І БӨЛІМ
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР
Антика мен орта ғасырлардың түйісіндегі Еуропа (ІҮ
ғасырдың аяғы-ХІ ғасырдың ортасы)
10
§1.Рим империясының соңғы дәуірі (ІІІ-ІV ғғ.)
1.Рим империясының экономикалық дағдарысы,
колонат, куриалдар, коллегиаттар, прекарий жүйесі.
2. ІІІ-Үғғ. империяның қоғамдық және мемлекеттік құрылысы .
3. Христиан шіркеуі, күпірлік қозғалыстар
.
Рим империясының экономикалық дағдарысы
. ІV ғ. Ая-
ғында
Рим империясы
үлкен мемлекет еді. Оның құрамында
Еуропаның батыс бөлігі
,
Дунайдың оңтүстік
жағалауларын-
дағы жерлер
,
Балкан түбегі
,
Жерорта теңізіндегі аралдар
,
Солтүстік Африка
және
Египет
,
Қара теңіздің шығыс жаға-
лаулары
,
Кіші Азия
,
Сирия,
Палестина,
Месопотамияның
бір
бөлігі кірді. ІІ ғасырдың аяғынан бастап Рим империясы дағда-
рысқа ұшырай бастады. Оның басты себебі: еріксіз адамдардың
еңбегіне негізделген өндірістің дамуы сарқылды. Құлдардың өз
еңбегіне ынтасыздығы техниканың дамуына кедергі жасады.
Империядағы ірі жер иеленушіліктің өсуі құлдарды бақы-
лап отыру әдістерін әлсіретіп, құлдар еңбегінің өнімділігінің
төмендеп кетуіне соқтырды. Құлдардың санын көбейтіп отыра-
тын жаулап алушылық соғыстардың азаюы, арзан құлдардың са-
нын кемітіп жіберді. Рим мемлекетінде
тауар айырбасы қысқа-
рып
,
тауар-ақша қатынасы
барған сайын
төмендеп
кетті. Қол-
өнер өнімдері сұраныста болмай, құлдырап, қалалардың маңызы
төмендеді. Қоғамдық өмірдің ықпалы деревняға ауысып, про-
винциялар арасындағы әлсіз экономикалық байланыс азайды.
Қоғам әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығудың жолда-
рын іздестіре бастады. Сөйтіп, жер иеленудің
колонат
,
прека-
рийлік
түрлерін енгізді.
Колонат
.
Қарастырылып отырған мәселеде
колонат
ерекше орын алады. Алғашқыда колондар
ерікті шаруалар
қата-
рынан қалыптасты. Колон-
қоныстанушы
,
жер иеленуші
болды.
І ғ.
ұсақ жалға алушыларды
осылай атады. Олардың қатарына
басқаның жерін келісім бойынша өңдейтін
ерікті адамдар
,
аза-
маттар
жатты. Олар жерді пайдаланғаны үшін ақша төлесе,
ІІ ғ.оброк, өнімнің үштен бірін төледі. Кейін құлдар шаруалар
секілді
жерге отырғызылып, оларға жер, құрал
-саймандар берілді.
11
ІҮ-Ү ғғ. колондар е
ріктілерге
және
жанамалыларға
бө-
лінді.
Ерікті
колондардың
жеке басының
және
мүліктік құқы
болды. Ал, бекітілгендер «
жердің құлы
»ретінде қаралып, олар
пайдаланған жерлер үшін жер иесіне қарады.
332
ж.император І
Константин колондардың
бір иеліктен
екінші иелікке кетуіне
тиым салған
бұйрық шығарды, ал І Валентин
371
колондарды
түпкілікті
бір иелікке бекітті.
Достарыңызбен бөлісу: |