Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет37/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

§ 9. ІХ-ХІ ғғ. Франция 
 
1.Францияның ІХ-ХІ ғғ.саяси жағдайы. 
2.ІХ-ХІғғ. Францияда феодалдық қатынастардың дамуы. 
Францияның ІХ-ХІ ғғ.саяси жағдайы
. Верден шартынан 
кейінгі алғашқы француз королы шашсыз Карл 
847 жылы 
Мерсен
жарлығын (капитулярий ) шығарып, әрбір ерікті адам-
ның өзіне 
мырза 
табуын бұйырды. Ал, 
877 ж. Кьерсий
жарлығы 
сыйға берілген бенефицийлер мен 
граф 
деген атақтың мұраға 
қалдырылатындығын жариялады. Бенефиции мұрагерлік иелік-
феодқа
айналды. 
Граф, вице-граф, маркграф, герцог
деген ти-
тулдар мұрагерлік атақтарға айналды. Бұл шаралар феодтық ие-
ліктің толық орнауына, сатылық жүйенің қалыптасуына жағдай 
жасады. 
843 жылғы
Верден келісімі
Еуропаның болашақтағы үш 
мемлекетінің 
Франция,
Германия,
Италияның
жалпы ауқымын 
белгіледі. Олардың ішінде батыс франктердің мемлекеті бола-
шақ Францияның негізін қалады. Бұл жерде солтүстік роман ті-
лінде сөйлейтін француз халқы қалыптасты. Мемлекеттің аста-
насы 
Париж қаласы
болды. Батыс франктер мемлекетін 
Париждің төңірегіндегі 
Иль-де - франс
аймағының атымен 
Франция 
деп атай бастады. Каролингтер Францияда өз билік-
терін Х ғ. соңына дейін ұстап тұрды. Дегенмен франктер импе-
риясы ыдырағаннан кейін Франциядағы соңғы Каролингтер қо-
лында Нейстрия мен Бургундияның солтүстік батыс бөлігі 
қалып, Бургундия герцогтігі құрылған еді. Х ғ. неміс және фран-
цуз каролингтері өз ара бітіспес соғыстар жүргізді. Францияға 
нормандар жиі шабуыл жасап тұрды. Өз ара соғыстармен сырт-
қы шапқыншылықтардан каролингтер әулеті әлсіреді. Каролинг-
терден билікті бай және беделді Париж графтары тартып алып, 
жау шапқыншылығынан Париж және Орлеан қалаларымен орта-
лық және оңтүстік Нейстрия жерлерін қорғап қалды. Ал Сена 
жағалауының солтүстік батыс жерлерін Х ғ. басында норман-
дарға беруге мәжбүр болды. Хғ. бойы патшалық тақ үшін Париж 
графтары мен соңғы каролингтер арасында күрес жүрді. Сөйтіп 
987 
жылы ірі ақсүйектер мен дін басылары бірігіп 
Робертин 


59 
Гуго Капетингті
король
етіп тағайындады. Ол Франция тари-
хындағы Капетингтер әулетінің негізін қалады. 
Алғашқы Капетингтер үкіметі өте әлсіз болатын. Х-ХІ ғғ. 
Франция Батыс Еуропадағы ең 
бытыраңқы
ел еді. Корольден 
гөрі ірі феодалдардың билігі өз аймақтарында күшті болатын. 
Феодалдардың өзара қырқысулары, шіркеудің, қалалардың 
Капетингтерді қолдауы бұл әулеттің корольдік дәрежені өз 
қолдарынан шығармай мұрагерлікке қалдырып отыруға мүмкін-
дік берді. Король өзінің мирастық иелігі Париж бен Орлеан қа-
лалары орналасқан 
Иль-де-Франс
герцогтығында ғана билік 
жүргізді. Ал басқа иеліктер корольге бағынбады. Король 
Парижден Орлеанға бару үшін қасына үлкен жасақ ертіп жүруге 
мәжбүр болды. Үкіметтің мирастығын сақтау үшін Капетингтер 
Х-ХІ ғғ. корольдікті әкесінің тірі кезінде баласына тапсырып 
отырды. Х ғ. Гасконь, Бретань, Нормандия өз алдына тәуелсіз 
болды. Корольге бағынған Фландрия мен Шампаньнің графта-
рының билігі одан күшті еді.
Х ғ. германдықтар мен галлоримдіктердің бірігуі жері жа-
қын туыс, тілі ұқсас феодалдық халықтардың: солтүстік фран-
цуздар мен провансальдықтардың қалыптасуымен аяқталады. 
Бұлардың шекаралары 
Луара
өзенінің оңтүстік жағалауымен 
шектесті. Бұл екі халық болашақ француз халқының негізін қа-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет