Бургундармемлекеті . Ү ғ.шығыс германдық бургунд
тайпасы Орталық Рейн бойына қоныс аударып, Рон өзенінің
бойында (Вормста)
Бургундия корольдігі қалыптасады. Оны 437
жылы ғұндар талқандайды. Қалғандарын Сабаудияға (Савойяда)
федарат ретінде орналасады. Кейіннен бургундар бүкіл жоғарғы
және Орта Ронаның жағалауына қоныстанып
457 ж.осында аста-
насы
Лион қаласы болған жаңа корольдік құрады. 534 ж.оларды
франктер жаулап алды.
Аттила және ғұндар мемлекеті. Руғил 433 жылы қай-
тыс болды. 434 жылы елді Руғилдің екі жиені басқарды. Олар
Аттила және Блед еді. Аттила Руғилдің інісі Мүндзуктің ұлы,
Блед те Руғилдің інісі Октардың ұлы болатын. 446 жылы Ғұн
патшалығындағы билік інісі Блед өлгеннен соң
Аттиланың қолына көшті.
435-453 жж.астанасы Тиса жағалауында болған
ғұндар хандығы өмір сүрді. Аттила Еуропадағы сол кездегі ең
қуатты билеушіге айналды. Ортағасырлық германдық эпос
Аттиланы Этцель корольдің бейнесінде суреттеп, негізгі кейіп-
керіне айналдырған.
436 жылы Аттила Рим әскерімен бірге
Бургундия корольдігін талқандайды.
Паннониядан ғұндар Балқанға, Кіші Азияға, Месопота-
мияға жорық жасады.
447 жылы Аттила
Мезияны, Фракияны, Македонияны жаулап алды.Оңтүстікке қарай жылжып, Фермопияға
дейін келді. Император Аттиламен келісімге келіп, беретін
алымды 700-ден 2100 фунт алтынға дейін көтереді. Жыл сайын
Византия императорлары Аттилаға алым төлеп тұрды. Дунайға
жақын орналасқан славян тайпалары да тәуелділікте болды.
Аттила батыс империяға көз тігеді. Батыс империяда
Валентин ІІІ император еді. Аттила оған елші жіберіп, қарын-
дасы Гонорияны байлығымен қоса әйелдікке беруін сұрайды.
Император келісім бермейді, өйткені Гонория басқамен атасты-
рылған еді. Аттила бұл жауаптан соң әскерін соғысқа әзірледі.