Аларихтың Римге кіруі. Герман Кнакфустың түсті ксилографиялық туындысы. ХІХ ғ. Мұны сылтау еткен Аларих Римді қоршап, аштыққа ұшы-
ратады.
410 жылы Аларих Римге басып кіреді. Ол Римнен көп
олжа алып, Италияның оңтүстігіне аттанып, одан әрі Сицилияға
жетіп, Солтүстік Африкаға бармақшы болады. Алайда сәтсіз-
дікке ұшырап, осы жылы Аларих қайтыс болады.
Вестоготтардың королі болып Атаульф тағайындалады.
Гонорий үкіметімен келіссөз жүргізіп Оңтүстік-батыс Галлияға
(Аквитанияға) өтеді. Осы жерде
418(419) жылы
вестготтар мемлекетін құрады. Астанасы
Тулуза қаласы болды. Бұл мем-
лекет Римнің федераты болып есептелгенімен, іс жүзінде
Римнің аумағындағы бірінші варварлар мемлекеті еді. Ү ғ. соң-
ында-ҮІ ғ.басында
Вестгот корольдігі Испанияға таралып, ас-
танасы
Толедо қаласы болды. Ол ҮІІІ ғ.басында арабтар жаулап
алғанға дейін өмір сүрді.
Вандалдар мемлекетінің құрылуы. 409 жылы батыс Рим
күштерінің вестготтармен соғысып жатқандығын пайдаланып,
Римнің Майнц аумағынан Галлияға вандалдар, аландар басып
кіреді. Осы жылы олар Испанияға өтеді. 422 және 429 жылдары
шығыс Испанияның теңіз жағалаулары қалаларын жаулап
алады. 429 ж.
Гейзерихтың басшылығымен Солтүстік Африкаға
енді. Ол солтүстік африкадағы Рим наместнигінің бүлігін, Римге
қарсы жергілікті тайпалар берберлердің көтерілістерін, агонис-
тердің халықтық қозғалысын пайдалана білді. Гейзерих Солтүс-
тік африкадағы қазіргі Марокко, Алжир аумағын және Тунистің
батыс бөлігін,
435 ж. Карфагенді алады. Сөйтіп,
439 жылдары
вандалдар мемлекеті құрылды. Бұл корольдік
Балеар аралда- рына ,
Корсика ,
Сардиния, Сицилияға иелік етті. 455 жылы ван-
далдар Римді жаулап алып тонаушылыққа ұшыратады. Олар
ескі мәдени ескеркіштерді де қиратады, осыдан «
вандализм » де-
ген сөз мәдени ескерткіштерді қиратудың синонимі ретінде пай-
даланатын болды.