Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


ІХ-ХІғғ.Францияда феодалдық қатынастардың дамуы



Pdf көрінісі
бет38/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

ІХ-ХІғғ.Францияда феодалдық қатынастардың дамуы. 
Хғ. француз шаруаларының көпшілігі басыбайлы шаруаларға 
айналды. Басыбайлы шаруалар 
(сервтер)
жеке басы,
жері
және 
құқықтық 
жағынан мырзасына тәуелді болды. Тәуелділіктің 
осы үш түрінің әр қайсысына белгілі бір айыптар мен төлемдер 
төледі. Серв тәуелді адам ретінде жеке басының салығын еркін 
адаммен некеге отыратын болса немесе басқа мырзаның сервіне 
үйленетін болса неке салығын төледі. Шаруа жер үлесі үшін 
мырзаға жұмыс істеуге міндетті болды. Аптасына 
үш күн
егіс-
тікте, құрылыста т.б. жұмыстар атқарды. Сонымен бірге заттай 
не ақшалай алым төледі. Құқық жағынан тәуелді адам ретінде 
дау-жанжалдар бойынша тек мырзаның иелік сотында ғана сот-
тасуға тиісті болды. Сот алымдарымен айыптар төлеп отырды. 
Сонымен бірге шаруалар алған өнімдерін өңдеу үшін мырзаның 


60 
диірменін, пешін, жүзім сыққышын пайдалануға тиіс болды, ол 
үшінде салық төлеуге тиісті болды. Шаруалардың бір бөлігі 
(
вилландар
) жеке бастарының бостандығын сақтағанмен 
жер
мен
 сот
жағынан феодалға тәуелді болды. 
Х-ХІ ғғ. феодалдардың жеке меншігіне өткен ормандар 
мен суларды, шабындықтарды пайдаланғандары үшін қосымша 
ақы төленді. Шаруалар феодалдарға қарсы көтерілістер жасап 
отырды. Мәселен 
997
жылы бүкіл Нормандияны қамтыған 
көтеріліс болды. Шаруалар қауымдық жерді қалпына келтіруді 
талап етті. Алайда норман феодалдары бұл көтерілісті қатал-
дықпен басып тастады. 
1024
жылы Бретаньда шаруалар көтері-
лістері болды. осы көтерілістердің нәтижесінде шаруалар біраз 
жеңілдіктер алды. Олар: феодалдық рентаның мөлшері белгі-
ленді, барщинаның күні қысқарды, жерді мұраға қалдыруға құ-
қықтары болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет