Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет64/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Штауфендер 
әулетінің 
саясаты.
Германияда 
Штауфендер әулетінің
өкілдері 
1138-1254
жж. үстемдік жүр-
гізді. Бұл әулеттің билігі әсіресе 
І Фридрих Барбаросса
(1152-
1190жж.)
кезінде күшейді. Ол 38 жыл билік жүргізді. Ол өзінің 
барлық күш жігерін крест жорықтарының кезінде байыған 
Италияны жаулап алуға жұмсады.
1154 
жылы І Фридрих Барбаросса алғашқы италияндық 
жорығын жасады. Бұл жорықтың мақсаты папаға қарсы Римде 
болған көтерілісті басып, император тағына отыру еді. Ол мақ-
сатына жетіп папа ІҮ Адриан оны таққа отырғызды. Римде ха-
лық көтерілісі болып Фридрих кетуге мәжбүр болды. 


100 
Папа мен император арасында келіспеушілік орын алды. 
Папа оған императорлық тәжді сыйға бергендігі үшін айтқанын 
тыңдауды талап етті. 
1158
ж. Фридрих Италияға екінші рет 
жорық жасады. Италия қалаларынан оның өкілдерін қабыл-
дауды талап етті. Қарсы болған Милан мен Ломбардияға көп 
ақша төлетті. 1158 ж.11 қарашада Ронкаль жазығында 
Ронкаль 
қарары
қабылданды. Ол қарар императордың Италиядағы билі-
гін шексіз етті. Қалалар Барбароссаға қарсы шықты. Қарсы-
лықты Милан қаласы ұйымдастырды. Оған жауап ретінде 
Барбаросса 
1162
ж. Милан қаласын басып алып қиратуға ұшы-
ратты. Қала тұрғындарына сегіз күннің ішінде қаланы тастап 
кетуді бұйырды. Миланның орталық алаңын соқамен жер жырт-
қызып, тұз сепкізді. Немістерге қарсы Италия қалалары 
Ломбардия лигасы
деп аталатын одақ құрды. Оған 15 қала кірді. 
Одақта басты рөлді қайтадан Милан атқара бастады. Бұл одаққа 
папа ІІІ Александр (1159-1181) да кірді. 
ІФридрих Барбаросса 


101 
1167 ж. Барбаросса тағы да Италияға жорық жасап, 
Италияны алды. Император Ломбардия қалаларын алуға 
аттанғанда әскерінің арасында оба ауруы шығып, 25 мың адамы 
өледі. Сөйтіп, Германияға қайтып кетеді. Ломбардия лигасы ол 
жоқта оған қарсы тұратын әскери күштерін дайындайды. 1174 - 
1176 жж. Барбаросса Италияға жорық жасайды. Алайда 
1176
ж. 
көктемінде лига әскерінен жеңіліске ұшырайды. 
1777 
ж. 
Венецияда конгресте Фридрих папаның алдында тізе бүгіп 6 
жылға келісімге келеді. Жеңілгеннен кейін Ломбардия қала-
ларына кеңшілік жасауға мәжбүр болды. 1183 жылы Констанц 
келісімінде қалалардың бұрынғы еркіндіктері қалпына келті-
рілді. 
1186 жылы Фридрих Барбаросса ұлы ҮІ Генрихты 
Сицилияның мұрагер ханшайымы Констанцияға үйлендіріп, 
Сицилия және Италияның оңтүстігін өз иеліктеріне қосты. 
І Фридрих Барбаросса 1190
ж. үшінші крест жорығында 
Сирия жерінде суға кетіп қайтыс болды. 
Штауфендер әулетінің екінші ірі өкілі 
ІІ Фридрих 
Штауфен
(1220-1250жж.)еді.Оның сыртқы саясаты Сицилия 
корольдігін орталықтандырылған монархияға айналдыру бағы-
тында жүргізілді.
ІІ Фридрих Рим папасы
 ІХ
Григорий (1227-1241жж.)
мен 
келісімге келе алмады. Папа императордан крест жорығын 
ұйымдастыруды талап етті. Фридрих ІІ 
алтыншы крест
жоры-
ғын ұйымдастырды. Алайда жорықтың тез болғанына папа риза 
болмады. Сөйтіп 15 жылға созылған папа мен корольдердің ара-
сында соғыс басталды. Фридрих ІІ Милан мен Римге жорық жа-
сайды, папа оны шіркеуден айырады. Италия қалаларының бір 
бөлігі император жағына шықты. Папаны жақтаушыларды 
гбельфтер
деп атады. Император жағындағылар 
гибелинглер
деп атады. Ақырында Фридрих ІІ барлық қаражатын тауысып 
1248 ж. Парма
түбінде жеңіледі. Сөйтіп екі жылдан кейін 
қайтыс болады. 1268 ж. Штауфендердің соңғы өкілі қайтыс бо-
лады. Жалпы 1254-73 жж. Германияда іс жүзінде император 
болмады. 
1273-1291жж. Рудольф Габсбург
әулеті билік басына 
келеді. 


102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет