Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет32/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Реконкиста қозғалысы.
 
Испан - араб қоғамы дәстүрлі 
феодалдық қоғам болды. Сондықтанда ірі қалалармен бірге тү-
бектің ішкі аймақтарында тәуелсіз шаруашылық саясат жүргіз-
ген жергілікті корольдіктер болған еді. Мұның өзі халифаттың 
саяси дамуына өзіндік кері әсерін тигізді. ХІ ғ. халифат ірі ор-
таша 
23 
феодалдық мемлекетке бөлініп кеткен еді. Сонымен 
бірге халифаттың тұрғындарының басым көпшілігі арабтар - 
маврлар емес еді. Бағынған Пиреней түбегінің халқының кей-
біреулері араб тілі мен мұсылман дінін қабылдағанымен көп-
шілігі маврларға жаулаушылар, қанаушылар ретінде қарады. 
Сондықтанда оңтүстікке таулы аймақтардан шабуыл жасаған-
дарды қолдап отырды. Әсіресе бұрынғы вестгот мемлекетінің 
астанасы Толедо қаласы ІХ-ХІ ғғ.бірнеше рет Кордова халифа-
тына қарсы күрес жүргізді. Арабтар солтүстігіндегі 
Астурияны,


51 
Наварра
мен 
Испан
маркасын бағындыра алмаған еді. Осы жер-
лерден арабтарға қарсы шабуылдар басталды. Бұл шабуыл жал-
пы халықтық ұлт -азаттық қозғалысқа 
реконкистаға
айналды. 
Бұл заңдылық та еді. Себебі арабтардың шапқыншылығы кезін-
де испандықтар егіншілікке қолайсыз Жерорта теңізінен кесіл-
ген таулы аймақтарға ығыстырылды, және өздерінің ата-жұрты-
нан айрылған испандықтарға өздерінің дәстүрлі шаруашылығын 
жүргізуімен
қатар
ұлт болып
қалыптасуына
қатты
қатер
төнген еді. 
Ұлт -азаттық қозғалыс-реконкистаның негізгі кезеңдерін 
былай көрсетуге болады. ҮІІІ-ІХ ғғ. Астурия корольдігі өзінің 
ықпалын бірте-бірте түбектің солтүстігі мен солтүстік –ба-
тысына жүргізе бастады. Х ғ. астуриялықтар оңтүстікке жыл-
жып Леон қаласын өздерінің орталығына айналдырды. Осы 
Леон қаласының атымен Астурия корольдігі 
Леон корольдігі
деп 
аталды. Х ғ. екінші жартысы мен ХІ ғ.басында Дуэро өзенінің 
бассейніне дейінгі оңтүстіктегі жерін кеңейтті. Бұл жерде араб 
халифатымен шекаралас көптеген қамал-сарайлар -бургтар қа-
лыптасты. Қамалдардың атымен жаңа ел 
Кастилия
құрылып, 
оның астанасы 
Бургос
қаласы болды. 1
037
жылы Леон король-
дігі 
Кастилия корольдігі
деп аталды. ХІ ғ.екінші жартысында 
кастилиялықтар Тахо өзеннің жағалауын басып алды. 1085 ж. 
король ҮІ Альфонс Толедо қаласын өзіне бағындырды. 1086 ж. 
ҮІ Альфонс Заллака қаласының маңында арабтардан күйрей же-
ңілді. 
Пиреней түбегінің солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан 
Наварра корольдігінің ІХ ғ.белсенділігінің өте нашар болған-
дығымен оның оңтүстігі үлкен саяси өзгерістерге ұшырады. ІХғ. 
аяғында Испан маркасының құрамынан Арагон графтығы бөлі-
ніп шығып, ХІ ғ.
Арагон корольдігіне 
айналды. 1118ж. арагон-
дықтар арабтардан 
Сарагосса
қаласын тартып алып астанаға ай-
налдырды. Испан маркасының Каталония немесе Барселония 
графтығына айналған Испан маркасымен 1137 жылы Арагон 
қосылды. Сонымен бірге жартылай аралдың батысындағы 
1095 
ж.құрылған Португал
графтығыда оңтүстікке шабуыл бастады. 
1116 
ж. ол корольдікке айналды. Португалияның Дуэрро өзені-
нің бойында орналасқан 
Апорто
қаласы алғаш 
астанасы 
болып, 
Тато өзенінің бойында орналасқан Лиссобон қаласы 1147 ж. 


52 
Португалияның астанасына айналды. Сөйтіп ХІІ ғ. басында 
Пиреней түбегінде 
4
христиан мемлекеті қалыптасты. Олар 
Кастилия
,
 Наварра

Арагон
және 
Португалия
. ХІ ғ.аяғымен бү-
кіл ХІІ ғ.реконкистік қозғалыспен өтті. 
Сөйтіп бұл қозғалыс, мұсылмандар мен христиандар ара-
сындағы крест жорықтары кезіндегідей діни соғысқа да айнал-
ды. Алғашқы кезеңдегі діни татулық бітіспес қайшылыққа ай-
налды. Маврлар өздеріне солтүстік Африкалық берберлік және 
т.б мұсылман тайпаларын көмекке шақырды. 1086 ж. батыс 
Сахара даласынан Испанияға 
альмоаравиттер,
1125 жылы 
Атлас тауынан 
альмохаттар
келді. Ал испандықтарға көмекке 
Франция, Англия, Германия және Италия рыцарьлары келді. 
Испанияда маврларға қарсы күресетін арнаулы діни – рыцарь-
лық ордендер Сантягода, Алькантарада және Калатравада құ-
рылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет