Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Франкон әулетінің кезіндегі Германия



Pdf көрінісі
бет44/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Франкон әулетінің кезіндегі Германия

1024-1125жж

Германияда жергілікті 
Франкондар әулетінің
өкілдері биледі. 
Франкония жерінде ірі шіркеулік жер иелері, көптеген ры-
царьлар қауымы және маңызды сауда қалалары бар еді. Жаңа 
әулеттің өкілдері 
ІІ Конрад (1024-1039 жж.)
пен 
ІІІ Генрих 
(1039-1056 жж.)
рыцарьларға арқа сүйеді. Әсіресе ІІ Конрад 
рыцарьлардың санын көбейтуге тырысып, оларға жер берді. 
1037 ж. Италияның ірі ақсүйектеріне қарсы күресте Италияның 
рыцарьларын өз жағына шығару ниетімен рыцарьлардың мұра-
герлігі туралы заң шығарды. Бұл заң Германияға да тарады. 
1039 ж. 
Бургундия корольдігінің оңтүстігі
мен 
Провансьты
өзі-
не қаратты. 
ІІІ Генрих 
1041
ж. 
чех князі Бржетиславты
өзінің вас-
салына айналдырды. Польша мен Венгрия да оның ықпалында 
болды. Германияда император 
Франкон
жерінен басқа 
Бавария,
Швабия,
Каринтия

Саксония
мен 
Лотарингия

Бургундия
авто-
номиясын сақтады. 
Империяның гүлденуі мен орталықтанған басқару жүйе-
сінің күйреуіне ақсүйектер мен дін иелерінің арасындағы қа-


68 
рама-қайшылықтар әсерін тигізді. 
ІҮ Генрихтың (1056-
1106жж.)
кезінде император мен папалардың арасында бітіспес 
күрес жүрді. Герман феодалдарының Италияға қарсы жау-
лаушылық соғыстары бұл жағдайды шиеленістіріп, император 
билігінің әлсіреуіне әкелді.
Сұрақтар мен тапсырмалар. 
1. Германияның бытыраңқылығының себебі неде? 
2. І Генрихтың кезінде Саксон әулетінің саясаты қандай еді? 
3. І Оттонның саясатына тоқталыңыз? 
4.Франкон әулеті кезіндегі Германияға сипаттама беріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет