Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Варварлық мемлекеттердің құрылуы



Pdf көрінісі
бет12/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Варварлық мемлекеттердің құрылуы

Вестготтар.
Феодосий қайтыс болғаннан кейін, 3
95
ж. Рим империясы екіге 
бөлініп, Феодосийдің балалары таққа отырады. Шығысын 
Аркадий
, батысын 
Гонориий 
басқарды. Вестготтар Шығыс Рим 
империясының астанасы - Константинополь қаласына шабуыл 
жасап, алуға тырысты. Аркадий вестготтарға алым төлеп, олар-
дың бай провинция 
Иллирияға
орналасуына рұқсат етеді. Аға-
йынды екі император бір-бірімен жауласып, шығыс императоры 
вестготтарды батыс Римге айдап салды. Олар 401 ж. Римге жо-
рық жасайды. Рим әскерлерінің қолбасшысы 
Стилихон
вестгот-
тардың Италияға жорығына қарсы тұра білді. 
Ү ғ.басында Батыс Рим империясына варварлық тайпа-
лардың жойқын шабуылына тойтарыс беруіне тура келді. 
405-
407 жж
. Италияға свебтер, вандалдар және аландар басып кі-
ріп, Флоренцияны қоршады. Стилихон барлық күшті жұмыл-
дырып, варварларды жеңіп, тұтқындап, біраз бөлігін құлдарға 
айналдырды. 407-409 жылдары да аландардың, свебтердің, ван-
далдардың шапқыншылығы жалғасып, олар Галлияға еніп, одан 
әрі
Испанияға
өтеді.
Италияны
қорғау үшін
Стилихон Британиядағы 
әскерді кейін шақыруға мәжбүр болды. Алайда, ішкі көре ал-
маушылықтың нәтижесінде, Стилихон сенаттың айыптауымен 
408ж. 
өлтіріліп, вестготтардың Италияға енуіне
мүмкіндік туады. 
409
жылы вестгот королі 
Аларих
солтүстік және орта 
Италияға еніп Римге жақындайды. Император Гонорий 


23 
Равеннада тығылады. Аларих мол алым және варварлардан 
шыққан құлдарды босатып беруін талап етеді. Бұл талаптар 
орындалғанмен, император Аларихтың бірқатар провинция-
ларды беруі туралы келесі талабын қанағаттандыра алмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет