілді; қарауыңдағы адам «құп болады» деп тапсырма-
ны орындауға кетті. Бірақ оның иығына, арқасына қарашы: не
айтар екен? Маған кенет Панюковтың әдеттегі тік, шалқақ еңсесі
түсіңкі, үрей билегендей көрінді. Осынау бір мезеттік қана әсер
Волоколамск тас жолы
320
селт еткізіп ұйқымнан оятқандай болады. «Әй, тоқта, сен бар-
майсың!» деп айқай салуға шақ қалдым. Әйткенмен, өз-өзімді
дереу тежеймін. Шамасы, жүйке шаршаған болу керек.
Бейберекеттік, апақ-сапақтағы асығыстық, дәйексіздік әрі-
сәрі күйге түсірмей қоймайтындай.
Шабарман Муратовтың да жон арқасына қараймын. Коман-
диріне шүбәсіз берілген ол басшысы не айтса да орындауға пей-
іл. Үшіншісі – қараңғыда алдын нашар көргендіктен, аяғын абай-
лап басып бара жатқан политрук Дордияның арқасы.
Иә, жүйке сыр бере бастағандай. Оның үстіне тұла бойым қал-
тырап, сырқаттанып тұрғандаймын. Сайтан алғыр, ендігі жетпе-
гені ауыру еді! Жоқ, оған бой алдыра қоймаспын. Беріспеспін.
Саңқылдаған командалар, сапқа тұрып жатқан роталардың да-
быры, дүрсілдете басқан бірқалыпты аяқ дүбірі естіледі. Паню-
ковтың ротасы кетті.
Мен Заевтың ротасымен бірге алаңда қалдым.
9
Қасыма Заев келді. Шинелінің өңірінен парабеллумінің сабы
бұрынғыша шошайып шығып тұр.
– Жолдас комбат, бешпетіңізге су өтіп кеткен секілді. Ши-
нель киіп алсаңыз жөн болар еді.
– Шыдай тұрайық. Әйтпесе, басқалардың жылағысы келіп
жүрер.
– Ешкім жыламайды, – Заев даусы қарлыға күңкілдеп. –
Әсілі, біздің мұндай комбатымыз тұрғанда...
– «Әсілі»... – деп қайталадым мен қағытып. – Қошеметіңді
кейінге қалдыра тұр. Одан да біраз жүріп, құрыс-тұрысымызды
жазайық.
Заев екеуміз арықтың шетінде арқаларын желге қарай беріп
ықтасындап отырған жауынгерден ұзап шығып, жол бойымен
үн-түнсіз едәуір аяңдадық. Бір кезде ол түнеріп, қарлыққан да-
уыспен гүж ете түсті:
– Мүлде қисынсыз! Әрі-бері сандалтып қойды... Батальонды
үшке бөліп тастады. Нағыз былық!
Заевтың сөзінен өз ойымның айна-қатесіз көшірмесін оқыған-
дай боламын. Бірақ дереу тыйып тастадым:
321
Батальон түнекте
– Бұл жөнінде сіздің пікіріңізді сұраған жоқпын, жолдас лей-
тенант!
Заев тұнжырап:
– Құп! – деді.
Қайта қайтып, сарбаздарға қарай тақалдық. Қасыма тағы да
баса-көктеп Гаркуша жетіп келіпті:
– Жолдас комбат, кішкене от жағуға рұқсат етсеңіз...
Жылынайық.
– От жағуға болмайды. Темекі тартып жылынамыз.
– Папирос та жоқ қой, жолдас комбат.
– Онда, міне, тарт...
Қалтамнан бір қорап «Беломор» шығарып, Гаркушаға папи-
рос бердім. Сол бойда жауынгерлер жиналып қалды. Гаркуша-
ның иығы тұсынан Мурин ұзын мойнын созады. Ол да қораптан
шылым алды.
Мен:
– Қалай, Мурин, божырап жүрген жоқсың ба? – деп сұрай-
мын.
– Иіміз қанған... Біздей көңтерілер оңайшылықпен жаси қой-
майды, – дейді Мурин.
Қарай гөр, консерваторияның бұрынғы аспиранты Муриннің
үйреніп алған сөзін! Көңтері... Әскерге дейін мұндай сөзді білді
ме екен бұл?
Екінші рота... Немістерді қолма-қол ұрыста бет қаратпай өк-
шелете қуған ең айбынды, сүйікті ротам... Екінші рота... бұған
сонау естен кетпес алғашқы шабуыл алапатында комбаттың
жүрегі тебіреніп, мерейі тасыған.
Әлбетте, командирдің қарауындағылармен ұдайы қарым-қа-
тынаста болуын талап ететін устав пунктін жатқа білетінмін.
Маған ондай тілдесу әрдайым оңайға соға бермейді. Ал қазір
сөйлесуге итермелеген жарғының пункті ғана емес-ті.
– Бүгін, жолдастар, генералмен кездестім, – дедім баяу үн-
мен.
Сөзімді тыңдап отырғандар, жақынырақ жылжып, жайға-
са бастады. Сарбаздар ылғал жерден көтеріліп, топ-тобымен
жақындай түсті.
Волоколамск тас жолы
322
– Генерал Панфилов маған лейтенант Брудныйға сәлем ай-
туды тапсырды, – деп сөзімді жалғастырдым. – Брудный, қайда-
сың?
– Осындамын, жолдас комбат.
Топ екі жарылып жол ашты да, мен жүрісі шапшаң, арықша
келген Брудныйдың сұлбасын ажыратқандай болдым. Қазір ол
қыбыр етпей, үнсіз тұр. Жақында өзін саптың алдында жаза-
лағанмын – арсыздығын бетіне басып, жер қылғанмын. Брудны-
йдың тағы не дер екен дегендей өзіме елегізи қарайтынын бай-
қаймын. Сонымен бірге ештеңе айтпай-ақ қойса деп тілейтіні де
анық – қысылады.
Мен:
– Брудный, сені марапатқа ұсынбақшы едім, бірақ көріп тұр-
сың ғой... Қиналмай жазуым үшін немісті тағы бір мәрте соғып
келуің керек сияқты.
Брудный үндемейді. Көріп тұрмасам да, оның жан толқыны-
сын сонадайдан-ақ жіті сезіндім. Бойын жинақтаған ол саңқ етті:
– Орындаймыз, жолдас комбат.
Жауап көңілдерінен шыққан жауынгерлер ду күледі. Іштей:
«ал, жарайды, Брудный» деп сөзімді жалғастырдым:
– Генерал саған да сәлем айтты, Ползунов. Естіп тұрсың ба?
Қараңғылық арасынан оның:
– Совет Одағына қызмет етемін, жолдас комбат! – деген жау-
абы естілді.
– Мен оны пулеметшілер қатарына алдым, жолдас комбат, –
деп Заев сөзге көлденеңнен килігеді. – Жаман емес, қабілетті жі-
гіт. Өзім баулып жүрмін.
Мұндай кезде ешкімді жөнге сала қойғың келмейді, алайда ко-
мандирдің «бұра тартуға ешқашан жол берме!» деген бұлжымас
заңы, айнымас қағидасы бар.
– Жолдас лейтенант, менен алдымен: «Сөз айтуға рұқсат
етіңіз...» деп сұрағаныңыз дұрыс емес пе еді, – дедім Заевқа.
– Айыптымын, – деп күңк етті Заев.
– Рота командирі сені мақтап тұр ғой, Ползунов. Бекер айт-
пайтыны анық. Бірақ дандайсып кетпе. Әйтпесе, қалақай жұлғы-
зып әкеліп...
323
Батальон түнекте
Сарбаздар өз арамызда жиі қолданатын әзілге ду етіп күліп
жіберді.
Солдат күлкісі қандай ғанибет. Әбден шаршап, көптен нәр
татпай, жаңбыр шелектеген тылсым түнде айдалаға әкеліп та-
сталған бұлар мені – өз комбаттарын осы күлкімен-ақ сонша жі-
герлендіріп, қанаттандырып тұрғандарын біле ме екен!
10
Жауынгерлердің жанында тағы да біраз болып, аяққа жа-
бысқан жылбысқы батпақты қайта кешіп, қолымызда қалған
азын-аулақ ат-арба тұсынан өттім.
Әне, анадайда өңкиіп төбесіндегі брезент шатырына жаңбыр
сіңген санитарлық жүк-арба қарауытады. Қазір, шамасы, осы
маңайдан өзіміздің батальондық дәрігер, медицина қызметінің
капитаны Беленковты да көріп қалармын. Кей-кейде, шайқа-
стың жан ышқынған қарбалас шақтарында абдырап, жүрексіздік
көрсеткеніне бола өзін талай рет қатты кетіп ауыр сөз айтып,
қамшымен осқандай, іреп салған кездерім де бар шығар. Енді
мына алакөлеңкеде оның сонау өкпе-ренішінің орнын толтырып,
үнемі қуқыл тартып тұратын сопақша жүзіне күлкі үйіруге ниет-
тенемін.
Арба шанағының артқы жағы төмен түсіріліпті. Тақтай жие-
гінде бірнеше санитар мен небір теперіш сынағынан өтіп үлгерсе
де қоңын бере қоймаған қарт фельдшер Киреев аяқтарын салбы-
ратып, қатар-қатар, сығылысып отыр.
– Киреев, сенсің бе бұл?
Санитарлар ырғып-ырғып түсті. Жөткірініп, Киреев те ор-
нынан сырғи бастайды.
– Отыра бер, отыра бер, – дедім мен.
Бірақ егде фельдшер сөз тыңдар болмады. Жерге ауыр сал-
мақпен дүрс етіп табан тіреген ол:
– Қалғып-шұлғып отырмыз сол... Кешірерсіз, жолдас комбат,
– дейді.
– Несіне кешірім сұрайсың? Қазір қалғымағанда енді қашан
қалғымақсың? Доктор қайда?
– Ұйықтап жатыр, – деп сыбырлайды дәрігердің ұйқысын
бөлуден сақтанған Киреев. – Арба ішіне төсек салып беріп едік,
Волоколамск тас жолы
324
жолдас комбат. Қалт еткен тыныш кезде көз іліп алуды ұйғарды.
Оятайын ба?
– Жо-о, қажет емес... Бізсіз-ақ оятады.
Аузымды жиып алғанша, алыстан – Панюковтың ротасы кет-
кен тұстан гүрс-гүрс атылған винтовка үні естілді. Одан пулемет
сақылдап қоя берді.
Сайтан алғыр, ана жақта шайқас басталып кетті ғой! Филимо-
новтың ротасы жоқ! Бозжановты да жер жұтқандай!
Санитарлық арба қасынан дереу ротаға қарай жөнелдім. Син-
ченко да аттарды алып қарсы алдымнан шығыпты. Ырғып ерге
қондым да, жол бойында тұрған Рахимов пен Заевқа жетіп кел-
дім.
– Заев! Ротаны көтер! Рахимов, колоннаны Тимковоға баста!
Синченко, маған ілес!
Бір сәт те бөгелмей, артқа қайрылмастан, Торытөбелмен атыс
дыбысы естіліп, Панюковтың ротасы шайқасқа кірген жаққа қа-
рай заулай жөнелдім.
Түн
1
Мен алда, Синченко – артта, екеуміз қараңғыда жүйткіп ке-
леміз. Панюковтың ротасы өткен жолға түсу үшін картаға үңілу-
дің бәлендей қажеттігі туа қойған жоқ. Сүрлеу аяғы екі айырыла-
тын торапта атыс шыққан жаққа қарай бұрыламыз. Зеңбіректің
ауыр дөңгелектерінің батпақтағы ізі де бағыт сілтей алады.
Әлден мезетте көк жүзінде жарқ ете түсіп, соңынан әлсіз нұр
шашып барып, биікте өлеусіреп өшетіндей ракеталар көрініп
қалды. Панюковта ракета жоқ еді. Ендеше, төңірекке жарық
түсіріп жатқан – немістер.
Жол еңіске құлдилады. Енді жаңбырдың суы ой-шұңқыр, со-
рап, арық-жыраға іркіліп қалмай, ылдиға қарай саулайды. Қо-
латқа қарай төмендеген сайын айнала да қараңғылана түсіп,
тау жоталарының тасасынан ракеталар да көрінбей қалды. Тек
төбемізде алабұртқан арай шапағының шеті қылаңытады. Жол
бойын жағалай орналасқан шағын үйлер мен аулаларды байқап
325
Түн
келеміз. Шәуілдеп үрген ит болмаса, бізге әу деп үн қатқан пен-
де баласы кезікпеді. Бір сәт бүйір тұстан ашық алаңқай пайда
бола кетті: аспан аясында ерте ызғар шалып жалаңаш қалған
бұтақтардың сұлбасы арбияды, ал арғы бет – шексіз дала. Көз
әрбір құбылысты қағып алып, зердеге тоқытып келеді – шайқас
жүріп жатқан меже бұл жерден аса алыс емес.
Ұзамай Торытөбел үркесоқтап, жүрісті баяулатты. Төменнен
сарқырай аққан судың дыбысы естіледі. Арада бір-екі минут өт-
кенде тік беткейге тірелдік. Торытөбел тоқтады. Алдымызда ұзақ
жауыннан кейін арнасынан аса бұрқылдай тасыған бұлақ жатыр.
Картада осы жылға қылдай ғана көкшіл сызықпен белгіленген.
Күн құрғақ кезде мұны жалдап-ақ өтуге болар ма еді – тереңдігі
қоныштан аспайтындай. Ал қазіргі екпінін қараңыз! Асау ағын
қараңдап зорға көрінетін жіңішке тақтайлар астындағы әлсіз
ағаш тіреулерге соғылып, бұрқ-бұрқ шапшып, көбік шашады.
Зеңбіректерді мынадай осал көпірдің көтере алмасы анық. Сонда
олар қай тұстан өткізілді екен?
Қырағы Синченко сұрап үлгертпей-ақ маған іздеген сорабым-
ды көрсетеді. Торытөбелді зеңбіректер өткен ізге салдым. Жа-
нуар мені долдана буырқанған сарқырама арқылы арғы жағаға
алып шықты. Екілене жүйіткіген су ағыны Торытөбелдің аппақ
тірсегіне жабысқан лайды лезде шайып, сирақтары қараңғыда
ағараң-ағараң етеді. Менің сүйегі жеңіл атым мен, естіп келе
жатқанымдай, Синченко сабалаған тұрықты, мығым Ақбоз екеуі
тік құламаға баттасқан қара балшықта тырмысып зорға көтеріле
бастайды.
Кенет түнек түкпірінен қатқыл үн естілді:
– Кімсің? Тоқта!
Батарея командирі лейтенант Кубаренконың даусын ажырата-
мын. Ол да Торытөбелді тани кетті.
– Жолдас комбат, сіз екенсіз ғой.
– Кубаренко, мұнда неғып жүрсің? Зеңбіректерің қайда?
– Батпаққа батып қалды, жолдас комбат... Әне, анда.
Ол ілгері тұсты нұсқайды. Тізгін қағып алға ұмтыла бере-ақ
балшыққа батқан зеңбіректерді көрдім. Жиекте өліп жатқан атты
да аңдаймын. Өзге жылқылар әл-дәрмені құрып сілейіп тұр. Қа-
Волоколамск тас жолы
326
руды қаумалаған артиллеристер көрінеді. Кубаренко жағдайды
мәлімдеді:
– Бергі жағаға шыққан соң осылай малтығып қалдық, жолдас
комбат... Жаяу әскермен бірге қолмен сүйреп шығаруға әрекет-
теніп бағып едік, ештеңе өнбеген соң олар да асығып, жөндеріне
кетті.
Биіктен, қырқа сыртынан екі-үш пулеметтің тақылдағаны
естілген. Дыбысынан-ақ білемін: немістердікі. Құлаққа арагідік
гүмпілдей жарылған мина үні жетеді. Тағы да минометтен атқы-
лап жатқан – немістер. Қазір біздің қолда миномет жоқ.
– Мына жерден ата аламыз ба? – деп сұраймын мен.
– Жоқ, жолдас комбат. Қия өте тік. Бұрыш тым биік.
– Жағдай былай, Кубаренко... Филимонов келген соң сені
шығарып аламыз. Ал Заев бөгелмей-ақ қойсын. Оған айт, ротаны
тезірек өрге бастап апарсын.
Торытөбелді тебініп қалып:
– Синченко, соңымнан ер! – деп дауыстадым да, тауға қарай
жөнедім.
2
Тайғанақтаған Торытөбел тырбана төрттағандап, дөңге зорға
шығып келеді. Адал жануарды аялап, жалынан сипаймын. Өзі
тершіп, қызынып та кетіпті.
Жоғарыда, ағараңдаған әлсіз жарық аясынан жота кескіні ай-
қындалды. Одан соң ұшып шыққан бойда биікте лап етіп тұта-
нып, көлбеңдей ұзай бере қырқа сыртында үзілген ракета іздері
көрінді. Тау арасында ілбіп бара жатқан бірнеше сарбазды қуып
жеттім.
– Тоқта! Кімсіңдер?
– Өзіміз, жолдас комбат.
– Фамилияң кім? Қай ротадансың?
– Жауынгер Березанский, жолдас комбат. Бірінші ротадан.
Ротадағылар Березанскийді «шал» деп атайтын. Кәнігі
шылымқор болғандықтан, үнемі қарлығыңқырап, қақырына жө-
телетін әдеті бар. Сірә, жауынгерлер арасындағы жалғыз мұртты
адам да осы, шылым ысынан сарғыш тартқан онысының ұзын,
салбыраңқы шеті ғана қылаңытып тұрады. Өзі жайбасарлығымен
327
Түн
жүйкені талай тоздырған сарбаз еді. Міне, қазір де итпектеп әрең
кетіп барады.
– Қайда бет алдыңдар? Рота командирі қайда?
– Білмейміз. Өзіміз жүрміз. Адасып қалдық, жолдас комбат.
Іштей налып, ілгері қарай жылжыдым. Жаңбыр басылды,
бірақ таудағы жылға-жылғадан аққан су толастаған жоқ. Торытө-
бел де ақыры қырқаға шықты-ау. Бас салып беттен, қолдан ұрған
ызғарлы, өткір жел осып түсті.
Түсінікті болды: неміс мұнда бізден бұрын жетіп, қырды да,
деревняны да алған екен. Әне, сонау белде ракета жарығымен
үй шатырлары ағараңдайды. Сол деревня ішінен жарқырауық оқ
тізбегі зырқырап, ракеталар әуелейді. Ал біз жақтан атып жатқан
кім бар? Құлаққа оқта-текте тарсылдаған винтовка үні ғана же-
теді.
Айналаға көз жіберіп, артыма бұрыла қараймын. Мәссаған,
шұғыла арайынан да биікке өрлеп кетіппіз ғой! Әлсіреп өшуге
айналған күңгірт шапақ алыста қызараңдап, жер бауырлап қа-
лыпты. Өрт ошағы да көрініп тұр: жана-жана сөне бастаған үюлі
көмір қоламтасына ұқсап, жылт-жылт етеді. Бұл – Волоколамск
станциясы. Біздің қорғаныс шебіміз сол жерден өтеді. Сәл солға
қарай қазір түн қараңғылығын жамылған қала жатыр. Шығыс
жақ шетте Панфиловтың штабы бар.
Мынау төбедегі өңменнен өткен зәрлі жел өтінде тұрып, ке-
неттен өзімді далада қалғандай сезіндім. Ойша Панфиловпен
тілдесемін: «Жолдас генерал, батальон жырым-жырымы шығып,
бірнеше бөлікке ажырап кетті; зеңбірек батпаққа батты; ат-арба
барлық басқару жабдықтарымен, байланыс құралдарымен бірге
Волоколамскіге жөнелтілді; біз кешігіп қалыппыз, немістер жо-
таны бізден бұрын алып қойыпты; енді қайтемін, не істесем бо-
лады, жолдас генерал?»Жоқ, Бауыржан, генерал жауап бермей-
ді. Дәмеленбей-ақ қой! Ол саған: «Сізге сенемін!» демеп пе еді.
Несіне қыңқылдайсың? Сенде: «Тимковоны ал!» деген бұйрық
бар емес пе. Ендеше, жылануды доғар! Селоны ал! Бұйрықты
орында!
3
Жолсыз далада Торытөбелмен аяңдап келемін. Бір бүйірден
үйілген шөмелені көріп қалып, аттың басын солай қарай бұрдым.
Волоколамск тас жолы
328
– Оу, кім бар мұнда?
– Біз, жолдас комбат.
– Мұнда неғып жүрсіңдер? Взвод командирі қайда?
– Білмейміз, жолдас комбат.
Осы кезде анандай жердегі батпаққа мина түсіп, әдеттегі
қып-қызыл от-жалынын шаша, гүрс етіп жарылды.
Ер-тоқымнан секіріп түстім.
– Синченко, аттардың үстін жап.
– Сіз қайда барасыз, жолдас комбат?
– Осында әрі-бері жүріп, істің мәнін анықтайын.
Панюковті іздеуге кірісемін. Ызғырық желден қорғалақтап,
айлалған алқапта бүрсеңдеп кетіп барамын. Етіктің ауырлығы
зіл-батпан, жабысқақ лай соны мүлде сыпырып, шешіп алғысы
келетіндей. Мұнда да командирлерін жоғалтқан жауынгерлер
сенделіп жүр. Панюков қайда сонда? Сайтан алғыр, мына лай-
саңда ротаның өзі ту-талақай тарап кеткен бе!..
Күтпеген жерден орыстың «тұздықты» сөз естілді. Үні жігер-
лі, әмірлі.
– Жат! Тізбектеле жат дедім ғой!
– Қайда жатамыз! Батпақ емес пе!
– Жат! Үймелемеңдер бір жерге! Бәріңді бір-ақ минамен жоқ
қылады! Тізбектеліп, бір-біріңнен алшақ жатыңдар!
Бұйрық тағы да балағат сөзбен жалғасады. Дөкір, өктем да-
уысты кім бұл? Бастапқыда жыға тани алмадым. Маған белгісіз
командир басқаруды жалғастыра берді:
– Шилібаев! Проценко! Жұртты жинаңдар!
– Құп болады, жолдас политрук! Жұртты жинаймыз.
Политрук? Кім бұл сонда? Ойпырай, салпыетек Дордия бо-
лып шықпасын! Жоқ, сөз саптауы да, үні де оған ұқсамайды.
Жаңа команда естілді:
– Глушков!
– Мен!
– Әзірше взводты басқарасың. Бірінші взвод – Глушковқа!
Оңға бетте! Сығылыспаңдар дедім ғой!
Тағы да боқтанды. Жоқ, сәл нәрсеге қызарып кететін ұяң мі-
незді Дордияның аузынан мұндай сөз естіген емеспін. Кенет осы
дауыс өзгеше мәнерде шықты:
329
Түн
– Муратов, менің құлақшынымды көрмедің бе?
– Жоқ, көрмедім, жолдас политрук.
– Кәне, іздеп көрші. Бір жерге түсіріп алыппын.
Таңданғаннан шалқадан түсе жаздадым: бұл соның дәл өзі
екен – алыстан нашар көретін, орашолақ Дордия! Бөркін жоғал-
тып алыпты. Бірақ бұған айрықша адуындық пен күш-жігер қай-
дан біткен?! Мұны бір сағаттың арасында өзгертіп жіберген нен-
дей құдірет?
Жанына жақындап барып, баяу қалқып түсіп бара жатқан ра-
кетаның әлсіз жарығы арқылы ақсары политрукті көрдім. Қатты
жел оның қысқа қырқылған шашын тарақпен көтергендей артқа
қарай серпе тарап, желбіретіп тұр.
– Дордия, рота командирі қайда?
– Білмедім, жолдас комбат. Іздеп таба алмадым.
– Рота тізгінін өз қолыңа ал.
– Құп болады! Басқаруды қолыма алып та қойдым, жолдас
комбат.
Сырт жағымызға былш етіп құлаған мина сатыр-сұтыр етіп
жарылды. Дордия екеуміз екпеттеп құлай кеттік. Жыртылған
жердегі қоймалжың балшық шынтақ екпінімен жан-жаққа
шашырайды.
Ара-арасында танаптың ана тұс-мына тұсындағы жарылы-
стардың алқызыл жалыны жарқ-жұрқ етеді. Қараңғылық қой-
нынан Муратов шыға келіп, политрукке құлақшынын әкеліп
ұстатты. Мен:
– Муратов, рота командирін жоғалтып алғаның не? Бұл қалай
болды? – деп сұраймын.
Бәкене бойлы байланысшы жауап қатады:
– Мен политруктің қасынан ұзаған жоқпын, жолдас комбат.
Лейтенант, политрук үшеуміз үнемі бірге жүрдік. Одан соң әрі-
бері қарбаласқан бір сәтте қарасам, рота командирі жоқ... Алға
қарай ұзап кеткен сияқты. Ал біз қалып қойыппыз.
Муратовтың сөзінен өз командиріне деген шексіз сенімін
аңдап, жан тебіренді. Панюковқа мен де сенемін. Әрине, ол
кідіріп қалғандарға қарамай аз ғана жауынгерімен алға озып, де-
ревня маңайындағы бір жерге барып бекінген болу керек.
Волоколамск тас жолы
330
Құлақшынын киіп жатып өзінің едірейген шашын сипаған
Дордия:
– Күн суытты ғой, жолдас комбат. Ызғар бар! – деп дауыстай-
ды.
Иә, жел де шыдатар емес. Дордия сарбаздарын бышырап жүр-
гендерді жинауға қайтадан жұмсады. Бірақ оралғандары сирек.
Әзірге Дордияның маңына шоғырланғаны отыз-қырық адамдай
ғана.
Жатып алып, жау шабуылын бақылауға кірістім. Мина
бұрынғыша анда-санда бір тарс етіп қалады, – соған қарағанда,
екі-үш миномет қана атып жатқан секілді. Деревня жақтан қа-
раңғылық төсін түрлі-түсті сызаттарымен тілгілеп, жарқылда-
уық оқтар тарамдала ұшады. Дүлей жел екпіні оқ бағытын аздап
ауытқытатынын байқайсың. Жау қолында зеңбірек жоқ. Аңда-
уымша, шамамен, менің мұнда Панюковті бас қылып жөнелт-
кенімдей, олардың алдында да тосқауыл жортуылшылары жүр.
Дұшпан жарық түсіретін ракеталарын шақтап, үнеммен жұмсай-
ды: екеу-үшеуден ғана атып, көлбеп барып, ақырын құлайтын
оларының әбден қарауытып, сөнуін күтеді. Арагідік белгі беруге
арналған түрлі-түсті ракеталары да ұшырылды: тәрізі, немістер
бізбен бетпе-бет келгенін білдіріп, қосымша күш шақырады.
Ендігі бұларға қосалқы жәрдем ентелеп жетіп те қалған шығар.
Шайқасты тезірек бастап, жаудың атыс ұяларын тұншықтырып,
граната лақтыратындай жерге дейін жақын келіп, немісті күштері
аз кезде деревнядан қуып шықсақ болар еді. Бірақ оған дәрмен
қайда? Дордияның қасына, ең құрығанда, ротаның жартысы да
әлі жиналып үлгерген жоқ. Заев, Заев, асықсаңшы кішкене! Ех,
қазір өзіңнің қаншалықты қажет болып тұрғаныңды білсең ғой,
шіркін!
Әлдекім ентіге басып жүгіріп келеді. Өз көзіме өзім сенбей,
оның еңкіш тартқан тұрпатын, арбиған ұзын қолы мен шинелінің
торсиған өңірінен шырамытамын.
– Заев! – деп айқайлап жіберіппін.
Екі иіннен дем алған Заев мәлімдеуге кірісті:
– Ротаны алып келдім, жолдас комбат!
– Пулеметтеріңді әкелдің бе?
– Сүйреп жеткіздік, жолдас комбат...
331
Түн
– Жарайды, Семен... Немістерді деревнядан қуып шығу ке-
рек.
– Қуып шығамыз, жолдас комбат! – дейді Заев қарлыққан
жуан дауыспен.
Едәуір үнсіз қалдым. Заев құзырымды күтіп тұр. Не деймін
бұған? Шешім қабылдап, жауынгерлік бұйрық беретін мұндай
сәтте мың-сан қайшылықты ой қабаттаса арпалысып, жаныңды
қинайды. Панфилов аттанарымда: «Бүйірлете келіп соғасыз...
Сөйтіп, көп шығынсыз-ақ жайратып тастайсыз...» деген еді.
Егер Заевтың ротасын ту сырттан келіп соғуға жұмсасам,
уақыт жоғалтатыным анық. Немістер, сөз жоқ, келетін қосымша
көмекті асықтыруға кірісті. Шабуылды екі-үш сағат кешіктірсең
– Тимковоны орағыта өту үшін Заевқа соншалықты уақыт қажет
болмақшы – ал жау бұл аралықта ол жерге тың күш жеткізіп, ар-
тиллериясын, өзге де атыс құралдарын жұмылдырып үлгереді.
Қайтпек керек? Не бұйырамын? Панфиловтың сөзі ойыма және
оралады: «Мен күмәнға бой алдырып, қобалжып тұрмын, жолдас
Момышұлы. Белгілі шешімім де, оны қузап жататындай уақы-
тым да жоқ...». Иә, уақыт жетпейді. Осы жәйт шекемді шатта-
уықпен сығып, кеудемді қысқаннан кем болмады. Ақыры Заевқа
бұйырдым:
– Ротаңды көтер! Шабуылды баста! Жауды айдап шық.
Бұқпантайлап, арасында желе-жорта отырып жақында. Арқан
бойындай тақалып барып, гранатамен түре қуамыз!
– Түсінікті, жолдас комбат!
– Мына жақтан сені Дордия сүйемелдейді. Дордия, естіп тұр-
сың ба? Екінші рота көтерілген бойда, сен де өз сарбаздарыңды
шабуылға баста. Ал Заев, шапшаң, жылдамырақ қимылда! Байқа,
тізгінді босатушы болма!..
– Босатпаймын! Ешкімді еркінсіте қоймаспын...
Заев тасадағы ротасына қарай батпақты кеше ырсылдап жү-
гіре жөнелді.
4
Өзім де Заевтың соңын ала жөнеп бердім. Жағдай нашар: қо-
лымда не жарықпен белгі беретіндей, не телефонмен сөйлесетін-
дей байланыс құралы жоқ. Ұрысты қалай басқармақпын? Коман-
дир мен командирдің арасында өзім жүгіріп жүремін бе!
Волоколамск тас жолы
332
Қараңғыда ақырын ғана берілген бұйрық сөздері, шалпыл-
даған етік дыбысы естіліп тұр – екінші рота шабуыл қарсаңын-
да жауынгерлік шеп түзіп, тізбектеле тұрып жатыр. Немістер де
тақалған ротаны аңдап қалған тәрізді – минаның атылуы жиілеп,
сартылдап жақын маңайға түсе бастады. Шыңғырып жіберген
әлдекім ыңырсуға көшкен.
Келе жатқанымда қарсы алдымнан екі адам жолықты: ауыр
денелі фельдшер Киреев жаралы біреуді сүйреңкірей көтеріп,
оған жекіңкіреп те, еркелете де үн қатады:
– Сен аяқпен, аяқпен жүріңкіресеңші... Жатып алма, бауы-
рым. Аздап аяқпен бас, аяқпен...
Тағы біреудің жан даусы шықты. Заевқа жеттім. Бір тізерлеп
алып қол пулеметін реттестіріп отыр екен. Кеудесіне мойнынан
асырып ақ иықбау тағып алыпты; байқағанымдай, мұнысын дә-
кеден жасаған. Заев осы таңғышқа қол пулеметінің оқпанын асып
көріп, салмақтай бастады. Мен:
– Заев, кімді күтіп отырсың? Жұрттан босқа айрыласың ғой.
Баста, жөнел!
Ол атып түрегелді. Пулеметінің аузы ыңғайлы ақ орауышқа
ілулі тұр. Қарудың шомбал дүмін қарнына нығыздап тіреп алып-
ты.
– Бері қарай құлақ түріңдер! – деп айқай салды Заев қар-
лығыңқы үнмен. – Алға!
Ол жүгірген бойда оқ жаудырып, деревняға қарай дедектей
жөнелді.
Барлық тізбек орындарынан лып етіп көтерілді. Мұны көзбен
ғана емес, командирлік түйсікпен аңдадым.
Түн қараңғылығына оқпаннан от шашқан біздің винтовкалар
сатырлап берді. Батпақ далада рота соңынан ілесіп келе жатып
жүгіріп өткен жауынгерлерді көріп келемін. Кейбірі жата қалып
атса, екіншісі тізерлей отырып оқ жаудырады да, ұшып тұрып,
алға қарай тағы ұмтылады. Пулеметшілер де едел-жедел өтті;
еңкеңдей жүгірген зор денелі Қалимолдин пулемет қаңқасын
иығына тастай салыпты, Мурин қарудың тұғырығын әкеле жа-
тыр. Блоха ленталарды асынған. Әлден мезгілде үшеуі тоқтай
қалып, пулеметті жалма-жан құрастырып, сақылдатып атуға
кірісті. Есесіне немістер де атысты күшейтті. Мина жарылысы
333
Түн
жиіледі. Төбеде қалықтаған ракеталардың әлсіз жарығынан кей-
піміз көлеңкесі жоқ елес сияқтанып кетті.
Кенет біздің жақтың атысы өз-өзінен кілт тыйылған. Оның
себебін түсініп те, көзбе-көз байқап та келемін. Мина жақын-
нан жарылған кезде сарбаздар батпаққа жалп-жалп етіп құлай
кетіседі. Одан лезде винтовкаларын кезеніп атып тұрады – бірақ
бұлары ендігі жерде оқ ататын қару емес, ұшына штык байлаған
оқтаумен бірдей. Оқпан – лай, мылтық бекітпесі балшық-бал-
шық! Атылмайды! Немістерге қарай Заев ұстап аттанған қол
пулеметінің тарсылы да тоқтады. Блоханың пулеметі де лай-лай
болып, істен шықты.
Ми-батпақ шабуылымызды бөгеді, барлық пулемет пен вин-
товка біртіндеп атысты доғарды.
Сарбаздар кеудесін жылбысқы, мұздай жерге төсеп, жағалай
жата-жата қалыпты. Тұнжыраған күйі әлі жүріп келемін. Қасыма
абыржып, әбден титықтаған Заев келді. Дыбдырлап:
– Міне, жолдас комбат, осындай халге жеттік, – деп күңк ете
түсті.
Кеудесінде лайдан қап-қара болып кеткен баяғы иықбауы
салақтап жүр. Қол пулеметін шүйдесін теріс қаратып, сойыл
ұстағандай, арқасынан асыра тастай салыпты. Мен пулеметтерді
ұрыс даласынан қыр астындағы жақын племхозға апарып, жақ-
сылап тазалап, майлап әкелуді бұйырдым.
– Жұртты ыңғайлы бір жерге шығарып, ықтата тұр. Бірақ
винтовокаларын тазалап бітпей ұйықтап қалмасын: күзет қой.
Түсіндің бе?
Заев тік тұра қалды. Жарлығым оны бірден сергітіп, жігерлен-
діре түскендей.
– Әхә, – деді ол даусы жарықшақтанып. – Іске кірісейін бе?
– Кіріс.
Заев қуақылығын осы аралықта да көрсетіп үлгерген. Саптағы
қарауылша әдістерін сақ-сұқ еткізіп шебер қолданып, қол пуле-
метін қасына қойды да, құрмет көрсеткендей бір сәт қақшиып
тұрып, қараңғы түнекке сіңіп, ғайып болды.
5
Көп ұзамай Тимково түбіндегі дала тыныштала қалды. Аты-
сты тоқтатқанымыз мәлім. Немістер де саябыр тапты. Ракетаның
Волоколамск тас жолы
334
ұшуы біртіндеп сиреді. Одан мүлгіген түн басталған. Атыс-ша-
быс та, жарқыл мен у-шу да жоқ. Алыстағы өрт шапағы да өшті.
Айнала жым-жырт. Тек гулеген жел ысқырынып қояды.
Үстім малмандай су. Ызғар. Қалш-қалш етемін. Тісім-тісіме
тимейді. Панюковты ойладым. Қайда жүр? Ілгері ұзап кетті-ау.
Тауып алайын.
Компас бойынша азимутты батысқа қарай алып, алқапты бой-
лай, қараңғылық құшағындағы деревняға беттеп келемін. Етік
табаны қабыршақтанып тоңазыған жерге бірталай батып, терең
түскен ізге қолма-қол су толады. Дымқыл шалбарым мен су-су
бешпетім қаудырап қатып, ауыр тартты. Денем жансызданып,
дірдек қаққан күйі, икемге келмей қалған ауызбен өне бойы уіл-
дегеннен өзге амал қалмайды.
Екінші рота күзетінің үстінен ендей өттім. Ондағы жұрт та қал-
шылдап, тісі сақылдап тұр. Маған қайырылып, жөн сұраған еш-
кім болмады. Мен де дәнеңе демедім. Бәрі де айтпай-ақ түсінікті
ғой: мұндай сұмдық түнді басқа бермесін!
Егістік бойымен көп жүрдім. Жанымда адъютант та, байла-
нысшы да жоқ еді: бәрі де жан-жаққа жіберілген. Синченко ат-
тардың қасында. Көзге түрткісіз қараңғыда аяғым әлдебір жұм-
сақ нәрсеге оратылып, шалынып жығыла жаздадым. Нұқып
көрсем: өлік екен. Бірінші ротадан шығар. Демек, біздің адамдар
осы маңайда. Панюковтың командасы бойынша желе-жорта оты-
рып осында жеткен. Тастай болып қатып қалған саусақтарым-
мен мәйітті сипалап көрген сәтте қолым жіңішке погонына тиді.
Неміс пе? Иә, неміс болып шықты. Мен сонда қайда жүрмін,
немістердің аумағына кіріп кеткеннен саумын ба? Әлде Панюков
жауды қырып салып, жоғарыға барып бекінген бе? Ілбіп басып
әрі қарай кеттім. Кенет аяқ дүбірі естілді. Оң жағымнан біреу
шықты, сол қапталдан екіншісі көрінді. Бойымның қалтырағаны
дереу басылған. Екеуі екі бүйірден төне түсті. Немістер болуы
мүмкін. Қос қапталдан бас салмақшы ма. Пистолетімді суырып
алдым. Тапанша оқтаулы, шүріппе қайырылған. Ешкімді байқа-
мағансып, алға оздым. Егер немісше дауыстаса, қақ маңдайдан
атамын. Жақын келіп, сәл аялдады. Мен тоқтамадым. Тіл қа-
тыспадық. Қараңғыда сыр алдырудан тайындық. Сөйтіп, ажырай
бердік.
335
Түн
Панюков қайда, оның жауынгерлері қайда жүр? Ештеңе
анықтай алмай, кейін бұрылдым.
Өз адамдарымызға қарай адымдап келемін. Етігім жаңбырдан
езілген балшыққа бұрынғыша батып, зорға суырамын. Сағаттың
жылтырақ тіліне көз салдым: межелі жеріме бағана жетсем ке-
рек еді. Постымыздың тұсынан өтіп кетпедім бе екем? Сонда да
адымдап келем. Еңіс басталған секілді. Сайтан алғыр! Тентіреп,
қайда барамын! Шынымен, әбден адасып, батальонымнан айы-
рылғаным ба?!
Кенет осы ой алқымнан алып, тынысымды тарылтты. Бата-
льоным ұшты-күйлі жоқ! Түнімен сандалып, таң ата айдаладан
бір-ақ шықпайын...
6
Аласұрып, әлі адасып жүрмін. Дегенмен қырсық сәл алыстай
түскендей. Қараңғыда әлдебір сарайға тап болыппын. Іштен да-
уыс естілді. Құлақ түрсем, орысша сөйлесіп отыр – біздікілер.
Қақпаның ойығы арқылы кіріп бардым. Сабанға жайғасқан жұрт-
тың кейбірі – отыр, кейбірі жатыр.
– Кім бұл?
– Өздерің кімсіңдер?
Сарайға жиналған отыздай адам – Панюков ротасының тұтас
дерлік бір взводы екені мәлім болды. Ішіндегі екеуі – жара-
лы. Взвод командирі кіші лейтенант Агейкин де осында болып
шықты. Ол қарсы алдыма сымдай тартылып тұра қалды. Фонарь
жарығын түсірдім. Агейкиннің бөркіне, шинеліне жабысқан шөп
қиқымы ағараңдайды.
– Агейкин, рота командирі қайда?
– Білмеймін, жолдас комбат. Жоғалтып алдық.
– Политрукпен хабарластың ба?
– Оның қайда жүргенін білмеймін, жолдас комбат.
– Әрине, сабан үстінде жалпайып жатсаң не білесің. Поли-
трукке екі сарбазыңды жібер. Оны қайдан іздеу керектігін түсін-
діремін.
Агейкиннің Дордияға жұмсайтын жауынгерлерімен сөйлесуге
шамам жетті, әйтеуір. Оларға:
– Менің осында екенімді мәлімдеңдер, – деп бұйырдым.
Волоколамск тас жолы
336
Сөйттім де, тұла бойым зілдей болып, шөп үстіне гүрс етіп
құлап түстім. Не болды маған? Ерік-жігердің біткені ме? Әлде
ауырып қалдым ба екем? Қалтырап жатырмын. Дененің діріл-
деуі бірте-бірте күшейе түсті. Бой жылытатындай жағдай жоқ.
Тесік-тесіктен жел азынайды. Етігімді шешіп, ішіндегі суын тө-
гіп, шұлғауымды сығып, қайта кисем болар еді, бірақ оған дәрмен
жоқ. Дірілді басу үшін көзімді жұмып, екі қолыммен иығымды
қысамын. Нәр татпағалы талай уақыт өтті, бірақ тамаққа зауқым
жоқ. Бір ғана тілегім: қалайда жылыну.
Едәуір есеңгіреп жаттым білем. Есімді Рахимовтың даусы
жиғызады:
– Комбат осында ма?
– Рахимов, сенсің бе? Бері жақында.
Бойым жеңілейгендей. Тиянақты, ұқыпты Рахимов та жетті,
– ендеше: байланыс та, штаб та, тәртіп те бәрі қалпына келеді.
Жоқ, бұл жолы олай болмады.
– Филимонов қайда?
– Әлі келе қойған жоқ, жолдас комбат.
– Панюков ше?
– Белгісіз. Табылмады.
– Бірінші ротаның жағдайы қалай?
– Политрук Дордия басқарып жүр. Түгелге жуық жинап
алыпты. Жұрт взвод-взводымен сарайларға орналасты.
– Телефон байланысы не күйде? Ат-арбалар келмеді ме?
– Келген жоқ, жолдас комбат.
– Көршілер бар ма?
– Анықтай қоймадым. Біліп келу үшін адамдар жібердім.
Тіл қатпаймын. Денемді қалтыратып әкетіп бара жатқан діріл-
ді білдірмеуге тырысамын. Рахимов:
– Ауырып қалдыңыз ба, жолдас комбат? – деп сұрайды.
– Бар, іске кіріс.
Сәл аңтарылып тұрған ол үнсіз бұрылып, ақырын шығып
кетті.
7
Сабан үстінде әлі қалшылдап жатырмын. Мұншалықты сүйек-
тен өткен суықты бастан өткеріп көрмеппін. Аяқ-қол, бет-ауыз,
іші-бауырымның бәрі мұздап барады. Бүйткенше, шіркін-ай,
337
Түн
тұла-бойымның безгек тигендей өртене лапылдағаны жақсы-ақ
еді-ау деп қиялдаймын. Маңдайым, екі бетім, өн-бойым жалын
ата алаулағанша қалтырап жатсам-ау!
Ақырында өң мен түсті ажыратудан қалып, есеңгірей бастай-
мын. Шалықтап жатқанда телефон аппараты елестеп, тұтқасын
құлағыма тосып, Панфиловпен сөйлесемін.
«Жолдас генерал, Тимковоға жеттім. Деревня жау қолында
қалды. Дәл қазір ештеңе істей алар емеспін».
«Уайымдамаңыз, жолдас Момышұлы. Адамдарыңызды аман
сақтаңыз. Таң ата ұрысқа бастап шығасыз».
«Қаруымыз оқ атудан қалды, жолдас генерал. Балшық бәрін де
істен шығарды».
«Ештеңе етпейді, тазалап аласыздар... Қазір адамдарыңыздың
жайын ойлаңыз, жолдас Момышұлы. Ұйықтасын».
«Өзімнің де ұйқым келіп тұр».
«Жарамайды, жолдас Момышұлы. Ұйықтауға болмайды сіз-
ге!».
«Ұйықтауға болмайды сізге, жолдас Момышұлы!» деген сөз
санамда еміс-еміс жаңғырығады. Бірақ орнымнан тұра алмадым.
Діріл қағып, сандырақтап жатырмын. Ұйқылы-ояу халде сарай-
ға тағы біреудің кіргенін аңдаймын. Және жалғыз емес, өздері
үш-төртеу секілденді. Әлдекіммен тіл қатысып, сабан үстіне тізе
бүгіп, аяқ киімін шешуге кірісті. Жасамыстау жанның жөткірін-
генін, ақырын ғана зілсіз жекігенін, жөтелгенін құлағым шалады.
Жөтелі таныс.
– Березанский?
Талайға дейін жауап жоқ. Не деген сылбыр едің, сайтан алғыр!
Алдымен тамағын қырнап алып, ауыр күрсінді – мұнысынан
«тағы да комбатқа тап болдым-ау» деген қынжылысы анық аңға-
рылып тұр; сонан соң ғана үн қатты:
– Мен...
Үндемеймін... Осынау орашолақ, мұртты солдат баяғыда-ақ
әлдебір жылы жерді ықтап, кез келген шөмеле қуысын паналап
дамылдаса болар еді, ал бұл мына сарайдағы өз взводын іздеп
тапқанша түні бойы сенделіп, шарқ ұрған болып тұр.
Қайтадан мәңгіремін. Арагідік рахаттана түсетіндеймін. Аң-
саған қызу да жетті. Бірақ сандырақтап, күйіп-жанып жатсам да,
Волоколамск тас жолы
338
жауынгерлерім мен батальон туралы ой жан қинайды. Мына сы-
рқатты еңсеріп, орнымнан тұра алмай қалсам таңертеңгі жағдай-
ымыз не болмақшы? Бірақ қозғала алар емеспін. Талмаусырап
жатып сездім: әлдекім үстіме ықтияттап шинель жапты. Көзімді
ашуға тырысамын. Біреу еңкейді де, созған қолым тікірейген
келте шашына тиіп, Бозжанов екенін білдім.
– Бозжанов, үшінші рота қайда?
– Жақындап қалды, жолдас комбат.
– Жарайды... Заевқа, племхозға бар. Пулеметтерді ретке кел-
тіруге жәрдемдес.
– Құп, барайын.
Шынайы тірлікті түйсінуден, уақыт мөлшерін сезінуден
тағы да ауытқи бастаймын. Әлден мезетте құлаққа бірқалып-
ты, жағымды үн жететіндей: аттар күтірлетіп шөп жеуге кірісті.
Зу етіп және бір сәт өтті ме деп ойладым. Әлдебіреудің қарулы
қамқор қолы етігімді шеше бастайды.
– Бозжанов, неге кетпей жүрсің әлі? – деп сұраймын.
Жоқ, қателескен екенмін. Бозжанов маған Синченконың дау-
сымен жауап қатады:
– Бұл менмін, жолдас комбат...
Икемге келмей күмпиіп, қақиып қалған етігімді сыпырып,
мұздай жалаң аяғымды құрғақ бірдеңемен сүртіп, лып еткізіп,
жаңа шұлғау орай қойды; одан құтысын ұстап біраз әбігерленіп,
маған стақан ұсынады. Спирт иісі мұрын жарды. Дем алмастан
тартып салдым. Арақ көзден жас шығарып, өзегімді жылытты.
Синченко үстіме тағы бір шинель жапты. Бірақ мұны да азы-
рқанып, жан-жағымды жақсылап қымтау үшін, ешбір қымсын-
бастан, мені жас баладай аударыстыра бастайды. Зекіп қаламын:
– Болды! Бар, кет!
Бірақ сонда да қоймай, тұс-тұсымды шымқап жауып тынды.
Осыдан соң ғана көңілі көншігендей:
– Міне, енді дұрыс болды... Тағы не істесем екен, жолдас
комбат? – деді.
– Шәй! Тозақтың отындай ыстық шәй болса!
Іштей мырс етіп күлемін. Шәй қайдан табыла қойсын!
Арада біраз минут әлде сағаттар өтті ме екен:
– Міне, жолдас комбат, ыстық... – деген дауыс естілді.
339
Түн
Көзімді ашқанымда, таң атыпты. Нығыз жабылмаған қақпа
саңылауынан, қабырғадағы тесіктерден көмескі сәуле байқала-
ды. Сарайда Синченко екеумізден өзге ешкім қалмапты. Екі езуі
екі құлағына жеткен атшым стақан мен қызғылтсары және көк-
шіл бояумен әшекейленген бүйірлі термосты ұсына берді.
– Қайдан таптың?
– Дәрігерден, жолдас комбат. Ақбозбен құстай ұшып сани-
тарлық взводқа барып қайттым. Құйып беруге рұқсат етіңіз, жол-
дас комбат.
Стақанды қос алақанмен қысып, ыстық, тәтті шәйді ақырын
ұрттап, рахаттана ішіп отырмын.
– Санитарлық взвод қайда орналасты екен?
– Біздің штабтың қасында... Племхозда, жолдас комбат.
Жылы жерде.
– Жаралылар көп пе?
– Жиырма адамдай... Ауыр жаралылары жоқ секілді. Бәрі де
өз аяқтарымен тылға кетті.
– Филимонов қайда? Келіп жетті ме?
– Келді, жолдас комбат... Ротаны әзірге арғы бетке, поселкеде
қалдырыпты.
– Панюков бар ма?
– Жоқ, хабарсыз.
Босаған стақанды төмен қойдым.
– Папирос әкел.
– Міне, жолдас комбат, тартыңыз. Тек біліп қойыңыз: екі қо-
рабы ғана қалды. Аса мырзалық жасап тарата бермеңіз, өйтсек,
өзіміз сымпиып қаламыз.
– Жарайды. Тәлім үйретуіңімен-ақ жалықтырып біттің.
Темекімді тұтаттым. Бір сорғаннан-ақ түсіндім: тәуір болып
кете қоймаппын. Шылым түтіні жүрек айнытып, таңдайымда
кермек дәмі қалды. Сұрауды жалғастырамын:
– Жұрт сонда қайда кетті?
– Политрук Дордияға. Ол түн ішінде-ақ шеп құру үшін бәрін
шақыртып алды.
– Ә, солай де... Етігімді әперіп жібер.
Әлі кеуіп үлгермеген етікті тартып киіп алып, орнымнан
тұрып, керіле бастаймын. Буын-буыным сырқырап тұр. Әл-дәр-
Волоколамск тас жолы
340
мен құрып, жата кеткің келеді. Оқасы жоқ, бой алдыра қоймас-
пын! Түнде ұйпаланып қалған киімнің қыртыс-тыртысын үстіме
киіп түзетіп, белдігімді қынай тартып алдым.
– Қайда барасыз, жолдас комбат? Штабқа ма?
– Жоқ, алдымен Дордияға барамын. Шепті шолып шығамын.
Таң бозарып атты. Жел тыйылды. Күн тымық. Әлемет түнді де
артта қалдырдық. Жаңа жауынгерлік күн – мың да тоғыз жүз қы-
рық бірінші жылдың қазан айындағы жиырма жетісі басталды.
Таңғы тұман
1
Дала күздің күңгірттеу таң шапағын көлегейлеген жұқа тұ-
ман бүркеніп тұр. Түнгі ызғар төңіректі едәуір тоңазытыпты.
Шалшық бетіне қатқан нәзік мұз қабыршағы етік табаны астын-
да шытыр-шытыр етіп, үгітіліп түседі. Алайда мұз қабығының
астындағы лай қата қоймапты. Құрып кеткір батпақ тағы да
атқызбайды-ау енді! Қайтсек екен?
Дордияға бара жатқанда, кенеттен осы сауалдың жауабы қарсы
алдымнан шыға келді. Тұман арасынан өзіміздің алдыңғы шепті
– енді Дордияның басқаруына өткен рота аумағын көрдім. Сар-
баздар тығыздап буда-буда сабан төселген саяз окоптарға жай-
ғасқан. Тайыз орлар мен оның жиегіне үйілген топырақ түгелдей
тап-таза, сарғыш сабанмен көмкеріліпті. Мұны жауға байқатпау
үшін егіс даласының көз жететіндей жеріне пішен жаймаланған.
Іс түгелдей менсіз – арнайы бұйрығымды күтпей-ақ, түнде өзім
қатты сырқаттанып, аяқтан жығылып, қалшылдаған күйі дөңбек-
шіп, сарайда сандырақтап жатқан кезімде атқарылған екен. Енді
жауынгерлердің бәрі әскери күйбең тірліктен қалт еткен сәтте бір
кісідей ұйқыға кеткен. Әрбір сарбаздың қасында, сабан бетін-
де винтовкасы жатыр. Майланған болат бекітпелері қараңдап,
жарқ-жұрқ етеді. Бастарына граната және противогаз сөмкелері
мен іші жартылай бос жол қапшықтарын жастаныпты. Қолда-
рындағы солдаттың өзге де керек-жарағы: адал серігі – кішкене
сапер күрегі мен кенеп оқшантайын байқайсың.
341
Таңғы тұман
Өзіме қарай асыға басқан Дордияны көрдім. Анадайдан-ақ қо-
лының ұшын құлақшынына тигізіп, ізет көрсетіп келеді, бірақ ол
қимылы бұрынғысынша орашолақ. Еріксізден өмірі күн қақпай-
тын бозарыңқы өңіндегі секпіліне, сирек, ақшыл кірпігіне көзім
түседі. Дегенмен Дордияның сырт келбетінде әлдебір өзгеріс бар.
Маған тік қадаған бадырақ қара көзінен әдеттегі имену сезілмей-
ді.
– Жолдас комбат, рота ұрыс жағдайына дайын. Бәрінің де
қарулары сақадай сай. Сарбаздар мен командирлерге ұйықтауға
рұқсат бердім.
Дордия уставтық терминдерді әрдайым қатаң сақтай қоймаға-
нымен, ахуалды еш мүдірмей, күмілжімей, нақпа-нақ баяндап
шықты. Шығын жайын да айтты. Қаза тапқандар мен жаралы-
лардан бөлек бірнеше адам хабарсыз кетіпті. Оның ішінде рота
командирі Панюков та бар.
– Мұнда сабан тасып әкелуді шығарып жүрген кім?
Даусым күтпеген жерден өзіме де сонша қатқыл естілген.
Сайтан алғыр, осындайда ойымды мейлінше жайлырақ жеткізе
алмай қалатыным бар. Дордия менің тік келуімді, әлбетте, істі
жақтырмағаны деп қабылдап, беті-басы, мойнына дейін лезде
қызарып кетті. Әйткенмен, жүзіме тура қарап, айқын жауап қай-
тарады:
– Мен бұйырдым, жолдас комбат.
– Жақсы, – дедім қысқа ғана.
Дордия енді құптауды естігеннен бе – тағы да қызарды.
Біз ішіне қалың сабан төселген окоптарды жағалай жүріп ке-
леміз; мұнда солдаттар өліп-өше ұйқыға батқан – бұл көрініске
өзгеше теңеу таппаймын. Шепті шола жүріп, әлсін-әлсін Дорди-
яға да көз салып қоямын. Мұндай икемсіз, болбыр адамды ко-
мандирін жоғалтып, ту-талақайы шыққан ротаны өз маңайына
шоғырландыра қоюға итермелеген нендей күш? Қандай құдірет?
Осыны қалай түсінуге болады?
Кеше Дордияның аузынан шыққан: «Борыш – бәрінен биік»
деген сөз ойға оралды. Бірақ сол борыштың түп-негізі неде? Не-
менеге сүйенеді? Тағы да кешегі: «Совет адамы деген кім?» де-
ген сауал көз алдымда көлбеңдейді.
Волоколамск тас жолы
342
Осы жайында Дордиямен пікір алмасуға ниет ауды. Жоқ, оған
уақыт бар ма және мына орынның да ыңғайы келмес. Кейінірек
бір сәті түсер.
Тұман сейіле бастаған. Алыстан гүрс етіп зеңбірек атылды.
Тағы біреуі, және бірі... Жер-жерде, оңнан да, солдан да күрсіл-
деген зеңбірек күркірі жиіледі. Ақыр аяғында әуеге ширатыла
көтеріліп, біздің де төбемізден суылдап ұшып өткен снаряд сона-
дай жерге құлап, жарылды.
– Бризантты оқ, – дедім бірден ажыратып. – Артиллериясын
әкеліп үлгерген екен.
Биіктен тағы да гуілдеп снаряд ұшып, біздің сырт жағымызға
түсіп, тасыр-тұсыр етті. Немістер нысананы көрмесе де, Тим-
ковадан біз орналасқан алаңды біркелкі үзіліс арқылы атқылай
бастады.
– Міне, Дордия, ұйқы ашу деген осы, – дедім мен.
2
Дордиямен бірге сабан пулемет ұясы орналасқан рота қапта-
лына қарай өткен соң соңымнан аттарды жетектеп еріп келе Син-
ченконы шақырып алып, Торытөбелге отырдым да, атшыға:
– Енді штабқа барайық... Жолды көрсет, – деп әмір бердім.
Штабым қыр етегіндегі добал тастан қаланған ұзын кең сарай-
ға жайғасыпты. Анадай жерде дәл сондай тастан созалаңдау етіп
салынған племхоздың ат қорасы сияқты өзге де шаруашылық
орындары тұр.
Штабтың кіре берісінде, кезекші сақшы тұсында қос дөңгелек-
ті арбаға жегілулі тұрпаты тығыншықтай Орал мәстегі тұқымдас
ақбоз ат шөп жеп, жайбарақат тұр. Арба үстінде қалғып отырған
көзілдірікті солдаттың Мурин екенін таныдым.
– Мурин, мына жерді айналсоқтап неғып жүрсің?
Селк ете қалып, орнынан тұрмаққа ыңғайланған ұйқылы-о-
яу Муриннің қимылын жүргісі келді деп түсінген ат та еріксіз
жұлқынып, қозғала жөнелді. Шайқалып, құлап қала жаздап,
«Құр-р!» деп айқайлап тізгін тартып, арбаның жақтауына жар-
масқан Мурин шинелінің етегіне сүрініп, әупірімдеп жерге түсті.
Ақырында, табаны жерге тиген ол солдатша бойын тіктеп
тұра қалады.
343
Таңғы тұман
– Түнімен пулеметпен әбігер болдық, жолдас комбат. Бәрібір
жөндей алмадық. Енді іске рота командирінің өзі кірісті.
– Ал пулеметші жолдастарың қайда? Ұйықтап жатыр ма?
– Ықтасын қазып жатыр, жолдас комбат. Тек...
– Тағы не болып қалды? «Тек» дегенің не?
Муриннің қылдырықтай ұзын мойны шинель жағасынан со-
райып шығып тұр. Көзілдірігінің сынып қалған бір ілмегін сым-
мен бекітіп қойыпты.
– Ұрыспайсыз ба?
– Ұрыспаймын. Айта бер.
– Төтеп тұра аламыз ба, жолдас комбат?
Сөзін бұдан әрі жалғауға батпаған Мурин ақбоз ат пен жаңа
ғана өзі құлап қала жаздаған қос дөңгелек арбаға жалтақтай қа-
рады. Осы көзқарасымен ол: «Бекінісіміз осал ғой» деп тұрған-
дай еді.
Е-е, міне, бүгінгі батальондағы солдат ойының төркіні қайда
жатыр! Ал өз ойым басқаша ма еді? Бірақ менің азапты толғаны-
сым – жеке құпиям емес пе. Сондықтан:
– Бізді біреу бастан салып қалғанша осында отыра береді деп
кім айтты саған? Қайта, өзіміз жаудың төбесінен жай түсіргендей
қылуымыз керек, – деп жауап бердім.
Торытөбелден ырғып түстім де, тізгінді Синченкоға серпе та-
стап, сақшының қасындағы сарай есігіне қарай өттім.
3
Сарайда таяу маңда ағаш сүргілеу жұмыстары жүргізілген си-
яқты. Жер еденде шиыршықталып, қарайып үлгермеген жоңқа
шашылып жатыр. Сүргіленген қарағай шайырының жеңіл иісін
махорка, дымқыл етік, су сіңген шинель иісі баса қоймапты. Қа-
бырғада ағараңдап, сырланбаған бірнеше дайын терезе жақтауы
сүйеулі тұр; құлап жатқан екеуін көтере салуға да ерінген секілді,
біреулер басып жүргендіктен, жаңа жонылған тақтай бетіндегі
етік іздері баттия көрінеді.
Есік алдында взводтағы солдаттардың бірі отыр, бірі жан-
тайған; мен ылғи зыр жүгіріп, іс үстінде жүргенін көретін жас,
тіптен, жасөспірім бала дерлік кіші лейтенант Тимошин қазір
екі қолын сәндеп, кеудесіне қусырып, арқасын шалқайыңқырап,
қабырғаға сүйеп отыр екен. Ол мені байқаған бойда, бірінші бо-
Волоколамск тас жолы
344
лып, орнынан ұшып тұрды. Көз қиығыммен далалық телефон
қобдишасын іздеген едім – көрінбеді. Бірден түсіндім: ат-арбалар
Волоколамскіден әлі келмеген болды. Тағы да майорды ойлап,
іштей сыбап алдым.
Сарай түкпірінен Рахимовтың ақырын ғана берген командасы
естілді:
– Встать! Смирно!
Қасына тақалып бардым.
Сарай ортасына қатар-қатар жалпайта тізген тақтайлар аласа
үстелге айналдырылыпты. Үстінде бір-біріне жалғап желімде-
ген екі топографиялық карта, Рахимовтың үшкір қарындаштары
мен жұмыс кітапшасы жатыр. Терезелердің бірінің түбіндегі вер-
стакқа бөлшектелген пулемет орналастырылған. Оларды жина-
уға Бозжанов пен Заев кіріскендей. Екеуі де бойларын тіктеп қар-
сы алдыма тұра қалды. Шинельсіз, бас киімсіз жүрген Заевтың
сәл ойықтау маңдайына май дағы жұғыпты; ұзын қолдарының
білезігі де жылтыраған қап-қара майдан көрінбейді. Қасындағы
Бозжановтың саусақтары да уәкіске матырғандай, қарақожалақ
май. Заев екеуінің ортақ бір әуестігі – бұлар мылтық атаулыны,
әсіресе, бейтаныс, олжа қаруды шұқылауға керемет құмар еді
немесе дәл қазіргідей өзіміздің істен шыққан пулеметтің кілти-
панын тауып, бүлінген тетігін түзеуді тапсырсаң, әбден жөндеп,
іске қосқанша ішкен асын жерге қояды.
– Вольно! – дедім мен.
Заев пен Бозжанов сол бойда пулеметке қайта төнді.
– Баяндауға рұқсат етіңіз, – деді Рахимов.
– Баяндаңыз.
Рахимов жағдайды карта бетіне түсіріп, біз бекінген шептің
желісін мұқият белгілеп үлгеріпті. Түнде батпақтап қалған
зеңбіректер де қырға жеткізіліп, жота тасасынан атыс позиция-
сын құрған. Рахимовтың мәлімдеуінше, Филимоновтың ротасы
таң алдында келіп, бұлақтың арғы жағасындағы поселкеге орна-
ласқан.
– Филимоновке жұртты төрт сағаттай ұйықтатқан соң осын-
да келуді бұйырдым, – деп хабарлады Рахимов.
Мақұлдауымды күткендей, ол маған сұраулы жүзбен қарайды,
алайда картадан көз айырмаған мен ләм демедім. Онда Рахимов-
345
Таңғы тұман
тың қолымен көрші бөлімдердің қапталдары белгіленіпті – біздің
оң және сол қанаттағы көршілерімізбен арамыздағы қашықтық,
шамамен, алты шақырымдай. Бізге – Панфиловтың резервтегі
батальонына осынау қуысты бітеп, тосқауыл болуымызға тура
келмекші. Әлбетте, екі ротамен оны бекіте алмадық. Қапталда-
рымыз ашық, жалаңаш еді. Екі жағымызда да – оңнан да, солдан
ені бір жарым-екі километрдей жер үңірейіп бос жатты. Дивизия
шебінің бұл тұсы жырық. Дұшпанға осы қуыстарды байқап, ен-
телей кіріп, біздің флангілерімізді шеңгелдеп орап алуы үшін көп
уақыт кетпейді. Ал бос аралықты қалай бітей аламыз? Онсыз да
селдір тізбегімізді созып, қазіргіден де әлсірете түспекшіміз бе?
Муриннің: «Төтеп тұра аламыз ба, жолдас комбат?» деген сөзі
еске түседі.
Терезе түбіндегі верстакта Заев пен Бозжанов бұрынғыша пу-
лемет шұқылап жүр. О жақтан тықылдаған, тысырлаған дыбыс,
арагідік бостан-бос сыбырлап сөйлеуге тырысатын Заевтың бу-
лыға күңкілдеген үні жетеді. Ол, тәрізі, тағы да бір бұралқы сөз
айтып қалғандай. Бозжанов мырс етіп күлді. Мен алая қарадым.
Заев түк болмағандай-ақ, өзінің арбиған сүйекті қолына аса
үйлесе қоймайтын өте сақ, тіпті үлбіреген нәзік қимылмен
білікке қыса кигізілген серіппені бұрап, тетікті қажетті қалпы-
на келтіріп тұрды. Бұл орынды ол мүйізденген саусақтарының
ұшымен іздеп тапқан. Көзі жұмулы. Сол сәтте оның самайы мен
ұрты қыртыс-қыртыс, шықшытты кескінінің сұлуланып кеткені-
не таңдана қарадым. Тұйық, тіпті немесе ұстамды жандар қата-
рына мүлде жатпайтын Заев ойына келген, көңіліне әсер еткен
жәйттің бәрін дереу жайып салып қарап тұрар еді. Біздің қазақ
халқында мұндай адамдарды «аузын ашса, жүрегі көрінеді» деп
атайды. Қазір оның жүзінен өз ісіне құмарлығы, нағыз шебердің
сол жұмыстан рахаттануы оп-оңай оқылады. Маңайдағы жағдай-
ды ұмытып, жан-тәнімен шаруаға берілген ол кеберсіп, жарылып
кеткен ернін жаланып, күлімсіреп қояды. Іс, тәрізі, оңтайлана
бастаған сияқты.
Қайтадан картаға бұрылып, Рахимовтың сөзіне құлақ түрдім.
– Мен әзірше рота командирлеріне шепті нығайтып, жау ша-
буылын тойтаруға дайындалуды бұйырдым, – деп Рахимов маған
тағы да еміне қарайды.
Волоколамск тас жолы
346
Оның үнсіз сұрағын ақыры жауапсыз қалдырдым. Менде де
тиянақты ой, айқын шешім жоқ еді. Немістер Тимководан ара-а-
расында атқылап қояды; кейде снарядтар мен миналар тура жа-
нымызға түсіп жарылады. Алыстан құмыға күркіреген сарын
жетеді.
4
Верстак жақтан Заевтың гүжілдеген үні, қыстыққан күлкі, қы-
быр-сыбыр сөз әлі естіліп тұр. Мен ақыры шыдай алмай ақырып
қалдым:
– Заев!..
– Әу...
– «Әу» деген не? Үлкенге қалай жауап бересің өзің?
– Құлағым сізде, жолдас комбат.
– Босаңсып кеттің ғой әбден... Немене, мылжыңдауға келіп
пе едің мұнда... Енді қашанғы күйбеңдемексің?
– Аз ғана қалды, жолдас комбат. Былайша айтқанда, «қылқа-
ламның ең соңғы бояуын түсірсек» болды. Бес-алты минуттен
кейін машина сақылдап қоя береді.
Расында да, бірнеше минут өткенде қолдарын жоңқамен
асығыс-үсігіс сүрткен ол жалтылдаған болат денені иығына
тастай салып, бір жөткірінді де, адымдай басып, есікке қарай
беттеді. Өзі шықпастан бұрын менен рұқсат сұрауды ескермей,
әскери әдепті бұл жолы да бұзды. Бозжанов оның қателігін дереу
жөндеуге тырысып:
– Сынап көруге рұқсат етіңіз, жолдас комбат? – дейді.
Мен үнсіз бас изедім. Бозжанов Заевтан бұрын жүгіре жетіп,
есікті ашты. Ұзамай мен де далаға шықтым.
Сарайға сыртын беріп тұрған Заев менің келе жатқанымды
байқамай, Муринге:
– Қашанға дейін күйбеңдемексің? Әбден босаңсып кеттің
ғой! Жылдам! Бір аяғың мұнда, бір аяғың анда болсын! – деп
жеки бастайды.
Мен өзімнің кейбір сөзімді, сөйлеу мәнерімді танып, езу тарт-
тым. Бозжанов досына көзбен мені нұсқады. Кері бұрылған Заев:
– Көп еркінсітпеймін, жолдас комбат! – деп күңк етті.
347
Волоколамск берілді
Иығындағы бір пұттық пулеметті көтерген ол сүйектен өткен
суықты, ызғарлы тұманды, ылғал ауа райын сезбегендей, гимна-
стеркамен ғана, жалаңбас тұр.
Мурин тұғырық сүйреп әкелді. Бір минуттен кейін пулемет
соған орнатылып, бекітілді. Бозжанов лентаны салған. Заев мұз
құрсанған жерге етпеттеп жата қалып, бірінші нөмірлі пуле-
метшіге тән қимылмен өзінің серейген сирақтарын талтайтты
да... пулемет бытырлатып оқ шашты, оқпаннан жылтылдап, от
ұшқындады.
– Тамаша! – деді даусы қырылдаған Заев. Сөйтті де орнынан
лыпып тұрды.
Бұдан соң ол жақын маңдағы шалшықтың мұзын өкшесімен
ойып, суы мен балшығын араластыра көсіп алды да, қолына сіңіп
қалған майды үйкелеп кетіре бастады. Жуынуды тез аяқтаған
соң қолын өте қарадүрсін әдіспен сүртті – қолтығының астына
сүйкей салды. Осыдан кейін сарайда қалған бешпеті мен бөркін
алуға жүгіреді.
Бозжанов мен Мурин пулеметті қос дөңгелекті арбаға артты.
Сарайдан ытқып шыққан Заев арба қорабының сыртына бір
аяғын салбырата отырған бойда божыны қағып қалып, тығын-
шықтай ақбоз мәстекті желдірте жөнелді.
Волоколамск берілді
1
Қазан айының жиырма жетісіндегі сол күн менің жадымда же-
келеген көріністерімен сақталыпты.
...Атпен тау беткейіне көтеріліп келе жаттым. Ерде зілдей бо-
лып, қабаржып отырмын. Менің жабырқау көңіл-күйім Торытө-
белге де берілетіндей. Қырау шалған тайғанақ шөпті үркектей
басқан жануар да дәл мен секілді басы салбырап келеді.
Қаңғыған мина әр жерге кезек құлайды. Міне, арт жақтан да
бірдеңе тарс ете қалды. Торытөбел бір-ақ ырғығанда, соңымыз-
дан ілескен Ақбоз да жалт бұрылып, үстіндегі менің атшыммен
қоса мұрттай түсе жаздады.
– Синченко, тірісің бе? – деп дауыстаймын.
Волоколамск тас жолы
348
– Тірімін.
...Тағы да үнсіз ілбиміз. Мен жаңа күн қарсаңында қайтадан
неміс музыкасына құлақ тігемін. Құрып кеткір, мынау тау ба-
сындағы ұлтарақтай жердің өзінде от ортасына тап болдық па!
Төменде қалың тұман жамылып Волоколамск жатыр, ондаған,
тіпті бәлкім, жүздеген зеңбірек зіркілдейді. Тимково жарқабағы-
ның екі жағынан да зеңбірек атқылап жатыр.
Ал біз, тау қойнауына бекінген екі рота мен тылдағы Фили-
монов ротасы – жағалай қоршаған алапат от ошағында жалғыз
қалдық. Байланыстан ажырап, өз дивизиямыздан қол үздік.
Әйткенмен, сол нақ бойда басқа бір ой сап етеді: жоқ, біз
бөлініп қалған жоқпыз, мына төңіректің бәрінде жауға оққа
оқпен жауап беріп, айқасып жатқан біздің адамдар.
Еңсеңді көтер, Бауыржан! Жау үрейіңді ұшырып, шайқасқа
дейін-ақ жігеріңді құм қылып жібергісі келеді, ендеше, сен са-
быр сақтап, ақыл-ойдан ажырамауға тиіссің.
2
Торытөбелдің тұяғы шағын көпірдің тақтай төсемін тоқылда-
тып өтті. Ізінше Ақбоздың тағалары тықылдады. Түнгі тасқын-
нан кейін бұлақ тынышталыпты, тек судың қалай долданғанын
әр тұсынан мөлдір мұз қабыршақ көмкерген тіреу бөренелердегі
қап-қара іздер айғақтайды.
Бау-бақша арасымен өтетін жалғыз аяқ жол арқылы поселкеге
жеттім. Түнгі жорықтан кейін бірнеше сағат ұйықтаған ротаға
тұрыңдар деген команда беріліп үлгеріліпті. Аула сыртындағы
құдық басында жауынгерлер жуынып жатыр. Әлдекімнің арқа-
сына қасындағы біреу шелектен су құйып тұр; ал керілген кезде
бұлшық еті бұлтылдап, қызара түскен сом денесінен тамшы со-
рғалайтын жалаңаш адамның Курбатов екенін таныдым.
Рота командирі орналасқан үйге таядым. Алдымнан Фили-
монов қарсы жүгіріп шықты. Қырынғанына көп бола қоймаған
секілді, күнқақты жүзі жылт-жылт етеді.
Аттан түскен сәтімде Филимонов баяндауға кіріседі:
– Жолдас комбат, үшінші рота...
– Жарайды... Үйге кірейік, Ефим Ефимыч, ақылдасайық.
349
Волоколамск берілді
Бөлме ыстық екен – пеш жағылыпты. Ыңғайлана отырып, қа-
бырғаға арқаңды сүйеп, бір сәт мызғыса, шіркін! Бірақ болбыра-
уға жол бермеймін.
– Отыр, Филимонов. Картаңды шығар.
Картада батальонның позициясын белгілеп, біздің ашық
қалған қапталдарды, майдан шебінде өзіміз бен көршілеріміздің
арасындағы ешкімнің қорғауынсыз бос жатқан бір жарым-екі
шақырымға созылған қуыстарды көрсеттім.
Филимонов сөзімді кіжірейе тыңдайды. Өзімнің командирлік
ой-толғанысымды көкейіне құйып, түсіндіріп берсем болар еді.
Бірақ әлі пісіп-жетілген ешбір жоспарым да жоқ.
– Әзірге поселкеден шық, – дедім оған. – Ротаны жотаны
жағалай созып, окоп қазып, бекін.
Әлгі мезетте тау жақтан гүрсілдеген зеңбірек атысы жиіледі.
Екеуміз де тіксіне қарап қалыппыз. Иә, үн қата бастаған біздің
зеңбіректер екен. Жеделдете от шашуға кірісті. Пулеметтердің де
тарсылы естіледі. Филимонов жауабымды күтіп, елеңдей қарай-
ды.
– Ротаны жағалаудағы дөңес бойын қуалай орналастыр, –
деп қайталаймын мен. – Қапталдарыңа ие болып, төрт құбылаң-
ды түгел қамты. Іс ширықты. Немістер ойда жоқта сап ете түсіп,
аңдаусызда соғуы ықтимал.
– Түсінікті, жолдас комбат.
Филимонов орнынан тұрды да, екі бүйірін кезек таянып,
кібіртіктеп қалды.
– Тағы не болып қалды?
– Сол, бұрынғыша... Жұрт әлі аш жүр ғой.
– Құрсақты ойламау үшін атуды бастасын. Бағдарды таңда
да, рота алдындағы нысананың бәрін атып, сынақтан өткізіп ал.
Жоғарыдағы зеңбіректеріміз атуды тоқтатқан жоқ. О жақтағы
ахуал шиеленісіп бара жатқандай. Тықыршып, мазам кетті.
– Әрбір сәтте сақ бол... Ұқтың ба?
– Ұқтым, жолдас комбат. Қашпаймыз.
– Тек абайла, апалаң-топалаңда өз адамдарыңды атып жүр-
ме. – Мана өзіме айтқан сөзді қайталаймын: – Сабыр сақтап,
ақыл-ойдан ажырамауға тиіссің. Сарбаздарға түсіндір: команда-
сыз атпасын. Шүріппені басуға асықпасын, асып-саспасын.
Волоколамск тас жолы
350
Биікте біздің зеңбіректер гүрсілдеткен үстіне гүрсілдете
түскен. Енді соларға қарай тартайын!
Аулада Синченко шиыршық атып, аттарды даярлап тұр.
Ырғып, ерге қондым. Торытөбелді құстай ұшыруға оқталамын.
Жоқ, солдаттарды дүрліктірудің қисыны келмес. Сөйтіп, тізгінді
әдейі тартыңқырап, жайбарақат кісіше көшеде жортақтатып ке-
лемін.
Ат тұяғы көпірге іліккенде тағы тоқылдады. Міне, осы кезде
ғана Торытөбелді еркіне жіберіп, өрге қарай өршелене салдым.
3
Жоғарыда тұман сейіліп үлгеріпті. Көк жүзін әлі де ақ шаңдақ
кіреукелеп тұр, бірақ тау беткейі шайдай ашық.
Саз-балшықтан үйген қалқа қасына шауып жеттім. Осынау шо-
шайған тасаға артиллеристердің бақылау пункті жасақталған-ды.
Далалық телефонға иіліп (артиллеристерде жеке телефон бай-
ланысы бар еді), темекісін де құныға тартып, әлдекіммен қызу-
лана сөйлескен Кубаренко тұр. Шинелі батпақ-батпақ, лай түй-
іршіктері бетіне де шашырапты. Бір сәт телефондағы әңгімесін
үзген ол маған дауыстайды:
– Әкесін таныттық, жолдас комбат, тойтарып тастадық!
Жағдайды екі қолын олай-былай сермеп түсіндіргісі-ақ кел-
ген Кубаренко еріксізден әскери тәртіпке мойынсұнып, бойын
тіктеп баяндай бастайды. Немістер Дордияның ротасына қар-
сы шабуылға шығыпты. Жауынгерлер жауды жусатып салған.
Немістер енді өкпе тұстан айналып келіп соғуға әрекет жасай-
ды. Біздің зеңбіректер олардың жолын бөгеп, тыпыр еткізбеген.
Дұшпанның шегінбеске лажы қалмайды.
Мен қайтадан сұрадым:
– Біздің флангімізді байқап қалып па?
– Байқап қалыпты, жолдас комбат.
Осы мезетте біреу аспанды көлегейлеген бұлдыр пердені сы-
пырып алғандай болды. Ауа әп сәтте мөлдіреп сала берді. Алы-
стан үйлердің дымқыл шатырлары мен күмбездер көзге шалы-
нады. Ұйқыдан оянғандай селт етіп, тура Волоколамск іргесінде
тұрғанымызды түсіндім. Мына жерде біз соған кіретін жолды
қорғап тұрмыз. Бүгін осы қала үшін шайқаспақпыз. Ендеше қай-
ратқа мін, тұнық ойды серік ет, комбат.
351
Волоколамск берілді
Қаланы қақ жарып жатқан су-су қара асфальт жолағы жарқы-
райды. Бұл – тікелей Москваға апаратын Волоколамск тас жолы.
...Көкте қараңдаған немістің бомбалағыш ұшақтарының сұл-
басы көрінді.
Олар лек-легімен Волоколамскіні бетке алған. Қаланың
тұс-тұсынан біздің зениткалар тарсылдап қоя берді. Биікте жа-
рылған снарядтың қызғылт оты көз шағылыстырған күн сәулесі-
нен зорға көрінеді.
Қасымда тұрған Синченко ұшақтарды дауыстап санай бастады:
– Отыз төрт... отыз бес... Отыз алты...
Тасталған бомбалардың алапат соққыларының үні құлақ тұн-
дырады. Ана тұс-мына тұстағы шатырлардан бұрқ еткен қарақо-
шқыл түтін будақтай көтерілді. Көшелер бос, тек қаланың арғы
шетінде жегулі аттар заулатып барады. Теміржол стансасының
маңындағы артиллериялық атыс саябырси қалды. Мұнысы несі?
Не болды екен?
...Қимыл-әрекетсіз күйдегі минуттеріміз созыла түскен. Шын-
тақтап жатып байланысшылардың хабарламаларын тыңдауға
кірісемін. Жау бұрынғыша батальонның селдір тізбегін атқылап
қояды, бірақ бізге шабуыл жасайтын ойы жоқ секілді. Дордия-
ның қасынан жүгіре жеткен Муратов дабыр-дұбыр етіп әлденені
мәлімдеген болды. Денемнің қалтырауымен арпалысып жүрген
мен бойымды әрең билеп, оның сөзін ұғуға тырысамын. Кенет
Муратов тосыла қалған. Бұрылсам, көзі бақырайып, Волоколам-
скіге қарай аңтарыла қарап тұр. Атып тұрып мен де сол жаққа
көз тіктім.
4
Қала ортасындағы асфальтпен баяу ғана жылжып екі танкі
қыбырлап келеді, өздері Панфиловтың штабы орналасқан жақты
бетке алғандай.
Оқпанынан түтін бұрқылдайды. Танкі қалаға оқ жаудыра
бастаған. Шынымен немістер ме? Бұлардың Волоколамскіге ба-
сып кіргені рас болғаны ма?
Дүрбіні дереу көзіме тосып, құрышпен қаптаған қара сауы-
тындағы фашистердің ақ крестерін айқын көрдім.
Бір білетінім: қалада біздің әскерлер жоқ. Қазір тау беткейі
мен етектегі окоптарға бекінген менің батальоным – Панфилов-
Волоколамск тас жолы
352
тың бірден-бір резерві. Немістер көшеден көшеге өрлеп, ентелей
енген сәтте біз – пулеметі мен зеңбірегі бар алты жүз жауынгер
сыртта отырмыз.
...Әрекетсіздіктен сапырылысқан ой кешіп, сарылып жатыр-
мын.
Не үшін өмір сүремін өзі? Қан майданға не үшін кіремін?
Мынау жаңбыр суы айғыздаған Мәскеу түбінде қу жанымды
шүберекке түюімнің сыры неде? Сонау қиыр түкпірден келген
мендей дала баласы, Қазақ елінің ұлы, азиялық – не әкесінің,
не ата-бабасының аяғы баспаған Москва үшін шайқасып, мына
жерді нендей мұратпен қорғамақшы? Және жүрек түкпірімнен
ешбір сүйікті әйел бұрын-соңды оята алмаған ғаламат құмар-
лықпен соғысып жүрмін. Мұндай ерен құштарлық қайдан кел-
ген?
«Адам – сыйлағанның құлы» дейді қазақ.
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген тағы
бір мақал еске түседі. Совет елі – менің өз елім, өз Отаным.
Мен далалық халқымды, оның ән-жыр, аңыз-ертегілерін, та-
рихын лайықты мақтан тұтатын қазақпын, қазір Қызыл Армия
офицері деген атақты абыроймен арқалап, совет солдаттары –
орыс, украин, қазақтардан құралған батальонды басқарамын.
Қайткенмен, әрбір бұйрығымды мүлтіксіз орындауға міндет-
ті қарауымдағы солдаттарым өзіммен тең дәрежедегі адамдар.
Бұлар үшін бай-манап саналмаймын, үстем таптың өкілі емеспін.
Балаларымыз мектепке қатар барады, әкелеріміз қанаттаса өмір
сүреді, ауыр жылдардың қайғы-қасіретін бірге көтеріседі.
Менің Москва түбінде, әкемнің де, ата-бабамның да табаны
тиіп көрмеген мынау жерде соғысуымның мәні, міне, осында!
Ендеше, дәл қазір неліктен тысқары жатырмыз? Қам-қарекетсіз
қалған осынау минуттер мен сағаттар жанымды жегідей жейді.
5
Кенеттен естілген ызалы айқай ойымды бөлді:
– Атыс ұясы! Атыс ұясы!
Жотада бекінген Кубаренко зеңбірекшілерге беретін әмірін
телефон арқылы емес, жалаң үнімен жеткізгісі келгендей, жан
даусымен шырқырайды.
– Атыс ұясы! Лейтенант Обушковты шақыр! Тез!
353
Волоколамск берілді
Ұшып түрегелдім.
– Не болды, Кубаренко?
– Немістер, жолдас комбат... Жүз қаралы.
– Кәне?
– Оң жақта, жолдас комбат. Сайда... Атыс ұясы! Не болған
сендерге? Лейтенант қайда? Обушков, сен бе? Немістер сайға
түсіп барады. Иә, иә, дәл сол жыра...
Ол безектеген күйі бағдар координаты мен нысана өлшем-
дерін атап:
– Оқтаңдар да, мәлімдеңдер! – деп айқайлады.
Мен дүрбі салып, қорғаусыз алаңға кіріп алған немістерді із-
деймін. Міне! Кір басқан жасыл шинельдері күзгі қураған шөптің
түсімен жымдаса қалыпты. Өздері күншуақта серуенге шыққан-
дай жайбарақат жүр. Алдыда – кительшең жас офицер. Жалаң-
бас. Фуражкасын қолына ұстап, ақшыл шашын күн шуағына то-
сып қояды. Ол бір түп итмұрын тұсынан өте бере аялдады да,
бұта сабағын сындырып, петлицасына қыстырып алды. Енді ше!
Бүгін немістердің ең сәтті күні: Волоколамскіні басып алды ғой...
Офицердің соңынан еркін саппен, едел-жедел басып солдатта-
ры ілеседі. Бұларға өрге шығу оңай; автоматтары мен винтовка-
лары – арқада; бізді кісі ғұрлы көрмейді: оғымыздың жетпейтінін
жақсы біледі.
Ашық қалған аралыққа ендей өтіп, енді ешбір кедергісіз біздің
тылға қарай өңмеңдеп барады... Ал біздің зеңбіректерде әлі тырс
еткен дыбыс жоқ.
– Бол, бол! Тездет!
Айқайлаған – Кубаренко. Осыны өзім де іштей қайталап тұр-
мын.
Ақыры екі дүркін атылған зеңбірек үні құлақ тұндырды-ау.
Сайда, адымдап бара жатқан немістер маңында екі жерден бұрқ
еткен топырақ көкке шапшыды.
Міне, енді әлгілерді жер бауырлауға мәжбүр етеміз! Енді азы-
рақ тежелерсіңдер! Сегіз зеңбіректің бәрі де іске қосылды. Жан
ұшырған немістер тұс-тұсқа безе қашып, жата қалысады... Көріп
тұрмын: офицер өз солдаттарына қарай қайырылып, фуражкасын
бұлғап шақырып, әлдене деп бажылады да, шөптесін еңіске түсіп
Волоколамск тас жолы
354
алып, әрі қарай дедектей жөнелді. Оның соңын ала оқтан бұққан
солдаттар жөңкіледі.
Біз, қорғанушы жақ, өз позициямыздан аттап шыға алмаймыз.
Ал шабуылдаушыда таңдау бар: ол бағыт белгілеп алып, тиімді
деп санаған тұсынан соға алады. Дегенмен қорғаныстағы біздің
де өз артықшылығымыз жоқ емес. Жау – жер жағдайынан хабар-
сыз, менің алғы шебімнің тереңдігін де білмейді, ол тек картаны
басшылыққа алады. Ал маған мына маңайдағы өз позициям мен
оның сыртындағы ой-шұқырдың бәрі таныс. Қуаты ересен жа-
удан аз ғана күшпен қорғана отырып, тау-тас, сай-саланы серік
етіп, жер қыртысын да өз пайдама жұмыс істете аламын.
Атысты басқарып, нысана бағытын түзеттірдім. Біздің сна-
рядтарымыз немістердің желкесінен және соқты. Біақ олар мына
тұстан әрең көрінетін қалтарыс-бұлтарыс жыраларға қарай жалт
беріп, көзден тасаланып, оқтан құтылып кетті.
Ал, Филимонов, сақтан! Әлгілер тура саған қарай тартып ба-
рады! Берік бол, Ефим Ефимыч!
...Ана тұс-мына тұстан тарсылдаған атыс үні алыстан да,
жақыннан да бірдей естіледі.
Құлақ осынау дыбыстарды ажыратып, саралап-сұрыптай
берді, сонымен қатар, ең ғажабы, айнала төңірек тыншып, мүлги
қалғандай әсер билейді. Осы алдамшы тыныштық сәтінде атыс
даусының немістер қашып тығылған сай жақтан шығуын күтіп,
тықыршимын. Өздері қапияда Филимоновтың төбесінен түсіп,
ротаның тас-талқанын шығарып жүрмей ме?
Пулемет бытырлата атты. Жоқ, бұл төменнен емес, Заев рота-
сының қапталынан жеткен үн. Шамасы, немістер бізді о жақтан
да орағыта өтіп барады.
Ал сай жақ тым-тырыс...
Кенет әлдекім алып қолымен кенеп матаны дар айырғандай
дыбыс шықты. Бұл – винтовканың дүркірете атқан үні еді, жүзде-
ген винтовканың бір мезгілде күркірей атылған дыбысы – мұны
менің қаншалықты аңсап күткенімді білсеңіз! Құлағым сатыр-
лаған осы үнді ешбір өзге дауыспен шатыстырмайды.
Төменнен тағы да бір дүркін оқ атылды. Елес пе, білмедім: оқ
тиген немістердің аласұра шыңғырғаны, ауырсына күңіренгені
355
Волоколамск берілді
естіліп тұр. Міне, сендерге Волоколамск, міне, сендерге сәтті
күн!
Етектен біздің пулеметтердің де тарсылдап, винтовкалардың
жеке-жеке шаңқылдай бастағанын байқап тұрмын.
Жауынгерлерге: «Жауды аяма! Бірде-бірі тірі қалмасын! Воло-
коламск үшін сазайын тартсын!» деп іштей үндеу тастадым.
6
Дүрбіні қайтадан көзіме тосып, Волоколамскіні тағы да шо-
луға кірістім.
Көшелердегі ойқы-шойқы жолдармен шайқала теңселіп, қа-
лаға кіріп үлгерген немістің біздің көліктерден кескіні бөлек
ұзын жүк машиналары ерсілі-қарсылы өтіп жатыр. Арасында
түр-түсін нақты ажыратып болмайтын көкшіл бояулы жеңіл ав-
томобильдер де жүйткіп жүр.
Қаланың Панфилов штабы орналасқан түкпір шетінде ұрыс
әлі жалғасуда. Онда гитлерлік танкілер оқпанының шаңқылдаға-
ны, біздің танкіге қарсы зеңбіректердің тарсылы, ірі калибрлі пу-
леметтердің тоқпақпен ұрғандай дүңкілдете соққаны естіледі.
Волоколамскіні қолдан шығарып алған Панфилов қала жие-
гінде табан тірей қорғанып, тас жолды бермей, қидаланып, қақ
айырылған дивизияны жұдырықтай жұмылдырып қайта түзіп,
Волоколамскіні қорғауға жаңа майдан шебін құрып үлгеру үшін
минуттер мен сағаттарды ұтуға бел буған екен деп долбарладым.
Менің міндетім түсінікті: немістің алдын бөгеп, қаланың шыға
берісіндегі жолдың аузын бекіткен біздің бір шөкім әскерімізге
жаудың қысымды күшейтуіне ырық бермей, уақыттарын алып,
Панфиловтың ойын іске асыруға барынша жәрдемдесу.
...Штабымда біраз болғаннан кейін аяңдап, сайға түстім. Бұлақ
әзірше көріне қойған жоқ, ал Торытөбел шегіншектеп, басын
бұлғақтатып, сыңареузілей берді. Тізгінді қаттырақ ұстап, жану-
арды тыныштандырмақ боламын. Мұның бір әлсіз сыры өзіме
мәлім: Торытөбел жүрдек, төзімді, жуас жылқы, атысқа да бой
үйретіп үлгерген, тек қан иісін жаратпайды. Сондай иісті сезді-
ақ, әрдайым дәл қазіргідей тыпыршып, ала қашуға даяр тұрады.
Еңіске ылдиладым. Атты еріксіз тоқтатамын. Оқ қатары
ми-батпақтау жағада өскен тал-шілікті түгелдей қырқып түсіпті.
Жүгірген бойында ажал тырнағына іліккен көк-жасыл шинельді
Волоколамск тас жолы
356
адамдардың денесі жағалай жайрап жатыр. Ана тұс-мына тұстан
да ирелеңдей ағып, бұлақ суына қосылған қызылала қан ізі көрі-
неді.
Енді мен де, жан-жануарларға қарағанда иіс сезу түйсігіміз
осалдау болғанымен, ауыр қан иісін сездім.
Синченконың астындағы жуансирақ Ақбоз былқ етпей арт
жақта тұр, ал Торытөбел тыпыршып, тізгінмен алысып келеді.
Өліктер арасымен аяңдай бердім. Ақшыл шашты жас неміс
шалқасынан жатыр. Гербін күміс жіппен зерлеп тіккен офицерлік
фуражкасы төмен қарай домалап кетіпті. Жағасында әлі де қы-
стырулы жатқан бірнеше алқызыл моншақ-жемісі бар итмұрын
сабағын көрдім. Мәйіттің сұп-сұр кең маңдайынан әлсіз таңба –
кірген оқ тесігі байқалады.
Жүрегімде аяныш сезімі ояна қойған жоқ. Бізді құлдыққа салу
пиғылымен жерімізге баса-көктеп кірген сендердің бәріңе оққа
оқпен жауап қатып, көздеріңді жоямыз!
«Үйрене бер, қан иісіне дағдылана бер, жануарым!». Өлік-
тердің арасымен аяңдап, Торытөбелдің тікірейіп кеткен жалынан
сипап келе жатып, жолымыздың ойда жоқта оңғарылғанын түсі-
не бастаймын. Сол кездейсоқ сәттіліктен мына ми-батпақ сай жа-
уға ажал апаны болып жолығыпты.
Әуелде иек астынан табыла кеткендей қуантқан атыраптың жер
қатпары, ой-шұңқыры немістерді біздің құрулы тұрған зеңбірек-
тердің аузына, Филимоновтың винтовкаларының қақ маңдайдан
қадалып, дүркірете ататын оғының өтіне алып шығыпты.
Осы орайда батальон командирі – өзім не бітіріппін?
Ештеңе де. Немесе, анығырағы, бітіргенім шамалы екен. Тек
Филимоновқа: «Сарбаздар құрсақты ойламау үшін атуды баста-
сын. Бағдарды таңда да, рота алдындағы нысананың бәрін атып,
сынақтан өткізіп ал» – дегенмін.
Мұндағы жеңіске ақылмен жеттім дей аламын ба? Жоқ, тек
сәті түскен еді... Біз, орайы келіп, немістерге «тосынсый» жаса-
дық.
«Тосынсый»... Бұл сөзді маған Волоколамскінің шетіндегі
уақытша тұрақ-үйінде әңгімелескенімізде Панфилов айтқан еді.
«Олардың мұндай «тосынсыйға» кезігіп отырғаны бір бұл емес,
– деді біздің генерал. – Және мұндайда қаншама қан төгеді». Иә,
357
Волоколамск берілді
Москваға иектеп жеткен гитлерлік таңдаулы армия күннен-күнге
әлсірей түскен-ді.
Жол бойындағы ұрыстарымыз, тосқауылдан дүркірете оқ
атуымыз, үрейден ес жыя алмай аңыра қараған неміс автоколон-
насын қақ жарып өтетін жедел-жорығымыз ойға оралады. Ал
Мәскеу түбінде арпалысып жүрген жалғыз біздің батальон ба?
Жаудың қанына боялған сай-жыра тек осы ғана ма?
7
Тағы да екі-үш сағаттай ұрыс жүргіздік. Немістер біздің окоп-
тарды біраз төмпештеді. Заевқа позицияны ауыстырып, бұлақтың
арғы бетіне шығып, бізге Волоколамск тұсынан қалқан болуды
бұйырдым.
Заевтың жауынгерлері тік жардан түсіп, сайға соқпай, бұлақты
кешіп өтіп, қала сыртындағы зираттарға жетті де, мола төмпешік-
терінің арасына жайғасты.
...Біздің доғаша иілген батальон шебінің де оң жағы мен сол
жағынан бірдей қызу шайқас басталған.
Қаладан шеткерілеу жатқан алаң ортасындағы ауылшару-
ашылығы техникумының ұзын тас ғимараты сонадайдан көзге
түседі. Жердің ойқыш-ұйқыш бедері үйдің төменгі қабатын таса-
лап тұр: жоғарыдағы қираған терезелері мен шатыры ғана көрі-
неді.
Үй төбесін әлсін-әлсін будақтап, қалқи көтерілген қызғылт
тозаң тұтыпты. Немістер берік қабырғаны қақыратып тастағсы
келгендей, ғимаратты снаряд астына алған; алайда тас қамалға
мықтап бекінген біздің сарбаздар пулеметпен де, зеңбірекпен де
атқылап, винтовка оғымен қоса осқылап, берісер емес.
Онда Хрымовтың полкі қорғанғанын білеміз. Біздің арамызда
екі жарым килеметрдей жер бар. Осы меже мен өзге де бос қуы-
старға сыртымыздан біртіндеп немістер кіре бастайды.
...Желке тұсымыздан неміс автоматтары тарсылдап қоя берген.
Онда өз резервімді – лейтенант Брудный бастаған барлаушылар-
ды жөнелттім.
Взводтың ытқып шығуы сол-ақ екен, тыл жақтан кенет зенит-
тік пулемет сақылдап қоя берді. Үздіксіз атқылаған неміс авто-
маттарының үні кілт тыйылды.
Ең қысылтаяң шақта көмекке келе қалған кім болды екен?
Волоколамск тас жолы
358
Жол бойындағы қурай арасында жасырулы тұрған зениттік
атыс ұясы есіме түсті.
Бүкіл дүниеден оқшауланып, иен далада қалғанымен, өз қа-
руларынан ұзап ешқайда кетпеген он бес-жиырма зенитші ойда
жоқта бізге қалқан болып ұрысқа қосылып, жердегі нысананы
соққылауға кіріскен болып тұр.
...Техникум төбесінен бұрқыраған тозаң тыйыла қалды.
Онда не боп жатыр өзі? Біздің адамдар жан-жақтан атылған
оқ астындағы алып тас үйден кетіп қалғаннан сау ма? Менің
көршім –Хрымовтың полкі шегінуді ұйғарды ма екен? Ал соның
қарауындағы ашық алаңды бекіту үшін көмекке келген мен қай-
тпекпін?
Брудныйды Хрымовтың штабына жібердім. Алғыр, қимылы
шапшаң Брудныйдың байқатпай өтіп, жауынгерлік хабарлама
жеткізіп, тың мәлімет пен жаңа бұйрықты қолма-қол алып ке-
летіні анық.
...Біз бұрынғыша қасарысып, атысты өршелене жалғастырып,
немістерді жылжытпай қойдық.
Күн қалың бұлт сыртына жасырынып, маңайға кешкі көлеңке
түсіп үлгерді.
...Брудный да келген. Таңертең Хрымовтың штабы тұрған
блиндаждарда қазір ешкім жоқ көрінеді. Техникум ғимаратын
немістер жайлап алыпты. Ол жақтан енді солардың пулеметтері
соққылай бастаған.
Кеудедегі жанды жеген аласапыран ойларға енді Хрымовқа
деген реніш қосылды. Айт-ұйт жоқ, өзіне жәрдемге келген бата-
льонды тастап тайып тұрғаны несі?
Дереу шешім қабылдадым: шегіну керек. Осы бұйрықпен жа-
ушыларымды роталарға жөнелттім. Жиналатын жерді де белгі-
легенмін: алаң ортасындағы қарағай орманы.
...Біздің – Панфиловтың бөлшектеліп, бытыраған әскерлерінің
Волоколамск жау қолына өтетін сол күні жүргізген жұлым-
жұлым ұрыстарының дәл өзі секілді жырым-жырым көріністер,
міне, осындай.
359
Шегіну. «Беломордың» соңғы қорабы
Шегіну. «Беломордың»
соңғы қорабы
1
Шегіну туралы бұйрық берілді.
Добал тастан салынған сарайдан бәрі кетіп үлгерді – бұл жай
біздің штабтың міндетін атқарған-ды; тек Рахимов өзінің қағаз-
дарын әлі жиыстырып жүр, ал мен қабат-қабат жұқа тақтай үстін-
де отырмын.
Жұмыс дәптеріне әлдебір соңғы таңбасын түсірген Рахимов
онысын планшетке мұқият салып, портупейін түзеп, бөркін баса
киген соң маған көз қиығымен: «Дайынмын!» дегендей белгі бе-
реді.
– Кеттік, – дедім мен.
Екеуміз сарайдан шықтық.
Далада күн қайта суытты: өрекпіп, жел күшейді; көк жүзін
шұбатылған бұлт торлады. Айналадан атыс дыбысы естіледі.
Қаңғыған оқ «Фьють! Фьють!» деп ысқыра зулап, мұнда да кіріп
кетіп жатыр.
Анандай жердегі атқораға ұқсас ұзынша үйдің қасында са-
нитарлық взвод жүктерін тиеп, жолға даярлануда – бұрын онда
племхоздың малдәрігерлік емханасы орналасқан еді. Ауыр жа-
ралылар әлдеқашан сыртқа шығарылып, төбесі жабық жүк ар-
баға жайғастырылған. Өз аяғымен жүре алатын жеңіл жарақатты
сарбаздар аттануға берілетін нұсқауды шыдаммен күтіп отыр; үй
іргесіндегі тымық орынға тізе бүккен кейбіреуі ақырын ғана өза-
ра тіл қатысады, көбінесе, бір сәт ұшқан оқтың дыбысына әлде
өз жүрегіне немесе сырқатының сырына құлақ түргендей үнсіз
қалады.
Арба маңында безек қаға тыпыршып, біздің дәрігеріміз Белен-
ков жүр. Өзі тоңып, бүрсиіп алыпты: шинелінің жағасы көтерулі,
пенсне қондырған мұрнын қол орамалымен қайта-қайта сүртеді.
Бір бүйіріне дөңбектей қылып, Қызыл Крест белгісі бар сөмке
асып алған. Таяудағы батальонның оқу-жаттығу жорығы кезін-
де осы докторлық бұйымының су жаңа кезі есімде қалған екен
– енді түте-түтесі шығып үлгеріпті. Брезент сөмке сыртындағы
жуылған дақтардың арасынан кетпейтін йод ізі қарая көрінеді.
Волоколамск тас жолы
360
Бұл – дәрігерге керосин шамның көмескі жарығымен жұмыс
істеуге тура келген кешегі түннен қалған таңба. Әрине, ұйқысы
қанбаса, шаршап-шалдықса, күйгелектенбей қайтсін.
Беленков Рахимов екеумізді көрген бойда ветеринарлық пун-
кттің ашық тұрған есігіне жалт етіп бұрыла қарап, айқай салды:
– Киреев, неменеге қыбырлап жүріп алдыңдар? Бол, тез!
Штаб кеткелі жатыр.
Шыға берістен етжеңді, болбыр Киреев көрінді. Қолында әй-
елдерше қарнына тіреп, құшақтай ұстаған жылтыр ақ тегенесі
бар; онысында әртүрлі шыны сауыт, қалта сияқты ұсақ-түйек
үюлі жүр. Артынша артынып-тартынған санитар шықты; оның
да қолындағы буда-буда дүниеден ораулы арқан мен жіңішке қай-
ыс белдіктерді ажырата аласыз.
Доктор қайтадан Киреевке бас салды:
– Қайдағы бір ескі-құсқы нәрсені қашанғы тасисыңдар! Са-
пқа тұрыңдар! Жүреміз!
– Қайдағы ескі-құсқы, Яков Васильевич? Жорықта белбеу –
ең қажетті дүние.
– Ұнтақты несіне толтырып алғансыңдар? Мұншама көп
нәрсені не қыламыз?
– Кір жусақ та қажет қой, – дейді өте сабырлы кейіппен Ки-
реев.
– Қазір ойлайтын нәрсе бұл емес... Доғарыңдар! Бізді күтіп
тұратын ешкім жоқ!
– Доктор, аса абыржымаңыз, – деп сөзге араласамын. – Сіз-
дерсіз кетпейміз. Киреев, бұйрықты неге тыңдамайсыз?
Қарт фельдшердің менің сұсымнан ыға қоятын түрі байқал-
майды.
– Жолдас комбат, осынша байлықты тастап кету күнә ғой.
– Кәне, қандай байлық ол?
Киреевке ілесіп үйге кірдім. Бұл – мал дәрігерлері асығыста
тастап кеткен племхоздың дәріханасы екен. Әр жерде шашылып
жатқан қағаз: ескі газет-журналдар, машинкамен де, қолмен де
жазылған парақтар жайрап, аяқ астында жатыр. Шеті жыртылған
қалталардан еденге төгілген түрлі-түсті ұнтақ етікпен тапталып,
бүкіл бөлмені былғапты. Ақ сырмен боялаған сөрелерге латын
әрпімен таңбаланған банкілер тізілген. Терезенің тақтай кемерін-
361
Шегіну. «Беломордың» соңғы қорабы
де мойны кең, аузы сүргішпен бекітулі дөңбек шишалар қатарла-
сып тұр; ішіне қарақошқыл сұйық – бура құйылған екен.
– Бағалы зат, жолдас комбат... Апиын тұнбасы... Асқазан ауы-
рғанда таптырмайтын дәрі.
Ол иесіз қалған дәріхананың өзге де байлығын көрсетпекке
ыңғайланып еді, сөзін бөліп жібердім:
– Мына асқазан дәрісін ал! Сонымен сөз тәмәм! Және келе-
шекте дәрігерге қарсы келуші болма.
Киреев қымбат бағалы шишаларды құшағына аялай қысқан.
Алайда біреуі бәрібір сыймады. Ол менен:
– Жолдас комбат, мынаны үстіңгі жағына қойып жіберіңізші,
– деп өтінеді.
Ыждағатты фельдшердің айтқанын істедім. Сықап тұрған
сөрелерге қайырыла қараған Киреев қапалана бас шайқап, қо-
лындағы заттарымен санитарлық взводтың уақытша тұрағынан
сыртқа шықты.
Бір минуттен кейін ол ат айдаушыға тағы да үйде жүргендей
қалыппен:
– Құдай қолдасын!.. Ақырындап жылжы... – деді.
2
Санитарлық арба қыбырлай сүйретіліп келеді. Артта ілескен
жаралылар үйме-жүйме топталып алыпты – мұндай сәтте еш-
кімнің қалып қоюға дәті бармайды.
Біз алқаптағы тасалау орындардан шығып үлгердік, поселке
үйлері артта қалды. Алда шөп басып қалған жайдақ шақат жа-
тыр, жау үш тұсынан бірдей атқылайды. Бір шақырымдай шама-
да қараңдаған шоқ тоғайға жету үшін осы межеден өтуіміз керек,
рота командирлерінің жиналауына нұсқаған жеріміз – сол.
Роталар әлі қозғала қойған жоқ. Жазық далада азынаған жел
мал тұяғы таптап, қырқылып бітуге таяған шөпті тарақтап, дір-
дек қақтырады. Жел екпіндей соққан сәттерде шөптің сирек са-
бағы жапырайып қалады да, тықыр шабындық үстімен бозала
көлеңке жүгіре жөнелгендей болады. Санитарлық арба орманға
қарай бұрылып, тіке салғанда дөңгелектер де жолсыз шөптесін
бетімен жеңіл қозғала бастады.
Бір мезет аялдап, кең даланы шолып тұрдым. Роталардың да
орнынан көтерілетін уақыты жетті емес пе.
Волоколамск тас жолы
362
Құдды осы ойға жауап қатқандай, алаңқайға зираттың сы-
ртынан екінші рота шыға келді. Жұрт үйдек-түйдек болып жү-
гіре басады, кейбірі алға озып шығыпты, солардың арасынан ал-
дымен Заевты ажыраттым. Екі шынтағын бүйіріне қысып алған
ол еңкеңдеп, алды-артқа қарамай дедектейді. Пистолеті белдігіне
қыстырулы, шинелінің қалталары қампиып, салбырап кетіпті,
тәрізі, оған патрон толтырып алса керек. Ілгері шыққандарды
арттағылары қуып жетпек ниетпен ышқына жүгіреді. Солар-
мен бірге Бозжанов та жүйіткіп жүр. Өзі жүгіремін деп терлеп
те кетіпті, жіпсіген шекесі жылт-жылт етеді. Түрлі-түсті: қызыл,
сары, жасыл оқ легі асыққандардың қыр соңынан қалар емес.
Осы жылтылдаған «шыбық» жауынгерлерді, бейне бір, шықпы-
рта қуалайтындай. Бір сәт шалғында жортып келе жатқандардың
жүрек соғысын естігендей, жан ұшыра жүгірушілердің бұлды-
раған көздерін көргендей күй кешемін.
Ал егер іздерінше немістер өкшелеп жетіп, баса-көктесе не
болады? Жоқ, ол жарамайды!
Торытөбелді құйындай ұшырып, жүгіргендерді жарты минут-
те қуып жеттім. Қарсы алдарынан шығып, тізгін тарттым. Алқы-
на басып, алдыңғылары да келді.
– Тоқта! – деймін саңқ етіп.
Қалыптасқан тәртіп рефлексі дереу әсер етіп, бұйрыққа дағ-
дыланған сарбаздар тежеле қалды.
– Қашушы болмаңдар! Солдаттық тәртіппен шегінеміз. Заев,
мынадай бейберекетке жол бергенің не?
Заев маған қарай беттеді. Ентігіп, екі иінінен демалып, тіл қа-
тады:
– Жолдас комбат, бізді артымыздан пулеметшілер бүркеме-
леп тұр... Мен ойлап едім...
– Немене ойлайтыны бар, бықпырт тигендей безіп келе жат-
саң! Взвод-взвводыңмен шегін! Басқар!
– Құп болады! – деді даусы шаңқылдаған Заев.
Сол бойда команда беруге кірісті:
– Бәрің реттеліңдер! Бірінші взвод, сапқа тұр! Екінші мен
үшінші, шегінушілерді бүркемелесін! Жұбыңды жаз! Кеңірек...
Бұдан да кеңірек...
Сіңірлі жұдырығын көтерген Заев айбарлана дауыстайды:
363
Шегіну. «Беломордың» соңғы қорабы
– Шагом...
Сөйтті де және шаңқ етті:
– Марш!
Мұндай шақтарда менің орным қайсы? Егер алдыда жүрсем –
арттағылар шыдамай тағы да жүгіре жөнеліп, өзгелерді қоса дүр-
ліктірмей ме... Шағын төбешікке тақалып, ерден ырғып түстім де,
Синченкоға аттарды орман ішіне апаруды бұйырып, өзім дөңеске
көтерілдім. Енді мен маңайдағылардың бәріне көрінемін.
Жүздеген түрлі-түсті «шыбын» бұрынғысынша асыға басып,
ұзап бара жатқан қос тізбектің төбесінен, адамдардың сұлбасы
арасынан зу-зу етеді. Кенет өз-өзімнен үрейім ұшты: қазір немі-
стер взводтың қақ жартысын жойып жіберуі мүмкін ғой. Жоқ,
бәрі есен-сау келе жатыр, әзірге оқ тигеннен аман.
Жоғары көтерілген тағы да бір сап тізбегі жүріп барады.
Заев та өзіне бір төмпешік тауып алып, жүгіре шықты да, екі
жұдырығын бүйіріне таянып, кетіп бара жатқан ротаны сонадай-
дан үнсіз бақылауға кірісті.
Ақырында ол да маған алая бір қарап алып, өзінің биігінен
түсті де, ұзын сирағымен аршындай аттап, ротаның соңғы тізбе-
гіне ілесе жөнелді.
3
Маңайымда Бозжанов қана бөгелген еді. Даусынан абыржыға-
ны аңғарылады:
– Жолдас комбат, төмен түсіңіз. Бұл жер өте қауіпті.
Аса елемеймін:
– Кете бер... Саған мұнда қал деген кім бар.
Жоқ, Бозжанов мені тастап кеткісі келмей тұр. Жалпақ жүзі-
нен жәбірлену табы аңдалып қалды, бірақ со бойда шамданғанын
ұмытып, көзі бақырайып, айналаға аса сақтықпен шола қарайды.
Жайылымның екінші шетінен Филимоновтың ротасы емпе-
леңдеп келе жатқанын байқадық. Бұлар да тәртіпті ұмытып, то-
пырлап алыпты. Кейбір жауынгерлер командирлерінен де озып
кеткен. Әне, жинақы, сидам денелі Филимонов солдаттарының
арасында құлындай ойнап, лыпыл қағып жүр.
Мені байқап қалды да, кілт тоқтады. Қасындағылар оны
орағыта, айнала өте берді. Бірақ комбатты олар да аңдады.
Волоколамск тас жолы
364
Жүгіріңкіреп, алға озғандар екпінді баяулатты. Филимонов
әмірлі үнмен команда бергенде бәрі жалп етіп жата кеткен; бү-
гежектей жүгірген сарбаздар өз бөлімдері мен взводтарындағы
орындарын тауып, оқ атылған жаққа қарай қалысты.
…Алқап бойында Заев ротасының соңын жаралылар жалғай-
ды. Атыс, оқтың ысқырығы, арбакештердің ащы даусы аттардың
делебесін қоздыратындай; жетектің шетіндегілері болса-болмаса
жұлқынып, шаба жөнелуге ұмтылады.
Жаралылар арба жиегіне иін тіресуді доғарған, іркес-тіркес
шұбырып келеді, кейбіреуі аяғын ақсаңдап әрең басып, артта қа-
лыпты.
Доктор Беленков оқ бойы озып кеткен. Өзі жылтырай ұшқан
бытырадан бұғып, басын шинелінің көтерулі жағасына тығып
алған. Міне, ол артта жүз қадамдай жерде қыбырлап келе жатқан
арбаға бұрыла қарап, өз взводы мен жаралыларды күтуге мәжбүр
болды, бірақ сумаңдап ұшып, мезетте қалпақтай түсіруге даяр
түрлі-түсті оқ оны орманға қарай тұра жүгіртеді. Өзінің дәрігер-
лік сөмкесін қыса ұстап, жүрісін тездеткен Беленков, енді артқа
қарайламауды ұйғарғандай.
Ілгеріге жаралыларды жіберіп, солардан кейін едел-жедел,
жүгіре басып, взвод-взводымен Филимоновтың ротасы келеді.
Соңғы тізбек легінен командирдің өзі де көрінді. Қатарласа бер-
генде ол маған қарай басын бұрып, өз комбатына көз алмай ұзақ
қарап, адырдың тұсынан өтті. Іші-бауырым қайта жылиды: міне,
менің хас батырларым...
Жегулі артиллериялық аттар бүлкілге салыпты; шымды жа-
пырған зеңбірек дөңгелектері зыр қағады. Әлдеқайдан сап етіп,
мығым сабалақ тірсек атқа жегілген қос доңғалақты пулемет ар-
басы шыға келді. Қорабына пулеметшілер жайғасқан.
Ең соңында Дордияның ротасы кетіп барады. Жау жылтырақ
оғын бұрынғыша уыс-уысымен зырқырата берді. Соның бірі
құрбандығын тауып тынды. Тізбектегі әлдекім бүк түсіп отыра
кеткен бойы орнынан тұрмай қалды. Оны жолдастары көтеріп
ала жөнеледі.
Сапты тұйықтаушы – олпы-солпы Дордия. Қасында екі байла-
нысшы бар – тәпелтек Муратов пен бойшаң, келбетті Савицкий.
365
Шегіну. «Беломордың» соңғы қорабы
Бір кезде Муратов иығын ұстай алған. Дордия оқ тиген байла-
нысшыға тұра жүгірген сәтте:
– Кідірмеңдер! Алға! – деп айқайладым.
Шинелінің жеңін қапсыра қысқан Муратов та жүрісті тездетті.
Осылай кейінгі үшеу де жылдамдатып ұзай берді.
4
Алаңнан ең соңғы болып Бозжанов екеуміз кеттік. Орманға
қарай адымдап келеміз. Бозжанов айналаға жалтақ-жалтақ қа-
райды.
– Жолдас комбат, жүгіру керек. Немістер қуып жетуі мүмкін.
Тез жүрейін-ақ деп тырысқанмен, сүйретіліп, зорға келемін.
Зу етіп өте шыққан бір сағат арасындағы кеудені кернеген ашу-ы-
за, жан күйзелткен уайым енді құлазуға, шаршап-шалдығуға
ұласқанай. Жүгіре жөнелетіндей ниет те, күш те жоқ. Бозжановқа
ілесіп, жауған оқ астында сүметіле басамын. Бұл – табандылық
та, батылдық та емес, әшейін, әлсірегендік еді.
– Ақсақал, әлгінде қатерге неге бас тіктіңіз? Биікке шығып,
қалқайып тұрғаныңыз не?
– Жалмұхамед, оным бос тәуекел емес еді. Ол – борыш...
Менің кәсіби міндетім.
Ойымды іштей: «Сен екеуміз әскери адамдармыз, жоғары
кәсіби маманбыз. Қаза табу біздің кәсібіміздің табиғи салдары»
деп жалғастырдым. Әйткенмен, осыны дауыстап айтудың қажеті
не? Сол себептен:
– Мен бірінші болып кете алар ма едім? Егер командирі қаш-
са, жауынгерлері одан бес шақырым озып кетер еді ғой, – дедім.
– Ақсақал, сіз өзіңізді осы жұрт үшін сақтауыңыз керек. Ал-
да-жалда сіз оққа ұшсаңыз, батальонның жағдайы не болмақ?
Мен күліп жібердім:
– Өткен түнде мұрттай түсіп, батальон үшін өлгенмен бір-
дей болғаным өзіңе аян. Бірақ менің орнымды алмастыратын
адамдар табылды емес пе.
Бозжанов төңірекке тағы елеңдей қарап, асықтыра түседі:
– Жүрсеңізші тезірек!
Волоколамск тас жолы
366
5
Ақыры орманға да жеттік-ау. Ағаш арасында арып-талып, тізе
бүккен жауынгерлер командасыз-ақ атып-атып тұрды.
– Тынығыңдар. Отыра беріңдер, – дедім мен.
Әлдекім маған ағаш шөркесін ұсынды. Сылқ етіп отыра кет-
тім. Ағаштар діңгегінің арасынан жаңа ғана өзіміз жүріп өткен
жон көрінеді. Жайдақ дала тағы да меңірейіп, қаңырап жатыр.
Тек тықыр шөпті тырмалап, жел гулейді. Аспан жиегіндегі түй-
дек бұлттар саңылауынан күздегі ерте батқан күн шапағының
күңгірт нұры қылаңытады. Синченко аттарды әкелді. Торытөбел
менің қолыма қарай ұмсынады.
– Синченко, бір түйір қант табыла ма?
– Жоқ, жолдас комбат.
Мен Торытөбелдің жұмсақ ернінен аялай сипадым.
– Бізде нан да жоқ, Торытөбелім. Өзіміз де тамақсыз қалдық.
Айпақшы, темекі бар ма, Синченко?
Синченко бір қорап «Беломор» ұсынды.
– Соңғысы, жолдас комбат.
Қасыма пулеметшілер Блоха, Мурин, Қалимолдин келді. Жан-
дарында Гаркуша да бар. Үсті-бастары балшық-балшық. Аласа
бойлы Блоханың ақшыл қасы қоңырқайланып кетіпті, оған жа-
рылыстардың шаң-тозаңы мен бүгін пулеметшілер, тегінде, бір-
неше мәрте аунап шыққан зират арасындағы қара топырақтың
жұққаны анық.
Бойын тіктеген Блоха:
– Мәлімдеуге рұқсат етіңіз. Пулемет сынып қалды, – дейді.
Көңілсіздеу жауап қаттым:
– Жарайды... Сынса сынсын.
Сарбаздар тұс-тұстан менің шөркемнің айналасына шоғырла-
нып, әңгімемізге ден қояды. Бір қорап «Беломорды» ашып, ұсы-
на бастаймын:
– Кәне, жолдастар, тартыңыздар.
Алайда бірде-бір қол созылмайды, ешкім папиросқа жуымай-
ды. Блоха бас шайқайды. Мурин де жіңішке мойнын үнсіз қи-
саңдатып, қабыл алмады. Тіпті тақыс, тәмпіш танау Гаркуша да
қазір қиыс қарай қалыпты.
– Тартсаңдаршы! Гаркуша, алшы.
367
Шегіну. «Беломордың» соңғы қорабы
Байқаймын, Гаркуша қобалжып, алар-алмасын білмей тұр.
Бірақ ол да жүзіме тік қарады:
– Жоқ, жолдас комбат. Өзіңіз тартыңыз. Біз көппіз, бәрімізге
бірдей жетпейді.
– Неге жетпесін? Әрқайсымыз бір-бір сорсақ та рахаттанып
қаламыз.
– Жоқ, жолдас комбат.
Бұрылғанымда, темекі түтінімен ысталып, сарғайып, жирен
тартқан Березанскийдің мұртына көзім түседі.
– Березанский, папирос ал.
– Жоқ, жолдас комбат.
Жауынгерлерге таңырқай қараймын. Жоқ, таңырқау дегенім
де аса дәл сөз емес.
Солдатқа папирос ұсынғаныңда оның қабылдамауы екіталай
нәрсе ғой. Бірақ менің сарбаздарым бас тартты. Мен бұларды қа-
таң тезге салдым, аямадым, шаршап-шалдыққанда тыным бер-
мей, демалыссыз қалдырдым, жауған оқтан қашпауға мәжбүр ет-
тім, ал бұлар... Бұлар мені бір ғана папиростың өзінен қаққылары
келмей тұр.
– Жарайды, өздерің біліңдер...
Темекіні езуге қыстырып, сіріңке тұтаттым да, жанған отқа
біраз шұқшидым. Кішкене жалын саусақтарыма жетіп, күйдіре
бастағанда шырпыны лақтырып жібердім. Шеті тістелген папи-
рос қораптағы орнына қайта орналасты. Сол минутте шылым
шегуге ешбір құлық болмады. Тағы едәуір отырдым. Ауыр күр-
сініп алып, айғай саламын:
– Рота командирлерін шақырыңдар!
Командирлер жүгіре жетті.
– Қозғаламыз... Жұртты сапқа тұрғызыңдар, – дедім мен.
Момышұлы үнсіз қалды.
– Жоқ, бұл таңдану емес-тін, – деді ол айтылған жәйтке қайта
оралып. – Адам жанының пернелері қым-қуыт. Қажып-қалжы-
рау, мұң-нала, күйініш-шер, шаттана қуану, мақтаныш, сарбаз-
дарға деген сүйіспеншілік – бәрі араласа жымдасады... Басқа не
айтуға болады? Орман арасындағы кішкене ғана оқиға, «Бело-
мордың» соңғы қорабына қатысты әңгіме соғыста бастан кешкен
сезімдердің ең бір айшықтысы ретінде ұмтылмастай жадымда
Волоколамск тас жолы
368
қалыпты. Бұл да біздің хикаятымыздың шарықтау шегінің, шы-
рқау биігінің бірі... Осы жерде үлкен нүкте қоялық.
Үлкен нүктеден кейін
1
– Үлкен нүкте қоялық, – деп қайталады Бауыржан Мо-
мышұлы.
Ол менің қасымдағы томар үстінде отыр. Біз шайқас кезең-
дерін алмастырған тымық шақтарда блиндажда емес, осында –
Калинин майданының түнеріңкі орманындағы мүк басқан құмда-
уыт жал басында жиі әңгімелесетінбіз. Былтыр алапат айқастар
өткен Мәскеу түбіндегі алаңдар мен шоқ тоғайлар жүздеген
шақырым кейін қалған-ды.
Мұндағы Холм мен Старая Русса маңында жазғы күн сәулесі
ормандағы оймақтай алаңды жылытып жарытпайды. Мен әл-
сін-әлсін маңдайым мен мойныма қонған масаны шапалақпен
ұрып өлтіріп әлекпін, ал Момышұлы шаққанды елең қылмады.
Екі білегін өзінің мүкке тіреулі айнымас қылышының сабына ар-
тып қойып, ойланып отыр. Оның қолдары да бет-пішіні секілді
қоладан немесе қара еменнен қашап жасағандай әсер қалдыра-
ды. Бүгулі арықша саусақтарының да сүйегі сүйріктей. Қолының
сыртындағы сәл білеуленген көктамыры айқын көрінеді.
Момышұлы күтпеген жерден әнге салды. Созылыңқы, мұңды
әуеннің сөзін түсінбедім, – ол қазақша әндеткен еді.
– Тағы да оқшау қалдық, – деді әнді кілт үзіп. – Байланыс та,
нан да, оқ та жоқ; бүкіл батальонда бір қорап папиросымыз бар.
Сөйтіп, жүріп келеміз, жүріп келеміз...
Қасымызда маса қуу үшін жаққан от түтіні шалқиды. Мен қа-
рағай бұтағын тастап едім, біраз бықсыды да лап етіп тұтанды.
Бауыржан қара көздерін аздап жұмып, томар үстінде сәл ырғаты-
ла, қайтадан мұңды әнін жалғады. Енді ол орысша әндеткен-ді.
«Иван, Иван, – дегенін ұқтым. – Сен жаққан отқа күйіп-жан-
дым...».
– Не туралы ойлап отырсыз? – деп сұрадым батылданып.
369
Үлкен нүктеден кейін
– Туған дала еске түседі, – деп жауап берді Момышұлы. –
Соғыс біткен соң сонда ораламын. Дала – еркіндіктің, бостан-
дықтың бейнесі. Қалада өзіңді шектеулі сезінесің. Ал сайын
сақарада кеңістік түпсіз. Көңілің тебіренсе, әнге саласың. Мен
еркіндік үшін жаратылған жанмын, кең далада дүниеге келдім;
ал кейін, көріп отырғаныңыздай, солдатқа, офицерге айналдым.
Солдат – тәртіптің символы. Кітабыңызда сол еркіндікке жету
жолында осындай қыспаққа түсудің мәнін түсіндіріп бере алар
ма едіңіз?
Әйткенмен, өзінің түйген ой қазіргі тұжырымына, тәрізі,
көңілі толмағандай.
– Сіз бен біз, – деп сөз сабақтады ол, – адамзатпен тілдесу
үшін тым майда тұлғалармыз. Дегенмен, нартәуекел. Әлем біздің
кім екенімізді білгісі келеді. Шығыс пен Батыс: «Сен кімсің, со-
вет адамы?» – деп сұрайды. Біз бұл сұраққа соғыста жауап бердік.
Және беталды мылжи салатын бос сөзбен емес, тәртіп тілімен,
шайқас тілімен, оқ тілімен айттық.
Өзіміз туралы майдан даласындағыдай, шайқас алаңындағы-
дай ешқашан да дәл осыншалықты дәлелді, айқын айтып көрген
емеспіз. Иә, Волоколамск түбіне оралайық та... Жүріп келеміз,
жүріп келеміз...
Өткен шақ елестеріне шомған Бауыржан Момышұлы қайта-
дан қазақша күңіренте әндетті.
2
Мұңлы-зарлы әуенді тағы да бөлдім.
– Рота командирі Панюковқа не болды? Қайда кетті? Ол
жөнінде ештеңе айтпадыңыз ғой.
– Панюков? – Бауыржанның қабағы түксие қалды. – Көпке
дейін ол туралы еш дерек біле алмадық. Кей-кейде мені «өзі бір
ар-ұждан мүгедегі емес пе екен?» деген ой қинайтын. Сонау сұм-
дық түнде ротасын тастап, бізден әдейі қашып кетпеді ме деп
талай толғандым. Санаң сан-саққа жүгіріп, әртүрлі жағдайлар
еске түседі... Біздің соңғы әңгімеміз, кейінгі минут... Сол сәтте
кенет ол маған қорқып тұрғандай көрінген еді. «Тоқта, сен бар-
майсың!» деп айқай сала жаздағанмын. Жоқ, Панюковқа қатысты
бекер күдіктеніппін. Неміс шебін кесіп өткен оның ротасының
бір жауынгері өз арамызға оралды. Сөйтіп, Панюковтің Тимково
Волоколамск тас жолы
370
түбінде қалай мерт болғанын әңгімелеп берді. Шұбалаңқы рота
колоннасын қуып жеткен соң қараңғыда бірнеше сарбазын ертіп,
деревняға тікелей тартыпты. Аяқ астынан біреу немісше дауы-
стайды... Табанда оқ жаудырған. Айғай-шу көтеріледі... Одан
тыныштық орнайды. Ұзақ уақыт қимылсыз жатқан жауынгер ең-
бектеп барып, командирін іздеп табады. Демі үзілген екен. Жау
Панюковпен бірге деревняға таяғандардың бәрін қырып салып-
ты. Біреуі ғана аман қалған...
3
Момышұлы үнсіз отыр.
– Осылайша қарулас достарыңнан біртіндеп айырыла бастай-
сың, – деді одан соң. – Ал әзірше өзім оққа ұша қойғам жоқ. Рас,
бір мәрте дарыды, бірақ аман қалдым. Соған қарағанда, сіз еке-
уміз батальон туралы әңгімелеп берсін деп тағдыр бұйыртқан
шығар.
Осы кезде менің дәптерімді шола қараған оның көздерінен
мейірім шуағы төгілді. Алайда ол мерейленген сәттерін, әдетте-
гіше, дөкірлеу әзілмен бүркемелей қоятын.
– Ал-л, тағы не жайында білгіңіз келер еді?
Бауыржанның тілдесуге бейілдігін, зады, бүгін сүйікті әскери
тақырыбынан ауысуға ниеттілігін аңдап:
– Сіз жаңа «ар-ұждан мүгедегі» деген тосындау сөз айтып
қалдыңыз. Оның мәнісі қалай? – деп сұрадым.
Момышұлы жауапты бірден қайтара қойған жоқ. Әлдебір
жәйттерді есіне түсіріп, күлімсіреген. Шебер мүсіншінің қо-
лынан шыққандай сұсты кескіні жұмсарды. Маған бір мезет
жасөспірім Бауыржанның, бала Бауыржанның жүзі жарқ ете
түскендей көрінді.
– Бұдан талай жылдар бұрын әкем, – деді ол, – мені алғаш
рет қалаға алып барды. Базардың тұсынан өткенбіз. Кенет бір
кемтар адамды көріп қалдым. Ол еңбектеп, кеспелтек ағаш көме-
гімен зорға сүйретіліп барады екен. Әлденендей сұмдық залал-
дан мойны басын ұстамайды. Қалтақ-құлтақ еткен үлкен саба-
лақ басын ағаш жаға секілді бірдеңеге сүйеп, белдікпен таңып
қойыпты. Қалтақтаған бас осы жағасына соғылады. Зәрем ұшып,
әкемді құшақтай алдым да, еңіреп жылап жібердім. Әкем мені
аттан түсіріп, қолымнан жетелеп, әлгі жарымжан адамның қасы-
371
Үлкен нүктеден кейін
на алып келіп: «Кемтардан қорықпа, Бауыржан. Ол қорқынышты
емес. Дүниедегі ең үрейлі нәрсе – ар-ұждан мүгедегі» деді.
Момышұлы қайтадан жымиды. Мен тағы да осынау қатал жа-
уынгердің кескінінен таңғажайып бейтаныс әлемге баданадай
көзбен таңырқай қараған кішкене қазақ баласының бейнесін көр-
гендей болдым.
– Әкем, – деп сөзін жалғастырды Бауыржан, – әжемізді есеп-
темегенде, әулетіміздің үлкені еді. Сондықтан оны інісінен бастап
бәрі құрметтеп, «көке», «ата», «жәке» деп атайтын. Өзі арықша
келген талдырмаш кісі. Өңі жылтыр қара, тамырлары білеуленіп,
адырайып тұрады. Бұ жағынан соған тартқанмын. Шүңірекккөз
адам. Ағара бастаған сирек сақал-мұрты бар.
Бұрын Момышұлы соғысқа, батальонның жауынгерлік жолы-
на қатысы болмаса, мен қойған сұрақтарды ылғи ысырып тастай-
тын. Қазір алғаш рет әкесі туралы шешіліп әңгіме айтуға кірісті.
Бауыржанның екі қолы бұрынғыша жерге тірелген қылышының
сабында жатыр; өзі көз-жанарын қияға тігіп, көңілін лықсып
келіп қалған сезіміне билеткендей.
4
– Әкемнің мініп жүретін сүйікті дөнені бар еді, – деп сөзін
жалғастырды Бауыржан. – Өзі сүйегі жеңіл, қағылез адам
болғандықтан, аттың да өзіне лайықты жүрдек, сидам денелісін
таңдаған. Бірде аты ақсап қалды – артқы аяғының сіңірі созылған
секілді. Мен о кезде ержеткенмін, аудандық атқару комитетінде
жұмыс істейтінмін. Көкем дөненін мал дәрігеріне алып барды,
көмекші ретінде қажет болар деп қасына мені де ертуді ұйғарған-
дай. Малдәрігерлік пунктінің кең ауласында ақ халат киген шикіл
сары жуан доктор өзіне әкелген аттарды қарап жатты. Ауыл ара-
сында жылқы кеселін жетік біледі деп саналатын адам еді. Ат-
тарымен бірге кезек күткен қазақтар Момыш ақсақалға екі айы-
рылып жол береді.
– Өтіңіз, докторға алдымен сіз қаратыңыз, ата...
Дәрігер атты қарап болып:
– Әкете бер. Ештеңе істей алмаймын. Атыңнан күдер үз, –
деді.
Әкем жалынып-жалпайып, ақша ұсына бастады. Дәрігер рен-
жіген:
Волоколамск тас жолы
372
– Немене, орысша сөз түсінбейсің бе? Әй, тілмаш, айтшы,
мынау ат емдеуге келмейді. Шаруасы бітті.
Әкем орысша шала-пұла білген сөзін айтып, өз пікірінің
дұрыстығын дәлелдеп, дәрігерді иліктірмекке әрекеттенді. Анау
аудармашыға айқай салды:
– Мына ақымаққа айтшы, атын мақанға жіберсін.
«Мақан» дегені – малыңды сойып, етке өткіз дегені-тін. Қат-
ты қорланған әкем тіс жармай, ақсаңдаған атына мінді де, тай-
ып тұрды. Маған да бір ауыз тіл қатқан жоқ. Үйдегі үлкенміз,
қадірлі жәкемізді туған ұлының көзінше жұрт алдында «ақымақ»
атап, күлкі қылды. Ал баласы арашалауға жарамады, үнсіз қал-
ды... Арада екі айдай өткен. Осы уақыт ішінде әкем үнемі түзде,
ауылда болып, хабар-ошарсыз қалды. Бірде, таңертең жұмыс ор-
нымда отыр едім, маған хабаршы жіберіпті:
– Атам саған дәл қазір малдәрігерлік пунктке келсін деп жа-
тыр, – деді ол.
Қағазымды жиыстырып, лезде жеттім. Аумағы кең таныс ау-
лада ат та, халық та көп. Етжеңді дәрігер әскер үшін ат іріктеп
алып жатыр. Жан-жағыма қарап ем, біздің қарт көрінбеді. Бір
шетке шығып, күтіп тұрмын. Кенет әкем дәрігер сонау «мақанға»
жібер деген аттың тұяғынан топырақ бұрқыратып, аулаға құй-
ындата шауып кірді; үстінде су жаңа бешпет, баста елтірі бөрік
– ол әрқашан сәнді киінуді ұнататын еді. Заулатып келген бетте
атты кілт тоқтатып, көкке шапшытты, одан билетті. Ат қабылдау
жұмысы тоқтады. Аңырған жұрттың көзі – әкемде. Ол төңірекке
шола қарап, мені көрді, – ұлының осында екенін анық байқап
алғысы келсе керек. Бұдан соң желдірткен бойы дәрігердің тұсы-
на жетіп, дөненін тағы да екі аяқтан тік тұрғызып, айғай салды:
– Әй, тілмаш, мына ақымаққа айт, мақанға атты емес, осы-
ның өзін жөнелту керек!
Маған масаттана бір қарап, атты бұрып алды да, арықтан бір-
ақ ырғытып, шаба жөнелді.
Сөйтсем, ол көлігін қалай да емдеп шығу туралы бір ғана
ойды діттеп, екі ай бойы тырбаныпты. Аяғын тіліп, қан жіберіп,
сылап-сипап, күні-түні ат қасында жүріпті. Осылайша, ақыры
салтанатты жеңіс дәмін татады.
373
Үлкен нүктеден кейін
Малдәрігердік пункттен өзімнің қызмет үстеліме оралдым.
Қарт зым-зия жоғалып, көрінбей кетті. Жұмыс аяғына қарай әлгі
дәрігер келіп тұр.
– Әкеңіз қайда? Кешірім сұрамақшы едім. О кісінің айтқаны
дұрыс болып шықты ғой.
Әкемді базарда шалдардың арасында отырған жерінен тап-
тық. Ол тартынып, дәрігермен жолыққысы келмеп еді, зорға деп
көндіріп, әйтеуір, алып келдік. Доктор өз айыбын мойындап,
жаңсақтығы үшін ғафу өтінді. Үйіне шақырып, дастарханға сан
алуан тағам түрімен бірге шарап та қойды, самауырынмен ыстық
шай берді. Саябақтағы төрде отырған қарт Момыш көңілі жібіп,
дәрігермен татуласты. Екеуі кеш бойы қауқылдасып, жылқы ту-
ралы әңгіме шертті.
Әкем өлең шығаруға бейім еді. Кейінірек ол осынау жағдайды
жыр тіліне түсіріп, болған көріністі баяндап, орынсыз асқақтыққа
бармаған доктор туралы қошамет өлеңін жазды.
5
Бауыржанның бұл әңгімесін дәптеріме қуана-қуана түсірдім.
Маған батальон командирі жанының тағы бір қыры ашылып,
Момыштың баласы тіптен түсініктірек бола бастағандай көрінді.
Бұрынғыша шырайлана күлімдеп, жайдары жүзі жас балаша
бал-бұл жанған Бауыржан өткен өмір елестеріне сүңгіп, сөзді
жалғастыра берді.
– Шешемнің кескінін еміс-еміс қана білемін. Тек ауырып,
өлім аузында жатқан сәті ғана есте қалыпты. Келбетті, сұңғақ
бойлы, көздері танадай, аппақ кісі екен. Өте сұлу еді деседі.
Анам туралы әжем – әкемнің өгей шешесі айтып берген-ді. Бұ
кісі шешемнің атын ешқашан атап көрген емес, әрдайым: «Менің
кербезім» дейтін. Біздей немерелерін мәпелеп: «Менің кербез-
імнің көзі» деуші еді... Ал әкемді аямайтын. Егер әлдебір мінезім
ұнамай қалса: «Әкесінен жұққан» дей салатын. Әкеме: «Әйелің
саған әдемі бала тауып берді. Құдіреттің күші ғой. Әйтпесе сен-
дей «сұлудан» маймылдың о жақ бұ жағындағы біреулер ғана
туатын шығар» деп қағытады. Әкем о кісіні қатты сыйлайтын,
әлгіндей шымшыма сөздеріне мән бермейтін. Әжем орыстарды
шикілсары, сарыбас деп атады...
Волоколамск тас жолы
374
Лекілдей соққан жел дәптерімнің бетін желпіп өткен. Бауыр-
жан маған және қолымдағы қарындашыма сұстана қарайды.
– Әжеге де жеттік пе, – деді ол ренішті кейіппін, сөйтті де
саңқ етті: – Мұның бәрі артық! Өшіріп тастасаңыз да болады!
Әңгіме қай тұстан үзіліп еді?
– Сіз әлдене туралы әндеткен едіңіз... Жаңылмасам, Иван
жайында...
– Не?.. Таза бетін ашыңыз. Жаңа тарау бастайық.
Үшеуіміз тілдесеміз
1
Портсигарын шығарып, темекісін тұтатқан Бауыржан Мо-
мышұлы әңгімесін жалғастырды:
– Немістер арамызды бөліп тастап, Волоколамскі жау қолын-
да қалған соң біз өз әскерлерімізге зорға деп қосылғанға дейінгі
күндер маған қайғылы (тозақ) болып көрінгені рас. Әсіресе, әл-
дебір жағдай қатты күйзелтті.
Алайда генерал Панфилов қызмет бабына сай өзіне осы жәйт-
ті баяндап тұрып, әңгіменің ең тартысы тұсына жеткенде күтпе-
ген жерден қарқылдап күле бастаған. Тіпті мәз болып, көзінен
шыққан жасты сүртті. Сөйтіп:
– Шынымен-ақ: «Жоғары медициналық білім дедіңіз бе?»
деп қайталап сұрай берді.
2
– Иван Васильевич Панфиловпен кездесулерімнің әрбір ме-
зетін елеусіз қалдырғым келмес еді, – деп сөзді жалғастырды Мо-
мышұлы.
Ол мені – өзінің резервтегі жалғыз батальонын Волоколам-
скінің солтүстігінде шебімізді бұзып өткен немістерге қарсы жі-
бергеннен кейін арада бес күн өткенде қайта оралдым.
Волоколамск тас жолынан шалғайда қалған біз төрт тәулік
бойы сандалып, небір қиындықты бастан өткердік. Батальонды
қайтадан окоп қазып бекініп, Москва жолын бөгеген өз бөлім-
375
Үшеуіміз тілдесеміз
дерімізге алып шыққаннан кейін мен генералға келіп, батальон-
ның қимылдары жөнінде баяндауға тиісті едім.
Біз оралғалы бір тәулік өтті. Күн шуағы төгіліп тұр. Тек сәл
ызғарлылау. Майданда тыныштық орнай қалғандай сәт еді. Ара-
гідік қана жақыннан да, алыстан зеңбірек дүмпуі естіліп қояды.
Дивизия штабы Волоколамскіден он бес шақырымдай жердегі
Шишкино деревнясына орналасыпты. Таныс штаб командирлері
жүзіме о дүниеден қайтып келген адамды көргендей қарайды.
Бірнеше күн бойы батальоннан ешбір дерек болмағаннан кейін
іштей амалсыздан жаназамызды шығарып қойса керек.
Панфилов төбесі қаңылтыр, еңселі бөрене үйді жайлаған
екен, ішіне далалық үш-төрт телефон сымы тартылыпты. Мені
кіреберісте сақшы тоқтатты. Көп ұзамай есік алдына күзетшінің
шақыруы бойынша Панфиловтың адъютанты, жас лейтенант
Ушко жүгіріп шықты.
– Жолдас аға лейтенант, өзіңізді тірі көру туралы ойлаған да
жоқ едік, – деп күле сөйледі ол. – Ал сіз... Ғайыптың құдіретімен
тағы да аман-сау жетіп келіп тұрсыз. Жүріңіз, жүріңіз, жолдас
аға лейтенант, генерал сізді қазір қабылдайды.
Албарда қарсы жүріп келе жатқан подполковник Хрымовпен
қақтығысып қала жаздадық. Мынау, шынымен, сол ма? Баяғы-
ша дембелше, тұнжыраңқы қалпы. Бұған деген іште қайнаған
ашу-ызам бұрқ етіп шыға келді. Іс барысында Панфиловтың бұй-
рығы бойынша менің батальоным осының қарауына берілген еді.
Сол күндерде Хрымов өз бөлімінің шегінетінін хабарламай, мені
қиын жағдайда екі мәрте далаға тастап кетті. Шегінген кезіміз-
де біз оның командалық пункті орнындағы күркесінің үстінен
шығып қалдық, ішінде шам жанып тұр екен. «Сендерге қарай-
лайтындай мұршамыз болмады. Кешір, Момышұлы» – кейін
менің ренішіме Хрымоватың орынбасары майор Белопегов осы-
лай жауап берген-ді. Оның шыншылдығы мен істі адал мойын-
дағаны риза қылды. Бірақ қазір Хрымовтың өзі не дер екен? Мен
бойымды тіктеп тұра қалдым.
– Саулығыңызды тілеймін, жолдас подполковник!
Хрымов аялдады. Оның сарғыштанып, құбылып тұратын
жылтыр төбесі лезде қызарып кетті. Дегенмен қолайсыздықты
тез игеріп, жинақтала қойған.
Волоколамск тас жолы
376
– А-а, Момышұлы... Көргеніме қуаныштымын. Батальоның
қалай?
– Мұны, жолдас подполковник, сіздің маған айтпай, позици-
ядан кетіп бара жатқан кезіңізде сұрағаныңыз жөн емес пе еді?
– Біріншіден, жолдас аға лейтенант, екпініңізді кішкене ба-
сыңыз...
– Құп болады, жолдас подполковник. Әйткенмен, сіздің
әміріңізді шайқас кезінде естуді құп көрер едім.
Хрымовтың қасқа басы аз-маз қалыпты реңкіне түсті. Ол ыз-
барлана түнерді, бірақ бетіме тура қараудан тайсақтап тұр. Егер
бастық ардан аттаса, оның жоғары шені қарамағындағы адамның
көзіне тіке қарауға жәрдемдеспейді.
– Екіншіден, – деді ол әкіреңдей түсіп, – мені жөнге салуды
доғарыңыз... Айтпақшы, мұнда неғып жүрсіз өзіңіз?
– Генералға бара жатырмын.
– Генералға? Қарай гөр... Батальон командирі тікелей гене-
ралға барады!
Күтпеген жерден бөлме есігі ашылды. Босаға алдында тұрған
Панфиловты көрдік.
– Иә, жолдас Хрымов, – деді генерал әдеттегі қарлығыңқы-
лау үнмен, – жолдас Момышұлы маған келе жатыр. Ол – менің
резервімнің командирі. Мұны, жолдас Хрымов, сіздің ұмытпаға-
ныңыз жөн еді. Өзіңіз жақсы соғысқан жағдайда мен жеке ре-
зервімді сізге көмекке жібермеген болар едім ғой.
Дағдыдағыдай, Панфилов ескертуін жекусіз-ақ, айғайсыз-ақ,
осылайша орағыта жеткізді. Мен Хрымовқа деген көкейдегі зілді
генералдың көзінше қайталап айтуды жөн санадым.
– Шегінген кезде подполковник мені тастап кетті, жолдас ге-
нерал. Шепті тастады да, маған ескертпей, жылыстап кете барды.
Хрымов ашу қысқан кейіп танытуға тырысады:
– Жолдас генерал, мынадай бассыздыққа қалай жол бересіз?
Панфиловтың подполковникке қадалған кішірек ойлы көздері
сығырайып кетті.
– Мен сізбен оңаша сөйлесемін, жолдас Хрымов. Сізге де
осы қолайлы болар деген ойдамын... Солай емес пе?
Хрымов үндемеді.
377
Үшеуіміз тілдесеміз
– Бара беріңіз, – деді Панфилов. – Жолдас Момышұлы,
жүріңіз.
3
Бөлмеге кірген соң Панфилов маған тағы да аялай қарап, қо-
лымды қысты.
Біздің аласа бойлы, жұпынылау генерал шашын алдырып,
жып-жылмағай қырыныпты. Немістер Волоколамскіні жан-
жақтан қыспаққа алған кезде бей-берекет едірейген мұрты
бұрынғыша төп-төртбұрышты болып басылыпты. Үстінде – су
жаңа китель, әсілі, кешелері ғана тігілсе керек. Бұ киімімен Пан-
филовтың еңкіштігі аса байқалмайды: құдды арықша иығынан
оншақты жыл уақытты лақтырып тастағандай, еңсесін тіктеп
алған.
Панфиловтың бөлмесінде есімде қалған не? Мезгіл ырқымен
қарайып, сыланбаған бөрене қабырғалар. Төбеден салбыраған
үлкендігі әдеттегі көзге үйреншікті электр лампасы, тегі, өзіне
көптен бері ток та келмейді; ал оның қасына аккумулятор арқылы
жанатын шеті бұратылған қара бауға жалғаулы титтей ғана дала-
лық шам ілініпті. Бұрышта әдетте «солдаттық» деп аталатын сұр
көрпе жабулы кереует тұр. Үш жаппалы айнаның тұғырына әске-
ри телефон қойылыпты. Бірі үлкен, бірі кіші екі үстел бар. Үл-
кенінде бетіне түрлі-түсті қарындашпен белгілер таңбалағанған
топографиялық карта жатыр. Кішісінің үстіндегі – самауыр,
фаянс шәйнек, қант салғыш, ашылған қарындашұштағыш бәкі,
суып қалған орта стақан қою-күрең шай.
Панфилов адъютантын шақырды:
– Жолдас Ушко, ыңғайластырыңыз... Самауыр қойдырыңыз...
Бізге енді жолдас Момышұлы келді, уақытымыз мол... Шай үстін-
де сұхбаттасуымызға әбден болады. Ұтып алған едәуір уақыты-
мыз бар.
Панфилов бөлмеде әрі-бері жүріп, күңгірт айна алдына барған-
да тоқтап, өз кескініне қарады да, саусағын шырт еткізе қағып,
жас жігітше бір өкшемен бері қарай шыр айнала бұрылды. Тәрізі,
көңіл-күйі өте көтеріңкі, соншалықты шат.
Телефонға таянып, дивизия штабының бастығы полковник
Серебряковпен сөйлесті.
Волоколамск тас жолы
378
– Иван Иванович, біраз жұмыс істегелі тұрмын... Ол жөнінен
еш нәрсе атқара алмаймын, оның бәрін сіз өз жауапкершілігіңізге
алыңыз. Кешке қарай жолығып, әңгімелесеміз. Ал қазір өзімнің
тікелей міндетіме кірісемін: шай іше отырып, болашақ туралы
ойланып-толғанамын. Жоқ, жоқ, жалғыз емеспін... Жанымда өз
резервімнің командирі бар... Білмеймін, бәлкім, самауырды бір-
екі рет қайталап қайнатуға тура келер... Иә, осы жәйтті ескеріңіз,
Иван Иванович...
Бұдан соң телефондағы сөздің сипаты өзгеріп, әңгіме атқары-
латын шаруа жайына ауысты. Сөзді тәмәмдап, тұтқаны қойған
Панфилов былай деді:
– Бүгін, жолдас Момышұлы, бізге ешкім бөгет жасамайды.
Асықпай отырып үшеуіміз тілдесеміз. Ыңғайлана жайғасыңыз.
Біз әңгімеңізді тыңдайық.
Амалсыздан жан-жағыма қараймын. «Үшеуіміз тілдесеміз.
Біз әңгімеңізді тыңдайық». Біз дегені кім? Бөлмеде Панфиловтан
өзге ешкім жоқ еді.
– Иә, біз, біз, – деп қайталады Панфилов. – Мен және менің
картам. Сізге құлақ қоюдың бұған да зияны тимес. Өзіне бір қа-
рап, сәлем беріп қойыңыз.
Мен үстел бетінде жаюлы жатқан картаға жақындадым. Қара-
дым да, еріксізден тіксініп, кері серпілгендей болдым. Картадағы
бейнеленген ахуал генералдың риза кейпімен мүлде сәйкеспей-
тін еді.
Бұдан бірнеше күн бұрын Панфиловқа келген кезімдегідей,
қорғанысы талқандалған, қидаланып, бөлшектенген майдан
көрінісі таңырқатты. Ана жер-мына жерде қызыл түспен түсіріл-
ген біздің жауынгерлік бөлімдеріміздің тікенекті доға, төрт
бұрышты қиықша, шеңбер белгілері жеке-жеке шашырай орна-
ласқан. Әрқайсының арасындағы саңылау алшақтығы бір шақы-
рым, тіпті одан да ұзақ. Яғни, бұл қуыстар жау үшін ашық жатыр
деген сөз.
Артқа бұрылып, Панфиловқа абыржи қарасам керек. Ол
күлімсіреді – ұсақ от ұшқындаған қысық көзінің қиығындағы
әжімі жиырыла қалыпты.
– Жолдас генерал, түсінбедім... Біздің майданымыз қайда?
– Біздің майдан – осы, жолдас Момышұлы.
379
Үшеуіміз тілдесеміз
– Бірақ бұл өзі... Шебіміз көрінбейді ғой?
Сөз арасында айта кетейін, ол кезде маған майдан шебі деген
тек тұтас сызық ретінде елестейтін.
– Шеп дейсіз бе? – Панфилов күлді. Москва түбіндегі шайқас
күндерінде оның мұндай күлкісін алғаш рет естіген шығармын.
– Бізге шептің керегі не? Өзіңізді жаудың орнына қойып ойлап
көріңізші, жолдас Момышұлы. Мұқият қараңыз: мынау – бекініс
нүктелері, қорғанысымыздың тораптары. Бос аралықты оқ асты-
на алуға әбден болады. Дұшпан бұл қуысқа аттап баспайды. Ал
аттап басса, өзінен көрсін! Машиналары да, артиллерялық қару-
лары да өте алмайды.
Маған қарай орындығын жылжытқан Панфилов картаны та-
машалаудан тартына алмаған секілді.
– Кеше, жолдас Момышұлы, маған Рокоссовский келді, осы-
ның бәрін құптады. Білесіз бе, Рокоссовский жолдас менімен са-
насады...
Біздің генералдың кіршіксіз көңілмен бір мақтанып қалғаны
осы-ау деймін.
Бөлмеде телефон шырылдады. Панфилов тұтқаны көтерді.
– Сәлеметсіз бе... Иә, иә, танып тұрмын. Қалай танымайын!
Сірә, Панфилов өз атына мақтау сөз естіген сияқты.
– Рахмет сізге... Совет Одағына қызмет етемін!
Панфиловтың қараторы өңінде кенеттен қуланған шырай пай-
да болып, әңгімемізге аралас деп шақырғандай маған көз қысып
қойды да, аңғал адамның кейпімен тұтқа арқылы үн қатты:
– Ал сіз тағы да тәртіпсіздігіміз үшін ұрса ма деп ойлап едім.
Е, бұ кісінің кіммен сөйлесіп тұрғаны белгілі болды! Пай-
ымдап үлгердім – Звягин. Волоколамск, дивизия штабының
бөлмелеріндегі қарбалас шақ, ауыр денелі, өктем сұрғылт көзі
домбыққан, армия қолбасшысы орынбасарының Панфиловты
тәртіпсіздікке бола соншалықты сөгіп, жазғыра сөйлегені еске
түсті. Панфиловтың да тұнжыраған кейпі мен оның әжім айғы-
здаған мойнын қайсарлана игені ойға оралды.
Қазіргі жағдай мүлде басқаша еді. Қатты самбырлаған мем-
брана Звягиннің шат күлкісін естіртіп тұр. Панфилов та мәз.
Кейінірек түсінгенімдей, Звягин Панфиловқа ормандағы ди-
визия учаскесінде жасыл-желек театр орнату ісін тезірек аяқтау
Волоколамск тас жолы
380
үшін саперлердің тағы бір тобын бөлуді бұйырыпты. Одан кей-
інгі сөз дивизиялық оркестр мен Қызыл Армия өнерпаздары ан-
самбліне қатысты өрбиді.
– Құп болады, бәрін де орындаймыз, – деді Панфилов.
Әңгіме біткен соң ол телефон маңынан ұзады. Маған Панфи-
лов толқып тұрғандай көрінген. Бері қарап қайта сөйлеген сәтін-
де даусының қарлығуы әдеттегіге қарағанда күшейе түскендей
әсер етті.
– Байқайсыз ба, жолдас Момышұлы, не туралы ойлай бастаға-
нымызды... Ансамбль, театр туралы! Мұның бәрі соғыс үшін
керек. Қайткенмен де жауды тоқтатқанымызды әркім жан-жүре-
гімен сезінуі қажет! Немістерді Мәскеу түбінде барлық майдан
бойынша тоқтаттық.
– Мен, жолдас генерал, осыған онша сене алмап едім.
– Тоқтаттық! – деп қайталады Панфилов. – Енді оларға тағы
бір ышқынудың дайындығына екі жетідей уақыт керек болады.
Әлбетте, сіз бен біз де оғанша қалғып отырмаспыз.
Әңгімені үзгені үшін кешірім өтінген ол инженерлік бөлім
бастығына қоңырау шалып, театр құрылысына бір взвод сапер
жіберуді бұйырды, одан соң саяси бөлім бастығымен хабарла-
сып, ансамбль жайын сұрап білді. Ақыр аяғында тұтқаны орнына
қойған Панфилов карта қасына қайта оралып, шашыраған түр-
лі-түсті белгілерге қарап тұрды.
– Ретсіздік! – деп қалды бұдан соң. – Ретсіздік дегеннің өзі,
жолдас Момышұлы, жаңаша тәртіп.
Бұл сөзді Панфиловтың аузынан Волоколамскіде жүргенде-ақ
естіп едім. Онда мұны әлі де күмәнданып, өз-өзін тексергендей,
біртүрлі сенімсіздеу кейіпте айтқан-ды. Ал қазір осы тіркес әб-
ден иі қанып, пісіп-жетілген пікір ретінде естілді. Әйткенмен,
генералдың көзқарасын әлі де болса айқын саралай қоймап едім.
Ой сабақтайды:
– Сіз екеуміз мұны әлі де пысықтаймыз. – Панфиловқа
мендей орта дәрежелі командирмен өзін толғантқан жәйттерді
талқылауға құштар екенін аңғардым. – Ал, айтыңыз, жолдас Мо-
мышұлы. Батальонның жағдайын әңгімелеңіз.
381
Үшеуіміз тілдесеміз
Сол екі арада қайнаған самауыр да келіп қалды. Панфилов
шайды өзі демдеп, буфеттен Алматының бірнеше ірі-ірі қызыл
алмасын, ысталған балық пен бір банкі тосап алды.
Одан бәкісімен өзі шаққан кесек қантты тістеп, шай ішуге
кірісті.
Мен Тимково түбіндегі сұрқия түн туралы, бізге оқ атқызбай,
шабуылымызды үзген балшықтың кесірі жайында айтып бердім.
Түнімен түк істетпей, сұлатып түсірген өзімнің сырқатымды да
жасырмауға тура келді. Панфилов сол түнде командирсіз қалған
батальон жауынгерлерінің не күй кешкенін сұрады. Болған
жағдайды егжей-тегжей, баппен баяндауға дем беріп, мені дәл
қазір де қалтырап, тоңып отырғандай, ыстық қою шайды үстеме-
леп құюмен болды:
– Ішіңіз... Шайдың септігі тиеді. Қысылмаңыз, темекі де тар-
та беріңіз.
Волоколамскіге бұза-жара кірген танкілер мен жаяу әскерді
дүрбіден көргенімді әңгімелегенімде Панфилов:
– Мұны, жолдас Момышұлы, қай сағатта байқадыңыз? – деп
сұрады.
– Шамамен, түскі бірде.
Панфилов күлді:
– Мен тура осы кезде қырынып алайын деп ұйғарып едім.
Сол сәттегі ахуалымыз, жолдас Момышұлы, аздап... Панфилов
солдаттарша келтелеп алдырған бурыл шашты басымен бір қиы-
рды нұсқап, маған көзін қысты, – қырынбақ болғаным – өзіміздің
штаб қызметкерлерін дүрліктірмеу ниетінен ғой. Шаштаразды
шақырттым. Ал көшеде тарс-тұрс атыс... Шаштараз ұстарасы
мен сүйкеуішін тастай салып, безе қашты. Мен: «Жолдас Дорф-
ман, шаштараз істі аяқтамай қашып кетті, рақым етіп, сақал-мұр-
тымды аяғына дейін қырып беріңіз...» деп дауыстаймын.
– Жолдас генерал, сақтанғаныңыз жөн ғой.
– Түк етпейді... Асығып-аптықсаң – жаудың мазағына қала-
сың... Ал сіз әңгімеңізді айта беріңіз, айта беріңіз, жолдас Мо-
мышұлы.
Мен күтпеген ұрыс жағдайының немістерді ажал апанына
қалай түсіргенін әңгімелеп бердім. Панфилов қызыға тыңдап,
картадан батальонның бекінісін, немістер өткен жол мен оларды
Волоколамск тас жолы
382
талқандаған қойнауды көрсетуді сұрады. Бұдан соң өзіміздің ше-
гінуіміз туралы сөзге де кезек келді.
– Жолдас генерал лекті тұйықтау міндетін Дордияның рота-
сы атқарды. Сөйтіп, ең соңында Дордияның өзі жүрді.
Генералға Дордияның есімін бірнеше рет атадым.
– Дордия? – деп қайталап сұрады Панфилов. – Әлгі бір аппақ
жігіт емес пе? Бадырақ көз?
– Иә, жолдас генерал.
– Қазіргі қайда өзі? Жақсы командир шығар?
– Ол жаралы еді... Жаралы күйінде қалды.
– Қалғаны несі?
Панфиловтың қара қасы түксиіп, лезде түнере қалды.
– Иә... Бұл, жолдас генерал, былай болды...
Батальон бастан кешкен азапты сергелдең көріністері тағы да
көз алдымнан өтті. Бәрін де Панфиловқа баяндап бердім.
Көпір түбіндегі түн
1
– Азапты көріністер, – деп қайталады Момышұлы. – Шар-
шап-шалдығып, аштан-аш, жүдеп-жадап, орман ішімен жүріп
келеміз. Қызыл Армия тастап кеткен Волоколамскіден біртіндеп
үн-түнсіз ұзап барамыз. Орман жолы өте тар; зеңбірек доңға-
лақтары кейде қарағай қабығын сыдырып кетеді; қалың кенеп-
пен бүркеулі санитарлық арба жер бетіне шығып қалған дөңбек
ағаш тамырларының үстінен теңселе өтеді; ара-арасында күрке
астынан ыңырсыған үн естіліп қалады; арба соңынан да ілби
шұбырған – жаралылар; іркес-тіркес ұзын колонна да осылар-
дың баяу қимылына қарайлауға мәжбүр. Оқта-текте батып бара
жатқан күн шапағы көрінетін ашық жер, дөңгелек алаңқайлар
ұшырасады. Әрі қарай тағы да – буалдыр түнек. Зәулім шыр-
шалардың арбиған ауыр бұтақтары әбден ескірген жол сілеміне
жан-жақтан төніп алған. Сүрлеу ашық дала арқылы қиыршық
тас төселген біршама кең жолға жалғасты. Оны ымырт жабыла
қиып өттік те, орман жиегінен аса ұзамауға тырысып, шымдауыт
алаңмен әрі қарай жөнедік.
383
Көпір түбіндегі түн
Шамамен бір жарым сағаттан кейін қас қарая Быки деревня-
сына іліккенбіз. Мұнда біздің адамдар жүр екен – шегінген Хры-
мовтың полкі осында көрінеді. Маған полк штабы бастығының
көмекшісі жолығып қалды.
– А-а, келгеніңіз жақсы болды ғой, – деді ол тікірейіп. – Сізді
іздеп бара жатқан бетім еді.
– Бұған да шүкіршілік, – деп жауап қаттым. – Дивизия шта-
бымен байланыс жасауға рұқсат етіңіз.
– Қажеті не? Сіздер қосымша көмек ретінде біздің қарауы-
мызға берілгенсіздер. Біздің полкпен бірге қимылдайсыз.
– Сіздермен бірге қимылдап көргенмін. Ұят жасадыңыздар.
Полк командирі қайда?
– Орман арасында. Онымен ертең сөйлесе аласыз. Ал қазір
сіздің қорғайтын аймағыңыз мынау. Адамдарыңызды тұрғы-
зыңыз да, аттаныңыз.
Маған қорғаныс шебі көрсетілді. Міндет қойылды: Волоко-
ламск – Быки жолындағы көпірді қорғап, осы жолға бекіну. Әл-
гінде ғана өзіміз кесіп өткен сонау қайыршақ жолға қайта барып,
сол алқапты қорғауымыз керек екен. Бұл қазан айының жиырма
жетісі күні болған жағдай еді, ал біздің батальон жиырма үші-
нен бері қарай кірпік ілген емес. Кейінгі тәуліктерде нәр сызған
жоқпыз, темекі де таусылған, оқ-дәрі де азайған. Мен:
– Менің батальонымды тамақтандыру туралы бұйрық беріңіз.
Полктің азық-түлік тиеген жүк керуені осында ғой. Бізге тым
болмаса екі жүз грамнан нан берсін, – деп өтініш жасадым.
Алайда штаб бастығының көмекшісі өз құзырына кірмейтін
нан мәселесіне араласуға батпады.
– Ең алдымен тапсырманы орындаңыз! Соңыра бәрін де жі-
береміз! Және қажет болып жатса қосымша жарлық та беріле жа-
тады.
Өзімнің болашақ көршілерім туралы сұрадым.
– Сіздің оң жақтағы көршіңіз – біздің бірінші батальонымыз.
Ал сол жақтағы көршіңіздің кім екенін кейінірек анықтаймыз.
– Яғни, сол жағымда ешкім жоқ қой?
– Ол жөнінде де хабарлаймыз. Енді көп бөгелмеңіз, жө-
неліңіз.
– Ендеше, құп болады.
Волоколамск тас жолы
384
Атқосшымды шақырдым. Синченко аттарды алып келді. Ол
өзінің Ақбозына бір дәу қап сұлы артып алыпты.
– Делбешілерден сұрап алдым, жолдас комбат, – деп Синчен-
ко жайраңдап жүр. – Аттарымызды әлдендіріп алайық.
Торытөбел ұзын тұмсығын қапқа қарай созған. Кекілінен
сипағанымда, атым емеуірінімді түсінгендей, басын тарта қой-
ып, жұқалтаң құлақтарын қайшылайды. Зілмауыр ойларыммен
көлікке ырғып мініп, деревня іргесінде дамылдап жатқан бата-
льонға тарттым.
2
Жол ылдиға құлады. Қараңдаған үйлердің қасынан түсіп келе
жатып, өзіміздің санитарлық арбамен кездесіп қалдым. Қы-
зараңдаған айдың күңгірт сәулесі арасынан құр сүлдері қалып
арықтап, әбден титықтаған екі ат көрінді. Қиыршық тас қажап,
табан темірі жылтыраған үлкен арба дөңгелектерін өрге қарай
зорға сүйреп барады.
Арба алдында әскери дәрігер Беленков ширақ басып келеді
екен. Кеудесінде планшеті мен докторлық сөмкесінің қайыс ба-
уларын айқастыра тағып алған. Мен Беленковтың шалт жүрісіне
таңданып, іштей сүйсініп қалдым.
– Доктор, қайда бет алдыңыз?
– Жаралыларды көшіруге, жолдас комбат.
– Мұны сізсіз де атқарады ғой. Киреев бар емес пе. Қайда
жүр өзі?
Доктор кібіртіктеп барып тіл қатты:
– Артта келе жатқан шығар.
Неліктен екенін, оның даусы бірден сұлқ түсті. Мен айқай сал-
дым:
– Киреев!
Арба өтіп үлгерген. Көліктің соңын ала жеңіл жаралылар іле-
скен; қараңғыда олардың дәкемен таңылған бастары, үлдірікпен
ораулы қолдары ағараңдайды. Бәрінен кейін итпектеп, қалжы-
раған Киреев келеді. Ол аптығын әрең басып, маған жүгіре жетті.
Енді ат жақты, ұзынтұра дәрігер мен ентіккен, етжеңді фельдшер
екеуі қатарласа қалған.
– Киреев, дедім мен, – осы жерге жаралыларды өткізіп,
көшіртіңіз. Қасыңызға екі санитар қалдырыңыз, өзгелері кейін
385
Көпір түбіндегі түн
қайтсын. Аттарды осы жерде жемдеп алыңыз. Ал ертең таң қы-
лаң бере батальонға ораласыз. Бізді мына жолдың бойындағы
көпірдің түбінен табасыз. Түсінікті ме?
– Түсінікті... Бәрі ойдағыдай болады, жолдас комбат.
– Орындаңыз.
Киреев арба соңынан тапырақтап жүгіре жөнелді. Беленков:
– Ал мен ше? – деп сұрайды.
– Батальонға қайтыңыз. Бізге қорғаныс межесі көрсетіліп,
міндет жүктелді. Қазір сапқа тұрып, сонда барамыз...
– Бұл қалай болғаны? Қалайша?.. – Абдыраған Беленков осы
«қалайша» деген сөзге жармасты да қалды. – Қалайша, жолдас
комбат? Ең құрығанда адам сияқты жуынып, тым болмаса қо-
лымды шайып алсам ба деп ем.
– Енді, қолыңыз сөзсіз жуылады. «Іздегенге – сұраған» де-
гендей, онда ағып жатқан өзен бар.
Күтпеген жерден доктор жыланып қоя берді:
– Мүлде шамам жоқ... Жете алмаймын...
Зекіп, тыйып тастап, ерлікке, шыдамдылыққа шақырғым кел-
ген. Әйткенмен, бұ кісі өз борышын лайықты өтеді ғой, сарнаған
ыңырсуды да естіп, қанды да көріп бақты, қаншама операция
жасап, жарақатты таңып-байлап, жаралыларды уақытында алып
шықты деп ойладым. Жоқ, айқаймен іс біте қоймас.
Мен аттан секіріп түстім.
– Доктор, Торытөбелге отырып алыңыз. Ал мен жаяу жүре
тұрайын. Кәне, үзеңгіңізден ұстайын.
Үзеңгіден ұстау – біздің қазақ дәстүрі бойынша сыйлаудың,
құрметтеудің белгісі. Беленков Қазақ елінде туып-өскен адам,
Алматының тұрғыны еді, бұл салтты жақсы білетін. Ыңғайсы-
зданып:
– Мұныңыз не, мұныңыз не? – міңгірлей берді.
Бірақ мен оның алдында басымды ізетпен иіп тұр едім. Док-
тор икемге келіп, аяғын үзеңгіге салды да, Торытөбелге мінді.
– Рахмет сізге, – деді ол.
Оның даусы қайтадан нық естілген.
Волоколамск тас жолы
386
3
Арада бір минуттей өткенде ұзай түскен аттылардың соңынан
адымдап, ай жарығымен Ақбоздың сұрғылт сауыры мен Торытө-
белдің ақ тірсектерін байқап келе жатып, кенеттен:
– Қарашы... Батько емес пе? – деген дауысты естідім.
Шапшаң сөйлейтін Гаркушаның сөз мәнерін аңдаймын. Анаң
қара, мені ендігі «Батько» деп атайтын болыпты бұл! Сол бой-
да-ақ әлгі сауалдың жауабы да берілді:
– Сол! Соның аты!
Гаркушаның қасындағы кім болды екен? Даусы мен сөйлеу
екпініне қарап ажыраттым: өз жерлесім, қазақ. Бірақ нақты кім?
Әлгі қазақ тағы сөйледі:
– Жүр, ротаға барайық! Әйтпесе кетіп қалып жүрер!
– Тұра тұр. Мына үйге кіріп-шығайық. Мүмкін, қолымызға
тағы бірдеңе тиіп қалар.
Мен айқай салдым:
– Гаркуша! Қасыңдағы кім?
Үнсіздік орнай қалды. Біреуі ауыр күрсінді. Бұдан соң иығы-
на винтовка асынып, қолына котелок ұстаған екі сұлба сүмірейіп
маған қарай беттеді. Батыр тұлғалы Қалимолдинды бірден таны-
дым. Қазір ол кесек келбетін кішірейтіп, елеусіз бола қалғысы
келгендей бүкшие қалыпты. Соның өзінде бойы Гаркушадан бір
бас асып тұр.
– Үй-үйді аралауға кім рұқсат берді?
Қалимолдин ұялғаннан ләм демейді, ал Гаркуша айыл жияр
емес.
– Жолдас комбат, қу құлқын не істетпейді. Бәрін ұмыттырып,
алды-арқа қаратпайды ғой.
– Өшір үніңді! Батальонға тайыңдар! Байқауымша, лейте-
нант Заев сендерді әбден беттеріңмен жіберген екен. Оған үй-үй-
ді кезіп, қаңғып келгендеріңді баяндаңдар. Сазайларыңды бер-
сін!
– Жолдас комбат, оған айтпауға рұқсат етіңіз, – деп өтін-
ді Гаркуша. – Сондағы бар тапқанымыз екі котелок сүзбе ғана.
Және аздаған картобымыз бар.
Қалимолдин жалтақтап, күмілжіді:
387
Көпір түбіндегі түн
– Біз тек өз қамымызды күйттеп жүрген жоқпыз ғой. Жол-
дастарымызға апарамыз.
– Доғар сөзді! Жоғалыңдар тез!
Тәрізі, жазадан құтылдық деп ойласа керек, Қалимолдин мен
Гаркуша жүгіре жөнелді.
4
Көп ұзамай тау бөктерінде тынығып жатқан батальонға кел-
дім. Ай нұрына малынған алаң жыпырлап отырған, жатқан сол-
даттардан көрінбейді. Анығырағы, отырғандар аса көп емес: дің-
келеп, қалжырап бәрі дерлік сұлап түскендей.
Алдымнан Рахимов шыққан. Ол шайқастар ауыртпалығын,
ұйқысыз түндер мен ұзақ жорықты бастан кешпеген адамдай,
ширақ қимылдап, жүгіре басып жетті. Құлақ үйренген команда
алқапты жаңғыртады:
– Встать! Смирно!
Мен «Тоқтат!» демедім. Әйткенмен, жұрттың бәрі осыны күт-
кен секілді. Бір минуттей өтті. Алдымен командирлер атып түре-
гелді, бұдан соң қаусап, әлсіреген денелерін ауырсына көтеріп,
ыңқылдап, аһылап-уһілеп сарбаздар тұра бастады. Рахимов ба-
тальонның дамылдап жатқанын, ешбір төтенше жағдайдың бол-
мағанын мәлімдеген. Мен оған өзіме берілген бұйрық туралы
айтып, батальонды көпір маңына апаруға әмір еттім. Рахимов ар-
тық ештеңе сұрамай, бірден қатты дауыстап, жарлық берді, біліп
тұрмын – дәл қазір мұны ешкім ұната қоймайды:
– Сапқа тұрыңдар!
Алайда тәртіп «серіппесі» тез әсер етті. Сол бойда командалар
саңқылдап қайталана бастады. Ең алғашқы болып қарлығыңқы
үнмен Заев ақырып қалды:
– Екінші рота, сапқа тұр!
Оның күжілдеген жарықшақ даусын Дордияның сыңғырлаған
жіңішке үні жалғайды:
– Бірінші рота, сапқа тұр!
Кубаренко өз артиллеристеріне, Филимонов үшінші ротаға
пәрмен берді. Бұл дауыстар қатараласа самғады. Жауынгерлер
ақырындап сапқа түзілді. Қараңдаған ұзын қатар төбесінде қай-
тадан қаһарлана тікірейген найзалар тізіле қалды.
Волоколамск тас жолы
388
Көңіл сабасына түскендей болады. Батальон, тіпті адам төз-
гісіз ұйқысыздыққа, аштыққа, қияпат бейнетке қарамастан, қа-
тар бұзбай, ғұмыр жалғастырды. Әскери ар-намыстың, тәртіптің,
солдаттық борыштың көзге көрінбейтін туы көгімізде желбіреп
тұр.
– Рахимов, батальонды бастаңыз! – дедім мен.
5
Сағат шамасында ені бірнеше адым ғана жіптіктей өзен үсті-
нен өтетін шағын көпірге жеттік. Көкте бұрынғыша ара-ара-
сында үдере көшкен бұлттар арасына жасырынып, Ай қалқып
барады. Жау жақтағы жаға аздап едірейіп тұр, төбеге, немесе
анығырағы, жотаға ұқсайды. Өзеннің терең еңкейген тұсы – қа-
лың шілік. Ашық алаңда қарауытқан көпене төбелері көрінеді.
Танаптың тұс-тұсынан орман төніп тұр; Мәскеу түбінің осы бөлі-
гінің топографиялық картасына тұтастай дерлік жасыл бояу төге
салғандай.
Мен рота командирлерін шақырып, қорғаныс учаскелерін көр-
сеттім.
– Жауынгерлерді қорғаныс шебіне орналастырыңыздар.
Және бәрі ұйықтасын. Күзетшілер қойылмасын. Ол міндетті өз-
деріңіз атқарасыздар.
Рахимов бұл аралықта өзен жағасындағы сайдан штабқа ар-
налған орын сайлап алған. О жерге дереу күрке тұрғызылды.
Синченко таяу маңға Ақбоз бен Торытөбелді байлап қойыпты.
Осы шепке біздің дәрігерімізді жеткізген Торытөбел бәрімізден
бақытты көрінді: жануар жақын маядан Синченко мол қылып
әкеліп берген шүйгін шөпті күтір-күтір шайнап тұр екен; қа-
сынан өте бергенімде тұмсығын көтеріп, маған қарай ұмсынады.
Жұмсақ ернінен аялай сипадым.
Күркеге менің кішкене штабым да жайғасып үлгеріпті: Рахи-
мов, Бозжанов және Тимошин. Мен оларға:
– Жолдастар, кезекшілік жасап, роталарды аралайық, – дедім.
Бір жақ шетке Бозжановты жіберіп, өзім екінші рота кеткен
жаққа жөнелдім. Заевтың қарауындағы сынақтан өткен осынау
рота батальонның майдан шебі үзіліп бос қалғандай, ешбір
көршіміз де жоқ, ең осал, ең қатерлі ашық қапталға жіберілген
болатын. Бүйірдегі Хрымов полкі де қоса қорғасып жатқандай
389
Көпір түбіндегі түн
көрінетін Быки деревнясы тұрған тағы бір тұсымыздағы бекініс
шебін Филимонов алды. Дордияның ротасы көпірдің қарсы ал-
дындағы шептің орта межесіне орналасты.
Мен ирелеңдей аққан өзен жағасындағы жыңғылды қырқа-
мен келе жаттым. Кенет айдың көмескі жарығында алдымнан
таңқаларлық көрініс шыға келгені. Сырықтай ұзын Заев әдет-
те пулеметке арналған қос дөңгелек арбаға жегетін тапал ақбоз
атты тақымға басыпты. Жануарға өңкиіп, жайдақ мінгендіктен,
салақтаған екі аяғы жерге аз ғана жетпей тұр. Өзі тіп-тік отырға-
нымен, иілген басы кеудесіне құлаған Заев ұйқылы-ояу теңселіп
қояды. Аласа ат үстіндегі алпауыт адамды қиналмай көтер-
ген бойы түбіне мұз сірескен қатқыл шөптің басын жайбарақат
жұлып жеп жүр. Міне, ат алдыңғы тұсаулы екі аяғымен ырғып
қалып еді – Заев артқа қарай жұлқына серпіліп, құлап қала жаз-
дап, қос қолымен жалға жармасты. Шыдай алмай, күліп жібердім.
Заев қарлыққан дауыспен зілдене айқайлайды:
– Тоқта! Кімсің?
– Ай, Заев-ай, – дедім мен, – сыртыңнан біраз тамашаладым.
Атты ыңғайыңа көндіріп-ақ алыпсың.
Қысылыңқырап қалған болуы керек, аттан ебедейсіз түскен ол
маған қарай жүрді.
– Құтқарып тұрған осы ғана. Әйтпесе ұйқы қысып әкетіп ба-
рады. Жұрт – орнында, жолдас комбат... Бырылдап ұйықтап жа-
тыр...
Рота жайлаған шепке таядық. Тізбектеле жайғасқан солдаттар
шырт ұйқыда. Қыбыр етер емес. Даланы басқа көтерген қорыл
болмаса, тіршілік нышаны байқалмайды.
– Ал, түсіңе не кірді, Семен? – деп сұрадым мен.
– Жолдас комбат, сізде ақ қолғап бар ма?
– Ақ қолғап? Оны неғыламын?
– Ал менде бар.
– Қайтпексің оны?
– Берлинге сақтап жүрмін, – деді Заев зор сеніммен гүр етіп.
Сөйтті де, шинелінің жан қалтасынан су жаңа екі ақ қолғап
шығарды.
– Қайдан алдың?
Волоколамск тас жолы
390
– Волоколамскіде, әскери дүкеннен. Ешкім қажет қылмады,
ал мен сатып алдым. Берлинге барып кіргенімізде жұрт бізге қа-
рап қалмай ма! «Анау орысты қараңдар! Ақ қолғап киіп алыпты»
демей ме.
Осыны айтып, қарқылдай күлді. Өзінің сөйлегені секілді үзік-
үзік, қырылдай шыққан оның шат күлкісі бүкіл төңірекке естілді.
Заев шешіле сөйлейді.
– Біраз қызмет етеді. Берлинде екі күндей киіп жүремін де,
тастай саламын ғой. Алматыға апармаспын енді. Өйтсем, онда
мені дарақы дейтіні анық...
– Заев, мұндай ат саған о жақта қолғапсыз-ақ даяр тұр-ау.
Заев маған қарай еңкейді.
– Қалай ойлайсыз, жолдас комбат, – деді қырылдап, – біз
мына дөңгеленген дүниеде әлі де шамалы іс тындыра аламыз ба,
жоқ па?
Дәл осы минутте магазинініне лента салынған пулеметтің қа-
сынан өтіп бара жатқан едік. Пулеметшілер де ұйықтап жатқан-
ды. Мен амалсыздан жан-жақты шолып, Қалимолдинды іздей
бастадым. Жоқ, Блоханың пулеметі бұзылып қалып еді ғой, қазір
Блохамен бірге оның шағын расчеты да қолға винтовка алып,
Заев ротасындағы қатардағы жауынгерге айналмады ма.
– Сенде тәртіп жағы ақсап жатыр, Заев. Өзіңнің не ойлап
жүргеніңді бір Құдай білсін, ал адамдарың әбден бетімен кетіпті.
– О не дегеніңіз? Мен ешкімді қиқаңдатпаймын!
– Бақылауың нашар. Қиқаңдағанда қандай! Гаркуша мен Қа-
лимолдин айтпады ма саған?
– Олар не істепті?
– Деревняны кезіп, елден оны-мұны сұрап жүр.
– Беттерімен лаққан екен ғой. Қазір сыбағаларын беремін!
Заев, тәрізі, маған еліктейтін болуы керек, талапшылдыққа,
жұртты тәртіпке салуға құмар. Бірде-бір кінәні жазасыз қалды-
рған емес. Бұл жолы да өзінің екі сарбазының бетімен жүргенін
білген соң оларды ұйқыдағы жұрттың арасынан іздеуге кірісті.
Көп ұзамай Қалимолдинға да тап болдық. Өліп қалған кісіше
жылтыраған қараторы жүзін көкке қаратып, екі қолы екі жақта,
шалқадан түсіп жатыр екен.
– Қалимолдин! – деп қырылдай зекіді Заев.
391
Көпір түбіндегі түн
Жауап орнына бірқалыпты қорыл естілген. Еңкейген Заев енді
оның тура құлақ төне айқайлайды:
– Қалимолдин!
Анау қыбыр еткен де жоқ, қорылын жалғастыра берді.
Ышқынған Заев алып солдатты қапсыра құшақтап, көтерді де,
екі аяғынан тұрғызды. Алпауыт жауынгер кірпігін ашты. Ол бір
мезет оянып, Заев екеумізді көрді де, жалынғандай, алақандарын
жайып, күбір етті:
– Кешіріңіздерші...
Сөйтіп қайтадан ұйқыға шомды. Осылайша, Заевқа сүйенген
күйі түрегеліп тұрып пысылдай берді. Мұны көріп, тпіті, менің
кешірімді біле қоймайтын жүрегім жылып кетті.
– Жарайды, – дедім мен, – сыбағасын ертең берерсің.
Заев солдатты жерге түсірді. Анау ақыры оянбады.
Батальонның батырлық ұйқысы осындай еді.
6
Екінші ротадан күркеге, басқару пунктіне келдім. Мұнда бо-
саған патрон жәшігінің үстінде Рахимов отыр екен.
– Ұйқы қайда?
– Бір көзім ұйқыда, жолдас комбат, – бір құлағым – далада.
Шайла ішінде жер астынан шыққандай Синченко пайда бола
кеткен. Тәрізі, адал атқосшым да бір құлағын түріп, мені асыға
күткен секілді.
– Міне, жолдас комбат, сізге тоқым төсеп қойдым... Міне,
мынау шинеліңіз. Етігіңізді шешесіз бе, жолдас комбат?
– Жоқ. Жата бер. Мазамды алма.
Мен далалық сөмкемді басыма жастанып, жантайдым. Заев-
тың ақ қолғабы есіме түсіп, жымиямын. Әй, Заев, Заев-ай, жын-
дыбассың-ау! Бір-екі минуттей таяу маңда аттардың күтір-күтір
еткізіп шөп жеп тұрғанын естіп жаттым. Қиялым балалық шаққа,
туған жерге қарай самғайды... Онда көбіне лашықта немесе киіз
үй ішінде жылқылардың осынау «күрт-күрт...» еткен дыбысын
тыңдап жатып көз ілетінмін. Сәлден соң-ақ балбырап қалғып, қа-
лың ұйқыға баттым.
Денеме біреудің қолы тигеннен оянғанмын. Шатырлай жанған
шыбыққа қарадым – шайлада от жағып үлгеріпті. Шұбатыла
шалқыған түтін күрке күмбезіне көтеріліп, бұтақтар саңылауы
Волоколамск тас жолы
392
мен іргедегі тесіктерден шығып жатыр. Мені оятқан Рахимов
екен. Аласа алау шапағымен өзіме бейтаныс екі адамды көрдім.
Біреуі түрі өңсіздеу әйел бейнесіне көбірек ұқсайтын толық де-
нелі капитан да, екіншісі жас лейтенант.
– Жолдас комбат, сізге келіп тұр, – деп мәлімдеді Рахимов. –
Подполковник Хрымовтың штабынан.
Мен басымды көтеріп, киіз үстінде отырмын.
– Батальон командирі сіз бе? – деп сұрады капитан амандас-
пастан.
– Мен.
– Мынадай жүгенсіздікке қалай жол бергенсіз? Адамдарыңы-
здың бәрі ұйықтап жатыр.
– Ұйықтағандары дұрыс. Ұйықтауға мен бұйрық бердім.
– Бұл – бассыздық... Бұл – уставты бұзу! Бұл – қылмыс!
Ал, сөйтіп сілкілесін мені. Кейін капитанмен жақын таны-
стым. Өзі аса терең болмағанымен, кішіпейіл, адал офицер екен;
бірақ сол түнгі кездесуіміз аса сәтті бола қойған жоқ.
Оның сөзін үнсіз тыңдап болған соң айтарымды айттым:
– Рахимов, мен жатайын. Капитан ғибратын оқып болған соң
оятарсың.
Капитан жәбірленіп қалды.
– Сіз неге дөрекі жауап бересіз?
– Бос мылжыңдықты ұнатпаймын. Сіздің өнеге үйретуіңіз
жалықтырып жіберді. Айтпақшы, кімсіз өзіңіз?
– Капитан Синицын. Полктің химиялық қызметінің бастығы-
мын.
– Бәсе, «хош иіс» шығарып тұрғаныңыз содан екен ғой...
Маған не үшін келдіңіз?
– Мені өзіңізге жүктелген міндетті айқындап, батальонның
жауынгерлік даярлығын тексеру үшін полк командирі жіберді.
– Басқа ештеңе айтпайсыз ба? Жағдай туралы, көршілерім
жөніндегі мәлімет қайда?
– Мен сізге айттым ғой: ахуал бұрынғыша, міндет баяғыдай.
Осы тұста шындап ашуға міндім.
– Сіздің маған жеткізген хабарыңыз осында мініп келген ат-
тарыңыздың теріне де татымайды. Өзіңіздің командиріңізге осы-
ны айтып барыңыз.
393
Көпір түбіндегі түн
Қорланған капитанның аузы дүрдиіп кетті. Енді өз-өзімді те-
жеуге тырыспадым. Өз полкі мен өз ротасының құрамына кір-
мейтін бөгде солдаттарды оқсыз, бір үзім нансыз оп-оңай тастап
кете беретін кейбір командирлерді жөнсіз, сұмпайы әдеттері
үшін іреп, сойып салдым.
– Сіздің командиріңіз бөтен батальонның тағдырына пысқы-
рып та қарамайды, – менің адамдарымның аш екеніне оның
түкіргені бар! Ең құрыса патрон жібермей ме! Егер ертеңгі күні
бізді қынадай қырып тастаса, сіздің командиріңіз қыңқ етпес еді!
Синицын өңі түтігіп, қабағы түйіліп кетті.
– Сіздің үлкендер туралы бұлай сөйлеуге қақыңыз жоқ...
Мен кесіп айттым:
– Батальон шебінен кетіңіздер! Өз командиріңізге жеткізіңіз,
мен міндетімді атқарамын. Осы жерде жан пида етерміз, бірақ
бұйрықты орындаймыз. Бұдан әрі сізбен сөйлескім келмейді. Ра-
химов, меймандарды шығарып сал!
Қонақтармен қоштаспай, шинелімді жамылдым да, теріс қа-
рап жатып қалдым.
Әлбетте, менің тік кетуім орынсыздау-тын. Өзімді сыпайырақ
ұстағаным жөн еді. Бірақ ұстамсыздық – кемшілігім. Ақталатын-
дай жағдайым жоқ. Немесе, әсілі, мынаны айтайын: егер сіз мін-
сіз, кінәратсыз, қателеспейтін, мінезінің кедір-бұдыры жоқ адам
іздеген болсаңыз, онда менің қасымда уақытыңызды бекер өткіз-
геніңіз.
...Аттар тұяғының дүбірінен подполковник Хрымов өкіл-
дерінің кеткені айқындалған сәтте жүйкем әлі де шиырығып жа-
тыр еді. Одан біртіндеп тыншып, талықсып, қайтадан ұйықта-
дым.
7
Таң алдында бізге Хрымов полкінен бір арба келді. Полк
штабы бірнеше жәшік патрон мен екі шелек піскен ет жіберіпті.
Патронға бола қатты қуансам, азғантай ғана етке қарап тұрып,
зығырданым қайнады. Екі шелек! Бір батальонға! Аш жүрген бес
жүз ауыз бар!
– Синченко, – деп бұйырдым, – плащ-палатка әкеліп төсе. Ра-
химов, сенің көзің дәл ғой. Теңдей бөл.
Волоколамск тас жолы
394
Рахимов бәкісін шығарды да, плащ-палаткада жаюлы жатқан
етке бір қарап алып, үн-түнсіз бөлуге кірісті. Мен байланысшы-
ларды жіберіп, рота командирлерін шақырттым.
Өзгелерден бұрын Заев пен Бозжанов жетті. Бозжановтың
түннің тең жартысына жуығын Заевтың қасында өткізіп, оның
сақшысы міндетін атқарып, ұйықтап алуына мүмкіндік бергенін
білетінмін.
Келушілер өз үлестеріне тиетін бірнеше кесек етке аңтарыла
қарап қалыпты.
– Заев, – дедім мен, – мынау сенің бүкіл ротаңның үлесі.
– Бір ротаға ма? Бір өзім жеп қоямын ғой мұны.
Мен зекіңкіреп жібердім:
– Есерлікті доғар! Жауынгерлерге тарат та, оларға комбат-
та басқа ештеңе жоқ екенін түсіндір. Рахимовтың плащ-палатка
үстінде қалай бөлгенін де айтып бер. Жөнел. Жұртыңды оят. Таң
атты! Қозғал! Окопты тереңірек қазып, бекін. Және патрон алып
кетіңдер. Бұл күн өте ыстық болады.
– Құп болады, жолдас комбат. Бұл күн өте ыстық болады, –
деді қырылдаған Заев.
Мен бас шайқаймын: мынау қылжақты әлі қоймапты ғой. Бұл
күннің лейтенант Заев үшін сұмдық қатерлі күн болатынын кім
болжапты?
Қазанның жиырма сегізі
1
Волоколамск жау қолына өткеннен кейінгі күн – қазан айының
жиырма сегізі есімде қалай қалғанын айтайын.
...Төбеде бұта түбінде жатырмын – бұл менің бақылау пун-
ктім. Телефон байланысым жоқ, роталарды хабаршылар арқылы
басқарамын. Дөң аса биік емес, маған шебіміздің орталық бөлігі,
Дордия ротасының позициясы ғана көрінеді. Жеке-жеке окоптар-
дың алдындағы үйілген топырақ жас шыммен қапталғандықтан,
сарғыш шабындықпен жымдасып, шөп басқан жал сияқтанады.
Созылған осы төмпешіктер көпірді қалқалайды.
395
Қазанның жиырма сегізі
Жарылыстардан окоптардың о тұс-бұ тұсынан бұрқылдай кө-
терілген топырақ аспанға шапшиды; біздің алдыңғы шебімізді
барлап үлгерген немістер орман жақтан үздіксіз атқылауға
кіріскен.
Қылпылдап, алға көз тігеміз... Жау әне-міне бір тұсымыздан
бас салғалы тұр. Бірақ дәл қай жерден шүйлігеді? Мына маңай-
дан – тікелей көпірге қарай ұра ма? Әлде Заев ротасы имектеле
бекінген сол жағымыздан – көршіміз жоқ бүйірден келіп соға ма?
Бекіністегі шөп кеудірек-жасыл түсінен айырылып та үлгер-
ген, ыс пен шаң-тозаңнан көрінбейді. Төңіректің бәрі жағалай
ойдым-ойдым, шұрқ-тесік қара апанға айналды.
Дұшпан гүрсілдетіп атып жатыр, атып жатыр. Қазір оңаша
атыс ұяларындағы сарбаздарға да оңай емес. Дегенмен мұндайды
бірталай өткергенбіз: жақыннан гүрсілдеген жарылыстар жауын-
герді асып-састыра алмайды, сарбаз өз окобы мен винтовкасына
сенеді; әйткенмен, шегінушіге тән шарасыздық еңсені езбей қой-
майды-ау. Көзге көрінбейтін тылсым толқындар маған солдаттың
үрейлене елегізіген, әлдебір сұмдықты сезінген алай-дүлей күйін
жеткізгендей болады.
Сарбаздарым мен батальон тағдырына деген қорқыныш, жау-
дың қияпат соққысын күту мені де алаңдатып, жанымды ауырт-
ты.
...Мынау не? Біреудің сұлбасы төмпешік пен төмпешік ара-
сында зуылдап жүр. Сол бойда-ақ Бозжановты таныдым. Шинелі
бойына шап-шақ, белі жуан: оның тума-туысының бәрі толық
денелі еді. Бас сауғалап жүгіре білетіні көрініп тұр. Міне, енді
бұлталақтай заулады, міне, еңкейіп, бұға қалды... Жетті! Окопқа
тастай сүңгіп қойып кетті де, көзден ғайып болды.
Сәлден кейін шұңқыр шетінен екі құлақшын қылтиды – сар-
баз бен политрук Бозжанов. Жаны сергек, әңгімешіл Бозжанов-
тың окопқа әдеттегідей әзіл-қалжың мен ерік-жігер алып барға-
ны анық. Төмпешікте жатқан винтовка ақырын жылжып, дүмі
иыққа тірелді; әлдебір меже, мүмкін, долбарлы нысана ма екен,
қарауылға ілікті. Біліп тұрмын, қазір Бозжанов бірнеше мәрте оқ
шығарады. Оның осал жері осы, атуға құмар.
Волоколамск тас жолы
396
Көп ұзамай ол маған буда-буда хабар жеткізеді: шығын жай-
ын, рота шебінің алдындағы көрген-білген, көңілге түйген жәйт-
терін айтады.
Бұдан соң Рахимов (ол сай түбіндегі күркеден шықпайды)
осының бәрін картаға немесе майдандық кітапшасына белгілеп
қояды. Негізінде, бұлардың екеуі де менің штабымның бастықта-
ры: Рахимов – отыратын, ал Бозжанов рота мен рота арасында
шапқылап, одан маған келіп тұратын басшы.
...Немістер атысты үдетті. Бұл шабуыл нышаны емес пе өзі?
Иә! Орман арасынан жаздық жасыл пилотка, жасыл шинель
киген солдаттар тізбегі жүгіре шықты. Біздің окоптарға қарай
ентелей ұмтылады... Немістің минометтері мен зеңбіректері үн-
сіз қалды. Тым-тырыс. Жасыл шинельдер жақындай бастаған.
Ұңғысын алға соза, қарындарына тіреген автоматтары қараңдай-
ды. Біздің сарбаздар оқ ата бастады. Немістер ию-қию, орғып ба-
сып, жылжи түседі. Төтеп бере аламыз ба, жоқ па? Жаудың да
есебі, әрине, осы: рус аздап қарсыласады да, тым-тырақай қаша
жөнеледі деп ойлайды. Немістер автоматпен, жарқырауық оқ
ағынымен өздеріне жол салып келеді. Шайқастың шешуші сәті
де жеткенін сезіндім. Тыныс тарылып, кеудем қысылады.
Кенет көпір қасында жасырулы тұрған біздің төрт зеңбірек
гүрсілдеп қоя берді. Ірі бытыра шабуылшыларды маңдайдан
ұрды. Тағы! Тағы да!
Немістер жата қалып, кейін серпілген.
...Соққы тойтарылды. Бірақ есе төлеуге тура келіпті. Өздерін
байқатып қойған зеңбіректер орын ауыстырып үлгермеген. Жау
артиллериясы оларды оқ астына алды.
Кешікпей байланысшым мәлімет жеткізді: екі зеңбірек қи-
раған, адам шығыны болыпты, батарея командирі лейтенант Ку-
баренко ажал құшқан.
Қош бол, Кубаренко! Бақұл бол, қарулас дос!
...Филимонов байланысшы арқылы хабарлады: немістер оның
да шебін талқандауға әрекет жасаған екен. Бірақ оның да беті
қайтарылған.
Дұшпан әзірше тек Заевқа соқтыққан жоқ.
...Мен дөңесте әлі жатырмын, көпір көрініп тұр, шеттегі ор-
ман мен Дордия ротасының окоптарын шолып қоямын.
397
Қазанның жиырма сегізі
Бекініс бойымен тағы біреу жүгіріп келеді. Бос байланған бел-
беуіне таққан тапаншасының қабы салақтап жүр; үлкен шинелі
олпы-солпы; аяғы шұбатылған етегіне шалынысады. Дегенмен
сол екен, таныдым, – әлжуаз Дордия, – борыш-міндетіне адал
байғұс жер бауырлап қалған сарбаздардың үрейін сейілту үшін
мынау бұрқылдаған қопарылыс, алапат тарсыл-гүрсіл, жарқыл-
даған от-жалын арасымен дедектей жүгіреді.
...Мен жатқан төбеге бұталар арасымен бұқпантайлап Тимо-
шин жетті.
– Заевтан келдім, жолдас комбат.
Азырақ алқынып алыпты. Күнқақты, ашық, балғын жүзінен
қобалжу ізі байқала қоймайды. Алайда қатты жымырылған ерні
мен қадала қараған қой көзі жағымды хабар жеткізгелі келме-
генін білдірді.
– Неғып селтиіп тұрсың? Жат. Не болды? Баянда!
Тимошин немістердің Заев позициясын сыртынан орағыта
өтіп, жартылай құрсауға алғанын мәлімдеді. Заев доғаша иілген
майдан қанатын созыпты, бірақ жау бәрібір ішкері еніп, тықсы-
рып келе жатқан көрінеді. Жағдайдың осылай боларын күнілгері
болжап едім. Ал қазір тас төбеден ұрғалы тұрған сол соққы күшін
тіптен жітірек сезінемін.
Алдыға көз салдым. Дордия ротасы майданының жер-жерінде
бұрынғыша топырақ бұрқылдап жатыр. Жаралы біреу беткеймен
жылжып, өзенге қарай сүйретіліп барады. Мен Тимошинге:
– Рахимовқа бар. Жағдайды мәлімде. Мен осы арадан Заевқа
баратын шығармын. Оған осыны айт, – дедім.
Тимошин орнынан көтеріліп, алақанын құлақшынына қарай
созды. Осы мезетте оның басының тұсынан зу етіп оқ ұшып
өткен. Бөркі тиіп тұрған жіңішке шыбық пышақпен кескендей
қиылып түсті. Мен Тимошинді төмен қарай жұлқыдым. Ол, тіпті
ес жиып үлгере алмады.
– Қажет емес кезде бойыңды несіне тіктейсің! – дедім айқай-
лап. – Бар, жөнел!
Бүкшеңдеген ол шілікті қалқалап, әрі қарай өте бастады.
Жаңағы не нәрсе? Қаңғыған оқ па? Әлде жау мергені менің
бақылау пунктімді аңдап қалды ма екен?
Желке тұсымнан Синченко еңбектей жетіпті.
Волоколамск тас жолы
398
– Не керек саған?
– Ештеңе керек емес. Тек жаныңызда болайын.
Біраз үнсіз қалған Синченко сөзін жалғады:
– Сіз жаңа Заевқа барамын деп қалғандай едіңіз. Аттар даяр,
жолдас комбат.
Жауап қатпадым.
– Сіздің сөзіңізді күтіп жатырмын, – дейді Синченко.
– Шақырмаған кезде килікпесейші, – деп тыйып тастадым.
Ренжіп қалған атқосшым пыс-пыс етеді.
– Саймен жаяу барамын. Ал сен аттармен бірге осында қал!
– Өзіңіз біліңіз... Сізге белгілі ғой...
Синченко әр сөзді жауапсыз қалдырмауды ұнататын-ды.
Зекіңкіреп жібердім:
– Жетер мылжыңдауың!
2
...Бозжанов пен байланысшы Ткачукті ертіп алып өзен жаға-
сымен Заевқа тарттым. Ызғар тоңазытқан саздауыт жағалауда
жер табаны қатты. Жарақат таңатын пункке қарай сүметіліп кетіп
бара жатқан екі-үш жаралыны басып оздық. Міне, тағы біреуі ке-
леді. Қан сіңген шүберекті бетіне жапсыра ұстапты, шұбырған
қан, өзінің басқан әрбір ізін белгілегендей, шинелі арқылы шөп-
ке тамшылайды. Аяғын өзі алып жүруге шамасы келгенімен,
винтовкаларын білекке ілген екі сарбаз мұны сүйемелдеуді ұй-
ғарыпты.
– Тоқта! Қай ротадансыңдар? Филимоновтан ба?
– Иә, жолдас комбат.
– Окопты неге тастап кеттіңдер?
– Жаралыны алып бара жатырмыз, жолдас комбат.
– Өзі жетеді!
Әсілі: «Бұл өзінің солдаттық борышын өтеді. Ал сендер ше?
Осыны сылтауратып, өз міндеттеріңді атқарудан қашып бара
жатсыңдар ма!» – деп қосуым керек пе еді. Бірақ менің көзқара-
сымның өзі-ақ осының бәрін жеткізген сияқты. Айқай салдым:
– Орындарыңа тайыңдар! Тез!
Бұйрықты орындап дағдыланған сарбаздар дереу кейін қарай
жүгіре жөнелді.
399
Қазанның жиырма сегізі
Жаралыға қарадым. Оның ағы айрықша алайып, зәре ұшыра-
тындай бақшиып кеткен көздерінде өзінің қаны – жерге, шинелі
мен қолына шапшып, атқылай жөнелген сонау секундтың сұм-
дығы әлі ұялап тұр.
– Докторға да келіп қалдық, – деп жұбатады оны Бозжанов. –
Қазір жәрдемдеседі, жарақатыңды таңып береді, одан соң батыр
ретінде тылға аттанасың. Онда бізден қыздарға сәлем айт.
...Әрі қарай адымдай бердім. Міне, біздің медпункт орна-
ласқан шатыр. Түнгі жорықтан қайтқан соң өзен суымен мұқият
жуылып, дертелерін көкке көтеріп қойған санитарлық арба да
осында тұр.
Шатыр ішінде әлдекім ыңырсып жатыр. Далаға от жағылып-
ты. Алау маңына жиырмадай жаралы орналастырылған. Көпшілі-
гі шинельдерін желбегей жамылыпты, мойындағы үлдірік ора-
уышқа қозғалтпай асып алған дәкемен таңулы қолдары анық
көрінеді. Басынан, бетінен жараланғандар да аз емес. Араларын-
дағы кейбіреудің қан түкіріп жүргені байқалады.
Кенет қарт фельдшер Киреевтің, бейбіт шақта жайбарақат
үйде жүргендегідей, құлаққа жағымды қарлыққан даусы естілді:
– Жолдас комбат, шайға қалай қарайсыз? Қант та бар...
– Уақытым жоқ, Киреев. Рахмет. Жағдайың қалай өзіңнің?
– Команданы жол-сапарға әзірлеп жатырмын.
– Қандай команда? Қайда?
– Жолдас Рахимов өзі жүре алатын барлық жеңіл жаралы-
лардың ақырын аяңдап деревняға баруын бұйырды... Қазір жігіт-
терді шайға қандырып аламын да, қозғалады...
«Жігіттерді»... Осы сөзді ұнатпаушы едім, бірақ қылтанақ
сақалын күміс шалған ақпейіл фельдшердің аузынан бұл сонша
орынды естілді. Өзінің асықпайтын-саспайтын шаруакештігі үй-
іріп тұрады. Іштей Рахимовқа сүйінемін. Батальон үшін мынау
ауыр, тіпті аса қатерлі сағаттарда ол ешбір телефоны жоқ күрке-
ден-ақ әдеттегі дәлдікпен, болжағыштықпен нұсқау беріп отыр.
Иә, менің шағын штабымның әрекеті, басқару жұмысы жалғасып
жатыр.
Рахимовтың бұйрығын бас изеп мақұлдап, жағадағы алаппен
әрі қарай кеттім. Соңымнан бұрынғыша Бозжанов пен байланыс-
шы Ткачук ілесіп келеді.
Волоколамск тас жолы
400
Міне, біреуді шинельге салып алып жарақат таңатын пунктке
әкеле жатқан сияқты.
Шеткерек шығып, шинельде шайқалған жалаңбас әлдекімнің
ақсары шашын және қан жоқ, сөл жоқ көзі жұмулы жүзін көрдім.
Аппақ бояу жағып қойғандай еріндері де жансыз екен. Жаралы-
ны көтерген жауынгерлер менімен бетпе-бет келіп қалып, аял-
дады. Жаралы адам көзін ашқан – сәл томпақтау, тасырайған
қап-қара көз. Дордия!
Мені байқап, қозғалақтады. Маңдайы қызарды. Тістеніп, ор-
нынан тұрмаққа оқталып еді, ыңғай бермедім.
– Жарайды, Дордия, жарайды...
– Жолдас комбат... Мен кеудемнен жараландым. Жарақатым-
ды таңып берді. Ротаны взвод командирі кіші лейтенант Терехин-
ге өткіздім.
– Жата бер... Мұны медпунктке апарыңдар. Қазір сені сани-
тармен бірге Быкиге жөнелтеміз.
Дордия сәл көтерілген. Маған қадалған қара көзінен әлдебір
жалыныш табы аңдалатындай. Әлде бұл әшейін ауырсынудың
әсері ме екен?
– Жолдас комбат, менің бір өтінішім бар.
– Кәне, айт... Орындауға уәде беремін.
Ол аз ғана бөгелді.
– Менің қолымнан келеді... Әбден жарамдымын... Мені
ешқайда жөнелте көрмеңіз, жолдас комбат... Мынадай сәтте...
Дәрменсіз, жаралы Дордия осынау қауіпті күні бізбен, өзі соғы-
ста танып-білген жолдастарымен бірге қалғысы келді. Тәрізі, ол
менің бір сәт халінің мүшкілдігі туралы ойлап қалғанымды сезсе
керек, әлгі сөзін қинала қайталады:
– Мен әлі де қажетке жараймын.
Және тағы да жалбарына қараған:
– Сіз... Сіз, жолдас комбат, мені тастамайсыз ғой...
– Ешқашанда тастамаймын, – дедім мен. – Жақсы, Дордия,
сенің айтқаның болады.
Ол көзін жұмды. Оны көтеріп, шинельге жатқызды. Еріндері
бұл кезде жансыздана кезеріп тұрған жоқ еді; әлдекім әлгіндегі
аппақ бояуды сүртіп үлгергендей.
401
Қазанның жиырма сегізі
Әлдекім... Жаралы Дордияға рух ұстамдылығын қайтарып
берген кім болды екен? Жауабын айтайын: ол – сенім болатын.
СЕНІМ! Бұл сөзді үлкен әріптермен жазыңызшы.
3
Мен Бозжановқа:
– Дордияның ротасына бар. Сонда уақытша командир болып
қаласың, – дедім.
– Құп болады! Болайын, – деді мүдірмей үн қатқан Бозжанов.
Қиян-кескі шайқас, жараланғандар, қан – осының бәрі, әри-
не, оған әсер етпей қойған жоқ, бірақ соның өзінде өмірге деген
сарқылмас құштарлығын жоғалтпай, қазір ротаны басқару тура-
лы бұйрықты ықыластана қабылдады.
Ол су шайған жырадан шығып, жатағандау дөңге қарай беттеп
бара жатты. Күтпеген жерден алдыдағы төбе тасасынан Бозжа-
новқа қарай бір топ солдат жүгіріп шыға келген. Бозжанов:
– Қайда барасыңдар? Тоқта! Тоқта! – деп айқайлайды.
Дауысты ешкім елең қылмады, тоқтаған адам жоқ. Тіпті кімнің
алда-артта екенін де біліп болмайды, – еліре дүрліккен тұтастай
взвод жапа-тармағай, үймелесе топырлап, төмен қарай жөңкілді.
Солдаттың айнымас бунақ-түйнегі – күрек, жол қапшығы, оқ-
шантайы асығыс-үсігіс алына салғаны байқалып тұр. Винтовка-
ларын да қалай болса солай ұстаған – біреуі арқасына асса, екін-
шісі білегіне іліпті. Жүгірушілер арасынан рота командирінің
байланысшысы болған ұзын бойлы жас жауынгер Савицкийді,
арықша келген, сопақ бет Шилібаевты, мұртты Березанскийді,
тағы басқаларын таныдым. Бұлар менің қасымнан иін тіресе өтті.
Шынымен, бәрі біткені ме? Расында да, жау қуып келе ме
бұларды?
Тобырдың соңынан тұра жүгіріп, қуып жетіп, алдынан
шықтым. Демімді ішіме тартып, бар күшіммен ақырдым:
– Тоқта!
Ыпыр-жыпыр тоқтай қалысты.
– Сендерге не болды? Неге қашып барасыңдар?
Жауап жоқ.
– Савицкий, неге қаштың?
– Бәрі кетіп қалды, жолдас комбат... Рота командирі жара-
ланған кезде кетті. Біз анда жалғыз қалдық.
Волоколамск тас жолы
402
– Өтірік айтасың! Взвод командирі қайда?
– Жараланып қалды. Жарақатын таңғызуға кеткен.
Мен сапқа тұруды бұйырдым.
– Смирно! По порядку номеров...
Рет-ретімен санағанда отыз үш адам болды. Ішім өртеніп, қал-
шылдап тұрмын:
– Қорқақтар! Бүкіл совет халқы Отан үшін арпалысып жа-
тыр. Ал сендер – отыз үш опасыз окопты тастай қашып, жауға
майдан шебін ашып бердіңдер.
Әлдебіреу артқы қатардан күңк ете түсті:
– Біздің қолымызда винтовкадан басқа түк жоқ.
– Өшір үніңді!
Қояншығы ұстаған адамдай айқайлаған шығармын. Дәл сол
сәтте маған батальон беріктігінің негізі – өзім үшін ең қастерлі:
әскери ар-намыс, ант пен борышқа адалдық, тәртіп, бөлімнің жа-
уынгерлік дәстүрінің бәрі қаусап, құрып бара жатқандай көрінді.
Сапта тұрғандарға ызбарлана қарап, бұларды сонша жек көріп,
өз-өзімді ұстай алмай айтып салдым:
– Иә, сендердің ротаның командирі жараланды. Өздеріңмен
қатар соғысып жатқан батарея командирі оққа ұшты. Қазір мен
жаралылардың атынан, майдан даласында мерт болғандардың
атынан, окоптарды адал шайқасып жатқандардың атынан сен-
дердің бәріңді де атамын. Бозжанов, қол пулеметін әкелуге бұй-
рық бер.
Бозжанов қолын шекесіне апарды да, ақырын басып байла-
нысшы Ткачукке қарай кетті.
– Неменеге шұбатылып барасың? Тездет!
Саптағылар қанын ішіне тартып, сұрланып алыпты. Мен сол-
даттардың бірі, деревня жігіті, еңгезердей Прохоровтың қасына
келдім.
– Неге қаштың?
Ол жауап бермеді. Оның винтовкасының дүмін жерге тіреп,
ұңғысынан сындырардай қатты қыса ұстаған сабаудай жуан сау-
сақтары да шүберектей құп-қу. Қазір не ойлап тұр екен өзі? Мен:
– Әйелің бар ма? – деп сұрадым.
Жымырулы ерні жыбыр етті:
– Иә.
403
Қазанның жиырма сегізі
– Құжаттарыңды әкел.
Ол бос қолымен шинелінің ілгегін жұлқып ағытып, гимна-
стеркасының төс қалтасына қолын сұқты.
– Қалтаңда не бар, бәрін де шығар.
Қызылармиялық билеті мен кішкене фотосуретті суырып
берді. Фотокарточкадан күлімдеген жас әйелдің кескінін көрдім.
– Бұл әйелің бе? Өлер алдында қарап ал, енді мұны көре ал-
майсың.
Жігіт кенеттен біртүрлі сөлекет қимылмен бақыра жылап, ті-
зерлей келіп аяғыма жығылды. Мұндайды бұрын-соңды көрген
емес едім; қазақта аяққа құлайтын әдет жоқ.
– Прохоров, тұр!
Еңіреген күйі орнынан көтерілді. Сарбаздарға шола қарадым.
Оң қанатта Савицкий көз жасын сүртіп тұр.
– Савицкий, саптан шық! Шилібаев, шық бері! Сен де шық!
Сен де...
Көз жастарын бұлағандардың барлығына сап алдына шығуды
бұйырдым.
– Неге жылап тұрсыңдар?
Ешкім үндемейді.
– Әбіл неге жыладың?
Шилібаев екі ауыз уәжді зорға айтты:
– Сіздің қолыңыздан ажал тапқанша, немістің өлтіргені жақ-
сы...
Сөзінің аяғын жұтып жіберген. Тегінде, енді сөздің қажеті
де жоқ еді. Шилібаев та, мен де жауынгер елдің ұрпақтарымыз.
«Өлімнен ұят күшті». Қазақтың бұл мақалы біз үшін өсиет-тін.
Бір мезет мен өзімді соның орнына қойып көрдім: майдан шебі-
нен қашып, ар-ұяттан жұрдай болып, мынау жарлауыт жиегінде
ату жазасына бұйырылып тұрмын. Мені мерт қылатын жаудың
оғы емес, сатқындығымды кешірмей, әскери әділдікті іске асыра-
тын Отанның өз адал ұлдарының оғы! Өзімді әлі Шилібаевпын
деп сезініп тұрып тұла бойым дір ете түсті. Жо-жоқ, басыма не
түссе де көтерейін, бірақ дәл мынадай сұмдықтың беті аулақ!
– Барыңдар! – дедім мен. – Сендерді кешірдім. Мә, Прохоров,
фотосуретіңді ал, әйеліңнің кескіні өзіңде болсын. Көз жастарың
үшін масқара әрекеттеріңді кештім.
Волоколамск тас жолы
404
Енді қалғандарына бұрыламын:
– Ал сендерді қайтпекпін?
Бәрі үшін Березанский жауап қатты:
– Біз де соғысамыз.
– Бізің кім? Сен бе?
– Бәрі де соғысады.
Сырт жағымда Бозжанов тұрған еді. Оның осынау тартысты
жағдайда қаншалықты жүрегі аузына тығылып, жанын қоярға
жер таппағанын білдім – мұнысын жалт етіп бір қарағанымда
бет-әлпетінен байқап қалғанмын. Осы минутке дейін іске еш
араласпай, бұйрықты орындап, пулеметке адам жіберген ол қазір
менің рұқсатымсыз команда берді:
– Шайқаста абыроймен өлуге даяр адамдар алға шықсын!
Бәрі де бір кісідей алға қадам басты. Березанскийге қарап
тұрып осынау қырық бес жастағы мұртты солдаттың Тимково та-
уында батпақ кешіп адасып, өз взводын іздеп түнімен сенделіп,
таңға жақын ар-намысы таза күйінде сабан төселген окоптар
тізбегіндегі жауынгерлік орнына келіп жайғасып, сол жерде ұй-
ықтап кеткенін есіме түсірдім.
– Березанский, – дедім мен, – жаңа сен «біз» деп барлық
сарбаздар үшін жауап бердің. Енді бар да, осы взводты өзің
басқар. Ал сен Бозжанов, рота тізгінін өз қолыңа ал. Қазір барып,
бекініске орналасыңдар.
Бозжанов мен сөзімнен айнып қала ма деп қауіптенгендей, де-
реу айқайлап жіберді:
– Жолдастар, еріңдер соңымнан!
Өзенге құлайтын аласалау жарқабаққа секіріп шыққан ол бос
қалған окоптар тізбегіне қарай жүгіре жөнелді. Иықтарындағы
винтовкаларын жұлып алып алға қарай кезене ұстаған жауынгер-
лер оның соңынан ілесті.
4
...Әрі қарай жүрдім. Өзен арнасы бұралаңдап кетті. Жағадағы
қойнаудан көтеріліп, шабындық бойымен Заевқа қарай тіке тарт-
тым. Жер-жерде шөмеле шошаяды. Солардың бірінің қасына
аялдап, жан-жаққа құлақ тігемін.
Немістер бізге тыным бермей ұрғылап жатыр. Тек Филимо-
новтың ротасы орналасқан тұс қана тыныш. Жоғарыда айтқаны-
405
Қазанның жиырма сегізі
мыздай, Филимоновпен көршілесіп, Хрымов полкінің батальоны
қорғанып, Быки деревнясын ұстап тұр. Қазір осы деревня жағын-
да да атыс саябыр тауыпты. Бұл қапталға бола аса алдаңдай қой-
маймын. Немістер, тегінде, тосқауыл қойылмаған, қорғаусыз
межеден айналып келіп, Заевты көк желкеден ұруға ұмтылады.
Соққыны осы тұстан, тура сол жерден күту керек.
Жазық далада әлі жүріп келемін. Көз ұшынан біреу көрінді.
Біздің шепке тыл жақтан жалғасатын орманнан шыққан сияқты.
Бір қызығы –жалғыз емес, жетектеп алған аты бар: ер-тоқымына
бірдеңе артып алыпты. Бұрылып, қарсы жүрдім. Әй, мынау Ти-
мошин ғой!
Шоқтығы биік, жалы күзеулі, түгі жылтыраған торы атқа
немістің екі телефон аппараты мен екі орам сым тиепті. Тимо-
шин қызынып, еліріп алған: бөркі – шекеде, одан, жүзі алабұр-
тып, өз-өзінен бір қызарып, бір бозарды.
– Тимошин, қайдан келесің? Мыналарың не нәрсе?
– Олжа ғой, жолдас комбат.
– Қайдан таптың?
Тимошин түсіндірді: орман жиегімен келе жатып тоғай ара-
сында телефон байланысын орнатқалы жүрген екі немісті көріп
қалады да, екеуін де жайратып салып, құралдарын қанжығаға
байлайды.
– Енді сіздерге қарай асығып келе жатқан бетім еді, жолдас
комбат.
Шайқастың жан алқымға келген мынадай қысталаң сәтінде
қаншалықты жайсыз хабар жеткізіп тұрғанын біле ме екен бұл?
Өз құлағыма өзім сенбей, қайталап сұрадым:
– Олар саған қай жерде тап болды?
Тимошин құлашын сермеп, артқы жақты нұсқайды:
– Әне, анау жерде, орман арасында.
– Біздің тылда ма? Филимоновқа мәлімдедің бе?
– Бірінші кезекте айттым, жолдас комбат.
Үнсіз қалдым. Батальонға тиесілі станокті екі пулеметті өзім
ең қатерлі учаскені қорғайды деп санаған Заевқа бергенмін. Ал
енді қазір... Енді қазір қауіп арттан төнді. Қол созым жерде қа-
раңдаған орман іргесі үрей себетіндей. Демек, немістер осы ор-
манға екі жақтан бірдей ентелеп келеді... Төбеден қос қолдап
Волоколамск тас жолы
406
ұрғандай бұл жаңалықты қабылдап, бойға сіңіргенімше, кемінде,
тұтастай тағы бір минут уақыт керек.
Тимошинге бұйырдым:
– Мына олжаңды осында түсір. Атқа қон. Құстай ұшып За-
евқа жет. Жағдайды баянда. Пулеметті алсын да, тылды қорға-
сын. Түсіндің бе?
– Түсіндім, жолдас комбат.
Тимошин шауып жөнелді. Мен артқа – өзімнің штабыма қарай
асықтым.
Көкте бұлттар пердесінің арасынан күміс табақ күн қылаңы-
тады. Сайтан алғыр, мына сұмпайы күн неге сонша жылжымай
қойды! Бірақ көретін сұмдығымыз әлі алда екен.
5
Ширек сағат уақыттан кейін мынадай бір әлеметке душар бол-
дық. Қыбыр етуге шамам келмеді – шарасыз қалғаным сонша-
лықты – тіпті дауыстап та үлгермедім.
Сайдағы аласа жарқабаққа жанасқан өзіміздің штаб күркесіне
жеткенімше алқаппен заулап бара жатқан қос дөңгелек арбаны
және оның үстіндегі Заевты көрдім. Арбаны тартып бара жатқан
– кеше түнде Заев жайдақ мініп жүрген әлгі мыртық келген,
мығым ақбоз ат. Енді өзі қорапта түрегеп тұр; бір қолында – дел-
бе, екінші қолына ұзын шыбық ұстапты. Заевтың қасында зорға
сыйысып отырған үш-төрт пулеметші бар. Тапал ат кедір-бұ-
дыр жолда арбаны қаңғалақ қақтырып, бар екпінімен жүйткиді.
Аяқтары қалталақтап талтайып әрең тұрған Заев екілене айқайға
басып, атты сабалап, жылдамдықты одан сайын үдетуге тырыса-
ды.
Мен Заевтың пулеметті салып алып, штабқа қарай асыққа-
нын түсіндім; тәрізі, ол жағдайды біліп, міндетін пысықтау үшін
маған немесе Рахимовқа жолығуды жөн санаса керек.
Байқауымша, бұдан кейінгі қияпат лезде болды. Немістер,
әсілі, төбедегі қалың бұта арасындағы менің бақылау пунктімді
әлдеқашан байқап, ара-арасында ақырын ғана «түртпектеп» оқ
атып көре бастаған екен. Дәл әлгі сәтте олар жотаны алтыауыз
минометпен соқты. Немістің бұл жаңа қаруымен о кезде таны-
сып үлгермеген едік. Аспанда дыбысы зәре ұшыратын ерекше
гуіл пайда болды. Алапат жарылысы құлақ тұндырған ауыр-а-
407
Қазанның жиырма сегізі
уыр алты мина қатар түсіп жарылды. Немістер дөң басындағы
шаң-тозаң сейіліп болмай іле-шала сол нысананы әлгі мәнермен
тағы бір мәрте ұрған. Жарқ-жұрқ, гүрс-гүрс еткен алты жарылыс
және қайталанды. Үсті-үстіне төпеген жойқын соққыны алғаш
көрсем де, шоғыр-шоғырымен бастырмалата ату адамның тәнін
ғана емес, жаны мен сана-сезімін қоса қаусатып жіберетінін
түсіндім.
Миналар жарылған төбенің шаң-топырағы арасынан кенет қат-
ты үріккен Торытөбел ытқып шықты. Жол таңдап жатуға мұрша-
сы келмей жанұшырған жануар жылғадан қарғып өтіп, даламен
салған. Қарасам, үстінде бүкшиіп, жалға жармасқан Синченко
отыр. Торытөбел тура өзіме қарай тартып келе ме деп ойлап қал-
дым. Тұмсығы мен сарғыш тістерін де анық көрдім. Маңдайдағы
төбелін қан жуып кетіпті. Синченконың да ес-түстен айрылғаны
байқалды, құлақ-шекесі қан, бір қолымен тізгінді ұстапты, екін-
ші қолы – жалда.
Келесі мезетте Торытөбел көз ұшында бұлдырап бара жатты,
тек оның көсіле заулаған сұлбасы мен сереңдеген сирақтары ғана
көрінеді.
Оған қарап тұрған жалғыз мен ғана емес едім. Қос аяқ арба-
дағы Заев тапал атын қалт тоқтатып, қалшия қалды да, бүкіл на-
зарын бір сәт сонадайдағы оқша зулаған менің атыма аударды.
Одан шыбығын шықпыртып тағы бір сілтеп, есімді жиғанша, екі
аяқты арбасымен Торытөбелдің соңынан құйғытып берді. Бұл
аралықта Торытөбел орманға сіңіп үлгерген еді. Мен қолындағы
шыбығын екілене соққылаған Заевтың артынан тіл-жақтан айы-
рылған кісіше сілейіп қарадым да тұрдым. Міне, енді қос дөңге-
лекті арба да қалың тоғай іргесіне жұтылып, ғайып болды.
Осылайша рота командирі Заев бір пулемет пен бірнеше пу-
леметшіні салып алып, көз алдымда майдан даласынан қашып
кетті.
«Жұт жеті ағайынды» деп бекер айтпайды. Соғыста мұның
шындығына тіптен көз жеткізе түсесіз. Шөмелелер арасында лей-
тенант Обушковтың қарауындағы зеңбіректер жасырулы тұр еді.
Оған Заевтың ротасын қорғауға міндет жүктелген. Торытөбел-
дің зу етіп өткенін, ұзамай қос доңғалақты арбамен рота коман-
дирінің құйындата шапқанын көрген Обушков көп ойланбастан:
Волоколамск тас жолы
408
«Зеңбіректерді жегіңдер!» – деп команда береді. Сөйтіп артил-
лериялық аттар зеңбіректерді сүйреп, орманға қарай жөңкіледі.
Міне, енді жаяу әскер – Заевтың ротасы да қашты. Ең табанды,
ең ержүрек деген екінші ротамыз, шынымен, осы ма? Шынымен,
қорғаныстың күйрегені ме?
Қалайша шептің талқаны шығып, батальонның күлі көкке
ұшты?
Неге екенін, құрама полк командирі Кондратьевтің бет-әлпетін
елестеттім, – әлдекім қамшымен осып жібергендей бет: жағын-
дағы шекеден төмен тік түскен сызаты қатты ісініп, қанталап
тұрды. Оның полкі қашқан еді. Ал ол командир ретінде жазаға
тартылды.
Жоқ, егер басыма батальонымның қашып, ту-талақайы
шығып, күйрейтінін көретіндей күн туса, онда ешкімге мәлімдеп
жатпаймын. Үкімімді өзім шығарып, өзім орындайтын боламын.
6
Тимошин шепті тастай қашқан екінші ротаны олжа айғырмен
қуып жетіп, оларды алаңның қақ ортасында тоқтатты. Мен де со-
лай қарай ұмтылдым. Жауынгерлер шөмеле тасасында тұр. Әл-
дебір мезетте қатардағылар қозғалақтасты: тәрізі, солдаттар мені
енді ғана танығандай. Біреу:
– Комбат! – деп қалған.
Аттан түсіп, әлденені талап етіп сөйлей бастаған Тимошин
бұл сөзге қуанышты жүзбен елең етіп бері бұрылды да, сөзін кілт
үзді. Жақын келіп, бәрін бір шолып өттім.
Мурин мойнын ішке тығып, көзіме қарауға батпай басы сал-
бырап кетті. Бөлімше командирі, үлгілі солдат, ақ қабақ Блоха да
тайсақтай берген.
– Иә, бұл сендердің комбаттарың, – дедім мен.
Бәрі үнсіз.
Олжа автоматын иығына асқан Тимошинге:
– Тимошин, рота басшылығын қабылдап ал, – дедім.
– Құп болады, жолдас комбат.
– Автоматың оқтаулы ма?
– Оқтаулы.
409
Қазанның жиырма сегізі
– Қазір саған жаңа шепті көрсетемін. Егер кімде-кім қашпақ
былай тұрсын, артына бұрылып қараған болса, қорқақты авто-
матпен табанда жайратып сал. Түсінікті ме?
– Түсінікті, жолдас комбат.
Мен сөзімді тағы да саптағыларға арнадым:
– Немістер бізді жан-жақтан қоршап алды. Қазір жағалай
қорғаныс шебін құрамыз. Одан соң адал солдаттардың салты
бойынша оққа ұшқандарды жерлеп, жараланғандарды өзімізбен
бірге алып, бұл жерден не шығып кетеміз, не осы шепте мерт
боламыз.
– Дұрыс, – деп гүр ете түсті саптағы біреу.
– Сіздің мақұлдауыңызды сұраған жоқпын. Оған зәру
емеспін. Тимошин, міндетің былай...
7
Көк жүзі бұрынғысынша күздің сұрғылт пердесін бүркеніп
тұр. Бұлттар да ауыр тартқандай, дәл төбеден төнеді. Бұлардың
арасындағы күміс табақ күн енді мүлде көрінбей қалыпты. Бірақ
ымырт жабылғанша әлі де екі сағаттай уақыт бар. Тезірек қас қа-
райса екен. Қазір немістің көз алдынан жылыстап шығып кете
алмайсың.
Өздері атқылауды тоқтатқан жоқ, кейде шағын топпен
тақымдап, жақын келуге тырысады, бірақ бізде оқ жаудырып,
жуыта қоймадық. Тәрізі, рус біраз атысады да, қол көтереді деп
дәмеленетін секілді. Жоқ, ол пиғылдарың бола қоймас. Тек жыл-
дамырақ, жылдамырақ қараңғы түссе екен!
Штаб шайласында малдас құрып Рахимов отыр. Төңкерілген
патрон жәшігінің үстінде топографиялық карта ағараңдайды.
Рахимов мені көріп ұшып тұрды.
– Жолдас комбат, баяндауға рұқсат етіңіз.
– Баяндаңыз.
Менің біртоға штаб бастығым бәрін де: Заевтың құрығанын,
Обушковтың да біздің соңғы зеңбіректерімізбен бірге орманға
сіңіп жоқ болғанын өзі-ақ біліп отыр! Жағдай картаға да түсіріліп
қойыпты: түрлі-түсті қарындашпен белгілеген таңбалар Быки
деревнясын алған немістердің қимылын, Филимонов ротасының
осы деревняға қарай доғаша иілген тікенекті шебін, біздің жаға-
лай қорғанысымызды көрсетіп тұр.
Волоколамск тас жолы
410
Рахимов батальонды бұғалықтаған тұзақ жайын да ешбір
асып-саспастан мәлімдеді. Тек оның қараторы жүзі сәл сұрланып
алыпты. Амал не, мұндай күні қалайша құлпырып, гүл-гүл жай-
нап отырарсың.
Еріксізден барлық бәлені бастаған Торытөбелдің соншалықты
үркіп, есі шығуының себебін Рахимовтан білдім. Алтыауыз ми-
нометтің бастырмалата атуынан бірде-бір адам өлмеген. Жалғыз
құрбандық Ақбоз болыпты. Снаряд жарықшағы оның мойын
күретамырын орып түседі. Шапшыған қан қасында байлаулы
тұрған Торытөбелдің тұмсығы мен көзіне шашырайды. Торытө-
бел жұлқынып, безе қашқан. Ал оны атып салу Синченконың ой-
ына келмепті.
– Оның да есі шығып кетті ғой, – деді Рахимов.
8
Ымырт түсісімен немістер от қойғыш оқтарымен шабын-
дықтың әр жерінде тұрған бірнеше шөмелені өртеді. Алаулаған
жалын айналаны күндізгідей жайнатып, біздің кетуімізге мүм-
кіндік бермеді. Ендігі бір ғана таса жол – саймен барып, көпір
астымен өту еді.
Бұл аңғар Волоколамскіден, Волоколамск тас жолынан тіптен
әрі қарай, қиыр түптегі орман алқабына бір-ақ апарады. Роталар
ақырын ғана еңбектей жылжып, жылғаға қарай жақындады; жал-
тылдаған шұғыла мен лапылдай шалқыған жалынның сәулесі су
бетін қызғылт нұрға бөлейді.
Біз ың-шыңсыз сапқа түзілдік. Брудный бастаған барлаушы-
лар маңдай беттегі шолғыншы ретінде алға түсті. Қолдағы екі
дөңгелекті арбалар мен аттар жаралыларға берілді. Бұл ат-көлік
пен санитарлық арба жауынгерлік бөлімдердің орта шеніне ор-
наластырылды. Кей жерлерде бұтаға соғылған дөңгелектер
жылғаға сырғып түседі де, аттар да жиектегі таяз су табанын ке-
шуге мәжбүр болады.
Міне, ақырында батальон легінің соңғы қатары көпір астынан
жылыстап өтті. Ең соңында тұйықтаушы ротаның командирі Фи-
лимонов келе жатыр. Таяу маңдағы лап етіп от мұнарасына ай-
налған шөмелелер жарығы оның сақалы қырылмаған суалыңқы
ұртының әжімін одан сайын тереңдетіп, бадырайта көрсетеді.
411
Қазанның жиырма сегізі
Бұл да пистолетін Заевтың дағдысынша, қойнына қыстырып
алыпты.
Маған бір мезет ұзын сирақ Заев адымдап келе жатқандай еле-
степ кетті. Қазір бұл бірдеңені бұрқ еткізіп айтып қалады. Жоқ,
Заев енді біздің қатарымызға ешқашан қосыла алмайды. Ол бізді
сатып кетті, қашты, адал солдат қауымы сапынан аты мәңгіге
өшті.
...Анадайдан қираған зеңбіректің бір жағына қарай шоңқиған
дөңгелегі қарауытқан. Бұл жерде біз Кубаренкодан айырылдық.
Атыс позициясындағы окоптардың бірі оның қабіріне айналды.
Тек асығыс сүргіленіп, бетіне сия қарындашпен фамилиялары
жазылған тақтайша мен мынау қаусаған зеңбіректер осындағы
ескерткіш болып қалады.
Біз жағадағы жырамен жүріп отырып, қараңғылық құшағына
сіңдік. Әлгінде айналдыра қоршаған от енді артымызда алаулап
жатты.
У-шусыз, жасырын жасаған жорығымыз екі сағаттайға со-
зылған. Жолай ешкімге кезікпестен, орманға келіп кірдік.
9
Қараңғыда ну-жыныс орман жолымен ілбіп келеміз. Колонна-
ны Рахимов бастаған: түнде ол мысықтан бетер қырағы.
Күтпеген жерден әлдебір жеркепеге тап болыппыз. Рахимо-
впен бірге сонда кірдім. Жертөледе жан баласы жоқ. Керосин
шам жанып тұр. Әлдекім ұмыт қалдырған әйдік, жылтыр ақ құты
жатыр. Еденге төселген шырша бұталары аяқ астында серіппе-
дей сезіледі. Ана жер-мына жерде шашылған қағаз ағараңдайды,
тәрізі, асығыста түсіп қалса керек.
Бір парақты алып қарадым. Подполковник Хрымовтың шта-
бына жолданған әлдебір өкімдер мен сауалдар. Демек, осында
оның штабы тұрған. Сізбен әлі кездесеміз, подполковник! Сон-
да менің бетіме қарауға ар-ұятыңыз жетер ме екен. Тіпті жер-
дегі қағазды көтеріп, шамды өшіруге шамаңыздың келмегеніне
қарағанда, жан сауғалап, безектей қашқан секілдісіз. Бізге хабар
айтуға жарамай, менің батальонымды айдалаға тастадыңыз да,
тайып тұрдыңыз.
Волоколамск тас жолы
412
Кеудедегі зіл-батпан ой жан күйзелтіп, кедір-бұдыр кеспелтек
ағашты жерге қатар-қатар қадап жасаған жалпақ сәкіге отыра
кеттім. Одан Рахимовқа бұйырдым:
– Роталарды осында түнейтіндей орналастыр. Таң бозымен
әрі қарай қозғаламыз. Күзетшілер қойылсын. Рота командир-
лерін маған жина.
...Командирлер келді. Бозжанов оққа ұшқан Ақбоздан сыпы-
рылған ер-тоқым маңайын ақтарыстырып жүріп, ішінде бірталай
арағы бар құты тауып әкелді.
– Жайғасыңдар, – дедім мен.
Әркім ыңғайына қарай орналасты. Рахимов аяқтарын астына
қарай жинап, едендегі шырша үстіне малдас құрып отыра қал-
ды. Оның қатарына сида денелі Филимонов тізе бүккен: өзінің
бір күн ішінде қатты азып, көзі шүңірейе жүдегені сонша – сел-
дір қабағы біржола кіржиіп қалғандай еді; дегенмен, әскери жи-
нақылығын сақтап, жертөленің бұрыштағы тіреуіне еркін сүйене
жайғасты. Рота командирі қызметіне әзірше бой үйрете қоймаған
Тимошин сыпайы ғана келіп, қарағай қылқанын тістелеген күйі
сәкі шетіне құйрық басты. Тек Бозжанов бастан кешкен барлық
кесапатымызға қарамастан, әзілқойлық әдетін сақтауға тыры-
сып, құтыны құдды бір алтын тостаған ұстағандай, қос қолдап
аялай көтеріп, жақындай берді.
– Сіздерге түскі қонақасы бере алмаймын, жолдастар, – дедім
мен. – Бірақ арақ бар.
«Түскі қонақасы» – деп қайталаймын іштей. Волоколамскіде
бас қосқан сонау түскі астан бергі аралықта, шынымен, екі-ақ
күн өткен бе?! Небәрі екі күн... Достық үшін ішуді ұсынатын қа-
раторы, сәнқой Панюков арамыздан кетіп те үлгеріпті. Ебедей-
сіз, қарақаткөз Дордия да сыртта, оны санитарлық арбамен әкеле
жатырмыз. Көпір түбіне жерленген Кубаренко да жоқ. Полк ко-
миссары шақыртып, содан бізден бөлек кеткен Толстунов та жоқ.
Заева та жоқ...
Бозжанов маған құтыны созды:
– Жолдас комбат, алдымен сіз татыңыз!
Ойыма тағы да «біздің батальондық Пат» атанып кеткен Заев
оралады. Оның қаңылтыр күрешкені көтеріп, тост орнына: «Бұ-
413
Жоғары медициналық білім
дан өзге жол жоқ бізде, қолымызда вин-тов-ка!» – деп даусы қы-
рылдай әндеткені еске түсті. Әй, Заев, Заев...
Құтыны алып, бірінші болып аузыма тостым. Ішімдік өзекті
күйдіріп, жүгірген отты ағын өн бойды шарпиды, бас та лезде
бусанып, рахат бір күй кеше түсесің. Мен құтыны жағалатып жі-
бердім. Бәрі де бір туған бауырларша аузынан ішісті.
Москва түбіндегі арпалысымыздың он төртінші күні, міне,
осылай аяқталды.
Жоғары медициналық білім
1
Таң арайы сірескен орман ішіне өте алмады, тек ағаштардың
жапырағы түскен ұшар басы ғана бозараңдап зорға көрінеді,
ал біз сап құрдық та, қозғалып үлгердік. Айналаны кіреукелеп
қырау бүркегендей; шытқыл аяз қарпып, қабыршық жапқан
жер-төңіректегі баяғыдан қалған ат тұяғы мен дөңгелек іздерінің,
айғыз-айғыз орман жолының бетінде шашылған қарағай қылқа-
ны мен жапырақ жайрап жатыр. Кей-кейде нәзік мұз қабығы та-
бан астында күтір-күтір ұсатылады.
Жауынгерлік тағдыр тауқыметі менің қатары сиреген батальо-
нымды Волоколамск тас жолының асфальтты даңғылынан қиыр
шетке лақтырып тастады. Немістер қайда? Біздің дивизия қай
жерде? Бұл белгісіз еді. Әдетте, тезірек ымырт жабылуын тықы-
рши күтетінбіз, ал қазір ертерек таң атса екен деп тіледік! Мәскеу
түбіндегі майданның жаңа бір алашапқын күніне зар болып қал-
дық! Зеңбірек атылса дивизия шебінің қай бағытқа жылжығанын
жобалап ажыратам ба деп дәмеленіп ем.
Таң да атты, жарқырай түскен күн сәулесі шыршалардың
үшкір төбесін жалтылдатып, мың құбылтады, ал зеңбірек атаулы
әлі «ұйқыда» – тым-тырыс.
Міне, ақыры бүйірдегі Волоколамск тас жолының бел орта-
сы тұсынан гүрс еткен зеңбірек дыбысы да естілді-ау! Араға бір
минуттей салып екінші, одан үшінші атыс қайталанды да, сирек
соққылар басталды.
Волоколамск тас жолы
414
Әне, біз өтуге межелеп келе жатқан алдыңғы тұстан да гүмп
еткен дыбыс шықты. Бұл кім – біздің адамдар ма әлде немістер
ме? Елеңдеп, құлақ тігіп, қияпат жарылысты ұзақ күттік. Бір кез-
де күңгірлеген, әлсіздеу үн жетті. Снарядтың Мәскеу тарапына,
Қызыл Армия жағына атылғанына күмән қалмайды. Міне, со-
лай қарай және біреуі атылды. Иә, жүк машиналарына тіркелген
неміс зеңбіректері кең жолдарда бізден озып кеткен екен; басы-
мыздан аттап, мына орман арқылы ілгері өтіп алған жаудың алғы
шебінің ту сыртында қалыппыз.
Зеңбіректер оянып, өзге тараптардан да белгі бере бастаған.
Атыс аса жиі емес еді. Арагідік арқа тұсымыздан немістердің
ауыр зеңбіректері аһылап-уһілеп қояды. Ал жаңа шептердің бірі-
не орналасқан біздің артиллерия көп үндемейді.
Осынау еріншектеген атыс ырғағына ілескендей, өзіміз де ми-
тыңдай жылжып келеміз. Рахимовпен бірге лектің басында келе
жатқан мен ормандағы кең жолдардан қашқалақтап, деревня ар-
баларынан қалған тасадағы тар, бұралаң соқпақтарды таңдадым.
Аяз ақырындап сынды. Жер жіпси түскен. Бұдан бір сағат
қана бұрын ағараңдап, шыққа оранған төбеміздегі сида бұталар
мен қураған сарғыш жапырақтардан, ауыр шырша қылқанынан
бармақтай-бармақтай тамшы шүмектей бастады.
Батальон жүрісі тым баяу. Анда-санда аялдап, шұбатылған
батальон колоннасын қасымнан өткізіп, ығы-жығы сүйретілген
қатарларға қарап тұрамын. Айтпақшы, сарбаздардың бұ кездегі
жүру ретін қатар деуге де келмейді. Кейбіреуі тайғанақтап ба-
рып, жол табанына түседі, басқалары бүйірден жанасып, сирек
өскен жас шыбықтар арасымен ілбіп келеді. Әрқайсының арқа-
лаған солдаттық керек-жарағы бар. Жауырындағы жол қапшығы-
ның сыртына котолектері байланған, олардың да шетіне қасық
тимегелі бірнеше күн өтіпті.
Өз сарбаздарыма көз тігемін, олар да маған қарағыштайды.
Бірақ ешқайсы түскен еңсені көтеруге ұмтылмады, аздап болсын
серпілуге тырыспады. Бәрінің де көзқарасынан жан ауыртатын
ортақ бір сүреңсіз көріністі байқаймын. Мұны не деп атаса болар
еді?
Шалпылдаған батпақтан аяқтарын әрең суырып екі солдат
адымдап келеді, батальонның ән бастаушылары – еңгезердей Го-
415
Жоғары медициналық білім
лубцов пен бұлшық еті бұлт-бұлт ойнаған, сымбатты Курбатов.
Голубцовтың басы салбырап кетіпті. Ол менің қасымнан да сол
төмен қараған күйі өтті. Ал маған көз қиығымен қарап қалған
Курбатов дағды бойынша кеудесін тіктей қояды. Бірақ мұның да
көзінен ауыр бір торығу белгісін көремін.
Иә, шегінген солдаттардың көз-жанарын шексіз мұң торлап
алыпты. Батальоннан береке қашып, белгісіз бір қамығу, қай-
ғы-қасірет күйі буып алғандай.
2
Титықтап, зорға ілбіген лекті тағы да басып озып алға шығып,
Рахимовпен қатарластым.
Зілмауыр ойлар мені де тұқырта түсетін сияқты. Қашанғы ше-
гіне бермекпіз? Соғыстың біз үшін сонша ауыр, сәтсіз басталуы-
ның сыры неде?
Осы, таяуда ғана, мамыр, маусым айларында тұс-тұсымызда
жағалай: «Егер жау соқтығар болса, сойқан соғысты солардың
жерінде жүргіземіз!» деген плакаттар ілулі тұратыны қайда?
Шабуыл, шабуыл, тек қана алға, құлшынып, ілгері ұмтылу –
біздің армиямыздың берік ұстанымы, соғыс алдындағы бесжыл-
дықтар рухы, ұрпақтардың көзсіз ерлікке бағытталған ұраны
осындай еді. Шегіншектей жүріп ұрыс салу туралы, шегіну
тактикасы мен теориясы жайында ешқашан ойлаған да емеспіз
– әйтеуір, өзімнің офицерлік ғұмырымда мұндайды бастан
кешпеппін. Тіпті «шегіну» деген сөздің өзі біздің жауынгерлік
уставымыздан сызылып тасталған-ды.
Ендеше біз неге артқа серпіле береміз? Неге?
Соққы астында қалдық... Әйткенмен, біз де – соңымнан
сүметіле шұбырған мына солдаттар да жауды талай жайратты
емес пе, дұшпанның алдымыздан тырқырай қашқанын көріп,
өлер алдындағы шырқыраған дауысын қаншама естідік қой.
Бізді оңдырмай соқты... Бірақ Совет мемлекеті күйреген жоқ.
Қазір қаруланған төрт жүз елу совет адамынан тұратын біздің де
кішкене мемлекетіміз – менің батальоным, Панфиловтың резерві
қалпында. Біз өзіміздің күнделікті қолданатын солдат бұйымын
ғана арқалап жүрген жоқпыз, сонымен бірге жан түкпіріндегі ең
қастерлі қасиеттеріміз – туымызға деген адалдығымызды, рево-
Волоколамск тас жолы
416
люция өсиеттеріне, жауынгерлік борышқа деген айнымастығы-
мызды қоса сақтап келеміз.
Неліктен екенін, тағы да Заевтың жарықшақ даусы, оның Во-
локоламскіде айтқан: «Бұдан өзге жол жоқ бізде, қолымызда вин-
товка!» деген тілегі баста жаңғырығады.
Ех, Заев, Заев!
3
Келе жатып ойға батқаным сонша – Рахимовтың сөзін біраз-
дан кейін зорға аңдадым:
– Жолдас комбат, жолдас комбат!
– А? Не болды?
– Жолдас комбат, күн тас төбеге келді. Бір сағат аяқ суытуға
мұрсат берсеңіз.
– Иә, дер шағы... Команда бере бер.
Рахимов қолын шекесіне апарып, шалт та еркін қимылдап кері
бұрылып, ақырын ғана дауыстады:
– Батальон, тоқта!
Әсілі, батальондағы жалғыз жүрдек адам, кезінде тау-тасты
көп кезген альпинист Рахимов қана әлі тың. Жоқ, қателесіппін.
Сол бойда бастағы ротаны алып келе жатқан жас Тимошинның
жарқын даусы саңқ-саңқ етті:
– Екінші рота, тоқта! Реттеліңдер! Теңел!
Сәл үзілістен кейін алдағы лекті өкшелей келіп, іліккен өзге
роталардан да дауыстар естілді. Немістер басып алған орман
алабындағы лай-лай, қуықтай жол бойына сыйысқан шағын
мемлекетімізде біздің советтік әскери сабымыз бен тәртібіміз әлі
сақталған екен.
Кенеттен іштей айтылған осы «әлі сақталған екен» деген сөз
санама сақ етті. Осынау «әлі» деген сонша тайғанақ, тұрлаусыз
сөзді комбат басыммен, ойша болса да, өзімнің айтып тұрғаным
рас па?! Шынымен-ақ, менің де жігерім жасып, сүлдерім құрыға-
ны ма? Олай болса, батальонды басқарып, өз солдаттарымды
азапты қысталаң кезеңдерден қалай алып шықпақпын?
Батальон дамылдауға кірісті. Рахимов маған: «Күн тас төбеге
келді» деді ғой. Расында да, шаңқай түс болыпты, күн көзі сел-
дір жапырақтар арасынан шақшия қарайды, алайда түскі астан
хабар жоқ еді. Ылғал жерде сытырлап от жана бастады, сарбаз-
417
Жоғары медициналық білім
дар жай ыстық сумен болсын өзек жылытып, құрсақ алдау үшін
қолма-қол қазылған суаттан су әкеліп, котолектерін отқа қойып
жатыр.
Бұрынғыша, ой құрсауынан шыға алмай, кескен ағаш түбірі-
не тізе бүктім. Қасыма біреу келген секілді. Басымды көтеріп
қарасам, алдымда Мурин тұр. Шинелінің жағасы ашық, етегі
баттасқан балшық. Сопайған ұзын иегін қап-қара болып сақал
қылтанағы жауып кетіпті. Сәл сүйірлеу біткен дөңес мұрны да
үшкірлене түскендей. Көзілдірігінің сынған имек тұтқасы әлі де
сыммен байлаулы жүр. Әдеттегіше мойнын созған Мурин маған
сығырая қарайды. Көзінен ұшқындаған біртүрлі ыбарлылау от-
тың мәнін алғашқыда түсіне алмай қалдым. Өзі бойын тіктеп,
ізет көрсете ме деп күтіп ем, мұны істемеді.
Біраз уақыт үнсіз қалдық.
– Не айтпақшысың? – дедім одан.
– Ашпын, – деді ол.
Орнымнан тұрдым.
– Өзің комбатқа қалай-қалай келесің? Бар, он қадам кейін ше-
гін де, үсті-басыңды реттеп, қайтадан дұрысталып кел.
Мурин қарсылық білдіруге оқталғанымен, тәртіпке бағынып,
кері бұрылды. Бір-екі минуттен кейін етігін шалшықтағы суға
жуып, солдат ережесіне сәйкес киімін түзеп, еңсесін тік ұстап,
басын жоғары көтеріп қайтадан тақалды.
– Жолдас комбат, сөз айтуға рұқсат етіңіз.
– Айт.
– Жолдас комбат, біздің қарнымыз ашты.
– Біз дейсің... Сен немене, өкілсің бе?
– Өкіл емеспін, бірақ біз бәріміз... Әл-дәрмен жоқ, түгелдей
ашпыз.
– Ендеше бәріне айтып бар: бүгін мен жұртқа ештеңе бере
алмаймын, мені кескілеп жесеңдер де – дым жоқ. Түсінікті ме.
Мурин үн қатпады.
– Кескілеп жеңдер! – деп қайталадым. – Сенің аштығыңды
басатындай жалғыз нәрсе осы ғана. Менде басқа түк жоқ.
Мурин қипақтап қалды.
– Кетуге рұқсат па? – деді ол.
– Бар... Менің айтқанымды бәріне жеткіз.
Волоколамск тас жолы
418
Мурин кетті, бірақ одан сайын беймаза күйге түсіп, бұрынғы-
дан бетер күйзелдім.
Әбден титықтап, діңкелеген солдаттар кез келген жерге қаз-қа-
тар сұлай кетісті.
Қасыма Бозжанов келді.
– Ақсақал, – деді ол қазақшалап, – бір жағымсыз жағдай бо-
лып қалды.
Оның әдеттегі дөңгелек кейпінен байқала қоймайтын шықшыт
сүйектері енді адырая түсіпті. Мейірман жүзінен абдыраушылық
байқалады. Тағы нендей қырсыққа кезіктік?
– Ал... Не болып қалды?
– Жаралылар далада қалыпты.
– Далада қалғаны қалай? Қайдан білдің мұны?
– Қазір ғана доктормен сөйлестім. Арттан ілескен арба енді
ұшты-күйлі жоқ дейді. Ал оның өзі мен бірнеше санитар мұнда
батальонмен бірге келіпті.
Атып тұрдым. Қалай? Ендігі жетпегені осы еді! Біз... Менің
батальоным енді аярлыққа барыпты, опасыздықпен жаралылар-
ды тастап кеткен!
Ақырын ғана шытырлап, тіпті қоламтасы бықсып, өшуге ай-
налған оттардың маңайындағы бірі отырып, бірі сұлап жатқан
сарбаздар тұсынан өтіп, колонна тәртібі бойынша санитарлық
взвод орналасқан лектің орта межесіне қарай ұмтылдым. Соңым-
нан Бозжанов ілесті.
Беленковты сонадайдан-ақ көргенмін. Қайыңға сүйеніп жер-
де отыр екен. Кеудесіне қусырған қолын жеңдерінің шынтағы-
на дейін сұғынып алыпты. Қалғып отыр ма деп ойлап ем. Жоқ,
түрінде кәдімгіше сес бар. Ол, әрине, маған түсінік беруге тура
келетінін жақсы біледі: тәрізі, мені байқап та үлгерген сияқты,
бірақ сыр бермей, отырған қалпын өзгертпеді.
Мен дауыстап қалдым:
– Беленков!
Жүйкем ширығып, жүрегім алқымға тығылды. Өзін «доктор»
немесе «жолдас» деуге аузым барар емес. Беленков отырған бой-
ында пенснесінің әйнегі жалт етіп мен жаққа қараған. Осы кезде
ақыры даусымды шығаруға шамам жетіп, ақырып қалдым:
– Тұр кәне!
419
Жоғары медициналық білім
Беленков, өзіңізге мәлім, медицина қызметінің капитаны, ал
мен аға лейтенант қанамын, алайда Беленков үнімнен қаймығып
қалған секілді, доктор ыңғайға илігейін дегендей. Еріксіз қира-
лаңдап, орнынан көтеріліп, тістене тіл қатты:
– Маған айқайламауыңызды сұраймын!
Әйткенмен, жүрексініп қалғанын жасыра алмайды. Оны жеңі-
нен суырған қолдарынан-ақ байқауға болар еді. Саусақтары дір-
дір етеді. Ол жұдырығын жұмып алды.
– Жаралылар қайда? – деп сұрадым мен. – Санитарлық арба
қайда?
– Мен делбеші емеспін... Білмеймін.
– Білмейсіз бе? Өзіңізге сеніп тапсырылған жаралылардың
қайда екенін білмейсіз ғой?
– Білмеймін... – Беленковтың даусы кенеттен жылана шықты.
– Арба артта қалып қойды... Біз өзгелермен бірге жүре бердік...
Қуып жете ме деп ойлап едім...
– Бұл қашан болған жағдай?
– Екі сағаттай өтті.
– Маған неге мәлімдемедіңіз? Сіз қан төккен жолдастарыңы-
зға сатқындық жасап, абыройдан айырылдыңыз...
Қасымызға жақын келген жауынгерлер мен командирлер елең-
деп, қарай қалды. Жаралылардың далада қалғаны туралы хабар
лезде батальонды шарлап үлгерді. Артқа бұрылмасам да сезіп
тұрмын: сыртымнан доғадай иіліп, ондаған адам төніп алған. Бе-
ленков айналадан аяушылық іздеп, ақтала сөйледі:
– Мен ешкімді сатқан жоқпын... Сіз өзіңіз... Сіз өзіңіз де бізді
қайда бастап бара жатқаныңызды білмейсіз. Ал жұрттың әрі қа-
рай жүруге дәрмені жоқ.
Кенет жон арқама қырық-елу шаншудың қадалғанын түйсін-
дім. Сарбаздар көзқарастарымен түйреп тұр. Артыма бұрылдым.
Сұғына қараған көздер: «Сен бізді апарып жарға соғасың ба әлде
аман-есен алып шығасың ба» дейтіндей. Бұл дауыстап айтқаннан
да айқын нәрсе еді. Шилібаевтың қысық көзі, Березанскийдің
сұрғылттау қой көзі, Ползуновтың жарқыраған байыпты жанары,
жан-жақтан төнген ондаған көз тіктеніп: «Неге тобыр-тобыры-
мызбен шұбыра сүйретіліп келеміз, неліктен бұйрық беріп сол-
дат қалпымызға қайта түсірмейсің?» деп сұрайды.
Волоколамск тас жолы
420
Сол мезетте шешім қабылдадым:
– Колонна бойынша хабарлаңдар: лейтенант Рахимов маған
келсін! Рота командирлері маған келсін!
Рахимов менің бұйрығымсыз-ақ қайың түбіне жетіп келді. Бір
минут өтер-өтпесте барлық рота командирлері – Филимонов, Ти-
мошин, Бозжанов қасымнан табылды. Сөзге ден қойғандардың
бәрі жаныма жиналды.
Мен:
– Жолдастар! Әскери дәрігер Беленков біздің жаралы жол-
дастарымызды тастап кетті. Санитарлық жүк арбасы арта, орман
арасында қалған. Қазір біз кері қайырылып, жаралылар қалған
жерге барамыз. Барлық легімізбен жүреміз, күшімізді бөлшекте-
уге болмайды. Рота командирлері жауынгерлерге өзіміздің айда-
лада қалған қорғансыз жолдастарымызды құтқаруға баратыны-
мызды түсіндіріңдер. Лейтенант Брудный осында ма?
– Мен!
Брудный үйіріле үймелесіп тұрған топтың арасынан шыға
келді. Оның өткір қара көздері бұрынғыша жарқ-жұрқ етеді.
– Брудный, бастағы жортуылшы ретінде алға түс! Жолдастар,
дереу рота-роталарыңызға барыңыздар! Бұйрықты орындаңы-
здар!
4
Өз ізімізбен кері қайттық. Кез келген сәтте неміспен бетпе-бет
келуіміз мүмкін. Мұны бәрі де жақсы түсінеді. Лек жинақыла-
нып, тиісті арақашықтық тәртібі реттеле түсті.
Аспан тағы да түнеріп, жаңбыр себелеп өтті, орман арасы күң-
гірт тартқан.
Ымырт қараңғылығы да жан қысатындай; бірақ неміс жаулап
үлгерген жеріміздегі орман түкпіріне ендеп кіре түсіп, әр қада-
мымызды аттаған сайын Қызыл Армиядан алыстап барамыз. Ал-
дымызда барлаушыларымыз жүр, бірақ әзірге олардан хабар жоқ.
Бір жарым сағаттай жүрген соң байланысшымыз, мығым де-
нелі Самаров қарсы жүгіріп келе жатты. Өзі мәз.
– Жолдас комбат, – деп мәлімдеді ол, – мені лейтенант Бруд-
ный жіберді... – Одан сөзінен жаңылып қалды да, айқайлап: – Та-
былды! – дей салды.
421
Жоғары медициналық білім
Көп ұзамай қандыағаш бұталарының саңылауынан, шырша-
лар мен қайыңдар діңі арасынан өзіміздің арбаны көрдім. Жол-
дан бұрылған бетте ашық алаңқайға доғарылыпты. Жетектен бо-
саған аттар бір буда шөпке бас қойған. Шалқып от жанып тұр,
оның үстіндегі қолдан қиюластырған көлденең ағаш мосыға
жарты шелектік бүйірлі шәйнек ілініпті. Отты жағалата қалың
етіп төсеген шырша қылқанына жаралылар жайғасқан. Орман-
дағы осынау әжептәуір қолайлы жағдайды кімнің жасап жүргені
айтпай-ақ белгілі болып қалды. Балтасын белдігіне қыстырып,
құлағынан ұқыптап жіппен тізген бірнеше күрешкесін ұстап,
арба жақтан отқа қарай дағдысынша асықпай баппен басып, Ки-
реев келе жатты.
Киреевті өзіме шақырдым.
– Неге қалып қойдың?
Ол кінәлі кейіппен күмілжиді:
– Жолдас комбат, аттар болдырып қалды... Мүлде титықта-
ды...
– Сонда не істемекші едің?
– Аттарды жемдеп... Жаралылардың таңдайын жібітсем
дедім. Шай мен қант, Құдайға шүкір, әлі біраз бар. Сөйтіп, ақы-
рындап жылжимыз ба деп ем.
– Немістерге тап болсаң қайтер едің?
– Бәрі ықтимал ғой... Қызметті жеріне жеткізе орындау қажет
деп ойладым, жолдас комбат... Не жағдайға ұшырасақ та арым
таза болмай ма. Ал міне, енді іс сәтімен аяқталды емес пе...
– Істің сәтімен аяқтала қоюы алыстау шаруа, – дедім мен.
Фельдшермен тағы біраз тілдескен соң арбаға қарай аяңдай-
мын. Дордияның қарақаттай көздеріне көзім түсті.
– Жолдас комбат, – деді Дордия деміге сөйлеп, – мен білген-
мін... – Ол ентігін басып, сәл бөгелді. – Сіздің оралатыныңызды
білгенмін.
Сөйлесіп тұратындай уақытым жоқ еді. Сондықтан әуелгіде
оқталғаныммен, Дордияның қасына отырып совет адамы деген
кім деген тақырыпта пәлсапа соғуға мұршам болмады.
5
Мен Рахимовқа батальонның барлық орта буын командирлер
құрамын шақырып, алаңға сапқа тұрғызуын бұйырғанмын. Қа-
Волоколамск тас жолы
422
тарда доктор Беленков та тұр. Бүгжиіп, пенснесі арқылы көзінің
астынан қарап қояды: менің кешірмейтінімді біледі.
– Беленков, саптан шығыңыз! – дедім оған.
Ол қарсылық көрсеткісі келген болу керек, алақ-жұлақ етіп,
жан-жағына қарады; дегенмен, алға қарай бір аттап, бүйірінде
салақтаған медициналық сөмкесін күйгелектене жөндеді.
Әр сөзімді нақтылай жеткіздім:
– Беленковты қорқақтық көрсеткені үшін, ар-абыройдан ай-
ырылғаны үшін, жаралыларды тастап кеткені үшін қызметінен
босатамын. Ол совет командирі, советтің әскери дәрігері деген
атқа лайық емес. Беленков! Айырма белгілеріңізді, медициналық
сөмкеңізді, әскери жабдықтарыңызды шешіңіз!
Көнгісі келмей, тыпырлап қалды:
– Сіз... Сіз... Сіз...
– Сөзді доғарыңыз! Киреев! Бері келіңіз. Өз винтовкаңызды
Беленковқа беріңіз. Сіз, Киреев, санитарлық взводты басқарасыз,
ал қызметке лайық емес мына кісі қатардағы санитар ретінде
жаралыларды тауып, майдан даласынан алып шығатын болады.
Беленков, бұйрықты орындаңыз! Айырма белгілеріңізді сыпы-
рыңыз!
Беленков қызарақтап сөйлей бастады:
– Менің... Менің жоғары медициналық білімім бар. Менің
шенімді төмендетуге сіздің құқыңыз жоқ. Мені халық комиссары
ғана төмендете алады.
Расында да, устав бойынша, заң жүзінде оның шенін түсіру-
ге құқым жоқ-тын. Оның үстіне, Беленковтың жағасында капи-
тандық «шпал» белгісі жылтырайды, ал мен тек аға лейтенант-
тық «кубик» тағып жүргем-ді. Алайда бойымды тіктеп, қорқақ
Беленковтың алақтап, олай-бұлай жүгіріп тұрған көздеріне тура
қарап нық жауап бердім:
– Менің оған құқым бар. Біз – төрт жүз елу совет жауынгері
өз армиямыздан ажырап қалдық. Біздің батальон – өзіндік бір
арал. Жау басып алған жердегі тұтастай аумақ. Ал бұл аралдағы
жоғары билік менің қолымда. Мен, батальон командирі қазір
бүкіл советтік мемлекет билігінің өкілімін. Мен осындағы... –
Енді қызына сөйледім. – Мен осындағы бүкіл Совет Одағы Қа-
рулы Күштерінің бас қолбасшысымын. Мынау алдымызда да,
423
Жоғары медициналық білім
артымызда да, оғымыз бен солымызда да жау қаптаған алақан-
дай жерде... – Осы мезетте сөз таба алмай сәл мүдірдім. – Совет
өкіметі – менмін! Өз әскерлерінен қол үзіп қалған батальон ко-
мандирінің – міне, кім екені! Ал сен қорқақ бейшара маған құқың
жоқ дейсің. Мен сенің шеніңді төмендетуге ғана емес, опасыздық
жасағаның үшін атып тастауға, тіпті кескілеп өлтіруге құқым
бар!
6
Біршама толқып, еріксізден орнымнан тұрып, өзімнің айтқан
сөзімді Панфиловқа қайталап бердім. Дәл осы тұста, әңгіменің
ең тартысты тұсына жеттік-ау деген кезде ол күле бастады.
– Тура осылай «Совет өкіметі – менмін!» дедіңіз бе?
– Иә, жолдас генерал.
– «Мен – бас қолбасшысымын» – деп те жібердіңіз ғой?
– Иә.
– Мәссаған, жолдас Момышұлы, аттың үлесі ғой бұл...
Мен бір сәт абдырап қалдым. Әзірге сіздің дәптеріңізге түспе-
ген, өзім әлі ол туралы оған бір ауыз жақ ашып үлгермеген ат-
тың үлесі жөніндегі әңгіме, шынымен, Панфиловке мәлім болып
қалғаны ма?
– Жолдас генерал, бұл жайындағы әңгімені біліп алғансыз
ба?
– Не жайындағы?
– Аттың үлесіне қатысты сөзді...
– Ештеңе естімеппін... Не жағдай еді?
– Бәлендей мәні жоқ. Шынымды айтсам, жолдас генерал, ол
туралы өзіңізге ештеңе демей-ақ қойсам ба деп ем.
Әйткенмен, Панфилов, қызығушылық байқатты.
– Айтып беріңіз... Бірақ асықпаңыз. Алқымнан алмайын.
Қазір сіз екеуміз орман арасындағы алаңдамыз. – Ол тағы да жы-
миды. – Сіз біздің докторды, расында да, кескілеп өлтіруге даяр
ма едіңіз?
Енді мен де күлдім:
– Жоқ, жолдас генерал... Ондай іс қолымнан келмес еді.
Панфилов едәуір уақыт ойланып, үнсіз қалды. Одан тез сер-
піліп, сұрақ қойды:
Волоколамск тас жолы
424
– Ал жоғары медициналық білім жөніндегі мәселе қалай бо-
лады? Мұны қайтпексіз?
– Жолдас генерал, жоғары медициналық білім жөнінде оған:
«Қатардағы санитар ретінде қызмет ете тұрасың, оқ астынан
жаралы сарбаздарды алып шығасың, өз міндетіңді адал атқа-
руға дағдыланасың, міне, сонда ғана сенің жоғары медицина-
лық білімің болады. Шпалыңды шеш те, қатардағы жауынгер
бол, жоғары медициналық білім үшін еңбегіңді сіңір» деп жауап
бердім. Сөйтіп, оның әскери шенін төмендеттім, жолдас генерал.
Панфилов маған күлімсірей қарады. Байқауымша, әңгімемдегі
жәйттер оның кейбір ойларына сәйкесіп, көңілін сергіткен секіл-
ді. Осы жорамалымды қуаттай түскендей ол:
– Сіз, жолдас Момышұлы, мына оқиғаның қаншалықты қы-
зықты екенін өзіңіз әлі аңдай қоймаған секілдісіз... Рапорт жа-
зыңыз, мен өз тарапымнан армия қолбасшысының бекітуін
сұрайын. Дегенмен оған әлі үлгереміз... Әңгімеңізді жалғасты-
рыңыз, жалғастырыңыз.
Мен өз мәлімдемемді, немесе анығырағы, командирлік сы-
рымды ақтара түстім.
Горки деревнясы
1
Беленков сапта тұрған командирлердің көз алдында жаға-
сынан шендік айырма белгісін сыпырды, планшеті мен медици-
налық сөмкесін шешті, бұдан соң осының бәрін Киреевке ұста-
тып, винтовканы алды да, қатардағы санитар ретінде алаңның
екінші шетінде көрініп тұрған арбаға қарай сүйретіліп кетіп бара
жатты.
Командирлерге жағдайымыздың қаншалықты қиындағанын
ұқтырып, кез келген тәртіп бұзушылыққа тек өлім жазасын қол-
дануды бұйырдым. Ал өз адамдарымызға барып қосылғанша өз-
геше шара түрлері қолданылмайды дедім.
Бұдан соң батальон сап құрды.
Алаңқайда жауынгерлер тізіліп тұр. Бұрын да басымнан кеш-
кенімдей, саптан ескен айрықша бір күш-қуатты сезінемін.
425
Горки деревнясы
Сарбаздарыма:
– Біз – қаруланған төрт жүз елу совет адамы жау қолына өт-
кен аумақта жүрміз. Біздің міндетіміз – өз әскерлерімізге барып
қосылу. Және оларға жай ғана бірігуді діттемейміз, жауды қы-
рып-жойып, оның алға жылжуына барынша бөгет жасаймыз.
Бұған қоса аштыққа төзуімізге тура келеді. Дәл қазір аштық –
ерік-жігерімізді талқандауға ұмтылатын ең қатерлі жауымыз бо-
лып тұр. Бұл өзі құтырынған қасқырша бас салып, қастерлі мұра-
тымызға, антымызға адалдықтан тайдырып, кездескен барлық
ауыртпалыққа мойымай, оны қалайда жеңіп шығу туралы совет
халқының ұлы аманатын орындатпауға күш салып бағады. Біздің
басты тірегіміз – темірдей тәртіп.
Бұдан соң Беленковтың шенін төмендетіп, оны қатардағы жа-
уынгер дәрежесіне түсіргенімді мәлімдеп, сөзімді жалғастыр-
дым:
– Жолдас жауынгерлер мен командирлер! Мұндай жағдайда
кез келген тәртіп бұзушылыққа тек өлім жазасын қолдануды бұй-
ырдым. Командирге бағынбау, қорқақтық, табансыздық көрсету
жағдайларының бәріне өлім жазасы кесіледі.
Сөзімді аяқтап, төрт адамнан қатар тұрып, колонна тізуге әмір
еттім. Одан кейін команда бердім:
– Направо! За мной шагом... марш!
2
Міне, сөйтіп тағы бір күннің парағы жабылды. Дабыл бойын-
ша тік көтеріліп, Волоколамскіден шыққан сағатымыздан бері
төрт тәулік өтіпті. Төрт күн бойы қозғаларда татқан бір түйір ет-
тен өзге нәр сызбаппыз.
Орман ішіне түнегеннен кейінгі қазан айының отызы күні де
сергелдеңіміз жалғасты.
Ал отыз бірінде ақыры өз адамдарымыздың шетіне іліктік-ау.
Рахимовпен қатар келе жатсам, қарсы алдымнан ылғи маңдай
бетке жортуылшы ретінде салып отыратын Брудный жүгіре жет-
ті. Шалт қимылмен ізет көрсеткен ол ентіге сөйлеген:
– Жолдас комбат, бұйрықты баяндауға рұқсат етіңіз.
– Қандай бұйрық? Кімнен?
– Подполковник Хрымовтан.
Брудныйдан ішкілік иісі шығып тұр ма деп күдіктеніп қалдым.
Волоколамск тас жолы
426
– Сен өзі спирттен тартып алғаннан саумысың?
– Титтей ғана бір стақан, жолдас комбат. Одан артыққа бар-
мадым. Біз, жолдас комбат, дивизия аумағына шығып үлгердік.
Бір жарым шақырым жерде шағын Горки деревнясы тұр. Біздің
тосқауыл отрядымыз сонда.
– Ә, сол жерде ұрып жіберген екенсің ғой?
– Басқа қайда болсын! Сол жерден подполковник Хрымов-
тың штабына телефон соқтым. Бізге әлгі деревняға бару туралы
бұйрық берілді.
Мен Рахимовқа батальонды Горкиге апаруды тапсырдым да,
өзім Бозжановпен бірге подполковник Хрымовтың штабын ізде-
уге жөнелдім.
Ми-батпақ қара жолмен тағы да едәуір шақырым жер шиы-
рлап, аяғында әлдебір кішірек деревняда орналасқан штабқа да
жеттік. Жедел кезекші қызметін атқарушы өткенде түнделетіп
көпір түбіндегі біздің күркемізге жуан капитанмен бірге келген
жас лейтенант болып шықты. Лейтенант бізге көзі бақырайып,
аңыра қарап қалыпты. Шамасы, өзі батальонның оралғанынан
хабарсыз болуы керек және, тегінде, содан тірі қалған осы екеуі
ғана деп ойлаған секілді.
Хрымов жоқ екен. Кіре берісте күтіп тұрған бізге қарай полк
штабының бастығы, қызыл шырайлы майор Белопегов жүгіре
шықты. Өзі кісіге үйірсек-ақ:
– Момышұлы! Сені көремін деп ойламап едім. Маған теле-
фон арқылы хабарлаған, бірақ сене қоймағанмын. Жүріңдер,
жүр...
Мен түнеріп бір ауыз ғана сөз айттым:
– Бізге тамақ беріңдер.
– Қазір тамақтандырамыз сені. Жүріңдер қане...
– Мені емес. Батальонды тамақтандырыңдар. Бізді жаб-
дықтайтын сендер емессіңдер ме.
– Қоршаудан қанша адамды алып шықтың?
– Төрт жүз елу адам. Ал сендер, байқауымша, бізді өлдіге са-
нап қойған сияқтысыңдар ғой.
– Шынымды айтайын, Момышұлы, солай ойлағанымыз рас.
Және сендерге бере қоятын да түгіміз жоқ. Өздеріңді есептен
шығарып тастағанымызға екі күн болды.
427
Горки деревнясы
– Әй, ағайындар-ай!.. Алдымен далаға тастап тайып тұр-
дыңдар... Ал енді қазір есептен шығарып үлгеріпсіңдер.
Штаб бастығы үнсіз қалды. Бірақ мен қыса түстім:
– Айтатын сөз жоқ қой, ә?
– Сендерге қарайлайтындай мұрша болмады, Момышұлы.
Ол ақталып әуреленбей-ақ, ағынан жарылған. Бізді ойлауға
шама келмегені рас қой, шамды да өшірместен тұра безіпті.
Шыншылдығы іш жылытты. Салғыласу ниетінен тез айныдым.
Бір минуттей үнсіздіктен соң Белопегов:
– Момышұлы, жүр түстенейік, – деді. Одан Бозжановтан қол-
дау табуға тырысады. – Жолдас политрук, жүріңіз...
Мен бас тартып, алдындағы сөзімді қайталадым:
– Ең алдымен батальонды ауқаттандыру қажет.
– Түк жоқ, Момышұлы.
Бозжанов маған жалынышты түрмен қарайды. Бірақ кесіп айт-
тым:
– Жүр! Мұнда біз бітіретін дым да жоқ.
Сөйтіп, қоштаспастан шығып кеттік.
3
Горки деревнясына итшілеп зорға жеттім. Бозжанов та ар-
тымда жиырма қадамдай жерде қатты алқынып, сүйретіле ілесіп
келеді.
Деревня шетінде бір шелек су көтерген Мурин ұшырасты. Ол
ыдыстың тұтқасын сол қолына дұрыс ауыстыра алмай қалып,
азырақ су жерге төгілді. Мурин әскери ізетпен сәлемдескен соң
көңілдене тіл қатады:
– Жақсылыққа жазсын, жолдас комбат! Толы ыдыспен қарсы
алдық...
– Қайда апара жатырсың?
– Жуынып-шайынамыз, жолдас комбат. – Мурин иегімен
жақын жердегі шағын үйді нұсқады. – Барлық күнәмізден таза-
ланып алайық.
Мен оның әзіл-қалжыңын қоштай қоймадым.
– Батальон штабы қайда?
Мурин бұдан хабарсыз екен. Ол шелекті кілт жерге қойып,
мойнын тіктеп, ер жігіт кейпіне түсуге тырысты. Сезіп тұрмын:
бұл қазір тамақ жайын сұрайды.
Волоколамск тас жолы
428
Ойлағаным болды да шықты.
– Жолдас комбат, біздің қарнымыз аш.
– Тамақтанамыз, – деп қысқа ғана жауап қаттым. – Жөнел.
Деревняның кең даңғылында өз солдаттарымның тағы бір-
нешеуін кезіктірдім, бірақ ешқайсы батальон штабының қай-
да екенін білмеді. Жұрт үйді-үйге орналасып та үлгеріпті. Ана
жер-мына жердегі аула шарбақтарының ішінде желпілдеп,
асығыс жуа салған солдат ыштаны мен ішкөйлегі, тіпті арасын-
да гимнастеркалар мен шалбарлар жаюлы тұр. Әне, сарай түбін-
де әлдекім шинелі мен бас киімін шешіп тастап ағаш жаруға
кіріскен екен: ағараңдаған отын тез арада-ақ бірталай үйіліп те
қалыпты, ал сарбаз балтаны үсті-үстіне сілтейді.
Кеудесіне таза ішкөйлегін қазір ғана киген сияқты, анадайда
есік алдына шыққан жалаңаяқ біреу үй иесімен сөйлесе бастады:
– Шешей, картобыңыздан қарасайласпайсыз ба тағы?
– Қарайласамын, көгершінім, қарайласамын.
Сайтан алғыр! Мыналар майданда, жау іргесінде жүргендей
емес, әбден жайласып алыпты ғой.
Жүріп келемін. Әрбір қадамды қинала басамын. Ақырында
Рахимов жолықты.
– Рахимов!
– Мен, жолдас комбат.
– Қарауыл неге қойылмаған? Мына бассыздықтарың не сұм-
дық? Жұрт неліктен окоптарға орналаспаған?
– Кешіріңіз, жолдас комбат. Штабты жайластыру ісімен айна-
лысып жүріп аңдамаппын.
– Мына жердің алғы шеп екенін қалай аңдамайсың? Жоқ,
әлде мұны жаудың естеріңе салуын күтіп жүрсіңдер ме?
4
Аштан-аш, әбден діңкелеген мен ыза буып Рахимовпен бір-
ге штаб орналасқан үйге кірдім. Ауқымды үйдің бір жартысын
дәлізбен бөліп қойған кең бөлмедегі терезе алдында үлкен үстел
тұр. Үстінде өткір ұшталған бірнеше қарындаш, сиясауыт пен
қаламсап, ақ қағаз және карта жатыр. Кең кереуеттегі төсекті
жып-жылмағай етіп плащ-палаткамен қымтап қойыпты. Кілем
орнын мол қылып жайған шырша қылқаны алмастырған. Қа-
бырғадағы шегелерге біздің әскери үлгідегі орамалдар ілініпті.
429
Горки деревнясы
Мұның бәрінен де Рахимовтың ұсынықты қолтаңбасы аңғары-
латындай.
Кіреберісте аяғымды мұқият сүртуге де әл-дәрменім жет-
пеп еді. Әйтеуір, етікке жабысқан қап-қара лай кесегін қырнап
түсіріп, штабқа сүріне-жығыла кірдім де, үстімдегі шинельді де
шешпестен кереуетке сылқ етіп отыра кеттім. Ірге түбінде өлген
Ақбоздан сыпырылып алынған ер-тоқым жатыр – ол бізбен бірге
санитарлық арбамен саяхаттап келеді. Ер-тұрман тұсында Кире-
евтің племхоздан алған ауыздары сүргішпен бекітулі алты дөңбек
шишасы тізулі тұр. Оның қасында сол малдәрігерлік дәріханадан
жеткізілген түрлі қалта үюлі жатыр. Тәрізі, санитарлық взвод жа-
ралыларды тылға әкеткенде бұл бұйымдарын осында қалдыруды
ұйғарса керек.
Рахимовтың мәлімдемесін тыңдадым. Деревнядағы тосқауыл
жасақ кетіпті. Оларды біз алмастырыппыз. Төтенше жағдай жоқ.
– Колхоз төрағасын шақыртыңдар! – деп бұйырдым мен. –
Одан соң осында рота командирлерін жина!
Колхоз төрағасы – тақырбас арық шалмен әңгімеміз қысқа
болды. Оған өзіміздің жау басып алған аумақтан шыққанымыз-
ды, нешеме күннен бері аш екенімізді түсіндірдім.
– Елді тамақтандыру қажет. Не бере аласыз?
Төраға колхоз малының түгелдей сыртқа әкетілгенін, қазір
жалғыз-ақ тайынша қалғанын айтты.
– Сойыңыз! – дедім мен. – Сойып, етті әйелдерге таратып
беріңіз. Сарбаздарға сорпа жасап берсін.
Төраға күмілжіп қалды.
– Жолдас бастық, қалған соңғы малымыз еді.
«Орындаңыз!» – деп айқай сала жаздадым да, өз-өзімді тежеп:
– Соңғы малыңызды да бергеніңіз жөн. Бұл – Отан соғысы...
Түсінесіз бе, Отан соғысы!
Шал маған таңданған кейіппен бір шекеден қарайды. Ежелгі
көшпенділер ұрпағының, бұрын мал бағып өскен қазақ баласы-
ның осынау «Отан соғысы» деген сөзге қандай мағына сыйғызып
тұрғанын түсінді ме, түсінбеді ме, білмедім. Байқауымша, түсін-
ген де сияқты.
– Сояйын, – деді келісіп.
Волоколамск тас жолы
430
5
Рота командирлері жинала бастаған. Бірінші болып Фили-
монов жетті. Өзі қырынып үлгеріпті. Меңіреу жолдардың бат-
пағымен сандалған кездерімізде қаншама былғанған шинелі
жақсылап тазаланған.
Филимонов кірген бойда саптағы офицердің салтымен екі өк-
шесін сақ еткізіп, қаздиып тұра қалды.
– Сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын.
– Отыр, – дедім мен.
Бұдан соң өзімнің баттасқан етіктеріме қарадым. Өзім имиіп,
жуынбаған, ашулы кейіппен, етегі батпақ-батпақ шинелімді де
шешпей, аяқ киімім де тазаланбаған мына күйде қарауымдағы
адамдармен қалай сөйлеспекпін. Муринді де, командирлер мен
солдаттарды да: «Комбатқа ғашық болып жүрген қызыңа келген-
дей кел» деп үйретуші едім. Сөйткендегі сиқым осы ма?
Сергек Рахимов ойымды сезген секілді.
– Жолдас комбат, жуынатын шығарсыз? Қолжуғыш аулада.
– Рахмет, – дедім мен. – Өзім тауып аламын.
Сүлгі мен сабын алып есік алдына шықтым. Ылғал жел су-
маңдап тұр екен. Көк жүзін торлаған аласа бұлттар ызғарлы сыз
бүркеді: жауын мен қары аралас тамшылар жерге түскен бойда
еріп жатыр. Фр-р-р... Ызғырық қайтадан жылы жерге, үйге қарай
қуады. Қазір басты жастыққа тығып, тон жамылып алып, көзді
жұмып, барлық мұң-қайғыны ұмытып, ең құрығанда, бірер сағат
ұйықтаса, шіркін...
Жоқ, Бауыржан, ондайды қой! Дереу белуардан шешініп та-
стап, уыт шашқан кәрлі аспан астында жартылай жалаңаш қал-
дым. Денеге инедей қадалған аяз түршіктіріп жіберді. Дірілді
зорға басып, алақаныммен кеудемді сипаймын. Көтерем жылқы-
ның сүйегіндей ырсиған әр қабырғамды санауға болады. Қа-
бысқан қарным да жон арқама жабысып қалғандай.
Сүлгіні беліме байлап, шарбаққа бекітілген қаңылтыр қол-
жуғышқа беттеген сәтімде дәлізден үй иесі – басына жылы ора-
мал таққан кексе әйел шықты. Көп бейнет шеккен тілім-тілім қо-
лында ожау мен бір шелек суы бар.
– Тұра тұр... Өзім құйып жіберейін.
Мен құлақшынымды шешіп, шарбақтың қадасына ілдім.
431
Горки деревнясы
– Кәне, құйсаң құй... Тура басыма, арқама...
– Суық тиеді ғой. Жүр, үйге кір.
– Құя бер!
Етті қарыған мұздай су басыма, арқама ожау-ожауымен құйыл-
ды. Шаршап-шалдығу да аққан сумен бірге кетіп, желаяқ спорт-
шылар айтатындай, «екінші тынысым» ашылып, көп жеңілдеп
қалғандаймын.
Әйелге ризалығымды айтып, денемді сүлгімен құрғата сүрту-
ге кірістім.
– Өзің, жігітім, әбден арып-азыпсың... Тойдырып-ақ жіберер
едім, сұңқарым, өзімде де сылдыраған щиден өзге ештеңе жоқ.
Сұйық щи ішесің бе?
– Рахмет, ішейін... Бірақ сәл кейінірек. Алдымен істі оңтай-
лап алайын.
Гимнастерка сыртынан белдігімді тағып, ылғал шашымды та-
рай бастадым. Әйел жөнімді сұрайды:
– Қай жақтан боласың? Қырғызсың ба?
– Қазақпын... Алматыдан.
6
Осылайша, жуынып-таранып, батпақ жұққан етікті тазалап
алып, рота командирлері күтіп отырған бөлмеге қайта келдім.
Бәрі де лып етіп түрегеліп, қарсы алдымда сымдай тартылып
тұра қалысты. Мен карта жаюлы жатқан үстелге тақалдым.
– Бері таман жақындаңдар!
Командирлер үстелді қаумалап алды.
– Бұйрықты тыңдаңыздар. Дәл қазір жауынгерлер үйден
шығарылып, күзет қойылсын.
Карта бойынша әркімнің қорғаныс шебін көрсеттім. Дәліздің
есігі сарт етіп ашылды да, әлдекімнің аяғын сүртіп, бері қарай ты-
рпылдай басқан дыбысы естілді. Мен сөзімді жалғастыра бердім.
– Колхоз төрағасы бізге арнап тайынша сойды. Сарбаздарға
тамақ даярлап беру үшін ет үйді-үйдегі әйелдерге таратылады.
Түске дейін окоп қазуды бұйырамын. Ас-ауқат бел ортаға дейін
окоп қазып үлгергендерге ғана беріледі.
Есік ақырын ашылды да, құлаққа дөкірлеу таныс дауыс жетті:
– Комбат, сенің түскі қонақ асыңа кішкене кешігіңкіреп қа-
лыппын.
Волоколамск тас жолы
432
Бәріміз жалт қараппыз. Есік аузында аға политрук, үгіт-наси-
хат нұсқаушысы Толстунов тұр екен.
– Сенен бір сағаттай уақытқа шығып кетіп ем, – деп сөзін
жалғады ол, – енді бір қарасам, арада төрт тәулік өте шығыпты.
Шола қарағанда, командирлер арасынан не Заевтың, не Паню-
ковтың көрінбеуі Толстуновты таңырқатуға тиіс еді, бірақ тұр-
пайылау дауысына сай түрінен ондай белгі байқала қоймады.
Тәрізі, Толстунов маған қарай шыққан жолда батальонға қатысты
жағдайдың бәрін біліп алған сияқты. Шинелін асықпай шешіп
шегеге ілген ол кереуетке жайғасты да, етігін де сыпырып, қайта-
дан дұрыстап кие бастады.
– Жайларың салқындау ғой, комбат. От жақсаңдар болмай ма.
Расында да, өзі батальоннан алысқа ұзай қоймаған немесе бір
сағатқа ғана шығып кеткен адам сияқты.
Командирлердің кетуіне рұқсат еткенімде, Толстунов бөгеді:
– Тұра тұр, комбат. Мен темекі ала келіп едім. Бұларға азырақ
түтіндетуге мүмкіндік бер.
Ол жол қапшығын баппен ашты да, бірнеше бума махорка
шығарып, командирлерге үлестіріп берді, одан үстел үстіне қой-
ған бір қорап «Қазбек» папиросынан алып шегуімізді сұрады.
Шылымнан қаңсып жүрген біз махорканы дұрыс көрдік. Қолдан
ораған добалдай темекінің шұбалған көк түтіні үй ішін алып кет-
ті. Темекі уыты басқа теуіп, бөлме тербеліп, шайқала түскендей,
бәріміз елтіп, бір сәт үнсіз қалдық.
Есік қайтадан ашылды. Бөлмеге Бозжанов кірді – шинелін та-
стаған, жуыныпты, өзі көңілді-ақ: махорканың хош иісіне «паһ!»
деп рахаттана тамсанып, танауын тосты. Қолындағы сәндей
ұстаған қаңылтыр тегенеде ашыған ақшыл-сары капуста үюлі
тұр. Үстіне әр жерден қызартып, мүкжидек қосыпты.
– Жолдас комбат, бәріңізге сый-құрмет көрсетуге рұқсат
етіңіз.
7
Менің «екінші тынысым» ұзаққа бармады. Үй иесі берген
щиді ішіп, Толстуновтың жолқапшығындағы кепкен азықтан да
аз-маз дәм татып, кішкене тынығып алайын деп ұйғарып едім.
Ұйқылы-ояу жатып, Бозжановтың албарда самауыр қойып
жүргенін аңдаймын. Толстунов еденге бір құшақ ағаш отынды
433
Горки деревнясы
сау еткізіп тастап, тамызық даярлап, пеш жағады. Рахимов қа-
ламсабын сырылдатып, жауынгерлік хабарлама жазуға кіріскен.
Ара-арасында біреулер өзін әлдеқайда шақырып әкетеді, одан
соң ол жайлап басып қайта оралады.
Есік тағы да тарс етті. Кереуетке жақындаған Бозжанов тұсы-
ма тақалып селтиіп тұр. Сезіп жатырмын: бірдеңе айтқысы кел-
генімен, бата алар емес.
– Не керек саған?
– Жолдас комбат... Торытөбел табылды...
Басымды көтердім.
– Қайда ол? Қайдан табылды?
Бозжанов, неге екенін, күмілжи берді.
– Синченко әкелді...
– Синченко?
Жанұшыра зулаған Торытөбелдің сарғыш тістері, ертоқым
үстінен созылып жалға жармасқан Синченко, жұрттың бықпы-
рт тигендей апыр-топыр безе қашқан көрінісі көз алдыма келген.
Орнымнан тұрдым. Ішім тастай.
– Кірсін мұнда!
8
Синченко табалдырықтан аттады. Беті топырақтай сұп-сұр.
Маған алая бір қарады да, басы салбырап кетті.
– Неге келдің? – деп сұрадым.
– Әкелдім... – Демі бітіп, тұтығып қалды. – Торытөбелді әкел-
дім.
– Неге өлтіріп тастамадың оны?
– Қалайша? Не үшін?
– Неге қаштың?
– Мен қашқан жоқпын... Өзі құтырып кетті, жолдас комбат.
Тізгінді үзіп алдым... Ештеңеге дәрменім болмай қалды.
– Неге өлтірмедің? Пистолетің бар ма еді?
– Бар-тын, жолдас комбат.
– Неге құлақтың түбінен атпадың? Табанда неге жайратып
салмадың?
Синченкода үн жоқ.
– Неге секіріп түспедің? Неге қайтып оралмадың?
– Мен, жолдас комбат... Мен ойлап ем...
Волоколамск тас жолы
434
– Немене ойладың? Мені өлді деп пе? Неге қарамайсың
маған?
Синченко зорға дегенде басын көтерді.
– Айт: мені өлді деп ойладың ба? Онда неге сүйегімді алып
шықпадың?
Осындай кәрлі сұрақтармен аямай төпеп, бет қаратпадым. Үн-
сіздіктен өзге жауап жоқ.
– Көзіңді құрт, – дедім. – Кет батальоннан!
– Қайда кетпекпін, жолдас комбат?
– Қайда барсаң онда бар! Ұрыс кезінде бізді тастай қаштың
ба, ендеше, бізге қайта келуші болма! Жоғал!
Синченко үнсіз бұрылды да, бөлмеден шығып кетті. Штабта
тыныштық орнады. Тек пештегі сытырлай жанған ағаш дыбы-
сы естіледі. Пеш аузында отырған Бозжанов ашық тұрған қалқа
арқылы лаулаған отқа қадала қалыпты. Толстунов папиросын
шымшып қысып, сіріңке тұтатты да, темекісін тарта бастады.
Міне, пештің қалқасы да ақырын жабылды. Бозжанов орнынан
тұрып тысқа шықты. Бір минуттейден соң қайта кірген.
– Отыр аулада, – деп мәлімдеді ол.
Мен жауап қата қойғам жоқ.
– Торытөбел де байлаулы тұр екен. Оған шөп берсе бола ма,
жолдас комбат?
– Бер.
Бозжанов дәлізге басын шығарып қарады да, айқай салды:
– Синченко! Торытөбелді жемде!
Албардан аулаға жалғасатын сыртқы есік ашық секілді.
Мен үндемедім. Бозжанов маған бір ауыз қарсы сөз айтпастан,
атшының тағдырына бола жанын салып жүр.
– Шөпті қалай жейтінін көрейінші, – деп елпектеді одан
Бозжанов.
Сөйтіп, тағы да бір-екі минуттей көрінбей кетті. Қайта оралған
соң сөйлей жөнелді:
– Құр сүлдері қалыпты... Мені бірден таныды жануар... –
Маған назар аудармастан әңгімесін жалғастыра берді: – Атты
өзінен талай мәрте алып та қоймақшы болып еді, бірақ ол оны
қалай да осында жеткізді ғой.
435
Горки деревнясы
Бұл аралықта Толстунов үстел үстіне шыны-аяқтар қойып,
өзінің жолқапшығынан қант пен бір құты шай шығарды. Бозжа-
нов тағы да албарға қарай ұмтылған.
– Самауыр дайын! Әкелуге бола ма, жолдас комбат?
– Болады.
Толстунов қасыма келді:
– Комбат, сонша неге жабырқаусың? Әкелші, кәне, етігіңді
шешуге жәрдемдесейін.
Ол жауап күтпестен епті, қарулы қолдарымен етігімді тартып,
лып еткізіп сыпырып алды. Бірден жеңілейдім. Неше тәулік бойы
шешпегенім есімде жоқ. Осы сәтте Синченко қайнаған самауыр-
ды алып кірді.
– Мұнда қой, – деді Толстунов. Одан атқосшыға дауыстады:
– Николаша, комбаттың шұлғауын апарып жайып қойшы...
Етіктерді жуып жібер...
Мен Синченконың табан батып, дымқыл тиген тұстары қа-
райған шұлғауымды қалай алғанына үнсіз қарап отырмын. Бұдан
соң етігімді алып кетті. Бозжанов енді оның соңынан батылырақ
дауыстайды:
– Николаша, ағаш ала кел!
9
Синченко отын әкеліп, пешті көсеп жатты. Жүзі жалын лебі-
нен сәл-пәл албырай түсіпті.
Толстунов:
– Синченко, көрмей тұрсың ба? Комбат жалаңаяқ отыр ғой.
Жылы шұлығың бар ма? – деді.
– Табамын!
Сәлден кейін қолына ұстаған бір пар шұлығы бар Синченко
қасыма келді. Қол созбадым. Ол бұйымды кереуетке қойды да,
пеш айналасында күйбеңдеп кетті.
Ұзамай Брудный жеткен, мен оны барлаушылар взводына
жүктелетін міндетті түсіндіру үшін шақыртқан едім. Брудный
өкшесін шақ еткізіп, ізет көрсетті.
Кенет ойыма өткен шақ елестері оралды... Төбесі қабат-қабат
блиндаж ішінде отыр едім, Синченко еңкейіп сыбырлайды: «Жол-
дас комбат... Анда лейтенант Брудный... Сізді күтіп отыр...»Ат-
Волоколамск тас жолы
436
шым Брудныйды қорқақтық көрсеткені саптың алдында сот жа-
сап, батальоннан қуып жібергенімді білетін еді.
«Кірсін» – дегенмін мен.
«Кірсін»... Он күн бұрын – апыр-ай, содан бері он-ақ күн өт-
кен бе, – бұл сөз ұрыс кезінде масқара болған осынау қағылез,
қараторы лейтенантқа арналған еді; ал ол қазір менің бұйрығым-
ды күтіп тұр.
– Брудный, отыр, – дедім оған. – Бір қорап махоркаңды ал...
Синченко, лейтенантқа шай құй...
Бозжановтың жеңіл күрсінгенін аңдаймын. Атшының кінәсі
осылай кешірілді. Бұл әңгімеге қайта айналып соқпадық. Біз өт-
кен істі қазбаламау қағидасын ұстанатын едік.
10
Дәл сол күні батальон күтпеген жерден тағы бір бәлеге душар
болды.
Төрт күн аштықтан кейінгі ұстамсыздығымыз үшін бәріміз
де сазайымызды тарттық. Жұрт іш ауруынан бүрісіп-құрысты да
қалды. Батальон жауынгерлік қабілеттен айырылды. Сақшылар,
әскери күзет, окоптағы адамдар, командирлер құрамы – жаппай
ауырды.
Не істеу керек? Қырсыққанда, арамызда медицинадан хабары
бар ешкім болмай шықты. Санитарлық взвод Киреевпен, шені
төмендетілген Беленковпен бірге жаралыларды тылға ауыстыру
қамымен кеткен.
Кенет маған бір ой келе қалды. Едендегі апиын тұнбасы құй-
ылған дөңбек шишалар көзіме түсе кеткені. Ойбай-ау, асқазанға
таптырмайтын дәрі ғой мынау!
Бір шишасын үстелге қойып, дереу аузын аштық. Шипалы сұй-
ықты стақанға құйып, дәм таттым. Спирт қосылған дәрі өңешті
күйдіре өтіп, өн бойды шымырлатты. Бұдан соң тұнбадан Бозжа-
нов ауыз тиген. Тіпті ерітіндіні екі-үш мәрте татқан оның жүзі
жайнай түскендей еді. Дәріні Рахимов та ішті. Мұның, расында
да, емдік қасиеті бар екен – асқазанның ауырғаны сап тыйылды.
Мен шишаларды бөлім командирлеріне таратуды бұйырдым.
– Жауынгерлер дәріні ішсін! Әділ бөліңдер: әркімге ширек
стақаннан берілсін!
437
Дивизия командирі жұмыс үстінде
Ем-домға қатысты шаруаны бітірген соң жантайып едім, көз
ілініп, ұйықтап кетіппін. Түн ортасында әлдекімнің нұқыға-
нынан ояндым. Бұл немене? Сөйтсем, жұлқып тұрған – Киреев.
Қайтып оралған беті көрінеді.
– Жолдас комбат, не істеп қойғансыз?
Ұйқыны ашып, ес жыюым біразға созылды. Фельдшердің не
айтып тұрғанын, әйтеуір, біртіндеп түсіндім-ау. Сөйтсем, сұмдық
сорақылық жасаппын. Жұртқа тұнбаны он бес тамшыдан ғана
беру керек екен, ал мен оларға алыптың үлесін таратып, бүкіл ба-
тальонды апиынмен улаппын. Бәрі жатып, қалың ұйқыға батқан,
ал оларды мәңгі оянбай қалмас үшін жүгіре жүріп, жұлқылап,
тұрғызып әлек болдық.
Сол түні қаншалықты күйзелгенімді баяндап жатпай-ақ қояй-
ын. Біз – біреше командир, фельдшер, санитарымыз бар, бәріміз
жабылып солдаттарды оятып, орнынан көтерумен жүрміз, ал
олар қылжиып қайта құлап, ұйықтай кетеді... Әйтсе де құтқар-
дық-ау, таңертеңіне сарбаздардың бәрі ұйпа-тұйпа болып, мәң-
гіріп, тұрды – кейін білгенімдей, медицинада мұндай жағдайлар
кездескен екен. Қысқасы, солдат асқазаны бәрін де көтерді.
Аттың үлесіне қатысты оқиға осындай; сергелдеңіміз өстіп
аяқталды.
Дивизия командирі
жұмыс үстінде
1
Мұның бәрін, әлбетте, сізге кеңінен баяндағандай емес, Пан-
филовқа қысқаша жеткіздім. О кісі бірнеше мәрте сөзімді бөліп
сұрақ қойып, істің егжей-тегжейін нақтылап отырды.
– Ұрыста көзге түскендер тізімін жасап үлгермедіңіз бе, жол-
дас Момышұлы?
– Жасалды, жолдас генерал. Бүгін таңертеңнен бері сонымен
айналыстық.
– Кәне? Берсеңізші.
Жорық сөмкесінен марапатқа лайықты деп санаған командир-
лер мен жауынгерлердің мінездемесін алдым. Панфилов бірден
қағаздарға үңіліп, қарай бастады.
Волоколамск тас жолы
438
Бетті парақтай отырып, Панфилов политрук Дордия туралы
айтылған тұсқа жеткенде қайта-қайта бас шұлғыды да, дауыстап
оқи жөнелді:
– «Рота командирінен айырылып, байланыссыз қалған сәтте
өз ынта-ықыласымен басқару тізгінін қолына алып, қараңғыда
бытырап жүрген ротаны жинап алды».
Парақты түсіріп, Панфилов маған қарады. Өзі қуланып,
миықтан күледі.
– Командирінен айырылып, – деп қайталады ол, – байланыс-
сыз қалған сәтте өз ынта-ықыласымен... Іс түйіні осында, жолдас
Момышұлы. Немесе «мән» деп алайықшы.
«Мәселенің мәні» деген тұжырымды білуші едім. Бірақ Пан-
филовтың нені меңзеп тұрғанын түсіне алмадым. Сондықтан:
– Ненің мәні? – сұрадым.
– Міне, мынаның! – Панфилов өзіміз отырған шай ыдыста-
ры жаюлы үстелден екінші үстелге қарай кілт бұрылды – онда
бүгін алғаш үңілгенімде бетіндегі айқыш-ұйқыш түрлі-түсті таң-
балары өзімді қатты тіксінткен әлгі карта ағараңдап жатыр еді. –
Мынаның, – деп қайталады Панфилов картаға құдды тері илейтін
қоңыр-күрең тұнбаға матырып алғандай күнқақты қолын созып.
– Біздің жаңа тактикамыздың, жаңаша қорғаныс құруымыздың
мәні. Ұқтыңыз ба?
– Жоқ, жолдас генерал, ұға қоймадым.
– Қалайша? Сіз, жолдас Момышұлы, оның бәрін өзіңіз түсін-
діріп бердіңіз ғой.
– Нені түсіндірдім? Мынаны ма?
Мен картаға тақалып бірнеше жерінен үзіліп, ұсақ-ұсақ бо-
лып, бөлек-бөлек ыдырап, бейберекет қидаланғандай бекіністі
қайтадан көрдім. Дивизия шебін бұза-жара қақыратып жіберген
немістер біздің талқандалып, қираған қорғанысымызды талай
мәрте осындай күйге түсірген. Бірақ біз жауға бұл жағынан неге
өзіміз жәрдемдеспекшіміз? Оның үстіне қазір өзіме мысқылдай
қараған Панфилов мұны неге істеді? Шынын айтайын, оның күл-
кісі шамыма тиген.
– Қайтеміз, талдау жасап көрейік, – деді ол. – Отырыңыз. Бір
стақан шай ішесіз бе?
439
Дивизия командирі жұмыс үстінде
Дала телефонының қоңырауы тағы шылдырлады. Панфилов
тұтқаны алды.
– Иә, Иван Иванович, тыңдап тұрмын... Ә-ә, капитан Дорф-
манның жазғаны ғой. Дәл бүгін жіберу керек пе? Ім.. Ім-м... Өте
сәтті ме? Оқиын. Тек бір сағаттан кейін ғана босай аламын, Иван
Иванович. Иә, жолдас Дорфманға бір сағаттардан кейін келсін
дерсіз.
Қысқаша сөзін бітіргеннен кейін Панфилов қасыма қайта
оралды.
– Сізден жасырмай-ақ қояйын, жолдас Момышұлы. Бір
Құдайым жар болсын, мені Волоколамскіні жау қолына неге
бердің деп қысуға кірісті. Арнаулы комиссия құрылған. Түсінік
жазып жатырмыз: мүмкін қатерден о ғып-бұ ғып құтылармыз. –
Ол бір сәт үнсіз қалып, маған сұраулы жүзбен қарады. – Қалай
ойлайсыз, жолдас Момышұлы? Қауіптен аман шыға аламыз ба?
– Оған кәміл сенімдімін, жолдас генерал.
– Ім-м... Ізгі ниетіңізге рахмет.
Маған генералдың сөз астарынан тағы да кекесін аңғарылған-
дай көрінді. Алайда Панфилов байсалды қалыпқа түскен еді.
– Кәне, жолдас Момышұлы, кейінгі күндердің сізге не үйрет-
кенін талқылап көрейік.
2
Бірде Панфиловтың аузынан «Соғыстың талдауды талап
ететіні өтірік пе? Менің әскерім – менің академиям. Сіздің бата-
льоныңыз – сіздің академияңыз» деген сөзді естіген де едім.
Қазір батальон қимылын тағы да талдағалы отырмыз. Нелік-
тен екенін, күрсініп жіберіппін. «Неліктен екенін» дейтінім, әлгі
сәтте неге күрсінгенімді өзім де әлі түсіне қоймағам-ды. Панфи-
лов маған сынай қарады. Одан күтпеген жерден:
– Сіз, әсілі: «Мен бұған ағымнан жарылып, жан қинаған
бүкіл сырымды айттым, ал бұл екі-үш шайқасты аздап талдаумен
құтылғысы келеді» деп ойлайтын шығарсыз. Солай ма? – деді.
Панфилов, расында да, әлі өзім мойындай қоймаған түйткілді
дөп басқан секілді. Оның жорамалын үнсіздігіммен құптадым.
Ол сөзін жалғастырды:
– Тегінде: «Біз неге шегініп барамыз, осыған өзі жауап беріп
көрсін. Немістер осынша уақыт бізді неге өкшелеп қуып келеді?
Волоколамск тас жолы
440
Оларды Мәскеу іргесіне дейін неге жібердік? Осының жауабын
айтсын!» деп ойлайтын боларсыз. Солай ма?
– Иә, – дедім мен төтесінен тартып.
Панфилов орнынан көтеріліп, менің құлақ тұсыма қарай ең-
кейді; оның мұрт астынан тағы да қулана жымиғанын байқадым.
– Сізге айтайын, жолдас Момышұлы... – Жұмбақтай сөйле-
ген генералдан әлдебір жаңалық күттім. – Сізге айтайын, соны
өзім де білмеймін.
Менің өңімдегі өзгерісті аңдаған Панфилов күліп жіберді.
Өзіңізге айтқан да шығармын, Панфиловтың мұншалықты көңіл-
денген кезін ешқашан көрмеппін.
– Әйткенмен, анығы дәл бұлай да емес, – деп өз-өзін түзетті
Панфилов. – Сіз екеуміз аса маңызды бір жәйтті білеміз.
Ол соғыстағы сәтсіздіктеріміздің бірқатар себебін тізіп шықты.
Әрине, ол уәж маған да мәлім еді: неміс армиясы соғысқа сақа-
дай сайланып алып кірісті; Еуропа жеріндегі ұрыстарда өз-өзіне
деген сенімі артып, жауынгерлік тәжірибесін шыңдады; танкісі
мен авиациясы жағынан басым еді.
– Тағы не? Тұтқиылдан тигендігі ме? – ол сұраулы ырғақпен
ой сабақтады. – Иә, қапияда соққандығы. Бірақ біз соған неге
жол бердік? Аңғалдығымыздың себебі не? Шындыққа неге ден
қоймадық?
Маған қарамай, бұл сұрақтарды өзіне-өзі қойып, жауабымды
қажет етпеді. Ол маған жайдан-жай өзінің жан әлемін аз ғана
ашып, бүкпесіз айтқан сырыма риясыздықпен үн қатқан-ды.
Мүмкін, бұдан да гөрі кеңірек ашыла түсер ме еді, дегенмен өзін
тежеді. Одан едәуір уақыт үнсіз қалған. Бірталайдан соң бері
бұрылып былай деді:
– Міне, жолдас Момышұлы, меніңше, біздің кінәміз: шын-
дықпен санаспағанымызда. Ал мұндай қателік бармақ шайнат-
пай қоймайды! Түсінесіз бе мені?
Саусақтарымен ызылдауын әлдеқашан доғарған самауырды
шерткілей тұрып, дәліздің есігін ашты:
– Жолдас Ушко! Бізге самауырды ысытып беруді тапсырыңы-
зшы.
Сөйтіп қайтадан маған қайырылды:
441
Дивизия командирі жұмыс үстінде
– Сонымен шарттасып алайық, жолдас Момышұлы... Сіз бен
біздің білмейтініміз әлі көп. Тарих мұның бәрін ертелі-кеш әйте-
уір бір зерттеп, ашар... Ал дивизияның іс-әрекеті өзімізге аян. Біз
бұл туралы да ой-пікір түюге міндеттіміз.
Бөлмеге лейтенант Ушко кірді.
– Жолдас генерал, сізді Москвадан келген тілшілер күтіп
отыр. Қабылдауыңызды сұрайды.
– Қазір қолым тимейді. Жұмыс істеп отырмын... Мүмкіндігім
жоқ. Әзірге бөлімдерді аралай тұрсын. Ал кешке қарай қызмет
көрсетуге даярмыз.
– Жолдас генерал, бұлар бөлімдерге барып та келді.
– Онда тынықсын. Өзіңіз жағдайын жасаңыз.
– Жолдас генерал, қастарында фототілші де бар. Ешбір күте
алмайды. Кетуі керек. Сізді жолығуды өтініп сұрап тұр.
Панфилов мырс ете түсті:
– Сірә, менің айбынды адъютантымды суретке түсіріп үлгер-
ген-ау. Қорғаушы тауып ала қойыпты. Мейлі, шақырыңыз. Сізді
жерге қаратпайын, жолдас Ушко.
Картаға тақалған Панфилов оны екі бүктеп, қарындашпен
белгіленген дивизия шебін көлегейлеп қойды.
3
Панфиловтың бөлмесіне келіп кірген фототілші ақшыл-сары
шашы ұйпа-тұйпа, үстіндегі гимнастеркасы жып-жинақы, өзі
мәскеуліктердің сөйлеу мәнерімен «о» әрпін «а» деп дыбыстай-
тын адам екен.
– Капитан Нефедов, – деп таныстырды өзін. – «Фронтовая
иллюстрация» журналынанмын.
Нефедов кәсіби әдетпен бөлмені шолып шықты, терезелер
мен этажерка, айна, далалық телефон, үстелді жағалай жүгірген
көзі бір мезет маған да аялдады.
– Айтпақшы, жолдас Нефедов, – деді Панфилов. – Танысып
қойыңыз, бұл – менің резервімнің командирі аға лейтенант Мо-
мышұлы.
Мен орнымнан тұрдым.
– Резерв командирі? – деді даусы жарқын шыққан Нефедов. –
Жолдас генерал, жақсы сюжет шығатын секілді.
Волоколамск тас жолы
442
Нефедов әлдебір ойдың туғанына қуанып кеткендей. Тіпті
жүзі сәл алабұртып, бес саусағымен шашын сілке қайырды. Пан-
филов:
– Сюжетсіз-ақ болмай ма? Жай түсіре салсаңызшы. Міне,
осылай түрғанымды ғана... Сөйтіп маған суретімді шығарып
беріңіз. Мен оны үйге жөнелтейін, – деді.
– Жасаймын... Оны сіз үшін жасап беремін, жолдас генерал.
Тек терезеге қарай тақалыңызшы.
Панфилов еңсесін тіктеп, иегін сәл көтерді. Фотоаппарат осы
кескінін шырт еткізіп тарта қойды.
– Енді, жолдас генерал, – деді Нефедов, – сізді журнал үшін
түсірейін.
– Жаңағыңыз жарамай ма?
– Жарамайды, – деп шегінерге жер қалдырмай, мейлінше
ағынан ақтарыла жауап қатты Нефедов. – Жолдас генерал, жат-
танды емес, айрықша, айбарлы сюжет қажет.
– Ім-м... Нендей сюжет болды екен оныңыз?
– Сол орныңызда тұрыңыз, жолдас генерал. Ал аға лейтенант
сізге тақалсын. Қолыңызбен терезені нұсқаңыз, жолдас генерал!
Суретке мәтін жазамыз. Жоғары жағына: «Дивизия командирі
жұмыс үстінде» дейміз. Төменгісіне: «Генерал Панфилов жауды
қарсы шабуылмен қуып тастауға бұйрық беріп тұр» деп жазыла-
ды.
– Бірақ мен, жолдас Нефедов, ешқашан өйтіп бұйрық бер-
меймін.
– Жолдас генерал, өтінемін сізден... Жағдайымды түсініңіз-
ші.
Істен бас тартса тілшінің қатты ренжитіні аян болды.
– Уһ-һ... – деп күрсінді Панфилов. – Амал жоқ енді, түсейік,
жолдас Момышұлы.
Мен фототілші көрсеткен жерге барып тұрдым. Панфилов
жөткірініп, қолын көтерді де, бес саусағын сәл арбитты. Оның
осындай әдеті туралы сізге бұрын айттым білем. Әлдебір екіұдай
жағдайға тап болғанда оның саусақтарын ылғи адырайтатын дағ-
дысы бар еді.
– Жоқ, жолдас генерал, ештеңе шықпайтын сияқты, – деп
мәлімдеді Нефедов. – Елестетіп көріңізші: немістер бұзып-жа-
443
Дивизия командирі жұмыс үстінде
рып келіп қалды. Сіз: «Алға! Қарсы шабуылды бастаңдар!» деп
бұйырасыз. Қырандай қарыштайтын серпін қажет, жолдас гене-
рал!
Панфилов қасарысқандай, қолын қалтасына салып, басын
тұқыртып алды. Енді оның бүкірейгені, кеудесінің еңкіштігі ай-
қын байқалды.
– Қалай түсірсеңіз де өзіңіз біліңіз, – деді ол қабаржып, –
бірақ қолымды сермемеймін.
– Оныңыз не? Ең болмаса, жолдас генерал, басыңызды те-
резеге қарай бұрыңызшы. Және маған ренжімеуіңізді өтінемін...
Сіз де, жолдас аға лейтенант, басыңызды солай қарай бұрыңыз.
Міне-міне... Тамаша!
Нефедов бізге тағы бір мәрте бағамдай, бағдарлай қарап алды
да, кенет мұным іске мүлде қатыссыз дегендей ыңғаймен ішкі
әсерін айта салды:
– Жолдас генерал, аға лейтенант екеуіңіз бір-біріңізге ұқсай-
сыздар... Әлде ұқсамай ма... Сәйкестік аздау секілді. Бірақ бас
бұрғандағы қимылдарыңыз бірдей.
Аппаратын көзіне тақап, екі рет сыртылдата түсірді. Сонда да
жұмысқа көңілі толмағанын жасырмайды:
– Қап, мен қалағандай бұйрық бергеніңізде қатып кетер еді-
ау, жолдас генерал!
– Өйткенімде жақсырақ болып шығатынын өзім де білем, –
деді Панфилов.
Маған қиғаштай қарап қалғанында, көзінен ұшқындаған
мысқылды аңдадым. Нефедов онысын байқамады.
– Тым болмаса жұдырығыңызды сілтеп қалғаныңызда ғой! –
деп өкпе-ренішін тоқтата алмай жүр.
– Қазақтарда бір мақал бар, – деп Панфилов мені нұсқады:
«Білекпен бірді жығасың, біліммен мыңды жығасың».
– Бірақ оны қандай сюжетпен көрсетпекпіз? – деп сұрады Не-
федов жұлып алғандай. – Карта қасында тұрғаныңызды түсіреміз
бе? Ондай бар! Жүз мәрте түсіргенбіз! Әбден таптауырын болған!
Ақыл қосыңызшы, жолдас генерал.
– Кішкене тартымдырақ шығатындай ма?
– Иә. Бұрын-соңды баспасөзде кездеспеген, тура өмірдің өзі-
нен үзіп алғандай ғажайып бір мезетті тартсам ба деймін.
Волоколамск тас жолы
444
– Тура өмірдің өзінен ғой? Әбден болады. Жолдас Мо-
мышұлы, отырыңыз.
Қолымен ымдап, мені шай ішетін үстел басына шақырды.
Онда бұрынғыша самауыр, стақандар, фаянс құман, қант сауы-
ты, ашылған шарап шөлмегі тұр. Панфилов қасыма жайғасып,
сұрақ қойды:
– Жолдас Момышұлы, шегінуге қатысты Лениннің не жазға-
нын білесіз бе?
– Жоқ, жолдас генерал, білмеймін.
Панфилов тілшіге қарай бұрылды:
– Мінекиіңіз!.. Дәл өмірдің өзінен. Осы мезетті қағып алыңыз
да, түсіре қойыңыз!
Нефедов абдырап қалды:
– Мұны не деп түсіреміз, жолдас генерал?
– Қалай «не деп»? Батальон командирімен бірге шай ішіп, ой
толғап, ақылдасып отырмыз.
– Білмедім... Жақсы ендеше... Түсірейік!..
Ол аппаратын бірнеше рет сыртылдатты.
– Ал енді мұны қалай атаймыз? «Халықтар достығы» дейміз
бе?
– Жоқ, – деді Панфилов көңілденіп. – «Дивизия командирі
жұмыс үстінде» деңіз.
Генерал бұдан кейін мысқылды доғарып, мейманын ренжіт-
пей, мейірбан жүзбен қоштасты.
4
Біз тағы да оңаша қалдық.
Панфилов жақын келіп, картаға қарады да, желкесін қасыды,
одан саусағымен ауаны иіріп біраз тұрды.
– Мүмкін кейбір тұстарда шоғырлана түсерміз, – деді ол да-
усын созып. – Алғы шепті нығайтсақ? Қалай ойлайсыз, жолдас
Момышұлы?
Үн ырғағының шынайылығы сонша – пікірімді білуге керемет
құмартқанын аңдап, мен де қалтқысыз пейілмен жауап қатамын:
– Әлбетте, шоғырланған жөн! Көңілге де медеу ғой...
Осы сөздер аузымнан шыққаннан-ақ өзіме біртүрлі жадағай,
ерсі көрінді. Дегенмен Панфилов күлген жоқ.
445
Дивизия командирі жұмыс үстінде
– Көңілге дейсіз бе? Мұнымен, жолдас Момышұлы, санасу
керек. Көңіл дегеннің не екенін білесіз бе өзі?
Әдеттегіше әңгіменің еркіндігіне бой алдырсам керек, сұраққа
әзілмен жауап беруге тәуекел еттім:
– Сіздің сұрағыңыздың жауабын Мұхаммедтің қасиетті төрт
кітабының ішіндегі жүз нақыл сөздің бірінен де таба алмаймыз,
жолдас генерал. Мен не дей қояйын?
– Жо-жоқ, жолдас Момышұлы. Мұны сіз тамаша білесіз...
Командир, әскери басшы ретінде білесіз. Адамның көңіл-күйі –
ұрыстағы ең айбынды қару. Солай емес пе?
Мен келіскенімді білдіріп, бас изедім. Панфилов өз картасына
тағы бір қарап, мырс етіп күлді. Ол, тәрізі, дивизия құрылымын
әлі де илеп жасау үстінде сияқты, әзірше оның иі қана қоймаған,
бірақ ісмер қолдың ыңғайына бейім күйінде тұрған-ды... «Илеп
жасау үстінде»... Дәл сол минутте ойыма осы сөз оралды.
Панфилов өзінің әлдебір ой-тұжырымын сабақтағандай:
– Міне, біз мәселе мәніне қайта оралдық... – деді.
Ол тізе бүгіп, орындығымен бірге маған қарай жылжыды.
Өзінің шешіліп сыр ақтаруға оқталғанын, тек сөзіне қалай құлақ
қойғанымды, айтқан ойын жан-жүрегіммен қабылдап, түйсін-
генімді байқағысы келгенін де түсініп отырмын.
– Мәселе мәніне қайта оралдық, – деп қайталады ол. – Бірақ
оның басқа қырынан келдік... Немістер мен өзге де халықтар со-
вет адамы жөнінде не ойлады екен? Олар совет адамын қыспақ
қамытын киіп, бұйрық пен зорлыққа еріксіз бағынған жандар деп
санады. Ал соғыс нені көрсетті?
Сірә, Панфилов естіртіп айтқаны болмаса, бұл сұрақтарды
өз-өзіне қойған еді. Бүгін генералға іс жағдайын мәлімдей оты-
рып, совет адамы туралы шынайы, жүрекжарды сөз таба алмаға-
ныма бола қаншалықты қиналып, күйінгенімді ашық мойын-
дағанмын. Панфилов әңгімесін жалғастырды:
– Соғыс нені көрсетті? Немістер біздің шебімізді бұзып өтті.
Бірнеше мәрте киіп-жарды. Бұл ретте біздің бөлімдеріміз, жеке-
леген роталар, тіпті взводтар қоршауда байланыссыз, басқарусыз
қалып жатты. Кейбірі қаруларын тастады, ал қалғандары аянбай
қарсыласты! Бір қарағанда, осындай, бейберекет жасалған қар-
сылықтың өзі жауды қаншама ойсыратқанын есептеу мүмкін
Волоколамск тас жолы
446
емес. Қолбасшыларынан ажырап, оқшау қалған адам – партия
тәрбиесін көрген совет адамы өз бетінше шешім қабылдады.
Ешбір бұйрық берілмесе де, өз жүрек әмірі мен ішкі сенімінің
ықпалы арқылы әрекет етті. Өзіңіздің батальоныңызды-ақ алып
көріңіз. Политрук Дордияға кім бұйрық берді?
Панфилов менің Дордияны марапатқа ұсынып жазған мінез-
демеме қол созды. Оны генерал бүгінгіге екінші мәрте ақырын
ғана оқыды:
– «Рота командирінен айырылып, байланыссыз қалған сәтте
өз ынта-ықыласымен...».
Панфилов парақты шиыра айналдырып, саусағын шошайтты.
– Бәзбіреу мұнда тұрған не бар деуі мүмкін, – деп сөзін жалға-
стырды ол. – Иә, мұндай жағдайлардың мыңы, он мыңы кезде-
скені рас. Бірақ түйін осында ғой! Немістермен жападан-жалғыз
шайқасқан өзіңіздің Тимошиніңізді еске алыңыз! Ал далада
жаралылармен бірге қалған фельдшер ше! Оларға кім бұйрық
берді? Бұларды ерлікке итермелеген қандай күш? Әлбетте, ішкі
қуат, жүрек жарлығы. Ал сіздің өзіңіз ше, жолдас Момышұлы?
Панфилов басын шайқап, жымиды.
– Сіз, әрине, небір атақты өзіңізге қаптатып жинап алып,
тіпті генералиссимус болып кете жаздапсыз...
Сөз арасында әшейін ғана айтыла салған бұл ескертуі сипай
қамшылағандай әсер етті. Панфилов сыпайы түрде, былайша ай-
тқанда, шынашағының қимылымен-ақ жөнге сала қойды.
5
Генерал маза таппай жүр. Ол қайтадан картаға тақалды. Мен
де түрегелдім.
Панфилов бұ жолы әдеттегіше: «Отыра беріңіз, отыра беріңіз»
демеді, қайта, әңгімеге тартқандай, жақынырақ тақалып тұрды.
– Міне, осылайша, – деді ол, – ретсіздік тәртіпке айналды... –
Панфилов дереу өз-өзін түзетті, – ретсіздік жаңа тәртіпке айнала
бастады. Түсіндіңіз бе?
– Түсіндім, жолдас генерал.
Менің қысқа ғана «түсіндім» дегеніме Панфилов қанағаттана
қойған жоқ. Ол маған үсті-үстіне сұрақ қоюын жалғастыра берді:
– Біздің жаңаша жауынгерлік тәртібіміздің өміршеңдігі неде?
Бұл өзі қайдан негіз алады?
447
Дивизия командирі жұмыс үстінде
Мен жауап беріп үлгергенше адъютант капитан Дорфманның
келіп тұрғанын мәлімдеді.
Панфилов сағатына көз тастап алып, маған қарады.
– Жо-жоқ, жолдас Момышұлы, кетпеңіз. Мен қазір Дорф-
манмен сөйлесейін, сіз де әңгімеге араласыңыз. Оның үстіне о
жағдайдың сізге де біршама қатысы бар.
– Маған ба?
– Иә. Волоколамск үшін жауап беруіміз керек қой. Атап ай-
тқанда: мен өз резервімді дұрыс пайдалана алдым ба?.. Бұл жай-
ында сіз қандай пікірдесіз? А?
– Мұның жайын маған айта қою қиын, жолдас генерал.
– Қиын? – Жауабымнан әлдебір астар аңдағандай Панфилов
кенет серпіле үн қатты: – Иә, шындықтан аттай алмаймыз... Айту
қиын!
Одан келіп кірген капитан Дорфманға бұрылды:
– Келіңіз, келіңіз, жолдас Дорфман.
Шиыршық атып, жеңіл қимылдаған Дорфман үстелге қарай
адымдады. Хром етігі жалт-жұлт етеді. Екі айыра тараған сарғыш
шашы да жылтырап тұр. Мойындағы астар орнына тіккен су
жаңа, аппақ шүберектің жиегі көп киілмеген шұға гимнастер-
касының қайырма жағасына сән беріп тұр. Дорфманды Волоко-
ламскідегі дүрбелең шақта – дәл осындай қара көзі ойнақшыған,
сәнқой, жасаң кейпінде көріп едім; о кезде дивизия штабының
оперативтік бөлімінің бастығы ретінде өз міндетін айрықша қай-
рат-жігермен атқарып жүрген-ді. Өзі сонау бір кештегідей маған
көзі күлімдеп, жымия қарайды. Қолтығына ғұмыры тастамайтын
қара папкасын қысып алыпты.
– Отырыңыз, отырыңыз, – деді Панфилов. – Кәне, шығар-
маңызды беріңіз.
– Жолдас генерал, мұны өзімдікі дей алмаймын, – деді Дорф-
ман кішіпейілдікпен. – Мен тек сіздің ой-пікіріңізді қағаз бетіне
түсірдім, жолдас генерал. Оның үстіне штаб бастығы...
– Дұрыс, дұрыс, – деп оның сөзін бөлді Панфилов. – Әдепті
сақтадық... Ал енді іске көшейік.
Дорфман папканы ашып, ішінен машинкаға басылған бірнеше
бетті алып, генералға ұсынды. Панфилов тағы да ымдап, Дор-
Волоколамск тас жолы
448
фманның жайғасуын өтініп, өзі терезе түбіндегі жарыққа таяй
түсіп, шұқшиып оқуға кірісті.
Оқылған беттер бірінен кейін бірі үстел үстіне қаттала баста-
ды. Әлден мезгілде Панфилов еңкейген күйі үстел үстіндегі
қарындашты сипалап тауып алып, қағаз шетіне белгі түсірген.
Міне, үшкір графит парақ бетіне тағы тиді. Және бір бет ауда-
рылды. Қарындаш қайта көтерілді. Панфилов қаламның өткір
ұшымен желкесін қасыды да, кезекті бетті таңбалаған жоқ. Бұдан
соң қарындашты мүлде былай алып қойды.
Соңғы парақта мәтіннің бірнеше жолы ғана жазылыпты. Пан-
филов ондағы оқыған сөздерін ой елегінен өткізген болуы керек,
беттен көз айырмай ұзақ қарады.
– Нанымды! – деді ол ақырында. – Сөз жоқ, сенімді жа-
зылған! Жолдас Дорфман, бірталай еңбек сіңіріпсіз.
– Қолдан келгенше тырыстым, жолдас генерал.
Панфилов терезеге қарап тұрды.
– Шынында да, – деді ол сөзін жалғастырып, – бізді тергейтін
де дәнеңе жоқ екен ғой. Волоколамск іргесінде ерлікпен шайқа-
сыппыз... Қасарыса табандылық көрсеткеніміз сонша, тіпті... –
Ол Дорфманға бұрылды. – Бұл жағын, жолдас Дорфман, керемет
баяндапсыз. Қаламыңыздың ұшқырлығына тәнтімін.
Алайда генералдың қара қасы құптаған сөзіне сәйкеспей,
әдеттегісінен түксие түсіпті. Мұны, әрине, Дорфман да аңғарды.
– Бұл ойларды, жолдас генерал, сіз кеше өзіңіз айттыңыз
ғой...
Панфилов жауап қатқан жоқ; сабақтаған ойын бұрынғыша бө-
гелмей айта берді:
– Қала жау қолына өткеннен кейін де табандылық танытып,
немістерді тас жолға шығармадық, Волоколамскіден бері бірне-
ше шақырымға созылған майдан шебін қалпына келтірдік. Бұл
туралы да келістіріп, айқын жазған екенсіз. Сонда бұдан қандай
қорытынды шығады, жолдас Дорфман?
– Қорытынды өз-өзінен шығады ғой, жолдас генерал.
– Қорытынды: іс архивке өткізілсін, сонымен шаруа тәмәм
деу ғой. Солай емес пе?
Дорфман бірден бас шұлғып, келісетінін білдірді.
449
Дивизия командирі жұмыс үстінде
– Сонда қалай болғаны? – Анда, – деп Панфилов Волоко-
ламск жақты нұсқады, – анда біз, жолдас Дорфман, қорқақтық
жасап қаладан айырылдық... Ал қазір мына жағдайда да жасқан-
шақтап тұрмыз...
– Қалай? Қай жерде, жолдас генерал?
– Мында... – Панфилов оқылған беттерді нұқып көрсетті. –
Мұнда да сол шалағайлық; дәл сол жалтақтық...
– Жолдас генерал, менің ниетім...
– Білем, жолдас Дорфман, түсінемін. Сізді кінәламаймын.
Бірақ өзіңіз айтыңызшы: жазадан аман қалу үшін істі несіне бұр-
малаймыз? Найзағайдан несіне қашқалақтаймыз? Күркірей бер-
сін!
– Мен, мәселен, жолдас генерал, басыма бәле тілемей-ақ қояр
едім...
– Әрине, қателігім үшін орнымнан алынсам немесе сөгіс жа-
рияласа маған жайсыз тиетіні анық, жолдас Дорфман. Бірақ, қай-
ткенмен, белді бекем буып, шынымызды айтайық та. «Архивке
жіберілсін. Аяқсыз қалдырылсын» деген бұрыштама соғылмай-
тындай етіп жазайық. Тайсалмайық, жолдас Дорфман. Ә?
– Мен даярмын, жолдас генерал.
– Оған шек келтірген емеспін.
6
Панфилов бөлме ішін кезе жүріп, ойланды.
– Волоколамск үшін болған шайқаста жіберген біздің қателі-
гіміз неде? – деп үн қатты ол. – Жинақталған тәжірибеге қара-
мастан, мен уставтағы линиялық тактиканы ұстаныппын.
– Аса олай деуге келмейді, – жолдас генерал, – деп түзетті
Дорфман.
– Иә, дұрыс айтасыз. Үнемі олай болған жоқ... Біз оны әдей-
ілеп те бұзған едік. Оған мысал жеткілікті. Тіпті резервті пайда-
лану туралы шешімді алсақ та болады.
Генерал маған қарай бұрылды:
– Байқайсыз ба, жолдас Момышұлы, сізге де келіп жеттік...
Мен сіздің батальоныңызды ең биік жотаны алу туралы бұй-
рықпен жұмсағанмын. Осының өзі линиялық тактикадан, лини-
ялық шеп құрудан бас тарту-тын. Бірақ босаң, піспеген, тұрлау-
сыз шешім еді... Өйткені шептің бұзылғанына қарамастан, сіздің
Волоколамск тас жолы
450
батальонды қалада қалдырып, сізге қаланы қорғауды тапсыруым
қажет-ті. Онда сіз әлі күнге дейін сонда шайқасып жатқан болар
едіңіз деп ойлаймын... Міне, дәл осыны жазу керек, жолдас Дор-
фман.
– Құп болады, жолдас генерал.
– Қанын сорғалата жазған жөн, жолдас Дорфман, бұл сіздің
қолыңыздан келеді. Қателік жіберілді деп анық және нақты ай-
тылғаны дұрыс. Оның мәні қорғаныс ұрысында әскерлердің
шеп құруы жөнінде уставта жазыла тұра әбден ескірген ережені
үзілді-кесілді бұза алмағанымызда еді. Жазғанда да... Іс аяқсыз
қалмайтындай етіп жазыңыз. Әлбетте, белгілі шектен шықпай,
ізет-иба ұстанғаныңыз жөн. Ал табандылық пен соғыста көр-
сеткен ерлік көріністері сақталсын. Бұлар өз орнында қалғаны
дұрыс. Түсіндіңіз ғой?
– Түсіндім. Ештеңеден тайсалмаймыз.
– Міне-міне... Енді қалаларды қолдан бергеніміз жетер! Ай-
ырылып қалдың ба, қалай және неге бердің: шыныңды айт. Жал-
тарма жауап құрастыруымыз қисынсыз болмай ма, жолдас Дорф-
ман.
Менің батальоныма қатысты мысалмен шектелмей, Панфилов
Волоколамск үшін болған ұрыстың сәтсіздігі жөнінде капитан-
мен тағы да бірталай уақыт сөйлесіп отырды.
– Түсінікті, жолдас генерал, – деді Дорфман. – Кешке дейін
жазып бітіремін.
– Жоқ, аса асығыстық екі жұмыс істетеді... Ең дұрысы, түнде
де біраз отырыңыз. Маған қайыра таңертең келіңіз. Ал қағазы-
мыз бір күн кешігер болса... Ол үшін басымызды ала қоймас. Ал-
л, жолдас Дорфман, іске сәт.
7
Дорфманды босатқан соң Панфилов маған бұрылды:
– Байқайсыз ба, жолдас Момышұлы, өз уставымызға қарсы
шыға бастадық. Уставты соғыс пен соғыстың тәжірибесі жасай-
ды ғой. Қазіргі устав өткен майдандардың сабағын көрсетеді. Ал
жаңа заманғы соғыс оны бұзады. Оны ұрыс кезінде бармақ шай-
нап, әбден запы болған командирлер бұзып жүр. Мұны сіз өзіңіз
де бұздыңыз, жолдас Момышұлы...
451
Дивизия командирі жұмыс үстінде
Панфилов сәл бөгеліп жүзіме қарап, менің де сөйлеп, қарсы
пікір білдіруіме мүмкіндік берді; бірақ өзім бұрынғыша тыңдай
беруді құп көрдім.
– Бұздыңыз, ал соңынан оны маған мәлімдедіңіз. Мен армия
қолбасшысына баяндадым. Ол жоғарыдағыларға айтады... Сөй-
тіп, жаңа устав мейлінше безбенделіп, қол қою сатысына жет-
кенше мыңдаған командир ұрыс кезінде осы жаңа уставты жасап
жатады.
Панфилов бүгін мені қатты түршіктірген картаға тақалып,
соған қайта шұқшиды.
– Ім... Ім... Иә, аз ғана күшпен қарсылық көрсетіп жатырмыз.
Енді олардың қатарын нығайта аламын. Құдайға шүкір, сіздің
батальоныңыз қайта тірілді. Сіз тағы да менің резервім ретінде
қорғаныстың екінші алабында шеп құрасыз.
Мен таңданысымды жасыра алмадым:
– Екінші алапта? Жалғыз менің батальоным ба?
– Сізге біршама қосымша күш қосуға тырысамын. Бәлкім,
қуатты құралдар берермін. Бірақ менде ондай қару көп емес.
Шөкімдей ғана, азғантай...
– Бұл қалай болады, жолдас генерал? Қалай төтеп бермекпіз?
Жалғыз ғана батальон, винтовкадан өзге ештеңесі жоқ бірнеше
жүз адам тұтастай полктер тап берсе не істемекші? Біздің армия-
мыз қайда? Біздің техникамыз қайда?
Мен Панфиловқа көкейдегі жан күйзелткен түйткілдің бәрін
қайтадан жайып салдым. Өзге дивизия командирінің алдында,
бәлкім, мұндай ашық әңгімеге бара алмас та едім. Алайда Панфи-
ловтың қарамағындағылармен пікір алысуға бейімдігі, олардың
алдында өз ойын жасырмай айтатыны, ақыл-кеңес тыңдау дағ-
дысы осындай бүкпесіздікке бастайтын. Ол қазір де титтей кінә
артпастан, керісінше, сөзімді құлақ қойып, ықыластана тыңдады.
– Айтыңыз, айтыңыз, жолдас Момышұлы. Сіз менің ре-
зервімнің командирісіз. Біз бір-бірімізді түсінуге тиіспіз...
Мен қайтадан сұрадым:
– Жолдас генерал, шынымен-ақ, бүкіл екінші линияны қорға-
мақпын ба?
Панфилов сөзімді бөлді:
Волоколамск тас жолы
452
– Линияны емес, жолдас Момышұлы, линияны емес... Бұл
сөзді санадан шығарыңыз. Бұрынғы линиялық тактика құрса-
уынан тезірек құтылыңыз.
– Сонда сізде екінші линия орнында жалғыз менің батальо-
ным бола ма? Бұл қаншалықты қисынды, жолдас генерал?..
– Қисынды... Тек дер кезінде қажетті орнынан табылу керек.
Бізге Волоколамск сабақ болуға тиісті. Егер сіз мына алапты тү-
гелдей зерттеп шықсаңыз, – Панфилов картадан дивизия шебіне
жапсарлас жатқан кең жолақты көрсетті, – егер сіздің генера-
лыңыз тағы да жаза басып қалмаса, онда жалғыз батальонның
өзі-ақ жауды бірнеше күн ит-әуреге түсіре алады. Өзіміздің шиы-
ршық-серіппемізді есіңізге алыңыз. Дұшпанның кері қарай айна-
лып, қайтадан сап құруына тура келмекші. Ал бұл үшін бірталай
уақыт кетеді. Енді жолды шағын взвод емес, батальон бөгейтін
болады. Кәне, жаудың орнына қимылдап көріңізші. Мархабат
етіңіз, неміс әскері тобының қолбасшысы мырза, егер тас жол
бойында, негізгі соққының қарсы алдында батальонға килігіп
қалсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
Мен бірнеше минут неміс қолбасшысының ролін атқардым.
Бұдан соң мойындадым:
– Әрине, батальон олардың екі-үш күнін алады.
– Мүмкін, жолдас Момышұлы, одан көбірек те шығар...
– Ал сосын ше? Содан соң не істемекпіз, жолдас генерал?
– Содан соң?.. Қажет болған жағдайда лек-легімізбен шеп-
тен-шепке өтіп, Истраға дейін шегінеміз. Негізі, осыны сізге ай-
татын да жөнім жоқ еді, жолдас Момышұлы. Мұны өзіңізге ре-
зерв командирі ретінде сенгендіктен айтып тұрмын. Шегіне ұрыс
жүргіземіз, тағы да шиыршық-серіппені іске қосамыз. Шегіну
қашу деген сөз емес, жолдас Момышұлы, бұл – ұрыс салудың ең
бір күрделі түрі. Шегіну екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Бізге жүктелген міндет: жаудың жедел ілгері жүруіне мүмкіндік
бермеу, оны әбден титықтатып, механикаландырылған күштері
екпіндей ұмтылатын жолдарды бөгеу. Ал ондай жолдар – зер
сала қараңыз – аса көп емес. Егер біз ақыл-айламен шегіне алсақ,
онда жаудың Истра шебіне тұяқ іліктіру үшін бір-бір жарым ай
уақыттан ұтылатыны анық. Қалай ойлайсыз, осы қисынсыз ба?
453
Дивизия командирі жұмыс үстінде
Картаға қарап, генералдың қарындашы ізін бағып, кейбір ба-
сты көріністері ғана айқындалғанмен, әлі де солқылдақтау ұрыс
жоспарын – өзіме Панфилов ашып көрсеткен іс кестесін қадаға-
ладым. Кездесетін қиындықты жасырмай-ақ ол менің көкейіме
сенім ұялатты. Жолдарды ұстап тұру... Бір-бір жарым айдай немі-
стерді әбігерге салу... Бұл енді мені таңырқата қойған жоқ, қайта,
әбден ойластырылған ауқымды міндет ретінде көкейіме қонды.
– Пайымдауымша, – деп ой сабақтады Панфилов, – біздің
бір сарбаздың дұшпанның төрт-бес солдатымен шайқасуына
тура келер. Мұндай ахуалмен, жолдас Момышұлы, сіз бен біз
алғаш кезігіп отырған жоқпыз... Ал бір-бір жарым айдан кейін
өз резервтеріміз де келіп қосылады. Қазір оларды бекерден-бекер
шағын ұрысқа салудың қажеті жоқ. Кезі жеткенде біздің армия-
мыздың қайда, техникамыздың қайда екенін көретін күн де туар
деп ойлаймын.
8
– Ал, бүгінше жетер, – деп түйді генерал. – Істің бүге-шігесін
келесі жолы талқылаймыз. Таяу күндерде сіздің батальоныңыз-
ды өзіме жақынырақ жерге, екінші эшелонға ауыстырамын. Сон-
да жаңа қоныс тойына келемін. Шақыратын шығарсыз?
Мен қолымды кеудеме қойып, басымды идім:
– Мархабат етіңіз... Қазақша қонақ қыламыз. Палау әзірлей-
міз. Тек күнібұрын ескертсеңіз болды.
– Жақсы. Аспазды ренжіте қоймаспын. Ал енді әңгіме былай,
жолдас Момышұлы. Сізге бір үстеме жұмыс тапсырғым келіп
тұр. Өзіңіз жүргізген ұрыстардың бәрін қамтып, батальонның
қимыл-әрекетін түгелдей қағазға түсіріңіз. Схемасын қоса тір-
кеңіз...
– Құп болады, жолдас генерал.
– Бастан кешкен қиындықты бүркемелемеңіз. Шындықтың
уытты дәмін шімірікпей татқаныңыз жөн. Ұқтыңыз ба? Бұл үшін
сізге қанша күн керек?
– Үш күн ішінде үлгеріп қалармын.
– Жоқ, үш күн ішінде үлгермейсіз. Бір апта алыңыз. Жебе-
уші-періштеміз қолдар бізді.
Қайдағы жебеуші-періште деп аңтарыла қарадым. Панфилов
мұның мәнін түсіндірді:
Волоколамск тас жолы
454
– Қорғанушының жебеуші-періштесі – уақыт! Бұл сөздің
кімдікі екенін білесіз бе? Мұны айтқан неміс халқының аса көр-
некті адамдарының бірі Клаузевиц. – Панфилов сәл ойланып,
қайталады: – Неміс халқының... Жолдас Момышұлы, сіздің немі-
стерді ұлт ретінде, халық ретінде жек көрген кезіңіз болды ма?
– Ешқашан да! – дедім мен нық сеніммен. – Егер менің қан-
дас қазақ бауырым сол басқыншылар қатарына қосылып, свасти-
ка туы астына тұрар болса, мен оны да жек көрер едім.
Кенет Панфилов есіне түскен жәйтке тоқталды:
– Иә, сізге шегінуге қатысты Лениннің не жазғанын ақыры
айтпаппын ғой. Ол біздің күресте сұрапыл екпінмен өршеленіп,
құлшына шабуыл жасай білу қаншалықты маңызды болса, шегіну
өнері де соншалықты мәнді деп санаған... Шегіну тәжірибесін
зерттеу қажеттігін жазған. Түсіндіңіз бе, жолдас Момышұлы?
Екеуміз қол алысып қоштастық.
Панфиловтың қасынан шыққан бетте сағатыма қарадым. Тілі
үштің шамасын көрсетіп тұр екен.
Бұдан бірнеше күн бұрын да Панфиловтың Волоколамскідегі
үйінен дәл осындай уақытта аттанған едім; жаңбыр құйып тұрды,
зеңбіректер гүрсілдеп, маңайды ыс иісі кеулеп, айнала төңіректі
бұлыңғыр мұнар бүркеп алған-ды. Ал қазір алтын күз қайта ора-
лып келгендей екен. Бетін жел шымырлатқан іркінді сулардың
бетіндегі мың-сан сәуле жылтылдап көз ұялтады.
Үнсіз әндеткен күйімде атқа ырғып міндім. Торытөбел сылаң
қағып, үйге қарай ала жөнелді – батальонды іштей осылай ата-
ушы едім.
Алтын басты болсаң да...
1
Міне, мынау Горки деревнясы... Көшенің бір беті көлеңке, ал
екінші жағындағы терезе әйнектері қиғаштай шаншылған күн
шапағынан жарқыл қағып тұр.
Немістер басып алған жердегі жорығымызды кеше ғана
аяқтап, өз адамдарымызға жеткен едік. Тоқыма шарбақ ішінде
көшпелі үш асхана түтіндетіп жатыр. Е, демек, біздің арба ке-
455
Алтын басты болсаң да...
руені де келіп жеткен екен. Қазандардың қасында роталардан
кезекшілікке бөлінген сарбаздар ағаш жарып, картоп тазалауға
кірісіпті. Ал көше жақ бос – роталар шептерге шығып, бекініп
үлгерген. Өз штабым орналасқан үй тұсында Торытөбелдің тіз-
гінін тарттым; алдымнан ытқып шыққан Синченкоға ат шылбы-
рын ұстаттым да, штабтың шағын бөлмесіне қарай өттім.
Онда әлдеқашан орнатылып қойылған телефон аппаратының
қасында байланысшы отыр. Үстелде жатқан топографиялық кар-
тада батальон қорғанысы түсірілген. Жағдайды баяндауға әзір
тұрған Рахимов бөлімнің нақты құрамы мен өзге де мәліметтер
жазылған парақты үстел шетіне қойды.
Қағазды көз жүгіртіп қарап өттім. Ешбір мәлімдемесіз-ақ ба-
тальонның қайтадан тас-түйін жинақы, басқаруға икемді оты-
рғанын білемін. Енді кереуетке көсіле жатып, жан мен тәнді
тынықтырып алу мүмкіндігі бар. Өзім де сөйттім. Жастықты
ыңғайлап салып, төсекке жабылған плащ-палаткаға жата кетіп,
гимнастеркамның жағасын ағыттым.
– Отыр, Рахимов... Баянда.
Бір сәт рахаттана босап, мәліметке құлақ қойдым. Терезе тұ-
сынан әлдебір шу естіліп, көңіл елегізітті. Басымды бұра қарай-
мын.
– Рахимов, не болып жатыр анда?
Ақырын басып, Рахимов шығып кетті. Бір минуттей өткенде
қайта оралған. Абыржығаны байқалып тұр. Оның бойындағы
қобалжу лезде мені де билеп алды. Бөлмеде өзгере қойған ештеңе
жоқ, бірақ аяқ астынан тасыр-тұсыр етіп, құлағым күңгірлеп
кетті.
– Жолдас комбат, мәлімдеуге рұқсат етіңіз.
– Не болып қалыпты?
– Пулемет арбасымен Заев келіп тұр.
– Заев?
Сондағы: жарылған мина, еліре зымырап бара жатқан Торытө-
белдің сұлбасы, қос дөңгелекті пулемет арбасы үстінде қолына
шыбық ұстаған Заевтың кескіні айна-қатесіз көз алдыма қайта-
дан келе қалды. Ендігі бір мезетте Заев пен пулемет расчеты мін-
ген екі аяқты арба Торытөбелдің соңынан қоса заулап, майдан
даласынан ғайып болған. Міне, арада екі күн өткенде сол Заев
Волоколамск тас жолы
456
кері оралыпты. Орнымнан атып тұрдым. Болбырап, шаршағаным
жайына қалды.
– Қайда өзі?
– Аулада.
– Пулеметшілер ше?
– Олар да осында.
Өз-өзіме келіп, жинақталдым. Құлақ-шекенің шыңылауы да
кілт тоқтады. Түймеленіп, гимнастерканы түзеп, табалдырықтан
аттадым.
2
Батпақ-батпақ екі аяқ арба ауланы айғыздаған іздері сайрап,
сарай көлеңкесінде тұр. Ұрыс алаңынан Заевпен бірге қашқан
төрт пулеметші дөңгелектердің түбіне иіріле қалыпты. Тек дел-
беші Гаркуша ғана іске кіріскен екен – атқа пішен әкеле жатыр.
Тайпақ ақбоз ат әзір үсік шала қоймай, жылымық күні қайта көк-
тегендей қылтиған шөп басын жұлып жеп жүр.
Қайда әлгі Заев? Жасырынып қалған ба? Менің бетіме қарау-
дан қаймығып жүрген шығар? Жоқ, тығылмапты. Бойы сорайып,
қол-аяғы арбиып, қора іргесіндегі ең көрнекті жерге тұрып алған
ол құлақшынын милыққа баса киіп, маған қабақ астынан қадала
қарайды.
Далаға жүгіре шыққан Бозжанов Заевқа тақала түсті де, мені
байқап қалып, саңқ етіп команда берді:
– Смирно!
Пулеметшілер бойларын тіктеді. Құшағындағы шөпті тастай
салған Гаркуша да қаздия қалды. Тек Заев қана басы салбырап,
иығы қушиған күйі ұзын қолдарын жанына түсіріп тұра берді.
– Өңшең сужүрек! – дедім мен. – Сендер тыл жағалап қашып
жүргенде адал сарбаздар жаумен арпалысты. Енді не үшін кел-
діңдер? Жолдастарыңның бетіне қалай қарайсыңдар? Ар-ұятта-
рың қайда?
Бәрі сөзімді түнере тыңдады. Төрт пулеметшінің арасында
бұдан бірнеше ғана күн бұрын өзім генералға атын командир-
лік-әкелік сезіммен мақтана жеткізген Ползунов та бар еді. Қазір
оның айнадай жарқырап тұратын байыпты көздері бұлдырап, қа-
рауытып кетіпті.
– Ұят қайда, Ползунов?
457
Алтын басты болсаң да...
Ол маған тайсалмай жауап берді:
– Жолдас комбат, бізді сіздің қалай қарсы алатыңызды біл-
генбіз. Сонда да өзіңізге келдік.
– Бірден неге қайтпадыңдар? Жолдастарыңның шайқасып
жатқанын көрген бойда неліктен дереу кері қайырылмадыңдар?
Заевта үн жоқ. Гаркуша сөйледі:
– Немістерге килігіп қалдық, жолдас комбат. Екінші бүйірге
қарай жалт беріп едік, ол жақта да қарсы алдымыздан оқ жауды-
рды.
– Одан соң ше?
– Одан соң сізге қайта оралатын жолымыз жабылды...
Ұмтылып көріп едік, немістер өткізбеді.
Мен бұйрық бердім:
– Заев! Штабқа барыңыз. Ал сендермен, қаңғыбастар, әңгіме
басқаша болады.
Іші-бауырым зіл-батпан болып кілт бұрылдым да, штаб бөл-
месіне қарай аяңдадым.
3
Көп күткен жоқпын. Ұзамай, келе жатқан Заевтың ауыр сал-
мағынан еден тақтайы сықырлап кетті. Оны іле-шала бөлмеге
жымып басып Бозжанов кірді.
Заев сымдай болып тартыла қалған:
– Жолдас комбат, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын.
Ол бұл сөздерді бұрынғы әдетінше міңгірлемей, өте анық айт-
ты.
Мен тізе бүктім. Көлбей төгілген күн нұры Заевтың жүзіне
түсіп тұр. Оның қатаң әскери форма бойынша киінгенін енді ғана
байқадым. Сірә, мұндай кейпін бұрын-соңды ешбір көрмеген
шығармын. Бүгін батальондағы комбат төрелігіне – қылмыскер,
қашқын ретінде ешбір аяушылық күтпейтін қыспаққа ораларда
Заев жуынып-қырынып, шинелін тазартып, өзі бәріміз майданға
келгелі бері үстіне ғұмыры ілмеген жабдығы – иықтан асыра тар-
татын қайыс бауларына дейін тағып келуді жөн санаған секілді.
Заевтың ылғи жеке қаруы мен өзге де нешеқилы керек-жарағын
сұға салатын шинелінің өңірі енді дүңкиіп тұрған жоқ еді; ши-
нельдің барлық ілгектері мен түймелері тағулы. Эмалі кетілген
жұлдызы бар офицерлік түкті сұр шұға құлақшынының өнебойы
Волоколамск тас жолы
458
салақтап жүретін баулары да байланыпты. Тек шинелінің қазір
де қампиып тұрған қалталары бұрынғы ебедейсіз Заевты еске
түсіреді. Терезеден шашыраған күн сәулесі оның бет пішінін ай-
қындай түсіпті: қос шекесі шұңқырлау, шықшыттары шығыңқы,
суалып, ішке тартылған екі ұрты жалпайған сүйекті иекке жалға-
сады.
– Жабдықтарыңды сыпыр, – деп бұйырдым мен.
Заев иыққа тартқан қайыс баулары мен белдігін шешіп, писто-
лет қабын босатып, бәрін үстел үстіне қойды.
– Жұлдыз алынсын! Айырма белгілері сыпырылсын!
Заев, әлбетте, осындай жазаның күтіп тұрғанын біліп, даярла-
нып келгені де анық, әйткенімен, өңі түтігіп, аузы дірілдеп, қа-
лың қабағы одан сайын түксиіп кетті. Солай бола тұра өз-өзін
игерді: кеберсіп, жарылып кеткен ернін жымырып, кешірім сұра-
мады; маған қадалған шүңірек көзінен жалыныш табы байқал-
мады. Заев бұйрықты үнсіз орындаған. Бояуы көмескі тартқан
қызыл жұлдызы мен шинелінің петлицаларынан жұлынған төрт
бұрышты қызыл белгілер де үстелге тасталды.
– Петлицаларды да жұл, – дем әмір еттім мен.
Есік сарт етіп ашылып, Толстунов келіп кірді. Әдеттегі сал-
мақты қалпымен, аздап теңселе басқан ол әскери белгі бұйымда-
ры жатқан үстелге қарай өтіп, жайғасты.
4
– Петлицаларды! – деп қайталадым мен.
– Жолдас комбат, мүмкін, петлицаларды қалдыруға рұқсат
етерсіз?
– Жоқ, жұлыңыз!
Заев маған тесіле қараған күйі сіңірлі, қарулы қолын жоға-
ры созды да, әп сәтте екі петлицасын жұлып алып, үстел үстіне
тастады. Енді Заев жай солдат болудан да қалды, мен оның ең
соңғы жауынгерлік белгісіне дейін сыпырып алдым.
– Барлық қалта ақтарылсын! Ондағы заттың бәрі үстелге
қойылсын.
Бұйрыққа бағынған Заев қалтасындағы дүниені түгелдей
шығара бастады.
Үстелге суырылып, жеке медициналық пакет тасталды. Ішін-
де үлдірекпен оралған мақта түйіншектері, йод амплуасы, ағыл-
459
Алтын басты болсаң да...
шын түйреуіші бар екен, бірақ дәке сақталмапты. Заевтың рота-
ны немістерге бастап бара жатқан сәтте қол пулеметінің ұңғысын
асып қою үшін ақ дәкеден есіп алған таңғышы есіме түсті. Міне,
қолдан жұмырлап иіріп жасаған сол кір-қожалақ иықбау да
көрінді, бұл да Заевтың қалтасында жүр екен. Ол шалбарының
қалтасынан мылтық майы жұққан бет орамалын, сіріңке, ума-
ждалған папирос қорабын, саусақтың ізі түскен іші бос қызыл
қалта, өзінің ағаш сабы қарабайырлау нән бәкісін шығарған.
Гимнастерканың төс қалтасына жеткен тұста Заевтың қолы си-
палақтап, бөгеліп қалды.
– Бұл қастерлі нәрсем, жолдас комбат.
– Шығар бәрін.
Қалта жапсырмасының түймесін ағытып, қатталған бір буда
хат шығарды. Қалтасында хаттармен бірге фотосуреттер де
сақталыпты. Олардың бетінде алты-жеті жасар баланың суреті
жатыр. Орындық үстінде тұрған оның қисық жағалы көйлегі
жаңа ғана үтіктелгені байқалады – жеңінің ұзына бойындағы
қыры пышақтай; түймелерінің бәрі салулы, өзі белін жіңішке
белдікпен қынай буып алыпты. Заевтың ұрпағы екені шекесінің
шұқырлығы мен түксиген қабақ сүйегінен-ақ байқалатындай.
Фуражкасына қызылармия жұлдызы бекітілген. Бала қолымен
ұқыпсыздау боялған онысы суретте қып-қызыл болып көрінеді.
Мен кәртішкеге үстірт қана қарап үлгердім: Заев оны жалма-жан
теріс аудара қойды. Алайда оқыстау қимылдаған қолы әлгімен
бірге өзге фотосуретті қоса іліп, ол да аударылып түсті. Мен:
«Досым, орыс бауырыма...» ірі жазуды оқып қалдым. Қолтаң-
ба таныс сияқты көрінді. «Орыс бауырыма...». Мұны кім жазуы
мүмкін? Кәртішкені бет жағынан қарадым. Жаздыгүні қазақ да-
ласының аспаны аясында бұлдырай көрінген Тәңіртау сілемдері
тұсында екі адам түсіпті: бірдеңеге ашуланып, әлдекімді сабап
жібергісі келгендей екінші жағына ызбарлана қарап қалған сы-
рықтай ұзын Заев пен кеудесін шалқақ ұстап, жайдарлана күліп,
ол да сәл қырындау тұрған бойы мұнан бір бастай аласа, дөңге-
лек жүзді Бозжанов екен – жұптары жазылмайтын командир мен
политрук, біздің Пат пен Паташон.
– Хаттар кімнен?
– Әйелімнен келген.
Волоколамск тас жолы
460
– Бұл хаттарға ешкімнің тимейтініне кепілдік беремін, Заев,
– дедім мен. – Ешкім оқымайды.
Бәрін қаттап, мықтап буып, терезе ернеуіне қойдым. Бозжа-
нов пен Заевтың суреті бейнеленген ашық хат буманың бетінде
жатыр; байлаған кендір жіп сыртынан айқыш-ұйқыш шандып
тастады.
– Бәрі осы ма?
– Жоқ, жолдас комбат.
Шинелінің төс қалтасынан ішіне аппақ, жұқа тері қолғап са-
лынған ұзынша мөлдір пакет шықты. Заев бұл қолғапты Берлинге
жеткенде кию үшін сақтап жүрмін дегендегі түн ойыма оралған.
Аяқтары жерге тиердей салақтап, мәстек атқа мініп алған оның:
«Қалай ойлайсыз, жолдас комбат, мына дөңгеленген дүниеде әлі
де шамалы іс тындыра аламыз ба, жоқ па?» деп қырылдай сөйле-
ген сәті еске түсті.
Жоқ, мұндай естелік көңілімді жібіте қоймайды. Екеуара
сөзіміз осымен тәмәм. Сендей ар-абыройдан айырылып, әскери
борышты табан асты қылған жанға енді ешбір талап та қойыл-
майды. Немесе, анығырағы, бір ғана сідет бар: кесілген жазаны
лайықты қабылдауың керек.
– Енді бітті ме?
– Иә, жолдас комбат, бітті.
Мұның ылғи аузына ілігетін «ехе», «әхә» деген сөздері қайда
кетті екен, – үнемі сонысына бола менен талай сөгіс естіген еді.
Ол әдеттен сап тыйылыпты.
– Темекіні алуыңызға болады, – дедім мен.
Заев папирос пен сіріңкені қалтасына салды. Одан шинелінің
әрбір ілгегі мен түймесін мұқият тағынған. Сүйектері шодырай-
ған қайратты, ауыр қолы қалтыраған жоқ.
Түймеленіп болып, бойын тіктеді де, бір мезет қимылсыз қал-
ды.
5
Бөлмеде тыныштық орнаған. Мен іштей үкім шығарып, шешім
қабылдап үлгердім: ату жазасы. Дегенмен әлі де бір минуттей ой-
ланған едім.
Үстел үстінде жатқан әрбір зат – Заев қаруды бөлшектеп та-
стап қайта жинаған кезінде ұдайы іске қосатын жуан бізі мен
461
Алтын басты болсаң да...
бұрауышы бар ағаш сапты шаппасы да; өзі осы күнге дейін жа-
нынан тастамай келген қол пулеметін асып алу үшін дәкеден жа-
саған кір-кір таңғышы да; Берлин үшін деп дарақылықпен сатып
алған қолғаптары да; жұлынған жібі жалбыраған көкшіл түсті екі
петлицасы да «Кешірім ет!» деп жатқандай еді.
Әйткенмен, жүрегіме күйдіріп басқандай: «Егер қорқақтық
жасап, опасыздыққа барсаң қаншалықты мейіріммен қарағым
келсе де ешбір кешірім жоқ... Бәлкім, бұрын жұрт сені аялап жақ-
сы көріп, мақтап-мадақтаған да шығар, бірақ басың алтын бол-
са да әскери қылмысың үшін, сужүректігің үшін өлім жазасына
кесілесің» деген соғыс қағидасы бар.
Иә, қандай керемет болсаң да!.. Бір минуттік толғанысым
осымен шектелді.
– Рахимов!
– Мен, жолдас комбат.
– Барып, екінші ротаны, мынамен бірге келген жауынгер-
лерді сапқа тұрғызыңыз...
– Жолдас комбат, олар түскі асын ішіп жатыр.
– Түскі асын ішкені қалай? Тамақтануға кім рұқсат берді
оларға?
Жауапты Толстунов қайтарған:
– Мен рұқсат еттім. Жұрт аш қой.
Ақыры ашуға міндім:
– Ал біз ашықпаппыз ба? Бұлар тылды айналсоқтап жүрген-
де біздің неше тәулік бойы нәр сызбағанымызды білесің бе?
– Жарайды, комбат, – деді Толстунов басу айтып. – Ауқатта-
нып алсын енді.
Өзімді сабырға жеңдірдім.
– Мейлі. Күте тұрайық. Ал әзірге, Заев, сізге әйеліңізге хат
жазуға мүмкіндік бере аламын. Бұдан өзге ешбір соңғы тілекті
тыңдай алмаймын. Сіз өзіңіз басқарған рота сапының алдында
атыласыз, өзіңізбен бірге қашқан жауынгерлер атады.
– Жолдас комбат, – деді Заев, – маған ақ-адал өлуге мұрсат
беріңіз. Өз ротамда қатардағы жауынгер ретінде өлуге мүмкіндік
жасаңыз.
– Жоқ!
Волоколамск тас жолы
462
– Жолдас комбат, білемін... Өлім жазасына лайықпын. Өзім
де тірі жүре алмаймын. Мұндай жағдайға бір минуттік үрей
салдарынан жеттім, сол мені бәрінен жұрдай қылды, өмірімді
жалмады. Бірақ маған абыроймен ажал құшуға мүмкіндік туғы-
зыңыз. Барлау кезінде, шабуыл үстінде жау оғынан өлейін. Мен
сіздің сотыңыздан жалтарғам жоқ, басқа батальонға, өзге ротаға
ауысып кетуге тырыспадым. Өз сарбаздарымның алдында масқа-
ра болдым, енді мені соларға жіберіңіз. Сонда қатардағы жауын-
гер ретінде қызмет атқарамын. Және адал солдат болып өлемін.
Жолдас комбат, менің осы тілегімді жерге тастамауыңызды өті-
немін!
Заев алғаш рет соншама шешенге айналды, мірдің оғындай әр
сөзі көңілге дөп-дөп қонады. Жан күйзелісі оны қайта жаратқан-
дай еді. Алдымда бұрынғы қуақы, қылжақбас жанның орнын-
да мүлде басқа, жаңа бір Заев ерен күшпен өз ниетіне иланды-
рып тұр. Мен қобалжи бастағанымды аңдаймын. Алайда кесіп
түскендей тыйып тастадым:
–Жоқ! Жоқ! Жеткілікті! Көрші жайға барыңыз. Әйеліңізге
соңғы хатыңызды жазыңыз.
Заев даусы күңгірлеп, қинала үн қатты:
– Амал не, жарайды... Құп болады, жолдас комбат!
Сөйтті де, жауынгерлер қатарынан аластатылған белдіксіз,
жұлдызсыз, петлицасыз ол әскери ізет көрсетпестен шығып кет-
ті.
6
Мен өз жолдастарым: Толстунов, Рахимов, Бозжановқа қара-
дым.
Заевты соттап тұрған сәтімде бұлардың ешқайсы сөзге килі-
гуге батпады. Қазір де ешбірі ләм деп тіл қатпаған. Әйткенмен,
көздері бәрін айтып тұр. Заевтың қазіргі мінезі, оның өз-өзін
қайсарлана айыптауы, тіпті кенеттен пайда бола кеткен ересен
күш-қуатпен адал өлім тілеген сөзінің әсері бәрін де тебірентіп,
сотталушыға деген аяныш сезімін туғызған еді. Үрпие, үздіге қа-
раған үшеудің көзі: «Аяушылық жасап, тірі қалдыра гөр!» деп
жалбарынады. Жоқ! Қандай періште болсаң да... Жоқ, жолдастар,
болмайды!
Ұзаққа созылған үнсіздікті Бозжанов бұзған:
463
Алтын басты болсаң да...
– Кәне, тамақтанайық. Бәрі дайын.
Мен:
– Қайда асығасың? Кейін... – деп қалдым.
Алайда Бозжанов әзірлік қамын жалғастыра берді.
– Үстелді жинастырыңдар. Ал мен қазір...
Бетіме қараудан тайсақтаған ол үйдің екінші жартысына
– пеште бәрімізге арналып тамақ пісіп жатқан бөлмеге қарай
жылысты.
Рахимов лезде үстел үстін жиыстырып, плащ-палатка жайды
да, өзіне тән тиянақтылықпен, Заевтың үюлі жатқан заттарын
реттестіріп, салып ала қойды. Ол штабтың жұтаң қорының қаға-
зын да аямай, петлица, жұлдыз, төрт бұрышты қызыл белгілерді
су жаңа аппақ парақпен орап, осы түйіншекті Заевтың әмиянына
салды. Одан көз қиығымен терезе алдында буулы жатқан хаттар
мен суреттерге бір қарап қойды, бірақ оны алуға батпады. Мұқи-
ят қатталып, аузы түйреуішпен бекітілген әжептәуір салмақты
жүкті бөлме түкпіріндегі сандықтың үстінен орын тепті.
Ал Бозжанов бұл кезде бір кәстрөл сорпаны да алып кірген
еді.
– Кейінірек, кейінірек, Бозжанов, – дедім мен.
– Қалайша, жолдас комбат? Онсыз да ұзақ пісті.
Бозжановты Толстунов қолдай жөнелген:
– Тамақтанайық, комбат. Әлгі хатын жазып болғанша үлге-
реміз. Синченко, тәлеңкелеріңді қой, нан әкел.
Мен бөлмеге Синченконың қалай келе қалғанын да аңдамап-
пын. Ол ыдыстарды үн-түнсіз жайғастырып, нан турауға кірісті.
Өзі жазықты болып қалған баладай тұқшиып, пышақтың да,
тәлеңкенің де дыбысын шығарып алмауға тырысып жүр.
Толстунов:
– Комбат, бір-бір рөмкеден арақ ішуге рұқсат ет, – деді.
– Қажеті жоқ.
– Қалайша қажеті жоқ? Біздің не кінәміз бар, комбат?
Үлесімізден қақпасайшы. Тамақ алдында рұқсат бер.
– Жарайды. Қаласаңдар, ішіңдер.
– Өзің де бізбен соғыстырып қой, комбат. Синченко! Құты
қайда?
Волоколамск тас жолы
464
Синченко құтыны ұсынды. Толстунов арақты стақандарға
бөліп құйды да, бәрі үнсіз алып қойысты.
Бозжанов кендір жіппен айқыш-ұйқыш шандыған буманың
бетіндегі суретті иегімен нұсқады.
– Жолдас комбат, менің анда неге күліп тұрғанымды білесіз
бе?
– Неге күліп тұрсың?
– Біз екеуміз суретке түсуге әзірлене бастаған сәтте ол кенет-
тен рота аумағында пайда бола кеткен бір бойжеткенді байқап
қалды. Бөтен қыз. Сөйтті де айқай салды. Ал мен...
– Маған мұның түк те қызығы жоқ, – деп Заев туралы әң-
гімені бірден тойтарып тастадым.
Бірақ сөз жалғаса берді.
– Тыңдашы, комбат, – деді Толстунов. – Ең дұрысы, оны
Әскери Трибунал соттасын. Біз қазір ұрыс жағдайында тұрған
жоқпыз ғой...
– Ұрыс жағдайында тұрмағаны қалай? Жаумен бетпе-бет
келдік емес пе.
– Әзірше, әйтеуір, тыныштық қой, шайқастар басталған жоқ.
Оны трибуналға жібер, істің ақ-қарасын трибунал анықтасын.
Үндемедім. Толстунов сөзін жалғастырды:
– Егер ату жазасына кессе, батальон сапының алдында ата-
мыз. Ал шен-дәрежесінен айырса, кінәсін қатардағы жауынгер
ретінде өтесін.
– Қандай күмән болуы мүмкін? – деп ышқындым мен. – Ұры-
ста позицияны тастай қашқаны үшін, әрине, ату жазасына бұйы-
рады. Басқаша үкім санаға сыймайды.
– Расында да, оны трибунал соттасын, ақсақал, – деп қалды
Бозжанов.
Ешбір жауап қатпадым. Түстендік. Синченко ыдыстарды алып
кетті.
– Рахимов! – дедім мен. – Заевты шақырыңыз.
Бірнеше минуттен кейін бөлмеге Заев қайтадан келіп кірді.
Қолында жазылған бір парақ қағазы бар.
– Хат жаздың ба әйеліңе?
– Иә, жолдас комбат. – Заевтың даусы нық, ол ешбір жалтақта-
мастан, жасқанбастан көзіме тура қарады. – Масқара қылған бір
465
Неге, не үшін келді екен?
минут бүкіл өмірімді құртты дедім. Бір ғана минут! Сол сәт үшін
адал атымды қор қылып, тірлікпен қош айтыспақпын дедім. Сап-
тың алдында атылатынымды жаздым. Ұлыма шындықты айтпай,
оны мәпелеп өсіруін өтіндім. Баламның әкесінің майдан дала-
сында қаза тапқанына күмәні болмауға тиісті.
– Жақсы. Отырыңыз. Рахимов, Заевке конверт беріңіз.
Заев жайғасып, хатты конвертке салды да, мекен-жайын жаз-
ды.
– Аузын жапсырыңыз, сіздің хатыңызды оқымаймын.
Заев конвертті желімдеп, маған ұстатты.
– Рахимов, қағаз алыңыз, – дедім мен. – Жазыңыз: «Диви-
зияның Әскери трибуналына. Өз батальонымның екінші рота-
сының бұрынғы командирі Заевты тұтқындап, сіздерге жіберіп
отырмын. Заев биылғы қазан айының отызы күні Быки деревня-
сы маңайында масқаралықпен қашты және өзімен бірге ротаның
бір бөлігін ілестіре кетті. Ол Отанын сатқан опасыз ретінде сап-
тың алдында атылу жазасына ғана лайықты. Трибуналдан Заев-
тың қылмысын қарап, батальонның алдында ату үшін оны сот
үкімімен бірге маған жіберуді сұраймын». Жаздыңыз ба?
– Иә, жолдас комбат.
Мен қағазды алып оқыдым да, уақытын белгілеп, қолымды
қойдым.
Жасақ күзеті осы қағазды алып, Заевты дивизия трибуналына
айдап әкетті.
Неге, не үшін келді екен?
1
Келесі күні түскен кейін бізге күтпеген жерден Панфилов келе
қалды.
Генералдың тапсырмасы бойынша батальон жүргізген ұры-
стар тарихын жазып отырғанмын. Рахимов пен Синченконың
қамқорлығы арқасында үй иелері тұратын жақтан маған шағын
жұмыс орны даярланды – тыныш, жылы. Қайдан табыла қалғаны
белгісіз, жазу жазуға арналған арнайы жабдықтары бар кішкене
үстел терезе алдына ыңғайлана жайғастырылыпты. Үй қожай-
Волоколамск тас жолы
466
ыны мен оның әйелі маған бөгет жасамауға тырысқан секілді,
көзіме аса түсе қоймады. Үстел бетінде мен жазған парақтар қат-
талып, біртіндеп қалыңдай берді.
Жұмысқа әбден берілген бір сәтте шыңылтыр аяздан сықы-
рлаған жерді ат тағасының тоқылдатып келе жатқанын естідім.
Тұяқ тықылы есік аузында үзілді.
Дәліз жақтан адымдаған аяқ дыбысы жеткен. Есік ашылды.
Ауызда тұрған генералды көріп, аңтарылып қалдым. Аяз қарыған
қараторы жүзі қызарып, қиық мұртына қырау қатыпты. Үстінде
етегі тізесіне түскен келісті ақ тоны бар, белін белдікпен қынай
буынған. Қой терісінен тігілген тонның жағасы мен өңірі қатпар-
ланып, еңкіштеу кеудесіне қона қалыпты.
Атып тұрып, мейманның алдынан шығып, жағдайды баяндап
ауыз ашқанымша Панфилов жымиып, қолын ұсынды:
– Жылынып шығуға рұқсат па?
Бет орамалын шығарып, мұртын сүртті, тоны мен құлақшынын
шешіп, үй иесі әйелмен есендесті. Әйел де бәйек болып жатыр:
– Шай ішесіз бе? Самауыр қойсам қайтеді?
– Ішейік! Бас тартпаймын.
Әйел самауырынын көтеріп шығып кетті.
– Қалыңыз қалай, жолдас Момышұлы? Батальонды шомыл-
дырдыңыз ба? Монша ұйымдастырылды ма?
– Иә, жолдас генерал.
– Материалдық жабдықтау жағы қалай? Етік жөнделіп жатыр
ма? Жаңа аяқ киім әкелінді ме? Жылы күпәйке жетті ме екен?
– Жоқ, жолдас генерал, күпәйкені әлі алған жоқпыз.
– Әй, әттеген-ай, біздің интенданттардың осылай созып
жүріп алатыны бар... Егер әлдебір жұмыстармен Строковқа жо-
лыңыз түсе қалса, тура өздеріне жетіп барыңызшы. Қылышыңы-
зды асынып барып, біраз қуырып алыңыз.
Маған мәлім болғанындай, Строково деревнясында дивизия-
ның түрлі тылдық бөлімдері орналасқан еді. Панфилов солдат-
тық тұрмысқа қатысты тағы да бірнеше сұрақ қойды. Одан соң:
– Ұрыс жағдайының жазылуы қалай болып жатыр? – деп
сұраған.
– Жылжып жатыр, жолдас генерал. Қазір дәл сол жұмыспен
айналысып отыр едім.
467
Неге, не үшін келді екен?
– Ә, онда жазғаныңыздан оқып жіберіңіз, тыңдап көрейік.
Сол кезде ауладан бір құшақ отын көтерген үйдің қожайыны
кірді – сақал-шашы аппақ қудай, бірақ әлі де мығым қарт. Қо-
лындағы шөркені пеш түбіне сау еткізген ол генералмен бас иіп
амандасты.
Панфилов орнынан тұрып, қолын созған. Қария қарағайдың
шайыры сіңіп, күстенген өз қолына қарады.
– Былғаныштау, – деді тосылыңқырап.
Панфилов мосқал адамның қолын қысты.
– Жұмыстың дағы былғанышқа саналмайды. Өзіңіз ағаш ке-
сушілер қатарынан емессіз бе?
– Ағаш аралаушымын... Маңайдағы үйлердің бәріндегі
тақтайлар менің қолымнан шыққан. Қолқа салатындардың сұра-
уы бойынша қазір де барып, ағаш тіліп жүрген жайым бар.
– Е, жөн... Солдат та болып қызмет еткен шығарсыз?
– Дәл солай... Қызмет еттім, жолдас... аты-жөніңізді біліңкіре-
медім...
– Иван Васильевич. Сізді кім дейміз?
– Демек, аттас екенбіз... Мен Иван Петровичпін.
– Бізбен бірге тізе бүгіп отырарсыз, Иван Петрович? Міне, ба-
тальон командирі ұрыстардың жайы туралы жазғанын оқып бер-
мекші. Ал сіз екеуміз қарт солдат ретінде тыңдап, сын-пікірімізді
айтайық.
– Әйтсек те болар еді... Дегенмен келесі жолы көрерміз. Қазір
өздеріңіз шұғылдана беріңіздер. Қарап қойып жүремін: мына кісі
жазады да отырады, жазады да отырады... Бірақ кім білсін, жаза-
тыны рас па, өтірік пе.
Қожайын өзінің кедір-бұдырлау алақанын жайып, сөзін жалға-
стырды:
– Шындық деген мына шайыр секілді – жусаң да кетпейді, ал
өтірік – сылдыр су.
Отын буып әкелген арқанын иығына тастай салған ол табал-
дырыққа қарай беттеді.
Генерал:
– Бізбен бірге шай ішуге келесіз бе? – деп сұрады.
– Шай ішейін... Дыбыс берерсіздер...
Волоколамск тас жолы
468
2
– Қожайындарыңыз қызық адам секілді ғой, – деді ойлана тіл
қатқан Панфилов қарт ағаш аралаушы есікті жауып шығып кет-
кен сәтте. – Солай емес пе? Ә?
Мен үндемедім. Қожайынымызбен бұрын-соңды тілдесіп көр-
мегендіктен, өзім біле қоймайтын жәйтті қозғауды жөн көрмедім.
Панфилов, әлбетте, сәл абдырап қалғанымды лезде аңдады, бірақ
сыр бермеді.
– Оқысаңызшы, жолдас Момышұлы... Жол бойындағы шай-
қастар, өзіңіздің алғашқы серіппелеріңіз... Бұл туралы жазып үл-
гердіңіз бе?
– Иә, жолдас генерал. Ол бөлім аяқталды.
– Міне, міне. Тура осыны оқыңыз.
Қасыма жайғасқан Панфилов мен іріктеп ала бастаған па-
рақтарға қызыға, шұқшия қарайды. Жолда, батальон шебіне
тақалған межеде Брудный мен Донскихтың шөкімдей-шөкімдей
екі взводы жүргізген шайқастардың жайы баяндалатын керек бет-
терді шығарып алып, дауыстап оқуға кірістім. Өз жазбаларымда
осынау ұрыстар мен панфиловтық шиыршық-серіппенің түпкі
мән-мақсатын мейлінше дәл сипаттауға тырысқанмын. Мұның
мәні шағын ғана топпен орасан күшке қарсы ептілікпен шайқасу
еді. Бұдан соң нақты нендей нәтижеге қол жеткізгенімізді, сон-
дай-ақ сәтсіздіктер сырын баяндадым.
Панфилов зейін қоя тыңдады. Тәрізі, ол менің соғыс сабақта-
рын қандай деңгейде игергенімді тексеріп, өзінің алда тұрған
қырғын айқастар туралы жоспарын қайта-қайта саралап алғысы
келген секілді.
Әйел қайнаған самауырды алып кірді. Панфилов оған: «Қоя
беріңіз!» дегендей ым қақты да, тыңдауды жалғастырды. Мен
қорытынды жолдарды оқып болып, басымды көтердім. Генерал
күлімдеп отыр екен. Күлкі ұртындағы қатпары мен самайдағы
әжімдерін айқындай түскендей. Әйтеуір, Панфиловтың риза
екенін аңдадым.
– Новлянское селосының іргесінде сізде шиыршық әрекетін
жасаған взвод қана еді, – деп қалды ол, – ал енді батальонмен
серіппедей соғуға тура келеді. Бастапқыда артта жүресіз, одан
соң барлық әскердің алдынан бір-ақ шығатын боласыз. Бұл қа-
469
Неге, не үшін келді екен?
шан, қай жерде және қалай іске асады – оны айта алмаймын. Ал
біз үшін өзара түсінісе білуіміз – ең бастысы, жолдас Момышұлы.
Бір ауыз сөзбен ұғыса алуымыз қажет! Ал кейде, тіпті емеуірін-
нен ғана...
Генералды түсініп отырмын. Ол жаңаша қорғаныс шебін
құру, жаңаша жауынгерлік тәртіп туралы өзінің ой-мүддесімен
тыныстап, тек осы іске құлшынып, қайта-қайта айналып соға-
ды. Мұндай көңіл-күйді қалай атауға болар еді? Әлдебір кітап-
тан «тынымсыз ойлау» дегенді оқып қалғаным бар. Сірә, аса дәл
балама осы болар. Жасампаз-қолбасшы алда тұрған айқастың
барлық нұсқаларын, барлық мүмкіндікті ойша бағамдап, үздіксіз
өлшеп-пішумен жүреді. Егер ұрыс былайша қалыптасса не істеу
керек? Ал іс бағыты өзгеше ауытқып кетсе қандай әрекет жасай-
мыз? – Міне, мұндай командирдің қарауындағы адаммен арада
бұған дейін бірнеше мәрте талқылаған нәрсенің өзіне ығыр қы-
ларлықтай табандап қайта оралып, бәрін қазымырланып, түбе-
гейлі тексеретіні осыдан. Саған берілетін тапсырмасын өзі әл-
деқашан мың-сан мәрте таразылап, іште пісіріп, пысықтап алған.
Және онысын дереу түсінгеніңізді аңғарса, керемет қуанады.
3
Алайда генерал ойының ұшығы арагідік бұлталақтап ұстат-
пай кетеді. Бір кезде, мәселен, былайша сұрап қалды:
– Сіздегі Ползуновтың жағдайы қалай? Өзі пулеметшіге ай-
налды білем?
Мен Ползуновтың айыпты болып, пулеметтен шеттетілгенін
айттым.
– Не жазып қалды?
– Заевпен бірге қашты, жолдас генерал.
– Ә... Заевпен бірге дейсіз бе... – деп даусын созды Панфилов.
Бірақ бұл жөнінде басқа ештеңе айтпады. Мен жаңа ғана да-
уыстап оқыған парақтарды алып, жазу жолдарына көз жүгіртті.
Одан Брудныйдың фамилиясы тұсына келгенде аялдады:
– Брудныйдың қалы қалай? Рота басқарып жүр ме?
– Иә, жолдас генерал.
– Игеріп әкетті ме?
– Ол менің ең үздік офицерлерімнің бірі, жолдас генерал.
– Ал сіз оны... Сіз оны... Есіңізде ме, жолдас Момышұлы?
Волоколамск тас жолы
470
Мен сұрақ қойдым:
– Бұл жағдай жөнінде де жазуым керек пе еді?
– Жоқ. Қажеті не? – Панфилов үнсіз қалды. – Бәрін бірдей
қағазға түсіре беру шарт емес, жолдас Момышұлы...
Бұдан соң әңгіме ауанын тағы да басқа арнаға бұрады:
– Айтпақшы, осы ұрыстардың сызба-нұсқасы даяр ма сізде?
– Мұнымен бізде, жолдас генерал, Рахимов айналысады.
Меніңше, ол оны әлі бітірген жоқ. Рұқсат етіңіз, барып біліп ке-
лейін.
4
Рахимов жасап жатқан схемалар әлі дайын емес-ті. Алда оның
үстін тушьпен жүргізіп, түрлі-түсті қарындашпен нобайлар
түсіру жұмыстары бар еді.
Осы жағдайды генералға мәлімдедім. Самауыр ызылдап
тұрған үстелге шай жасалып қойылыпты. Синченко дәмнің тәт-
тілерін орын-орнына жайғастырып жүр. Шайға шақырылған үй-
дің иесі де орындыққа жайғасып үлгеріпті.
Панфилов:
– Қайткенмен де, Рахимов істі аяқтасын. Мен күте тұрайын.
Қожайынмен бірге шай ішіп, бұ кісімен біраз шүйіркелесейін, –
деді.
Мен қайтадан сыртқа шығып, Рахимовқа генералдың сөзін
жеткіздім. Өзімнің штаб бастығымның басқа да қауырт шаруа-
лары бар еді: ол батальонның ертеңгі екінші эшелонға ауысуын
қамдауға міндетті болатын. Бұйрық әзірлеп, колоннаның марш-
рутын, қозғалу тәртібін реттеу сияқты өзге де істер күтіп тұрды.
Рахимов тиісті жарлықты маған қол қоюға уақытында әзірлеп
бере алмай қалам ба деген қаупін айтқан.
– Жақсы, оның бәрін өзім атқарайын. Ал сіз сызумен айналы-
сыңыз, – дедім оған.
– Өзі неге келіпті, жолдас комбат, – деп сұрады Рахимов.
– Түсіне қоймадым. Қисынын онша ұқпадым. Жылыну үшін
бұрылдым дейді.
Жұмысқа керекті кейбір материалдарды алып, генералдың қа-
сына қайта келдім. Ол үй иесімен бірге самауыр қасында отыр
екен. Алдарында ұсақтап шаққан қант үюлі жатыр: екеуі де соны
шетінен тістеп, шай ішуге кірісіпті.
471
Неге, не үшін келді екен?
– Тізе бүгіңіз, жолдас Момышұлы. Бізбен бірге шай ішуге қа-
лай қарайсыз?
– Рахмет, жолдас генерал. Рұқсат етсеңіз, біраз жұмыс істе-
сем.
Бір мезет көздеріміз түйісіп қалған. Панфиловтың өткір жа-
нары жалт-жұлт етті. Осы көзқарастан-ақ қайтпас қайсарлықтың
табы аңғарылғандай еді. Өзі: «Е, бауырым, мені жеңу оңайға
соқпас...» дегісі келгендей.
– Әрине, жұмыс істеңіз, жұмыс істеңіз, – деп қайталады ол. –
Маған бола алаңдамаңыз... Батальонның ауысу ісін даярлаңыз.
Еріксізден қолымдағы қағаздарға қарадым. Мұндағы жа-
зылған сөздерді Панфилов анадай жерден байқап қалғаннан
сау ма? Жоқ, ол әшейін біздің неге бола бас қатыратынымызды
білетіндіктен, дәл қазір қандай іспен айналысуға кіріскеніміздің
бәрін айна-қатесіз көріп отыр.
Тек мұнда неге келді екен? Не үшін отыр? Схемалар қажет пе?
Жарайды, ол сызба-нұсқаны қолма-қол даярлап береміз ғой.
Бойымдағы бұлдырлау, өзіме де түсініксіз бір тіксіну сезімін
басып, терезе түбіндегі кішкене үстеліме жайғастым да, қаға-
зымды сызғылап, батальонға қатысты бұйрық жайын ойластыра
бастадым. Ара-арасында генералдың үй иесімен әңгімесі құлағы-
ма жетеді. Сұхбаттары жаймашуақ сипат алғандай. Қожайын ге-
нералды «сен» деп атауға көшіпті.
– Саған бір жәйтті жасырмай айтайын, Иван Васильевич...
Қалай дегенмен, өзің сияқты партия адамдарымен тіл табысу
қиындау ғой.
– Оныңыз рас, – деп құптады Панфилов. – Біз коммунистер
қиын адамдармыз.
Генералға қиғаштай бір қарап қойдым. Көз қиығынан да, төрт
бұрышты мұртының кескінінен де титтей мысқыл белгісі бай-
қалмады. Қызық, осынша жайлы, елге қамқор, жұрттың бәрімен
бүкпесіз араласатын ол өзі туралы: «Біз қиын адамдармыз» дей-
ді. Сөйтті де, осы ойының мәнін түсіндірді:
– Бұл жөнінде сонау азамат соғысының тұсында-ақ Ленин
жазған еді... Біз коммунистер шаруалар үшін қиын адамдармыз
деп. Сол жылдар есіңізде ме, Иван Петрович?
Волоколамск тас жолы
472
Сөз ығыты өткен шақ елестеріне қарай ойысты. Әңгімелеріне
ауық-ауық құлақ түремін.
Панфиловтың даусы әдеттегіше қарлығыңқылау шығады:
– Мені әуелде коммунист болып туды дейсіз бе? Е-е, бұған
дейін де басымыздан не кешірмедік... Он жетінші жылы өрім-
дей жас едім, алабұрта-аласұрып, шарқ ұрып жүрдім. Қолымда
– винтовка. Мұны не істеу керек? Кімді көздеп, кімді атамын?
Осы кезде қожайын да сөз қыстырып қалады: бұл да он жетін-
ші жылды винтовкамен қарсы алыпты; бұл да әуелде мылтықты
кімге қарсы кезенуді бірден түсіне қоймаған көрінеді. Мен жұ-
мысқа ден қоюға тырысамын, бірақ Панфиловтың лебізін тыңда-
мау мүмкін емес. Ол енді өзінің солдаттық өмірінің әлдебір ке-
зеңінен сыр ағытты.
– «Соғысы құрысын – бас-аяғы осы болсын!» деп винтовка-
ны тастадым. Пәлесінен аулақ!..
– Е, дұрыс болмаған екен! Ұят бопты, – деп қойды қожайын.
– Ал мен лақтырып тастадым да кете бердім. Бірақ, кенет,
ар-намысым жібермеді. «Әй, солдат, бұ не істегенің?» Сөй-
тіп, кері қарай қайта жүгіргенмін. Міне, Иван Петрович, менің
өмірімде осындай да минут болған-ды.
Тағы да амалсыздан генералдың жүзіне қараймын. «Өмірімде
осындай да минут болған». Мұны неге айтты екен? Бірақ Пан-
филов мені тіпті көзге ілмейтіндей. Жазуды жалғастыра отырып,
сөзге тағы да құлақ тігемін.
– Және бір жағдай бастан өтті, – дейді Панфилов. – Түні бойы
сенделіп, өз адамдарымызды таба алмадым. Адалын айтайын:
жылап жіберіппін. Мен командирмін ғой, не бетіммен барамын,
қалай түсіндірем?!
Апырай, кімді айтып отыр? Мені емес пе? Өз батальонымды
жоғалтып алып, қараңғы түнекте тентіреген сонау бір сұрқай сәт-
ті меңзеп отырған жоқ па?
Ыстық шай генералдың терең әжім торлаған күнқақты мой-
нын бусантты. Желкесі төмен иілгенде тағы да ересен қайсар-
лықтың белгісін аңдағандай боламын. Бір мезет Панфилов маған
бұрыла қарады:
– Сіз жұмысыңызды істей беріңіз, істей беріңіз, жолдас Мо-
мышұлы. Бізге бола алаңдамаңыз.
473
Неге, не үшін келді екен?
5
Әлгіндегі тітіркену сезімі қайта оянып, іштей: «Неге отырып
алды? Не керек бұ кісіге?» деп, жұмысыма алаңсыз бас қойдым.
Шәйнек сыңғыр етіп, самауыр шүмегінен шорылдап ыстық су
ақты. Панфилов босап қалған екі стақанға қою шай құйды. Шай
ішу жалғасты.
Байқауымша, әңгіме үлкен тақырыптан кішігірім жәйттер-
ге қарай ойысқан. Панфилов баяғы қазымырлықпен арашының
жалақысы туралы, ағаштың, жаңғырықтың, жұқа тақтайдың бір
қума метрлік бағасы жайында сұрай бастады.
Ақырында схемасын алып Рахимов та жеткен. Генерал сыз-
ба-нұсқаны бірден шұқшия қарауға кірісті. Әлпетінен бұ жолы да
мейлінше риза екені байқалды.
– Жолдас Момышұлы, мынаны өзіммен бірге ала кетсем қай-
теді? Кейбір кісілерге батальондағы штабтық құжаттардың қалай
безендірілетінін көрсетейін.
– Жолдас генерал, – деп сөзге араласты Рахимов, – бұл жұ-
мыс әлі толықтай аяқтала қойған жоқ.
– Басшылыққа жартылай жұмысты көрсетуге болмайды деп
кім айтты?
– Әлі біраз әрлеп, жөндеу керек еді, жолдас генерал.
– Жөндеңіз енді...
Панфилов біздің алғашқы ұрыстардың, бірінші шиыршық
серіппелеріміздің схемаларын бірінен кейін-бірін аударыстырып
көрді. Бұдан соң өзінің әлдебір ойын сабақтағандай, кенеттен:
– Ал бас бұрғандағы қимыл бірдей! – деп қалды.
Одан менің аңтарылып қалғанымды аңдап, күлді:
– Сіз екеуміздің суретке түскенімізді ұмытып қалғансыз ба?
Фототілші арамыздағы ұқсастықты байқамап па еді. «Сәйкестік
аздау секілді, ал бас бұрғандары айнымайды»... Былай қараған-
да, бостекі сөз сияқты. Және ол мұны кездейсоқ айта салды ғой.
Бірақ кейін сіз екеуміздің совет адамы туралы толғанысымызды
ой елегінен қайта өткізген шақта бастың бұрылуы туралы сөз
есіме түсті... Түсіндіңіз бе мені?
– Онша ұқпадым, жолдас генерал.
– Қалайша? Революцияны өз қолымен жүзеге асырған буын-
ның қастерлі борышын түсінуі сіздей жастарға қарағанда өзгеше
Волоколамск тас жолы
474
қалыптасқан. Оларға: кімге қарсы арпалысамыз, не үшін соғыса-
мыз деген жәйттердің мәнін ашып алуға тура келді. Ал сіздер...
Сіздер біздің қандас ұрпағымызсыздар. Кейде жасөспірім жігітке
қарап, әкесіне қай жері тартты екен деп салыстырасың. Бір қа-
рағанда, әкеге аса ұқсамайтын да секілді. Ал басын бұрғандағы
кескіні бірдей. Осыған келісесіз бе, жолдас Момышұлы?
6
Албардан әлдекімнің аяқ дыбысы естілді. Артынша бөлмеге
үстінен алапат аяздың буы бұрқырап Толстунов кіріп келді.
– Сәлеметсіз бе, жолдас генерал... Үгіт-насихат нұсқаушысы
аға политрук Толстунов.
– Ә, жолдас Толстунов, – деді Панфилов. – Бүгін ғана сөз
қылып едік. Иә, иә, саяси бөлім бастығы бүгін маған соққан...
Толстунов генералдың сөзін сымдай тартыла қалып тыңдады.
– Сізді жағымды лепеспен еске алдық, – деп сөзін жалғасты-
рды Панфилов. – Еркін тұрыңыз, еркін тұрыңыз, жолдас Толсту-
нов. Ешбір қысылып-қымтырылмаңыз.
Генерал осынау «Ешбір қысылып-қымтырылмаңыз» деген
сөзді айрықша бір мәнермен айтқандай көрінді. Алайда сол бой-
да өзге тақырыпқа көшіп, ертеңгі жорық жайында, қарапайым
тұрғындарымен жұмыс істеу жөнінде, батальонның жауынгерлік
дайындығы туралы сөз етті.
– Жолдас Толстунов, батальон командиріне жәрдемдесіңіз.
Жан-жақты қолдау көрсетіңіз. Оның беделін нығайтуға атсалы-
сыңыз. Ұқтыңыз ба мені?
– Иә, жолдас генерал.
– Көшіп алыңыздар, одан соң уәде еткенімдей, сіздердің қо-
ныс тойларыңызға келемін. Қожайын қайда кетті? О кісінің зай-
ыбы қайда? Солармен қоштаспақшы едім.
Біз генералды шығарып салдық. Тоқылдаған ат тағалары
біртіндеп ұзай берді.
Толстунов:
– Комбат, неге келді екен? – деп сұрады.
Оның дөкірлеу жүзінен ешбір жылмысқылық байқалмады.
Әйткенмен, өзім де күтпеген жерден көкейдегі күдікті айтып
қалдым:
– Меніңше, мұның сырын маған қарағанда сен жақсы білесің.
475
Неге, не үшін келді екен?
– О не дегенің? Мен қайдан білуші едім?
– Ендеше мен де білмеймін... Бой жылытып, шай ішіп шығу
үшін соқты. Сол ғана...
7
Тек түнде, ойланып-толғануға мұрша бермейтін қарбалас іс
азайып, штаб бөлмесі мен қожайындар жақтағы жұрттың бәрі
ұйқыға кеткен кезде үстел үстіндегі кәресін шам жарығымен ба-
тальон тарихын жазуды жалғастыруға отырғанымда генералдың
келу себебі туралы ой қаламды қоя тұруға мәжбүр етті.
Расында да, неге, не үшін келді ол?
Бәлкім, менің батальонымды өз резервінде қалдыру-қалды-
рмау мәселесін түбегейлі шешуді көздеген шығар? Әлде өзінің
ой-ниетінің маған қаншалықты жақын, ұғынықты екенін тағы
бір тексеріп алғысы келді ме? Бір-бірімізді емеуіріннен түсін-
сек... Жаңылмасам, ол бүгін осы сөзді екі рет қайталады.
Ползунов туралы сұраған... Заевтың фамилиясын атаған кезім-
де үнсіз қалды... Брудныйды еске түсірді... «Ал сіз оны... Есіңізде
ме, жолдас Момышұлы...».
Көзімше өзінің винтовканы лақтырып тастаған кезін әңгіме-
леп берді... «Міне, менің өмірімде осындай да минут болған-
ды...».
Өз адамдарынан адасып қалған сәтін баяндады.
Сайтан алғыр! Заевқа бола келген екен! Жоқ, о кісі менің За-
евқа қатысты шешімімді қайдан біле қояды? Бірақ бәрінен Тол-
стунов арқылы хабардар болуы ғажап емес қой! Кеше Толсту-
нов жатпай, сарсылып ұзақ отырып, өзінің саяси мәлімдемесін
жазып еді. Онысын бітірген бойда-ақ жөнелткен. Сонда Заевтың
жайын жеткізбеді ме екен? Әлбетте, Заев туралы жазғаны анық.
Иә, генералға жағдай әбден мәлім еді.
Панфилов менің бірде-бір бұйрығымды, бірде-бір жарлығым-
ды ешқашан бұзып көрген емес-ті. Толстуновқа: «Батальон
командиріне жәрдемдесіңіз. Оның беделін нығайтуға атсалы-
сыңыз» деп өзі де айтты. Генералдың, сірә, жеке билігі арқылы
трибуналдағы істі бөгей тұруға немесе мүлде тоқтатып тастауға
құқы бар. Сондай-ақ үкімді бекітпей, ату жазасын шен-дәрежесін
төмендетумен алмастыруға да құзыры жетеді. Алайда ол маған
Волоколамск тас жолы
476
ат басын бұрып өзі келіп: «Бір-бірімізді емеуіріннен түсінсек...»
деп екі рет айтты.
Иә, түсінемін.
Қасымдағы орындықтың арқалығында ілулі тұрған жорық
сөмкесінің ішінен Заевтың әйеліне жазған хатын – бекітулі кон-
вертті алдым... «Бір ғана минут! Сол сәт үшін адал атымды қор
қылып, тірлікпен қош айтыспақпын...» Конвертті шетінен ұстап
айналдырып көрдім... Жоқ, ашпаймын, Заевтың өлім алдындағы
өзіме арналмаған соңғы сөзін оқуға қақым жоқ. Конвертті сөмке-
ге қайта салдым. Әлденеге ренжулі кейіптегі ебедейсіз Заев пен
ақжайсаң Бозжанов екеуі қатар тұрған фотосурет есіме түсті.
Жоқ, жан-жүректі елжірететін ондай кескіннің беті аулақ!
Толқып, әрі-сәрі күйге түсетін жайым жоқ! Майдан даласынан
қаштың ба, ендеше, сөзсіз атыласың!
Сіздің не үшін келгеніңізді түсінемін, жолдас генерал. Бірақ
менен күткен тілегіңізді орындай алмаймын, өзім қол қойған
қағазды кері қайтармаймын. Өз билігіңіз арқылы бізді ұрыс
кезінде сатып кеткен опасыздың өмірін сақтап қала беріңіз. Әйт-
кенмен, ондай қадамды менен күтпеңіз.
Он бес тамшы
1
Таң атты. Рахимов маған батальонға керек-жарақ бұйымдар
жазылған тізімді ұсынады.
Ділгірлік көп екен: шайқастарда қираған қарудың орнын тол-
тыратын пулемет пен зеңбірек; ат пен арба, қару-жарақ майы,
граната, патрон, жарақат таңатын материал, дәрі-дәрмек, са-
бын, кәресін, етік, кеше ғана келген-келмегені туралы Панфилов
сұраған жылы күпәйке – бәрі аталыпты.
Айтпақшы, ол сөз арасында: «Строковтағы интенданттардың
тура өздеріне жетіп барыңызшы. Қылышыңызды асынып барып,
біраз қуырып алыңыз...» – деп ақыл қосқан еді.
Өзім де сөйтетін шығармын.
– Синченко, аттарды ертте.
2
477
Он бес тамшы
Строково деревнясындағы үйлер ұзыннан-ұзақ созылып жа-
тыр. Мұнда дивизияның көптеген тылдық бөлімдері орналасқан.
Колхоз сарайының қасында жауынгерлер бірнеше машинамен
жеткізілген оқ-дәрі жәшіктерін шұғыл түсіруге кірісіпті. Де-
ревняның екінші шетінде іздері қар бетін айғыздаған шаналар
балық иісі мүңкіген бөшке, тығыздап буған шөп, қалың қағаз
қаптағы қатқан нан артып келеді.
Әлдебір үйдің қасындағы көлденең жатқан бөренеге он-он
екідей жас лейтенант қаз-қатар тізіліп отыра қалыпты – шинель-
дері су жаңа, сызат түсіп үлгермеген белбеулері де жылт-жылт
етеді. Айтпай-ақ түсінікті: бізге қосымша күш жіберілген екен.
Кешелері ғана әскери училищеден түлеп шығып, құлағының
түбінен ысқырып оқ өте қоймаған осы балғын жастардың қай-
сыбірі менің батальоныма да келіп қалар. Мейлі, келсін, Москва
үшін бірге шайқасамыз!
Дивизияның интенданты полковник Сыромолотовқа соқтым.
Оған, расында да, аяқ астынан жетіп барып талап қоймасыма
болмады. Өз қорымен оңайшылықпен бөлісе қоятын түрі жоқ.
Ол менің алдымен өзіне емес, полкке жүгінуім қажеттігін, өйт-
кені батальон полк арқылы жабдықталатынын дәлелдеп бақты.
Дивизия командирінің біздің батальон соның өз резерві екенін
айғақтайтын бұйрығын көрсеттім. Сыромолотов сонда да сыңа-
резулеп, көнбейді. Оған салса, батальонға тиемел барлық игілік
алдымен алғы шепке – полкке жол тартып, одан сонда түсіріліп
және қайтадан артылып, әлгі барған ізімен кейін қарай диви-
зия тылына жеткізілген соң ғана резервтік батальонға берілгені
жөн көрінеді. Ойбай-ау, мұныңыз сұмдық қисынсыздық қой деп
иландыруға тырысамын. Әйтеуір, бұл негізім іске асты. Менің
тізімімді екеулеп қарастырдық. Ақыры наряд толтырылды-ау –
қажетті жабдығымызды қоймадан ертең алатын болып келістім.
3
Интендантпен қоштасып, далаға шықтым. Синченко Торытө-
белді алдыма тартып тұрып айтты:
– Жолдас комбат, Заевты көріп қалдым...
– Қайдан?
– Әне, анау үйде.
Волоколамск тас жолы
478
Синченко терезесінің әйнегі сынған шағын үйді сілтеді. Есі-
гінің алдында ерсілі-қарсылы басып, сақшы жүр. Бөренеден са-
лынған іргелес тамның маңында да күзетші тұр. Мұнда прокура-
тура мен дивизияның Әскери трибуналы орналасқан екен.
Атпен әлгі тұсқа тақалып барып, аялдадым. Торытөбелден
ырғып түсіп, трибунал үйіне қарай беттедім. Сақшы кезекшіні
шақырып берген.
– Сізге кім керек еді, жолдас аға лейтенант?
– Заевтың ісі жайын білмекші едім. Осы күнге дейін неліктен
үкім шығарылмаған?
– Қазір анықтайын. Сәл күте тұрыңыз.
Екі-үш минуттен кейін әскери тергеуші келіп жолықты – егде
тартқан байыпты адам. Қолына ұстаған қатты қоңыр қағаздан
жасалған папкасы бар. Сыртында қараңдаған «Ісі» деген жазуы
көрінді.
Мен жөнімді айтып, сұрақ қойдым:
– Заевтың ісін әлі қарамағансыздар ма?
– Келгеніңіз өте дұрыс болды, жолдас аға лейтенант. Сіздің
рапортыңыз бойынша трибунал істі қарауға кірісе алмайды.
– Неге?
– Біріншіден, сіз қағазды нөмірсіз жіберіпсіз және мөр ба-
сылмаған...
– Менің батальонымда ешқандай мөр жоқ.
– Екіншіден, – деп сөзін жалғастырды тергеуші, – сотқа тарту
үшін полк командирінің мақұлдауы қажет.
– Демек, ештеңе істелмеген болып тұр ғой?
– Солай десек те болады... Тек тұтқыннан жауап алдым. Өзі
жазып берді. Бәрін мойындады. Танысуыңызға рұқсат.
Тергеуші папканы ұсынды. Ішін ашып, өзімнің рапортымды,
одан соң бір параққа жазылған Заевтың жауабын көрдім. «Мен
ұрыс даласынан қашып, әскери қылмыс жасадым!» деп ап-а-
нық, түсінікті етіп жазған қолтаңбасы тұр. Бұдан кейін бірнеше
жолға ауырлататын мән-жай түсіріліпті: «Пулемет орнатылған
екі аяқты арбамен қаштым. Пулеметші-жауынгерлерді өзіммен
қоса ала кеткенім үшін де айыптымын». Заев ақталмапты. Өзі
де дәл солай жазып беріпті: «Менің қылмысымды ақтарлықтай
ештеңе жоқ».
479
Он бес тамшы
Ең қатал прокурор да Заевтың өзіндей, мұншалықты қатал
айып тағуы екіталай шығар. Ол өз үкімін өзі кескен екен.
Мен қамаудағылар отырған үй жаққа қарадым. Кенет те-
резелердің бірінен Заев көрінді. Бет-аузын жирен түк басқан
ол үңірейген әйнексіз жақтауға маңдайын тіреген күйі маған
тесірейе қарап тұр.
Кенет бір минут бұрын өз-өзімнен мүлде күтпеген оқыс қи-
мылға бардым. Папканы жұлмалап, түте-түтесін шығарып, жы-
ртып тастадым. Бәрінің де – өзімнің рапортымның да, Заевтың
жауабының да тамтығы қалмады. Үйіре соққан жел ұсақ-ұсақ
қағазды шыр айналдырып, лезде жан-жаққа ұшырып әкетті.
Одан:
– Заев! – деп ақырып қалдым.
Сілейе қарап, сынған терезе ернеуіне жармасқан оның жанары
жарқ-жұрқ етті.
Тергеуші терісіне сыймай күйіп-піскен:
– Мұныңыз не? Мынауыңыз нағыз бейбастақтық. Мен ары-
зданамын... Бұл бассыздығыңызды дивизия командиріне жеткіз-
бей тынбаймын.
Есімді сонда ғана жинағандай едім. Шынында да, үлкен өре-
скелдік жасадым.
– Жолдас тергеуші, оны босатуыңызды сұраймын. Өз айы-
бын ұрыста өтесін.
Мені заң бұзушы деп бірталайға дейін тулаған тергеуші әл-
ден мезгілде қолын бір сілтеді де, Заевты босатуға рұқсат берді.
Алайда менің оспадарлық қылығымды дивизия командиріне
мәлімдемей қоймайтынын тағы ескертті.
Сәлден соң Заевты босату туралы құжат та даяр болды.
Осы қағазды сақшыға бердім де:
– Заев, батальонға бар! – деп айқай салдым.
Ол үйден ытқып шықты.
– Құп болады, жолдас комбат, батальонға барайын.
Менің әмірімнің екінші мәрте қайталануын күтпей, солдаттық
тәртіп бойынша сол жақ иығы арқылы кілт бұрылды да, адымдай
жөнелді. Жүрісі бірте-бірте жылдамдай түскен.
Әлден уақытта көше бойлап барып, үйлердің тасасына сіңіп
кетті.
Волоколамск тас жолы
480
Строковода әлі де бітпеген шаруаларым бар еді. Санитарлық
бөлім бастығы мен тылдағы өзге де жерлерге кіріп-шыққан соң
айнымас серігім Синченконы ертіп, батальонды бетке алдым.
4
Үйдің ауласында Бозжанов жолықты. Үрпиіп, абдыраған кей-
іпте көрінуге тырысқанымен, қысық көзінен қуланғаны аңға-
рылып, сұрақ қояды:
– Жолдас комбат, Заевтың ісі не болды екен? Ол осында келді
ғой.
– Білемін, – дедім мен.
Бозжановтың дөңгелек жүзіндегі жорта мазасызданған рай
бірден жоғалып, гүл-гүл жайнап шыға келді. Аузымнан шыққан
бір ауыз сөзден Заевқа кешірім жасалғанын түсіне қойды. Өзі есі
шығып, үлкенді сыйлау әдебін де ескермей, алдыма түсіп алып,
үйге қарай заулап барады.
Оның соңын ала штаб бөлмесіне ендім. Менің шағын шта-
бымның адамдары түгелдей жиналған екен. Заев қырынып,
жуынып үлгеріпті. Өзінің танауы сорайған қолапайсыздау түрі
аяқ астынан нұрланып кеткендей. Тотыққан жүзінің ішінен көз-
ге көрінбейтін ғажайып бір шам жанып тұрған секілденеді. Бел-
діксіз, петлицасыз шинелі мен жұлдызын сыпырып тастаған
құлақшынын киген ол бойын тіктеп тұра қалды.
– Мұның жабдықтары қайда? – деп сұрадым мен.
Бозжанов дереу сандыққа ұмтылып, ішінен мұқият оралып,
екі жерінен түйреуішпен бекітілген түйіншекті шығарды.
– Бұрынғы белгілеріңіздің бәрін тағынып алыңыз, Заев, –
дедім мен.
Толстунов, Бозжанов, Синченко – үшеуі Заевты сәндеуге
кірісті. Рахимов шебер қолмен ине-жібін жыпылдатып, бір ми-
нуттің арасында шинель жағасына петлицаларын қадап үлгерді.
Бозжанов Заевтың омырау қалтасына бір бума фотосуреттері
мен хаттарын салып берген. Толстунов белдігін тағып, шинелін
түймеледі. Синченко да оның зілдей етіктерін қолма-қол шөтке-
леп, шаң-тозаңнан арылтты.
Енді Заев толық офицерлік қалпына келді.
– Тағы да екінші ротаны басқаратын боласың, – дедім оған.
– Құп болады, жолдас комбат, екінші ротаны басқарайын!
481
Он бес тамшы
– Ротаға штаб бастығымен бірге барасың, – деп жалғасты-
рдым мен. – Сарбаздарды жинап ал да, оларға кінәңнің мәнін
түсіндір. Бәрін өзің әңгімеле.
– Құп болады, жолдас комбат. Жасырмай айтып беремін.
Далалық сөмкеден Заевтың қолымен жазылған хатты шығар-
дым.
– Міне, мынау әйеліңе жазған хатың. Жыртып тастауыңа бо-
лады.
Заев хатты алып, едәуір ойланды.
– Жоқ, жыртпаймын...
Ол бөлмеде отырғандардың бәрін жағалай бір шолып өтті.
Одан соң алдына тура қарап тұрып:
– Айыбымды әбден өтеген кезде бір-ақ жыртамын... – деді.
5
Қорғаныс шебін өзімізді алмастырған әскерлерге өткізіп, біз
кешке қарай жорыққа шығып, екінші эшелонға, тылға қарай
жылжыдық.
Маршрутымыз дивизия штабы орналасқан деревня арқылы
өтетін еді.
Батальон колоннасы – қайғы мен қуанышты бірге бөліскен
солдаттарым жүріп келеді. Осыларға қарап қойып, бұлардың
біріншісі, екіншісі, үшіншісінің... тағдыры туралы толғанамын.
Жаудың жолы бөгелді, бірақ олар осында, Москва түбіне жаңа
күштерін әкеліп төгіп жатыр. Сарбаздарым жақсы біледі: біз –
Панфиловтың резервіміз. Алдымызда жаңа, бәлкім тіпті, ең ауыр
шайқастар күтіп тұр.
Деревняға келіп кірдік. Терезелерден жылт еткен жарық көрін-
бейді. Айнала төңіректе – шатырлар мен сай-салада, алқапта
жұлдыздар сәулесімен шағылысқан аппақ ұлпа қар қылаңытады.
Жол айқын көрінеді. Бас-аяғы бір шақырымдайға созылған лекті
атпен басып оздым. Сап бір қалыппен адымдап келеді.
Кенет маған Панфиловтың адъютанты дауыстады:
– Жолдас аға лейтенант, генерал сіздің бір минутке бас
сұғуыңызды сұрады.
Өзіме жақсы таныс, оты жағулы, жап-жарық бөлмеде Панфи-
лов дивизия артиллериясының бастығы полковник Арсеньевпен
бірге отыр екен. Екеуі де картаға төніп алыпты. Оның әр тұсында
Волоколамск тас жолы
482
тарамдалған желпуіштің саласындай белгілермен атыс секторла-
ры таңбаланған.
– Жолдас генерал, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр-
мын... Аға лейтенант Момышұлы.
– Сіздің қалай аталатыныңызды білемін... Бәрін де білемін,
жолдас Момышұлы.
– Әрине, түсіне қойдым: прокуратурада бүлдірген ісім гене-
ралға да мәлім болған екен.
Панфилов бірталай үнсіз тұрды да, картаға қарады.
– Міне, полковник екеуміз ойластыра келіп, жауға бірнеше
тосынсый даярлап жатырмыз... Ара-арасында сіздің тәжіри-
беңізді пайдаланбақпыз... Кешегі кездейсоқ жағдайды ертең әб-
ден ойластырылған амал орнына қолдануға тырысамыз.
Әлбетте, генералдың өзімді осынау көтермелеу ниетін білдіру
үшін шақырмағаны анық. Бірақ, тіпті сазайымды берер алдында
да (іштей: «шынымен, полковниктің көзінше іреп салмақ па? Ге-
нералдың, расында, тұқыртып алғысы келгені ме?» деп те ойлап
үлгердім), Панфилов қалай да жоғары бағалап, «жақсы соғысты»
деген асқақ леппен емес, өз әдетінше «сіздің тәжірибеңізді пай-
даланбақпыз» дегендей қарапайым лебізі арқылы ғана мадақтап
қоюды жөн санаған секілді.
– Және бәрін дәлме-дәл өлшеп аламыз, жолдас Момышұлы,
– деп сөзін жалғастырды ол. – Сіз артиллерист болған адамсыз,
дәлдік дегеннің не екенін жақсы білесіз. Сол себепті, сіздің бола-
шағыңызға арнап тілек білдірсем бе деп ем... Немесе, егер қарсы
болмасаңыз, өзіңізбен бір рөмке ішкім келеді. Сізбен соғысты-
рып ішсем... Әрине, не үшін екенін түсіне жатарсыз.
– Жолдас генерал, мен де қосылайын, – деді полковник.
– Жо-қ, бұл сізге қатысты емес. Бұл тек өзге бір адамдар
үшін... – Панфилов сәл кідірді. – Комбат мені түсінеді. Жолдас
Ушко! Екі рөмке бере қойыңызшы. Одан соң дәрі-дәрмек қобди-
шасын әкеліңіз.
Үстел үстінде екі рөмке мен «Дәрі-дәрмек» деген жазуы бар
сырты лакталған ағаш қобдиша пайда болды. Панфилов рөмке-
ге су құйды да, қобдишадан күрең-қоңырлау сұйығы бар шына-
шақтай шыны сауыт шығарды. Шынының бетінен «Апиын» де-
ген жазуды байқадым.
483
Он бес тамшы
Лезде өзімнің «дәрігерлік» жасаған сәтім ойға оралған.
Панфиловқа «аттың үлесі» туралы оқиға мәлім еді. Енді ол
рөмкеге су құйып, сауыттың аузын ашты да, оған дәріні аса дәл
мөлшермен тамыза бастады:
– Бір, екі, үш... Он үш, он төрт, он бес. Міне, енді жеткілікті...
Он бес тамшы...
Бұдан кейін екінші рөмкеге де он бес тамшы тамызды.
– Келіңіз, жолдас Момышұлы. Өте дәл үлес. Өлшеміміздің
дәлдігі үшін соғыстырып қояйық. Түсіндіңіз бе мені?
Генерал қағыстырды да, ішіп салды. Менің де алып қоюыма
тура келді.
– Тостарыңыз біртүрлі қызық екен, – деді полковник. – Істің
мәнін түсіндірмес пе екенсіз, жолдас генерал?..
– Жоқ. Бұл біздің өз құпиямыз. Ал-л, жүріңіз, жолдас Мо-
мышұлы. Сіздің батальоныңыздың аяқ алысын көрейін.
6
Тонын желбегей жамылған генерал есік алдына шықты. Бас-
палдақ арқылы қасынан өтіп, жерге түстім. Мені байқаған Син-
ченко атты тақай берді.
Қатты ыстықтап кеттім. Он бес тамшы! Генералдан алған са-
бағым...
Қардың сәулесімен сәл қылаңытқан қараңғыда батальонның
бірқалыпты адымы естіледі. Пулемет артқан қос доңғалақты
арба соңында екінші рота келеді. Алдындағы екеудің бірі – сәл
еңкеңдеп, ұзын қолдарын сермей адымдаған рота командирі Заев
та, екіншісі – төртбақ денелі Бозжанов. Тәрізі, Заев сонадайдан
Торытөбелдің ақ тірсегін аңдап, мені танып, одан генералды бай-
қап үлгерген секілді, жалт етіп бір қарап, дауыстап жіберді:
– Жинақталыңдар!
Артынша:
– Ать, два... Ать, два... – деп қадам санауға кірісті де, Панфи-
лов тұрған үйдің кіреберісіне қатарласа беріп саңқ етіп команда
берді:
– Равнение нале-во!
Сөйтті де, басын Панфиловқа қарай шалт бұрды. Әмір бойын-
ша аяқтарын дік-дік басқан рота генералдың тұсынан өтті.
– Кетуге рұқсат етіңіз, – дедім мен.
Волоколамск тас жолы
484
Генерал өтіп бара жатқан түп-түзу сапқа бірталай үнсіз қарап
тұрды.
– Жоқ, неміс Москваға ешбір өте алмайды, өте алмайды, –
деді ол ақырын ғана.
Маған қаракөлеңкеде Панфилов күлімсіреп тұрғандай көрінді.
– Ал басын бұруы әкесінен аумайды, – деп қалды кенеттен. –
Жарайды, бара беріңіз. Көріскенше, жолдас Момышұлы.
485
Әйел қатардан шықсын!
Òөðò³íø³ õèêàÿò
Әйел қатардан шықсын!
1
Мен тағы да өз кейіпкерімнің майдандық блиндажында отыр-
мын. Момышұлы шеті төбеге тірелген шағын терезеден түн қа-
раңғылығына көз тігіп тұр. Не ойлады екен? Қиялы қай қияларға
самғайды? Бір кезде баяу ғана әндетті:
Кел, ішейік, жан құрбым,
Жалаңаяқ жастығымның серігі...
Екеуміз танысып-біліскелі бергі аса ұзақ та, сонша қысқа да
деуге келе қоймайтын уақыт аралығында аңдап үлгергенім: му-
зыкалық қабілеті ересен Момышұлы сан алуан ән, ескі роман-
стар мен опералық арияларды еске сақтапты. Ара-арасында ой
ырғағына орай, көзім жеткеніндей, өзінің аса ауқымды музыка-
лық репертуарының кейбір үзінділерін әуелете тербеп қоюды
ұнататын еді.
– Осыншама әуенді қайдан біле бересіз, Бауыржан?
Дегеніммен, сауалымды дереу тойтарып тастай ма деп то-
сылып ем. Әлдебір жеке жәйттерге қатысты сұрақ қойғанымда
Момышұлы ылғи сөйтетін. Алайда ол темекісін бір сорып алып,
сыр шетін қылтитты:
– Ленинградта студент болған кезімде мені театрлар мен кон-
церттерге апарып жүретін Рахиль есімді бір қыз бар еді.
– Ленинградта дейсіз бе?
– Иә.
– Онда қайдан тап болып жүрсіз?
– Ұзақ әңгіме.
Бауыржан бұл тақырыпты одан әрі індетуді құп көрмейтінін
аңдатып, үнсіз қалды. Мен:
Волоколамск тас жолы
486
– Ленинград жөнінде, әлгі қыз туралы әңгімелеп беріңізші, –
деп өтіндім.
– Керегі не?
– Бұл маған жазушы ретінде қажет. Өзіңізді әр қырыңыздан
танып-білгім келеді.
– Менің әңгімем сізге арналмаған.
– Қалайша маған арналмаған?
– Әңгімемді сіз үшін емес, ұрпақ үшін айтамын. Ал осыған
өз өмірбаянымды тықпалай бастасам, мүлде орынсыз әрі ұят бо-
лар еді.
Күрсіндім де қойдым. Осынау бірбеткей адамды нендей дәлел-
мен иліктірерсің?
2
– Ақыры әйел тақырыбын қозғап қалған екенбіз, – деп сөзін
жалғастырды Бауыржан, – кейде жертөледе отырып мылжи бе-
ретіндей бостекі сөзден гөрі Қызыл Армия қатарында соғысып
жүрген әйелдер жайына соға кетейік те.
Москва түбіндегі шайқастар кезінде өзім батальон командирі
ретінде бұл мәселені: әскери бөлімдерде әйел атаулыға орын жоқ
деп оп-оңай шештім. Қысқа да нұсқа. Сөйтіп бүкіл қиындықты
қылышпен шапқандай тыйып тастағанмын.
Бірде-бір әйел ешқашан батальон легінде жүрген де емес,
біздің сапымызға тұрған да жоқ. Бірақ бірде...
Әсілі, осы оқиғаны батальонның сонау алғашқы айқастары ба-
яндалатын біздің бұрынғы хикаяттарымыздың бірінде, Волоко-
ламскіге қарай шегінетін сәтімізде әңгімелеуіміз керек еді. Енді
амал жоқ, анау түнгі жорығымыздың сүреңсіздеу көріністеріне
қайта оралайық.
...Батальон рота-ротасымен түн түнегінде тоң жібіген кездегі
лайсаңды кешіп келе жатты. Іркесе-тіркесе баяу жылжыған жа-
уынгерлер, зеңбіректер, пулемет артқан, оқ-дәрі тиеген арбалар
легінің соңын тағы да сарбаздар тұйықтаған.
Осынау жерден ұзап, жау тұзағынан сырғып шығып барамыз.
Оң жағымыз бен сол жағымыз жау қолына өтіп үлгерген-ді; тек
алдыда қылдырықтай ғана өзек бар; бұйрық бойынша түн қа-
раңғылығын пайдаланып, сол қуыс арқылы өз адамдарымызға
өтіп, дивизия бөлімдеріне барып қосылуымыз керек.
487
Әйел қатардан шықсын!
Колоннаны Заев бастап келеді. Оның ротасы – ең алдыда. Өзі
ұзын қолдарын бұлғаңдатып, екпіндей адымдайды. Жауынгер-
лер қатары өтті, ат-арба легі тақалды. Әне анау өз командирлері
мен бөлімін жоғалтып алып, адасып біздің батальонға қосылған
бөгде солдаттар командасы. Оларды политрук Бозжанов бастап
жүр. Үгіт-насихат жөніндегі нұсқаушы Толстунов та осында.
Ат үстінде, биік ерде отырып, тұсымнан өткен колоннаға қа-
рап, Бозжанов пен Толстуновтың қасында үшінші біреудің келе
жатқанын байқадым. Бұл не пәле? Өзі юбка киіп алған ба? Қой,
мүмкін емес! Әшейін елес шығар... Жоқ. Ер-азаматтардың сұлба-
сы арасынан боти киген аяқтар қылаңдайды, юбка қараңдайды.
Айқай салдым:
– Тоқта!
Колонна аялдады.
– Әйел қатардан шықсын!
Кібіртіктей қимылдап, бері жүрген әйел қасыма жақындады.
Жауынгерлерге әмір еттім:
– Марш!
Қатар қозғалды. Толстунов пен Бозжанов қалқиып жол жие-
гінде тұр.
– Сен кімсің?
Қараңғыда әйел даусы естілді:
– Фельдшермін... Фамилиям Заовражина...
Сөзге Толстунов араласты:
– Васильево селосынан екен... Немістерден қашып келеді,
комбат.
– Бұл қандай тәртіп? Маған неге мәлімдемедіңдер? Батальон
колоннасына қарапайым тұрғындарды қосуға кім рұқсат берді?
Бозжанов әлдене деп жауап қатқысы келіп еді, тойтарып та-
стадым:
– Сөзді доғарыңдар! Орын-орындарыңа барыңдар!
– Ал мен ше? – деп сұрады қыз. – Шынымен-ақ, немістерге
тастап кетпексіз бе?
Қалтамнан электрлі фонарь шығарып, түймешігін бастым.
Дөңгелей шашыраған жарық шоғыры қараңғылық құшағынан
орыс қызының балғын жүзін, оның сүйір мұрнының делдиген
етегін, иегіндегі шұңқырын айқын көрсетті. Бір мезет қаракөк
Волоколамск тас жолы
488
көзін де байқадым. Бойжеткен со бойда кенеттен шаншылған жа-
рықтан қаймығып, жыпылықтап қалды. Шамды сәл төмен еңкей-
ткенімде сәуле күздік қара пәлтесіне, жол дорбасының иығына
асқан бауларына, бүйірінде салбырап тұрған фельдшерлік сөм-
кесіне түскен. Одан соң шаншылған жарықтың жолағы арзанқол,
жұпыны шөлкиін, лай баттасқан, тіпті ішіне су кірген аласа бо-
тиын көрсетті. Қыздың жанарына тағы бір қарағым келіп, фо-
нарьды жоғарылау көтердім. Жарқ еткен әлсіздеу сәуле арқылы
өзіме тік қадалған қаракөк көзді тағы да көрдім. Көзқарас байып-
тылығы тағы да таңырқатты.
Иә, бұл қыз үшін нағыз сын сағаты туған еді! Туып-өскен ай-
лағы айдалада қалып барады, ал қайығының шынжырын сұрапыл
соғыстың балтасы шауып түсірген. Ботиын іле салып, азын-аулақ
керек-жарағын жол дорбасына асығыс тығындап, Қызыл Арми-
яның кетіп бара жатқан соңғы батальоны қатарына еріп, ілесіп
шыққан беті осы. Қилы заман, алапат соғыс белін бекем буғы-
зған.
Фонарь өшірілді.
– Атың кім? – деп сұрадым қыздан.
– Варя.
– Ал, Варя, сені алып кетейік. Бағанағы орныңа бар. Көп ұза-
май діттеген жерге жетеміз. Сол кезде: міне, Варя, келдік, енді
қош-сау бол деймін. Сен жөніңе кетесің...
– Сіздермен ше?
– Бізге ілесуге болмайды.
3
Немістер басып алған Долгоруковка деревнясын айналып
өткен кезімізде бізді полк штабы бастығының көмекшісі лейте-
нант Курганский қуана қарсы алды. Онымен кездесуіміз: біз өз
адамдарымызға жеттік деген сөз еді!
Курганский құрқол келмепті – түнде ғана пісірілген екі арба
жұп-жұмсақ ақ наны бар. Үсті кенеппен жабылған осынау ар-
баларға, бұлардың бізге қарай сонау Волоколамскіден бері жол
тартып жеткен дөңгелектерінің жалтылдаған табан темірлері-
не қарап тұрып, іштей: «Өз адамдарымызға қосылдық! Біз өз
адамдарымыз тұрған жердеміз!» деп әнге бастым.
489
Әйел қатардан шықсын!
Бозарып таң атып, қалың тұман да сейілді. Мен батальонды
орман арасына жайғастырып, жұртты тамақтандырып, тынықты-
рып алғым келді.
Сарбаздармен бірге орманға қарай Варя да кетіп барады. Қара
пәлтесі, қара береті, арқасына ілген жол дорбасы бар. Оны қа-
тар арасынан қайта шақырып алдым. Ол ұзай берген лекке жал-
тақтай қарап қойып, қасыма келді де, маған назар аударды. Енді,
бозала таң шапағымен оның кескіні – уылжыған томпақ ерні, жа-
зық маңдайы, тігінен төгілген қоңырқай сүмбіл шашы – түп-тү-
гел түндегі фонарь жарығындағы келбетіне қарағанда соншама
нәзік, әдемі көрінді.
– Ал, Варя... Жолың мынау. Бара ғой.
Маған қадалған қаракөк көзін жас шылады. Әйелдің көз жа-
сына аса елжірей қоймаймын. Дегенмен мына қыз онша жыла-
уықтар қатарынан емес сияқты. Ол:
– Жалғыз барам ба? – деп қалды.
Өзін аяп та кеттім. Расында да, мына тұманда жалғыз жүрудің
оңайға түспесі анық.
– Мақұл, Варя. Сені әрірек ұзатып салармыз.
– Сіздермен қалуға мүлде болмай ма сонда?
– Жоқ. Біз – жауынгерміз, Варя. Егер армия қатарында қыз-
мет еткің келсе, сені кішкене әрі таман, тылға жібере аламыз. Ал
батальонға қыздардың қажеті жоқ.
Қызды өз фельдшеріміз Киреевтің взводына алып келдім.
– Киреев, мына бойжеткенді өзіңе тапсырамын. Аты-жөні
Варя Заовражина. Варя, жасың нешеде сенің?
– Он тоғызда.
– Менің де дәл осындай қызым бар, – деді Киреев.
– Әке екеніңді білемін... Бұ қызды Волоколамскіге дейін
аман-сау жеткізу саған аманат. Өз қызыңдай көріп, жүріс-тұры-
сын қатаң қадағалайтын бол.
Соңынан Варяға да тілегімді айттым:
– Ал сен абайлап жүр, ешкіммен қылтың-сылтың жасаушы
болма. Өзіңді совет қыздарынша тәртіпті ұста.
Қызараңдап қалды. Көзқарасынан: «Мені неге жәбірлейсің?»
деген наланы аңдадым.
Волоколамск тас жолы
490
4
Бұдан кейінгі жағдайдың қалай өрбігені есіңізде шығар деген
ойдамын. Ұсынақтылықты ойласам керек, ат-көлік жетіспеген-
діктен жасырып кеткен өзіміздің снарядтар мен зеңбіректерімізді
немістердің иегі астынан жұлып әкетуге ниеттенген едім; Бозжа-
новқа ірі артиллерия аттарын босатып алып, даладағы әлгі жаб-
дығымыздың бәрін батальонға жеткізуді бұйырдым. Бозжанов
өз жасағымен аттарды жетектеп сонда жөнеді. Ал сол сәтте біз
бекінген орманның тұс-тұсынан оқ атылып, алапат айқас баста-
лып кетті. Зеңбіректердің гүрсілі құлақ тұндырады. Мен Бозжа-
новты күттім. Онсыз аттап баса алмаймын. Ұрыстың шеңбері
біртіндеп тарылып, қыса түсті. Жұртты көтеріп, жағалай окоп
қазып, қорғаныс шебін құруға әмір бердім.
Рахимов екеуміз роталарды аралап шықтық. Штабтың шай-
ласына ораларда санитарлық взводтың тұсынан өткенбіз. Ағаш
арасынан бірнеше адамның шат күлкісі естілді. Бұл не нәрсе?
Жаралы адамдардың дәл бұлайша жарқын күле алмасы анық.
Бетті сол дауыс шыққан жаққа қарай бұрдым. Бұлақ жағасын-
дағы алаңда шатырлап от жанып жатыр. Шағын бәкке су ысытып
қойыпты. Сонадай жердегі керілген жіпте жаңа ғана жуылған
кір жаюлы тұр – санитарлық халаттар, үлдірек майлық-сулық,
бірнеше сейсеп. Әділін айтайын: жуылған заттардың шатырдай
аппақтығы тамсантты, бұлардың ғұмыры кетпейтін сарғылт-сұр
реңі зым-зия жоғалыпты. Қан-жын дағынан да із қалмаған.
Бәрін атқарып жүрген Варя! Өзі бұлақ басында кір жуып тұр.
Пәлтесін шешкен. Оның орнына көйлегінің сыртынан гимнастер-
ка киіпті. Маған белгісіз қамқор біреудің (Киреев емес пе екен?)
арқасында ботиын шешіп, солдаттың керзі етігін киіп үлгеріпті.
Жеңдерін түріп алып, кеспек ағаш үстіндегі шылапшынға ең-
кейген оның қарулы қолдарының астындағы сабынның ақ көбігі
бұрқ-бұрқ етеді.
Жаңа ғана жып-жылмағай болып қырынған Толстунов
бастаған сайыпқырандарымның бәрі дерлік магнитпен тартқан-
дай, кір жуған қыздың айналасына шоғырлана қалыпты. Мұндай
жиындардан ғұмыры қалмайтын Брудный от басында Варяның
төплиін кептіріп жүр. Өзім тәртіптілік пен тындырымдылықтың
үлгісі санайтын Филимонов та осы жерден табылды.
491
Әйел қатардан шықсын!
Иә, жауынгерлік бөлімдерде әйелге орын жоқ деген қағида-
ны бекер ұстанбайды екем! Айналада қырғын атыс, апалаң-то-
палаң; кез келген сәтте қоршауда қалуымыз мүмкін, ал қыз ете-
гін төңіректеген командирлерімнің жүрісі мынау. Мені байқап
қалған Варя маржандай ірі тістері ақсиып, күлімсіреді. Бұл ке-
скіні: «Міне, көрдіңіз бе, іс үстіндемін, осында әбден керек адам-
мын» деп тұрғандай.
Бірталай ыңғайсызданып қалған командирлер қалшиып тұра-
тұра қалысты. Анадайда, санитарлық арба маңайында жүрген
Киреевті көріп дауыстап шақырдым:
– Киреев, бері кел! Мына қызға бас-көз бол дегенім қайда?
Жігіттерді неге жібердің мұнда?
– Қалайша жібермейін, жолдас комбат? Бұлар командирлер,
ал мен...
– Сен – әкесің! Өзіңе әке деп тапсырдым емес пе. Кімде-кім
маңайына жуыса, сен оны әке ретінде жолатпауға тиіссің.
– Жаза бастым, жолдас комбат. Бостық жасаппын.
– Келесіде қаталырақ бол. Кімде-кім сөзіңді тыңдамаса,
маған айт. Түсіндің бе?
Рахимовқа қарап, әмір еттім:
– Мына сүрейлер мен қызды дереу маған штабқа жіберіңіз.
Сөйтіп, бұрылдым да, жөніме кеттім.
5
Соңымнан штабтың күркесіне шақырған адамдарым да шұбы-
рып кірді. Араларында солдат етігін, өзінің қара пәлтесі мен қара
беретін киген Варя да бар. Бәрі жуасып қалыпты, тек Толстунов
қана өзін еркін сезініп, жымиып күліп қояды.
– Толстунов! Батальон командирінің алдына келгенде мына
күлкің не?
– Комбат, мұның қалай? Сонша неге шүйлігесің? Біз енді...
Сөзін бөлуіме тура келді:
– Сіз, әрине, жолдас аға политрук маған бағынышты емессіз,
бірақ менімен тайталассаңыз, айыпқа бұйырмаңыз, батальоннан
жолыңыз ашық.
Толстунов жым болды.
– Ал сен немене, Филимонов? Рота командирісің бе әлде ор-
ман арасына қызбен қыдыруға келіп пе едің?
Волоколамск тас жолы
492
Филимонов менің өзіне ел алдында жасаған ескертуімді ауыр
қабылдайтын еді. Өзіңізге мәлім, ол кәнігі офицер, бұрынғы ше-
карашы. Әскери қызметті тек шекарашылар ғана лайықты атқа-
рады деген кәміл сенімін де ешкімнен жасырмайтын. Менен
естіген сөгістен бір қызарып, бір бозарған оның жақ сүйегі бұл-
тылдап кетті. Сөзімді жалғастырдым:
– Намысыңа тигенімді жаратпайсың ба? Жоқ, аямаймын!
Әйел етегін көрсең жармаса кетесің!
– Жолдас комбат, бірінші рет қой бұл...
– Доғар сөзді! Сен немене өзі, жағдайды түсінбейсің бе?
Немістің кез келген тұсымыздан бас салатыны санаға қалай жет-
пейді? Әркім өз орнынан табылуы керек.
Брудный да тиісті сыбағасын алды. Қырандарымды біраз тық-
сырып алғаннан кейін айттым:
– Барыңдар... Ал сен, Заовражина... Өзіңді енді осылай ұстай-
тын болсаң...
– Құдайым-ау, қалай....
– Өзің-ақ біліп тұрсың! Мына еркектерді маңайыңа неге жи-
нап алдың...
– Мен жинаған жоқпын. Ойлаған да емес ем...
– Ендеше бұларға неге күле қарайсың? Есіңде болсын: сәл
ғана шалыс басып, қылымсығаның үшін, – естіп тұрсың ба –
өзіңді анау жаңғырыққа жатқызамын да, қылышпен бөлшектеп
шауып тастаймын! Саған қырындаушыларды да сөйтемін. Түсін-
дің бе? Сенен сұрап тұрмын ғой: түсіндің бе?
Өзі сескеніп қалды ма екен, сөзін зорға айтты:
– Тү-ү... түсіндім.
...Ақыр аяғында біздің батальон колоннасы Волоколамскіге де
жеткен. Орталық көшенің асфальты бойымен саптың алдында
келе жатып, тротуарда тұрған полктің санитарлық бөлімінің ба-
стығы доктор Гречишкинді байқадым. Қасына барып, тұсымызға
санитарлық взводтың арбалары келіп жеткенше аз-кем тіл қаты-
стық. Көліктің бірінде өзінің қара пәлтесін киіп, жаңбыр суына
малшынған Варя отыр екен. Арбаны тоқтаттым.
– Варя, жерге түс! Доктор, сізге сыйлығым бар. Мынау өте
еңбекқор, адал қыз. Өзі болашақ дәрігер. Бізбен бірге неміс
493
Әйел қатардан шықсын!
қыспағынан шықты. Сізге қолқанат болады, жаралыларға қарай-
ласады. Кейін маған ренжи қоймайтыныңызға сенімдімін.
Доктор Варямен амандасқан соң өз ойын айтты:
– Біздің комбаттан мұндай кепілдеме алу оңай іс емес. Сізге
орын табамыз, Варя.
Қыз қоштасарда жалт етіп бір қарады. Байыпты қаракөк көзі-
нен ризалықтың да, өкпенің де табын байқағандаймын. Мен Ва-
ряның қатқылдау қолынан қыстым.
6
Дивизия командирінің резервіне айналған батальонның бұдан
кейінгі жауынгерлік жолы өзіңізге аян. Волоколамск түбіндегі
қуысты бекітеміз деп жүргенде жолымыз тағы кесілді, дегенмен
ешбір бышырамай, сапымызды бұзбай, қайтадан немістер басып
алған жер арқылы өз адамдарымызға қарай сыналап өттік.
Міне, енді батальон тынығуға мүмкіндік алды. Панфиловтың
резервіне қайта кіріп, алғы шептен алты-жеті километр арттағы
екінші эшелонға бекіндік. Роталар кең алаңға жайғасып, өздеріне
пәтер-блиндаждар қазып алды. Ал батальон штабы мен арнаулы
бөлімшелер Рождествено деревнясына орналасты.
1941 жылы қараша айының басында-ақ ызғарлы аяз бастал-
ды. Мәскеу түбіндегі барлық майдандар саябыр тапқан сәт еді.
Біздің қарсылығымызға маңдайын соғып, Москваға алғашқы
қарқындарымен өте алмаған немістер тың күштерін шоғырлан-
дырып, жаңа соққыға әзірленіп жатты. Дегенмен артиллерия
ұрысты тоқтатқан жоқ-ты. Зеңбіректердің бірсарынды, кейде
жиілей түсетін үздіксіз атыстарына құлақ үйрене бастаған. Жау
арагідік біздің де шағын деревнямызды оқ астына алып қояды.
Немістің бір жақсысы, бізді бейқам отырғызып көрген емес. Түн-
де ашықтан-ашық темекі тартуға да болмайтын еді: гитлершілер
жарқ еткен шақпақ оты мен папирос шоғының өзіне ондаған ми-
наларын жаудырған кездері жиі. Солай бола тұра, ауыр айқастар-
дан кейін біршама еркін тыныстап қалғанымыз рас. Тыныштық
қарашаның жетісі күнін – Ұлы революциямыздың жиырма төрт
жылдығын салтанатты атап өтуге мүмкіндік туғызды. Бізге, Пан-
филов дивизиясына мерекеге орай Қазақ елінен үлкендігі әңге-
лектей әйгілі Алматы апортын, конфет, шарап сияқты сыйлықтар
жіберіпті.
Волоколамск тас жолы
494
Осындай өліараның тымығына біртіндеп бой үйреткеніміз
сонша – тіпті бір-бірімізге қонаққа баруды әдет қыла бастап едік.
Қазір әңгіме болатын сол кеште дәптеріме шұқшиып, батальон
жүргізген ұрыстар жайын жазуды жалғастырып отырғанмын.
Өзімнің шағын штабымның да төрт көзі түгел еді. Толстунов пен
Бозжанов менің үнсіз рұқсатым арқылы түскі астан кейін ағайын
адамдардай кең кереуетке қатар жата кетіп, мызғып алуды жөн
санаған. Рахимов сүйікті ісі – менің жазбаларымның графикалық
қосымша схемаларын безендіруге кіріскен-ді (өзі осының асқан
шебері-тін).
Жайлап есік ашылды.
– Жолдас комбат, кіруге рұқсат етіңіз.
Табалдырық сыртында фельдшер Киреев тұр екен. Өзі қула-
нып алғандай көрінді, жалпақ еріні күлкіден әні-міні жайыла
кеткелі тұр. Ол күмілжіңкірей үн қатты:
– Күтпеген жағдай болып қалды, жолдас комбат.
Толстунов бірден оянып, отыра қалды. Бозжанов ұйқысын
аша алмай, көзін сығырайта ашып, басын көтерді.
– Нендей жағдай? – деп сұрадым мен.
– Қонаққа қызым келді.
– Не дейді? Өз қызың ба?
– Өз қызым. Варя Заовражина. Ұмытпаған шығарсыз?
Осы тұста: «залда қозғалыс» деп жазса болар еді. Толстунов
жалаң аяғын еденге түсірді. Бозжанов үстіне көрпе орнына жа-
мылған шинелін серпіп тастады. Тіпті Рахимов қарындашын бы-
лай алып қойған.
Мен:
– Қайда өзі? – деп сұрадым.
– Сізге кірмеді, жолдас комбат.
– Апырай... Қорқасақтап қалған ба?
– Жоқ... Шақыруыңызды күтіп тұр.
– Мәссаған! Тәкаппар екен ғой?
– Тәкаппар.
– Шақыр ендеше. Қуана қарсы аламын. Алыста жүр ме?
– Осында. Кіреберісте тұр.
Мен команда бердім:
495
Әйел қатардан шықсын!
– Кәне, офицер жолдастар, үй-іші түгелдей тәртіпке келтіріл-
сін!
Нұсқауым, тегінде, артықтау болып шықты. Толстунов жал-
ма-жан шұлғауын орап, етігін киіп үлгерген. Бозжанов та өзінің
әдеттегі шапшаңдығын көрсетті: шинелі лезде шегеге ілінді;
төсек бетіндегі умаждалған плащ-палатка өз-өзінен жинақтала
қалғандай; Бозжанов сәл бұйралау қара шашына тарақ салды.
Бұл аралықта Рахимов бөлмедегі қоқысты бұрышқа қарай сыпы-
рып жатты.
– Киреев, мейманыңды шақыр. Қызды көп күттірме. Синчен-
ко!
Ол албардан саңқ еткен:
– Мен.
– Қонақ келіп қалды. Самауыр қой.
– Ызылдап қайнап та тұр.
7
Сәлден соң өкіл әкесіне ерген Варя да штаб шайласының
табалдырығынан аттап кіріп келді. Өзі енді әскери адамдарша
киініпті. Пәлте орнында – белі қыналған шинель. Ботиы мен
біздің батальоннан алған керзі етігін де өзіне шап-шақ кішірек
жеңіл етік алмастырыпты. Шашын жапқан солдаттық құлақшы-
нына тиісті үлгі бойынша қаңылтырдан жасалған қызылармия
жұлдызшасы бекітілген. Варя маған ізет көрсетті.
– Жолдас комбат, – деді ол, – сіздің шақыруыңыз бойынша
келіп тұрмын. Әскери фельдшер Заовражина.
– Әскери адамдар, жолдас фельдшер, – дедім мен, – устав
бойынша командирге тек үш жағдайда ғана: жаңа қызметке
тағайындалғанда немесе кезекті демалыстан оралғанда, яки өз
бөлімінен кеткенде келеді. Қалған кездерде жолығады. Ұқтың
ба?
– Иә.
– Ал енді, Варя, өз жабдықтарыңды шешуіңе болады. Тізе
бүк. Біздің мейманымыз бол.
Варя саусақтарының ұшын қайтадан шекесіне апарып, ізет
жасады. Өзінің формалық киіміне, әлі толық төселіп кете қой-
маған әскери адамдарша ізет көрсету қимылының жеңілдігіне
көңілі марқайған ол кенеттен күлімсіреді. Бірақ маржандай ірі
Волоколамск тас жолы
496
тістері жарқ етті де, аузын жаба қойған. Жүзіндегі күлкі табы
бірден өше қалды.
– Варя, мұның қалай? – деді Толстунов. – Күлуге қаймығып
қалғаннан саумысың?
Қыз үн қатты:
– Сіздердің комбаттан қорқамын. Тыйым салған. Егер күлер
болсам, мені жаңғырыққа жатқызып қояды да, қылышпен бөл-
шектеп шауып тастайды.
Оның бірде байсалды, бірде шаттыққа толы, бірде жас үй-
іріле қалған қаракөк көзінен күлкі ұшқынын да аңдап үлгеремін.
Бозжановтың мырс ете түсуден сақтанып, өз-өзін зорға ұстаға-
нын байқап, оған жалт қарадым, бірақ... Қашанғы қаталдық көр-
сете берейін, арасында әзілдесе де біліп, қалжыңды түсінген
дұрыс-ау. Өзім де күліп жіберіп, әділін айттым:
– Қағытуын қарашы... Мейманға ешбір тыйым салынбайды,
Варя. Және менің «жауыздығымды» енді ескі алмауды сұрай-
мын.
Дегенмен, тағы бір шымшыма сөз естуіме тура келді.
– Жолдас комбат, – дейді монтиған кейіппен Киреев, – қызды
енді өз құзырыңызға тапсырайын.
Қарай гөр, бұл да менен қарымтасын қайтарып жатыр. Амал
не, көтермеске лаж жоқ.
– Мейлі. Бара бер. Қызыңа көз қырын салармын.
8
Варя құлақшыны мен шинелін шешті, одан екі айырып тараған
сүмбіл шашын бір сипап, иығы мен жағасы қолпылдақтау гимна-
стеркасын түзеді – онысының ұзын жеңін де тігісінен қайта сөгіп
қысқартқаны байқалады. Есесіне, әскери үлгідегі қонымды кең
юбкасы сонша жарасып тұр. Варя қасыма қайта келіп, тіл қатты:
– Жолдас комбат...
Сөзін бөлдім:
– Варя, мен саған комбат емеспін. Аға лейтенант деп ата.
Ол үнсіз қалды.
– Ал егер өтініп сұрасам ше? Комбат деуіме бола ма сізді?
– Қайтеміз, – деп келістім мен. – Мейманның бетін қайтару
қиын.
– Рұқсатыңызды қайтадан кері қайтарып алып жүрмейсіз бе?
497
Әйел қатардан шықсын!
– Қайтадан? Жоқ, Варя. Қатты жапқан есікті қайта ашпа!
Сыйлық жасадың ба – оны кері сұрама!
– Дұрыс! – Варя кенет тағы да сымдай тартылып тұра қалды.
– Егер олай болса, жолдас комбат, менің келуіме рұқсат етіңіз.
Жолығуға емес, келуге.
– Е-е, міне, мәселе қайда жатыр... Жоқ! Бұл тақырыпты доға-
райық, Варя. Отыр... Синченко! Самауыр не болды?
Қыз томсырайып, үнсіз қалды. Алайда Синченко самауыр-
ды алып кіріп, шай жабдықтарын орын-орнына қоя бастағанда,
әулетті қызғылт қолдары жылпылдап, дереу жәрдем көрсетуге
кіріскен. Варя фаянс құманның түбінде қалып қойған самаға қа-
раған сәтте Синченко оның қолындағы ыдысты алуға ұмсынды:
– Кәне, сыртқа апарып төгіп тастай қояйын.
– Неге өйтесіз? – деп қарсылық көрсетті Варя. – Бұл шаңға
қарсы таптырмайтын құрал ғой.
Сол бойда ылғал шай қалдығы еденге шашылды. Бозжанов қу-
лана жымыңдап:
– Қап! Жолдас Рахимов бұ жерді жаңа ғана сыпырып еді, –
деді.
Варя бас шайқады да қойды. Одан соң қыс қарсаңында әйне-
гінің жиектері сыланбаған терезеге қарап тұрып айтты:
– Жолдас комбат, тағы біреудің кіруіне рұқсат етіңіз.
– Кімге?
– Таза ауаға.
Бәрі ду күлді. Терезе дереу айқара ашылған. Бөлме іші жарқы-
рай түскен сол сәтте ғана шынылардың шаң-тозаң басып, кір-
леніп кеткенін байқадым. Тыста керіле созылып, ерте түскен қыс
жатыр; жаяу бұрқасын ұйытқып, ашылған терезеден ішке қарай
ұшқындаған ұсақ қар қиыршықтары сол бойда ериді.
Варя өткенде бұлақ басында көбігін бұрқыратып кір жуғанын-
дай, бұл жерде де ширақтығын көрсетті. Бөлме іші қолма-қол
реттеліп, желдетілді. Шаң да, тозаң да жоқ, әйнектер тазаланып,
ыдыс-аяқ жуылып үлгерілді. Енді үстел басына жайғасуға әбден
болады, дастарханымыз да мол еді: жайылған газет бетінде түрлі
қалбырлар жылтырайды, бір кесек сары май, шұжық, алма, пече-
нье, тіпті біздің командирлік үлестен екі тақта шоколад та қой-
ылыпты.
Волоколамск тас жолы
498
9
Шайға тағы бір қонағымыз – Мұқамбетқұл Исләмқұлов үл-
геріп жетті.
Өз шежіремізде ол жайында аз-кем әңгімелегенбіз. Енді
онымен қайтадан танысайық.
Ол бөлмеге айналамыздағы салдыр-салақ жүруді әдет қылған
кейбір әскерилердей бас киімімен және шинельшең кие-жара ене
салған жоқ, ауыз үйге шешініп, гимнастеркасымен, жалаңбас
кірді; сыпайы ғана жымиған жарқын жүзді, сымбатты, сұлу қа-
зақ. Келбеті келісті-ақ: өзінің бұла күш иесі екенін аңдатқандай
екі иығы жұп-жұмыр, үлкен, маңғаз басты ұстап тұрған мойны
да тіп-тік. Дөңестеу біткен жазық маңдайы артқа қарай жатқыза
тараған көмірдей қара шашқа жалғасады. Қазір аяздан алаулап,
алабұртқан дөңгелекше жүзі шықшыт сүйегін аса байқатпайды.
Ұмытпасам, бірде өзіңізге ертедегі қазақтардың негізгі үш
жүзге бөлінетінін айтқан да сияқтымын; бұлардың бірі жауын-
герлікке жуық келсе, анау Бозжанов сынды адамдар тараған екін-
шісі билік құруға, үшіншісі елшілік қабілетке икемді болады.
Міне, Исләмқұлов осы бітімгершілікке бейім тайпаның баласы
еді.
Өзі кірген бетте бас иіп есендескен. Алдында иық тіресе
жүріп соғысқан кездеріміз бар, бұдан екі аптадай бұрын немі-
стерді Новлянское селосынан бірлесе қуғанбыз, оқ пен от бізді
сөйтіп бауырластырып үлгерген-тін. Енді қонаққа келген сәтте
оның менімен бас салып құшақтаса кетуіне болар еді. Жоқ, ол
ұстамдылық көрсетіп, иілумен ғана шектелді.
Мен оған қарай қарсы аттап, нәзік бітімді әдемі қолын қуана
қыстым. Бұдан соң екеуміз Варяның қасына келдік.
– Ал-л, жолдас әскери фельдшер...
Қыз ұшып тұрып, бойын түзеді.
– Лейтенант Исләмқұловпен таныс қой. Бұл басқа батальон-
да рота командирі. Жоғары білімді азамат, біздің қазақ зиялыла-
рының өкілі. Әлбетте, бұл да мені мейірімсіз деп санап, «жауыз-
дығымды» құптай қоймайды. Айтпақшы, Варя, мұның комбаты
да аса қатал емес.
Варя жауап қатпады, тек әнтек қызараңдап қалды. Тәрізі, бұл
жолы да сөзімді ауыр алғандай.
499
Әйел қатардан шықсын!
– Бауыржан, өзіңе баяғыдан айтпақшы болып жүр едім, соғы-
ста оған мұрша болмады... Көптен айтпақшы ем: сенікі жөн екен,
ақсақал!
Соңғы сөздерді бұрынғы өзара дауларымыздың қорытынды-
сын шығарғандай, біртүрлі салтанатты леппен айтқан. Мен, өзі,
Исләмқұловтан бес-алты жас кішімін. Осынау парасатты қа-
зақ, халқымыздың ежелгі салт-дәстүрінің білгірі мені ешқашан
ақсақал деп атап көрген емес-ті. Керісінше, бұрын, Алматыда
үнемі дауласатынбыз да жүретінбіз. Енді қонаққа келіп, өз ниетін
ақындарымыздың әсерлі тілі арқылы білдіріп отыр. Мен де оған
ризалығымды танытып, басымды идім.
10
Үстел басында әңгіме жанданды. Өзі туралы, роталары жай-
ында сыр ағытқан Исләмқұловқа қарап қойып, өткен кездесу-
лерімізді, сұхбаттарымызды, сондағы келіспеген кездерімізді
еске түсірдім. Исләмқұлов дау-дамайда әрбір жәйтті таразылап,
дәлелмен сөйлеуді ұнататын еді. Тік кету, шалт қимылдау – та-
биғатына жат. Тіпті қарауындағы адамды жөнге салған кезінде де
әрдайым әр сөзін салмақтап, жетесіне жеткізіп айтатын.
Мені өзі бұрын ашықтан-ашық талай сөккен. Бірде екеуміз
Алматы іргесінде запастағы командир ретінде әскери жиынға қа-
тыстық. Күні бойғы жаттығудан кейін батареяны түнгі тынығуға
бастап келе жаттым. Аттар да болдырған, жұрт та шаршаған. Ла-
герьге жақындаған кезде: «Ән баста!» деп команда бердім. Бірақ
әбден қалжырағандықтан да шығар, ешкім селт етпеді. Мен: «На-
право кругом!» – деп ақырып, батареяны қайтадан тауға қарай
бұрдым. Бұдан кейін де екі екі сағат жаттығып, қас қарая бір-ақ
қайттық. Батарея әмірімді орындамаған жерге жеткен сәтте тағы
да: «Ән баста!» деп айқай салдым. Бұл жолы бірден ән шырқал-
ды.
Түнге қарай шатырыма Исләмқұлов келді: «Әлгің дұрыс
емес, Бауыржан. Әрекетің өте қатал, тіптен, қатыгездік». – «Жоқ,
дұрыс! Әрбір бұйрық сөзсіз орындалуы керек. Керек десе, қанға
сіңіп, дағдылы әдетке айналуы тиіс».
Исләмқұлов о жолы келіспеген. Ал енді, міне, шайқастар-
ды бастан кешіп, сұрапыл соғыс сұмдығын өткергеннен кейін:
«Сенікі жөн екен, ақсақал!» деп келіп отыр. Шіркін, Исләмқұлов
Волоколамск тас жолы
500
бұдан бес-алты күн бұрын ғана генерал Панфиловтың он бес
тамшы дәрі өлшеп тамызып, менімен рөмке қағыстырғанын біл-
се ғой! Бәлкім, өз кезегімде, Мұқамбетқұлға менің де ағымнан
жарылғаным жөн бе еді. Мұның да бұрынғы сөзі, бір жағынан,
өте дұрыс-тын. Алайда адалын айтайын, сол кеште бұл ниетім
ішімде қалды.
Екі аралықта қас қарайған. Кәресін шам жағылды. Синчен-
ко жарық атаулыны көрсетпеу ережесіне сай терезелерді тастай
қараңғы қылып қымтап тастады. Шағын шам жарығы аясында
біздің де отырысымыздың шеңбері тарылып, бір сәт шөкімдей
болып ұйыса қалғандай едік. Бір-екі стөпкеден ішіп те үлгерген-
біз.
Арақтан ауыз тиюден де бас тартқан Варя шай құйып, үн-түн-
сіз отыр. Назарымды соған аудардым.
– Исләмқұлов, ақыл қосшы... Мына қыз менің батальоныма
сұранады. Өз басым әйелге сапта орын жоқ деп санаймын. Қа-
телеспесем, барлық заманның қолбасшылары осындай қағида
ұстанған.
Исләмқұлов өз ойын айтты:
– Азамат соғысын ұмытпасайшы. Одан соң – Отан соғысы
көптеген ұстанымды өзгертіп жіберді. Бұрын қисынға келмей-
тіндей дүниелер бүгінде үйреншікті жағдайға, кейде, тіпті қажет-
тілікке айналды.
11
Есік қайта ашылған. Батальон бойынша кезекшілік атқарып
жүрген лейтенант Тимошин келіп кірді. Бозбалалық шақпен ке-
шелері ғана қоштасқан өзі ылғи өте турашыл еді, сонымен бірге
кішіпейіл, ұялшақ та жігіт. Үстел басындағыларға имене қараған
ол:
– Жолдас комбат, мәлімдеуге рұқсат етіңіз, – деді. – Үйлердің
бірінде жарық дұрыс көлегейленбепті. Соны бекітіңдер десем,
өзімді көргенсіз деп сөкті.
– Кім?
– Бір жас әйел... Сөз түсіндіре алмай әуреге түстім.
– Түк істей алмадың ба? Мүмкін өзіңе де бір күтуші керек
шығар?
Тимошин қипақтап қалды.
501
Әйел қатардан шықсын!
– Жаныңа екі жауынгерді қосып ал да, әлгі әйелді осында
алып кел, – деп бұйырдым мен. – Оның үйіндегілерді де түгел
осында жеткізіңдер. Түсінікті ме?
– Құп болады, жолдас комбат.
Шай ішуді жалғастыра бердік. Әйелдің сапта жүруінің
дұрыс-бұрыстығы туралы кенеттен үзілген сөз қайта жанданба-
ды. Әңгіме ауаны өзге арнаға ауысты.
Ширек сағаттан кейін Тимошин ернін қып-қызыл қылып бо-
яған көрікті бикешті бөлмеге ертіп кірген.
– Сен, сұлуым, тәртіпке неге бағынбайсың? Сөйтесің де ко-
мандирге тіл тигізесің!
Әйел ашуланған рай танытады.
– «Сұлуым» деген не? Бұл не сөз?
– Е, адуындығын қарай гөр... Тимошин! Мұның үйінде өзге
біреулер бар ма екен?
Тимошин күмілжіді.
– Бар екен, жолдас комбат.
– Кім?
Жас лейтенант ыңғайсызданып, кібіртіктейді. Жалған сөйлей
алмайтын адал адам екі оттың ортасында тұрғандай. Ақыры әл-
декімнің атын естіртіп айтуға батпай, үнсіз қалды.
– Осында алып келіп пе едің? – деп сұрауды жалғастырамын.
– Иә. Ол осында, жолдас комбат. Дәлізде.
– Шақыр мұнда өзін. Ал сенің жанашырыңды көрейік,
сұлуым.
Бір минуттен кейін алдымызға келген кісінің кім екенін білесіз
бе – рота командирі Ефим Ефимович Филимоновтың өзі. Том-
сырая кірген. Ұстарамен жып-жылмағай етіп қырған желқақты
жүзі әрдайым қызғылт тартып тұратын-ды. Енді алқымына дейін
қызарып кетіпті. Дегенмен өзіне бірталай қолайсыздық туғызған
осынау сәтте Филимонов үлгілі әскери қызметші қалпын сақтай
білді. Тиісті ереже бойынша өкшелерін сақ еткізіп, қолын ше-
кесіне апарып, маған ізет көрсетті.
Үстел қасынан сыңғырлаған күлкі естілген. Мен езу жинай
алмай қалған Варяға алая қарадым – Ефим Ефимович таяуда ғана
осының өзіне қырындамап па еді. Варя сол бойда-ақ саусақта-
рымен аузын көлегейлеп, кілт тыйылды.
Волоколамск тас жолы
502
Филимоновтың жақ сүйегі бұлтылдап, тістеніп тұр. Міне,
бұған осы жаза да жеткілікті шығар. «Ал, жарайды, енді бар!»
деп шектелсем де болар еді. Бірақ әскери талапты әлсіретуге
қақым жоқ.
Боянып алған әйел әлі де жұлқынып, долданғысы келді.
Оған:
– Сіз майдан аумағында тәртіп бұздыңыз. Гарнизон бойын-
ша кезекші офицердің әміріне бағынбадыңыз. Жинақталуға екі
сағат уақыт беремін. Екі сағаттан кейін сізді деревнядан көрмей-
тін болайын! – дедім.
Әйел тағы да қарсыласа бастады.
– Тоқтат! – деп айқай салдым. – Филимонов!
– Мен, жолдас комбат.
– Мына бикешті Голубцово деревнясына дейін апар да, сонда
қалдыр. Бұйрықтың орындалғаны туралы өзіме баяндайсың.
Филимоновтың түсі одан сайын күреңітіп, үн қатты:
– Құп болады.
– Танысыңды жөнге сал.
Ол қипақтап, жоғарғы ернін тістеледі. Тәрізі, бұйрықты өзгер-
туімді өтінгісі келіп тұрған сияқты, алайда тәртіптен аттай алма-
ды. Сөйтті де, гүр етті:
– Жүр.
Дауысы нық шықты. Әйел оның ырқына көнді.
Бұлар кетісімен бөлме ішінде тыныштық орнаған. Толстунов
пен Бозжанов өз шәшкелеріне қадалып, ойлана қалыпты: тәрізі,
өздерінің де періште емесін жақсы білетін секілді. Исләмқұлов
мейман ретінде ішкі ісімізге араласқан жоқ. Толстунов ақыры ба-
сын көтеріп, мырс етіп күлді де, Варяға бұрылды:
– Заовражина, сен, шынымен, әлі де, дәл осыншалықты мей-
ірімсіз комбаттың қарауында қызмет еткің келе ме?
– Иә, қызмет еткім келеді, – деді ол бірден.
– Болмайды, Варя, – дедім мен. – Батальон қатарына әйел
адамды қоса алмаймын! Және бұл әңгімені доғарайық.
Шешімім осы еді. Қысқа да нұсқа! Қылышпен шапқандай
шалт кестім.
Ендеше, жолдас жазушы, сіз екеуміз де, әйелдер жөнінде мыл-
жуды тоқтатсақ. Рас, демалыс арасында арагідік мұндай да қажет
503
Панфилов түстенуге келді
шығар... Алайда алапат майдандағы батальонның сәл тыныстау
сәті аяғына жетіп қалған еді.
Панфилов түстенуге келді
1
Бірде кешкісін маған Панфилов қоңырау шалды.
– Сәлеметсіз бе, жолдас Момышұлы. Көңіл-күйіңіз жақсы
ма? Тұрмыстарыңыз қалай?
– Рахмет, жолдас генерал. Устав бойынша бірқалыпты жүріп
жатырмыз.
– Қазір немен шұғылданып жүрсіз?
– Өз дәптерімді қарастырып отырмын, жолдас генерал. Кей-
бір нәрселерге түзету енгізудемін. Сіздің тапсырмаңызды аяқта-
уға айналдым, жолдас генерал.
– Бітіріп қалдыңыз ба? Үлгерген екенсіз ғой? Қуаныштымын,
өте қуаныштымын, жолдас Момышұлы... Ертең сіздерге түстікке
келейін. Маған берген уәдеңізді ұмытқан жоқсыз ба?
– Қандай уәде еді, жолдас генерал?
– Палау даярлау туралы. О жағынан, байқауымша, сіздерде
шеберлер бар сияқты ғой.
– Иә, бар.
– Кім еді ол?
Генералдың білмекке құмарлығына іштей таңырқай тұрып жа-
уап бердім:
– Политрук Бозжановтың аспаздық әуестігі бар. Біздің ұлт-
тық тағамдарымызды тәуір пісіреді.
– Дәм татайық... Олай болса, жолдас Момышұлы, ертең түске
қарай күтіңіз.
Телефон арқылы жүргізген кешкі әңгімеміз осылай өрбіді. Ге-
нерал бейне бір мейірман танысымен тіл қатысқан секілденеді:
«Көңіл-күйіңіз қалай, не істеп жатырсыз, түске қарай күтіңіз».
Кәнігі темекішілерге тән сәл қарлығыңқы даусында зәредей ба-
стықтық өктемдік жоқ.
Түн ішінде кенеттен оянып кеттім. Толстунов бірқалыппен
қорылдап жатыр, ал қалың ұйқыдағы Рахимовтың тыныстаға-
Волоколамск тас жолы
504
ны, тіпті естілмейді де. Терезе сыртындағы тіршілік мүлгіп тұр.
Ешбір соғыс дыбысы сезілмейді. Санамда бір мезет: «Үлгерген
екенсіз ғой?» деген сөз жаңғырықты. Осыны генерал неге айтты
екен? Нені меңзеді?
2
Ертеңіне Панфилов түскі ас мезгілінен біршама ертерек кел-
ген.
Бөлмемде жұмыс істеп отырып, терезеден шарбақ түбіне
тоқтаған ат-шананы көрдім. Басында құлақшыны бар, үстіне ете-
гі тізеден келетін тон киген Панфилов қылау ұшқындаған сіреу
қарға ырғып түсті. Мен де гимнастеркамды жалма-жан түзеп,
кіре беріске қарай атып шықтым.
– Жолдас генерал! Дивизия командирі резервіндегі Талғар
полкінің бірінші батальоны қазір...
– Жүріңіз, жүріңіз... Жаз мезгілі емес. Суық тиеді.
Албарға кірген соң ол жалыны бет шарпитын орыс пешінің
қасында аспаздық құпиялары іске асырылып жатқан бөлменің
есігін ашты. Дәл осы сәтте ескілеу алжапқыш тағып алып, қарт
аспаз Вахитовты алмастырған Бозжанов пеш ішінен айыр көсе-
умен буы бұрқыраған қазанды шығарып тұр екен. Бозжанов де-
малыс тұсында домаланып семіріп үлгерген еді. Оттың алауынан
дөңгелек жүзі жылт-жылт етеді. Бұрылып, артқа қайырылған ол
бір мезет сасқалақтап, көсеуді тастай салып, алжапқышын жұлып
алды да, генералдың алдында қалшиып тұра қалды.
– Амансыз ба, жолдас Бозжанов, – деді генерал. – Пісірген
асыңызды сынап көрейік. Өзіңіз де бізбен бірге түстеніңіз.
Панфилов қазан қақпағы астынан көтерілген буға қарап тұрып,
дәмнің иісіне мұрын тосты.
– Жаман емес сияқты... Көп қылып даярладыңыз ба?
– Көп, жолдас генерал. Жетіп-артылады, – деп күле жауап
берді Бозжанов. – Бірақ әбден піскенше әлі бір сағаттай керек.
– Екі сағат пісірсеңіз де мейліңіз, – деді Панфилов. Одан соң
қалта сағатын алып, саусағымен онысының дөңбек әйнегін ая-
лай сипады. – Жолдас Момышұлы, бұл уақытты рота командир-
лерімен пікірлесуге арнайық. Қарсылық жоқ па?
– Құп болады. Қазір шақыртайын.
505
Панфилов түстенуге келді
Рахимовты іздемек болып кері бұрылғанымша, еппен ғана
жайлап басатын батальон бастығы бөлмеде екен, қасыма келіп
те үлгеріпті.
– Рахимов, роталарға қоңырау шал. Командирлерді шақыр.
– Жоқ, былай болсын, – деді Панфилов. – Жолдас Рахимов,
менің шанамды алыңыз. Командирлерді осында сонымен жет-
кізіңіз.
Рахимов жеңіл басып шығып кетті.
– Ал әзірше, жолдас Момышұлы, сіз екеуміз іспен айналы-
сайық. Жұмыс үстеліңіз қай жерде?
3
Генералды бөлмеге алып кірдім. Ол шешініп, алдында тоны-
ның сыртынан ілген далалық сөмкесінің бауын енді су жаңа ки-
телінің иығына асып, үстелге тақалды. Онда менің түрлі қағазда-
рым – ұрыстар тарихы жазылған дәптер, батальон құрған шептер
мен жорықтарымыздың белгісіндей әбден умаждалған ескі кар-
та, әскери устав жатыр еді. Панфилов менің осынау «қағаз шару-
ашылығымды» сырттай тамашалап тұрды. Ұсақ әжім шырмаған
қоңырқай саусақтары қызыл түсті устав кітапшасына қарай со-
зылған; Панфилов оны қолына алып, ашсам ба, ашпасам ба де-
гендей сәл ұстады да, орнына қайта қойды. Бұдан соң «Казбек»
папиросының қорабын ашып маған темекі ұсынды, тонының қал-
тасынан алған оттығының шақпағын бірнеше мәрте айналдырға-
нымен білтесі тұтанбады. Мен дереу сіріңке жағып, темекісіне
тоса қойдым. Шылым түтінін бұрқ еткізген Панфилов оттығын
қапалы кейіппен бір айналдырып, қалтасына қайта салды.
– Отырыңыз, жолдас Момышұлы. Менімен қатарласа жайға-
сыңыз.
Сөмкесінен өз картасын шығарған. Дивизия майданынның
көрінісі, Волоколамск түбіндегі қорғаныс тізбегіміз қайтадан
көз алдымда жатты. Бұдан екі жеті бұрын немістер басып алған
қала көшелерінің бір бөлігі карта кесіндісінің сыртында қалған.
Шағын деревнялар, станциялық поселкелер, жол бойында шо-
шайған күркелер, қоңыр бояумен таңбаланған жоталар, орман
арасындағы көкшалғын алаңқайлар, селолардың әр жерінен ғана
қиыршық тас төселген бұралаң жолдары, батпақтар мен аңғарлар,
өзендер мен көпірлер, ақыр аяғында Мәскеуге қарай тіке тарта-
Волоколамск тас жолы
506
тын Волоколамск тас жолының жіңішке сілемі бейнеленген – дәл
осында бізді кескілескен ұрыстар күтіп тұр еді. Біздің қорғаныс
шебімізді көрсететін тікенекті қызыл сызықтардың арасы үнемі
түйісе бермейді – жолсыз жердің ана тұс-мына тұсында үзіліп
қалып отырады. Бұл қуыстардың нысанаға алулы екенін білетін-
мін, артиллерияның атыс позицияларын көргенмін; Москва үшін
шайқастың дәл бұрынғыша жолға бола жүргізілетінін де білемін,
сонда да картаға қараған бойда осыдан он шақты күн бұрын ге-
нералдың өзімді алғаш дивизияның жаңа қорғаныс тәсілімен та-
ныстырған сәтіндегідей бойым түршікті. Алғы шептің сыртында,
түкпірде артиллерия позициясы мен дивизия штабы күзетінен
бөлек менің батальонымның Рождествено шетіндегі окоптары
ғана белгіленіпті.
Картаға үңіле қарап тұрып қазір Панфилов екеуміз отырған
деревнядан майдан шебіне қарай қара қарындашпен әртүрлі
бағытта жүргізілген бірнеше үзік-үзік сызықты көрдім.
– Мұнда, жолдас Момышұлы, сіздің міндетіңіз белгіленген.
Панфилов жан-жаққа тарамдалған осынау желінің үстінен
көлденеңдете саусағын жүгіртті.
– Сіздің батальоныңыз менің жалғыз резервім. Жаудың қай
тұстан соғатыны белгісіз. Әрбір қуысты бекітуге даяр тұруымыз
керек. Міне, сізге бес бағыт. Бес меже. Осыларды өз картаңызға
түсіріп алыңыз.
Мен әзірге шайқастарда қолданылмаған су жаңа карта парағын
жайдым. Панфилов қарындашымды алып, барлық бағыттың
соңғы пункттерін сызды. Бұған қоса істің қалай-қалай аунақшып
түсуі мүмкіндігін, жаудың қай бүйірден соғуы ықтималдығын
тәптіштеп түсіндірген. Бұ кезде әдеттегі әзілқойлығын доғарып,
өте байсалды кейіпке көшті.
– Осы бағыттардың бәрін мейлінше зерттеп алғаныңыз жөн.
Міндетіңізді әбден ойластырып, пысықтаңыз. Түсіндіңіз бе?
– Түсіндім, жолдас генерал.
– Көкейіңізде түйткіл бар ма? Онда өзіңізді жаудың орнына
қойып ойланып-толғаныңыз.
Немістің әскер басшының роліне еніп, ең оңай әскери айла-
ның бірін қолдана салуға қиналғам жоқ. Жасырын түрде негізгі
күшімді жұмылдырып алып қосалқы соққы жасадым, бұған да
507
Панфилов түстенуге келді
қоса жақын тұстан және бір алдамшы соққы беріп, сол бағытта
Панфиловтың резервін бірталай әуреледім де, осыдан кейін ғана
барлық тобыммен бұл кезде мүлдем ашық қалған Волоколамск
тас жолының Москваға апаратын сілеміне қарай тосыннан лап
қойдым.
Панфилов сөзіме ден қойып, бас изеп отыр. Тәрізі, бұл мүм-
кіндіктерді ойша талай таразылап үлгерген секілді.
– Иә, иә, – деді ол. – Тосыннан? Жасырын түрде? Е-е, жол-
дас... кешірерсіз... қолбасшы мырза. Бөгде ешкімнің көзі түспей-
тін орман ішіне шоғырлануға бұйрық берсеңізші. Осыған дайын-
сыз ба өзіңіз? Қысқы киіміңіз бар ма? Өз әскеріңізді уәде етілген
қауырт соғыс, жазғы әскери серуен жағдайынан, алапат аяздарда
жылы үйдегі пеш түбіне жайғастыру сияқты игіліктің бәрінен
құр қалдыруға әзірсіз бе? Мұндай қадамға ойланбай-ақ барасыз
ба?
Неміс қолбасшысы ретінде шынымды айтуға мәжбүр болдым:
– Жоқ, ондай қадамға бара алмаймын.
– Оқасы жоқ, – деп мысқылдады Панфилов, – дұшпан мырза,
– мұндай ахуалға көндігетін кезіңіз де келеді... Соғысты, жолдас
Момышұлы, барлық шындығымен қабылдауымыз керек. Жау-
дың бүкіл болмысын тани білейік. Біздің қарсыласымыз – азғын-
даған, нағыз қарақшы армия. Бұлар қолайлы жағдайда соғысып
әдеттенген. Жаулаған жерін тонап, үйді-үйіне сәлем-сауқат жө-
нелтіп дағдыланған... Әрине, алдағы уақытта бұларға өзгеше
соғысқа тұмсық қанатуға тура келер. Ал әзірге... Басқарыңыз,
басқарыңыз. Мені алдап соғыңыз.
Мен тағы да дұшпан орнына әрекет жасауға кірістім, Панфи-
лов қимылымды екшеп отыр.
Міне, енді ол терезеге қарап, әлдененге құлақ түре қалды. Со-
нау алыстағы түкпірден арагідік зеңбірек үні жететіндей.
– Естисіз бе? Неміс өз артиллериясын атып көруді баста-
ды... Түнде тұтқиылдан әскер тасталады дейсіз бе? Ал жаңа атыс
машығын қайтесіз? Егер жіті ден қоя алсақ сырларыңыз қол-
ма-қол ашылады.
Майдан жақтан тағы да зеңбірек даусы естілді.
– Егер жіті ден қоя алсақ, – деп қайталады Панфилов.
Енді ол маған жалт қарап, көзіме үңілді.
Волоколамск тас жолы
508
– Шыныңызды айтыңызшы, көкейіңізде «ал Волоколамскіні
қайтпексіз?» деген сауал тұр ғой, ә?
Ойымның үстінен дөп түскен еді. Мен, расында да, Волоко-
ламскіден айырылғанымызға бола уайымдайтынымды мойын-
дадым. Онда Панфиловтың резерві – менің батальоным өзге
бағытқа алаңдатылып, немістің негізгі соққысынан тысқары
қалған-ды.
– Жағдай неліктен солай болды, жолдас Момышұлы? Сіздің
генералыңызды сазға отырғызып кеткені қалай?
Маған еміне қарап, жауабымды ынтыға күткенін байқаймын.
– Майдан шебі бұзылды ғой, жолдас генерал.
– Иә, майдан шебі бұзылды. Сіз екеуміз оның жайын талқы-
лағанбыз. Линиялық «сиқырға», ескі линиялық тактикаға тәуел-
ді болып қалыппыз. Осыдан үзілді-кесілді бас тарту керек. Мен
ғана емес, сіз де сөйтіңіз, жолдас Момышұлы. Түсіндіңіз бе мені?
Ол қайтадан картаға қарады. Қолы солдаттарша тықырлап
алынған бурыл шашына қарай созылып барып, желкесін қасыды.
– Әрине, түрлі жағдайлар ұшыраса береді. Сіздің бір ғана ба-
тальоныңыз, жолдас Момышұлы, менің бес батальонымды алма-
стырып отыр. Ал уставтан мұндай жәйтті таба алмайтынымыз
анық.
Устав жазылған қызыл кітапшаны қайтадан ұстап, парақтап
көрді.
– Таба алмаймыз, жолдас Момышұлы. Соғыстың шынайы
кескіні уставта жазылмаған. Әйткенмен... Е-е, қандай тамаша ай-
тылған!
Панфилов қарындашпен бірнеше жолдың астын екі ұзын сы-
зықпен белгіледі де, дауыстап оқыды:
– «Жаудың көзін жоюға ұмтылғанымен, мақсатына жете ал-
маған адамды емес, жауапкершіліктен қорқып, әрекет етпей, ең
шешуші сәтте барлық күш-құралды жеңіске жету жолына жұмса-
маған адамды жазғыру керек».
Сәл ойланып, сөзін жалғастырды:
– Немістер біздің шегіне жүріп ұрыс салу тәжірибемізді, біз
жасап машықтанған айла-тәсілдерді қолдана бастайтын күн де
туады. Ал мынаны... – әлгі жазбаның астын тағы бір сызды, –
мынаны гитлерлік машина ешқашан да үйрене алмайды. Бұлар
509
Панфилов түстенуге келді
берілген бұйрықты ғана бұлжытпай орындауға дағдыланған. Өз
ынта-жігерімен әрекет жасаудың орнына тырп етпей жатуды жөн
көреді. Ал біз...
Сырттан ат тұяғының дүбірі естілді. Тәрізі, генералдың ша-
насы оралған секілді. Панфилов терезеге бір қарап қойып, ойын
сабақтады:
– ...біз бастама көтеру дәстүрімен өсіп-өнгенбіз. Біз үшін
ынта-жігер дегеніңіз... – ол лайықты сөз іздеп саусақтарының
ұшымен ауаны шыр айналдырды, – бұл... Енді, менің не айт-
пағымды өзіңіз-ақ түсініп тұрсыз!
4
Бөлмеге кірген Рахимов рота командирлерінің келгенін мәлім-
деді.
– Жақсы. Осында шақырыңыз бәрін. – Панфилов орнынан
тұрып, жан-жағына қарады. – Ал орындық барлығыңызға жете
ме, жолдас Рахимов?
Өзінің картасын асықпай бүктеген генерал оны далалық сөм-
кесіне салды. Үстел үстінде Панфиловтың белгілері түсіп үлгер-
ген маған тиесілі парақ қана жатыр.
Бірінен кейін бірі табалдырықтан аттап кіріп келген үш лей-
тенант генералдың алдында сымдай тартылып тұра қалысты. Тез
сөйлейтін Брудный дабыр-дұбыр етті:
– Жолдас генерал, сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр-
мын. Рота командирі лейтенант Брудный...
Шәпеті ғана келген қап-қара Брудный, әсілі, өзін өзгелер-
ден еркінірек сезінетін сияқты. Анық, бірақ гүр-гүр еткен қар-
лығыңқы дауыспен Заев та өз жөнін атады. Шықшыты шығыңқы,
төртбұрыштылау болып біткен иегі сопақша; әдемілеп қырынып-
ты, жирендеу шашын да тықырлатып алдырып тастаған екен.
Бұрын салдыр-салақтау жүре беретін Заевтың су жаңа, аппақ
жағалығының жиегі жұтқыншағы шодырайған тарамыс мойнын
қынап тұр. Келгенін мәлімдеп болған ол ернін жымыра қойды.
Түнерген биік қабақ астындағы шүңірек көздері генералға қада-
лып алған. Ендігі кезек Филимоновтікі еді. Кәнігі офицер иықта-
рын жазып, кеудесін кере ұстап, уставтық сөзді тақ-тұқ еткізді.
Тек біршама булыққандықтан мығым мойнының күре тамыры
білеуленіп шыға келді.
Волоколамск тас жолы
510
Рахимов бұл аралықта жетпеген орындықтарды әкеліп үлгер-
ген.
– Барлықтарыңызды да танимын, жолдастар, – деді генерал.
– Сіздер де мені білесіздер. Кәне, тізе бүгіп шылым шегейік.
Ол «Казбек» папиросының қорабын ашты. Мен лезде сірің-
ке тұтатып, генералға ұсындым. Бәрі де темекі тартуға кіріскен.
Алайда аңғарғанымдай, арадағы ыңғайсыздық сейіле қойған
жоқ. Панфилов кителінің қалтасынан оттығын шығарды.
– Алматыдан мынадай сыйлық жетіп еді. Бірақ лып етіп
тұтана қоймайды... Тастай салуға обал. Көріп жіберіңізші, Заев.
Естуімше, сіз қару шебері көрінесіз.
Заев никель жалатқан жып-жылтыр бұйымды ала салып
қатқыл бармағымен титтей болат тегершігін айналдырғанында
аппақ ұшқын шашырады, бірақ от жана қоймады. Заев кедір-бұ-
дыр тетікшені және басып көрді – дәнеңе шығар емес. – Негізі,
мен политрук Бозжановпен бірлесе жұмыс істеп дағдыланған
едім, – деп күңк етті ол.
Панфилов оның сөзіне бірден үн қосқан:
– Айтпақшы, Бозжанов қайда? Сіз оны, жолдас Момышұлы,
штабқа алып едіңіз ғой?
– Иә, маған жәрдемдесіп жүр, – дедім мен.
– Бірақ асханада ғана емес шығар.
Генералдың әзілі күлкі шақырды. Мен айқай салдым:
– Бозжанов! Генералға кел!
Панфилов маған қарады:
– Сонша қаһарланғаныңыз не? Байғұс жігіттің зәресі ұшып
кетті ғой.
Ол осы әзілімен де арадағы қолайсыздықты ыдырата түскен.
Жүгіре жеткен Бозжанов, екі қолын жанына түсіріп, қалт тұра
қалды. Мен оның сәл шалқайған басына, қап-қара бұйра шашы-
на, тығыншықтай денесіне қарадым. Өткен жорықтардың бірін-
дегідей ойыма қайтадан «Сұр жебе!» деген теңеу оралды.
– Жолдас Бозжанов, – деді генерал, – мына жерге сіздің де
шұғыл жәрдеміңіз керек болып қалған сияқты.
Ол иегін көтеріп, жалпақ, сіңірлі алақанынмен оттықты қыса
ұстаған Заевты нұсқады.
– Қалай, жолдас Заев, болатын емес пе?
511
Панфилов түстенуге келді
– Кәне, маған берші, Семен, – деді Бозжанов.
– Тұра тұр.
Заев тағы да бірталай уақыт оттықты аялай ұстап тұрды. Бұ-
дан соң ешбір күштемей, саусағының жеңіл қимылымен тетікті
тағы басты. Білте кенеттен лап етіп тұтанды.
– Істің жайы оңай екен, жолдас генерал. Бензині аздап ауы-
рлау. Толық тазаланбаған. Ұшпалылығы жетісіңкіремейді.
Алақанда ұстап, біраз жылыту керек.
Заевтың көзі енді дөңес қабағының астынан жарқырай көрін-
гендей. Өз ісіне қанағаттана жымиғаны қолапайсыздау кескінін
шырайландыра түскендей.
– Барлық кілтипан сонда ғана ма? – деді Панфилов ризалық
кейіппен.
Енді ол шақпақты өзі тұтатты. Одан лап еткен отты үрлеп
өшіріп және жаққан.
– Ә, біраз әжетке жарайтын болды, – деді ол қуанышты жүз-
бен. – Рахмет, ұлым. – Сөйтті де, оттықты бір айналдырып көрді.
– Демек, қолға ұстап, аздап жылытып алу керек екен ғой. Қызық,
өте қызық...
5
Панфилов жауынгерлердің киім-кешегі мәселесін, ас-ауқат са-
пасын, моншамен қамтамасыз етілуі жайын сұрастыра бастады.
Командирлер бәріне емін-еркін жауап берді.
– Енді жолдастар, – деді Панфилов, – картаға қарай жақын-
даңыздар. Алда тұрған жағдайларды талқылап алайық... Көрдіңіз-
дер ме, мынау дивизияның майдан шебі...
Ол қара қарындашымен бірнеше сызық түсіріп, полктердің
орналасу схемасын белгіледі. Сөйтті де, әлгінде ғана маған ай-
тқан ойларын ортаға сала бастады:
– Дұшпан жаңа шабуылға әзірленіп жатыр. Әлдебір тұстан тас
жолға шығу мақсатында негізгі соққысын жасайды. – Панфилов
қарындаштың доғал жағын Москва бағытына қарай тартылған
жіңішке жолақ бойымен жүргізді. – Менде екінші қорғаныс эше-
лоны жоқ. Менің екінші эшелоным сіздерсіздер, жолдастар. Сіз-
дердің міндеттеріңізге не кіреді? Немістердің жолын бөгеп, ше-
гінген бөлімдер жаңа шепке бекінгенше ұстап тұру.
Волоколамск тас жолы
512
Генерал назарын тағы да картаға аударды, қарындаш-көрсет-
кіші қайтадан белгілер үстінде жүгірді.
– Міне, мынау тас даңғылға апаратын жолдар. Қорғаусыз
қуыс пайда болған бетте сіздерді жөнелтемін. Кетіктің нақты қай
тұстан кездесетіні беймәлім. Әйтеуір, мына бес бағыттың бірі.
Сол себепті сіздер үшін мұнда бес меже белгіледім.
Ол маған баяндаған жәйттерді қайтадан айтты, бірақ міндет
мәнін мейлінше ашып, істі әр қырынан тәптіштей түсіндірді.
Осының бәрін ойланып-толғанып, әбден таразылап, жан-жүрегі-
нен өткізген ол енді осынау ұрыс идеясын командирлерге тікелей
өзі жеткізуді діттеген еді.
– Сіздер ойды түсіндіңіздер ме? – деп сұрады ол әдетінше.
Жиналғандарға шола қарап, сөзін мұқият тыңдап, көңілдеріне
тоқығанын өзі де аңдаған секілді.
– Ендеше, жолдастар, бірінші маршрутты талқылайық.
Алғашқы маршрут дивизияның оң қанатына, Авдотьино село-
сына апаратын еді.
– Жолдас Филимонов, сіз батальонды басқарасыз.
Филимонов түрегелді.
– Сізге көрсетілген майдан шебі: Авдотьино селосы, көпір,
жота. Кірісіңіз, роталарды орналастырыңыз.
– Құп болады! – деп саңқ етті Филимонов.
Әдемілеп тараған ақсары кекіл астындағы маңдайында екі-үш
терең әжім пайда болды. Ол алдыңғы лектегі жортуыл застава-
сын лайықты жасақтап, батальон колоннасын түзіп, роталарды
қорғаныс ауданына алып келді. Сөйтті де, кібіртіктеп, бөгеліп
қалды.
– Орналастырыңыз, орналастырыңыз.
– Жағалай қорғанысты ма? – деп сұрады сенімсіздеу түрмен
Филимонов.
– Иә, айнала төңірегіңізді қымтап алғаныңыз жөн. Менің сіз-
ге беретін көмегім жоқ.
Филимонов генерал нұсқаған барлық аумақты жағалата қорға-
ныс сызығын жүргізді. Панфилов түзету жасап, бекіну кезінде
окоптар тізбегіне емес, тірек пункттеріне, қарсыласу торапта-
рына сүйену қажеттігін түсіндірді. Осындай бекініс жаудың тас
жолға шығуына мүмкіндік бермейді.
513
Панфилов түстенуге келді
– Жолдас Брудный, енді сіз жайғастырыңыз.
Брудный генералдың ойын бірден қағып алды. Ол роталар-
ды ең ыңғайлы пункттерге орналастырып, жер жағдайын тиімді
қолданды. Роталар өзара бір жарым-екі километр қашықтықта
бекінді.
Панфилов мұны мақұлдап, роталар арасындағы алшақтықтың
қорқынышты еместігін, неміс автоколонналары жолсыз қуыстан
өтіп кете алмайтынын тағы бір мәрте ұқтырған.
– Жау негізгі соққы бағытын енді ауыстыра алмайды. Сізге
тап болғанда қорғаныстың екінші кезеңіне ұрынғандай күйге
түседі. Қайта шегіну немесе орағыта өту – қиынға соғар. Киме-
лей ұмтылып, маңдайын тасқа ұруына тура келер... Ал жолдас
Заев, батальонның командалық пунктін сіз қайда орналастыра-
сыз?
Сәл ойланған Заев:
– Селоға, – деп жауап берді.
– Неліктен селоға? Жотаға неге бекінбейсіз? Сол жер қа-
уіпсіздеу емес пе. Ал село дұшпан шабуылының негізгі нысана-
сына айналмай ма.
– Өйткені, штабтың да орны сонда.
– Дұрыс. Өте дұрыс, ұлым.
Заев елеусіз ғана айтылғандай осынау «ұлым» деген лебізді
бүгін екінші рет естіді. Білетініміздей, Панфиловтың өзі де штаб
орнын ылғи майдан шебіне таяу, ұрыстың ең ұрымтал пунктіне
жақын жерден таңдап, осы арқылы өз әскерінің табандылығын
күшейтетін еді.
– Ал батальонды басқару жағы ше? Өзге роталарды қалай
басқарасыз, жолдас Заев?
– Телефон арқылы.
– Бірақ телефон байланысын бұзып тастайды ғой.
– Онда шабармандарға сүйенеміз.
– Араға жау араласып кетеді. Мұнда, – деп Панфилов карта-
ны саусағымен нұсқады, – немістер қаптап жүреді. Ал-л, қайтіп
басқарамыз?
Заев үндемеді.
– Кім жауап берер екен?
Волоколамск тас жолы
514
Ешкім селт етпеді. Генерал маған қарап еді, мен де қина-
лыңқырадым. Батальонда радио құралдары жоқ. Расында, қалай
басқарса болады?
6
Генерал отырғандардың жүзіне және бір шола қараған. Рахи-
мов қолы жыпылдап, бір парақ қатты қағазға әлдененің кескінін
түсіруге кірісіпті.
– Жолдас Рахимов, не сурет салып отырсыз? Отыра беріңіз,
отыра беріңіз.
– Схема, жолдас генерал. Мына бес бағыттың сызбанұсқасы.
– Көрсетіңізші.
– Әзірге, жолдас генерал, нобайы ғана.
Панфилов парақты қолына алып, мақұлдағанын байқатып, бас
изеп, жымиды.
– Жұмысты шапшаң атқарады екенсіз. Ғайыптың құдіретімен
дегендей. – Ол кескіндемеге тағы қарады. – Ал неліктен бес
бағыт, жолдас Рахимов?
Панфилов өз ойының ұғынықтылығын, жұрттың оны қалай
сіңіргенін қайта-қайта тексеріп көруге ынтыққан еді. Рахимов
жауабын айтты:
– Әйтеуір бір тұстан бұзып өткен жау мына жолдардың бірі-
не шығатыны анық, ендеше, сол жолды бекітуіміз қажет.
– Дұрыс.
Панфилов риза еді. Күлімсіреген сәтінде сығырайған көзінің
айналасындағы ұсақ әжімдері айқындала түсті.
– Сонымен, жолдастар, ешбір байланыс болмаса роталарды
қалай басқарамыз? – Ол біраз бөгелді. – Ал басқару, қалай да бо-
лады. Оның мәнісі не екенін білесіздер ме? Өз міндетіңді мейлін-
ше айқын және дәл түсіну. Егер міндет айқын болса, онда...
Генерал осынау ойды командирлер арасынан әлдекімнің іліп
алып жалғастыруын күткендей тағы да аялдады.
– Борыш та айқын! – деді нық сеніммен Филимонов.
Бұрын да байқағанымдай, Панфилов әдетте мұндай асқақ сөз-
дерді қолдана қоймайтын. Алайда бұл жолы бас тартқан жоқ:
– Несі бар, шынында, осы сөз дөп келетін секілді... Атқаратын
ісің өзіңе түсінікті болған кезде басқару дегеннің мәні де осыған
саяды. Егер міндет өздеріңізге айқын болса, онда жеке-дара топ-
515
Панфилов түстенуге келді
тарыңызбен ешбір телефонсыз-ақ, ешбір шабармансыз-ақ шай-
қаса беруге болады – ұрыс осылайша-ақ басқарылады... Менің
ойымды ұқтыңыздар ма, жолдастар?
Сабақты жалғастырған Панфилов: жолды бөгеу, жауға, оның
мотоколонналарына тас жолға шығуына мүмкіндік бермеу мін-
детіне қайта-қайта оралып соғып, пулеметтерді қалай қолдана-
мыз, зеңбіректерді қайда тұрғызамыз деген жаңа бір сұрақтарды
алға тартты. Менен:
– Танкілерді қирату командасын құрдыңыз ба? – деп сұраған.
– Жоқ, жолдас генерал.
– Ім-м... Құрған жөн болар еді ғой. Бұл міндетті өз мойнына
кім ала алады?
– Мен! – деді Заев бірден.
– Мен! – деп Брудный саңқ етті.
– Мен! – деді сергек кейіппен жайдарылана жымиған Бозжа-
нов.
– Мен! – деді өктем үнмен Филимонов нығыздай сөйлеп.
Төртеуі әр түрлі мәнермен «мен» деген сөзді қайталады – да-
уыстары да әрқалай – және осылардың бәрі де шүбәсіз сенім ар-
туға лайықты адамдар еді. Мен бір мезет бұларға сүйсіне қара-
дым.
– Жоқ, жолдастар, мен сіздерді жібере алмаймын, – деді
Панфилов. – Ротаны басқару да оңай іс емес. Қиындығы танкіге
граната лақтырудан кем түспейді. Сіз де, жолдас Бозжанов, бата-
льон командиріне керексіз. Мен әлі де болса ойланамын. Және,
бәлкім, кейбір жақтан жәрдемім де тиер. Ал сіздер, жолдастар,
жұртты танкілермен күреске даярлап, жаттықтырыңыздар.
Ол тағы да бәрімізге папирос ұсынып, оттығын шығарды да,
онысын бір минуттей алақанына қысып ұстап тұрды. Одан бар-
мағын бір қимылдатқанда білте лап етіп от алған. Панфилов жы-
миып, барлығымыздың шылымымызды тұтатып берді.
– Неге бұлай? – деп сұрады ол кенеттен. – Ауыр жәйттерді сөз
қылып отырмыз... – Панфилов қарындашпен өзіміздің ертең-бүр-
сігүнгі ықтимал жағалай қорғанысымыз – үш тұйық қоршау таң-
баланған картаға қарады. – Әңгімеміз ауыр ахуал жөнінде. Ал
көкейде ешбір зіл жоқ. Неге?
Волоколамск тас жолы
516
Өзіміздің еңкіштеу, қораштау көрінетін генералымызға үн қа-
туға да, сөзін бөлуге де ешкім бата алмады.
– Өйткені, мен сіздерге сенемін, жолдастар. Әрқайсыңызға...
Ал сіздер маған сенесіздер. Мұндайда өлімнің өзі аса қорқы-
нышты емес сияқты... әлбетте, өмір сүру тіптен ғажап!
Ол орнынан тұрып, бойын тіктеп, қиықша мұртын сипады. Ко-
мандирлер де түрегелген. Панфилов оларды босатып, әрбірінің
қолын қысып қоштасты.
Мен солармен бірге албарға шықтым.
– Көріпкел! – деді Заев құлақшынын баса киіп тұрып.
Маған оның Панфиловқа берген сипаттамасы мүлде сәйке-
спейтіндей көрінді. Бас шайқадым. Мұнымды Заев елең қыла
қойған жоқ.
– Көріпкел! – деп қайталады ол.
7
Генералдың шанасы командирлерді ала жөнелді.
– Жолдас генерал, енді түстенейік.
– Қуана келісемін. Көптен бері нағыз палауды татып көрмеп-
пін.
Біз үстелге жайғасып үлгергенімізше, бөлмеге сыртқы аяздан
Толстунов келіп кірді. Шинелінің киізі мен түкті шұға құлақшы-
нына қатқан қырау лезде ұсақ тамшыларға айналды. Аға поли-
трук қолының ұшын шекесіне апарып, генералға ізет көрсетті.
– Шешініңіз, жолдас Толстунов, – деді Панфилов. Сол бой-
да-ақ жөн сұраған: – Қайдан келесіз? Не бітірдіңіз?
– Колхозшылармен кездестім, жолдас генерал. Солармен
сөйлестім.
– Айтыңыз, айтыңыз... Не жайында әңгімелестіңіздер?
Толстунов колхозшылармен арада болған сөзді баяндауға
кіріскен.
Бозжанов тықыршып, жалына үн қатты:
– Жолдас генерал, палау суып қалатын болды ғой.
– Ә, автордың даусы ма... Кәне, шешініңіз жолдас Толстунов.
Өзіңіздің орныңыз қайсы? Жайғасыңыз.
Ақыры бәріміз отырдық. Бозжанов қолындағы құтыдан әр-
кімге орта стақаннан арақ құйды (о кезде күніне жүз грамнан
берілетін арақты наркомдық норма деп атайтын едік). Бәйек бо-
517
Панфилов түстенуге келді
лып, күлім қаққан аспаз Вахитов сәбізі де, ақ күріші де, ұсақ етіп
тураған майлы қой еті де бабымен пісіп, иісі мұрын жарған бір
табақ палауды ортаға тартты. Үстелге тәлеңке, шанышқы, қасық
қойылды. Толстунов қолына қасық алған:
– Жолдас генерал, алдыңызға салып беруге рұқсат етіңіз.
Панфилов оған сығырая қарады:
– Жолдас Толстунов, сіз Қазақ елінде ұзақ тұрып па едіңіз?
– Мен сонда туғанмын.
– Рас па?
Толстунов генералдың мысқылын аңдай қойды.
– Не болып қалды? Неге таңдандыңыз?
– Өйткені... Палауды бұлай жемейді ғой. Сіздерде қол жуа-
тын жер бар ма?
Әлбетте, су мен сабын, сүлгі дереу әкелінген.
– Ал, жолдас Толстунов, сіз де қол шайып алыңыз!
Түрулі жеңін түсірмеген Панфилов үстел басына қайта жайға-
сты да, табаққа қол салып, сығымдап алған бір уыс палауды асап
жіберді. Майланған ернін шылп еткізіп, тамсанды:
– Шіркін, дәмдісін-ай!.. Тура, тіл үйіреді!
Бозжанов оған аңтарыла, сүйсіне қарайды. Толстунов та сау-
сақ ұшымен шымшып жей бастады. Панфилов қайтадан қулана
жымиған:
– Ал өзгелерге, жолдас Толстунов, жөн көрсетпей-ақ қоялық.
«Өзгелер» осынау салтты ұстанатын моңғол типтес біз едік.
Әрине, біз де генералдың үлгісін ықыластана қайталап, дәмнен
баяғы ата-бабаларымызша, жуулы қолымызбен татуға кірістік.
Палаудан кейін алдымызға самауыр келді. Бәріміз қайтадан
қолымызды шайып, темекі тұтаттық. Панфилов менің жазбала-
рымды парақтай бастады.
– Небір алапат жағдайларды бастан өткердік, – деді ол. –
Тіпті, жолдас Момышұлы, сіздің ең осал деген солдатыңыздың
өзін ерге балауымыз керек! Солай емес пе?
Әдеттегі мәнері бойынша ол өз-өзімен кеңескендей ойын са-
бақтады:
– Иә, осындай жаужүрек ұрпақ өсіп-жетілген шақта өлудің
өзі ешбір үрейлі емес. Әйткенмен, әлі де ғұмыр кешіп, шайқасты
жалғастырып, немісті Мәскеу маңынан түре қуатынымыз анық.
Волоколамск тас жолы
518
Сол кезде, жолдастар, палауға тағы бір шақыруды ұмытпаңы-
здар.
Бір стақан шай ішкен соң Панфилов асығыстығын аңдатып,
орнынан тұрды. Алайда аттанарында тағы да іске оралған:
– Ертең ертерек, жолдас Момышұлы, бағыттарды зерттеуді
бастаңыз. Рота командирлері сол маршруттармен жүрсін. Ара-
лықты адымдап өлшесін. Бәлкім, тіпті взводтармен де жүріп
көрер.
Ол сәл ойланды.
– Жоқ, онда таңертең бармаңыз. Алдымен орын-орында
жиын жасаңыз. Жауынгерлерді дабыл арқылы көтеріңіз. Сарбаз-
дардың қару-жарағы, жабдықтарының түгелдігін байқаңыз. Біре-
уінің қайыс баулары үзілген, екіншісінің етігі жыртылған болуы
мүмкін. Осыны реттейтін кез жетті. Сіз қайтып оралғанша жұрт
өз-өзін тәртіпке келтіріп үлгерсін. Баулары бүтінделген, етіктері
жамаулы, оқ-дәрісі түгендеулі тұрсын. Бұдан соң тағы да дабыл
бойынша жинап, тексеруді қайта жүргізесіз...
Оның нұсқаулары қашан да көңілге қона кететін. Бүкіл ын-
та-ықыласымен әскери тұрмыс-тіршілігіміздің барлық ұсақ-түй-
егіне дейін етене кіріге қоятын. Ол менің «құп болады!» деген
сөзімді естіген соң тонын киіп, қоштасты.
Біз генералды шығарып салдық. Бозжанов заулай жөнелген
шананың соңынан көз алмай ұзақ қарады.
Таза қырынудың құпиясы
1
Үш-төрт күн бойы міндетімізді қаузадық. Барлық бес бағыт
бойымен взводтар жүріп, маршрутты солдат қадамымен санап
шықты. Ара-қашықтық мөлшері, жиналуға, жүріс пен қанат жай-
ып орналасуға кететін уақыт көрсетілген құжат жасалды.
Қарашаның кеш ататын ызғарлы тымық таңы қылаң бере осы
қағазды алып, Торытөбелмен дивизия штабына тарттым. Сіреу
қар қатқан қара жолдың ернеуі сықырлап, тоқылдаған ат тағасы
шалшық бетіндегі жұқа мұзды күтірлете шағып келеді.
519
Таза қырынудың құпиясы
Міне, Панфиловтың штабы орналасқан Шишкино деревнясы-
на да жеттім. Мұнда маған генералдың құжатты өз қолыма әкеліп
тапсырсын деген өкімін айтты. Панфилов тұратын үйге де келіп
кірдім.
Дағдыдағыдай ақ халат киген егделеу шаштараз-солдат диви-
зия командирінің сақал-мұртын алып жатыр екен.
– Кіріңіз, қазір босаймын. Тізе бүгіңіз, – деді Панфилов. –
Жолдас Зайченко, тездетсеңіз.
– Машинкамен шүйдеден төмен тұсты бастыруым керек...
Желке жақтан жасарта түсейін.
– Жо-жоқ, оны келесі жолға қалдырыңыз.
Шаштараз наразылықпен тамағын кенеді. Панфиловтың күн
қағып әбден тотыққан желке жағындағы қарасұр шашы, расында
да, үрпиіп өсіп кетіпті. Мұқият бастырылғанын осы таяуда ғана,
тыныштықтың алғашқы күндері көрген сияқты едім. Е-е, бұл ты-
ныс алуымыз басталғалы да екі аптадан аса уақыт өте шығып-
ты-ау.
Біркелкі ырғақпен ақырын тысырлаған ұстара жүзі генерал-
дың бетіндегі ақ көбікті сыпырып жатыр. Ауыз айналасындағы
терең қатпар да жалаңаштанды. Бұрқыраған сабыннан ақырын-
дап тік біткен жігерлі, мығым иек те аршылды. Тағы бір қимыл-
дан соң иектегі жұмсақ шұңқыр да көрінді.
– Бәрін қашан бір дұрыстап алдырар екенбіз, жолдас генерал,
– деп сұрады шаш алушы.
– Гвардиялық атаққа қай кезде еңбегіміз сіңеді, міне, сол кез-
де жасаруға кірісемін. Сонда өз қолыңызға біржола өтемін. Уәде
берейін.
Панфиловың мұнысы әзіл еді. Әлбетте, қалжыңының өзінен
адамның жан-жүрегі көрініп тұратыны мәлім. Таяуда Қызыл Ар-
мияның айрықша көзге түскен бірнеше дивизиясы гвардиялық
атақ алған-ды.
– Бірақ сіз де маған уәде етіңіз, – деді Панфилов, – ондай күн
туған күні сақал-мұртымды қыруды ұмытып кетпеңіз. Мейлі, ас-
пан айналып жерге түссін, ал сіз...
Генерал қулана жымиды. Маған бұ кісінің Волоколамскі-
ге баса-көктеп кірген немістердің дивизия штабына тақалған
сәтін әңгімелегені есіме түсті. «Сол сәттегі ахуалымыз, жолдас
Волоколамск тас жолы
520
Момышұлы, аздап... Штабтағы қызметкерлерді қалай да дүрлік-
тірмеу керек болып қалды. Қырынып алайын деп шаштаразды
шақырттым. Ал көшеде тарс-тұрс атыс... Шаштараз ұстарасы
мен сүйкеуішін тастай салып, безе қашты... Дегенмен оқасы жоқ,
сол жерде үш сағаттай шыдадық қой».
– Ал сіз, жолдас Зайченко, өз фамилияңызды ақтауға тиіссіз.
Шаштараз бұл сөзді көңіліне ауыр алып, состиып тұрып қал-
ды.
– Жолдас генерал, тағы да сіз... Енді менің фамилиямның
мағынасына дейін жеттіңіз бе...
– Жоқ, сіз мені түсінбедіңіз. Мен фамилияңызды ақтаңыз
дедім ғой. Рас, қоянның абырой-атағы аса мақтанарлықтай емес,
ал шын мәнінде...
Панфилов мойнынан байлаған жапқыш мата астынан қолын
шығарып, әлденені шеңгелдеп қармағандай, арықша саусақтары-
ның ұшын бүрістірді.
– Шын мәнінде, қоян – жүректі жаратылыс. Жолдас Мо-
мышұлы, сіздің төбеден төнген қыранның көзіне ор қоянның
тайсалмай қарайтынын естігеніңіз бар ма?
– Иә, қыр адамымыз ғой, естігенмін.
– Әне, көрдіңіз бе, жалған сөйлеп отырғам жоқ... Естуімше,
қоянға түскен бүркіт көктен тастай сорғалап құлдилайды. Ал
оның қимылын бағып тұрған бұл қыран құс қанжардай сілімін
сала берген сәтте бір жақ бүйіріне қарай бұлт етіп ыршып түсіп,
тұра безеді. Міне, сұр қоянның ерлігі қандай! Несіне ренжисіз?
Қырыну ісі аяқталды. Генералдың иіс су сепкен қараторы жүзі
мұнтаздай болып жылтырап шыға келді.
Шаштараз өз аспаптарын жинастыра бастаған. Панфилов ай-
наға қарап, саусағымен жып-жылмағай бетін сипап көрді.
– Мін жоқ. Тамаша. – Сөйтті де, маған бұрылды: – Сіз таза
қырынудың құпиясын білесіз бе, жолдас Момышұлы? Бұл тек
ұстараның қылпылдаған жүзіне ғана байланысты деп ойлайсыз
ба? Қане, шеберден сұрап көрейікші.
Шаштараз жөткірінді.
– Көбік жағуда көп мән бар.
521
Таза қырынудың құпиясы
– Мәселе сабындай білуде. Мұны маған бірінші соғыс кезін-
де-ақ қарт солдаттар үйреткен: сабынды көпіршітіп үсті-үстіне
жаға бер. Және тағы жақ.
– Ал Литвада, – деді шаштараз, – шебер көбікті әбден жағып
болған соң бетті саусағымен сылайды екен.
– Саусақпен сылайды дейсіз бе? – Панфилов жадырай күлді.
– Естіп тұрсыз ба, жолдас Момышұлы? Ә?
Ол қайтадан иегін саусақ сыртымен қақты да, кителінің жаға-
сын түймелеп, орнынан тұрды. Мен де түрегелдім.
– Бір сөзбен айтқанда, жеңіс қырынуға дейін шыңдалады...
– Генерал көзін сығырайтты. – Алғашқы ұстара жүзі тигенше...
Түсінесіз бе?
Әлбетте, түсіндім: ол не туралы сөйлесе де, ой-ниеті алдыда
тұрған шайқасқа айналып соға беріп еді. Үздіксіз толғану, іштей
жанын жеп, ұрыс идеясын пісіру: Панфиловтың жай-күйін осы-
лай бейнелеуге болар.
Ол шаштаразға бұрылды:
– Сонымен уәде бересіз ғой? Жарайды, қол алысайық! Рах-
мет! Барыңыз.
2
Екеуміз ғана қалдық. Панфилов үсті-басыма шола қарайды.
– Киіміңізді жаңалағансыз ба?
Мен, расында да, жеңі сәл бүрмеліп, қос бүйірі қыналған жаңа
телегрейкемен келгенмін. Белдік таққанда жіптіктей болып тұра-
тын бұл сырмалы бешпет, әрине, қолпылдақтау мақта күпәйкеге
қарағанда әлдеқайда қонымды.
– Байқайсыз ба, – деп сөзін жалғастырды Панфилов, – кейінгі
кезде біздің командирлер сәндене бастады. Жақсылықтың ныша-
ны. Кәне, хатыңызды әкелдіңіз бе?
Мен генералға құжатты ұстаттым. Панфилов қағазды ашып,
ұзақ шұқшиды.
Үстел үстінде аузы ашылған бір қорап папирос жатыр. Гене-
ралдың қолы солай қарай созылып, бір тал темекі алды да, сау-
сағымен уқалап жұмсартты, одан селт етіп, қорапты маған ұсын-
ды:
– Тартыңыз, жолдас Момышұлы.
Волоколамск тас жолы
522
Кителінің қалтасынан никель жалатқан жалтырақ оттығын
шығарған.
– Бензині сапалы, – деді ол, – бірақ бәрібір кейде қырсығып
қалатыны бар. Бабы қиындау нәрсе.
Оттықты бір сәт жұмулы қолына қысып отырды. Схема-
ны оқуын жалғастыра берген. Бір кезде шақпағын сырт еткізіп
тұтатты. Екеулеп түтіндете бастадық.
– Түптегі пункттерге барлау жасадыңыздар ма?
– Жасадық, жолдас генерал.
– Бұл істі кім атқарды?
– Рота командирлері. Ал төртінші және бесінші бағытқа өзім
де бардым.
Генерал тағы бірнеше сұрақ қойып, соңынан жайлап арқамнан
қақты. Тәрізі, құжат көңілінен шыққан сияқты. Тегінде, мейлін-
ше риза болды десе артық емес. Егер қарауыңдағы адам діттеген
ойыңды қағып алып, өзің күткен межеден шығып, қалауыңды
бұлжытпай орындап жатса, әрине, бұл үлкен қуаныш.
– Құжатты штабқа апаруға рұқсат етіңіз, – дедім мен.
– Жоқ, басқаша жасайық. – Далалық телефонды алған Пан-
филов дивизия штабының оперативті бөлімін шақырып, біреуге:
«Маған келіп кетіңіз. Сіздерге батальонда құжаттарды қалай жа-
сайтынын көрсетейін» – деді.
Бұл – генералдың бізді мақтағаны еді. Бұдан кейін:
– Сіздерде танкі талқандаушылар командасы жасақталды ма?
– деп сұраған.
Есіңізде болса, ол осыны бірінші мәрте сұрап отырған жоқ-ты.
– Иә. Взвод бөлдік.
– Взвод дейсіз бе? Тұтастай ма? Демек, сіз адамдарды іріктеп
алмаған болдыңыз ғой?
– Взводта, жолдас генерал, жұрт өзара үйреніскен. Бір-біріне
сенеді.
– Мұныңыз, бәлкім, дұрыс та болар... Командирі кім?
– Лейтенант Шакоев.
– Дағыстандық па? Мотоциклші? Әлгі қайсар жігіт қой?
Қысқа ғана «иә» дедім. Соғысқа дейін Алматыда денешы-
нықтыру институтының оқытушысы бола жүріп, Шакоев, шы-
523
Таза қырынудың құпиясы
нында да, ат бәйгесі мен мотоциклет жарыстарында біршама та-
нымалдыққа жеткен еді.
– Бәлкім, сәйкесіп қалар, – деді генерал. – Әскери адамның
аздап шалт мінезділеу болғаны да жақсы. – Иә, дәл келеді. Оған
танкі жойғыштарының мықты отрядын құрған бір командирді
көмекке жіберемін. – Панфилов ойланды. – Тек бір-ақ күнге ба-
рады. Менің сол өкілімді күтіп алыңыз, жолдас Момышұлы.
– Құп болады.
– Тағы бір айтатын жәйт, – деді генерал. – Ертең сіздерге қо-
сымша күш жіберіледі. Шағын ғана. Елудей жауынгер. Кілең ба-
лауса жастар. – Панфилов құлағының түбін қасыды. – Олармен
жұмыс істеп үлгере алмассыз деп қорқамын. Дегенмен лайықты
қарсы аларсыз. Осыны ойластырыңыз. Батальон дәстүрін бірден
сезінетін болсын. Сіз бен біздің қалыптасып үлгерген дәстүріміз
бар ғой. Солай емес пе, жолдас Момышұлы? Сіз мені түсіндіңіз
бе?
Байқап отырғаныңыздай, әңгімеміз ұзаққа созылған жоқ.
– Түсіндім, жолдас генерал. Кетуге рұқсат етіңіз.
– Иә, иә! Барыңыз, барыңыз. Сіздің де, менің де жұмысымыз
әлі бастан асады.
3
Қосымша күш ертеңіне жетті. Мұны маған Рахимов мәлімде-
ген. Батальонды қыстың үскірік аязынан ағаштары жалаңашта-
нып қалған шағын орман тасасына сапқа тұрғызып, жаңадан кел-
гендерді сонда алып баруды бұйырдым.
Сол сәттің мәнін сезгендей құлақтарын елеңдеткен Торытө-
белмен батальон сап құрған орынды бетке алғанмын.
Түн ішінде ызғардың беті қайтқан; қардың беті қарауыта көрі-
неді, тіпті кей тұста мүлде еріп, ойдым-ойдым ылғал жер жа-
лаңаш жатыр; қайың мен қандыағаштың сидам бұтақтары мен
еменнің қарлы борандар түсіре алмаған қоңырқай жапырақта-
рынан су тамшылайды.
Роталар тура орман жиегіне тізіліпті. «Смирно!» деп коман-
да берген Рахимов рапорт беруге жүгіре жетті. Ұзыннан-ұзақ
сапқа, сарбаздардың жүзіне, қырлары жарқылдаған найзаларға
қараймын. Сәл ертерек кездердегідей, толқығаннан, көмейіме
жас кептелді. Өз батальоным! Түрлі хабарламаларымда да, көңіл
Волоколамск тас жолы
524
түкпірімде де «мен» деп атайтын жауынгерлерім. Панфилов-
тың резерві, немістердің негізгі соққысының гүрзісі қай жерде
тасыр етсе, бұйрық берілген бойда дереу сол орыннан табыла-
тын резерв. Қан майданда қаншама рет ажалмен бетпе-бет келіп,
оққа ұшқандарын жерлеп, қатары сиреген батальон – картадағы
әшейін белгі де, оперативті құжаттағы сызық та ғана емес, аяғы-
ның тұсында винтовкасы, әрбір сарбазға жүз жиырма патроннан
келетін қаһарлы от қорғасыны жасырынған кенеп оқшантайы
бар сайыпқырандар қатары. «Қатары сиреген»... Жоқ, қиянкескі
шайқастардан кейін саны азайса да, батальон жұдырықтай жұ-
мыла түскен еді.
Шеткерек тізілген қосымша күшті бірден байқадым – бәрі
де өрімдей жас, окоп балшығы жұға қоймаған шинельдері де
су жаңа. Осы тізбектің басында ересектеу біреу тұр – қырықтар
шамасында болар. Жеңіне соғыстың от-жалыны шарпып үлгер-
меген, бояуы қанық қызыл мәуіті жұлдызша – саяси қызмет-
кер белгісі тағылыпты. Саптап бөлініп шығып, ол маған қарай
адымдады. Жүріп келе жатып, кеңдеу болғандықтан шығар, көзі-
не түскен түкті шұға құлақшынын түзеп, артқа қарай көтерген
сәтінде қасқа маңдайы жарқ еткен. Киген солдат шинелі, қалың
кенептен сырып тіккен солдаттық белбеуі, қолпылдаған қысқа
қоныш керзі етігі – бәрі де тұрпайылау көрінді. Бірақ жүзі мүләй-
ім екен. Қан-сөлсіздеу өңі қазіргі мына ашық аспан, таза ауа ая-
сында да сарғыштау сияқтанды. Маған бозарған қой көзін қадап
алып, қалталақтай басып келеді. Одан алдыма тоқтап, менің қа-
рауыма қосымша күш ретінде елу екі адам құраммен келгенін
мәлімдеді. Өзін политрук Кузьминич деп атаған. Айтқанын әдет-
тегіше қолымды шекеме көтеріп тұрып тыңдадым.
– Армия қатарында көптен жүрсіз бе?
– Екінші айға кетті.
– Бұрын қайда істеп едіңіз?
– Экономика институтында. Ғылыми қызметкер едім.
– Өзіңізбен бірге келген офицерлерден ешкім бар ма?
Тәрізі, бұ кезде құлағымызға енді-енді ғана сіңісе бастаған
«офицерлер» деген сөз сонша тосын естілді білем, ол қайта сұра-
ды:
– Орта командирлер мен политруктерден бе?
525
Таза қырынудың құпиясы
– Иә.
– Басқа ешкім жоқ. Бір өзіммін.
Іштей бір күрсініп, батальон сапына тағы да шола қарадым.
Шығынымыздың орны көңілдегідей толығар емес.
Әне, бірінші рота қапталында қараторы Брудный тұр. Кезін-
де ол орын ширақ та, сәнқой Панюковтікі еді, кейін оны ақсары
Дордия басқан. Енді олар қатарымызда жоқ. Донских, Севрю-
ков, Кубаренко да кеткен... Ара-арасынан оқ зуылдап, лапылдап
жанған көпенелердің алау жалыны құшағына қираған зеңбірек-
терімізді тастап, өз қолымызбен көмген бауырластар қабірі қа-
сынан біртіндеп ұзаған сәттің көрінісі естен кетер ме.
Брудныйдың маңында танкі жойғыштар взводын басқаратын
ұзын бойлы, көрікті кавказдық лейтенант Шакоев тұр. Осы взвод-
тың сарбаздары ішінен сарғыш мұрты салбыраған елу жастағы
Березанскийді, алпамса денелі Прохоровты, төртбақ Әбіл Шилі-
баевты ажыраттым. Белдеріне арнайы қапшыққа салған абажа-
дай, ұзын сапты гранаталарын байлап алыпты. Мұндай граната-
лардың бірнешеуі өзге роталарда да бар.
Саптың қақ ортасында екі жақтан да тиісті аралықты сақтап,
екінші рота тұр. Мұнда тек сексендей адам қалған-ды, дәл сон-
шасы шайқастар кезінде оққа ұшты. Бір қапталдан сырықтай За-
евты көрдім. Ползунов қарап тұр екен. Көнетоз шинелі қонымды,
солдаттық жабдықтары да, ысылған жауынгерлігінің белгісіндей,
жып-жинақы. Саптың өн бойынан винтовкалардың болат бекіт-
песі жарқырайды.
Біз азбыз. Осынау қиын-қыстау кезеңде бізге жіберілген қо-
сымша күш қатары да мардымды емес. Әйткенмен, айбынды
күшпіз! Батальон деп аталатын күш!
– Жолдас политрук, адамдарыңызды мұнда келтіріңіз! – деп
бұйырдым мен.
4
Алда біздің тағдырымызды бөлісетін адамдар екі-екіден
тізіліп, жақындады.
Біркелкі сұр құлақшын астындағы жел қаққан жүздері ала-
бұртып, көздері жана қарайды; сонымен бірге үрпиіп, абдырау
да бар. Жаңадан келген солдаттардың жан әлемін түсініп тұр-
мын. Тылдағы тиіп-қашқан даярлықтан кейін майданның алғы
Волоколамск тас жолы
526
шебінен бір-ақ шығу оңай ма. Бірақ мына жақ неге тып-тыныш?
Жау қайда? Шайқас қашан басталады? Және осынау қысқа ғана
«шайқас» деген сөз астарына қандай құпия бүгіп жатыр? Иә,
бұлардың бойын қорқыныш, тіпті сұмдық үрей билеуі заңдылық
еді, ал ертең оқ пен от астында есеюге тура келмекші. Алайда
қазір ұрыс қарсаңында, бәлкім, батальон бастан кешкен арпалы-
стардан да алапат айқас алдында мынау мөлдіреген жастардың
жігерін қалай жани аламын? Ұрысқа дейінгі аз ғана күн ішінде
не істемекпін?
Жаңадан келгендерге қарап тұрып, дауыстай сөйледім:
– Жолдастар, бүгін мен басқаратын батальон жауынгерлері
сапына қосыласыңдар. Сендер өздеріңді қандай отбасы қабыл-
дап алатынын білуге тиіссіңдер. Маған командир ретінде өз сол-
даттарымды әспеттеу ыңғайсыз, әйткенмен, қазір айтудың реті
бар: бізді немере-шөберелеріміз батыр адамдар деп лайықты
мақтан тұтатын болады. Осы сәттен бастап өздеріңнің бауырла-
рыңа айналатын сарбаздарыма көз салыңдар. Бұдан бір ай ғана
бұрын бұлар да майданға жаңадан келгендер еді.
Әрі қарай батальонның жауынгерлік жолына қысқаша шолу
жасадым:
– Бұл қырандар жаудың шабуылдарын оқпен тойтарды, өз-
дері де немістерді талқандап, өкшелей қуды, дұшпан басып
алған селоларға бұза-жара кіріп, қарсыласты қан-қасапқа салды.
Өздерің көріп тұрған сарбаздар жауып тұрған оқ астымен шегі-
нер шақта да жауынгерлік тәртіпті ешбір бұзған емес. Бұлар үш
мәрте қоршауда қалды, сонда да дұшпан әскерін орасан шығынға
ұшыратып, өз адамдарына жетіп отырды. Міне, енді осылар сен-
дерді өзінің бауырластық қатарына қабылдамақшы.
Орман жиегін жағалай сап құрған роталарды тағы да бір шо-
лып, айқай салдым:
– Муратов, маған кел! Шилібаев, Курбатов, Березанский,
мұнда келіңдер!
Алдыма бірінші болып желаяқ Муратов жетіп келді. Мығым
да әсем мойынға біткен басын шалқақ ұстап Курбатов та лезде
сап етіп, қалт тұра қалған. Шилібаев домаланып, сәл кешіге жет-
ті. Ентіге басып, винтовкасын аяғына сүйеген бойда қатардан
орын алды. Соңғы болып емпелеңдеп, немесе анығырақ айтқан-
527
Таза қырынудың құпиясы
да, қорбаңдап, жайбасар Березанский келіп тұрды. Ол біраз жөт-
кірініп-жөтеліп алғаннан кейін ғана барып кеудесін түзеген.
– Осыларға қараңдар. Бұлар – менің солдаттарым.
Бұрынғыша қатты-қатты сөйледім; даусым орман ішін бірта-
лай жаңғырықтырды.
– Мына Муратов рота командирінің байланысшысы. Көрің-
дер: дәл өздеріңдей қарапайым ғана адам. Бұл қолынан жара-
ланды, емделу үшін кетіп қалуына да болар еді, бірақ ешқайда
бармай, қасымызда қалды. Сонда мұны батыр емес деп кім айта
алады? Міне, оның қасында тұрған Курбатов. Өзі кіші лейте-
нант шеніне ұсынылды. Әдемі жігіт! Сымбатына адам сүйсінеді.
Бірақ бұл командирлікке сұлу кескіні үшін емес, жауынгерлік
ар-абыройға адалдығы үшін жоғарылатылмақшы. Мынау – Бере-
занский. Қимылының сылбырлығына бола менен қаншама сөгіс
естіді! Ал қиян-кескі ұрыс кезінде взвод командирі жараланған
сәтте мен бұған басқару тізгінін өз қолына алуды бұйырдым –
сөйтіп взвод немістердің шабуылын тойтарып, шепті қорғап қал-
ды. Ендеше, бұл нағыз батыр емес пе! Бұлардың бәрі де, – мен
қайтадан батальон қатарын нұсқадым, – бас-басына осындай.
Сендер де, жолдастар, тура осылардай боласыңдар.
Маған қысық көзімен тесірейе қараған Әбіл Шилібаев енді
мен туралы не айтылар екен деп қатты тықыршыды білем. Бұған
дейін бірде-бір ерлік жасамағаны өзіне аян ғой.
– Мынау Шилібаев, – деп сөзімді жалғастырдым мен. – Бойы
бәкене ғана, әлжуаздау жігіт, көп ұрсатынмын, бірде, тіпті өзін
атып тастай жаздағаным да бар, бірақ бұл бізбен бірге шынайы
батырлық жолынан өтті.
Шилібаев, езуі жайылып, балаша мәз болды.
– Бұлардың осынша ерлікке баруының сыры неде? Өйткені,
бәрі борыш дегеннің не екенін, жауынгердің ары мен намысы де-
геннің не екенін жақсы түсінеді. Отан алдындағы борыш деген
– бұл...
Бір мезет аялдап, жан-жүрегіме үңілдім. Иә, мұны шын пейіл-
ден айтуға қақым бар екен:
– Борыш деген – солдаттың ең ардақты, ең қастерлі сезімі.
Бұдан кейінгі сөзім былайша жалғасты:
Волоколамск тас жолы
528
– Өздеріңе қандай талап қойылады? Әуелі тәртіптің өте қа-
таң сақталуын сұрайтын боламын. Сендерді өбектеп жүретіндей
жайым жоқ. Менен ешбір аяушылық күтпеңдер. Жауынгерлік
міндетті орындамаудың бірде-бірін жазасыз қалдырмаймын.
Сендер өз қаруларыңды аялап ұстауға міндеттісіңдер. Жауды
қаншалықты жек көргеніңмен, қарусыз түк те бітіре алмайсың.
Менің сөзім жастардың жүзінен абдырап, аңтарылудың ізін
өшіре алмады.
– Сендерге жәрдемге келетін, – деп тағы да батальон қатарын
нұсқадым, – от пен судан өткен мына жауынгерлер. Қалай, жол-
дастар, көмектесесіңдер ме?
Роталар бірауыздан гүр ете түсті:
– Көмектесеміз!
Осынау ортақ жауап мені бір сәт қанаттандыра түскендей-ді.
Жеңілейіп, жымимасқа шарам қалмады. Ақыр аяғында жаңа-
дан келушілердің де кейбіреуі – көпшілігі батылсыздау, біразы
ашықтан-ашық езу тартты. Енді бұлардың біркелкі сұрғылт ке-
скіндері өзгеше реңге алмасты.
– Қолғабыс жасаймыз, жолдас комбат, – деді Березанский
нық сеніммен.
Кесек тұлғалы Курбатов оны қолдап үнсіз бас шұлғыды. Міне,
ғажап... Солдаттың жан күйзелісін мен ғана аңғарып тұрғам жоқ,
солдат та менің жай-күйімді сезінеді екен. Ризамын, достарым!
«Еркін тұр!» деп команда берген соң Рахимов пен политрук
Кузьминичпен бірлесе жұртты роталарға бөлдік. Қосымша күш
батальон сапына араласып, біздің сарбаздармен жымдасып кет-
ті. Анығында, бірден кіріге қалды деу де қиын, су жаңа шинель-
дердің ашық түсі арасы бірталай ажырап, қайта түзілген тізбек
ішінен бәрібір байқалып тұрды.
5
Кешкі асқа жинала бастаған кезімізде штаб үйіне кірлеу, кө-
нетоз күпәйке киген аласа бойлы лейтенант келіп кірген. Көзге
ұрған өткір жарықтан жасқанып, жыпылықтап қалды да, алақа-
нымен таңқылау танауын сүртті. Одан:
– Генералдың бұйрығы бойынша жұмыс істеп қайтуға кел-
дім. Лейтенант Угрюмов, – деп жөнін баяндады.
529
Таза қырынудың құпиясы
Аңыра қарап қалыппын. Жұмыс істеп қайтуға? Генерал-
дың бұйрығы бойынша? Не деп тұр мына балақай? Ғайыптың
құдіретімен бет-аузындағы ірі секпілі көктемнен бері кетпеген
телегрейкелі осы ақсары жігіт маған он жеті-он сегіздегі жеткін-
шектей болып көрінді. Үлкен аузының үстінде жаңа тебіндеген
түбіт мұрты бар. Жоғарғы ерні біршама түрік; сөйлей бастаған
кезінде сол ерін біртүрлі бүктеліп, қатпарланып кететіндей. Те-
мекі түтінінен әбден ысталып, қарая бастаған тісі де кетік екен.
Петлицасындағы лейтенанттық төрт бұрышты белгісіне қара-
мастан, өзін офицер деп қабылдауың қиын. Менің абдырағаным-
ды аңдаған ол:
– Танкі қиратушылар тобының командирімін... Бір күнге
сіздің қарамағыңызға келдім, – деп сөзін жалғастырды.
Сөйлеу мәнері нақпа-нақ. Осынша айқындық сыртқы сықпы-
ты иқы-жиқы жасөспірімдік түріне мүлде сәйкеспейді.
– Отырыңыз, жайғасыңыз, жолдас лейтенант.
Ол тізе бүкті.
– Темекі тартуға рұқсат па?
– Тартыңыз.
Угрюмов бас киімін шешіп, қалтасынан газет пен шағын дор-
ба шығарып, темекі орады. Тырнағының асты кір; саусақтары-
ның еті де қарауытып, жарықшақтанып кетіпті. Байқауымша, бұл
қолдар үстіндегі ұйпа-тұйпа сырма бешпеті секілді, топыраққа
күн сайын талай мәрте салынып, тоза түскен сияқты.
Кенеттен есіме сап ете түсті. Угрюмов... Таяуда осы лейте-
нанттың жаза басқаны туралы естіп ем ғой. Немістердің біздің
дивизия шебіне енді-енді ғана жанаса бастаған кезі еді; бұл бірде
барлаушылар взводының командирі ретінде бөлімін орман ішін-
де қалдырады да, өзі жергілікті шаруаларша киініп алып, дұшпан
әскері алып үлгерген деревняны шолып қайтуға жөнеледі. Сөй-
тіп, елді мекеннен түнделетіп қайтып, өз взводынан адасып қа-
лыпты; міне, сол қателігі үшін қызметінен шеттетілген. Осындай
жігітті Панфилов байқап қалған болып тұр. Бұған танкі қира-
тушылар басшылығын сеніп тапсыруы да бекер болмағаны.
Угрюмов махоркасын құшырланып, рахаттана сорды. Шылым
түтінін де аузы-мұрнынан соншама бір ләззатпен шығаратындай.
Волоколамск тас жолы
530
Мұншалықты шылымқор адамды, немесе анығырағы, осынша
құныққан темекішіні бұрын-соңды кездестірмеппін.
Кешкі тамаққа күріш ботқа пісірілген екен. Аспаз Вахитов ас
салған тәлеңкелерін тарата бастады. Бірақ біздің елеусіз мейма-
нымызға дәм ұсынудың орнына, оны, тіпті көзге ілген жоқ.
– Вахитов, лейтенантқа тамақ бермегеніңіз не?
Угрюмов ыңғайсызданып қалды.
– Рахмет, мен тамақтанып келдім, жолдас аға лейтенант.
– Ештеңе етпес. Тағы тамақтаныңыз.
Оған да ботқа әкелінді. Противогаз сөмкесінен өз қасығын
шығарған ол тамаққа да темекі тартқандағыдай тәбетпен бас
қойған. Көсіп алған ботқаны аузына жөнелткен сайын қасығын
жалайтын әдеті бар екен.
Тәлеңкедегі асты түгесіп болған соң үстел үстінде үюлі жатқан
кепкен қара нанға қол созды. Шылымнан ысталған ірі тістері бұл
дәмді де жатырқай қойған жоқ, күтірлете соқты.
Қонағымыз шайдан бас тартқан. Тағы да жуан қылып орап
алып, ащы шылымын будақтатты.
6
Таңертең Шакоевті шақырттым. Бұлшық еті бұлт-бұл ойнаған
қара мұртты Шакоев өзіне генералдың қораштау өкілін танысты-
рған сәтте оған көзін сығырайтып, мысқылдай қарады.
Түске қарай танкі жойғыштар взводына келгенмін. Қайтадан
алашабыр қар басып үлгерген алаңда фанерден құрастырған
танкі макеті қойылыпты. Кей тұста балшық үйіндісі қарауытады;
жер қазылыпты. Жауынгерлер жол жиегіндегі жыраға жайғасып,
Угрюмовтың сөзіне құлақ қойған.
– Оны қара күшпен ала алмайсың, – дейді Угрюмов. – Ал
асып-саспасаң – жеңіп шығасың!
Осы бір бозбала дерлік таңқы мұрын жігіттің аузынан
«асып-саспасаң» дегендей байсалды, мағыналы сөз естудің өзі
қайтадан қызық көрінді.
531
Бесінші бойынша даярланыңдар!
Бесінші бойынша даярланыңдар!
1
Арада бір-екі күн өткен. Сенбі екені есімде. Арқаның кеңді-
гі аздап босаңсыта бастағандай еді. Сенбі, жексенбі күндерін
ескеретін болғанбыз. Күнібұрын түскі асқа кел деп шақыртқан
Исләмқұловты күтіп жүргенмін. Білікті, әңгімешіл жерлесіммен
біраз пәлсәпа соғып, сұхбат құруға аңсарым ауады.
Таңертең дивизия штабынан қоңырау шалынып, генералдың
өзіне сағат түскі он екіде келсін деген бұйрығын жеткізді.
Аз уақыт жылымықтан кейін адуын қыс қайтадан мінез көрсе-
туге кіріскен. Төңіректе жаяу бұрқасын ұйытқып тұр.
Торытөбелдің тағасы тоң жерді көмкерген ұлпа қарға аса бата
қоймай, ақырын ғана тықылдайды.
Белгіленген мерзімде генералға кірдім. Өзіме таныс бөлме
ешбір өзгермепті. Дәл бұрынғыдай дала телефонының қорабын,
айқыш-ұйқыш ирек өрнекті буфетті, күңгірт трюмоны, үстел
үстіне жайылған топографиялық картаны көрдім. Бірақ Панфи-
ловтың жүзінен ә дегенде-ақ айрықша өзгеріс байқалған еді. Ләм
деп тіл қатпастан маған сонша ұзақ, аялай қарағандай көрінді.
Бұрын мұндай көзқарасын ұшыратқан емеспін.
– Амансыз ба, жолдас Момышұлы?
Әдеттегі «отырыңыз» деген сөзін де айтпады. Күлімдемеді.
Түрегеліп тұрып сөйлестік.
– Міне, біраз тымық күндерді өткіздік, тынықтық. Сонымен
бітті.
Бір сәт көзім бақырайып кетсе керек. Бұл қалай? Маңай-
дың бәрі тып-тыныш, анда-санда ғана алыстан зеңбірек дүбірі
естіледі, бүгін түсте қонақ шақырып қойғанмын, ал генерал «біт-
ті» дейді.
– Ертең, қарашаның он алтысы күні дұшпан шабуылға көше
ме деген негізіміз бар.
«Қарашаның он алтысы» деп нақты айтты.
– Барыңыз, жолдас Момышұлы. Ертерек окоп қазып, бекіну
үшін өз резервімді алдын-ала жібергелі отырмын. Қателеспеспін
деп ойлаймын.
Волоколамск тас жолы
532
Көкейінде қалған әлдебір күмәні де жоқ емес сияқты. Деген-
мен дауыс ырғағы нық.
– Бесінші маршрут, – деді ол.
Картаға жақындады. Мен соңынан ілестім.
Картада қызыл белгілермен біздің қорғанысымыздың тізбек-
тері түсірілген, көк қарындашпен дұшпанның алғы шебі мен
оның әскерінің шоғырланған орны таңбаланған. Неміс дивизи-
ялары мен полктерінің атаулары мен нөмірлері, олардың орна-
ласқан аудандары айқын көрсетіліпті. Моторлы-механикалық
және танкі бөлімдерін де білдіретін қара-көк белгілер, әсіресе,
біздің дивизиямыздың сол қанаты тұсында жиілей түсіпті.
Бесінші маршрут осы сол қапталға апаратын-ды. Бұдан бір-
неше күн бұрын генералдан алған нұсқауым бойынша батальон
Волоколамск тас жолының бойындағы Горюны деревнясы мен
біршама қиыстау жердегі Матренино станциясына бекінуі тиіс.
Қырды бөктерлей орналасқан Горюны деревнясына таяу маңда
аса маңызды жол торабы бар, ал темір жол іргедегі үйшік қа-
сынан асфальт жолағын кесіп өтеді.
– Мынау сіздің учаскеңіз. Онда болып па едіңіз.
– Иә.
– Мен осыны кеңейте түспекшімін. 131,5 белгісін қоса
қамтыңыз.
Генералдың қарындашы осы нүктені – орман ішіне барып
сіңетін иір-шиір қара жолдар торабын нұсқады. Енді батальон-
ның қорғаныс ауқымы дивизияның сол қапталының ең қиыр
түкпіріне кіріге түсті.
– Осылайша, – деп сөзін жалғады Панфилов, – сіз Горюныға
апаратын барлық жолдарды бөгейсіз.
Қайтадан картаға қайырылған Панфилов жағдайды түсіндіріп,
біздің алғы шептегі бекінісімізді көрсетті. Мұнда – біздің диви-
зияның полкі, мына жерде Доватордың кавалеристері.
– Немістер сол жақ қапталдан ұрады.
Ол мұны нық сеніммен айтты. Бұл жолы өз-өзімен сөйлескен-
дей, ішкі толғанысын естіртіп айтатын мәнерін доғарған секілді.
Көңіліне әлдебір күдік ұялап, небір күтпеген жағдайдың кезде-
сетінін біліп тұрса да, сыр алдырмаған. Тәрізі, бәрін ойлап-пішіп,
бір шешімге бекінген екен.
533
Бесінші бойынша даярланыңдар!
– Әлдебір тұстан бұза жара-өтіп, сіздің батальонға соқтыға-
ды. Сіздің міндетіңіз – біз әбден ыңғайланғанша табан тіреп қар-
сыласу.
Ол мұны байсалды кейіппен айтқанымен, денем түршігіп кет-
ті. Осыншама ауқымды жерді қалай ұстап тұрмақпын? Бұл – бес
километрге жетеғабыл майдан шебі, ал менің жауынгерлерімнің
саны бес жүз ғана.
– Жолдас генерал, мұншалықты шепті қалай қорғамақпын?
– Е-е, мұны сіз екеуміз қаншама рет талқылаған едік қой. Сіз
аумақты түгелдей бөгеуге ұмтылмай-ақ қойыңыз. Жағалай қорға-
ныс шебін құрудың қажеті жоқ. Тек тораптарды ұстап тұрыңыз.
Бір рота Горюныға, екіншісі Матрениноға, үшіншісі межелі бел-
гіге орналассын.
Генералдың бізге өткізген сабағы, алда тұрған міндетімізді ти-
янақтап, қадала түсіндіргені ойға оралды. Міне, енді соны іске
асыратын да кез жетіпті.
Бұдан соң Панфилов екеуміз оңаша отырғанда және сабақ
кезінде айтқан сөзін қайталады:
– Ашық қалған тұсты ойлап, көп алаңдамаңыз. Әрбір рота
қоршауда ұрыс жүргізуге даяр тұрсын. Ал басқару дегеніміз...
Ол жауап күткендей маған қараған.
– Басқару дегеніміз – міндетті түсіну, – дедім мен.
– Міне, міне... Болжауымызша, жау ертең таң ата тас жолға
қарай өршелене ұмтылып, дивизия тылына өтуге әрекеттенеді.
Ал біз соған тосқауыл қойып, тыпыр еткізбеуге тырысамыз... Сіз,
жолдас Момышұлы, төрт күн төтеп беруге тиіссіз.
Генерал осынау мерзімді саусақпен санап шықты:
– Он алтысы. Бірінші тәулік. Бұл күні қинала қоймайсыз. Он
жетісі. Енді сізге ауырлау соға бастайды. Он сегізі. Сіз қоршауда
қаласыз. Он тоғызы... – Ол кідіріп, бұл күнге ешбір сипаттама
бермеді. – Иә, он тоғызы тағы бар. Әйтеуір, жолдас Момышұлы,
жиырмасына дейін беріспеу керек.
Әдеттегіше: «Түсіндіңіз бе?» деп сұраған жоқ; бірақ мен түсін-
дім, бәрін де пайымдадым. Өзі, тәрізі, мұнымды көз жанарымнан
да байқаған сияқты.
– Сізге, жолдас Момышұлы, сіздің батальоныңызға ауыр бо-
лады. Өте ауыр болады.
Волоколамск тас жолы
534
Бұл сөзді айту оған оңайға соқпағандай. Егер мен алдағы мін-
дет салмағын сезінбесем, ол бұл туралы тіс жармас еді. Алдымда
риясыздығын танытты. Жәрдемдесемін, құтқарамын да деме-
ген. Және жағдайды аяғына дейін ашық айтуды құп көрді. Үнсіз
тыңдадым да тұрдым. Осы сәтті хикаятта бейнелеп бере аласыз
ба? Генералдың соншама қатал және асқан мейіріммен жеткізген
лебізін өз бояуымен баяндай алар ма екенсіз?
– Кетуіме рұқсат па?
– Аялдай тұрыңыз.
Ол буфетке барып, ашылған кагор шөлмегін шығарып, екі үл-
кен бокалға толтыра құйды; екі тал конфет алды. Сөйтті де тіле-
гін айтты:
– Жаныңызды үміт оты жылытсын!
Біз ыдыс түйістірдік. Маған конфет ұсынды.
– Ал, жөнел, қазақ.
Генерал мені алғаш рет осылай атады. Бұл да әрі жылы, әрі
қатал естілген. Сөз салмағы ауыр да еді.
Мен қолымның ұшын шекеме апардым да, кілт бұрылып,
шығып кеттім.
2
Өзімнің ежелгі танысым, дивизия штабы оперативтік бөлімінің
бастығы, капитан Дорфманға бас сұққанмын.
Алдында оперативтік карта жатыр. Бұл картада дивизия ко-
мандирінің резерві, менің батальоным жаңа позицияға ауысты-
рылып үлгеріліпті. Тылда Горюны деревнясынан ормандағы
қырға дейін тікенекті қызыл сызық тартылған екен. Тағы да тік
желі... Біз бұрынғы линиялық тактикамызды әлдеқашан бұздық
қой, ал оперативті бөлім бастығының қарындашы әлі күнге дейін
баяғы әдетінше тұтас сызық жүргізуден танбайды.
Менімен есендескен Дорфман орнынан тұрды. Әдемілеп екі
айырып тараған қызғылттау қоңыр шашы, дағдыдағыдай, жылт-
жылт етеді. Өзінің жарқылдаған қой көзінен үйреншікті мейірім
шуағын күткен едім. Жоқ, бұ жолы олай болмады. Әлбетте, ол
бізге жүктелген міндеттен, алдымызда тұрған ауыр хәлден хабар-
дар.
– Жолдас капитан, телефон соғуға рұқсат етіңіз.
– Әрине.
535
Бесінші бойынша даярланыңдар!
Мен батальон штабын шақырдым.
– Рахимов?
– Мен.
– Бесінші бойынша даярланыңдар.
Бүкіл бұйрық осы үш сөзге сыйды. Батальонды көтеру үшін
осы жеткілікті еді. Тынымсыз еңбектеніп жасаған құжатымыз
іске қосылды. Мен тұтқаны орнына қойдым.
– Сау болыңыз, жолдас капитан.
– Ал, Момышұлы, іске сәт...
Енді Дорфман, қайткенмен, зорлана жымиды. Қош айтысқаны
шығар деп ойладым.
Рождественоға аяңдай тартқанмын. Жел басылыпты. Аспан-
нан ақырын ғана қар ұшқындап тұр. Ойымды жинақтап, бата-
льонға тас-түйін болып жетуге ниеттендім.
Демек, ертең жаңа шайқас өрті лап етпекші. Жиырмасына
дейін табан тіреп тұру керек... «Сізге ауыр болады, өте ауыр бо-
лады...». Енді, сағатың жетсе, мән-мағынамен, ақылмен өлгенің
жөн ғой. Өзім туралы ойлағанда маған сенім артқан жұрттың ке-
скіні, найзалар мен винтовка бекітпелерінің ызғарлы жарқылы,
айбынды жауынгерлер қатары көз алдыма келді. Сенің сағатың...
Менің ғана емес, батальонның да сын сағаты...
Алдыда төрт күн бар... Бәлкім, қалған ғұмырым осынау төрт
тәулікпен шектелер. Ендеше, сол күндерді абыроймен өткізей-
ін. Тас жолды бекітіп, немістің тегеуірінді соққысына төтеп беру
оңай емес. Өз батальоным әзірше мұншалықты қатерлі позици-
яға бекініп көрмепті, алапат соққы да ала қоймаған. Мүмкін мен
жарық дүниеге осынау алдағы төрт күн ішіндегі міндетті атқару
үшін келіп, ержетіп, сақайған шығармын. Бұл жолда бүкіл ақыл-
ой, командирлік ерік-жігерімді сарп етемін, өмірімді қиямын.
Ойларым аласапыран... Міне, Рождественоға да келдік. Әл-
сіз күн сәулесіне шағылысқан қар арасынан үйлер сұлбасы қа-
рауытады. Заевтың қарауындағы бастапқы рота легі көшеде сап
құрып үлгеріпті. Винтовкалары кезеулі. Бәрі де солдаттың күн-
делікті керек-жарақ мүлкі мен жол азығы салынған қапшығын
асынған. Заев:
– Смирно! – бар даусымен ышқына айқайлады.
– Вольно, – деп үн қаттым мен.
Волоколамск тас жолы
536
Сәл бұлыңғырлау аспан астында тұрған осылардың бәріне,
тағдыры бір майдандас серіктеріме сенім артатынымды түйсі-
немін.
Сол мезетті ұмытпаспын – сенім бақытын сезінгенде жаным
бірден жай тапты.
3
Штаб үйінде мені Рахимов қарсы алды. Қонаққа келіп оты-
рған Исләмқұлов іргедегі сәкіден көтеріліп, жайдарылана, бас
иіп амандасқан. Мен де оған тағзым еттім.
– Ғафу ет, Мұқамбетқұл. Көрдің бе, біз – уақытты емес, уақыт
бізді билейді екен.
Ол сөзімді жайбарақат тыңдады, ешбір сұрақ қойған жоқ. Ра-
химов:
– Неше минуттен кейін аттануды бұйырасыз? – деді.
Бәрі дайын ба, барлық бөлімшелер жиналу кестесін сақтады
ма деп сұраудың қажеті жоқ-тын. «Неше минуттен кейін» деген
сөз бәрін мәлімдеп тұр.
– Заев қозғалсын.
Рахимов телефонға Заевты шақырды.
– Аттаныңдар. Байланыс құралын жинаңдар.
Бұдан соң өзге роталармен сөйлесіп, жорықтың басталғанын
мәлімдеді.
– Кесте тәртібін сақтаңдар. Әзірше демалуға болады.
Менің штабымның бастығы істі осылайша аспай-саспай,
ың-шыңсыз атқарып жатты. Жеткізіп айтпаған сөзімді өзі то-
лықтырды.
– Толстунов қайда? – деп сұрадым мен.
– Филимоновқа кетті.
– Бозжанов ше?
– Заевтың қасында.
– Олай болса, түстеніп алып, біз де аттанайық.
4
Синченко тамақ әкеліп, стақандарға «наркомдық нормадан»
құйды. Біз мейманымыздың денсаулығы үшін деп көтеріп қой-
дық. Мен картамды шығарып, кеңейтілген қорғаныс аумағын
көрсеттім. Бір мезет томсырая қалған Рахимовтың қара көзін
537
Бесінші бойынша даярланыңдар!
кенеттен мұң торлады. Расында да, батальонның бес шақырым-
дық майдан шебіне қараған кезде таңдана алмасаңыз, онда сіз
командир де, штаб бастығы да емессіз. Міндетті түсіндірдім.
Қарсылық көрсететін үш торабымыз бар. Төтеп беруіміз керек.
Бөлімдеріміз шегінген шақта біз тапжылмауға тиістіміз. Жаудың
қоршауында оңаша қалғанда да тіресуіміз қажет.
Шайқас ертең басталады, жиырмасына дейін айқасамыз деген
сөзді айтпадым; генералдың: «Сізге ауыр болады, өте ауыр бола-
ды» дегенін де жеткізуді қисынды санамағам.
Синченко босаған стақандарға тағы да азырақ арақ құйды.
Мен Исләмқұловқа қарап лебіз айттым:
– Мына соғыстың шүйіркелесуге мұрша бермейтіні өкінішті.
Таяуда сен маған: «Ақсақал, сенікі жөн!» деп едің. Сонда өзіңе
қарсылық білдіріп: «Жоқ, сенің айтқаның да орынды, Мұқам-
бетқұл!» деуге оқталғанмын.
Исләмқұлов сөзімді бөлмей, тіпті ыңғайымен де асықтырмай
тыңдады. Мән-жайды өзімнің талдап беретінімді біледі.
– Бұйрықтың пәрмені деген бар, – деп ойымды жалғастыр-
дым. – Сонымен бірге бұйрықтың ізгілік қыры да болады екен.
Мұны келе-келе пайымдаған секілдімін. Генерал Панфилов
ұғындырды.
Исләмқұлов та Панфилов туралы сөз қозғап, кеше генералы-
мыздың қатарына Исләмқұловтың ротасы кіретін екінші бата-
льонда болғанын, батальон командирімен бірге асханаға, шару-
ашылық взводына соққанын, алайда түскі асқа қарамай кеткенін
әңгімеледі. Аспаз генералға өнерін бағалату үшін өз көңілін қал-
дырмай дәм татуын өтінген екен, Панфилов ойда жоқта одан:
«Оқ ата білесіз бе? – деп сұрай қалыпты. – Кәне, винтовкаңызды
көрсетіңізші!» Винтовкасы мүлде лас көрінеді. Мұны байқаған
Панфилов түстенуден бірден бас тартыпты. «Неміспен бетпе-бет
келген жағдайда оларға қалайша қарсылық көрсетпексіз? – депті
ол тамақ пісірушіге. – Сіз осылай өзімді ренжітіп тұрған кезде
мен сіздің көңіліңізді қалай қалдырмайын?» Бұл жағдай бүкіл ба-
тальонға жайылыпты.
Көзі бозарып, ақырын ғана Тимошин кіріп келді.
– Жолдас комбат, аппаратты алып кетуге рұқсат па екен?
– Рұқсат.
Волоколамск тас жолы
538
Рахимов сағатына қараған.
– Бәрі аттанды, жолдас комбат.
Біз үйден шықтық. Аспан ашық еді, шыңылтыр аяз бет шым-
шиды. Синченко Торытөбелді алға тартты. Исләмқұлов оның қо-
лынан тізгінді алып, мені қолтығымнан демеп, ерге қондырды.
Біздің қазақта бұл – ең сыйлы адамдарға көрсетілетін зор құр-
меттің белгісі. Рахимов та атына ырғып мінді. Есік алдында Ис-
ләмқұлов келген шана күтіп тұр екен. Мен одан қайтадан кешірім
сұрадым.
– Шепке жүретін уақыт жетті. Қош бол.
Исләмқұлов үн қатты:
– Ол шепте не даңққа бөленесің, не ажал құшасың.
Бұған дейін менің батальонымның алдында тұрған міндет
жайында тіс жармап еді. Ал қазір көкейдегі салмақты сөзін айт-
ты.
Мен мейманыма ат үстінен ізет етіп, жүріп кеттім.
Осы тұста үлкен нүкте қояйық. Өзімізге сәл тыныстап алуға
мұрсат берейік.
Қарсаң. Матренино
станциясы
1
Фанер жәшіктің үстінде дәптерім жатыр.
– Шилібаев жайында жазғаныңызды оқып беріңізші. Оның
атылып кете жаздаған сәті туралы...
Таңырқап қалдым. Бауыржанға Шилібаев туралы жазбамның
не қажеті болып қалды екен? Керекті бетті тауып, Момышұлы-
ның өзін бір мезет ату жазасына бұйырылған ап-арық Шилібаев-
тың орнына қойып көретін тұсын дауыстап оқыдым.
«...Майдан шебінен қашып, ар-ұяттан жұрдай болып, мынау
жарлауыт жиегінде ату жазасына бұйырылып тұрмын. Мені мерт
қылатын жаудың оғы емес, сатқындығымды кешірмей, әскери
әділдікті іске асыратын Отанның өз адал ұлдарының оғы! Жо-
жоқ, басыма не түссе де көтерейін, бірақ дәл мынадай сұмдықтың
беті аулақ!»Бауыржан оқуымды ымдап тоқтатты.
– Дәл осындай жағдай өз басымнан өтіп еді, – деді ол.
539
Қарсаң. Матренино станциясы
Кәресін шамның сәулесі түскен жүзі қоладан құйған мүсіндей
міз бақпайды. Әзілдеп отырған жоқ па екен? Олай емес сияқты.
– Қалай? Сіз де ату жазасына бұйырылып па едіңіз?
– Иә, бұйырылғанмын.
– Қашан?
– Не үшін? Қандай жағдайда?
– Бас кететін, бас қана емес, армен жауап беруге тура келетін
әрекетім үшін.
– Сотқа берген кім еді?
– Кім болушы еді? Өз хикаятыңыздағы кейіпкерлеріңіздің
ішіндегі аяушылықты білмейтін, ең қатыгез жан.
«Бұл сіз ғой, Бауыржан!» деп айқайлап жібере жаздадым да,
сөзін бөлгім келмей, тілімді тістей қойдым.
– Дәптердің таза бетін ашыңыз, – деді Бауыржан. – Жаңа та-
рау бастайық.
2
Сонымен, қарашаның он бесі. Қараңғы түскенше Заевпен бір-
ге 131,5, белгісінде ротаға позиция таңдап, екі сағаттай жүрдім.
Бұл – ит тұмсығы батпас орман арасындағы ағашы шабылып
жалаңаштанған ауқымды алаң еді. Ана тұс-мына тұстан сорайған
ағаш түбірі көрінеді, оның ара-арасын қаулап өскен тал-шыбық
көмкеріпті, кей жерінде қар жамылып, жіңішке егіс танабы жа-
тыр. Екі қара жол түйісетін маңайда жан-жағын кесілген дөңбек
пен аласа шілік қоршаған дөңес өңкиеді. Қос сүрлеу мұз құрса-
нып үлгерген шағын өзен үстіндегі ағаш көпір аузында қосыла-
ды да, арғы жағада қайта тармақталады.
Жотадан айнала төңіректі айқын көресің. Мүлгіген тыныштық
сәтінде емен тоғайдың жел тербеген сірі жапырағының сыбды-
ры естіледі. Жол шұқанағында ырғатылған екі жүк көлігі май-
дан жаққа қарай өтті. Қораптарына арқанмен шандып, шолақ тон
тиеп алыпты. Машиналар көпірден асты да, орман арасына сіңіп
жоқ болды. Тыныштық қайтадан орнаған.
– Окоптарды тура осы жерден қаз, – дедім Заевқа.
– Әхә, – деді күңк еткен Заев баяғы әдетіне тағы басып.
Сол бойда өз-өзін түзетті:
– Құп болады!
Волоколамск тас жолы
540
Сырмалы мақта шалбары мен дәл сондай қалың күпәйкесінің
сыртынан көнетоз шинель киген (менің бүкіл батальоным осы-
лай киінген еді) Заев айнала қаумалаған орманды және бір шо-
лып алды. Елең-алаң шақта Заевтың қалың қабағы астындағы көз
шарасы қарауыта көрінгенімен, арагідік, шүңірейген сол кішірек
көздерден от ұшқындайды. Өзінің екі ұрты да суалыңқы тартқан.
– Алыстан атыспа, – сөзімді жалғастырдым. – Әбден жақын-
датып ал да, әкесін таныт.
– Неміс те аянып қалмас.
– Иә, оның рас. Бұл жағдайда қоян-қолтық айқастан тайын-
байтын, жаужүректігі басымдар ғана жеңіп шығады.
– Жаужүректігіміз жеткілікті, жолдас комбат!
Екеуміз де үнсіз қалдық. Көз алдымнан бұрынғы өткен-кеткен
жәйттердің елесі жөңкіледі.
– Жеткілікті! – деп қайталады үздік-создық үнмен Заев. – Өз
арыстандарыма сенімдімін.
Өзіңіз білетіндей, ол бұрын да біртүрлі тосын, бейнелі тілмен
сөйлеуді ұнататын-ды. Е, мына Заев таз қалпына қайта түскен
екен деп ойладым. Жоқ, бұл бойында баяғы да мінез жұрнағы
қалған өзге бір жан еді.
– Әрбір жауынгерге міндетін түсіндір: бір адым да шегінуші
болмасын, – дедім мен.
– Ал егер де... – деп күмілжіді Заев. – Егер де бізді қоршап
алса қайтеміз? Жәрдемдесесіз бе?
– Өз күшіңе ғана сенім арт, Семен.
Тағы да ешбір ләм деспедік.
– Шаруашылық взводындағыларға айт, – деді Заев күтпеген
жерден «сен» деп сөйлеп, – бізге кешкі асты жеткізіп беретін
болсын. Және араққа да таршылық жасамасын. Әйтпесе өз жігіт-
терімді немен жылындырмақпын?
– Жарайды, Семен, ұмытпай айтамын.
– Ұмытпайсыз ба? – деп қайталап сұрады ол.
Дауысы құмығып шыққан. Мен оның көңілінің қамырығу сы-
рын аңдай қалып зекіңкіреп жібердім:
– Сен немене, менімен қош айтысып тұрғаннан саумысың?
Ертеректеу оған әлі! Қой ондайыңды!
541
Қарсаң. Матренино станциясы
Оның қалың қабағы астынан ешбір үміт ұшқыны жылт етпеді.
Панфиловтың кетерімде айтқан өсиет сөзі ойыма оралған. Мен
оны өзгешелеу қылып:
– Өз жауынгерлеріңнің жанын арақпен ғана емес, үміт
отымен де жылындыр. Күдер үзбе одан, Семен! – дедім.
– Әхә! – деп үн қатты ол тағы да.
Сөйтті де Заев өз-өзін қайта жөндеді:
– Құп болады!
3
Тағы да құйғытып, Матрениноны, Филимоновтың ротасын
бетке алдым. Соңымда ілескен айнымас серігім Синченко бар.
Ойқы-шойқы орман сүрлеуі тас жолға апарады. Көз байланған
шақ; асфальт жиегіндегі биік ағаштардың төбесінен толған ай
көрінді; көктегі алғашқы жұлдыздар да біртіндеп жымыңдай
бастаған. Садақтың адырнасындай тартылған тік жолда жа-
рығын жақпаған машиналар біресе майдан жаққа, біресе кейін
қарай қыбырлап өтіп жатыр. Бұлардың мимырт қимылына қара-
саң, апалаң-топалаңның ауылы тым алыста секілденеді. Әбден
сайланып алған жау жағы тым-тырыс. Біз де қамсыз еместейміз.
Бүйірдегі жолға қайта ауыстым. Жолды жағалай қарға көмілген
шырша қадаларға телефонның қара сымы тартылып үлгеріліпті.
Торытөбел осы желінің бойымен салды. Алдыдан теміржол стан-
циясының үйі қылаңытқан. Матренино – сол. Станция іргесінде
ию-қию орналасқан жайлардың сұлбасы қарауытады. Кенеттен
қала қоршауының тұсында гүрс етіп алысқа атылатын снаряд
жарылды. Іле-шала қара түнек құшағындағы Волоколамск тас
жолы өтетін маңайдан құлақ күңіренткен тағы бір жарылыстың
үні естілді.
Атты тоқтатып, дыбысқа құлақ тігіп, төңірекке қарап тұрмын.
Алдыңғы жақтан ауаны тітіреткен тағы бір гүрсіл естілді. Жарқ
еткен жарылыс жарығы қоршау мен үйілген шөмеле төбесін көр-
сетіп өтті. Осы дүбірге үн қосқандай, біршама шалғай жатқан Го-
рюны деревнясы жақтан да тасырлаған үн естіледі. Сәл үзілістен
соң жарылыс және қайталанған. Әне, тағы бір гүрсіл...
Осы сәттен бастап – менің қол сағатымның тілдері тура жетіні
көрсетіп тұрған еді – немістер екі елдімекен: Матренино станци-
ясы мен Горюныны үздіксіз атқылауға кірісті.
Волоколамск тас жолы
542
4
Шеткі үйлердің маңайында солдаттар қатары сірескен тоң
жерді тырбанып қаза бастапты. Сонда келдім. Батальонның ән
бастаушысы, кезіндегі алпамсадай, толық денелі Голубцов бүгін-
де көп арығандықтан сүйегі арбиып, қатқан топырақты күрегінің
өткір жүзімен тістене ұрады. Жан түршіктіретін сүйкімсіз гуілі
бірте-бірте жиілеген снаряд тас төбеден соғатын түрі бар. Бірі
анадайдағы арқан бойындай-ақ ашық алаңда гүрс етіп жарылып,
аппақ жалын атқыды. Сарбаздар саяз шұңқырларға жабысқан
сәтте мен де аттан ырғып түсіп, етпеттеп жата қалдым.
Бір кезде орнымыздан тұрдық. Голубцов тастай қатты жерді
тырмалауды қайта жалғастырды. Ара-арасында болат темірден
от ұшқындайды. Жоғарыдан зулап ұшып өткен келесі снаряд
село сыртына түсіп жарылған.
– Байқауымша, ісің енді ғана манди бастаған сияқты ғой, Го-
лубцов.
Ол күрегін тастап, арқасын жазды.
– Жолдас комбат, рота командирі бізге окопты жатып ататын-
дай қазсаңдар жеткілікті деген; одан үстіне шөп төсейміз де...
Ұйықтай кетуге болады.
Голубцовтың жымиғанын көріп тұрмасам да, көңіліммен
аңдаймын. Сол кезде әлдекім бүйірден:
– Мұндай окоппен жан сақтай аламыз ба? – деп қалды.
Іргедегі қарайған жыра тұсында жаңадан келушілердің бірі
селтиіп тұр екен. Жас солдатты тойтарып тастағым келгенімен,
сабыр сақтап, оған шағын ғана шұңқыр, аласа арықтың өзі жа-
рылыс толқыны мен снаряд жарықшағынан қорғап қалатынын
түсіндірдім. Менің орныма Голубцов зекіп қалды:
– Қаз, Строжкин, қаза бер! Аузыңды салпитпа.
Ешбір үн қатпаған жас жауынгер (бұ кезде жаңа шақырылған-
дардың жүзін енді-енді ғана танып, аты-жөндерін біле бастап
едім) тоңды қайта қазуға кірісті.
– Алғыр. Бірдеңе шығады, – деді даусын бәсеңдеткен Голуб-
цов сеніммен.
– Алғыр дегенің не сөз? Мұны не мағынамен айттың?
– Сондай ит тұқымының күшігі бар. Жаратылысы жақсы,
жолдас комбат; әзірше ақымақтау, бірақ келешегінен үміт күт-
543
Қарсаң. Матренино станциясы
тіреді. Өзін ептеп тықсыртып қысып, баулып жүрмін. Өзге сол-
даттардан кем болмайды. Даусы да жаман емес. Тәп-тәуір ән
бастаушы шығады.
– Несі бар, немістерді қуып тастаған соң әнді де шырқата-
мыз... Рота командирі қайда?
– Генералмен бірге кетті. – Голубцов бұрынғыдай бүкпесіз
пейілмен жайлап қана сөзін жалғастырды: – Осы маңайда бір ге-
нерал біздің позициямызды байқастап жүр.
– Қандай генерал? Дивизия командирі ме?
– Жоқ, басқа... Қаталдау сияқты.
– Не айтты?
– Айтқаны ма? Бұрандамызды қатайтты. Ал біздің бұранда-
мыз, жолдас комбат, онсыз-ақ бұраулы ғой.
Бұл сөз де күлкімен, солдаттың жылы әзілі арқылы айтылып
еді. Екі ортамызда өзара сенім, түсіністік шуағы жүгіріп өтті.
– Қазір қайда екен?
– Рота командирімен кетті, әйтеуір.
Қайтадан атқа қонып, Матрениноға жөнедім. Деревня ма әлде
саяжай поселкесі ме – бірден ажырату қиын. Шарбақтары түп-тү-
зу, верандалары әйнектеулі, терезе маңдайшалары айрықша өр-
нектелген. Ел-жұрт көрінбейді. Бірақ олардың үйінде екенін пеш
мұржаларынан шалқыған түтін әйгілеп тұр. Әлдебір тұстан сиыр
мөңіреді, тағы бір жерден шелектің салдыры естілді. Оқ жаудыру
бұрынғыша сирек, белгілі уақыт бойынша жүріп тұр.
Тар көшемен маған қарай күзетшілер тобы бірқалыпты
адымдап келеді. Біреу қарлыққан дауыспен айқай салды:
– Тоқта!
Торытөбелдің тізгінін тарттым.
– Тоқта! – деді әлгі тағы да. – Кім бұл келе жатқан?
Алматы іргесінің орыс колхозшысы, мұрынды жігіт Корзун
екен.
– Немене, Корзун, танымадың ба?
– Тануын таныдым ғой, бірақ тәртіптің аты – тәртіп.
Осынау атыс жүріп жатқан қатерлі дүрбелең қарсаңындағы
сәтте ісіне ықтиятты Корзунның сабырлы үні жан жылытты. Бо-
рышқа, реттілік пен тәртіпке адал солдаттарыңа деген сенім қай-
тадан көңіл толқытады.
Волоколамск тас жолы
544
– Рота командирі қайда? – деп сұрадым.
– Генералмен бірге желі бойына кетті.
Бұдан соң сөзді созбай, тізгін қағып, аттың басын теміржол
желісіне қарай бұрдым.
5
Рельстің бетін ұлпа қар басыпты. Деревняны жанап өтетін
темір жол төсемінен кейін ұшы-қиыры жоқ аппақ дала бастала-
ды. Алайда көз алдап тұрған ай сәулесі екенін білемін – қазір-
гідей алагеуім шақта ағараңдаған шоқ қайыңның жиегі байқал-
майды. Осынау көрінбейтін тоғай түбінде жауынгерлер қорғаныс
шебін қазып жатыр. Олардың құлаш сермеу қарқынына қараған-
да, теміржол құралдары: қайла, сүймен, зілбалғаның да іске қо-
сылғанын аңдаймын. Әлгі маңда жол күзетшісінің терезесінің
әйнектері жарқылдап, аласа шарбақпен қоршалған үйшігі қа-
раңдайды. Телефон сымының шумағын жазған байланысшы со-
лай қарай адымдап барады.
Назарым мұнартқан көгілдір түкпірге қарай ауып барып, қы-
рбық қар басқан жолға қайта оралды. Кенет шпал үстінде тұрған
үшеуді байқадым. Келбеті ерекше Толстуновты бірден танимын;
былғары пәлтесі жалтылдаған көк-сұр бөрікті адамның алдында
сымдай болып тартыла қалған Филимоновты да ажыраттым.
Торытөбел жол жиегімен мені соларға қарай ала жөнеледі.
Ер-тоқымнан секіріп түскен сәтімде, – мұнша қырсыққа тап
болармын ба, – асығып-абдырағандықтан шығар, иықтан ілген
қылышыма ие бол алмай қалып, аяғым шалынды да, қар үстіне
сүріне жығылдым. Жаман ырым...
Сол бойда атып тұрып, бізге келуші генералға қарай адымда-
дым. Дүрдиген ерні мен ісініңкілеу көзін көрген сәтте тани кет-
кенмін: армия қолбасшысының орынбасары генерал-лейтенант
Звягин екен. Бұ кісімен осыдан үш апта бұрын Волоколамскіде
Панфиловтың штабында кездескенмін.
Қасына келіп рапорт бердім: батальон көрсетілген шепке ор-
наласып, бекіне бастады дедім. Звягин үсті-басыма бажайлай қа-
рады. Үнсіздігіміз біразға созылады. Деревняның орта тұсында
кезекті снаряд гүрс етіп жарылған.
– Баяғыдай қылышпен жүрсіз бе? – деді Звягин қабаржып. –
Бұрынғыша ерекше кейпіңізді сақтайсыз, ә?
545
Қарсаң. Матренино станциясы
– Жолдас генерал-лейтенант, өзіңізге бұрын да мәлімдеген-
мін, аттестациядан қайта өтпейінше...
Сөзімнің аяғын тыңдамады.
– Орта командирлер мен политруктерге Әскери кеңестің бұй-
рығын неге оқып бермедіңіз? Кондратьевтің үкіміне қатысты ай-
тып тұрмын.
Волоколамскідегі ымырт жабылған кез, электр шамы жағылған
штаб бөлмесі, майордың жарақаты ісініп кеткен боп-боз жүзі,
лай-лай, су шинелі көз алдыма келе қалды. Және Звягиннің:
«Бұйрықсыз шегінуге кім рұқсат етті?» деген даусы, алқынып,
ентіге түскен ауыр демі, «Қаруыңды үстелге қой! Жұлдызы
алынсын! Тұтқындалсын! Сотқа тапсырылсын!» – деп күркіре-
ген кейпі елестеп өтті.
Кейін білгенімдей, Әскери трибуналдың ату жазасына кескен
үкімі бір тәуліктен кейін армия бойынша берілген бұйрықта жа-
рияланған екен.
– Жолдас генерал-лейтенант, ол күндері бізде байланыс бол-
мады. Батальонның жолы кесіліп, қоршауда ұрыс жүргізіп жат-
ты.
– Ал одан кейін ше?
– Одан кейін жағдай өзгеріп, арада бірталай уақыт өтті, сон-
дықтан мен...
– Сізге бұлай байлам жасауға кім рұқсат берді?
Бізге қарай ұшқан снарядың үрейлі үні жақындаған сайын кү-
шейіп, генералдың ызалы, айбарлы даусын естіртпей жіберген.
Жан-жағы ашық өрлеуіт орыннан ырғып түсіп, жер бауырлап
жата қалғың келеді. Көз қиығыммен байқап тұрмын, окоп қазып
жатқан жауынгерлер бірден етпеттей жығылды. Алайда Звягин,
қыбыр етпейді. Көрнекті жерде тұрған ол, әлбетте, өзіне ондаған
солдат көзінің қадалғанын біліп тұр, бірақ қозғалмаған қалпында
менің жауабымды күтті. Толстунов пен Филимонов та селт еткен
жоқ. Жалп етіп құлаған снаряд жол үйшігінің түбінде жарылды.
Жарылыстың екпінімен қираған әйнек сыңғыры естіледі. Звягин
қарақошқыл топырақ көкке қарай тігінен-тік атылған жаққа да
қарамады.
– Айыптымын, – дедім мен.
Волоколамск тас жолы
546
6
«Айыптымын» дегенге қанағаттанбаған Звягин Толстуновқа
шүйлігеді:
– Сіз, аға политрук, істің орындалуын қадағаласаңыз етті.
Толстунов ақталып жатпады.
– Байқамаппын, – деді ол.
– Келешекте қорытынды шығарыңыз.
– Құп болады, жолдас генерал-лейтенант.
Звягин менің бар-жоғымды мүлде ұмытқандай еді; былғары
пәлте киген оның жон арқасына қарадым.
– Мен сіздермен партия мүшелері ретінде сөйлесіп тұрмын, –
деп сөз сабақтады ол.
Өзі Филимонов пен Толстуновпен тілдескенімен, лебізіне пар-
тия қатарында жоқ менің де құлақ қоятынымды жақсы біледі.
– Партия мүшелері ретінде, – деп қайталады Звягин. – Осы
шептен бір адым артқа шегіну опасыздық болып саналады. Иә,
сатқындық, қылмыскерлік. Тіпті бұ жерден шегіну мүмкіндігі
бар екен деп ойламаңыздар да. Батальонның ең соңғы шебі осы
меже екенін барлық жауынгерлердің санасына сіңіріңіздер.
Сөзі айқын, салмақты.
– Ал, жолдастар, өздеріңізге жауынгерлік сәттілік тілеймін.
Денесі ауырлау адам болғанымен, жеңіл қозғалып, күтпеген
жерден маған қарай жалт бұрылды:
– Ал сіз қылыш асынған партизан, мені ұзатып салыңыз.
«Қылыш асынған партизан». Осы сөзге қадалып алды-ау Звя-
гин. Дегенмен бұ жолғы әуезінен әміршілдік қатқылдықтан гөрі
жайдарылық басымдау сезілді.
Дөңнен түсіп, рельстер іргесінде жатқан шана жолына бет-
тедік. Қайдан келгенін білмедім, ойда жоқта Звягиннің адъютан-
ты сап етіп, бізге ілесті.
Көңіл алаңдатқан атыс жалғаса берді. Жарылыстар жарқылы
сәт сайын өкпе тұстан – Горюны деревнясы жақтан да жиілей
түскен. Сол төңірекке қарап тұрып Звягин ой қорытты:
– Тәрізі, ертең, басталатын шығар. Айтпақшы, міне, бастал-
ды да ғой. Біз дұшпанның аужайын біле қойдық та, осында ре-
зервімізді әкелдік. Неміс те, өз кезегінде, мұны тез аңдап, жауап
қайтаруға кірісті. Сөйтіп, біздің әскердің берекесін алмақшы.
547
Қарсаң. Горюны
Звягиннің тұжырымы нақты еді. Оның гүрілдеген даусын
– мірдің оғындай әрбір сөзін ести тұрып, қазіргі ахуалды пай-
ымдап, ақыл мен ақылдың майданы сырын ұққандаймын. Одан
қар түсінен ажырату қиынға соғатын, аппақ қыс реңімен бірдей
қылып боялған машинаның қасына келдік. Звягин аялдап, көк-
жиекке көз тікті.
– Жұдырықтай жұмылып, қапы қалмай, жаудың сазайын
беру – бұл... Бұл, жолдас аға лейтенант, сіз бен біздің міндетіміз.
Кенет оның емеурінінен мейірбандық лебі есті. Көлігінің есі-
гін ашып тұрып ой түйіндеген:
– Еңбегіміз ақталады. Егер о дүниеде Жаратушының қатаң
соты алдына барар болсақ, ештеңеден қаймықпаймыз: біз жер
бетінде өз парызымызды атқарудан бас тартқан емеспіз.
Ол маған қайратты да салмақты, ауыр қолын ұсынды. Есік жа-
былды да, машина жүріп кетті. Соңынан бірталай қарап тұрдым.
Иә, мен өз борышымды адал атқарамын.
Қарсаң. Горюны
1
Тағы едәуір уақыт Матренинода жүріп, Филимонов пен Тол-
стуновты ертіп, поселке айналасындағы шептерді араладым.
Одан – аяқты қайтадан үзеңгіге салғанмын. Торытөбелмен
Горюныға жөнедім. Ай жарығымен жылтыраған қатқақ төсеме
жол бір сәт орман ішіне қарай сүңгіді де, қайтадан қайқаң етіп,
ашық алаңға шықты. Жан-жағыма қарағыштап келемін. Аппақ
төбешікте жаңа қазылған окоп брустверлері қарауытады. Минут
сайын ана жер-мына жерде жалғыз-жарым снаряд жарылады.
Жарқ еткен жалын сәулесімен бірде мидай дала, бірде өркештен-
ген қыр басындағы үйлер көрініп қалады. Горюны деревнясы –
осы үйлер. Торытөбел мені жайдақ төбеде жатқан тас жолға алып
шықты. Асфальт бетіне әзірше қар түсе қоймапты, жел сыпырып
өткендей қап-қара. Жолдың екі жағын ала аласа шарбақпен қор-
шалған үйлер қатары тізілген.
Кей тұстарда, Матренинодағыдай, пеш мұржалары түтіндетіп
тұр, тәрізі, сарбаздар ас әзірлеп жатса керек. Қаңтарулы ат-ар-
Волоколамск тас жолы
548
балар көрінді: санитарлық арба аулаға кіргізіліпті; жол жиегін-
дегі екі зеңбірегімізді сақшының күзетіп тұрғанын байқадым.
Батальон штабының қайда орналасқанын сұрап алып, әрі қарай
аяңдаймын.
Біреу қарсы келе жатыр. Кескіні біртүрлі тосын. Солдаттық
бас киім, шиель киген, бірақ... Құлақшын астынан әдемілеп та-
раған әйелдің ұзын шашы көрініп қалады. Ат жүрісін тежедім.
– Кімсің? Қайдан жүрген адамсың?
– Сәлеметсіз бе, жолдас комбат?
Жымиғанда маржандай аппақ тісі көрінді. Биялай киген қо-
лын шекесіне көтерген.
– Заовражина, мұнда неғып жүрсің?
– Бұйрық бойынша біздің орнымыз осында.
– Кімнің бұйрығы?
– Санитарлық бөлім бастығының бұйрығы. Сіздерге екпе жа-
саймыз.
– Қайдан шыққан сайтанның екпесі ол тағы?
– Сүзекке қарсы егеміз. Біз «Молния» шамын таптық. Көп
ұзамай бастаймыз.
– Есің дұрыс па өзіңнің? Ертең бұл жер алапат өртке орануы
мүмкін. Аман-сауларыңда дереу тайыңдар.
– Жоқ, жолдас комбат, енді қуып жібере алмайсыз. Сізге
менің бастығыммен сөйлесуге тура келеді.
– Неғылған бастық ол?
– Екінші дәрежелі әскери дәрігер. Майор деуге болады. Әйел.
О кісі енді бұ жерден ешқайда кетпейміз деді.
– Олай болса өңгеріп апарып, лақтырып тастаймын.
Бұдан әрі бір ауыз тіл қатпастан, штабқа қарай жөнелдім.
2
Көшеде келе жатырмын. Әлдекім сыртымнан дауыстады:
– Жолдас комбат!
Бұрылып қарасам – Кузьминич. Бір қолымен жорық сөмкесін
ыңғайлай ұстап, ырсылдап жүгіріп келеді.
– Не боп қалды, Кузьминич?
– Жолдас комбат, баяндауға рұқсат етіңіз.
– Болыңыз, созбаңыз.
549
Қарсаң. Горюны
– Құп болады! – Ол, келсін-келмесін, устав сөздерін қолда-
нуға тырысып алқынып тұр. – Жолдас комбат, осында бір дәрі-
гер, медицина қызметінің майоры жауынгерлерге екпе жасай
бастады.
– Бастағаны қалай? Кім рұқсат берді?
Әлгінде Заовражинамен ұшырасқанымды ойладым. Ақыры
айтқанын істеуге кіріскен екен, сайтан алғыр!
Көкірегім қарс айырыла күрсіндім. Не пәле бұл! Не амал істе-
уге болады бұған!
– Жолдас политрук, бүгін ғана айттым ғой, әскери адам
екеніңізді қашанғы ұмытасыз? Ол майордың сізге бұйрық беруге
қақысы жоқ.
Кузьминич мойынсұнып, екі қолын төмен түсірген күйі менің
сөгісімді тыңдап тұр.
Майор-дәрігерге барып жолықпасыма болмады. Көшпелі ам-
булатория ең үлкен, сәулетті үйге орналасыпты. Бөлменің тө-
бесіне ілінген абажадай «Молния» шамының жарығы шатыр-
дай аппақ сейсеп жабылған үстел, сәкі, кереуеттерді жарқырата
түскендей. Пеш үстіндегі сырлы ақ легенде су қайнап тұр.
Ақ халат киген қараторы әйел бұрыла қарағанда, тартымды
бет-әлпеті мен өктем мінезі бірден байқалды. Медициналық ақ
қалпағы толық жаба қоймаған шашының қаралығы сонша, тіпті
алқаракөк бояуға малып алғандай екен.
Орындықта делбеші Гаркуша отыр. Жеңін түріп алған ол жа-
лаңаш білегін алға қарай маңғаздана созады. Мен айқай салдым:
– Гаркуша, мына жерді неғып айналсоқтап жүрсің? Кім рұқ-
сат берді?
Гаркуша орнынан тұрып, қипыжықтап қалады.
– Ескі танысымның шақыруымен келіп қалып ем, жолдас
комбат.
Е, Варя Заовражинаның тағы бір танысы табылды ғой!
– Жоғал, бұ жерден! Кәне, табаныңды жалтырат!
Шинелін қолына алған Гаркуша еңсесін жоғары ұстап, ешбір
абыржымастан, бөлмеден шығып кетті. Әйел-майор түсін суы-
тып ескерту жасаған:
– Жолдас аға лейтенант, кішкене әдеп сақтасаңыз қайтеді.
Және ең алдымен өзіңізді таныстырғаныңыз ләзім болар.
Волоколамск тас жолы
550
Мен ғафу өтініп, жөнімді айттым.
– Ал сізден, дәрігер, мына ермегіңізді доғаруыңызды сұрай-
мын.
– Қайдағы ермек? Біз екпе жасауға тиістіміз. Бұл дивизия
бойынша берілген бұйрық.
– Білмеймін. Рұқсат бере алмаймын.
– Несіне алаңдайсыз? Екпе жасалған адам өзін бір-екі күн
ғана жайсыз сезінеді. Оның есесіне кейін...
– Дәрігер, дұрыс түсініңіз, маған зор міндет жүктелген. Ер-
тең ұрысқа кірісіп кетуіміз мүмкін.
Дәл осы сәтте далада гүрс еткен кезекті жарылыс болды. Те-
резе әйнектері сылдыр қағып кетті. Мен сөзімді жалғастырдым:
– Біз бүгіннің өзіне от-жалынға орана бастадық. Өзіңіз
естімей тұрсыз ба?
– Естіп тұрмын. Мұнда тұрған не бар? Сіздің күйгелектігіңіз-
ге таң қаламын, жолдас аға лейтенант.
– Дәрігер, кешірерсіз, сізге бұдан артық уақыт бөле алмай-
мын. Мына жерден кетіңіз.
– Жоқ, менің де өз міндетім бар.
Мені әбден ыза буды:
– Екі сағаттан кейін батальон аумағынан көзіңізді жоюды
бұйырамын.
– Маған бұйрық беруге құқыңыз жоқ.
– Қараңызды батырыңыз!
Өктем, анығырағы, патшайымдай паң әйел басын кекжите
қалды:
– Бұл үшін сіз жауап бересіз! Біз бұл жерден ешқайда кетпей-
міз!
Осы сәтте Заовражинаның қайда жасырына қалғанын біл-
медім. Тегі, соны білуге де құмартпадым. Сөзді осылайша доғар-
дым да, есікті тарс жауып, сыртқа шықтым.
3
Менің шағын штабым да біртіндеп түгелдей жиналды. Матре-
нинодан – Заевтың жанынан Толстунов келді, ну орман арасын-
дағы дөңестен шаршап-шалдығып Бозжанов жетті.
Үн-түнсіз отырмыз. Пеште сытырлап от жанып тұр. Пештің
аузы ашық. От сәулесі тұсқағаз бетінде ойнайды. Өрнекке еріксіз
551
Қарсаң. Горюны
көз саламын: кір көтеретін сұрғылт қабырғаға үшқұлақ өсімді-
гінің күміс жапырақтары бейнеленіпті. Әлде, бәлкім, құстың ке-
скіні ме екен. Терезе жақтауының тұсындағы тұсқағаздың шеті
жыртылып, салбыраған бір ұшы жерге тиеді. Құстардың қақ ай-
ырылған бұл бөлігін енді ешкім қайта жапсыра қоймас. Үй иелері
жайды тастап кетіп қалған, ал біз... Біз уақытша, тіпті дәлірегі,
өткінші ғана тұрғындармыз.
Төрт бұрышты емен үстелдің бетінде Рахимовтың қағаз ша-
руашылығы жаюлы жатыр; біздей қылып ұштаған бірнеше бояу
қарындаш топографиялық карта бетінен сая тауыпты. Рахимов
хабарлама жазып үлгеріп, оны жөнелтіп те жіберген, қазір бір
парақ қатты қағазға батальон қорғанысының нұсқасын түсіріп
отыр.
Тимошин келіп кірді. Биязы мінезді жас лейтенант менің ты-
нышымды кетіріп, ойымды бөліп алмайын дегендей аяғын еппен
ғана басады. Сөйтті де, есік алдында селтиіп тұрып қалды.
– Не керек, Тимошин?
– Жолдас комбат, дивизия штабымен байланыс орнатылды.
– Жақсы! Бара бер!
Ол ізет көрсетті де, шығып кетті.
Телефон аппараты құндақталған жыртық, кенеп қорапша те-
резе ернеуінде тұр. Кезекші байланысшы-жауынгер аппарат қа-
сына барды да, маған бұрылды:
– Сізді шақырып жатыр, жолдас комбат.
– Кім?
– Жоғарыдан. Дивизиядан.
Тұтқаны алдым.
– Комбат па?
Звягиннің зор даусын бірден таныдым.
– Иә, жолдас генерал-лейтенант.
Байқап қалдым: Бозжанов шашы мұқият алынған доп-домалақ
басын көтеріп маған қарады. Одан қайта еңкейді.
– Бұйрықты орындадыңыз ба?
– Иә.
– Хабарлама жаздыңыз ба?
– Иә.
Волоколамск тас жолы
552
– Енді сізге бола алаңдамаймын... Немістің мінез-құлқы қа-
лай? Төпелетіп жатыр ма?
– Иә. Бірақ қазір сиретті.
– Көп ұзамай үнін өшірер. Сөйтіп, комбат, бұл түні тыныш
ұйықтайтын боламыз.
Әңгіме аяқталды. Толстунов елеңдеп сұрайды:
– Не деді?
– Бұл түні тыныш ұйықтайтын боламыз деді.
Үгіт-насихат нұсқаушысы сөзді бұдан әрі қазбалай қойма-
ды. Бәріміз қайтадан үнсіз қалдық. Бөлмеміз жабырқау, әзіл де,
қалжың да жоқ. Ой келді: осынша торығу мен құлазудың се-
бепкері мен емес пе екем? Түнеріп алып, штабымның үстінен
төніп тұрған көңілсіздік көлеңкесін туғызып отырған өзім болып
шықпайын!
Бітпеген істің жайы еске түседі. Телефоншыға дивизияның
санитарлық бөлімінің бастығымен жалғауды бұйырдым. Арада
бір минут өтісімен телефон тұтқасын тағы көтеріп, дәл бүгін
Горюны деревнясынан майор әйел мен оның көмекшілерін кері
шақыртып алуын сұрадым. Сымның арғы шетіндегі өзім сонау
Алматыдан бері жақсы танитын ақбас дәрігер-полковник қателік
жіберіппін деп өкініп қалды:
– Кешірерсің, Момышұлы, есімнен тарс шығып кетіпті!
Көсегең көгергір, біреуді жіберіп, сол қараторы сұлуды теле-
фонға шақырта қойшы. Бүгін-ақ кері алдырамын.
– Рахмет, жолдас полковник. Қазір шақырамын.
Дәл осы кезде есіктен аспаз Вахитов кірді. Ол да самарқау.
– Жолдас комбат, тамақ ішесіздер ме?
– Ішеміз! – деп жауап қаттым мен. – Әйелдер қауымымен бір-
ге! Кәне, жолдастар, кешкі қонақ асын жасайық!
4
Аспаз қарт лезде серпіліп, менің жайдарылығымды аңдап
күлім қағып, екі алақанын сарт еткізді. Бірақ сол бойда-ақ қа-
баржи қалып, кескінін әлдебір күйініш, үрей белгісі кіреукелеп
шыға келеді:
– Айтпақшы, жолдас комбат, кешкі асқа бізде қарақұмық
ботқасы ғана бар.
Мен абыржи қоймадым.
553
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз»
– Олай болса, шайға шақырамыз! Жолдастар, елшілік мис-
сиясын ұйымдастыру керек болып қалды: комбат өзінің өрескел
қылығына өкініп, өтініп кешірім сұрайды деу керек. Бозжанов,
менің елшім міндетін атқаруға қалай қарайсың?
Қалжырап, түсі күреңітіп отырған Бозжановтың кескіні қайта-
дан шырайлана түскенін байқаймын. Даусы да жарқын шыққан:
– Келісемін! Ондай ерліктен бас тартпаймын, жолдас комбат.
Ақыр аяғында біздің штаб та жылылық шуағына кенеле баста-
ды. Толстунов та сырт қалмаған – тісқаққан аға политрук өзінің
елші-досына жылпос Гаркушаны ерте кетуге ақыл қосты. Шы-
нымды айтсам, Толстуновқа іштей таңырқап та қалдым: сайтан
алғыр, білмейтін бәлесі жоқ.
Әйтеуір, жарты сағаттан кейін қонақтарымыз: петлицасына
майорлық белгісін таққан әйел мен Варя Заовражинаны мейман-
достықпен күтіп алдық.
– Дәрігер, – дедім мен, – біздің арамызда аздаған қақтығыс
болып қалған сияқты.
– Аздаған дейсіз бе? Солай-ақ болсын.
Мен дәрігерден кешірім сұрадым да, Варяға басқаларға бай-
қатпай, жұдырығымды түйдім. Сөйтіп, қонақтарды үстелге
шақырдық. Варя ешбір бәлденбестен, өз адамымыздай ортаға
қосылды. Асқақ мінезді «қараторы ару» да телефон арқылы өз
басшыларымен тілдескен соң, біздің дастарханнан дәм татудан
бас тартпады. Әйткенмен, ол қазір де әрбір ұшырасқан сайын со-
нау Горюныда өзін қалай сілкілеп алғанымды еске салып қоюды
ұнатады.
«Бұлай ұстау – айырылу
деген сөз»
1
Терезелерден перде орнына тұтылған плащ-палаткалар сыпы-
рылды. Бозарып таң атып келеді. Тыста тыныштық. Матренино
мен Горюныға жасалған сирек атыс таңға дейін-ақ тоқтаған; ұй-
қыға жатқан мен оның дәл қай сағатта доғарылғанын да аңда-
маппын. Қараша таңының сұрғыл бояуы ақырындап ашыла
түскен. Міне, тұман кіреукесі сейілген аспан кеш мезгіліндегіше
Волоколамск тас жолы
554
аздап көгілдір тартты. Осы әлсіз реңктің көрінуін күткендей-ақ,
неміс артиллериясы аяқ астынан бүкіл майданды басқа көтеріп,
күңіренген де кеткен.
Толстунов және Бозжановпен бірге далаға шықтым. Рахимов
та штабта шыдап отыра алмады. Мұншалықты гүрсілді көптен
естімеген едік. Атыстың алапат дүбірі үздіксіз жалғасты. Да-
уылды күнгі сұрапыл толқындар жолындағы кедергіні осылай
соққылар еді. Зеңбіректің дамылсыз атқылауы майданнан-май-
данға ауысты. Дүрсіл біресе оңға кетеді, біресе Филимонов пен
Заевтың ротасы жылжытылған жақта дүрілдеп, қайта оралады.
Одан атыс толқыны тағы да оңға қарай серпілді.
Әлгінде айтқанымдай, күн ашық еді. Майдан шебі орналасқан
ілгеріде әуелетіп әрі-бері қалқыған неміс бомбардировщиктері
кейде төмендей шүйлігіп, ажал жүгін төгіп өтеді. Жоғарыда екі
бақылаушы-ұшақ «горбач» шыр айналып жүр.
Түске дейін біздің артиллерия жауап қатпады. Ойымды ашық
айтайын, мұншалықты шыдамдылық – Панфиловқа ғана тән
мәнер. Алғы шепте бекінген өз әскерінің рухын демеу үшін оқ
шығармай, төрт сағат бойы тыныш жату оңай ма? Төрт сағат
тырс етпеу – солдаттың ерлігіне, оның парызға адалдығына сену;
сөйтіп сарбаздың да сеніміне ие болу деген сөз-тін.
Бұл үнсіздікпен не ұтамыз? Дұшпанның барлық артиллери-
ялық позициясы айқындалды, ал біздікі жасырын. Панфилов жа-
удың мақсатын зеңбірегінің даусынан аңдай білу керек деп жиі
айтатын. Артиллерияның орналасуы, топталуы, атыстың шоғы-
рлануы дайындалған негізгі соққының бағытын анықтауға мүм-
кіндік туғызады. Әлбетте, бұл ақиқат немістерге де мәлім. Олар
атыс толқынын майданнан майданға жылжытып, әскери қулыққа
басты. Енді оның дәл қай тұсты бұзып өтуге ниеттенгенін тауып
көр!
Артиллериялық даярлықтың түрлі әдістері бар. Мәселен: ал-
дымен алғы шепті төмпештеп діңкелетіп барып, атыс бағытын
тереңге, түкпірге қарай асырып жіберу. Немесе бастапқыда екін-
ші эшелон шебін нысанаға алып, резервтерді апалаң-топалаңға
салып, зәре ұшырған соң атыс нүктесін ауыстырып, алғы шепті
соғу... Сөйтеді де, бас салады!
555
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз»
Қарашаның он алтысы күні немістер осы екі әдісті ұштастыра
қолданды. Екі сағаттай алғы шепті атқылағаннан кейін, олар Ма-
тренино мен Горюныдағы бізді де бірнеше дүркін соққы астына
алды. Батальон өзінің жаңа шебінде алғаш рет шығынға ұшыра-
ды. Дәл сол минуттерде алдыңғы жақта не болғанын білмедім,
немістердің шабуыл жасаған-жасамағаны, қай межеден тиіскені
маған белгісіз еді; бірақ олардың артиллериясы нысананы қайта-
дан өзгертіп, шепті тағы да гүрсілдете ұруға кірісті.
2
Панфилов: «Бірінші тәулік сіз үшін жеңіл болады» деп бол-
жаған-ды.
Айтқаны айдай келді. Әйтсе де өз батальоным үшін оңай өт-
кен күннің кейбір жайын желдіртіп айта кетейін.
Түс мезгілі шамасында Горюныға менің қарауыма дивизия ко-
мандирі резервінен танкіге қарсы ататын зеңбіректер батареясы
келді. Бұл – Панфиловтың жау ниетіне қатысты өз тұжырымын
өзгертпегенін, менің шағын торабымды нығайтқанын білдіретін
белгі еді. Артиллерияшылар зеңбірек ұңғыларын әзірше қар баса
қоймаған Волоколамск тас жолына бағыттап, орман ішіне бекін-
ді.
Алдымызда зіркілдеген, күркіреген тасыр-тұсыр үн жалғаса
берді. Орман үстін бұйралана көтеріліп, көкті тұтқан қара түтін
қаптады. Ал біздің Горюны орналасқан жотада солдаттардың қа-
уырт қимылы толастаған жоқ. Сарбаздар жер тырмалап, қорға-
ныс ұяларын үздіксіз қазумен болды.
Шакоевтың взводы тас жол бойында жаттығып жатты. Мен
оларды шарбақ қасында тұрып, бірнеше минут бақыладым. Әне,
танкінің фанер макеті заулап, шұңқырда жатқан жауынгерге қа-
рай төніп келеді. Сарбаз неге қимылдамайды енді? Жоқ, қайт-
кенмен де үлгерді. Атып тұрып, бір сәт бөгелді де, гранатасын
лақтырды. Тамаша! Дәл тигізді! Ал анау ап-арық, кеудесі қу-
шиған Шилібаев – менің жерлесім. Енді, міне, қарай гөр өзіне!
Сенемін оған, қорыққаннан тұра қашпай, танкіге гранатамен
қарсы ұмтылатынына көзім жетеді.
Сүйретпе табанға қондырылған макет келесі жаттығу үшін
жылжып, орнына қайтты. Граната лақтыруға политрук Кузь-
минич дайындалып отыр. Солдат киімі – қысқа қонышты ауыр
Волоколамск тас жолы
556
етік, мақталы жылы шалбар, жауырын тұсы қодырайған шинель
– бұрынғыша қонбай-ақ тұр. Танк тақалып келеді. Кузьминич
ебедейсіздігін жеңбекке тырмысып, жас адамша ұшып тұрды да,
құлаш керіп, бұлғаң етті... Сол бойда-ақ Шакоевтің кавказдық
сөйлеу мәнеріндегі үні естіледі:
– Болмайды. Болмайды, жолдас политрук. Олай емес...
Тырналған, балшық жабысып былғанған хром етікті, денесі-
не шақ қылып кішірейткен телегерейкесі күйелештене кірле-
ген сымбатты дағыстандық лейтенант Шакоев, – тегі, үсті-ба-
сы жұлым-жұлым болса да, ерекше сәнқойлығын тастамаған
сияқты, өмірінде, бәлкім, бірінші рет танкіге қарсы ауыр грана
лақтыруға талаптанған қырық жастағы ғылым адамының қасына
дереу жетіп келіп, политрукті баппен баулуға кіріседі. Оның:
– Аспа, саспа, түсінесің бе? Ұстамдылықпен, жеңіл ғана
лақтыр, – деген сөзін естіп тұрмын.
Амалсыздан генералдың елеусіздеу, таңқы танаулау өкілі ойға
оралды.
3
Сол, қарашаның он алтысы күні онымен тағы бір кездесудің
сәті түсті.
Маған дивизия штабынан телефон соғып, бізге генерал Пан-
филовтың бұйрығы бойынша лейтенант Угрюмов бастаған танкі
жоюшылар командасының жіберілгенін айтқан. Әдеттегіше
қысқа ғана «құп болады!» деп, жинамалы креслома оралып – бұл
ыңғайлы кресло-кереуетті әлдеқайдан Синченко тауып әкеліп еді
– отырдым да, ойға баттым.
Өз хикаятымызда командирдің ой-толғамы туралы талай
айттық қой. Бұл сені тереңіне батырып әкететіні соншалықты
– кейде, бөлмені, маңайыңдағы ел-жұртты байқаудан қаласың.
Күшімді дұрыс орналастырдым ба? Егер жау мына тұстан келсе
не әрекет жасамақпын? Егер мына бүйірден жетіп келсе ше?
Жиырмасына дейін төтеп беру керек! Сан алуан амалды қа-
растырасың. Жаңылыспасам, Лев Толстой «Соғыс және бейбіт-
шілік» романы алғысөзінің нобайларында суреткердің алдында
миллиондаған нұсқа тұратыны туралы айтқан. Командир твор-
чествосы суреткер толғанысымен туыстас болуы мүмкін. Жиы-
рмасына дейін табан тіреуім қажет! Командирлік жасампаздық
557
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз»
зейініме ден қойған осы сағаттарда Панфилов жүктеген міндет
менің өз туындыма, өз перзентіме айналды.
Толассыз гүрілдеген атыс толқынының астында отырып
толғанамын. Ара-арасында күркіреген сарынның өкпе тұсқа қа-
рай ауысып, одан қайтадан бері қарай бұрылғанын түйсінемін...
Міне, біздің зеңбіректердің де гүрілі басталды, міне, біздің жой-
ғыш артиллерияның дүмпуі де жиіледі. Не болып жатыр өзі?
Шарпысып үлгерді ме? Немістер шабуылға көтерілді ме?
Кешке қарай Заев телефон соққан:
– Өздерінің әкесін таныттық, жолдас комбат.
– Не дейсің? Кімнің?
Ентігіп, асығып-аптығып, сөзін жалғастырды:
– Жусатып салдық. Жақынырақ жіберіп алдық та, көзіне көк
шыбын үймелеттік.
Оның алабұрта-алқына айтқан сөзін зор төзіммен тыңдадым,
сұрақ та қоймадым – мәселе түйініне өзі-ақ келер. Сөйтсем, За-
евтың ротасы бекінген өрге минометі бар әлдебір немістер тобы
сыналап өтіпті. Тәрізі, барлаушылар болса керек. Винтовканың
дүркірете атуынан бірнеше неміс жан тапсырады. Өзгелері қару-
дың қорғауымен, өлген адамдарын алып, жылыстап құтылады.
Жарты сағаттан кейін Филимонов қоңырау шалып, жағдайды
мәлімдеді: орман арасынан келген немістер Матренино станция-
сына да тұмсық сұғыпты. Біздің жауынгерлер оқ жаудырған соң
олар да тайған.
Бұл аралықта аспанды қою қара бұл торлап, қар жауып кет-
ті. Бөлме іші аздап күңгірт тартқан. Бір кезде кенеттен ымы-
рт жабылғанын аңдадым, – мұны өзім де байқамай қалыппын.
Зеңбірек күркірі ақырындап саябырлады. Москва түбіндегі жаңа
шайқастың бірінші күні аяқталды. Өз пайымдауымша, немістер
ешбір жерде біздің шебімізді бұза алған жоқ. Алғашқы күні олар-
дың алдыға мұндай мақсат қойған-қоймағанын білмеймін. Ша-
масы, дұшпан бірқатар жерге сыналап кірсе де, сыр алдырмай,
өзінің негізгі соққыны дәл қай тұстан жасайтынын сездірмеуге
тырысқан сыңайлы. Тегінде, Панфилов, әлгінде айтқанымыздай,
бұрынғы болжамынан айныған жоқ. Әйтсе де, оның да көңілінде
күмән бар. Түн ішінде маған телефон соққан:
– Амансыз ба? Не істеп отырсыз?
Волоколамск тас жолы
558
– Ойланып отырмын, жолдас генерал.
– Жөн екен. Менің де «ермегім» сол. Күніңіз қалай өтті?
Мен өткен күннің қорытындысын баяндадым. Әрине, мұ-
ның бәрі Панфиловқа мәлім еді: жағдайдың әрбір өзгерісін сол
бойда капитан Дорфманға мәлімдеп отырамыз. Алайда Панфи-
лов асықпай, асықтырмай, менің аузымнан сол мәліметті қайта
тыңдады.
– Демек, алыстан арбасқан екенсіздер ғой? – деді ол.
– Иә.
– Жөн... Угрюмов сіздерге келді ме?
– Әлі келген жоқ.
– Оған айтарсыз: Ядровоға майор Юрасовқа барсын. Жұртты
әрі-бері сабылтудың қисынсыздау екенін білемін, бірақ... Ойлана
келе солай шештім.
– Құп болады!
– Ал, сәттілік тілеймін, жолдас Момышұлы. Ұйықтап, ты-
нығыңыз. Ертең сіздің кезегіңіз.
Аппарат қасында тағы да бір минуттей үнсіз тұрдым. Панфи-
лов тағы да, – осымен нешінші мәрте, – қайран қалдырған-ды.
Ол жиырма-жиырма бес адамдық отряд туралы да, бұларды
қайда жіберсем деп, қабырға қайыстырып толғанады. Угрюмо-
втың осынау шөкімдей ғана командасы да – генералдың резерві.
Дивизия командирінің шаруасы оңай емес! Ал ертең-бүрсігүні
немістің соққысы күшейген үстіне күйшейген шақта біздің гене-
рал жаңа резервтерді қайдан алмақшы?
Телефон маңынан ұзаған соң штаб үстелінің басында тапжыл-
май отырған Рахимовқа генералмен арада болған әңгімені қысқа-
ша айтып бердім.
– Бізге ертеңгі күнге даярлануды, ұйықтап тынығуды тапсыр-
ды, – деп түйдім. – Жатып, үш сағаттай көз іліп ал, ал мен кезек-
шілік жасап, күзет орындарын тексеріп қайтайын.
Киініп, сыртқа шықтым. Жердегі қарды ұйытқыта үйіру-
ге дәрмені жетпеген жел ұшқындаған ақ қылауды ала қашады.
Бұдан бірнеше сағат бұрын ғана қап-қара қылып сыпырып та-
стағандай тас жол енді мамық ұлпаға оранып, жақындағы да,
алыстағы аппақ әлеммен астасып жатыр. Түнгі ақшыл мұнарды
ара-арасында зеңбірек даусы ғана тітіретіп қояды. Міне, Матре-
559
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз»
нино жақтан тарс еткен үн естілді. Міне, мұндағы ашық төбешік-
те де бұлыңғыр сәуле жылт етіп, соңынан гүрс еткен толқын
жүгіре жетті. Тағы да бірнеше минут тыныштық орнай қалады.
Одан сатырлаған жарылыс және жалғасты. Немістер дәл өткен
түндегідей Матренино мен Горюныны назардан тыс қалдырмай,
жүйкемізді ширықтырып, оқпен түртпектейді.
Дөңді бөктерлеп Москва бағытына қарай, тас жолды қиып
өтетін теміржол табанына беттей беріп, – ондағы жол үйшігінің
қасында да күзетіміз бар, – Угрюмовтың отрядын кездестірдім.
Жұлдызсыз көкте жаңа пайда болған ақ шымылдық әлдебір әлсіз
сәуле шашыратып, түн түнегін ағараңдатып тұр. Сырмалы кеу-
деше киген аласа бойлы, талдырмаш қана Угрюмов түн ішінде
маған тағы да бала секілді көрінді; өзі мені танып, сарбаздарына:
– Тоқта! – деп команда берді де, жағдайды мәлімдеу үшін жа-
ныма келді.
Мен оған генералдың тас жол бойымен Ядрово деревнясына
барсын деген бұйрығын жеткіздім. Угрюмов көңілсіздеу кейіп-
пен тамағын кенеді.
– Жігіттер шаршаңқырады. Осында қонсақ па деп ойлап едік,
жолдас аға лейтенант.
– Тынығыңыздар, – дедім мен. – Адамдарыңызды ауқаттан-
дыруға бұйрық берейін.
Угрюмов өзінің сонадайда қараңдап тұрған командасына бір
қарап қойды.
– Жоқ, жолдас аға лейтенант, рахмет. Әрі қарай асайық. Әйт-
песе босқа қалжырап әуре болармыз.
Қоштасарда ол:
– Бірге соғыса алмағанымыз өкінішті, – деп қалды.
Бұдан бірнеше күн бұрынғыдай, осынау бозбала дерлік жігіт-
тің аузынан шыққан мұнша байсалды сөз тағы таңырқатты.
Орыстар көбінесе амандасып немесе қоштасып тұрып, қо-
лыңды сілкілей ұстап, осы арқылы өзіңе деген достық ықыла-
сын, сый-құрметін білдіреді. Угрюмов тек білегімнен қысты да
қойды. Сығымдай мытығанда ересен күшін сезініп: «Қолының
қарулысын қарашы!» деп ойладым мен.
Ол ізет етті де, өз адамдарына қарай жөнеді.
Волоколамск тас жолы
560
Штабтық үйімізге, шамамен, түн ортасына қарай бір-ақ орал-
дым. Ұйқыдағы Рахимовтың біркелкі пысылдағаны естіледі. Аса
ұқыпты бұл жігіттің бойында өзім өзге ешкімнен кездестірмеген
айрықша бір қасиет бар. Егер оған: «Үш сағаттай ұйықтап ал»
десең, дәлме-дәл үш сағаттан кейін көзін ашып, орнынан тұрады.
Оятып жатудың қажеті жоқ.
Мен отырып алып тағы ойландым. Түнгі тыныштықты
бұрынғыша арагідік жарылыстар дүмпуі бұзады. «Ертең сіздің
кезегіңіз», – деді Панфилов. Ойымның бәрі сол жақындап келе
жатқан кезегімізге берілген.
Өзінің дәл уақытында Рахимов та орнынан тұрды.
– Тынығыңыз, жолдас комбат.
Кросло-кереуетке созыла жатып, көпке дейін көз іле алмадым.
Алдағы күнді ойлап, елегізумен болдым. Тек таңға қарай талық-
сып кетіппін.
4
Бұл күні, қарашаның он жетісінде зеңбіректер он алтысына
қарағанда ертерек күңіреніп кетті. Таң сәл бозарысымен-ақ атыс
толқыны бүкіл майдан шебін шарпыды. Немістер тура кешегідей
соққылаған – гүріл біресе оң жаққа ауысып, біресе қайта ора-
лып солға жылжып, одан тағы да оңға лықсыды. Осылайша таң
алагеуімде алдымыздағы күркіреуік-маятник әрі-бері ауытқып,
тербелді де тұрды.
Зеңбіректер сарынына құлақ түре отырып, еріксізден, дивизия
шебінің әзірше барлық майданда берік екенін, ал немістердің, қай
межені діттейтінін білдірмей, соққы даярлап жатқанын аңдай-
мын. Біздің артиллерия өткен күндегідей емес, бірден жауап қай-
тара бастады. Зеңбіректеріміз тұс-тұстан гүрсілдеді.
Сыртта күн әжептәуір ағарды. Қар үстінен бұлтты аспан төніп
тұр. Кенет дыбысынан немістердің атыс тәртібіне өзгеріс енгенін
аңғардым. Дивизияның алғы шебінің орта тұсынан солға қарай –
тас жол бойындағы Ядрово деревнясы маңында тарсыл жиіледі.
Ал шептің оң қанатын атқылау қарқыны бәсеңсіген. Енді ешбір
күмән қалмайды: бір қапталды жеке-дара зеңбірек пен батарея
соқса, екінші жақты орасан ұңғысын бағыттаған дивизион ұрып
жатыр деген сөз. Расында, дұшпан сол қапталдан оқ-дәріні ая-
мауға айналды, ондағы дүбір біртіндеп күшейіп, екпін ала түсті.
561
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз»
Ендеше, бәрі түбегейлі шешілген, бұзып өтетін меже белгілен-
ген; жау енді, Панфилов күнібұрын болжағанындай, біздің орта-
лығымыз бен сол жақ қанатты зеңбірек күрзісі арқылы барынша
төпелеп, өзіне жол ашуды көздейді.
Бөлмедегі бәріміз жүзіміз сұрланып, үнсіз қалдық. Жүйке
ширығатын таныс сәт – немістердің шабуылын әлі алғы шептен
шалғайда жатқан өзіміздің штаб үйіне-ақ күтіп отырмыз. Аздап
сергіп, серпілу үшін дивизия штабындағы капитан Дорфманға
телефон соқтым. Әшейін, бір-екі ауыз тіл қатысып, дауысын
естігім келеді.
– Жолдас капитан, амансыз ба?
Әрдайым сыпайы, ашық-жарқын Дорфман менің сәлеміме жа-
уап қайтаруды да ұмытып кетті.
– Иә, не болып жатыр?
– Бізде ешбір өзгеріс жоқ.
– Сонымен не айтпақсың?
Дауыс ырғағынан: не керек өзіңе, сол жайбарақат қалпыңда
тыныш отыра бермейсің бе деген ыңғай сезіледі.
– Кешіріңіз, тек жағдайды мәлімдемекші едім.
– Ә... Жақсы олай болса!
Мембрана ақырын ғана тырс ете түсті. Арғы жақтағы тұтқа
орнына қойылды.
Арада, шамамен, бір сағат өткенде немістер атысты біздің май-
данның түкпіріне қарай алмастырып, Матренино мен Горюныны,
Заевтың ротасы бекінген кенерді төмпештеді. Дәл осы сәттерде
немістердің танкілері мен жаяу әскерінің де алға ұмтылғаны
даусыз. Атқа жегілген артиллериялық зеңбіректер шепті бұзып
кірген немістерден шегініп, атыс позицияларын өзгертіп, біздің
тұсымыздағы тас жол бойымен заулап өте ме деп күткен едім.
Жоқ, бірде-бір зеңбірек қыбыр етпеді. Бұдан артиллерияшыла-
рымыздың тайсалмағанын түсіндім.
5
Телефоншы дауыстайды:
– Жолдас комбат, дивизия штабы шақырады.
Тұтқаны көтердім. Мембранадан Панфиловтың қарлығыңқы
таныс даусы анық естілді:
– Жолдас Момышұлы, сіз бе?
Волоколамск тас жолы
562
– Иә.
– Не болып жатыр сіздерде?
– Артиллериялық атыс. Дұшпан оқ астына алды.
– Қандай атыс? Неткен атыс?
– Өте салмақты атыс, жолдас генерал.
– Дәлірек? Дәлірек айтыңыз! Былай жасаңыз, жолдас Мо-
мышұлы, далаға шығыңыз. Сіз артиллеристсіз ғой. Не болып
жатқанын өз көзіңізбен көріңіз, жарылыстарды бақылаңыз. Со-
дан соң маған мәлімдеңіз.
Қылышымның қайыс бауын иығымнан асыра тастай салып,
әзірге терезелерінің әйнегі сау штаб үйінен ашық аспан астына
шықтым. Есік алдында кезекшілікте жүрген Гаркуша тұр. Ол қа-
руын сақ еткізіп, ізет көрсетті.
– Неміс қалай? – деп сұрадым. – Қуысқа қуып тығатын түрі
жоқ па?
– Жоқ. Шыдауға болады, жолдас комбат.
– Аязбен алысып тұрсың ба? – деп сөзімді жалғастырамын.
– Дәл солай. Сақшы жазда – аптапты, қыста аязды күзетеді.
Ешқашан қыңбайтын, сөзге тапқыр ат айдаушының қасынан
ұзаған соң шарбақ сыртына шығып, ақ ұлпа қар жамылған тас
жолға қарай беттедім. Әзірше жол төңірегіне автомобиль дөң-
гелегінің ізі түсе қоймапты. Көз жететін маңайдан жаяу да, ат-
тылы да ешкім көрінбейді. Деревня тына қалған. Бір бүйірде қа-
рауытқан орман арасынан ақ жалын жалтылдап тұр. Сол жерден
біздің ауыр зеңбіректер алыс межені оқ астына алғандай. Бұлар-
дың атысының дыбысы неміс зеңбіректерінің жер күңіренткен
дүмпуінің қасында түк естілмейді десе болады. Ана жер-мына
жерде бризант гранаталар гүрс-гүрс жарылып, шрапнель оқ та-
сыр-тұсыр етеді.
Құлақ тігіп, немістердің бұрынғыша үстемелете атып жатқа-
нын аңдадым. Көз сала қарап, оқтарының жан-жаққа шашырап,
бір-бірінен өте алшақ құлайтынын байқаймын. Бәрі кезектесе
қатар түсіп, бірнеше жарылысқа ұласып, жантүршіктіре, ныса-
наға түйдектеле тиетін ең дәл, өте қатерлі снарядтар жоқ. Әуеде
мақтаға ұқсаған түтін түйдектері пайда болды. Бірақ бұлар аса
көп емес. Түтін көбіне қар бетінде бұрқылдайды; бұлар тым ала-
са болғандықтан, гранатаға толтырылған оқтың самғай ұшуы-
563
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз»
на кедергі келтіреді. Мұндай жарылысты артиллеристер «тұм-
сықпен соғу» дейді. Ал тым биіктегі жарылыс «тырна қанаты»
деп аталмақшы. Немістің түгел дерлік снарядтары – ашық алаңға
арналған бризанттығы да, орман ішіне шашырата ұратын быты-
ралары да тура осындай оқтар еді. Біздің жауынгерлік тәртібіміз
– жеке-жеке окоптар тізбегі тығыз емес: немістің жобалап атқан
сирек соққылары нысанасына дари қоймайды. Иә, Панфиловпен
сөйлескен сәтте соққылары салмақты деп бекер айтқан сияқты-
мын.
Штабқа қайта келіп, Панфиловқа аулада көрген жәйтті баян-
дадым. Бастырмалатып, керекті де, керексіз біраз сөзді сапыр-
дым білем. Генерал неғұрлым көбірек сөйлеуімізді ұнатады деп
ойлап, осыны Панфиловтың қызық мінезіне балайтынбыз. Ал
бізді «Қысқа сөйле, нақты айт!» деп тәрбиеледі емес пе. Істің
жайын тақ-тұқ еткізіп баяндайсың да, жөніңе кетесің. Панфилов
болса, сөзіңді құлақ қоя тыңдап, әр нәрсенің ұсақ-түйегіне дейін
тәптіштеп сұрайды.
– Оқ шашыраңқылығының арасы өте алыс па? Шамамен, жо-
балап алғанда неше метр, жолдас Момышұлы?
Бұл – Панфиловтың білгірлігін байқататын ерекшелік. Ар-
тиллерия позициялары нысанадан неғұрлым алыс болса, оқ та
соғұрлым шашылып түспекші. Біздің алғы шеп әлдеқашан бұ-
зылған да шығар, бірақ неміс артиллериясының шебі өте ұзақта,
ең шеткі межеден атқылап тұр.
Кейінірек пайымдағанымдай, дәл әлгі кезде алдыңғы жақта
шайқасқан әскерлермен Панфиловтың байланысы үзілген екен.
Снарядтардың жайылыңқылық мөлшері, Горюныдағы жарылы-
стар сипаты, өзге де бірқатар белгі оған арагідік байланыс орны-
на қызмет етіп, майдан ақпарын жеткізген болып шықты.
6
Кенет осынау артиллериялық тасыр-тұсырдың бәрі біртін-
деп тыншиын деген. Немістердің ату қарқыны бұрынғысына қа-
рағанда күрт бәсеңсіді. Снаряд жарылысы сиреді. Панфиловқа
осы өзгеріс те баяндалған. Оның мырс етіп күлгенін естідім:
– Ім-м... Позиция ауыстыру ғой. Алдында саусақ ұшымен
түрткілеп көрсе, енді әзір болыңыз: жұдырық сілтейді.
Уақыт зуылдап өтті. Заев телефон соққан сәт түс әлеті еді.
Волоколамск тас жолы
564
– Жолдас комбат, минометтен аямай ұруға кірісті.
– Не байқадың?
– Бұлақтың арғы жағасында, орман шетіне шыққан немістер
мина астына алды. Бас көтертер емес.
Заев менің жауабымды күтіп, бөгелді. Екі иінінен демалып,
ырс-ырс етеді. Бұған не дейін? Алыстан бет қаратпай ұрған ми-
наға қарсы винтовкадан оқ ату қисынға келмейді. Ең бастысы,
адамдарды аман сақтау.
Бұйрық бердім:
– Тырс етпей жата тұр. Шабуылдап жететін болса, баудай
түсір!
Немістер бұл мезгілде Матренино станциясына тақалған еді.
Онда да минометтерін әкеліп, біздің окоптарды төпелеуге кірісті.
Жауынгерлер мұнда да тоң жерге бұғып, тайыз шұңқырларды
сағалады. Станция іргесіндегі селдір бекінісімізді мина астына
алған немістер шабуылға шыққан. Оларды оқ атып қарсы алдық.
Алғашқы соққы оңай тойтарылды. Алайда шегінген жау әрбір
окопты, әрбір винтовка ұясын белгілеп үлгергендей. Он шақты
ұңғыдан тағы да мина жаудырды. Арагідік окопқа ұшқан сна-
ряд жарықшағы сарбаздарды жайратпай қоймайтыны түсінікті.
Жараланғандар қар бетімен жылжып, поселкеге қарай жылжи
бастады, ауыр жаралыларды санитарлар арқалап әкетуге кірісті.
Мұның бәрін маған телефон арқылы Филимонов хабарлап
тұр. Ол кенеттен мәлімдемесін бел ортадан үзді:
– Тағы анталап келеді, жолдас комбат.
Филимоновтың Заевтан бір айырмашылығы – қобалжуын бай-
қатпайды, дауысы әрдайым нық. Табандылығы мен батылдығын
алыстан-ақ аңғарамын. Мен оған:
– Пулеметшілерге шабарман жөнелт. Біраз тыныш жатып,
жауды жақынырақ жіберсін, – дедім.
– Құп болады, жолдас комбат. Түсіндім. Тойтарамыз!
Арада бірнеше ғана минут өткенде Филимонов қайтадан ба-
яндады:
– Серпіп тастадық, жолдас комбат. Қарсы алдынан оқ жауды-
рып едік, бірден безе қашты.
– Ал қазір не болып жатыр сенде?
– Тағы да мина астына алды.
565
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз»
– Шығын қаншалықты?
– Аса көп емес, жолдас комбат.
Мен Филимоновтың өз-өзіне сенімділігін, ұстамдылығын
ылғи жоғары бағалаушы едім. Осы қасиетімен солдаттарға оңды
ықпал етеді. Қазір менің де жанымды жаралап алудан сақтанып,
аса жабырқатпауды қалап тұр. Сайтан алғыр, мұндайдың не қа-
жеті бар? Тіксіне сөйледім:
– Аса көп емес деген не сөз? Нақтырақ айт.
– Құп болады! Анықтайын, жолдас комбат.
Ұзамай Филимонов өлгені, жараланғаны бар, ротаның жиы-
рма адамнан айырылғанын мәлімдеді. Енді маған немістердің
Матренино маңындағы тактикасы айқындала түскен. Олар адам
күшін аман сақтауды, ілгері жылжығанда көп қан төкпеуді көз-
дейді. Ондай шығынға ұшырағанша уақыт жоғалтуды құп көреді.
Бірақ бұлар бізге Матренино үшін қанша сағатын сарп етер екен?
Мұны есептеп шығу қиын емес. Екі мәрте өңмеңдеп кіргенде екі
жолы да қарсы алдынан жауған оққа кезігіп, дереу кейін серпіл-
ді, әйтсе де, менің солдаттарымды минамен төпелеуді тоқтатқан
жоқ. Екі рет соққанында Матренино станциясының жиырма
қорғаушысынан айырылып тындық. Бүйте берсе, Филимонов ро-
тасында қалған солдаттар қашанға дейін тірі тұрады? Осындай
ауыр-ауыр он бомбалау қайталанса, жаппай қырылып бітеді дей
беріңіз. Бұл сұмдық қай кезде болуы мүмкін? Тек бүгін емес. Ал
ертең Матренино окоптарында аздаған ғана, ең соңғы жауынгер-
лер атысып, тырбанып жататыны анық. Қалайда, ар-намысқа кір
келтірмей, жауынгерлік борышымызды абыроймен өтейтінімізге
сенімдімін.
Жоқ, менің борышым – міндетті орындап, жиырмасына дейін
табан тіреп тұру. Тек станцияны қалай сақтап қалмақпын?
7
Заев қайтадан хабарласты.
– Жолдас комбат, немісті екі мәрте тұмсықтан соқтық. Көпір-
ден әрі қуып тастадық. Ал қазір минаның астына алып, әкетіп
барады. Шыдатар емес, жолдас комбат.
– Отыра тұр.
– Немістерге танкілері қосылғалы жатқан сияқты. Моторла-
рының гүрілі анық естіліп тұр.
Волоколамск тас жолы
566
– Отыр, атушы болма.
– Ал бізге қарай лап қойса қайтпекпіз?
– Шыда, оқ атпа, өзіңе мейлінше жақын жібер, орманға кері
қайтатындай мүмкіндік қалдырма. Ұқтың ба? Осыны жауынгер-
лерге түсіндір.
Арада тағы біраз уақыт өтті. Терең креслоға жайғасып алып,
қабырғаға қарап, ойға батамын. Тұсқағаздағы парлап самғап жүр-
ген құстарды елестететін сол баяғы жапырақтар кескіні көзіме
түседі. Жайылған қанаттарына, имек тұмсығына үңіле қарай-
мын. Терезе жақтауының тұсында қағаздың жыртылған бір шеті
еденге тиіп, әлі жалбырап жатыр. Жұлынып қалған бұл құстарды
енді ешкім көтермейді. Үнсізбін. Штаб бөлмесіндегілердің бәрі
де тым-тырыс. Штабымның бастығы, бір орыннан тапжылмай-
тын, тыңғылықты Рахимов үстелге еңкейіп, әлдене жазып отыр.
Өзіңіз сырттай білетін Бозжанов – мен оны штабтың отырмай-
тын бастығы деп атаймын – кез келген мезетте шыға жөнелу
үшін шинелі мен құлақшынын киіп алыпты: тапсырмамды күтіп,
елең-елең етеді. Батальонның штаттан тыс комиссары іспеттес,
арамыздағы шені жағынан ең жоғары Толстунов та малақайшаң
күйінде кереуетке жайғасқан. Оның әдеттегі еркін, тәуелсіз кейпі
көзден бұл-бұл ұшқандай. Өзі қабырғаға сүйене кетпей, кеудесін
тік ұстап, ара-арасында ағытулы жүретін сарғыш-жасыл гимна-
стеркасының қайырма жағасын мұқият ілгектеп қойыпты. Таңер-
теңнен бері-ақ: «Маған тапсырма бер, комбат!» деп жүр. Бай-
қауымша, бұл да Бозжанов секілді әрекетке құлшынады. Штаб
менің сөзімді күткен. Бірақ не айта қояйын. Іштей толғанғаннан
өзге шарам жоқ.
Тағы да ызылдаған нәзік шиқыл естілді – телефонға шақы-
рады. Тұтқаны көтердім. Қайтадан Заевтың ентіге тыныстағаны
естілді. Үздік-создық сөзінен, тәрізі, орыстар қырылып бітті деп
ойлаған немістердің орманнан қайта шығып, сонда да тұтылып
қалудан қорқасоқтап, шепке тіке тартпай, қос қапталдан орағыта
өтуге ұмтылғанын ұқтым. Әне-міне, қанды шеңгелді батырып,
бүріп жібермекші.
– Қоршап, екі өкпеден қысып келеді, жолдас комбат. Екі мәр-
те тойтарыс бердім.
Байқауымша, ол шегінуге бұйрық береді деп күтетіндей.
567
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз»
– Тырп етпе, – дедім мен.
– Шығатын саңылауды бітеп тастайды ғой, жолдас комбат.
– Тапжылма, Семен! Не бармыз, не жоқпыз! Нар тәуекел.
«Не бармыз, не жоқпыз!» дегенде не айтқым келгенін өзім де
білмеймін. Бірақ сөзімді жалғастырдым:
– Қоршай берсін! Бір адым да шегінуші болма!
Тырс еткен дыбыс шықты... Байланыс үзіліп, мембрана кенет-
тен тына қалды. Заевпен арадағы сөзіміз ортасынан кесілді. Ай-
қай салғанмын:
– Тимошин!
Байланыс взводының бастығы, жас лейтенант албар жақтан
лып етіп жетіп келген. Ылғи маңайдан табыла қалатын ол, тіпті
көзіне түсіп, қас-қабағыммен де ойын бөліп алмайыншы деп
сақтанғандай, аяқ басқан сыбдырын білдіртпейді.
– Тимошин, адамдарыңды жібер! Заевпен байланысты қал-
пына келтір!
– Құп болады!
Осынау әскери сөз оның көгілдір көздерінен-ақ көрініп тұрған-
дай еді. Келесі секундта ол терезе сыртынан жүгіріп өтті.
Панфиловқа телефон соқтым:
– Мәлімдеуге рұқсат етіңіз. Белгідегі рота екі дүркін шабуыл-
ды тойтарды. Қазір қоршауда қалды. Арадағы байланыс үзілді.
Баяндағанда жағдайды еріксізден асырыңқырап айтыппын.
Заев маған әлі де шығатын дәліздің бар екенін мәлімдеді ғой. Рас,
немістер оны бұғанша бітеп те үлгеруі ықтимал. Жоқ, мен өз ко-
мандиріме істің барысын мейлінше дәл, шынайы жеткізуге мін-
деттімін. Сөйттім де, ротаның жолы әзірге түгелдей жабылмаған
болар деп өз-өзімді түзеттім.
Панфилов тамағын кенеді де қойды. Көңілімнің терең түкпірін-
де «Белгіні тастап, бері қарай өтіп кетсін» дей ме деген дәме бар.
Жоқ, ол мұны айтпады. Мен сөзімді жалғастырдым:
– Матренино үшін ұрыс жүріп жатыр. Немістер онда да екі
мәрте бұза-жара өтуге әрекеттенді, бірақ оқ жаудырып, тойтар-
дық. Ал Горюныда тыныш.
– Тыныш па?
– Иә, жолдас генерал.
Волоколамск тас жолы
568
Волоколамск тас жолына тосқауыл болып тұрған шағын қа-
малымыз – Горюны сол күні жан-жағынан қымтаулы еді: сол
жағында Филимонов пен Заевтың ротасы, асфальттан тікелей –
Ядрово селосындағы қорғаныс торабы, оң жағында Панфилов
штабы орналасқан Шишкино деревнясы тұр. Генерал: «Горю-
ныдағы ротаны станцияға жіберіңіз» дейтін шығар; сөйтіп, тағы
бір рота тауып оны Горюныға жөнелте ме деп күттім. Жоқ, бұл
үмітім де ақталмады. Панфилов:
– Жағдайдың бәрін мәлімдеп тұрыңыз, жолдас Момышұлы, –
деді де, тұтқаны орнына қойды.
8
Телефонға Филимоновты шақырдым.
– Заевтың тарабы тұсынан сақтан.
– Неге? Не болып қалды онда?
– Абайла! Түсіндің бе? Онымен арада байланысым жоқ.
Жағдайың қалай?
– Жер тітіреп тұр. Дегенмен оқасы жоқ. Шыдап береміз.
– Тағы қанша адамыңнан айырылдың?
– Анықтап жатырмын, жолдас комбат. Мәлімдеймін.
Маған ол тағы да еңсе езетін хабармен берекесін алып, жанын
күйзелтпейін деп тұрғандай көрінді.
– Жаралылар қайда?
– Өздері жүре алатындары сізге қарай кетті. Ал ауырлары
осында, поселкеде.
– Солай де... Жаралыларды әкету үшін саған ат-арба жіберей-
ін. Қазір бес арба барады.
Филимонов: «Бес арбаңыз не, екеуі де жетеді!» деп шыр ете
түсер дегем. Бірақ ол қарсылық білдірмеді. Сайтан алғыр, сонша-
ма шығынға ұшырағанбыз ба?!
Сөйлесіп болғаннан кейін жаным сыздап, телефонның қасын-
да біраз тұрдым. Одан соң бұрылып, Бозжановқа айттым:
– Пономаревқа барып кел, жаралыларды алып шығу үшін
Филимоновқа дереу бес арба жіберсін.
Бозжанов жұлып алғандай:
– Бесеу ме?! – деп аңтарылды.
569
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз»
Менің осынау сезімтал, елгезек жерлесім, әлбетте, жігерімнің
құм болғанын сезініп-ақ тұр, әмірімнің де қаншалықты ауыр
екенін жақсы түсінеді. Сол бойда Толстунов атып тұрған:
– Комбат, бәлкім, мен барып қайтармын?
Тағы да аңдаймын: Толстуновтың бұрынғыдай ырғатылған
әдеті жоқ, сергек. Оның жинақы кейпі: «Маған арқа сүйе!» деп
тұрғандай.
– Асықпа, Толстунов. Отыра тұр, – дедім мен.
Қайтадан Бозжановқа қайырылдым:
– Арбаларды ал да, станцияға тарт. Сонда барып, мән-жайға
қанығып қайт.
– Құп болады! – деді Бозжанов.
Өзінің бірталай дамылдаған кезімізде бұлтия қалған беті, кеше
ғана жылтырап жүрген жүзі бір таңның ішінде қуарып, жүдеді де
қалды. Езуінен кетпейтін күлкісі де зым-зия жоғалыпты. Ұшқыр
да байыпты жігіт ізет көрсетіп, шығып кетті.
9
Бөлмеде тағы да тыныштық орнады. Толстунов кереуетке қай-
та тізе бүкті, мен креслоға жайғасып, сең соққандай күйде қабы-
рғаға қадалдым.
Тағы да ой иектейді. Заев қоршауда. Филимоновтың сарбазда-
ры бірінен кейін бірі қатардан шығып жатыр. Не істеймін? Жиы-
рмасына дейін қалай шыдамақпын!
Сыртқа шығып, ұрыс дүбіріне құлақ қойып, олай-бұлай қы-
дырыстауға көңілім ауды. Құлақшынымды киіп, қылышымның
қайыс бауын иықтан асыра тастап, штаб үйінің есігі алдындағы
басқышқа аттадым. Тағы да сақшыға көзім түседі. Бұл енді Гарку-
ша емес еді. Сонда кім? Жағасын көтеріп, желден ықтасындаған
аласа бойлы қызыләскер бүкшиіп, мылтығын құшақтай ұстап
тұр. Милығына баса киген малақайының құлақтарын түсіріп,
бауын байлап алыпты. Аяғымның дыбысын естіп, лезде бері
қарады да, қаруын сақ еткізіп, ізет көрсетті. Шилібаев! Өзінің
қоңырқай суалыңқы жүзі, тәмпіш келте танауы аяздан қызарып
кетіпті. Бір мезет, әлдекім қамшымен осып жібергендей, тұла
бойым дір етіп, қимылсыз қалдым. Шилібаев! Бәрі күні бүгінгі-
дей көз алдыма келді. Мен арық деп атаған бұлақ басындағы бір
минут. Өзімді жылап тұрған шәпеті денелі жерлесімнің орнына
Волоколамск тас жолы
570
қойып көрген сәт. Ар-ұяттан жұрдай болып, жарлауыт жиегінде
ату жазасына бұйырылып тұрмын. Және мені мерт қылатын жа-
удың оғы емес, сатқындығымды кешірмей, әскери әділдікті іске
асыратын Отанның өз адал ұлдарының оғы.
Басқышқа аттап, үскірік аяздан дірдек қаққан Шилібаевты
көрген заматта санамда ештеңеден тайынбай, өз-өзіме үкім кесу
туралы ойдың зулап өткені рас.
Сақшының сәлеміне үнсіз ишарат жасап, тас жолға қарай бет-
тедім.
Жер-жерде жүріп жатқан ұрыс дүбірі бірде көмескі, бірде ай-
қын естіліп тұр. Өз штабымен бірге Панфилов орналасқан Шиш-
кино деревнясы жақтан құмыққан тарсыл құлаққа жиі жетеді.
Іргедегі орман арасынан да біздің зеңбіректер гүрс-гүрс соққы-
лайды. Сондағы ағаштар үстінен әлсін-әлсін бытыра оғының
дөңгеленген аппақ түтіні көтеріліп қояды: немістер батареяны
жаншып тастауға тырысып, жоғарыдан оқ жаудыруын тоқтатар
емес. Қазір «тұмсықпен соғу» да, «тырна қанаты» да жоқтың
қасы еді – жау өз артиллериясын жақын әкелді. Ұйытқыған жел
алыстан дамылсыз тақылдаған пулемет үнін жеткізеді. Сонау
алдыда, орман қатарынан әріде біздің «қырықбес» деп аталатын
танкіге қарсы зеңбіректеріміздің іске кіріскенін аңдаймын. Ма-
тренино станциясы тұсынан тұтаса атқылаған минометтердің әл-
сіз дыбысы құлаққа шалынады. Ал мұнда, Горюныға немістер
ара-арасында ғана бірді-екілі жарықшақты снарядын тастап қой-
ып отыр. Ана жерден де, мына жерден де қар бетіндегі қап-қара
жарылыстар дағын көресің. Аппақ ұлпа бүркенген тас жол бойы-
ның да әр тұсынан таяз шұңқырлар қарауытады.
Терең ойға шомып, бір тармағы Матрениноға шығатын жол
торабына қарай аяңдадым. Алыстан-ақ байқадым: осынау тапта-
уырын сүрлеумен жаралылар тізбегі шұбырып келеді. Аңсаңдап,
аяғын әрең басқан кейбіреуі, арасында бір тоқтап алып, қайтадан
ілбиді. Мен жол айрығында күте тұруды ұйғардым.
Алдыдағы сүйретілген Голубцов екен. Алдыңғы күні алакө-
бең шақта тастай қатты жерді, от ұшқынын шашырата, құшыр-
лана қазып жатқан осынау бойшаң солдатты – батальонның ән
бастаушысын ә дегенде танымай да қалдым. Шинелін желбегей
жамылыпты. Гимнастеркасының жағасы иық тігісі тұсына таман
571
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
аздап жыртылғаны байқалды. Біртүрлі қақиып, жансыз көрінген
мойны ақ дәкемен жаңа ғана таңылған секілді – қан көп сіңе қой-
мапты. Мен оны дауыстап шақырдым.
Тоқтай қалған ол еңсесін қинала түзеді. Қан-сөлсіз өңі сарғыш
тартқандай көрінген. Көзі шүңірейіп кетіпті. Өзіңіз білесіз: кәнігі
солдаттар тілді келеді. Кейде – бұл да сізге жақсы мәлім, – жа-
ралылар да рухыңды көтеріп тастайды. Жоқ, бұ жолы ондайдан
үміттенбеген сияқтымын.
– Андағы жағдай қалай, Голубцов?
Ол жерге бір түкірді. Қызғылт түкірігі сіре қардың бетіне жай-
ылып түсті.
– О жақтағы ахуал дұрыс па? – деп қайталадым мен. – Ұстап
тұра аламыз ба?
Голубцов жауабын берді:
– Егер олайша ұстасақ... – Ол тамағы қырылдап, бір тыны-
стап алды. – Егер олай ұстасақ, айырылғанымыз.
Сөйтті де, аяғын зорға басып, әрі қарай ілбіді.
Жыртқыш құстарды
осылай аулайды
1
Шаруашылық взводына Пономаревқа соғып, оған Горюны
арқылы Москваға баратын кез келген машинаны тоқтатып, жара-
лыларды отырғызып жіберуді бұйырдым да, штабқа қайта орал-
дым.
Келсем, кереует шетінде өзім шығып кеткен кездегідей тықы-
ршып, Толстунов отыр. Үстелден лып етіп Рахимов көтерілді.
Оның аузынан «Баяндауға рұқсат етіңіз» дейтіндей емеурін бел-
гісі байқалмайды. Бір қарағаннан-ақ түсіндім: ешбір жаңалық
жоқ, Заевпен арада байланыс орнатылмаған, Филимоновтың ро-
тасы бекінген меже әлі де миномет астында.
Рахимовқа «отыр» деп ымдадым да, өзім креслома жайғастым.
Құлағымнан Голубцовтың қырылдаған үні кетпей қойды. Иә,
станцияны ұстап тұра алмаймын. Минометтер сарбаздарымды
шетінен-ақ біртіндеп жусатып бітеді. Бұлайша қорғану – шепті
қолдан беру деген сөз. Бүгін болмаса, ертең айырыламыз. Қан-
Волоколамск тас жолы
572
шалықты толғансаң да, төніп тұрған ажалдың алдын алатындай
дәрмен жоқ. Біздің қазақта: «Жүрегің жарылар болса, тарс кет-
сін» деген мақал бар. Қашып құтыла алмайтын қияпатты күтіп,
қимылсыз отыру жанымды күйзелтіп, өзегімді өртеді.
Мәсісін киіп Вахитов келіп кірген.
– Жолдас комбат, түскі ас даяр тұр.
– Ішпеймін. Кете бер.
Штабымның асқа менсіз отырмайтынын білемін, Толстунов
пен Рахимовтың аш жүргені де мәлім, бірақ дәл осы сәтте тамақ
жайын ойлауға шамам жоқ еді.
Тағы бірнеше минут үнсіз отырдық.
– Рахимов, генерал хабарласпады ма?
– Жоқ. Байланыс желісі үзілген, жолдас комбат.
Біздің армияда байланыс үшін жоғарыдан төмен қарай жау-
ап беру қағидасы қалыптасқан-ды. Яғни, өз қарауындағылармен
жалғастыратын желінің мүлтіксіз жұмыс істеуіне ең алдымен ба-
стық мүдделі. Әйткенмен, Тимошинды шақырып алдым.
– Бір жауынгеріңді жіберіп, Шишкинодағы байланыс
желісінің үзігін табуға жәрдемдес.
– Құп болады!
Екі қайыс бауын бойына қона қалған теп-тегіс шинеліне айқа-
стыра тағып, сұрғылт құлақшын маңдайында жарқыраған қызыл
жұлдызын тура кеңсірігінің үстіне дәлдеп, әскери формасын қа-
таң тәртіппен киген Тимошин менің «жөнел» деген сөзімді күтіп
тұр.
Мен одан:
– Заевқа кеткен адамдардан дерек бар ма? – деп сұрадым.
– Ешбір хабар жоқ, жолдас комбат.
– Тағы біреуді жібер оған!
– Орындауға рұқсат етіңіз.
– Иә. Бар.
Тимошин кілт бұрылып, соңынан есікті тық еткізіп ақырын
жапты да, бөлмеден ғайып болды.
Тағы да қызғылт түсті имек тұмсық құстарды үн-түнсіз шола-
мын. Заев... Не болды екен, ротасы не күйде? Кенеттен бет-аузын
жирен түк басып, үңірейген әйнексіз жақтауға маңдайын тіреген
күйі қабағы түксиіп, маған тесірейе қарап тұрған кескіні көз ал-
573
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
дыма келді. Дивизияның әскери трибуналы үйінің қасынан оны
осындай кейіпте көргенмін-ді.
Өз-өзіме қатыгездік жасау қолымнан келер ме еді? Менің де
басыма дәл сол күн туа ма: қырынбағам, жағамда – петлицам,
құлақшынымда жұлдызым жоқ, суық үйдің терезесі жақтауын
сығымдай ұстап, тесіле қарап тұрар ма екенмін?
2
Станцияны қолдан беруге бекіне бастағанымды нақ сол сәтте
анық сезіндім.
Жо-жоқ! Құқым жоқ ондайға! Құлағымда Звягиннің: «Осы
шептен бір адым артқа шегіну сатқындық, қылмыскерлік болып
саналады» деп гүрілдеген қатқыл даусы күңгірлейтіндей. Жоқ,
ондай қылмысқа бара алмаспын! Адамдарымнан айырылсам да,
шепті ұстап тұра алмасам да, ар-намысқа кір жұқтырмаймын.
Бірақ шепті жиырмасына дейін ұстап тұру туралы жалғыз
ғана соңғы борышымды өтей алмасам, менің ар-намысым кімге
қажет... Ұстай алмаймын! Қазір бұл айқын болды. Панфиловтың
Алматыдағы бір кеште: «Батальонмен бірге өлу дейсіз бе? Он,
жиырма, отыз шайқасты бастан өткеріңіз, тек батальонды аман
сақтап қала біліңіз!» деген сөзін Мәскеу түбіндегі майдандарда
талай еске алып едім, бұ жолы да қайтадан ойға оралды. Алайда
біздің генерал алдыңғы күні: «Сізге ауыр болады. Өте ауыр» деп
қалды емес пе. Мұны міндетті толық түсінген кезімде барып бір-
ақ айтқан. Жолдас генерал, енді не істеймін, қандай шешім қа-
былдаймын? Мен тапсырманы орындай алмайтын болдым ғой!
Орнымнан тұрдым да, ерсілі-қарсылы жүріп, Рахимовтың
қолымен өзіміздің штабтық қағаз шаруашылығы ұқыпты рет-
телген үстел қасына тоқтадым. Картаға үңілемін. Міне, жіңішке
көлбеу жіп секілді теміржол таңбасының түбіне үріккен қойдай
бір шоғыр болып орналаса қалған бірнеше қара белгі – Матре-
нино станциясы мен жапсарлас поселке. Матренино маңындағы
жазық даланы жер-жерден жасыл орман белгілері қоршап тұр.
Немістер орман арасында – оларға оғымыз жетпейді – теп-тегіс,
ашық алаңдамыз. Тегінде, менің де қалың ағаш іргесін сағалап,
қорғаныс шебін орман жиегіне орналастыруым керек пе еді?
Онда поселке айналасын нысанада ұстап, алаң төңірегін оқпен
Волоколамск тас жолы
574
кесіп тастар едік-ау. Енді өкінгеннен пайда не, бәрі де кеш. Де-
генмен көкейімде бұлыңғыр бір үміт сәулесі қылаңытқан. Егер
Филимоновке станцияны тастап кет деп бұйырсам, оның рота-
сы жолды мына орман жиегінен оқпен қорғап, немісті әрі қарай
жылжытпай қоймай ма. Ал осының сәті түсер ме екен? Түсуі әб-
ден мүмкін.
Жоқ, станцияны қалдырып кете алмаймын! Ондай бұйрық бе-
руге қақым жоқ! Бірақ басқа не амал бар? Қол қусырып, істің
ақырын күтіп отыра бермекпін бе?
Телефоншыға айттым:
– Дивизия штабы жауап қайтарар ма екен, тексерші.
Телефоншы дивизия штабының шартты атын атап, ұзақ ай-
қайлады. Айтпаса да түсінікті еді: жауап жоқ. Ол:
– Тырс еткен дыбыс жоқ... Тым-тырыс, жолдас комбат, – деп
мәлімдеді.
Мен телефоншының аузынан әлдеқалай шығып кеткен осынау
сөзді іштей қайталадым. Тым-тырыс... Расымен, солай болғаны
ма?
Үстел үстіндегі көп қағаздың арасында жатқан қызыл устав
кітапшасын жұлып алып, парақтадым. Кенет Панфилов қарын-
дашпен түсірген үш сызықша көңіл аударды. Асты таңбаланған
жолдарға көз жүгіртсем: «Жаудың көзін жоюға ұмтылғанымен,
мақсатына жете алмаған адамды емес, жауапкершіліктен қорқып,
әрекет етпей, ең шешуші сәтте барлық күш-құралды жеңіске
жету жолына жұмсамаған адамды жазғыру керек» делініпті.
Оқыдым да, кітапшаны орнына қойдым. Бұл – шешімге келген
мезет еді.
Телефон тұтқасын көтеріп, Филимоновты шақырдым.
– Ефим Ефимыч, сен бе? Жағдай қалай?
– Төпелетіп ұрып жатыр... Тәрізі, көп ұзамай тағы өңмеңдей-
тін шығар. Жермен-жексен қылып, таптап өте шыққысы келетін
сияқты.
– Менің бұйрығымды тыңда. Егер баса-көктеп жететін болса,
атудың қажеті жоқ.
– Қалай? Не дейсіз?
– Атпау керек. Немістің қалағаны болсын. Станцияны беріп
кет.
575
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
3
– Станцияны беріп кет! – деп қайталадым мен.
Абдырау, қорғалақтаудың бәрі өзім аттап өткен «табалдырық»
сыртында қалып үлгерді. «Мұның бұйрыққа қайшы, бүйтуге
қақың жоқ» деп сақтандырған ішкі үнім де тұншығып барып,
өшкен. Әскери адамдарға, әріптес бауырларға мұндай шешімге
келместен бұрын бес келі салмақ жоғалтып, бес жасқа қартаюға
тура келетінін түсіндірудің қажеті болмас.
Телефон тұтқасынан:
– Қалай-қалай дедіңіз? Түсінбей қалдым, – деген дауыс естіл-
ді.
– Қағыс естідім деп ойлап қалдың ба? Айтқаным айтқан!
Беріп кет! Көпірге қарай қаш! Сонда жиналыңдар!
– Жолдас комбат, өзіңіз не айтып тұрсыз! Біз тойтара баста-
дық қой, әлі де болса төтеп береміз, ал сіз қолдан бере салмақшы-
сыз?! Мен... Мен...
Бұл – Филимоновтың бас көтеруі еді. Кәнігі командир, комму-
нист, шекарашының жүрегі аузына тығылып, буырқанып шыға
келген. Шепті бере салу қылмыс екенін генерал-лейтенант Звя-
гин дәл соған айтты ғой.
Қаны басына шауып, тұтыққан Филимоновтың сөзін аяқтауға
мұрша бермедім:
– Менің бұйрығымды естідіңіз бе? Қайталаңыз.
Үндемейді. Филимонов бұйрықты қайталар емес.
– Қайталаңыз.
Филимонов амалсыздан жауап қатты:
– Станцияны беріп кет дедіңіз...
– Иә. Көпірге қарай безе қашу керек.
– Құп болады.
Құп болса, құп болсын. Тұтқаны тастай салдым. Дәл сол сәт-
те құлақшыны мен шинелін киіп, талайдан сақадай сай отырған
Толстунов үн-түнсіз орнынан тұрып, есікке қарай беттеді. Мен
онымен де, өзгелермен де пікір алыспай, дара бастық-командир
ретінде бұйрық берген едім.
– Қайда барасың? – деп сұрадым мен.
– Матрениноға.
Волоколамск тас жолы
576
Ол бұдан әрі бір ауыз ләм демеді. Бір мезет оның жон арқасы-
на қадала қарадым. Қадамы нық, салмақты. «Міне, комиссардың
жүрісі» деген ой келеді. Артынан есік тарс етіп жабылды.
Тағы да бір минуттей үнсіз тұрдым. Бұл күн қалай бітер екен?
Заевтың ротасы қайтті? Матренинодағы ұрыстың аяғы не бола-
ды? Жылт еткен бұлдыр үмітім алдап кетпей ме? Бүгінгі кешті қа-
лай, қай жерде өткіземін? Тұтқында ма? Сот алдында ма? Не бол-
са да, даярмын. Ар алдында тазамын. Өз борышыма, ұжданыма
адалмын. Намыс пен үрей. Иә, әркім біле бермейтіндей, басқару
мен жауапкершіліктің, – устав кітапшасының бетінде Панфилов
қарындашпен белгілеген жолдарда айтылған жауапкершіліктің
айрықша үрейі. Намыс пен қорқыныш. Осы екеуінің көкейімде
қалай тайталасқанын түйсінерсіз! Рахимовқа қараймын.
– Ал, Рақым баласы, станцияны береміз. Мүмкін, батальон-
ды менің орныма сенің басқаруыңа тура келер...
Әдепті Рахимов жағдайға сай көңіл жұбатарлық бірдеңе айт-
пақ еді, оны емеуірінмен тоқтаттым.
– Егер менің орныма басқаруыңа тура келсе, жауынгерлерің
бар. Олар тірі тұрғанда соғысуға әбден болады.
4
Мен Құдайдан дивизия штабымен байланыс көпке дейін қал-
пына келтірілмесе екен деп тіледім. Әуелі діттеген ойым іске
ассын, одан кейінгі жағдайды мәлімдей жатамын. Бірақ бәрібір
телефоншыға кейимін:
– Неге қалғып отырсың? Шақырсайшы Заевты! Дивизия
штабын да шақыр.
– Олар, жолдас комбат, өздері-ақ әлдеқашан бір белгі берер
еді ғой.
– Білгішсінбе! Бұйырылды ма, шақыр.
Бөлмеде шартты сөздер – шақыру белгілері тағы да толассыз
қайталана бастаған. Заевтың жауап қайтаратын түрі жоқ. Диви-
зия штабының байланыс желісі де жалғанбаған күйінде қалды.
Рахимовқа айттым:
– Матрениноға тарт. Көпір маңайынан бақылау жүргізетін
ыңғайлы орын таңдап ал. Сонда телефон аппаратын ала бар да,
көрген-білгеніңді маған хабарлап отыр. Рота тырағайлап қашып
барып, көпір түбінде жиналуға тиісті. Түсіндің бе?
577
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
– Иә. Құп болады, жолдас комбат.
Рахимов қосалқы далалық телефондары қорабының бірін қол-
тығына қысып алып, шығып кетті. Оның мәлімдемелері арқылы
жағдайды өз көзіммен көргендей боламын – бәрін мейлінше дәл
баяндайды. Бір минуттен кейін оның атқа ырғып мініп, құйғыта
жөнелгенін терезеден көрдім.
Міне, енді қасымда Рахимов та жоқ. Өзімнің бармаған себебім
не? Біріншіден, тораптың бәріне, бүкіл батальон қорғанысы үшін
жауапты едім. Бұған қоса алдыда тағы бір арпалысқа түсуім қа-
жет – генералмен сөйлесемін. Оған жағдайды қалай мәлімдей-
мін, шынымды қалай айтамын? Келісімін бере ме, жоқ әлде...
Осы «әлденің» беті аулақ!
Рахимов ақыры шауып жеткен секілді. Телефоны желіге қо-
сылды.
– Не көріп тұрсың?
– Жау шепті мина астына алыпты.
– Соққысы тым қатты ма?
– Иә. Жарылыс толастар емес.
Мен Филимоновты шақырып, оны желідегі Рахимовпен тіл-
дестірдім.
– Рахимов, сөзімізді естіп тұрсың ба?
– Иә.
– Филимонов! Менің бұйрығымды жауынгерлерге жеткізген
шығарсың?
– Әлі жеткізген жоқпын. Үлгере алмадым, жолдас комбат.
– Ах, сенің... – Мен, тегі, барлық ұрыс күндерінің ішінде
алғаш рет оның шешесі мен әжесін ауызға алған шығармын. –
Егер сенің осылай жасауға батылың жеткен болса, әскери бұй-
рықты орындамағаның үшін Рахимовты жіберіп табанда жай-
ратып тастаймын. Рахимов, естіп тұрсың ба? Сөзге келместен
сазайын бер! Филимонов, естідің бе?
Филимонов күмілжіп, зорға сөйледі:
– Иә.
Кенет мембранадан тағы бір дауыс шыққан:
– Жолдас комбат?
Волоколамск тас жолы
578
Ә, Толстунов қосылған екен. Ол, неге екені белгісіз, ресми
түрде «жолдас комбат» деді. Мені ешқашан бұлай атап көрмеген
сияқты еді.
– Жолдас комбат, мен лейтенант Филимоновтың қасында-
мын. Сіздің бұйрығыңыз орындалады.
Толстунов бұл сөзді нығыздап, анық айтты.
– Бозжанов қайда? – деп сұрадым мен.
– Ол да осында. Шепте.
– Өз қолыңа ал, Федор Дмитриевич. Сен мынау... – Мен қо-
лайлы сөз іздеп, мүдіріп қалдым. Маневрді дегенім дұрыс па?
Жоқ, алыста жылтылдаған үміт сәулесін әзірге маневр дей алмас-
пын. – Орғу әрекетін өзің жүргіз. Тізгінге ие бол. Істі Бозжано-
впен бірге атқар.
– Неге? Мұны рота командирінің өзі атқарады. Оның орнын
алмастыра алмаймын.
Осылайша Толстунов менің жаңсақтығымды ақырын ғана
байқатпай түзете қойды. Онымен іштей келістім.
Тықыршып, Рахимовтың хабарын күтемін. Немістер ша-
буылын тезірек бастаса екен. Егер жүрек жарылар болса тарс
кеткені жақсы. Панфилов телефон соққанша станцияны беріп
үлгерсек тамаша болар еді. Тек оған не айтамын? Ойымды қалай
жеткіземін?
5
Құдай менің тілегіме құлақ аспады. Телефоншы:
– Жолдас комбат, дивизия штабы қосылды! – деп қуана дауы-
стаған.
Ал енді Панфиловқа ағымнан жарылып, бүкіл шындығымды
жайып салатын кез келді. Бірақ іс жүзеге асқан жоқ, станцияны
беріп үлгермегенбіз.
– Генералды қос.
– Қолма-қол ғой, жолдас комбат... Генерал телефонда, жолдас
комбат.
Тұтқаны алдым. Бұл өзі құдды, шойыннан құйғандай, ауыр-
лап кеткен секілденді. Күтпеген жерден мембранадан Звягиннің
даусы естіледі:
– Сөйлеп тұрған кім?
579
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
Абдырап қалдым. Өз шешімімді бүкпесіз баяндасам деп алып
ұшқан көңілім су сепкендей басылды. Зәрем ұшты. Станцияны
неміске беруден қорықпасам да, ар-намыстан айырылудан қай-
мықпасам да, Звягиннің алдында тосылдым. Шынымды айтуға
батылым жетпеді.
– Мәлімдеп тұрған аға лейтенант Момышұлы.
– Ә, қылыштың иесі ме... Иә, жағдайыңыз қалай?
– Дұшпан Матренино станциясын басып алды.
Тұтқадан:
– Не?! – деген дауыс гүр ете түскен.
– Рота төтеп бере алмады. Сұрапыл соққы орасан шығынға
ұшыратты. Сондықтан...
– Кім рұқсат етті сізге?!
Күжілдеген даусы құлақ жаратындай. Алайда Звягин сол бой-
да мәнерін өзгертіп, зілдене сөйледі:
– Басқару міндетін штаб бастығына өткізіп, дивизия штабы-
на келіңіз.
– Басқаруды өткізе алмаймын. Мұнда жалғызбын.
– Штаб бастығы келген бойда оған енді өзіңіздің батальон
командирі емес екеніңізді мәлімдеңіз. Сөйтіп дереу дивизия шта-
бына жөнеліңіз. Сізбен сонда сөйлесемін.
– Білмеймін, күн жарықта бара алар ма екенмін.
– Онда қараңғы түскенде келіңіз.
Тұтқаны тастай салды. Құдайға шүкір, үш-төрт сағаттай мұр-
сат алдым. Жаңағы абдыраудан із де қалмаған. Иә, бір минуттей
сасқалақтадым-ау. Ал бұдан кейінгі жағдай не болады? Оған қа-
райлауға уақытым жоқ. Мен енді өз ойымды іске асыруға құлшы-
нып, сол ниеттің жалынына оранғандай едім.
6
Рахимов қайтадан телефон соқты.
– Жолдас комбат...
– Иә.
– Немістер шабуылға шықты.
– Біздің адамдар қайтті?
– Қашты. Алды-артқа қарамай безіп барады.
Рахимов мұны ұстамдылықпен, салқын жеткізді, ал егер сіз
осы көріністі суреттер болсаңыз, жұрттың тізгін бермей, бейбе-
Волоколамск тас жолы
580
рекет, жанұшыра «зытқанын» байқатқаныңыз жөн. Солдат халін
түсініңіз. Күні бойы таяз, сыз окопта ажал сепкен оқ пен жан түр-
шіктіре гуілдеген минадан қорғанып, гүрсілдеген жарылысты,
жан-жаққа шашырай ұшқан темір жаңқасының ызыңын естіп,
шұңқырдың түбі мен іргесіне жабысқан сәтте амалсыздан посел-
кеге қарай жер бауырлап, қыбырлап бара жатқан жаралыларды,
дәкеге сіңген қан дағын көресің, сол жарықшақтың бірі әне-міне
өз денеңе қадалатынын тітіркене күтесің. Жүйкеңнің ширыққаны
соншалықты – окобынан кейін серпілген бөлімше командирінің,
взвод командирінің «артқа!» деген жалғыз ғана өктем үні тәртіп
пен борыш түйсігі санаңа сіңірген құрсаудан лезде босатады
да, адамды табиғи түрде әлгі тозақтан ытқытып шығарып, безе
қаштырады.
Өзіңізді шектемеңіз, жұрттың кеуде кере тыныстап алып,
мына жерден қалай да тезірек жоғалуға ұмтылып, топалаң тиген-
дей апыр-топыр дүрліге қашуы көрінісінін мейлінше дәл бейне-
лейтін бояуды аямаңыз.
Рахимовтың мәлімдеуі арқылы қашқан тобырдың қимылын
бағып отырмын. Жауынгерлер көпірге тақалды. Мығым денелі
Толстунов өзінің атақ-шенінен қысылмай-ақ, жұрттың көбін ба-
сып озып, алға шығып, көшбасшыға айналады. Менің адамдарым
көпірге жеткенде тоқтай қоя ма? Көздері алақтап еліре қашқан
бұлар мына екпінмен орман арасына тарап кетіп жүрмей ме?
Тоқтады-ау!
Өз взводтары мен бөлімшелерінен адасып қалды, әйткенмен
іркілді – командаға құлақ асты. Біреуі әлсіреп құлады, екіншісі
дымы құрып отыра кетті. Шырша қатары тығыз біткен көпір
асты мен теміржол төсемесі тұсына бірде-бір мина, бірде-бір оқ
жетіп жатқан жоқ.
Рахимовтың мәліметін әрі қарай тыңдаймын. Немістер то-
бының алдыңғы легі станцияны алып үлгерген екен. Бұдан соң
қалғандары да рота-ротасымен поселкеге кіре бастапты. Одан
қырдағы жұқа қарды таптап, пулеметпен қаруланған бірнеше мо-
тоцикл өткен.
Телефон тағы ызылдады. Бұл жолы хабарласқан Панфилов
еді.
– Жолдас Момышұлы, сізде не жағдай болып жатыр?
581
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
– Станцияны беріп кеттім.
– Мұныңыз қалай? Неге?
Сым желісі арқылы Панфиловтың қырылдаған үні қазір әдет-
тегіден айқын естілген. Бірден аңғардым: қатты ренжіп, күйініп
тұр.
– Жұрт бейберекет қашты. Өзім солай бұйырдым.
– Сіз солай бұйырдыңыз ба?
– Иә. Әйтпесе ротадан айырылар едім.
– Ім-м... Ім... Әрі қарай қайтпексіз? Не ойлағаныңыз бар?
Енді не істейсіз?
– Қарсы шабуыл жасамақпын. Станцияны қарсы шабуыл
арқылы қайтарып алуға рұқсат етіңіз, жолдас генерал.
– Ім... Қазір ғана майдан даласынан тұра қашқан жұрттың
қарсы шабуылға беттей алмайтынын түсінетіндей сауатыңыз
жеткілікті емес пе.
– Қалай дегенмен, үмітсіз емеспін, жолдас генерал.
Ойыма Панфилов айтқан нақыл сөз оралады. Мен соны қай-
таладым:
– Үміт оты жан жылытады. Әрекеттеніп көруге мұрсат
беріңіз.
– Көріңіз... – Әйткенмен, дауысында күмән бар. – Ал жолды
оқпен ұстап тұра аласыз ба?
– Иә.
Генерал бір минуттей үнсіз қалды.
– Белгі жақтан не хабар бар?
– Байланыс жоқ. Хабаршылар жіберілді.
Мен Панфилов Звягиннің бұйрығы туралы тым құрыса бір
ауыз сөз айтар деп күтіп едім. Иә, ол:
– Өзіңізді кешке көремін ғой. Көріскенше, – деді.
Бәрі де түсінікті-тін. Армия қолбасшысы орынбасарының
бұйрығын орындаған жөн. Саудаң бітті, Бауыржан. Басшылықты
өткіз. Амал не, жазмыштан озмыш жоқ.
7
Рахимов маған көрген-білгенін: дұшпан туралы да, көпір
түбіндегі біздің тұрақ жайындағы да хабарын жалғастыра берді.
Немістер поселкені алып, үйді-үйге тарапты. Бұдан соң
басқыншылардың ойраны ұзамай басталып та кеткен. Рахимов
Волоколамск тас жолы
582
гитлерлік армияның қағидасы туралы біздің естіп, оқып жүретін
жәйттерімізге енді тікелей өзі куә болып отыр: елдімекенді ал-
дың ба – бүкіл бағалы дүние мен қыз-қырқынның бәрі сенікі!
Деревняға баса-көктеп кірген неміс солдатының қарақшылығы-
на ешбір шек қойылмайды.
Тұрғындардың бір бөлігі жан-жануары тұрған қора-қопсысы
мен жертөлесін, терезе жақтаулары өрнектелген әйнек терра-
салы әсем үйлерін тастап кете алмаған. Матрениноның мұндай
тұрғындары шағын ас үйлеріне, еден астындағы ұраларға, пеш
тасасына жасырынады. Немістің көк-жасыл шинельді қарулы
адамдары бөгелмей, тауық-қаз, торай аулауға кіріскен.
– Рахимов, Филимоновқа айт: жұртты жинап, тәртіпке кел-
тірсін.
– Жұрт жиналған, жолдас комбат.
– Немістер не істеп жатыр?
– Қыздарды қуалап, үй-үйдегі құс пен торайды атқылап жүр.
– Жақсы. Тамаша. Керемет.
– Жолдас комбат, не дедіңіз?!
Тәрізі, Рахимов комбат есінен ауысқаннан сау ма деп таңырқа-
са керек. Әйтеуір, ниетімді сәлден кейін түсіне бастады. Келген
жау бетімен жайылып, жұртты тонауға құнықса, несі жаман?!
Рахимов мән-жайды баяндаған сайын көңілімді шаттық кер-
нейді. Жиіркене отырып, қуанады екенсің. Сөйтіп жалғыз үмітім
ақталайын деді.
Мен:
– Сарбаздар теміржол төсемінің тасасына жатып, бақыласын,
– деп бұйырдым.
Арада біраз өткенде Рахимов қысқаша мәлімдеді:
– Рота тәртіпке келтірілді, жолдас комбат.
– Жауынгерлердің саны қанша?
– Шамамен жүз жиырмадай.
– Немістер не істеп жатыр?
– Тауық пен шошқаның ішек-қарнын ақтарып болып қалған
шығар. Енді қазір табаға салып, қуырады-ау.
– Күте тұрайық... Тұмсығы қызарғанша тосайық.
– Ә-ә... Түсінемін, жолдас комбат.
583
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
Міне, енді ғана ол не көздегенімді ұқты. Жыртқыш құсты
қалай аулайтынын білесіз бе? Рахимов Орта Азияның тау-тас,
салқар сақарасының перзенті ретінде мұны жақсы білетін. Жы-
ртқыш құс ілген жемтігінің етін тұмсығымен жұлмалап, құмар-
лана шоқуға кіріседі. Ыстық қан біртіндеп масайтады. Құстың
тойымсыздығы сонша – барған сайын тұмсығын терең батырып,
қып-қызыл қанға бөгеді. Қанатты қарақшы осылайша оңы мен
солына қарауды ұмытып, сақтық түйсігінен айырылады. Міне,
оны тұмсықты жас етке түбіне дейін матырған сәтінде бас са-
лып, қолға түсіресіз! Тек танауы қанға толықтай көміліп, әбден
қызарғанша күткен жөн.
Матрениноны басып алған жау тұмсығын құныға сұға түскен.
Дұшпанның түсінігі қарапайым еді: шыдай алмаған орыс ты-
рағайлай безді, ал қашқан екен, енді қайтып оралмайды деп ой-
лады. Қарсы шабуыл туралы бұйрық бергім келіп, тыпыршып
отырмын. Жоқ, азырақ шыдап, оңтайлы сәтті күткен жөн.
– Рахимов, не жаңалық бар? Толстунов қайда?
– Осында. Ротада, жолдас комбат.
– Бозжанов ше?
– Ол да жауынгерлердің жанында.
– Ал, Рақым баласы, менің бұйрығымды тыңда. Қырық адам-
нан үш топқа бөлініңдер! Бірін – Толстунов, екіншісін Бозжанов,
үшіншісін – Филимонов бастасын. Орман жиегімен барып, стан-
цияны орасын. Үш жақтан лап қойсын! Жауынгерлерге: «Вин-
товканы кезей ұстап, гранатаны ыңғайлап алып, уралап айқай-
лап, жүгірген бойда атып, алға қарай құстай ұш!» деу керек.
– Жолдас комбат, тұтқаны лейтенант Филимоновке беруге
рұқсат етіңіз.
Енді менің ағаттығымды Рахимов сыпайы ғана түзете қойды.
Бізде, өзіңіз білетіндей, осындай дәстүр қалыптасқан: мен айтпай
қалған жәйтті штаб бастығы еске салып отыратын еді. Әлбетте,
рота командиріне арнап бір-екі ауыз жылы лебіз білдіргенім жөн
ғой.
– Ефим Ефимыч, сенбісің? Рахимов өзіңе бұйрықты жеткізді
ме?
– Бірақ, бұл қалай болар екен, жолдас комбат? Онда тұтастай
батальон тұр ғой.
Волоколамск тас жолы
584
– Иә. Сонда да талқанын шығарамыз.
Басымда бір ой жылт етеді: бұған маневр мәнін алдын-ала
түсіндіргенім дұрыс қой? Бірақ бұрын осы амал-айла өзіме де
аса айқын емес-ті. Сондықтан алдыңғы сөзді қайталадым:
– Талқан қыламыз. Ес жиғызбаймыз.
– Қолдан келеді деп ойлайсыз ба, жолдас комбат?
Филимонов сұрақ қоюды жалғастыра берді, бірақ даусынан
қуаныш лебі есіп тұр.
– Ұрыс сонысымен ұрыс емес пе. Қолдан келетіндей қылу
керек. Әкесін танытамыз, Ефимушка! Үш топ құр! Негізгі бас-
шылық тізгіні өз қолыңда. Бозжанов пен Толстунов – көмек-
шілерің. Ал Ефимыч, Жаратқан жар болсын!
8
Аяқ тұсында жас шыбық қаулаған ағаштардың қап-қара бітік
қатары – шырша қылқаны, әзір көгере қоймаған емен, жалаңаш
көк терек, ақ қайың – сәл көлбеу жатқан темір жол маңайындағы
қарлы алаңға жан-жақтан анталай қарайтындай. Станция жайла-
рымен жапсарласып, поселкенің сәулетті, тіпті сонша сәнді дер-
ліктей шағын үйлері жалғасады. Орман жиегі ара-арасында алы-
стай түссе, кей маңайда станцияға екі жүз-екі жүз елу метрдей
жерден төніп тұр.
Міне, қырық адамнан құрылған үш отряд «уралап», деревняға
қарай лап қойды. Жүйтки заулауға қар бөгет жасай алған жоқ.
Қайта, тығыздығы өте ыңғайлы, аздап қана жаншылып, аяқты
серпіп жіберіп отырады. Немістер ес жиып үлгергенше, біздің
адамдар жүгіре жетіп, тарпа бас салды.
Рахимов бәрін түп-түгелімен мәлімдеп отыр. Енді ол сөзге са-
раңдығы былай қалып, өзеурей сөйлейді.
– Тұтқиылдан сап ете түскені сонша, жолдас комбат, алақтаған
немістер қайда тығыларын білмей қалды.
Бұл, расында да, төбеден жай түскендей, сұрапыл соққы еді.
Қапиядағы әрекет естен тандырды. Тәрізі, сұмдық үрей төсектен
жұлып алған секілді. Кейбіреуі кителін ұстаған күйі, сыртқа көй-
лек-дамбалшаң ытқып шықты.
Мұндай хабарды тыңдаған сайын қыбың қанып, күлкі қыса-
ды. Тіпті езу жия алмадым.
585
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
Панфилов хабарласқан жоқ. Тегінде, мазаламайын деген болу
керек. Және кезі келгенше алаңдатпауды ұйғарған. Бірақ капитан
Дорфман телефон соқты. Даусы қатқыл:
– Жағдайды баяндаңыз.
Жауап бердім:
– Ештеңе айта алмаймын. Байланыс үзіліп қалды. Ештеңе
біле алмай отырмын.
– Дереу қалпына келтіріңіз. – Күн сайын Панфиловтан тәлім
алып жүрген ол өзінің «дереу» деген сөзін лезде жөндеді. – Он
бес минуттен кейін ахуалды анықтаңыз. – Сөзін сыпайы аяқтаған:
– Және байланысты қалпына келтіру үшін барлық шараны қол-
даныңыз.
– Құп болады.
Қайтадан Рахимовпен сөйлестім:
– Ал, Рақым баласы, баянда.
– Іреп-сойған қанды қасап, жолдас комбат. Немістердің сау
қалғаны станциядан безе қашты. Тым-тырақай, әркім өз жанын
сауғалап кетті! Е-е, жолдас комбат, бұлар көп-ақ екен. Орманға
қарай жөнеді. Теміржол төсемесі бағытына, кең алқапқа тартты.
– Ал біздің адамдар ше?
– Өкшелеп, тырқырата қуып барады.
9
Соңынан көрген-білгендердің айтуы арқылы бұл айқастың
барлық көріністері мейлінше айқындала түскен. Тосыннан жетіп
келіп, екілене өш алуға кіріскен қызыләскерлердің бет қаратпай,
қатты ширыққаны түсінікті. Ыза буып, ешбір командасыз-ақ,
қашқандардың қыр соңынан қалар емес. Біздің адамдар жауды
жүгірген бойда, тисін-тимесін, бытырлата атып, сүріне-жығылып
дүрмекке ілесе алмағандарын аяусыз жайрата берді.
Мені байланыс желісі енді поселкеге ауысып үлгерген Рахи-
мовпен жалғастырып тұр.
– Рахимов, станцияға ең құрығанда ротаның жартысын қай-
тар! Бышырамаңдар! Әлдебір күтпеген жағдай аяғымызды ас-
паннан келтіруі мүмкін.
– Мүлде дәрменсізбін, жолдас комбат. Бәрі немістердің
соңында жүр. Тіпті Филимонов та.
– Байланысшы жібер! Тоқтат! Қайтар!
Волоколамск тас жолы
586
Далада қашқан жаудың жолындағы кең жолақтың ана тұс-мы-
на тұсы өлген адамдарға үйіліп қалыпты; көбі шинельсіз, немістің
сұрғылт кителін киген немесе іш көйлекшең – мұны Рахимовтың
мәлімдеуі арқылы білдім.
Қайталап айтайын: екі сағат бұрын біз де алды-артқа қарамай,
топырлай қаштық. Алайда біздің зытуымыз алдын-ала ойласты-
рылып, бұйрық бойынша жасалған әрекет еді, ал жау ақыл-естен
ажырап, үрейлене безді. Екеуінің айырмашылығы бар. Дұшпан
дүрліге қашқан сәтте оның соңына түскен ең жасқаншақ, балаң
солдаттың өзі айбарланып кетеді.
Тобырға айналған неміс бөлімімен бірге басқару тізгінінен
айырылған осы батальонның еңгезердей жалаңбас командирі
де дедектеп бара жатыр еді. Ол пистолетін сермеп, өз адамда-
рын тоқтатып, бетті бізге қарсы бұруға әрекеттеніп, «хальт!» деп
ышқынады. Өздері әлі де аз емес-тін. Алайда командирдің билігі
мен оның «тоқта!» деген айқайы, үркітіп-қорқытуы, тіпті бәл-
кім, әлгілерді әмірге құлақ аспағаны үшін, жүгіре жүріп, желке
тұстан атуының өзі әсер етуден қалған-ды.
Бізден кешегі мәскеулік оқушы, қатарға жаңа қосылған жа-
уынгер Строжкин алға озып шығады. Есіңізде ме, ол біздің әң-
гімемізде бір жылт ете қалатын... Кеш қарсаңында қызыләскер-
лер сірескен тоң жерді қазып жатқан шақта «Мұндай окоппен
жан сақтай аламыз ба?» деп күңк ететіні бар.
Міне, сол балғын жігіт Строжкин теміржол төсемі беткейінде
капитанды қуып жетіпті. Қашып бара жатқан көкжал бөріні бір
жасар иттің өзі құлақшеке мен желкеден ала түсетінін аңшылар
жақсы біледі. Строжкин де осыны істейді: арлан қасқырға тап
беріп, бас салады. Жігітің қолында найзалы винтовкасы бола
тұра, тегі, үстемдік құмарлығы билеп, батылданып, еліріп кет-
се керек, әлгінің шинелінің етегіне жармасып, жұлқа тартады.
Дүлей күш иесі, нағыз тісқаққан капитан түбіт мұрты жаңа тебін-
деген талдырмаш балаң жасқа жалт бұрылып, қолындағы оғы та-
усылған пистолетін лақтырып жібереді де, Строжкинді жығып
салып, қылқындыра бастайды. Жанталаса тырбанған Строжкин:
«Мынаны неге атып салмадым?» деп ойлап үлгерген шығар.
Жауынгерді опындырған бұл өкініш кеш еді. Әйткенмен, жан
беру оңай ма! Жұлқына ышқынып, тізесімен бұттың арасынан
587
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
бір тебеді. Беткейдің тіктігі де жәрдемдескендей. Қалталақтаған
неміс бойын игере алмай қалады. Екеуі ұмар-жұмар, төмен қарай
домалайды. Мәскеулік сырғып бара жатып, лып етіп кері ауда-
рылады да, немісті оңдырмай көзден сүзеді. Капитан ауырсына
өкіріп, бетін басқан сәтте Строжкин де атып тұрып, винтовка-
сына ұмтылады. Осы уақытта біздің адамдар да көмекке келіп
үлгерген-ді. Бұ кезде мүлде өзге жанға – нағыз айбатты батырға
айналған Строжкин ақырып та жібереді:
– Тимеңдер бұған! Мен ұстадым мұны!
Ол тұтқынның қалтасын ақтарып көріп, жорық сөмкесін тар-
тып алып, анадайда жатқан пистолет-парабеллумді көтеріп, өз
белбеуіне қыстырады. Сөйтеді де, жүзін қан жуып, ыңырсыған
капитанды Матрениноға қарай айдайды.
Басқа сарбаздар да орала бастаған-тын. Строжкин тұтқынын
тоқтатып, келе жатқандарды күтіп тұрады. Қылдырықтай түбіт
мұрт жігіттің ерленіп алғаны сонша – әлгілерге жекіріп қалыпты:
– Сендерге кейін қайтуға кім рұқсат берді? Тек алға жүру ке-
рек!
Осы кезде алыстан Филимонов айқай салған көрінеді:
– Строжкин, билік жүргізуіңді доғар!
Сонау тез аралықта өткен шайқастың тағы бір шағын көрінісіне
тоқтала кетейін. Неміс мотоциклшілері моторларын от алдырып,
деревнядан өздерінің бұрынғы келген іздерімен таяды. Былай бо-
ларын соғыстан бұрын мотоцикл жүргізген бөлімше командирі
Курбатов алдын-ала аңдап, поселке шетінде әлгі тапталған жол-
ды торуылдайды. Сөйтіп оңтайлы сәтті қалт жібермепті. Көлік-
терімен зытып бара жатқан төрт жүргізушіні асықпай-саспай дәл
көздеп, жайпап салған.
Тұтқаны ұстай отырып, Рахимовтың мәліметтеріне ден қой-
дым.
– Өлік өте көп, жолдас комбат. Есебі алынып жатыр. Тәрізі,
біз батальонның жартысынан көбін қырып салған сияқтымыз.
Аман құтылғандары аз ғана. Олжамыз бар: түрлі құжаттар, жа-
рамды пулеметтер, патрон, көптеген жеке қару-жарақ, мотоци-
клеттер, мина қоры мол минометтер.
Мені қуантқаны – миномет! Жаудың өзімізді шептен қуып
шыққан қаруы. Бұлар бұдан былай бізге қызмет етеді.
Волоколамск тас жолы
588
Енді генералға хабарласуыма болатын шығар.
Тек істі баппен, ұстаммен баяндау үшін алып-ұшқан қуаныш
желігін тыйып, аптығымды басуым қажет.
10
Панфилов, қайткенмен, шыдай алмай, өзі телефон соқты.
– Ал, жағдайыңыз қалай, жолдас Момышұлы?
Мен ешбір асып-таспауға тырысып, оқиғаны қысқаша баян-
дадым: Филимоновтың ротасы үш жақтан ентелеп Матрениноға
басып кірді; неміс батальонының елеулі бөлігі жойылды; қалға-
ны қашты; батальон командирі қолға түсті.
Панфилов қайран қалды:
– Қалай? Қалай? Батальон командирі дейсіз бе?
– Дәл солай. Оған қоса олжамыз бар: пулеметтер, миномет-
тер, мотоциклеттер. Рота қазір станцияға қайта бекініп жатыр.
– Мәссаған! Мұны тексердіңіз бе өзіңіз?
– Станцияда штаб бастығы лейтенант Рахимов жүр, жолдас
генерал, Сол жақтан мәлімдеп отыр. Қазір өлген немістер мен
қолға түскен олжаның есебі жүргізілуде.
– О-о, жолдас Момышұлы, бұл дегеніңіз... Бұл дегеніңіз... –
Панфилов бөгелді. Енді генералдың да әлденендей асқақ сөзден
тартынғаны аңғарылып тұр. – Апырай, бұл күн бізге жаңаша
сабақ үйретті-ау. Барлық жауынгерлер мен командирлерге зор
алғысымды жеткізіңіз.
– Құп!
– Екінші рота не болды?
– Білмедім, жолдас генерал. Әлі байланыс жоқ.
– Ім-м... Бәлкім, орман арасында бытырап жүрген болар. О
жаққа адамдар жіберіңіз. Қалай да, арасына бір-екі политрук қо-
сыңыз. Бышыраған жұрттың басын жинаған жөн. Осыны қаперге
алыңыз, жолдас Момышұлы. Әрбір он солдаттың қадірін білейік.
Әрбір он сарбаз жұдырықтай жұмылса – орасан күш.
– Құп болады. Жіберемін.
Біраз үнсіз қалған Панфилов:
– Көріскенше, – деді.
Амал не, мұны да түсіндім. Шынын айтқанда, енді бас-
шылықты өткізбейтін шығармын, сондықтан дивизия штабына
баруымның қажеті болмас деп үміттенгенмін. Алайда Панфилов
589
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
бұл жайында жақ ашпады. Расында да, бұйрық үлкен бастық
тарапынан берілді ғой. Ендеше, көз байланған бойда батальон-
нан шығып, қабағынан ызғар шашқан Звягиннің алдында тұруға
тиістімін.
Матренинодан Филимонов қоңырау шалды. Ол жаудың өлген
адамдары есептеліп үлгергенін – екі жүзден асатынын айтты.
Бұл шайқастағы біздің шығын – он сегіз жауынгер жараланып-
ты. Сәт сайын: ат-арба, азық-түлік, офицер шамадандары, солдат
жолқапшығы, парабеллумдер, дүрбілер, көптеген шоколад тақта-
сы, мол француз шарабы сияқты олжаға-олжа қосылып жатқа-
нын жеткізді.
– Француз шарабы ма? – деп қайталап сұрадым мен.
– Дәл солай... Мұнда да, жолдас комбат, Строжкин ерекше
көзге ілінді. Бір қарасам, шөлмектегі бірдеңені аузынан ішіп ке-
леді. «Строжкин, не істеп тұрсың?» десем, ол: «Ә, квас қой!» деп
қояды. Сөйтті де, бөтелкені мылтығының дүміне бір ұрып сын-
дыра салды. Шыныға жапсырылған қағазын көрсем: «Бургунд
шарабы, 1912 жыл» деп жазылыпты.
Тұтқадан Филимоновтың күлкісі естілді; оның бұрын дәл
бұлай күлгенін көрмеппін. Қатал мінезді кәнігі командирдің ба-
лаша шиқылдап, ішек-сілесі қатқаны біртүрлі көрінген.
– Ефим Ефимыч, өзің қылғытып алғаннан саумысың?
– Жо-жоқ. Оған мұрша келер емес. Кешке қарай дәм татар-
мын.
– Байқа, жұртың ләйліп кетіп жүрмесін.
– Байқастаймын ғой. Қазір, жолдас комбат, арбаларға жүк
тиеп, сізге жөнелтпекшіміз. Жолдас комбат, сабақ ұйымдасты-
руға рұқсат етіңіз.
– Қандай сабақ?
– Немістің пулемет, миномет сияқты қаруларын зерттемек-
шіміз.
– Жөн екен! Рахимовқа айт, алғашқы дәрісін өткізсін. Одан
кейін штабқа барсын. Жұртқа жеткіз: генерал жауынгерлер мен
командирлерге зор алғыс айтты.
Филимонов саңқ етті:
– Құп болады! Совет Одағына қызмет етеміз!
Волоколамск тас жолы
590
Ол тағы да, шынында, орынсыздау болса да, балаша сақылдап
күлді. Тәрізі, бастан өткерген жан күйзелісі осы күлкі арқылы
шығып жатса керек.
– Заевтың тарапынан сақтан. Оның өзінен хабар-ошар жоқ.
Соның тұсынан кез келген сәтте немістер шыға келуі мүмкін.
Жауынгерлерге ескерт! Түсінікті ме?
– Түсінікті, жолдас комбат.
– Толстуновты шақыр.
Сол бойда-ақ тұтқадан таныс дауыс гүр етті:
– Комбат?
– Федя, генерал бәріңе алғыс айтуды бұйырды. Ал сен бұған
қосымша жеке жолдастық рахметімді қабыл ал. Өз атымнан.
– Мұның не, Бауыржан? Қажеті не?
– Жарайды, мұны осымен доғарайық. Ендігі әңгіме былай.
Заевпен байланыс жоқ. Ең соңғы хабарында «қоршап, екі өкпе-
ден қысып келеді» деген. Одан бері екі сағаттан аса уақыт өтті.
Генерал орманға барып, сонда бытырап жүргендер болса жинап
әкелуді тапсырды. Жаныңа Бозжановты және бірнеше жауын-
герді ертіп ал да, белгі жаққа бет түзе. Сені күтемін. Өзіңсіз бата-
льоннан ешқайда кетпеймін.
– Қалай? Қайда кетпекшісің?
– Оны сен оралған кезде айтармын... Жауға арандап қалмау-
ды ойластыр. Әйтеуір, өзіңді тосамын.
– Түсінікті... Ал комбат, мен кеттім.
11
Таза ауаға шығып, бірер минут әрі-бері қыдырыстап қайтқым
келді.
Бұлттар пердесінің тасасынан зорға көрінетін күн табағы ор-
ман төбесіне жақындап, сәл сарғыш тартып тұрса да, дала әлі
жап-жарық екен.
Бейберекет тарсылдаған дауылпаз үніндей шайқас дүбірі әзір-
ге саябырлай қойған жоқ. Үстемелете күркіреген атыс, көме-
скі дүмпу, мұнаралық қарудың қатты шаңқылы, танкіге қарсы
зеңбіректердің балта тықылына ұқсас жұмсақ дыбысы, сақыл-
даған пулеметтер, алыстан талып естілетін мылтықтың са-
тыр-сұтыр сарыны әр тұсқа кезек ауысып, бір басылып, бір кү-
шейіп, толқып тұр. Горюны алқаптарына оқта-текте жекелеген,
591
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
бәлкім, тіпті қаңғыған снарядтар түсіп жарылады. Оң жақ қанат-
та алыстан, сирек, бірақ біркелкі ырғақпен күмпілдеген жарылыс
үні естіледі; тәрізі, дұшпан Панфилов штабы орналасқан Шиш-
кино деревнясын үздіксіз атқылауға көшкен.
Біраз сергіген соң мен қайтадан баспалдаққа көтеріліп, дәліз-
ден өттім де, штаб бөлмесінің есігін аштым. Кірген бетте өзіме
аңтарыла қараған телефоншы көзіме түсті. Жаңа ғана жуы-
нып-шайынып алған сияқты, бет-аузы мұнтаздай тап-таза. Ол
атып тұрып, қолыма телефон тұтқасын ұстатты.
– Жолдас комбат, желіде лейтенант Заев.
– Заев?
Телефоншы күлім қағып, басын шұлғи берді. Бізбен бірге күй-
зеліп, жаны шырқырап, ахуалды жіті түсініп жүрген адам ғой.
Мен тұтқаны шап беріп ұстай алдым.
– Семен?
Ә дегенде-ақ асығып-аптыққан Заевтың сөйлеу мәнерін таны-
дым.
– Жолдас комбат, бір автомашина, үш танкі, тягачымыз бар...
– Тұра тұр. Қайдан сөйлесіп тұрсың өзің?
– Белгі басынан. Өз блиндажымнан... Зеңбіректеріміз бар...
Байып шыға келдік, жолдас комбат... Менің арыстандарым! Со-
вет Одағының сайыпқырандары!
Өзіңізге мәлім, Заев біршама асқақтау, бірақ албырт, таза
көңілден шығатын осындай тосын лебізге құмар-ақ еді. Бірақ
мәлімдемесін тыңдағаныммен, онша түсіне алмадым. Сонда да,
сөзін бөлмеуді ұйғарып ем. Барынша ақтарылсын. Мән-жайға
өзі-ақ бір тірелер.
– Мен, жолдас комбат, аман қаламыз деп ойлаған да жоқпын.
Аяғында ісіміз ертегідегідей ғажап оңтайланды емес пе!
Тырс еткен дыбыс шықты. Сымды қаңғыған снаряд жарық-
шағы қиып жіберген секілді.
Сайтан алғыр, Заевқа енді кімді жіберемін? Бұрын да ылғи
лып етіп қасымнан табыла қалатын Тимошин бар екен. Ол ке-
зекші байланысшылармен бірге көрші бөлмеде отырған көрінеді.
Мен кіріп келгенде бәрі орындарынан атып-атып тұрды. Еріксіз-
ден, Тимошиннің өзіме боталай қараған көзінен айрықша бір іл-
типатты аңғарамын. Ылғи етене жақын тартуынан да күшті ерек-
Волоколамск тас жолы
592
ше ізет сезінетіндеймін. Жаңа көргендей, тұла бойыма қайтадан
бір аялап, шола қарайтындай. Дәл сол сәтте бұл көзқарастың не
айтқысы келіп тұрғанын түсіне қоймадым.
– Тимошин, атқа мін де, Заевқа қарай құстай ұш! Хал-ахуал-
ды біл де, кері заула!
– Құп болады!
Бөлмеме оралған соң Панфиловқа телефон соқтым.
– Жолдас генерал, әзірше анық-қанығын білмеймін, бірақ
белгіде де жолымыз болған секілді.
– Заевтың ротасында ма? Солай ғой? О жақтан не білгеніңіз
бар?
– Дұшпан ротаны қоршай алмапты. Істің қалай өрбігенін
нақты түсіне алмадым, байланыс үзіліп кетті. Олжалары бар.
Мән-жайды әбден анықтаған соң мәлімдеймін.
– Жаратқан жар болсын! Сізге Жаратқан жар болсын, жолдас
Момышұлы.
Көп ұзамай-ақ бәрі айқындалды. Тимошин де шауып жеткен,
оны іле-шала Толстунов пен Бозжанов та жедел келіп үлгерді –
сүйінішті хабар әкеле жатқаныңда аяғың жерге тимей кететіні
бар емес пе; Заевпен арадағы байланыс та қайта орнатылған.
Сонымен, Заевқа не бармыз, не жоқпыз деп бұйрық берілмеп
пе еді. Әрине, мұндай бұйрық бола ма? Заев шаттана айтатын-
дай, «Совет Одағының сайыпқырандары» – екінші рота жүргіз-
ген ұрысты мен басқарған жоқпын. Заевтың қобалжығаны рас,
бірақ мен оны тыйып тастадым. Және оған: «Дымыңды шығар-
май жат!» дедім. Міне, барлық бітіргенім осы ғана.
Заевтың жауынгерлері өлген адамның кейпіне түсіп, ашық
дөңестегі окоптарында тырп етпей жатқан сәтте немістер осы
жотаны айналып, жолға шығады. Көпір алдына сегіз танкі келіп
тоқтапты. Олар аялдап, көпірдің миналанған-миналанбаға-
нын байқауға ниеттенеді. Алдыңғы үш машинаның танкистері
шығып, тексеруге де кіріскен. Немістің осынау құрышпен қап-
таған техникасына ерген жаяу әскер тізбектеліп алып, бетіне мұз
қатқан өзеннен жүгіріп өтеді де, автоматтарын кезеніп жотаға кө-
теріле бастайды. Сақтықты да ұмытпай, тал-шілік арасын атқы-
лай жүреді. Ал біздің сарбаздар немістердің қазір үстілерінен
түсіп, қырып салатынын көріп, қыбыр етпей жатыр.
593
Жыртқыш құстарды осылай аулайды
Жаныңның мұрын ұшына келуі деген осы шығар. Енді бір ми-
нуттен кейін он шақты қадам аттаса-ақ, ажал аранына түспекші!
Дәл сол мезетте Заев: «Алға!» деп ақырып қалғанда сарбаздар
бір кісідей атып тұрып, қарсы шабуылға көтеріледі. Бәлкім, мұн-
шалықты қияпат, оқыс қимыл осындай сын сәтінде әрбір жүйке
талшығы: қазір бір секундта бәрі шешіледі; не тірі қаласың, не
өлесің деп шыңғыра ширыққан мезетте ғана жасалатын шығар.
Заевтың айқайы, ол берген команда – шірене тартқан садақ
жебесінің атылуындай әрекет еді. Немесе, анығырағы, әбден
жиырылған серіппенің жазылу сәті-тін. Мұрындығын тартып
қаласыз – серіппе жойқын күшпен жазылады. Жазған кезіңізде
жұлқып босатқан мұрындық – бұйрықты ғана емес, ең бастысы
сұрапыл серіппе қуатын мейлінше дәл көрсетерсіз.
«Өлі жандар» ұшып тұрып, алға ұмтылып, жотадан төмен
қарай лап қойды. Бұл алапат өрт жалынының бет шарпуымен
бірдей-ді. Мұндайда қаншалықты сақ болғаныңмен, кірпігің
күйіп, ақылдан ажырарың айдан анық. Немістер жалт бұрылды.
«Тіріліп кеткен» рота көпірге қарай ұмтылып, жанталаса қашқан
жауды жайрата берді. Оққа ұшқан тоғыз танкист те көпір үстін-
де жан тапсырды. Өзге танкілер атуға кіріскен. Бірақ біздің жа-
уынгерлер өзенге қарай өтіп үлгерген еді. Жағадағы жыраларды
сағалаған олар, танкіге қарсы гранаталары мен жанғыш бөтелке-
лерін лақтыра бастады.
Жаяу әскерінің қорғауынсыз қалған танкілер жүрген бойла-
рында атқылап, шегінуге мәжбүр болды.
Заевтың ротасы жүздеген жауды жайпап салды. Бос қалған
үш танкі қолға түседі. Сарбаздар олардың ішінен қуырылған та-
уық, әйелдердің іш киімін, төплилер, түрлі мата, басқа да әрқилы
бұйымдар тауып алыпты. Біздің қолымызға тағы да жетпіс бес
миллиметрлік зеңбірек, бір тягач және мол снаряд іліккен екен.
Сондай-ақ жорықтық радиоаппаратура қондырылған бір жеңіл
автокөлік шұңқырға батып, қалып қойыпты. Немістер қашып
бара жатып, оның моторын жарып үлгеріпті.
Дұшпанды серпіп тастап, қардың бетін жау қанымен бояп, ме-
рейі тасыған Заевтың ротасы бұрынғы позициясына бекінді.
Волоколамск тас жолы
594
12
Менің штабым ақыры түгелдей бас қосқанда кеш түсе
бастаған-ды.
Үйдің іші у-шу. Саңқылдаған үн әдеттегіден қатты еді, күл-
кіден құлақ тұнады. Келіп кірген жеңіс шаттығы бөлмені құл-
пыртып жібергендей. Бұрын сүреңсіз көрінетін сұп-сұр тұсқағаз
да ымырт қараңғысына қарамастан, күміске матырғандай жалт-
жұлт етеді.
Матренинодан олжа бұйымдар – пистолеттер, дүрбілер, шама-
дандар, бума-бума құжат, сигареттер, кәмпит-сәмпит, шарап жет-
кізіліп үлгерген. Бұлардың бәрі үстелде, кереует үстінде, терезе
алдында, бұрыш-бұрышта үюлі жатыр. Қайта-қайта ашылып жа-
былған есікте де дамыл жоқ. Хабаршылар, телефоншылар, күзет-
тегі сақшы жәрдемшілері, шаруашылық взводының сарбаздары,
атшылар рұқсатсыз-ақ бір кіріп-бір шығады.
Рахимов жүзі албырап, нұсқау беріп отыр. Мен ештеңеге ара-
ласпай, шетте тұрмын. Кеудемді қуаныш кернейді. Бұл күйімді
сын-сағаттарда өзіммен біте-қайнасқан қарулас әріптестерім
жақсы түсініп, қоса масайрап жүр. Толстунов елжірей қарап қо-
яды. Баладай жәутеңдеген Бозжановтың да айрықша құрметін
аңғарамын. Әлгінде Тимошиннің аялап, сонша ұзақ қараған се-
бебін де енді ғана түсінгендеймін. Оның жас жанары: «Сен ерлік
жасадың!» деп тұрған екен.
Бұрын басқарудың қорқынышы мен командир шаттығын мұн-
шалықты жіті сезініп көрмеппін. Тіпті қуанышым қойныма сый-
май, көкірек тұсым аздап ауырып та кеткендей.
Соңғы кездесу
1
– Бәріңіз де бөлмеден шығыңыздар! Аға политрук Толстуно-
втың қалуын сұраймын, – дедім мен.
Есік аузындағы сапырылыс бірер минутке созылды. Одан соң
Толстунов екеуміз оңаша қалдық. Құлақшыны мен шинелін ше-
геге іліп үлгерген екен. Үйдегі еркін әдетімен гимнастеркасы-
ның қайырма жағасын ағытып қойыпты. Шығып бара жатқан
595
Соңғы кездесу
жолдастарын қағытып, әзіл-қалжыңға ерік берген Толстуновтың
үшкір тұмсығы мен қалың ерніне дейін күлім қағады. Әйткен-
мен, біртіндеп салмақты кейіпке көшті.
– Не болды, Бауыржан?
Ештеңені жасырмастан, мән-жайды айттым:
– Генерал-лейтенант Звягиннің бұйрығымен басшылықтан
ығыстырылдым. Дивизия штабына баруым керек. Істің сәтті
аяқталатынына сенгім келеді; арым таза, басым аман, бірақ...
Бұйрықтың аты бұйрық. Звягиннің қандай шешім қабылдайты-
нын кім білсін.
– Біздің генерал не дейді?
– Бұл жайында тіс жармады. Тек: «Жаратқан жар болсын сіз-
ге, жолдас Момышұлы» деді.
– Орныңнан түсірілгеніңді біреу-міреуге айтып па едің?
– Өзіңнен өзге ешкімге жақ ашқам жоқ.
– Айтпа ешкімге.
– Қайткенмен, мұнда қайтып оралмауым да мүмкін. Егер ба-
сымызға осындай тағдыр тап болып жатса, батальонды сенің қа-
былдап алғаныңды қалар едім.
– Ондайды ойлама да! Өзің келесің.
– Әрқандай жағдай үшін айтқаным үшін ғой. Батальон ко-
мандирі сен болсаң, басыма қандай іс түссе де, ешбір алаңдамас
едім.
– Рахимов ше? Лауазымы бойынша командирдің орнын сол
алмастыруы керек қой.
– Федя, мұны ойластырғанмын. Командир – творчество ада-
мы. Соғыс дегеніміз – өнер. Басқару үшін бір ғана тындырым-
дылық жеткіліксіз. Істі білу өз алдына, оны атқару қажет. Ба-
тылдық талап етіледі! Рахимов керемет көмекшің болады. Мені
өзіңнің алмастыруың жөнінде өтініш білдіремін. Генерал тіле-
гіммен санасуға тиісті.
– Ой, сен тіпті, мүлде келмейтіндей болғаның не? Ораласың
әлі!
– Білмеймін. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Алаңсыз болғым ке-
леді.
– Жарайды. Жерге қаратпаспын.
Волоколамск тас жолы
596
Толстуновтың күректей, қатқыл алақанын құшырлана қыстым.
Одан есікті ашып, штаб қызметкерлерін шақырдым. Бәрі кірді.
– Жолдастар, мені дивизия штабы шақыртты. Орнымды лей-
тенант Рахимов уақытша алмастырады. Аға политрук Толстунов
та батальонда қалады. Мұның беделін сыйлаңдар! Нағыз жауын-
гердің беделін! Жолдас Рахимов, түсінікті ме?
– Түсінікті. Құп болады. – Сәл үнсіз қалған Рахимов сөзін са-
бақтады: – Сіздікі жөн, жолдас комбат.
Сайтан алғыр, өзі біздің әңгімемізді тыңдап тұрғандай сөй-
лейді. Оның қара көзінен шамданудың, реніштің зәредей белгісі
байқалмады. Иә, Толстунов, сенің штаб бастығыңның лайықты
екеніне дау жоқ. Кенет санамда жылт еткен осы ой тұла бойымды
дір еткізді. Расында, батальонмен қоштасып тұрғаннан саумын
ба?
Сергек Бозжанов маған қадала қарады. Әлдебір қолайсыз
жағдайдың болғанын аңғарымпаз жүрегі сездіріп тұр. Ол елең-
деп:
– Жолдас комбат, қашан ораласыз? – деп сұрады.
– Бүгін, – дедім мен жайбарақат. – Ал, жолдастар, жүрек
жалғап алсақ теріс болмас еді.
Аспаз Вахитов та ақыры өзінің көптен күткен кезегіне жет-
ті-ау. Даяр тұрған неше қилы тағамдарын қаптатып атай бастаған
оның қонақжайлық ниетін қабылдай қоймадым:
– Барыңды тез әкел. Той жасап отыратындай жағдайым жоқ.
Рахимов үюлі жатқан олжаның ішінен әлдебір ұсақ балық,
теңіз шаяны дегендей бірнеше қалбыр әкелген.
Толстунов та сол заттардың арасынан үстелге бір шөлмек ша-
рап шығарып қойды. Мен одан бас тарттым. Бір шетте тұрған
атқосшым Синченко құтысын созады:
– Мүмкін, бір стөпке орыс арағынан татарсыз, жолдас ком-
бат?
– Құй! Біреуі бөгет жасамас. Қағыстырайық, жолдастар. Бы-
лайша айтқанда, басымыз қосыла берсін.
Үлесін көтеріп қойған Рахимов орнынан тұрды.
– Өзіңіздің экспедицияңызды жабдықтап беруге рұқсат етіңіз,
жолдас комбат.
– Экспедиция? «Маңызды» сөзді таптың-ау.
597
Соңғы кездесу
– Енді қалайша? Дивизия штабына құрқол бармайтын шығар-
сыз. Мен тапсырма да беріп қойдым, жолдас комбат.
– Ендеше, әзірле жабдығыңды.
2
«Экспедициямның» сипаты былай еді: екі салт атты – өзім
мен Синченко; біркелкі үнмен дырылдап, от алып тұрған тірке-
мелі кебежесі бар мықты-мықты екі олжа мотоциклет. Бірі бейбіт
уақытта талай жарыстарға қатысқан, танкі жойғыштар взводы-
ның командирі, жаужүрек лейтенант Шакоевке тапсырылды. Кав-
казда туып-өскен ол өз елінің қастерлі салт-дәстүрін сақтаушы,
қонаққа барардағы кәдесый, тарту-таралғы мәселесінің білгірі
ретінде кебежесін бағалы олжа заттармен толтырып алды. Оның
ішінде түрлі қағаз салынған шамадандар, таңдаулы қару-жарақ,
фотоаппараттар, және, әлбетте, сирек кездесетін әралуан шарап
бар.
Екінші мотоциклетке де жүргізуші табылған, ол – осы ма-
шиналарды қолға түсірген қатал мінезді, сымбатты жігіт Курба-
тов еді. Мұндағы кебежеге тұтқын капитан жайғасты. Қар сәу-
лесімен ағараңдаған алакөбең шақта сарбаздар оған қызықтай
қарайды. Бір көзі аппақ дәкемен таңулы, тәрізі, санитарлық взвод
қызметшілері жаңа ғана байлап бергендей. Сау көзімен, ешбір
дүниеге елең етпейтін адамша, алдыға тесірейеді. Ұстарамен
қырулы, сазарған, сұп-сұр бетінің әр жерінде баттастырып йод
жаққан жарақат орны қарауытады. Шомбал иегіне жіңішке пла-
стырь жапсырылыпты. Капитандық погон тағылған шинелінің
өңірі жартылай ашық, екі-үш түймесі үзілген сияқты. Капитанға
арпалысып жүргенде айырылып қалған фуражкасын қайтарып
берген екен. Онысының қайқиған биік маңдай беті, жалтылдаған
жалпақ күнқағары тұтқынның мойымағанын, иілмегенін, маңғаз-
дығын байқататындай. Жарақаты жанына батып, құты қашқан
мұның: «Мен қолға түстім, қарусызбын, алайда менің жеңімпаз
ұлтымның – асыл нәсілімнің рухани үстемдігін бәрібір тартып
ала алмайсыңдар» дегісі келген кейпін аңдау қиын емес. Артта өз
тұтқынынан бір елі ажырамай жүрген Строжкин отыр. Шекесі-
не сырғып кеткен құлақшыны астынан ақсары төбесі көрінеді;
білезігі шидиген қолымен винтовкасын қыса ұстапты; белдігіне
қыстырулы парабеллум сорайып тұр.
Волоколамск тас жолы
598
Көкжиектің әр тұсында батар күннің алқызыл шапағы алау-
лайды. Зеңбіректр сарыны басылайын деген. Алайда жер-жерде
тіресе атысқан қару үні кенеттен өршелене түседі; ұрыс күні әлі
аяқталған жоқ. Тас жолмен майдан жақтан ешбір сап құрмастан
шағын тобымен, тіпті кейде жалғыз-жарым қайтқан жауынгер-
лер көрінеді; оларды біздің патрульдер тоқтатып тұр.
Тізгін қақтым. Торытөбел орнынан лып етіп қозғалып, сы-
лаңдай жөнелді. Тас жолдан Шишкино деревнясына апаратын
бүйірдегі сүрлеуге бұрыламын. Соңымнан тұрықты торы атқа
мінген Синченко мен моторлары біркелкі тырылдап, екі мотоци-
клет ілеседі. Атыс дүбірі қаңылтыр салдырындай күркіреген сол
жақ тұсымызда қап-қара орман сыңсиды. Тоғай жиегіндегі қар
көмкерген алқапқа винтовка ұстаған жеке-дара немесе үшеу-төр-
теуден біріккен біреулер секиіп шығып, бері жылжыды. Бұларды
іргеде бөгеп, топ-топқа жіктей бастайды. Күтпеген жерден:
–Тоқта! Пропуск! – деді әлдекім.
Торытөбелді тоқтаттым. Қасыма аттылы біреу келді. Кеудесі-
не тағынған айқыш-ұйқыш командирлік қайыс бауларына көзім
түсті. Бір қолы – тізгінде, екінші қолына пистолет ұстапты. Ди-
визия саяси бөлімінің бастығы Голушконы таныдым. Жүйкесі
қатты ширығып, терісіне зорға сыйып тұрғаны байқалды.
– Момышұлы? Мыналар сенімен бірге ме? Қайда барасың?
– Дивизия штабына. Генерал шақыртты.
– Оны жолықтыра қоюың екіталай. Шишкиноға жау автомат-
шылары бір келіп үлгерген. Штаб кетіп те қалған шығар. Штаб-
тың барлық қызметкерлері мен саяси қызметкерлер жұртты жи-
науға жіберілді. Астан-кестен ахуалды өзің көріп те тұрсың ғой.
Саяси бөлім бастығы атының басын бұрды да, орманнан бері
қарай сүметіле шұбырған адамдарға қарай шаба жөнелді. Сәл
жұмсақ украиндық мәнермен сөйлейтін оның қатқыл даусы тағы
естіледі:
– Тоқта! Аялдай тұр! Қайда бет алдың? Қай полктенсің?
Мен жақын келіп, сөздеріне құлақ түрдім.
– Қай ротадансың? Неге кетіп қалдыңдар?
– Аласапыран басталып кетті, жолдас командир. Адасып қал-
дық. Мүмкін қазір ротамыз жоқ та шығар.
599
Соңғы кездесу
– Ал анда шайқасып жатқан кімдер? – деді Голушко алды-
дағы зеңбіректер гүрсілдеп жатқан жақты нұсқап. – Естіп тұр-
сыңдар ма?
– Немістер атып жатыр.
– Сонда олар айдалға босқа атып жатыр ма? Сап түзеңдер!
Рет-ретіңмен санас!
Голушко маған бұрылды:
– Жүре бер, жүре бер, бөгелме, Момышұлы. Мүмкін саған
Шишкинодан тағы біреулер жөн сілтер. Және абайла, өзіміздің
адамдар оқ жаудырып жүрмесін. Гитлерлік мотоциклеттер деп
ойлап қалуы ғажап емес.
– Бұл өзі де гитлерлік машиналар. Бүгін қолға түсірдік.
– Охо! Керемет! Естіп тұрсыңдар ма, жігіттер? Фрицтерден
мотоциклет тартып алыпты! Равняйсь! Смирно! Ер соңымнан!
Мен өз адамдарыма қайта оралдым. Біз әрі қарай жылжыдық.
Ал сол жақ қиырдағы майдан тарапынан, – ал оның қазіргі шебі
қайда жатқанын кім білсін! – шайқастардың алпауыт балғасы
талқандап жіберген полктердің жұрнағы – снаряд жарықшағы
секілденген жауынгерлер бейберекет үздіксіз ағылып келіп жа-
тыр.
3
Шишкиноға жете бере бізді жауынгерлік күзет тоқтатты. Мұн-
да дивизия штабының коменданттық ротасы окоп қазып бекініп,
қорғануға даяр тұрған еді. Деревня шетінде өрт орындары қара-
уытады, кей тұстарда оттың көкшіл жалыны әлі де сумаңдап қо-
яды. Қазір: «Мұнда генерал жоқ!» дейтін шығар деп ойладым.
Мүмкін, әрі қарай, түкпірге, тылға баруға тура келер. Алайда
рота командирі әлдекіммен телефон арқылы сөйлесті де, жаны-
мызға жолбасшы қосып берді.
Арада бірнеше минут өткенде шатыры қаңылтыр, шағын
бөрене үйге – Панфиловтың тұрағына келіп жеттім. Терезе пер-
делері тас қараңғы жабулы тұр. Әйнектер шытынап сынған, кей-
бір терезелердің орны үңірейген қуыс. Анадай жердегі штабтың
кейбір бөлімдері орналасқан еңселі жайдан отқа күймейтін ауыр
жәшік шығарылып, жүк машинасына тиеліп жатыр. Дивизия
штабы, қайткенмен де, кетуді ойластырғандай.
Волоколамск тас жолы
600
Өз серіктеріме күте тұруды бұйырып, аттан ырғып түсіп,
сақшыға қарай жүрдім. Дәл сол мезетте, бұрынғы дем алған
кезіміздегідей, есік алдына Панфиловтың үстіне сырмалы теле-
грейке киген адъютанты, лейтенант Ушко жүгіріп шықты.
– Жүріңіз, жүріңіз, жолдас аға лейтенант. Генерал сіздің мұн-
да екеніңізді біледі.
Міне, өзіме таныс бөлме. Аккумулятордан қуат алатын кіш-
кене шам айналаны жақыратып тұр. Терезе алдындағы тақтай-
да былғарымен қапталған далалық телефон қорабы тұр. Пердесі
жабулы болғанымен, әйнегі сынық терезе саңылауынан соққан
жел үстел үстіндегі газетті желпиді. Қара лакпен боялған трюмо
жақтауына қаңғыған жарықшақ тиіпті. Жарылған ағаш тұсында
айна шеті де сынған. Е-е, осынау салқын бөлменің өзінде жан қы-
сылып, ыстықтаған кез болған секілді ғой. Генералдың көшпелі
кереуеті жиналып үлгерілген. Оның қасында плащ-палаткамен
оралған үлкен тең жатыр. Генерал мұнда түнеуді ойламайтындай.
Көрші бөлмеден Панфилов шықты; (сыртынан жабылмай қалған
есіктен түкпірде алдындағы жаюлы картаға қарап отырған капи-
тан Дорфманды байқадым, сондай-ақ тағы бір телефон аппара-
тын көзім шалды). Етегі тізеден төмен түсетін тонының омыра-
уы ашық, ұзын жеңін қара түгін айналдырып қайырып алыпты,
жұмыс істеуге бөгет жасамасын деген болуы керек. Панфилов-
тың бүгінгі кескініндегі әлдене, мені қатты таңырқатты; осы «әл-
дене», расында, жағдайға аса қабыспайтындай еді. Генералдың
үстінен жаңа біразда ғана сепкен одеколон иісі бұрқырайды. Аға-
ра бастаған шашы мұқият қырқылыпты, таяуда өзім көргенім-
дей, түк басқан әжімді мойны жалтырап тұр, – тәрізі, бүгін оған
да ұстара тиген секілді. Шаштараздың қайшысы ерін үстіндегі
төртбұрышты мұртын да әдемілеп бастырып берген екен.
Шөткемен ғана емес, оған қоса, шамасы, барқыт шүберекпен
де ысқылап әбден тазалаған генералдың етіктері электр шамның
сәулесімен шағылысып, жалт-жұлт етеді. Бір сөзбен айтқанда,
осы кеште біздің генерал сонша сәнденіп алғандай көрінді.
– Жолдас генерал, генерал-лейтенант Звягиннің бұйрығы
бойынша батальон басшылығын өткізіп...
Бір сәт тосылып қалдым. Қалай айтқаным дұрыс: келіп тұр-
мын деймін бе әлде қарамағыңызға келдім дегенім жөн бе? Мен:
601
Соңғы кездесу
– Қарамағыңызға келдім, – дедім.
Панфилов көзін сәл сығырайта қарады.
– Сонымен-сонымен... Сөзіңізді неге аяқтамадыңыз?
Генералдың емеуірінін түсіне алмай қалдым.
– Аты-жөніңізді неге айтпадыңыз?
– Айыптымын... (Іштей: «Қызық, біздің генерал, ешқашан
формалист болмаған сияқты еді ғой» деп ойладым). Аға лейте-
нант Момышұлы.
– Қай полктен?
Мен полк нөмірін айттым.
– Қай дивизиядан?
– Қалай?
– Қай дивизиядан деп сұрап тұрмын.
– Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясынан.
Панфилов кері бұрылып, ашық тұрған есікке қарай дауыста-
ды:
– Естіп отырсыз ба, жолдас Дорфман? Білмейді. Әлі ештеңе
білмейді екен.
Бұдан соң қайтадан маған қарады. Жартылай мұрт жауып
тұрған үстіңгі ерні күлкісін тежегендей аздап жиырылды.
– Қателесесіз, жолдас Момышұлы. Қазір біз басқаша атала-
мыз.
Ол үстел үстінде жатқан газетті алып, маған ұсынды. Бұл – ер-
теңгі нөмірдің корректуралық нұсқасы екен. Терілген бағаналар
арасынан әлі де бос орындар ағараңдайды. Бетте біздің дивизия-
ның енді: Сегізінші атқыштар дивизиясы деп аталатыны туралы
хабар қызыл қарындашпен қоршалыпты.
– Міне, осы үшін сізді де құттықтаймын, жолдас Момышұлы.
Панфилов тонының етегін серпіп тастап, шалбарының қалта-
сынан советтік гвардия төсбелгісін шығарды, мұны – желбіреген
эмальды қызыл туды алғаш рет сонда көрдім.
– Көріңіз, жолдас Момышұлы. Маған бүгін газетпен бірге
әкелді. Әзірше тек үлгісі. Тағып та байқадым. Сосын шешіп қой-
дым.
Төсбелгіні біраз айналдырып көріп, эмалінің түрлене құбылға-
нын тамашалап тұрды да, қайтадан қалтасына салды. Бірнеше
күн бұрын арманын айтып, шаштаразға: «Гвардиялық атаққа қай
Волоколамск тас жолы
602
кезде еңбегіміз сіңеді, міне, сол кезде жасаруға кірісемін. Сон-
да өз қолыңызға біржола өтемін. Уәде берейін...» – дегені есіме
түсті. Панфилов та сол минутті ұмытпапты.
– Берген уәдені орындауға тура келеді, – деді ол, – көріп
тұрғаныңыздай, қырынып, шашымды қидырдым. Бір жақсысы,
бүгін уақытым жеткілікті.
Ол мені тағы да таң қалдырды. Мұнысы қалай? Немістер ала-
пат соққы жұмсап, біздің қорғанысымызды қақырата күйретуге
кірісті, бұл күн гитлершілердің жаңа шабуылының, Москваны
бұзып кіруге жасаған жаңа әрекетінің тағдырын шешіп тастауы
да ғажап емес, ал сол соққыны қабылдап отырған дивизия коман-
дирінің уақыты қалайша көп болады? Панфилов мұны былайша
түсіндірген:
– Түс мезгілінен бері Малыхпен де, Юраспен де байланыс
жоқ. Біздің әскерлер Ядровоны әлі қорғап тұрған-тұрмағанын,
тіпті білмеймін де. Бірақ, міне, мына Шишкинода өкше көтеріп,
тұра жөнелуге даяр-ақ отырмын, ал дұшпанның жетіп келе қоя-
тындай түрі көрінбейді. Тек оның осы жерге құстай ұшып келуге
қаншалықты құштар екенін білсеңіз ғой!
Ол өзінің бүктеулі төсегіне бір қарап алып, сөзін жалғастыр-
ды:
– Бөлімдер кетіп үлгерген, ал біз жолдас Дорфман екеуіміз,
мүмкін, осында қонармыз да.
Панфилов өңірі ағытулы тонының қайырулы қара түкті жеңін
жоғары бір жұлқыды – генерал, тәрізі, жұмысқа құлшынып
тұрған сияқты, – одан соққыдан шытынағанымен, шынысы түсе
қоймаған айнаға қарап иығын керді, саусақтарымен мұртын сы-
лады. Әзірге мен туралы, өзімнің шақыртылуыма қатысты еш-
теңе дей қоймаған. Мен тырс етпей, оның лебізін күттім.
4
Бөлмеге тағы да Ушко кірді.
– Жолдас генерал, сізге сыйлықтарын алып лейтенант Шако-
ев келіп тұр. Рұқсат етесіз бе?
– Айтпақшы, жолдас генерал, – дедім мен, – өзімізбен бірге
мотоциклетпен тұтқын капитанды да ала келгенбіз.
– Сізде жүріп тұрған мотоциклет те бар ма?
– Иә. Екеуі – осында. Қалған екеуі батальонда.
603
Соңғы кездесу
– Ім-м... Кәне, барып көрейік.
Панфилов тонын түймелеп ала қойды; іске деген ынтызарлық,
білмек-көрмекке шексіз құмарлық шыдатпай, сыртқа асықты-
рған секілді.
Осы кезде сый-сияпатын алып Шакоев кіріп келді. Ол әжептәуір
салмақты затты – немістің алабажақ қоңыр-жасыл плащ-палатка-
сына оралған түйіншегін шалт қимылмен үстел үстіне қойған.
Одан қара мұртты дағыстандық жігіт сымдай тартылып тұра қал-
ды да, әр сөзін баппен мәнерлеп рапорт бере бастады:
– Жолдас генерал, Талғар полкі бірінші батальонының жа-
уынгерлері мен командирлері...
– Рахмет, – деді генерал оның сөзін бөліп. – Бәріңізге де рах-
мет.
Сол бойда іске көшті:
– Жолдас Шакоев, тұтқын мен қолға түскен барлық құжат-
тарды Гусеново деревнясына, барлау бөліміне жеткізіңіз. Және
тезірек. Түсіндіңіз бе мені?
Біз Панфиловпен бірге далаға шықтық. Алда, әсіресе, көкжи-
ектің сол жақ тұсында, бұрынғыша, еңкейген күн шапағы қы-
зараңдайды. Жоқ, бұрынғыша емес, қазір алау нұры әлсіреген,
күңгірт. Атыс дүбірі де бірталай басылыпты. Зеңбіректер гүрсілі
сирепті. Міне, пулемет тоқпағы тақылдата жөнелді. Шалғайдан
тағы бір пулемет тарсылы естілген. Панфилов мұздай салқын ау-
амен кеуде кере тыныстады.
– Төтеп бердік, – деді ол. – Қайда, не, қалай болып жатқанын
анық біле де қоймаймын, бірақ беріспедік, шыдадық, жолдас Мо-
мышұлы.
Қақпа түбіндегі қар басқан жолдан біздің екі атымыз бен қос
мотоциклет сұлбалары қарауытады. Винтовкаларын аяғына сүй-
еген Курбатов пен Строжкин тұр. Кебежеде әуелдегі қоқырайған
кейіппен фуражкасы едірейіп тұтқын отыр. Шинелінің жағасын
да қоқитып көтеріп алған.
– Тұр! – деп бұйырды оған өктем үнмен немісшілеген Шако-
ев. – Алдыңда генерал тұр!
Гитлершіл-капитан созбалақтап, теңселе көтерілді, – тәрізі,
аяғы ұйып қалса керек, – әйткенмен, салмақ тепе-теңдігін сақтап,
Волоколамск тас жолы
604
кебеже сыртына қарай аттады, одан басын кекжитіп, екі қолын
жанына түсіріп тұра қалды.
– Е-е, біраз төмпештеген екенсіздер, – оның түріне барлай қа-
раған Панфилов. – Бұл өзі әбден қатып қалыпты ғой.
Шакоев жауап қайтарды:
– Орыс аязы, біраз сүйегінен өтсін, жолдас генерал.
– Тұтқынды қинауымыз жөн емес. Жолдас Ушко, күпәйке ме,
бірдеңе әкеліп беріңіз бұған.
Ушко үйге қарай беттеді.
– Жолдас генерал, – деп саңқ етті жаңа бір дауыс, – сөз айтуға
рұқсат етіңіз. Сержант Курбатов.
– Иә, иә, жолдас Курбатов, айтыңыз.
– Бізде мұның шамаданы бар. Содан алуға болады.
Қарулы да алғыр сержант металл бұрыштамалы былғары ша-
маданды лып еткізіп шығарып, кебеженің темір қорабына қойды.
– Біз мұны көргенбіз, жолдас генерал, бірақ ештеңесіне ти-
медік.
Курбатов шамаданның қақпағын ашып, ішіне қалта электр фо-
нарының жарығын түсірді. Бетінде ақ жүннен тоқыған жұп-жұқа
орынбор шәлісі дөңгеленіп жатыр екен. Шәлінің астынан әйел-
дің жібек іш киімі, түрлі-түсті блузкалар, төпли шықты.
– Ім-м... Мен мұнымен сөйлеспеймін. Бәрін орнына тастаңыз.
Мұны ұстаған сіз бе, жолдас Курбатов?
– Жоқ. Жауынгер Строжкин. Міне, өзі, жолдас генерал.
– Строжкин? Алматыдан ба?
– Москвалықпын! – деп саңқылдай үн қатты Строжкин.
Панфилов қуанышын жасыра алмаған:
– Жаңадан келгендерден бе? Міне, нағыз сыйлық! – Ол сәл
ойланды. – Біз, жолдастар, бүгіннен кейін енді жаңадан келген-
дер мен бұрынғылар деп бөлінбейміз. Бүгіннен кейін...
Ол сөзін аяқтағанша баспалдақ жақтан қолына сырмалы теле-
грейке ұстаған Ушко жүгіре жетті:
– Жолдас генерал, сізді телефонға шақырады. Хабарласқан
жетпіс үшіншінің комиссары...
– Ә, табылған екен ғой... Сіз жүріп кетіңіз, жолдас Шакоев.
Мынаны қарақшы армиядан шыққан мырзаның өзіне тастаңыз...
605
Соңғы кездесу
Көріскенше, гвардияшылар! Сіз менімен жүріңіз, жолдас Мо-
мышұлы.
5
Бөлмеде табалдырық аттағаннан-ақ қытқылдаған мембрана
дыбысы естілді. Аппарат түбінде тұтқаны құлағынан сәл алы-
стау ұстап, теп-тегіс шинелінің сыртынан қайыс белбеуін қынай
буынған капитан Дорфман тұр. Дорфман телефонға тақау үстел
шетіне (онда қодырайып тұрған олжа заттардың теңі әкетіліпті)
өзінің ажырамас серігі – оперативті карта сақтайтын қара папка-
сын жайғастырған.
– Бір минут, – деді ол, – тұтқаны қожайынға берейін.
Орындығын телефонға қарай жылжытып тізе бүккен Панфи-
лов бізді де ұмытпай: «Отырыңыздар, жолдастар, отырыңыздар!»
деді де, тұтқаны алды.
– Жолдас Лавриненко? Сіздердің деректеріңізді ұзақ күттік
қой... Тыңдап тұрмын, тыңдап тұрмын... Асықпаңыз.
Мембранадан самбырлаған дауыс естілді. Панфилов арагідік
сұрақ қояды:
– Ал полк штабы ше? Бұл қай сағатта болды? Сізді қорғаған
кім?.. Онда біздің тағы қандай күшіміз бар екен? Кәне, жолдас
Дорфман, картаны әкеліңізші.
Ол картаны тізесіне қойып алып, тыңдауды жалғастыра берді.
– Угрюмов те ме? – Панфиловтың өңі лезде қартаң тартқан-
дай күреңітіп, бір сәт ерні дірілдеп, кемсеңдеп кетті. – Георгиев
те? Көпір түбінде ме? Көріп тұрмын. Тірі қалған ешкім бар ма
өзі? Тұра тұрыңыз, белгілеп алайын.
Генерал бірдеңе айтуға оқталғандай Дорфманға үрпие қарады,
бірақ ештеңе деместен, карта бетіне қарындашпен нүкте таңба-
лаған. Сөйтті де, қайтадан сөзге құлақ қойды. Жүзіндегі қабар-
жу көлеңкесі сейілді; майдан даласында жан тапсырған адам-
ның қасында отырып-ақ өзек жалғайтын, тіпті кейде әлгі жерде
боқтанып сөйлейтін солдаттың құтқарушы тасбауырлық әдеті өз
дегенін істеді. Панфилов қайтадан күлімдеп, әзілдей беретін қа-
лыпқа түскен.
– Қонатын жерге жайласыңыз, жолдас Лавриненко. Мен бе?
Бұрынғы орындамын. Иә, қаннен-қаперсіз отырмын осында.
Волоколамск тас жолы
606
Күлкісін тежеген Панфиловтың үстіңгі ерні тағы да аздап
жиырылды. Осынау лебізді жеткізу жанына жағатыны анадай-
дан-ақ аңғарылып тұр.
– Бір жағынан сіздің арқаңызда ғой, жолдас Лавриненко, –
деді Панфилов жылы шыраймен сөзін жалғап. – Ертең сіздер
мені ауыстырасыздар. Түсіндіңіз бе? Сізге трюмо тастап кетемін,
рас, аздап бүлінген.
Панфиловтың ендігі үн әуезі әзіл-қалжыңға ауысты. Оның
жүзіндегі өзгерістің тез алмасуы таңырқатады, ойымды ашық ай-
тсам, бұл – генералдың дархан пейілдігінің белгісі. Міне, оның
сөз мәнері тағы да алмасты:
– Бүгін дивизияға гвардиялық атақ берілгенін жариялаңыз.
Иә. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы. Менің атым-
нан бәрін құттықтаңыз. Әрқайсының қолын қысатынымды жет-
кізіңіз, әрқайсына рахмет айтамын!
Панфилов тұтқаны дыбысын шығармай, ақырын орнына қой-
ып, Дорфманға картаны қайтарып берді.
– Жолдас Момышұлы, лейтенант Угрюмов есіңізде ме?
Мен қысқа ғана жауап бердім:
– Иә.
Әрине, өткенде аспаз Вахитов ботқадан құр қалдыратын секпіл
бет, тәмпіш танау лейтенантты – түріне қарасаң деревня баласы
дерлік, сөзі мығым, білекті балғын жігітті қалай ұмытайын.
– Қаза тауыпты... А политрук Георгиевті білетін бе едіңіз?
Ол да оққа ұшқан. Сол шағын отряд түгел дерлік жер жастанған
екен. Бірақ танкілерді өткізбеген. Тоғыз танкі талқандалыпты,
қалғандары шегінген екен. Көрдіңіз бе, жолдас Дорфман, іс ай-
қындалып келеді. Әйткенмен, жұмбақ әлі аз емес. – Панфилов
тықырланған желкесін қасыды. – Беттері жыртылған кітап секіл-
ді. Енді сол парақтардың жойылып кетпеуін қадағалаған жөн.
Қалпына келтіргеніміз дұрыс. Сөйтіп, осы кітапты оқығанымыз
ләзім.
Үстел бетіне картаны жайып тастап, ол тағы да Дорфманмен
бірталай сөйлесті. Одан маған бұрылған.
– Барыңыз, жолдас Дорфман. Жұмысыңызды істеңіз.
– Құп болады. Кешіріңіз, жолдас генерал, уақыт болған жоқ
па екен...
607
Соңғы кездесу
– Қоныс ауыстыруды айтасыз ба? Оған үлгереміз. Қамқор-
лығыңыз үшін рахмет. Барыңыз.
Панфилов менімен оңаша қалды.
– Жұмбақ көп, – деп қайталады ол.
Сөйтті де, белгілі мәнері бойынша саусағының ұшымен ауаны
үйірді. Бұл әдеті көбінесе іштегі ойды ақтарып айтатын кездерін-
де қайталанатын еді.
– Тіпті әлі бала еді ғой...
Бірден түсіндім: сөз Угрюмов туралы.
– Шалдуар... Өзінің тегін жігіт емес екенін байқайтынмын.
Бірақ мынадайды... Мынадай жағдайды күтпеппін.
Ол менің пікірімді білгісі келгендей, ұмсына түсіп, еміне қара-
ды. Мен не айта қояйын? Бір минуттей үнсіз отырдық.
– Ал-л, жолдас Момышұлы, өзіңіздің... – Панфилов көзінің
айналасындағы ұсақ әжімдері жиырылып, көзін сығырайтты, –
өзіңіздің не бүлдіріп қойғаныңызды баяндаңызшы. Және саспай
айтыңыз. Асығыс емеспін.
Мен баяндай бастадым. Немістердің алқаптағы окопта бекін-
ген Матренино станциясын қорғаушыларды алыстан минометтен
атқылап қырып жіберуді ұйғарған тактикасын сипаттадым. Адам
шығыны туралы хабардың жан күйзелткенін айттым. Өзімнің
әрі-сәрі күйге түскенімді, «Егер олай ұстасақ, айырылғанымыз»
деп солдат даналығын айтқан жаралы жауынгермен жолыққа-
нымды да жасырмадым.
Панфилов сөзімді ешбір бөлместен тыңдаған.
Алайда бәрібір мәлімдемемді үзуге тура келіп қалды. Сырттан
мотор үні естілді, автомобиль есігінің тарс етіп жабылғаны білін-
ді. Панфилов орнынан тұрды. Мен де түрегелдім. Звягин кіріп
келмес пе екен деп ойлаймын.
Лейтенант Ушко екен.
– Жолдас генерал, тағы да тілшілер келіп тұр. Жолықсақ деп
қатты өтінеді.
Панфилов қалтасынан сағатын шығарып қарады.
– Тағы солар ма?
– Иә. Москваға асығып барады екен. Оларға бүгін генерал қа-
былдай алмайды дедім.
Волоколамск тас жолы
608
– Ім-м... Өздеріне уәде беріп едім. Таңертең мынаны әкелген-
де келіскенбіз. – Ол қайтадан «Гвардия» төсбелгісін шығарып,
айналдырып көрді. – Оларға бір ауыз жылы лебіз білдірсе артық
болмас еді. Жоқ, қазір босай алмаймын. Кешіре жатар. Жолдас
Ушко, менің кешірім өтінетінімді жеткізіңіз.
– Құп!
Әйткенмен, қайтадан тізе бүгіп, Панфилов: «Жалғастырыңыз,
жолдас Момышұлы, жалғасырыңыз» – дегенше Ушко және жетіп
келді:
– Жолдас генерал, оларға бәрін айттым. Өтініп қоймай тұр...
– Иә, иә...
– Сіздің кіруге мұрсат беріп, бір ғана сауалға жауап қайта-
руыңызды сұрайды.
– Бір ғана ма? – Панфилов күліп жіберді. – Қуларын қарашы.
Амал не, әскери қулықты бағалауға тура келеді. Солай емес пе,
жолдас Момышұлы?
Генерал іс менің келісіміме тіреліп тұрғандай, сұраулы жүзбен
қараған. Одан соң барып, есікті ашты.
– Келіңіздер, жолдастар. Сіздермен тиянақтап әңгімеле-
скім-ақ келіп еді, бірақ... Сонымен келісіп алайық: бір ғана сауал.
Өтіңіздер, өтіңіздер...
Бөлмеге алдымен «Фронтовая иллюстрация» журналының
тілшісі Нефедов кірді. Құлақшыны қайырып тараған сарғыш
шашын жауып тұр. Бояу иісі кетіп үлгермеген су жаңа ақшыл
тонының әр жеріне балшық жұғыпты. Тәрізі, қазір мойнына іліп
алған былғары қапшықтағы жіңішке баулы фотоаппаратын алып,
бекіністерге түсіп, топыраққа сүйкенсе керек. Албыраған бетін-
дегі шұқыры көрініп, қысылыңқырай жымиып, жан-жаққа жай-
раңдай қараған кескіні капитанның өз жұмыс күніне ризалығын
байқатады. Нефедов қолын шекесіне апарып, генералға ізет көр-
сетті.
– Қайырлы кеш, жолдас... – Панфилов моңғол пішіндес қы-
сық көзі күлім қағып, сығырая жымиды, – жолдас, Қырынан Қа-
рағыш.
Әлгі сәтте үстінде қонымды, жүріс-тұрысына да ыңғайлы,
бірақ әбден тозығы жеткен былғары шолақ күрткесі бар Нефе-
609
Соңғы кездесу
довтың серігі самбырлап, сөзге қосылды. Күн қағып, тотыққан
бетінде кешеден бері қырылмаған сақал-мұрт қылтаны қараяды.
– Қалай? Қалай дедіңіз, жолдас генерал?
Панфилов мырс етті:
– Сіздің сұрағыңыз осы ма?
Сіздің қаламдас-әріптесіңіз – Гриневич деп атайық – ешбір
сасқан жоқ:
– Жолдас генерал, ғафу етіңіз... Бұл әзірше анықтау ғана.
– Ім-м... Әттең, бастың бұрылуы қақында пәлсапа соғуға
мұрша жоқ. Әйтсе де, айтып қалған екенбіз... Жолдас Нефедов
бірде екеуміздің арамыздағы ұқсастықты байқапты, – осыны ай-
тып мені нұсқаған. – Онша ұқсай да қоймайды, ал қырынан қа-
рағанда түрлері аумайды дейді... Айтпақшы, жолдас Гриневич,
менің резервімнің командирі жолдас Момышұлымен танысып
қойыңыз. Және, мархабат, жолдастар, отырыңыздар. Бір минут
болсын, тізе бүгіңіздер: қақшиып тұрғандарыңыз жарамайды.
Кіргендер орындықтарға жайғасты. Гриневич генералдың зей-
інін жаңағы ойға қайта бұрған:
– Сонымен, әлгі даналықтың мәні...
– Иә, бұл жөнінде қысқа айтайын. Қазіргі шайқасып жатқан
ұлдар әкелеріне ұқсамайды. Ал қырларынан қарасаңыз, түрлері
бірдей! Түсіндіңіз бе мені?
Генерал әдетінше, өзіне ұнаған осынау тұжырымның көкей-
ге қонған-қонбағанын анықтап байқағысы келгендей, тілдесіп
тұрған адамға қарай ұмсына түсті.
– Ал-л, енді сұрағыңызды қойыңыз.
Күтпеген жерден шолақ тужурка иесі орнынан атып тұрды.
Алдында қимыл-қозғалысы, сөйлеу мәнері сылбырлау еді, енді
кенет ширап шыға келді.
– Жолдас генерал, сіз жауапты беріп те қойдыңыз.
– Жауап беріп қойдым ба?
– Иә. Мен өзіңізден: бүгінгі шайқастардың мәнін бір-екі
ауыз сөзбен қалайша түйіндеуге болар еді деп сұрамақшы едім.
Ол сөзді сіз айтып бердіңіз! Рахмет. Енді қалай жазататынымды
білемін. Жолдас генерал, кетуге рұқсат етіңіз!
Волоколамск тас жолы
610
6
Панфилов түрегелді. Омырауы ашық тонының жағасы әжім
торлаған әлсіздеу мойнын көмкеріп тұр. Қазіргі иіні сәл түсіңкі.
Жымырылған ерні де көңілсіздігін аңдататындай. Қажыды ма
екен? Әлде қоңылтақсып қалды ма? Кімге?
– Сізге, жолдас Гриневич, демек, бәрі анық болды ғой?
– Мақаланың сұлбасы айқындалды, жолдас генерал. Бара-
мын да, жазамын.
Үнсізбіз. Осы, Панфилов тілшілерді неге босата салмайды
екен?
– Ал маған айқын емес, – деп қалды ол.
Бүкшиіп, басын бұрынғыша қайсарлана иген Панфилов олай-
бұлай жүрді.
– Бір-екі ауыз сөзбен дейсіз бе? Жоқ, жолдас Гриневич, сіз
екеуміз бұл міндетті әлі шеше қойған жоқпыз. Қырынан қарау
ма? Ім-м... Мұны бүкіл соғысқа, біздің барлық өмірімізге қаты-
сты айтуға болар, бірақ бұл күн...
Панфиловтың саусағы бөлмеге ескен жел екпінінен бұрынғы-
ша селкілдеген газет шетіне тиді.
– Бұл күн, қарашаның он жетісі, әлі де болсын әлденені жа-
сырып тұр...
Ол желкесін қасып, қайтадан әрі-бері жүрістеп барып, қарато-
ры тілшінің көзіне қадалған соң, оның сөзге жіті ден қойғанын
аңдап, күлімдеді. Сөйтіп, сөзін жалғастырған:
– Жаңылмасам, Вольтердің бір хатында: «Шұбалаңқы жазға-
ным үшін кешірім өтінемін, қысқа жазуға уақытым жетпеді» дей-
тіні бар. Тек осы нақылды қайталай аламын.
Тағы да бір минут үнсіздікпен өтті. Тілшілер өздерін орнықты
ұстаған: тып-тыныш. Панфилов жеңін түріп алды.
– Жолдас Гриневич, картаңыз өзіңізде ме?
Журналистің планшетінен шығарылған топографиялық карта
лезде үстелге жайылды. Панфилов маған бұрылды:
– Жолдас Момышұлы, сіз де тақалыңыз.
Қарындаш ұстаған генерал картаға төніп тұр.
– Иә, жолдастар, маған бұлыңғыр... Менің осы резервтерім
қайдан пайда болды?
Ол тағы да маған қарады:
611
Соңғы кездесу
– Бүгін, жолдас Момышұлы, сіз, менің Горюныдағы ротаны
Матрениноға жіберу жөнінде бұйрық бермегеніме таңданған
шығарсыз. Шыныңызды айтыңызшы, солай ғой? Ал мен сол
сағатта бұзып өткен жаудың танкілер тобы сізге, Горюныдағы
позицияларыңызға өте ме деп күткен едім.
Панфилов картадан немістердің танкі дивизиясы шоғырланған
аймақты көрсетіп, дивизияның алдыңғы шебіне шаншылған қара
түсті жебе-сызық жүргізді.
– Дәл осы арадан, – деп сөзін жалғады ол, – танкілер біздің
артиллериялық тосқауылымызға қарамастан, өзіне жол салды.
Әрине, белгілі шығынға ұшырады. Бірақ өтті.
Бұдан кейін генерал әлгі танкілердің Волоколамск тас жо-
лына шығуға мүмкіндік алғанын айтты. Немістің жаяу әскері
танкілердің бас даңғылмен жылжуын қамтамасыз ету үшін тас
жолдың екі жағынан бірдей шабуыл жасады.
– Біздің Горюныдағы танкіге қарсы зеңбіректеріміз әне-мі-
не тарсылдап берер, тас жол бойындағы қорғаныс торабы іске
кірісер деп ойлаған едім, жолдастар. Әйткенмен, танкілер онда
жете алмады. Әлдебір белгісіз шағын резерв пайда болды да,
әлгілердің алдынан кесе-көлденең шықты. Сөйтіп өтуге жол
бермеді. Осы істі атқарған кім? Әзірге беймәлім. Штаб пол-
кімен байланыс үзілген. Бұл жерде менің артиллериям жоқ еді.
Бір шөкім жаяу әскер ме? Күні кешеге дейін, жолдастар, әскери
ілім... – Панфилов маған көзі күлімдеп, қиғаштай қарады. – Әске-
ри ілім мұндай жағдайды мүмкін деп санап па еді, ә?
Панфилов шешіле сөйлеген. Оның тілшілерге бүкпесіз жауап
берумен бірге, өзін де толғандырған жәйттердің жауабын іздеп,
ақтарылғысы келгені анық. Енді оның еңсесі жазылып, еңкішті-
гі байқалмай да қалды. Өңірі ашылған тонының астынан үтікте-
улі жаңа кителіндегі жауынгерлік ордендері көрінеді. Осы сәтте
оның ара-арасында жөтеліп-жөткірінетін әдеті де ғайып болған.
Ширақ қимылдап, жарқырата тазаланған етігімен әрлі-берлі
жеңіл адымдап, қайта жасарып, көңілі марқайып, кербездене
түскендей – оның кескін-келбеті көкейімде осы соңғы кездесуде-
гідей жатталып қалыпты.
Қарындашы карта бетінде қайта жүгірген. «Мына жерде әзір-
ге кім екені белгісіз біреулер жаудың тылдан жасаған шабуылын
Волоколамск тас жолы
612
бөгеп, батальонның жаңа шепке орналасуына жағдай туғызды.
Ойда жоқта осынау қорған, беймәлім резерв ғайыптан қалай
пайда бола кетті? Ал қаншама сағаттар бойы жан-жақтан атқы-
лаған дұшпанға төтеп беріп, қасарыса шайқасқан жеңіл зеңбірек-
тер ше! Ал лейтенант Угрюмов пен политрук Георгиевтің бас-
шылығымен танкі қиратушылар командасы ше!».
Генерал Угрюмов туралы айтпай тұра алмады:
– Жап-жас бала! Өз жауынгерлерімен бірге жиырма танкіні
тоқтатқан. Мерт болды. Аянбай арпалысып, жан пида етті.
Панфиловтың өзіме оңашада айтқысы келген ойларына
оралғанын түсінгенмін. Қазір ол өз-өзіне сұрақ қойғандай болды:
– Сол баланың бойынан соншалықты сұрапыл рухани күш
қалай табылды екен?
– Қырынан қарауынан емес пе? – деді ақырын ғана Гриневич.
– Тек ол ғана емес, ол ғана емес... Қырынан қарау туралы,
қымбатты жолдас, мен кеше де білетінмін. Ал бүгін... Бүгін мұны
қалай сипаттауға болады? – Панфилов қинала ойланған кейіп-
пен қолын көтерді де, саусақтарын шыртылдатты. – Мен, жол-
дас, осы ұрыстарға әзірлендім, тактикалық шешімім, жоспарым
болды, жауынгерлерді даярладым. Сарбаздар болмаса кез келген
шешімің – бос нәрсе. Алайда өмір шындығы мен ойлаған, мен
діттеген дүниенің бәрінен де асып түсті.
Генералдың көтерілген қолы бір сәт қимылсыз қалған. Қоңы-
рқай саусақтарының ұшын тағы да бүрістірді. Немене, тағы бір
шырт еткізбекші ме? Жоқ, саусақтар сол қалпынан өзгермеді. Ол
қуана дауыстады:
– Міне, жолдас, сізге керекті сөз! Асып түсу! – Панфилов
мұны бөліп-бөліп қайталады: – Ас-ып тү-ү-су! Жауынгерлер мен
командирлер өз тараптарынан мен күткен әрекеттің бәрінен де
асып түсті. Өздерінен де асып кетті! Мен күтпеген резерв, бәлки,
осы болар. Түсіндіңіз бе?
Ол сәл ойланып, тағы қосты:
– Әрине, менің қолымдағы бары – алғашқы мәліметтер. Екі
полк штабымен байланыс үзілгелі көп өтті. Бұл полк командир-
лерінің қайда екенін білмеймін. Тірі ме өздері? Талай жәйттен
хабарсызбын. «Асып түсу» деген де алдын-ала айтылған сөз.
Кейін мазмұндырақ, нақтырақ, теңеу іздеп табармыз. Бәлкім, ол
613
Соңғы кездесу
қарапайымырақ болар. Алдыда әлі ауыр күндер бар. Мұны біліп
жүрейік! Сонда да... Сонда да қазір тілге өзге сөз ілікпей тұр.
Бұл тек – «асып түсу»! Ал-л енді, жолдастар, ешбір алаңсыз, өз-
деріңізге «көріскенше күн жақсы!» дей аламын.
Ол картаны жинамаққа ұмсына түсті де, соған көз тігіп тұрып
қалды.
– Көз байланған шақта әскерлерді келесі шепке әкетеміз...
Шегінеміз, жауға дивизия майданын ешбір жерден бұзып өтуге
мүмкіндік бермейміз.
Панфилов картаны иесіне ұстатты.
Нефедов тағы да беті шұқырая жымиып, фотоаппаратының
бауын босатып, қолына алған.
– Жолдас генерал, осы жерде бір түсіріп алуға рұқсат етіңіз.
Тура осылай тұрғаныңызды! Шолақ тоныңызбен! Мына ойықпен
қоса! – Ол трюмоны нұсқады. – Жолдас генерал, магнимен аздап
түтіндетейін. Желмен тез-ақ ұшып кетеді ғой.
– Е-е, күндіз осы жерді неміс ыстап, сыйғызбай қойып еді,
ал енді, соны сіздер қайталайын дедіңіздер ме? Өйте көрмеңіз,
жолдас Нефедов. Қажет емес.
– Жолдас генерал, тамаша сюжет қой.
– Оқасы жоқ. Бұдан да кереметі бар! Гусеново арқылы жүріңіз-
дер. Сондағы барлау бөлімінен гитлершіл тұтқын капитанды
тауып аласыздар. Таңдаулы нұсқа. Бәлкім, соны қолға түсірген
мәскеулік жауынгер Строжкинді жолықтырарсыз. – Панфилов
сағатына қарады. – Кездестіресіз! Қазір сонда телефон соғайық.
Екеуінің бірге тұрғанын түсіресіз. Жасөспірім сарбаздың қа-
руынан айырылған еңгезердей қарақшы – батальон командирін
алып келе жатқан сәтін көрсетесіз. Москваның бұған қуанатыны
сөзсіз. Ал мені, жолдас Нефедов, әлі-ақ түсіріп үлгересіз. Ертең
бір соғып кетіңіз. Жолдастарымды алып, далаға, аязға шығайын,
сол кезде сырт еткізе қоясыз. Міне, солай келісейік!
Шолақ күрткелі тілші картаны орнына салды.
– Нефедов, тықақтамасайшы. Жолдас генерал, әлгі сөзіңіз
үшін рахмет!
Екеуі де қолдарын шекелеріне апарды. Моторы гүрілдеп, ма-
шинаның жүріп кеткені естілді.
Волоколамск тас жолы
614
7
Панфилов маған «кідіре тұрыңыз» деп, көрші бөлмеге кірген;
тілшілермен әңгімелесу кезінде о жақтан ара-арасында телефон-
мен сөйлескен капитан Дорфманның күңгірлеген даусы естіл-
ген-ді.
Есігі жабылған бөлмеде генерал он минуттей бөгелді. Құлағы-
ма арагідік оның қарлыққан үні жетіп қалады, бірақ сөзіне ден
қоймадым. Бір кезде генерал қайта оралды.
– Отыра беріңіз, отыра беріңіз.
Ол ерсілі-қарсылы жүріп, уайымдай сөйлейді:
– Әлі Малыхтан да, Юрасовтан да дерек жоқ.
Қасыма жайғасқан Панфилов қалтасынан «Казбек» папиро-
сын шығарып, қорабын ашты.
– Алыңыз. Шылым шегейік, жолдас Момышұлы.
Сіріңкесін шағып, маған отын тосты. Оның бастықтықтан,
әміршілдіктен ада мәнерін арқаланып, сұрап қалдым:
– Жолдас генерал, оттығыңыз қайда?
– Ә, оттық па? – Ол, неге екенін, көзін сығырайтып қулана
жымиды. – Бүгін бір адамға сыйладым. Өзіне мұның астарлы
сыйлық екенін айттым. Кезінде соны сізге де тарту еткім келіп
еді ғой. Оның да мәні бар еді. Түсінетін шығарсыз?
Әлбетте, түсінемін. Тіпті қазірдің өзінде алдында үзілген еке-
уара әңгімемізді жалғастырмас бұрын Панфилов екі-үш ауыз
сөзімен, шырайлы күлкісімен көңілімді аулап, жанымды жылы-
тып, қайтадан баурай қойды.
– Ал-л, жалғастырыңыз, жалғастырыңыз, жолдас Мо-
мышұлы.
Мен өз өмірімнен де қымбат командирлік ар-намысымды бәй-
геге тігуге бел буғанымды жасырмай айттым. Бұйрықтың қалай
берілгенін, өзіме Толстуновтың қалай жәрдемдескенін, қарсы
шабуылымыздың қалай сәтті аяқталғанын сипаттадым. Звягин-
нің телефон соққаны туралы, оған деревняны бермей тұрып-ақ
«Тастап кеттік!» деп мәлімдегенімді де баяндадым.
– Алған бетімнен қайта алмадым, діттеген ниетіме елігіп
алған едім. Генерал-лейтенант Звягиннің бұйрығы бойынша қы-
зметтен шеттетілдім, бірақ кеш түскенше басқара бердім.
615
Соңғы кездесу
– Ім-м... Демек, екі майданда бірдей – дұшпанмен де, өзіңіздің
үлкен бастығыңызбен де қатар шайқасқан екенсіз ғой?
Ол осы сөзді айтқан кезде ағымнан жарылған әңгімемде ұмыт
қалдырған сәт есіме түсті.
– Жолдас генерал, кешірерсіз, айтпай кетіппін... Сіздің қол-
таңбаңызды көргеннен кейін шешімге келдім.
– Қандай қолтаңба?
Телегрейкемнің жан қалтасынан әскери уставтың қызыл
кітапшасын шығарып, бастама көтеру туралы пункттің астына
Панфиловтың қолымен үш қатар сызық түсірілген бетті тауып
алдым.
– Міне... Сіз жүргізген осы үш таңбаны көрдім де, сол мезет-
те шешім қабылдадым.
Күтпеген жерден Панфилов күліп жіберді:
– Маған аудара салмақшысыз ба?
– Жолдас генерал, ондай ойым жоқ. Тексеріп көріңіз: тура
осылай болды.
– Демек, мен де қасыңыздан табылғанмын ба?
– Иә, – дедім нық сеніммен. – Сіз жанымда жүрдіңіз, жолдас
генерал. Сіз маған жөн сілтедіңіз.
– Ой, аса шалқымаңыз! Шектен шықпайық та.
– Жолдас генерал, басқару дегеніміз – міндетті түсіну өзіңіз
айттыңыз ғой!
Панфилов тағы күлді. Өз аузынан талай шыққан осы тұжы-
рым бүгін жанына жаққан сияқты. Мен сөзімді жалғастырдым:
– Жолдас генерал, сізге шынымды айтып отырмын. Сіз маған
жиырмасына дейін төтеп бер деп міндет қойдыңыз! Егер осы
болмағанда, бүгін, он жетісінде қиян-кескі айқаста ротадан айы-
рылуға қақым бар еді, өзімнің де абыроймен мерт болуға қақым
бар еді. Бірақ сана түкпірінде: «Жиырмасына дейін!» деген серт
тұрды. Сөйтіп, барымды салып, шешім қабылдадым.
Панфилов беті ашық уставты бармағымен сипады.
– «...ең шешуші сәтте барлық күш-құралды жеңіске жету
жолына жұмсамаған адамды жазғыру керек»... Несі бар, жолдас
Момышұлы, бас тартпаймын. Келісейін, кінәнің тең жартысын
мойныма алайын. Бірақ табыстың да жартысы – менікі. Қуаныш
пен қайғыны тең бөлісейік. Жақсы ма?
Волоколамск тас жолы
616
– Рахмет, жолдас генерал.
– Бірақ осы шайқасты қалай түсініп, қалайша баға бере ала-
мыз? Кездейсоқ сәті түскен авантюра емес пе? Жоқ. Әлде заң-
дылық па? Иә, бұл сәттілікте белгілі заңдылық бар. Сіз, жолдас
Момышұлы, дұшпанның осал тұсын пайдалана білгенсіз.
Панфилов әлдекіммен дауласып, нақты дәлелге жүгініп тұрған
сияқтанды.
– Алайда, жолдас Момышұлы, бұйрықтың аты бұйрық.
Түнде қолбасшыға барып жолығамын. Сонда жолдас Звягинді
де көретін шығармын. Қолбасшыға бәрін де баяндаймын. Жар-
лықты өзгерте алмаймын, бірақ кідірте тұруға күш салармын.
Қайта беріңіз. Түнде телефон соғамын. Мына кітапшаны тастап
кетіңіз. – Ол уставты тағы да қолына ұстап, айналдырды. – Қол-
басшы көрсін.
– Жүріп кетуге рұқсат етіңіз?
– Асықпаңыз. Сізді әлі де азырақ бөгейін.
Панфилов қайтадан ара-арасында бұрынғыша Дорфманның
күңгірлеген дауысы естіліп тұрған көрші бөлменің есігіне қарай
беттеді де, кенеттен жас адамша жалт етіп, бері бұрылды.
– Демек, бүгін сіздің қасыңызда болған екенмін ғой?
Күлді. Бірақ жауабымды күтпестен, есікті ашып, бөлмеге кіріп
кетті.
8
Генерал көзден тасаланған бірнеше минутті пайдаланып қа-
лайық. Өзімнің Панфиловты қалай түсінгенімді – сонау қараша-
ның кешіндегі ойларым мен кейініректегі толғаныстарым тоғы-
сында туған пайымымды айтайын.
Міне, о кісімен жарты сағаттай бірге болдық. Сонда бұрын
бойынан өзім аңдай қоймаған, іссіз отырудан запы болғандай,
қайта-қайта жұлқылап, жеңін қайырған жаңаша қимылын екі-
үш мәрте байқадым. Немістердің біздің астанамызға жасаған
тағы бір шабуылының нәтижесі мен Москва үшін шайқастың
екінші кезеңінің тағдыры шешілуі ықтимал – соғыс тарихында
«жаппай ерлік күні» деп аталған осы күнді Панфилов тұтастай
Шишкино деревнясында әскерлерді басқару мүмкіндігінен түгел
дерлік айырылған жағдайда өткізді. Генералды өз қарауындағы
штабтармен, алапат шайқастар шырмауында қалған бөлімдермен
617
Соңғы кездесу
жалғайтын телефон сымдары үзілген, қырқылған. Немістердің
соққылары дивизия майданын қан қасапқа салды. Ана жер-мына
жерде біздің тістескен топтарымыз, түте-түтесі шыққан батарея-
лар, роталар мен взводтар, бір қарағанда, өз беттерінше басқару-
сыз шайқасып жатты.
Дегенмен, әскерді басқару, ұрыстарды басқару тізгіні, қалай
болғанда да, қолда еді.
Жаппай ерлік өз-өзінен жасалмайды. Ақырын жүріп, анық
басатын қарапайым генералымыз бізді осынау шешуші күнге,
осы қиян-кескі арпалысқа даярлады, мұның сипатын күн ілгері
болжап білді, алдағы міндетімізді ерінбей-жалықпай көкейге
тоқытып, өз ойын «саусағымен сипалап», зердеге сіңірді. Тағы
бір еске сала кетейін, біздің ескі уставта «қарсыласу торабы»
немесе «тірек пункті» деген ұғымдар мүлде болған емес. Бізге
мұны соғыстың өзі үндеді. Панфиловтың көкірек көзі сол үнді
қағып ала қойды. Ол – Қызыл Армияда әлемет соғыстың құпия
шежіресіне алғаш болып дендеп енгендердің бірі-тін.
Өзгелерден қол үзген шағын топ та – торап, күрес тірегі. Пан-
филов осы ақиқатты түсіндіріп, санамызға құю үшін кез келген
ыңғайлы жағдайды, тіпті әрбір минутті командирлермен, жауын-
герлермен тілдесуге пайдаланып отырды. Дивизияда оны жұрт-
тың бәрі жақсы танып, құрмет тұтатын. Оның аузынан шыққан
қанатты сөз, аңдаусызда айтылған әзіл-қалжың кейде түсіндіріп
бере алмайтын түрлі жолдармен көпшіліктің құлағына жетіп,
солдаттың сымсыз телефоны арқылы бірден-бірге өтіп жататын.
Ал сарбаздардың соны қабылдап, бойына сіңіруі – бұл да басқа-
ру деген сөз.
Біз Панфилов взводты немесе ротаны басқарды десек орын-
сыз болар еді. Әлдебір автордың оның қолына граната ұстатып
қойғаны да бар. Бос сөз! Бәрібір Панфилов басқарды! Ол өз ди-
визиясын тәрбиелеп, жеке ой-ниетін, жоспарын, өзінің жаңа за-
манғы қорғаныс ұрысының айрықша құрылымын, алдағы күннің
міндетін шебер меңгеруін біздің ортақ игілігімізге айналдырды.
Сондай күн туды. Дивизия командирінің қолы мен даусы
жер-жердегі шайқас ошақтарына жете алған жоқ. Бірақ коман-
дирлердің де, қатардағы жауынгерлердің де зердесіне тоқылған
оның ақыл-ойы ұрыста жолбасшы болды. Бұл тұрғыдан алған-
Волоколамск тас жолы
618
да, панфиловшылардың ерлігі – оның өз туындысы. Осыны пай-
ымдасақ, біздің тарихи шындыққа адал болғанымыз.
Үзік-үзік мәліметтерге сүйеніп, тіпті әр дыбысқа құлақ түріп,
атыстың айрықша құбылысына, өзге де белгілерге қарап Панфи-
лов өзі ойы мен болжамының қаншалықты іске асқанын қадаға-
лап отырды. Оның барлық күш-жігерін қорғаныс ұрысын жаңа
тәсілмен жүргізуге тәуекел етуге, әскерді талмай тәрбиелеуге
жұмсаған еңбегінің бәрі де ақталды.
Сөз болып отырған әлгі кеште ол мұны жақсы білді, алай-
да өзі туралы айтуға кішіпейілдіктен аспады. Әйтеуір, өзі үшін
жан-жүрегінің тебіренісі, барлық өмірінің мәніне айналған осы
жәйтке қатысты сөзді мен қозғап, лебіз білдірдім. Бұған мерейі
өсіп, көңілі марқайғаны анық.
Панфиловтың сырлы әлемін, оның жан толқынысын ашатын
тетік осында ма деп ойлаймын. Жан алып, жан беріскен аласапы-
ран ұрыста генералдың жоспары ғана емес, өзі «асып түсу» деп
атаған таңқаларлық тылсым әрекеттер де іске асқан еді. Иә, оның
бүкіл солдаттық ғұмырының, коммунистік өмірінің мәнділігі де-
лелденді.
9
Баспалдақ тұсына келіп тына қалған тұяқ дүбірі селт еткізген.
Қайтадан: «Звягин емес пе екен?» деп ойлаймын.
Аула жақтан:
– Генерал өзінде ме екен? – дауыс естілді.
Аздап қарлыққан үнінен ұзынтұра артиллерист полковник
Арсеньев екенін білдім. Аттан ырғып түскен полковник ұйып,
иіліңкіремей қалған аяғын сүйретіңкірей басып кірді. Құлақшы-
ны мен ұзын шинеліне қырау қатыпты. Іле-шала Панфилов та
келді.
– Николай Викентьевич, жоғары шығыңыз.
– Суығын-ай! – деді Арсеньев.
Жүннен тоқылған қолғабын шешкен ол, аяздан қызарған қо-
лын құшырлана уқалады.
– Шешінбеңіз. Бізде де маздап тұрғаны шамалы.
Полковник мені енді ғана байқады:
– Ә, Момышұлы? Сенің құлағыңды шулаттық-ау.
– Шулатқаны қалай? – деп қайыра сұрады Панфилов.
619
Соңғы кездесу
– Иә, сөйттік... Шегіне бастаған кезіміз еді. Ал мынаның
батырлары, – Арсеньев саусағымен мені нұсқады, – жібергісі
жоқ көрінеді, тегі. – Ескілікті дворяндар әулетінен шыққан,
атасынан бері келе жатқан әскери адам Арсеньев кейде осындай
қарапайым сөздерді қосып сөйлеуді ұнататын еді.– Жігіттерің
шатақтау екен, Момышұлы. «Тоқта, шепке орналас, жер қаз!»
деп бұйырыпты. Өзім келіп араласқанша бірде-бір зеңбірегімізді
өткізбеген.
Сырттан қарағанда, ол маған ренжіп тұрғандай көрінер еді,
бірақ қырылдаған сабырлы даусынан құптағандық леп еседі.
– Жігіттеріңді бір тықсырып алмақшы едім, мынадай ақы
төлеп құтылды.
Полковниктің буыны шодырайған ұзын саусақтары ши-
нелінің қалтасынан бүйірінде шетелдік жапсырмасы бар шөлмек
шығарған.
– Мартель! – деп жариялады ол. – Әбден бабына келген,
күшті шарап! «Рахмет, жігіттер!» деуге тура келді.
Полковниктің бұл сөзшеңдігінен іштей ширығып, жаны күй-
зелген адамның енді ғана жүйкесі босап, жеңілейген кезін аңда-
уға болар еді.
– Олар маған да сый-сияпатын жасады, – деді Панфилов
жылы шыраймен. – Дорфманға кіріп-шығыңыз, Николай Ви-
кентьевич. Айтпақшы, сондағы олжа заттарды тамашалаңыз.
Және көңіліңізге ұнаған бұйымыңызды ала беріңіз. Бүгінгі күн-
нен естелік болсын... Момышұлы жолдаспен әңгімемді қазір
бітіремін...
Полковник әкелген шөлмекті үстелге қойып, қатты бір жөт-
кірініп алды да, аяғын еркін, тең басып, көрші бөлмеге беттеді.
Панфилов ежелгі үзеңгілес серігі, зеңбіректер командирінің
соңынан бірталай аялай қарап тұрды.
– Картаңызды беріңізші, жолдас Момышұлы.
Мен картамды жайдым.
– Сізге не істеу керек? Біріншіден, өзіңіздің жауынгерлік
орындарыңыз арқылы біздің шегінген әскерлерді өткізесіз. Бұл
сізде ескерілген бе?
– Иә, жолдас генерал.
Панфилов картадан дивизия қорғанысының келесі шебін көр-
сетті. Енді ол Горюнының желке тұсында жатыр екен.
Волоколамск тас жолы
620
– Бүгін біз ұстап тұрған бүкіл мына алқапты дұшпан күрессіз
ешбір ала алмайды. Әрбір шоқ тоғай, әрбір шағын деревня үшін
құн төлетуге тырысамыз. Төлемейді екен – ілгері аттап баспай-
ды. Солайша қансыратып, шабуыл жасау қабілетінен айырамыз.
Панфилов Москва түбіндегі шайқаста біздің армия қабыл-
даған тактиканы маған әлденше мәрте түсіндірген-ді. Сонда да
осыны қайталап пысықтауды қажет деп санады. Қазір де омы-
рауы ашық, ұзын тонын киіп, қасымда тұрған ол көңіл қойып
тыңдаған-тыңдамағанымды, түсінген-түсінбегенімді байқағысы
келгендей, тағы да сәл ұмсына түсіп, қадала қарап қояды.
– Ертең, жолдас Момышұлы, жалғызсырай қоймассыз. Сіз
екеуміз алдыңғы күні болжағанымызға қарағанда еркін тыныста-
уыңыз мүмкін. Бірақ сан алуан жағдай килігуі ғажап емес. Ертең
резервтерін іске қосатын-қоспайтынын көре жатамыз. – Панфи-
лов тағы да өз ойын естіртіп айта бастаған.
– Сізде Заевтың ротасы бұрынғы орнында ма?
– Иә, сол белгіде.
– Горюныға ауысуға даяр тұратын болсын. Ертең Шишкино
тарапынан қорғануға тура келуі ықтимал. Бірақ әлі кідіре тұрай-
ық. Түсіндіңіз бе?
Генералдың қарындашы менің картамдағы топографиялық
белгілерге тағы да бір соғып өтті. Дивизияның сұрапыл соққы-
ларға шыдап, төтеп бергеніне көңілі тоғайған Панфилов ешбір
асып-таспай, лепірмей, сарабдал санамен, қырағы көзбен ертеңге
үңілді. Ол менің батальоныммен бірге Горюныда ұрысқа кіретін
артиллерия туралы айтты. Тек ол ең соңғы сәтте, тас жол бойын-
дағы шығатын саңылау жабылмай тұрғанда кетіп үлгереді.
– Ал сіздің міндетіңіз, жолдас Момышұлы, бұрынғыша:
жиырмасына дейін тапжылмау. Ал жиырмасына қараған түнде
жиналып, орын ауыстырасыз. Бүгін жолығатынымызға сенемін.
Ал...
Ол маған қолын созды. Оның моңғол пішіндес, қысыңқы көз-
дері маған соңғы рет қарады. Сол жанардан сенім оты ұшқын-
дайды. СЕНІМ! Осы сөзді тағы да үлкен әріптермен жазыңыз-
шы! Дәл алдыңғы күндегідей үн қатқан:
– Жөнел, қазақ!
621
Қарашаның он сегізіне қараған түн
Қарашаның он сегізіне
қараған түн
1
Бауыржан үнсіз қалды.
Біз бұл жолы да орман арасындағы ашық алаңқайда отырмыз;
сонадайдағы тасада Қазақ елі перзентінің, осынау кітап қаһар-
манының мекені болған блиндаж-жертөле тұр. Бықси жанған от-
тан қалың масаны қуып, қарағай қылқанының шайырлы түтіні
шалқиды.
Күтпеген жерден, Момышұлы өткендегіше ыңылдап әнге сал-
ды. Бұрын бір естіген: «Иван, Иван, сен жаққан отқа күйіп-жан-
дым...» деген сөздерді ұғамын.
Қазір осы өлең жолының мағынасы маған айқындала түскен-
дей. Бауыржан қараңдаған арықша қос білегін түбі жерге тірел-
ген қылышының сабына артып қойып, алға көз тігеді. Бір кезде:
– Генералдан үйге қайтып келемін, – деп қалды.
Тағы да ойына оралған көріністерді ән әуезімен әрлейді.
Сөйтіп әңгімесін жалғастырды.
2
– Ойқыш-ұйқыш дала сүрлеуі ақыры Волоколамск тас жо-
лына жалғасты. Мұнда кең даңғыл көз ұшынан Горюны бұлды-
райтын өрден құлдилап, шығысқа, біздің тыл жаққа қарай жосы-
лады. Жолайрықта аттың басын тежеп, бірнеше минут алдымды
шолдым.
Бұл не? Күйреген армия ма? Шинель киген біреулер шұбап
келеді – шаршаңқы, бастары салбыраған, бейберекет, шағын-
шағын бірнеше топ. Иықтағы винтовкалары да сарбаздардың
еңсесін езе түсетіндей. Кейбіреуі жол жиегіне отыра кетіп, жата
қалып, қарға құлайды. Бірақ ұзақ жатпайды. Әлдебір сұмдықтан
тезірек алыстай түсуге ұмтылып, ышқынып орнынан тұрып, әрі
қарай жылжиды. Біреуі үнсіз, біреуі қиналып ах ұра көтеріліп,
Мәскеуді бетке алып ілбіп барады.
Рота әлде взвод екенін біліп болмайтын кішігірім отряд сап-
пен өтті, әйтеуір, командирі – алдында. Тағы да өз бөлімінен жы-
Волоколамск тас жолы
622
рылып, титықтап, тамтығы қалмай, ығы-жығы шұбырған біреу-
лер көрінді.
Міне, әлдекім өзінің полктесін танып, жолықты:
– Николай, бұл сенбісің?! Біздің адамдар қайда?
Анау қолын бір сілтеген. Қимылы «құрыды!» дегенді білдірді.
Көз алмай қараймын. Артта, бірнеше шақырым жердегі По-
кровка селосында тосқауыл бекеті ашылғанын естігенмін, –
мұны маған Панфилов айтқан, – онда сенделіп жүрген сарбаз-
дарды бөгеп, бастарын қосып, тәртіпке келтіреді; әскер өмірінде
мұндай күйзелген кезеңдердің кездесетінін білетін ем, сонда да
құр сүлдерін сүйреткен кезбелердің тізбегі жан сыздатты.
Тағы да: «бұл не?» деген сұрақ алдыдан кесе-көлденеңдейді.
Тас-талқаны шығып, қарсыласуға дәрмені болмай, Москваға қа-
рай ығысқан армия ма? Бірақ мен Панфиловтың қасынан атта-
нып, оның «асып түсу» деген сөзін естіп, дивизияның соққыға
төтеп берумен қатар, жауды тұралатқанын түсіндім ғой.
Сонда оны істеген кім? Иә, осылар, сап құрмай, қараңғы түнек
құшағына сіңіп бара жатқан мынау жүдеу-жадау сарбаздардың
өзі. Бұлар аянбай арпалысып, атысып-шабысты, жолдастары мен
командирлерінен айырылды. Әзірше өздерінің жауды күйрет-
кенін де білмей, баяу ілбіген жеңімпаздар.
3
Кетіп бара жатқандарға қарсы аяңдадым. Міне, тас жол бойы-
на тізілген Горюны үйлері де көрінді.
– Бауыржан!
Алакөбеңде әдетінше теңселе басып, өзіме қарай беттеген
Толстуновты таныдым. Аттан секіріп түсіп, тізгінді атшыға ұста-
тамын.
– Қайда тартып барасың, Федор?
– Күзетті тексермекпін. Және сені де күтіп қалдым ғой. Жол
қарағыштап жүрмін. Бір қарасам, өзің де көріндің!
Менің тағдырыма бола алаңдағанын байқатпай, Толстунов
дағдыдағыша салдырлай сөйлейді.
– Жүр, – дедім мен.
Тоқыма қолғап киген Толстунов білегін менің шолақ
бешпетімнің қолтығына сұғып, екеуміз танысқан күннен бері
623
Қарашаның он сегізіне қараған түн
алғаш рет қанаттаса адымдап келеміз. Өзі менің сөйлеуімді күтіп,
үндемейді. Қысқаша баяндап бердім:
– Звягинді көре алмадым. Біздің генерал: бұйрықты өзгерте
алмаймын, бірақ кідірте тұруға күш саламын деді. Сөйтіп мені
кері жөнелтті.
– Түсінікті. Осымен нүкте қойылды деші!
– Білмедім. Істі олай да, бұлай да бұра салу оңай ғой. Қайт-
кенде де, мен...
– Қойшы! Әлде мен саяси бөлімге құстай ұшып барып қайт-
сам ба екем?
– Қажет емес. Не керегі бар.
– Онда бұған бола бас қатырма! Ақылыңның тұнық болға-
ны қажет. Тісқаққан саясат қызметкеріне сенсейші: іс осымен
тәмәм!
– Ендеше, шылым шегіп, достарым, ұмытайық бәрін де дей-
міз бе?
Толстунов жүзіме барлай қарап, күліп тұрғанымды көрді.
– Бітті! Және, Бауыржан, ендігі жерде бұл туралы жақ ашпай-
тын бол!
– Жарайды, – дедім мен.
4
Толстуновпен бірге өзімнің штабыма кірдім. Бәлкім, ғұмыр
бойы жадымда қалатындай бөлме тәртіпке келтіріліп қойып-
ты. Іште штабқа қатысы бар адамдар ғана: Рахимов пен Бозжа-
нов және кезекші-телефоншы отыр екен. Қаттаулы олжа заттар
плащ-палаткамен мұқият қымталған. Рахимов бетіне үлкен ақ
қағаз жауып, өз үстелін сәндеп, жаңартыпты; тәрізі, бұл қағаз
да олжа бұйымдар арасынан шыққан болуы керек. Тіпті желімі
ажырап, ешкім көтермей, шеті жалбырап жататын тұсқағаз да
бірнеше жапсырма шегемен бекітіліп, орнына ілініпті. Бір қа-
рағаннан-ақ аңғарылды: күндіз еңсені басқан сүреңсіздіктің ізі
де жоқ.
Бозжанов маған үрейленіп, тесірейе қарайды, – сезімтал жүре-
гі де әбден мазасызданған секілді, – одан тынышсызданып, Тол-
стунов жаққа жалтақ-жалтақ етті.
Рахимов лып етіп ұшып тұрып, рапорт бере бастады. Мен
жоқта батареяда ешбір төтенше жағдай болмапты. Бөлімдер
Волоколамск тас жолы
624
бұрынғы позицияларына орналасып, шегінушілерді өткізіп
жатқан көрінеді. Рапорт аяқталды.
Толстунов:
– Комбат, генералдікінде тамақтандың ба? – деп сұраған.
– Ыңғайы келмеді.
– Сенсіз біз де нәр сызбадық. Ашпыз. Енді, кәне, жүрек
жалғап алайық.
– Әйтсек, әйтейік, – деп келістім мен.
Ақыры Бозжанов маған ешбір жамандық келмегеніне көзі
жетіп, балаша жайдарланды. Мезетте-ақ жүзі бал-бұл жанып,
дөңгелек жүзі жылтырап шыға келді.
Міне, үстел басына да жайғастық. Қызыл-күрең бургунд шөл-
мектері ашылды; стақандарға сыздықтата құйылған қою шарап-
ты испан сардинасы мен май қатқан дағдылы күріш ботқасынан
кейін тарттық.
Албар жақтан шу естілді. Жасы кіші Бозжанов дереу атып
тұрып, сонда жөнеді. Бір минуттен кейін есік қайта ашылған.
Үстелден жоғарыда асулы кәресін шамның күңгірт жарығымен
кіріп келе жатқан Исләмқұловты көрдім. Оның соңынан тым-
пиып Бозжанов кірді.
Мейманды орнымнан тұрып қарсы алдым. Не болды екен?
Өңі қуарып кетіпті, боп-боз. Кескінінің маңғаздығы, тартымды
сымбаты қайда кеткен? Езуі дір-дір етеді.
– Мұқамбетқұл, қайдан жүрсің?
Ол бізге шола қарап, таныс, мейірбан жүздерді көріп үн қатты:
– Хал нашар. Масқара болдық.
– Не жағдайға ұшырадың?
– Оңбадық. Қаштық біз. Соңымыздан қуды! Сен, Бауыржан,
мұндай қорлықты көрген жоқсың. – Тағы қайталады: – Өкшелей
қуды.
– Шешін, – дедім мен. – Дәл тамақтың үстінен келдің. Шарап
іш. Дәм тат.
– Ішпеймін. Зауқым жоқ. Менің адамдарымды тамақтандыр-
шы, Бауыржан.
– Неше адамың бар?
625
Қарашаның он сегізіне қараған түн
– Жиырма адам. Арамызда полк штабынан лейтенант Гуреев
те жүр. Ол да өз адамдарынан бөлініп қалған екен, ылғи бізбен
болды... Ол да осы қорлықты көрді.
Халқымыздың ежелгі даңқы мен салт-дәстүр, ежелгі рухани
қазынасын сақтап ұрпаққа жеткізген дала даналарының өсиет-
теріне адал, ұстамды, өр мінезді қазақ Исләмқұлов қатты күй-
зеліп, орындыққа сылқ етіп отыра кетті.
Мен Исләмқұловтың командасын тамақтандыруды бұйырып,
полктің ұрыс жабдықтары бөлімінің бастығы – жасы отыздан
асып, төбе шашы түсе бастаған жасамыс лейтенант Гуреевті
дастарханға шақырттым.
Толстунов, түк болмағандай, үстел басында билік жүргізуге
кірісті.
– Кәне, шинельдеріңізді бері әкеліңіздер. Исләмқұлов, жәр-
демдесіп жіберейін бе саған? Мә, темекі ал! Рахимов, қонақтар-
дың алдында сараңдықты доғар, қоржыныңның түбін қақ!
Темекі түтіні аспалы шамға қарай көлбеді. Исләмқұлов өз
ыдысындағы шарапты бірден тартып салған. Гуреевтің дүрдік
ерні де ішіндегісін түгескенше стақанды босатпады.
Исләмқұлов тағы бір минуттей темекісін құшырлана сорған
соң біздің қос қонағымыздың да телегей теңіз кеуделері күмбір-
леп, әңгіме тиегі ағытылды.
5
Жыртылған парақ... Біздің генерал: «Қалпына келтіру керек»
деген беттердің бірі. Әлі бас-аяғы жинақтала қоймаған сол кітап-
тың «Қарашаның он жетісі» деп аталатын бір бөлшегі, бір беті
мынау.
Ротасы Ядрово селосының түбіндегі алдыңғы шептің бір
бөлігіне бекінген Исләмқұлов түс әлетінде батальон штабына
шақырылады. Қасына байланысшысын ертіп, қолына полуав-
томат ұстаған ол ормандағы айналма соқпақпен жүреді. Сүрлеу
дала асханалары орналасқан алаңқайға келіп тіреліпті. Май сің-
ген алжапқыштары мен ақ қалпақтарын киген аспаздар гүрсіл-
деген атыс дүбірін ести жүріп, өз ісімен айналысып жатады, ал
асханаға кезекшілікке шыққан жауынгерлер ағаш жарып, картоп
тазалап отырады. Исләмқұлов осылардың тұсынан өте берген
кезде кенеттен алаңқайға тыл жақтан немістің жаяу әскері шыға
Волоколамск тас жолы
626
келіпті. Сұмдық үрейлі сәт. Аяқ астынан автоматтар тырылдап,
ысқырып, оқ ұшады. Әлдекім шыңғырып, айқай салады.
Арқасы мұздап кеткенімен, «арым – жанымның садағасы» де-
ген қағиданы берік ұстанған менің сындарлы қандасым сабыр
сақтап, өктем үнмен ақырып қалады:
– Мұнда келіңдер! Тыңда менің командамды!
Сөйтіп, тікеден-тік тұрған бойда жауға қарсы оқ жаудырады.
Осы мезетте штабтық-лейтенант Гуреев сап ете түсіп, ұстам-
дылығынан айнымай әрекетке кіріскен саптағы командирдің
құзырына бағынады. Асхана маңайында жүрген сарбаздар мен
аспаздар да Исләмқұловтың қасына шоғырланады. Бұлар ко-
манда бойынша винтовкаларын қайта-қайта оқтап, бір мезгілде
дүркін-дүркін оқ атудан тынбайды. Екеуі екі қанатқа орналасып
алған Исләмқұлов пен Гуреев жаудың тақалуына мүмкіндік қал-
дырмайды, тұқыртып, жер бауырлауға мәжбүр етеді.
Бастары кездейсоқ жағдайда қосыла қалған осы жиырма адам
әлгі қимылымен не тындырды? Командир ретінде безбендесем,
бұлар өз батальондарына қол ұшын созды. Сыналап өткен немі-
стер окоптарға бекінген батальонның ту сыртынан келіп соға-
тын еді. Ал майданның бетін бері бұра қою мүмкін де емес-тін.
Жиырма винтовканың белгілі өлшеммен дүркін-дүркін атқан
оғы окоптағы әр сарбазды қатты тіксінтеді: тылда бір сұмдықтың
басталғаны анық.
Бұдан кейін батальондағы жағдай қалай жалғасты? Мұны Ис-
ләмқұлов та, оған қосылып оқ жаудырған жиырма жауынгер де
білмейтін-ді. Алайда генералдың қасында отырып қайтқан маған
келесі парақтың оқиғасы түсінікті.
Полк штабымен арадағы байланыс үзілген болып шықты. Дәл
сол сағатта батальонға бара қалған полк комиссары батальонды
алапат соққы аймағынан алып шығып, өзге шеп құруға шешім
қабылдайды. Бұл күрделі маневр сәтімен іске асқан. Роталар
орын ауыстырып, жаңа позицияға бекініп, енді дұшпанның өзіне
қатер төндіреді. «Сіздерге қалқан болған кім? Ондай күш қай-
дан сап ете түсті?» – Панфилов қазбалап, комиссардан осыны
сұраған еді. Бірақ жауап ала алмаған. Міне, мен үшін бұл жұмбақ
шешілді: сол батырлар алдымда отыр!
627
Қарашаның он сегізіне қараған түн
Үстел басындағы әңгіме жалғаса берді. Гуреев полк штабына
жетуге әрекеттенген екен, бірақ жолда жау әскері тұрған көрі-
неді. Ал батальонның басқару пунктіне барса, қаңыраған орны
ғана қалыпты. Бұл кезде немістер Исләмқұловтың тобын айна-
лып өтуге кіріседі. Мұқамбетқұл тас жолға қарай шегінуге бұй-
рық беріпті. Онда немістерге тап болады. Бұларды байқап қалған
дұшпан соңдарынан түсіп, орман арасымен өкшелей қуады. Әй-
теуір, ұзақ әуре-сарсаңнан кейін әлдебір жыра тасасына бұғып,
сонда қараңғы түскенше отырыпты.
Ар-намысқа шаң жуытпау, адамгершілік абыройды биік ұстау
өсиеттерін жастайынан бойына сіңірген Исләмқұлов әлгі қи-
мылы үшін қатты қорланып, өз жанын өзі жұлып жеумен болды.
Мен оған:
– Сен нағыз жігіт екенсің, Исләмқұлов! – дедім.
– Мен бе?!
– Жалғыз сен ғана емес. Бүгінде жақсы жігіттер баршылық.
Мен өз сарбаздарымның ерлігін өле-өлгенше мақтан ететін бо-
ламын. Филимоновтың қарауындағы жүздеген сарбаз неміс
батальонының талқанын шығарды. Заевтың ротасы жаудың
танкілерін қолға түсірді. Сен де өз орныңда ерлепсің.
– Қойшы, Бауыржан!
– Біз жауға тарпа бас салуға іштей әзірленген едік. Ал сен
алапат күшпен тұтқиылдан ұрудың әдісін меңгеріпсің. Сабыр
сақтап, ақылдан адаспапсың. Тосын сәтте есіңді тез жиыпсың...
Енді Панфилов түсінген болар еді...
– Нені?
– Генерал бүгін: біздің бұл резервтеріміз қалай пайда бола
қалды, қайдан табылды деп сұраған-ды. Міне – солар!
– Алды-артқа қарамай қашқан резервтер ме?
– Бұл арада да дұрыс істепсің.
– Қоянжүрек қорқақтарша зымырадық қой. Не деген масқа-
ра!
– Қоян жыртқыш құстардың көзіне тура қарай алады. Есіңде
ме?
Исләмқұлов өз-өзін жазғыруды доғарды.
– Тағы бір сәйкестікке қарашы, Бауыржан! Генералдың
аспазға ренжіп, оның қолынан тамақтанудан бас тартқанын
Волоколамск тас жолы
628
ұмытқан жоқсың ба? Тазаланбаған винтовка есіңде ме? Мына
оқиға да тура сол жерде, дәл сол орманда, бұрынғы орын маңын-
да болды ғой.
– Аспаз да сол болып шықпасын!
– Дәл өзі.
– Атты ма ол?
– Атты.
– Винтовкасы таза ма екен?
– Онысын біле қоймадым. Бірақ қолында болды. Сонымен
атқылады.
Мен стақандарға шарап құйдым. Біз аласапыран күндерімізде,
әлбетте, тост көтермейтінбіз. Бірақ әлгі сәтте мен:
– Әкелер үшін ішейік! – дедім.
Және мұның мәнін түсіндіріп те жатпадым. Білгіңіз келсе, бы-
лай: мен осы алапат арасында жүрген біздің бойымызға өзінің
ең асыл қасиеттерін, өрлігін, ар-намысын дарытқан ата-бабамы-
зды және (Бауыржан сәл аялдап, менің қолыма ызғарлана қара-
ды) өзімізді от-жалынына күйдіріп, шыңдағандарды тұспалдаған
едім.
6
Отырмыз. Вахитов шай алып келді. Исләмқұлов бойын қайта
тіктеп, бір қалыппен сөйлей бастаған.
Дәліз жақтан тағы да аяқ дүбірі естілді. Есік ашылып, кезе-
гімен қонақтар келіп кірді. Алдыда – полковник Малых, өзі талай
жыл қызмет еткен Түркіменстанның аптап ыстығына қап-қапа
болып түтігіп күйген адам, қазір тіптен тотығып алыпты, қушық
бетінде бір түйір қан жоқ. Біздің дивизиямыздағы полктердің
бірінің осынау елу жастағы командирінен кейін штаб бастығы
жас капитан Дормидонов аттады.
Үстел басында отырғандардың бәрі түрегелді. Мен полков-
никке орындық ұсындым. Малых бас шайқап, ауыр адымдап
бұрыш жаққа жетіп, еденге шалқалап сұлай кетті.
– Жолдас полковник, мүмкін тамақтанарсыз?
– Шамам жоқ. Қалжырадым. Иттей болып шаршадым. Кіш-
кене жата тұрайын. Бес минуттен кейін генералға телефон соғып,
менің осында екенімді айтыңызшы.
629
Қарашаның он сегізіне қараған түн
Еңсесін зорға көтерген ол жорық сөмкесін шешіп, басына
жастады, одан шолақ тонының түймесін де ағытпай, аяқ созып,
қайта жатты. Ал оның серігі үстелге жайғасып, тамаққа бас қой-
ған. Талмаураған Малых ұйықтап кетті.
Сонда да – әлсірей жығылып, еденде сұлап жатқан полк ко-
мандирі, штаб бастығының тіл қатпау көрінісінің бәрі: «талқан-
далған екен!» деген ой туғызды.
Көп ұзамай қонақтарға ұйқыға кеткен кісінің серіктесі, полк
комиссары, жартылай татар, жартылай орыс, Алматыдан бергі
ежелгі танысым, мығым денелі Хайруллин қосылды. Оның тоны-
на аққан қан ізі қатты аязда қарайып та үлгермепті. Мен еріксіз
шошып кеттім:
– Не болды саған?
– Ештеңе болған жоқ, астымдағы торы атым оққа ұшты.
Хайруллин шақыру да күтпестен үстел қасына келіп, жұды-
рықтай шұжық кесіп алып, бір кесек қара нан қыртысына қалың
қылып май жақты.
– Шегініп барамыз, Момышұлы, – деді шайнаңдай бастаған
ол. – Қарулы жауынгергерлеріміз екі жүздей. Осының тең жарты-
сындай жаралыларымыз және бар. Сенің асханаңнан азық-түлік
«барымталадым». Өз адамдарыма, ең алдымен жаралыларға та-
мақ бергіздім.
– Дұрыс істегенсің.
– Саған әрең жеттік, Момышұлы. Сүріне-жығылып келдік.
– Өзің отырсайшы!
– Уақыт жоқ, бауырым. Шаруа шаш-етектен.
Ол бір қалыппен, пысылдап жатқан полковникке бір қарап
қойды. Мен айттым:
– Жатқан кезде бес минуттен кейін генералға хабарласып,
өзінің осында екенін айтуды сұрап еді.
– Телефон соғып үлгердім. Оған қоса жаралылар үшін сани-
тарлық бөлімнен машина шақырттым. Оятпай-ақ қой. Бір сағат-
тай ұйықтап алсын. Ал мен...
Комиссар шұжықтан тағы да кесіп алды да, үйілген нан ара-
сынан қыртысты кесегін тауып, Дормидоновқа бұрылды:
– Білемін, Дормидонов, аяғың бастырмай-ақ тұр ғой, бірақ
менімен бірге жүр!
Волоколамск тас жолы
630
Жауап тез берілген:
– Құп болады!
Мен:
– Алысқа барасыңдар ма? – деп сұрадым.
– Жұмыс бабымен қазір сол жерде болуға міндеттіміз. Одан
сол ізімізбен қайтып, ормандағы адамдарымызды жинауымыз ке-
рек. Сендерге де соғамыз. Рахаттанып, бірге отырып, шай ішейік,
бауырларым. Тек шайларың ыстық болсын!
7
Телефон арқылы Филимоновпен тілдесіп, одан Заевқа хабар-
ластым:
– Семен, не жаңалығың бар?
Заев қуанып қалды.
– Жолдас комбат, еске алғаныңызға, Құдайға шүкір. Әйтпесе,
мен мұнда әнге сала бастап едім.
– Қандай ән оның?
– Қандай болсын? – Заев өзінің жарықшақтанған жуан дау-
сымен қорғансыз қаңғыбастың жоқтауын зарлай жөнелді: – Жа-
сымнан жетім қалып, сорға баттым...
– Доғар жындылықты! Шаруаға көш!
– Іш пысты, жолдас комбат. Жым-жырт. Аяз да қысып жі-
берді. – Заев тағы да әзілге ауысты: – Міне, сіз кішкене ескерту
жасап едіңіз, жүрегім жылып қоя берді.
– Осы түнді о ғып-бұ ғып өткіз, – дедім мен. – Ал таңертең
көре жатамыз. Ұқтың ба?
– Түсінікті, жолдас комбат.
Кенет тұтқадан тағы бір дауыс естілді:
– Момышұлы, сенбісің?
– Менмін. Кім екен бұл?
Сөйтсем, сөйлесіп тұрған – полк командирі майор Юрасов.
Орман арасында телефон сымына жалғасқан көрінеді.
– Момышұлы, саған қалай жетемін?
– Сымның бойын жағалап, батыл адымдап жүре беріңіз.
Немістерге тап бола қоймайсыз.
Арада бір сағаттай өткенде Юрасов қасына полктің бір ин-
женер-капитанын ертіп маған жетті. Өз командирмнің алдында
631
Қарашаның он сегізіне қараған түн
сымдай тартылып тұра қалдым. Жұмсақ мінезді, әсершіл жан
тымырайып, үндей қоймайды. Инженер:
– Адасып, көп сандалдық... Енді шыға алмаймыз-ау деп кү-
дер үзе бастап едік, – деп қалды.
– Тағы кімдер бар, жолдас майор? Тамақ бергізейін.
Юрасовтың жүзі күреңітіп кетті. Жауап қайтарар емес.
– Екеуіңіз бе?
Юрасов тек бас изеді. Бұдан соң ештеңе сұрамадым, сезім
құбылысын сөзіммен де, түріммен де білдірмеуге тырыстым.
Екеуі екен – ендеше бәрі түсінікті. Алапат ұрыс толқыны полк
командирін бір шетке серпіп тастаған да, полкі мен штабынан
ажырап қалған ол түн жарымына дейін орман арасында сенделіп,
өз адамдарынан жалғыз инженерді ғана тауып алған. Меніңше,
бұл өз кінәсі үшін алған жазасы еді: қорғанысты жаңаша, пан-
филовша құруға міндетті болғанымен, осыған аса құлшына қой-
май, ескі тактика ықпалынан шыққысы келмеген Юрасовтың
істі ылғи жүрдім-бардым атқаратынын бұрын да байқайтынмын.
Міне, енді сол шалағайлығының сазайын тартып отыр.
Юрасов Исләмқұловты көрді.
– Сен ротаңмен осындасың ба?
– Жиырма адаммен келдім, жолдас майор.
Юрасов тағы да үндемеді. Шешініп, құлақшынын алып, келте
сарғыш шашы жапырайып, үстел басына жайғасты да, Вахитов
ұсынған тәлеңкені алдына қарай тартып, ашқарақтана тамақта-
нуға кірісті.
8
Түнгі сағат екі. Менің кресло-кереуетім бос тұр. Әскери әдеп,
шені жоғары адамға деген құрмет ол орынға маңайлауға мұрсат
бермейді. Мүлгіген деревняны бір айналып, еденге, бағана оя-
нып үлгерген полковниктің қасына жантайып, қалғи бастадым.
– Кіруге рұқсат па екен?
Қарасам – есік аузында бейтаныс лейтенант тұр.
– Жолдас батальон командирі! Сізді армия штабы шақырады.
Біздің бір бүйіріміздегі Горюныда аралық армия байланыс
торабының орнатылғанын білетінмін, осы арадан армияның сол
жақ қанатына сым желілері тарайтын еді.
Волоколамск тас жолы
632
Түрегелдім. Сол бойда Бозжанов та тұрды. Соңғы сағаттар-
да мен Панфиловтың қасынан оралған сәттен бастап Бозжанов
қасымнан ұзамайтын болған. Өзін шақырмасам да, жетіп келіп
тұрады.
Тас жол енді бос жатыр екен. Меңіреу түннің осынау бір
шағында айнала төңіректің бәрі тынши қалыпты. Тек арагідік,
ескерту жасағандай, алыстан зеңбірек күркірі естіледі.
Лейтенант әлдебір үйге бастады. Өткір электр жарығы бір ме-
зет көз қарықтырды. Қабырғаға коммутатор орнатылыпты. Қа-
сында құлаққап киген телефоншылар отыр. Қолыма әдеттегіден
қомақты, добалдау тұтқаны ұстатқан.
– Сөйлесіңіз.
Мембранадан бірден естіген сөзім:
– Момышұлы жолдас па?
Панфиловтың құмыққан даусын таныдым. Дегенмен үні күт-
пеген жерден анық, әрі күшті шықты. Тұтқаны құлақтан сәл алы-
стау ұстауға тура келеді.
– Иә. Сізді тыңдап тұрмын.
– Қалыңыз қалай, жолдас Момышұлы?
– Әзірге, Құдайға шүкір, тыныштық. Жұрт өз орындарында.
– Мен үлкен қожайынымыздан сөйлеп тұрмын. Жолдас Звя-
гин де және оның бастығы да осында. Түсіндіңіз бе мені?
– Түсіндім.
– Сізде не болып жатқанын толық мәлімдеңіз.
Жиырма адаммен лейтенант Исләмқұловтың жеткені, асхана
маңында олардың бетпе-бет келіп қалған немістерді винтовка-
мен дүркін-дүркін оқ атып қарсы алғаны туралы мәлімдедім.
– Асхана маңында кездескені қалай? Айтып беріңіз.
Исләмқұловтың тобы туралы баяндауға кірістім. Панфилов
егжей-тегжей әңгімелеуімді талап етеді. Қызық: қарамағына бір-
неше дивизия қарайтын армия қолбасшысының қасында тұрып,
жиырма адамның қимылы жөнінде тәптіштеп сұрағаны қалай?
– Жолдастарға гвардиялық сәлем айтыңыз... Ядрово немі-
стердің қолында ма?
– Солай сияқты.
– Сонымен... Айта беріңіз.
633
Қарашаның он сегізіне қараған түн
– Майор Юрасов менде отыр. Өз адамдарынан ажырап қа-
лыпты. Жеке өзі бөлініп кетіпті. Атысқан екен. Түнде мені іздеп
тапты.
– Ал Малыхтың полкі қалай?
– Полковник Малых та менің қасымда. Жаралыларды алып
шығыпты, екі жүз қарулы жауынгерді алып келді. Жанында ко-
миссары, штаб бастығы бар. Қазір өздері орман арасын шарлап,
адамдарын жинап жүр.
– Малыхтың өзі не айтты?
– Күні бойы шайқасыпты. Басқару тізгінінен айырылған.
Бірақ бөлімдер ұрысты тоқтатпапты.
– Солай деңіз... Немістер түнде тап беретіндей белгі байқал-
май ма?
– Әзірше ондай белгіні сезе қоймадым.
– Бұрынғыдан да қырағырақ болыңыз, жолдас Момышұлы.
Түнде соққы жасалуы мүмкін. Сіз мені түсіндіңіз бе?
– Иә. Дайындықты тексеремін.
– Міне-міне... Енді бір минут күтіңіз.
Мембрана ақырын ғана дыңылдап қояды. Қазір Панфилов
Звягиннің бұйрығына қатысты бірдеңе айтатын шығар. Жағдай
ауанына қарағанда, өзін тісқаққан саясат қызметкері атаған Тол-
стуновтың: іс тәмәм дейтін сәуегейлігі орындалатын секілді.
Бозжанов босаға қасында өз-өзінен селтиіп тұр. Қысық көз-
дерінде елегізу бар. Әлбетте, дыбыс күшейткіш мембрана Пан-
филовтың әр сөзін бұған да жеткізді. Енді бұл да дәл мен сияқты
шаруаның ақырын тықырши күтеді.
Тұтқадан тағы да Панфиловтың қарлыққан даусы қатты
шықты:
– Естіп тұрсыз ба? Жолдас Момышұлы, Қызыл Армияның
Горюныдағы бүкіл тобын басқару ісін қабылдап алыңыз.
Бұл сөздің мағынасын бірден түсіне алмай қалдым. Жаңсақ
естіп тұрған жоқпын ба?
– Қалай? Не дедіңіз?
Тұтқаны құлағыма еріксізден тақай түсемін. Құлақ жарғағын
жарып жіберердей дүк-дүк етіп тақылдаған дыбыс анық естілді:
– Армия қолбасшысының жарлығын жеткізіп тұрмын: Го-
рюныда шоғырланған барлық топты басқару ісі сізге жүктеледі.
Волоколамск тас жолы
634
Және дұшпанның түнгі шабуылының ықтималдығына байланы-
сты жұмысқа мейлінше тезірек кірісіңіз.
– Бірақ қалайша? Мұнда полковник бар ғой.
Панфиловтың мырс ете түскенін аңдаймын.
– Сіз, сірә, жолдас Момышұлы, қарамағымдағы адамдардың
тәртіпсіздігі үшін, оларды бетімен жібергенім үшін қолбасшы-
ның маған сөгіс бергенін қалайсыз-ау деймін, – сөз ырғағынан
мысқыл табы сезілді, төрт бұрышты қара мұртының астынан
күлкі нышанын көретіндеймін.
– Құп болады! – дедім мен.
– Міне, енді жөн... Маған қоятын қандай сұрақтарыңыз бар?
– Жаралыларды тамақтандыруға тура келді. Полковник Ма-
лыхтың сарбаздарын да... Азық-түлік азайыңқырап қалды.
– Азық-түлік тиеген кез келген арбаны, кез келген машинаны
менің атымнан тоқтатып, ала беріңіз.
– Құп!
– Міндетіңіз бұрынғыша. Түсіндіңіз ғой? Ал-л, сақ болыңыз.
Көріскенше, жолдас Момышұлы.
Сым желінің шалғайдағы шетінде тұтқа қойылды. Мен де
тұтқаны орнына ілдім. Бозжановқа бұрыламын. Маржандай
тізілген аппақ тісі жарқырап жымия түсіп, екі көзі жайнаңдап,
маған балаша сүйсіне қарайды.
– Несіне мәз болып тұрсың?
– Ақсақал!
Соғыстың өзі туғызған біздің хикаятымыздың шарықтау ше-
гінде, көбінесе, кейбір ширыққан айрықша сәттерінде Бозжанов
бірнеше мәрте осы сөзді қолданған еді. Қазір бұдан көл-көсір
шаттық лебі ескендей.
– Ақсақал, ғажап болды ғой! – Лайықты сөз іздеген ол екі
қолын жоғары көтерді. – Енді парлап самғаймыз!
– Сонша шалқығаның не, билеп кетіп жүрмеші!
Езуі жиылмаған Бозжанов қолдарын жанына түсіріп, аяғының
басын аша, өкшесін біріктіріп, қаздиып тұра қалды.
9
Қайта оралып келемін. Жанымда, бір адым артта айнымас
Бозжанов бар.
635
Қарашаның он сегізіне қараған түн
Сол түні штабымда болғандардың бәрі менің хабарымды күт-
ті. Бәрі де мені армиялық байланыс торабына неге шақыртқанын
білуге ынтығады.
Полковник Малых арқасын қабырғаға тіреп, кереуетте отыр.
Аздап көз шырымын алған соң жауынгерлер арасында болып
қайтқан. Тамтығы қалмай қалжыраса да, өз-өзін қинап, сергуге
мәжбүр. Ұрты суалып, әлі сол түтіккен күйінде жүр.
– Отыр, Момышұлы, отыр, – деп қалды ол.
Оған, елу жастағы полковникке менің қарауыма өтетінін қалай
айта аламын? Осыған аузым барар емес. Жоқ, қолбасшы асығы-
стық жасады, әрине. Бұлай қақиып тұру да қолайсыз, отыра да
алмаймын. Содан былай дедім:
– Дивизия командирі армия қолбасшысынан телефон соқты.
Жолдас Звягин де сонда екен. (Сайтан түртіп, бұ жерге Звягинді
не үшін қыстырып тұрмын?) Генерал дұшпанның түнде шабуыл
жасауы мүмкін екенін ескертті... Сізді де сұрады, жолдас полков-
ник.
Уф, жеткізе алмай қиналғаным-ай!
– Ал! Неге созбалақтатып тұрсың?
– Өзіңіздің осында екеніңізді, штабыңыз жұртты тәртіпке
келтіріп жатқанын баяндадым, жолдас полковник. Сіздің мұн-
дағы ең үлкен бастық екеніңізді мәлімдедім.
Сөзді орағытыңқырап, әйтеуір, Малыхтың басшылықты өз қо-
лына алуы қажеттігіне бұрамын. Өйткені устав бойынша мұндай
жағдайда басшылық шені жоғары адамға өтуге тиісті.
Кенет өктем шыққан, ашулы дауыс естілді:
– Ақсақал!
Бозжанов екен.
– Ақсақал! Тізгінді өз қолыңызға неге алмайсыз? Бұйрықты
орындаңыз.
Осынау саңқылдаған әмірлі үн дүр сілкінтті. Өз мойнымдағы
борыш талабын жіті сезіндім. БОРЫШ – үлкен әріппен жазыңы-
зшы – Бозжанов арқылы айтылған бұл көтеріңкі сөз маған «мін-
детіңді атқар!» деп айқай салды! Жалтақтау, қорғалақтау мезетте
ғайып болған. Бойымды тіктеп алып, ресми сөйледім.
Волоколамск тас жолы
636
– Жолдастар! Дивизия командирі маған Горюныдағы бүкіл
топты басқаруды бұйырды. Жолдас полковник, мәлімдеңіз: қара-
уыңызда қанша күш бар?
Бір мезет тыныштық орнай қалған. Міне, енді полковник ор-
нынан тұрды. Бұл жағдай әлсіреп құр сүлдері жүрген оның на-
мысына да оңай тиген жоқ, дегенмен бой алдырмай, түрегелген
соң штаб бастыған сұрады:
– Дормидоныч, бізде қанша күш бар деп ойлайсың?
– Әзірге, жолдас полковник, екі жүз жетпіс немесе екі жүз
сексендей адамымыз бар. Тағы да жинаймыз.
Бұдан кейін Дормидонов қару-жарақ жайын мәлімдеген:
танкіге қарсы гранаталар, пулеметтер бар екен.
Басқалары да кезек-кезегімен жағдайды баяндады.
10
Мен деревнядан біршама сыртқары тұрған теміржол үйшігін-
дегі жаңа басқару пунктіне орналастым. Ауыздағы тар дәліздің
пеші жағылып, білте шырағдан қойылды, үлкендеу бөлмеге
өз шамымыз, телефон және Рахимовтың қағаз шаруашылығы
көшірілді. Тимошин менің жаңа әскерімнің бәрімен байланыс
орнатты. Тыңғылықты Рахимов «Өз көзім – көреген» деген мә-
телге сай, оларға өзі барып қайтып, кейін қағаз бетінде дәл бей-
нелеу үшін ондағы позицияларды байқастап келді. Толстунов пен
Бозжановты түнгі күзеттің қырағылығын тексеру үшін роталарға
жұмсадым.
Білінбей түн де өте шыққан. Әскери хабарлама тілімен ай-
тқанда, дұшпан белсенділік таныта қойған жоқ. Жарықты бүрке-
мелеген перде орнындағы плащ-палатканың шетін серпіп ашып,
сыртқа қарағаным есімде: түн түнегі сәл ғана бозамық тартқан-
дай еді. Дәл сол сәтте Панфилов қоңырау шала қалды.
– Қайырлы таң, жолдас Момышұлы.
Амандасқан соң батылданып:
– Әлі түн емес пе, – деп қалдым.
– Е-е, түн артта қалды ғой. Оны енді өз пайдамызға жатқы-
зуға болады. Бұл түнді жаудан ұттық, тартып алдық. Бергісі кел-
меп-ақ еді, кеше өздерін діңкелетіп, етек-жеңін жыюға мәжбүр
еттік. Мұндай игілік бізге ғана бұйырды деп ойлайсыз ба? Қате-
лесесіз, жолдас Момышұлы.
637
Қарашаның он сегізіне қараған түн
– Ештеңе деген жоқпын ғой.
– Көзіңізден көріп тұрмын.
Панфилов өз әзіліне күліп жіберді. Арамызды қарлы алқаптар
бөліп жатқанымен, оның осынау қылаңдаған таң бозын көтеріңкі
көңіл-күйімен қарсы алғанын аңдап тұрмын.
– Мен шай ішіп, тамақтана бастадым, – деп сөзін жалғастыр-
ды ол. – Былайша айтқанда, жаңа қонысымды «тойлап» отырмын
деуге болады. Сіз мені түсіндіңіз бе?
– Мен де жаңа қоныс иесімін. Жол бойындағы күркеге ауы-
стым. Осы орыннан өзімнің құрама әскерімді басқарамын.
– Құрама әскермен қоштасуыңызға тура келеді, жолдас Мо-
мышұлы. Полковник Малыхтың барлық күштерімен бірге менің
қарауыма жөнелтіңіз.
Оның барлық адамын босатыңыз. Қараңғылық сейілмей маған
жетіп алсын.
Бұдан соң генерал майор Юрасовты да өзіне аттандыруды
бұйырды.
– Оған Исләмқұловтың отрядын беріңіз. Майор әскерді
бастап келсін. Жиырма ғана адам болғанымен, ол да әскер ғой.
Түсіндіңіз бе?
Панфилов түнде қарауындағы адамдардың қитығына тимеу
жөніндегі ұғымға мән бере қоймағандай еді. Ал қазір өмірдің қа-
тал шындығы жанын жаралап, онсыз да қорланған командирді
беталды кемсітпеуді, абыройына дақ түсірмеуді ойлап тұр.
– Өз күшіңізге, өз батальоныңызға ғана сеніңіз, жолдас Мо-
мышұлы.
Және кешегі жеңіске тоқмейілсімеңіз. Сіз екеуміз ұтыс пен
сәтсіздіктің бір арбаға қосақтаулы жүретінін білуге тиіспіз... Ай-
налаңызды шолыңыз. Оң жағыңыз бен желке тұсыңызға тосқа-
уыл қойыңыз. Заевтың ротасын әкетіңіз.
Кеше кешке ғана Панфилов Заевтың ротасын көшіруді «доға-
ра тұрайық» деп еді, енді қазір таң сыз бергенше «әкетіңіз» деп
бұйырды. Келесі шептегі қарсылықты әзірлеп, менің батальо-
нымды барлық әскерлердің алдына шығарып, тас жол бойын-
дағы ең ұрымтал орынға қойғалы тұрған ол шындықтың бетін
бұлыңғыр, жалған жұбанышпен бүркемей, ештеңені уәде етпей,
өзіме бұрынғыша ақ-адалын айтты.
Волоколамск тас жолы
638
– Кәне, көзіңізге тағы бір қарайын, – деп әзілдеді ол. – Ім-м...
Жоқ, айтпаймын... Айтпаймын, әйтпесе кішіпейілдікті жоғалтып
аларсыз. Оны, жолдас Момышұлы, ешқашан ұмытпаңыз. Сіз
мені түсіндіңіз бе?
– Құп болады! Ешқашан да ұмытпаймын!
– Бүгінше сізбен байланысымыз үзілмес деген ойдамын.
Бәрін хабарлап отырыңыз. Сәттілік тілеймін, жолдас Момышұлы!
Біраз уақыт айтылған әңгімені ой елегінен өткізіп, қолым-
ды қусырып, телефон түбінде отырдым. «Кішіпейілдікті ұмыт-
паңыз». Әрине, Панфилов мұны басталған күнге ғана қатысты
айтпағаны анық. Бұл – алыс келешекке, ұзаққа арнаған өсиеті.
Демек, Панфилов сонау алда, болашақта менің тірі жүретініме
сенеді. «Жаныңызды үміт оты жылытсын!» – оның таяуда білдір-
ген лебізі осы еді. Қазір де дәл соны айтып тұр ғой, тек біршама
өзгеше. Өзгеше және сенімдірек!
Бірақ ойланып-толғанып отыратын уақыт жоқ. Мен тұтқаны
көтеріп, генералдың жарлығын орындауға кірістім.
Тағы да үш күн
1
– Біздің әңгімеміз де аяқталып келеді, – деп сөзін жалғасты-
рды Бауыржан Момышұлы. – Кітаптың мұңды беттері жақында-
ды. Сондықтан ішкі үнім ықшам сөйлеуді бұйыратындай.
...Тұманға оранған таң. Аяз. Ызғарлы жел. Тас жолда ше-
гінушілердің жаңа легі өтіп барады. Ұрыстан қайтқандар сүй-
ретіле ілбиді. Шептегі кезекшілігін аяқтаған тосқауыл взводтары
саппен адымдайды. Арттағы алаңдарды миналаған сапер бөлім-
дері де белгілі тәртіппен қайтты.
...Зеңбірек гүрсілі тағы басталған. Горюныны, біздің жоталар-
дың беткейін, жақындағы орман шетін түйдектете ату жиіледі.
Тоғай арасына жасырылған өзіміздің артиллериялық дивизион-
дар да шаңқылдап, өршелене жауап беруге кірісті. Тітіреген жер
дірілі жол іргесіндегі үйшікке де әлсін-әлсін сезіліп қояды.
...Ересен қуатты «катюша» реактивті минометтер дивизио-
нының командирі, қара сақалды капитан күркеде менімен бірге
639
Тағы да үш күн
отыр. Горюныға бұл қатерлі қаруды Панфилов жіберген-ді. Раке-
таларын дүркірете атқан соң автомашинаға қондырылған «катю-
шалар» дереу позициясын ауыстырып, жаудың қарсы атысынан
тайқып кетеді. Әрбір атыстың есебі жаңадан жасалып отырады.
Нысананы Панфилов нұсқап: «Осы межеге дайындалыңыздар.
Одан соң мен қолымдағы таяқшаны сермеп қаламын» деген.
«Катюшалардың» әрекетін қадағалап тұрмын. Кезекті атыс.
Бұл кезде қарудың жойқын гуілі ұрыстың өзге дыбысын тұн-
шықтырып тастайды. Шағын Горки деревнясындағы жау пози-
циялары отқа оранды. Ендігі нысана – жақында бізде генерал
түстеніп кеткен Рождествено маңайы. Бір дүркін ракета тізбегі
сонда жіберілді. Міне, жаңа команда естілген:
– Шишкиноға дайындаңыздар!
Демек, Шишкино да жау қолында қалған екен... Уақыт баяу
ғана сырғитындай, дивизия деревняларды бірінен кейін бірін та-
стап кетіп жатыр, дүркірете атқан «катюшалардың» жалыны біз
тұрған жота айналасын дөңгелете шарпиды.
Сайтан алғыр, Заев болса әлі жоқ! Сөйтіп Шишкино тара-
пынан тосқауылсыз қалдық!
...Ақыры алпамсадай болып Заев та келді-ау. Беліне таққан
граната сөмкесі мен құндақтаулы пистолеті бар. Шинелінің
өңірінен, баяғыша, парабеллум сабы сорайып тұр.
– Қайда құрып кеттің?
– Жолдас комбат, жұртты үйді-үйге кіргізіп, бір сағаттай
жылындырып алдым. Дірдектеп тоңып, шыдай алмай кеттік.
– Кім рұқсат берді? Қайла-күрекпен жылынамыз! Тап қазір
жөнел де, Шишкиноға баратын жолды бөге. Жау сонда кіріп үл-
герді.
– «Бері жібер, кәне, өзін!» – деп бұрынғыша қалжыңға баса-
ды Заев.
Меңіреу орман арасында қалған екі күн арасында өзінің бет-а-
узын жирен түк басып кетіпті. Қалың қабақ астындағы шүңірек
көзін тайдырмай, маған тура қадалып, аялай қарап қояды. Әзілге
кезек беріп алған соң Заев байсалды қалыпқа көшті.
– Жолдас комбат, құлағым сізде!
– Орман шетіне барып бекін! Сенімен бірге онда Рахимов ба-
рады. Адамдарыңа қорған болып, аман сақта. Жолды атып тек-
Волоколамск тас жолы
640
серіп ал. Егер танкілер шығатын болса, жаяу әскерін оқпен бөліп
таста!
...Реактивті снарядтар Шишкиноны бір мәрте ұрып өтті. Қара
сақалды капитан келесі команданы күтеді. Бір кезде оны байла-
нысшы телефонға шақырған. Бұйрықты тыңдап болған «катюш-
алар» командирі менің қолымды қысады.
– Тамаша атыппыз. Маған Горюныдан дереу кетуге бұйрық
берілді. Менің техникам немістердің қолына түссе не болатынын
өзің білесің, ондайдан Құдай сақтасын.
...Лейтенант Шакоевты шақырттым. Өзім де қарсы алдынан
шықтым. Тастай қар қиыршығы алапат жел екпінімен бетке ұра-
ды. Қошқар тұмсық сұлу жігіт, танкі қиратушылар взводының
командирі қол-аяғы жерге тимей, маған қарай құстай ұшып, жү-
гіре жетті. Оны іле-шала тапырақтай басып Кузьминич келді.
– Политрук, сіз мұнда неғып жүрсіз?
Кузьминич:
– Мен бе? – деп сасқалақтап қайта сұрайды. – Мен танкі жо-
юшылармен біргемін.
Қысқа ғана:
– Жарайды, – дей салдым.
Шакоевке қарап, сол орында жүктелетін міндетін нұсқаймын:
– Шишкинодан танкілер шыға келуі мүмкін. Заевтың шебінен
өтуі ықтимал. Ол жаяу әскерді бөліп тастайды. Ал сен танкілерлі
тосып алуға даярлан. Өз взводыңды осында әкел. Жол айрығынан
алыстама. Сырт жағыңа қарайлай отыр. Маңайдан табыл!
– Құп!
...Артиллериялық полктің Горюны төңірегіндегі орман арасы-
на орналастырылған зеңбіректері өз атыс позицияларынан кете
бастады. Ұңғылары сорайған қару тракторларға тіркеліп, терезе
тұсынан жылжып өтті.
Армиялық байланыс торабы да тиеліп, жөніне тартқан. Міне,
енді біз, шынында да, жалғыз қалдық.
Дұшпан бүгін Матренино станциясына соқтыға қоймайды.
Гитлерлік армияның мәнері сондай: аузы бір күйген жерге екін-
шіде жоламай, жылыстап жүретін әдеті.
Соққы қайдан, қай тұстан дүрс ете түсер екен?
641
Тағы да үш күн
2
...Күркеге айрықша киінген лейтенант кіріп келді: ұйпа-
лақталған ұзын шинелі, қызыл далбағайы бар, шекесіндегі ел-
тірі бөрік шетінен удар-дудар ақсары кекілі шығып тұр. Шалт
қимылмен қолын шекесіне апарып, жөнін айтқан. Әлдебір атты
әскер полкінің офицері екен.
Сөзін дәмдеп, сәндеп жеткізген. Өзі неғып жүр? «Катюшалар»
үстемелете атқан ракета оң жаққа бағытталған, лейтенант айтқан
атты әскер полкі сол қанаттағы майдан шебін қорғап тұрыпты.
Келімсек жігіт жағдайды сипаттап берді: шептің талқаны шықты,
енді шегіндік, анығырағы, жан сауғалап тұра қаштық дейді өзі.
– Өздеріңіз білесіздер де. Хабарыңызға рахмет.
– Ал сен не істемексің?
– Осында қаламын.
– Батырын қарай гөр! Ендеше, топырағың торқа болсын!
Ол бұл сөзді де мәнерлеп айтты. Рахимовтан сырты жарқы-
раған бір қорап сигарет алып, маған қарап, қолының ұшын ше-
кесіне көтеріп, тайып тұрды. Зытып бара жатқаны үшін зәредей
уайым жейтіні байқалмайды. Берекесіз қуаяқ!
...Танкілер! Бұлар алдыдан да, солдан да, оңнан да емес, ту сы-
ртымыздан, әр жерін жел жалаңаштап, қар үйіндісі арасында қа-
раңдаған шұбар ала асфальт тұсынан, Москваға қарай созылған
тас жол жағынан тап бола кетті. Матренино станциясын ала ал-
маған соң оны орағыта өткен дұшпан әлдебір осал мүйісті тауып
алып, мұндағы қарсылықты бұза-жара, танкі колоннасымен не-
гізгі күре жолға жұлқына шыққан сияқты. Алайда Горюныдағы
біздің торабымыз тас жолға тіке тартуға ыңғай бермей, жау ара-
нына кесе-көлеңдеп тұрып алды.
Сол минуттер елесі көз алдыма келеді... Үйшікте отырып, ке-
неттен мотор гүрілін естідім. Дәл сол мезетте ақырын ғана сытыр
ете түскен сауыт тескіш снаряд іргеден кіріп, телефон аппаратын
күл-талқан қылды да, тағы бір қабырғаны қақыратып, әрі қарай
кетті. Пистолетімді телегрейке беліне сұға салып, тысқа ытқып
шықтым. Қаперінде ештеңе жоқ аспаз Вахитов алаулаған плита
маңында күйбеңдеп жүр.
Босағадан аттай бере-ақ шаңыта ұйытқыған бұрқасын ара-
сынан танкілерді көрдім. Құрыштан құйған он, әлде он екі қара
Волоколамск тас жолы
642
қорап үрейлі үнмен өкіре гуілдеп, біртіндеп тақалып келеді.
Қаз-қатар саппен өңмеңдеп, баса-көктей жақындады; жаяу әскері
жоқ. Үйдей бір машина, тәрізі, командирдікі болуы керек, – менің
күркемнің қасына тоқтапты. Мұнарасы қызыл матамен оралған.
Жіңішке антенна шыбығы сораяды. Ашылған люгінен белден
жоғары көтерілген танкист айналаны шолып тұр. Мені байқай
қоймады.
Атсам ба екем? Мұнара бүйіріндегі жаудың ақ кресі үстінен
жапқан қызыл шүберек алаңдатты ма, ес жиып үлгергенімше,
күрке сыртынан өңі бозарып, ың-шыңсыз бері аттаған Кузьми-
нич көрінді. Қолғапсыз жалаңаш саусақтарымен танкіге қарсы
қолданатын граната сабын қыса ұстапты. Өзінің төзімді тауы-
сып, сылбыр қозғалғаны соншалықты – неміс те сыбдырды сезе
қалып, тез бұға қалды.
Сол мезетте мен де аттым, Кузьминич те есеппен, асықпай,
дәл көздеп гранатасын лақтырған. Машина ішінде отырған
атқыш пулемет шүріппесін басып қалды. Менің атысым, пуле-
меттің тырылдағаны, қарудың оймақтай аузынан ұшқындаған от,
гүмп еткен жарылыс, болат қораптың селкіл қағуы – осының бәрі
бір мезгілде атқарылды.
Пулемет тарсылы тына қалған.
– Кузьминич, екіншісін лақтыр! – деп ышқындым мен.
Ол бұрынғыша баяу қимылмен тағы бір гранатаны сермеді
де, құлап түсті. Жетіп барып, кеудесін көтердім. Аузынан қызыл
көбіктеніп, қан ақты.
Кузьминичтің қос гранатасы тойтарыс беру дабылындай
болғаны рас. Сол сәтте тыл күзетінде тұрған екі зеңбірегіміз гүм-
пілдете атып, танкіге қарсы қолданатын қол гранаталар гүрсіл-
деп жарыла бастады.
Мен дәке әкеліп, Кузьминичтің шинелінің түймелерін ағыт-
тым. Осы кезде Синченко да жүгіре жетті.
– Сүйемелде, – дедім мен, – политрукті күркеге жеткізуге
жәрдемдес. Одан соң атты ерттеп, Киреевке шап.
Кузьминичтің гимнастеркасы ылғалданып кетті. Кеудесі сы-
рылдай тыныстаған ол:
– Жоқ, енді бола алмаспын... Әскери адамға айнала алмас-
пын... – деп айтып үлгерді.
643
Тағы да үш күн
Көзін жансыз мұнар бүркеді. Экономика институтының ғылы-
ми қызметкері, кәнігі кітапқұмар, ұлы соғыста алғаш рет қатқыл
солдат шинелін киіп, ең қатерлі сәтте нағыз жауынгерлік ерлік
көрсеткен жан: «Әскери адамға айнала алмаспын» деп барып
үзілді.
...Үш танкі отқа оранып, будақтаған қара ала түтінге көмілген.
Шынжыр табаны қираған біреуі орнында шыр айналды.
Сау қалған машиналар ырылдап-гүрілдеп, оқ атып, кейін ше-
гінді.
3
...Немістер бізді тағы да бризантты гранаталарымен, шрапнель-
мен, минамен төпеледі. Орман арасына жасырынған танкілері де
оқ-дәрісін аямай, мұнаралық зеңбіректерімен деревняны ныса-
наға алған.
Бетпақтығы үшін өздері сазайын да тартты. Біз танкілерді
жаяу әскерінен ажырамай ақырын жүргізу мақсатымызға жеткен
секілдіміз.
Бұқпантайлай жүгіріп Брудныйға жеттім де, міндетін түсін-
дірдім: жаяу әскерді шынжыр табан техникасынан бөліп, кесіп
таста дедім. Ал жаяу әскер біздің оғымыздан жер бауырлап,
ашық алаңда сауытты қалқаннан қол үзген кезде қарсы шабуыл
жасап, түре қуып, жойып жіберу қажет!
Өжет, алғыр лейтенант түсіне қалып, бас шұлғиды.
...Міне, тағы бір шабуылдары басталды.
Қайтадан қар бетімен қатар-қатар тізілген танкілер қасына жү-
гіре басқан автоматшыларын ертіп, ақырындап бері жылжыды.
Оларды біздің винтовка оғы мен Блоханың пулеметі жапырып
жіберген. Пулеметшілерге менің қасымнан Бозжанов кеткен-тін.
Жасыл-көк шинельділер қарсы алдыдан бораған оққа бет-
тей алмай жата қалысты. Сірә, сол жер бауырлағандарға қарай-
лаған болуы керек, машиналар да жүрісін тежеді. Енді іске біздің
шағын зеңбіректер кіріседі. Снарядтар бірінен кейін бірі қимыл-
сыз қалған дерлік қап-қара нысаналарға дөп тиді. Сәл абдыраған
танкілер біздің қаруларға қарсы оқ ата, кейін шегінуге мәжбүр
болды. Олармен бірге жаяу әскер де кері серпілген. Екінші ша-
буыл да тойтарылды.
Волоколамск тас жолы
644
...Тағы да алапат атыс. Жертөле-ұраларда, жыра-шұңқырларда
отырмыз. Медицина пункті жаралыларға толып кетті.
Ақыры көз байланған. Мәскеу түбіндегі қарлы алқапты тағы
бір түн қараңғы құшағына алды. Біз табандылық көрсеттік, Го-
рюныны бермедік.
4
Ертеңіне қарашаның он тоғызы басталды. Горюны қорғаны-
сының соңғы күні.
...Үш тараптан жауған оқ. Бір ғана тыныш жақ – Матренино
станциясы. Онда жаралыларды түнделетіп Филимоновке жөнел-
тіп, медпункттің жүгін жеңілдеттік.
Брудныйдың взводы мен шаруашылық взводы деревняны
қорғап тұр. Орманның тұс-тұсынан танкілер мен жаяу әскер
қаптап келеді. Атыса ұрыс салдық. Неміс снарядтары біздің
зеңбіректерді бірінен кейін бірін істен шығарып жатыр. Делбеші
Гаркуша бір амал ойлап тапты: пулеметті мәстек атқа жегілген
жайдақ шанаға орнатып, деревняның екі шетіне кезек шаба жүре
атқылады.
...Күшіміз біртінеп сарқылуға айналды.
Қар бетінде батыр тұлғалы Қалимолдин жайрап жатыр. Ши-
нелінің өңірі дәл жүрек тұсынан тесіліпті. Ажал жеткен мезетте
ол сонау бірде ұйқылы-ояу қысқа ғана: «Кешірім өтінемін» деген
сәтіндегіше, қолын тура кеудесіне қыса ұстапты.
Мурин де бүк түсіп, мәңгілік қимылсыз қалған. Көзілдірігі
сұп-сұр, сүйір мұрнынан ұшып түскен екен. Жіппен байлаған
имек тұтқасы қар үстінде шошайып тұр. Соғыста пулеметшіге
айналған консерватория аспиранты енді ешқашан қасыма кел-
мейді, өзінің сырға толы жан әлемін ашпайды. Бұған қаншама
мәрте нағыз сарбазша сымдай тартылып тұруды үйреткен бол-
сам, қазір осы жансыз Муриннің басында өзім қалшиып тұрмын.
– Комбат, мұның не, есің түзу ме? Әдейі, оқ тисе екен дейсің
бе?
Толстунов мені жұлқи тартып, батпақ аралас борпылдақ қарға
тықсырып, қолымнан ұстап, қалқаға қарай сүйрейді.
...Мерт болған пулеметшілердің қарулас серігі, расчет коман-
дирі Блоха жараланды, мойнынан жарықшақ тіліп өтіпті. Бірақ
645
Тағы да үш күн
Блоха өзінің жылжымалы пулемет ұяшығы – жайма шанасын та-
стап кетпеді.
Әне, сол шана заулап барады. Блохамен қатар пулемет қасын-
да желкесін бұқшитып, сабан үстінде айқас құмарлығына әбден
беріліп, қызынып алған Бозжанов отыр. Делбе – атты шыбықпен
аямай шықпыртып, боқтана, екілене айдаған ожар мінезді Гарку-
шаның қолында.
Түске қарай бұл пулемет мендегі аман қалған жалғыз қару еді.
...Немістер жол бойындағы біз тастап кеткен күрке тұсынан
тағы бір мәрте шабуылдады. Сыртында шұбырған жаяу әскері
бар танкілер қырға қарай көтеріліп келеді. Шеттегі үйлерге, қор-
шау іргесіндегі қораларға да тақалды. Біздің жақын межеден
жаудырған жойқын оқ автоматшыларды ақырында жата қалуға
мәжбүр етті. Ал танкілер деревняға қарай өңмеңдей берді.
Менің жауынгерлерім өрден құлдилап, бір бүйірден лап қой-
ған. Найзаларын кезене жарқыл қағып, «а-а-а!» деп жер күңірен-
те ұрандап, жау тізбегіне тұтқиылдан тиді. Алда Брудный кетіп
барады. Немістер тайқи жөнелді.
Ал Горюныда үйлер арасындағы кең көшеде танкіге қарсы
қолданатын гранаталардың дүмпуі естіледі. Танкі жойғыштар
взводы қара тажал машиналармен қиян-кескі ұрысқа кірді. Ана
жер-мына жерде бірі жарылып, бірі өртенген үйдей-үйдей құрыш
құбыжықтың үндері кезек-кезегімен өшті. Бұл алапаттан аман
құтылғандары ышқына гүжілдеген күйінде деревняны бойлап
жотаның қарсы бетіне қарай бір-ақ зулаған.
Горюныны қожайыны біз болып қалдық.
Шынжыр табан мен снарядтар айғыздаған қар бетінде жер
жастанған ерлер тағы да жусап жатты.
Жекпе-жек айқаста танкі қиратып, ержүрек, сұлу жігіт Шакоев
ажал құшты. Осы арпалыста ротада «шал» деп атанған, – темекі
түтіні ыстаған сарғыш мұртты солдат Березанский қаза тапты.
Шәпеті бойлы, арықша Шилібаев қарда отырған жауынгердің
жарасын таңып жатыр.
– Жолдас комбат, мен де...
Шилібаев қолын құлаштай сермеп, өзінің де танкіге граната
лықтырғанын көрсетуге тырысады. Шайқас желігі бойынан әлі
тарай қоймаған секілді.
Волоколамск тас жолы
646
Ол айқас алаңына айналған көшеге шола қарап, жанып бітіп,
түтіні бықсыған танкілерді, отқа оранған үйді, қимылсыз қалған
шинельділерді, жол жиегінде қолын алға соза құлаған телегрей-
келі дағыстандық-командирді көрді.
– Жолдас комбат, енді не болады? Енді қайтеміз?
– Ұрысты одан әрі жалғастырамыз, Шилібаев.
...Автоматшыларды тықсыра қуған жауынгерлер де оралды.
Өздерімен бірге шинельге салып рота командирінің денесін ала
келді. Кескілескен осы қарсы шабуылда Брудный жан тапсырды.
Ұрыстар кезінде бірнеше рота командирінен – сымбатты да
жинақы Панюковтен, именшек, көзі қарақаттай грузин Дордия-
дан айырылған бәкене бойлы байланысшы, желаяқ Муратов ко-
мандирінің тіршілік белгісінен ажырап, сарғайған жүзіне жетім-
сірей қарайды.
Хош бол, ержүрек Брудный! Бақұл бол, серігім! Тағы да бірер
минуттей мерт болған жолдастың басында тік тұрдым.
Енді рота жетекшілігін беретін адам да жоқ. Ең соңғы пуле-
метімнен Бозжановты қалай әкетпекпін. Қасымда Толстунов тұр
екен.
– Федя, ротаны қабылдап ал. Басқа тапсыратын ешкім қалма-
ды.
Аға политрук шені жағынан менен жоғары екенін ұмытып та
кеткен сияқты, сақ-сақ еткізіп жауап қатты:
– Құп болады, жолдас комбат!
...Деревняны бірден бас салып тартып алудың қиын екенін
ескерген немістер енді кең алқапты шарлап кетті. Горюны мен
жол бойындағы үйшіктен әріде қарауытқан орман жиегі арасын-
дағы сегіз жүз метрдей алға жылжыды. Қоршау сыртындағы бір-
неше сарайды басып алды.
...Заевтан көптен бері хабар жоқ. Оған жалғанған телефон сы-
мын жарықшақ қиып кеткен. Ара-арасында орман жолағынан
әріде Заевтың сарбаздары бекінген тұстан тарсылдаған мылтық
үні естіліп қалады. Тек Филимоновпен ғана телефон тұрғысынан
да, атыс қатынасы жағынан да байланыс ұстап отырмын (сым
желісі үзілсе, ұшқыр қимылды байланысшылар дереу қалпына
келтіре қояды).
Станция жолы кесіп өтетін алаңқайды жотадағы біз де, Горю-
ны жақсы көрінетін жоғарыдағы шоқ тоғайда отырған Филимо-
647
Тағы да үш күн
новтың жауынгерлік күзеті де нысанада ұстап тұрмыз. Екі қиыр-
дан бірдей оқ зулайтын ол өңірге бірде-бір автоматшы аттап баса
салмайды.
...Шайқасты жалғастыра бердік. Немістер үйден-үйді басып
алып жатса, біз үйден-үйге ақырын шегініп, әрбір ауланы қолдан
бермеуге тырмысып, жауға оқ жаудырумен жүрміз.
Волоколамскіні де дәл осылай қорғасақ керек еді ғой!
...Кеш түсті. Деревняның тең жартысы – бізде, қалғаны – жа-
уда. Және арамызды әлі сөне қоймаған өрт орындары бөліп тұр.
Іңір қараңғысында ұрыс саябырлады. Аспанда құбылып, қы-
зғылт шапақ мұнартады. Түн жамылып, бауырластар зиратына
өлгендерді жерледік. Салют те атылған жоқ, қоштасу сөзі де ай-
тылмады.
Өздерінің де қатары сиреген санитарлар жаралыларды
ың-шыңсыз Матрениноға жөнелтіп жатыр. Фельдшер Киреев ең
соңғы шағын топпен аттанбақ.
...Сағат ақыры түн ортасы болғанын көрсетті. Қарашаның он
тоғызы да өтті. Көкейде қайғы мен қуаныш кезек алмасады. Пан-
филов жүктеген міндетті атқарып шықтық. Жауынгерлік борыш
өтелді! Енді Горюныдан кете беруге болады.
Кенет түн түнегі арасында қызу атыс басталған. Орыс кетті
ме, кетпеді ме деп тұмсық сұққан неміс барлаушылары екен. Біз
оларды винтовкадан сатырлаттық.
Әлі кетпегенімізге көздері жеткен немістер біз жаққа көзде-
мей-ақ мина жаудырды. Атыстың ақырын күттік. Тағы да бәрі
тым-тырыс бола қалды.
...Көшеге шықтым. Шапақ шұғыласымен телефон сымын шу-
мақтай орап, біркелкі адымдап бара жатқан Тимошинді көрдім.
Оны өзіме шақырамын. Төбесі ойылған, мұздай суық үйге
кірдік. Тимошинге екі жауынгерді қасына ертіп, Заевқа жет деп
бұйрық бердім. Заевтың ротасы қазіргі орыннан шығып кетсін
дедім. Кездесетін жерімізді көрсеттім – Гусеново деревнясына
таяу орман. Тимошиннің картасына осы белгіні түсірдім. Қағазға
шағылысқан қалта фонарының жарығы ашаң жігіттің бір күн
ішінде сұстанып, ересек тартқан балғын жүзін шарпыды.
...Екінші жаққа да – біздің көшпелі асханаларымыз бен ат-ар-
баларымыз жасырулы тұрған жақын маңдағы тоғай арасына
Волоколамск тас жолы
648
адамдар жөнелттім. Шабармандар аттарды дереу жегіп, станци-
яға жүріп кетсін деген бұйрығымды жеткізеді.
...Қорғаныстағы жұртты босаттым. Бәрі менің қасыма жинал-
ды. Рахимов деревняның соңғы қорғаушыларын санап шыққан.
Жиырма төрт адам ғана қалыппыз. Екі зеңбірек, бір пулеметіміз
бар.
Горюныдан үн-түнсіз шығып кеттік. Алда Рахимов келеді. Тіз-
бекті Толстунов тұйықтады.
5
Қараңғыда Матренино станциясынан да өтіп үлгергенбіз.
Бозала таңды жорық үстінде қарсы алдық. Орман ішімен ке-
леміз. Филимоновтың ротасы, Брудный ротасының аз ғана қал-
дығы – бұлар жорық кезінде Бозжановтың қарауына берілген;
жаралылар тығыз жайғастырылған тура он шана, санитарлық
күйме, пулемет орнатылған жайдақ шана, қос дөңгелекті арба-
лар, екі зеңбірек бар.
Орман ішіндегі сүрлеумен Заевпен кездесетін белгіні бетке ал-
дық. Саппен жүрдік. Солдаттың ауыр етігі қардың жұқа қабатын
қопара жапырып, жердің топырағын шығарып келеді. Қарағай
бұтақтарында қар жатыр. Емен де жалаңаштана бастапты. Біздің
соқпағымыз содан түскен жапырақтан көрінбейді. Ара-арасында
балтамен, шолақ сапер күрегімен кездескен изенді отап, зеңбірек
тіркелген көлікке жол аршуға тура келеді.
Талай шақырымдарды артқа тастап үлгердік. Рахимовтың кар-
тасына өткен ізіміз кейде ұзақ көлбеу, ашық алаңдарды орағыта
жүруімізге қарай кейде кедір-бұдыр сызық арқылы түсіріледі.
Ешбір жерде немістерге ұрынбай, ну орман арасымен келіп,
Волоколамск тас жолына шықтық. Бізге енді осы жолды және
ағашы шабылған ашық алаңды кесіп өту қажет. Аласа ағаштар
тасасынан бақылап тұрмыз.
Немістің ұзын жүк машиналары Москваға қарай тынымсыз
жүйткіп жатыр. Міне, кезекті автоколоннаның гуілі. Қораптарын-
дағы қатталған оқ-дәрі жәшіктері жуан арқандармен таңылыпты.
Бірнеше машинада солдаттар толып отыр. Қолдарын көк-жасыл
шинельдерінің жеңіне сұққан бұлардың көбі бүкшиіп, бүрісіп
алыпты. Жағаларын көтеріп, пилоткаларын жапырайтып баса
киген.
649
Тағы да үш күн
Шыр айналған дөңгелектерімен қар тозаңын бұрқыратып бұл
лек те өтті. Қозғаламыз ба? Бірақ гитлерлік моторлы жаяу әскерін
тиеп, зауылдаған тағы бір машина тізбегі тақалды. Дұшпан,
тәрізі, резервтерін енгізіп, шабуылына жаңа қан жүгіртіп, нығай-
та түсуге ниеттенген сыңайлы. Бұл қандарыңның қашанға дейін
жететінін көре жатармыз!
Күтіп тұрмыз. Тас жол бойындағы қозғалыс біресе тына қа-
лып, біресе қайта жанданады. Сайтан алғыр, қашанғы күтпекпіз!
Машиналарға оқ жаудырыңдар деп бұйырдым. Үрейленген шо-
фер жылдамдығын күшейтіп безе қашуы үшін қорапта отырған
әскерді жайратыңдар дедім.
Міне, тағы бір колонна. Атыңдар! Сатыр-сұтыр... Жүк көлік-
тері құйындата жөнелді. Штабтық жеңіл автомашина көрінді.
Кенеттен басталған атыстан есі шыққан жүргізуші кілт тоқтай
қалған. Жолға ырғып түскен офицер сол бойда оққа ұшып, сылқ
құлады. Шофер де өлді.
– Алға! – деп команда бердім.
Бәрі жолды кесіп тұра ұмтылды. Жортақтай ырғыған ат-арба
жауынгерлерді басып озады. Жеңіл автокөлікке қарай жүгірдім.
Жаңа ғана құлаған офицердің білегінен қол сағат бауының ізі
көрінеді. Әлдекім ағытып алып үлгеріпті. Машинадан радиоап-
парат пен құжат салынған портфель табылды. Бұларды өзімізбен
бірге ала кеттік.
Тас жолдан асып түсіп, орман арасына қайта сіңдік. Тағы да
сап түзеп келеміз.
6
Бұрынғыша компас бойынша, азимут арқылы жылжыдық.
Жолбасшымыз Рахимов Заев ротасымен ұшырасар нүктеге әкеле
жатыр.
Теміржолға жақындадық. Одан кесіп өту керек. Жол төсемі –
терең ойпаңда. Қарсы беткей – нағыз құлама жар. Тігінен құлди-
лаған саздауыт бөктердің әр жеріне ғана қар ілігіпті.
Бұл арадан зеңбіректерді алып өте алмаймыз.
Орман жиегімен: басқа ыңғайлы өткел табылар ма екен деп
адымдап келемін. Немісше сөз естіліп қалды. Жол күзетшісінің
күркесінде жау отыр екен.
Екінші бетке шықтым. Көрші үйшікте де немістер бар.
Волоколамск тас жолы
650
Кері қайттым. Не істейміз? Зеңбіректерді тастап кетеміз бе?
Ойлана жүріп, жарқабаққа жақындадым. Ту сыртымда, ағаш та-
сасында жауынгерлер тұр. Кенет, – мұндай жағдай біздің тарихы-
мызда бұрын да бір кездескен, – жон арқамнан жүз елу шаншу-
дың қадалғанын түйсінемін. Артқа бұрылдым. Бәрі маған қадала
қарайды. Көздерінен: «Сен бізді жарға соғасың ба әлде аман-е-
сен алып шығасың ба?» деген сауалды аңдаймын. Бұл көзқарас
та өткендегідей, кез келген сөзден өтімді әрі ықпалды еді.
Дереу шешімге келіп, бойымды тіктедім.
– Бері құлақ сал! Аттарды ағытыңдар! Зеңбіректерді көтеріп
өткізіңдер! Алға!
Жолымызды кес-кестеген дәл әлгі ойпаң-аңғардың үстімен
екпіндетіп тікесінен тарттық. Өмірге ынтызарлықтың құдіреті
ме, сарбаздардың жұдырықтай жұмылып, кедергіні жеңуге құл-
шынғаны сонша – зеңбіректерді қолды-аяққа тигізбей лып-лып
еткізіп өткізе қойды. Бұдан соң шаналар мен ағытылған аттарды
оп-оңай шығарды.
Соғыс тағы бір мәрте: «солдатқа сенім арт!» дегенді үйретеді.
Айтсаң болды – халық санаға сыймастай нәрсенің өзін игеріп,
атқарып береді. Әне, мүмкін емес деген нәрсе жол-жөнекей
шешілді. Асып түс! Тіпті өзіңнен де асып кет! Біздің генералдың
аузынан шыққан осынау өсиет сөз ойыма еріксіз оралады.
7
Мүлде бейтаныс орындарға талай жорыққа шыққан, тіпті кей-
де ну ормандарға барғыштап көрген білікті топограф, тау спор-
тының нұсқаушысы Рахимов лекті батыл бастап барады. Соңы-
мызда қалған түп-түзу ізімізге қарасаңыз да, сүйсінер едіңіз.
Алайда шолғыншысыз жүрдік. Жорықта, әсілі, алды-артқа және
екі бүйірге күзет қойылуға тиіс. Солай бола тұра, ешкімді бар-
лауға жібермедік. Орманда бағдардан таймау оңай шаруа емес.
Әскери училищені мерзімінен бұрын бітіріп шыққан жас лейте-
нанттар топографиялық сауат жағынан қатты ақсап, азимут де-
генді шала түсінетін, кейде оның не екенін мүлде білмейтін де.
Алдыға немесе екі қапталға күзет қойсаң, олар өз бетімен лағып,
адасып кеткен патрульді атпен барып тауып әкелуден басқа ама-
лың қалмайтын.
651
Тағы да үш күн
Кездесу орнына – орман арасындағы шағын алаңқайға түске
дейін-ақ жетіп алдық. Келсек, Заевтың ротасы күтіп те тұр екен.
– Встать! Смирно! – Заев қарлығыңқы жуан даусымен ба-
рынша гүр ете түсті.
Сөйтіп, алдыма жүгіре жетті. Бірін – беліне тағып, екіншісін
шиелінің өңіріне қыстыратын менің көзіме үйреншікті екі писто-
летінен бөлек, кеудесіне көк болаттан құйған олжа автомат іліп
алыпты. Шинелінің дүңкиіп, салбыраған қалталары да жүгірген
кезінде салдыр-сұлдыр еткен. Заев қаңылтыр дискілерге толты-
ра патрон тізіп, сықап қойыпты. Онысының шеті көрініп тұр.
Тығыншықтай мығым саусақтарына жаңа ғана жұққан жылтыр
машина майы қарауытады. Тәрізі, осында тізе бүгіп, аяқ суытқан
сәттерде жауынгерлерімен бірге қаруды жіктеп, қайта құрасты-
рып жаттықса керек. Еңгезердей лейтенанттың маған қадалған
жасылдау, шүңірек көзінде шаттық ойнайды. Өзі үлкен аузы
аңқиып, темекі түтіні ыстаған тістерін көрсетіп, ыржың қағады.
Көкейіне сақтаған титтей өкпе-наласы жоқ, комбатпен кезде-
скеніне есі шыға қуанғаны байқалып-ақ тұр. Заев бұрынғы кейбір
қылжаққа, еркіндікке салатын әдетін тыйып, салмақпен: «Рота
жауынгерлік міндетті орындады, сіздің шегін деген бұйрығыңыз
жеткенше Горюны – Шишкино жолын қорғады» деп баяндады.
Заевтың рапорты аяқталғанша жұрттың бәрі демін ішіне тар-
тып, тік тұрды. Бұдан соң мен:
– Вольно! – деп дауыстадым.
Сөйтіп, Рахимовқа батальонды дамылдауға жайғастырып,
жұртқа асханалардан жорық кезінде даярланған ас-ауқатты
үлестіруді бұйырдым.
Батальон! Бұл сөзді іштей масаттанып, зор шаттықпен қайта
айттым.
8
Сонымен, орманда тынығып жатырмыз. Сарбаздар ағашы
кесілген алаңнан, тал арасынан ыңғайлы орын тауып отырып,
томарға сүйеніп, ет кесегін қосқан сорпа ішіп, рахаттанып те-
мекілерін тартты – шылым әлі жеткілікті, олжадан түскен сига-
рет қоры әлі ортая қойған жоқ. Жақын маңайға тұс-тұсымыздан
қойған күзетіміз бар: алысқа жібере алмайсың, адасып кетеді. Ра-
Волоколамск тас жолы
652
химовқа орман шетіне шығып, төңіректі қырағы көзіңмен шолып
қайт деп бұйырдым.
Шылымымызды шегіп, Рахимовты күтіп отырмыз. Әзіл-
қалжың естіледі. Аттар ағытылған, алдына салған сұлыны жай-
барақат жеп тұр. Әлдекім алаңқайға бір құшақ шөп көтеріп ке-
леді. Буда пішеннің шетінен қуақы Гаркушаның аяз сорған жүзі
көрінді. Оған:
– Гаркуша, мұны қайдан таптың? – деп дауыстадым.
– Бір шөмеленің үстінен түсіп қалдым. Жинап алайық. Фриц-
ке тастамайық.
Кенет осынау бейқам сәтте бірнеше жауынгер алаңға жүгіре
жетіп, аттан салды:
– Немістер! Немістер!
Алаңда әлемет құйын тұрғандай болған. Отырғанның да, қи-
сайып, мызғығанның да бәрі атып тұрып, орманға қарай тым-ты-
рақай безе қашты. Алдым лезде босады да қалды. Аңдаусызда
төнген қауіп батальонды бір мезетте ту-талақай қылды. Жеңіс
дәмін татып, ерлік даңқын сезініп, жауды талқандап, өкшелей
қуып ысылған, Горюныда әр үйді қасарыса қорғаған менің сар-
баздарым, қалай болғанда да, тұтқиылдан келген үрейге бой ал-
дырды.
Алаңда жан баласы жоқ! Аттар аузындағы жемді баппен,
күтірелете жейді. Жетімсіреген екі зеңбірегіміз тұр, қасы – бос.
Өзім ше? Атып тұрып, селтидім де қалдым. Зеңбіректерге қарай-
мын. Бұлар бізді қинаса да, тастамай, қолмен көтеріп, танкіге
қарсы қолданатын осы соңғы құралымызды аман сақтағанбыз.
Бізбен бірге Новлянское селосынан бастап барлық қоршаудан
шығып, қазір ортасында бір құшақ шөп шашылып жатқан мына
алаңға дейін жетіп еді. Алдымдағы шоқ тоғайға көз тастаймын.
Ағаштар арасынан немістер көрінді! Ақ халат, ақ каска киген
отыздай адам тізбектеліп келеді. Өздерінің байқатпайтын ақ
киіммен жүргенін алғаш көруім. Состиып әлі тұрмын. Сақтықты
ұмытпаған жау, абайлап басып, ашық өңірге шықты.
Кенет құлағыма Заевтың қарлыға сыбырлаған үні жетеді:
– Жолдас комбат, неғып тұрсың? – осы сәтте ол маған тағы да
«сен» деп сөйледі. – Жат! Қазір бұларды екеулеп төпелейміз!
653
Тағы да үш күн
Көз қиығымды салдым. Заев ағаш түбірінің тасасына етпеттей
жатыр. Серейген аяқтарының арасын ашыңқырап, жатып атуға
ыңғайланды: шынтағын қарға тіреп, автомат құндағын иығына
қысып, саусағын шүріппеге апарды. Қолының қатарында қалта-
сынан шығарып үлгерген қосалқы оқсауыт қараңдайды. Қол гра-
натасын да ағытып, даярлап алыпты. Ал мен селтиіп әлі тұрмын.
Заевпен көзіміз түйісіп қалды. Түксиген қалың қабақ жапқан
жанары кенет түсінігі мол терең ойлылықты аңдатты. Сонымен
бірге езуінен ащы мысқыл аңғарылатындай. Неге олай жымиды
екен?
Енді Заевтың назары немістерге ауған. Әне-міне шүріппе ба-
сады. Осы кезде желке тұсымыздан Толстуновтың өктем даусы
естілді:
– Комбат қалып кетті! Қайда безіп барасыңдар! Ер соңым-
нан!
Әлбетте, Толстунов әлгілердің әке-шешесін де ескерусіз қал-
дырмайды – соғыс күндерінде олардың ауызға алынбаған кезі
жоқ та шығар!
Бүкіл батальон қайтадан алаңға қарай лап қойды. Заевтың
автоматы да тарсылдап берді. Жауынгерлер қаһарлана «ура-
лап» жауға қарсы тұра ұмтылып, жүгірген бойда оқ жаудырған.
Алда – Толстунов пен Филимонов. Оларды өзгелері басып озуға
кірісті. Гаркушаны ажыраттым. Түрі өзгеріп кетіпті. Манағы
қуақылықтың ізі де жоқ, сұрланып алған ол кәрленіп, шайқас
құмарлығына кіріпті. Ползунов, Шилібаев, Курбатовты байқай-
мын. Бет қаратар емес.
Отты адамдар! Менің жауынгерлерім жөнінде жазған кезіңіз-
де осы сөзді бір жерінде қолданыңызшы.
Немістер жалт бұрылды. Біздің еліріп алған сарбаздар артта-
рынан түскен. Орман іші тарсыл-гүрсілге ұласып кетті. Айқай
салдым:
– Заев! Бері кел!
Жүгіре жеткен ол байсалды, қатқыл кейіпке түсіп, бұйрығым-
ды елегізи күтіп тұр. Бір қолы жамбасына жапсырылған. Екінші
қолымен автоматын қыса ұстайды. Тағы да жүзіме адалдығынан
айнымай, тура қарайды. Кенет оның әлгіндегі ащы мысқылының
мәнін түсіндім. Қапияда жан қысылған сәтте екі аяқты пулемет
Волоколамск тас жолы
654
арбасында Заевты қармаған дәрменсіздік мені де дәл солай есең-
гіретті емес пе. Сол үшін мен мұны соттадым... Жарайды, егіліп
сыр ағытып тұратын жер бұл емес!
– Семен, құстай ұш! Елді қайтар! Әйтпесе іс насырға шаба-
ды.
– Құп болады!
9
Батальонды жинағанша бірталай уақыт өтті. Орман арасынан
арагідік «Ау-у-у, ау-у...» деген дауыс шығады. Бұл – терең түкпір-
ге еніп кеткен жауынгерлердің өзара үн қатысуы еді.
Ақыр аяғында бәрі алаңда бас қосып, өз взводтарынан, өз
бөлімшелерінен орындарын тапты. Сап құрған батальон жо-
рыққа даяр.
Тек Рахимовтың келе қоятын түрі көрінбеді. Бірақ оны күтіп
тұратын жағдай жоқ.
Легімізбен орман шетіне таяй түстік, одан әрі Гусеново – қол
созым ғана жерде. Панфиловтың маған ескерткеніндей, дивизия
штабы осы деревняға ауысқан. Біз, оның резерві Панфиловтың
сол штабына жетуге тиіспіз, жорығымыз да сонда аяқталады.
Орман ішімен тағы да адымдадық. Бастағы взвод картада көр-
сетілген тік бағыттан қайта-қайта қиыстап, бір шетке қарай тарта
берді. Алдыға Филимоновты саламын, бірақ колонна қайтадан
айналсоқтап, ирелеңдеуден танбады. Жолбасшылықты Заевқа
жүктесем, ол да екі жаққа кезек қисалаңдатып, береке кетірді.
Содан Горюныда шайқасушы ротадан қалған шағын взводты
алып, маңдайдағы лекке өзім шықтым.
Міне, жиекке де жеттік. Таң атқалы қыр соңымыздан қалмай
гүрілдеген зеңбіректер сарыны ашық жерге шыққанымызда қат-
тырақ естілді. Жел өңменнен өтеді. Аяз ә дегеннен білінген. Қы-
рдан Гусеново үйлері көрінді. Деревня жанып жатыр. Екі арамы-
зды бір жарым шақырымдай бос алқап бөліп тұр. Желдің ығына
қарай шұбалған көк түтін.
Қазір деревняны жайлаған кім екен: біздің адамдар ма, немі-
стер ме?
Шилібаев, Муратов және үш сарбазды шақырып алдым да, бар-
лауға жөнелттім. Деревняны біздің әскерлер ұстап тұруы мүмкін
деп түсіндірдім. –Олай болса онда бүкіл батальономымызбен ба-
655
Тағы да үш күн
рамыз. Ал қоныс жау қолында тұрса, олар қалай да белгі бермей
қалмайды. Мұндай жағдайда немісті оқ атуға мәжбүр ету керек.
Винтовканы кезей ұстап, неміс оқ атқанша бұқпай, жалтақтамай
тіке тартыңдар. Одан соң жер бауырлап шегінесіңдер. Біз мына
жақтан қорған боламыз, жауды жақын жібермейміз.
Сарбаздардың жүзіне қараймын. Мұқият тыңдап тұр. Қобал-
житыны байқалды. Шоқ басқандай бір орында тыпырлаған Му-
ратовтың екі аяғында маза жоқ. Шилібаевтың бітік көздері де
бақырая түсті. Сөзімді жалғастырдым:
– Жараланғандарды тастамайсыңдар! Өздерің арқалап шыға-
сыңдар! Шилібаев сені командир етіп тағайындаймын! Сенің
бөлімшең – осы!
Барлаушылар бұта тасасынан кетті. Бес жауынгер із түспеген
қармен жан-жағына сескене қарап адымдап барады. Ауыр керзі
етіктер ұлпа қарға толарсақтан батады – осы күндерде арасында
үйіп-ақ тастаған екен. Менің елшілерім кідірістеп, жалтақтай қа-
райды. Айғайлап жібердім:
– Қорқушы болмаңдар! Адымдай басыңдар!
Орман жиегінде жүрмін. Бүкіл колонна осында жиналды. Бір
сәт әлденге алаңдап, ойға алданамын. Одан қайтадан өрге қара-
дым. Бұл не? Барлаушылар қайда? Аппақ алқапта жан жоқ. Жа-
уынгерлерді жер жұтты ма?
Гусеново тұсынан әлсіз гүріл естіледі. Танкі моторының бір-
келкі үні екенін түсіндім. Кімнің танкілері болды екен? Қайтадан
қыр жақты шолдым. Ешкім көрінбейді! Көз тігіп, қайта қарай-
мын. Жонда өңкиіп жалғыз шырша тұр, ауыр қардың салмағынан
майысқан бұтақтары жерге тиетіндей. Менің сарбаздарым осы
шыршаның түбінде ұябасар тауықтың бауырындағы шөже іспет-
теніп сығылысып жата қалыпты.
Лезде зығырданым қайнап, қаным басыма шапшыды. Ах,
оңбағандар! Комбатты алдағыларың келген екен ғой! Сендерге
батальонның тағдыры сеніп тапсырылды, ал сендер жасырына
қалдыңдар, сужүректер!
– Тұрыңдар! Бұйрықты орындаңдар! Алға!
Жоқ, ешқайсы сөзге құлақ асар емес, ешбірі қыбыр етпейді.
Жақынырақ тұрған қызыләскердің винтовкасын жұлып алып,
Волоколамск тас жолы
656
барлаушылар бұғып жатқан тұсты көздемей-ақ бірнеше рет ат-
тым. Ысқырған оқ қорқақтарды біраз қамшыласын.
Барлаушылар мен жаққа алақтай қарайды. Тағы екі-үш оқ жі-
бердім. Қаһарланып, жұдырығымды түйемін. Шырша астынан
Шилібаев атып шығып, қолының қимылымен басқаларын
соңынан еруге шақырды. «Жарайсың!» деп айқайлап жібере жаз-
дадым. Енді лап еткен сүйіспеншілік жалыны манағы ыза секіл-
ді суыған жүрекке лықси құйылады. Бесеудің бәрі қысқа тізбек
құрып, деревняны бетке алған. Сылбыр қимылға шыдамай, жол-
дастарынан алға озған Муратовтың жүрдек аяқтары қалың қарды
едел-жедел кеше жөнелді.
Отқа оранған деревня үн қатты, немістердің автоматтары тыр-
тыр етеді. Мәлім болды: онда дұшпан отыр. Сарбаздар жата қа-
лып, кейін жылжыды, бұқпантайлап шегінді. Немістер бас салуға
құлшынбады, шағын топты елең қылмады. Атыс көп ұзамай-ақ
тыйылған.
Шилібаев орман шетінде маған кінәлі жүзбен қарап, тұтыға
сөйлеп, барлаудың нәтижесін баяндай бастайды.
– Жақсы! – дедім оған. – Бұдан былай да бөлімшені басқара
бересің.
10
Біз қайтадан сапқа тұрып, орманға еніп, шығысқа бағыт тү-
зедік. Сонау межедегі жаңа шепте Москваға қарай ығысқан ди-
визия қорғанып, шайқасқа кірген.
Сүзгі іспеттес ну орман күркіреген атыс дыбысын тағы да
бәсеңдете түседі. Сол үн, тіпті мұндағы тыныштықты бұзбайтын
да сияқтанады. Ағаштар биігіндегі аспан әлі жарық – кеш бата-
тын уақыт алыс, – ал шыршалардың саясы сәл қараңғыланып үл-
герген.
Өзім қайтадан лектің алдын бастадым. Қайтадан төтесінен
жол салып келеміз. Бір кезде көптен ұмытылған, бетін көмкерген
қалың қарға әлі ешбір із түспеген ескі сүрлеудің үстінен шықтық.
Колоннаны осы жолға салып, алға тарттым. Кенет...
Бір талдың тасасынан әскери киімді бойшаң қыз шыға келді.
Жұлдызша таққан сұр түсті түкті шұға бөркінің жиегінен қоңы-
рқай шашы көрінеді. Бүйіріне фельдшерлік сөмке асыпты. Варя
Заовражина! Бұл кездесу екеуміз үшін де өте тосын жәйт болған
657
Тағы да үш күн
секілді. Күтпеген жағдай өз дегенін шайқас кезінде ғана жасап
қоймайды. Тұра ұмтылған Варя қас қаққанша мойнымнан қапсы-
ра қысып, шинелімнің қатқыл өңіріне бетін басты. Тек сол бойда
ес жиып, ыршып түсті де, жүзі нарттай қызарып, қолын шекесі-
не апарып тәжім етті, бірақ ештеңе айта алмады. Аңдаусыздағы
жүздесуден мен де ошарылып, үндемедім.
Варяның ізінше тағы бір әскери адам жақындады – оның да
қызыл крест таңбаланған кенеп сөмкесі бар. Етегі мол пішілген
делдек танауына пенсне таққан. Беленков! Батальонның бұрынғы
дәрігері, медицина қызметінің бұрынғы капитаны, қорқақтығына
бола шен-дәрежесінен айырылған адам. Иығына – қатардағы са-
нитардың винтовкасы. Ол да тәжім етті. Мен де сол әскери сал-
тпен жауап қаттым. Бірақ сөйлеуге дәрмен жоқ. Кеудені қуаныш
кернейді. Өз адамдарымыз! Бүгінгі жорықта жолыққан алғашқы
совет адамдары! Толстунов жетті.
– Ә, Варя?! Көктен түстің бе?
Одан соң ол Беленковпен есендесті.
– Ал, Варя, айт әңгімеңді. Осы қызарғаның да жетер, – деп
сөзін жалғады Толстунов.
Сайтан алғыр, неткен байқампаз. Варя қайтадан алабұртып,
тіл қата алмайды.
– Бізді сіздерге жіберді, – деді Беленков. – Іздеуге жұмсады.
Батальоннан тек бірнеше сарбаз қалды, ал комбат жараланып,
орманда ауыр халде жатыр деген хабар алдық.
Мен күліп жібердім. Расында да, соғыс, шайқастар алыпқашпа
сөз, аңыз туғызып, сол лақап ауыздан-ауызға жаңаша түрленіп,
ғаламат жылдамдықпен тарап кететін.
– Бұл бұйрықты Звягин берді, – деп мәлімдеді бұдан соң Бе-
ленков. – Сізді қайткен күнде де іздеп табыңдар деп бұйырды.
Тіпті немістер орналасқан жерлерге де барыңдар деді.
– Немістер орналасқан жерлерге де ме? – Мен Заовражинаға
қарадым. – Жіберді ме әлде өзің сұрандың ба?
Варя жауабын кідірістеп барып бір-ақ берді:
– Енді... Өзіміз сұрандық. Екеуміз де... Мына кісі, жолдас
комбат... – ол Беленковқа қарады, – өзі сұранды. Өз еркімен!
– Рахмет, доктор!
Волоколамск тас жолы
658
Беленковты доктор деп атап, мен оған алдында өзім алып та-
стаған атақ-дәрежесін қайтарып бергендей едім. Иә, енді оның
осылай атануға әбден қақы бар, шын мәнісінде, жоғары медици-
налық білім алды.
– Менің қарамағымда қалыңыз, жолдас Беленков. Қайтадан
батальон дәрігері боласыз. Бұл жөнінде генерал Панфиловқа
мәлімдеймін.
Түсініксіз үнсіздік орнады. Бір сұмдықтың лебі сезілгендей.
Ақырында Варя:
– Генерал Панфилов қаза тапты, – деді.
Ол мәңгі өлмейді
1
– Кейінірек, – деп сөзін жалғастырды Бауыржан Момышұлы,
– Панфиловтың қалай мерт болғанын көзімен көргендерден естіп
білдім. Бұл оқиға Гусеново деревнясында болған екен, соңында
осы қоныстың от пен түтінге оранғанын орман шетінде тұрып
көргенбіз.
Сол күні Панфилов «катюшалар» командиріне, өзі айтатынын-
дай, «таяқшасын сермеп», о жолы да ату нысанасын нұсқапты.
Дивизия деревнядан-деревняны қалдырып, келесі шепке қа-
рай шегініп, әр жылжыған сайын дұшпанды қан төгуге мәжбүр
етті. Панфилов өз штабымен Гусеновода отырып, телефон
арқылы командирлермен хабарласады, – кеше таңертеңгісін үзіл-
ген байланыс қайтадан қалпына келтіріліпті, – ақпар бойынша,
сондай-ақ түрлі нышан, белгілерге қарап, біздің – өз әскерінің
қиян-кескі қорғаныс ұрыстарында жаудан тағы бір күнді қалай
тартып, ұтып алғанын қадағалайды.
Әлдебір саңылаудан сыналап өткен немістің жаяу әскері Гусе-
новоны минометтен атқылай бастаған көрінеді.
Біздің қажырлы генерал өзінің сонау – мен ұмытпайтын
жеңінің пұшпағы сыртына қайырылған ұзын етек тонын киіп,
дүрбісінің бауын мойнына іліп, атыстың қай тұстан болғанын
байқау үшін тысқа шығады. Аппақ көшені жарылыстардың
қара жолағы мейлінше айғыздапты. Генералдың ізінше шыққан
659
Ол мәңгі өлмейді
полковник Арсеньев оның қар үстінде алға қарай бірнеше қа-
дам жасағанын – ең соңғы рет адымдағанын көреді. Ұлыған үні
бірте-бірте күшейген мина даусы естіледі де, от-жалыны көкке
шапшып, гүрс етіп, генералдың тура аяғының түбіне түсіп жа-
рылады. Панфилов құлайды. Жарақаттан аман Арсеньев тұра
ұмтылады; бұршақ дәніндей бір кесек темір жоңқа тонның сол
жақ кеуде тұсынан, сонау азамат соғысында алған Қызыл Жұл-
дыз ордені эмалі оңып, Панфиловтың кителіне елеусіз ғана сән
беріп тұрған жерден тесіп өтіпті.
– Мен күні бүгінге дейін өзімді сол мезетте Панфиловтың
қасында болғандай сезінемін. Қазірдің өзінде ажал тырнағына
ілінген сәттегі қаны қашып топырақтай бозарған жүзін, мұқият
бастырған қара мұртын және маңайына таңданған кейіппен қа-
райтындай қиғаш қасын елестетемін.
Арсеньев икемге келмей қалған саусақтарымен генералдың
тонының жағасының ілгегін үзе-мүзе, түймесін ағытуға кіріседі.
Генерал мұнартқан көздерімен абдыраған, абыржыған қарт май-
дангер-полковниктің түріне барлай қарап, күбірлеп үлгеріпті:
– Ештеңе етпейді, оқасы жоқ... Мен өлмеймін.
Бұл – оның соңғы сөзі екен.
2
Қайталап айтайын: Панфиловтың қалай көз жұмғанын жүре
келе білдім.
Ал орман жолында оның есіміне қоса қысқаша «қаза тапты»
деген суық хабарды алғаш естігенде ешбір сене алмадым, жүре-
гім қабылдамады, блиндаждарда айтыла салатын негізсіз қауе-
сетке баладым. Әлбетте, жауынгерлерге де ештеңе мәлімдеген
жоқпын.
Батальон жорығы жалғаса берді. Біздің колоннамызды жаңа
жолбасшы Варя Заовражина бастады. Осынау орман алқабында
туып-өскен аяқ-қолы балғадай өжет қыз бізді іздеуге шыққан-
дағы өзі жүріп келген әрбір сүрлеу-соқпақ пен көңіліне тоқыған
белгі-таңбаны жатқа біліп, сол ізбен батыл алып жүрді.
Бір сағат, екі сағат жүрістен кейін орман шетіне де жетіп
келдік. Жиекте әбден тапталған шана жолы сайрап жатыр. Па-
трон жәшіктерін тиеген жайдақ шана жетегіндегі пар атты, сұр
құлақшын, қызыләскер шинелін киіп, саппен адымдаған взвод-
Волоколамск тас жолы
660
ты көріп, қуанғаннан жол бойына атып шықтық. Батальон өз
адамдарымызға қосылды.
Кішкене тынығуға бұйрық беріп, жолда ұшырасқан взводтың
командирі, жас лейтенантпен тілдесіп, Панфилов жайында сұра-
дым. Мұның да айтқаны сол:
– Қаза тапты.
Сонда да сенбедім. Менің көкейімдегі күмәнді аңдаған лейте-
нант планшетінен майдандық газетті алып, ашып көрсеткен.
Ардақты адамның таныс бейнесі төртбұрышты қазалы қара
сызықпен қоршаулы тұр. Фотография астына: «Сурет қолбасшы
қайтыс болар күні түсірілді» деп жазылыпты. Әрдайым сертіне
берік Панфилов фототілші, Қырынан Қарағыш капитанға менің
алдымда берген уәдесінде тұрып, Гусеновода далаға шығып су-
ретке түсіпті. Портрет тірі дүниедей әсер етті. Қара жиекті тон
жеңінен шыққан қолы дүрбі көтеріп тұр. Аздап сығырайған
моңғол пішіндес көзін қияға тіккен. Осынау алға қадалған өткір
көзқарасы, кеңсірігіндегі әжімі, ұртындағы екі терең сызат, жігіт-
тердікіндей қату, жинақы езуі – бәрі-бәріне ой тұнған. Иә, терең
ойы, жан әлемінің дархандығы, дарыны танылады!
Бас штаб бастығы, майдан қолбасшысы, армия қолбасшы-
сы, Әскери Кеңестердің мүшелері, сондай-ақ марқұмның ең
жақын әріптестері – достары қол қойған қазанамада Панфилов
жаңашыл-генерал, жаңаша әскери өнер мен осы заманғы қорға-
ныс ұрысының кемеңгері ретінде сипатталған.
Қан жұтып, газетке қайта-қайта қараймын. Ауыр ой еңсемді
езіп, сенделіп біраз жүрдім. Бұдан соң Бозжановқа батальонды
сапқа тұрғызуды бұйырдым.
Сарбаздарым жиырма градус аязда алқаптағы шана жолының
бойында сапқа тізілді. Варя Заовражина мен Беленков екеуі ана-
дайда состиып тұр. Мен қатты дауыстап:
– Жолдас доктор, саптан орын алуыңызды сұраймын, – дедім.
Командирлер қолданбайтын осынау «сұраймын» деген сөзді
әдейі қостым. Батальон естісін! Қуаныш пен қысылу қабатта-
сып, солғын жүзі бір қызарып, бір бозарған Беленков санитарлық
взвод қатарына келіп қосылды. Көзіміз түйісіп қалар ма екен деп,
қиғаштап, Варяға қараймын. Жоқ, тіпті ештеңені елең қылмай,
алдыға қарай қадалып алыпты.
– Заовражина, сапқа тұр!
661
Ол мәңгі өлмейді
Егер әлдекім күндердің күнінде әйел адамның батальон са-
пына тұруын өзің өтінетін боласың деп сәуегейлік жасаса, күліп
қоя салар едім. Ал енді істің қандай бағыт алғанын көрдіңіз бе!
Тәрізі Исләмқұлов: «Отан соғысы көптеген ұстанымды өзгертіп
жіберді. Бұрын қисынға келмейтіндей дүниелер бүгінде үйрен-
шікті жағдайға, кейде, тіпті қажеттілікке айналды» деп дұрыс
айтқан секілді.
Әнтек күлімсіреген Варяның томпақ ерні сәл ғана жымы-
рылған, бәлкім, бұл құбылысты мен ғана аңдаған болармын. Ол
қолын шекесіне көтерді де, кең адымдап, өзінің өкіл әкесі – бу-
рыл шашты, ақкөңіл фельдшер Киреевтің қасына барып тұрды.
3
Сақал-мұрты өсіп, қалшылдап тоңып, ауыр жорықтан дал-
дұлы шығып шаршаған менің жауынгерлерім винтовкаларын
аяғының тұсына түсіріп екі қатар сапқа тізілді. Ал дивизия шта-
бына дейін әлі де он шақырым жол жүруіміз қажет. Ендеше,
жылы лебізбен жан жылытып, көңіл сергіткен жөн.
Сапқа Торытөбелмен жақындап, әркімнің көз алдында сөз
сөйледім. Сарбаздарды алдымен совет гвардияшылары атағы
берілуімен құттықтап, өз ерліктерімізді айттым. Әрбір рота өзін
өшпес даңққа бөледі. Филимонов ротасының жаужүрек жүз жиы-
рма жауынгері неміс батальонын қоршап алып, талқан қылды.
Кешегі мәскеулік оқушы, қатардағы жауынгер Строжкин бата-
льон командирін тұтқынға алды.
– Строжкин! Үш қадам алға шық! Бетіңді жолдастарыңа қа-
ратып тұр. Өзіңді көрсін. Бірақ асып-тасып кетпе! Әйтпесе қа-
лақай жұлып алдырамын да, сол қалақаймен дүре соғамын!
Менің бұл әзіл-әлқиссам батальонға баяғыдан белгілі еді,
шаршаған жұрттың жүзі жадырап, тамақтарын суық қарыған ор-
тадан қарлығыңқы күлкі естілді. Мен сөзімді жалғастырдым:
– Лейтенант Заевтың сексен сарбазы совет солдатының
даңқын асырды, олардың қаһарға мінгені соншалықты – іші
елден тонаған киім-кешеккке толы немістің үш танкісін қолға
түсіріп, біздің жерімізді басып алған дүниеқоңыз малғұндарды
талқандап, түре қуды.
Бұдан соң өз командирі және политругімен бірге түгел дерлік
мерт болған Брудныйдың айбынды ротасы жайында айттым.
Волоколамск тас жолы
662
– Біздің бұл жолдастармыз, – дедім мен, – бекер жанпида ет-
кен жоқ. Екі күн жау қоршауында қалған рота Волоколамск тас
жолында тірек пунктін қорғап, гитлерлік моторлы колонналарға
жолдан өтуге мүмкіндік бермеді. Мерт болған бауырларымыздың
атақ-абыройы арта берсін! Отан оларды ешқашан да ұмытпайды!
Горюны шайқастарындағы ерлер туралы айтарда сап қата-
рынан пулеметші Блоханы шақырып, оның да бетін батальонға
қарай бұрғыздым. Ақшыл қабақты солдаттың мойны таңулы еді.
Ол жараланғанына қарамастан, орнынан кетпей, айқасты жалға-
стыра берді. Біздің шегінген жорығымыз кезінде де пулеметін
тастаған жоқ.
Панфилов жайындағы сөзге де кезек келді. Мен өз генералы-
мыздың мерт болғанын жеткіздім. Еске алуға арналған қазанама
жолдарында оны жаңашыл-генерал деп атағанын айттым. Ол та-
рихқа осылайша кіреді.
– Иван Васильевич Панфилов, – деп жалғастырдым мен,
– адамгершілігі мол, кісіге мейірман жан еді. Ол солдатты құр-
меттеді, «ұрыстың тағдырын солдат шешеді, шайқастағы ең ай-
барлы қару – солдаттың жан әлемі» деп ұдайы командирлердің
есіне салып отыратын. Панфилов қорғаныс тактикасындағы өз
жаңашылдығын осыған негіздеді. Ол арамыздан кемеңгер жа-
сампаз ретінде шексіз бақытқа кенеліп кеткен жан. Оның жаңа
тактикасы жаудың алапат соққылары кезінде сыннан өтіп, сол
соққыларға төтеп берді. Ол өмірлік борышын өтеп кетті. Ылғи
ұрыс аймағының дәл түбінде отырып, жақын жерден командир-
ге сүйеу болды, әскерді мезгілі жетпей шегінуден сақтандырды.
Егер неміс шабуылы басталғалы бергі бесінші тәулікте мына
жол, анау алаң, осы шеп біздің дивизияның қолында тұрған бол-
са және дивизия бұрынғыша айбарлы қуатынан таймаса, мұның
бәрі Иван Васильевич Панфиловтың арқасы. Ол ақыл-парасаттың
генералы еді, есептің генералы еді, сабыр мен табандылықтың,
нақты өмірдің генералы еді.
Сәл тыныстадым – аузымнан шыққан дем ақ буға айналды,
– біраз ойланып алдым. Айтқан сөзіме көңілім толмай, қинала
толғандым. Сөйтіп, тағы сөйледім:
– Ол тумысынан, болмысы, алған тәрбиесі жағынан нағыз
орыс адамы болатын. Орыс халқының кешегісі мен бүгінін жақ-
663
Ол мәңгі өлмейді
сы білді, оның даңқы ұлдарының өнері мен ісін лайықты мақтан
тұтты. Және өзге де халықтарды құрметтеді.
Ойым Панфиловтың бойындағы ең бір асыл қасиетін ай-
шықтауға ұмтылады. Сапта тұрғандарға көз жүгірте тұрып, За-
евқа назар салдым. Қалың жирен қабағы түксиген ол сөзіме ұйып
қалыпты.
– Лейтенант Заев!
– Мен!
– Бәріңіз де, жолдастар, екінші ротаның командирі лейтенант
Заевты білесіздер. Таяудағы айқастарда оның ерлік үлгісін көр-
сеткені соншалықты – енді өзін батырлардың ішіндегі батыры
десем артық кетпеспін! Бірде ол біздің генерал туралы «көріп-
кел!» деген сөзді айтып қалған еді. Сол жолы мұның не айтқысы
келгенін түсінбеппін. Ал қазір, жолдас Заев, сенің әлгі тұжыры-
мыңды қайталайын. Иә, генерал Панфилов асқақ, ұлы идеяның
көріпкелі-тін. Біз естіген оның әрбір сөзінде сол идея, езілген-
дер мен еңбекшілер революциясының ұлы идеясы, лениндік
от-жалын жататын. Ол бізді – кеуде тұсында партиялық билетін
сақтаған және партия қатарында жоқ Совет елі жауынгерлерін
баулып-тәрбиелеген генерал-коммунист, партия перзенті бола-
тын.
Батальонмен өзімді жалғаған тылсым қуатты сезіне тұрып,
енді түйсіндім: керекті сөз табылды, жеріне жетті!
– Жолдастар, мен жаңа ғана Панфиловты нақты өмірдің гене-
ралы деп атадым. Бірақ бұл аз! Ол – шындықтың генералы еді.
Жауынгерлерге оның маған: «Сізге ауыр болады. Өте ауыр
болады» деп ештеңені жасырмай, бүкпесіз мәлімдегені туралы
әңгімелеп бергім келді. Әрі қатал, әрі аялай жеткізетін сөйлеу
мәнерін тірілткім келді. Әйткенмен, сарбаздарыма үнсіз қарап
тұрдым. Біз оралдық, ал ол жоқ... Сөйтіп:
– Иван Васильевич Панфиловтың бейнесі, жолдастар, біздің
ісімізде, оның өз дивизиясының ерлік істерінде жасай береді! –
дедім.
4
Дивизия штабы тұрған селоға барар жолда Рахимов табылды.
Сөйтсек, немістерге тап болған ол бізге қайтадан қосыла алмай,
орман арасын шарлап, ну тоғайдан бәрімізден бұрын жалғыз өзі
Волоколамск тас жолы
664
шығады. Одан тосқауыл отряды күзетіне ұсталады. Отрядтың қа-
тал мінезді кексе командирі, маңдайына көлденеңінен түскен те-
рең тыртығы бар бұрынғы теңізші менің өз батальонынан адасып
қалған штабымның бастығына сенімсіздік танытып, істің ақ-қа-
расы анықталғанша деп, мұздай қораға қамап тастайды.
Әлбетте, мен теңізшімен сөйлескен бойда іс «анықталды». Бо-
сап келген Рахимовты салқын қабылдадым:
– Тиісті сыбағаңызды алған екенсіз, жолдас Рахимов. Сіз ор-
ман арасында бізді іздеп табуға мінетті едіңіз. Тезірек шығып ке-
туге асығыпсыз. Тылға тартыпсыз.
– Мен, жолдас комбат, былай жобалаған едім...
– Ештеңе тыңдағым келмейді. Мен сізбен тылда жолықтым.
Рахимов үндемеді. Әрине, ол тапсырманы керемет атқарады,
алайда орман арасында өз-өзімен командирсіз қалған сәтте абды-
рап қалған болып тұр. Мен енді жұмсарта сөйледім:
– Мейлі. Суық қорада бір сағаттай отырған екенсіз, сол да
жетіп қалар! Батальонды қуып жетіп, өз орныңызды алыңыз.
– Құп болады!
...Біз жайдақ жолмен келіп, қайтадан Волоколамск тас жолы-
на табан іліктіріп, іргесін кең жайған шіркеудің бүйірлі күмбез-
дері көкке шаншылған селоға тақалғанымызда күн қызара батып
бара жатыр еді. Асфальт бетіндегі қарды жүк көліктерінің дөң-
гелегі сірестіре таптапты. Аяз күшейе түсті. Тұтқан қырау вин-
товкалардың найзасын бозартып жіберген. Атқыштар бөлімше-
лерінің арасындағы аттар да түгін қырау шалып, біздің екі шағын
зеңбірегіміз бен жатаған шананы және пулемет орнатылған қос
дөңгелек арбаны, жаралылар жайғасқан шаруашылық взводы-
ның шаналарын, табан темірге қондырылған төбесі жабық сүй-
ретпені тартып келеді – мұнда да жаралылар отыр.
Өзім Толстунов пен Рахимовпен бірге колоннаның басында
жүрмін.
5
Дивизия штабы, шамасы, кезінде базар орны болған кең алаңға
қараған тас үйге орналасыпты. Осында жеткен сәтте батальонға:
– Тоқта! – деп команда бердім.
Бізді қарсы алу үшін кейбір штаб командирлері есік алды-
на шығып үлгеріпті. Орталарында сұр елтірі жағасы бар қара
665
Ол мәңгі өлмейді
былғары пәлтелі, генералдар киетін дәл әлгіндей елтірі бөрікті
адам ерекше көзге түседі. Мен мығым денелі Звягинді таныдым.
Сонадайдан дауыстап команда бергенмін:
– Смирно! Равнение напра-аво!
Қылышымды қынынан суырып, немесе, біздің әскери тілімен
айтқанда, қарудың жүзімен сәлем беріп, бүкіл алаң арқылы ар-
шындай адымдап, армия қолбасшысына қарай жүрдім. Дөң-
геленген алып күн нұр шашып, арайланған бұлттар тасасымен
көкжиекке сіңе түскен. Қарыштай басқан бойымда алға ұстаған
қылышымның алмас жүзі алаулаған шымқай қызыл шапаққа
шағылысып, жарқыл қағады.
Көкейімде алуан сезім қосарласа бұлқынады, мақтаныш та
бар және несін жасырайын: «міне, саған қылышты партизан!»
деген әлдебір жасырын насаттану да жоқ емес.
Звягин менің аса жақындап келуіме мұрсат бермеді. Баспал-
дақтан оп-оңай ырғып түсті де, менің қылышымды қолымен ақы-
рын ысырып:
– Қой, мұндай өнерді, Момышұлы! – деді.
Сөйтті де, иығымнан құшақтай алып, орысша, ернімнен сүйді.
Бұдан үш күн бұрын басшылықты тапсыруымды бұйырып,
ал енді бір ғана құшақтауы мен бір ғана сүюі арқылы өз әмірін
сызып тастаған осынау қолы ауыр генералға кенеттен лап еткен
мейіріммен қарадым.
Қайтадан сәлем беруге талпынып, мәлімдей бастадым:
– Жолдас генерал-лейтенант! Дивизия командирінің резерв
батальоны...
– Қой мұныңды, Момышұлы! – деді Звягин тағы да. – Және
жұртты бекер шаршатпа.
Өзінің қоңыраудай күмбірлеген жуан даусымен команда бер-
ген:
– Еркін тұр! Шылым шегуге болады.
Қалтасынан бір қорап жоғары сортты папирос шығарып, ал-
дыма тосты:
– Тарт.
Папирос суырдым. Звягин қолын қайтадан қалтасына салды...
сол кезде оның жылтыраған тырнағы мұқият алынған тығын-
шықтай саусақтары арасынан Панфиловтың оттығын көрдім.
Міне, енді мұны Панфиловтың кімге тарту еткені мәлім болды!
Волоколамск тас жолы
666
Не деп еді? «Бүгін бір адамға сыйладым. Өзіне мұның астарлы
сыйлық екенін айттым...». «Бір адамы» осы кісі екен ғой!
Звягин оттықты жылы алақанында біраз ұстап тұрды. Панфи-
ловтың осы бұйымды нендей мәнмен сыйлағанын біле ме өзі?
Звягиннің бұрынғыдай сәл домбыққан тұнық көзінен мысқыл
оты ұшқындады. Сайтан алғыр, осыны Панфиловтың маған да
сыйлағысы келгенін білетін секілді ғой. Және оның да астары
бар еді! Бұл жөнінде ләм деместен, бір-бірімізге қарадық та қой-
дық.
Шық еткенде от тұтанды. Біз шылым шектік.
– Енді үлкен, бадырайған ірі нүкте қойыңыз, – деді Бауыр-
жан Момышұлы. – Осымен панфиловшылар батальоны жайын-
дағы шежіремізді аяқтаймыз. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші
жылы қарашаның жиырма үші күні батальон командирі болуды
доғардым. Мені армия штабына шақырып, полк командирі етіп
тағайындады. Өз батальонымды Исләмқұловқа өткіздім. Пан-
филовтың шиыршық-серіппесін қолдана отырып, гитлершілерді
отты шапалақпен шықпырта отырып, менің полкім Крюково
поселкесі мен станциясына дейін шегінді. Онда, Ленинград тас
жолында біз Қызыл Армияның өзге де бөлімдерімен бірге алты
күнге созылған ұрысқа төтеп беріп, тарихтың бетін бұрып, жау-
ды Мәскеу маңынан қуып тастадық. Бұл жөнінде «Ленинград тас
жолы» деген тақырыппен тағы бір кітап жазуға болар еді. Сол си-
яқты «Старая Русса түбінде» деп те жазуға болады. Бірақ – кітап
бітті! Және келешекте сізге қояр бір ғана шартым бар...
Момышұлы өзінің арықша білезігін қылыштың балдағына
қойды да, күтпеген жерден қаруын бір деммен суырып алды.
Блиндаждағы алкөлеңкеде алмас болаттың өткір жүзі осы кітап-
тың дәл басталар сәтіндегідей соңында да жарқылдап кетті.
– Бір ғана шарт, – деп қайталады Момышұлы. – Өтірік ай-
тсаңыз – оң қолыңызды үстел үстіне қоясыз. Әп! Оң қолыңыз
жоқ! Сіз өз келісіміңізден айнымайсыз ба?
Мен күлкімді жасырып қалдым. Менің айбарлы Бауыржаным,
өз-өзіңе, қаламнан, жіті назар мен ұшқыр қиялдан туған мінезіңе
адалсың-ау. Тегінде, әңгімені жазып алушыға кішіпейілдік жара-
сады.
– Айнымаймын, – дедім мен.
Достарыңызбен бөлісу: |