ХҮ ғасырдағы Италия. ХІҮ ғ.соңғы жылдарында, ХҮ ғ.
алғашқы он жылдығында Солтүстік және Орталық Италияның
қалаларының саяси құрылысында өзгерістер болды.
Республика- лық басқару монархиялықпен алмастырыла бастады. Мұндай
саяси құрылыс Италияда
синьория немесе
тирания деп аталды.
Бұл өзгерістердің бірінші себебі, аймақтық экономикалық бай-
ланыстардың кеңеюі, екіншіден, саяси құрылымның күрделенуі,
жаңа жерлерді қалаға қосып алғанда, оны ескі коммуналдық
басқарумен қамтамасыз ете алмады. Халық көтерілістеріне қар-
сы тұру үшін де басқару өзгертілді. ХҮ ғ.ортасында
синьория Флоренцияда, Миланда, Болоньеде, Феррарада, Урбинода орна-
тылды
. 1434 ж.ұзақ күрестен кейін Флоренциядағы қала билігі
Козимо Медичидің қолына өтті. Оның кезінде республикалық
басқарудың кейбір белгілері сақталғанмен, барлық маңызды
қызметтер мен мекемелер соған қарады. Әсіресе, Медичилердің
билігі немересі
Лоренцоның кезінде нығайды. Ол Италия мен
Еуропадағы бай банкир үйінің басында тұрды. Ескі пополандық
демократиялық тәртіптер жойылды. Лоренцо көптеген елдерге
қарыз ақша бере отырып, бір қатар елдердің саясатына ықпал
етті.
ХҮ ғ. синьориалдық тәртіп Солтүстік Италияның көптеген
қалаларында нығайды. ХҮ ғ.басында
Миланда Висконти үйінен
шыққан
тирандар үстемдік етті. Ал, 1450 ж.билік
Сфорц үйінің
өкілдерінің қолында болды. Синьориалдық тәртіптің орнығып,
нығаюы елді біріктіру мәселесін шешкен жоқ. Сондықтанда
ХҮ ғ. соңына қарай Италия Испания мен Португалиядан әлде
қайда әлсіз мемлекет болды. Бұл
1494 жылы ҮІІІ Карл бастаған
француз әскерлері басып кіргенде байқалды. Бытыраңқы
Италияның қалалары жауға жұмылып қарсы тұра алмады. ҮІІІ
119
Карл жорығы ұзаққа созылған италияндық соғыстарының бас-
тамасы еді.