Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет53/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Діни-рыцарьлық ордендер
. Бірінші крест жорығы аяқтал-
ғаннан кейін 1099-1100 ж.көптеген рыцарьлар Еуропаға қайтып 
кеткеннен кейін, Палестинада қалған рыцарьлардың өз тобына 
көмек ретінде 
діни-рыцарлық ордендер
құрылды. Шығыста үш 
орден құрылды. 1119 жылы 
француз 
ордені 
тамплиерлер
ұйым-
дастырылды. Көп кешікпей италияндық орден 
госпитальерлер
құрылды. Бұл орденнің бұлай аталуының себебі, олар бұрыннан 
да қажылыққа келгендерді емдеумен айналысқан. Тек бірінші 
крест жорығынан кейін ғана жауынгерлік діни- рыцарлық ор-
денге айналды. Кейінн 
1190 ж
. немістердің 
Тевтон 
ордені құ-
рылды. Ол кейін ХІІІ ғ. Еуропаға қоныстанып, Прусс орденіне 
айналды. Бұлар жартылай монахтық, жартылай әскери ұйымдар 
еді. Олар құдайға құлшылық етумен бірге рыцарлық қызметті де 
бірдей атқарды. Орден мүшелері рыцарлық сауыт-сайманның 
үстінен монахтық жамылғы киді. Әр орденнің жамылғысының 
өз түсі болды: тамплиерлерде қызыл кресі бар ақ түсті, гос-
питальерлерде ақ кресті қызыл түсті, тевтондықтарды қара 
кресті ақ түсті. Палестина мен көптеген Еуропа елдерінде ор-
деннің жеке меншік жерлері болып, солардан түскен салықтың 


82 
есебінен өмір сүрді. Еуропаға барғаннан кейін әсіресе там-
плиерлер өсімқорлықпен айналысып көп пайда түсірді. 
Екінші және үшінші крест жорықтары. 
Иерусалим 
корольдығының күші әлсірегенде 1114 жылы түріктер Кіші 
Армения мен Эдессті басып алады. Осыдан кейін Иерусалим 
королі пападан көмек сұрап, Еуропадан жаңа рыцарларды жі-
беруге шақырады. Бұған жауап ретінде екінші крест жорығы 
басталды. 
Екінші крест жорығы 1147-1149 жж.
аралығында 
француз королі 
ҮІІ Людовик
пен герман императоры 
ІІІ Конрад
қатысқанмен бұл жорық сәтсіз аяқталды.
Орталығы Египет болған үлкен мемлекет құрған сұлтан 
Салах-ад-дин 
(1171-1193 жж.) 1187 жылы Иерусалимді басып 
алды. Салахадинге қарсы Еуропада 
үшінші крест
жорығы 
(
1189-1192)
ұйымдастырылды. Бұл жорыққа үш мемлекеттердің 
корольдері : герман императоры 
І Фридрих Барбаросса,
француз 
королі 
ІІ
Филипп Август,
ағылшын королі арыстан жүректі 
І 
Ричард
қатынасты. 65 жастағы І Фридрих Барбаросса бұл жо-
рықты Византияға қарсы пайдаланып, одақтастар табуды ой-
лады. Алайда ол басқарған неміс рыцарлары Палестинаға да 
жетпеді, себебі 1190 жылы Киликиядағы таулы өзеннен өту 
кезінде І Фридрих Барбаросса суға кетіп қаза тапты. 
Бұл жорықтың нәтижесінде І Ричард Кипрды алып, 
Лимасол қаласында Наварраның королі ҮІ Санчоның қызы 
Беренгариямен үйленіп, тойын өткізеді. 


83 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет