Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Франциядағы соңғы Каролингтер кезеңіне сипаттама беріңіз.
2.Капетингтер билікке қалай келді?
3.Франциядағы феодализмнің ерекшелігі қандай еді?
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Нормандар деп кімдерді атаған ?
А)Вестготтар В)Вандалдар С)Скандинавияны мекендеген
тайпалар Д)саксондықтар Е.кельттер
2.843 жылы Верден шарты Еуропаның болашақтағы қай мем-
лекеттерінің
ауқымын белгіледі?
А)Италия ,Франция, Византия В)Норвегия ,Испания, Италия
С)Англия, Испания,Франция Д)Германия , Италия, Англия
Е)Франция , Германия , Италия
61
§ 10. ІХ-ХІ ғғ.Италия
1.
Италияның саяси бытыраңқылығы.
2.
Феодалдық қатынастардың қалыптасуы.
3.
Қалалардың дамуы.
Италияның саяси бытыраңқылығы.
Орта ғасырларда
Италия біріңғай мемлекет бола алмады. Онда тарихи жекелеген
үш феодалдық мемлекеттер:
Солтүстік
,
Орта
және
Оңтүстік
Италия
қалыптасты. Осы үш негізгі аймақ бүкіл орта ғасырлар
бойы өздерінің ерекшелік белгілерін сақтап келді. Мұның себебі
Апенин түбегінің жеке бөліктерінің экономикалық, саяси және
географиялық ерекшеліктеріне байланысты еді.
VІғ.-ҮІІІғ
.дейін Солтүстік Италияның үлкен бөлігі лан-
гобардтардың қол астында болды, ал
774
ж.бастап По өзені ал-
қабындағы құнарлы жерлер Карл империясының қолында бо-
лып,
Ломбардия
деп аталды
Орта Италия жері папа аймағында болып, оның орталығы
Рим
қаласы еді. Лангобард иеліктерінің қалдықтары Беневент
және Сполето герцогтықтары бірде Каролингтерге, бірде папаға
тәуелді жағдайды басынан өткерді. Солтүстік және Орта Италия
843 ж. Верден шартынан кейін Италия королі басқарған тәуелсіз
біртұтас корольдік болғанымен бұл тек атақ ғана еді. Себебі бұл
жерлердегі үкімет жекелеген феодалдардың қолында еді.
Оңтүстік Италия
және
Сицилия аралы
да ХІ ғ.соңына
дейін жекелеген феодалдық иеліктерге бөлініп, шет елдік жау-
лаушылардың қолына жиі ауысумен болды. VІ ғ.бастап ұзақ уа-
қыт бойы елдің оңтүстік бөлігі
Апулия,
Калабрия,
Неаполь
және
Сицилия
Византия провинциялары болып қалды. Ал ІХ ғ. бұл
өңірге арабтар басып кіріп, бүкіл Сицилияның
орталығын
Палермо қаласы
деп жариялап Эмираттыққа айналдырды. Со-
нымен қатар арабтар Апулияны да өздеріне бағындырған еді.
Үздіксіз феодалдық өз ара қырқысулармен Византия және
араб шапқыншыларының арасындағы күрес норман тайпалары-
ның Оңтүстік Италияға басып кіруіне жағдай жасады.
Норман-
дар ХІІ ғ
.басында
1130
жылы бүкіл Оңтүстік Италия мен Сици-
лияны жаулап алып,
Сицилия корольдігін
құрды.
|