97
Ол
Домреми
деревнясында туып өскен.
1429 ж
. ол ҮІІ
Карлді іздеп барып, оның қабылдауында болып, ағылшындарға
қарсы француз жасақтарын басқаруға рұқсат алады. Сөйтіп осы
жылдың
8 мамырында
Орлеанды ағылшындардан азат етеді.
Реймсте ҮІІ Карлге тәж кигізу рәсміне қатысады.
Жанна д Арк.ХҮ ғ.екінші жартысындағы минатюра
Оны халық арасында
Орлеан қызы
деп атайды. Жаннаның
даңқы Францияға тарады. ҮІІ Карл мен феодалдар оның атағы-
нан сескене бастады.
1430 ж
.
Компьен қаласын
қорғау
кезінде
бургундықтар Жаннаны қолға түсіріп, ағылшындарға 100 мың
алтын ақшаға сатады. Ағылшындар қызға әр түрлі
өтірік жала
жабады. ҮІІ Карл қызды құтқару үшін еш әрекет жасамайды.
Сөйтіп,
ағылшындар
1431 ж.30
мамырында
Руан
қаласының
алаңында
Жанна д’ Аркты
отқа өртейді. Тек 1456 жылы Жанна
д’ Аркке байланысты сот ісі қайта қаралып, оны аты ақталады.
Соғыс 1453 жылы шілдеде Бордо түбіндегі шайқастан соң ағыл-
шындар Франциядан кетуге мәжбүр болды. Осы жыл соғыстың
біткен жылы деп саналды.
Францияның жүз жылдық соғыстағы жеңісі оны саяси бі-
ріктіруді аяқтаудың алғышарттарын қалыптастырды.
Франция-
ны біріктіру VII Карлдың баласы ХІ Людовиктің тұсында (1461-
1483) жалғасады.
XV ғасырдың
аяғында Францияны біріктіру
98
аяқталды. Күшті, бірорталыққа бағындырылған мемлекеттің не-
гізі қаланды.
Достарыңызбен бөлісу: