Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Меровингтердің «жалқау корольдері»билеген кезеңі



Pdf көрінісі
бет22/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Меровингтердің «жалқау корольдері»билеген кезеңі.
ҮІ ғ соңына қарай франк қоғамы үлкен өзгеріске ұшырады. Жер 
жеке меншікке-
аллодқа 
айналған. Жер сатылған, мұраға, сыйға 
берілген, сөтіп ірі жер иеленушілер пайда болған. Олардың ие-
ліктерінде құлдармен бірге 
жартылай ерікті-литтар
және 
галло-римдік тәуелді тұрғындар
жұмыс істеген. 
Хлодвиг әулетінің соңғы корольдері өз ара таққа таласып, 
қырқысу соғыстарын жүргізді. Франк мемлекетінің тарихында 
639
жылмен мен 
751
жылдардың аралығын 
Меровингтердің
(яғни Хлодвиг әулетінің) «
жалқау корольдері
» билеген кезең 
деп атайды. Себебі, қырқысудан әлсіреген корольдер елді басқа-
руға дәрменсіз болып, жергілікті жерлердегі 
әкімшілік, сот, әс-
кери билік
әрбір 
аймақтың
билеуші топтарының қолына өтті. 
ҮІІ ғ. Франк мемлекетінің құрамында 3 дербес аймақтың 
оқшаулануы көрінді. Олар: 
Нейстрия-
орталығы Париж болған
 
солтүстік-батыс Галлия, 
Австразия
-Франк мемлекетінің солтүс-
тік-шығыс бөлігі, 
Бургундия-
бургундардың бұрынғы корольдігі. 
Ал ҮІІ ғ.аяғынанан-оңтүстік-батыстағы 
Аквитания 
бөліне бас-
тады
.
Барлық обылыстардағы билік 
майордомдардың
қолына 
көшті. Олар корольдың сарайын басқарған бұрынғы қызмет 
(
majordomos-үйдің үлкені
) адамдары еді. Кейіннен ірі жер илену-
шілерге айналып, обылыстарды басқаруды өз қолдарына алды. 
687
жылы австразияның майордомы 
Пипин Геристальский
бүкіл 
Франк мемлекетінің майордомы болды. Бұл әулет кейінен өз 
уәкілінің ең ірі тұлғасы Ұлы Карлдың есімімен 
Каролингтер
деген атаққа ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет