Прекарий жүйесі .Ұсақ жалға беру «
прекарий» деп атал-
ды. Прекарийде жер пайдалануға
келісім бойынша берілді
Прекарист алғашқыда ешқандай міндеткерлік орындаған жоқ.
Жер иесі жерінің бос қалмай өңдеусіз жатпағанына риза болса
керек. Алайда жер иесі
кез-келген уақытта прекаристі
қуып жібере алды . Кейін жерді жалға беру жазба түрде бекітілді. Бұл
прекаристің жер иесіне тәуелділікке түсуіне жағдай жасады. Ал
екінші жағынан оның жерге иелік құқы нығайды. Сөйтіп ,
прекарий заң жүзінде болмағанмен іс жүзінде жерді
шартты пайдаланудың
бір түрі болды.
Мемлекеттік, муниципалдық жерлер ғана емес жеке мен-
шік жерлер де
жалға берілді.Ұзақ мерізімдік жалға беруден
мәңгілік жалға беру «
эмфитевзис » кең орын алды. Эмфитевт
жер иесіне белгіленген ақыны беріп, салық төлеп отырды.
Эмфитевтік құқықта жерді жалға алушылар ірі жер иеленушілер
еді, сондықтан бұл шара жер иеленушілердің феодалдану бағы-
тындағы қайта құруы еді
Патронат және коммендация . Жеке меншік қатынас-
тарды қайта құруда ежелгі институттардың бірі
патронат маңызды рөл атқарды. Оның мәні жекелеген азаматтардың бай
және ықпалды азаматтардың ықпалына түсуі еді. Мұндай келі-
сім
коммендация деп аталды. ІІІ-Ү ғғ. патронат жүйесі бойынша
ұсақ және орта жер иелері ірі жер иеленушілерге жеке тәуел-
ділікке түсті. Олар мемлекеттік және муниципалдық міндеткер-
ліктен құтылу, өкіметтің және күшті көршілердің ығыстыруы-
нан қорғану үшін патронатты қабылдап, жеке басының бостан-
дығы мен теңдігімен қатар, жеке меншіктік құқынан да айры-
лып, жерді ұстаушыға айналды.