99
Франция, Италия, Венгрия, Балқан елдерімен сауда қатынасын
жақсартып, ол елдерге темір, ауылшаруашылық өнімдерін, қару-
жарақ шығарып отырды.
Рейн бойында
Кельн,
Вормс,
Майндағы
Франкфут
,
Нюренберг
қалалары Германиядағы өнеркәсіптің
дамуында алдыңғы қатарлы орын алды.
Тауарлы шаруашылықтың дамуына қарамастан Германия
бытыраңқы
ел күйінде қалды. Герцогьтар мен ақсүйектердің,
діни кнәздардың саны өсті.
Император
ірі
феодалдардың ара-
сында
ірі мырза
қалпында ғана қалып қойды. Жергілікті тауар
қатынасының дамуы жергілікті феодалдардың билігін күшейтіп
жіберді. Орталық король өкіметінің қалалармен қатынасы нашар
дамыды. Германияда Англия мен
Франциядағыдай король өкі-
метінің
қалалықтарменен одағы
құрылмаған еді. Герман ко-
рольдері қалалықтардың феодалдарға қарсы күресінде қолдау
көрсетпеді. Себебі Герман қалалары бұл кезеңде әлі толық саяси
күреске шықпаған еді. Неміс қалалары ішкі базардан гөрі сырт-
қы базармен тығыз байланыста болды.
Қалалықтармен король
өкіметі арасында одақтың қалыптаспауы Герман император-
ларының сыртқы шапқыншылық соғыстарында әсерін тигізді.
Олар Италия қалаларын және Шығыс Еуропа,
Таяу Шығыс
мемлекеттерін өздеріне бағындыру әрекеттерімен әуестеніп,
Германияның
ішкі мәселерімен
тығыз айналысқан жоқ. Үздіксіз
жүргізілген соғыстар императордың ірі және ұсақ феодалдарға
тәуелділігін күшейтті. Себебі, императордың әскери күштері
феодалдардың өз міндетін орындауына байланысты еді.
Достарыңызбен бөлісу: