107
І Генрих қайтыс болғаннан кейін орнына отыратын ұл-
дары болмағандықтан Англияда қайтадан тақ үшін өз ара қыр-
қысу басталды. Бұл қырқысулар 20 жылға созылды. Оның қызы
Матильда Франциядағы Анжу аймағының иесі Жоффруа
Плантагенетке күйеуге шыққан болатын. Нәтижесінде солардан
туған немересі
ІІ Генрих Плантагенет (1154-1189жж.
)
таққа отырды
.
Бұл корольдің
кезінде Англияның құрамына
Нормандия,
Анжу, Мэн, Пуату, Турень, Аквитания
қарады. Англияның
Ирландияны отарлауы басталды. ІІ Генрих қоғамның орта то-
бына арқа сүйей отырып, король өкіметінің беделін көтерді. Ол
алғашқы кезде елдегі графтықтардың басшылары шерифтерді
ауыстырып, өзінің сенімді адамдарын тағайындады. ІІ Генрих
соттық жүйеде реформа жүргізіп,
әділ қазылар
алқасын енгізді.
Әрбір рыцардың, басы бос шаруалардың тікелей король сотына
шағынуына құқық берді.
ІІ Генрих тұрақты әскер құруға талпынды. Рыцарлардың
корольдің пайдасына атқаратын әскери қызметінің мерзімін
қысқартып, қалған уақытына «қалқанды ақша» деп аталатын ақ-
шалай соманы төлеуді енгізді. Бұл ақшаға король әскердегі жал-
дамалыларға жалақы төледі. ІІ Генрихтың бұл сясаты король
өкіметін одан әрі нығайтып, күшейтті.
Достарыңызбен бөлісу: