Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет83/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.ХҮІ-ХҮІІ ғғ.Еуропа елдерінде өнеркәсіп пен ауыл шаруа-
шлығы қалай 
дамыды? 
2.Мануфактура дегеніміз не ? 
3.Капиталдың алғашқы қорлануы дегеніміз не? 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Еуропа елдерінде мануфактура қай кезеңдерде дамыды? 
А) ХҮІ-ХҮІІ ғғ. В) ХҮІ ғ.ортасынан ХҮІІІ ғ-дың 70 ж, С)ХІІ-
ХІІІ ғғ. Д)ХІІІ-ХҮІ ғғ. 
Е)ХҮ-ХҮІІ ғғ. 
2.Корольдық абсолютизмнің басты тірегі
А)шаруалар В)аристократтар 
С)рыцарьлар Д)орта ж.ұсақ дворяндар Е)қала тұрғындары 
 
 
§ 26.Ұлы географиялық ашулар және отарлау 
1.Ұлы географиялық ашулардың алғы шарттары. 
Христофор Колумбтың Американы ашуы. 
2.Испания мен Португалияның жаулаушылық саясаты. 
3.ХҮІ –ХҮІІ ғғ.геогарфиялық ашулар,оның экономи- 
калық рөлі. 
Ұлы географиялық ашулардың алғы шарттары.
 
Ұлы 
географиялық ашылулар 
тауар-ақша
қатынастарының үнемі 
өсуінің нәтижесі болып табылады. Тауар-ақша қатынастарының 
ұдайы өсе беруіне байланысты 
ақша
орасан зор маңызға ие 
болды. Ақша қажеттілікті қанағаттандырудың бірден-бір құра-
лына және байлықтың ең басты түріне айналды. Ақшаның көбі 
шығыстан әкелінетін тауарларға төлеуге кетіп жатты. Еуропа 
Шығысқа ағаш, қола, қалайы, кенеп шығарғанымен олар арзан 


134 
сатылды және шығынын өтемеді. Ал шығыстың тауарларды 
Еуропаға тасу үнемі өсіп отырды. Осының нәтижесінде 
Еуропада асыл металлдардың (алтын,күміс) жетіспеушілігі күн 
сайын күштірек сезіле бастады. Еуропада алтынға деген мұқ-
таждықты қанағаттандыратын мүмкіндік болмады. 
Сонымен бірге ортадағы делдалдықтың көбеюі (
арабтар

византиялықтар

италияндықтар
) Шығыс тауарларының баға-
сын қымбаттатып жіберді. Батыс және солтүстік - батыс ел-
дерінің саудагерлері үшін алыс Шығыс базарына шығу өте қиын 
еді. 
Түріктердің 
Таяу Шығысты басып алуы да Леванталық сау-
дагерлердің жағдайын нашарлатты. Сауда кемелеріне, базар-
лардағы сауда көштеріне түріктердің салықтардың түрін көбеюі 
Жерорта теңізінің шығыс бөлігімен сауда қатынасын жасауды 
қиындатты және тиімсіз етті. Үндістанға баратын жолдың тек 
біреуі Египет пен Қызыл теңіз ғана түріктерге бағынбаған бола-
тын. Алайда бұл жол аға 
арабтар 
үстемдік жүргізді. Еуропа 
саудагерлері осы жолмен 
Александрияға 
ғана жете алатын. Онда 
араб саудагерлерімен болған сауда қатынасы шыққан шығынды 
өтемейтін. Сондықтанда Еуропа теңізшілері мен саудагерлері
арабтар мен түріктерді айналып өтіп, Үндістанға жететін теңіз 
жолын іздей бастады. Әсіресе Атлант мұхитына шектесіп 
жатқан Португалия мен Испанияның саудагерлері мен фео-
далдары Үндістанға баратын теңіз жолын іздеуге белсене кіріс-
кен болатын. Мұндай жолды іздеуге италияндық саудагерлер 
мүделі болған жоқ. Себебі Леванталық сауда Жерорта теңізінде 
үстемдік жүргізгендіктен Италияға бұрынғысынша пайда әкеліп 
отырды.
Португалиялықтар ХҮ ғ. маврлармен соғысу мен сауда 
қатынасын жасауда Африканың солтүстік - батыс жаға-
лауларына жеткен еді. 
1415 
ж. Сеутыны португалдықтардың 
басып алуы оларға Африканың батыс жағалауы арқылы оңтүс-
тікке жылжуына жол ашты. Еуропалықтар дүниедегі ең бай ел 
Африка 
деп те санады. Жерорта теңізінің жағалауындағы қала-
лар арқылы көпестер
Сенегал
мен 
Нигерияда

Мали
, жоғарғы 
Вонтада
өндірілген алтынды ҮІІ-ХҮғғ. Еуропаға әкелген еді. 
Қытай

Үндістан,
Үнді-Қытай

Индонезия
бай елдер са-
налып, көбінесе 
Үндістан 
деп аталды. 


135 
Сонымен бірге Португалия мен Испанияның теңіздің арғы 
бетіндегі жерлерді іздестіріп, басып алуына осы елдердің ішкі 
жағдайларында туындаған себептер әсерін тигізді. Бұл елдердегі 
реконкистік жаугершіліктің заманы бітіп, тегін олжа мен әскери 
қақтығыстарды аңсаған соғыс құмарлар мен кедей дворяндар-
дың басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды. Сондықтан да 
Африкаға қарсы бағытталған соғыс қимылдарын жүргізу үшін 
арнайы экспедициялар ұйымдастырылып отырды. Африкандық-
тардың өздері де Африканың солтүстік-батыс жағалауынан 
Испания мен Португалияның кемелеріне, Пиреней түбегінің 
жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын 
тоқтатпаған еді. ХҮ-ХҮІ ғғ. географиялық ашылулардың осын-
дай себептері болды. 
Сеутаға ие болу Португалияның отарлық экспедиция-
сының бастамасын салды. Бұл іске 
Генрих
үлкен қамқорлық 
жасады. Сауда компаниялары Генрихтың көмегімен жаңадан 
ашылған аймақтарда сауда үстемдігіне ие болды. Ең пайдалы 
сауда жергілікті халықты тонап, құл саудасын жүргізу еді. 
Португалдықтар 30 жыл ішінде Африканың батыс жағалауына 
жетті. ХҮ ғ. 20-жылдарында 
Мадейра 
аралына, 30 ж. басында
 
Азорларға
, ал 
1456 ж. Жасыл Мүйіс
аралына жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет