81
Мешітке тығылған он мыңға жуық мұсылманды өлтіріп, еврей-
лер синагогтерін өртеді. Кресшілер «тәңірдің табытына» құл-
шылық етіп болғасын қайтадан қаланың панасыз тұрғындарын
өлтіріп, тонады. Осылайша кресшілердің Иерусалим корольдігі
құрылды. Оның алғашқы королі
Готфрид Бульонский
болған-
мен, оның інісі Балдуин кезінде корольдық мемлекет болып
орнықты. Бұл корольдікке 3 ірі кнәздық тәуелділікте болды.
Олар:
Антиохия кнәздығы,
Триполи
мен
Эдесса графтығы
еді.
Әр бір кнәздық бірнеше барондыққа, барондықтар рыцарьлық
иеліктерге бөлінді. Кресшілер Франциядағы тәртіптерді жаулап
алған жерлеріне алып келді. Иерусалим корольдігінде ерекше
феодалдық
конституция
қабылданды.
Жаулаушылық жорықтардың нәтижесінде крестшілер
бүкіл Жерорта теңізінің шығыс бөлігін басып алды.
Финикия,
Сирия,
Палестина
жерлер
і,
Иерусалим,
Антиохия,
Триполи,
Эдесса,
Сидон,
Акра
қалалары бағындырылып, солтүстіктен
оңтүстікке созылған 1200 шақырым жерді алды.
Достарыңызбен бөлісу: