Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Феодалдық қатынастардың қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет40/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Феодалдық қатынастардың қалыптасуы

Лангобардтар 
жергілікті тұрғындардан бөлек қоныстанып, өздерінің «
фара
» 
деп аталған рулық қандас қауымдарын, топтарын құрды. Үздік-
сіз соғыстар мен лангобард ақсүйектерінің жерді басып алуына 
байланысты және Римдегі жеке меншіктің ықпалымен ерікті 
қауымдар арасында топқа бөліну басталып , лангобард фара-
лары ыдырай бастады. Осы ыдырауға негізгі себеп жерге жеке 
меншіктің пайда болуы еді. VII ғ. Соңында лангобардтықтардың 
егістік жерлері 
аллодқа
айналып, 
ірі жер иеліктері
пайда бола 
бастады. Король жасақшылары 
гезиндер
, әскери басшылар –
гер-
цогтар, графтар
мен 
корольдар
ірі жер иелеріне айналды. Сон-
дай-ақ ІХ ғасырға қарай жер иелеріне діни уағыздаушылар, ақ-
сүйектер де айналып феодалдардың қатарын өсірді. Ал ерікті 
село тұрғындары өздерінің жерлеріне жеке меншік құқығынан 
айрылып, жер шонжарлары патронат пен коммендацияларға бір-
те-бірте тәуелді бола бастады. Сөйтіп Рим құлдары мен колон-
дары, жартылай ерікті шаруалар бірігіп феодалдарға тәуелді 
шаруаларға айналды. Алайда лангобардтардың Италия тұрғын-
дарынан оқшау қоныстануы қауымдық-рулық қатынастардың 
ұзақ уақыт сақталуына жағдай жасаған еді. Сондықтанда мұнда 
феодалдық қатынастар баяу дамыды. 
ҮІІІ аяғында Италияны франктердің жаулап алуы феодал-
дық қатынастардың дамуын жеделдетті. ІХ-ХІ ғғ. шаруаларды 
ұстау оларға 
29 жылға
жерді жалға беру тәсілі қолданылды. Бұл 
тәсіл 
либелло
деп аталынды. Шаруа-либеллиярий шыққан өнім-
нің үштен бірін не төрттен бірін жер иесіне беріп, баршиналық 
қызмет көрсетті. Сөйтіп, Солтүстік және Орта Италияда ІХ-
ХІ ғғ. шаруаларды тәуелділікте ұстаудың 
либеллиярлық
түрі ба-
сым болды. Сондай-ақ шаруалардың прекарийлық және эмфи-
тевзис түрі яғни натуралды немесе ақшалай салық төлеп жерді 
мәңгі мұрагерлік жалға алудың да түрі қолданылды. Сөйтіп ІХ-
ХІ ғғ. либеллиярлар мен прекаристердің басым бөлігі феодал-
дарға тікелей тәуелді болып, басы байлы шаруаларға айналды. 
Оңтүстік Италияның өзіндік әлеуметтік-экономикалық өз-
гешелігі болды. Италияның Оңтүстігі мен Сицилия остгот және 
лангоборд шапқыншылығына аз ұшырап, ұзақ уақыт құл иелен-
ушілік тәртіпті сақтауға тырысқан Византияның қол астында 


63 
болды. ІХ-ХІ ғғ.бұл аймақта феодалдық иеліктер толық қалып-
тасқан жоқ. Негізгі жұмыс күші колондар, құлдар мен ұсақ ерік-
ті шаруалардан құралды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет