« Салий ақиқаты»бойынша Франктердің шаруашы- лығы мен қоғамдық құрылысы . Меровингтік дәуірдегі франк-
тердің қоғамдық құрылысын білуде маңызды дерек «
Салий ақи- қаты »болып табылады. Ү ғ.соңында ҮІ ғасырдың басында жа-
зылған франктердің әдет-ғұрыптарының заңдық жинағы. Рим
заңдарымен ұқсастығы латын тілімен жазылғандығы. Бұл жи-
нақта ҮІ ғ.өзгерістер енгізіліп, алғашқы қауымдық құрылыстан
феодализмге өткен франктер мемлекетінің даму жолдарын ұғы-
нуға болады.
«Салий ақиқатынан» франктердің шаруашылығының ең
бастысы
егін шаруашылығы болғандығы айқындалады. Жинақ-
тың біраз баптарында, ерікті франктердің
егістік жерлері ,
егіс құрал-саймандары , жұмыста пайдаланған
малдары ,
тыңайт- қыштар туралы айтылады. Франктер шаруашылығында
мал шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен бірге
балық, ара, бау- бақша шаруашылықтарымен, қолөнермен де айналысқан.
Франктерде шаруалар үй алдындағы жерлерді, қауым
жерінің белгілі бір бөлігін жеке меншік түрінде, ал о
рмандар мен
жайылымдарды бірлесіп
пайдаланған . Жер қауымның мен-
шігінде болып, жеке адамдар белгілі бір шарт бойынша ғана
жерді пайдалануға құқы болған.
« Салий ақиқатында »
ру қа-
уымдық жердің иесі ғана емес, сонымен бірге
саяси ұйым ре-
тінде де көрсетіледі. Мәселен, соттасқанда бүкіл ру адамдары
куәға тартылып, олардың айыпты руласын қорғауына мүмкін-
діктер беріліп, айыптың жартысын айыпкер, жартысын рулас-
тары төлеген. Ал, алынған айыпты өлген адамның жан ұясы мен
33
руластары бөлісіп отырған. Мұндай жағдай франктердің ара-
сында рулық қатынастың терең сақталғандығын көрсетеді.