27
Ғұн империясы Аттиладан соң құлдырау үстінде тұрды.
Оның жалғастырушысы болмады. Өзінің көптеген некелерінен
туған балалары билікті өздерінше басқарды. Аттила өлген жылы
германдықтар көтеріліс жасады. Гепидтер және омтготтар, олар-
дың одақтастары Паннония даласында отырған үлкен ұлы
Эллахты жеңді. Ғұндардың қол астындағы аймақ бірнеше обы-
лыстарға қысқарды.
Батыста ғұн тайпасының бір бөлігі ғұн-кутургур немесе
кутугурлар Дунайдың төменгі және Қара теңіз жағалауынан
Днепрге дейінгі обылыста ғана қалды. Аттила өлген соң 15 жыл-
дың ішінде Константинопольге, империя жеріне, әсіресе
Фракияға шабуыл жасап тұрды. 468 ж. Аттиланың ұлы
Денгизих
қоршауға түсіп өлтіріледі. Шығыс империяның
астанасына оның
басын әкеледі. Бірнеше жыл ғұндар туралы ештеме естілмеді.
Ғұндар Еуропаны Рим империясының бодандығынан бо-
сатты. Қара теңіз жағалауына саудаға шығуына мүмкіндік берді.
Византиялықтар Аттиланы жаулаушы болды деп есептеді. Ол
ғұн халқының варвар еместігін дәлелдемекші болды. Аттила
Рим папасының өтінішімен Римді талқандамады. Ол діндерді
құрметтеді. Рим қасиетті жер деп есептеді. Қорыта айтқанда,
орталығы Паннонияда болған Ғұн державасы еуропалық және
әлемдік тарих тағдырларына өз ықпалын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: