Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Юстиниан тұсындағы Византия



Pdf көрінісі
бет29/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Юстиниан тұсындағы Византия
. Византия империя-
сының дамуының гүлденген кезеңі ҮІ ғасырға тура келеді. Бұл І 
Юстиниан
(527-565жж.)
император болған уақыт еді 
Юстинианның кезінде Византияның ішкі жағдайы тұрақтанып, 
сыртқы жағдайында жаулаушылық саясат жүргізілумен сипатта-
лады. 
528-534 жылдар арасында Юстинианның тапсыруымен 
«
Азаматтық құқықтар жинағы» 
жасалды. Ол алғашқыда үш 
бөлімнен тұратын:І Юстинианның «
Кодексі
» .Рим император-


45 
ларының қабылдаған аса маңызды заңдарының 12 кітаптық 
жинағы. ІІ. «
Дигестер
» немесе «
Пандекттер
» Римнің атақты 
заңгерлерінің құнды пікірлерін жинақтаған 50 кітаптық жинақ. 
ІІІ. «
Институциялар
» бүкіл Римдік азаматтық құқық жөніндегі 
заңдар жиынтығына кіріспе. 534-565 жылдар аралығында 
Юстинианның өзі шығарған заңдарының жинағы «
Новеллалар
» 
деген атпен төртінші бөлім болып енгізілді. «Азаматтық құ-
қықтар» жинағы ескі Римдік құқықтың негізінде жазылды. 
Юстиниан заңдарының негізі – император «
құдайдың жердегі 
өкілі
» болғандықтан оның билігіне шек қойылмау қажет, мем-
лекет пен шіркеудің 
одағын 
сақтау, артықшылығын қорғау, пұт-
қа табынушылар мен діннен безгендерді қудалау саясатын тұ-
жырымдады. 
 
Император Юстиниан.
Равеннадағы Сан-Витале шіркеуіндегі мозаика
6 ғасырдың ортасы. 
Юстинианның билік құрған кезі ірі халық көтеріліс-
терімен де сипатталады. Пұтқа табынушылар мен күпірлерді 
үкімет тарапынан аяусыз қудалау ел ішінде, әсіресе шығыс 
правинцияларда күшті наразылықтар туғызды. Мысалы 529 
жылы Палестинадағы самаратиандар көтерілісін айтуға болады. 
Бұл көтерілісті 530 жылы тұрақты әскер талқандады. 


46 
Халық көтерілістерінің ішінде 
532
жылы 11 қаңтарда 
Константинополь 
қаласында болған көтерілістің ірісі еді. Бұл 
көтеріліске себеп болған Юстиниан шенеуніктерінің қазына 
байлығын ұрлауы, пара алу және т.б. Көтеріліс 11 қаңтарда 
цирктегі ат жарысы кезінде басталды. Оған Юстинианның өзі де 
қатысып отырған еді. 
Прасиндер
(жасылдар) партиясының өкіл-
дері императордан жоғарғы мемлекеттік шенеуніктерді жазалау 
туралы халық атынан талап қойды. Алайда император келіспеді. 
Көтерілісшілер «
Ника- жең
» деген ұранмен қаланы басып алды. 
Көтеріліс бес күн бойы Константинопольмен оның төңірегін 
қамтыды. Көтерілісті әскери қолбасшы 
Велизарь
талқандады. 
30 
мың
адам өлтірілді. Көтерілісшілердің қатарында: қарапайым 
халық, ақсүйектер, сенаторлар болды. Олар Юстинианның дес-
поттық басқару әдісіне қарсы еді. 
Сыртқы саясатта Юстиниан 
534
жылы Сол. Африкадағы 
вандалда
р корольдігін талқандады. 
535-555
жылдары Италияны 
остготтардан
тазартты, Испания үшін вестготтармен соғысты. 
540-562
жылдар аралығында 
сасаниттер
мен соғысты. Иран мен 
Византия арасындағы араздықтың себебі Кавказ бойындағы бай 
аймақтар Армения, Иберия, Азербайжан және Қара теңіздің 
оңтүстік-шығыс жағалауына орналасқан аймақ – 
Лазика 
үшін 
(Батыс Грузия) талас болатын. Екі ел арасындағы әскери қақ-
тығыстың тағы бір себебі – Қытай, Цейлон, Үндістанмен жібек 
және басқа да асыл бұйымдармен сауда жүргізуге байланысты 
екі ел арасындағы бақталастық еді. Иранның билеушісі І Хосроу 
540 жылы Византия Италиядағы остготтармен соғысып жатқан-
да оған шабуыл жасады. Бұл соғыс 562 жылға дейін созылды. 
562 жылғы келісім бойынша 
Лазика
– Византияның қол астында 
қалды да, Иберияның – Сванетия және басқа аймақтары Иран 
үстемдігіне өтті. Византия жыл сайын Иранға салық төлеп 
тұрды. 


47 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет