Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Ұлы Альфред кезіндегі Англия



Pdf көрінісі
бет35/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Ұлы Альфред кезіндегі Англия
. Англосаксондық мемле-
кеттің дамуына 
871-900 жж.
аралығында билік құрған 
ұлы 
Альфред
өзінің тарихи ізін қалдырды. 
871
ж. даттықтар 
Лондонды басып алғаннан соң Альфред елдің оңтүстігіне қа-
шып кетіп, сол жерден партизандық әдіспен даттықтарға қарсы 
соғыс қимылдарын жүргізді. Бұл соғыстар барысында ол әскер 
құрды, оның негізі ерікті шаруалардан(фирд) құралған көне ха-
лық жасағынан тұрды. Сонымен бірге ұсақ жер иелерінен құ-
ралған ауыр қару – жарақты атты әскер және әскери теңіз фло-
тын да құрды. Сөйтіп Ұлы Альфред осындай әскери күшпен 
даттықтарды тоқтатып,879 жылы оларды келісім шарт жасауға 
мәжбүр етті. Бұл шарт бойынша елге, 
оңтүстік-шығыс бөлігі


56 
англосаксондықтардың
қолында, ал 
солтүстік-шығыс
даттық-
тардың 
қолында қалды. Даттықтарға қарсы көптеген бекіністер 
бургтер
салынды. Сонымен бірге 
Ұлы
Альфред
Англияда тұн-
ғыш рет халықтан салық жинауға көшті. Бұл салық халық ара-
сында «
дат ақшасы»
деп аталды. Себебі жиналған салық дат-
тарға қарсы күреске пайданылды. 
Франктер королі Ұлы Карл сияқты Альфред те білімді 
қолдап отырған. Ол латын тілін жақсы білген және бірнеше ла-
тын авторларын англосаксондық тілге аударған. Корольдің бұй-
рығы бойынша жүйелі түрде маңызды мемлекеттік істер жа-
зылып отырған. Оның қолдауымен білімді клириктерді дайын-
дау үшін епископтық кафедраларда мектептер ашылды. 
Винчестрдегі Ұлы Альфредтің ескерткіші
Альфредтің бұйрығы бо-
йынша Кенттің, Уэссекстің және 
Мерсияның көне заңдар жинақ-
тары жинастырылып, сонымен 
бірге жаңадан «
Альфред ақиқа-
ты
» деп аталатын заңдар жина-
ғын жазып қалдырған. Бірақ бұл 
заңдар жинағы қай жылдары жа-
зылғандығы туралы дерек жоқ. 
Англосаксондар қоғамында 
даттар шапқыншылығы кезінде де 
корольдің грамоталарымен ақсү-
йектер мен шіркеулік жер иелік-
тері көбейе түсті. Сөйтіп елде 
жаңа меншік түрі бокленд нығая 
түсті. Оларға әр түрлі жеңілдіктер 
берілді. Король ірі жер иелеріне 
көрші тұрғындарды соттауға және олардан соттық салықтарды 
жинауға рұқсат берді. Бұл жеке сот 
соко 
деп, ал осы соттарға 
шағым түсірген шаруалар 
сокмен
деп аталды. Өздерінің ие-
ліктерін 
манорлар
деп атады. 


57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет