Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет50/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Орта ғасыр кезеңіне дейін Еуропа аймағында қалыптасқан 
қандай 
қалаларды білесіз? 
2.Екінші қоғамдық еңбек бөлісі дегеніміз не? 
3.Орта ғасырлық қалар қандай жерлерде қалыптасты? 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Х-ХІғғ.Еуропада қолөнердің ішінде айрықша орын алған екі 
мамандық түрі: 


77 
А

темірден бұйым жасау, шұға тоқу.
В)жібек тоқу
С) шыны-
дан бұйым жасау,мақта тоқу Д)алтыннан бұйым жасау.шұға
тоқу. Е)балшықтан бұйым жасау,жібек тоқу 
2.Цехтар дегеніміз А) шаруалар ұйымы В)феодалдар ұйымы 
С)жастар үйымы Д)маманданған қолөнершілер ұйымы
Е)әскери ұйым. 
 
 
§ 15

Крест жорықтары 
 
1.Крест жорықтарының саяси-әлеуметтік себептері. 
2.Бірінші крест жорығы және кресшілер мемлекеттері. 
3.Төртінші креcт жорығы. 
4.Соңғы крест жорықтары, нәтижелері.
Крест жорықтарының саяси-әлеуметтік себептері

Крест жорықтары деп ХІ ғ.аяғында ХІІІ ғ.соңына дейін жүр-
гізген Еуропа феодалдарының 
Таяу Шығысқа
– 
Сирияға,
Палестинаға,
Египетке,
Балқан түбегіне

Кипр аралына
жаса-
ған әскери отарлау жорықтарын айтамыз. Бұл жорықтар 
1096
жылдардан 
1270
жылдар аралығына дейін созылды. Сыртқы 
көзге бұл жорықтар діни сипатта болды. Католиктік шіркеу 
исламға қарсы соғыс жорығына шықты. Жорықтың басты мақ-
саты Палестинаны «дінсіздерден азат етіп», Иерусалимдегі құ-
дайдың табытын христиандарға қайтару болды. 
Ал шындығына келгенде бұл жорықтар Батыс Еуропа 
феодалдарының жаулаушылық жорықтары еді. Бұл жорықтар 
кезінде Еуропаның барондары мен рыцарлары шығыс қала-
ларын аяусыз тонады. Көптеген кнәздіктер мен корольдіктерді 
өздеріне бағындырып, олардан феодалдық ренталар алып отыр-
ды. Бұл жорықтарға шаруалар қатысқандықтан ол 
бұқаралық 
сипат алды. 
Крест жорықтарының басталуына ХІ ғ.екінші жартысында 
Таяу Шығыстағы экономикалық өрлеумен Батыс Еуропадағы 
экономикалық тоқыраудың нәтижесінде өрістеген әлеуметтік 
шиеленісулер себеп болды. Шығыстағы қалыптасқан жағдайлар 
Еуропалық феодалдардың бұл өңірлерге шабуыл жасауына 
қолайлы жағдайлар туғызды. Ірі Бағдат халифаты 
1055 ж



78 
түпкілікті ыдыраған еді. Түріктер Бағдадты алып, 
1071
жылы 
Манцикерт түбінде
Византияны жеңіп, Кіші Азияны, Сирия 
мен Палестинаны жаулап алды. Олар Фатимилік Египетке 
қарасты христиандардың 
киелі
қаласы 
Иерусалимді
де өздеріне 
бағындырды. Аңыз бойынша бұл қалада 
Иисус Христостың
та-
быты
қойылған делінген, осыған байланысты шіркеу мұ-
сылмандардан «тәңірінің табытын азат ету» ұранын тастап, Таяу 
Шығысқа жорыққа шақырды. Византияның басына да ауыр 
кезең туды. Балқан түбегіне шабуыл жасаған печенегтер 
Константинопольге жақындады, ал түрік – селжұқтар оған қар-
сы флот әзірледі. Византия императоры Алексей Комнин папа ІІ 
Урбанға елші жіберіп , жалдамалы жасақтар құруға көмектесуін 
сұрады. 
Крест жорықтарының негізгі себептері Батыс Еуропадағы 
әлеуметтік шиеленісудің тереңдеуі
еді. Қала мен сауданың 
қарқынды дамуымен феодалдардың шаруалардан алып отырған 
пайдаларының мөлшері қанағаттандырмады. ХІ ғ. ұсақ 
ры-
царларға бос жерлер жетіспеді
. Көптеген рыцарьлардың тіптен 
меншік жері болмады. Мұндай рыцарьлар 
шығысқа 
жорық 
жасап жаңа жерлерді алуды ойлады. Сонымен бірге рыцар-
лардың назарын басқа жаққа аудару ірі кнәздер мен барондарға 
да тиімді болды. 
Крест жорықтары 
шаруалар 
мәселесінде де үлкен мәнге 
ие болды. Қатты қанауға ұшыраған Батыс Еуропа шаруалары 
крест жорықтарының алғашқы кезінде қатты белсенділік көр-
сетті. Себебі олар шығысқа жорық жасау арқылы 
басы байлы 
қанаудан

қарыздарынан
құтыламыз деп ойлады.
Ақсүйектер мен шіркеулік феодалдар крест жорықтары 
арқылы шаруалар арасындағы шиеленісті бәсеңдеткілері келді. 
Сондықтанда шаруалар арасында монахтар діни уағыздар 
жүргізіп, «
құдай ісі үшін
» шығысқа жорыққа қатысуға шақыр-
ды. Алғашқы екі жорыққа шаруалар белсенді қатысты. Үшінші 
жорықтан бастап крест жорықтары феодалдардың жорықтарына 
айналды. 
Крест жорықтарына Италия қалалары 
Генуя
мен 
Венеция 
маңызды рол атқарды. Олардың теңіз күштері Шығысқа крес-
шілерді жеткізіп, оларға азық-түлік тасып тұрды. Сөйтіп шығыс 


79 
порттары мен базарларынан олар өздерінің тиесілі үлестерін 
алып қалуға тырысты. 
Католиктік шіркеудің
де өз мақсаты болды. Шығысқа 
жорық арқылы ол бытыраңқы Еуропадағы 
саяси билікті өз қо-
лына алғысы
келді. Өзінен бөлінген шығыс шіркеуін өзіне қай-
таруды ойлады. Мұсылмандарды католиктік дінге енгіздірмекші 
болды. 
Сонымен 
1095 ж. күзінде
Оңтүстік Франциядағы 
Клермон 
қ
аласында 
папа ІІ Урбан
діни жиын өткізіп ,шығысқа жорыққа 
аттануға шақырды. Жорықтың мақсаты христиандарға «
құдай-
дың табытымен киелі Палестина жерін қайтару
» деді. Жо-
рыққа қатысушылардың күнәсі кешіріліп байлыққа ие бола-
тындығы туралы айтылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет