13
мақсаттан туындаған болатын. Провинциялар мен префектура-
ларда әскери басшының қызметі енгізілді.
Диоклетиан реформасында әскерге көп көңіл бөлінді. Әс-
кердің таңдаулы топтары елдің ішінде орналастырылып, билікке
қарсы түрлі бүліктерді басуға пайдаланылды. Ал, қалған топта-
ры шекаралық обылыстарда әскери-қоныстанушылар ретінде
жерге отырғызылған. Сонымен бірге осы кезеңде варарлардан
(Рим империясымен көршілес тайпалардың адамдарын осылай
атаған) құрылған қосымша әскери топтардың маңызы артты.
ІҮ ғ. империя варварлардан, солардың өздерінен құрылған әске-
ри топтардың көмегімен қорғанды. Әскерге варварлар мынадай
жолдармен алынды: ең алдымен, империяның федераттары және
одақтастарымен әскери жасақ жіберу туралы келісім жасалып,
жіберілген жасақтар империя аумағына орналастырылып, тұрақ
жаймен, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Содан кейін, импе-
рияға бағынғандарға шекаралық облыстардан жер беріліп, со-
лардан әскерге адам алынды. Әскери реформа алғашқыда та-
бысты болғанымен, империяның соңғы дәуірінде варварлардың
империя шекарасын қорғауы, оның құлауының себептерінің бі-
ріне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: