Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Ұлы Карлдың сыртқы саясаты



Pdf көрінісі
бет25/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Ұлы Карлдың сыртқы саясаты
. Франктер мемлекетінің 
өрлеу кезі 
Ұлы Карлдың
(768-814 жж) тұсы еді. Бұл адамның 
жігер-қайраты, мемлекетті басқару ісі мен әкімшіліктің, шаруа-
шылықтың, соғыстың, халыққа білім беру істерінің әрбір ұсақ-
түйектеріне дейін үңіле қарап, ұғынуға құмарлығы замандас-
тарын таң қалдырған. 
Ұлы Карл Еуропаның әр түрлі жерлерінде соғыс жорық-
тарын жүргізіп, оларға өзі қатысты. Ең алдымен лангобардтарға 
қарсы жорық бастады. 
773-774жж. 
жорықтарының барысында 
лангобардтардың 
астанасы Павияны бағындырып, король 
Дезидерийді
тақтан құлатып, лангобардтардың темір тәжін ба-
сына киіп, Ұлы Карл 
франктердің
және 
лангобардтардың ко-
ролі
деген атқа ие болды. Лангобардия Франк мемлекетіне қосы-
лып, кейіннен оны Карлдың баласы Пипин басқарды. 
Карл Пиреней түбегі үшін арабтармен соғыс жүргізді. 
Оның алғашқы Испанияға жасаған жорығы 
778
жылы сәтсіз 
болды. Осы жорықтан қайтып келе жатқан Франк әскерлеріне 
жергілікті халық баскілер шабуыл жасап, Франк әскерін талқан-
даған. Осы ұрысқа байланысты « 
Ролланд туралы жыр» 
пайда 
болды. Ролланд Карл әскерлерінің
 
қолбасшыларының бірі. Осы 
жеңіліске қарамастан франктер Пиреней үшін соғыстарын тоқ-
татпады. 
801 
ж.арабтардан Барселона жерін тартып алып, сол-
түстік-шығыс испан жерінде 
Испан
маркасын
құрды. Кейінірек 
бұл жерді оның 
Людовиг 
деген баласы Аквитан королі деген ат-


37 
пен басқарды.( испан жері Франк мемлекетінің Аквитан аймағы 
деп аталған. 
Саксонияны жаулау.
Әсіресе Саксонияны жаулау франк 
мемлекетінің көп күш-жігерін қажет етті. «
Франктердің жүргіз-
ген барлық соғыстарының ішінен, саксондарға қарсы бағыт-
талғаны ең ұзақ ,ең қиын және ең
қаталы болды
» деп жазды 
Эйнгард. Бұл бағытта олар 
Саксондарға
қарсы 32 жыл бойы 
(
772-804
жж.) соғыс жүргізді. Карлдың сакстармен ұзақ уақыт 
соғысуының себебі 
Балтық теңізіне
шығу еді. Себебі 8 ғ.аяғы 
мен 9 ғ.басында Балтық теңізі үлкен сауданың орталық жолы 
болды. Сонымен бірге франк қоғамындағы әскери қызмет атқа-
ратын орта және ұсақ жер иелерін жаңа жерлермен қамтамасыз 
ету қажеттігі туындады 
Сакстар тайпалары шығысында-төменгі Рейннен Эльбаға 
дейінгі, солтүстігінде-Эйдерге дейінгі аралықты алып жатты. 
Олар төрт тайпалық одаққа бірікті: 
батыс сакстар-вестфалдар

орталықта-
ангарийлер
, шығыс сакстар-
остфалдар
, солтүстік 
сакстар-
нордалъбинглер
. Бұлар рулық-тайпалық құрылыстың 
соңғы сатысында тұрды. Пұтқа табынған. 
Карлдың сакстарға қарсы жорығы 
772 
жылы басталды. 
Франктер сакстардың бекінісі Эресбургты алып,тұтқындар мен 
көп олжа алып кейін қайтады. Бұған жауап ретінде 
774
ж. 
сакстар 
Гессенге
еніп шіркеуді тонап, фриздер жеріндегі 
Девентер шіркеуіне шабуыл жасайды. Осы жылы франктер әс-
керлері қайта, Саксонияны тонап, отқа орайды. Франк әскерлері 
кетісімен сакстар өз биліктерін қалпына келтіріп отырды. 
Тек, 
775
ж. ғана Карл сакстарды тікелей бағындыруға кі-
ріседі. Көп әскер вестфалдердің, ангарилердің және остфалдер-
дің жерлеріне шабуыл жасап, сакстардың бекінген елді мекен-
дері: 
Эресбург

Сигибург
және 
Карлштадты 
өздеріне қаратады. 
Сакстардың ақсүйектері Карлге келіп, бітім сұрайды. Карл 
олардан кепілдікке адамдар алып, христиан дінін және өзінің 
билігін қабылдауды талап етеді. 
777
ж. Падерборнда сакс би-
леушілерінің жалпы жиыны өтіп, онда сакс тайпаларының кө-
семдерінің көпшілгі Карлге берілгендігі туралы ант қабылдады. 
Карл Саксонияда шіркеулер салдырып, көптеген дін уағыздау-
шыларын әкелді. Бұл әрекет сакстардың көпшілгіне ұнамады. 


38 
Олардың басым бөлігі франктерге басқыншылар ретінде қара-
ды, сондықтан 
778-785
жж.франктерге қарсы сакстардың ірі кө-
терілістері болды. Карл 
782 
жылы Везердің бойында сакстарды 
жеңгеннен соң, қыр көрсету ниетімен саксондықтардан кепіл-
дікке алынған 
4500
адамды өлім жазасына тартты. Сонымен қа-
тар ол «
Саксония істері туралы капитуляриий»
шығарып, шір-
кеу мен корольге қарсы жасалған кез-келген қылмысы үшін 
өлім жазасын бекітті және халықты шіркеу пайдасына 
ондық 
салық
төлеп отыруға міндеттеді. 
785 
жылы көтерілген сакстар-
дың көсемдерінің бірі вестфал герцогі 
Видукинд
сатқындық 
жасап Карл жағына шығады. 
Сакстарды біржолата жеңу үшін Карл сакстардың ежел-
ден жаулары шығыстағы көршілері-полаб славяндары-
ободрит-
термен
одақ жасасты. Сонымен бірге сакстарды Франк мемле-
кетінің ішкі аймақтарына жаппай қоныс аудару бірге жүргізілді. 
Франктер мен ободриттерге сакстардың жерлері бөлініп берілді. 
Сакстардың графтықтарға бөлінген аймақтары Франк мемле-
кетінің құрамына енгізілді. 
Жалпы жаулаушылық соғыстардың барысында Ұлы Карл 
империясы 
Эбро
көлінен бастап 
Пиреней түбегі

Атлант 
мұхи-
тынан 
Эльба
өзенінің 
батысына
дейін, 
орталық Дунайдан
Адриатика
теңізінің шығысына дейін, 
Фриз
теңізі мен Балтық 
теңізінің
солтүстігіне, . 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет