44
тыста өз корольдіктерін құрды. ҮІІ-ҮІІІ ғғ. Византия ертедегі
Римнің саяси және мәдени дәстүрлерін сақтап « Ромей мем-
лекеті » болып қала бергенімен, оның қоғамдық құрылысы тез
қарқынмен феодализмге өтті.
Византия империясының әлеуметтік-экономикалық да-
муында өзіне тән ерекшеліктері болды. Біріншіден, ауыл шар-
уашылық өндірісі Батыспен салыстырғанда анағұрлым жоғары
еді. Византия империясының құрамында ежелден егіншілік мә-
дениеті жоғары елдер болған еді. Жердің құнарлығы мен ауа-
райының қолайлығы кейбір аймақтарда 2 - 3 рет өнім жинауға
мүмкіндік беретін. Империяның оңтүстік және оңтүстік-шығы-
сында Египет, Сирия суармалы егіншілік кең тараған. Екінші-
ден, Византияда латифундиялық түрдегі жерге жеке меншік ие-
лері аз болды. Византияда
ірі жер иеленушілік
негізінен
импера-
торлық өкіметтің
,
шіркеулер
мен
монастырьлардың
қарама-
ғында ғана болды. Үшіншіден Византияның аграрлық құрылы-
сының ерекшелігі
ерікті шаруалар
қатарында жер иеленуші-
лердің көбеюі болды.
Византияда шаруалар қауымдарының кең тараған түрі
көршілес қауым еді. Деревняда, әсіресе императорлық домендер
мен шіркеулік жерлерді-ұзақ мерзімге жалға алушылық
эм-
фитевзис
кең өрістеді. Құлдарға жер бөліктерін бөліп беру түрі
пекулия
болды. Византияда колонаттар да дамыды. Колондар 2
топқа бөлінді. Бірінші топқа-е
ріктілер
–
георгтар
жатты, бұлар
заң жүзінде бас бостандығы бар ерікті адамдар еді. Олардың
жеке меншігінде үйлері, қора, құралдары, малы, шағын жерлері
болған. Екінші топқа «
жанамалылар
–
энапографтар»
деп атал-
ғандар жатқызылды. Олардың ешқандай иелік құқы болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: