Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет42/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.Италияның Солтүстігі,Орталығы мен Оңтүстігінің арсында 
ерекшеліктердің болу себебі неде? 
2.Италияда шаруаларды тәуелділікке түсірудің жолдарын 
сипаттаңыз. 
3. «Фара» дегеніміз не? 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.VI-VIII- ғ дейін Солтүстік Италияның үлкен бөлігі кімдердің 
қол астында болды? 
А)Лангобордтардың В) Шіркеулік монастрлардың
С) Англосаксондықтардың 
Д)Француз-нормандықтардың Е) Француздардың 
2.ІХ ғ. елдің оңтүстік өңіріне кімдер басып кірді? 
А)Венгрлер В) Арабтар С) Германдар Д) Ағылшындар
Е) Парсылыр 
§ 11. ІХ-ХІ ғғ.Германия 
 
1.
 
Герман мемлекетінің құрылуы. 
2
.
 
Саксон әулетінің саясаты. 
3.
 
Франкон әулетінің кезіндегі Германия

Герман мемлекетінің
құрылуы
.
843 ж. Верден шарты 
бойынша 
Шығыс франктердің
жерлері болашақ 
Германияның
аумағын құрады. Оны Ұлы Карлдың немересі 
Людовиг
басқар-
ды. Ол кезеңде елдің ұлттық бірлігі туралы айту әлі ерте еді. 
Германия мынадай герцогтықтардан тұрды: 
Саксония

Франкония
,
Швабия

Бавария
және кейінірек батыстағы 
Лотарингия
қо-
сылды.
Германияда феодалдану Франциямен салыстырғанда баяу 
жүрді.
Х ғ.басында 
қауым-маркаға
біріккен ерікті шаруалар көп 
уақыт бойы өз тәуелсіздіктерін сақтады. Ал ақсүйектер тарапы-
нан шаруаларды бостандықтан айыру әрекеттері болса, шаруа-
лар дереу көтерілістер ұйымдастырып отырды. Мысалы, 
Саксония жерінде 
841-842 
жж. шаруалар көтерілістері болды. 


65 
Х-ХІ ғ. марка-қауым ыдырап, ақсүйектер мен діни жер ие-
ленушілер өз қолдарына көп жер үлестерін ала бастады. 
Селолық қауымда ірі жер иеліктері бар 
орта
және 
ірі аллодтар
сақталып, олардың жері ішінара басы бос емес адамдардың кө-
мегімен өңделді. Бірақ бұл аллодтар толық мәнді меншік ие-
леріне айналмаған еді. Оларда тәуелді шаруалар еңбегін пайда-
лануда шаруашылықтың негізгі түріне айналған жоқ. Көптеген 
аймақтарда тайпалық дәуірден қалған көне 
соттық 
және 
әскери 
ұйымдар сақталып, сатылы жүйе ақырына дейін қалыптасып 
болмаған еді. 
Елдің мемлекетке баяу айналуын Х ғ.басында тайпалық 
герцогтықтардың сақталуынан да көруге болады. Ірі жер 
иеленушілерге айнала бастаған герцогтар өз билігін нығайту 
мақсатында тайпалық көсемдер билігін пайдаланды. Мұның өзі 
Германияның тарихи дамуына кедергі болған 
тайпалық быты-
раңқылықты
сақтауға итермеледі. Дегенмен Германиядағы ірі 
жер иеліктерінің санының өсуіне король иеліктеріндегі жер-
лердің ұрлануы үлкен рөл атқарды. Себебі соңғы Каролингтер 
әулетінің ұрпақтары өз жерлерін сақтап қалуға дәрменсіз болды. 
Герман феодалдарының 
шығыста славян
және 
венгрлерге

Италияның оңтүстігіне
шапқыншылық соғыстарының жүргізуі 
герман 
қоғамында 
рыцарьлықтың 
дамуын 
жеделдетті. 
Рыцарьларға
- ақсүйектердің жас өкілдері, ұсақ дворяндар, ат 
пен қару-жарақ сатып алуға жағдайлары бар ерікті шаруалар 
алынды. Рыцарьлардың құрамына сарай, еріксіз қызметшілері 
де алынып, олар өздерінің қожайындарының қару-жарақтарын 
тасыды, оларды күтті. 
Герцогтар бытыраңқылықтың негізгі себепкерлері болып,. 
корольдік үкіметтің әлсіреуіне ынталы ықпал етті. Олар Х ғ. 
басында Каролингтер әулетінің билігінің әлсіреуіне қол жет-
кізді. Алайда
Х ғ.ортасында қайтадан король үкіметінің билігі күшейді. 
Оған себеп болған, 
біріншіден 
жергілікті герцогтардың бірі ко-
роль болып, герцогтық жер иелігі мемлекеттегі корольдік би-
лікті жеңіп алудың алғы шарты болды. 
Екіншіден,
корольдік үкі-
меттің күшеюіне герман феодалдарының Х-ХІІІ ғғ.жүргізілген 
шапқыншылық соғыстары себептігін тигізді. Соғыс феодалдар-


66 
дың өзара бірігуін қажетсінді. Өйткені ,король оларға әскерді 
басқаратын 
қолбасшы
ретінде қажет еді. 
Үшіншіден,
рыцарь-
лықтың саяси маңызын ескеруіміз керек. Рыцарьлық қауымның 
саны мен бірлігі күшейді. Сондықтан король үкіметі ірі фео-
далдарға қарсы осы рыцарьларға арқа сүйеуіне мүмкіндік туды. 
Сонымен бірге шаруалардың көтерілісін басып-жаншу үшін де 
король үкіметі феодалдарға қажет болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет