Х-ХІғғ. Англия . Альфред пен оның мұрагерлері дат шап-
қыншылықтарын тоқтатқанымен, олардың басқыншылғы Хғ.
аяғы мен ХІ ғ. басында қайта басталды. Бұл жолы даттар
Скандинавиядан емес,тікелей Даниядан шабуыл жасады. Сөйтіп
Англия өзінің тәуелсіздігінен айрылып, дат королі Канутқа
бағынды.
Канут Датский ( 1017-1035 )бағындырған жерлері
Норвегия, Швеция, Англия, Шотландия және Даниядан тұратын
ірі солтүстік мемлекетін құрды. Англия даттарға салық төлеуге
мәжбүр болды. Дат феодалдары Англияның оңтүстігінен көп
жерлерге ие болды. Канут өлгеннен кейін оның мемлекеті тез
ыдырап Дания жері ғана қалды. Англияда қайтадан англосак-
сондық әулет билік құра бастады. Бірінші болып
Эдуард Исповедник (1042-1066) болды. Бірақ оның билігі әлсіз еді.
Англосаксондық ақсүйектердің бір бөлігі даттардың ықпалында
болып, ал бір бөлігі Эдуардтың бастауымен француз-норманд
герцогі Вильгельммен одақтасуға тырысты. Эдуард қайтыс
болғаннан кейін жергілікті ақсүйектер англосаксондық герцог
Гарольд Уэссекскийді король етіп сайлайды. Бірақ Вильгельм
Нормандский : « Эдуардтың өсиеті бойынша Англияның королі
мен болуым керек »деп, 1066 жылы үлкен француз әскерімен
Гастингс қаласының түбінде Гарольдтың әскерін жеңді. 1066 ж.
25 желтоқсанда Лондонда өзін
Англия королі деп жариялады.
Сөйтіп осы кезеңнен бастап Англия тарихында
англосаксондық дәуір жойылды.
Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Британияда қандай англосаксон корольдіктері құрылды?
2.Англосаксон корольдықтарындағы феодалданудың ерекшелігі
қандай?
3.Ұлы Альфредтің ішкі-сыртқы саясаты қандай еді?
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Британия аралын англосакстар қай ғасырдан жаулай бас- тады? А) ІІ ғ. В) ІІІғ. С) ІҮғ Д) Үғ. Е) ҮІ ғ.
2.Қай ғасырда англо-саксондық корольдіктер Англияға бірікті? А)ҮІІІ ғ В) ІХ ғ С)Х ғ Д)ХІғ Е)ХІІ ғ.