Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы
. Еуропада
қалалар ХІғ. дейін де болды. Көптеген қалалар бұрынғы Рим
дәурінен қалған еді. Италияда, Францияда, Англияда, батыс
және Оңтүстік Германияда, Испанияда мұндай қалалар: Рим,
Флоренция, Милан, Неаполь
Италияда,
Париж, Лион, Марсель,
Бордо
Францияда,
Лондон, Винчестр, Иорк
Англияда,
Ахен,
Трир, Майнц, Аугсбург
Германияда,
Барселона,
Сарогосса
Испанияда. Алайда бұл қалалар ерте орта ғасырларда қолөнер
мен сауданың орталықтары болған жоқ. Олар ақсүйектер мен
діни шонжарлардың мекен -жайлары немесе қамалдары болды.
Қала тұрғындары феодалдарды күтушілер болып, егінмен ай-
налысты.
Ал, жаңа қалалар әр түрлі жерлерде қалыптасты. Мәселен
феодалдардың қамалдарының төңірегінде,
Страсбург, Аугсбург,
Гамбург
осындай қалалар.
Бур
г деген қамал деген мағананы
білдірді. Шіркеу төңірегінде қалыптасқан қалалардың аттары-
ның соңында
санкт, сан, сен
деген тіркеулер жалғастырылды.
Мысалы,
Сен-Жермен
т.б. Қалалардың бір бөлігі өзеннің бір
жағасынан екінші жағасына өтуге қолайлы сағалар төңірегінде
қалыптасты.
Мысалы,
Оксфорд,
Кембридж
Англияда,
Майндағы Франкфурт
т.б Германияда.
Орта ғасырлық қаланың өндірістік негізін қолөнершілік
шаруашылық құрады. Қолөнерші де шаруа тәрізді өзінің жеке
шаруашылығын өзі жүргізді. Себебі, оның шаруашылығы өзінің
жеке еңбегіне негізделді. Алайда оның шаруалардан ерекшелігі
сол оның өндіріс құралы жерге мұқтаж болмады. Қолөнерші
жер үшін де жеке басының бостандығы үшін де ешкімге тәуелді
болмады. Оның тәуелсіздігі цехтық ұйымдарға, қалалық құры-
лыстың әулеттілік сипатына байланысты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |