94
Жүз жылдық соғыс
. ІҮ Филиптің кіші ұлы 1328 жылы
дүние салады. Англия королі
ІІІ Эдуардтың
шешесі ІҮ
Филиптің қызы болатын. Сондықтан ол Франция тағына оты-
руына құқы бар екендігін жариялады. Алайда Франция тағына
ІҮ Филиптің інісінің ұлы
ҮІ Филипп Валуа (1328
-
1350)
отырды.
ІІІ Эдуард тақ мәселесін қарумен шешуге тырысты.Осылайша
Англия мен Франция арасындағы
1337
жылдан
1453
жылға
дейін жүргізілген
жүз жылдық соғыс
басталды. Соғыстың бас-
талуына екі елдің арасындағы жерге таласушылық та себеп бол-
ды. Ағылшын феодалдары
Нормандия
мен
Анжудан
айрылып
қалғандығын ұмыта алмады. Ал француз корольдері
Аквитания-
дағы
жер иеліктерін өздеріне қайтарып алуды ойлады. Англия
үшін
Аквитания
өте қажетті экономикалық аймақ еді. Бұл жерде
қымбат шарап жасалып, жеміс-жидек, жылқылардың бағалы
түрлері өсірілді. Сонымен бірге
Фландрия
екі ел арасындағы қа-
рама қайшылықтың орталығы болды.
Соғыс ағылшындардың солтүстіктегі қимылдарымен бас-
талды. Ағылшындар
1340 ж
.
Слейсе түбінде
(Фландрия)
француз флотын түгелдей жойып жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: