Қалалардың дамуы . Солтүстік және Орта Италияда тауар-
ақша қатынастарының тууы қолөнердің ауыл шаруашылығынан
ажырауына әкеп соқты. Осының нәтижесінде орта ғасырдағы
жаңа экономикалық орталықтар, қалалар пайда бола бастады.
Көбіне Рим кезінен сақталған Италия қалалары қолөнер мен
сауданың негізінде өсіп отырды.
Лукка қаласында ІХ-Хғғ қол-
өнершілер корпорациясы өмір сүрді. По өзенінің бойында орна-
ласқан
Ломбардияның қолөнер орталығы-
Миланда тоқыма өн-
дірісі дамып, жылына төрт рет жәрмеңке өткізіліп тұрды.
Пьяченцада қару-жарақ пен тоқыма өндірісі дамыды. ІХ-ХІ ғғ
Италияда батыс пен шығыс елдерін сауда қатынасында бай-
ланыстырып отыратын қалалар дамыды. Венеция VIIІ –ІХ ғғ.
грек қалалары мен Египет, Сириямен сауда жасасты. Х ғ.Батыс
Жерорта теңізінен сауда қатынасын жүргізген
Генуя мен
Пиза күшейді.
Италия корольдерінің Солтүстік пен Орталық Италиядағы
өкіметі жасанды болып, ал Оңтүстік Италияға оның билігі жүр-
меді. ІХ-ХІ ғғ . Италияның толық феодалдық бөлшектенуіне
кнәздіктер, графтықтар, епископтықтармен бірге қала – мемле-
кеттер де әсерін тигізді. ІХ-ХІ ғғ қалалардағы өкімет билігі
графтардың, герцогтардың қолында болды. Х ғ. қалалардың
сеньорларға (мырзаларға) қарсы күресінің нәтижесінде кейбір
қалаларда өзін-өзі басқаратын қалалық қауымдар пайда болып,
көпшілігі ХІ ғ. соңында қалалық мемлекетке, қалалық республи-
каларға айналды. (
Милан, Верона ,
Парма, Венеция т.б.) Италия-
дағы осындай саяси бөлшектену мен феодалдық қырқысуларды
пайдаланған герман королі
І Оттон Римді басып алып, импе-
ратор тәжіне ие болды. Құрамына Германия мен Италияның бі-
раз жерін қамтыған жаңа « Рим империясының » құрылуын жа-
риялады. І Оттонның Римді басып алуына байланысты котолик
шіркеулері де Герман империясына бағынды. Италияның әлсіз-
дігі мен саяси бөлшектенуі елдің көптеген жылдар бойы бірың-
ғай мемлекет болуына кедергі жасады. Ел әртүрлі шапқыншы-
лардың езгісіне ұшырады.