49
§7.ҮІІІ-ХІ ғғ.Испания
1.Арабтардың Испанияны жаулап алуы, Кордова халифаты.
2.Реконкиста қозғалысы.
3.Пиренейдегі корольдықтардың әлеуметтік-экономикалық
және саяси құрылысы.
Арабтардың Испанияны жаулап алуынан кейінгі
дамуы.
ҮІІІ ғ. басында Испанияны арабтардың жаулап алуы
Пиреней түбегінде қуатты
Кордова эмираты
деп аталатын араб
мемлекетін құрды. Арабтар мен солтүстік африкандық бербер-
лер тайпалары ,түбектің солтүстігіндегі таулы аймақтардан бас-
қа бүкіл Испанияны өздеріне бағындырды.
Арабтардың
Испанияны жаулап алуы готтық испан қоғамында феодалдану-
дың жүріп жатқан кезеңіне тура келген еді. Әсіресе феодалдық
қоғамға өту романдандырылған түбектің оңтүстігімен шығы-
сында жедел қарқанмен жүргізілген еді. Испанияның бұл аймақ-
тарында тікелей өндірушілер құлдар мен колондар болды.
Арабтар мен берберлердің ақсүйектері ҮІІ ғ. жергілікті құл ие-
ленушілерге айналып, не жергілікті ақсүйектермен бірігіп кет-
кен еді. Сөйтіп вестготтық ерікті қауым мүшелері оңтүстік
Галлия мен Испанияны бағындырып,
ірі жер иеліктеріне
айналған ақсүйектерге бағынуға мәжбүр болған еді. Шаруалар-
дың феодалдарға тәуелділікке айналуы сервтер мен либертин-
дерден басталды. Олар
испан-римдік
және
герман
шаруалары
еді. Арабтар вестгот пен испан-римдік ақсүйектердің, шіркеудің,
корольдің жерлерін басып алғандықтан алғашқы кезеңде ерікті
шаруалар бүкіл тәуелсіздігінен айырылған еді.
Шаруалар жар-
тылай тәуелділікке түскендіктен феодалдық рентамен мемле-
кеттік салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Уақыт өткен сайын
феодалдарға тәуелділіктің күшеюі және мемлекеттік салықтың
көбеюі солтүстік-шығыс аудандарда
шаруалар өмірін қиында-
тып жіберді. Әсіресе мұндай жағдай ІХ ғ.аяғында мұсылман-
дардың христиандарға қарсы діни фанатизмінің күшеюімен
байланысты болды.
Испанияны жаулап алғанмен шығыс мемлекеттермен бай-
ланыстарын үзбеген арабтар, Испанияның ауылшаруашылығын
дамытуға өз үлестерін қосты. Олар Испанияда:
күріш, қант құ-
50
рағы, пальманы, анар ағашын, тұт ағашын өсіріп, жүзім шар-
уашылығы мен шарап
жасауды
дамытты. Осы дақылдарды
Испан
жерінде өсіре отырып, суармалы егіншілікті дамытты.
Егіншілік пен бірге мал шаруашылығы әсіресе қой өсіру кеңінен
енгізілді. Қолөнер:
матадан
бұйымдар жасау,
қару-жарақ
,
тері, шұға
,
мата
бұйымдарын өндіру өркендеген еді.
Арабтар билеген уақытында Испания қалалары дамыды.
Х ғ. бұл қалалрдың саны 400- ге жетті. Олардың ішінде
Андалузия мен оңтүстік Испан қалалары
Кордова,
Севилия,
Гранада,
Валенсия
дамыды. Халифаттың астанасы Кордова
қаласы ХІ ғ. Еуропа қаларының ең ірісі болған. Оның 500 мыңға
жуық тұрғыны болған еді. Көптеген қалаларда арабтар өздерінің
ескерткіштерін қалдырып кетті. Мысалы ҮІІІ ғ.
салынған
Кордова мешіті
. ХІІІ ғ
Гранадада
салынған
Альгамбра сарайы
жәнет.б. Кордовада ірі кітапхана мен университет Еуропадағы
жоғары оқу орындарының алғашқысы болды. Кітапханалар
Испанияның көптеген қалаларында осы арабтар кезінде ашыл-
ды. Испания ғылымы арабтар кезінде жедел дамыды. Оның
ішінде:
математика, медицина, география, өнер мен әдебиет.
Испания жері осы арабтардың арқасында басқа Еуропа елдері-
мен салыстырғанда әлде қалай алға кеткен еді.
Көптеген
Еуропалықтар
Кордова
,
Севилья
,
Гренада
университтерінде
оқыған еді.
Достарыңызбен бөлісу: