80
Бұл жерде 1096 күзінде оларды түрік әскерлері күтіп
алып, көпшілігін қырып салды. Сөйтіп шаруалардың шығысқа
алғашқы жорығы сәтсіз аяқ-талды.
1096 ж. Жазында бірінші
жорықтың екінші кезеңі бас-
талды. Жорыққа француз, италиян, герман рыцарьлары аттанды.
Бұл жорықты төменгі
Лотарингияның
герцогі
Готврит
Бульонский
екі інілері
Балдуин
және
Ефставилермен
бірге
басқарып барды. Оңтүстік
Италияның
нормандық рыцарьлары
да аттанды. Оларды
Боэмунд Тарентский
басқарды. Оңтүстік
Францияның жасақтарына граф
Раймунд
Тулузский,
ал солтүстік
және орта Францияның рыцарьларына герцог
Роберт
Нормандский, Роберт Фландрскийлер
басшылық жасады
. Бұл
жорыққа 30-40 мыңдай кресшілер қатынасты. Олардың құ-
рамында рыцарьлардың қару-жарақ дайындаушылары, күтуші-
лері және шаруалардың аман қалғандарыда бар еді.
1097 ж
.
көктемінде кресшілер
Консантинопльге
жетеді. Онда Византия
императорымен келіссөз жүргізіп, 1097 ж.жазында Кіші Азияға
өтеді. Дориле маңында түріктерді жеңіп, Палестинаға қарай
оңтүстік- шығыс бағытта қозғалады. Сапар өте ауыр болды.
Таулы, сусыз, ыстық аудандарда көптеген кресшілер қырғынға
ұшырады. Егер крестшілер Сирияның шекарасында өздеріне
одақтас таппағанда олардың жорықтары да сәтсіз аяқталатын
еді. Бұл одақтас армендер болды. Киликиядағы кіші Армения
Византиямен де, түріктермен де қайшылықта болғандықтан
олар кресшілерді өздерінің құтқарушылары ретінде қарсы алды.
Достарыңызбен бөлісу: