Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет63/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.ХІ-ХІІІ ғғ.Францияның экономикалық жағдайы қандай еді? 
2.Бас Штаттар қашан құрылды? 
3. Жүз жылдық соғыстың себебі мен барысы қалай болды? 
4. Жакерия дегеніміз не? 
5. Францияны азат етуде Жанна д,Арктың рөлі қандай? 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1.Бас штаттарға қандай әлеуметтік топтардың өкілдері 
қатынасты?
А) Діні иелерінің, дворяндардың, қала тұрғындарының
В) Дін иелерінің, шаруалардың, қала тұрғындарының С) Қала
тұрғын дарының,шаруалардың, дін иелерінің Д) Дворяндардың, 
қолөнершілердің, шаруалардың Е) Діні иелерінің, 
дворяндардың,шаруалардың
2.
Жүз жылдық соғыс қай жылдары болды?
А)1337-1453жж. В)1227-1327 жж. С)1453-1553 жж. Д)1667-
1783 жж. Е)1460-1560 жж
§18. ХІ-ХҮ ғғ. Германия 
1.Германияның экономикалық дамуының ерекшеліктері. 
2.Штауфендер әулетінің саясаты. 
3.Немістердің Балтық бойын бағындыруы. 
Германияның экономикалық дамуының ерекшеліктері
.
Германияда Франция, Англиядағы сияқты экономикалық дамуы 
қарқынды жүрді. Орманды жерлер мен батпақты аудандарды 
игеру егіс көлемін ұлғайтты. Ауылшаруашылық құралдары же-
тілдірілді. Темір құралдары кеңінен пайдалана бастады. Астық-
тың түрлері мен олардың өнімі көбейді. Қалалардың өсуі де қар-
қынды дамыды. Рейн мен Дунайдың жағалауларына орналасқан 
қалалар өндірістік орталықтарға айналып, елдің ішкі және сырт-
қы саудасын дамытты. Сыртқы саудада неміс қалалары 


99 
Франция, Италия, Венгрия, Балқан елдерімен сауда қатынасын 
жақсартып, ол елдерге темір, ауылшаруашылық өнімдерін, қару-
жарақ шығарып отырды. Рейн бойында 
Кельн,
Вормс,
Майндағы 
Франкфут

Нюренберг
қалалары Германиядағы өнеркәсіптің 
дамуында алдыңғы қатарлы орын алды.
Тауарлы шаруашылықтың дамуына қарамастан Германия 
бытыраңқы 
ел күйінде қалды. Герцогьтар мен ақсүйектердің, 
діни кнәздардың саны өсті. 
Император 
ірі феодалдардың ара-
сында 
ірі мырза
қалпында ғана қалып қойды. Жергілікті тауар 
қатынасының дамуы жергілікті феодалдардың билігін күшейтіп 
жіберді. Орталық король өкіметінің қалалармен қатынасы нашар 
дамыды. Германияда Англия мен Франциядағыдай король өкі-
метінің 
қалалықтарменен одағы
құрылмаған еді. Герман ко-
рольдері қалалықтардың феодалдарға қарсы күресінде қолдау 
көрсетпеді. Себебі Герман қалалары бұл кезеңде әлі толық саяси 
күреске шықпаған еді. Неміс қалалары ішкі базардан гөрі сырт-
қы базармен тығыз байланыста болды. Қалалықтармен король 
өкіметі арасында одақтың қалыптаспауы Герман император-
ларының сыртқы шапқыншылық соғыстарында әсерін тигізді. 
Олар Италия қалаларын және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс 
мемлекеттерін өздеріне бағындыру әрекеттерімен әуестеніп, 
Германияның 
ішкі мәселерімен
тығыз айналысқан жоқ. Үздіксіз 
жүргізілген соғыстар императордың ірі және ұсақ феодалдарға 
тәуелділігін күшейтті. Себебі, императордың әскери күштері 
феодалдардың өз міндетін орындауына байланысты еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет