Еуропаның христиандануы
.Ү ғ.аяғында Хлодвигтің бас-
шылығымен франктер христиан дінін қабылдады. ҮІ ғ.аяғында
вестготтар ариандықтан католиктікке өтті. Пиреней түбегіндегі
көптеген тайпалар пұтқа табынудан бас тартып христиан ілімін
қабылдайды. Лангобардтар, англдер мен сакстер, ал ҮІІІғ. Орта-
лық және Оңтүстік Германияны мекендеген тайпалар, ІХ ғ.
Скандинавия христиандана бастайды.
756 жылы Италияның орталығында папа мемлекеті құ-
рылды. Папа Италиядағы тіпті Еуропадағы мемлекеттерді өзінет
тәуелді етіп ұстауға ұмтылды. Шығыстағы шіркеу мемлекет
құрылымының бір бөлігі болды. Батыста ресми тіл латын тілі
болды. Діни рәсңмдер тек сол тілде жүргізілді. Киелі кітапты
жергілікті халықтардың тіліне аударуға рұқсат етілмеді. Ал
шығыс шіркеуі рәсімдерді әр ұлттың өз тілінде атқаруына
рұқсат берді. Батыста барлық дін басыларының үйленуіне тиым
салынды, ал шығыста монахтарға ғана үйленуге рұқсат етілмеді.
Шығыстағы дін басылары шаштары мен сақал мұрттарын қыр-
мады. Бұл айырмащылықтар тереңдей түсіп, нәтижесінде 1054
71
жылы христиан щіркеуі біржолата екіге бөлінді:католитік (бү-
кіләлемдік) және православиелік(құдайды дұрыс мойындайтын).
Католик шіркеуіне тәртіп орнату мақсатында Клюни
қозғалысы етек алып, клюни реформасы жүргізілді.1059 ж. дек-
рет бойынша зайырлы өкімет папаны сайлауға қатыспайтын
болды, папаны тек кардиналдар коллегиясы сайлайтын болды.
Целибат қатаң сақталатын болды, яғни священиктердің үйлену-
леріне қатаң тиым салынды.
Клюни қозғалысының басшыларының бірі Гильдебранд
болды. Ол 1073 жылы ҮІІ Григорий деген атпен папа болып
сайланды. Ол өте пысық, айлакер, мақсатына жетпейінше ты-
ным таппайтын атаққұмар адам еді. 1075 жылы жарияланған
«Папаның диктатында» католик шіркеуінің жаңа саяси бағдар-
ламасы тұжырымдалды. Ол папаның билігін мемлекет басшы-
ларының билігінен жоғары деп жариялады. Папа болып сай-
ланғаннан кейін ҮІІ Григорий Германия императоры ІҮ
Генрихпен инвеститура үшін (шіркеу қызметкерлерін тағайын-
дау құқы) аяусыз күреске түсті. ҮІІ Григорий бірнеше неміс
епископтарын орнынан алды. Оған жауап ретінде ІҮ Генрих ҮІІ
Григорийді папалық тақтан түсірілді деп жариялады. Өз кезе-
гінде ҮІІ Григорий ІҮ Генрихті шіркеуден аластатты, бұдан бы-
лай оның жерінде құдайға құлшылық етілмейтін болды,
христиандық әдет – ғұрыптар сақталмады, вассалардың өз пат-
шасына бағынбауына рұқсат берілді.
ҮІІ Григорийдің бұл әрекетін Гермаанияның ірі неміс
феодалдары, көптеген дінбасылары қолдап әкетті, өйткені олар
императордың шіркеуден аласталуынан өздерінің корольге
қарсы пиғылдарын жүзеге асыру үшін қолайлы сылтау тапқан
еді, осылайша ІҮ Генрихке қарсы бүлік бастады. Мұндай жағ-
дайда ІҮ Генрих папамен келісімге келу жолын іздестіруге мәж-
бүр болды. 1077 жылдың қаңтар айында ол нөкерлерімен
Италияға аттанады. Оны естіген папа елдің солтүстігіндегі
Каносса қамалына барып бекінді. ІҮ Генрих қамал сыртында үш
күн бойы жалаң аяқ, жалаң бас күйінде тізерлеп тұрып, папаның
оны қабылдауын, күнәсін кешіруін өтінді. Нәтижиесінде оның
күнәсі кешірілді. Алайда екеуінің арасындағы ұрыс қайтадан
72
жанданып, ақырында 1085 жылы ҮІІ Григорий қайтыс болды.
[17,60-63 бб.]
Достарыңызбен бөлісу: |