Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Христофор Колумбтың Американы ашуы



Pdf көрінісі
бет84/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Христофор Колумбтың Американы ашуы
. 1492 ж. 
Христофор Колумб
Атлант мұхитын жүзіп өтіп, батыс жарты 
шарды ашты. 1483 ж. Ол Португалыямен экспедиция ұйымдас-
тыру туралы келіссөз жүргізді. Бірақ сәтсіз болды. 1485 ж. 
Испания королі Фердинадпен келісіп, 
1492 ж. 3
мамырда үш ке-
меден құралған эскадра 
Испания порты Палосадан Канар 
арал-
дарына бет алды. ХҮ ғ. Колумб Багам аралдарының тобындағы 
кішкене аралға келіп тоқтады. Бұл жерді ол 
Сан-Сальвадор
деп 
атады. Батыстық жарты шар жерлеріне баратын жол ашылды. 
Колумб жаңа елдерді ашқаннан кейін (
Антил архипе-
лагының бірнеше
аралдарын, Кубаның солтүстік жағалауын

Гаити аралын

кіші Антиль
аралдарын

Кубаның оңтүстік 
жағалауын
) испандықтар португалдардың қауіпті бақталасына 
айналды. 1494 ж. Тордесильянсе қаласында папаның делдал-
дығымен келісім жасалды. Келісім бойынша Ферродан батысқа 
қарай жаңадан ашылған аймақтар испан, ал шығысқа қарай 


136 
ашылатын жерлер португалдықтардың иелігінде жататын 
болды. 
Жалпы Христофор Колумб Үндістанды іздеп Америкаға 
төрт саяхат жасады.
Бірінші саяхаты (3 тамыз 1492— 15 мамыр 1493).
Екінші саяхаты ( 25 қыркүйек 1493— 11 маусым 1496). 
Үшінші саяхаты (30 мамыр 1498— 25 қараша 1500). 
Төртінші саяхаты (9 мамыр 1502— ноябрь 1504). 
Васко да Гаманың экспедициясы. 
 
Испандықтардың ба-
тысқа қарай бет алуы, португалдықтардың Үндістанға баратын 
жолды қайтадан іздестіруді бастады. 
1497ж 3 шілдеде
осы мақ-
сатпен жабдықталған экспедицияны В
аско да Гама 
басқарды. 
Васко да Гама
5 айдан соң Африка жағалаула-
рының ең соңғы нүктесіне жетіп, осы 
жерден Үнді мұхитымен жүретін бей-
таныс жолды тапты. Васко да Гама 
арабтар қоныстанған Малинди қаласы-
нан сол кездегі ең тәжірибелі, білімді, 
Үнді мұхитында көп жүзген Ахмед 
Ибн Маджидті алды. Ахмед Ибн 
Маджид бір жарым айдан кейін
1498 ж. 20 мамырда Малабар
жағала-
уындағы Каликут қаласына кемелерді 
жеткізді. Васко да Гаманың Үндістанға сапар шегуі 10 айдан ас-
там уақытты алды. Осылайша бай елдерге шығатын Еуропалық-
тардың теңіз жолдары табылды. Бұл Еуропаның шаруашылық 
өміріне терең өзгерістер енгізіп, айналысқа түскен тауарлар түр-
лерін көбейіп, бәсекелестікті күшейтті. Сауда мен қаржы опера-
цияларының жаңа ұйымдары сауда және қаржы биржалары 
дами бастады. Фонд биржаларында алуан түрлі қаржы несие-
лері, құнды қағаздар жасалынып, ваксельдер есептелінді, яғни 
феодалдық өндірістің ыдырауына үлкен әсер етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет