95
Ал
1346
ж. 26 тамызда
Крейсе
түбінде жаяу әскерлердің
шайқасында ағылшындар тағы да жеңіске жетті.
Француздар-
дың жеңілуінің басты себебі француз рыцарлары жалпы қатарда
соғыса алмады. Ағылшындардың қатарында шаруалардан алын-
ған жалдамалылар болды. Олардың
350
қадамнан ататын са-
дақтары бар еді.
1347 ж.
ағылшындар
Кале портын
алды.
Француз және Ағылшын әскерлері
Франция Англия
Француз әскерлерінде рыцарьлық
атты әскер басым болды
Ағылшын әскері француз әскеріне
қарағанда,жақсы ұйымдасқан еді.
Рыцарьлар тәртіпті мойында-
мады; Ұрыста олардың әр қай-
сысы жеке ерлік көрсетіп жеке
көзге түсуге тырысты.
Рыцарьлардың атты әскермен
қатар, ағылшындарда тәртібі
жақсы жаяу әскер көп болды
Жаяу әскер бөтен елдің жалда-
малыларынан құралды
Жаяу әскер ерікті шаруалардан
құралды, олар үлкен садақпен
қаруланды.
Рыцарьлар жаяу әскерді жек
көрді.
Садақтың оғы 350 қадам жерден
темір сауыттан да өтіп кетті.
1356 ж.
Пуатьеге
жақын
Мопертюн
деген жерде ағыл-
шындардың 6 мың әскері француздардың 25 мың әскерімен
шайқасты. Ағылшындарды
ІІІ Эдуардың ұлы
Уэльс ханзадасы
мен Аквитанияның герцогі үстіндегі сауыт-сайманының түсіне
қарай
Қара Ханзада
деп аталған
Эдуард Аквитанский
басқарды.
Француздар тағы да жеңіліс табады.Францияның королі
Қайы-
рымды ІІ Иоанн
(1350-1364)
кіші ұлымен тұтқынға түсті.
Француз феодалдарының дұрыс соғыса алмауы, елді қорғамауы
қарапайым халықтың ашу- ызасын келтірді. Жаулап алған жер-
лерін ағылшындар аяусыз тонады.
1358 ж.
Бовези
округінде шаруалардың
Жакерия
деп
аталған көтерілісі болды. Көтеріліске
100 мыңдай
адам қатысты.
Алғашқыда жеңіске жеткенімен кейін шаруалар көтерілісі жеңі-
ліске ұшырайды. 1358 жылы
француз тағына мұрагер Карл
Парижды алып көтерілісшілерді жазалайды. Дофин соғыстың
барысын Франция үшін қолайлы етіп бұру үшін қолынан кел-
96
генін жасап бақты. Нәтижесінде 1360 ж.Парижге жақын Пуасси
деген жердегі шайқаста Франция жеңіске жетті. Осы жылы
Франция Англиямен бітімге келеді. Келісім бойынша Франция
аумағының үштен бірі Англияға қарады.
Келісім тоғыз жылға
жасалды. Осылайша жүз жылдық соғыстың бірінші (1337-
1360 жж.) кезеңі аяқталды.
1364 жылы Франция королі қайрымды Иоанн қайтыс бо-
лып, орнына дофин Карл Ү деген атпен таққа отырды. Карл
Ү(1364-1380 жж.) француз әскерін нығайту мақсатында жалда-
малы отрядтарды көбейтті және артиллерияны енгізді. Француз
армиясының басына талантты қолбасшы Бертран Дюгеклен та-
ғайындалды. 1369 жылы соғыс қайта жанданғанда француздар
жеңіске жете бастады. 1370 жылдың ортасында ағылшындардың
қолында Францияның жағалаудағы алты қаласы ғана қалды.
1380 жылы Карл Ү қайтыс болып,орнына Карл ҮІ (1380-
1422 жж.)таққа отырды.Екі елдің де өз іштерінде соғыстығ нәти-
жесінде саяси, экономикалық тоқырау орын алуына байланысты
1396 жылы қайта бітім жасалды. Бұл екінші кезеңнің(
1369-
1396 жж.) аяқталуы еді.
Ал, 1415 ж.ағылшын королі Генрих Ү соғысты қайта бас-
тайды. Ағылшындар
60 мың әскермен
француздардың
100 мың
әскерін
Азенкур
түбінде тағы да жеңеді.
Нормандияны алып, Орлеан герцогін тұтқынға түсіреді.
1420 ж
.
Труа
келісімі
бойынша Англия мен Франция
бір король-
дікке бірігеді
. 1422 жылы ағылшын королі Генрих Ү кенеттен
қайтыс болады. Көп ұзамай Франция королі ҮІ Карл де қайтыс
болады. Франция тағына ағылшындарды жақтайтындар
Ү Генрихтың баласы он айлық ҮІ Генрихты король деп жария-
лайды. Ал,француз ақсүйектерінің бір бөлігі ҮІ Карлдың баласы
тақ мұрагері (дофин) Карлды ҮІІ Карл деген атпен король деп
жариялайды. ҮІІ Карлдың алдында
Францияны қайтарып алу
міндеті тұрды. 1415-1424 жж.қамтыған соғыстың үшінші кезе-
ңінде Францияның бүкіл солтүстігі ағылшындар қолында қалды.
Достарыңызбен бөлісу: