91
Саяси-экономикалық дамуы
. ХІ ғ.екінші жартысынан
бастап қалалар мен тауар ақша қатынасының дамуына бай-
ланысты, Батыс Еуропа елдерінде саяси бірігу құбылыстары
жүргізіле бастады. Бөлшектенген мемлекеттер біріктіріліп, ко-
роль өкіметі күшейе бастады.
Орталықтандырылған билік әсіресе Батыс Еуропа елде-
рінің ішінде
Англия
мен
Францияда
тез қарқынмен жүзеге аса
бастады. Бұл екі елде жедел қарқынмен дамыған экономикалық
жағдай, өнеркәсіптің, сауданың, қалалардың, ішкі рыноктың
қалыптасып дамуы елдің бірігуін жеделдетті. Бұрын қалып-
тасқан ірі қалалар
Париж
бен
Лондон
елдегі барлық аймақ-
тармен қатынастарын нығайтып, елдің саяси бірігуіне жағдай
жасады. Елдегі тауар- ақшаның дамуы үшінші әлеуметтік топ
қала тұрғындарын
қалыптастырды. Ал қалалықтар елдегі
әлеуметтік топтардың ішінде бытыраңқы монархияның орнына
күшті
орталықтанған
король үкіметінің болғанын қалады.
ХІ ғ. екінші жартысынан бастап ХІІ-ХІІІ ғғ. Францияда
өндіргіш күштердің жедел қарқынмен дамуы байқалады. Егін-
шілік, бау-бақша өсіру дамыды. Қалалардың өсуі азық-түлік
өнімдеріне сұранысты көбейтті. Тауарлы ақша қатынасы дерев-
няларға еніп қаламен байланысы күшейді.
ХІ-ХІІІ ғғ. Францияда қалалар жедел қарқынмен өсті.
Оңтүстіктің көптеген қалалары өндіріс орталықтарына айналып
ғана қоймай, Италия мен Таяу Шығыспен сауда қатынастарын
жүргізді. Олардың ішінде әсіресе
Марсель
, Тулуза сияқты қа-
лалар маңызды орын алды. Солтүстік және солтүстік-шығы-
сындағы қалалар
Суассон
,
Руан
,
Рейм,
Труа
сияқты қалаларда-
шұға, кенеп тоқу, тері өңдеу, қалайыдан, темірден, күмістен
өнімдер шығарды. Бұл өнімді жыл сайын Труа, Бри, Ланеч
сияқты қалалардың жәрмеңкелерінде сатылды. Францияның
солтүстік-шығыс бөлігі оңтүстік қалалардан баяу дамыды. Олар
Германия, Нидерланды, Англиямен сауда қатынасын жасады.
Сөйтіп Францияның жалпы
ұлттық ішкі базары
қалыптасып,
Париж қаласы елдің барлық аймағын байланыстыратын өнер-
кәсіпті және сауда орталығына бірте-бірте айнала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: