Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет60/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Авиньондағы папа сарайы 
Бордосский Ү Климент 
деген атпен папа болып сайланып, 
өз сарайын 
Авиньон 
деген қалаға көшірді. Осы қалада папалар 
1378 жылға дейін тұрып бұл кезең 
Авиньон тұтқынындағы па-
палар 
кезеңі деп аталды. 
ІҮ Филипп сонымен бірге крест жорығының кезінде құ-
рылған дәулетті 
тамплиерлердің
діни-рыцарлық орденін жойып, 
байлығын кәмпескеледі.Бұл ұйымның жетекшісі (магистр) 
Жак 
де
Молеге
жала жабылып 
1314 жылы 18 наурызда
отқа өртелді. 
Өлерінің алдында Жак де Моле папа мен корольді қарғаған еді, 
папа екі аптадан кейін, ал король жарты жылдан кейін қайтыс 
болады. 


94 
Жүз жылдық соғыс
. ІҮ Филиптің кіші ұлы 1328 жылы 
дүние салады. Англия королі 
ІІІ Эдуардтың
шешесі ІҮ 
Филиптің қызы болатын. Сондықтан ол Франция тағына оты-
руына құқы бар екендігін жариялады. Алайда Франция тағына 
ІҮ Филиптің інісінің ұлы 
ҮІ Филипп Валуа (1328
-
1350)
отырды. 
ІІІ Эдуард тақ мәселесін қарумен шешуге тырысты.Осылайша 
Англия мен Франция арасындағы 
1337
жылдан 
1453
жылға 
дейін жүргізілген 
жүз жылдық соғыс
басталды. Соғыстың бас-
талуына екі елдің арасындағы жерге таласушылық та себеп бол-
ды. Ағылшын феодалдары 
Нормандия
мен 
Анжудан
айрылып 
қалғандығын ұмыта алмады. Ал француз корольдері 
Аквитания-
дағы
жер иеліктерін өздеріне қайтарып алуды ойлады. Англия 
үшін 
Аквитания
өте қажетті экономикалық аймақ еді. Бұл жерде 
қымбат шарап жасалып, жеміс-жидек, жылқылардың бағалы 
түрлері өсірілді. Сонымен бірге 
Фландрия
екі ел арасындағы қа-
рама қайшылықтың орталығы болды. 
Соғыс ағылшындардың солтүстіктегі қимылдарымен бас-
талды. Ағылшындар 
1340 ж

Слейсе түбінде 
(Фландрия)
 
француз флотын түгелдей жойып жіберді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет